Қуыршаққа айналған қыз өзіне ғашық болды

Адам қарады: 68 | Жарияланды: 2018-01-11 03:36:15

Боливия тұрғыны қуыршаққа айналып, өзінің осы кейпін ұнататынын айтты. Хани Цубаса жастайынан қуыршаққа құмар болатын. Сондықтан төрт жасқа толғанда әкесі оған түрлі косметиканы сыйға тартады. Қуанған ол қуыршақша боянуды үйреніп алады. Кейін тіпті қуыршақша киінетін де болған. «Мен Кота Коти қуыршақ-қыз туралы әңгімені оқыдым. Ол мені өзінің сұлулығымен таңғалдырды. Сосын менде сондай макияж жасайтын болдым», – деді Цубаса. Оның айтуынша, ата-анасы бұл қылығын қолдайды екен. Себебі олар қуыршақ болу оның бала кезгі арманы екенін біледі. Бірақ бұған қайшы келетіндер де жоқ емес. «Кейбір адамдар мені күйзеліске ұшыраған деп ойлайды. Тіпті «жынды шығарсың» дегендер де болды», – дейді ол. Хани Цубаса өзінің жасын нешеде екенін айтқысы келмейді. Әзірге құпия. Оның жанкүйерлерінің дені – кішкентай бүлдіршіндер. Оның макияжды қалай жасау керектігін үйрететін бейнелерін қызығушылықпен көреді екен.