Ирактық сәнгер 200 метрлік той көйлегін тігіп шықты

Адам қарады: 59 | Жарияланды: 2017-04-20 01:56:13

Ирактың Эрбиль қаласында бір сәнгер 600 метрлік матаны пайдаланып, 200 метрлік той көйлегін тікті. Ерекше көйлекті тігу үшін ол шамамен 6 айын жұмсаған екен. Бұл туралы En son haber жазады. Ирандық сәнбике Чунур Мұхаммед 200 метрлік той көйлегін киіп, Эрбиль қаласындағы Сами Абдурахман саябағында 6 сағат бойы жүріп, аталған көйлек үлгісін ел назарына ұсынды. Өткен-кеткен әйел сәнбике үстіндегі ерекше той көйлегін көріп, таңырқай қарады. Айрықша дизайндық той көйлегін киген Чунур Мұхаммед: «Сәнгер досымның қолынан шыққан туындыны кию үшін сонау Ираннан арнайы келіп отырмын. Бұл той көйлегін тігу үшін 600 метр мата қолданылып, осындай 200 метрлік ұзын көйлек шығып отыр», – деді. Аталған ерекше көйлекті ең бірінше болып кигені үшін бақытты екенін мойындаған сәнбике 6 сағаттық көрсетілім бойы аяқта тұрып, еш шаршамағанын алға тартты.