Адам қарады: 53580 | Жарияланды: 2020-04-06 05:32:53

Дара сезім

Отан – отана сөзінің туындысы

 

Пролог

 

    Таңғы уақыт. Бейғам жатқан ауылдың кіреберіс шетіне, күре жолдың үстінде, екі қара джип бір-біріне қарама-қарсы тоқтады. Қала жағынан келіп тоқтаған көліктен жап-жас сымбатты бозбала түсті. Ауыл жақтағыдан шымыр тұлғалы ұзын бойлы еңселі жігіт шықты. Екеуі қол беріп амандасып төс түйістірді. Еңселі бозаң жігітке қарап:

    – Ешқандай криминал, өз еркімен болсын. Күштеп қыстаудың ізі білінбесін.

   – Ну, конечно, брат, какой разговор, мероприятие закончу во время, без принуждения.   

   – Қанша уақытта?

   – Полгода по спору, ал мен ерте аяқтаймын.

 

 

І БӨЛІМ

 

Сезім арпалысы

 

1

     Інжу көзін ашты. Жап-жарық сәуле есіктің саңлауынан сығалып тұр екен. Орнынан ұшып тұрды. Апыл-ғұпыл киініп дәлізге атылды. Абайсызда иығы есікке тиіп, ол серпіліп барып жақтауға... Бірақ оның соғылуына жеткізбей, жанұшыра ұмтылып, ұстап үлгерді.

     Сыртқа безіп бара жатып қабырғадағы сағатқа көзі түсті. «Сағат үүш!». Қалт тоқтады. «Әлі ерте екен ғой, неменеге ұшып жүрмін, вот ақмақ!». Жан-жағына аңырая қарады. Сөйтсе, шам жағулы қалыпты. Тоқ үнемдеу үшін алған қытай шамының аппақ жарығы таң боп есіктен үңіліпті. Шыртылын естіртпей шамды тез өшіре салды.

     … Інжу қайта жатқысы келмеді. Күн жылт еткеннен мойнына артылатын шаруаның легін есептей, шетінен орындай беруге кіріспек болды.

 Бірақ өгей шешесі бұл бастамасын қолдар ма екен. Бар жетістікті үнемдеумен бағалайтын ол, шам жарығының әрбір сәулесі, жан қалтасында томпайып, күллі тұла бойына қуат беріп тұрған ақшаны жалмап жатқан айдаһардай көрінері анық.

     Әйтсе де қатыгез шешенің қыспағында жүріп, әбден тиянақтылыққа үйренген зерек қыз, үй шаруасының бәрін жатар уақытта-ақ орындап қойған, тек түз шаруасы болмасы. Сиыр сауу, табынға қосу, астындағы қиын тазалау. Күн жылт еткеннен құстай ұшып жүріп осыларды түгелдей бітіруге тырысады. Бірақ қыс уақыты қысқа. Тығыл-таяң. Мектепке дайындалып үлгермей қалады. Бұрын, жас кезінде, апыл-ғұпыл жуынып, киіне сап, сөмке іле сап, жүгіріп кете салатын. Енді...

     Таң атты. Інжудің тағы бір күні басталды. Жүгіріп жүріп сауынды бітірді. Сиырларды бақшаға айдап тастап, астын тазалады. Дарқанның ағасы немесе өзі келіп, оларды өріске шығарады.

     Ең қиын сәт енді туды. Жууну керек. Әкесі үй ішіне жанға қажетті жағдайлардың күллісін жасап қойған. Себезгі, монша. Ал өгей... Ол үшін бұлар көрмеге, өзгелерге көрсетіп мақтану үшін жасалғандай. Оның үстіне үнем...

     Інжу әрлі-бері қипақтап тұрды да, лып етіп кіріп кетті. Әрі кетсе бес минут. Тез-ақ тазаланып шығады ғой. Олай етпесе, үстіне сіңіп қалған сиыр мен қи иісін қайтпек. Солармен аңқып мектепке бармақ па? Үндемейді деген Ырысжанның өзі «сиыр сасып кетіпсің ғой» демеді ме. Ештеңе елемей жүре беретін жас емес, бақандай 11-сынып оқушысы.

       «Үнемдеуді үйренсең – жоқшылықты көрмейсің» деп экономист «шешесі» жылына бір мектеп формасын әпереді. Шақ келсе келесі жылы да кие береді. Міне осылай киімі дерлік жалқыдан. Сырт киімдері де жылы-суық деп бөлінген: қыста киілетін жылы бұткиім, жазда киілетін калготки. Ортасында дәнеме жоқ. Бұрын жалғаз гамажды сиыр сауғанға да, сабаққа да кие беретін. Қазір ескі-құсқыларды қабаттап киеді. Тазаларын сақтап қояды. Мектеп барғанда үстінен лүп еткен бір жаман иіс шықса, өзін өмірдегі ең соңғы лас адамдай сезінеді.

       - Аһ, оңбаған, светтің ақшасы неге көбейіп кетті десем, сен екенсің ғой, кесепат! А, не істейін осы, тұрған жеріңде сусыраған денеңді ыстық сумен ұшықтайын ба, осы!

      Қапыда лақ етіп тиген зәрлі сөзден ыршып кетіп, қабырғаға соғыла-моғыла, тас еденге отырып қалды. Зәресі ұшқан жүрегі аузына тығылып, демі шықпай, көзі бақырайды да қалды. Жауды ұстап алуға асығып жеткен «шешесінің» дода-дода шашы, етек-жеңі жиналмаған жатын халаты, булыққан ашудың ырқында көтеріле-басыла өрекпіген төсінде салпаңдаған емшектері, айтса-айтқандай, құдды сайтанның нақ өзінен аумай қапты.

       Сәл сәтке абдырап, есін жылдам жиып алған Інжу, «мына албасты сиқың не?» дегендей тесірейе қарады. Бойына жалт қараған «шеше», өзінің сүрепетсіз тұрқын көріп жиналам дегенше қыз кетіп үлгерді. Бөлмесіне кіріп, ішінен іліп алды. Анау үнемпаз жалмауыздың оспадырсыз тұрпатын көз алдына елестетіп, ішін басып,  құшырлана іштей сықылықтап күлді. Еркелігі оянып, басын артқа серпіп қалып, алтын түсті сүмбіл шашы жібектей сусып беліне түсті. Бетін бүркеген кекіл шаштарын қақ жарып құлағына ілді. Төсегінің аяқ жағына орналасқан трюмаға барып, айнаға қарады. Қызғалдақ гүлдің күлтесіндей аққұба жүзі, тақтайдай тегіс жазық маңдайы, сәл шытса білінер сызықтары, қабағымен үйлесіп иіле біткен қою қастары, көздің түп бұрышынан басталып айнала қаз-қатар тізілген кірпіктері, аясы мол нұрлы жанары, қыр мұрының астына орналасқан жұқалтаң қызғылт еріні, сұңғақ мойны ерек жаратылған сымбатын баян етеді.

      Бірақ қыздың бұл көз тартар сипаты өзіне еш әсер етпеді. Ол өзін дүниедегі ең соңғы пендедей сезінді. Жаңа ғана күлімдеп тұрған жарқын жүзінен із де қалмады. Қабағы тұнжырап, маңлайындағы тауқымет сызығы айқындалып, көздеріне жас үйірілді. «Шіркін, мына кесепаттың орнында туған анам болғанда ғой!». Жайлап әндете бастады.

Солғанша гүлім көзде тұнып

Ана деп ән салам.

Жүрейін мейлі жүзге толып

Бөбекпін мен саған.

 

Мама, мама, мама,

Мәңгі дос сен ғана,

Абзал ана, ана,

Көңілің кең дала.

Дарасың сен маған,

Данасың сен маған,

Мақтанатын, мархабатым, махаббаты...

      - Ей, оңбаған, өшір сотканы, «баланы» оятасың! Таң атпастан үйді басыңа көтергенің не?! Одан да даладағы ошаққа тезек жағып, су ысытып, кір жууға дайындалмайсың ба?

      «Кіір! - Ұялысына қараса, демалыс екен, - Қап, әкең, бәрі зая кетті-ау!».

      Інжу далаға шығып еді, қар жауған ба, әлде шыңылтыр аяздан қырау түскен бе, жердегі қар түйіршіктеріне күн сәулесі шағылысып көзін қарықтырды. Үйге қайта кіріп, әкесінің күнге қарсы көзілдірігін киіп айнаға қарап еді, жарасып-ақ қапты. Осы сәт Дарқанның быдықтаған сөзі есіне түсті «Көп..көп қапалана бермесеңші, бетіңе...бетіңе әжім түседі ғой, сен болашақ ө-өнер ада-адамысың, сахнада жүресің, онда...онда еш мін болмау керек, қабағыңды да көп тыржитасың, әне сызықтар да көріне бастады». «Ия саған, - дейді бұл, - Саған қараймын деп қыржиды ғой бұл маңлай». «Иә, дұрыс, менде бала кезден ғой». «Сенде бала кезден емес, сен кербезсің, қасыңды керіп сөйлейсің, содан қыртыс-қыртыс, так что байқа, маған келгенде маңдайыңа очки тағып кел» деп мазақ еткен, ол күлгеніне аңырая қарап тұрып-тұрып кетіп қалған...

     Міне түнгі бір болды. Енді сабағын оқу керек. Әр пәнді бір шолып, көзіне ұйқы тығылды. Ұялыны ашып ВК-ға кірді. Әлі ұйықтамай отырған Маржанмен сөйлесті. Ол:

- Ой, өзім түсетін колледждегі бір баламен сөйлесемін деп отырып қалдым. Ол грантта оқиды екен, біраз мәлімет алдым. Короче айтқанда, жақсы таныс боп қалды. Кейде что, почем деп көп отырып қаламыз. Қазір жатайын деп жатыр едім, сені көріп кідірдім... Давай, жақсы.

     Інжу шамды өшірді. Көзін жұмып 1 2 3 4 5 6 7 8 .....

 

2

     Селт етіп оянып кетті. Сағатқа қарап еді, үш жарым. Сонда жарты-ақ сағат ұйықтаған ба? Келесі жамбасына ауысып жатты, одан қайтадан аударылды, қолдарын басына жастанып шалқасынан жатты. Көзі жұмылар емес, бақырайып жатыр. Көрген түсі есінен шығар емес.

     Бұл сахнада – танымал жұлдыз. Ән салып тұр. Әннің ырғағында тебірене қолын созып:

 

Сенің жылуыңды сездім,

Алыста жүрсең де,

Ұмытпа мені.

 

Қиналып жүрмін айта алмай,

Қалайша жүрсің байқамай,

Ынтызар жүрек менің кеудемде,

Жаралы болып қалғандай...

 

     Осы мезет ән салып тұрған залдың төресігі екі жаққа қақ жарыла ашылып, мың қиялданса ойына кірмеген, жастардың сүйіктісі, қыздардың табынар пірі, танымал жұлдыз, сымбатты жігіт қолдарын жоғары көтеріп, шапалақ ұрып кіріп келе жатты.. Аузынан «Браво» дей ме, мадақ сөздердің сұлбасы естілетін сияқты. Бұның шабыты одан әрі тасынып:

 

Жалғыз қалғандай өзіммен,

Шаршадым әбден төзуден,

Шамдарға толы аспанға,

Келемін қолымды созумен...

 

      Осы мезет айқара ашылып тұрған есіктен дегбірсіз соққан дүңкілдің дыбысы естілді. Ар жағынан Дарқанның «Тұрсаңшы, сиыр шығаратын  уақыт болды ғой» деген айқайы шықты...

     Інжу бұл түсті неге жорырын білмеді. Бір білгені, жүрегімен түйсініп, көңіліне түйгені, аңсаған арманының шыңында қалықтайтындығы. Түсжору кітабынан оқығаны бар «түсіңде көкесеген арманыңа жетсең, өңіңде орындалады». Кеудесін шаттық кернеп, орнынан ұшып тұрды. Апыл-ғұпыл төсегін жинады.

      Дала қараңғы болса да қарамай, қолшамды қолына алып сыртқа шықты. Қараша айының ызғарлы суығы сүйегінен өтіп барады. Қалың киіне алмайды, сиыр сауғанға кедергі жасайды, бірақ сауын үстінде жылынып кетеді. Кесулі мөлшері бар, бір тостақ жемді жеп біткенше сауып біту керек, әйтпесе сипауды білмейтін сиыр малы әрлі-берлі жүреді, соңына тебеді, сондықтан да автоматтан әрмен құйындата тез-тез сауады.

      Таңғы шаруасының бәрін бітірді. Светик шешесінің Айка подружкасы келіп, екеуі түн жарымға дейін жүздетіп, содан төрт аяғы төрт жаққа кетіп «өліп» жатыр. Бүгін жарыққа да, үнемге де шамасы жетпеді. Себезгі ғана емес, ваннаға да жатып, бусанып, толайым жуынып алды.

      Айнаның алдында тұр. Алтын жібек шашын екіге бөліп, қос бұрым ғып өріп,  ақ бант тағып, үш жағын шашыратып бос қойып, алдына тастады. Шілтер жағалы ақ кофтасын киді, үстіне жағасыз қаракөк жемпірін, сыртынан мектеп үлгісін киіп, кеудесіне жастүлектің белгішесі «желбіреген көк тудың үстінде сыңғырлаған қос қоңырауды» тағып алды.  Бетіне жұқалап крем жақты. Ерінін түссіз сүрмен зерлеп қойды. Айнадағы ару көктен төніп қарап тұрған хор қыздары қызғанғандай керемет сұлу еді.

     Көңіл хошы көтеріліп, сырт киімін кие, сумкасын артына іле сыртқа асыға шықты. Күллі  әлемді құшып сүйгісі келгендей әсерде болды. Тіпті күнде жынына тиіп, мазасын алатын Дарқанды да сүйіп алуға даяр еді. Бірақ ол қайда, сәті түсіп тұрған бар бақытынан айырылып, әне бақшадан сиыр айдап жүр. Сабаққа кешігіп келетіні айқын. Ол аяғын тез-тез басып, асыға жүріп кетті. Өмірінің бар қызығы мектепте, екі күн демалыста сыныптастарын да әбден сағыныпты.

     Бірінші сабақ құқық сабағы. Кабинетке кіре Інжу: - Гуд морнинг, қалайсыңдар!? – деп оң қолын көтере айқалай сәлем берді.

     – Ух, какая, конфетка! Хай! – деген өрескіл дауысты естіп, қабағын шытып, сол тұсқа жалт қараған қалпы состиып тұрып қалды. Түсінде көрген адам, айнымаған өзі. Мұндай тосынды күтпеген, әрдайым өзіне бекем бұл, осы жолы, рас, естен танды. «Ханзадасы» аяғының ұшынан бастап, тұла бойын шарлап, түгел сүзіп өтіп:

      – Он мың, -  деді. Алдыңғы партада отырған Маржан, артына еңсеріле бұрылып, түр-әлпетін көрсете итініп:

     – Не он мың? – деп ыржия қарады.

     – Сонда мен қаншамын? – деп жақтырмай едірейді Сабина.

     – Оны походу көреміз, - деп жауап қатты жігіт, өңменнен өтететін суық көзімен қадала қарап. Сабина ығып қалды.

     Қоңыраудың шылдырын ала ассалаумалейкум деп Дарқан кіріп келді. - Уалик, молда бол балам, -  деп жауап қатты «Ханзада». Бәрі дарақалана күлді. Дарқан қысылып, не істерін білмей ыржалақтай берді. Осы мезет есін жиған Інжу Дарқанды иығымен қағып өтіп, өзінің орнына барып отырды.

      - Еще дерзкая, - Дарқанға қарап, - Груша! Қап! – деп мырс етті.

     Мазақ сөзді іліп әкеткен балалар партаны тоқпақтап, есіріктене күлді. Есікті серпе ашып кіріп келген сынып жетекшісі: - Ей, сабақ басталды ғой, неғып шуылдап отырсыңдар, үндеріңді өшіріңдер!

Соңынан ілесе кірген құқық мұғаліміне жаңа оқушыны таныстырды.  

    – Мырза Даниэль...

    – «Дан Мырза» деп атауларыңызға рұқсат беремін.

    – Сен, немене, сөзді бөліп, келмей жатып, тіл-жағыңа сүйеніп...

    – Братила, абайлап сөйле, әр сөздің салмағы бар, придется отвечать...

    – Ей! – деп ежірейген  сыныпжет, ұстаз екені есіне түсіп, кідіріп, басын шайқап, кабинеттен шығып кетті.

      Дан Мырзаның тәртібі нашар болғанмен, білімде алымды екен. Ол үшін «Білім – ұтыс, білімсіз – қара жұмыс, құқығын білген – дүр, білмеген – құл». Бұл ұстаным – оның тірлігінің қазығы. Осы қағиданың аясында ол әрекет жасайды. БҰҰ-ның балалар құқығы туралы конвенцияны жатқа біледі. Міндеттері жайында толық білмесе де, правосын жетік меңгерген.

    Данның тұлғасы да көз тойымды. Бойы биік, еңселі, cпортпен айналысқаны көрініп тұр, шымыр денесі жинақы. Үстінде қалың торлама көк көйлек, сыртынан қара пиджак, бұтында қаракөк джинси, аяғында күлгін түсті қыстық кроссовка, қалың кекілін қасының үстімен ала солға құлағының түбіне дейін апарып қайырып бакенбард қып, тіліне қарап ажыратпасаң, корей жігіттерінен аумай қалған.. Оң құлағында блютус научник самсунг. Соткасы алтын хуавейдің соңғы моделі. Байланыста тыным жоқ. «Что там», «Не базар», «Базар фильтруй!», «Қазір дела, потом по базарим», «Мен де тебя, потом, потом»... Кабинаттан кабинетке жылжыған сайын ауызы тыным таппай сөйлеп жүргені. Кейде қолдары да ербең-ербең ете қалады. Бұл әрекет сабақ үстінде де жалғасын таба бастады.

3

     Інжуге өмірден кейінгі ең құнды саналатын білім. Кабинетке кіргеннен бар зейіні ұстазда. Әр сөзін қалт жібермей тыңдайды. Данның тағы бір «Что тамында» ол оған бұрылып «Доғар енді!» дегендей қатқыл  қарады. Қыздың ұшқын атқан жанарының ызғарын байқап қалған ол «Не!» деп ежірейді де, оның кірпік қақпай әмірін орындалуын күткен қайсарлығынан сескеніп телефонды өшіре салды.  Босстан басқа ешкімнің әміріне бас имейтін батыр мына қыздың көз ымына  бағынып, көне салғанына таң болып, өз-өзіне түсінбей меңірейіп отырып қалды.

      Даниэльдің қыздар арасындағы лақап аты «Хан Султан» болатын. Хан Султан өзінің мәртебесіне лайық, еш тежеусіз емін-еркін өмір ағымымен жүретін, қандай қызды қаласа, сол қыз еш қарсылықсыз оның барлық талабын қалтықсыз орындайтын. «Жоқ» деп айтуға қақысы жоқ болатын. Сәл «қыңқ» еткен қарсылық дыбыс шықса аяусыз жазаланатын. Ал мына қыз жай қарасымен-ақ жасқап тастады.  Түкке түсінбей «Что за дела? Не боп барады бұл дүние!» - деп күбірледі.  Ол алдыңғы партада отырған қызға қайта қарады. Қыз тұлғасын тіп-тік ұстап дәптеріне мұғалімнің айтқанын жазып отыр. Құлағын жауып тұрған қолаң шаштарының арасынан сығалаған күміс сырғасы шам сәулесімен нұр шаша құбылып бір нәзік сыр шертетіндей. Тырнақтары алқызыл лакпен боялған, беліне күміс сақина тағынған жіңішке сүйрік саусақтары қаламсаппен вальс билегендей әсем қозғалып,  бұл жанның жай адам емес ерек жаратылыс иесі екендігін хабардар ететін сияқты.

      Дан аңқия қарады. Басын шайқап-шайқап алды. Айдаладағы, құм басқан бетпақтағы, цивилизациядан аулақ иен даладағы ауылдың бір қызынаааа! Хан Султан не болды саған? Есіңді жи! Сен мұнда тапсырмамен келдің. Ал тапсырма осы қыз болуы мүмкін. Оны ...

      Даниэль ары қарайғыны есіне алғысы келмеді. Ол Інжуге қарап отырып көңілін сабаққа аударды.

      Әдебиет сабағаны оқушылар шуылдап кірді. 

      – Ағай, біздің сыныпқа жаңа оқушы келді.

      – Аты Мырза Даниэль.

      – Дан Мырза деп атай беруіңізге рұқсат.

      – Ағай, соңғы сабақ қой, қайта берейікші.

      – Ағай жетінші сабақ қой, шаршадық.

      – Отырыңдар, ешкім ешқайда қайтпайды, шуылдамаңдар Дән Ырзаны көрейік.

      – Ой, ағаай, дән ырза емес, Дан Мырза, өмірі дұрыс сөйлемейсіз, сөзді бұзып айтуға құмарсыз-ау!

     – Дан Мырза! Мен атымды бұзып айтқандарды не уваж. 

     – Отырыңдар, - деді мұғалім, - Баяна, қалай енді, қалаған «корей жігітіңді» тірідей көріп арманыңа жеттің?

     Оқушылар дабырлап орын-орнына отырды. Мұғалім үй тапсырмасын сұрады. Оның ауызы сабақта болғанымен, екі көзі алдында отырған Маржаннан аумайды. Ол Інжумен әңгімелесіп отыр.

      – Елбасы күніне арналып іс-шара өтеді дей ме?

      – Иә, ән айтасыңдар деп шақырып еді ғой, саған айтпады ма?

      – Айтқан... Ой, соны қойшы, бес-алты адам ғана бола жанымды қинаймын ба, олар еңбегіңді  түсінбейді де ғой.

      – Олар үшін емес өзің үшін айт, ән салған сайын шыңдаласың, тәжірибе жинайсың, өстіп жүре берсең қарайып қаласың ғой, Маржан.

      – Маржан, не айтып кеттіңдер, сабақ қой. Балалар, бүгінгі тақырыбымыз – әйел тағдыры. Алдыңғы сабақтарда өткен «Бақытсыз Жамал», Ақбілек, Қамар сұлу жайында. Оларға сипаттама бере отырып тарих келбетін ашу. Бұлар жайында жаңа келген оқушымыз не айтар екен?  Дан Мырза сіздің пікіріңіз.

     – Ну, олар жайында мен білемін. Бақытсыз Жамал да, Қамар сұлу да дура. «Бедныйлардың» артынан жүгіріп, екеуі де өлді де қалды. Сүю, сүю, это проста қиял, қумалардың әңгімесі. Екеуін де «богатенкий дядялар» айттырды. Тиіп ал. Барыш жетеді. Припеваючи өмір сүр. «Бабло» бар жерде, бәрі де бар, қалаған адамыңды ұста да, қайф лови. 

    – Дұрыс айтасың, - деді Сабина, - Ақымақ қой, мыңыраған малы бар адамнан қашып, қайдағы бір жалаңаяқтың артынан кетіп... Мен еш таңдаусыз...

    – Ақбілек ше? Ол туралы не айтасың? Жас қыздың кәпірден зорлыққа ұшырап, ауыл жұртының қарғысына қалып, «сүйемін» деген жігітінің сырт айналуын қалай бағалайсың?

   – Жігіттің сырт қарағаны дұрыс. Ол нағыз мужик. Өйткені кайф жоқ жерде зачатия жоқ. Девушка не хочеть не даст...

   – Зорлық әрекетін аяқ-қолын байлап істесеші?

   – Всеравно, потому что в такой момент у баб синдром страха, вагина заклинить так, даже волосок не пролезить, білеміз ғой. Ещё баласының аты Ескендр...

    Атып тұрған Інжу оған тесіле қарап.

    – Ұятсыз! Оңбаған, көргенсіз! Анайы пиғылыңмен адамның жан дүниесін соншама ластағаның! Олар сен ойлағандай қыздар емес, сенің «похотыңа» көнген арсыз желөкпелер емес. Олар өз бас бостандығы үшін күрескен, өзінің ақыл-ойының парасатына сәйкес сыңарына қосылуға әрекет жасаған ардақты жандар. Сен сол асыл жандарға кір жағумен қатар, елі үшін, ұлты үшін атылып кеткен біртуар аптал азаматтардың атын былғадың. Рухани байлығымыздың құнын түсірдің, аса қастерлеп сақтаған салт-дәстүр құндылықтарымызды лас аяғыңмен таптап кеттің...

     – Ей, отыршы, ақылмсымбай, өзіңді көрсетіп тұрсың ба, сендей сюсуканың талайын көріп, поиметь еткенбіз.

     – Оңбаған, әдепсіз, әттең жігіт болғанымда, өлтіріп тастайтын едім!

     Орнынан атып тұрған Дан, қазір атылатын қабыландай алға ұмтылып:

     – Үніңді өшір, сука! Жағыңды айырамын! Маған ешқандай шкура сөйлеп көрген емес!

     Шыр-пыр боп ортаға Маржан түсті. Мадлен жүгірді. Бану қалқалады. Баяна құлағын басып орнында отырып қалды. Дарқан ұшып тұрды. Балалар...

       – Доғар! - деп ақырды ағай, - Ер жігіт емессің бе? Бір қыздың сөзін көтере алмасаң несіне ермін деп жүрсің? Отыр орныңа! «Кері кеткен заман-ай! Бұл заманның ұлдары қызбен алысады, ер ме, ез бе!?», - деп іштей күбірлеп, - Айналайын, Інжу, сен отыршы, ақылың бар еді ғой.

      Інжу мізбақпай, өзінің рухани дүниесінде әспеттеп сақтаған  көркем  әлеміне күйе жаққан мына жасанды пенденің құбыжық пайымын тойтарып тастамаса, ертең өзі де мынау сипатты әдемі қуыршаққа айналып, осының «аяқ сүрткіш» қыздарының қатарына қосылатынын ойлап, кірпік қақпай қайсарлана тесіледі.

Ағайдың дауысы шыққан соң, Маржанның құшағында жетекке көніп, орнына отырды. Тұла бойын кернеген ар-намыстан ширыққан ашу-ызасы босаңсып көзінде жас мөлтілдеді. Маржанның жасы сорғалап жылап жіберді. Інжу күлгенсіп:

      – Сен неғып жылап отырсың?

      – Сені ұрып жібере ме деп жаным шығып кетті ғой. Сен кімсің, мен кіммін, екеуміз бір-ақ адамбыз ғой, Индиім-ау!

     – Иә, - деді Інжу, - Сен менің еркемсің. Еркелеп еркін өмір сүргенді қалайсың.

     – Иә, - деді Маржан, - Сен менің ақылымсың, тек ақылдың жетегінде әрекет жасайтын. Сенсіз менің өмірім өмір бе, жаниим!

     Інжу Маржанның көзін сүртті. «Рақмет» деп қолын қысты. «Жылауық болма» деп әзілдеді.

     – Қалай жыламаймын, біз бұлар үшін өз-өзімізді әрлеп әдемі, сұлу болуға тырысамыз. Ал, бұлар болса, аялап аспанға көтерудің орнына, жұдырықтарын ала жүгіріп, боғауыз сөздерін айтады. Сұлулығыңды тұл етіп, нұр көңіліңді күл етеді.

     Дан Мырза түк болмағандай соткамен сөйлесіп отыр. Айқай-шудың қызған шағында шалынған. Мезетінде елемей қойған. Қазір үнсіз тыңдап, көзі мөлиіп, басын шұлғып тыңдап отыр. «Неге, Инжу?» деген дауысы шығып кетті. Дау ары ұласып кете ме деп бәрі жалт қарады.

Ағай:

      – Сотканы өшір! – деп зірк етті.

Ол монтаны күйде ұялысын өшіріп, сілейген қалпында отырып қалды. Сәлден кейін орнынан тұрып, рұқсат сұрап, сыртқа шығып кетті.

      Ол кеткен соң ұстаз:

      – Рақмет саған Інжу, сен тәнімен ғана емес жаныңмен де сұлу боп шықтың, рухани күштілігіңді көрсеттің.

      – Сіз болсаңыз елді шағыстырып қойып, ортаға түспедіңіз де, қорқып кеттіңіз ғой деймін.

      – Қойшы, Сабина, ағайда нең бар!

      – Мен дұрысын айтып отырмын, Маржан, бұл сабақ, жын ойнақ емес.

      – Сабинаныке дұрыс шығар, бірақ бұл дау-дамай сендерге пайдалы болды. Кімнің кім екенін таныдыңдар. Тек осындай айқаста ғана сырты бүтін, іші түтіндердің сыры ашылады. Өмірге деген көзқарастары, ұстанымдары айқындалады. Жан дүниесінің жұтаңдығы байқалады. Рухани тәрбиесінің кедейлігі көрінеді.

      Рухани байлық -  махаббат. Жүрегінде махаббаты барлар еш адамға, адам емес-ау күллі тіршілік иелеріне қиянат жасамайды. Қай-қайсысына болса да қамқор болуға тырысады. Жүрегінде сезімі жоқтар оның орнын дүниемен толтырғысы келеді. Бар ықыласы соған түсіп, оның көбейіп, өсіп-өркендеуіне жанын салады. Кедергі жасағандарды, тіпті жақыны болса да, жойып жіберуден еш тайсалмайды...

      – Дұрыс айтасыз ағай, тек сол үшін ғана олар қайырымдылық жасайды, зекет береді, қамқор болғансиды. Байлық келсе қорық деп Алла тегін ескертпеген, - деп қызына сөйледі Дархан.

       Бірақ бұларды тыңдап жатқан еш жан болмады. Қоңырау шылдырлап, бәрі жапа-тарамағай есікке қарай ұмтылды.

       – Кім соңында шықса, топас! – деп айқайлап барады Ақтілек.

4

 Екі қыз мектептен бірге шықты. Екеуі қол ұстасып Інжудің үйіне қарай жүрді. Екеуі бір-бірінен аумайды. Бой тұрқы да, қимыл-қозғалыстары да. Киген киімдерінің фасондары да бір сияқты. Інжудің үстінде тізеден келетін басжабары бар қыстық ақ куртка, Маржанда дәл осындай жеңіл қара шуба. Тек Маржан ерке киіктей ойнақши басса, Інжу тәкаппар маралдай аяғын кербез алады.

      Екеуінің бір-біріне берген мінездемесі рас еді. Екеуі бір тұлғаның екі бөлігі еді. Бірі – ақыл болса, екіншісі – ерік. Бірі ақылдың тезінде әрекет жасаса, екіншісі еріктің жетегінде еркін өмір сүруді қалайды. Екеуінің де алға қойған мақсаты біреу – әнші болу. Екеуі де ән салады. Маржан өзі қалаған әндерді орындайды, өзгенің ұсынғандарын елемейді. Інжу тапсырылғанды да, қалағанын да орындайды. Екеуі де жеке өмірлеріне өзгенің рұқсатсыз бас сұққанын қаламайды. Әлеуметтік жүйелерде оларды бұғаттап немесе қара тізімге енгізіп тастайды.

      – Қызық, - деді Маржан ойға шомып, - Жаңағының есі дұрыс па, сонша атылғаны несі? Ақымақ-ау өзі, қызбен алысқаны қалай? Көрікті-ақ жігіт. Әлде ауылда оқитытына ренжулі ме? Жанға қажеттінің бәрі бар мегаполистен түк жоқ жерге келу оңай ма, ашуланбағанда қайтеді.

      – Туған жеріңді жамандамасаң ше, сен бі...

      – Тағы да бастадың ба? Бұл жер туған жерім бола алмайды, білесің ғой.

      – Жооқ, - деп сықылықтап күліп жіберді Інжу. Иығынан жеңіл итеріп қап «Маржани, мани-мани» деп қаша жөнелді. Тоны тізесіне оратылып Маржан қуа жөнелді. Өстіп жүріп екеуі есіктің алдында тұрған Света шешесіне соғысып қала жаздады. Апыр-топыр алқынысып тоқтады. 

     – Өлтіресіңдер ме, қайтесіңдер! Сен осылай ырбаңдап жүргенде, мал келетін уақыт болды. Қайда қаңғып жүрсің?

     – Тәте, шыққанымыз қазір, сегіз сабақ жаңа аяқталды ғой.

     – Сенен ешкім сұрап тұрған жоқ, көп сөйлемей үйіңе бар.

     «Бара бер дегендей» Інжу көзін жұмып белгі берді де, кетіп бара жатып қайта оралып бетін сүйді. Бұл өбем дегенше жалт бұрылып есікке еніп ғайып болды. Маржанның көзінде жас мөлт етіп, қолымен іліп тастады. Мұны байқап қалған өгей шеше: - Не болды сонша, емекелерің езіліп, түрмеде жүр ме? Мен туралы нешеме жаман сөздер айтатын шығар, жетесіз неме! Менің бағып-қа...

     Маржан тонының күләпарасын тарс бүркеніп тез-тез жүгіріп кетті.

5

     Інжу уақытының ең тамаша сәті, жұмысының бәрін аяқтап, өзінің сүйікті айнасының алдына келіп отырған мезеті. Айна да мұны асыға  күтіп отырған анасы секілді, есікті ашып енгенді ерекше нұрмен сәуле шашады. Әбден шаршап, жаны тозып, жүзін кірбің шалып, күйзеліп келгенде де, кірсіз таза дидарын алдына тартады.

     Алғашқыда бұл бөлме анасы мен әкесінің жатын бөлмесі болған. Кейін өгей шешесі... қылқынып ояна берген соң, күллі дүние-мүлкімен бұған тиген. Қай кезде де бөлме мұны құшақ жая қарсы алады. Өгей шешенің лаңынан қорғайды. Табалдырығынан аттап бастырмайды. Кірсе болды, астма ұстаған аурудай алқынады да қалады.

     Бүгін жұмысын зымырап жүріп ерте аяқтады. Әрленетін заттарын алдына алып, әлпетіне зер сала қарап отыр. Бетін тоникамен тазалап сүртіп, ылғандандырғыш кремді  бипаздап жағып шықты. Крем сіңген соң, көзге арналған карындаш көмегімен көз маңын ашық қоңыр түспен байқатпай бояды. Ерінге арналған қарындаш көмегімен ернінің шекарасын сызып өтіп, алқызыл түспен бояп шықты. Үстіне киген ашық көк түсті кофтасының өңірінен жүрек бейне сурет салып бөлінген жіңішке жағасы мойнына оралып, оның аппақ түймелері көздерінің ағымен үйлесіп жарасым тапқан.

      Әрленуді аяқтап болған соң, сәл сәт ойға шомып, басын бір жағына әнтек иіп, мұң шалған жанарымен ойлана қарап сельфи жасады. Өзі тіркелген жүйелердегі басты бетке енгізіп қойды. Одан кейін өзінің қай сетте тұрса да тінтіп табатын Дарқанның шын чаттарын, жалған чаттарын түгендеп, бәрін тегіс бұғаттап тастады. Браузерге тыйым салды. 

 Сотка шұқылаумен жанары талып, көздерін жыпылықтатып сағатқа үңіліп еді, үш. Төсекке сылқ құлады да ұйқыға кетті.

6

  Дірілмен зар қаққан қалтафонның үнінен оянды. Шалқасынан жатқан қалпы құлашын еңірете жая керіліп, аузын аңырайта ашып есінеп алды. Тұрсам ба, тұрмасам ба деп ойланды. Сағатқа қарады, сабақтың басталуына жарты-ақ сағат қапты. Төсектің жан дауысын шығара шиқылдатып есіктен терезеге қарап аударылып жатты. Енді көзін жұма бергенде тарсылдаған есіктен Светаның даусы шықты.

- Ей, тұр, неғыл деп жатырсың, сиыр сауылмай қалды ғой, оңбаған неме.

- Бажылдамай кетші әрі, саусаң сау, саумасаң қой, сиырыңмен қоса құрышы, дура такая.

- Не дейсің, әбден есіріпсің ғой, мен саған көрсетемін қазір, дура такаяны.

 Ол апыр-топыр басып ары кетті.  Орнынан еріне тұрған Инди жуынсам ба, жоқ па деп ойланды. Түндегі әрленген қалпында мектепке кете бермек. Жалқаулана басып айнаның алдына келді. Бетіндегі жабуын ашып қарап еді, шаң басып кеткен бе, жүзін дұрыс көрсетпеді. Шүберекпен сүртіп қайта қарады, талықсып ұйықтағаннан аузынан аққан сілекейден еріндегі далап аузының айналасына ағып, былғап тастапты. «Блин, еще раз жуыну керек» деп қабағын шытты.

  Осы кез Света да жетті ме, есіктің сырты сарт етті. Ілгекті ашып жіберген Инди, жыны қозып, есікті бар пәрменімен итеріп жіберді. Есік артындағы тұрған өгей шешенің маңлайына тиіп, ол көткеншектеп барып оңқа-шоңқасынан құлады. Оның үстінен аттап өткен Инди, кетіп бара жатып, көзін алартып, «Айттым ғой, сука, саған, өлесің деп»  душқа  кіріп кетті.

  Ваннада жатып, аяғын көтеріп езіп, сыңқылдап ән салады.  

 

Жолыңа қарап көз тастаймын алысқа,

Қайда жүрсең жаным мені ұмытпа.

Қанша уақыт өтті арада,

Сүйгенім жоқ ешбір жанды,

Жыламашы махаббатым-сен.

 

Бұл өмірде жалғыз сені сүйемін,

Сені сүйіп бұл өмірден өтермін.

Мүмкін әлі түсінерсің,

Түсінген соң өкінерсің.

Жыламашы махаббатым-сен.

 

Телефон шылдырлады.

- Әллоооу, Маржа, сенбісің?... Мазаны алып, кайфты бұзып...

- Инди, қайдасың, қашан келесің?

- Не болды, от алып, үшінші сабаққа барармын, настр болса...

- Сені Дан іздеп жатыр, кешегі ақымақ қылығым үшін кешірім сұраймын дейді, қолында әдемі гүлдерден жасалған тірі букет, бетінде «Кешір ханшайым» деп жазылған «Наполеон» торты, прямо аузыңның суын ағызады, тез жетсеңші.

- Не спеши, гүл солып қалады, торт әжетханаға кетеді, маған жаңа жылға киетін бал көйлегі керек ахха-ха-ха, сен ничего не говори, барған соң өзім сөйлесемін.

 Инди ваннадан атып тұрды. Үстіне орамалды жаба салып бөлмесіне келді. Шашын құрғатып сүртті. Алдына бос тастап, орта тұсынан төмен қызғылт таспамен қыстырып, ұшын бос қойды. «Жылан сияқты шұбалаңдатпай кесу керек, каскад қып алғызып, бұйралап алсам, қатқански болады».   Бетін салфеткамен құрғатып сүртті. Көзінің  қабағын назар тартатындай көкшіл түспен бояп шықты. Бетіне реңк беретін кремді жағып, опалап, бетінің ұшын далаппен қызартты, ерінін шиедей ғып сүрмеледі. Үстіне кеудесінің ойығы көрінетіндей қызыл блузка, сыртынан тізеден жоғары сүр түсті тоқылған жакет киді. Бұтында қара джинси. Қолына сән сөмкесін алды. Аяғына қысқа қоныш, биікөкше қара етігін киді...

7

 Дан мен Маржан мектептің алдында күтіп тұр екен. Дан гүл ұстап тұр.  Үлкен үзіліс. Бүкіл оқушы сыртта дерлік.  Инди бұрандай басып келіп Маржанмен сүйісіп амандасты. Данның қолындағы гүлді ұсынбай ала салып, «торт қайда» деді. Маржан кеудесін көзімен ымдап, «жапсаңшы» деп қолымен бүркемелеп көрсетеді. Ол «кетші-ей» дегендей қолын сілтеді. Данды қолтықтап алған, арттарында Маржан, мектепке енді. Кіре берісте алдарынан шыға келген тәрбие орынбасары көздері жыпылықтап, орнында қатты да қалды. Инди «Вщу» деп ысқырып қап, бетінің алдына алақанымен арлы-берлі сермеп, «алло, обморг болып қалма» деп өте берді. «А!А..» деген завуч, «Ей,ей» деп арттарынан ере жүрді. «Все нормально, тетя, бара бер», - деп қолын сермеді.

 Фойеде кездескеннің бәрі қар ханшайымның сиқырына ұшырағандай, бұларға қараған бетте ауыздары ашылып қатып қалған. Жоғарыға көтеріліп келе жатқанда да, асханаға келіп кіргенде де, осы қимыл қайталанды. Дастарқан басындағы қыздар: Инкар, Сабина, Жұлдыз, Бану, Мадлен – тірі манекендерге айналған.

  Дастарқан үсті жасанып тұр. Ортада биігінен орналасқан екі бөлімді ваза: жоғарғысында торт, төменгісінде жеміс-жидектер орналасқан.  Торт бетіне алқызыл түспен «Кешір Ханшайым!» деп жазылған.  Айнала бенгал шырақтары жарқыл шашып тұр. Дастарқан шетінде бокалдар, қасында жеміс шырындарының түр-түрі тізілген.

  - Біз не, жас баллармыз ба, сок ішетін, шампан қайда, ататын?! – деп сықылықтап күліп жіберді Инди. – Оу, подруги, естеріңді жиыңдар, шағын тойымызды бастайық.

 - Той ненің құрметіне, немесе кімнің құрметіне, біз де қатысайық.

 - Ой, директор...

 Қыздар директорды көрген бетте Индиді көлегейлеп тұра қалды. Маржан Данды итеріп алға шығарды.

 - Жаңа достармен таныстық үстелін ұйымдастырып жатқаным ғой. Жеміс-жидектен ауыз тиіңіз, - деп жидегі баданадай  жүзім шоғын ұсынды.

 - Рақмет, Данди, - деп директор не үшін келгенін ұмытып кетіп қалды.

 Үзіліс аяқталғанына он минут өткен соң қыздар кетуге жиналды.  – Бара беріңдер, - деді Инди. «Сен ше?» деген Бануға, - Саған ерекше жеке айту керек пе, бар! – деп қатқыл үнмен, қипақтап тұрған Маржанға «сен де» деп ым қақты.  Бану іркіліп, Данға көзін сата қарап, қыздардың артын ала ілбіп әрең кетті.

 Екеуі оңаша қалғанда Инди Дандиге далаға шығайық деп белгі берді. Екеуі қолтықтасып тысқа бет алды. Мектеп ауласын көктей өтіп, есік алдында тұрған жеңіл көліктерге қарай жүрді. Инди сүр мерседеске бұрылып еді, Дан оны гольфке қарай жетектеді. Қыз жақтырмай мұрнын тыржитты. Көкте шарықтаған көңілі сап басылып жерге түсті. Жүзі қабарып кетті. Дан көліктің есігін ашып, қолынан демеп, алдыңғы орынға икемдеп еді, ол қолын қағып артқа өтті.

 – Қайда?

 – Қалаға, жаңа жылға бал көйлегін аламыз. Ақшаң бар ма?

 – Для тебя все, надо, небо достану!

 – Небоңды көре жатармыз, әзірше көйлек пен тәж алып берсең жетеді.

 Қалаға келген соң, ең бірінші кезек шашын қырқызды, бет әлпетіне келістіріп каскад нұсқасында шаш үлгісін жасатты. Қолына маникюр жүргізіп, тырнақтарына бетіне көк түсті дизайнді қыс бейнесін салғызды. Жаңа жылдық сатылымдар өтіп жатқан сән ательелерін аралып жүріп қалаған көйлегін таңдады. Аяғына балға киетін биік өкшелі туфли алды. Қалағанына қолы жетіп тыңшыған соң, көңіл-күйі көтерілді. Данди мейрамханадан ас ішуді ұсынды. Екеуі қаладағы ең танымал мейрамханаға келді. Инди кофе мен торт-балмұздаққа тапсырыс берді. Мекеме ішін сазды әуезге бөлеп тұрған Қайрат Нұртастың әніне екеуі тербеле биледі.

 Ауылға оралған соң жаңа жылдық кешке дайындық жұмыстарына кірісті. Бал тақырыбын «Ханшайым салтанаты» деп алып, Маржанға бағдарламасын жасауды тапсырды. Мадлен мен Сабинаға балда өнер көрсететін өнерпаздарды сұрыптауды, Баяна мен Жұлдызға киім үлгілерін дайындауды, Бануға тапсырмалардың тиянақты орындалуын қадағалауды бұйырды.

7

От шашуларын атқылап жаңа жыл да келді. Мектептің спорт залы.

 

 Жаңа жылдық бал – қандай ғажап!

 Сұлу ханшайым – мерекелік салтанат.

 Нөкерлерін ертіп келеді әне өзі де,

 Басыңды и! Тағзым ет! Көрсет парасат!

 

 Дабыл қағылды. Керней тартылды. Нағыра соғылды. Көсіле төселген қызыл жолкілемнің үстімен, баяу нақышта тербеле ойналған салтанатты әуеннің жетегінде,  ханшайым ырғала басып, паң келеді. Сол жағында алақанына алақанын қойып Дан, оң жағында құрмет көрсете билей басып Маржан желеңдейді. Алдында менуэт жасай қозғалып Мадлен мен Бану таққа жол бастайды. Таза атластан аққу пішімінде тігілген, алтын жіптермен өрнектелген, асыл тастармен көмкерілген, жамылғысы бар ақсұр көйлектің сүйретпе етегін Сабина, Жұлдыз, Инкар, Баяна ұстаған.

Түрлі-түсті шамдар, жалтырақ ойыншықтар мен жылтыр қағаз жіпшелермен безендірілген шыршаның қасында, күміспен апталған тұғырдың үстіне орналасқан арқалығы биік алтын таққа Дан мен Маржанның демеуімен шығып отырды. Қошемет көрсеткен қауыммен амандасып, қолын сілтеп балдың басталғаны туралы жарлығын берді. Инди мына күйінде нағыз ханшайымның өзінен аумай қалған. Шашын саралай өріп, өрнектей жиып төбесіне түйген, ортасына асыл тастар орнатылған тәж киілген.

 Бал басталды. Алдымен ханшайымның құрметіне веналық вальс биленді. Одан кейін испандық танго орындалды. Бұл биде Маржан ерекше көзге түсті. Таңдап алған сыңары Диас екеуі аққудай қалқып жеңіл биледі. Біруақ ортаға Дарқан шықты. Ән айтамын деп бой бермеді. Бал әкімшісі Бану ханшайымға қарады. Ол әсем жымиып айта берсін дегендей басын изеп, қолын сілтеді. Дарқан Інжуге тесіле қарап тұрып, мұңлы дауыспен әнді орындауға кірісті.

 

Ба-баа-қыт дегеннің ұмытам барын,

Өө-өткен күндерім босқа армандатты.

Ай, жылдар ө-ө-өтті жібіте алмадым.

Мұз жүрегіңді тастан да қатты.

 

Сенде жүрек жоқ,

Мұңымды емдейтін,

Сенде жүрек жоқ

Тыным бермейтін

Сенде жүрек жоқ,

Сүйіп қайтейін

Сенде жүрек жоқ.

Қиын-ай, қиын...

 

 Ән ортасынан үзіліп, би кешіне ұласты. Инди Даннан айырылмады. Ойнақы әуен қойылса да олардың құшақтары жазылмады. Бану келіп Данмен билемекке ниет қылып еді, Инди қолымен жасқап қайтарып тастады.

  Бір текті әулекі биден мезі болды ма, Инди Данның құлағына сыбырлады. Ол кештің аяқталғанын жариялады. Сыныптастарына кештің жалғасын үйде ұластыруға ұсыныс жасады. Желігіп алған олар бұған улап-шулап атой салып сыртқа шықты. Жол-жөнекей дүкенге соғып қажеттерін алды. Дан қызыл құрғақ шарап, осы түсте шампан, апельсин алды.

 Дастарқан жайылды. Қыздар үстел үстін мерекеге сай әзірлеп боғанша, Дан шарап, шампан, апельсин фрешін қосып сусын жасады. Бокалдардың ішіне апельсин бөліктерін салып, қант шәрбатын құйып, екі бас түйір мұз тастап, үстіне дайындалған сусынды құйып, қызғылт сары түсті коктейль жасады. Отырыс басталған соң шетіне түтікше қойып қыздарға әкеліп тартты. 

 - Бұл «Блаженство души» деген нектар, бүгін тәнімізбен қатар жанымыздың да рақат табатын күні. Мына керемет дәмнен татып, әр тамшысымен ләззатқа қанығыңдар.

 - Ол шәрбат емес харам, теріс жолға бастайтын сайтани сусын, ақылдарың болса, ішпеңдер!

 - Не деп тұрсын, Дарқан, дәм шараптан жасалған, ал шарап пейіш бағында да өзен болып ағып жатқан жоқ па?! Қалай арам болады?

 Расында, жаннатта ағып жатқан шарап өзені жайында білмейтін Дарқан сөзден тосылып тұтығып қалды. Инди Дарқанды бар-жоғын елемей ішімдіктен тартып үлгерді. Мұны байқап қалған Дарқан қолын қағып жіберді. Бокал үстелге соғылып, еденге быт-шыт болып шашылып түсті. Ішіндегісі Индидің үстіне құйылды. Королева болып, көңілі әуеде шарықтап отырған Инди шар ете қалды, Данға зілді көзімен жазғыра қарады. Көзін құрт дегендей қолын сілтеді. Онсыз да ашуға булығып тұрған ол Дарқанның шашынан ұстап сыртқа сүйрей жөнелді.

 Дау басталғалы ортада үріккен еліктей селтиіп тұрған Маржан, мынадай қатыгездікті көргенде, екі көзі алақ-жұлақ етіп, не істерін білмей қалды. Біресе Индиге,  біресе Данның жетегінде ыңырсып бара жатқан Дарқанға, түк болмағандай өз беттерімен қалжақтап отырған балаларға, алдарындағы сусынды ішсек пе, ішпесек пе деп екі ұдай отырған қыздарға қарады. Одан кейін жүгіріп далаға шығып кетті, біруақ алқынып қайта кірді:

 - Инди! Инди! Оны өлтіретін болды ғой. Жүр, жүрші далаға!

 - К черту! Өлтірсе өлтіре берсін, біреуі қалады. Мачеха мен екеуі әбден зайб... болып еді, так им надо.

 Маржан айтылған сөздерді тыңдамай Индидің қолынан тартып сүйрелей жөнелді. Дала шырттай қараңғы. Үйдің артынан «Мәс-саған! Мәс-саған!» деген ызалы дауыс пен дүңк-дүңк тепкен соққының дыбысы естіледі.

 - Өлді ғой, өлді! – дейді Маржан еңіреп.

 - Өлсе өлсін, маған пофик, - дейді тілі бұралып.

 - Жүрші жылдам, тез-тез, тез барайық!

 Сөйткенше болған жоқ қараңғылықтың арасынан алып сұлба көрінді. Ол қорбаңдай басып келіп, Индиді құшағына алып, басын қайырып, ерніне қадалды. Қыз шалқақтап құлап бара жатты...

8

 ...Інжу шыңғырып жіберді. Аузына нәжіс кіріп кеткендей, лоқси, жанталаса тілін әрлі-берлі бұлғап, итеріп жатты. Мөңкіген сасық иіс мұрнына кеулеп ауа жібермей тұншықтырады. Жиреніш сезімнен жан дүниесі тітіркеніп, анафилактикалық шок ұстағандай дірілдеп, дем жетпей талықсып бара жатты. Жанұшыра: – Мама! Мама! Мамааа! – деп шыңғырып жіберді. Жанарынан саулап аққан жас нөсерлеп жауған жаңбырдай жерге тарс-тарс тамып жатыр.  – Мамааааа!!!

Аллааһу әкбар, Аллаһу әкбааар

Аллаааһу әкбар, Аллаһу әкбар

 Құлағының түбінен саңқылдап шыққан азан дауысы санасын оятты. Жасындай жарқ етіп құйылған сәуле қап-қара түнек боп тарс жұмылған көздерін ашып жіберді. Ашық қалған пердеден айнаға шағылған ай назары бетіне түсіп тұр екен. Еміс-еміс естіліп тұрған – азан шақырып жатқан Дарқанның мұңлы даусына қосылып:

Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ!

Әшһәду әннә Мухаммадар-Расулуллаһ!

Әшһәду әннә Мухаммадар-Расулуллаһ!

 Жасы тоқтар емес. Көзінің жиегінен сырғанап араны ашылып кеткен сел-тасқын сияқты жастығына құйылып жатыр, құйылып жатыр.

  Орнынан ұшып тұрды. Пердені жапты. Шамды жақты.  Солқылдап жылап жүр. Іште шемен боп қатқан жалғыздық назасы мен кеудесін тырналаған ащы өкініш жан дүниесін шоқтай қаузап егілте түседі. Егілген сайын еңірейді. «Ана! Ана! Мама! Мама!» деп сәбидей шағымдана өксіп-өксіп зарланады. Бірақ «қоя ғой сәулем, қасыңда мен бармын ғой, келе ғой» деп бауырына алып, мейірлене маңлайынан сүйіп, басынан сипайтын ешкім жоқ.

 Еңсесін тіктеп айнаның алдына келді. Жас пен бетіндегі жақпалардан сірнеленген бет-жүзін сүртіп, ерніне жаққан далапты, құдды тәніне жағылған лас дақтай, қаны шыққанша сүртіп, тазалап тастады. Он ойласа қаперіне кірмеген ауыр қылмыс, өмірді апатқа апарып соқтырушы үлкен күнәні, ар-ождан мен абыройға қарсы жасалынған дұшпандық қарекетінен жиіркеніп, өз-өзін жек көріп кетті. Тек өңінде ғана емес түсінде де қорғаушы боп, харам амалдан құтқарып қалған Аллаға зор алғысын білдірді. Өмірі құлағына жетпеген азан даусының бүгін құлағында саңқылдап ұйқысынан оятқанын Алланың құдіреті деп таныды. Дарқанның үйреткенімен «Ла илаһә илләллаһ, Ла илаһә илләллаһ, Ла илаһә илләллаһ» жалбарына сиынды. 

 Жарық дүниеге ұмтылып сыртқа шығуға асықты. Қайырлап қалған балықтай тынысы тарылып, алқынып демалады. Есікте шыға бере Света шешесімен бетпе-бет соғысып қала жаздады. Түсінде қағып кетіп, үстінен аттап өткені, боқтық аралас былапат сөздермен балағаттағаны есіне түсіп, әсіресе, «баланы оятасың» дегені қаперіне оралып, жан дүниесін елжіреткен аяныштан  оны құшақтай алып, «анашым» деп бетінен сүйе берді.

 - Кешіріңіз мені, сіздің алдыңыздан қия өтіп, әбден ренжітіппін! Енді ондай болмайды. Сіз анамсыз. Ең қымбатты жанымсыз!

 Назарынан жек көрініш ызғары есіп тұратын қыздың мына қылығына Светаның жүрегі солқ етіп, күллі қанын басына айдағандай,  төбе құйқасы шымырлап кетті. Басы айналғанннан ба, әлде күндестікпен әбден шерменде болған жалғызілікті күй кешкен жетім-өгей кеуіл төтеннен шарпыған мейірім атты ыстық сезімнің табына балқыды ма,  тұлғасына ие бола алмай теңселіп кетті. Екіұдай қалде не істерін білмей қызды кері итере берді.

 ...Інжу тез киініп сыртқа шығуға асықты. Бұрын кежегесі кері тартып, өзін-өзі сүйреп әрең қозғалатын. Бүгін өмірге құштарлығы артты. Тура өңіндегідей түсінде жасаған тірлігі, мынау сиқыры көп  жалған дүниенің жетегінде елігіп адасып кетпеуі үшін, ұлы жаратушының  алдын-ала басынан өткерткен қияметі сияқты. Енді адаспайды. Сезімнің ырқына берілмейді. Ата-баба бекіткен салт-дәстүрдің қағидатында өмір сүреді. «Басқа жол жоқ!» деп өз-өзіне серт етті.

