Димаш Құдайбергенді Франциядағы танымал шоуға шақырды

Адам қарады: 52 | Жарияланды: 2017-05-03 02:56:43

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Францияның «France 2» телеарнасында өтетін танымал шоуға шақырды. Бұл туралы танымал әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасы арқылы хабарлады. «Францияның «France 2» орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы «Les années bonheur» кабаре шоуының құрметті қонағы боламын. Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан аталмыш кеш 6 мамыр күні Франция уақытымен 20:55-те өтеді, өткізіп алмаңыздар!!!»,-деп жазды Димаш.

www.inform.kz