Түркия президентінің сарайына 9 млн долларға кілем сатып алынған

Адам қарады: 87 | Жарияланды: 2017-04-20 02:09:17

Түркия президенті Реджеп Ердоған отыратын Ақ сарайдың құны 615 миллион доллар көрінеді. Былайша айтқанда, Президент сарайы Ақ үйден 30 есе, ал Версальдан 4 есе үлкен екен. Бұған дейін бұрынғы премьер-министрді салық төлеушілердің ақшасын 1 мың шаршы метр бөлмесі бар Ақ сарай салуға жұмсады деп айыптаған болатын. Алайда, қаншама сот бұйрықтары шықса да, 28,8 гектар тұратын бұл ғимараттың құрылысын тоқтата алмады.