 Шіркін, жарық дүние, қандай тәттісің! Тұп-тұнық аспан, шүпірлеген жұлдыздар, мейірбан анадай нұрын төккен толған ай. Кеудесін кере, тынысын терең алып, таңның кәусар ауасын құмарлана жұтты. Ыс иісі мен қи иісі араласқан туған жердің дауалы ауасы қан тамырларымен алтын күрек самалындай жүріп өтіп, жолындағы артық-ауыс кір-кірбіңді, көкейінің жықпылын сағалаған  қапа-наланы сыпыра айдап шықты. Көңілі көтеріліп, нәзік тұлғасын қайыстырып жіберетін таңғы шаруаларды оп-оңай орындап шықты. Сауында бір орнында тұрмай, ары-бері жүре беретін тоқал сиыр да бүгін сүйкімді көрінді. Жігітке тән емес өзінің бостығымен, жігерсіздігімен жынын қоздыратын Дарқан да... Оны екі ауыз сөзге келмей сатып жіберген өзінің қайырымсыз қылығына қатты қысылды. «Азан шақырғанда да сенімсіз, дауысы өлімсіреп шығады» деп ызаға булығушы еді. «Жігіт – ер. Ел еріне сенеді. Өз сөзін өзі игере алмайтын ез-ынжықтан қандай ер шығады».  Енді сол ездің шақырған азаны құлағында саңқ етіп, санасын оятып, өміріне сәуле жақты...

 Таң атса қоса оянатын шығыстың желі де бас көтеріпті. Қақ алдынан ызғарын атып, маңдайын осып, бет-жүзін қарып барады.  Аптап ыстықтағы аңызақ қана емес, қыстың суық желі де бетті қақтап жарып жіберетіні белгілі. Ол жүзін бүркеп үйге қарай асыға жүрді. Аңысыны аңдыған жаудай, қуыс-қуысты баспалап келіп қалған жел, есікті аша бергенде лақ етіп серпіп жіберіп, шелекке тиіп, ол ұшып кетіп, қардан ада қара жерге сүт айра-жайра болып төгілді де қалды.

 Інжу не істерін білмей қалшиып тұрды да қалды. Аз сүт емес бір шелекке жуық, бес-алты литр,  мың теңгедей ақша, аппақ болып жерде шашылып жатыр. «Шешесі» сыртқа шықса бір талдап шашын, шашын емес-ау, бекем ұстай алмаған саусағын бұтарлап сындырар. Ол шыққанша тездетіп бүркеп тастайын. Жүгіріп барып күрек әкелді, бастырма астындағы пештен күл ала сала жөнеліп еді, жел ұйытқып үсті-басына шашты. Одан безіп жүріп шелек тауып әкелді. Оны үстіндегі киімінің етегімен бүркеп күл тасып, сүтті жауып, қайтадан сыпырып алып, тауық қораның артындағы адам баспайтын жерге апарып төкті. Өстіп жүріп ол өзінің борша-борша болып терлегенін байқамапты. Сол термен бірге қойны-қонышына кірген күлдің шаң-тозаңы денесінде  езіліп, шыланып жатқандай сезініп, жиреніштен тәні тітіркенді. Амал жоқ, сабақ уақыты тақап қалғандықтан, «тез-тез жуынып алайын» деп үйге жүгіріп кірді.

  Жуынып болып, киіне бастады. Ақ кофтасы мен мектеп формасы, сыртынан тоқыма жакетін киді. Айна алдына келіп шашын тарап, бір өрім етіп өріп, ұшын таспамен бекітті. «Көздері ісініп кеткен бе қалай, біреуі үлкейіп, біреуі кіші ме? Бетіне майда дақтар пайда болған ба?». Бет-мойнына жұқалап ылғалдандырғыш крем жағып, алқанымен желпіледі. Жаққыштың көмегімен реңк беруші крем-опамен әрлеп өтті. Кірпігіне екі қабат жағылған тушь табиғи сипатта көзің  қаралап, әлпетін ашып, ерніне жаққан шипамайы көзіне жаққан сүрме түсімен үйлесіп әлпетіне сұлу реңк беріп тұрды. Сонда да келбетінің сол жағы өзіне ұнамады. Күлімсіреп оң жағымен сельфи жасады. Бірақ бұл да ұнамай түрлі түсті емес ақ-қара түске өңдеді. Сурет әдемі шықты. Күлімсіреген еріннің саңлауынан сығалаған ақ маржан тісі көзінің қарашығына шағылысқан жарықпен үйлесіп жүзін нұрландырып тұр.

 Суретті аваға қойып жатып, берген серті есіне түсіп, дереу өшіріп тастады. Көзі  экранның жоғарғы тұсындағы сағатқа түсіп кетті. Сегіз! Ах, бүгін дүйсенбі ғой, саяси сабақ. Сырт киімдерін іле салып далаға атып шықты. Алай-түлей боран. Тағы да есікті жұлып кете жаздады. Шатырға да дейін шақырлап, қазір опырыла көтеріліп көкке ұшардай үрейлі. Екілене соққан дүлейден алға басқан аяғы артқа тартып әрең жүріп келеді. Үстіндегі жұқа киімінен суық та өтіп барады. Бетін бүркеп ілби басады. Біруақ желдің қарқыны бәсеңдегендей болды. Бетін ашып қараса, алдында Дарқан қалқалап барады екен.

9

 Асығыс жеткен Інжу кабинетке кіре бере бір аяғымен тізерлеп отырған Дан Мырзаны көрді. Қып-қызыл раушангүл шоғын ұсынып тұр.

 - Прости, Индина, вчера не понятька вышла. Извини, пожалуйста, кешірім сұраймын.

 Інжу қалбиып тұрып қалды. Не алға жүрерін, не артқа кетерін білмей састы. Аттап өтейін десе, апталдай ер-азамат. Аттамайын десе түсіндегі Інжуге қайтып оралатындай зәре-құты қалмай тұр. Осы кез «Бұл не цирк?» деп сынып жетекшісі кріп келді. Ыңғайлы сәтті пайдаланған Інжу жылдам өтіп, орнына отыра қалды.

 - Бұл цирк емес, это уважение, - деп ызалана жауап қатты Дан. Гүлді қасындағы партада отырған Бануға ұстата салды.

 Саяси сабақ тақырыбы рухани жаңғыру болатын. Мұғалім әр оқушының жүзіне қарай отырып тақырыптың мәні мен мағынасын, мазмұнын, көтерген жүгін сұрады. Назары Данға кідіріп,  өтіп бара жатқанда ол:

 - Қазақшасын білмеймін орысша айтқанда "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» - это Я!

 - Неге?

 - Мен цивилизован, в будущиға цельнонаправлен, сознания давно-ақ модернизован. Компьютер профи, язык оснащен, на все готов, универсал. Жаңғыру деген осы.

 - Одан не пайда?

 - Тағы да сен бе, Индина? «В человеке должно быть все прекрасно: и лицо, и одежда, и душа, и мысли» деген  Антон Павлович Чехов. Мен сондаймын, көріп тұрған жоқсың ба!?

 - Сенің жеке басыңның «прекрасынан» мемлекетке не пайда?

 - Пайда зор. Мен дамысам мемлекеттің дамығаны, мен байысам и государства богаче станет, сол.

 - Сен бірінші шұбар тіліңді түзеп ал, содан кейін мемлекет туралы айта жатарсың.

 - Қазақ тілі не практичен. Понимаю, говорю, сол жетеді. Англ, русты білемін, олардың постцельге жеткізетіні айқын.

 - «Тогда человек станет лучше, когда вы покажете ему, каков он есть..», Антон Павлович Чехов. Ана тілінің қадірін білмегенде ұлт болмайды деген. 

 - Алла ұлт-ұлттар мен ұл-ұлыстарды жаратқан. Демек ұлт өз-өз-өзінің тілін, рухани құндылықтарын са-сақтап, дамуына, өркендеуіне бар күшін салу керек. Ен-ен-ең басты құндылық тіл, сенің ұлттылығыңды айқындайтын тіл. Сондықтан тіл ең бірінші тұру керек.

 -Бы-бы-бы, быдықтамай отыршы «херувим» неме! Білсең мен де...

 Дан сөзін аяқтаймын дегенше қоңырау соғылып, оқушылар үдере тұрып шыға бастады. Келесі сабақ Жарас ағайдың сабағы еді, Інжу Маржанға қарап:

 - Бүгін қосымша ғой,  келесің бе?

 - Қалай қатысасың, ағай сабақ бойы маған тесіледі де отырады, біртүрлі ыңғайсыз.

- Мақұл енді, сұлуым, бүгін дайындық қой, ертең алтын алқа аналарға арнап іс-шара өтеді, ән айтасыңдар деп еді ғой, қайтесің?

 - Ой, қойшы соны, қолым тимейді, шаруам басымнан асады.

 - Әй, екеуің неғыл деп тұрсыңдар, қоңырау соғылды ғой, сабақтарыңа бармайсыңдар ма!? Сен қыз, бері келші, көзіңді бояп алғансың ба? Кірпігіңді қазықтай қылмай сүрт. Жаңа келген «жігіттің» алдында  өздеріңді көрсетіп жүрсіңдер ме? Өзін көрсетемін деп біреулеріңнің абыройы айрандай төгіліп, өзің ғана емес, мектепті де қарабет қылған жоқ па! Екіншілей көрмейтін болайын.

  Маржан қабағын шытып, тәрбиордың талабын орындады. Бетормалын алып қөзінің айналасын сүртіп шықты. Екеуі ілби басып сабақтарына қарай жүрді.

 - Жылдам басыңдар, аяқтарыңды, қоңырау болғалы қашааан!

 Екеуі жылдамдата жүріп, үшінші қабатқа көтеріле жөнелді.

 - Інжу, Маржан, сендерді іздеп жүр едім, жолықтырғаным жақсы болды ғой. Дайындыққа келесіңдер ме? Мана, әкім келіп кетіпті, «алтын» аналарға арналған мереке өз дәрежесінде өтсін депті директорға. Соған бүгін жақсылап дайындалу керек.

 - Мен келемін Лаура тәтей.

 - Маржан, сен ше?

 - Мен келе алмайтын шығармын. Үй шаруам бастан асады.

 - Онда, Інжу, дайындыққа сағат үштен кешікпей кел.

 Қоңырау соғылып, сөз үзілді. Екеуі төмен түсіп, физика кабинетіне кіріп отырды. Маржан айнасына қарап бет-жүзін қайта әрлеп шықты.

 - Құдайым-ау, неткен сұлу, неткен көркемсің! «Сегізінші кереметім» деп ағайыңның айтқаны рас-ау, сегіз емес әлемнің бүкіл кереметі саған жетпейді-ау. Мына түріңмен сен ағайыңды жүрек ауруына ұшыратасың. Ыстық сезім жүректі жандырып, кәдімгі көліктің қозғалтқышқындай қыздырып жіберетіні бар. Абайла, ағайың инфаркт болып жүрмесін.

Маржан көздері күлімдеп, әдемі жымиды да, ұятелден ВК-ны ашып, оқы деп ымдады.

«...Мағжан ақын айтпақшы: "Жандүниесі кірсіздің сұлулығы мөлдіреп жанарында тұрады. Жүрегі таза адам көзбен сүйіп ләззат алады. Көкейіңді ыстық сезіммен нұрландырған жанның жүзіне сүйіспендікке толы жүрекпен сүйісініп қарап отыру бір ғанибет,шіркін!».

...Қызық. Мен өз-өзімді түсіне алмаймын. Мен одан бәленбай жас үлкен емес, қайта әлдеқайда кіші, ол ересек бөліп көрінеді. Оның алдында мектепке алғаш қадам басқан оқушыдай жәутеңдеймін. Адам жасы жылдармен емес ақыл парасатымен өлшенеді деген осы шығар. Мен оның жастығына қарамай даналығына ырзамын. Маржанға қарап жастар туралы ел арасында қалыптасқан көзқарастың терістігіне көзім жетеді».

 «Әзіл түбі – зіл» деген рас екен-ау, Інжу мына сөздерді оқып үн-түнсіз ойланып отырып қалды.

 - Маржан, шынында, сен ерек жан екенсің.  Мына сөздердің бәрі жүрек тереңінен сүзіліп шыққан асыл лебіздер. Мұндай ыстық сөздер екінің біріне айтылмайды, тек айрықша жаратылған адамдарға ғана арналады. Бұл өзіңе деген асқан құрметпен сыйлаудың мінсіз үлгісі. Маржан десе Маржансың-ау, атыңа затың сай жауһар құрбым...

 - Мәә, неғып отырсыңдар, мен сендерді іздеп таба алмай жүрмін ғой.

 - Не болды, Бану, аптығып кетіпсің ғой.

 - Дан, асханада, бізге арнап чаепитье ұйымдастырыпты. Соған сендерді шақырып кел деп жіберді. Жүріңдер, тез барайық, үзіліс уақыты да аяқталып қалды.

«Кеттік» деп Маржан ұшып тұрды.

10

 Бөлек үстелге дастарқан жайылыпты.  Дастарқан үсті жасанып тұр. Ортада биігінен орналасқан екі бөлімді ваза: жоғарғысында торт, төменгісінде жеміс-жидектер орналасқан.  Торт бетіне алқызыл түспен «Кешір Ханшайым!» деп жазылған.  Айнала бенгал шырақтары жарқыл шашып тұр. Дастарқан шетінде бокалдар, қасында жеміс шырындарының түр-түрі тізілген. Қыздардың алдында Дан – үстінде қаракөк кастюм-шалбар, ақ көйлек, мойнында ақ ноқатты ашық көк галстук-бабочка.

 «Ой!» деп Маржан таң қалып тоқтап қалды. Інжу бұрылып есікке қарады.

 - Кешір, принцесса, мен ержігітке тән емес қылықтар көрсетіппін. Сол үшін өзіңнен бас иіп кешірім сұраймын, - деп Дан иіліп Інжудің қолын сүйді. Інжу жалтақтап есікке қарады.

 Көзін алып болған жоқ есіктен директор нөкерлерімен кіріп келе жатты. Түсі тұрмақ ойына да кірмеген мына көріністен сілейіп қатты да қалды. Біруақ есін жиып бақырып жіберді.

 - Әй, бұл не сұмдық, а-аа!

 Інжу қолын тартып алып, ғайып болған қыздардың артынан зытты. Жарты сағаттан соң «шайшылар» түгел, Даннан басқалары, сынып жетекшісімен, директордың кабинетіне шақырылды. Бірақ ол қоса келіп, директор а деп аузын ашқанша «мына қыздардың жіберіңіз, бәріне мен кінәлімін» деп айтып үлгерді.

 - Ей, сен кімсің, маған бұйрық беретін?!

 - Во первых «ей»» демеңіз, ей зовут лошадей, екіншіден...

 - Аузыңды жап!

 - Алло, бұл кім, а, сіз бе шеф, мынауыңызбен сөйлесіңіз, надоел уже. Дан ұялысын директорға созды. Ол қолын қағып жіберді.

 - Солай ма, өкініп қалмаңыз. Менің кім екенімді білесіз ғой. Бірақ мен еш жаман қылық жасағаным жоқ. Жақсы көретін қызыма уважение көрсетіп, стол накрыл, онда тұрған не бар? Біз қамауда жүрген жоқпыз! По глазам вижу, вы не понимаете... Алло, бұл сізді...

 Директор телефонды алып, тіл қатысқан соң, бара беріңдер деп қолын сілтеді. Оқушылар кете салысымен тәрбие орынбасары мен сынып жетекшісіне; «Қыздарыңа еге болыңдар, біреуімен атағымыз шыққанымыз аздай, екіншімізбен жаһанға жар болмайық. Ана мақтаған Інжулеріңнің қолын сүйгізіп, мәз болып тұрғанын көрмейсіңдер ме. Ертең ата-анасын шақыртып, тәртіпке салыңдар», - деді.

- Інжу ондай қыз емес, оған кір жаққаныңызға қарсымын, шешесінсіз-ақ өзімен сөйлесеміз. Оның арын жаман оймен ластағым келмейді.

- Сен не деп тұрсың? Сыныбыңа ие бола алмай, маған ақылгөйсисің ғой.

- Мен сыныбыма иемін. Төтеннен қосылған мына жаңа оқушыдан кейін сыныптың бүлініп жатқаны. Оны да түзеймін, сыныбым түзейді. Мен сыныбыма сенемін.

- Сенсең, «ертең» көрерміз. Артық сөзді доғар. Сабағыңа бара бер.

 Бастық қабағын түйіп орынбасарға қарады.

- Тәртіп әбден қожырап кетіпті ғой. Оқушы ғана емес, мұғалімдерді де бетімен жіберіпсіңдер. Алдағы педсоветтің күн тәртібіне осы мәселені кіргіз. Әкім тапсырған іс-шара дайын ба, кімдер қатысатын болды? Сценарийді көрсетші... Жақсы, дұрыс, бірақ мына Інжуіңді алып таста. Тәртіпсіздігінің жазасы болсын.

- Інжусіз болмайды ғой. Мектебіміздің жұлдызы. Қойылатын концерттің негізгі тұтқасы...

- Доғар, манағы қылығы сол «жұлдызбын» деп мастанғанының нәтижесі. Бұдан былай оны сахнадан көрмейтін болайын.

- Ол өнер жолын, әншілікті таңдаған. Болашағына балта шаппайық. Ол қызды енді өзім қатаң қадағалайтын боламын. Рұқсат беріңіз. Әкім де сол қыздың ән айтқанын қалап отыр.

- Әкім...

11

Мектептің мәжіліс залы мерекеге сай безендірілген. Үрленген түрлі-түсті шарлар мен гүлдестелермен көмкерілген сахна төріне «Тіршіліктің тірегі – Ана!» деп тәрбие сағатының тақырыбы жазылған. Тақырыбы астында мақсаты көрсетілген.

  Сахнаға жүргізуші шығып:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған не бір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілі көзі. Өмір бесігін тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда қарызыңнан құтылаалмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айту  мүмкін емес. Ана – болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты. Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтары мен өнерлерін тамашалаңыздар!

Табаны жерге тимейді

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық, әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті биге берейік.

 Бастауыш сынып оқушылары би биледі. Орта буын мен жоғарғы сынып оқушылары анаға деген ыстық ықыласпен өлең шумақтарын тебірене оқыды.

 Жүргізуші: жандүниеміздің сұлулығы ана жүрегінің жылуынан бастау алатыны хақ. Кім болса да, өз анасына деген іңкәр махаббатын қағаз бетіне сыйдыра қоюы екіталай. Осынау өмірге келген адамның аузынан шығатын бірінші сөзі де «Ана» деген үш әріп. Ананың аялы алақаны мейірімнің мәңгілік мекені іспетті. Ана туралы әңгімелегенде таңды таңға ұруға болады… Ендігі кезекті әнге берейік. Мектебіміз ғана емес, ауданымыздың дара жұлдызы Інжу Дарынды ортаға шақырамыз.

 Қазақ қызына тән мәнермен тербеле басып Інжу ортаға шықты. Басындағы сәукеле тақиясы не түрлі моншақ-тастармен, түрлі-түсті жіптермен безендірілген, төбесіндегі үкісі ақ бұлт сияқты үлпілдек. Көйлегі өзіңе шақ, кеудесінен тарлау, ыңғайлы, өңірін жауып тұр, қос етекті ұзын, көк түсті. Көйлектің етегі кең, жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп қатпарлы желбір салынған. Жағасы тік шығарылып түрлі кестелермен әрлендірілген, бір жақ иық үстінен түймеленген. Үстіндегі желетке-камзол мақпал матадан, екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігілген. Түйме орнына камзолдың алды әшекейлеп, қаусырма қадалған. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра зер жүргізілген. Белден буып тұратын оқалы белбеу жіңішке белдің сымбатын айшықтап тұр.

 Інжу ән сөзімен үндесе, ару, келіншек, асыл жар, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен, күллі жаратылыстың анасы – айрық жанның бейнесінде тебірене шырқап тұр. Шырқап тұрған жоқ әннің образына еніп орындап тұр. 

 

Адалдығы болмаса аңсатар ма,

Ару деген – әдемі әрқашанда,

Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.

 

Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,

Күнге қарап көктемде күлген едім,

Бүгін мүлдем өзгеше күйге енемін, шіркін!

 

Жайқалады гүлзары көнілімнің,

Мен қазақтың қызымын, келінімін,

Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін!

 

Жарық қылам жер бетін нұр-сәулемен,

Қырық шырақтан құралған құрсау денем,

Бесігімді тербетем шырқауменен әнді.

 

Мен - әйелмін, әлемнің анасымын,

Үміт жеңген кей-кезде жан ашуын,

Күлкісі – күн, тәні – нұр, санасы – мұң, менмін.

 

Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын,

Ғажап түске боядым ғайып түнін,

Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгін.

 

  - Інжу, рақмет. Әр сөзімен қабысып, жаныңмен беріле орындаған әніңнің жетегінде бүкіл ғұмырым көз алдымнан сырғып өтті. Мен малшы жанұясында дүниеге келгенмін. Анам сауыншы. Олар ерте көктемнен тауға жайлауға шығатын. Біз оқудың тез аяқталуын, жазғы демелыстың жылдам жетуін асыға күтетінбіз. Сол кезде тау беткейлерінде қып-қызыл қызғалдақтар лаулап өсетін. Құрбыларымызбен таласа жүгіріп, гүлдердің қауызы үлкендерін таңдап жинайтынбыз. Жүзімізде еш алаңсыз шат күлкі... Неге екенін білмеймін, сен ән салып тұрғанда осы сәт жадыма оралып, өзімді әлі де сол жақта жүргендей сезіндім. Бірақ қасымда балаларым, сүйікті жарым, мамыражай кең даламның баурайында құлпырып өскен, көркем де әдемі гүлдерді маған теріп беріп жүр екен...Әнді нақышында шебер орындадың. Көп рақмет! Рас, біз әйелміз, әлемнің анасымыз, күлкісі – күн, тәні – нұр, бақытқа лайық жандармыз! Өнерлеріңе алғысым шексіз, балалар, - деп алтын алқа иегері жас ана Бірлән тебіренісін жеткізді.

 Ана сөзі аяқталысымен мәжіліс залына сырттан кіріп келген Дан, сахнаға асығыс жетіп, құшақ толы гүлдерін Інжудің аяғының астына шашып жіберді. Отырған халық ду шапалақ соғып, «бәрекелді» деп қошемет көрсетіп жатыр.

 Директор атып тұрды. Әкім көзі адырайып оған қарады:  - Бұл не, мектеп пе, бардел ма, өткенде ғана осы жөнінде іс қозғалып, әрең жабылмап па еді! Әлі шара қолданбағансыңдар ма?!

 Не істерін білмей қалшиып тұрып қалған Інжу бұрыла салып, сахнадан жүгіре басып шығып кетті. Дан директор мен әкімге бағжия қарап бақырып жіберді: - Не болды, а, айтыңдаршы, не болды! Если цветы дарить, значить сексом заниматься? Я, всего–та, ол қызға уважениемді көрсетіп, бар болғаны гүл сыйладым ғой. Неге біздің ар-намысымызды таптайсыңдар? Кім рұқсат берді сендерге? Біз зонада жүрген жоқпыз? Біз де сендер сияқты полноправный свободный челмыз!

 - Не деп тұрсың, оңбаған? Көзіңді құртып, жоқ қып жіберемін ғой мен сені!

 - Неее!?

  Сынып жетекшісі шап беріп ұстай алды. Санаға сыймайтын әділетсіз қиянатқа шыдамай тұла бойын жаулап алған дүлей күштен Дан серпіп жібергенде, ол қабырғаға соғылды. Үрейі ұшып кеткен әкім кері шегінгенде, артындағы орындығы тарс етіп еденге құлады. Директор дүлейдің көзіне қарап: - Тоқтат, Данди, қой деймін! – деп шақшиды. Дан бұлқынып алға басқанда, алдында кесе-көлденең тұрған физрук Раис браттың салмақты  сұсты жүзінен бұрылып, оның айдауына түсіп жүре берді.

  Әкім директорды ертіп оның кабинетіне келді. Директор жолдан сынып жетекшісі мен тәрбие орынбасарын шақыртып алды.

 - Кім?! Кім ол, қайдан келген, қырып кете жаздады ғой. Мұндай сұмдықты кім көрген! Бұл тек осы мектептен ғана шығатын тәртіпсіздік. Кім ол?

 - Асылхан атаның жиен немересі ғой.

 - Асыл қажының...

 - Онда ...., қызға бір шара қолданыңыздар. Құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді.

 Әкім шығып кеткен соң, сынып жетекшісі мен тәрбие орынбасарына Інжуді назардан тыс қалдырмай қадағалауды тапсырды. «Ән айтқанын көрсем, екеуіңді де жұмыстан босатамын» деп қатаң ескерту берді.

12

  Уақыт орнында тұрмайды. Сыртылдаған жүрісін тоқтатпайды. Оның жетегінде өмір де өзен сияқты ағысынан жаңылмайды. Қатал қыстың мұз құрсауында сыналап  аққаны өзендей тірліктің бір текті сүреңсіз күндері  сырғып өтіп жатыр. Інжу таңнан тұрады, үй шаруасын атқарады, мектепке барады, қайтады, кешкі шаруа, дүние өстіп дөңгелене береді, дөңгелене береді. Осы қарадүрсін дөңгелеудің табанында қыздың асқақ арманы тапталып, санасынан өшіп бара жатқан сыңайлы. Көкірек көзін шел басып, қиядан шалатын пайымы қасаңданып бара жатқан тәрізді. Ән салып жүргенде ашық-анық сайрайтын дауысы, енді күңіреніп құмығып шығатын сияқты. Қолы микрофонға жетпей, ұялысына қосылып сыңсиды.

  Мектептен шыға үйге қарай зымыраған Інжудің артынан жүгіре шыққан Дан:

 - Индина, Индина, тоқташы, тоқтай тұршы, подожди пожалуста!

 Інжу оған бұрылып та қарамады. Құлағы тас керең болып бітеліп қалғандай, ызыңдаған шыбын ғұрлы көрмей селт етпеді. Ызадан жарыла жаздап келеді. Ашуланбағанда қайтеді. Тап-таза, пәк сақтап жүрген арына дақ келтіріп, бүкіл мектептің алдында абыройын айрандай төкті. Ұстаздары үлгі тұтатын оқушының бірі болып жүргенде, табан астында жеңілтек мінез желөкпе айналды. Осының бәрін біле тұра, жаңағы жетесіз, мұның қасынан айналшықтап шықпайды. Байқап қалған мұғалімдер қабағын түйіп, бастарын шайқайды. Ал тәрбиор тұла бойын тінтіп, көзін сүрткізіп, киім түзеткізіп тұрады. Қатаң бақылауға түскен Інжу өз-өзіне деген сенімін жоғалтып, білетін сабақтарынан да шорқақтап, төмен баға ала бастады. Данды көрсе үріккен еліктің лағындай безе қашатын болды.

 - Бауырым, бауырым, уа бауырым, сабыр ет, Аллаһу әкбар!

 Інжу қалт тоқтады, артына жалт бұрылып, «Аға-еке!» деп құшағын жайған ұзын бойлы сидам жігіттің құшағына құлай кетті. Ол «Жаным, күнім, балапаным!» деп арқасынан сипай берді. Еміреніп маңлайынан сүйді. Жотасын аялаған жылы алақан мен шекесін күйдірген ыстық еріннің табы тұла бойын ерітіп, жалғыздықтың қатыгез уысында қатайған көңілін жібітіп, көктемнің ақ жауынындай көз жасы сорғаладай кеп. Нағашысының кеудесінен анасының иісі шығып тұрғандай құшағына тығыла түсті. Бауыры жылама дегендей жұмсақ саусақтарымен бетін аялай сипай сүртіп қояды.

  - Жүзіне қарадым, шатыс екен, тілі ғана емес сипаты да жат текке ұқсап кеткендерге сенбе, оларда бүлік бар, оларда ұлт жоқ. Олара Мұхтар шайыр космополиттер деп атаған. Шалақазақтар, жоқ олар қазақ деген қасиеттен де аулақ болсын, олар...олар өздері атағандай «хомо ментустар» ғой..

  Інжу аңтарыла қарады.

 - Жаңағы жігітті айтамын...

 - Жағдайыңыз қалай, аға, денсаулығыңыз жақсы ма? Келмегеніңізге көп болды, сырқаттанып қалдыңыз ба? Азған сияқтысыз? 

 - Біздіке жан қайғы ғой, қарындасым. «Аллаһ» деген бізді кім дұрыс түсіне алады, рухани дүниемізге терең мән беріп, сыр ұғатын кім бар! Мына жаһандану заманында, өктемдікпен дәрежеге жеткен алпауыттар, әлемге өз үстемдігін таңбақ. Жас жігіттей тұлғаланып келе жатқан елімізге қызғанышпен қарап, бейбіт өмір сүріп жатқан тірлігіне іштарлық жасап, сын артып, сан қилы талап қойып, өз тертесінде жүргізбек. Осы қарекеттің аясында бір-біріне бауырмалдықты пен достықты, жанашырлық пен қайырылымдықты, татулық пен ажырамас бірлікті, жаннат төріне жол салатын салауатты ғұмырды саралайтын имани жолды лаңдап, бейбіт өмірге өрт салады. Солардың қатарында бізді де шет қақпай етіп, өз жұртымызда жаттай, қару кезеніп қудалайтындар бар...

  - Инди, все порядке, норм ба?

  - Ассаламуалейкум, бауырым, Інжуімнің нағашысы боламын.

  Елеріп жетіп келген Дан, сәлемге ұсынылған қолды алып, сабасына түсіп, бұрылып кетіп қалды.

  - Қазақтың баласы ғой... Тәрбиелесе, беті бері қарайды. Өзіміз азғана ұлтпыз, әрбір тегіміз алтынмен тең. Оларды қастерлеп сақтай білу керек. Ықылас көрсетіп, бауырға тартса, қазақы рухта тәрбиелесе, жақсы-ақ азамат шығады-ау... Алла махаббатын адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласымен жеткізеді. Жүрегіне махаббат қонақтаған ешкімді алалаламай,  бәріне бірдей шуақ шашып, қамқорлығы мен мейірімін аямайды. Нұрлы сәуленің аясында өскеннен еш жаманшылық шықпайды. «Ассаламуалейкум» осы шапағаттың бастауы.

  Інжу күллі жұрттың назарында тұрғандарын енді байқап, ағасын ертіп, мектеп ауласынан шығып кетті. Үйге ертіп баруға шешесінен сескенді. Жеңіс саябағы есіне түсіп, солай қарай жол бастады.

 - Қазір көлік келеді, мен қайтамын, жүре сөйлесейік. Нағашы әжең сені сағынып, дайым аңсап отырады. «О жаққа сапар шекпей тұрып, Жауһарымнан қалған жақұтымды бір көрсем» деп зарланып отырады. Қол тимейді, әрдайым жол үстінде жүремін. Жеңгең кетіп қалған, содан қалған Нариман балам екеуі ғана. Інің ғой, жалғызіліктен ол да сені көруді армандайды. Оған айфон әперіп едім, ол «әпкеме апарып бер» деп саған беріп жіберді.

 Інжу көзін сүртті. Кіп-кішкентай болып ол да мұның қамын ойлайды. Бұл дүниеде жалғыз емес екеніне жан-жүрегі елжіреп, сөзі дірілдеп шықты:

 - Менда бар, өзіне апарып беріңіз. Менен сыйлық болсын.

 - Әжең: «Өз қолына ұстат, ішіне телефондарыңды жазып қойыңдар. Өзгелері сенімсіз, тез бұзылып қалады, «айпон» ғана шыдамды дегенді теледидардан күнде тыңдап жүрмін. Қайтып алып келмей, қолына тапсыр», - деді. Аманатқа қиянат жасай алмаймын.

 - Үйге жүріңіз, аға, қонақ болыңыз, бірақ ана мыстан ...- деп үзіле тоқтады.

   Ол Інжудің мойнын иіп, әрдайым өзін кем сезініп жүретін, желкесіндегі таңбасынан сүйді.

 - Алла ғана мінсіз. Құдіретті Хақ Тағала өзі қалап кемшіліксіз жаратқан жан иесіне көз тимесін деп таңба салып қояды. Сен солардың бірісің. Өз-өзіңді төмендетпе. Биік бол. Жамандардың межесіне түспе, кешірімді бол. Қазіргі шешең жалғыздықтың зардабынан, тұл өмірдің құрсауынан шығар жол таппай, қиянатқа бой ұрар. «Адамға жақсылық жаса, жақсылық жасаумен сен оған жақсылық жасауды үйретесің» деген сөз бар. Татулыққа жол сал. Намазды да жамағатпен оқиды. Үшеуің үш бұрышта қапа-наланың ұйығына тұншықпай, ынтымаққа келіп, бірліктен береке табыңдар. Алла иіп әкеңе тұяқ, шешеңе перзент, саған іні сыйлар.

 Інжу нағашысының сөзін зейін қойып тыңдады. Тұлғасына назар аударды. Ұзын бойлы, арық, беті сопайып, жағы суалып, сөйлеген сайын сүйектері бір-біріне үйкеліп дыбыс шығаратын сияқты. Иегіндегі сақалы тік өспей, тамағына қарай қайырылып өскен. Бауыры ауыратын болар, бетінде дақтары көп. Әсіресе заңғар көктей тұнық көздері, үңілген сайын тұңғиығына бата бересің, бата бересің, түбі жоқ.

   - Әне, көлігім де келе жатыр. Бұдан былай біз кездесеміз бе, жоқ па, Алла ғана біледі. Саған тапсырар бір аманатым бар. Соны ұмытпай, жадыңда сақта. Әрбір іс-әрекетіңда санаңда тұрсын. Мен Отанымды қорғау жолында «бунтарь» болдым, «діншіл», патриот болдым, бірақ одан еш опа таппадым. Отанды қорғау үшін бар болғаны өз ұлтыңның ұрпағы, бүкіл жан дүниеңмен, бітім-болмысыңмен, мұң-мүддеңмен, ой-толғам, сана-сезіміңмен, ана тіліңмен қазақ болуың керек. Ол ауылдың күнделікті тірлігіменмен айналысқан қарапайым шаруасы. Оған күн көру үшін жері,  дамуы үшін елі, тіл табысуы үшін ана тілі, жат жұртты тану үшін білімі мен өмір сүру дағдысынан қалыптасқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпы ғана қажет екен...

 Екеуі әңгіменің сонарында Тәуелсіздік қаһарманының ескерткішінің алдына келіпті. Ол Қайрат батырға қарап тұрып:

- Қай адамға болса да өмір қымбат. Қайрат та өз болашағын тек жақсы жақтарымен ғана елестетті. Бірақ...  Ол  «Ана деп ардақтаған, асыл жар деп қастерлеген, нәзіктігі мен сұлулығын жыр еткен, өмірге жаңа гүл ашқан бейкүнә пәк бойжеткенді жәндік ғұрлы санамай, тастөсеніштің үстімен шашынан ұстап сүйрелеген адам тектес хайуанды көргенде дәтім шыдамай кетті. Бойымды алапат күш билеп, оның қайдан келгені белгісіз алып ұрып, алқымынан езгілей беріппін, езгілей беріппін». ...Отанын шашынан ұстап сүйреткен жатты көргенде, дүниеге шат қараған, аңғал ойлы жас жігіттің келешек жарқын өмірі жайында қалды... Отанын қорғау үшін еш кідірмеді, қадамын нық басты.

 Көзінен жас парлап ақса да, үнінде діріл жоқ, қатқыл.

 - Қастерле... қастерле... Отан үшін ойланбай отқа түскен ерлерді .... ерлерді қастерле! Ұмытпааа! Сен ел ертеңі – болашақсың. Сен – Отанасың! Cен адамзаттың анасысың, ұмытпа! Сенің анаң – Отан, ұмытпа! Ар-намысыңды сақта, сатпа! Адамзаттың анасы сатылғанда, Отан саудаға түседі, ұмытпа!!! Ар-намысыңды биік ұста. Бекем бол, өйткені бүкіл халық, ұлт саған қарап түзеледі, ұмытпа! Ұмытпааа, Бауырыым!

 Көліктің терезесінен де басын шығарып айқайлап бара жатты.

13

 Інжу үйге жетіп, есіктен енгенше, осы сөздер құлағында жаңғырығып тұрды.

 Ауыз үйге аяғын шеше беріп үйде отырғандардың сөздеріне құлақ тұрды.

 - Ана жетімегіңді айтсаңшы, анасындай сиқырлы, сиқыршының тап өзі-ау. Асыл атаның жаңа келген немересінің басын айналдырып ал...

 «Үшеуің үш бұрышта қапа-наланың ұйығына тұншықпай, ынтымаққа келіп, бірліктен береке табыңдар. Алла иіп әкеңе тұяқ, шешеңе перзент, саған іні сыйлар». Осы сөздер санасына оралып және сыртынан сөз айтқанға дәті шыдамайтын Інжу Айка тәтейінің өсегін бөліп, үстінен кіріп келіп, құстай ұшып Света шешесінің «Анашым, жай-күйіңіз қалай?» деп бетінен сүйіп-сүйіп алды.

  Светаның жүрегі сыздап кетті. Мөлт етіп көзіне жас келді. Осы жетімек қызбен күндескенде не тапты. Балам деп жансыз қуыршақ құшақтап әуейі болғаннан басқа. Күйеуін алқаш қылды. Ақжігіт жігіттің сұлтаны еді. Жауһар «Отбасымның тұтқасы, арқа сүйер ерім» деп алдынан қия кеспей, рұқсатынсыз артық қадам жасамаушы еді. Әр сөзін қалт еткізбей орындайтын. Ақыры соның зардабын шекті.

  Ақжігіт пен Жауһар жарасымды жұп еді. Ауылға жаңадан көшіп келген. Камазшы жолдастары ортаға қосып, кеш-сауықтарына шақырып тұрды. Света басы бос, үйленбеген марқа қыз, Ақжігітке бірден көзі түсті. Орысша тәрбие алған ол ерік-қалауына тежеу салмайтын. Алғашқы күннен-ақ көз тоятын тұлғасы бар жігітке тартыла түсті. Өзі барып баяу әуенді қойып, шамды сөндіріп, құшағына енетін. Масаң жігіт әуелгіде қашықтықты сақтаса, кейінгіде бауырына тартып аймалай бастайтын. Кезек омырауына келгенде, сарт есін жинап, «ой, бұл сен бе едің?!» деп жібере салып, бұрылып кетіп қалатын. Жауһар білсе де, күлімсіреп тұра беретін.

  Екеуі қосылып ән салатын. Ақжігіт баянның көңіл шертетін ғажайып үнін тап баса ойнап, бір-біріне телміре қарап, мөлдіреген жанарларымен сүйісіп, жан дүние тебіренісімен астасып шыққан дауыстары үндесіп, қарадүрсін тіршіліктің құрсауында тосаңси бастаған құлақтарға сырлы әуез құйып, қатая бастаған жүректерді елбіретіп тербететін.

 

Жаныма нұрын төгетін,

Көктемдей дара шұғылам.

Өзімді көргім келетін,

Көзіңнің қарашығынан.

Көзіңнің қарашығынан...

 

Кездескен сәтті сый көрдім,

Қоштассам, мұнлы күйге ендім.

Жанғанмын солай, күйгенмін,

Мен сені құлай сүйгенмін.

Мен сені құлай,

Мен сені құлай,

Мен сені құлай сүйгенмін...

 

  Әсіресе Жауһардың ән сазының нақышында әуелеген қанық дауысы дастарқан үстіндегі ыдыстарға дейін сыңғырлатып жіберетін.

  Осындай бір отырыста, жанына қажеттінің бәрін алып беріп отырған Жауһарға мейірленіп кеткен Ақжігіт құшақтап «қалтықсызым!» деп бетінен сүйіп алды. Мұны көріп отырған Светаның қызғанышы оянды.

- Неге «қалтықсызым»?

- Айтқанымды момент орындайды!

- Бәс.

- Міне қол!

- Қолындағы арақты соған бер, ішсін.

- Бұл көп қой, оның үстіне Жауһар ішпейді, араққа аллергиясы бар.

- Ой, қойшы, араққа да аллергия болушы ма еді, қайта арақ оны баспай ма? Одан да айтқанымды орындата алмаймын десеңші.

- Жоқ, ішпейді, бәстен жеңілдім, қалағаныңды ал.

 Шарапқа қызып алған Светаның іштарлығы одан әрі үдей түсіп, ішіндегі сайтаны қозып, Ақжігітті мұқата сөйледі:

- Даа, мен сені жігіт пе десем, мігіт екенсің ғой, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені.

- Светик, ел қорғайтын ерлерді еңкейтпей, асқақтатпаушы ме еді, осы бір стақаннан өлсем өле қалайын, ерімнің еңсесін түсірме, - деп арақты аузына құя салды. Бірақ арақ өңешінен өтпей, кеңірдекке кетіп, қақалды да қалды. Демі бітеліп алқынып жатса да екі көзін бұдан айырмады. Қолымен ымдайтын сияқты. Сол жаққа қарап еді. Өзімен-өзі бейғам жүрген осы қызды көрген. Жүрегі зу етіп, Жауһардың қасына жүгіріп барған. Жайбасар жедел жәрдем келгенше комаға түсті. Содан оңалмай кетті. Света жұмысын тастап, қасынан шықпай, он күн қарады. Он бірінші күні Жауһар көз жұмды.

  Ақыры армандаған Ақжігітіне қосылып тыңды. Бірақ сері жігіттен түк қалмады. Жатса-тұрса «Жауһар-Жауһар» деп жынды адамдай сенделіп, жүре-жүре сілесі қатқанда бүк түсіп жатып алады. Алыс сапарға жүк тасып күреп табатын ақшасы да жайында қалды. Қызы да «Ана, анашым!» деп шырылдап, шешесін іздеп әбден ығырын шығарды. Қой дегенді тыңдамаған соң шапалақпен тартып-тартып жіберді. Осыдан кейін қыз да жылауын қойды. Жүзінде түк сезім жоқ өлі адамның кейпіне еніп, елес тәрізді құр сүлдесі үнсіз жүрді. Желкесінде ғана бар ай мүсін таңдағы белең алып, үстіне ақ таңдақтар қаптап кетті. Үрейі ұшқан Света қызды дәрігерлерге көрсетті. Денсаулығыңда ешқандай ақау жоқ, «нервный срыв» деп диагноз қойды. «Молдаға оқыт» деп біреулер кеңес берген соң оқытып, бадырайған таңдақтардың бетін қайтарып, тәнінде бірен-сарандары ғана қалған. Қыз өсе келе шешесіне аумай тартып, кей-кезде бетіне сестене қарағанда үрейін үшырып, ал жүздетіп алғанында құдды Жауһардың өзі келіп қалғандай зәре-құтын алатын. Екеуін де жек көріп кетті.

  Ақжігіттен үмітін үзбей, өз ырқымда жүргіземін деп істемегені қалмады. Ақыры мызбақпас сүмелекке, жанында жатса да жылуы жоқ, сезімсіз дөңбекке айналдырды. Әйтсе де ызыңдап жүріп кен орнына жұмысқа тұрғызды. Ауысымнан келген сайын қызының әкесіне деген еркелігін көтере алмай, іштарлық жасап, оның қалағандарын әпертпеу үшін, уланып келдің ғой деп арақ құйып маскүнем етіп шығарды. Ол енді қызы тұрмақ мұны да ұмытып, арақпен әуейі болып, арақты аузына салып жатып ұйықтайды. Жоқ десең дәу жұдырығын ала жүгіріп тоқпақтайды. Бала деп аңсаған жүрегінің тілегі қараң қалды. Қалаға барса тірі сәбиге ұқсаған қуыршақтарға үйір болды. Соның біреуін әкеліп, қойнына алып жатады. Бірте-бірте бауыр басып «балам» деп атауды шығарды. Әлі де болса бала туарлық қауқары бар жаста өзінің кесепатынан суық төсекте қу тізесін құшақтап жалғыз құлазиды. Бойын билеген нәпсіден күйіп-жанып өртене берген соң, уытын арақпен басуды шығарды.

  «Ана» деп мына қыз өмірге көзін қайта ашты. Рас, Інжуден басқа мұны кім «Ана» дей алады, анығын айтқанда, «Анашым» деп тұла бойын емірентер кімі бар. Қойнына алып, бауырына орап жатса да, бойын жылытпайтын жансыз қуыршақ па?! Бұл қыздың жазығы не? Алғашқысында анам деп мойындамай қиястанған шығар. Бірақ кім де болса, тіпті өзі де жатты тосырқап қалай ана дей алар еді. Мал екеш мал да өз енесін іздеп жамырамай ма? Оған кектенудің қажеті жоқ еді ғой. Бұл, ақыл-есін тоқтатқан ересек, әлі дүниені толық танып біле қоймаған жас нәрестемен тірескені несі. «Аманатқа қиянат жасама» демеп пе еді Алла Тағала. Иә бұл қыз аманат, анасы тілімен айтпаса да, соңғы демінде бұған көзімен тесіле қарап «қызыма қамқор бол» деп зарланып жатпады ма. Енді мұныкы не? «Анашым» деген сөздің өзі дүниедегі бар байлықтан артық емес пе?! Серпілетін уақыт келді. Алланың аманатын мәпелеп, қамқорлық көрсетсе, Алла да иіп жанды бала беріп, сәби сүйдірмей ме? Қой Дарқаннан дұға кітаптарын алып, Аллаға тәубе етіп, тура жолға түсейін. Өзі қыдыру үшін байына арақ беріп алдап, жортуылға шығатын мынадай алаяқтардан аулақ болайын.

- Ей, кетші, үйіңе бар. Басым ауырып кетті. Енді сені бұл үйден көрмейтін болайын. Бар, бар, жөніңді тап.

 Інжу мектеп киімін ауыстырып келіп, дастарқан үстін жиыстырды. Жаңалап шай қойды. Басы салбырап отырған шешесінің шашынан сипап өтіп, басын жайлап уқалай бастады.

 - Басыңыз ауырып отыр-ау, ана, массаж жасап берейін.

 - Кешірші, қызым, кешіре алсаң кешір мені! – деп кемсеңдеп қолынан ұстай алды. Інжу қалтылдаған қолды аялай сипап, басын иіп сүйді.

 - Жер бетін алақанына салып тербетіп тұрған ана баладан кешірім сұрай ма екен? Сіз мені кешіріңіз! Бүгіннен, жоқ тап қазірден бастап бәрін ұмытып, өмірмізді жаңа парақтан бастайық.

 - Иә, сөйтейік, мына тұмшаланған терезенің бәрін ашшы.

 -Қазір.

- Уһ, шіркін, аппақ сәуленің нұрын-ай! Қараңғылықтан көзімнің жанары суалып, жарықтың қасиетін танымайтын көрге айналыппын ғой. Жаным-ау, қандай нұрлы едің, күн сияқты жүзіңнен төгілген шуақтың шапағатын бұрын неғып байқамағанмын. Жан-жағамнан баурап, аясына алып, сәулесіне бөлеген жарқын дүниеден безіп, көр сияқты қараңғы үйде қалай тұрғанмын? ... Сәуле, сәуле... Иә, иә, менің атым Сәуле ғой. Орыс аты сән болған кезеңде подружкаларым Света деп кетіп еді...

... Інжудің ұялысы ойнай жөнелді. Қоңырау шалған Маржан екен. Банудың туған күнін жасайтынын хабарлады. «Бара алмаймын, бүгін әкем келеді, күтіп аламыз» деп жауап берді.

  - Ой-буу, әкеміз келеді екен ғой. Уда жүр ғой. Қуатты тамақ жасап қояйық. Ет асайық, сорпа ішіп, ағзасы тазалансын. Ә, андағы ма, далаға апарып сыныдырып таста. Бұл үйде енді оған орын жоқ.

  Інжу үстел үстінде тұрған жарты бөтелке арақты, ыстақандардағы қалдықтарды құйып, тоңазытқыштағыны қоса сыртқа апарып, тасқа ұрып күл-талқан етіп сындырып тастады. Сәуле анасы екеуі отағасына арнап дастарқанды мол жасап, жайнатып қойды. Одан кейін екеуі үндемей жүріп Інжуді көшіріп, алғашқы неке бөлмесін босатты. Сағат сегізден жайылған дастарқан жарым түнге дейін тұрды. Он екіден аса біреулер әкелерін қап сияқты көтеріп әкеліп ауыз үйге тастап кетті. Екеуі оны көтере-сүйреп, шешіндіріп, аппақ жайманың үстіне жатқызып, дүниеге жаңа туған сәбидей көрпеге бөлеп тастады.

 Үй шаруасының соңғы нүктесін қойғаннан кейін Інжу Маржанға қоңырау шалды. Бірақ Маржан алмады.

 Таңғы айқайдан оянып кетті. Әкесі тұрып алған, жосып жүр. «Қызым қайда! Қызым қайда?» деп Сәуле анасына ақырады. – Ақыры дегеніңе жетіп, бөлмеден айдап шықтың ба, жаауыыз!

 Анасы сықсыңдап жылап жіберді. Бетіп басып отыра қалды.

 - Мен өзім шықтым, біз солай шештік.

 - Сееен!

 - Иә, өлмектің артынан өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін жасайды, жеті жыл бойы өлік ғұмыр сүргеніміз жетеді. Маған жаңа өмір керек. Іні-сіңлілерімнің болғанын қалаймын.

 - Сееен, қызыым, шын айтып тұрсың ба?!

 - Ия, расын айтып тұрмын. Сіз де есіңізді жинаңыз. Мына мастықпен өтіп жатқан тірі өлік күндеріңізді доғарыңыз. Ортаға тек татулық пен ынтымақ, бауырмалдық сезімдер ғана билік жүргізетін болады.

 - Сәуле, жүз грам берші, бас жазайын...

 - Жүз грам емес, миллиграмда болмайды, мына аспиринді ішіп оранып жатыңыз, терлеп бойыңызды дендеп алған уытты айдап шығып, мен айтқан шешімге келіңіз.

  Әкесі дәріні ішіп алды, басын салбыратып біраз отырды, сәлден кейін:

 - Рақмет саған, қызым, айтқаның болсын. Мұндай шалаөмірден мен де әбден шаршап едім. Доғардым. Ауыл маңынан жол өтеді дейді. Камазымды жөндеп, сонда жұмысқа тұрайын.

    Ол орнынан тұрып, жатын бөлмесіне қарай жүрді. Жолай Сәуленің басынан сипап, «Кешір!» деп төбесінен сүйді.

14

  Дан десе ықыласы бөлек Бану туған күн дастарқанына ерекше дайындалды. Бұрын сусындар мен жейтін нәрселерді дүкеннен алып өткізе салатын қызының биыл кеш мәзіріне айрықша ыждақатпен кіріскеніне әкесі айран-асыр болды. Шешесі «соған да таң қаласың ба, қызың мектепті аяқтайын деп отыр, сыныптастарымен соңғы жылы, он бір жыл бойы бір үйдің балаларындай өскен құрдастарына адал достығын көрсетіп, таза пейілін танытайын деген де».

  Рас, Бану бұл жолы бар ынта-ниетімен кірісіп мәзірді түрлендіріп жасады. Мадленге тапсырыс беріп төрт түрлі торт пісіртті. Сабинаға самсаны берді. Жақын достарын жинап салаттың түр-түрін жасатты.

   Дастарқан үсті сықия толып тұрды. Аса құрметті қонақтарға жайылғандай ас та төк. Алдымен үстелге қып-қызыл раушангүлдері ашылған етегі шілтерлі дастарқан төселді. Тығыз емес, не жұқа емес піскен топ-томпақ қоңыр бауырсақтар биік хрусталь ыдыстарға салынып екі жерге қойылды. Алма, апельсин, құрма, киви, банан, жүзім де дәл осындай құрметпен өз орындарын алды. Гриль де екі жерге. Көк шөппен сәнделген шұжық, ірімшік, қазы-қарта; самса, чебуреки, құймақ, бәліштер; лимонмен көмкерілген балықтар; мейіз, өрік, түрлі дәнектер; табиғи балмен жаңғақты араластырып жасалған похлава және тәтті-кәмпиттер, печенье, вафли, рулеттер – өрнектелген тәрелкелерде; фунчоза, етті салат, қыс мезгілі болса да қызанақ пен қиярдан жасалған балғын салаттар сопақша тәрелкелерде өз орындарын алды. Ас қасық, шай қасық, шанышқы, тіпті пышаққа дейін қағаз сулыққа оралып қойылды. Қолдан жабылған сусындар, Даннан не ішетінін сұрап, итальяндық шарап деген соң, жасырын түрде оны да алғызды.

  Қонақтар жинала бастады. Дан кешігіп келді. Кірген бетті түгел шолып өтіп, іздеген адамының жоқ екенін көріп, есік аузында тұрып қалды. Бану жүгіріп келіп, төрге апарып отырғызды.

  Туған күнге барлығы тост айтып жатыр, Данға келгенде ол бар болғаны «билейік, дамский вальс» дегеннен басқа ештеңе айтпады. Бану Данды шақырды. Данның жауы мұрыны. Алғашқы сәттен-ақ Банудан ауыл қыздарының арзан косметикасының иісі аңқып танауына ұрды. Ол Банумен ықылассыз биледі. Тек инстинктің жетегінде «қайда-қайда» шошаңдаған бұтындағы «жеңімпазы» ғана ештеңеден жиренетін емес, Банудың ішіне тиген сайын қайқаң-қайқаң етеді. Бірақ өзін ер санайтын Дан «өмір сүрген жеріңде қылма, қылған жеріңде тұрма» деген қағидатты қатаң ұстанады. Сол үшін ол «жеңімпазға» ерік бермеді. Банудан алшақ жүрді. Мұны Карина байқап қалды ма, Банудан рұқсат сұрап, Данды биге шақырды.  Қозғаламын дегенше музыка таусылды. Дан «музыку поставте, свет потушите» деп бұйрық берді. Каринаның иісі Жасминнен аумайды, тазалықтың жұпары есіп тұр. Шам өше салысымен шөлдеп тұрған тәнінің тілегін орындауға кірісті. Санасын тұмандатқан шараптың ырқында шақуаты басына шауып, өмірлік ұстанымына қарсы шығып, бірден ернінен сүйді. Каринаның бойы да Данға шамалас, «жеңімпаз» қыздың белін сүйкелеп өліп-өшіп барады. «Далаға шығайық» деді Карина. Шамның сөнгенін пайдаланып екеуі сытылып далағы шығып кетті. Есіктен шыға бере екеуі аймаласып, Данның машинасына мінді. Карина «аулақ кетейік» деді. Дан үйден сәл ұзап, жолдың шетіне қоя салып, «жеңімпазды» еркіне қоя берді. Оның ындыны қанар емес, әлденеге ызалы, өшігіп алған сияқты, үстіне атша мініп алған қыздың қынабына қайқайып алып, өршелене сұғына-сұғына түседі. Карина ауырсына ыңырсиды. Тәніне пышақ сұққылағандай азаптанса да, орнынан тұрып кетуге дәті жетпейді.

