Жігіт шатасып, тұрмыстағы әйелді алып қашқан

Адам қарады: 57 | Жарияланды: 2017-04-27 02:33:35

Жамбыл облысында тұрмыстағы әйелді алып қашқан жігіт жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Оқиға Тараз қаласында болған. Кешкі сағат 17:00 шамасында бір топ жігіт қызды қарсыласқанына қарамастан, көлікке отырғызып, Тұрар Рысқұлов ауданына алып кеткен. Ондағы мақсаттары достарын үйлендіру болған.  Жылағанына қарамаған, күеуінің бар екенін айтқанда сенбеген. Ең қызығы, тергеу барысында анықталғаны: жігіттер негізі басқа қызды алып қашпақ болып, тұрмыстағы әйелді шатасып ұрлаған. Жігіт өзінің қалыңдығының түрін де білмеген болып шықты.  "Өкінішке қарай, Жамбыл облысында алып қашу түсінігі әлі жойылмаған. Оның үстіне бұл қыздың келісімінсіз жасалады ", - дейді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.