Адам қарады: 285 | Жарияланды: 2020-01-15 12:18:34

Жаса мәңгі,көркейе бер,Қазақстан!

Жаса мәңгі,көркейе бер, Қазақстан!

Ұлы тарих,ұлы көштер бастаған,

Дархан далам кімдер аяқ баспаған.

Назарында болған әркез ғаламның,

Жаулау үшін әлем көзін тастаған.

Қайсар халқым, мойымаған бір істе,

Ынтымақты біріктірген үрдісте.

Қайран бабам еркіндіктің жолында,

Барлығында жеңіп шыққан бұл істе.

Жеті сырлы,сегіз қырлы ордам менің,

Атқа міну мәдениетін құрған едің.

Түркі әлемнің бесігінде тербелген,

Ұлы Жібек жолында қорған елім.

Аңқыған алма иісінді құшамын,

Қызғалдағын құшағыма қысамын.

Аң стильмен өткеніме оралсам,

Алтын сақпен, алтын баққа ұшамын.

Ежелгі металлургтей қазынам бар,

Тарихқа таңба мөрмен жазыларлар.

Бай мұраммен әрқашан мақтанамын,

Асыл текті, асыл сөзді қазылар бар.

Жаса мәңгі,көркейе бер, Қазақстан!

Әлемде жоқ сендей көркем ғажапстан.

Сайын дала,аққу көл,қайың орман,

Мың есе артық өтірік жасаныстан.

Қазақ тілінде жазылған