  Бұлардың кетіп бара жатқанын байқап қалған Бану артынша шықты, Маржан да ілесе кетіпті. Екеуі көліктің артынан жүгіре жөнелді. Кілт тоқтағанда соғысып қала жаздады. Тас түнек қараңғы, бірақ машинадаға жағдай көз алдарына елестеп тұрды. Көлік кинодағыдай шайқалып тұр. Дыбыс шығармаймын деп қанша тістенсе де, Каринаның құмыққан сыңсыған даусы шығып кетеді. Бану мен Маржан бір-бірінің қолын тас қып ұстап алған, мына әдепсіз қылықтан жиіркеніп кетейін десе кете алмайды, машинаның шайқалуына, Каринаның дыбысы тұла бойларын баурап жиіркенішті ләззатқа жетелей, нәпсінің шыңырау тұңғиығына арбай тарта түседі.

  «Бану» деп айқалаған дауыстан екеуі ес жинады. Бірақ Каринаның тербетілген машинаның ішіндегі дауысы толастар емес, қайта күшейе түскен сияқты.

15

   Кештен толайым шаршап келген Маржан сілейіп отырып қалды, жуынғысы келді. Қызының сыңайын қас-қабағынан танитын анасы хош иіс шөп қосып, су дайындап қойыпты. Шым-шым суды бойына құйынып, тырысқан қабағы ашылып сергіп қалды.  Сүртініп, мойын тізбесін тағынып, киініп алды. Айнаның алдына отырды. Бетін жауып тұрған сүмбіл шаштарын қақ жара ысырып жүзін ашты. Бұлтты жарып шыққан күндей шырайлы дидары жарқ етті.  Ойға шомып өзін суретке тартты. Неге екені белгісіз аялы жанарының назарына нәзік мұң ілінген.  Әлденені күтетіндей, бірақ сол күткені мезетімен келмегеніне реніші, өкпе-назы бар сияқты. Жүрек пішіндес еріндері лүпілдеп сыр шерткісі келеді. Бірақ оны тыңдайтын пенде болмағандықтан томсырайып тұр. Мадонна десе Мадонна, Джаконда десе Джаконда, мұндай сұлулықты көрмей жүргендер нағыз көр соқыр шығар.

   Орынан тұрып төсегіне қарай жүрді. Ертең болатын «Патриоттық әндер» байқауы есіне түсіп, ұялысын қосып, әннің алғашқы жолдарын күбірлей бере ұйықтап кетті.

16

  Қар аралас жаңбыр жауып тұрса да, Інжу үшін бүгінгі таң ерекше атты. Әкесі мен шешесі татуласты. Бір үйдің ішінде дара-дара күн өткерген үш жетім бірігіп, бір-бірімен сағыныса табысып, құшақтары жазылмас ыстық жанұя құрды. Ағасы айтқандай ынтымақ деген ізгі ниеттің бастауы екен, анасы таң атпастан тұрып ап, қолына шелекті ұстап, сиыр саууға ұмтылды.  Інжу әрең тоқтатты. Сонда да жанынан қалмай ілесіп барды. Ар жағынан келіп тұрған Дарқанды көріп:  

- Дарқаным, сен әлі жүр екенсің ғой. Есімнен кетпейді, кішкентай Інжуді, қолына шелекті ұстатып, сиыр саууға сыртқа қуып жіберетінмін. Ол таң қарағысынан зәре-құты қалмай қорықса да баратын. Бір күні шар еткен дауыс шықты. Жүгіріп шықсам, сен екенсің, шарбақтың жігінен «көмектесейін деп едім» деп күмілжи төмен қарап тұрсың. Сонда саған, тынышымды бұзғаның үшін, әй бір айқайлап тұрып ұрысып едім. Бұдан былай көрмейін деп тыйым салғанмын, шешеңе де долданып барып ескерткен едім. Сөйтсем, сен Інжуімнің қорғаушы періштесі болып әлі жүр екенсің ғой, көп-көп рақмет, қайырымың Алладан зор бақыт болып оралсын!

  Бұл жайт Інжудің есінде жоқ екен. Ол Дарқанды бүгін көргендей ерек таңданыспен қарады. Есінде, Айка тәтейі мұны көрсе болды, ай-шай жоқ аузынан келгенін айтып ұрса беретін. Бір күні Дарқан орнынан ұшып тұрып: «Сіз ұстаз емес базардағы қатындардан аумайсыз, аузыңызға келгенді оттай бересіз! – деп көмейіне құм құйған. Содан кейін Айка сөйлегенін доғарған.

 Расында қорғаушы періштесі екен ғой. Қалай байқамаған?!

 Шат көңілмен ерке лақтай ойнақтай басып келген Інжу кабинетке кіргенде, ешім жоқтай тым-тырыс. Бану өз орнында, ұйқысы қанбаған сияқты, көзін жұмып қабырғаға сүйеніп отыр. Қасында Маржан, бетін бүркеп, партаға бауырын төсеп жатыр. Мадлен мен Инкар, Сабина үшеуі өзара шүйіркелесіп отыр. Қалғандары үн-түнсіз, өз істерімен. Дан келгенде сыныпқа ток жүгіріп өткендей күллісіне жан бітті. Бану көзін ашып тіктеліп отырды. Жігітке ызақорлана қарады. Маржан басын көтеріп, «Қалаайсың?» деп күлімсіреп басын изеп амандасты. Бірақ Дан бұларға көңіл аудармады. Қазықтай қақиып сырт қарап отырған Інжудің қасына келіп, қолын алып, «Сәлем, қалің қалай, жақсы ма?» деп шат жүзбен иіле сәлем берді. Інжу қолын тартып алып, «Жақсы» дегендей басын изеді де қойды. Бұл көріністен Банудың жүзі күреңітіп барып орнына келді. Қанша ықылас көрсетіп жатса да селт етпейтін мына дөңбектің, Інжудің алдында маймөңке бола қалатын қылығына ызаланатын сияқты. Салқын қабақ танытқан Інжудің қылығына қуанатын сияқты.

17

 Қоңырау соғылып, Жарас ағай келді. «Сәлематсыңдар ма!» деп ортада қақайып тұрды. Әлі де орнынан тұрмай партада жатқан Маржанның көз алмай көтерілгенін күтті. Бану түртіп қалды. Ол жүзі қабарып ағайға жақтырмай қарап тұрды да қайта отыра қалды.

 - Бүгін бізде ерекше тақырып, Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты».

 - Ол несімен ерекшеленбек екен?

 - Екі адамның ортасында өле-өлгенше сөнбей маздап өткен киелі махаббат жайлы...

 - Сіздің-ақ махаббатың таусылмайды екен.

 - Адам адам болып қалғанға дейін махаббат таусылмақ емес, Маржан.

 - Ал мен сол махаббаттан шаршап кеттім. Онсыз болмай ма екен. Түсінбеймін осы, надоел уже...

 - Дұрыс айтасың, Маржа. Для меня нет любви, есть только потребность организма, вроде пищи, қажетіңді алдың, ары қарай без проблем, живи. Махаббат деп бір-біріңді міндетттемей-ақ қой. Әркім үшін осы правила, никто никому не должень, для полноценного жизня взял свое,  живи и развивайся без комплексов.

- Ал ата-анаңның махаббаты ше?

- Онда да осы схема, олардың ағзаларына «махаббат» қажет болды, ол қажеттен мен пайда болдым. Міне осындай круговорот.

- Рас-ау, қажеті не усложнять етіп, жаныңа қажет пе, айналыс та жүре бер...

- Маржан! Не деп отырсың? Мал боп кеттің бе?!

- Сен мал! Айқайламашы маған, Інжу!

- Сен тағы да бастадың ба, Данит? Уыздай ұйып отырған ауыл баласының аппақ ұғымына вирусыңды жұқтырып дақтай бастадың ба?! Махаббат деген жалғыз секстен тұра ма? Анаға деген, туған жерге деген, Отанға деген махаббат қайда? Тіптен, Естай мен Қорланның кіршіксіз махаббатынан мін табатын сенің қанадай қақың бар? Кім рұқсат берді сендерге!

 - Ну конечно, бір қызға өмір бақи қолы жетпей өтсе, например, как я и ты.

  - Оңбаған! – деп, ашуға булығып қып-қызыл болып кеткен Інжу алдындағы кітапті есерленіп отырған жігітке білеп-білеп тұрып, партаға сарт еткізіп қойып, саусағын жебеп, көзіне шұқып тұрып, – Мен туралы мұндай лас ойдың тинамдай түйірін мишығыңның қабықшасына дейін мүлдем, мүлдеем жіберуші болма! Мен сен сияқты озобоченный емеспін. Ұмытпа!

 - Неее?!

 - Жүрегінде сезімі жоқтар тұрақсыз болады. Олар жалғыз адами қатынаста ғана емес туған жерге, елге деген сүйіспеншілікте де табансыздық танытады:

– Оған дау жоқ, – дедi Шыңғыс түнерiп, –

Сенен acқан бар ма бiрақ тipi өлiк?!

Қастерлiнiң бәpiн жыққан табанға

Азған сен бе

Әлде мына заман ба?

Тым құрыса,

Қacиeттi бip сезiм

Қaлy керек емес пе әрбiр адамда?

Рас, мeнiң нөкерлерiм безбүйрек,

Зұлымдықты ерлiк деп те таниды.

Олар тiптi өкшесiмен eзгiлeп,

Кете алады жазығы жоқ сәбидi.

Одан да ipi хайуандыққа жете алады төзiмi,

Бәpiн өзiм үйреткенмiн о баста.

Қаталдық пен аяушылық ceзiмi

Жауынгердiң жүрегiнде түспеу керек таласқа.

Түспеу ләзiм қос сезiмнiң дауына,

Мен осыған қатты көңiл бөлемiн.

Қаншама иттiк етсе де олар жауына,

Туған жерiн сатпасына сенемiн.

Дәмелендiң шығарар деп төpiнe.

Жеттi көзiң,

Ол үмiтiң - құр елес.

Опасыздық жасадың ба елiңе,

Ертең саған менi сату түк емес.

Шарам нешiк,

Тұрмын cенi тiптi аяп.

Сорлы Отансыз,

Қарайыпсың қаныңа.

Қашан менi сатарыңды күтпей-ақ,

Алдыңды орап кеткенiме налыма.

Қайыр айтты:

– Жылан туса жыланнан,

Құлан туса құланнан,

Таңданатын түк те жоқ,

Бiрақ жылан қалай туды қыраннан?

 

Қария айтты:

Өсиет бар мынадай:

“Әр нәресте қашан eci кiргенше,

Жер қадiрiн,

Ел қадiрiн,

Ең бастысы тіл қадірін бiлгенше,

Алғашқы әнтек қылығына

Өзi ұялып күлгенше,

Көтергенше балаң ойдың желкенiн,

Қинаса да қиқар соқпақ, қиыс жол,

Өзiн туған қасиеттi өлкенiң

Ауасымен дем алуға тиiстi ол!»

 

Мен осынау борышыма әкелiк

Немқұрайды қарадым да,

Кiнәлi боп ар алдында,

Жiбердiм зор орны толмас қателiк.

Мiне, төpiм бipiгiп тұр көрiме,

Көрiнетiн бетiм бар ма елiме?

Мына сатқын перзентiме қосақтап

Өлтipyгe мiндеттiсiң менi де!

Азғындықтың соңы бiзбен құрысын,

Сабақ болсын ертеңгi атар күн үшiн.

 

  Сынып шыбынның ұшқаны сезілгендей қыбырсыз отырып қалды. Олар Дарқанның өлеңді еш тұтықпай оқығанына таң қалды ма,  әлде нақышына келтіріп, ондағы оқиғалардың көз алдарында болып жатқандай мәнері келтіре оқығанына елітті ме, улап-шулап отыратын сынып үнсіз.

 - Қазақ дана халық. Әр сөзін бағамдап, салмақпен айтқан. Тілі де, салт-дәстүрі де, жеті аталық шежіресі де, әр туысқа ат тағып жіктеуі де. Тегін білген ешқашан елін сатпайды. Бірақ бәрінің қазығы – тіл. Тілсіз ұлт – тексіз. Қазақ тілі – ұлы тіл. Өйткені өзі жайлап жатқан маң даласының қай бұрышына барсаң да бір-ақ тілде сөйлейді. Тайлы-таяғымен бір-бірін түсінеді. Тіпті диалект сөзімен қосып та. Ал қай мемлекеттің төрт тарапының бір тілде сөйлегенін көрдің. Қазақ тілінің ұлылығы осы. Тіліңді қорғағаның ел-жұртыңды қорғағаның, ұлттығыңды бекем сақтағаның.

 Жарас ағай Маржанға қарап: - Мұхтар ақын қай жырында да,  Дарқан айтқан сөздердің ақиқатын дәлелдеген. Дүниеге шыр етіп келгеннен сәби анасын сүйеді, одан кейін әкесіне сүйіспеншілігі ашылады, одан кейін бауырлары, одан кейін туған ауылына, өсе келе қызбалаға сезімі ашылады. Қызға деген махаббатынан Отанына, ұлтына, мемлекетіне деген ұлы махаббат туындайды. Отанын сүйген Отаны үшін тайсалмай отқа түседі.

  Сендердің қазіргі дауларың пікірлер сайысы, бұл көзқарастар сайысы, мынандай сырты сұлу, іші құбыжық «Нантуандардың» пайда болуына сендер кінәлісіңдер. Еркекті сұлулыққа тәрбиелейтін әйел, бір ауыз сөзге келмей жылтырақ еркекке көне салу, өз сұлулығының кереметін пайымдай алмай саудаға салу, қазіргі кезеңнің қыздарының көпшілігіне тән. Ақша мен байлық болса болды, басқаны сатып аламыз деп абырой мен ар-ұятты былай ысырып қойған заман. Кешегі аса мәртебелі Томирис ханшайымның алдына жай еркек кіре алмайтын. Өзімен тең не асып кеткен батыр ғана сөз алатын. Әйел затының ерек қасиетін нағыз ерлер ғана бағалай алады деп түйген. Бүгін білімімен де, тәрбиесімен де, сырт сипатымен де ілгері тұрған қызға «А»–ны а деп білмеген ежелек те тәлімсіп сөйлейді, ақыл айтады, ал қыздар соған көніп, оны басына көтереді. Қыз тәрбиесі отбасы үшін ғана емес ұлт үшін, мемлекет үшін, ел болып даму үшін өте қажет. Отан деген сөз Отана деген сөзден шыққан, демек анасын сүйген адам Отанын да қорғайды. Ал Отана қыздан шығады. Қыздарды қорғай алмаған Отанын да қорғай алмайтын қорқақ сатқын болады.

  Міне осындай сәтте ұлтының рухани құндылықтарын, ықылым заманнан қалыптасып келе жатқан әдет-ғұрыптардың ішкі сырын түсінбейтін сырты сұлу, іші құбыжық «Нантуандар» пайда болады.

  Ислам әлемінің дағдарысқа ұшырауы әйелді құрметтемеуінде жатыр. Олар әйелді төмен санап үстін-үстін қатын алады. Нәтижесінде әр әйелден туған бала әр ел болып, билікке таласып, бір-бірін өлтіруге дейін барады. Бауырмалдық жойылып, билікке таласқан жеңіске жету үшін өзге елді – «нағашы» жұртын көммекке шақырады. Отансүйгіштік қасиет өстіп жоғалады. Сан ғасыр әлемге билік жүргізген Моғол империясы осылай күйреген. Моғолды жеңу үшін Қытай ғалымдары императорына қытай қыздарын қатындыққа бере беруді ұсынған. Осы орайда мақсатқа жетіп хандық жойылған. Қытай қызынан туған балалар Отырар қақпасын ашып берген Қарашоқыдай сатып жіберген.

 - Мен ол сөзді қолдағаннан айтқан жоқпын, куклаларды байқып, нағыз сұлулықты бағалай алмайтындарына ашуланып айттым.

- Даа, говори не говори, каменный век десе каменный век, мамонттар сияқты бір күні жойылып кетесіңдер-ау, қазақтарым.

- Қайта біз сақтап қаламыз, Даниэль, оған қам жеме.

- Сенемін, точно саған сенемін, Инжу, басқаға емес.

- Інжу де.

18

  Қоңыраудың соғылуын күтіп тұрғандай-ақ Карина Данды есіктен сыртынан күтіп алды. Қолтығынан еркелей ұстап, жабысып, иығына басың қойды. Күбірлеп-сыбырлап бірнәрсе айтып барады. Ортасында сыңқылдап күліп қояды. Әңгімелерінен «Кешке», «кафе», «Титаник» деген сөздер естіліп қалып жатыр. Арттарынан баспалап ерген Бану мен Маржан Інжудің атап шақырғанын естімейді. Есіл-дерттері алдарында кетіп бара жатқан екеуде. Жан-жақтарымен ісі жоқ. Көз көрмес сиқыршының дуасынан арбалаған манекендер сияқты іркес-тіркес кетіп барады.

  Көріспеген бір күннің жүзінде Бану мен Маржан мүлдем өзгеріп кеткендей.  Олар Каринаға қызғаныштан жек көрінішпен қарайтындай. Не сыныпжеттің, не тәрбиордың, тіпті директің өзін тыңдамай, өз еркімен боянып-сырланып бұраңдай басып оқшау жүретін қыздың бүгін мәртебесі көтерілгендей. Мектептің маңдай алды жігіті жалпыға ортақ әдеп қағидасынан тыс, көзге ұрып тұратын ерсі қылықтарымен танылған  «сыланшақты» таңдап алды. Оның үстіне тоғыздан кейін колледжге кеткен қыздың, оқудың нағыз қызған шағында, ауылда жүргені қалай!?

   Әсіресе Бану өшігулі сияқты. Ол Данның күллі жазба жұмыстарын үтір-нүктесін қалдырмай орындайтын. Күнделігін толтыратын, шығармасын жазып келетін, бақылауын шығаратын, сарамандық жұмыстарын түгендейтін, уақтылы бағаларын қойғызатын. Сөйткені бір түннің ішінде сатып кетті. Және кімге десеңші? Үш ұйықтаса түсіне кірмеген, адам деп есептемеген міскінге...

 Інжу сонда да кідірмей қуып жетіп, Маржанның шынтағынан қыса ұстап, тоқтатып алды. «Патриоттық әндер» байқауына дайындығы жайында сұрады. Сұрланып кеткен Маржан ызақорлана жауап берді. 

19

 Мектептің мәжіліс залы мерекеге сай безендірілген. Үрленген түрлі-түсті шарлар мен гүлдестелермен көмкерілген сахна төріне «Елбасы күніне арналған аудандық «Патриоттық әндер байқуы!» деп іс-шара тақырыбы жазылған. Тақырыбы астында мақсаты көрсетілген. Байқауға ұстаздармен жұптасқан 5-11 сынып аралығындағы оқушылар қатысады.

Маржан әр істе тәртіпті, жүйелікті жақсы көреді.  «Екі жұлдыз» жарияланғаннан дайындыққа бірден кірісті. Алтыншы сынып оқып жүргенде, осы байқауға қатысып, бас жүлдені жеңіп алған ұстазына хабарласып еді, ол созылмалы тамақ ауруына шалдыққанын айтып бас тартты. Өмірінде сахнада ән салып көрмеген үйлестіруші-педагог Айқын ағайға қолқа салып, Лаура тәтеймен келісіп, сабақтан соң, түстен кейінгі кезекте, күнде-күнде тыңбай дайындықты жүргізді. Жан-жақтан сұрастырып жүріп, әнге мәтініне үйлес киім тіктіріп, дайындап қойды. Бірақ белгіленген уақытта байқау өтпей, директордың уақыты жетпей, жабысқақ сағыздай созылып, не өтпей, не қоймай, дайындықта жүрген оқушыларды мезі етіп жіберді. Шорт мінез Маржан «енді айтпаймын» деп қолды бір-ақ сілтеген. Билігі қолында дирек кенеттен шошып оянғандай бір-ақ күннің ішінде өтетінін жариялап жіберді. 

Әділғазы алқасын да жеке қалауымен жасақтап, музыкалық сауаты болмаса да, төрағалыққа өзін, оң қолы етіп зейнеттегі мәдениет қызметкерін сайлады. Біреуінің қызы, біреуінің немересі сайысқа қатысады. Қалғандары не десе де бас шұлғитын қол асты қызметкерлері. Тек клуб маманы Бекжан ғана бейтарап қазы болды. 

  Байқау басталып-ақ кетті. Кезек Маржандарға келді. Жұп алақанға алақан қойып көтере  ұстап, қыз жігітке ілтипат көрсете ортаға шықты. Басында қазақы оюлармен өрнектелген тәж, үстінде аппақ атлас жейде –  кеудесіне аспан түспен жалтыратып салынған қанат жайған қыран бейнесі бар, ұзын етек көк белдемше киген. 

  Маржан әнді шырқағанда Жарасқа әуеде билеп тұрған көгершіннің бейнесі елестеді. Ол ән нақышында жеңіл қозғалып, әр нотаның ырғағын тап басу үшін дауысының қуатын орнымен жұмсап, сөз мағынасын айшықтап, жан тұңғиығынан шымырлап шыққан тебіреніспен шырқады. Қадала қарап отырған иесінің алдында бар өнерін көрсете сан құбылған көгершіндей қимылмен де, үнмен де әуелетті. Сұлу жүзі әдемі жымиыспен шуақ шашып айналаны нұрландырып жіберді..

 

Ұлы елдің ұранымыз,

Азат елдің қыранымыз бүгін біз.

Ақындардың жалғасымыз,

Серілердің біз бүгінгі әніміз.

Ұлы дала,ұлы дала жырымыз,

Оу оу оу біз жырымызз.

 

Самға желбіретіп туымды,

Самға аямаса сенің жаныңды

Самғаааа Самға асқақтатып елімді

Аянба елің үшін биікке

Самға Самғааа оуоу сен самға.

  «Самға Самғааа оуоу сен самға» деп қолын көтере самғағанда, кеудесіндегі қыран қанатын қағып көкте қалықтағандай әсерлентті. Ән шабытына берілген Бекжан қосылып-ақ кетті. Директор ашуланып зекіп тастады.  Жарас іштей  «асқан ыждақатпен дайындалған еңбегі зая болып, ақ көңіл пәк ниеті қаяу шалып, жас шыбықтай бүршік жарып жаңа көктеп келе жатқан қалтықсыз сеніміне балта шабылмаса екен» деп тіленді.

 Бірақ, дана Абай айтқандай...

 

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы

Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.

Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып,

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.

 

Сенбісің ақын бұлбұл, жаңа көрдім,

Атыңа жұрт мақтаған құмар едім.

Бір сайрап берсең, қалқам, өзім естіп,

Рас па екен жұрттың сөзі, сынар едім.

 

Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып,

Тербетіп, тебірентіп, шымырлатып,

Мың түрлі күйге салып толқынтады,

Маңайда жан біткенді таңырқатып.

 

Бұлбұл болды, тосып тұр есек сөзін,

Есек жерге қаратып екі көзін:

"Іш пыспай-ақ тыңдарлық бар екенсің,

Әттегене-ай, білмепсің әтешті өзің!

 

Екенсің ән салуға сен-дағы епті,

Сен біраз әтеш әнін үйрен!"— депті.

Бұл сықылды сыншының сөзін естіп,

Көз көрмеске бұлбұл да ұшып кетті.

 

  Дарынды – дарынды ғана бағалайды. Алтынды әркім қабілетіне қарай салмақтайды. Зергер алтыннан көз жауын алатын асыл бұйымдар жасайды. Асылдың қасиетін білмейтіндер жерге көміп тастайды. Маржанның ән шырқауынан кемшілік таба алмаған төралқа «татар халқының ұлттық киіміне ұқсайды» деп киімінен мін тақты. Олар басындағы тәж – қазақтың киелі шаңырағы, аппақ жейде – қазақтың кеңпейіл дарқан мінезі, қанатын жайған қыран – көк туы желбіреген ұлы далада самғаған ерікті ел нышанын бейнелеген киім үлгісін түсінбеді.

Нәтиже жарияланғанда сауатсыз ұйғарымнан Маржанның көзіне мөлт-мөлт жас келіп қалды. Бірақ ол жасын көрсетпеу үшін, көздерін кең ашып, жұмбауға тырысты. Пайымы таяз қарабайыр жюридің шешіміне жасар шарасының жоқтығынан, Жарас әділетсіздіктің ортасынан іші қан жылап шығып бара жатты. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамнан әділетсіз баға алған бала келешекке сенімін жоғалтады. Жай кісі емес мемлекеттің сипатын айғақтайтын тұлғадан  әділетсіздік көрген ол жалғыз адамға ғана емес мемлекетке деген сеніміне де қаяу түсіп, «Елім!» деген отаншыл сезіміне нұқсан келеді. Маржан мектептің бас адамынан әділетті шешімді тосып, риясыз көңілмен жәутеңдеген. Бірақ директің кесімді сөзі күткендей болмады. Қыз сылқ түсті. Ұстаздың жүрегінде балаға деген ұлы сезім – шынайы адал махаббат болу керек. Міне сол кезде ол баланы түсініп, кеудесінде бүршік атып келе жатқан арманына қанат бітіреді. Кері әрекетте, қанат қырқылады, көзінде жалын жоқ жастар пайда болады...

20

 Дүрліктіріп жеткен байқау бір күн ішінде апай-топай болып өте шықты.

 Қыс та тарпаң мінезін көрсете бастаған. Бірде қыламықтап қар жауса, бірде ызғар еседі. Қабағын қарс жауып боран ұлиды. Інжу мектепке келе жатқанда артынан долдана итеріп дедектетеді, үйге қайтқанда алдынан қауып бет қаратпайды. Бір тұрса жеті күн тыңбайтын шығыстың желі елдің ығырын шығарып, берекесін алды.

  Қосымша сабақтан асыға жеткен Інжу қақпаның алдында ұйлығып тұрған сиырларын көрді. Киімін жылдам ауыстырып, тездетіп қамауға асықты. Сыртқа шықса біреу кіргізіп, орындарына байлап жатыр. Анықтап қарап:

 -  Оу, періштем, сен екенсің ғой.

 - Пе-періште демеші, мазағыңды қойшы осы.

 - Періште деген кеңпейіл болады, ашуланбайды, қызметіңді дұрыстап атқыр, періште-шемішке!

  Дарқан қолын бір-ақ сілтеді. Бірақ ішінен қорланып қалды. «Ойнаса да ойындағысын айтады. Мектепке барғанда жат адамдай танымай қалады. Тіпті қасына да отырғызбайды. Отырсаң, өзі тұрып кетеді. Бәрі жалған, өтірік». Дарқан томсырайып, үндемей қалды. Інжу еш алаңсыз бұрылып, сиыр сауатын шелекті алып келуге кетті. Ол келгенше Дарқан кетпекке ниеттеніп еді, бірақ олай ете алмады. Мал қамалған қораның ені қысқа. Сиырлардың артымен өту қауіпті. Жүруге жарты-ақ метр қалған. Үркектері аяқтарын сермеп қалса, Інжуге тиіп майып қылар. Алдымен жүріп, дауыс салып, жол ашайын.

 Інжу де келді. Ол сұңқиып тұрған Дарқанға қарамай қораға енді де кетті. Сөйткенше болған жоқ сарғасқа сиыр алаң-жұлаң етіп, арлы-берлі көлеңдеп аяғын сермеп үлгерді. Оны елеп жатқан Інжу жоқ, қара сиырдың астына кіріп кетіп сауа жөнелді. Дарқан не істерін білмей сөлбірейіп тұрып-тұрып, ақыры амалын тапты. Қараңғылана бастаған қораның ішіне ұялысының шамын жақты.

 - Неменеге бетіме түсіріп тұрсың, өшірші андағыны, көзіме шағылысты ғой. 

 Дарқан үндемей Інжуге сәуле түсетіндей қылып, жарықты басқа жаққа қарай бұрды. Қара сиырды сауып бола салысымен келесісіне тиесілі бір тостаған жемді Дарқан жүгіріп барып алып келді. Өстіп-өстіп сауын да бітті. Інжу сүтті көтеріп үйге қарай жүрді. Дарқан артынан ілесті. «Қайда келесің, үйіңе бар!», - деп зірк етті Інжу. Дарқан состиып тұрып қалды. Артына қараған қыз болмады.  Бұрылып ілби басып ...Жалт бұрылып, айқайлай үн қатып:

 - Інжу, саған айтар сөзім бар еді...

 - Тап қазір, осы азынаған боранда айтуың керек пе?

 - Ия.

 - Неғып тұрсың енді, айта бер.

 - Не ғой... жаңағы...мен мееен сееені...

 - Нее, дауысыңды шығарсаңшы, жылбырламай.

 - ...Тәуелсіздік күні келе жатыр ғой, соған сынып боп өзіміз бір іс-шара өткізейік. Жас түлектерміз ғой, есте қалатындай етіп жасайық.

 - Мақұл, ертең сыныпта талқылап көрейік.

 Сөз аяқталды дегендей Інжу сырт айналды да, тез-тез басып жүріп кетті.

21

 Бірақ сынып ұсынысты құп алмады. Нұржанман алысып ойнап отырған Сабина: 

 - Қойшы, соны не қыламыз, басымыз жүк қылып, соңғы жылымыз емес пе, тып-тыныш демалмаймыз ба? Вечер жасап,  ойнап- күліп, спокойно жүрмейміз бе?!

 - Бұл да кештің бір түрі, есте қалатын елеулі оқиға ғой.

 - «Тәуелсіздік күні» деген не, сондай да күн бар ма, скоро новый год. Вот действительно праздник.

 - Маған да жаңа жыл ұнайды.

 - Жаңа жылда қандай көйлек киеміз, қыздар, ерекше болайық, соңғы жылымыз ғой, басқа сыныптар таң қалсын.

 - Тәуелсіздік – басты мереке. Еліміз егемендік алып, осылай сөйлейтін дәрежеге жеткеніміз де соның арқасы. Ең негізгі мерекені білмеймін деп айту нағыз надандық болар.

 - Ей, «хер-у» үніңді өшір, бір күні тіліңнен табасың.

 Інжу үндемей орнына отырды. Маржанға қарап еді. Ол ештеңе естімегендей Диаспен сөйлесіп отыр.

 - «Отанды сүю иманнан» дейді Пайғамбарымыз саллаллаху алейхим ассалам, иманы жоқтар үшін «Отан» деген ұғым да жоқ шығар. Отан көптік мағына береді, оның аясында ел-жұрт тұрады. Өзімшілде көптік жалғау болмайтын шығар.

  Дарқан үнсіз қалды, орнына ұялысы сөйлеп кетті. «Қарауытқан орман індет пен ауру таратып өлім шашып тұрды. Сілбіреп жауған жаңбыр әр тамшысымен лаң заһарын үстін-үстін көбейте берді. Күннен-күнге өлім көбейіп, халық арасында абыржу басталып, қорқыныш-үрей белең алды. Осы мезет:

 -    Халқым үшін мен не істей аламын? – деп бар дауысымен айқай салды Данко. Ол кеудесін қақ жарып жүрегін суырып алды. Жүрек алаулап, күн сияқты жан-жағын жап-жарық етіп, тіпті күннен әрмен лаулап орасан сәулесін шашты. Адамға деген ерен махаббатпен жанған жүректен, уын бүріккен қап-қара түнек қалың жыныс орманның түкпіріне қарай үркіп-шоши қашып, тартпа-оппаның   сасық қуысына барып тығылды.

 - Жүріңдер! – деп жар салды Данко, лаулаған жүрегін жоғары ұстап, артында келе жатқан адамдарға сәулесі жол салып. Олар алаулаған жүрекке таң қалып, жанқияр жігіттің артынан ілесе жүгірді. Тіпті, бұтақтары бір-бірімен шиеленісіп шатысқан ну орман да кейін серпіліп жол ашқандай.   

 Шат жүзді Данко қарыштап алда келеді. Жоғары ұстаған жүрегінің алауы бәсеңсудің орнына лаулауы лапылдап үдей түскен. Кенет қалың жыныс орман да, қап-қара түнек те таусылып, зеңгір көктен аппақ күміс сәулесі төгілген кең жазира дала жарқ етті.

 Қуаныштан жүзі жарқыраған Данко шаттана күлді де гүрс етіп құлап түсті. Сәулесін төккен күн мен кеуделеріне үміт отын жаққан жарқын өмірдің дидарын көрген адамдар, өліп жатқан Данко мен оның алауы сөнбеген ыстық жүрегін байқамады. Тек не нәрседен болсын сақтанып жүретін бір адам, әлденеден қорқып, от жүректі табанымен баса cалды....»

 - Өмірде өзгерісті бір-ақ адам жасайды, қалғандары соның аясында әрекет жасайды, тек жауыздар ұмытылмайды, жақсы адамдар елеусіз қалып, қаяу шалған сананың қатпарында көмескіленіп кір басады. 

 - Так всегда, так что живи ради себя, рахаттан для себя. Живи ради души и своих интересов! Өмір жалғыз и ол сенікі! Ел не десе о десін – дело их. Менің ойымша, олар не живут так, как сами хотят, анау не дейді, мынадан ұят, ол мақтаса екен деп... Әрдайым өзіңмен өзің бол, всегда и везде.

 - Біз қайда жүрсек те отанымызды сүйіп, өз елінің патриоты болсақ иманымыздың жоғары деңгейде болғаны. Нағыз мұсылманның адамшылықтың белгісі екені мәлім. Олай болса отанымызға деген сүйспеншілігіміз, адалдығымыз, істеген еңбегіміз артып, иманымызды нығайтуымыз керек!

 - Замолкни, хер-у...

 Артық сөздерді естігісі келмей Інжу құлағын басып отыр. Көздерін тарс жұмып алған. Жандау Дарқанның иығынан басып, сен қоя-қойшы деп отырғызып қойды. Ол Данның ашуынан сескеніп отыр. Дан долданса ешкімге дес бермейтін есер екенін өз көзімен көрген. Жалғандыққа жаны қас досын дүлейдің қаһарына ұшырап, шабынған арыстанның қармауында қала ма деп қорқып отыр.

 Есікті ашып тәрбиор кіріп келді. Ол Маржанға қарап:

 - Сен қызды іздеп жүрмін, Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарада ән айтасың!

 - Айта алмаймын, тәтей, тамағыма суық тиген, дауысым шықпайды.

 - Әдемі-ақ сөйлеп тұрсың ғой.

 - Сөйлеу басқа, ән айту басқа ғой, тәтей. Сізді алдап тұрған жоқпын, рас айтамын, Інжу айтсын да.

 Тәрбиор Інжуге қарап тіл қатып еді, құлағын бітеп алған ол естімеді. Қасына келіп қолынан тартып еді, қағып жіберді. – Інжу, не болды саған? – деп Жақсыгүл тәтей жылы дауыспен үн қатты. Атып тұрған Інжу сасқалақтап қайта-қайта кешірім сұрады.

 -  Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарада ән айтасың. Дайындал.

 - Мақұл, сіз айтсаңыз болды, бүгіннен бастап дайындаламын.

22

  Аспан жүзін бұлт жауып, қарауытып тұр. Ашуға булыққан бұзақыдай сестеніп, ызғар шашқан. Қаралы күндей қатайып алған, суық. Мерекеге байланысты шақырылған қонақтар үздік-создық келіп жатыр. 11-20 шақты 10-11 сынып оқушылары  жүр. Ән-би, тақпақ оқитын оқушылар дайындық үстінде.   

  «Желтоқсан» клубы мерекеге сай безендірілген. «Тәуелсіз елім – тірегім» тақырыбында қалқан ілінген. Үрленген түрлі-түсті шарлар мен гүлдестелермен көмкерілген сахна маңлайына «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» деп мерекелік іс-шараның  тақырыбы жазылған.

 Сахнаның оң жақ шетінде тұрған мінберге клуб әдіскері Нұрай шықты.

Іс-шара болтынын және онда Інжудің ән шырқайтынын естіген Дан құйғытып отырып қалаға барып гүл шоғын алып келген. Сыртта тұрған Жандаулардан «концерт аяқталып кетпеді ме» деп сұрады. – Соңы боп қалды, - деп тіл қатты Макс. – Бар, көріп келші, жылдам!

    Кезек Жарас ағайға жетіпті. Ол өз өлеңін оқыды.

 

Қайраттың монологы

Тілім  менің – Елім  менің,

Жерім  менің – кенім  менің.

Тілім, кенім  үшін  кейде

Намыс  қуып  тірілемін.

 

Сонау  Қызыл  желтоқсанда

Теңдік  сұрап  біз  алаңда

Ел  мүддесін  ту  ғып  ұстап

Қызыл  қанға  боялғанда –

Тілегіміз  «Елдік» еді .

 

Қазақ  жұрты  аталатын

Ұлан  байтақ  жерімізде

Тәуелсіз  ел  қатарында

Байрағы  тең  желбіреген

Ерікті  елді  көру  еді.

Сөзге  кеніш,  тілі  сөлді,

Ана  тілім – Қазақ  тілге

Мемлекеттік тұғырында

Дара  билік  беру  еді .

 

Бірақ нәмі – шала , тексіз,

«Қазақ» деуге  тілі епсіз,

Туған  тілін  білмейтұғын,

Өзге  тілде  сөйлейтұғын,

Заман  кебін  қанат  қылып

Жат  мақсатты  көздейтұғын,

Жаһандану  саясатын,

Ілкі  жол  деп  үндейтұғын,

Текті, тілді, ділді  жойып,

Бір  санатпен  жүр  дейтұғын,

Ойы  мәңгүрт, құлқы  содыр,

Отаны  жоқ  пенделердің,

Тілеуінен  жиренемін.

О  дүниеде тыным  таппай,

Намыс  қуып  тірілемін.

 

Ұландарым  жасын  ескен,

Аманатқа  тастап  кеткен,

Туған  тілде насат сөйлеп,

Елін  сүйген  ер  боп  өскін!

 

 Жалындап оқыған Жарастың өлеңіне әр жерден шарт-шұрт еткен жетім шапалақтар ұрылды.

 Келесі кезекте сахнаға Інжу шықты. Шашын қос өрім ғып артқа тастаған, таққан ақ банты құдды көбелек қонып отырғандай, әр қимылымен қанат қағады. Шілтер жағалы аппақ жейдесі мектеп үлгісі киімімен үйлесіп, жарқын жүзін аша түскен. Кеудесінде көк қиықша мен қос қоңырауша тағылған жас түлектің белгісі. Тәуелсіздіктің жас өркені–болашақтың символынан аумай қалған.

 

Ұран тастап ортаға мәңгі

Өмір сүрем қалқалап артын

Сүйегі асыл ерлері мақтан

Сүйемін мен Отанымды

Алтын күн шуағы сырлаған

Еліммен шаттанам нұрланам

 

Тік өскен жасыл жанарын

Тәуелсіздік асыл тұмарым

Бір сәуле көңілде ойнап

Жас қайрат жеңісін тойлайды

Жұлдызым көгімде жайнап

Тамырым тереңге бойлайды 

 Ән шағаласын қалықтатқан жүзінде  нұр сәуле шашады. Туған еліне деген ыстық махаббатынан тебіренген көкейі ән мәтінінің әр дыбысына тән ерек ырғақ беріп,  әуен сазына сағынышы басым әуезбен тек отырған пенденің де жүрегіне ой салып, толғаныс оятқан.   Сартылдатып соғылған шапалақтан зал жаңғырығып кетті. Бұл жолы Дан гүлшоғын басын иіп Інжудің қолына ұстатты. Директор тәрбиорға «көрдің бе» дегендей ызғар  шаша қарады.   Жақсыгүл теріс бұрылды. Жүзінде ризалық сезімі көрініп тұр. Қашанғы бұл оқушыларға қабаған иттей дүрсілдей береді. Асылды танып құрметтей білген Данға рақмет.  Тұлпарды баптай білмеген қор қылады. Дан ғана емес өзінің де Інжуге ықыласы бөлек. 

 Сөз соңында Қадірлі қария клуб қызметкерлеріне алғысын айтып, әкімге, содан кейін мектеп директорына назарын сала қарап:  - Әкім бала, осындай атаулы күнде халықтың аз жиналуы қалай? Жастар қайда, жоғарғы сынып оқушылары неге аз? Біз жастарды бүгін тәрбиелемесек, ертең олардан отансүйгіштік қасиетті не деп талап етеміз! Болашақта ескер, мұндай кемшілік қайталанбасын!

23

 Інжу сыртқа шықса Бану, Карина, Жануя Данның жанында шұрқырасып тұр екен. Олардан бөлек Жандау, Диас, Макс бұйрық күткен нөкердей қаз-қатар. Дарқан аулақта, оқшау, сәкіде отыр. Інжуді көріп, орнынан ұшып тұрды. Дан қызға қарай жүрді, жақындаған бетте қолынан ұстап:

- Бүгін мереке, демалып қайтайық, «Титаникке» барамыз.

 Інжу қолын тартып алды, «бармаймын» дегендей басын шайқады. Тақап қалған Дарқанды көріп, «үйге қайтамыз ба» деді.  Дарқан басын изеді. Дан ашуланып кетті. «Сука!» деді. Шаттанып шыққан кіршіксіз таза көңіліне қара лайдай былш  еткен мына боғауыз сөзден жан дүниесі жиіркеніштен тітіреп, Інжудің сұлу дидары сұрланып кетті. Дарқан жалт бұрылды.

 –  Сука, өлгің келіп тұр ма, келші бері өзің, тұрған орныңда қатыра салайын.

 – Дан мырза, Дан мырза, сабыр етіңіз! – деп алдаусыратып Жандау ортаға түсті. Қасында Макс, Диас арт жағынан Дарқанның алдында тұр. Інжу Бануға қарап:

 -  Бану, не болған саған, ақылың бар еді ғой, қайда бармақсың, кіммен бармақсың?

 –  Ішің күйіп тұр ма?! Күйсе, тұз жала?

 – Иә, күйіп тұр, сендей ата-ана тәрбиесін көрген қыздың мына әдебіне.

 – Біз не сонда, ата-анасы жоқ, тәрбиесіз бе?

 – Сен маған сөйлеуші болма, Карина!

  Інжудің жүзі қабарып кеткен. Қазір ұрып жіберетіндей ентелеу. Ашуға булығып, салып жіберетін түрі бар. Дарқан шынтағынан ұстады да, жетелеп алып кетті. Дан өзін тежеген жігіттердің тезіне көніп үнсіз қалды. Оның үстіне клубтан шығып келе жатқан әкім мен директің көзіне екінші рет түскісі келмеді. Әкесі: «Не істесең де, куәсіз жаса, әсіресе «органның» көзіне түсуші болма, бір түссең ешқашан ақталып ала алмайсың» деген. Жетістіктің қай түрі болсын, оған тікелей апаратын мінездегі басты қасиет  «Сабр» деген де есінде.  Бүгін болмаса ертең, әйтеуір бір күні бұл Дарқанның қармаққа түсетіні айқын. Дан өз ұстанымынан еш тайған емес, жадына түйді, орындайды. Оның пайымы: «Білімдімен біліми, ақылдымен салихалы, ал ақымақпен білектің күшімен»  сөйлесу керек. Шама-шарқын білмей оның жолына кес-кестей берген мына шурканы әй, бір ...

 Жандауға қарап «пошли» деді де, жалтылдаған аппақ «Тойота камриге» қарай жүрді. Қыздардың ауыздары ашылып қалған. 

 – Жаңа машина алғансың ба, қашан?!

 – Баяғыдан бар ғой, көрмегенсің бе?

 Бану Каринаға қызғанышпен қарады. Жол-жөнекей дүкенге тоқтады. Дан Диасқа ақша беріп, «Шардоне» шарабының екі бөтелкесін алуды бұйырды. Бір шампанский ала салуды қосымша айтты. Бара жатқан жерінде тазасының жоқтығын түсіндірді.

 Күре жолға шыққан соң, көлікті біраз ұшыртып алып, алаңқайлау жерге тоқтай қалды. Жандауға қарап «шампанскийді» аш деді. Жандау Макске берді. Ол тарс еткізіп бөтелкені ашты, лақ етіп атылған ішімдіктің жартысы салонға төгілді. Ашуы әлі тарқай қоймаған Дан Макстың маңлайынан жұдырығымен нұқып жіберді. 

 – Недоношенный черт, бля, акуратна ашпайсың ба! Жандау құй, мына далбоев қалғанын төгеді.

 Жандау алып құйды. Данға ұсынды.

 – Оу, Жан, қыздарға бер, такой әдеми қыздар отырғанда, оларды уваж етпеу жігіттік емес, Бануға бер.

 Жандау Каринаға ұсынды. Карина не үшін ішеміз деп сұрады.

 – За тәуелсіздік, за свободу, за кайф, осылай шалқып жүрген әдеми жиза үшін ішеміз.    

 - Тогда за жиза, - деп Карина қағып салды. Су ішкендей тыжырынбады. Бар болғаны шампанский деп аузын сүрте салды. Келесі кезек Жануяға келді. Ол да жұта салды, бірақ алғаш ішкендіктен бе, шашалып қалды. «Мынау салқын ғой» деп ақталып жатты. Жандау стақанды Макска ұсынды.

 - Жандау, ең әдеми қызға ұсынбағаның қалай, обида болмасын, көбірек құй. Жігіттерге одан да күштірегі жетеді.

 - Бану ішпейді.

 - Закрой паст, Максс!

 - Бану, Банурина!

 - Ішемін, ешкімнен кем емеспін, бар болғаны шампан ғой, жиен.

 - Оу, Макс жиен бе, онда оны кешірейін, соның құрметіне, Жандау толтыра құйшы, до конца іш.

 - Неге, мен сен үшін ішейін деп отырсам, ал сен болсаң маған қарамайсың да ғой.

 - Бану-Жану-Банурина, айтсаң болды ғой, бүгін мен сендікпін. Сенің бар арманыңды орындаймын. Кайф десең кайф, аспанға қараймын, жұлдызды санаймын десең, оның да удовл қандырамын.

 Бану Данның Інжуден басқаға рай бермейтін сұсынан айнып, бұған түскен көңілінен жүрегі аттай тулап қуанып, шарапты түбіне дейін жұтып салды. Макс алара қарады. Бірақ оған зейін аударған Бану жоқ, екі көзін Даннан алмай телміріп қалған. Жандау бөтелкені лақтырып жіберді.

– Жүрмейміз бе, - деді Бану, - Кайф жизаға қарай ұшпаймыз ба!

Өмірінде аузына алып көрмеген ішімдіктің уыты басына шауып, масайып қалған сияқты.

24

Дан машинасын дыр еткізді де, газды басып-басып қалып, көлікті ытқытып алып, ұшырта жөнелді. Қармаққа түскен балықтай, жігіттікке енді қадам басқан балалардың көңілдерін алаң билеген. Ал Макс ауыр ойдың үстінде. Банудың әке-шешесіне не деп жауап береді. Қандай кешке жіберсе де қыздарын бұған тапсыратын. Бану да артық кетпей, әрдайым айтқан тілін алып, белгіленген уақытта үйге қайтатын. Бүгінгісі шектен асып кетті. Ішімдіктің аты шықса үдере қарсы тұратын ол бүгін сыңғытып салды. Ол аздай Данның тақымына өзі барып түсті. Енді қайтпек. Диасқа қарады, ол ештеңемен ісі жоқ,  күре жолдың қырық шұқырын бүгін көргендей, алға тесіліп қалған. Жандауға бұрылды. Ол да ауыр ойға түсіп кеткен сияқты.

 Жандау Даннан жанұшыра қорқады. Нағыз көкжал. Қолға түскенін жібермейді. Ер мен әйел ме, назары түссе болды, түбіне жетеді. Екеуі жұп. Жаттығуға бірге барады. Қазақ күресін үйретші деп бұдан сұранған соң, жаттығуға залына ертіп апарған. Дан алғаш самбомен айналысқан екен, одан еркін күрес, каратэ негіздерін игеріп, жасөспірімдер арасындағы ережесіз жекпе-жектерге қатысқан екен. Содан болар, бұларға қарағанда әлдеқайда ересек көрінеді. Қазақ күресін үш күнде үйреніп, Жандаумен белдеске түскенде бой алғызбады.  Ал «Титаникке» алғаш келгенде...

 Екеуі жаттығудан шыққан. Дан бұған қарап:

- Бүгін көңіл-күйім соқпады, жаттығу ойдағыдай болмады.

- Қалай, бір сағат жүгірдің, бір сағатың денеңді суыттың, бір сағат алыстық, ойдағыдай болмағаны қалай, түсінбедім?

- Әйтеуір көңілім сергімеді. Жақсылап тұрып серпілетін оңаша орын бар ма, пива ішіп...

- Пива... Спорт, қалай

- Ей пацан, көп вопросты қайтесің, бар ма, соны айт.

 Содан екеуі ұрып отырып осында келген. Кеме сұлбасында жасалған кафе-бар Данға бірден ұнады. – Мынау нағыз «Титаник» қой, қыздармен демалатын тамаша орын екен. Үстіне отырайық.

Екінші қабатта үш-төрт-ақ адам, өзді-өзі күжілдесіп отыр. Дан кеменің тұмсығында тұрған үстелге қарай жүріп, қатар тұрған орындақтардың біріне отыра қалып, екіншісіне аяқтарын қойып, шалқая кетті. Отырғандардың бірі жақтырмай алара қарады. Екеуі тапсырыс беріп, Дан сырадан ішіп, әңгіме айта отырған.

 Он шақты жігіт сау етіп кіріп келді. Жаңағы үш-төрттің қасына барып тоқтады.

 – Мен сендерге орын алып қой деп едім ғой, қане?

 – Әне.

 – Олар не, біздің орында отыр ма!? Кімдер олар, ә?

 Дан оларға арқамен, бұл қарама-қарсы отырған. Ол ежірейе қарап бұларға қарай жүрді. Қолында келдек таяғы бар. Алақанына сарт-сарт ұрып қояды. Жандаудың зәресі ұшып кетті. Мұндай топтың ортасына түспеген. «Дан!» деп айқайлап жіберді. Көзімен ымдап көрсетті. Дан орындық-порындығымен қоса бұрылды. Оларға шаршаңқы жүзбен қарап, еріне сөйледі:

- Білесің бе, мен шаршаған кезде нені жақсы көремін?

- Нені?

- Үш түрлі нәрсені: ішіп расслабуха ұстағанды, қызбен демалғанды, төбелесіп жұдырығымның қышуын қандырғанды.

- Содан не демексің?

- Же демекпін!

- «Же демексең», мәс-саған!

 Келдекпен салып жіберді. Бірақ Дан бұлтарыс жасап, қолтығының астынан өтіп бара жатып иегінің астынан теуіп үлгерді. Қоразданған батыр не болғанын түсінбей, көзі алайып, көкке көтеріліп барып жерге гүрс түсті. Қалғандары атып тұрып Данға қарай жүгірді. Жандау каратистердің биі бар дегенге сенбеуші еді. Дан твист билегендей қимылмен Брус Ли сияқты «мияулап» тұрып он жігітті он жерге сұлатып салды. Кейбіреулері естерін жинай алмай талып жатты. Бастапқы батырдың қасына Дан жайлап келіп, есеңгіреп тұра алмай жатқан орнында аяғымен тамағынан басып қылқындырып тұрып: - Өлім деген осы, глоткаңды езіп өлтіре салайын ба, шешең...?!

 Жаңағының көзі аларып, демі шиқылдап, аяқ-қолы тапырлап кетті. Жандаудың үрейі ұшып, Данға қарап еді, шынында да өлтіре салатын адамдай сұрланып, жемтігін тамағынан қылғындырған көкжалдай тістері шықырлап, жүзі құшырланып кеткен. Есі шыққан Жандау «Дан! Дан мырза, мырзаааа, ол кешіріп сұрап жатыр, жібер, жіберіші!» деп шырылдайды. Есерленіп алған Данның қайтатын түрі жоқ,  дастарқанға қосымша тапсырыс бергізіп,  оны толық төлету арқылы арынын басып, сабасына түскен. Ал енді мына Бануды қалай құтқармақ. Макстің елеріп отырғаны анау. Оған қалай түсіндірмек. Көкжалдың азуына түссе екеуінің де оңбасы анық. Мұның да қоса құритыны сөзсіз.

  Дан «Кеменің» алдына келіп тоқтады. Бану мен Жануя әжетханаға барып келейік деп бөлек кетті. Данның көзін ала бере, байқатпай Макс та арттарынан ілесе жөнелді. Жандау Диаспен сырт айналып түзге отыруға бет алды. Осы мезетті пайдаланған Карина Данға жақын келіп, құшағына кіре еркелей сөйлеп:

 - Данди, «Хан Сұлтаным» менің, я же здесь, ауылбайктерді қайтесің? Оларды жібер.

 - Нет. Олар уже допрыгались. Көттерің салмақтап...сындырап бітті әбден. Шетінен поимею, а потом посмотрю, кто есть кто!

 - Не Бану же, она тоже как все дурочка. Но зачем тебе криминал. У неё отец крутой, босқа сотталып кетесің. Қазір Макс екеуін қайтар. Осталные....

 - Сен, Карина, не лезь куда не надо, я сказал, сделаю!

 - Сен Іжуді айтып тұрсың. Бірақ бұл Бану ғой. Мен айттым ғой, она как все. Сенің бір напорыңа шыдамайды. А вот  Інжу... Оны түсіретін жолы бар.

 -  Қандай?

 - Оның шешесі өгей ғой. Ещё пьющая. Подход жасасаң, падчерді сатып жібереді. Ей и её будущим детям конкурент не надо. Үй-жай бәрі өзінде қалады ғой. Осы направлениеде движение жасасаң, она твой как миленький, толька дерзай!

 Дан ойланып қалды. Расында бұл қала емес. Өз ұстанымына өзі қарсы шыға ма. Қала есть қала. Ух, ты, Карина да Жасмин сияқты, умная тварь. Әкем айтқандай бәледен машайық қашайын. Жандауды алып қалып, қалған чуркаларды үйлеріне қайтарайын. Нағыз праздник новый год. Вот тогда «мама»...

25

  Желтоқсан айы басталғаннан «жаңа жылдың» вирусы, тежеп тұрған Тәуелсіздік күні өткен соң,  мектепті түгел жаулап алды. Директор тәрбиорды шақырып алып, биылғы жаңа жылдық шыршаның тақырыбы «Сказка о царе Салтане» деп, осы ертегі аясында сценарий жасауды тапсырды. Сынып жетекшілеріне әлемдік танымал билерді белгілеп беріп, әр сынып тапсырылған би үлгісінде киім тіктіріп, өнер көрсететіндерін ескертті. Жоғарғы сынып оқушылары жаңа жылдық балды өздері ұйымдастырып, бірақ тақырып аясынан ауытқымауды ерекше қадала бұйырды. Жаңа қабылданған және жас ұстаздарды мереке өтетін спортзалды жабдықтау мен шыршаны безендіруге қойды. Жаңа жылдық қойылымға қатысатын «әртістерді» жинап алып, дайындық уақытын белгілей отырып, уақытынан кешікпей, қалмай келуді қатаң ескертті. Ата-аналар қала дүкендерін аралап киім іздеуге шықты. Қолы қысқалары ауыл ісмерлеріне тапсырыс берді. Төменгі сынып оқушыларына еңбек пәні мұғалімдері тігетін болды. Жаңа жылдық дүрлігу басталып-ақ кетті.

 Сәулеге бұл хабарды Айка подружкасы жеткізген. Қасында Жамилясы бар, екеуі шай іше отырып өсекті лек-легімен жіберді. Таңлайларын тақылдатып жүз грам тіленіп еді, «бізде халал» деп Сәуле маңайлатпады.  Олар кеткен соң, көңіліне алаң кіріп, дегбірі кетті. Інжу қызына ең әдемі бал көйлегін алып, ханшайымнан кем киінрдірмеуді армандады. Жұмыста жүрген Ақжігітке қоңырау шалды. Қарбалас уақытта соғылған қоңыраудың жөн-жобасын ұғына алмай ол өшіре салды. «Қой, қол қусырып отырғаным болмас» деп іске кіріспекке бел буды. Інжуді ертіп алып, Алматы барып, ешкімде жоқ ең әдемі көйлек әпермек болып шешті.

