«Қазақ пен қала» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Просмотров: 440 | Опубликовано: 2018-12-26 03:37:18

«Қазақ пен қала» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

https://zhasalash.kz/wp-content/uploads/2018/11/1-696x392.jpg https://zhasalash.kz/wp-content/uploads/2018/11/1-696x392.jpg

Биылғы жылдың қыркүйек айында басталған «Қазақ пен қала» прозалық байқауы аяқталып, жүлдегерлер анықталды. Бұл туралы Жас Алаш сайтының тілшісі хабарлайды.

Бұл байқауды республикалық «Жас Алаш» газеті мен «Алтын Қалам» қоры және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырды. Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қаржылық қолдау көрсетті.

Қазылар алқасының ұйғарымымен бірінші орын – 1 миллион теңге«Лифт» әңгімесі үшін жас прозашы Темірлан ҚЫЛЫШБЕККЕ (бас суретте) берілді.

Екінші орын «Бейуақта ашылған құпия» хикаятының авторы Жадыра ШАМҰРАТОВАҒА бұйырды (Жүлде қоры 500 мың теңге).

«Қазақ пен қала» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Жүлделі үшінші орын иегері – «Көмбіс» әңгімесін жазған Ырысбек ДӘБЕЙ (Жүлде қоры 300 мың теңге).

«Қазақ пен қала» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Ынталандыру сыйлығына жеті қаламгер ие болды. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгеден берілді. Олар:

Құлтөлеу МҰҚАШ («Күйеуқашқан» әңгімесі үшін);

Қойшыбек МҮБАРАК («Сәулетші» әңгімесі үшін);

Ерболат ӘБІКЕНҰЛЫ («Ең ақырғы күн» повесть);

Ерғали БАҚАШ («Тоқал там» әңгімесі үшін);

Қанат ӘБІЛҚАЙЫР («Үй» әңгімесі үшін);

Досхан ЖЫЛҚЫБАЙ («Ақтаңдақты қара қыз» әңгімесі);

Жанна ШӘКІР («Қашқын шапан» әңгімесі үшін).

Қала прозасына арналып өткізілген бұл тұңғыш байқаудың басты мақсаты – қазақ әдебиетін қолдау, қала прозасын дамытуға үлес қосу.

«Қала өмірі қазақ әдебиетінде көп жазылмаған тақырыптардың бірі. Азаттық алғалы бері ауыл қазақтары қалаға шоғырланып жатыр. Олардың қалаға қоныстануы, дүниетанымдағы өзгерістері осы прозалық байқауда жазылса деп ойлаған едік. Жүзден аса автордың шығармалары келіп түсті. Бұл байқауды алдағы жылдары «Жас Алаштың» дәстүрлі бәйгесі ретінде өткізсек деген жаспарымыз бар», — дейді «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, идея авторы Руслан ЕРБОТА.