Просмотров: 58 | Опубликовано: 2017-09-15 16:49:03

Күзгі мұң

Мезгіл өтті,

Мезгіл келді рас мұнда,

Біле алмадым,

Жауын суғ амаспын ба?

Келе жатыр қо сғашықтар әнеки

Қолшатырдың астында.

 

Албырт сезім

Мені жолдан тыйып тұр,

Сүйгендерге талдар басын иіп тұр.

Мен келемін жапырақты құшақтап

Жаңбыр қатты құйып тұр.

 

Оң жағымда

Караша үйтірлігі,

Сол жағымда

Машиналард ір-дірі.

Терең ойды тағы бөліп жіберді

Соққан желдің сыбдыры.

 

Тоңып денем,

Қалам тағы жазды өлең,

Жаным сырлас болды әуен,

Сазбенен.

Түсініксіз,

Гүлдер қайда кешегі,

Қоштастым ба жазбенен?

 

Болсадағы

Ішімде бір әттеңім,

Өкінішті өз-өзіме жат дедім.

Әрі қарай асығайын ақ қарға,

Қош бол,

Мұңды сәттерім!

Публикация на русском