  Мадлен «тәуелсіздік» демалысы басталғаннан көйлекке кетіп қалған. Келген. Қаперінде ештеңе жоқ, жайбарақат жүр. Маржан жан-жақтан іздестірді, тауып, ол да сақтап қойды. Банудың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Данға қандайы ұнайтынын білмеді. Каринадан сұрап еді, ол иығын қиқаң еткізді. Данның талғамынан шығатын көйлек болса, оны табу үшін, жер бетін түгел шарлауға дайын еді. Бірақ Бану көйлек-көйлек деп жүріп қапы қалды.

 Жақсыгүл апай Інжу мен Данды шақырып алып, биылғы жас түлектердің бетке ұстар көшбасшылары болғандықтан, жаңа жылдық балды ұйымдастыруды екеуіне тапсырды. Апайдың ойында екеуін жарастыру еді. Дан да, Інжу де бір-біріне пара-пар жұп. Мінезі шалыс болғанымен Інжу сияқты салиқалы ақылы бар қыздың уысында Данның жібектей есіліп шығатынына сенімі мол еді. Сол үшін екеуіне бірге орындауды тапсырды. Інжу иә, не жоқ демеді. Өмірінде мұндай  іспен айналысып көрмеген Данға бұл таңсық көрінді. Бірақ Інжумен қатар жүретінін білгенде, Аюке тапсырмасының орындалуына бір табан жақындай түскеніне көңілі нығайды.

 Әйткенмен қырсық қыз өз айтқанын істетіп тынды. Қойылым бойынша «Аққу ханша» Інжу болады деген Данның ойы орындалмады. Тәкаппар қыз ол орынға Маржанды ұсынып бекітті. Ханзада, әу бастан-ақ белгілі, Данға бұйырылды. «Если ты не принцесса, и я не принц» деп қарсылық білдіріп еді, «боласың!» деп кесіп айтты Інжу. Арыны басылмаған тасыр жігіт, өзіне не болғанын түсінбей, екі сөзге келмей бас игенін білмей қалды, бірақ «Надеюсь, и ты исполнишь одно мое желание» деп айтып қалды. Қыз естімеген сыңай танытып, қасындағы қыздармен сөйлесіп кетті. Арманының қанаты майырылған Бану бұл шешімге қарсы шығып еді, Інжу Даннан, Маржан мен Бануды көрсетіп, қайсысы «принцесса» деп сұрағанда, ол Інжуге қарап Маржанды таңдады.

 Маржан мына жақсылықты естіген соң от жанды. «Ханзада – Дан» дегенде лаулады. Дайындаған көйлегі жайында қалды. Жанына жылы қандай шаруаны қолға алса да ыждақаттылықпен атқаратын қыз, бұл жолы аса зор құлшыныспен, қиялының қанатына мініп, ақыл-зердесінің барлық қуатын пайдалана отырып, шығармашылық талғаммен кірісті.

26

 Мектептің спорт залы.

 

 Жаңа жылдық бал – қандай ғажап!

 Сұлу ханшайым – мерекелік салтанат.

 Нөкерлерін ертіп келеді әне өзі де,

 Басыңды и! Тағзым ет! Көрсет парасат.

 

 Көсіле төселген қызыл жолкілемнің үстімен, баяу нақышта тербеле ойналған салтанатты әуеннің жетегінде,  ханшайым сәл езу тартып, үріккен еліктей кібіртік басады. Сол жағында алақанына алақанын қойып Дан, оң жағында құрмет көрсете Інжу келеді. Таза атластан аққу пішімінде тігілген, жамылғысы бар ақсұр көйлектің сүйретпе етегін Инкар, Ырысжан ұстаған.

 Сахнада орналасқан арқалығы биік орындық-таққа Дан иіліп құрмет көрсетіп отырғызды. Ханшайым мерекеге келген қауыммен амандасып, балдың басталғаны туралы хабарлады. Маржан Інжу жасаған үлгіде, шашын бұрымдап тәж сияқты өрнектей жиып төбесіне түйген, жіңішке диадема киген.

 Бал басталды. Алдымен ханшайымның құрметіне веналық вальс биленді. Одан кейін испандық танго орындалды. Бұл биде Бану ерекше көзге түсті. Таңдап алған сыңары Жандау екеуі үйлесіп жеңіл биледі. Ортаға Дарқан шықты. Қоңырқай бидай өңді жүзіне қызыл шырай жүгірген.Үстінде қарақоңыр костюм-шалбар, ақ жібек көйлек, қызыл галстук таққан. Қалың қара шашын сол жаққа қайырған. Ат жақты сопақша жүзіне қою қара қастары, ботаның көзіндей оюланып келген ой тұнған жанары, тік қыр мұрыны, ерлерге сай дүр еріні – бірі-бірін толықтырып дидарын аша түскен. Тек әлі жетіліп бітпеген жұқалтаң тұрқы сымбатын бұзып тұр. Ол ән айтамын деп, кештің сазбен әрлеушісі Лаура тәтейге белгі берді. Дарқан Інжуге көз тастап алып, жүректің аясынан тебірене шыққан сырлы дауыспен әнді орындауға кірісті.

 

Жүректе жырым боп жатталасың,

Сүйкімді сырым боп сақталасың.

Өзіңе ғашықпын жер бетінен

Тағы бір сендей жан таппағасын.

 

Біреусің, әлемде біреусің –

Жаныма тіреусің асқан дара.

Біреусің, ұмытпай жүрерсің:

Жерде де біреусің, аспанда да...

 

 Бал соңы би кешіне ұласты. Маржан Даннан айырылмауға тырысты. Бірақ ол алғашқы биден кейін-ақ оған жуымады. Екінші биде Інжуді шақырмаққа ықыластанып еді, байқап қалған ол дереу Дарқанды биге тартты. Ашудан жүзі түтігіп кеткен Дан киіп-жарып қастарына жетіп барған, Дарқанды құшақтап алған Інжу ойран-топыр бидің келесі шетіне қарай ығысты. Ойнақы әуен қойылса да олардың құшақтары жазылмады. Бану келіп Данмен билемекке ниет қылып еді, ол еш қарсылықсыз келісім берді. 

  Інжудің Данмен билемеген себебі онсыз да сызаттанып жүрген Маржанмен ортаны бұзғысы келмеген. Жан құрбысымен жақындасу үшін өзіне бекітілген «ханшайымның» орнын соған берді. Данмен жақындастырды. Енді-енді қиюласып келе жатқан жіктің желімін ашқысы келмей қашқан. Бірақ оған бойұсынған жігіт болмады. Қалың ойдың шырмауында жүрген  Інжу бір мезет жүзін көтергенде Данның ызадан шоқтай маздаған жанарына ұшырасып,  төбе шашына дейін қимылдап кетті. Қан тілеген қасқырдай өшпендікпен қараған көзден бір қастандықтын ұшқынын сезгендей болды. Мына есіріктің өзіне бір кесепаты тиіп кете ме деп анасын іздеген. Анасы бұған күлімсіреп қарап отыр екен, соған қарай жүріп, үйге қайтамыз деп, сырт киімін киюге кірісті. Қасында тұрған Дарқанға «қыздардың қасында бол» деп тапсырды.

 Бір текті әулекі биден мезі болды ма, Бану Данның құлағына сыбырлады. Ол кештің аяқталғанын жариялады. Сыныптастарына кештің жалғасын үйде ұластыруға ұсыныс жасады. Желігіп алған олар бұған улап-шулап атой салып сыртқа шықты. Жол-жөнекей дүкенге соғып қажеттерін алды. Дан қызыл құрғақ шарап, осы түсте шампан, апельсин алды.

27

 Дастарқан жайылды. Қыздар үстел үстін мерекеге сай әзірлеп боғанша, Дан шарап, шампан, апельсин фрешін қосып сусын жасады. Бокалдардың ішіне апельсин бөліктерін салып, қант шәрбатын құйып, екі бас түйір мұз тастап, үстіне дайындалған сусынды құйып, қызғылт сары түсті коктейль жасады. Отырыс басталған соң шетіне түтікше қойып, Бануды шақырып алып, қыздарға тарат деді. Бану жай таратпай, жар салып, жарнамалап үлестірді. Түтікшеден сора жүріп: 

  - Бұл «Блаженство души» деген нектар, бүгін тәнімізбен қатар жанымыздың да рақат табатын күні. Мына керемет дәмнен татып, әр тамшысымен ләззат алыңдар.

  - Ол шәрбат емес харам, теріс жолға бастайтын сайтани сусын, ақылдарың болса ішпеңдер.

  - Дарқан, қыздардың қасында саған не бар, балаларға бар. Дан сияқты нағыз ер болмайсыңдар ма!

 Дарқанның сөзін қыздар елең қылған жоқ. Сарғылт түсті сусынды таңсық көріп, бір-бір стақанға жабысты. Қышқылтым ішімдік расында таңлайдың дәмін кіргізіп, ақыл-есті ойнақы көңіл күйге ендіріп, көздерге от жақты. Асқазанды толтырып, жүректі айнытатын тәтті сусындардың қасында мынау кәусар бұлақ сияқты,  қан тамырлармен  жылымши ағып, жүрген жолдарын қыздырып, жүйке-жүйкені босаңсытып, би-билеп, ән салғысы келетіндей әсерге жеткізді. Қыздар қойылып тұрған әуенге елітіп биге басты. Ұлдар Данның маңына жақын топталып отыр. Дан оларға шарап құйып беріп отыр. Ішпеймін дегеніне қарамай, «боқмұрын емес, енді жігітсің» деп ішкізіп отыр.

 – Это не водка, а вино. Ещё қызыл, «Красное вино — напиток для мальчишек» деген сөз бар, қорықпаңдар. Всего 9 градусов. И в рае вино тещёт рекою ...

 - Жалған, шарап та харам, пейіште оғғған орын жоқ.

 - Не деп тұрсын Дарқан, дәм жүзімнен жасалған, жүзім харам емес, ал шарап пейіш бағында да өзен болып ағып жатқан жоқ па! Қалай арам болады? «Шарап — Аллаһтың нұры. Шарап толы кесе — жүрек. Яғни, Аллаһтың нұрына бөленген жүрек. Оған мас болу — Аллаһқа ғашықтықтан рухани ләззат кешу» деген теңеу қайдан алынған?.

  Расында, жаннатта ағып жатқан шарап өзені жайында білмейтін Дарқан сөзден тосылып тұтығып қалды.

 - Одан да кел, қосыл, Индиский хахель, ахха-ха-ха, как точно индийский хахель. Индии...

 Басын шайқап-шайқап қайта қарады. Маржаа... Как похож на Инди. Орнынан тұрды да, Маржанның қасына барып, үңіле қарады. Маржан тоқтамай бұралып билей берді. Музыка тоқтаған соң, Дан оны ертіп алып, бөлменің бір бұрышына барып отырды.

- Сен сестр Инди?

- Жооқ, ешқандай жақындығымыз жоқ.

- Так похож.

- Ұқсаймыз.

- Сен де «жұлдыз» болғың келетін шығар.

- «Плох тот солдат, который не мечтает быть генералом»!

- А.... Индии...Макс, виноны алып келші.

- Кел, іш

- Мен ішпеймін.

- Ұялма... Бұл «Шардоне» для женщин, малоградусный, кожаны эластичный етеді.

- Жооқ, айтпа

- Для компаний, саған айтар сөзім бар и предложения есть.

- Мейлі, для компани болса для компани, жай ұрттап қояйын, ренжімессің?

- Менің ағам бар, продюссерлк центр бар, ауылдан келген талантливый қыздарға көмектеседі, дайындайды. А потом конкурссы, в один миг звездой становиться. У него связи, такие люди, мен саған көмектесейін, сен де...

  Дарқан Маржанның Данмен етене жақындасып жараса қалғанынан шошынайын деді. Виноны да шімірікпей судай ұрттап отыр. Таусылып қалса ыдысын қайта созады. Жарты бөтелке ішкіліктің түбі көрінейін деді. Мана Інжу осындай боларын білгендіктен мұны осында жұмсаған шығар. Екеуінен көз алмай қадалып отыр. Бір шамада екеуі билеуге бет алды. Маржан аяғына ие болудан қалған. Данның иығына сүйеніп алған. Ол белінен құшақтап алған. «Инди, Инди» деп бетінен сүйіп қояды. «Свет потушите» деп қолын сілтеді. Сырт еткен жарық сөніп, айнала қап-қара түнекке айналды. Көзге түрткісіз қараңғы. Дарқан үшін сайтанның харам пиғылы орын алып, Алланың құзыретіндегі адалдыққа қол сұғылғандай әсер етті. Ол жанұшырып барып шамды жағып жіберді. Көзіне түскен көріністен үрейі ұшып кетті. Далаға атып шықты. Соткасын алып тез-тез тере бастады.

 – Інжу неғып отырсың, тез жет, Маржан досың бүлінетін болды, жүгір, шарапқа мас, Данның қойнында...

28

  Інжу есінен танып қала жаздады, апыл-ғұпыл киініп, кеш болып жатқан жерге жүгіріп жетті. Рас, Маржан Данның құшағына еніп кеткен. Оны өліп-өшіп аймалап сүйіп жүр. Дан Інжудің келгенін байқап қалып, Маржанның ерніне қадалды. Мойнынан сүйді. Төсіне қол салып, аялай сипап, ұшынан қысты. «Аһ» деп Маржан теңселіп кетті. Інжу жүгіріп келіп Данды шапалақпен тартып жіберді, бірақ шапалағы тимей Данның уысында қалды.

 - Жібер оны,  - деп айқалады, - Жібер!

- Мақұл, - деп Дан Маржанды жібере салып, Інжуды құшағына қарай дөңгелетті. Осы кез бүйірден келіп байқаусызда тиген ауыр соққыдан құшағы ашылып кетіп, Інжу сытылып шығып, өзіне қарай айбат шегіп келе жатқан Маржанды шап беріп ұстап алып, сыртқа қарай ала жөнелді. Маржанның киімін тауып алып, үстіне іле салып, атып шықты. 

 Маржан бажылдап жылап келеді. «Кайфті бұздың, подружка дейді, қызғанып, ортаға түстің. Бәрі сеніке болу керек пе? Атақ та, дәреже де. Жоспарымды талқандама, бәрібір мен өз дегенімнен қайтпаймын», - деп, жетекке көнбеген бұзаудай төрттағандап тұрып алды. Ашуланып кеткен Інжу шапалақпен тартып-тартып жіберді. Маржан «Аһ, сен мені ұрдың ғой!» деп тұра шапшып еді, қарымы күшті қолдың уысында әрі-бері бұлғақтап, түкке шамасы келмеген соң, біруақ еңкілдеп жылады. – Мен сахнаны сүйемін. Дан мені жұлдыз қыламын, ағамның студиясы бар деді. Соған тапсырып сені жұлдыз қыламын деді. Мен сахнасыз өмір сүре алмаймын. Сахнаға қолым жетпесе өмір құны түкке татымайды. Бәрібір осы жолға түсемін.

 - Лақпа,- деді Інжу, -  Еңбек ет, сахнаға да, бәріне де қолың жетеді, біреудің жетегіңмен ешқашан арманыңа жетпейсің. Қарыздар боласың, оны өтеу керек, қыздан өтеуіне бір-ақ нәрсе сұрайды, оның қыздық абыройын. Одан айырылған соң, сен жұлдыз болдың, болмадың не, көк тиынға қажеті жоқ. Қанша жұлдыз болсаң да «жезөкше» деген ат артыңнан қалмайды. Қыздың бағы қыздық абыройы – осыны ұқ. Ол сені мазақ етіп тастап кетеді. Қалада сенен де асып кеткен сұлулар көп. Ол сені не қылсын, бәленбай қыздың пәктігін бұздым деген тізіміне қосып қояр. Дан үшін сен бір түндіксің, ол үшін әр жыныстық қатынаста пәктігі сақталған қызбен жату деген сырқат пайда болған. Екінші рет жақындасқанға ол жиіркенеді. Ол үйленбейді. Өзі сияқты бір алаяқ сайқалға жолығып, дертке шалдығып, соның зардабынан өледі. Бұл зинақорларға жазған Хақ Тағаланың тағдыры.

   Маржан есін жиды ма, басқа ма, кеудесін ұстап уқалай берді.

 – Жарас ағай айтпап па еді, «Сұлулық – адамның бағасы емес. Сұлулық – абыройды адал сақтағандық» деп.  Өзіңді–өзің алдап  мына жасанды суретке ғашық боласың. Өзін ғана адам санайтын одан сен еш үміттенбей-ақ қой, ол саған ешқашанда сұлусың деп айтпайды, бағаламайды да, сен бар болғаны минуттық секс құралы, ләззатын алады да тұрып кете береді. Сондай іспен айналысып жатып сенің бетіңнен де сүймес, бітірген соң аттап жүре берер.

  Мойнынан құшақтап, маңлайынан сүйіп:

 - Маржан сен  біреудің әспеттеп аспанға көтеріп, ай мен күндей асқақтатқан ардақты арманысың ғой. Біреудің аяғына жығылып, кірсіз пәк ар-абыройыңды таптатып жатқаның не? Әлгі адамның асқақ махаббаты қайда, оның асыл сезімі саған тапсырылған аманат емес пе. Алла алдында аманатқа адал болу парыз. Сен сұлусың, қарапайым адамның қолы жетпейтін  биік емесссің бе, ол дәлелденбеп пе еді, енді қайдағы бір құндасы пұл тұрмайтын сайқалдың астында ар-намысыңды таптатып, сонымен қатар сұлулықты әспеттетеген асқақ сезімді жер қылып, әйел атаулығы, сұлулық атаулыға деген сенімді жоймақсың ба. Ілкі деп санаған біздер, жеке бастың мүддесінде мұндай табансыздық танытсақ, бізді кім сыйлайды, кім ардақтайды, ана деп кім құрмет тұтады, айтшы?!

 - Ол маған серік бола алмайды ғой.

 - Ол өзіңді сұлу санап аспанға көтергенінің өзі баға жетпес сый. Оны, ертең арыңды жоғалтқан соң, қанша іздесең де таба алмайсың. Көлгірсіген жасанды мақтау сөздерден артық ештеңе іздеп таба алмайсың. Көр де тұр, айтпады деме. Мен сені жібере саламын, бар. Бірақ ертең өкінбе.

 - Мен не істей аламын, айтшы. Сүйген адамың маған тең емес, арманым қиял, айтшы не істей аламын. Парақорлық жайлағанда мына заманда қаражат-танысың болмаса қалаған оқуыма да түсе алмаймын. Не істей аламын, айтшы?! Әне, көрдің, жай ғана мектепішілік конкурс, «а» деп аузын ашқан өз тұқымын дара санап, нағыз дарынды аяқтан шалмады ма? Тіпті, өз баласынан асып кетпеуіміз үшін біздерден мін тауып меселімізді қайтарып тастамады ма? Бұл бір рет емес, неше рет...Сондықтан Данның көкесіндей көкелер қажет-ақ... Все средства хороши, Инди, все средства... Мен сахнаны жақсы көремін. Қандай жолмен болса да, қандай жолмен болса да жетемін!

 - Олай демеші, Маржа, өмір аяқталған жоқ. Алда әлі талай уақыт бар. Есіңді жи, белімді бекем бу, салғырттығыңды жой, еңбектен, дайындал, арман жолында жаныңды сал, сонда бәрі орындалады. Өйткені бұл Алланың хақ жолы. Адал еңбекпен ғана бақыт келеді, жан қуантатын рақат келеді. Рухани бай адамның сенімі берік, мұқалмас берен қорған, көздеген мақсат-мұратына айнымай жетеді. Жұтаң пенделердің көкірегі қуыс, пайымы үстірт, жүрегі бос. Иен жерді сан түрлі жын-сайтанның мекен ететіні белгілі.  Санаңды сан-саққа жүгіртіп, тура жолдан тайдырып жатқан солар. Біл, өнер – шайтани жол, алдымыздан талай сынақ шығады. Сенің басыңнан өтіп жатқан қазіргі қиыншылықтар сол сынақтың бастамасы.

29

 ...Інжулер кеткен соң, артынан тиген соққыдан біраз есеңгіреп қалған Дан, Дарқанның қолындағы таяқты көріп, мәлінше шапшып шашынынан жабысып далаға қарай сүйрей жөнелді. Көлікке сүйретіп мінгізіп, Жандауға «айда» деп бұйрық берді. «Қайда» деген сауалға паркке деді. Қастарына Диас мінді. Қалған балалар көліктің артынан ілесе жүгірді.

 – Мен саған көрсетемін, сука! Әліне қарамай ещё ұрады ғой, бля!

 – Аузы биллахи минаш шайтани роджим, аузы билла минаш шайтани роджим, аузы билла минаш шайтани роджим!

 –  Дұрыс, сыйына бер, қазір далаға шыққан соң....

 – Мейлі, маған істеріңді істеп бақ, бірақ мен тірі тұрғанда, қыздардың біреуіне арам пиғылыңды жасатпаймын. Мен сен емеспін нәпсі үшін жанын сатқан, мен ар-намысын жоғары қойған қазақтың баласымын.

 - Аа, солай ма, онда мен сені өлтіріп тастаймын, шкура. Сонда не істер екенсің.

 - Мен өлмеймін, сен құдай емессің, Алланың жазғаны болады. Олар үшін жаным пида болса, мейлі, еш өкінбеймін. Олар менің бойымда ағып жатқан қаным, тірлігіме нәр берген жаным, әдемі қарындасым, ақылшы әпкем, ақ сүтін беріп асыраған анам, болашақ сүйген жарым, осындай тоқ күйге жеткізіп, сені есіртіп қойған Отаным... Хақ Аллам, ақиқи құдайым, сен сияқты кесірдің дегенін болғызып қарап тұрмайды.

 Көлік ашық тұрған қақпадан Жеңіс саябағының ішіне келіп тоқтады. Дан Дарқанды сүйреткен қалпы Ұлы Отан соғысының қаһармандарына арналған тақтаның қалқасына келіп тоқтады.

 - Құдай дейсің, кәне құдай, міне, мәcсаған, мәссаған, менің аяғымды ұстап қалсыншы, қайда, ей, Алла-ааа, қайдасың, саған жалбырынып бес мезгіл құлшылық жасап жүрген адамыңды құтқарып қалмайсың ба. Міне ол, көрмейсің бе, мен аяғымның астында доп болып ұшып жүрген жоқ па!?

 – Аллаға тиіспе, алыссаң менімен алыс, ертең зардабын шегесің, бишара. Астафируллах деп кешірім сұра!

 – Аузыңда жап, жап, жаппасаң, мәссаған, кешірім, мә, мә, мәәә!

 – Мммм!

 – Үнің өшті меее! Бәрі менің қолымда. Қазақ деген жоқ, мұсылман деген жоқ, тек адам бар. Мен адаммын. Әлемді билеп тұрған мен. Жер менікі. Қажет етсем жауыз боламын, қажет пе, мейірімді боламын, қажет пе жер-әлемді төңкеріп жіберетін алып боламын, қажет пе бишара боламын, қажет пе, күллі қызыңды жаншып, зорлап көндіретін садист боламын, қажет пе, әдемі киініп, сыпайы сөзімен сызылып алдап-арбап қолға түсіретін Казанова боламын, қажет пе жынысымды өзгертіп әйел боламын, қажет пе еркекпен жүремін, қажет пе қатынмен қатын болып жүремін, бәрі менің қолымда, бәріне мен қожамын. Сен періште көрген Інжуді құшағымда құшып, еркектік құшырымды қандырып, әбден тоятым қанған соң, солған гүлдей қоқысқа лақтырып жіберемін. Сол кезде ғана сен сияқты бейшараның қолы жетеді. Әйелдің бәрі меніке, мен бәстің адамымын. Бүгінде бәстің конында тұрған Інжу. Ол мен  қазіргі есеппен мен қыздығын алған 99-ыншы болмақ. Мен көздегеніме жетемін, істемек болмақты істеймін...

 – Інжууу...

 – Үніңді өшір, өшіір деймін, өшііір!

 – Інжууу.... кешііір! «Өзін қорғай алмаған бізден емес», нәбии ....кеее

 – Болды, болды, болды өлессің, прости бог!

  Есіріктеніп есінен ауысқан Дан шоқынып алып, соңғы шешуші соққыны жасауға қолын көтеріп... Осы кез қараң-құраң ұшып келген біреу Дарқанды көлегейлеп үстіне құлап түсті. Соққы соған келіп тиді. Екінші біреу қарқынмен жүгірген бетте Данды итеріп жіберді. Ол тоңқалаң асып ары қарай аунап түсті. Бірақ орнына тез атып тұрып қайта атылмаққа ұмтылды. Алдында Жандау, Макс, Нұржан, Қасен, Дінислам. Қасеннің қолында шошайған бірнәрсе бар. «Атамын!» деп айқай салды. Дан қалт тоқтады.

 –  Чёртты неменеге қорғап тұрсыңдар, жаңа көрдіңдер ғой, как крыса, артымнан кеп ұрды ғой.

–            Ол чёрт емес, - деді Жандау.

–            Ол біздің досымыз, - деді Нұржан.

–            Ол ауылдасымыз, қанымыз бір бауырласымыз,- деді Қасен.

–            Немене бәрін бір туғансыңдар ма? – таң қалғандай мысқылмен Дан.

–            Иә, біз қазақ деген бір туған бауырлармыз, ал сен бөтен болсаң, көзіңді құрт, әйтпесе...

–            Әйтпесе не, Макс?

–            Біз сені ...

–            Біз сені ортамыздан қуып жібереміз

–            Шамаң жете ме?

–            Жетеді. Біз жай уақытта чмо боп көрінетін шығармыз, бірақ досымызға қауіп төнгенде біз біргеміз, өліспей-беріспейміз, өйткені біз рухы мықты қазақтың ұрпағымыз, жасаймыз дегенді жасаймыз.

–            Оу, Дінислам, сен де осыларға қосылғансың ба?!

–            Мен әу бастан-ақ өз еліммен біргемін.

–            Рухымыз мықты қазақпыз де ...

–            Иә!

–            Бопты, рухы күшті...

 Айы мөлдіріп жаңа ғана тынып тұрған ауа райы да бұзылып, батырлар тақтасы жағынан ескен ызғар, «рухы күшті, рухы күшті, рухы күшті!» деп күңгірлегендей дыбыс шығарып, қайталаған сайын үдеп, қуаты еселеніп зорайып бара жатқан сияқты.  Дарқанның сандырағы расқа айналды ма, өмірі құдайға сенбейтін Данның ішіндегі бой бермей ширығып тұрған болат сым дір ете қалды. Ол бұрыла салып көлігіне қарай жеделдеттіі.

  Көлігін дар еткізіп жүріп кетті. «Рухы күштті... рухы күштііі...», қайдан естіп еді. Ә, есіне түсті, онда да бір тобырдың ортасына бухат етті. Сөзден сөз туып, әркім өз руын мақтай бастады. Дан: «Ру дегенді ұмыту керек, қазір жаһандану заманы, адам жерге біртұтас билік жүргізеді, демек  жердің иесі мен – адам, сол үшін мен, яки мен сияқты адамдар білімі және интеллекті, іскерлігін дамытып  жерге қожалық ету керек. Сонда біз дамимыз. Бәрін өзіміз жасап шығарып, құдаймен тең боламыз», - деп еді, қасындағы отырған оған түсінбей аңырая қарап: «Ақа, сен дұрыс айтасың, біз, қазақтың рухы күшті, әлемді билеуге қауқары жетеді, дұрыс-дұрыс, мәә, ақылың зор екен-ау», - деп таңлайын қағып, басын шайқаған. Өзін дұрыс түсінбегенге ашуланып кеткен ол әлгіні төбесінен ұрып есінен таңдырған. Ол біршамадан кейін есін жиып: - Біз қазақ деген рухы күшті халықпыз, әншейін жүргенде бір-бірімізбен шоқысып жүреміз, жау келгенде бірігіп кетіп бой бермейміз..

 Міне, бұл сөзді Дан бүгіндікке екі дүркін естіді. Өз ұстанымын гитараның болат шегіндей, босамастай етіп тарс бекітіп тастаған сияқты еді. Тас берік кедергінің қай түрі кездессе де «Келдім! Көрдім! Жеңдім!» деп Юлий Цезардай жылдам аяқтайтын тәкаппар  жігіт, босбелбеу санаған адамдардың мынандай жігер күшін көргенде, расында, шошынайын деді. Тұла бойын қақайтып ұстап тұрған болат сым домбыраның жұмсақ шегіндей дың ете қалды. Құлағына күмбірлеп  күй келетін сияқты ма! Жооқ! Не сдамся, такому не бывать. Оларға бас имеймін, никогда!!!

30

  Соққы Диастың иығына тиіпті. Қолын көтертпей қалды. Ол Дарқанның басын көтеріп тұрғызбақ болды.  «Тұр, суық өтеді» деп қояды. Өткен күндері қар жауып, жерді көміп тастаған. Бүгін аспан шайдай ашық, жұлдыздар жарқырап жанып, ай сәулесін шашырата төккенмен, аяз қаһарына мінген. Жалаң бас жатқан Дарқаннан өткен суықты, Диас өз бойынан өткендей сезініп, қолы көтертпей сырқырап тұрса да, оны сүйемелдей итеріп тұрғызуға тырысады. Бірақ ол қимылдамайды, көзі жылт-жылт етеді, иығы селкілдейтін сияқты.

 Диас Дарқанның жылап жатқанын сезді. «Жандау» деп шақырды. Ар жақта Данның бақылап тұрған олар, оның машинаға мініп кеткенін көріп, Диасқа қарай жүрді. Макс Дарқанды тұрғызбаққа еңкейіп еді, ол итеріп жіберді.

 – Уа, Аллахым, Аллахым, кеше гөр. Сенің атыңа кір келтіріп жатқанда бір ауыз сөз қорған бола алмадым. «Өзін-өзі қорғай алмаған бізден емес» деген Мұхамед саллалаху алейхи уасаллам, мен өз-өзімді қорғай алмасам, менің сүйгенімді кім қорғайды, сүйгенімді қорғай алмасам, Отанымды кім қорғайды, Отанымды қорғай алмасам, жерімді, елімді кім қорғайды. Жоо-жоооқ, олай болмайды, болмайдыы, болмайддыыыы...

 Ол ыңырсып айқайлап жіберді. Шалқасынан етпетінен аунап түсіп, кеудені жерден көтеруді жасай жөнелді. «Бір, екі, үш, төөөрт» санай жөнелді. Бестен аспай жатып қалды. Әлсіздігіне ашуланып жерді тоқпақтап-тоқпақтап алып, қайтадан әрекет жасауға кірісті. «Қойшы, қойшы Дарқан, қойшы» деп Макс басынан құшақтап тұрғызуға тырысты. Жандау, Қасен, Нұржан, Дінислам – бәрі жан-жағынан қаумалап көтеріп алды. Көз жасын сүртіп жүр ме, әлде үсіп қалмасын дегені ме, Диас сау қолымен Дарқанның бетін сипалап қояды.

 – Жыламаймын! Мен жыласам қыздар қайтеді. Жіберіңдер. Жандау қыздарға барыңдар, олар ештеңе білмей-ақ қойсын. Мен кете берейін.

 – Мен де ілесейін, бәрібір қолым көтертпей қалды, үйге барып демалайын.

 – Онда мен сендерді шығарып салайын, - деп Нұржан оларға ілесті. Жарты жолға келгенде Дарқан, - Сендер бара беріңдер. Менің Райс братта шаруам бар еді, соған жолығамын.

31

 Ай сүттей жарық. Барлық оқиғаның куәсі болған ол, енді не қызық күтіп тұр дегендей Дарқанның артынан ілесіп келеді. Райс браттың есігін келіп қаққан кезде де төбесінде тұрды. Есікті «браттың» өзі ашты. Ол «не керек» деген раймен Дарқанға сұсты жүзімен тесіле қарады.

 – Меен, мммееен төбелес үйренгім келеді, - кемсеңдей сөйлеп, - Сіз Таэквандоны игергенсіз, үйретіңіз мағааан.

  Райс брат тіл қатпай үйіне кріп кетті де киініп шықты. Жеңіл көлігіне қарай жүрді. Дарқанды отырғызып алып, спорт мектебіне келді. Тұрғын үйден жасалған мектеп екі-ақ бөлмелі. Кеңес уақытында әртүрлі бұйымдар сататын дүкен болған. Бастапқыда үш бөлме етін. Спорт мектебіне айналған соң, жаттығу бөлмесі үшін, ортаңғы бір қабырғасын алып тастап кеңейткен. Кіре берісте отынмен жанатын пеш орнатылған. Бу қыздырғышы жоқ. Штат жетіспегендіктен от жағушы да жоқ. Пешті жаттығуға келетін балалар өздері жағатын. Жаңа жылдың қарсаңы болғандықтан от та жанбаған.

 Райс брат Дарқанды ішке кіргізді. Шырт жанған шамнан бу шығып тұр. Бетіне қаумалап жабысып алған ызғар сындырып  жіберетіндей сығымдап қылқындырғанмен, жылт еткен алғашқы жылумен-ақ буланып жүре берді. Дарқан туралы Райс брат та осылай ойлады ма, қабырғаға ілінген жаттығуды көрсетіп жаса деп әмір берді. Ол жүгіре жөнелді. Шағын бөлменің ішінде зыр айналады. Қан қызуымен білінбеп еді, қазір тұла бойы сырқырап ауыра бастады. Бүк түсіп жатып аяғымен денесін, қолымен бетін қорғағандықтан балтыры мен қолының қарылары сынып кетердей қақсап жүргізбеуге айналды. Бүйірінен тиген тепкіден қабырғасы қақырап, бүйрегі езіліп кеткен сияқты. Самайдан тиген жұдырықтан қан айналымы бұзылған көздері бұлдырайды. Ақыл-есін жоғалтқандай болса да, әккі неме бет-жүзіне тиіспей, дақ түспейтін жерлерден соққылаған сияқты.

 – Сауып болды, - деп күбірлейді Дарқан, - Қасқыр жәукемдеген лақтай сықпытың құрысын. Інжуге не бетіңді айтасың, қайта ол көрмеді. Бейшара түріңді көргенде, қазір жек көргені түк емес, мүлдем жүзін бұрмай, сырт айналып кетер еді-аууу...

 Сүрініп кетіп, жер сүзе құлады. Тұруға итініп еді, тұра алмады. Жүгіруді төрт аяқтап жалғастырды. Білектерінен әл кетіп тұмсығымен жер сүзді. Сонда да тоқтамай жорғалауға кірісті. Көзінің жасы толастар емес. Бейкүнә қыздарды аладап-арбап, лас әрекетін іске асырып, тайраңдап жүрген әлгінің мастанған сөздері, әсіресе, жан дүниесінде жарқын өмірге деген үмітінде титтей де дақ жоқ Інжудің ақпейіл ниеті есіне түскен сайын, оның сол пәк дүниесін ластаған арамзадан қорғай алмай тепкіленген өзіне қорланып, бар шамасы көз жасына жетіп, еңірей береді. Пайғамбардың жерге имани тірлікті орнату үшін күреске түсетін мезетте дәл осылай әлсіздік танытқан адамдарға арналып айтылған сөзі тілінде:

 –  Өзін қорғай алмайтын бізден емес. Өзін қорғай алмайтын бізден емес.

 – Тоқтат! Жетеді, кетеміз.

 – Райс аға, кетпеймін, кете алмаймын. Мен Алланы қорғай алмадым, пайғамбар ғалейкисалламның үмітін ақтамадым. Өзін-өзі қорғай алмайтын бізден емес.

 – Ертең келеміз. Сағат бесте кел. Бүгінше демал.

 – Жо-жоооқ, мен жалғастыра беремін. Мен мына қорлықтан кейін Інжудің жүзіне қалай қараймын? Мешітке барып қай бетімен азан шақырамын? Жооқ, мен осы жерде қаламын.   

 – Сен пайғамбардың «жетістіктің қайнар көзі – сабыр» деген сөзін білмейді екенсің ғой. «Сабырсыздар» бізден емес деген.

 Дарқан аңтарыла қарады. Райс ағаның демеуімен орнынан тұрып, әлеуетті білегіне сүйеніп көлікке келіп отырды. Жамбасы отырғышқа тиген бетте ұйықтап кетті. Ыңырсып әндетіп қояды:

 

Біреусің, әлемде біреусің –

Жаныма тіреусің асқан дара.

Біреусің, ұмытпай жүрерсің

Жерде де біреусің, аспанда да.

 

Суық жүзінен өмірі күлкі көрінбейтін Райс брат: - Батыр болады, өзіме тартқан батыр болады, бала, - деп жымиып қояды.

32

 Маржан үйге келісімен, есікті ашқан анасының жүзіне қарамай, қабағын шытқан қалпы бөлмесіне өтіп кетті. Кірісімен төсегіне сұлай кетті. Інжуге деген ашуы тарқар емес. Қорға деп одан ешкім сұранған жоқ. Неге ортаға түседі. Қызғанып өліп барады. Қайдағы бір «шал-шауқанды» ортаға тығады кеп. Бұл оны не істейді. Ата қыла ма? Орнынан тұрып компьютерді қосты. ВК-ға кірді. Жарас ағайдың жазбаларын оқи бастады.

 

«Вацаптағы хаттар»

*** *** ***

  … «Теріс қарап тұрған, қараңғылыққа үңілген сұлбаны көрдім». Имам айтады: «Алла Тағала әйелді Адам ғалейкумсаламның жүрегіне жақын тұрған қабырғасынан жаратты»,- деп. Бәлкім, әйел баласы балиғатқа толған соң, өзінің сұлулығы мен нәзіктігін бағалай алатын, күшті махаббатымен қасында лүпіл қағып тұратын жүректі іздейтін шығар. Аңсай күткен жүрек мезетінде келмесе, өмірге сырт қарап, қарауытқан тұңғиыққа тесілетіні сондықтан шығар.

 Имам: «Алла қалаған адам ғана намазға жығылып, құлшылық жасайды. Басқалары түзу жолдан адасып, мәңгілік азап шегеді». Бәлкім, Алла, менің өзіңе деген құрмет сезімім арқылы саған деген махаббатын жеткізіп, тұңғиықтан жарқын өмірге назар аудартып, сенің жай адам емес, таңдаулы екеніңді білдірткен шығар.

*** *** ***

Будь глупым, будь идиотом, будь забавным, если это и есть ты. Не пытайся быть таким, каким хочет видеть тебя общество. Просто будь собой

А.Н. қабырғасынан

 

Ия, өзіңмен өзің бол,

Өзі-өзіңді бағала,

Өз-өзіңді дамыт –

Арманыңа қол жеткіз.

 

Сенің орындалған арманыңның алауынан ата-анаң, туған-туыс, бауырың, туған елің қуат алатын болады. Ал сен бақыттан бал-бұл жайнап, жерде емес, көкте ұшып жүресің.

Бұны айтып отырған себебім, бүгінгі мектеп тәрбиесінде адамның өзі үшін дамуына жағдай жоқ. Балалар өзі үшін емес өзгелер үшін білім алып, өзгелер үшін өмір сүретін секілді. Өмірден адаспау үшін өзіңді сүй, сонда ғана сен өзіңнің болмысыңмен үйлесетін ғажайып өмірді сүретін боласың.

 

Өміріңнің әр минутына ғашық бол.

Оны баянды өткізуге тырыс.

Бірақ өмір мәңгі мейрам емес.

Ең жақын адамдарыңа көрсеткен ыстық ықыласыңдай қызметтті оған да жаса.

*** *** ***

... Жақсы-ақ ұстаз. Ақкөңіл, арамдығы жоқ, оның үстіне мінезінің ерек қасиеттерін сол ғана дәл басып жазады. Дан жазса керемет болар еді. Бірақ оның көзі басқа жақта, аңдыған-баққаны Інжуу! Ақылымсыған сорлы! Бір жаққа көзі жоғалып кетсе ғой, шіркін, жақсы-ақ болар еді! Қолдарын уқалай бастады. Салқын бөлменің суығы өтіп, бойының қалтырай бастағанын сезініп, көрпенің арасына сүңгіді.

  Азан дауысынан Дан оянып кетті.

«Хайə алəс-салəһ!

Хайə алəс-салəһ!

Хайə алəл фəлах!

Хайə алəл фəлах!».

 Дарқанның дауысы. Жарық дүниенінің жарығын қап-қара пердесімен бүркеп тұрған қараңғылықты қақ жара, жарқын үнімен жаңғырықтара саңқылдап, жаңа күннің арайына жол салып тұр. «Тұра алмастай еттім» деп ойлап еді. «Рухы күшті...» ызадан жұдырығы жұмылып, саусақтары шытырлап кетті.

33

  Інжу жатқалы қашааан. Бірақ көзі бақырайып жатыр, жұмылар емес. Жан құрбысының жайын ойлайды. Болашаққа деген сенімі мұқалып, кім көрінгеннен жәутеңдеп жәрдем тілеген сиқы құрсын. Сенген пендесі ақ пейілімен қол ұшын созса жақсы ғой, әлсіз сәтін пайдаланып харам ниетін іске асырып, жардан итеріп жіберіп опат қылмаса. Қыз жолы жіңішке, түзуден бір тайса, құрдымға омақасатыны айқын. Оның дәлелі тұла бойын жарып шыққан шараналарын шімірікпей әжетханаға тастап жатқандары.

  Көреген Жарас ағай Маржанға әрдайым үңіле қарап отырушы еді. Оқу жылы таялған сайын, қыздың санасында сапырылсып жатқан алаң ойлардың көлеңкесін көздері арқылы танып білді ме, сабақ жайында қалып, «ағай-ай, сіздің-ақ ақылыңыз таусылмайды-ақ екен» деп қыздардың жақтырмағандарын елемей, сұңқиып отырған балаларға отты назарын қадап, қызынып сөйлеп беруші еді. «Ез, жүрегінде оты жоқ жігіттерді тәрбиелейтін сендерсіңдер. Олардың жүрегіне сезім мен махаббат оты біткенде олар отқа да суға да, тіпті жан беруге де дайын тұрады. Өзінің сүйіктісің өзгенің табанына таптатқысы келмейді. Оларды қорғау үшін серт тұрады. «Отбасым үшін, ұрпағымның жалғастығы үшін» деп жауға шапқан бабаларымыз осы ерен сүйіспеншілікті бағамдап, елін-жерін қорғаған. Сені және әрбір ару қызын бүкіл қазақ елі қорғаса тұрарлық. Сен болашақ отанасың. Отан – отана сөзінің туындысы. Өзіңді пәк, асқар таудай биік асқақ ұста. Жылт еткеннің жетегінде кететін желөкпе болма. Көрінгеннің қолжаулығына айналма. Сен асқақ тұрған кезде, сенің елің де асқақ, жігіттері мәрт, батыр болады. Сен арыңды сатқан кезде, олар да ынжық, қорқақ болады, өз әлсіздіктерін біреуге жаба салатын жалтақ болады. Еліңді жау соғыссыз алып, ұлттық намысыңды аяқ есті етіп, түбі жойып тынады.

 Қызды гүл сияқты мәпелеу керек. Олардың әрбір еркелігін, әрбір қылығын әспеттеу керек. Оның сұлулығын құрметтеп, аспанға көтеру керек. Оның алдында үнемі тізерлеп отырып сыйлық ұсынып, әдемі сөздермен бейнелі сөйлей білу керек. Өйткені ол сенің ертеңгі ізбасар ұрпақтарыңды дүниеге әкелетін отбасыңның анасы. Сен тек қана сан толғатып, бір өліп, бір тіріліп дүниеге сенің жалғасыңды, ұрпағыңды әкелгенін ойлан. Бұл солардан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қазіргі жігіттер шариғаттың оң жолын теріске бұрып алған. Әйел баласы еркектен төмен. «Олар бізді құрметтеу керек» деп төмендетіп сыйламайды. Қол көтеруге дейін барады. Осының салдарынан қыздар шеттің жігіттерін таңдайды. Шетелдіктер қыздардың бар еркеліктерін, ең ақыры ең тұрпайы шолжаңын да «Женщина всегда прав» деп құлшылықпен орындайды. Сөйтіп қазақтың баға жетпес аруларын қармағына түсіреді. Өз елінің есерлер жүн қылса, өзге елдің жігіттері күн қылады. Ең соңында қазақ ынжықтары өз әлсіздіктерін жасырып, бар жаманшылықты қыздарға жабады. Жігіт бол. Ешкім теңдесе алмайтын өз еліңнің арулары алдында төсеніп құрмет көрсет. Әуелетіп аспанға көтер. Одан сен жаман болмайсың. Дүниеге саған тартып Отанын қорғайтын ер жігіт туады, анасын тартып көркіне ақылы жарасқан ұрпақ дүниеге келеді. Бүршік жарып келе жатқан өскінді мәпелесің, одан керемет әдемі гүл өсіп шығады. Сен мәпелемесең, басқа мәпелейді.  Айдауыңа көнген төменшік әйелден ынжық, өз-өзін қорғай алмайтын қорқақ туады. Батыр анадан батыр туатынын ұмытпа.

Ағайдың айтқанын санасына жарық сәуледей құйылып, жан дүниесін нұрландырып жіберетін.  «Қыз төмен етек» деп кемсіткендердің алдында асқақтап көкке өрлейтін. Тілінен басқаға шамасы келмейтін еркексымақтарды менсінбей тәкаппарланып жоғарыдан қарайтын.

 Дарқанға ілесіп жұмаға намазға барған. Жарас ағайдың айтқан сөзінің ақиқатына дәлел – ондағы уағыз көкірек көзін ашып, жан сарайын кемелдендіріп, рухани байлыққа кенелтті. «...Байқасаңыз, әлемдегі әрбір жаратылыстың өзіндік мақсаты мен міндеті бар және әрбір жаратылыс өзінің сол міндетін қалтқысыз орындаумен сұлу! Мысалы, мінезі қоянға ұқсаған арыстанды немесе қасқырды көрдіңіз бе? Елестетіп көріңізші, қандай сүйкімсіз болар еді. Немесе, қылығын әйелге ұқсатқан еркекке қарасаңыз, ерге тән сипатын жоғалтқан соң көзге түрпідей тиеді. Сол секілді адамзат баласының оның ішінде әйел кісінің де өзіне тиесілі Алла алдындағы және қоғам алдындағы міндеттері бар. Әйел кісі өзіне жүктелген міндетін орындағанда барып сұлулығы кемелдене түседі әрі өміршең болады.

  Асылында, әйел адамның шынайы сұлулығын ашатын боянғыш құралдар емес – оның жаратылыс міндеттері. Боянғыш құралдың да әйел өмірінде өзіндік орны бар, оны жоққа шығара алмаймыз, бірақ әйелдің шынайы сұлулығы бояғыш құралмен өлшенбейді.

  Қыз баласы табиғатына тән сұлу. Сыңғырлаған күлкісіне, назды үніне, аялы алақанына әлемде еш нәрсе тең келмейді. Бірақ әр нәрсенің өзіндік мақсаты бар, соны естен шығармаған жөн. Алла тарапынан берілген осы артықшылықтар белгілі бір мақсатта дамып жатқанын білген абзал. Қыз баланың өз табиғатын сақтау – болашақтағы ұлы бір іске дайындық. Ол – аяулы жар болу, мейірімді ана атанып, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербету!

Бір күні ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Фатима әкесінен сұрайды:

 - Әкетай! Дүние жүзінде ең бірінші жұмаққа кіретін кім?

 - Анау төменгі ауылда, пәлен үйде тұратын бір кісі бар. Бірінші жұмаққа кіретін сол.

 Хазреті Фатима бұл кісіні көруге құмартады. Айтқан үйге барып, есікті қағады. Арғы жақта қартайған бір әйел кісінің дауысы шығады:

 - Бұл кім екен?

 - Мен ғой, Фатима. Хазреті Пайғамбардың қызы Фатима.

 Енді әлгі дауыстің қиналып, абыржып шыққаны байқалады:

 - Айналайын, қызым! Сен ренжімеші! Бірақ отағасының рұқсаты болмаса, сені үйге кіргізе алмаймын. Мен бүгін рұқсат сұрап қояйын. Сен ертең келе аласың ба?

 Бұл Фатима үшін күтпеген жағдай еді. Алғашқыда сасып қалады. Бірақ кері қайтып кетеді. Ертеңіне әлгі қақпаны тағы барып ұрады. Қасына сүйікті ұлдары Хасан мен Хусейнді ертіп алады. Әлгі әйел тағы да жөн сұрайды:

- Бұл кім, қасыңдағы кімдер?

- Бұл мен ғой, Фатима. Қасымдағы балаларым.

- Жаным, Фатима, айыпқа бұйырмашы. Мен күйеуімнен тек сен үшін рұқсат сұрап едім. Балаларың келетінін білмедім ғой. Тағы да ертең келесің бе? Рұқсат алып қояйын.

 Фатима кері қайтады. Күн өткен сайын таң қалысы артып жатыр. Ертесіне тағы келеді.

 - Бұл кім?

 - Фатима.

 Сол кезде есік ашылады. Міне, қызық, кешеден бері дауысына қарап, үлкен апа шығар деп жүргені жап-жас, әп-әдемі келіншек екен. Фатима таң қалып сұрайды:

- Менімен сөйлесіп жүрген апа қайда?

 Әлгі әйел ауызындағы тасты шығарып алып тастады да: «Ол мен ғой.» - деді.

- Ұртыңызға неге тас салып алғансыз?

- Жолдан әрі-бері өтушілер болып қалып, дауысыма шаһуаттанып, менің себебімнен күнәлі болып қалмасын деген ниетім еді.

 Міне, жұмаққа алғаш кіретін әйел осындай болған екен. Осы оқиғадан үлгі алуымыз керек-ақ. Күйеуіне соншалықты адал, діндар әйел. Сондай-ақ әйел кісінің даусының өзі кейде адамды күнәға батырып қоюы ықтимал»...

  Інжу ғибратты әңгімеден жан дүниесімен тебіреніп, терең толғаныстың иірімінде ойға шомып отырып қалды. «Рухани байлық» сөз тіркесінің нақты мағынасын енді түсінді. Сұлу тұлғасын ғана емес, дауысын да бүркемелеп, өзін ғана емес өзгені де күнәдан аулақ сақтаған әйелдің естілігіне таң қалды. Бір жұма уағызынан қаншама ғибрат алды. Бұдан былай Інжу де осы әйелдің жолын ұстамаққа бекінді. Ол енді басқалар сияқты беті-басын бояп, шашын арқасына жайып, бұтына тылтитып ласин, жылтыратып санын көрсетіп жүретін жыртық-жыртық шалбар кимейді. Көзін ғана сұғындырмай, қолыңда жүгіртетін арсыздардың арам пиығылдарына тыйым салады. Күйек тілеген тотықұстай таранбайды. Өйткені бүгінгі уағыздан түйгені – рухани бай адамның сенімі берік, мұқалмас берен қорған. Жұтаң пенделердің көкірегі қуыс, пайымы үстірт, жүрегі бос. Иен жерді жын-сайтанның мекен ететіні белгілі.  Сананы сан-саққа жүгіртіп, тура жолдан тайдырып жатқан солар...

 Дарқан мұны күтіп, имаммен сұхбаттасып тұр екен. Інжу орнына көтеріліп, сыртқа шыққан мезет Дарқан қасына жетіп келді. Имам жымиып басын шайқады. Інжу жол үстінде келе жатып Дарқаннан киім жөнінде сұрады. Ол  «“Нұр” сүресінің 31-ші аятында: «Әйелдер бас орамалдарын жағаларының үстіне дейін жапсын!» делінген. Егер әйелдер тек паранжа кигендерінде бас орамалдарын жағаларының үстіне дейін, яғни мойындарымен қосып жабу туралы сөз қозғалмаған. Әйелдерге дене пішіндерін әурет жерлерінің түрі және түсін белгілі етпейтіндей, тартып тұрмайтын кез келген киіммен жабыну, киіну, орану парыз. Дініміз әйелдердің әурет жерлерін жабуын бұйырды, бірақ белгілі бір киім түрін білдірмеді. Бұл дәлелдердің барлығы әйелдердің паранжа киюі керек еместігін көрсетуде. Сүйікті пайғамбарымыздың әйелдерінің де, сахабалардың әйелдерінің де паранжа кигендеріне қатысты ешқандай дәлел жоқ. Олай болса паранжа күллі мұсылман әлемінің емес, тек бір екі елдің салты ғана», - деп жауап берген. Содан кейін-ақ Інжу көп сөйлемеуге, орынсыз күлуге, кісінің жүзіне тік қарамауға белін бекем буған.

 Бірақ бүгінгі оқиға... Есіне түссе жаны түршігіп, Дан құрсын, ата-анасы ертеңгі күнінен үміт күтіп, аялап-мәпелеп отырған Маржанның теріс қылығы шымбайына батып кетті. Торын жайған қарақұрттың ауына өзі барып түспекке дайын тұрған қарекетіне жасар айланың жоқтығынан, он екіде бір гүлі ашылмаған, жүрегін жаулап алған шаһуат сезімнің құрсауында елірген құрбысының алдындағы әлсіздігінен қол жұмсауына тура келді.

  Пәк сәби дәм тататын жерге лас қолын тығып лаңдады. Сайтанның дертжұқпасын жағып кетті. Ол жұқпадан Маржан айыға ала ма? Жоқ әлде есірткеге тәуелді болған нашақордай ұдайы аңсаумен жүре ме? Елітіп жүріп, бір жаны ашамастың қарамағына түсіп, өмірін қор қыла ма! Әлі сана-сезімі жетіліп біте қоймаған, рухани танымы бекімеген жас, тән қалауының шырмауында шалыс басып, түзуден қиыс кетуі ықтимал. Інжудің ұйқысын қашырып мазалаған осы ой еді.

34

   Талықсып ұйықтап кеткен Інжу «Тұр, тұр, шалжиып нағып жатсың» деген сөздерден шошынып оянды. Ебіл-дебіл орнынан ұшып тұрды. Қап-қара бөлмеден басқа маңайынан ешкімді көрмеді, тек жанып-өшіп оятқышын шырылдатқан ұялысы болмаса. Оны бас салып жылдам өшіре салды. Анасы оянып кетсе, мұнымен қоса шығып, сиыр сауамын деп жағаласады. Сондықтан ерте тұрып, шаруаны тез бітіруге асығады.

  Апыл-ғұпыл киімін кие бастады. Айтқандай-ақ шешесі оянып кетіпті. Дәліздің шамын жағып, есіктен сығалап қарады. – Қайда барасың? – деп таңырқай сұрады.  – Сиыр сауамын.  Шешесі жымиып күліп: - Сағатқа қарашы, - деді. Қараса, сағат бес жарым. Сауынға дейін табандатқан үш сағат бар екен. – Кел, жата ғой, - деді еміреніп, киімдерін шешіндіріп, орнына жатқызып, көрпесін бүркемелеп, бетінен сүйді.

– Бесік жырын айтып берейін бе? Көзін тарс жұмып алған Інжу басын изеді.

 

Әй — әй асыл бөпешім, жүргенің қандай

Қөз қуаныш көкешім, күлгенің балдай.

Аспандағы ай-күнді, аламын дейсің,

Асқар таудай айбынды, боламын дейсің.

