Билл Гейтс «ақылды қала» салмақ

Адам қарады: 53 | Жарияланды: 2017-11-14 03:20:59

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің инвестициялық компаниясы Belmont Partners Аризоне штатынан (АҚШ) 10 мың гектар жер сатып алды. Жердің құны 80 млн долларға бағаланған. Ол жерге аталған компания «ақылды қала» салмақ. Қалада 80 мың үй мен пәтерлер бой көтермек. Онда мектеп, кеңселер мен коммерциялық ғимараттар құрылысы жоспарланған. Алайда құрылыс жұмыстарының қашан басталатындығы белгісіз. Айта кетейік, Belmont Partners компаниясы заманауи озық технологияларды коммуникация және инфрақұрылым бағыттарында қолдануды мақсат етеді.

inform.kz