Алыпсатарлар xалықты қалай алдайды

Просмотров: 46 | Опубликовано: 2017-09-14 03:21:33

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Үкімет басшысының атына сауал жолдап, қымбат бағаға сай салық жүйесін енгізуді ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір көмір өз бағасынан екі-үш есеге қымбат сатылады. Сүт 55-60 теңгеден жиналады да, артынан дүкенде 210-270 теңгеге сатылады. Айран және басқа да осы іспетті өнімдерді 400-ден қояды. Ол өз бағасынан 6-7 есе артық. Осы саладағы тәртіптің болмауынан табыстың біраз бөлігі алыпсатарлардың қалтасында кетеді. Әсіресе, көкөніс саудасында алыпсатарлық көп», - дейді Косарев. Оның айтуынша, пияздың бір келісін өсіруге 11 теңге жұмсалса, картоп, сәбіз, қырыққабат пен басқа көкөністерге шамамен 20 теңге кетеді. Ал базарда баға он есеге шарықтап кетеді. Депутат Косарев осы салада жұмыс істеп жатқан адамдардың жалақысы да әділ есептелмейді деп санайды.