 

Әлди әлди, ақ бөпем,

Сендей сәби жоқ, көкем,

Анам-әкем дейсің бе,

Тілің тәтті екен.

 

Әлди әлди, ақ еркем,

Бой жетерсің сен, ертең,

Мақтанышы еліңнің,

Өзің бол еркем.

 

Баурап тәтті қылығың, ән салды жаным,

Менің мөлдір тұнығым, кәусәр бұлағым.

Жайнап өскен жан гүлім, сенсің-ау жаным,

Қадамыңа ақ нұры, жаусын алланың.

 

Әлди әлди, ақ бөпем,

Сендей сәби жоқ, көкем,

Анам-әкем дейсің бе,

Тілің тәтті екен.

 

Әлди әлди, ақ еркем,

Бой жетерсің сен, ертең,

Мақтанышы еліңнің,

Өзің бол еркем.

 

 Пысылдап ұйықтап кеткен қызының мойнынан мейірлене иіскеген Сәуле тұла бойы иіп, құшырланып қайта иіскеді. Бой жетіп қалға қыздың бойынан сәби иісінің шығып тұрғанына таң қалды. Құшырым өтіп кетпесін деп «суф, суф, суф» түкіріп қойды. Адам баласына қиянаты жоқ пәк жандардан хош иіс шығып тұрады дегенге сенбеуші еді, рас екен.

 Жатын орнына келгенде Ақжігіт «не болды» деп сұрады. – Жауһарым оянып кетіпті. Жүрегіне ыстық сезім құйылып «Асылым!» деп Ақжігіт құшағын айқара ашты. Сәуле іркілмей құшаққа ене берді. Екеуінің тәндері қабысып бір тұлғаға айналды. Сүйіспеншілікке толы тәндер махаббат бесігінде табысып, өзіне ғана аян тілде сезім күйін шертіп жатты.

35

 Балбырап ұйықтап жатқан Інжуді терезенің тықылы оятты. Дарқан екенін білді. Демалыс күндері басталғандықтан босаңсыған болар, бірақ мал үшін демалыс жоқ. Оларды сауып өріске шығару керек. Уақытында айдамаса пада кетіп қалады. Ұшып тұрған Інжу апыл-ғұпыл киініп сыртқа шықты. Аппақ қарға күн шағылысып, әрбір түйіршігі күміс сәуле шашып көзге шағылысады. Таңғы аяз демін баспай, қайта күшейіп, бет қарып тұр. Інжу мал қораға қарай жүрді. Жабық қораның алдында тұрған Дарқанның жүзіне қарамай бас изеп, сауынға кірісті. Қораның іші жылы дегенмен аңғал-саңғал терезелерден ескен азынақ екі бүйірін тесіп барады. Отырған орындығы да тастай, астынан сызы өтіп барады. Бірақ оны елейтін Інжу емес, бір тостақ жемін жеп біткенше сауып бітпесе, сарғасқа сиырдың сарт еткізіп бір тебетіні аян. Қолының талғанына қарамай зыпылдатады кеп.

  Тілі сөзден үзілмейтін Дарқан бүгін үнсіз. Бір орнында тұра алмай, екі аяғына кезек мінеді. Шыдай алмай ары-бері жүреді. «Жігіт емес пе, болар-болмас аязға төзімділік танытпай ма, сиырмен қосылып пыс-пыс етіп мазаны алды-ау» деп Інжу іштей ызаланып Дарқанға көзін ата қарайды. Бірақ көріп тұрған ол жоқ, теріс қарап тұр. Келесі сиырға ауысып отырар мезетте, болдың ба деп қарағанда жүзіне көзі түсіп кетті. Сол жақ көзінің қабағының жаны көгеріпті. Бір қолымен ішіп басып алғанын  байқатпағансып екінші қолымен  иегін сипап тұр. Інжу қорадан шыққанда Дарқан күнделікті ісін атқармақ боп, сиырларға қарай жүргенде, аяқтарын сүйрете басып ілби әрең қозғалды. Қозғалғанда да май құйылмаған құлтемірлердей ауыр, ауырсынып қимылдайтын сияқты. Інжу оның иығынан тартып тоқтатып алып:

 - Дан оңбаған ба?

 - Жоқ.

 - Өтірік айтуға болмайтынын білесің ғой?

 - Үйге бар, жаурайсың, мен малды босатып шығарамын.

 Інжу Дарқанның кесіп айтқан қатқыл сөзіне тоқтап, бірақ үйге кірмей сиырларды шешуге кірісті. Қолына таяқ алып, бәрін қуалап сыртқа айдап шықты. Келе жатқан падаға қосып жіберді. Дарқан үн-түнсіз үйіне қарай кетті.

 Сырт шаруасын бітіріп үйге кірсе, әкесі от жағып қойыпты. Шешесі шай жасап жүр. Інжу жуынып келіп дастарқанға отырды. Шәйнекті қолына ала беріп еді, анасы мен құямын деп, оны сырғытып жоғары отырғызды.

- Жылдамдатыңдар, қазір Ұлықбек дос келеді. Ұйықтап қаппыз ғой.

- Жайша ма?

- Кеше айтпап па едім?

- Жооқ.

- Әәә, тосынсый екен ғой.

- Не ол?

- Қандай?

- Айтсаңшы.

- Шуылдамаңдар, шайларыңды тез-тез ішіңдер.

 Шуылдасып отырғандарында Ұлықбек кіріп келді.

- Ассалаумаликум, дайынсыңдар ма?

- Отыр, шай іш, асыққан шайтанның ісі.

 Ұлықбек асыққанын білдіріп, үстелдің шетіне отыра қалды. Шай құя беріп Сәуле «оох» лоқсып жіберді. – Мама, не болды?! - деп Інжу орнынан ұшып тұрды. Сәуле сыртқа қарай ұша жөнелді. Інжу артынан кетті. Қайтып оралған соң, Ұлықбек оған қарап қалжыңдап:

- «Кәртейгенде» жорға шығарып, «буаз» болып қалғансың ба?

- Кетші-ай, баланың көзінше оттап!

- Уай, несі айып, қуаныш емес пе... Ақа, жолашар жасамайсың ба?

- Жақсы сөз жанға қуат, жасаймын! Ұл туса атын Ұлықбек қоямын, кіндік әкесі өзің боласың.

- Онда мен жуамын, жандосым үшін, болашақ балам үшін ақ түйенің қарны неғып жарылмайды!

- Бірақ келген соң болсын. Аман-есен көлігімізді әкеліп алайық.

- Онда жылдамдатайық.

 Мына сөзқағысқа қарап, нағашы ағасы айтқан «Алла иіп әкеңе тұяқ, шешеңе перзент, саған іні сыйлар» деген болжамның шындыққа айналғанына шаттанып, Інжу «Әлхамдлиллах!» деп күбірлеп, анасының мойнынан құшақтап сүйіп-сүйіп алды. «Жауһарым» деп анасы да қарымтасы берді. – «Мама» деп айтқан тіліңнен айналдым! – қайтара сүйіп-сүйіп алды. Байқаусызда тосынсыйдың да сыры ашылып қалды. Ұлықбектің айтуынша қалада бір адам Камазға жеңіл көлігін айырбастамақ екен. Әкесі көрмек, келіспек, алмақ. Жолай базарға соғып, жаңа жылға дастарқан алмақ. Ұлықбек мына жақсылық хабарды достарына жаяры анық, демек жаңа жылмен қатар «құрсақшашу» да жасалмақ, көлік те жуылмақ. Әкесі жөндеп-оңдап қойған Камазына мінді, Сәуле мен Інжу қасына отырып алды. Ұлықбектің айтқанына көнбеді. «Ой, сендер де бір, жеп қоятындай қашқандарың не? Мейлі, тегі жақсы болды, жолдан клиент алып, ақша табамын» деп жүріп кетті.

  Келісім ойдағыдай өтті. Шартпа-шұрт қол алысып екі көлік ауыстырылды, «игілікке жаратылсын» деп игі тілектер айтылып, екі жаққа тарасты.

    Ұлықбек қайтар жолда екі адам алды. Кемпір мен кішкентай бала. Кейуананың сөйлеуге де шамасы жоқ, аяғын әрең алып жүр. «Қайда барасыздар?» деген сұраққа қасындағы бала «Ынтымаққа, Інжуге» деп жауап берді. «Ынтымақ» өз аулы болған соң, басын изеп мінгізіп алды. Олар отырысымен көліктің ішін жағымсыз иіс алып кетті. Базардан әрең тауып алған екі жолаушысы мұрындарын тыржитып, наразылықтарын айтып, кейістік білдірді. Ұлықбек үндемеді. Өзі де осындай сырқат ана баққан, әлгілер ызыңдай берген зекіп тастады, «түсіріп кетемін» деп қорқытты. Ұлықбектің шорт мінезін білетін олар жым болды. Қарт ана аяз өтіп әбден тоңған болған болу керек, жылынған соң жөнін айтты. Ақжігіт күйеу баласы, Інжу Жауһар қызынан қалған жалғыз тұяқ, мына тірі жетім, жолы болмаған ұлының әйелі тастап кеткен немересі Нариман екенін түсіндірді.  Ұлықбек тосынсый болсын деп Ақан досына хабарламады. Бірақ жүрегінде бір алаң пайда болды. Сәуле бұған қалай қарайды, өзінен басқаны мойындамайтын өзімшіл, үш-ақ адам тұрып, тап-тұйнақтылық пен тілмен жалағандай тазалаққа үйренген кірпияз әйел, шаңырағында енді-енді береке орнап келе жатқанда, бүлік шығара ма? Өмірінде бала көтеріп көрмеген әйелдің ағзасындағы өзгерістер, соған байланысты жүктілік синдромы деген бар? Әйелі үшінші қызына жүкті болғанда қызғанышы асқынып, үйіне мұның күллі туған-туыстарын кіргізбей қойғаны бар. Дәл осының Светаның басында болмасына кім кепіл? Арағын қойып, тірлігі алға басып, адам қатарына қосылып келе жатқан ақпейіл дарқан досы тағы да қиыншылыққа ұрынып, қайтадан ішіп кете ме? 

36

  Азан дауысын естіген Дан шырт ұйқыдан сарт оянып, орнынан ұшып тұрды. Не болғанын түсінбей мәңгіріп тұрып қалды. Дарқанның дауыс ырғағымен созылта айтқан «Лә иллаһа иллаллаһ» құлағына жеткенде дереу есін жинап алды. Бірден жұдырығы түйіліп кетті. «Көрсетемін саған!» деп тістене күбірледі.

 Сүлгіні алып себезгіге кірді. Тетігін ашып, бөлменің салқындығына қарамай, тастай судың астында аласұрған ойдың сапырылысында қалшиып тұра берді. Сұстанған жүзінде сәуленің бір түйір ұшқыны жоқ. Түнеріп алған бедір бетіне бір мезет қан жүгіргендей болды. Түннің алғашқы жұлдызы жанғандай реңінде шуақтың алғашқы сызаты белгі бере бастады.

 Ол душтан атып шықты. Қалш-қалш етіп, тісі-тісіне тимей cақылдап, секіріп жүріп сүртінді. Ментаген сықпасымен тісін жуды. Дайын тұрған таңғы асын ішіп алып, диванға отырып сәл сәт ойға шомды. Соткасын алып Каринаға қоңырау шалды. Бірақ ол алмады. Өз діттегеніне жетпей қоймайтын, қайта шалды. Үш-төрт қайтара шала отырып қызды оятып алды. Ол назарылығын білдіремін дегенше бір сағатта киініп дайын отыр деп бұйырды. Ұялыны орнына қойып, флосс тіс жібімен тісін тазалауға кірісті. Одан кейін жуып, шайғышпен шайып, бетін түзеуге кірісті.

Айтқан уақытта Каринаның үйінің алдына келіп тоқтады. Ол күтіп тұр екен. Күллі макияжын жасап үлгеріпті. Жүзі көкнәр қызғалдағындай үлбіреп, шанель жұпары аңқып тұр. Сүйе ме деп жігітке қарай итініп еді, ол елемеді. Көлік жүріп кетті. Қалаға қарай бет алды.

- Не болды с утра? Тәтті ұйқыны бұзып...

- Дела надо заканчивать.

- Что за дела?

- Инжи с мачехой

- А...

- Завтра новый год, подарки надо подобрать и ....

- И мне тоже ...

- Саған не үшін?

- Жаңа жыл ғой ...

- А-а

- Көреміз.

 Карина үндемей қалды. Аузы бұртиып, томсырайып отыр. Етене жақындасқан қатынаста бір сезім болу керек қой деп ойлайды. Бірақ оны елең қылып отырған Дан жоқ. Бұл қоңырау шала салысымен атып тұрып, суды жылытып жібереп, ас бөлмеде отырғанның бәрін шығарып жіберіп, хоштандыратын заттар салып, жуынып алды. Шашын үлгіледі. Бетін сылап, турасын айтқанда, башпайының тырнағанан бастап, басындағы шашының соңғы ұшына дейін сәндегенін қайтеді, мына соқыр көретін емес. Әйткенмен ілбісіндей ұтқыр, керім Жасминнің қасында бұл кііім!

 Жасмин есіне түскенде, Карина тәубесіне келіп, түзеліп отырды. Жауған қардан жол көміліп қалған екен, бірақ ауыр көліктер жол салып тастапты. Әйткенмен табаны көк мұз. Жолға шығатын күн емес екен. Көліктің доңғалағы қыстық болса да тайғанап келеді. Бірен-саран болса да қарсы келіп қалған көліктер сырғақтап тақалып-ақ өтеді. Көзі шарасынан шыққан Карина алғашқыда қарап отырса, енді тас қып жұмып алған. Дан да абдырып, рөлге қарманып алған, қары талып, саусақтары қарысып қалды. Тепкіні басқан сайын зымыранша зуылдай жөнелетін «япошка» шатқаяқтап, митың ешекке айналды.  Бір сағаттық жерге, екі сағаттың көлемінде әрең жетті. Ол аздай асығыс жеткенде қалада кептеліс, көп дүкендер ашыла қоймапты, бірақ асханалар қызу жұмыс үстінде. Дан солардың біріне келіп тоқтады. Рөлмен алысамын деп әбден шаршапты, қарны да ашыпты, мәзірін жалаңдатып жетіп келген даяшыға еш тежеусіз тапсырыс беріп жіберді. Карина Данға таңырқай қарады. Бұрын мәзірге кірпияздана қарап отырушы еді. Бүгін мәзірмен жылдам жүгіріп өтіп, «гуру лағман» деп дауыстап жіберді. Каринаға қараған да жоқ. Қырсығып қалған ол даяшыға «ештеменің қажеті жоқ» деп қазықтай қақшиды да қалды.

 Тамаққа тойған Дан Каринаға көз алмай тесіліп біраз отырды. Сұсты жанарында мейірімнің ұшқыны жоқ. Қазір шабатын ілбісіндей суық, зәрлі, қатыгез. Бас салса талғамай бір-ақ жұтатын айдаһардай алпауыт. Карина қипыжықтап орнында отыра алмай кетті. Көзін төмен салып үнсіз.  Жасқаншақтай қайта қарады. Со қалпы, қадалған назар қалт етпеген. Қыздың үрейі ұшып кетті. Мына қаныпезер бір жерге апарып өлтіріп тастайтындай көрінді. Ойы сан-саққа жорыды. Енді бір қарағанда Дан есіктен аузында бұған жүр деп тұр екен.

 Ызаланған Карина сыйлық аларда бәрі керісінше жасады. Дан Інжудің шешесіне мерекеге байланысты қымбат көйлек алайын деп еді, түсі нашар орамал алғызды. Жаңа жыл ғой деп торт, Інжу басқаны қаламайды деп гүл алғызды. Үш талы жетеді дегеніне қарамай, гүл мәнісін жетік білетін Дан, «Сезім жалыны» деген мағына беретін жиырма бес дана алқызыл раушангүлін алды. Қажеттілерін алып болған соң кері қайтты. Өстіп жүріп қыстың күрмеуге келмейтін қысқа күні екінтіге таяп калып еді.

37

 Ауылға жеткен бойы Інжудің үйіне келіп бір-ақ тоқтады. Каринаға алға түс деп белгі берді де, кібіртіктей басқан оны итере аулаға енді. Есікті қаққанмен, жауабын алмай кіріп кетті. Ауызтамға аяқкиімін шешіп, келесі бөлмеге өтті. Дәрет шелегінде отырған кемпірмен көзі ұшырасып қалып, Дан не істерін білмей абдырап тұрып қалды. Кірпияз жігіттің мұрнына әжетхананың иісі келіп, гүлмен ауызын бүркеді. Артынан итере-митере кірген Карина жағдайды бірден түсініп: - Інжу қайда, - деп сұрап қалды. Сөйткенше ар жағынан Інжу жүгіріп шықты, ілесе-мілесе кішкентай бала, шешесі шықты. Соңында әкесі келді. 

  - Жаңа жылмен құттықтайын деп.. Мынау саған, мынау мачеха... мамаңа, - сөзінен жаңылысып Дан сыйлықтарын ұсынды. «Айттым ғой!» деп баж ете қалды шеше. Сол кезде кемпірге де тіл бітті: - Ер емес, есер жігіт екенсің. Шық!

  Дан әмірге бой ұсынбады. Қолындағыларды үстел үстіне қоя салып, мұрнын қолымен басып, Інжуге қарап: - Выйди, срочно, сенде жұмысым бар, - деп бұрылды да сыртқа бет алды, қайта бұрылып, - Маржа туралы.

 Маржанның атын естігенде Інжу қарап тұра алмады. Әжесін қимаса да, «тез келемін» деген оймен әкесінің тонын іле салып, сыртқа шықты. Дан көлігінің қасында тұр екен. Карина жоқ, кетіп қалған болу керек. Көліктің алдыңғы есігін ашып, «мін» деп иіліп ізет жасады. Інжу басын шайқады. Дан есікті сарт жапты.

 – Өз обалың өзіңе. Если Маржой что-то случится, менен көрме.

 – Менің әжеммен атқаратын тығыз шаруам бар еді, келесі жолы болмай ма?

 – Жоқ! 

 - Жұмысың тез аяқтала ма?

 - Ол саған байланысты.

 – Қайда барамыз?

 – Менің квартирама.

 – Бармаймын.

 – Күн суық болған соң айтып тұрмын.

 – Осы көліктің іші жетеді.

 – Онда отойдем. Қорықпа, я не черт, сөзімде тұрамын, тиіспеймін. По поводу тебя у меня особый дела, надо решить.

 – Онда жаңа жылдық шыршаның қасына барайық.

 – Давай.

 Інжу үндемей кеп көліктің артқы орындығына отырды.  Көлік клубтың алдына тоқтады. Екеуі ауласына енді. Шыршаның әр түспен тізбектелген шамдары жалт-жұлт жанып тұр. Ұшар басына қойылған елтаңбаның қыран құсы қанат қағып тұр. Аппақ жарығы жан-жағына сәулесін төгіп нұрландырады. Шыршаның алдын орай ел қуанышын күзеткен Тәуелсіздік батырының ескерткіші сұстанады. Ол Данға күдіктене қарайтын сияқты. Інжу ескерткіштің аясына келіп тоқтап, айта бер дегендей Данға қарады. Ол неден бастарын білмей, «мына ескерткіш кімдікі» деп сұрай салды.

 - Соны да білмейсің бе, ә-ә ұмытыппын ғой, сенде отан жоқ екен ғой, отаны жоқтар үшін ол үшін опат болған батыр да жоқ. Сен әлемнің қожасы, күллі жердің егесі екенсің ғой. Сенде Отан жоқ, қай жерді бассаң сол жер сенің меншігің, «отан» термині сендерге жүрмейтінін ұмытып кетіппін, кешіріңіз, мырзам!. 

 - «Отан» деген сөздермен мен обеременять ете бермеші. Мен адаммын. Ал бог создал землю для человека. Демек ешқандай ұлт, мемлекет жоқ. Тек адам бар, жер бар. Жаһандану деген осы. Тіл ортақ, отан ортақ болу керек. Түсіндің бе!? Маған сен керексің. Сен мен туралы жаман ойламай-ақ қой. Біздің арманымыз да имани. Меккеден вилла сатып алу, қағбаның өзіне барып құлшылық жасау. Оған зор қаражат керек. Әйтпесе, маған қаланың қыздары да жетеді. Кір сасыған қыздарыңды қайтемін. Тазаланып жуынбай, шайына салып, бетіне кремін жаға салып, духиін шаша салып жүре беретін. Жақындасаң денесінен арзанқол духи мен кірдің иісі араласып жағымсыз иіс шығарып тұратын. Соларды айтасың ба. Маған бар жағынан идеальный қаланың қыздары жетеді. Олар за мной табуном ходить. Сендер сияқты обычай, салт-дәстүр ме, әдет-ғұрып па, әлде артқа қалған шариғаттың құрсауында қамалып, жалған жасанды моральдың жетегінде артта қалған чмочкаларыңның маған бір тиынға да қажеті жоқ.

  - Сонда Аллаға құлшылық жасау үшін, адам өмірін қорлап, абыройын таптау керек пе? Оны Хақ Тағала құптай қояр ма екен?! Әйтсе де, мен де өзің айтқан «чмочкалардың» біреуімін ғой. Неге мені...

 -  Иә, сен де солардың біреуісің, бірақ бәске тігілгенсің. Сен үшін миллиондаған ақша тігілген, оның он проценті менікі. Сондықтан сен қармақтасың. Құтыла алмайсың.

- Кім олар мені көріп-білмей бәске тігіп жүрген.

- Ол сенің ауылдасың

- Кім

- Олар.....

 -  Жүр, көлікке отыр, әңгіме ұзақ, жаурайсың.

 -  Қысқа айт,  әжем күтіп қалды.

 –  Мақұл.

38

  Аюке мен Бексырттан бұрыннан-ақ серіктес болатын. Бексырттан Ауылдан «тауар» апарып өткізетін. Аюкеге бұл жолғы тауардан қомақты табыс түсетін бағамдаған соң, серіктесін вип-ресторанға шақырды. Виптің ерекшелігі тамағында емес, онда қызмет жасайтын он алты жастан аспаған қазақ қыздары болатын.

 Екі қожайын тамақ ішіп болған соң, Аюке саусақтарын шырт еткізді. Дайындап қойған  өрімдей жас қызбала бұрандай басып келіп Бексырттанның қасына отырмақ болады. Ол қызды жай ғана итеріп, «бара ғой» деп ишара жасайды. Бірақ қыз кетпейді. Көзінде жас мөлтілдеп біресе Аюкеге, жалбарына Бексырттанға қарайды. «Сырттан» қалтасынан бір бума ақша алып шығып, Аюкенің алдына тастай салады. «Жібер, қызды!» деп әмір береді. Аюке қолын көтеріп рұқсатын береді. Қызға ызбарлана қарайды.

 – Сырттаным-ау, бұның не, әлде белден қалғансың ба?

 – Жоқ! Мен Қазақтың баласымен! Анау өрімдей қазақтың қызы! Менің кенже қызыммен жасты. Қызым әке деп еркелеп келіп мойныма асылады. Кейде түсінен шошынғанда, бойжеткен жасына қарамай,  қасыма келіп жатып алады. Мен оның шашын аялай сипап, «үлбіреген бейкүнә гүлімді күллі бәле-жаладан сақта» деп Аллаға сыйынамын. Сөйтіп жүріп мына қызбен... Астафируллах! Астафируллах! Астафируллах! Аллам өзін кешіре гөр! Уа, жақсылықтарын есепсіз берген, Раббым, әрбір пайдасыз нәрсені менен алыстат, әрбір бос жанға жайсыздық беретін ойларға санамды жабық ет! Уа, Аюке, жасың үлкен болса да айтайын, мұндай зор күнәлі іс туралы айту емес, ойлаудың өзі алапат күнә емес пе?! Қызымның бетіне қалай қараймын!?

  – Әй, Сырттаным-ау, мен сені дүрегей ме десем, әлі күшік екенсің ғой, ха-ха-ха! Бұл қыздарды ешкім зорлаап әкелмейді, өздері келеді, солай емес пе , Дәулетбақ?

  – Солай, солай! Ақша қуған жастарға қазір оңай табыс керек. Ақша десе жанын сататын уақыт қой. Бір күн жатып шығып, қомақты табыс табудан кім қашсын.

 – Олай демеңіз, қария. Таудан құлап аққан өзендей асты-үстіне сапырылысқан адуын өмірге, көзі ашылмаған күшіктей жаңа басқан жас, тірліктің ақ-қарасын аңғармай асығыс жаңылыс қадам жасар, бірақ сол қадамын бастырмай, алабұртқан сезімнің жетегіне жібермей, ақылмен тежеп ұстайтын біздер емес пе, айтыңызшы жөнін, ақсақал? Кенесары хан «Қоқан бектері есіргені сонша, жас пәк қыздарымызды күнде алымға алып жанымызда қорлауда» деген сөзді естіп, сонау Көкшетау өңірінен үш күнде жетіп келіп, «келе алмайды» деп жайбарақат отырған қоқандықтардың күл-талқаннын шығарып, адамдықтан аттап кеткендердің жанын тіл қаттырмай алған.

 Ол шымбайға бататын ойлы жанарымен Дәулеткбаққа өңменінен өте қарады. Ол қипыжықтап, көзін ары ала қашып, бері ала қашып, Аюкеге жалтаңдады.

 – Менің ауылымның жастары бұлай тәрбиеленбеген. Бәйшешектей бой көтерген балауса қызбалаға қамқорлықпен қарайды. Шет басып бара жатса, қақпайлап ортаға қосады. Ең кедей деген жарлының қызы да мұндай күнәсі батпан тозақы күнәға қадам баспайды...

  – Тоқта! – деп шыр ете қалды осы жерде Дәулетбақ, - Сенің айтқаныңның бәрі ақиқат болса, онда бәс. Онда сол қызыңды бақылауға алып...

  – Сабыр ет, - деді Аюке Дәулетбаққа қарап, - Қандай бәс жайын айтпақ болып отырсың. Асығыстық танытып жатқан жоқсың ба? Құдай қараған, имани жолмен жүрген адам, ертең ұтылып, барыңнан қағылып қалма.

 Осы кез Дәулетбақ Аюкені оңаша сөйлесуге шақырды. Ол Рус Лиді ертіп сұхбат бөлмесіне қарай жүрді.

 – Мынауың Сырттан ба, суайттан ба, білмеймін, мұның ауылының бір мұғалімі менің курстасым. Өткенде хабарласып, осы жаққа бір қызды колледжге орналастырып беруді сұранған. Ол мектеп қабырғасында жүріп екіқабат болып қалыпты. «Бізден кеткен, колледжде оқиды» деп құтылмақтың әрекетін жасаған. Ал мынау бізге ертегі айтып, көпе-көрнеу құлақтан теуіп отыр. Қарап отырсам, жері бай, тауары құнды екен.  Бәспен ұтып, сол байлықты қолымызға алмаймыз ба? Бәске, Мырза, Сіз осы мейрамхананы тігіңіз, ол жүргізіп отырған бизнесін тіксін.

 Аюке қайтып келген бәстің осы шартын Бексырттанға ұсында. Бексырттан тартынған жоқ, келісті, тіпті келетін адамға жан-жақты көмек пен қамқорлық жасайтынын жеткізді.

39

Міне осы бәстің арқасында мен осы жерге «командирокаға» келдім. Ал бәске қойылған қыз сенсің. Барлық атрибутың келіп тұр. «Неге мен?» деген сұрақтың жауабы осы.

 – Білесің бе, Дан, мен сені аяп тұрмын. Мен өлсем де сенің айтқаныңа көнбеймін. Сен шарт туралы айтсаң да, айтпасаң да өз дегенімнен қайтпас едім.

 – Мақұл, сенің дегенің болсын. Бірақ менің кличкамды білесің бе, қыздар фаллосымды «Хан Султан» дәріптейді, өзімді «Золотой Жиголо» деп жоғары бағалайды. Қаланың қыздарын білесің, жан-жақты дамыған сұңғыла, ал сенің ауылының қыздары ше, әдемі жігіт көрсе күйлеген танадай көздерін сүзе қалады. Олар менің көзімді бір қысқанымнан қалмайды. Кімнен бастайын, жақсы жігіт көрсе шашын жайып,  кірпіктерін қайшылап жәутең қағатын Маржаннан ба?

 Інжу ойланып қалды. Маржанның түнгі қылықтары көз алдынан сырғып өтті. Қанша есер болса да Данның сөзінің жаны бар еді. 

- Айтқаныңа көнемін, бірақ Маржанға тиіспейсің.

- Мен оған тиіспеймін ғой, ол ғой маған клеется етіп жүрген. Өз ортамда мен мачомын, өзгелерге дәлелдеу үшін әр жетістігімді тізіп жүремін. Маржан да пәк қыздың бірі. Пәктігін алып тізімімді көбейтіп, нәтижеме нәтиже қоспаймын ба?

- Оны қалай дәлелдейсің.

- Камера орнатып қойғанмын, сонымен фиксировать етемін.

- Хайуан! Не деген жексұрын едің. Алла сенің сымбатыңды келістіріп-ақ берген, ал сен зинаңа жұмсайсың. Мен сені аяймын. Алла бәрібір жазаңды береді.

- Сен, немене, Дарқан екеуің бейшара түрлеріңе қарамай аяғыш болып кеткенсіңдер. Сол Дарқаныңды итше тепкілеп жатқанда Алла неғып қорғап қалмады.

- Сен Дарқанды ... Жексұрындығыңа қарамай, нағыз жауыз екенсің ғой.

- Жауыз емеспін, мен адаммын. Адам болғанда да жай емес практичный, жаңа заманның талабына сай икемделген адаммын. Мен өзімнің дамуым үшін денсаулығымды как часы сартылдап тұратындай сау сақтауым керек. Әр орган өз қызметін уақтылы атқарып тұрса, ол қуатты болады, керісінше өз функциясын дұрыс атқармаса ауруға ұшырайды. Сол сияқты половой органдар да. Ол пісіп-жетілген соң өз қызметін атқару керек. Әйтпесе половой бессилие, фригидность пайда болады. Бұлар пайда болған соң полноценный өмір сүре алмайсың. Әрдайым комплексовать етіп жүресің. Ата-бабамыз да он үште отау иесі деп тегін тегін айтпаған. Олар келер ұрпақтың, геннің тазалығын, денінің саулығын ойлаған. Мен сол ата-баба жолымен жүремін. Ешкімнің қойнына жатпаған, бойында ешқандай вирус жоқ, анадан туғандай пәк қыздармен жатып қуат аламын. Бірақ бұдан олар кем болып қалмайды, менің бұла азығыммен қорланып, бет-аузы жылтырап шыға келеді.

 - Ал сенің вирусыңды қайтеміз?

 - Менде қандай вирус болсын, мен тек пәк қыздармен жатамын ғой. Оның үстіне сақтанамын. Таза спиртпен дезифекция жасаймын. Антивирусный таблеткалар ішемін. Турасын айтқанда менен жаманшылық көріп жатқан қыз жоқ. Өзі қалаған сымбатты жігіттің қойнына жатады, ағзаны әрлендіретін эффектісі бар спермамды қабылдап красаваға айналады.

- Оңбаған екенсің, Алла сені ол үшін жаратқан жоқ. Бірақ сен жаратқанның құдіретін білмейді екенсің. Әр адамның бойында өз тәнімен үйлес микроағзалар өмір сүреді. Олар ретсіз жыныстық қатынаста ағзадан ағзаға көше жүріп бойына мәлімметтер жинайды. Сол мәліметтерді сенің геніңе сіңіріп, тек тазалығы бұзылады. Ол ұрпаққа әсер етеді. Сенің туған ұлдың қызтеке, қыздың зинақор болуы заңдылық. Өйткені сен тектіліктің мәнін түсінбейсің. Тектілік деген қан тазалығы. Қан тазалығы деген тек заңды некеде жыныстық қатынасқа бару, риясыз таза ұрпақ өрбіту. Бұл үдерісті адам ойлап тапқан жоқ, бұл әлмисақтан бар.

 - Соқ өтірікті. Мифологияңды «чёрныйларға» айт. Ещё «Алла, Алла» деп даңғырлата бермеші. Мен Дарвинизм теориясын қолдаймын. Ол ақиқат. Фазандарға қарашы. Қораздары қандай сұлу, ал тауықтары... Бұл не үшін, бұл ұрпақ жалғастығы үшін. Аң екеш аң да ең сұлуын, ең күштісін таңдап алады. Өйткені жаратылыс тек сұлулар мен күштілердің өмір сүруін, ұрпақ шашуын қалайды. Маржан да мұны анық түсінеді. Сен жасыңа қарамай артта қалған моралисттік ұғымның құлысың. Сен жан-жағыңа көзіңді ашып қара, заман басқа, мақсат басқа, жаһандану. Күшті мен сымбатты ғана жер бетінің, өмірдің иесі болады, қалғандары өзінен-өзі жойылып кетеді. Ағзаңдағы процестерді тежеп ұстай берсең өзің-ақ тозып жоғаласың. Бұл эволюция заңы.

- Сондағы жетістігің гей, лесбиянка, голубойлар ма?

- Әркім өз қалауымен өмір сүреді. Организмнің қалағанын беру керек. Ол жаратылыс заңы.

- Ол жаратылыс заңы емес, әлсіздік. Алла адамды ер-әйел қып жаратты. Басқа жоқ. Демек әркім өз орнында жүру керек. «Мені сөйтіп жаратты» деп Аллаға шек келтірмей, хақ жолмен түзу өмір сүру керек. Санасыз деп саналатын құрт-құмырсқа, шыбын-шіркейде де мұндай қисынсыз қылмыс жоқ.

- Потому они безмозглый. Сен де сөйтіп жүре бер. Пока біз живой организмізге не керек, соны без отказна аламыз.

- Алладан қорықпайды екенсің. Бұл пиғылың үшін зауалын берері анық. Оған сен күмәнданбай-ақ қой. О дүние, тозақ жайында айтпай-ақ қояйын. Бірақ бұл пәнидің жалған, өлімнің ақиқат екенін ұмытпа. Қанша тыраштансаң да жастық шақтың өтетіні белгілі. Әспеттеп ұстаған ағзаң тозады. Мына пиғылыңа қарай егер Алла саған ұрпақ берсе, ол сендей болып, сен түкке жарамай қалған кезде, үйде сүйреп шығарып тастар. Болмаса жалғыз тұл қалып, өзің мақтанышпен жинаған дүниең өзіңе мола болып, сасып өлерсің. Сол кезде сенің андағы мақтаныш тұтқан сайманың да солып, қурап қалар. Байлық деген рухани байлық, жан дүниенің байлығы. Сен айтқан жол нағыз рақаттың жолы болса, адамның бәрі сен сияқтылардың артынан неге еріп кетпейді. Олар күрес іздеп өмірін тоздырғанша, нәпсі құлқынның жетегінде ләззат алып жүре бермей ме? Бірақ Алла салған адами жол бар. Ол ақиқат жолы. Олар соған сенеді. Соның жолында күреске түседі. Сөйтіп мына әлемді нәпсінің құлы етпей, дамудың жолына алып келіп, дүниені бүлінуден сақтайды. Міне сен сол адамдардың жетістігіне кенедей семіріп алып пәлсапа соғып тұрсың. Нәпсі мен құлқынның жолының бұрыстығын айқындап Алла қанша індет жіберді. Жөн-жосықсыз ішіп-жеуден семіздік пен диабет, алкоголизм, есірткінің лаңы, СПИД, сифлис, санай берейін бе? Уақытың өтеді, сенің де есірген «өзімің» осы жасанды калекалардың қатарына келіп қосылады.

 – Ол ертең ғой, мен бүгінмен өмір сүремін. Ескерткенің жақсы болды, сен айтқан әлсіздігімді сезінгенде у ішіп өле саламын, сондықтан сен мен үшін басыңды қатырмай-ақ қой.

 – Иә, Дан, сенің мына сөзіңді естіп, қарсы айтар еш дәлел таба алмай қалдым. Дәл осындай адамдар пайда болғанын ішім сезгенмен, мойындамай жүруші едім, сені тыңдап сылқ түстім. Мен қала қызы, дала қызы деп бөлмеймін. Екеуі де ертеңгі ана. Қайсысы болса да ар-абыройын нәпсіге сатып пәктігін ластаса, ол ертең қандай ана, қандай ене болмақ? Балаларын қалай тәрбиелейді? Міне осылай ертең селқос адамдар пайда болады. Олар үшін пәктіктің құны да қалмайды. Балаларын да соған тәрбиелейді. Қан бұзылады, тек бұзылады, ұлттық намыс жойылады, адами құндылықтар тозады. Еркек пен еркек, әйелмен әйел қосылу осыдан шығады.  Сондықтан әйел адам нәпсіге тежеу бола алмай әлсіздік танытқанда ер адам оған жібермей қорғау керек. Әйелдің өзін ғана емес, нәзіктікті сүйетін сезімін де қорғау қажет. Онда Жарас ағай айтқандай: «Әйел – сұлулықтың символы. Еркек сақтаушысы. Сақшысы күшті сұлулық өркендеп құлпырып жан-жағына нұрын шашады. Адам жүрегіне әсемдіктің дәнегін егеді. Жер дүние түрленіп жаннат бағына айналады.  Сақшысы әлсіз жерде зинақорлық белең алады. Жер беті жын-сайтанның мекені – тозаққа айналады». Сен бүгін жассың ғой, қуатың бойында күштісің, бірақ осы жастықтың соңында жүріп ертеңнің келгенін байқамай қаласың. Сол кезде у ішесің бе, жоқ ішуге қолың қалтырай ма,  оны құдай біледі, бірақ сол мезетте де сені қорғайтын  Отаның, ұлтың керек, өйткені түкке пайдаң жоқ сені ағылшының да, корейің де лақтырып жібереді. Сол кезде сен мынау кең байтақ далаңды туған жеріңнің қадір-қасиетін түсінесің, әзірше сайқал боп жүре бер. Мен бір күнмен сүрмеймін, менің ертеңім, болашағым бар. Менің өсіп-өнуіме, жетілуіме қуат беріп, қолтығымнан демеп тұратын ұлтым, отаным, мемлекетім бар. Мен олардың өркендеуіне аямай күшімді саламын. Сен жүре бер. Гуд бай.

  Мына сөздерді естіген Дан Інжуді аяп кетті. Көрген ешқандай жақсылығы жоқ. Зоршылық пен қоршылық. Өгей шеше қиянаты. Сонда да өз боғын қорғап мақтанады. Дұрыстап жуынбайтын да болар. Үстінің бәрі шайыр сасып кеткен шығар. Бетіне макияж да жасамай, кірден қара дақтар пайда болған. Көзге бадырайып көрініп тұр. Мұның қасында Жасмин қандай. Тап-таза, иісі благоухающая роза, кожа бархатная, аяғының башпайынан бастап сүйсе еш жиренбейсің. Райское наслаждение. Ал бұлар... Сексте де живой труп боп жата беретін шығар. Ол енді Інжуден жиреніп кеттті. Бексырттан кедейдің қызын бәске тіккенде осыны біліп тәуекелге барған шығар. Әйтпесе қыздың-қызын сындырған Хан Сұлтан мына қыздың алдында әбден жер болды-ау. Тұлға десе тұлғасы, тіл десе тілі бар, көлік анау, ақша десе «бабло полный карман» не керек енді. Қайдағы бір отанды айтып...

 – Сен бірнәрсені біл, Дан, арыстан мен гиена ешқашан да қосылмайды, осыны ұқ! Мен жаннатағы махаббатты қалаймын. Сен оны түсінбейтін шығарсың.

- Ол аурулардың махаббаты. Сен періште емесс....

 Осы кез «Інжу! Інжу!» деп көлікті тоқпақтаған дауыс шықты. Дан секіріп түсіп, жүгіріп барып әлгі адамды салып жіберді. Бірақ ол қорғанып үлгерді, қарсы әдіс жасап, балтырдан теуіп өтті. Дан тізерлеп отырып қалды. Жылдам көтерілемін деп ұшып тұрғанда, аяғының бүгі жазылмай омақаса құлады. Келесі соққыны тосып қарсы әрекет жасап еді...

 – Дарқан, сенбісің? – деген Інжудің дауысы шықты.

 – Неғып отырсың мұнда, жүр кеттік, - деп Дарқан Інжудің қолынан  тас берен ұстап алған, қасынан өтіп бара жатып, - Көмектесейін бе, өзің тұрасың ба?

– Кетші ей,  - деді бұл күңк етіп.

 Інжу Дарқанға сүйсіне қарап:

 - Күшті болып кетіпсің ғой, жебеушім!

- «Өзін қорғай алмайтындар бізден емес» деген пайғамбарымыз Мұхаммед салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм. Мен Тәуелсіз елімнің аясында еш алаңсыз жайбарақат өмір сүріппін. Бірақ олай болмайды екен. «Отаным!» деп оттан қаймықпай өртеніп кеткен ағаларымыздың алып берген еркіндігін кірпік қақпай қорғауымыз керек екен. Әйтпесе «азат өмір деген осы екен» деп ұлтын да, отанын да, тіпті өзінің кім екенін ұмытып, өзін-өзі сататындардың жетегінде кетіп, зор құрбандықпен келген Тәуелсіздігімізді оп-оңай қолдан бере салатын түріміз бар. Мен олай етпеймін, ондайға жол бермеймін, ұйықтап жүрген маубас күйімнен арылып, әр сәтімнің еркіндігі үшін талмай күресемін, сол үшін күшті боламын

 Інжу үндеген жоқ. Дарқанның аялы алақанының аясында тұрған қолын шығарып алып, алақанымен алақанын түйістіріп, саусақтарымен кең қамтып қолынан қатты қысып ұстап алды. Тиген жерін күйдірерлік бет қарыған аяздың қаһарына қарамай, туған елге деген  тұла бойларын кернеген ыстық махаббаттан от алып, аяқтарын алшаң басып келе жатыр.

  - Таңдау пәндеріңді бекіттің бе?

  - Иә.

  - Сол матем, физика...

  - Иә.

  - Неге бұл пәндерді таңдадың, қиын ғой.

  - «Сен отаны бар адамсың. Әр адам отаны үшін қызмет ету керек. Еліңе, жеріңе, мемлекетіңе қандай мамандық қажет, соны меңгеруің міндет. «Мен өзім білемін, маған оны қажеті жоқ» деп тайқып кетуге қақың жоқ. Елің нені талап етті, соны орындайсың. Ағылшын тілін оқы деді ме, оқисың, жетік біл деді ме, білесің. Отанымыздың дамуына математика, физика, химия, биология, астраномия қажет пе, игересің, басқа таңдау жоқ»,- деп қадап айтты атам.

  - Мешітке барып жүргенің туралы ше?

  - Ол жағынан күнде менен емтихан алып отырады. Ал имамның жұма уағызында «Ел басқарған адамға қарсы келу, тіпті оның сөзін теріске шығару үлкен күнә, зор ғайбат. Алла құдіретімен сайланған адамға тәкаппарлық көрсету шариғатта жоқ. Бұл фитнә. Бақара сүресінің 191-аятында «Фитнә, адам өлтіруден де жаман» деп бұйырылған» дегенін естігелі тексеруді қойды.

 Інжу жігітке сүйсіне қарады. Қарсы алдында жай Дарқан емес еңсесі  биік Дархан тұр.

40

  Дарханның азан шақырған дауысын естіген соң, Данның есіне кешкі оқиға түсіп... Бастапқыда мойындағысы келмей, үстел үстінде тұрған виноны түбіне дейін жұтып салып, көлігіне қарай жүгірді. «Тура мешіттің аузынан ұстап алып, итше тепкілеймін, сол кезде Алласының...», ары қарай сөйлеуге шамасы келмей, түкірігіне шашалып, ауа жетпей қылқынды да қалды.  Жерге домалап түсті. Тамағанан ұстап ары-беріп домалады кеп. Көзінен жас парлап жылап жіберді. «Ал—ла, Алллл-ла, Аллллла!» деп былдырлады. Орнынан жорғалап тұрып, арқасымен қабырғаға соғылды. Бар пәрменімен қатты-қатты соққылады. «Аллла, Алллла!» деп қырылдады. Жаспен бірге аяз буған суыққа қарамай қан сорпасы шықты. «Ал-лааааа!» деп бар дауысымен бақырып етпетінен құлады.

 Біруақ есін жинады. «Лә илаhа иллаллаh, лә илаһа иллаллаһ...» деп тілі жыбырлайды. Аспанға қарап жатыр. Таң бозарып келеді. Күннің ақ сәулесі жеті қырқаның артында тұрса да себезгілеп жер бетінің дидарын ашып, қараңғылық шегіншектеп кері кетіп барады. Қасиетті Күн Ана, жақсы болсын, жаман болсын өз баласын ерек сүйетін шешедей барлық адамға нұрын бөліп-жармай тең шашады.

 Дан орнынан сүйретіле тұрып үйге кірді. Жетімдіктің шын сипатын бүгін түсінді. Басынан өткерді. Бәрі тастап кетті, жалғыз қалды. Ол алыстағы қаласын, танысын-танымасын бір-бірімен араласып-сапырылысып жатқан алып мегаполисін сағынды. Анасының кеудесіне басын қойып еңіреп жылағысы келді, оның аялы алақанымен мейірлене сипап жұбатқанына уанып, сомадай болған түріне қарамай еркелігісі келді. Жылдам, тез-тез киінуге кірісті. Көлігіне мініп, ыстық ортасына қарай жол бастаған күре жолға түсіп, зымырай жөнелді. Бірақ қардан тазаланбаған жол, шапшаңдыққа кедергі жасады.

Сонда да жүрдек көлік шылушындай шұбатылған жолдың жанын қоймады, көзді ашып-жұмғанша шақырымдардың бірінен соң бірін жұтып, лақа балықтай қылғыта-қылғыта ет пісірімнен аса уақытта құрттаған еттей құж-құж еткен қалаға келіп кірді. Кептелістің үстінен түсіп, тау баурайында орналасқан жекежайына кеш бата жетті. Қақпаны пультпен ашып, аула ішіндегі тұраққа тоқтады. Аула төселген тасына дейін қардан тазартылып, айнадай жалтырап жатыр. Тірі гүлден айырғысыз үлбіреген жасанды гүлдермен жаяужолдар жасалған. Еңсесі биік екі қабат үй иесінің дәрежесін айғақтап асқақтата түскен.

 Көлігінен жылдам түсіп жүгіре басып үйіне енді. – Ана! Ана, анашым! – дауыстап анасын іздеді. Бірақ анасының орнына үй күтушісі алдынан шықты.

- Дан, это ты, с приездом.

- Анам қайда?

- Ол кім? Дан саған не болған, бұл үйде ондай адам тұрмайды ғой.

- Сен ауылдың қызы емеспісің?

- Ия.

- Ана дегеннің кім екенін білмейсің бе?

- Әәә, сен әрдайым мама деуші едің ғой, шатасып... Рус Ли екеуі... Ой... Анаң, как всегда, на работе.

 Дан үндемей өз бөлмесіне қарай жүрді. Сөреден сүлгіні алып, жуынатын бөлмеге енді. Ыстық ванна жатып денесін бусантып алып, себезгінің төрт қалыбын түгел қосып, жан-жақты массаж жасатты. Одан кейін бөлмесіне оралып, диванға сұлай кетті, біраз жатып, орнында тұрған пультті алып үй кинотеатрын іске қосты. «Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніміздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Қазіргідей жаһандану заманында ұлттық дүниетанымымызды, санамызды жаңғырта отырып, кемелдендіру бізге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Өзінің рухани құңдылықтары әбден қалыптасқан, туған жері мен елін сүйетін, айнала қоршаған ортасымен үндестікте өмір сүретін, жан-жақты дамыған рухани тұлғаны қалыптастыру қоғам өмірінің барлық жүйесінің басты мәселесіне айналып отыр. Ұлттық рухтың мазмұны – өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік бізге туған жердің топырағымен, ауасымен, тау-тасымен бірге сіңеді. Адами, материалдық, табиғи және өзге де ресурстарды қоспағанда табыстың таңғажайып факторы ұлттық рухтың болуы деп пайымдаймыз. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Рухани жаңғыру бізді осыған мең.......

…Қайдан келгені белгісіз қасында Маржан. Маң дала екен деп ойлайды. Кең жазира. Екеуі ғана. Дан қызды дұрыстап көріп алғысы келіп жүзіне үңіле түседі. Көздерін іздейді.  Қараған сайын, тұп-тұнық, кірсіз пәк мөлдір, ашық күнгі зеңгір аспандай қыз жанарының тұңғиығына терең шомып бара жатқандай сезінеді. Елбіреп тұрған самалмен желпілдеген шолжаң шаштары бетіне оратылып қытықтайды. Мұрнына жақындағанда ғана білінетін, жаңа бүр жарып келе жатқан гүлдің елеусіз балғын иісі сезіледі. Ерте гүлдеп, тез ғайып болатын бәйшешектің жұпары осындай болар.

 Біруақ айналасы дала емес, сол баяғы жаңа жылдық кешке айналып кетті. Маржанмен билеп жүр. Дан қызды құшақтап алып мойнынан иіскеп жүр. Жаңағы жұпар сол қалпы сақталған.

  - У-ей, не істеп жатырсың, қытығым келді, - деп, сықылықтап күліп, Маржан кейін қарай серпілді. Дан қайтадан күштеп тартып, жаңағы жұпардан айырылғысы келмей жабыса түседі.

 - Маржан, - деп құлағына сыбырлап, -  Қандай косметика қолданасың?

 – Қолданбаймын. Табиғи косметикам ғой. Туған даламның жұпары ғой.

 – А, - деді Дан. «Туған жер деген осы екен ғой. Ұлы дала деп жүрген осы екен ғой, оның өзіндік иісі бар екен ғой. Бар болғанда да өмірі мұрныңнан кетпейтін иіс, ешкім қолдан қоспалап жасайтын әтір емес, Алланың жаратқан жұпар иісі». Ол «ауыл сасыған» қыздың құшағында жүріп,  өмір иісінің қандай болатынын түсінді. Өмір иісі қан арқылы тұла бойына тарап, жан дүниесін сергітіп, ерекше қуат құйып жатқандай әсер етті.

41

 Дан Маржанға қарай тартыла түсіп, тағы да құшырлана жұтты. Танауына темекінің қоңырсық иісі мен сыра, коньяк па, әлде.... Жан дүниесін аялаған өмір жұпары жойылып, орнына жүрек айнытатын қолаңса аралас күлімсі иіс жайлап кетті. Құлағына «Балачиким менін, сыночек мой, любимый, ненаглядный, драгоценный мой, красный алмазым менін» деген сөздер жетіп жатты.

 Оянып кеткен Дан «Анашым, анам, анашым!» деп, онсыз да құшақтап алған шешесінің бауырына жабыса берді.  

 - «Ана» деп ауылбайский мәмбетиктердін сөзін айтпашы маған, мама, мама де. Немене, әкеннің тілін алып, ауылға барып келгенсін бе?

 - Жоқ.

 - А тогда, почему ауылбайский вариант? А-а, поняла, новый имидж, Аюке нағашың жана тапсырма берді ме?! Ноо, роль рольем, мәмбетикке айналып кетіп жүр ме?

Дан томсырайып үнсіз қалды. Одан кейін шешесіне қарап: - «Мәмбетик» біз шығармыз, ана, өйткені олардың өз тілі бар, ұлты бар, діні бар, өз туған жері, қорғайтын отаны, сүйгені, тіпті өздеріне тән иісі бар. Бізде не бар, тіліміз шұбар, дүбара, ұлтымыз жоқ, дініміз бекімеген, иісіміз жасанды, туған жеріміз де жоқ. Біздің мақтанатындай неміз бар? Өзімдіке дейтін ештеңе жоқ, всё подделка. Нені қастер тұтып, кімді сүйіп, нені қорғайтыныңды өзің де білмейсің. Сіздің атыңыз кім, Даяна, қай ұлтсыз, тегіңіз де жоқ. Қазақпын дейсіз, қазақтығыңыз қайсы, атыңыз да өзіңіздіке емес.

 - Доғар, мен қазақ емеспін, мен цивилизованный высококастный дегдар нәсілмін, мен мәмбет емеспін. Маған оларды тақпа. Сен мұндай емес едін. Ауырып қалған шығарсын, врач, психолог шағырайын, - деп анасы зыр жүгірді.

 Дан орнынан тұрып, үндемей-түндемей киіне бастады. «Қайда барасың?» деп сұраған анасына, «әкеме, универге» деп жауап берді. Шешесі үндемей, орнында состиып тұрып қалды.

 Дан әкесі басшылық жасайтын  универдің халықаралық қатынастар факультетінің бірінші курсында оқиды. Биыл түскен.  Әкесіне амандасып, сессия жайын да білмек. Тапсыра ма, әлде... Оқытушылармен келісіп қойған болар. Ұлына сенімді әке, мына істі тәмам қылған соң, қомақты қаржыны қойнына басқан соң, оқуына біржола басқояр деп шешкен шығар...

Дан хатшы қыздың орнынан шошаң етіп атып тұрғанын елең қылмай, әкесінің кабинетіне кіріп келді. Әкесі орнынан ұшып тұрып, есік жаққа үдере қараған. Жүзінен абыржыған үрейдің нышаны байқалады. Баласын көргенде лып бетіне қаны шауып ашуланып шыға келді. Бірақ әрдайым кішік болып тәрбиеленген, әрбір қимыл-қарекетін қатаң бақылауда ұстайтын ол «әлдеқандай болады» деп сабыр сақтап, өзін өзі тежеп үлгерді. Баласына жылы шырай таныта қарады. Алдында отырған қыз да Данға бұрыла тесіле қадалды. Көзіндегі жасы бетін сыза аққан. Бояудың ізі байқалмайды. Тау бұлағындай таза кәусар жас баяу сырғанайды. Жалқы бұрым ғып өрген білектей қолаң шашы беліне түскен. Шашпен қоса өрілген шашақты шашбаудың жалтырақ тастары сәулемен шағылысып көзге ұрады.

 Дан аяңдай басып келіп әкесімен амандасты. «Отыр» деп ыңғай бермесе де қызға қарама-қарсы отырды. Әкесінің жүзі ашудан қайта күреңітіп кетті.

 - Дәулет ағай, айтқан тапсырмаларыңызды түгел орындадым ғой, сіз айтқан жерге бармай-ақ қояйын, оған арым шыдамайды. Бағамды қойып берсеңізші.

 Қыздың жәудіреген көздері әкесіне жалтаңдайды, Данға тоқталады. Дәулет «көрдің бе» дегендей көзімен нұсқап қызға кекесін қарайды.

 – Зачеткаңды таста да, бара бер, - деді Дан. Баласынан мұндай әрекетті күтпеген Дәулет Данға аңтарыла қарады. Осы мезетті пайдаланған қыз, сынақ кітапшасын тастап, жылдам сыртқа шығып кетті.

 Дәулет үстелді жұдырығымен қойып қалды. Баласының өзінен аттап өтіп, еркінсіген жосықсыз әрекетіне айқайды салып ұрысқысы келді, бірақ қорғалақтығына қайта басып, тұтығып үнсіз қалды. Бар болғаны «мұның не» дегендей қолдарын жайды.

 - Ештеңе болған жоқ. Ол қазақтың қызы. Болашақ ұрпағымыздың анасы. Оларды біз қорғамағанда кім қорғайды, әке. Өз тегімізді өзіміз қорламайық, болашағымызға балта шаппайық. Мынандай қазақтың сұлу қыздарын мәпелеп, қамқор болып, жақсы ана  жасап шығарсақ, таза қанды қазағымыздың санаты көтеріледі.

