Желтоқсанда қанша күн демаламыз?

Адам қарады: 79 | Жарияланды: 2017-11-06 02:32:10

Ел  тұрғындары алдағы желтоқсан айында қосымша үш күн, барлығын қосқанда 13 күн демалады.  Елімізде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні. Бұл күн жұма күніне түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар  1 2-3 желтоқсан, қатарынан үш күн демалады  16-17 желтоқсанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Биыл бұл мереке сенбі және жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты 18-19 желтоқсан демалыс болып саналады. Осылайша, қазақстандықтардың көбі қатарынан төрт күн демалады - 16, 17, 18 және 19 желтоқсан. Осыған дейін Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесін бекіткен болатын. Онда 46 күн ресми түрде мерекелік күндер болып саналады.