Пәкістанда жаңа түскен келін жаңа отбасының 15 мүшесін өлтірді

Адам қарады: 67 | Жарияланды: 2017-11-01 02:28:07

Пәкістанда жаңа түскен келін жаңа отбасының 15 мүшесін улап өлтірді. Ол сүтке у қосып берген, - деп хабарлайды Daily Pakistan. Оқиға Пенджаб провинциясында болған. Асия есімді қызды  Лашари деген жігітке еркіне қарсы тұрмысқа берген. Өз үйіне қайтып барғысы келгенде ата-анасы кіргізбей қойған. Сол кезде жас келін жоспар ойластырған: ол сүтке у қосқан. Алайда оны күйеуі ішуден бас тартқан. Кейінірек Асияның енесі сүтте у барын білмей одан йогурт тектес сусын жасаған. Сусынды 27 адам ішіп, оның 15-і қайтыс болған. Қалғандары ауыр халде ауруханаға жатыр. Полиция Асияны қамауға алды. Кейінірек осы оқиғаға жас келіннің сүйгені, яғни басқа бір жігіттің қатысының бары анықталды. Полицейлер оны да қамауға алды.