 – Уау, данышпаным, кеше ғана қазақ емес, оның тілінде сөйлеуге де арланушы едің ғой, енді не болды?

 – Мен ауылға барып, ділі таза ұлтыммен танысып келдім. Осы күнге дейін адасып, ақымақ болғаныма қатты өкіндім. Мен мұнда күллі әлемді билейтін адам боламын деп өзімнен-өзім тыраштанып жүрсем, олар баяғыда-ақ әлемді бағындырып қойған екен.

 – Қалаай? 

 - Әй, әке, соны да түсінбейсің бе?! Мен екінің бірі  - адам болсам, олар туа салысымен тілі, діні, тегі бар, әлемде өзіндік орны бар өз елі – Қазақ елінің азаматы – Қазақ екен! Ал мен... Енді мен де солардың бірімін. Саған да рақмет, діліңді ұмытпай, менімен әрдайым қазақша сөйлесуші едің, есімде қалыпты, ауылдықтардан кем сөйлемейтін қалдемен.

Әкесі баласына қарап отырып, терең ойға шомып кетті...

42

  Кедейшіліктің жапасын аяусыз шеккен әкесі атын Дәулетбақ қойды. Есіміне бола ма, әлде қабілетіне қарай ма, шешесі де басқа балаларынан гөрі бұған назарын көп аударды. Өсе келе атынан «дәулет» түсіп қалып Бақ қана қалды. Анасы «бағым» деп еркелетіп отыратын. Бірақ басқа балаларына қарағанда Дәулетбақ оқшау өсті. Көпшілікке қосылмады. Ұлбалалардан қорқып қыздармен ғана ойнады.

  Бақтың сезімі ерте оянды. Бала шағынан қыздармен ойнауға жақын болды. Әсіресе көрші қызбен етене болып, көбінесе екеуі «үй» ойнап, тіпті «ерлі-зайыпты» күйге дейін жетті. Есейе  келе «жұбайласы» болып жүрген қыз көшіп кетіп, сыңарсыз қалды. Өз ортасынан сырт тұйық бала тығырықтан шығар жол таппай азапты күй кешті. Сөйтіп жүргенде, жастық шақтың ауанында өзінен ересек туысының баласынан үйренген қолләззатқа құмары ауды. Онымен үздіксіз ұзақ айналысып, бір күні сәті түсіп, келіншекпен төсектес болғанда қауқары жетпей, өзіне деген еркектік сенімін жоғалтты.

  Бала жасынан көркем әдебиетке әуес болды. Әдеби кітаптарды жатпа-тұрмай оқып, өмір туралы ұғымын бекітіп, түйсігі әрбір әрекеттің астарын күні бұрын бағамдап, соған сай қарекет жасауды үйретті. Әке-шешесі барын тірнектеп жинап жүріп жоғарғы оқу орнына түсірді. Шешесінің жамағайын туысқаны қол ұшын созды. Қалаған оқуына түсірмекке уәде беріп, сөзінде тұрды. Өмірге бейімделіп, ылдым-жылдым өскен Бақ, қаланың әдет-қалыбын жылдам игеріп, «Баха»-құрбақа» атанып кетпей тұрып, Даулетке айналды. Сол жерде нағашының досының қызы Даянамен танысты. Кызға көңілі құлап, артынан қалмай жүріп, нағашысының беделінің арқасында үйленіп алды.

  «Қаланың баласы ғой» деп жайбарақат жүрген қыз құдалық кезінде «ауылбайский» екенін біліп бұлан-талан болды.  «Даут» деп еркелетіп атаушы еді, анасының еркелеткен сөзін естіп, «Жаба» деп теріс айналды. «Дәулетбақтың»  мағынасын түсіндіріп баққанымен құлағына ілмеді. Алғашқы неке түні де ойдағыдай өтпеді. Сұлу қыздың керім сипаты мен тәкаппар мінезі Даулеттің мысын басып, арынын тежеді. Арудың аппақ тәнінің уылжыған жұмсақ еттері жан-тәнін балқытып, уақытына жетпей бойынан жіберіп қойды.   Тікбақай қаланың қызы оның сезімін түсінбей, «импотент!» деп бетіне былш еткізді. Онсыз да күдікті жетегінде жүрген жігіттің құштары сап тыйылып, жігері құм болды. Бұдан былай әйелінің қойнына жату азапқа айналды. Қыз мұндай тірліктен жерініп, кетемін деп қиғылық салды. Қызы орысшатыс болып өссе де, қазақы салт-дәстүрді ұстанатын, әсіресе, «қайтып келген қыз жаманды» қағидатын ерек бағалайтын ақсүйектер қауымында бұл сүйекке таңба болатынын ескерген әке-шешесі қызының әуселесін ескермеді. Сонымен қатар, аюша ақырған Аюкеден қатты сескенді. Оның үстіне қыздары да алғашқы түннен-ақ жүкті болып қалып еді. Күйеу баласы туралы қыздарының айтқан әңгімесін еркелікке балап елеусіз қалдырды.

  Жынданғаннан түк шықпасын білген Даяна көнді. Көңілін жай таптырған нәрсе, төсек қатынасында әлсіз болғанымен, күйеуінің тұқымы құнарлы болды. Жатса болды көтере салады. Алғашқы сәбиін жетілдіріп «уф» деп есін жиғанда, екіншісі, одан кейін үшіншісі, төртіншісі... Бұдан кейін жүктілікке қарсы шиыршықты қойғызып алды. Үш қыз туды, төртіншісі Дан болды. Алғашқыда ерінің әлсіздігіне тиісерге сөз таппай, әйелдік ләззатты толық аламаған соң, күйеуіне деген жеккөрініші үдеп, «қыздан» басқаға шамаң келмейді деп жер-жебіріне жете, аяусыз қатыгездікпен ызалана, кекшілдікпен өршелене ұрсатын. Арыстай көркем ұл туған соң сылқ түсті. Аузына құм қиылды. Есімін өзіне ұқсатып Даниэль қойды. Қарамай кеткен ағайын-жұрты да беті бері қарап, бір-екіден артық тумаған төркіні, жалғыз жиендерінің асты-үстіне түсіп бақты.  Міне осы сәттен бастап Данның болашақ өміріне қатысты бар жағдайлар жасала бастады. Басқасын айтпағанда, ханзадаға лайық салынған зәулім сарайды айтсаңшы! Ол үшін Даулет не істемеді. Қылмыстың ең ауыры қыз саудасына араласты. Алғашқыда он екіде бір гүлі ашылмаған пәк қызбалаларға жаны ауырып, іші удай ашып, жүрегі сыздаушы еді. Келе-келе ауқымды табыстың буына қанығып, аяныш сезімі сөніп күл басты. Құныққан санада шытырлатып санаған доллардың дыбысы мен көз арбаған сұрқия түсінен басқа ештеңе қалмады.  

  Даяна «жалғызым» деп баласының денсаулығына ыждаһатпен қарады. М. Горькийдің «Клим Самгинін» оқып алған ол, ұлы есея бастаған шақтан, еркектік жағының дұрыс қалыптасуына жете назар аударып, Дәулетбақтан «сен сияқты жартыкеш емес, толыққанды күшті еркек болсын» деп талап ете бастады.  Ғаламторда оқып алып, он үште отау иесі деген қазақ сөзін, он үшке толған баланың жыныс ағзалары пісіп, уақтысымен сыртқа шығып тұрмаса ауру шалдығады деп ұғып, Данды 13-ке толысымен жыныс қатынасына түсірді. Жай қыздар емес таза пәк қыздарды қойнына салды. Данның жасы есейгенмен қыздардың жасы өрімдей жас қалпында қалды. Осы себепті Данда балаң қыздарға әуес болды. Даулет қыздарды өзі қызмет жасайтын универге келген талапкерлердің арасынан таңдап жүріп құрыққа түсірді. Және де қууға шамасы жоқ кедей отбасы қыздарынан таңдады. Бұл жол қиын болған соң, сол кезде осындай кәсіппен айналысатын нағашысының әйелінің бауыры Аюкеге қолқа салды. Аюке келісті. Бірақ қыздар туралы мәліметтерді бұл жинап беретін болды. Қалған шаруаны Аюкенің жандайшаптары атқаратын.

      Даукеңнің арманы тереңде. Бүгінгі қыз сол шаруаның бірі еді.  Ал ақымақ баласы уысқа түсіп тұрған табысты сусытып қолдан шығарып жіберді. Аюкемен теңесемін деп Дубай қаласынан вилла сатып алмақ, Мекке қасында, қажылықты да орындауына сеп. Жасы таялған соң Алла жолына түсіп, намазға жығылмақ. Сол үшін Аюке мен Бексыртттанның арасындағы бәске куәгер болған Дәулетбақ  мұндай істе репутациясында бір мін жоқ баласын осы шаруаға өзі ұсынған. Сол мінсіз баланың тірлігі мынау...

 Ашуы қайта көтеріліп, баласына қарады. Өзін кербез ұстайтын ол бүгін бәрін ұмытты. Баласы мұның аңғарып, өз маңлайын нұқып, қыртыстанған қабағын меңзеп:

  - Қапаланып қайтесіз, әке. Ұлтымыз үшін қызмет етсек, өз қанымыздан жаралған тегімізді құтқарып қалсақ, Алладан сансыз сауап емес пе! Мына кітапшаға қолыңызды қойып беріңіз, апарып беріп бір қуантайын. Жаны жай тауып, жеңілдеп қалсын.

 - Мұндай сөздердің бәрін қайдан үйренгенсің? Қара басының қамынан басқа ештеңені ойламайтын қаланың өзімішіл жастарының бірі емес пе едің? Ал енді....

 - Мен бір өлімнен қалдым. Тілі байланған мылқау баланы буындарап емдеуші ме еді... Алла мені қылқындырып діліме қайта оралтты. Өйткені мен көңіл ауруына шалдыққан екенмін. Өз түкірігіме өзім шашалып, ауа жетпей есімнен таңғанда санама жетті. «Көңілдің ауруы – Аллаһ Тағаланы мойындамау, күпіршілік және күнә жасау. Аллаһтан өзгені сүйіп, соған байлану. Нәпсіңді теже. Тәкаппар, тәкаппар, тәкаппар болма. Сен ешкімнен артық емессің. Бәріңді тең жаратқанмын. Еліңді, жеріңді сүй, ұлтыңды қастерле. Туған тіліңде сөйлемесең ділің байланып, тас керең мылқау, мәңгі меңіреу құлпытасқа айналасың» деген сөздер құлағымды күңгірлетіп жіберді.

 - Ойпырмай ә, бір секунт ішінде тіл біліп «Ақ әулиеге» айналдым десеңші...

 - Әке, сізге де берер кеңесім осы, келеңсіз істеріңізді доғарыңыз. Тәубеге келіп, Аллаға құлшылық жасасаңыз, өле-өлгенше талай күнәларыңыздан ақталып шығасыз. Бастапқысы осы болсын, мына қызды арын сақтап, шаруасын бітіріп беріңіз.

 Аюке сияқты сұстанып сөйлеген, көзінен ызғар ескен сесінен қаймығып және шешесі сияқты бірбет баласының айтқанынан қайтпайтынын біліп, сынақ кітапшасының жұмысын бітіріп қолына берді. Дан кеткен соң, хатшы қызды шақырып алып, «неге кіргізесің» деп жерден алып, жерге салды. Жаңағы қыздың бітірмеген «шаруасын» бітіресің деп шегеледі. Тапсырманы Жасмин айтады, қалтықсыз орындайсың. Қыз мақұл деп басын изей берді. Ашуы басылған соң Рус Лиді шақыруды бұйырды.

Кабинеттен шыққан Дан Жасминді, оның қасында тұрған жаңағы қызды көріп, солай қарай жүрді. Жете қолындағы сынақ кітапшасын ұсынды. Ол кітапшаны ала салып ішін ақтарып, қуаныштан жүзі жанып, Данға тағзым етіп: - Нағыз ер-азамат екенсіз! Елсүйер біртуар жан екенсіз. Осыныңыздан таймаңыз, - Жасминге қарап, - Сұлудың сұлуы бар көз тоятын, ақылынан жан семіретін, реңнің де реңдісі бар көз сүрінетін, ішкі дүниесінен көңіл түңілетін! – деп бұрылып жүріп кетті. Жүрісінде ешқандай бұралаң жоқ, тіп-тік. Тек арқасындағы тоқ бұрымындағы шашбауы қараңғы түндегі темірқазық жұлдызындай жарқырап, адаспас бағытты көрсететін сияқты.

 Жасмин түсінбестікпен Данға қарады: – Что за дела, - деп алақанын жайды.

– Сәлематсың ба, - деп  Дан бетінен сүймекке ұмтылып еді, - Фуу, что за вон, бірінші жуынып ал, содан кейін сүйісерміз, - деп жол бастады. Екеуі шүйіркелесіп жүріп қастарынан өткен Рус Лиді байқамай қалды. Ол Даулеттің кабинетіне асығыс енді. Мән-жайды естігенде алдымен таң болды.

  - Дан?! Оған не болды, мұндай мінезі жоқ еді ғой, - Одан кейін бұлан-талан ашуланып,  - Сенің раздалбайыңнан постоянның жировой клиенттен айырылуға болмайды. Оған сенің хатшың сияқты шлюха емес целка керек. Ещё фоткасын беріп қойғанбыз. Есірейін деген екен ауылбайский мәмбеткалар! Көрсетемін мен оған! Ал сен за облом проценттен қағылдың.

- Жоооқ!

- Онда қызға қоңырау шалып біздің орынға кездесуге шақыр.

- Ләппай! Тоқтай тұршы, сенен көмегің қажет, балам «қазақпын» деп, «қазақтың қыздары пәк» деп,  «олардың ар-абыройын қорғау бізге парыз» деп шатып-бұтып жөнсіз әңгімені қозғап жүр. Соны реттеп берсең.

 - Как говорять казахи, ақысын берсең боқысын шығарамыз.

 - Баламды адам ғып берсең, аямаймын.

 - Шесть секунд!

  Рус Ли кетісімен Гүлқадамға қоңырау шалып: - Айналайын, қызым, әдепсіз қылықтарым үшін сенен кешірім сұрайын деп едім. Ұлтымыз үшін қызмет етсек, өз қанымыздан жаралған өзің сияқты әдемі тегімізді сақтап қалсақ, Алладан сансыз сауап емес пе! Осы себепті алдыңнан өтсем деп едім. «Жемчужина кz» мейрамханасының қасындағы шайханасына келе ғойшы.

43

 Жасмин сындарлы қыз. Заман ағымына қарай оңтайланып, соның аясында әрекет етеді. Бұл заман зор мүмкіндіктердің заманы, тек қаражатың болса болды. Сондықтан Жасмин үшін еркектер жас, егде, кәріге бөлінбейді, қалталы–кедейге бөлінеді. Ол үшін қалталыда тек жоқ, ұлт жоқ, бұтына шөп байлап алған джунглидің жабайысы болса да мейлі, ақшасы болса болды. Өзіне сенімді қыз кімді болса да тәрбиелеп аламын деп ойлайды, тек байлық-дәулеті кең қолтық дарқан құлашын қамти алса жеткілікті. Дарқандық та өзіне ғана, басқалар үшін «өлдім» деп аһ ұрса да көк тиын татырмайды.

 Жасмин Аюкенің балдызының қызы. Күйеуге шықпаған. Жасминді қасыма серік болсын деп туып алған. Оңтүстік жақтағы облыс орталығының дәрежелі оқу орнының ректоры. Еш жоқшылық көрмеген. Өзі қызмет жасайтын универдің тап қасында жан-жақты жағдайдастырылған бес бөлмелі жекеменшік пәтерде тұрады. Жасмин көз ашқалы шешесінің қасынан бір-ақ еркекті көретін. Ол – Аюке. 

 Аюке келген сайын шағын жанұяда үлкен той болады. Қаланың көрнекті жерлерін, ойын-сауық орындарын, балаларға арналған мекендерді түгел аралатып шығады. Жанына қажеттінің бәрін алып беретін. Кейін сіңлісі дүниеге келген соң, бұл жағдай сап тиылды. Аюке келмейтін болды. Бірақ қамтамасыз ету тоқталған жоқ. Жанға қажеттінің бәрі бар. Не қаласа сол уақтымен еш кедергісіз жеткізіліп тұрды. Бірақ анасы жылауын тоқтатпады. Бұрын күтініп, қыздай болып құлпырып жүретін анасы сылқ түсіп, өзін-өзі бақпай, жүзін әжім тілгілей бастады. Өсіп қалған Жасмин шешесінің бетіне тік келді: 

 - Мен сендей болмаймын. Жақыным, тіпті туғаным болса да, өз қажетімді аяусыз тартып аламын!

  Шешесі қызының бетінен шапалақпен салып жіберді, одан кейін бауырына тартып алып, құшақтап тұрып сыбырлай сөйледі: - Мен де сен сияқты ойлағанмын, бірақ пенде болған соң, құдайдан күшті емес екенбіз. Алла жазған түзу жолмен жүрмесең, ел қатарынан орын жоқ. Менде адамның өмір сүруіне қажеттінің бәрі бар, бірақ бақыт жоқ. Жасап жүрген тірлігім заңсыз болған соң, ата-анамның көзіне тіктеп қарай да алмаймын, қарай алмаған соң туған ұяма бара да алмаймын. Ең ақыры жаңа туған сәби бауырларымның алдында кінәлі сезініп, еміреніп тұрсам да, өзіме деген жиіркеніштен сүйе де алмаймын. Олардың пәк тәндерін ластағым келмейді. Өз күнәма өзім былығып өтсем деймін. Қызым, қандай тірлік жасасаң да қалыптасқан адами тәртіптің  шеңберінен аспа.

 Жасмин анасының бұл ақылының санасына мықтап түйіп алды. Сол үшін адвокаттың оқуына түсті. Қандай әрекетке барса да заңмен, ең ақыры тартып алу қажет болса, оны да заңмен тартып алу жолдарын меңгеруді алдына мақсат етті. Анасынан алған тағы бір тәлімі – дене күтімі. Дәл шешесіндей күтінетін адамды көрмеген шығар. Қызметтен басқа уақыттың барлығын дерлік тұлғасына арнайды. Косметиканың бойына сіңгені соншалық, денесінен табиғи иіс жоғалып, үнемі парфюмнің жұпары аңқып тұрады. Жасмин де сыланудан шешесінің дәрежесінен аспаса кем емес. Өзіне «благоухающая роза» деп ат қойып алған.

  Қай қызды алсаң да кішкентай жасынан-ақ бірнәрсеге әуес болады. Өсе келе онысы ұлғайып, сол қалағанынан басқа артық жоқтай жадыланып қалады. Жасминнің бір сыныптасы әрдайым мақтанатын. «Мәә, Дубайды айтсаңшы, қандай керемет қала!», «Канар аралдарынын жағажайы қандай ғажап!», «Гавайдың орхидеялары!....». Суреттерін көрсете отырып аузынан суы аға тамсана айтқанда, Жасмин де елітіп, «сілкейі» қоса ағатын. Бастапқыда бұл қыз сол жаққа жанұясымен жылда барып жүр деп ойлап, біз де барайық деп шешесіне қылқылдайтын. Анасы шамасы келгенше айлық жалақысын жинақтап, қызының меселі қайтпасын деп, өз еліндегі танымал шипажайларға барып жүрді.  Жасмин де барған жерінде суретке көп түсіп, келген соң жаңағы құрбысына көрсетіп айта бастаса, ол өзінің «Дубайын» жайып салып зуылдай жөнелетін. Сәулетті қаланың әлеуеті Жасминнің мысын басып, үнсіз қалатын. Оның қызғаныштан ішін мысық тырнап, үйіне ашуланып келетін. Келе шешесіне ызақорлана қарап, бөлмесіне кіріп, ішінен бекітіп жатып алатын. Алғашқысында анасы мазасызданып бәйек болса, келе еті үйреніп елемейтін қалге жетті.

  Бастапқыда титімдей ғана қызығушылықтың бірі болып енген ой, тәнге жабысқан кенедей күннен-күнге зорайып, санасын жаулап алып, тірлігінің бір сәтінде миынан кетпеді. Тіпті көзін жұмса, Дубайдың салқар төрінде еркін қыдырып жүргені елестеп, түсінен де шықпады. Мұны расқа айналдырып, компьютермен монтаж жасап, «Дубайдағы өмірін» бейнелеп қойды. Ол да құрбысындай суреттерден коллаж жасап, дәл сол секілді басқаларға етене беріле айтатын шығарды. Әсіресе ел аузындағы Дубай елінің ертегідей ғажап өмірі, іште жатқан баладан бастап қамтамасыз етілуі, тегін оқу, білім, оны қалаған мемлекетіне барып жетілдіруі, үйленгенде пәтер мен қызметшілері бар вилла тарту етіліп, жан-жақты дамуына жағдай жасалуы. Айта берсе жаннатқа бергісіз өмір.

  Оныншы сыныпқа келгенде, күнде барып жүрген шешесінің универінен араб жігітін көріп, бірден ғашық болды. Сырт сипатына, жасына, нәсіліне қарамай, көрген мезет «құлап түсті». Хор қызына бергісіз жас қазақ аруының өзіне тәнті болғанына алғашқыда қайран қалған араб, таңсық көріп жүріп, ол да райын берді. Балауса қызынан мұндай ерсі әрекетті байқап қалған ана Аюкеге хабарлады. Сол күні-ақ Аюке жетіп келді, қасында Дан бар. «Нағыз ер, болашақ магнат, сенбесең мінгенін көр, су жаңа  «Гелендваген». Қыздардың кумирі «Нантиуан» тобының жігіттерінен аумайтын сымбатты, көлігі де супер, өзі де красавчик жап-жас көркем Дан қыз  көңілінін еріксіз жаулап алды. Осы күннен бастап араб та көзге көрінбей кетті. Бірақ оны іздеген Жасмин болмады. Бар зердесі Данға ауды.

44

  Құрбысының туған бөлесі Каринамен танысқан күні, оның сыры да ашылды. Құрбысының «Дубайы» маң даладағы ауылы екен. Каринаны көріп Жасмин ауылды да жек көріп кетті. Сылап-сипануды білмейді, рең-әлпетіне үйлес келсін-келмесін опа-далапты ретсіз жаға береді. Көзі «көкпенбек», беті «аппақ», ерні қып-қызыл, әсіресе құйрығын билетіп жүретін аяқ алысынан жүрегі айнып, құсқысы келіп, қасында тұруға ұялып безіп кетті. Көріп қалса, алыстан қашатын болды, байқамай қалса, Карина қасында, жақтырмаған сыңай танытса да кетпейді. Жасминмен подружка болмаса да, «алып кел, барып келін» қалтықсыз атқарып жүріп сеніміне кіріп алды. Шешесінің универінің колледжіне түсіп алды. Шолжаң қыздың жеке күтушісіне айналып, аяғына дейін жуып берді. Өстіп жүріп ол қала қызының күн тәртібіне қалыптасып, күллі әдет-қылығын, дене күтімін, жүріс техникасын  меңгеріп алды. Сыланып-сипанудың сан қырлы әдіс-тәсілдерін мән-сәнімен игеріп, макияж шеберіне айналды. Жасминді әрлей отырып, қымбат косметикасын пайдаланып, оның аузынан түсіп қалғандай қалыпқа жетті..   

  Жасмин алғашқысында Даннан қызғанып жолатпаса, кейін ұрып жатса да қыңқ етпейтін момақан күйіне сеніп артып, жігітпен араласуға ерік берді. Анасының айтқаны жадынан шықпай, Данмен жыныстық қатынасқа бармай, оның еркектің қауқарын бекем сақтау үшін, Каринамен жақындасқанын байқамаған сыңай танытты. Жігіт те үдесінен шығып,  мүшеқаппен қатынасқа түсіп, бойын суытқан пендесіне көз қиығын да салмады. Айналып келгенде Жасмин бұдан пайда көрмесе, зиян шеккен жоқпын деп ойлады...

 Ал бүгінгі Дан? Қалыптасқан имидждің нұсқасы да жоқ. Шаш үлгісі бұзылған, оңған шүберектей ала-құла, саптан жаңылған сарбаздардай шаштары ұзынды-қысқалы ретсіз. Бет күтімін сақтағанмен, тазалап жуынбай үстін-үстін жағыла берген жақпадан терісінің өңі бұзыла бастаған. Терінің дем алуын қамтамасыз ететін тесіктері бітеліп, майда дақтар көбейген. Үстіндегі киімі олпы-солпы, иіс судың ең тәуірін қолданғаннан хоштанып тұратын тұлғасынан күлімсіп жағымсыз иіс шығады.

 Үнемі жанып тұратын отты көзінің жалыны сөнік, жалтақтық пайда болған ба, көзге тік қарамайды. Бос, сылбыр. салғырт. Мұны көргенде рефлексті тұла бойы қозып, тағылық шабыты қайнап бетіне шығып,  сәурік айғырдай шабынып, аузы тиген жерін тістелеп сүйе беретін. Жасмин жыныстық қатынасқа түспей-ақ жан-жүйесі босап, күллі ағзасы балқып, сана-сезімі әр тініне дейін ерен тебіреніспен сүйсініп, айтып жеткізе алмас теңдесіз ләззат алатын. Дәл осы мезет қаперінде бір ой қылаң беретін, «егер Данның қалаған сәтінде жынысқа қатынасқа түсе берсе, Каринаның күйі басына келіп,  бой суытар құралдай ғана қадірі қалар» деп. Сол үшін тәнилік махаббатқа бой алдырып, жыныстық қатынасқа жібермей, қатаң тежеп  ұстайтын. Әйтсе де, кей сәттерде, «суынып кете ме» деген күдік сезік тудыратын. Бірақ Данның бүгінгі сұрқын көріп бұл райынан қайтты. Неге екені түсініксіз Рус Ли есіне түсті. Бұл дегенде оның көздері түнгі клубтың прожекторындай жарқылдайды.

Данның сипатынан жүрегі айныған Жасмин, оны тазалау жұмыстарына жедел кірісіп кетті. Ең бірінші өзінің таңдаулы жеке шаштаразына соғып, шаш үлгісін қалпына келтірді. Тәніне түйірдей дақ түссе жуынуға жүгіретін кірпияз қыз, санаты жоғары саунадан оңаша вип-бөлме жалдап қойған. Қалаған уақытында келіп тұратын. Данды да осында ертіп алып келді. Қызмет көрсететін қыздарды шақыртып, жігітті шомылдыртып, массаж жасатты. Дастархан жайғызып, түрлі сусындар алғызды. Шарап құйылған ыдысты созып:  - Ну, давай, с возвращением, адам қатарына қосылуыңмен, - оның сумен соғыстырғанына таңырқай, қасын кере, - Почему водааа, мынау өзің қалайтын виноң емес пе? 

 Дан үндемеді. Вацапқа  келген хабарламаны қарап отырған. Біруақ «Жоооқ!» деп бақырып жіберді.  – Мұндай болуы мүмкін емес! Мүмкін емееес! 

 Бар бәле соткадай лақтырып жіберді. Хауызға түскен ұялыны сүңгіп алып, Жасмин бетін ашып қарады.  Бір жат жұрттықтың құшағында секспен айналысып жатқан Гүлқадамның суреті. Көзінің жиегінен жастың ізі біленеді. Жымиғаны жылағаны сияқты. Данның көзінше айтқаны есіне түсіп «сол керек саған, сучка» деп тістене күбірледі. Рус Лидің ісі екенін Жасмин бірден түсінді.  Сенім артқан жанының басқамен жатқанын көргенде, ашудың ырқында есіріктеніп кететін еркектердің әдетінде Дан да қыздың көзінде шерленген ауыр қасіреттің табын байқамады.

 - Неге мүмкін емес! Ақша не істетпейді? Түнгі клубтарға қарасаң, бәрі «ауылбайкалар» емес пе? Кел одан да көңіл көтерейік. Мені сағынбадың ба?

 Данға әкеліп шарапты ұсынды. Ол бокалды көрсетіп «толтыра құй» деді. Демалмастан бірінен соң бірін үш қайтара жұтып салды. Аузын сүртті де, үн-түнсіз басын салбыратып отырып қалды. Минут өтті ме, өтпеді ме, «ар» етіп арыстандай ақырып Жасминге атылды. Бас салып умаждай жөнелді. Жасминге де керегі осы. Ішін жегідей жеген күдіктің бәрі жойылып, жүзі бал-бұл жайнап шыға келді. Ойындары қанған соң, дастарқанға қайта отырып, қалған шарапты сарқа тауысып ішті. Қолында қалған бос бокалды Дан «На счастье!» деп уыстап сындырып: - Енді алданбаймын! Құлағына күмбірлеп .... Жооқ! Не сдамся, такому не быват. Оларға бас имеймін, никогда!!!  

 Күмбірлеген домбыраның үні өшті. Босаңсып кеткен болат сым шегедей қақайып мығым тартылды. Саунадан шыққан бетте Дан «Жемчужина кz-ке» тартты. Достарымен кездесіп, көңіл көтермек. Інжу айтқан ар-намысын жоғары ұстаған ауыл қыздарының әуселесін көрмек.  Қайсысы қарсы келіп, бет қағар екен. Ішінде біреуі «қыңқ» етіп қарсы шықса, қанатының астына алып, өмірлік қамқорлық жасап өтпек.

 Көлікке мінген соң сабасына түсті. Ертең жаңа жыл. Мерекенің төресіне дайындық қауырт жүріп жатыр. Қызыл-жасылды шам тізбектері ойнаған ғимараттар, әр жерге орнатылған шыршалар, ақшақарын ерткен аяз атаның бейнелері, кей тұстарда атылып жатақан отшашулар. Үздіксіз жапалақтап жауған қардың жол көмген бөгеулеріне қарамай қала көңілді.

45

  Дан мейрамхананың түнгі клубы жағындағы өз орнына көлігін қоя салып, ішке ентелей енді. Кештің нағыз қызған шағы. Тіпті төбеден түрлі-түсті сәуле шашып тұрған шар да есіріктеніп кеткен. Әулекі музыканың ырқында жан ұшыра билегендердің жүзінде ойнап, келемеждеп әр түрлі жын-сайтанның суретін салады.

 

Өкпелі бейнең ұнайдыы

Бұлданба маған олай!

Күлемін саған қарай мен ооооо

Мені айыптама!

Сенбе ғажайыптарға, сен,

Жоқ! Мен, бәрібір өзгере алмаймын!

 

Не деген бітпейді,

Айтпашы өкпеңді

Саған не жетпейді?

Бәрібір өзгере алмаймыын!

Айыптама мені!

 

  Ол киіп-жарып барға келіп отырды. Жан-жағын барлай отырып, барменге саусағын шырт еткізді.

– Оу, Дан мырза, келіп қалдыңыз ба? …Әдеттегідей ме?

 Барменнің ұсынған көктейлін жұта отырып жан сарайы ашылғандай серпіліс пайда болды. Қасына келіп клубтың кызмет көрсететін қыздарының бірі отыра қалды. Бармен таңданыспен қарады. Дан мырзаның кім екенін біле тұра батыл әрекет жасағанына таң. Мекеме иемендерінің ұлына қырындағаны үшін жазаланатыны белгілі, бірақ Дан Арслан сияқты маубас емес, өз-өзіне тұра алатын жігіттердің төресі десе болады. Ол қызға қарап қимыл-қарекетіңді жасамайсың ба дегендей көзің қысып қутыңдады. Сөйткенше болған жоқ Данның өзі бұрылып тіл қатты.

 – Сен ауылдансың ба?

 – Ну, ауылбайтер, как и гастрбайтер, осында жұмыс жасап, тапқанымды ауылға беремін.

 – Ата-анаң білемін?

 – Нууу вот, қазақбайский вариант басталды.

 – Түсінбедім?

 – А как же, қазақтың жігіттері жасарын жасап алып, істерін істеп болып, соңында натация оқиды. Мұның не, анау-мынау...

 – Ия, мұның не?

 – Соны білмейсің бе?!

 – Ия.

 – Ты что, дурак, жүзіме тура қарашы... Таныдың ба?

 – Жоқ. 

 – Жүр онда, оңашаға барайық, мына жер шу және артық құлақтар бар.

  Дан шарап алып алды. Қыздың артынан ілесіп жүре берді. Екеуі қыздарға арналған жайға келді. Түгел «қызметте» жүрсе керек, бөлме бос. Дастархан жаюлы, мәзірімен жайнап тұр. Ыдыстарға шарапты құйып болған соң қыз:

 – Онда тыңда мен саған на ночь «ужас» айтып берейін, балапаным. Бір қамқор әке жалғыз ұлым деп баласының денсаулығына ыждаһатпен қарады. 13-те отау иесі деген қазақ сөзіне еріп, он үшке толған баланың жыныс ағзалары пісіп, уақтысымен сыртқа шығып тұрмаса ауру шалдығады деп ұғып жыныстық өмірін ерте бастатты.. Қыздарды өзі қызмет жасайтын универге келген абитуренттерді таңдап жүріп уысына түсірді. Және де қууға шамасы жоқ кедей отбасы қыздарынан таңдады. Сол қыздардың бірі менмін. ҰБТ-дан алған баллым, жарияланған мәліметтер бойынша, таңдаған  оқуыма жеткілікті етін. Құжаттарым өткізіп жатқан кезімде, қабылдап отырған жігіт, сертификатыма қарап  жетпейтіндігін айтты. Шешем жалғыз, әкем инсульттен сал, артымда екі інім, үш сіңлім бар. Ақылыға шама жетпейді. Не істерімді білмей әре-сәре болып тұрғанымда, әлгі әке қасыма келіп ұсыныс жасады. «Бір жас баланың көңілін ауласаң жетіп жатыр, грантқа түсесің» деді. «Көңіл аулау» дегенді мен ойнатып-күлдіру деп ойлап, келісім бердім. Алдымен мені «ауру емеспін» дегеніме қарамай медтексерістен өткізді. Тыр жалаңаш шешіндіріп, аяғымды орындыққа талтайтып асып қойып, анам мен өзімнен басқа ешкімнің қолы тимеген бұтымды ашып үңілді.

 Сөйтіп мені әлгі ерке баланың үйіне алып келді. Үйі зәулім коттедж екен. Әсіресе қоршауын айтсаңшы, биіктігі орасан, төбесінен тікұшақпен қарамасаң, жерден ештеңе көрінбейді. Үйге кірген соң кейін моншаға түсірді. Екі әйел денемнің әр милиметрін зерттей отырып ыждақатпен шомылдырды. Болған соң ішкиімсіз үстіме жұқалтаң көйлек кигізді. Содан кейін ертіп әкеліп баланың бөлмесіне енгізді. Енгізбес бұрын грант пен степендияға ие болғың келсе баланың барлық тілегін орындай бер деді. Қаперімде арам ой жоқ, «иә» деп басымды изей бердім. Бөлме жан-жақты талғаммен жабдықталған жатынжай екен. Баланың тұлғасы балаң демесең, бойы менімен шамалас екен. Басымды иіп сәлематсыз ба деп амандастым. Ол ештеңе деген жоқ. Келді де шопақ құрлы көрмей көтеріп алды да, тақылдақ төсектің үстіне жатқыза салды. Қапелімде не болғанын түсінбей қалдым, есімді жиғанымша баланың тығыншық мүшесі тәнімді тіліп бойыма еніп бара жатты...

 Іс біткен соң, түк болмағандай орнынан тұрды да сыртқа шығып кетті. Өмірімді мұндай жағдайды басымнан өткеріп көрмеген мен, ішпей-жемей сезімге мас болып, балқып жаттым. Біруақ есімді жиып, не жағдай болғаны санама жетіп, еңіреп жыладым. Өзімнің соңымнан қалмай хат жазып жүрген сыныптасым есіме түсіп, оған деген аяныштан көз жасым одан ары көл болды. Жата қап оған ұрысайын, «оқы дедім оқымадың, жалқаулығыңа бой алдырып, бір пәстің ішінде сүйгеніңнен айырылып шыға келдің». Ал жаңағы істерін істеп болып, үн-түнсіз шығып кеткен бала емес бәленің мені есіне алмақ тұрмақ, түріме түстеп қарамаған қылығына қарап, өзімнің ар деген шектен аттап, күллі өмірден тыс қалғанымды түсіндім. Енді анамнан да, артымнан іліскен бауырларымнан айырылып тұл қалғанымды сезіндім. Сол кезде  бала кірген жақтан көзі-басын бояп алған долы қатын кіріп келіп, менің көңіл-күйіммен санаспай «Неғып езіліп отырсың, жәлеп неме!» деп айдап шықты. Үстімде сол жұқа көйлек, бұтымда лыпа жоқ. Зәулім биік қоршаудың алдында бақырып жылап тұрмын. Есікті тоқпақтаймын, ешкім ашпайды. Сөйтіп тұрғанымда бір мәшине тоқтай қалды да, ішінен екі жігіт түсіп мені сүйрелей-мүйрелей көлікке мінгізді. Қарасам қазақтың жігіттері екен, қуанып кеттім. Ауылда жүргенімде қандай қиыншылыққа түссем де, жігіттер қол ұшын созып көмегін аямайтын. Мыналарға да жағдайымды айтып, мұңымды шақтым. «Қазақтың жігіттерісіңдер ғой, жәрдемдесіңдер» дедім. «Болары бопты ғой, енді оның несін аяйсың, бізге де бере сал, жағдайыңды жасайтын жерге апарамыз» деді. Олардың сөздерін қалжыңға балап, өз басыммен өзім қайғы, санамды жеген өкініш-зардың қапасынан шығар саңылау таппай налыдым.  Бар-жоғы бір сағаттың ішінде түсіме де кірмеген зауалға шатылып, не істерімді білмей ақылым сан-саққа жүгіріп, жан дүниемді билеген үрейден тіс-тісімей тимей қалтырап, тіл қатуға шамам келмей отырғанымда, олар бір қалтарысқа тоқтай қалып, менің «қазақтың жігіттері едіңдер ғой, бұларың не?» деп шыр-шыр еткеніме қарамай зорлады. «Біз қазақ емеспіз, ей, ауылбайт, қазағыңды ауылдан тауып ал» деп сылқ-сылқ күледі. Зорлап біткен соң «сөзімізде тұрамыз» деп осы жерге әкеліп тапсырды. Содан бері осындамын. Бес жыл өтті. Құжаттарым жоқ. Ауылға бара алмадым. Тапқан ақшаларымды әкімші арқылы жіберіп тұрамын. Ол бір адал жан. Ныспысы Жайсан, жайсан десе жайсан, көзі жәутеңдеп осы жерде жүрген әрқайсысымызға аяугершілікпен қарайды. Өзімнен кейінгі бауырыма соның соткасымен «аманмын» деп вацаппен хабар беремін. Әр хатпен қара терге түсіп қатты қатты қысыламын. Інімнің жүзіне қалай қараймын?! Оның жасы сенімен шамалас. Сені бұрыннан көріп жүретінмін. Сол бала сен ба деп ойлаймын. Өйткен ана екі оңбаған бірі осы жердің боссының інісі Арсик, қасындағы соның досы Батик. Ал сенің әкең... Шынын айтайыншы, шаршадым. Анамды, бауырларымды көрейінші. Көмектесе көрші, жалынамын! 

 – Ә, сен бе едің, шлюха?! Мұнда да тіліңді сумаңдатып отырсың ба? Рус Ли не қарап жүрсің?

 – Жібер, нең бар онда, тартпа шашынан!

 – Жасмин, дау шығарма, онымен өзім сөйлесіп аламын, жүр Дан!

 – Мен ештеңе айтқан жоқпын, ол өзі жабысып, тыныш жерде демалайықшы деген соң осында ертіп келдім, сенбесеңдер өзінен сұраңдар.

 – Ия, мен өзім келдім, ауылданмын деген соң, сөйлесейін деп.

   Дан үстелде тұрған жарты бөтелке шарапты сылқылдата тауысып, Жасмин мен Рус Лиді алдына салып шығып кетті. Ол жолай екеуінен бөлініп, көкала көк түтін мен ауыздан шыққан сасық деммен қаныққан қолаңса ауада ирелеңдеп-кирелеңдеген,  отырып-тұрған, секіріп билеген жын–шайтан иектеп бет-ауыздары қисайып-қиқайып кеткен есіріктерді қақ жарып өтіп, жоғарыдағы өздерін ақсүйек төрелердің қатарында санайтын элита жастардың бөлмесіне  келіп енді. Арсик пен Батик төрде кальян сорып жатыр. Ринго мен Маратик сыра ішіп отыр. Қолдарында трубка, кезекпе-кезек шегіп отыр. Екеуінің көздері қарама-қарсы тұрған Жайсанға қадалып қалған.

 – О, Дан братан, приездом, - Ринго орнынан ұшып тұрамын деп қисалаңдай Данды құшақтай алды. Маратик былқ-сылқ қолын ұстата салды, төрдегі екеуі көздерін сығырайта ашып, тесірейте қадап барып қайта жапты. Дан Рингоны құшағынан сытылып кері итеріп, Маратиктің қолын сындыра қысып, бір кирелеңдетіп алып, төрдегі екеуіне қолын көтеріп ишарат жасап диванға шалқалай отырып көзін жұмды. 

 Ринго «түсінбедім» дегендей басын шайқап, Жайсанға соқтығысты.

 – Чо стойм, қашан болады? Браттың көтіне кіріп алып, бізден құтылам деп жүрсің бе?

 – Когда будеть, а то знаешь, не болатынын!

 – Тиіспе оған, бара бер, Жайсан!

 – Е, Жайс, ты куда, тебя ещё никто отпускал, тұр орныңда!

 – Ринго, бері келші.

  Келіп қалған Рингоны Дан тізеден сылқ тепті, едіреңбай баж етіп ұшып түсті. Бокалын қолына ұстап жүгіріп келіп қалған Маратикті диваннан тұра бере айналып жақтан тепті. Ол шалқалай барып үстелді қирата-мирата сұлап түсті. «Ей, сука!» деп жүзін сұстандырып қорбаңдап келе жатқан Арсикке қарсы жүріп бетінен баспен соқты. Орнынан тұра берген Барсикті қарсы әрекет жасаймын дегенше жүрек тұсынан теуіп үлгерді.

 Қызынып алған Дан «Қарасам қазақтың жігіттері екен, қуанып кеттім. Ауылда жүргенімде қандай қиыншылыққа түссем де жігіттер қол ұшын созып көмегін аямайтын. Мыналарға да жағдайымды айтып, мұңымды шақтым. «Қазақтың жігіттерісіңдер ғой, жәрдемдесіңдер» дедім. «Болары бопты ғой, енді оның несін аяйсың, бізге де бере сал, жағдайыңды жасайтын жерге апарамыз» деді. «Қазақтың жігіттері едіңдер ғой, бұларың не?» деп шыр-шыр еткеніме қарамай зорлады. «Біз қазақ емеспіз, ей, ауылбайт, қазағыңды ауылдан тауып ал» деп сылқ-сылқ күледі» деп санасын бұрғылап, арадай ызыңдаған сөздер екілентіп одан ары құтырынтып, Арсик пен Батикті тепкілей-тепкілей берді. Біруақ Арсиктің шашынан ұстап...

 Осы кез Жайсан да қолынан ұстап үлгерді.

 – Дан бауырым, қоя қойшы, бұлар сенің шынашағыңа татымайтын шибөрілер ғой. Елін, жерін, жанын сатқан малғұндар үшін өміріңді тоздырасың ба? Сабыр, сабыр ет, біз бәріне төзе білетін...

 – Бірақ жау шапқанда бірігіп кететін рухы күшті қазақпыз!

 – Ия, нақ солай!

 – Кешір, бауырым!

  Ол Жайсанды құшақтап алды. Алқын-жұлқын төбелестің әсері ме, терлеген болар, бет-жүзі, көзі жылтылдап, айналасы дымқылданып тұр. Жайсан Данның ержүрек дидарына сүйсіне қарап тұрып, оның құшақтай шырқ айналды. Дан Жайсанды тартып үлгерді. Батиктің бокалмен бар күшімен жұмсаған соққысы ауа осып өтті. Дан құлақ шекеден салып жіберді. Одан кейін Жайсанды шығарып жіберіп, бөлмені іштен құлыптап ап, жайбарақат диванына барып отырды.

 Ринго бірінші есін жыйды. Орнынан тұра алмай, бір аяғын созып отыр

 – Даник, что с тобай, не істедік?

 – Аналарыңның есін жинат, құй сыраны бастарына, алдымда тізерлеп отырсын!

 Ринго аяғын сүйретіп жүріп айтқанды орындады. Бұйрыққа сай бәрі алдында жүгініп отыр. Данның жүзінде қан-сөл жоқ сұрланып алған, аңға түсер қырандай назары суық, жанарында жылт етер жылу жоқ.

–            Сенің атың кім?

–            Арсик.

–            Нее?

–            Арслан.

–            Қай елсің?

–            Төре.

–            Ұлтың деймін?

–            Монғол.

–            Сен?

–            Батур

–            Қай ел?

–            Уйгур

–            Сен?

–            Ринат.

–            Елің?

–            Бестерек, татар.

–            Мәс-саған, татар!

–            Қазақпын де!

–            Қазах!

–            Тілің келмей қапты ғой, сүмелек! Бұдан былай «татармын» де, асып тастаймын!

–            Сен?

–            Марат, қазах.

–            Хором: «Рухы күшті қазақпын!», - деңдер

–            Рухы күшті қазақпын!

–            Рухы күшті қазақпын.

–            Рухы күшті қазақпын.

–            Қазақ елім үшін тік тұрамын.

–            Тік тұрамын.

–            Тік тұрамын.

–            Ант беремін деңдер.

 Барлығы «ант беремін, ант беремін» деп шуылдап кетті. Дан мыналардың табан астында сатылып, бас шұлғып шабынған мүсәпір қылықтарынан жиреніп,  жек көріп кетті.

  – Рухы күшті, рухы күшті қазақ, қайда олар?! Мыналар елін қорғамалақ түгілі, өзін сатып жібермек дайын тұр ғой, еще кімнің алдында, танитын, білетін, досының алдында, ал жат алдында ше, жата ғып көтін берер!

 Ол бұрылды да бөлмеден шығып кетті.

46

Думан залының төрт қабырға түгел, тіпті төбесіне дейін орнатылып тастаған алып экрандарда көрсетіліп жатқан бейнебаянның ауанында алқын-жұлқын билеп жатқандарға қарап: «Жындылар аралы» деген осы шығар. Сол кітапта не деуші еді: «Жындылар аралының ауасында ерекше дерттің вирусы бар. Оны жұтқан қойға айналады. Ол жердін қожасы тек жүрген адамдарды жинап әкеліп, түрлендіріп дайындалған дәмді аспен егін-тегін тамақтандырып, көңілі соққан істерін жасатып, күнде ойын-сауық ұйымдастырып, ойлануға мұрсат бермей, тек тойына тамақ ішуі мен қам-қарекетсіз ұйықтауын қадағалайды. Мұндай күйде адамдар тіл қатысуға да шамасы келмей бірте-бірте қойға айналып, үстіне сапалы биязы жүн қаулап, қожайынның табысын еселейтін кіріс көзі болып шыға келеді». Рас, «Жындылар аралы» десе жындылар аралы! Әлгі қойлардан қай жерлері артық. Ас та төк тамағы мен жағдайын жасап қойып, елі мен жерінің байлығын, тіпті қалтасындағы артық-ауыс ақшасын да сыпырып алып байығып жатқан пысықайлардың табысын білсе, қой күйінен арылар ма еді? Әлде азын-аулық табысы мен ішіп-жегеніне мәз болып жүре берер ме екен...

  Артынан келіп белінен біреу құшақтады. Қараса, Жасмин, сыртын ала Рус Ли. Жымиғаны суық. Жаулықтың ызғары байқалады. Бірақ оны елең қылған Дан болмады. Жасминнің қолын сырғытып белінен түсірді де, шығар есікке қарай жүрді.

–            Тұра тұр, батыр жігіт, саған арналған тосынсый бар, көріп кет.

–            Рус Ли мырза, мен шаршадым, үйге барып демалсам ба деймін.

–            Всего пять минут.

  Дан үндемей артынан ілесе берді. Олар бір қуыс бөлмеге келіп кірді. Рус қолын көтеріп белгі берді. Экраннан бейнежазбалар көрсетіле бастады. Өң қазақ қыздарының... Әсіресе Гүлқадамды көргенде Дан шыдамай кетті. «Өшір!» деп ақырды. Экран екі айтқызбай дереу сөнді.Рус Ли Данға қарап:

  - Өмірдің шындығы осы, Дан бауырым, сен өзіңе де, өзгеге де қиянат жасама. Бұл тірлік саған дейін де, сенен кейін де болады. Қазақ халқының даналығы «Әйелдің айласы қырық есекке жүк» демеуші ме еді. Сиқырлы қылымсыған екіжүзді сұрқия жезөкшелердің сөзіне ерме. «Жалғыз ұлым!» деп сен үшін аянбай еңбек етіп жүрген әкеңді ая. Оның тілінен ешкім тартқан жоқ. Осы ауқымды да қомақты бәсті бастаған сенің әкең. Егер ұтылыс бола жатса, әкеңнің дүние-мүлкі ғана емес өзі де, шешең де оңбайды. Аюке аямайды. Сен тем более. Сондықтан эмоцияға салынбай, ауылдағы істі нәтижелі аяқта. Все бабы одинаковый. Сенбесең ауылдағы аруыңды осы жерге әкеліп сынап көр. Сонда көзің жетер.

 Артынан әкесінің дауысы шықты. Дан бұрылып қарады. Қасында шешесі тұр.

  - Адам қызығатындай далаңда түк жоқ, сондықтан олар пәк, әдемі, сұлу. Ал қалада роскош, ел қатарлы жүру керек, оған қол жеткізу үшін ақша керек, сол кезде ең оңай не, тәнін сатып сол роскошқа қол жеткізу. Әйел деген тойымсыз. Өмірінде тоймайды. Қолында бар болып, жетіп тұрса да, қарекетін тастамайды, - деп ашулана әйеліне тесіле қарады.

 Дан әке-шешесіне ілесіп үйіне келді. Жуынатын бөлмеде суық судың астында сілейіп тұр. Бірақ қызынған денесін мұздай судың алатын түрі жоқ. Көз алдынан неше түрлі қым-қиғаш суреттер жүгіріп өтіп жатыр. Алған бетінен қайтпай қайсарланып алған Інжу, пысықай Жасмин, қытығым келіп тұр деп сықылықтай күлген Маржан, өзгенің құшағында мұны әжуалай күлген Гүлқадам, көмектесші деп шырылдаған ауылбайт қыз, азан шақырып тұрған Дархан... Лә илләһа иллә аллаһ, лә илләһа иллә аллаһ, лә илләһа иллә алла...

 Жаурағаннан ба, еріндері дір-дір, кемсеңдегені ме, тілі күбір-күбір...

47

  «Өмірінде бала көтеріп көрмеген әйелдің ағзасындағы өзгерістер, соған байланысты жүктілік синдромы деген бар? Әйелі үшінші қызына жүкті болғанда, қызғанышы асқынып үйіне мұның күллі туған-туыстарын кіргізбей қойғаны бар. Дәл осының Светаның басында болмасына кім кепіл? Арағын қойып, тірлігі алға басып, адам қатарына қосылып келе жатқан ақпейіл дарқан досы тағы да қиыншылыққа ұрынып, қайтадан ішіп кете ме?», - деген Ұлықбектің ойы тура келді. Кемпір мен баланы көргенде әйелдің жүрегі бүлк ете қылды, іші солқ етті, тісі тістеніп шыға келді. Кел-кет демеді, бірақ артынан еріп келе жатқандарға бөгеу жасап, ауыз үйде аяқ киімін ұзақ шешіп тұрып алды. Осылай кідіріп қалағанын байқағанда, Інжу жүгіріп келіп демеп жіберуші еді, ол да қыбырсыз. 

  Артынан кемпірдің қылқына жөтелгені естілді. Жөтел саябырсудың орнына үдеп барады. Тіпті аузын бүркеп тұрған жоқ, ішіндегі вирустары сыртқа атылған. Атой салған олар қазір жетіп келіп мұны жаулап, кеңсірігі арқылы ішке өтіп, жаңа пайда болып келе жатқан нәрестесін ту-талақайын шығарып талайтындай көрінді. Кібіртіктеп тұрған Сәуле жылдам ішкі бөлмеге өтіп, есікті сарт жапты.

 Көз алдына кемпірдің сиықсыз сұрқы көлбеңдеп тұрып алды. Қатпарланған әжімнен беті көрінбей, әлсіреген қуаттан қабағы түсіп көзін жапқан, екі ұрты салбырап төмен тартқан. Арық, қу сүйек, екі иығы сөлбірейіп, қолы ұзарып кеткен сияқты. Аяқтары икемге келмей, майысқақ, жүрген кезде кирелеңдеп, кейде бүгіліп кетіп, екі жағына кезек қисаң-қисаң етеді. Кемсеңдеп сөйлегеннен бе дауысы сыбырлап, шаршап-шалдығып әрең шығады.

  - Мына қу жетімек болмағанда, бұ жалғаннан баяғыда-ақ баз кешетін едім. Талайынан жазғаннан ба, шешесі кетті желеңдеп, әкесі кетті елеңдеп, екеуіннен де тірідей айырылып, жетім-жесірлік күй кешкен күніміз осы. Әлгі Жұмакелді де хабар-ошарсыз, өліп қалды ма, айына бір амандығын білдіріп кетуші ... Жалғызіліктен жаны сыздағаннан болар, Інжу әпкемді көремін деп қыңқылдай берген сөң, өлмелі күйіме қарамай жолға шықтым. «Өлмегенге өлі балық» жолдан досың кездесіп, жаны жайсан жан екен,  жеткізіп салды.

  Мына сөздерді естіп тұлданды-ай кеп Света.

  - Сонда мен не, детдоммын ба, өң жетімектер мен қайыр тілеп жүргендерді асырайтын. Ақа, апаратын жеріне апарып таста, өзім «Алла!» деп әрең сұрап алған нәрестеме кеспаттары тиеді. Бұлардың өз қарабастарын ғана ойлаған өзімдіктерінен, үстерінен тараған сасықтан, денелерінде қаптаған вирустарынан, әлі толық жетіліп бітпеген шаранамның ағзасына жанама әсері тиіп, туғанда жарымжан даун болмасына кім кепіл.

 Бұл сөзді Ұлықбектен бастап сол жерде тұрғанның бәрі естіді. Кемпір шалғымен шапқандай шалқалай құлады. – Апа! – деп баж ете қалды Нариман, «Ақ әже!» деп шыр-шыр етті Інжу.  – Ещё «Ақ әже» дейді, - деп тістене күбірледі Света. Айрандай ұйып отырған отбасының тыныштығына бүлік салған кемпірдің үстіне түсіп жанұшырғандарға көз қырын да салмай жүре берді. Өллмесе өмірем қапсын!

48

 Міне осыдан бастап Інжудің он күндік өмірі он жылға татыған шығар. Жасына жетпей есейіп кетті. Маңлайындағы сызықтары тереңдей бастады. Мұны көрген Дархан «өзіңді күт, өзіңді күт, өмір бір күн емес» деп қылқылдай берген соң, уақыт тауып күтініп жүрді, бірақ соңыра ұмытылып елеусіз қалды.

  Қайсар қыз шешесінің ашу-ызасы мен қиянатына жон арқасын тосып жүріп, ақ әжесін бақты. Оны киіндірді, жуындырды, уақтылы тамағын берді. Әжетыдысын төкті. Анасы сөйлемесін деп ішін тазалап жуып, дезодарант сеуіп қойды. Бір күні құтырынған Света кемпірден құтыла алмайтынын біліп, үйіне ылаң болып кірген қақпасты өлтірмек болды. «Өлмелі кемпірдің неден өлгенін кім біледі, аз-маз дозада қоссам сеспей қатар» деп қораларды дезинфекциялап жүрген баладан дуст сұрап алып, кемпірдің шайына салды. Бірақ артында тұрған Ақжігітті байқамай қалды. Ақжігіт үндемей келіп шайды раковинаға төкті де, жай ғана: - Алладан қорықпайсың ба, адам көрмесе де, ол көріп бәрін жазып отыр ғой. Ішіндегі балаңа қиянат болып кетпей ме? Інжу көрсе не дейді?

 Бірақ ол Айка тәтейдің сабағы болмай үйге ерте келіп қалып еді, мынандай оқиғаның үстінен түсіп, басы айналып теңселіп кетті. Ауызүйде есінен таңып біраз жатты. Есін жиған соң, өзін-өзі тоқтата алмай ағыл-тегіл жылады. Ана деп жүрегінің аясына алып мәпелеп, құрметтеп жүрген адамынан аяусыз қатыгездіктікті, адам өлтіруге дейін баратын жауыздықты көргенде жан жүниесі тітіреп шошына дірілдеп кетті. Ішке кірер-кірмесін білмей сыртқа шықты. Үйдің бұрышына барып сөлбірейіп тұрып-тұрып отыра кетті. Күннің суығында қыздың оғаш отырысын байқап қалған  Дарханның шешесі «Інжу, айналайын, бері келші» деп шақырып алды. Төмен қарап кібіртіктеп келе жатқан қызды шарбақтан қолын созып жеткен жерден ұстап тартып алды. Шарбақтың биіктігі кедергі жасаса да бетіне бетін тақап мойнынан құшақтап алды. Құрғап тас қатқан жиденің бұтағы кеудесіне батса да аңғармады. Қыздың қолына ұстаған жіпті жайлап алып:

 - Жаным, сабырлы бол! Алланың сынағы ғой. Дархан айтады сынақта сабырлы болған адамға Алланың құнды сыйлығы бар деп. Сабырлы, төзімді бол. Кешірімді адам – күшті адам. Кешірімді, күшті бол, сабыр сақта. Тек сабыр сақташы, жаным. Дарханың бар ғой, ол сенсіз қалай өмір сүреді. Оны ұмытпасаңшы. Бір күндік қиындыққа боркеміктік танытпа, бекем бол.

Інжу «иә» деп басын изей берді. «Алла сынағында сабырлы болған адамға Хақ Тағаланың құнды сыйлығы бар». Алла дегенде қыздың санасына ертеңгі күнге деген үміт оянып, үйінің есігіне қарай беттеді.

Ақжігіт мынандай сұмдықтан кейін енесі мен Нариманды өз үйлеріне апарып салды. Отын-көмірін алып берді. Көршілерімен келісіп, «қарайластық үшін» деп ақысын төледі. Інжуге енесін қарттар үйіне, Нариманды балалар үйіне өткіздім деп айтты. Қызы ақ әжесінің артынан еріп кете ме деп қорықты. Баяғы тірлік қайтадан басталды. Үшеуі үш бұрышта отырды. Сәуле кемпірден құтылған соң, ортаны түзеуге жан салып еді, бірақ Ақжігіт те, Інжу де жібімеді. Інжу жақсы күндері әнші болмай-ақ, балаларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ұстаз болуды қалаған. Енді әжесі мен Нариманды қолға алу үшін әнші болуды, Қайрат Нұртас сияқты миллиондап ақша табатын жұлдыз болуды таңдады. Данның Маржанға айтқан сөзі есіне оралып, соған белін бекем буды.

49

Үшінші тоқсан басталды. Інжуден түр қалмаған. Ұшы нарттанып тұратын томпақ беті солып, шодырайып сүйегі көрінеді. Мөлдіреп нұр шашатын жанары кіреукеленіп, сөнуге айналған шоқтай нәрсіз. Тұлғаланып көз тартатын сымбаты шүберекке оралған семген ағаштай сидиіп қалған. Жүйкесі сыр беріп саусақтарының арасынан ақ таңлақтар көріне бастаған. Ол аздай бастан аяқ тұмшаланып алған. Ешкіммен араласпайды. Ұзын етек көйлек пен басына киген орамалды хижап деп танитын директор тәрбиорды, сынып жетекшісін шақырып, Інжуді алдырып ортаға салды.

 – Дарын, мектеп формасына сай емес, тем более діни ағымдағы киімдерді киюге тыйым салынғанын білесің, мына түрің не, как чушела?!

 – Біріншіден, Дарын менің атамның ныспы, ол өліп қалған, менің атым Інжу Дарын, дұрыстап атаңыз! Екіншіден, мынау менің тәнім, оны қалай киіндіремін, өз еркімде. Сіз бізден қалай киінетініңізді сұрамайтын шығарсыз. Мен зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмын. Осы зайырлы мемлекеттің заңын, еркім бар деп, өз бетіңізше өзгерту енгізе бермейтін шығарсыз. Жо, әлде, бұл елдің заңы өзге елдіктерге арналып шығарылған ба?!   

 – Інжу, доғар! Сабыр ет! Мемлекеттің бекіткен заңы ғой. 

 – Неменеге мәймөңкелеп отырсың! Осының бәрі сенің отпущениең. Оқушыларыңа дейін есіріп кеткен.

 Інжу жылап жіберді. Кішкентай баладай тоқтай алмай өксіп-өксіп жылады. Орнына ұшып тұрған Жақсыгүл ана құшақтай алып басынан сипай берді.

–            Жыламашы, жыламашы, айналайын.

 Мынау не цирк дегендей дирек сыныпжетке қарады, ол иығын көтеріп, екі қолын жайды.

 –  Тоқтат, истериканы! Сен екенсің ғой бар бүліншіліктің басы, сені тәрбие завуч қып сайлағанда әбден қателескен екенмін.

 – Бара ғой, қызым, артынан кабинетке келерсің.

 –  Тоқта, ешқайда бармайсың, пока директор мен. Өзің болғанда приказ берерсің.

 – Қыздың мазасын алмаңыз. Онсыз да оңай тиіп жүрген жоқ. Биыл соңғы жылы. Аттестат, ҰБТ, жанұясындағы кикілжің де жүйкесіне әсер етіп, оқу үлгерімі төмендеп барады.

 – Неғыл дейсің маған!  Бұл сенің міндетің. Жұмысыңды дұрыстап атқарсаң, мұндай жүгенсіздік болмас еді. Бұлардың әр бірінің әуеніне төңкерелетін жағдайым жоқ. Бекітілген бе, орындалсын.

 – Жақсыгүл тәтейдің еш кінәсі жоқ. Біз бастауыш сынып оқушысы емеспіз. Қалтамызда Қазақстан мемлекетінің азаматы деген куәлік бар. Демек біз Ата Заңда жазылған баптарға сәйкес әрекет жасаймыз. Мен қазақтың қызымын, ата-бабамның дәстүріне сәйкес киінемін. Шашымды жалбыратып, кеудемді жарқыратып, санымды жалтырап жүрмеймін. Мен шайтан емеспін, өзімді-өзім құрметтеген адаммын. Еркек таба алмай өзін саудалап жүрген зинақор әйел емеспін. Осы киім менде қалады. Мектептен шығарып жібереміз десеңіз өзіңіз біліңіз.

 Інжу осы сөздерді айтты да, есікті сарт жауып шығып кетті. Дирек не дерін, не істерін білмей орнында қып-қызыл болып отырып қалды. Інжу сөйлеп жатқан кезде, етегінің тізесінен жоғары түріліп кеткенін көрсетпеу үшін, еркінен тыс әрекетпен үстелдің астына жасырған. «Еркек таба алмай өзін саудалап жүрген зинақор әйел емеспін» дегені миына қадалып қапты. Қол астындағыларды тырп еткізбей ұстайтын құдіретіне де бас имей, ол аздай есікті тарс еткізіп жапқан қыздың қылығына жасар айла таппай ызаға булығып отырып қалды.

 Біруақ тәрбиорға қарап мектептің жалпы жиналысын өткізуге даярлауды, оған ауыл әкімі, райононың тәрбие жөніндегі комитеті, ауданның жасөспірімдермен айналысатын комитет өкілдері, ата-аналар комитеті және бүкіл ұстаздар қатысу міндет екендігін айтып өтті. Тіпті дін істері комитетін шақырса артық болмас деп тоқтады.

50

 Інжу кабинетке кіріп, орнына сылқ отыра кетті. Қасында ешкім жоқ. «Не болды?» дегендей бәрі бұған үдірейіп қарап қалған. Айка тәтей қабағын шыта қадалған. Жалғыздыққа үйренген Інжу қайғы-мұңын, қуаныш-шаттығын да ішіне тығып үндемей жүре беретін. Бүгінгі оқшаулық еңсесін езіп жіберді. Кінәсі не? Туған ұлтының дәстүр-салтымен жүргісі келгені ме? Өзін де, өзгені де күнәдан пәк-таза сақтағысы келгені ме? Сабақ та ғана емес, тәлім-тәрбиеде де үлгілі болғысы келгені ме? Сонда тапқан пайдасы қане? Жақын санап жүрген сыныптастарының өзі бөліп тастап, жалғыз қалдырыпты. Осыны сезді ме, Дархан қасына келіп отырды. Ол отырысымен иығына бас қойып, дыбысын шығармай, екі иығы селкілдеп жылады. Дархан қолынан ұстап аялай сипай берді. Жауығып жүрген Маржанның көзінде де жас мөлтілдеген. Бану түк көрмегендей теріс қараған. Дан сілейіп, партаны көзімен шұқылап отыр. Нәзік те болса күшті, бір бет қайсар, елім дегенде ештеңеге дес бермейтін ерек жанды жылатқан адамдарға ызалы сияқты, жұдырығы түйіліп кеткен. 

 – Неменеге сабақ үстінде жүріп жүрсің, адам отыр, жан отыр демейсің ғой тіпті, әбден тәртіпсіз кеткенсіңдер! Сен неғып сораңда ағызып отырсың, тый, сенімен езіліп отыратын уақыт жоқ. Әй, Дархан, шық тақтаға, сабақ айтасың!

 Дархан орнынан қозғалмады. Айка тәтей «екі» деп қаламсабын журналға қарай жүгіртті.  

 – Сіз тақтаға шықпаған, жауап бермеген оқушыға екі қоя алмайсыз.

 – Неге қоя алмаймын, өзің айтып отырсың ғой «тақтаға шықпаған, жауап бермеген» деп...

 – Өйткені, сіз үйге қандай тапсырма бердіңіз, соны біліп алыңыз?

 – Ал қандай тапсырма беріппін?

 – Африка құрлығын конспектілеп келіңдер дегенсіз.

 Айка Данның сөзінен кейін ойланып қалды. Қандай тапсырма бергені қаперінде жоқ. Есіне түсірмек болып еді, ештеңе ілінбеді. Күнтізбелік жоспарына қарап еді, тақырып бар, күндері қойылмаған, бірақ Африка төртінші тоқсанда...  Қоңырау соғылды. Оқушылар «Сау болыңыыз, тәтей» деп сыныптан шығып кетті. Айка күнтізбелікті лақтырып жіберіп:  - Сен қызға көрсетермін әлі! – деп кіжінді. Сыныптағы жағдайды жылдам жеткізбекке мұғалімдер бөлмесіне қарай асықты.

 Келсе, ортада сотка, бәрі соған ден қойып, тыңдап қалыпты. «...қызымын, ата-бабамның дәстүріне сәйкес киінемін. Шашымды жалбыратып, кеудемді жарқыратып, санымды жалтырап жүрмеймін. Мен шайтан емеспін, өзімді-өзім құрметтеген адаммын. Еркек таба алмай өзін саудалап жүрген зинақор әйел емеспін. Осы киім менде қалады. Мектептен шығарып жібереміз десеңіз өзіңіз біліңіз...».

–            Не дейді, мына қыз, қатты айтыпты-ау!

–            Директор не деді?

–            Деймін дегенше есікті сарт жауып шығып кетті.

–            Інжудің ондайы жоқ, біртоға момын қыз еді, мәжбүр еткен ғой.

– Қайдағы момын, үндемей жүріп бәрін сол бүлдіреді. Асыл қажының немересінің де басын айналдырып алды, қазір «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс», соның айтқанынан шықпайды. Киген киімін көрмейсің бе, мемлекеттің заңына қарсы шығып... Мешітке де барып, ваххабист дей ме, соның ағымына түсіп, бүлік шығаруын көрмейсің бе...

 – Артық кетпе, Айка! Бар болғаны қыздың өзін-өзі қорғағаны ма? Қазіргі заманның еңкейсе бұты көрінетін әдемілігінен ар-намысын жоғары қойып, кім көрінгеннің ойыншығы болғысы келмегені ме? Бүгін бұтын көрсеткен қыз, ертең жыныстық қатынасқа баруды да заңды деп санайды. Жүкті болып қалса бұл қайдан пайда болды деп таңырқап алдырып тастайды немесе әжетхананың тесігіне тастай салады. Қазіргі заманның киім үлгісі осындай қылмыстарға жетелейді. Бұрындары тізесін етегімен бүркеп отырушы еді, бүгінгілердің етегі бүркеуге жетпейді, жылтыраған тізелерінің арасынан беті ашылған ұяттары көрініп тұрады. 

 –  Доғар, Жарас, артық кетпе, бір қыз үшін көпке топырақ шашпа!

 – Киім үлгілерің осы ма, қазақ ментатилетіне тән емес, анайы. Мінез-құлқы әлі қалыптаса қоймаған, түсінігі мен ұстанымы әлсіз, өтпелі кезеңнің бас айналдыратын масаң шағының шырмауында жүрген баланы, тек теріс әрекетке жетелейтін зиянына басқа пайдасы жоқ. Бұл киім үлгі ұлдарға емес, балаң қыздардың жас тәнін емін-еркін көруге арналып шығарылған сияқты. Тыйым жоқ жерде тәртіп жоқ, білу керек мұны.

 Қызына сөйлеген Жарас «бұдан ары сөйлесем артық кетем бе» деп сынып журналын алып шығып кетті.

 – Бұл да мешітке барып жүр, вахабист қой, әлгі жүгенсіз қызды жақтап өліп барады.

 – Айка, сабыр ет, бір жағы Жарастың айтқанының да өтірігі жоқ. Қыздардың қысқа киетіні рас. Біздің заманда ұстаздарымыз тізеден жоғары емес, тіпті тізеден киген көйлек көрсе шашамызды жұлатын.

51

 Бүгін ауа-райы ерекше. Түннен бері қыламықтап қар жауып тұр. Кір басқан жердің жүзін мамық опасымен бүркемелеп әдемілеп жатыр. Інжу аппақ әлемге сүйсіне қарап, кір аяғымен ластағысы келмегендей әр жерден бір басып, керіле қадам алған еліктей қалқып келеді. Мұндай ғажап мезеттің қайталанбайтынын сезген Дархан қайта-қайта суретке тартып алады. Бұрындары «түсірмеші» деп шырылдайтын Інжу үндемейді, күлімсіреп қарап қояды. «Әбден түсіріп алсыншы» деген сыңаймен, құдды қайтпас сапарға аттанатындай кеңпейіл. Дарханның көңіліне алаң кірді.

 Ол алаң мана мектепте басталған. Інжу Данға қайта-қайта жалтақ-жалтақ қарай берген. Содан кейін екеуі ізім-қайым жоқ болып кеткен. Бір сабақты жібермей, бастан-аяқ қатысып, зейін қойып тыңдайтын. Ұстаздар да тек сол үшін сабақ өтетіндей, тақтаға тақырып жазу, талдау, бекіту кезеңдеріне дейін Інжу арқылы қорытып отыратын. Оны жоқтығын байқағаннан кейін, сабақтың басталғанымен ісі жоқ, тыңдауға құлқы жоқ, өздерімен өздері отырған оқушыларға сұрақтар беріп, соған жауап жазуды тапсырды. Дарханнан маза кетті. Неше түрлі жаман ойлар санасын жаулады. Қызғаныштың қызыл иті ішін тырналады. Бірақ «ғайбат сөздер бауырыңның етін жегенмен бірдей». Сабыр сақтап артын бағуды қалады. Әйткенмен Інжу келесі сабаққа келгенімен тіс жармады. Тек Дарханға шуақты жүзін мен нұрлана қарап, ыстық ықыласты пейілін танытты.

 – Дархан, сенің шанаң бар ма?

 – Иә, інімнің шанасы бар.

 – Мен қаз, үйге барған соң, жарты сағаттан соң шығамын. Шанаңмен мені сырғанатшы.  

 – Мақұл, күтемін.

 Дархан асығыс шыққанмен, Інжу көрінбейді. Үйге қайта кіріп, шананы айналдыра қарап шықты. Шүберек әкелеп былғанған жерлерін тазалап сүртіп үстіне көрпеше төседі. Сыртқа қайта шықты. Келмепті. Іші пысып жауған қарға аузын тосты. Майда қардың дәмі білінбейді, татымсыз. Қар түйіршіктері әдемі-ақ екен. Өрнегі бірінен бірі өткен. Теңдесіз сұлулықтың құны көк тиын. Алып әлемге жұтылып ғайып боп жатыр.  Оларды елеп жатқан жан жоқ. Жаратылыстың тек сұлулықтан тұратынын Дархан қазір танып-білді. Бір пәске жетпей еріп кететін қар түйіршіктері де домбал емес әдемі. Інжу де осы қар түйіршігі сияқты, пайымдауы төмен иманы жұтаң ортада...

 Тамағынан біреу қытықтады. Көздерінен мерей шуағы төгіліп, жымия қарап Інжу тұр. Боянып алыпты. Кірпіктері қап-қара, садақтың оғындай тікірейіп тұр. Үстінгі жағы көкпеңбек. Бетінің ұшын қызартып, еріндерін қып-қызыл ғып албыратып қойыпты. Қызғылт-сары алтын шаштарын еркіне жіберіп, ақ шапкі киіп алыпты. Үстінде ақ күртесі, қысқа джинсі белдемше, капрон колготки. Алдында Інжу емес мүлдем басқа адам, үш емес он қайнаса да сорпасы мүлдем қосылмайтын жат пенде тұр. Дархан есі ауысқан ақымақтай селтиіп тұрып қалды.

 – Жүрмейміз бе енді, тұрамыз ба өстіп?

 Дархан күртесін шешіп, шанаға төседі де, Інжудің қолынан ұстап отырғызды. Үстіндегі жемпірін шешуге кірісті.

 – Ой, оны неменеге шешіп жатырсыыың?

 – Алдыңа...

 – Керегі жоқ, ки! Суық тиеді.

 Шананы сүйрей жөнелді, артына қарағысы келмейді. Көшенің аяғына шыға бере жемпірін шешіп алып Інжудің тізесіне жапты. Қар жауып жылымсып тұрғанмен, күннің жасырын ызғары бар.

 – Қараса қыз көңілі тоятындай тұлғалы жігіт болыпсың. Ал тірлігің кішкентай баладан аумайды, торсаңдап бұртиясың. Желкең мен жотаңа дейін торс-торс бұлтыңдайды.

 Жалт қараған Дархан жерден ұлпа қарды Інжудің үстіне қарай шашып-шашып жіберді. Қыз да қалыспады, ол да түсе қалып құйындатып шаша жөнелді. Сықылықтап күлкіге батқан. Еңкейіп алып боратқаннан екеуі тақалып келіп түйісіп қалды. Жанарлары кездесіп бірі-бірінен кірпік қақпай қарайды. Жан тәнінің әр тініне дейін тебіренген сезім нұрынан жаралған ыстық сәуле көз арқылы ішкі дүниелеріне құйылып бір-біріне ынтықтығын арттырып, бауырына тартады. Іңкәрлігі тасыған Дархан иіліп барып Інжудің бетінен сүйіп алды. Селт етіп есін жиған қыз, «Үй, жаман бала!»  деп итеріп жіберді.  Дархан кері серпіліп отырып қалды.

 Інжу үстін қағып, қайтайық деді. Майыса басып жолға түсті. Құйрығын бұлаңдатып бір ерсі жүріске салған.

 – Дарханчик сен мені сүйесің бее?

 –  ...

 – Қашан көрсем маған мөлие қарап отырасың. 

 – ...

 – Мен әдемімін бе?

 – ...

 – Жалпы мендей сұлуды сүю мүмкін емес. Біз сүюге емес, саудалауға жаралғанбыз. Біздің тәніміз тауар, жанымыз күн. Тірлігіміз зинақорлық.

 – ... 

 – Сен неге үндемейсің? Білемін... Сезіп келемін... Тіліңе еркің жеткенмен, көзіңе әлің жетпейтінін білемін, бірақ амал жоқ, мен сені жек көремін. Мына жалған дүниеде мені бейкүнәлікке тәрбиелеген. Егер мен көптің бірі болғанымда еш қиналмас едім. Ақ әжем мен Нариманды құтқарып алар ма едім. Ол екеуін жетімханаға қаматып қойып жайбарақат жүре алмаймын. Еркін өмір сүруіме тынысым тарылып ауа жетпейді. Ол маған көмектесемін деді. Мен белді бекем будым. Мен саған тең емеспін. Әлі күнә жасамасам да, осы ойымның өзімен күәһармын.

 – Інжу, олай етпеші, Алла Тағала кең, сабырлыны сүйеді, тағат тауып, төзімділік танытшы. Әлі-ақ бәрі тамаша болады.

 – Бұл дүниеде ерек жаратылған қызбалаға бейкүнә пәк  өмір сүруді жазбаған екен... Сен мені ұмыт. Арам шөпті жұлғандай жадыңнан суырап алып таста. Қош бол!

 Дарханның ұялысы ойнай жөнелді.

 

Сені сүйе білетін мен адаммын,

Қайда болсаң да мен сондамын, тағдырым,

Сезім оты лаулайды ортамызда,

Егер болсаң сен менің жанымда.

 

Жібермеймін мен сені,

Ешкімге де бермеймін.

Сен менікісің, менікісің,

Сен менікісің.

 

Аяу күнім, үлбіреген гүлім,

Оттай ыстық мөлдіреген көзің.

Жалғыз менің жүрегімде сенің орның,

Саған деген сөзім мен бұл әнім.

 

Жібермеймін мен сені,

Ешкімге де бермеймін.

Сен менікісің, менікісің,

Сен менікісің.

 

Жібермеймін мен сені,

Ешкімге де бермеймін.

Сен менікісің, менікісің,

Сен менікісің.

 

Жаным, жаным, жаным!

 

 Артыма бұрылмаймын деп қадамын нық алып бара жатқан Інжу жалт бұрылып, жүгіріп келіп Дарханды құшақтай алды.

 – Кешірші мені! Ақымақтығым үшін кешірші! Налығанымнан туған аусар сөздер ғой. Қайда жүрсем де сенің үмітіңді ақтаймын. Ар-намысыма нұқсан келтірмей, алдыңа пәк күйімде адал ораламын. Өйткені, менің ұстазым өзіңсің. Қанша қиыншылық көрсең де, өз бетіңнен қайтпай жеңіп шықтың. Мен де жетемін.

 Бетіндегі бояудың бәрін сүртіп тастады. Шашын жинап шапкісінің ішіне салды. Дархан күртесінің жағасын түзеп, етегін төмен тартып қойды. Көзінің айналасында жасымен шыланып жағылып қалған бояуды тілімен саусағын сулап тазалап шықты. Одан кейін өзіне тартып кеудесіне басты. Дүрс-дүрс соққан жүректерінің құлақшалары қолға айналып, бір-біріне созылып, тас қып ұстап алғысы келгендей ышқына соғады.

 – Сен Алла қарайласқан қызсың. Бәрі сәтімен шешіледі. Сабырлы бол, аптықпа, асығыстық танытпа! Ажалды сәтте де Алла тілде болса, алдан түнек емес, жарық ашылады. Мен қасыңдамын. Дайым бірге боламын. Ұмытпа!

 Осы кез Інжудің есігінің алдына келіп Данның көлігі тоқтады. Інжу Дарханның құшағынан босанып шығып, қолын бұлғап жүре берді. Жарты жолдан қайта бұрылып қарады.

 Расында Дархан өзгеріпті. Ат жақты жүзіндегі қой көздері мейірім шашып тұрушы еді, қазір қатқылдана бастаған сияқты. Жазық маңдайындағы сызықтарын байқатпау үшін қабағын кермей сөйлеуді әдетке айналдырған ба! Тұлғасы бұрынғыдай емес, еңсесі түзеліп бойы таралыпты. Спортпен айналысып жүр ме? Қушиып тұратын иықтары жазылып, төсі дөңкиіп алға шығып тұр.

 Інжу бұлай тұра берсе жолынан қалатынын түсініп, тез басып үйіне кіріп кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ БӨЛІМ

 

Сезім салтанаты

1

   – Ұлықбек бауырым, саған келдім, - деді Ақан, - Көмектес, отбасымның ойраны шығатын болды.  Сол өлмелі кемпірдің үйіме әкеліп ойранды өзің бастадың. Қайтерімді, не істерімді білмей далмын. Ол аздай жынды суды ішіп жын қуып... Көмектесе гөр, досым! Сенен басқа ешкім жәрдемдесе алмайды.

 – Ой, сабыр ет, аптықпа, алқынбай отыр. Әй, Жазира, дастарқан жай, досым кеп қапты.

 Ақжігіт төмен қарап сүмірейіп отыр. Алпамсадай тұлғалы жігіттің сымбатынан нұсқасы қалмаған. Шашы жалбырап өсіп кеткен. Сақал-мұрты да алынбаған,  бет-жүзін жауып, үйсіз-күйсіз қаңғыбастың сиқы. Екі иығы дір-дір етеді.

  – Інжуім, Інжуім, қызғалдағым-ай! Жас өмірін  әбден тәлкек еттім-ау. Аспандағы ай мен күн қызғанатын асылымды қор қылдым-ау...

 – Әй, тоқташы зарланбай, қызыма  не болды, тыныштық па?!

 – Сәуле мені саған жіберді. «Ана Жұмакелдіні іздеп тапсын» деді, «егер ол табылмаса Інжуден тірідей айырыламыз. Бір Алладан соның саулығын тілейік» деді.

 – Неге?

 – Ақ әже мен Нариманды үйіне апарып салғанымды айтпай, қарттар үйі мен жетімханаға тапсырдым дегенмін.

 – Нағып?

 – Сәуле солай деп айт деді, әйтпесе Інжу әжесінің артынан кетіп қалады деді.

 – Енді?

 – Енді Інжу әжесін мен інісін іздеуге дайындалып жүрген көрінеді. Егер Жұмакелдіні таппасақ, оны тежеу мүмкін емес. «Әжем!» деп, «Бауырым!» деп жүрегі езіліп қан жылап жүрген қызды бір минут та тоқтата алмаймыз. Өзің білесің, әділдік үшін қандай қиыншылық болса да қайтпайтынын. Анасы да сондай, .... солай опат болмады ма?!

 – Ия, Ақа, айтқаныңның бәрі жөн. Інжудің жаны асыл ғой. Тоқтамайды, тоқтамайды... Ондай жандар бұл дүниеде ілуде біреу. Қам жеме, досым, тірі болса Жұмакелдіні іздеп табамын. Жердің астында болса да суырып аламын. Інжуімнің бақыты үшін аянбаймын. Міне, тап қазір жолға шығамын. Сен маған жаңағы Жұмаң туралы мәліметіңді бер. Содан кейін, ана қатының екеуің түзеліңдер. Жындылықты қойыңдар. Арағыңды тастап, қызыңның оқуына дайындал, еңбек етіп, қаражат тап. Інжуге обал болады. Мектептің маңдай алды оқушысы, әр сынама тестен 140 алып жүрген көрінеді ғой. 

 – Иә, иә, ол сондай, алтыным асыл ғой. Тезірек-тезірек, тезірек тапшы! Кетіп... кетіп қалып бір нәрсеге ұрына ма!

– Ал, Жазира, естіп отырсың ғой, мен кеттім. Сен жүр, Ақа, үйіңе апарып тастайын. Ішкеніңді қойып, Інжуді бақылауға ал. Сен лағып жүргенде, жер соғып қалмайық.

 

 

2

 Айтса айтқандай, Ұлықбек бірден жолға шықты. Кеңес құлап қайта құру басталғаннан жеңіл көлікке отырды. Не түрлі кәсіппен айналысты. Тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткен соң, тасымалға ден қойды.  Содан бері нешеме жыл өтті. Жақын маңдағы, алыс қалаларға дейін адам тасыды. Кәсіптері бір болған соң, әңгімелері бір, жетістік-таршылықтары ортақ, шүйіркелесіп талайымен дос болып алды. Қай қалаға барса да таксишы таныстары көп.  Ақаң берген маршрутпен жүре отырып үш күннің ішінде Жұмакелдіні тауып алды. Ол қаладан оқшау қалтарыс ауылдардың біріндегі мешітте қарауыл екен.

 Ұлықбек мұны естігенде ашуға булығып, өзіне-өзі симай кетті. Әлгі мешітке жеткен бетте, бетін бей-беркет жүн басқан, аулада жүрген біреуден «Жұмакелді танисың ба?» деп сұрады. Әлгі аңтырылып қарап тұрып «Жұмакелді менмін» дегені сол-ақ, «болсаң, міне» деп Ұлықбек шапалақпен салып жіберді. Жұмекең оңқалаң-тоңқалаң ұшты.

– Ананы зарлатқан, баланы қақсатқан, қатынды сансыратқан, жанұяны ойрандаған бұл қандай дін, қандай құдай! Ей, оңбаған, сенің кесепатыңнан қанша ошақ талқан болып, шаңырағы ортасына түскелі тұр! Алтындай асыл қыздың тағдыры қыл үстінде! Айтшы, не таптың мұнан? Мұндай мешіт ауылда да тұрған жоқ па? Әлде әр мешіттің құлшылығы әр түрлі ме? Мұнда туғандарыңды ұмыт, жақындарыңнан алыс бол, Аллаға жақын бол дей ме? Міне жақын боласың! Туған анасы мен жас сәбиін зарлатып кеткен тірі өлікті Алла қайдан жақсы көрсін. Өйткені оның аты Хақ Тағала. Әділ Алла сен сияқтыларға ділгір емес. Ібілістің сілімтіктері, сайтанның сапалағы, жинал, түс алға!

 Сөйткенше болған жоқ, ар жағынан бес-алты адам жүгіріп шықты.  Бір-бірі үшін жанын беруге даяр рөлде отырған әріптесі жөндеуіш темірін қолына ұстай түсті. Ұлықбек  үндемей тұра берді. Аналардың ішіндегі сәлдесі бар сөйлемекке ауызын аша беріп еді, ол «тсс» деп саусағымен ернін жапты.  Жұмакелді мешітке кіріп-шығып көлікке дереу мініп алды.

 Қайтар жолға түскен соң Жұмакелді: - Мені де іздейтін адам бар екен-ау, - деп еңкілдеп жылады.

– Есіңінен әбден адасыпсың-ау, шырағым, аңырап отырған өлмелі анаң мен қауқарсыз кішкентай балаңды есептемегенде, күнде жол қарап, әр таксидің есігін аңдып жүрген бауырмал қарындасың Інжуді қайда қоясың. Ақымақ-ау, олар сені қалай іздейді, ойланбайсың ба?! Біреуі ғаріп, екіншісі әлсіз сәби, үшіншісі он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыз. Есің ауып әбден кеңкелес болып қапсың-ау. Әне, осыдан кейін сенің дініңе кім сенсін. Вахабист демегенде не дейді, айтшы өзің?

 – Ағеке-ау, бәрі рас екен ғой. Әділдік іздеп, ақиқи дін деп, адасқан діннің құрығында діңкем  құрыпты. Анамды, баламды, жақындарымды ұмытып, Алладан да алыстап кетіппін ғой. Санасы жат, танымы шатыс, иманын сақалымен саудалаған, сүйір тілдері жан арбайтын мұнафихтердің  сөзінен шыға алмай жүргенде, жанашыр бауырымның дәу шапалағы жағыма тиіп, есімді жинап алдым-ау. Кешіріңіз, аға, бұл енді ешқашан қайталанбайды!

 – Сөйт! Келінбала қайда, жолай оны да ала кетейік.

 – Жолдан қиыс, жүз шақырымдай болып қалады.

 – Көрсет жолды!

 Олар кеш бата Жұмакелдінің айтқан қаласына кірді. Еңселі үйдің қасына тоқтады. «Осы үй ме?» деп Ұлықбек қайта-қайта сұрады. Бұл бекініске кірудің оңайға түпейтінін іші сезді. Қарғып кіруге қақпасы биік – екі адам бойы. «Бірақ көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деп Ұлықбек жол бастады.

3

 Есік қаққанға ар жақтан қарауылдың «Көзің соқыр ма, қоңырауды баспайсың ба!» деген дөрекі дауысы шықты. Қоңырау басылған соң «Кім керек?» деген сұрақ келіп жетті.

–            Құдайы қонақпыз.

–            «Құдайы» кедей-кепшікке таратылады, соларға барыңдар уа-ха-ха!

– Ей, жетесіз, бұл сөзіңді өз үйіңде айтарсың, ал әзір қарғылы төбеттің міндетін атқармай қожайыныңды шақыр.

–            Блят-сука, сен кімсің, қарғылы төбетті мен саған көрсетемін қазір!

  Ол есікті шақыр-шұқыр еткізіп ашып атып шықты. Сөйткенше болған жоқ арт жағында тұрып қалған таксиші жөндеуіш темірін кіргізе тақап «Көтер қолыңды, тырп етсең атамын!» деп ақырды. Анау сөзге келмей қолын көтере қалды. – Кір үйге! – деп бұйырды Ұлықбек, кірген соң, - Шақыр қожайыныңды!

  –  Аға, қожайынның керегі жоқ, Арайлымды шақырсын.

–            Мұнда не болып жатыр, кім мені сұраған? 

–            Арайлымм!

 –  Сен кімсің?

 –  Жұманмын!

 – Жұмааан?! Сен тірісің бее? Өліп қалды деп еді ғой. Нариман екеуіңді жол апатынан қайтыс болды деп едіііі...

 – Екеуі де тірі, Нариман балаң «Әкем келеді, анам келеді, біз әжем екеуміз қайыр тілемейміз, әлі-ақ бақытты боламыз» деп жол торып жүр.

 – Не дейсіз, аға, Нариманым тірі ме?!

 – Тірі болғанда қандай, тек шынашақтай, арықтықтан әрең қозғалып жүр. Тез жетпесең...

 – Қазір, қазір, мен шығамын, кетпеңіздер, қандай жағдай болса да кетпеңіздер! Мені тастап кетіп қалмаңыздар. Бәсе, бәсе, Нариманым тірі екен ғой. Түсімде «Қашан келесің, қашан келесің?» деп шыр-шыр етеді. «Сен өліп қалдың ғой, қалай барамын» деймін, ол «Тірімін! Тірімін!» деп шырылдайды...

 – Бара ғой қызым, бірақ тез шық!

 Арайлым он минут өтпей жылдам шықты. Алдарында әкесі келеді едіреңдеп, қарауылға ақырып, кейіндеу Арайлым, артында шешесі ерген.

 – Ей, мен саған бөтен адамдарды кіргізбе деп едім ғой.

 – Қалай кіргізбейді, мұның мушкада тұр ғой, артық қимыл жасасаң сені де атып тастаймын.

 – Әке, бізге кедергі жасамаңыз. Өзіңіз білесіз, мен Жұманды сүйемін, Нариман балам тірі екен, одан басқа маған қандай бақыт керек. Сіздер тірідей өлтіріп едіңіздер, ал Аллаһ Тағалам әр таң сайын жасаған құлшылығымды, дұға-тілектерімді қабыл етіп, өлгенімді тірілтіп, өшкенімді жандырды. Енді сендерден сұранарым ақ жол тілеп, ақ баталарыңды беріп шығарып салыңдар.

 – Ақ жол! – деп бұрқ етті әке.

 – Аллам бастарыңнан бағын айырмасын! Әр күндерің тек бақытты сәттерден құралсын! Нариманымның денсаулығы зор болсын! Құдайым алдарыңнан жарылқасын!

 Ақ батасын алған көлік  қайтар жолға түсіп, жеңіл қозғалып, қуанышты хабарды тез жеткізуге асыққандай тоқтаусыз зымырады.

4

 Ұлықбектің үйге кіре бергені сол-ақ телефон шарылдай жөнелді. Алғысы келмеп-ақ еді, бірақ жан дауысы шыға шырылдаған үнінен секем алып, көтере қойды.

 – Ойбаай, Ұлықбек тез жетші, мына Інжу қызым кетемін деп қиғылық салып жатыр тез жетші! Ақаң да үйде жоқ, жұмысына шыққан еді. Шапшаң жетші, жылдам!

 Сәуленің көп истерикасының бірі ғой, екі кештің арасында қайда барады? Дала аяз, жол қар, бұндай суықта көлік те жүрмейді. 

 – Не істеп жатырсың, жатайын деп атсың ба? Сәулені қайтесің? Жаны шырқырап жатыр ғой, бармайсың ба?

 – Өй, қойшы, жүкті әйелдердің көп қитұрқысының бірі де? Екі кештің арасында қыз қайда барады, кететін көлік те жоқ.

 – Неге жоқ, әлгі жаңадан келген оқушы, Дан ше, сол есіктің алдында көлігімен күтіп тұр дейді.

 – Неее...

 Ұлықбек орнынан ұшып тұрып көлігіне қарай жүгірді. Айтса айтқандай «мокрый асфалт Геленд ваген» Інжудің үйінің есігінің алдында тұр. Ол түсе салып соған қарай атылды. Бірақ ішінен ешкімді көрмеді. Үйге қарай құстай ұшты. Ішке кірсе, бәрі рас, Сәуле табалдырыққа көлденең жатып алған, аттамаққа бейімделіп тұрған Інжудің аяғынан ұстап алған. Мұндай ерсі  қылықты өзі аса құрметтейтін  қыздан көргенде ашуланып кетті.

 – Ал атта! Атта, қане, неғып тұрсың, атта! Мақұл Света... Көргенді, тәрбиелі, үлкенді құрметтейтін биязы деп санаған сенің мынау әдепсіз қылығың... - Ұлықбек тұтығып тұрып қалды, - Бұл шек қой. Бұл жалғыз Света емес, ішінде Алла құдіретімен жаратылған бейкүнә пәк сәби жатыр. Ал сәби аттағаның өзіңнің бауырың Нариманнан ... Сен бүгін Нариманнан аттасаң, ертең Ақ әжеңнен аттайсың. Сөйтіп бұл дүниеде сен құрметтейтін ештеңе қалмайды. Үлкен-кішілігіне қарамай күллі әлемді таптап жүре беретін боласың. Сөйтіп ар-ұят, абырой да қасиетін жоғалтып, сен үшін бұл дүниеде ешқандай құндылық қалмайды...

 – Ұлықбек аға, кешіріңіз. Ақ әжем мен Нариманның күйігі өтіп кетті. Оларды жетімханаға қойып қалай емін-еркін жер басып жүремін. Әйтәуір бір әрекет жасап, қол ұшын тигізсем бе дегенім ғой.

  – Міне, көр, олардың күйі жақсы. Жұмакелді ағаң келіншегін әкеліп, Ақ әжең мен Нариманның көңілдері шат.

 Ұлықбек ағасының соткасындағы Жұмакелді ағасы Арайлым жеңгесін құшақтап алған, алдарында Ақ әжесі мен Нариман тұр. Жүздері жарқын, қуаныштың белгісі көрінеді.

 – Таксовать етіп жүріп, ақ әжеңнің ауылына жолаушы шығып, осындай шат қуаныштың үстіне түстім. Нариман «бізді уайымдап жүрген шығар, бәрімізді түсіріп алып, Інжу әпкеме көрсетіңіз» деп маған ақыл салды. 

 Інжу мұндай жүрек жарды қуанышқа сенер-сенбесін білмей аңтарылды. Сәуле де Ұлықбекке сұраулы жүзбен.

 – Сенбесең, оларға қоңырау шалып көрсеңші.

  Осы сөзді күтіп тұрғандай-ақ Інжудің ұялысы ойнай жөнелді. Ашып қараса бейнеқоңырау екен. Қосты.

 – Қымбатты  бауырым, ассаламуалейкум. Басыңды әбден шаттым ба? Өміріңді шырғалаңға салып қойдым ба? Бас ұрып кешірім өтінемін. Бұл да бір Алланың сынағы шығар. Раббымыздың әрбір қарекеті қайырлы ғой. Енді сен бізге алаң болмай сабағыңды оқы. Үлкен сынақ тұр, содан сүрінбей өтіп, мақсат-мұратыңа кедергісіз жет. Ә, мә, сенімен Нариман сөйлесемін дейді.

 – Амансыз ба, Інжу әпке, әкем келді, анам келді. Айтып едім ғой, есіңде ме, олар келеді деп, біз бақытты боламыз деп, қайыр тілемейміз деп.

 Байланыс үзіліп кетті. Ұлықбек Інжуге қарап:

 - Қарағым, айналайын, шешіне ғой. Қазірден бастап бұл үйді тек татулық пен береке, сыйластық пен... қысқасын айтқанда менің мазамды ала бермей тыныш отырыңдаршы.

 Сәуле кішкентай баладай көз жасын сүрткіштеп Інжуді құшақтай алды. Екеуінің табысуына кедергі жасамайын деп Ұлықбек сыртқа шығып кетті. Көлік ішінде отырған Данға келіп:

  - Сен жігітті бұдан былай бұл үйдің есігінің алдынан көрмейтін болайын, әрдайым есіңде болсын, тілімді алмасаң, өзі обалың өзіңе, аямаймын.

 Дан бірден түсінді. Мұндай адамдардың екі сөйлемейтінін біледі. Бірақ... А дегенше соткасы шырылдады. Тыңдады да, «Окей» деп жүріп кетті  

5

  «Жақсы адамның кеуілі шәйі орамал кепкенше» демек Інжудің де жан күйзелісі бір күннің ішінде ізім-ғайым болды. Таң сәріде, күнделікті шаруасына тұрған кезде, кірбіңнен тап-таза жүрегі тың күшпен өмір сүруге ұмтылды. Мөлдіреген сезімі жан дүниесін тербеп, шапағын шашулатып келе жатқан алтын күнге ынтазар сүйіспеншілікпен сағына қарады.

  Анасы да ерте тұрып алып, директің көзіне түрпідей тиген киімнің орнына жаңа киім дайындапты. Қыртысын кетіре үтіктеп, тақтайдай ғып ілгішке іліп қойған. Қызының шаруасын тәмамдап келгенін байқап, ваннаға су толтырып, қалампыр гүлін қосып, хоштандырып қойды. Шомылып болған қыз көлдей орамалға оранып өз бөлмесіне өтті. Анасы сүйсініп қарап қалған. Тал мүсінінде бір мін жоқ. Қызғылт алтын шаштары сусып беліне түскен. Аппақ жүзінде жұмсақ мейірім шуағы шашады. Тіп-тік тоқ балтыры, сәбидің бетіндей томпиған көрім тобығынан бастау алған аяғының ұштары не жіңіке емес, не жалпақ емес көрер көзге сүйкімді. «Құдай жаратады-ақ екен!» деп таңлайын қағып тамсанды Сәуле.

  Інжу айнаның алдына келіп отырды. Жанарында бейғам тоқмейіл сезімнің сәулесі құбылады. Анасы шашын таза сүлгімен құрғатып сүртіп шықты. Қаусырмалы көйлегін ұсынды. Дайындап қойған киімін алып келді. «Шай ішесің бе?» деп сұрады. Ол еркелей шешесін құшақтай алып, кеудесіне бас қойып біраз тынып тұрды да, қолынан сүйіп, мектепке дайындалуға кірісті.

  Бет-жүзін реттеп болған соң, мектеп киімін кие бастады. Етегі балтырын бүркейтін ұзын етек көк көйлектің үстінен биязы жүннен тоқылған ақ бешпет киіп, кеудесіне жас түлектердің белгішесін, мойнына жібек мойынорағыш тақты. Шашын қос өрім ғып өріп, ақ бант тағып, алдына қоя берді. Басына алтын жіптермен әдіптелген, тұтам үкісі бар тақия, сыртынан мойнымен қосып жауып тұратын орамал киді. Аяғында қысқа қоныш кішкене өкшесі бар етік, үстіне анасы алып қойған үлбір тон.

  Мектепке келіп кірген мезетте алдынан тәрбиеор Жақсыгүл апай кездесіп, бір сабақтан соң директор кабинетінің алдына келуді өтінді. Жаз жайнап келген көңілі су сепкендей басылды. Сырт киімін өткізіп, сыныпқа қарай жүрді. Жолай айна алдына тоқтап, тұла бойына зер салып өтті. Жүзі мен қолының саусақтарынан басқа ашық көз тартар ештеңе жоқ. Бірақ неге екені белгісіз, қасынан өткендер бұған қызығу, не таңданыспен, әсіресе басына назарларын көп аударатын сияқты.

  Інжу еш нәрсеге алаңдағысы келмей кабинетке кіре берісте тоқтады. Мақсат гитара шертіп отыр. Дархан бәсең дауыспен ән айтып отыр. Үнінен сағыныштың лебі еседі.

 

Жылылық сезінген

Түндерді, күндерді

Сені ойлап көз ілген

Сен соны сездің бе?

Көзіңнен өзіңнен

 

Сезімді қайтейін

Сезіне алмадың

Жүректі қайтейін

Өртендім жанбадым

Көңілің сенбесе

Қош болғын ендеше

Адасқан арманым.

6

  ... Кеше Дархан Інжумен қоштасқаннан кейін, Данның көлігінің қасына келіп, сөзге шақырған. Дан үнсіз түсіп қасына келген. Не айтасың деп сұраулы кейіппен қараған. Дархан со  қалпында сауалды тұйық назарымен өзіне қайтарған.

 – Ничего личнего, қыздар сұранады, мен екі етпеймін, ер жігіт емеспін бе?!

 – Қандай тілегі болса да ма?

 – Ну конечно, и в сексе?

 – Ондай да бола ма?

 – Қандай ғасырда өмір сүріп жатырсың? Қазір акселерация, бәрі жедел, даму сондай. Ұят болады деп күтіп жүретін уақыт жоқ.

 – Жоқ олай емес. Балғын қыздар махаббатты секс деп түсінеді, Жігіт «мен сені қалап тұрмын, бүгін бірге болайықшы» десе қуанады. Оны махаббат деп санайды. Сүйіспеншілік туралы білім жоқ жерде махаббат жоқ. Көркем әдебиет оқымаған адам махаббаттың не екенін қайдан білісің. Аңдық құлықпен қабылдағанын ғана махаббат деп таниды.

 - Жоқ, Дарханчик, мен емес сен түсінбейсің. Қазір жиырма бірінші ғасыр. Біз дети индиго, ғаламмен байланыс жасаймыз. Сондықтан біздің санамыз бен ағзамыз стрестен ада болуы үшін, напрягты уақытымен снимать етіп, жаһанның сұранысына сай тұруымыз керек. Оның үстіне, Дарқан, сен как пацан, адамға одан басқа не керек, құдай сүйтіп жаратпады ма, ағза қажет еткені өтелсе жетіп жатыр, ағза да тыныш, сенің де жаның жай тапқан, ары қарай еш алаңсыз тірлігіңді жасай бересің.

 - Қажетіңді ішер астай қайталай саласың десеңші. Мейлі еркек үшін, ал қыз үшін тесік шұлықтан қай жері артық. Пәктік, абырой дегенді қайда тастаймыз?

- Олар өткен ғасырдағы моралистік ұғымды наситхаттаған коммунистік идеямен бірге өшкен. Қазір жеке бастың қамы. Қолыңда немесе бойыңда қандай құндылық бар, соны жетілдіріп немесе әрлеп өзіңнің жетістігің үшін, емін-еркін дамуың қажет. Алланың өзі жаратқан қыздардағы басты құндылық не, иә сұлулығы және ләззат беретін тәні. Осыларды қажетінше пайдаланып жетістікке жету. Өйткені бұл заманда бар болсаң ханшайымсың, жоқ болсаң «күлшесің», басқа жол жоқ.

- Қасиетті ештеңе қалмады десеңші?

- Қасиетті бір-ақ нәрсе, ол ақша, ақшаң болса бәрін сатып аласың, сен айтып тұрған қасиетті де.

- Мен мешіттегілердің «ақырзаманның белгісі, ақырзаманның белгісі» деп зарланғанда таң қалып түсінбеуші едім, енді ұғындым.

 

Өзін-өзі сататындар ұялмай,

Өмір сүрмек өзге жанды сүйе алмай.

 

  «Бекзат жан үшін жат жер жоқ, надан үшін Отан жоқ». Рас екен, өзін сатқан адамда қандай Отан болсын. Отан деген сөзге келгенде олардың үнсіз бұрылып кететіні осыдан екен ғой.

- Отан кімге керек, қай жерде жетістік бар, сол жер отаның. Қай іс пайдалы сол адал. Қай жыныс табысты, сол жыныс престиж. Өзгер. Кім боп жүрсең де қалтаңда қаражатың мен жақсы өмірің болса болды, сен бақыттысың

- Махаббатты қайтеді, жүректі тербеген сезімді қайтеді, сүйгеніне қайтіп қол жеткізеді. Мысалы саған, сені қыздың бәрі жақсы көреді, бірақ сен оларға көз салмаймын дедің, тіпті қойнында жатсам да жүзіне қарамаймын, қажетімді өтеймін де, кете беремін дедің. Олар саған қалай қол жеткізеді.

- Білмеймін, бұл сұрақ мені қызықтырмайды. Мен үшін қыздың бәрі бірдей, мен оларды бөліп жармаймын. Мені тарту үшін олар киіне ме, бояна ма, сылана ма, роль не играеть. Менімен бір болған қыз екінші рет ықыласыма ие бола алмайды. Ол маған жабысса, қажетін өтеп берем де, жөніме жүре беремін. Бану, Маржан, Карина және басқасы - бәрі бірдей. Мен ешқайсысын бір-бірінен артық көрмеймін. Көзімді қыссам, еш кедергісіз, менің астыма өздері келіп жатады. Олар басқа жігіттердің алдында менменситін шығар, ал маған бірден подстилка бола салады, еш ойланбастан. Өйткені қыздар ботандарды жек көреді. Оларға шустрый керек. Сол үшін де пейіш бағында, тура жолды нұсқаған адам атаның сөзін қолдамай, шайтанның сөзіне еріп пейіштен қуылған.

 – Мына сөздеріңе қарасам... Сен, өзің, қандай қызға үйленбексің?

 – Өз-өзіне тұра алатын қызға, төсекке ыңғайласа қоса икемделмей, ар-ұятын сақтайтын қызға. Менің Жасминім сондай. Ол развитый қаланың қызы, өз орнын біледі, ең ақыры менімен жүре тұра секске бармайды, тек платон махаббатпен шектеледі. Ары үдеп бара жатса, бірден сұстанып қайтарып тастайды. 

 – Мына сөзіңе қарап, сенің де көп еркектің бірі екенің көрініп тұр. Өзің айтқандай, қыздар о бастан-ақ жеңілтек боп жаратылған. Сен мықты жігітсің, өзіңе-өзің берік, ұстамды нағыз еркексің. Адасып жүрген оларға көмек беріп, тежеу жасап, неге тура жолға қоймайсың? Олар сені айтқаныңды орындайды.

 – Кешір, Дархан, во-первых я не ботан, екіншіден, это не моя забота. Пусть каждый за себя отвечаеть. Бірақ қыздар ақымақ емес. Олар сондай қадамға әдейі барады. Біріншіден қалаған жігітін қолға түсіру .... Екіншіден, сен түсін, это потребность организма, құдай әйелдерді солай жаратқан.

 – Еркек ше?

 – Еркек те солай. Пока надо, организмге қажет пе, будем помалкивать. Это норма жизни. Ешқандай отклонениесі жоқ, денсаулығы күшті әр адамның өмірі.

 – Мен олай санамаймын. Алла салаған таза жолмен адал өмір сүреміз. Сенің айтқаның нәпсіге құл болған зинақордың сөзі. 

 – Сен де Інжудің сөзін қайталадың. Ауылдық жердің тәрбиесі «пещерный» күйінде қалған. «Семья Курдс» мультигіндей сырт өмірден қорқақ, тарс бітеліп алған. Ал қала...

– Қаланың несін мақтайсың, кері кеткен Батыстың надан жақтарын алып, іріп-шіруге айналған.

 – Сен маған ренжіме, Дархан, мен өз ата-анамды мақтан тұтамын. Олар менің денсаулығымның қамын жеп, жыныс ағзамда кінәрат болып жүрмесін деп, 12 жасымнан қойныма қыз салды. Мен оны осылай болу керек деп қабылдадым. Как порядках вещей... Ауылға келіп пәктік деген сөзді естідім. Бірақ оны таба алмадым. Маған көз салған қай-қай қыздың да жүзінен құмарлықтан басқа ештеңе көрмедім. Ауылдық жерде оны махаббат деп атайтын шығар. Алайда менің түсінігімде осылай, өйткені әке-шешемнің ықтиярымен менің қойныма жатқан бір де бір қыз қарсылық көрсетпеді.

 – Олар мәжбүрліктен үндемеді. 

 – Жоқ, олар қарсыласса мен рұқсатын берер едім, бірақ ондай әрекетті байқамадым. Тіпті кейі сол прцессте селфи жасап, мақтанышпен достарына жіберіп жатты. Сондықтан мен Інжуді де сынаймын. Ол пәктік туралы мифті дәлелдесе, мен «рухани күшті» дегенге де, отанаға да сеніп, мойындаймын. 

 – Інжу ол күшті адам, бәрін өзі шешеді, бірақ оны сен мәжбүрлеме, зорлық болмасын, қорға. Сен менің қарсыласым болсаң да, әділдігіңе сенемін, Дан. Бұл сынақ маған да қажет. Інжудің таңдауына қарай менің сенімім не күл-талқан болады, не толайым бекиді. Бірақ мынаны ұмытпа, Інжуге Алла қараған, ол сенімен ешқайда кетпейді. Күтіп әуре болмай-ақ қазір жүре берсең болады.

 – Точна!

 – Даусыз ақиқат!

 – Бәс.

 – Бәс! Жеңілсең, Інжуге екіншілей жоламайтын боласың!

 – Сен де, бірақ против воли Инжи я не пойду!

 – Келістік, міне қол!

 Дархан мен Дан қол алысып, бір-бірінің алақанын қысысып, күш сынасып, екеуі де жеңілмей, ер жігітке тән мінезбен бір-бірінің иығынан қағысып екі жаққа тарады. Дархан кетіп бара жатып: «Йә бадиғас самауати уал ард йа хаййу йа қаййум инни әсалукә, йа, Мәлику, йа, Муқтадир! Өзіңнен жалынып-жалбарынып сұраған дұға-тілектерімді қабыл ет! Тілеуімді орындап, көңілімдегі үмітімді сөндірмей, жүрегімдегі сенімімді нығайтып, бақытыңа бөлей гөр, Аллаһым!!!»... Бір Аллаға сенімі ұлғайып, үн-түнсіз үйіне еніп, өз бөлмесіне өтіп, ерте жатып қалған.

7

 Енді міне не Дан, не Інжу жоқ, ішін күдік пен нала қаузап, Мақсаттың көтеріп келген гитарасына қосылып, ән айтып, көңілін серпілтіп отырған.    

  Артынан келіп қалған Данды байқап Інжу: - Ассаламуалейкум, - деп сыныпқа кіріп келді.  Дарханның жүзі қып-қызыл таң шапағындай сәуле шашын шыға келді. Ол ұшып тұрып Інжу отыратын орынға жол ашып, орындығын дайындап тұрды. Інжу сәл ғана басын изеп,  меңзеген тұсқа қарсылықсыз жайғасты. Артын ала енген Дан «Салам» деп қолын көтерді де, орнына сылқ етті.

 Кешегі оқиғадан кейін Данның көңілі түсіңкі еді. Інжудің сипатын көргенде мүлдем түнеріп кетті. Қыздың бүгінгі сымбаты жүрегім толайым билеп алды. Қазақ қызының сұлулығын бүгін танығандай. Танығандай емес, оның толыққанды мағынасын ешкім түсіндірмей-ақ, көзге нұқымай-ақ, нақты ақиқатымен көзі арқылы жан дүниесіне ендіріп сіңірген секілді. Дархан айтқан пәктіктің тылсым құдіретін енді ұғынды. Тәнін жалаңаштап өзіне тәнті етуге құштарланған қыздардың ақымақ қарекеттеріне жаны ашып кетті. Інжу оны ешкімге жарияламай-ақ, жан арбайтын құпиялығымен-ақ табындырып алғанын түсінді. Кеше Дарханға қазіргі жастар туралы ойына келгенін айтып тантып еді. Сондағы мақсаты, мұның айтып тұрғанын дұрыс емес деп, қарсы дәлелдермен қорғап шықса деп еді. Бірақ Дархан олай етпеді. «Інжуге сенемін» деп үйіне кірді де, қайта шықпады. Бұл мырс етіп миығынан күлген. Кім соңынан күлсе...

 – Ассалам, Дәке, настр қалай, жақсы ма?!

 – Норм.

 Дархан мысқылдап тұр ма деп қарамаған, бірақ жүзіне көз салғанда, оның нұрланып тұрғанын, ешқандай қастық пиғылды емес, достық пейілді көрді. Осы жасына дейін бойына еш білінбеген қызғаныш сезімі ойнап шыға келді. Ішін өртеп, жүрегінде жалыны лаулады. Ол мойындағысы келмей сыныпқа ызақорлана қарады. Сынып жайбарақат, еш алаңсыз, әрқайсысы қаперіне келген іспен айналысып отыр. Мұнымен ешкімнің ісі жоқ. 

  Ашу-ызасы артып бара жатса да Дан бұл жолы үндемеді. Қыңқ етіп аузын ашпады. Бұлар бұл сияқты жан-жақты күшті болмаса да, «чмо» болса да, өз айтқандарын орындайды. Өйткені бұлар  бұл сияқты бүкіл әлемге қожалық жасайтын адамдар емес, олар өздерінің ұлты мен алақандай ғана отандары үшін жан қиюға даяр азаматтар. Олар әншейін жүргенде бір-бірімен қырғи қабақ болып ұрысып-төбелесіп жатса да, жау келгенде ештеңеден қаймықпай қасқайып қарсы тұратын рухы мықты қазақтың ұрпақтары. Ал бұл бүкіл әлемге билік жүргізетін адам, бірақ өзінің не тілі жоқ, не салт-дәстүрі, не тұрғылықты орны, не ұлты жоқ, жан дүниесін ұғынар өзіне сай сүйіктісі жоқ, не отанасы жоқ, не Отаны жоқ дерексіз, тексіз біреу. Ал мұндай адамды қандай дауыс болсын. «Мен!» деп күллі әлемге билік жүргізбек болып бомба жарып жатқандардың қасында мұның дауысы шырт етіп сынған шөпшектің дыбысынан да төмен, кім естиді. Ал бұлар шөкімдей ғана, әйткенмен айқайласа күллі жаһан естиді. Өйткені олардың ана тілі, текті ұлты, туған жері, Қасиетті Отаны бар. Ал мұның адам деген аты ғана, ал басқа ештеңесі жоқ тұл. «Оның үстіне ұлт пен ұлысты жараттым» деген Алла сөзі тегіннен тегін айтылмаған. Демек ұлт бар, ұлыс бар. Әке, анашым, ол мәмбет болса да мен шыққан ұлт, мен неге одан қорланамын. Мен мыналар сияқты өздерінің «ыс сасыған» қыздары үшін тік тұрғанда мен неге тік тұрмаймын.

 Кеудесіндегі домбырасы күмбірлеп кетті. Алғашқыда дүңк-дүңк еткен еш ырғағы жоқ тепкінің үніндей үн шықса, енді рухы күшті, рухы күшті, рухы күшті ұлтым, бірі-бірімен тайталасып жатса да татулығы берік жұртым, сан ғасыр бойы қиыншылық көріп, жоюдың амал-қарекетін басынан өткеріп жатса да жұтамай, күннен күнге қоры молайып құнарланып келе жатқан  ана тілім, үш жүзге бөлініп жатса да бір тоқтамға келіп, күллі өзге ұлтты бөліп-жармай бауырында баптаған кемеңгер ұлтым, қыздары үшін қасқайып қарсы тұратын ерен жігіттерім, өз елі үшін абыройын асқақ ұстайтын асыл қыздарым деп шалқыта күйін төгіп жатты. Осы күйді естіп отырып Дан ұлттық кодтың шын парқын түсінді. Ол жасалынбайды екен, ол елім деген әр қазақтың көкейінде ата-бабалардан мұра болған хаттай, аманаттай жүректе қатталып тұрады екен. Сол код міне елін-жерін сатып жүрген өз кеудесінен де күй болып күңіреніп шықты, көзінен жас боп ақты, кәусар бұлақтай көкейінің түбінен сүйіспеншілік болып жарып шықты.

 Ол үндемеді. Біреуі жайбарақат соткасын шұқылап, біреуі музыка тыңдап, біреуі өзінен-өзі күліп, ал біреуі ыржақтап, мұғалімге көңіл бөлмей, тыңдамай отырса да олардың жүректерінде табиғи заңдылықпен осы кодтың мекен тепкені белгілі болды. Тек өз әкесі тектестердің санасын улаған абжылан Рус Ли сияқтылардың сиқырлы сөздерінен сақтасын. Өздерінің салт-дәстүрін дін деп тықпыштағын арам пиғылды ағымдардың сананы дуалайтын уағыздарымен рухани ластанбаса екен.

8

 Мына ойдан кейін Дан келген шаруасын ысырып тастап, қалаға қайтпаққа бекінді. Бос жүрістен шаршаған сыңайы бар. Универдегі оқуын сағыныпты. Мектеп қабырғасындағы үздік оқушы Дан жүрегінде қайта оянған сияқты. Кетеді. Тек... Сөйлесу керек.

  Бірінші сабақ аяқталысымен Інжу директің кабинетінің алдына келді. Жақсыгүл тәтей және оқу ісі орынбасары тұр екен. Үшеуі кабинетке енді. Іште ауыл әкімі, «Ақсақалдар алқасы» төрағасы Қадірлі атай және бастауыш партия ұйымы төрағасы Ертілес ағай отыр. Үшеуі де еңсеріле бұрылып бұларға қарады. Одан кейін директорға қарады. «Ештеңе түсінбедік» дегендей жүздері аң-таң.

 Інжу иіліп сәлем берді. 

 – Өркенің өссін, қарағым! – деп Қадірлі ақасақал батасын берді.

 – Ә, Інжу, рақмет, мектебіміздің маңдай алды оқушысы, мақтануға татырлық. 

 – Сынама тесттердің тек жоғары балл алады.

 – Тәртібі жақсы, өзге оқушыларға үлгі боларлық.

 – Онда біз мына жерге не үшін жиналдық?

 – Неге мәселенің ашығын айтпайсың, Жақсыгүл?

 – Менде айтатын мәселе жоқ.

 – Сіз киім деп едіңіз, киімі талапқа сай, бұдан басқа қандай киім керек, директор ханым? 

 – Мектеп формасын айтамын, мынау мектеп формасына сай емес.

 – Онда мектеп формасы бар оқушыны алып келіңіз, салыстырып көрейік.

 Оқу орынбасары сыртқа шығып кетіп ертіп келді. Ақ көйлек, сыртына жемпір, тізесінен жоғары қара көк қысқа белдемше, қара түсті колготки, аяқта етік. Басы ашық, шашына резеңке қыстырып, құйрық қып артқа қойған, самай шаштары жалбырап тұр.

 Отырған кісілер тағы аң-таң. Қадірлі ата Інжуді көрсетіп:

 - Киім деген осы емес пе. Қазақы салт-дәстүрдің ғұрпында. Шаш жинақталып орнында тұр. Бұдан басқа не керек?!

 – Көрнекті, тақиясы да қонымды, әдемі көрініп тұр.

 – Нағыз қазақтың қызы! Форма деген осындай болу керек! Қыздарымыз осылай киінсе, ешкімнің алдында ұялмайтын боламыз.

 Директордың алдынан қуанып шыққан Інжу келесі сабаққа асықты. Жолдан Дан тосып алды. «Сенімен сөйлесетін сөз бар еді, кездесейік» деп тілек білдірді. Жүре тыңдап басын изеді. Сәл кідіріп «соңғы сабақтан кейін» деп толықтырды.

9

 Інжудің есіне өткен күн түсті. Жан дүниесін сырқыратқан күйзелістің аңсарында Данға барып:  

- Маржанға айтқаның есіңде ме, «Менің ағам бар, продюссерлік центрі бар, ауылдан келген талантливый қыздарға көмектеседі. Дайындайды, конкурссы, а потом в один миг звездой становиться. У него связи, такие люди, мен саған көмектесейін», - деген сөздерің рас болса, мен дайынмын, кешке шығамын, алып кет», - деген. Дан екі етпей келісіп, жетіп келген. Бүгін соның жауабын білмекке шақырып тұрған шығар. Ер адаммен өзінің де оңаша қалғысы келіп тұрған жоқ. Қасына Дарханды ертіп алмақ. Оған айтпаса да, артынан өзі-ақ еріп келер еді. Бірақ бүгіннен бастап ержігіттің басын төмендетпеуге бекінді. 

 Бірақ ойлағанындай болмады, Дарханды сыртқы есіктің алдында тосып тұрғанда, артынан біреу келіп көзін жауып, со бойымен жетеліп, а деп аузын ашқанша көлікке салды да, алды да кетті. Інжудің зәре-құты қалмады. Біреу алып қашып бара ма деген үрейлі ой миына зың ете қалды. Көзін басып отырған адамның қолын тартып қалып, саусағынан қыршып алды. Анау баж ете қалып жібере салды. Алдымен көзі Данға түсті. Ол баж ете қалған адамға бұрыла қарап күліп жіберді. Қыздың көзінен ашу мен үрей аралас сауалды байқап:

 - Қорықпа, «Титаникке» бара жатырмыз, мен жігітпін, сөзімде тұрамын, сенің келісіміңсіз артық қимылға бармаймын. Мана Дарханмен сөйлескендеріңді аңдап, третий лишный болмасын деп, оны Макске тапсырып, сенің көнбейтініңді біліп, осылай «алып қашу» операциясын ұйымдастыруға тура келді. Ну как, Бекіш, қол аман ба? 

 - Бекааа! Мұның не? Осындай да сатқындық болады екен-ау, ержігіт емессің бе!

 Қатар сыныпта оқитын көршісі. Үндемес. Інжуді көргенде төмен қарап, өзінен-өзі қысылып, аяғына аяғы шалынысып әрең жүруші еді.  «Үндеместе бәле бар, екі ұртында шала бар» рас екен-ау.

 –  Дан , бірақ сен дұрыс жасамадың, бәрібір мен көліктен түспеймін.

 – Түспей-ақ қой, біз өзіміз барып, ішетінімізді ішіп келеміз. Одан кейін сен Беканың қалған өнерлерімен танысатын боласың. Оның саған қолы жетпей жүр екен, бүгін екеуіңді оңаша тастаймын, ар жағын өзің көре жатарсың.

 – Мейлі, ойыңа келгенді істе, мен саған ер-азамат деп сеніп жүрсем, жас баланың тірлігін істеп...

 – Бека түсші, мен қазір шығамын. Сенің ойынша, мен не істеуім керек, жақсы көретін қызың моментально сатып кетсе. Айтшы, кәне?

 – Сен мені жақсы көремін дейсің, сүйетін адамның сезімі көзінен нұр боп төгіліп тұрады. Сен көзіңде өзің айтқандай «Сексуальная озабоченность» басқа ештеңе жоқ.

 – Не дейсің!!!

 – Не естісең, сол! Сен сияқтыларға ойыншық болатын мен емес. Мен сен сияқты «озо»  ауру емеспін.

 – Мен сонда ауру екенмін. Жоқ, мен ауру емеспін. Мен элита. Мені әкем жас кезімнен сондай тәрбиелеген. Мен ақсүйек қыздармен жүремін. Ал сен сияқтыларды пайдаланамын и пайдаланып жүрмін де! Білдің бе,  ауылбайк мадонна.

 – Ақылды жігіт пе десем, таза ақымақ екенсің-ау. Әбден шатасқаның көрініп тұр. Онда нағыз қазақ қыздары туралы сен ештеңе білмейсің.  Сен маған қара, жүзіме қара, көзіме қара, сөзімді жүрегіңе сақтап ал. Бұл – мен! Сенің кеудеңді жаулап алған жыныңды қағып алып, сені туған елінің азаматы етіп қайта қосатын қазақтың қызы. Танып ал! Сендер бізді ешқашан жеңбейсіңдер. Омырауын еміп, өніп-өскен, арам пиғылмен төскейін ластаған ана деп аталатын туған жерің менен басталады. Мен арқылы көркейеді, гүлдейді, жеміс береді, көбейеді, күшейеді. Қарап ал! Сен сияқтылардың кеудесін жайлап алған сайтандарды айдап шығу үшін, түтін мен сиыр сасыған, сиыр емес сүт иісі аңқыған қазақ қыздары сенің байлық пен дәулетіңе, әдемі сымбатың мен шыныққан тұлғаңа, сәнді киіміңе, бойыңнан сыртыңа аңқып шығып тұрған гормоныңа, сатани қуатыңа арбалмай, салқынқанды пәк сезіммен қасқайып тұратын болады. Елін-жерін сатқан, ұлтын танымай салт-дәстүрін аяғының астына таптаған, тілін менсінбей шұбарлаған сен сияқты қазақ жігіттерінің ішіне кіріп алған жындарын қуып шыққанша сертінен таймайды. Алған бетінен қайтпайды. Мейлі қи сасайын, түтін, ыс сасайын бұл даламның иісі, менің иісім, сенің принцессаларың сияқты  жасанды,  иә жасанды иіс емес, маң даламның, ата-бабамның, көшпенді ғұмыр  кешкен туған ұлтымның, туған елімнің иісі.

 Дан Інжудің әр сөзімен өсіп бара жатқандай сезді. Ол өзін гном санап, оның тобығынан келіп қалды. Осы кезде оның құлағына атасының сөзі келді «Данабек, мен қателік жасаппын. Әкеңе ерік беріп, дәулетті болғанмен, танымы төмен жерден келін әперіппін. Қазақ салтымен құда түсіп, қаны таза текті жерден қыз әперуім керек еді. Тілін білмейтін жерден қыз алған әкең бүгін дүбәра. Сен менің немеремсің, түбің қазақ, руың Шымырдан тараған Бекболат, бестерек боласың, бабаң Төре, атаң Мырза, әкең Дәулетбақ, сен Данабек, Даниэл деген тексіз атты ұмыт, есімің Данабек, Данабек!» деп еді. Былдыр-былдыр бала кезі еміс-еміс есінде қалыпты. Неге екені белгісіз мына қызға қарап тұрып атасын сағынып кетті.

 Сөйткенше болған жоқ қастарына көлік тоқтай қалды. Ішінен Дархан шықты. Байыпты, салмақты. Ішіндегі шыдамсыздық дегбір таппай тез-тез деп аптықтырып жатса да жайбарақат күй танытады. Ол жайлап келіп Бекаға бірауыз тіл қатты да, баспен салып жіберді. Ашудан жүзі қып-қызыл болып кеткен. Есіктің әйнегінен Інжудің әлпетін көрді. Көзінде жас, бұған жәудіреп қарап отыр екен. Ол көліктің есігін ашты да, Інжудің қолынан екі қолымен аялай ұстап, өзіне икемдей көтеріп алып, келген көлігіне қарай жүрді. Қызғаныштан іші өртеніп кеткен Дан:

  - Кеше кеште ол сені екі ауыз сөзге келмей сатып жіберген, момент сатып жіберген, херуев, сука! – деп рульді салып жіберді.

  – Мен саған ренжідім, «жебеушім» деп сеніп жүрсем, сатып жібергенің не, Ханым?

  – Сатқан жоқпын, мен саған сендім, Ханшам! Нағыз қазақ аруы ары үшін ешқандай байлыққа сатылмайтынын дәлелдеу үшін.

 – Жаным, мына  дүниеде маған ардан артық қандай байлық бар! Оны сатқан соң мен қалай өмір сүремін. Байлық деген бар болғаны киім мен тамақ шығар, болмаса дәрежең шығар. Абыройың былғанған жерде оның барлығы жалған, арам дүние. Ондай өмірдің маған қажеті қанша? Мен арлы болсам, болашақ ұрпағымның жүрегі таза, елімнің еңсесі биік болады. Дәрежем де мінсіз пәк, сұлулығым Алла дәріптеген хақ, өзім асқақ боламын, осыны ұқ, Дарханым.

 Інжудің киімі ғана емес жан дүниесінің де есейгенін түсінді. Көлікке жеткенде ішінен Маржан түсіп орын берді. Оны байқап қалған Дан дабылдатқышын басып, көлігінен атып шығып жүгіріп келіп Маржанның қолынан ұстай алды.

 – Сен менімен бірге қайтасың, жүр!   Маржан еш қарсылықсыз еріп жүре берді.

 – Кеттік, - деді Жандау.  Дарханмен бірге келіпті, қасында Мақсат, Диас, рөлде Нұржан.

 – Маржан ше? - деген Інжудің сұрауына  Диас: - Көріп тұрсың ғой, өзі ілесіп барады.

 Рас, Маржан артына бұрылып та қарамады.

  Кабинаға сыйыспаған соң Інжу Дарханның алдына отырды. Нұржан көлікті ауылға қарай бұрды. Музыканы қосты.

 

Жанары жұмбақ,мен үшін қамбат жақұтым,

Мәңгілік сенсің махаббатым.

Баянды неткен,өзіңмен өткен уақытым,

Сен ғана жаным баға жетпес бақытым

 

Жүректің әні,бақыттың таңы сен ғана

Сүйемін жаным сүйемін сені

Өмірдің мәні,көңілдің сәні сен ғана

Сүйемін мен сені...

 

Шуағын төккен,өтеді көктем, өтер күз

Сағымдай болып көз алдымнан.

Оранған көлге арманға бірге жетерміз

Өмірде мынау қол ұстасып екеуміз.

 

Жүректің әні,бақыттың таңы сен ғана

Сүйемін жаным сүйемін сені

Өмірдің мәні,көңілдің сәні сен ғана

Сүйемін мен сені...

10

Дан Маржанды қолынан ұстап алған қалпы екінші қабаттағы тапсырыс берген орнына алып келіп қасына отырғызды. Артынан еріп келген Бекаға қызмет жаса деп бұйрық берді. Ол алдында тұрған бокалдарға қызыл арақты шүпілдете құйды.

    – Маржа, давай за любовь.

    – Ішпеймін, қойғанмын, - деп күлімсіреді Маржан.

    – Онда мен ішемін, кел Бекаш.

   Екеуі дем алмастан сылқылдата жұтып салды. Дан Маржанды құшақтай тартып алып басынан құшырлана иіскеді. Тас білегі мойнына батып кетті.

    – После первого Бекіш не дейді?

    – Ыпторой...

    – Жарайсың, кеттік.

    Енді танауын омырауына сұғып, вакуум-сорғыдай еңірете иіскеді. Маржанның үрейі ұшып орнынан атып тұрды. Құшақтап алған қолымен басып отырғызып, кеудесіне қол жүгіртті. Маржан қағып жіберді.

    – После ыпторого

    – Ыптри.

    – Неғып отырмыз, тарттық.

    Иіскейін деп ұмсынып еді, Маржан қасарысып бой бермеді. Құшағынан босап шығып, кейін ысырылып отырды.

    – Ыптөрт.

    – Ей, тоқта, мына даманы қайтеміз, жалғыз тастаймыз ба?

    – Қайда?

    – Оу, Беку, столдың астынан не іздеп отырсың?

    – Дама картаны.

    Тырысып отырған Маржан қалай күліп жібергенін өзі байқамай қалды.Содан басы  бәлеге қалды.

    – Оу, Маржа, оказывается ты красавица.

    – Краавазиса, карабазиса, қара сииирииса

    – Оу, Бекин братан, не болдии?

    – Кара сиирииса болды.

    Маржан енді отырса мына екеуінен жақсы сөз естімесін біліп тұрып кетті. Дан Бекаға бар деп қолын сілтеді. Ол жүгіріп барып Маржанның қолынан ұстай алды. Маржан сілкіп жіберген ол қаңғалақтап барып орындықтарға соғысты. Кете бергені сол еді, Дан келіп қолын шап беріп ұстап үстелге сүйрелей жөнелді.

    – Жүр, отыр, қазір өзім апарып тастаймын.

    – Тез бол, әйтпесе кетемін.

    – Не болды сонша, жаман қыздардай ломаться етіп.

    – Мен жаман қыз емеспін. Өзімнің бағамды алған ару қызбын!

    – Вот такая красавицамын десеңші! Қалай дәлелдемексің? Докажи, сразу кетеміз.

    Маржан ұялысын ақтарып, іздегенін тапқаннан кейін қосып Данның алдына қойды.

    «Мен сені сүйемін өмір. Мен сүйетін адамдар да бақытты өмір сүруі керек. Олар еш алаңсыз шат боп күліп жүруі үшін жүрегімдегі бар жылуымды аямайын. Өзім жапа шегіп, қиыншылыққа ұшырап, күйзеліп жүрсем де соларға қуаныш сыйлаудан еш айнымаймын. Өйткені менің тірлігімнің мәні солар. Олар бар кезде мен өмір сүремін. Қайтадан жаңа өмір жасауға құштарланамын. Сондықтан қапаланба, сен жүрегімдесің, ал жүрек менен сұрамай бәрін өзі шешеді.

Тек Алла қалаған адамдар ғана сүюге жаратылған. Оларға жас та, ересек те, жасы жеткен де ғашық болады. Тек сол арулар ғана жырланады, оларға ән арналады, шедевр суреттер салынады, кітаптар жазылады, екі елдің ортасында келісім болып бейбітшілік орнайды, тіпті Троя сынды қалалар жер бетінен жойылып кетеді.

 

Жан-жүрегім от жалын,

Сыртқы бейнем көлеңке.

Көлеңкемнің қалқасынан

Шыға алмайды өрт кеудем».  

 

 – Бұл сенің әлгі Жарас ағайың ба?

 – Сол болса ше?

 – Онда почему көзбен атып, мұрынмен неғылғанша бірден неғылмайды... Сұлулықты надо поиметь, почувствовать. Когда ты чувствуешь тело изнутри — это очень красиво. Если не так, тогда это просто любить привидение, которого невозможно ощутить. Мұндай сұлулықтың кімге қажеті бар, қабырғада тұрған жансыз полотно сияқты шаң басып құриды.

    – Ол мені сыйлайды, құрметпен қарайды. Қас-қабағымды бағып әрекет жасайды.

    – Возможно ағайың импотент шығар, саған әдемі сөзден басқа берері жоқ, мәймөңкелейтіні содан шығар.

    – Мен сенің сөзіңді түсінбеймін. Бірақ ағай мен үшін, біліп қой мен үшін, шау тартқан көңілінен серпіліп жаңа өмірге қайта ұмтылды. Бұл менің көптің бірі емес артықтшылығымның белгісі. Ал нағыз ауру сен шығарсың, қарым-қатынасты тек секспен бағалайтын. Ал мен оның не екенін түсінбеймін. Жарас ағайдың сөздері арқылы мен өз бағамды алып отырмын. Сенің қасыңа жоласам, мен өзімді секс құралындай ғана сезінемін.

    – Нуу, онда тұрған не бар, менің қойныма жатып шықсаң, «Хан Сұлтанның» қуатын көрсең, өзің де рақатқа қанып, менен өмірі айырылмассың. Саған бонус, қалаған сәтіңде кездесіп, сусының қандырып тұрамын.

    – Сұмдық-ай! Саған деген ақ сезімім секс деп ғана бағаланды ма?! Серт! Тыңдап ал сөзімді? Мен өзімнің қыздық пәктігіммен тас бекітілген құмарлығымның қақпағын секстен өліп бара жатсам да ашпаймын және де ешкімге харам қолымен тәнімді ластауға жол бермеймін. Осымен бәрі бітсін. Қош бол, сексик!

Маржанның жүрегінен бір адам орын алса, ол риясыз сеніп, толығымен беріледі. Оны жасырмайды да. Ашық құрметтеп, алақанына салып аялайды. Бірақ сатқындығын көрсе, бірден сарт бұрылып теріс қарап, қайтадан мойын бұрмайды.

    – Сен бар ғой, Інжу екеуің... Бәрібір түптеріңе жетемін.

    – Әуре болмай-ақ қой.

    – Суки!

    Ол өзін осындай етіп тәрбиелеген әке-шешесінен бастап Жасмин, Карина, «Жындылар аралына» дейін жек көріп кетті. Бірақ жан дүниесін оттай баурап, күйдіріп-жандырып бара жатқан секстің әуселесіне шамасы келмей, қасында жүрген егделеу даяшымен тіл табысып,  қызған бойын суытты. Данның ішіп алған кезде делебесі қозып кетеді. Шақуаты басына шауып есінен танады. Тасырайып кепкен мүшесі кірер тесік іздеп жанталасады. Міне осы сәт ақсүйек дегдарлығынан, сау мезетіндегі кірпияз тазалығынан, гигиенадан түк те қалмайды. Алдына келген қыз ба, кемпір ме қарамай, тіпті қызтекелерге де шаба салады. Қалада бұл қалыпты жағдай. Ауылдық жерде ондай емес, әрбір қылығыңа жауапкершілікпен қарауың керек.  Отыз тістен шыққан сөз өсек болып тарап, артыңнан шұқып,  адуындары көзіңе айтып, соңында өзіңнің қалай дұрыс жолға түскеніңді білмей қаласың. Ең ақыры ауылдың қаңқу сөзі де тәрбиелейді.  Егделігіне қарамай жаңағы даяшының көзінде Данға деген ерекше  ұшқын жанды.

11

 Көктем келді. Сең жүрді. Бір жердің өзендерінің сеңдері бойына симай, жағалауындағы мекендерін су алып, ел-жұртты әбігерге салып, ойран-топан ғып жатса, бұл жақтың өзені, аты шулы даңқына қарамай, можантопай күйде шуылы өзіне ғана естіліп, елеусіз өте шықты.

 Қытымыр қыстың құрсауында тұмшаланып жатқан жер ана да түлеп көктей бастады. Жеңілтек бәйшешек қысқа ғұмырына елең қылмай атып шықты. Аз ғана күн жарық дүниенің нұрлы сәулесіне шомылып, жасындай жарқ етіп, жап-жас қалпында  әп-сәтте ғайып болды.

 Қыркүйек айында басталған оқу жылы сол мезет ұзақ болып көрініп еді. Қыс өтісімен жылан құйрығындай бір тұтам болып көрініп қалды. Ертең оқимын, емтиханға дайындаламын, таңдау пәндерімді нақтылап, ұлттық сынақтың дайындық кітапшаларын алып, жатпай-тұрмай оқып жаттап аламын деген бәйшешек ой күннен-күн көміліп, лақатқа қойылған мүрдедей тереңде қалып, көмескі тартты. Тақалған сайын ой орнын алаң басты, алаң үрейге ұласты, үрей әрекетсіздікке әкеліп соқты. «Бір мәнісі болар» деп, мектептегі соңғы жылымыз ғой деп, бұдан кейін қайтып жолығыспайтындай, желікпе қыдырыстар мен дарақы отырыстар белең алды.

 Өзгелерден ерек Інжу мен Маржан таңдаған пәндері бойынша дайындықты қыркүйектен бастаған. Екеуі де шығармашылықты қалап, тарих пен қазақ тілі пәндерінен қосымша сабақтарға қатысып, білімдерін жетілдіріп нығайта түскен. Бірақ мектеп әкімшілігі шығармашылықты таңдағандар қандай пәндерден тапсыратынын ашып айта алмаған соң, нақтылықты сүйетін Маржан мұндай күлдібадам жауаптан қанағанаттана алмай, бастапқыда қосымша сабақтарды жібермей ыждақатпен дайындалып жүрсе, кейін сұйылтып жіберді. Тек сол үшін ғана қосымша сабаққа келіп жүрген Жарас ағай да түстен кейін келмеуді шығарды.

  Інжу тосып-тосып кетеді. Ағайды түсінеді. Маржан келсе жүзі нұрланып, тақырыпты түсіндіруі көбейіп, аузынан Маржан түспей, отырғанның бәрін «Маржан, Маржан» деп шатысады. Келемін деп сәл кешіксе, есікке жалтақ-жалтақ қарап, ашылуын асыға күтеді. Маржан кіргенде жүзі мамыр айының шуақты күніндей жайнап шыға келеді. Оның әрбір мұң-мұқтажын зейін қойып тыңдап, ақыл-кеңесін береді...

Ағай шыдамады ма, бір күні Іжуге мұңын шақты: - Осы қызды түсіне алмадым, менен қашады да жүреді. Ерекше ықыласымнан қорқып жүр ме, оның арманы орындалып, бақытты болғанынан басқа маған ешнәрсенің қажеті жоқ. Аллах Тағала кеңшілік жасап, мүмкіншілік беріп тұрған тамаша уақытта, дайындалуына көмегімді аямай, көздеген мақсатына сүрінбей жетуіне септігімді тигізейін деп таза жүрегіммен ниеттенсем, тура қасқыр көрген бөкендей тұра қашады. 

 Інжу бұған не дейді. Өз басының қам-қарекеті де бастан асып тұр. Бастапқыда әншілікті өнерді қалаған, бірақ қосымша сабақта ағаймен сұқбаттаса отырып,  таңдауын өзгертті.

  – Кеңес дәуірі тоталитарлық кезең деп аталса да, қазақ тілінің мемлекеттік статусы болмаса да, әдеби тілі қалыптасып,  сөздік қоры молайып, жетілген  бай тілдер қатарына қосылды. Қазақстанның шартарапына көркем әдебиет, радио, теледидар, газет-журналдар арқылы әдеби тіл насихатталып жатты. Қай тарапқа барса да жұрт сөзбен шатыспай бір-бірін айна-қатесіз түсінді. Ол кезде әр сөз қатаң сараптамадан өтіп жариялануға рұқсат алатын. Біз сөйлеу, жазу мәдениетінің негіздерін грамматиканы оқымай жатып теледидардан-ақ үйреніп шығатынбыз. Тәуелсіздік алдық, тілге де еркіндік тиді. Ауызекі сөйлеу тілі белең алды. Қазір одан біз әдеби тіл емес көше сөздері мен жаргондарды үйреніміз. Әр аймақтың диалектілері шектеусіз қолданысқа енді. Жіп-жинақы тіліміз шашы алынбаған баладай жабайыланып кетті. Ұйқас іздеген жас ақындарымыз тисе терекке, тимесе бұтаққа деп өлеңдерін осы шашы өскен тілмен оңды-солды сілтейді.

 – Рас, ағай, теледидар көріп отырып, таяз мәнді жұтаң әзілдермен, дөрекі қалжыңдармен, анайы мысқылдарымен  тілдерін оңды-солды безегендердің танымал болып  теледидар бетінен шықпайтындарына таң қаламын. Жастар олардан қандай тәлім алады. Алады емес, алып жүр. Сол тілді оң көріп, өзара сонымен сөйлеседі. Ал тәрбиесі теріс қойылымдар ше? Бұл «танымал жұлдыздардың» ақылы асқаны соншалық, қисық сөз күлгенге жақсы деп, надан әзілдерге жол беріп,  қанын төгіп ел-жұртын қорғаған қазақ батырларын ақымақ, хандарын топас қылып көрсетеді. Сөйтіп өз ұлтының тарихына балта шауып, түзелмес қате, кешірілмес қылмыс жасайды. Сана-сезімі әлі дұрыстап қалыптаспаған бала-шаға мен жасөспірімдердің миын улайды. Танымын ұяфон мен теледидар арқылы алып жүрген олар, өз ұлтының батырлары мен хандарын, сол көрсетілім қалпында қорқақ пен кеңкелес деп қабылдайды. Нәтижесінде туған ұлты жатыпішер жалқау, орыс пен қытайға бас иген жігерсіз ел, тілі татымсыз, өз ішіндегі қарым-қатынастан басқаға жарамайтын жұтаң болып шығады.

 – Ия, ия, дұрыс айтасың. Бір жылдары «немістермен соғысқан орыстар екен, біз соғыспай-ақ беріле салғанда, қазір бір-бір мерседес мініп жүретін едік» деген тексіз надандардың сөзі ел арасында белең алып еді. Дәл осындай іріткі сөздер үшін Отанын, ұлтын, елін, жерін, мемлекетін сүйген әр адам тек жүруге тиісті емес. Олар әр сөзімен, ісімен, қимыл-әрекетімен, тіпті ішкен тамағымен оның қалыптасуы мен дамуына сәт сайын үлесін қосып отыруы керек. Ештеңе ойламай, қамсыз-мұңсыз, қарекетсіз жүре берсек мынау адымын алшақ алған жаһандану талғамай жұтып жібереді,- деп партаны тоқпақтап ағай қызына сөйлеген.

 Бұл пікірлерді Дархан естігенде: «Алланың тілі – араб тілі, одан құдіретті ештеңе жоқ. Араб тілін жетік игеріп, құранды тұп нұсқасында оқығым келеді. Онда ғалымдар нақты мағынасын тура түсінбеген Алладан жеткен ерек хабарлар бар шығар», - деп жаңалық ашқан. Ана тілі туралы қаперінде дым да жоқ сияқты. Туған тіліне сүлесоқтық танытқанына үшін ашуланып: - Сол арабтарың өз тілінің үстемдігін таныту үшін намазды тек араб тілінде оқуды таңған шығар... – дегенше болған жоқ Дархан бұның аузын тарс жаба қалды, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап: - Астафируллах! Астафируллах! Астафируллах! Астафируллах де, - деп  шошына тіл қатты.

 Інжу деді. Бірақ өз дегенінен қайтпады.

 – Онда араб тілін де үйренемін.

 – Әлхамдулиллах! Бәрекелді!

 – Өз ана тілімнің құдіретін тану үшін. Мен тіл маманы болуды қаладым. Ана тілімнің әрбір сөзінің мағанасын зерделей келе жаңғыртып, жаһандық қолданысқа енгізіп, мәртебесін көтеріп, әлемдегі ұлы тілдердің қатарына қосамын.

 Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиетін қолға алды. Тілді ережелер арқылы игеріп алды. Әдебиетті...

 Әдебиеттен милау болды. Милау деген әбден оқып миы ағып кеткен есалаңды айтатын шығар. Інжудің пайымдауындағы милау осы болды. Өйткені бұл күйді әдебиеттен дайындалу барысында өз басынан өткерді. Мектеп бағдарламасымен қабыспайтын жүйесіз сұрақтар сан-сан құмырсқадай құж-құж етеді. Бастапқыда әдебиет теориясын игере отырып көркем әдебиет тілін меңгеремін деп ойлаған, бірақ ол әдірам қалды. «Әдебиеттен мен көмекші емеспін. Әр жылдарда шыққан тесттердің жауаптарын жаттай отырып дайындалмасаң еш пайда жоқ. Тек жаттау, жаттау, жаттау. Онда да жыл сайын өзгеріс жасап отыратын тест орталығының ойына келгенмен сәйкес келсе», - деп Жарас ағай да шындығын айтып, бар ауыртпалықты өзіне салды. ҰБТ-ға дайындалуда өзін босаңсымай бекем ұстаймын деген байламы бір-бірін қайталаған сүреңсіз күндердің аясында босаңсып сыр бере бастады. «Балалардың «бір мәнісі болар» деген сөздерінің жаны бар-ау» деген ой сайтандай сумаңдап шыға келді.

12

 Бұл жалғыз Інжудің басында ғана емес, мектеп бітіргелі отырған әр оқушының басында бар жағдай. Тек ҰБТ-дан үркіп емтихан тапсырумен шектелгендерде жоқ. Олар қаперсіз, саналарында түк жоқ, жайбарақат. Қалғандарында таңдау пәндері бойынша күнде қосымша сабақ. Демалыс күндері шаршаған миды тынықтыру аясында кешкі серуен, таза ауа жұту, мектептегі соңғы айлары болғандықтан құрбы-құрдастарымен тежеусіз араласып кеш жасау. Алғашында кеш тек туған күндер байланысты жасалса, енді Данның ұсынысымен «Титаникте»  апта сайын өтетін болды.

 – Жігіттер, ортамыздан ши шықпасын, ата-аналарымыз да сезбей қалсын. Қыздарды уақытымен үйлеріне апарып тұрайық. Оған менің көлігім дайын.

 – Менікі де.

 – Онда, давайте, ертеңнен бастап.

 Айтылды. Келісілді. Ата-аналар кешкі он бірге дейін рұқсат берсе, олар жиналуды жетіге белгілеп, сегізде жолға шықты. Жол деген не, Данның «япошкасы» алып-ұшып үш минутта жетіп барады. Нұржанның «ауди» аяңдап он минутта жетеді. «Кеменің» күллі екінші қабаты мен даяшылары Данның иелігінде.  

 – Капитан бар, не қам бар. Қай жақты қаласаңдар, сонда апарамын. Айға десеңдер айға, күн десеңдер күнге,  Гавай десеңдер Гавай, Дубай десең Дубай,  жұлдыз десең жұлдыздар... Шөлдесеңдер сусын бар, көңілдіні көкке ұшыратын, көңілсізге де от жағып  жылынтатын.   Диско, диско дискооооо!

 

Бір көріп сені ұнатып қалғандаймын

Көрмесем бір сәт өзіңді армандаймын

Жүректі бірден өртеген жалындайсың

Еркелеп салған көктемнің назындайсың

 

Мен сені жаным арманыма балаймын

Сен үшін төземін өртеніп жанайын

Махаббатымды барлығымды тек саған

Cаған арнаймын

 

  Расында, дастарқан жайылып тұр. Бокалдарда сусындар құйылған. Ішіне түтікшелер салынған. Үстелдің қақ төрінде отырған Данның алдында екі-үш шиша шарап, қасында екі жүз грамдық ыстақандар тізілген. Балалар кезегімен келіп ішіп кетеді. Музыка үзілмейді. Қыздар сусыннан тартып алып шыңғырып тұрып билеп жүр. Сабинаның дауысы жер жарады. Үндемей шет жүретін Инкар мен Жұлдыз дискардің гүлі. Әр баламен бір билеп, жарысып қалыспайды. Мезеті келгенде бөкселері мен өзгелерімен соғыстырып қояды. Мадлен мен Бану қатар билеп жүр. Назарлары шарабын ұрттап қойып, қимылдамай отырған Данда. Қолдарын мың бұралта созып, саусақтарымен кел-кел деп шақырады. Дан да екеуінен көз алмай тесіле қарайды. Екі сұлу одан әрі биді жандырып, бар өнерлерін көрсетеді. Жарқ-жұрқ етіп мың түсті сәуле шашқан құбылмалы жарықты музыка да шарықтау шегіне жете жан дүниені баурап балқытады.

 

 Hey Sexy

O fok! tjek die kind!

Hey! Hello baby!

 

Hey sexy, sexy!

Woop! woop! woop! woop!

Hey sexy! Sexy!

Woop! woop! woop! woop!

 

 Бидің жанып тұрған мезетінде Жандау Данға соткадағы сағатын шұқып көрсетті. Ол қолындағы ролекске қарап еді, белгіленген уақыт болып қалыпты. Диджейге қолын көтерді. Баяу әуен ойнай жөнелді. Дан тау құлжасы арқардай мардамси басып, Мадлен мен Бану биге шақырды. Екі қыз мойнынан жабыса құшақтап, ол белдерінен қымтай орап ұстап, үшеуі тұтасып бір тән болып, жан байланысқан іңкәрлі сәттің шырқын бұзғысы келмегендей ақырын  тербетіле жөнелді

 

Жүрегімнің әнін бір өзіңе арнадым,

Көздеріңнің мөлдірін бақытыма баладым.

Көзіңдегі жалының мені өзіңе баурап тұр.

Жүректегі сезімім бір өзіңе жанып тұр.

 

Жалғыз сен күткенім әрбір атқан таңдардан,

Жалғыз сен күткенім мұңға толы бақтардан.

Жалғыз сен сүйгенім жүрегіммен ұнатып,

Жалғыз сен сүйгенім көздеріңе байланып.

 

 Би аяқталысымен Дан қолын көтеріп:

 – Ертең сұлулар хит-парады. Ортамыздан ханшайым жариялаймыз. Жеңіске жеткенге лично менен ерекше сыйлық. Ал қазір қайтамыз. Қолдарындағы нектарды тартыңдар. «Кайф жиза, жасасын! Ботандар шаршасын!». Алға данышпандаааар!

13

  Данның барынша өзін еркін ұстап, ойынан келгенін істеп жүрген қарекетіне қарап, бейқам  адам санап қаласың. Бірақ ондай емес. Спорттық тұлғасын қалыпта ұстауға тырысады. Таң атпастан тұрып жүгіреді. Жаттығулар жасайды. Кешкі салым спортзалға барып күштемелі жаттығуларды орындайды.

  Алғаш келгенде Дан жалғыз еді. Қазір Дархан қосылды. Оның дайындықтары ерен. Дан стадионға ерте бардым дегеннің өзінде Дархан жүгіріп жүреді. Маңлайында шамы бар бас киім. Бұл келгенге дейін қанша айналым жасағаны белгісіз, оның көзінше бес жүз метрге жуық айналаманың оннан астамын жүгіріп өтеді. Алғашқыда санайтын, кейін санаудан жаңылысатын болды. Таң намаздан кейін бастаса, қаншама уақыт, бір күні болыдырып өлетін шығар бұл.

  Ал спортзалдағы тірлігі бөлек. Бірінші қыздырынып алады, одан кейін зілтемірді көтереді, келесі кезекте бокс әдістерімен жұдырығын жаттықтырады, қабырғаға қатталып ілінген жүз шақты газетті тоқпақтайды. Күнде бір бетін жыртып алып тастайды. Бұл дайындықты тәмамдаған соң, дәл осы ретте жасалған, тек газет орнына шүберек оралған қаданы, екі аяғының жан-жағымен кезек-кезек тепкілейді. Бойдан жоғары ілінген «грушаны» орнында тұрып, бұтын барынша жазып, қолмен ұрғандай аяғымен соққылайды.

 Мұны көріп тұрған Данның қояншығы ұстайды. Жекпе-жекке шақырады. Ең алғаш ашудың ырқында қойылған соққылармен төпеп өткен. Өлді-ақ-ау деп еді, бірақ алдында ойнақтап жүрген оны көріп, қайтадан тоқпақтай жөнелуге икемделе беріп сабырға келіп, әдіс-айлаға көшті. Ойлағаны болды Дархан сұлап түсті. Бірақ бұдан Дан опа таппады. Аңғал басы ескермепті, әдейі ашуына тиіп арандатып алып,  Дархан бұның барлық айла- тәсілдерін жадына сақтап алып, соған қарсы қорғаныс әрекеттерін күннен күнге жетілдіре беріпті. Қазір артық түспесе кем емес. Дан қалай соқса да, Дархан алғызбайды. Мұның жан-жақты есептеп дөптеп жасаған соққысы мен тепкісіне қорғаныс дайын. Не бұлт етіп өтіп кетеді, не тосқауыл қойып  жайқап тастайды. Бір қайран қалатыны бұған қарсы ешқандай соққы жасамайды. Қанша тоқпақтап жатса да қорғанады, бірақ қол жұмсамайды. Бұл «Соқ, соқ!» бақырады. Ол басын шайқайды. Ашу-ызасы жанартаудай атылып, білетін бар тәсілімен тепкілей жөнеледі. Күллі жан дүниесін қысқан жыннан қысылып кеткен көздерін ашқанда, түк болмағандай күлімсіреп жүрген Дарханды көріп, не істерін білмей сылқ түседі. Ішінен сыбырлап бір жымысқы пиғыл туындайды. «Ешкім көрмейтін қалтарыста...».

Жоо-Жоқ! Одан да бұл спортзалдың қайтадан есігін ашпайын. Дан осы сөзінде тұрды да. Бірақ спортзалдың есігін ашты, өйткені ол жаттығусыз өмір сүре алмайтын. Дарханның кездеспейін және өсуіне жол бермейін деп,  нақ намаз уақытында, Жандауды және басқа балаларды да ертіп келіп жаттығу жасап тұрды. Бұл балаларға да пайдалы болды. Төбелесті үйренді. Құтырынып кеткендері сонша, қандары қас көрші ауылдың балаларын түйіспеге шақырып, қырғын төбелес болып, «Титаниктің» екінші қабатты жеңіп алды. «Төбелес комитетінің» ұйғарымы бойынша  айқасқа Дан қатыспады. Дарханды шақырайық деген Жандаудың сөзіне Дан: - Оны шақырсақ төбелес болмайды, төбелес болмаса, кеменің жоғарғы қабаты біздіке болмай қалады. Сондықтан ол естімесін, - деді.

14

 Бүгін міне соның игілігін көріп жатыр. «Титаниктің» екінші қабаты құдды өздерінің меншіктері сияқты. Қалаған сәттерінде ешкімнің кедергісінсіз сауық-сайрандарын өткізе береді. Әлбетте үлкендерден бос кезде. Оның өзін де Данның келісімімен.

 Бір-бірінен естіген қыздар «сұлулық байқауына» қатысуға асықты.  Тіпті кейбіреулері шаш үлгісін жасатты. Келмей жүргендеріне дейін жиналып сол күні қыздар көп болды. Данның айтуы бойынша дастарқан кең жайылды. Спиртті сусындар мол. Алдын ала құйылып қойылды. Тіпті қызық болсын деп қыздардың ыдыстарына «көңілді таблеткалар» салынды. Беканың айтуынша бұл дәрмектерден көңіл-күй көтеріледі. Қайғы-мұң атаулы жойылып, орнын шат күлкі мен қуаныш басады.

 «Титаникке» келген қауымды Дан көп күттірмеді, кешті бастап жіберді. Сауық қызған шағында «Сұлулар бәйгесінің» басталғанын жариялады. Дайындалған салтанат жолымен бірінші боп Сабина жүрді. Оның еркек тақылетті мінезіне қарап нәзіктіктен жұрдай санайтын. Өзінің тұлғасының қимыл мәнеріне сай жүріспен сәнін көрсеткенде таңырқамаған жан қалмады. Артынан дайын тұрған Инкар мен Жұлдыз қосақталып өтті. Әбден дайындалған болу керек, үстерінде жылтырақ көйлек, бастарына тәж киіп алыпты. Иығы жалаңаштанған, кіндігін көрінік, қысқа шорт белдемшемен аппақ санын жалтыратқан Мадлена астыңғы қабаттан келіп ұрланып көріп тұрған ересек жігіттердің ауызының суын ағызды. Қанша сәнденіп жүрсе де көзге ілінбейтін Ақтілек те келіпті. Жан-жағына көзін бадырайта ашып, құрбысы Жанармен үйлес билей басып өтті. Бану күллі тұлғасын жариялай бұраңдап жүрді. Етіне ет боп жабысқан футболкасы, бұтындағы джинсиі, жаңа піскен жемістей томпиған мүшелерінің сұлбасын айқындай, жүрістің  әр қимылында бұлт-бұлт еткізіп көз арбайды. Соңы Маржанға тиді. Ол қысылды ма, әлде ерсі көрді ме,  жүріссіз қарапайым аяңға салды. Бірақ оның төгілте тараған қап-қара шаштары, мөлдіреген нәркес көздері, әнтек қызарған бетінің ұшы, сүюге ғана жаралғандай қызғалдақ гүліндей елбіреген еріндері, жіңішке белінде үшінші көз боп етегінен кіндігі жылт-жылт көрінген сарғылт жейдесі, тізеден келген белдемшесі, мәрмәр мүсін тіп-тік аяқтары, жүрек көзі бітеу тоңмойынның да сезімін тірілтіп, көзіне от жағып, көкейін өртеген ынтазар құмарлықтың нәпсісін оятқан. Шеттеу Карина тұрған, жүр деп Бека ұсынғанмен, ол қадам баспады.

 – Әдемі қыздарымыздың құрметіне қолымыздағы жанымызға нұр беретін, көңілімізге гүл егетін сиқырлы шәрбатты түбіне дейін көтерейік те бақыт үшін деп жерге ұрайық.

 Айтылған сөз, атылған оқ, елеріп алған қауым қолдарындағы бокалдарды, ішіндегісін сарқа ішіп, сартылдатып жерге соқты. «Титаниктің» сыртына атылған бокалдар шатыр-шұтыр сынып жатты. Мынандай сұмдықтан зәресі ұшқан сауықхана әкімшісі Данға безіп келді. Ол қолына ақша ұстата салды.  Қомақты соманы көрген әкімші жалт беріп зытып үлгерді.

 Дан қолын көтерді. Музыка ойнай жөнелді.

 

Если меня ты когда-то полюбишь,

Если меня ты когда-то поймёшь,

Если не я ты кого разбудешь,

Если не я ты кого найдёшь.

 

Если ты меня любишь,

Если ты меня любишь,

Если ты меня любишь!

 

 Дан түсті сәулесі жарқылдаған әуенорталығының қасында билеп тұр. Хип-хоптың қимылдарын жеңілдікпен орындап қыз атаулыны түгел өзіне қаратып алған. Қалған жігіттер де оның қимылын қайталап ирелеңдейді. Ал Бека аяғына аяғы шалынысып оңқа-шоңқа құлады. Оған қарайтын адам жоқ, түгел еліріп алған. Музыканың ырғағында жан беріп, жан алуда. Тоқталмай келесі ән жалғасын тапты.

 

Ханшайымсың ғұмыр кешкен ертекте,

Таңғы арайсың нұрын шашқан жер-көкке.

Сабағымды сылтау қылып тек сені

Көру үшін баратынмын мектепке.

 

Ақ бантигің басыңда

Жан құрбың бар қасыңда

Күлімдеуге лайықсың

Болмас сірə жасыруға

Сезімім еш басылмай

Ұмту қайта тасуға-ай

Мен сүйген жан өзіңсің

Оқушы қыз расында.

 

 Дан Маржанды биге шақырды. Өңіріне танауын сұғып жіберіп, тербеле жөнелді. Маржан аң-таң болып кері итеріп еді, ол жұлқып өзіне тартып алды. 

 – Мен бұлай билегенді жақтырмаймын.

 – Неге?

 – Өзімді біртүрлі жаман сезінемін. Ренжімесең, түзу билеші. 

 – Егер біз бар шектеуді алып тастап, жан-тәнімізге ерік беріп, кайфтің көкесін татпасақ, мына даңғазаның неге қажеті бар?

 – Білмеймін, бірақ маған қажет емес.

 – Бар онда.

   Дан Маржанды итеріп жіберді. Таяу жүрген Банудың қолынан ұстап өзіне икемдегенше, ол айналып келіп құшағына өзі құлады.

 

Ұстаздардың бізге көзі төнуде

Бар ынтасын екеумізге бөлуде

Оқушы қыз қоңырауға асықпа

Бой жазуға емес еді көруге.

 

Ақ бантигің басыңда

Жан құрбың бар қасыңда

Күлімдеуге лайықсың

Болмас сірə жасыруға

Сезімім еш басылмай

Ұмту қайта тасуға-ай

Мен сүйген жан өзіңсің

Оқушы қыз расында.

 

 – Рухы күшті қазақтар сыртқа кыздарын берсе де, пәктіктерін өздері алып қалады. Қыздарға да оңай болады. Өмірде жағдаяттар көп, тірліктің тәтті сәттері қанша, сондай кезде қысылмай «пәктігімді қазақ жігіті алды» деп еш алаңсыз рақатына қана береді. Ең қызықты сәттермен бойды ләззат пен шаттыққа тояттандыратын жастық шақ жасасын! Жастықтың ең шырынын тату үшін тыртынбаааа, алғааа! – деп Банудан босап қайта орнына барған Дан киімін шешіп лақтыра бастады. 

 

Арбайсың-ау жанарыңның нұрымен

Еркемсің ғой жанға жылу дəру қылығыңмен

Басталады деуші едің мектептен

Дұрыс екен осы тіркес шынымен.

 

Ақ бантигің басыңда

Жан құрбың бар қасыңда

Күлімдеуге лайықсың

Болмас сірə жасыруға

Сезімім еш басылмай

Ұмту қайта тасуға-ай

Мен сүйген жан өзіңсің

Оқушы қыз .....

 

 Музыка шорт үзілді. Шам жарқ ете қалды. Сахнада Дархан. Ашудан жүзі күреңітіп кеткен.

 – Мынау не сұмдық! Бұларың не? Жас өмірлерің басталмай жатып, оған балта шауып жатқандарың қалай? Оу, Жандау, сенің мұның не? Қазақ күресінің жеңімпазы, ел намысын қорғаған азамат емес пе едің! Енді неге сол еліңнің намысын бір сәттік қызық үшін аяғыңның астына таптап жатырсың? Диас, Мақсат, Нұржан, ей, Қасен, сен не дейсің?

 – Хер-у, аузыңды жапшы. Это моя вечеринка, бүлік шығармай тез кете ғой, әйтпесе...

 – Дан, әжептәуір жігітсің, ел қоритын азаматтан еш кемдігің жоқ, неге мынандай діл бұзарлық әрекеттер жасап жатырсың? Егер қыздарымызды біз құрметтеп, біз қамқорлыққа алмасақ, мынадай қиянаттан сақтамасақ, біздің ұлтымыздың намысын кім қорғайды?! Мұның не?

 – Ол сенің шаруаң емес. Дереу кете ғой. Біздің дискамызды жалғастырғымыз  келіп тұр. Солай мааа....

 – Ешкім тіл қатпады, дискотека жабық, - деп Дархан жан-жағына бұрыла хабарлады.

  Дан қолына ала салып Дарханға қарай ұмтылды. Сырттан жедел жеткен Інжу алдына келіп тұра қалды.

 – Інжуу! – деп балалар тұра жүгірді.

 – Инжи, қайдан жүрсің?!

 – Дани, тәп-тәуір жігітсің, мұның не?

 – Бұл жай вилка ғой, - деп Дан ақталып жатыр. Қатты тиген соққыдан Інжу бүгіліп кетті. Жұқа көйлегін тіліп өткен шанышқыны ұшы ішіне кіріп кеткен сияқты, бірақ ол сыр алдырмады.

    – Құрбыларым-ау, бұларың не!? Тәндеріңді жариялап өздеріңді әдемі санамай-ақ қойыңдар. Ашық тәндеріңе ынтыға қараған ғашықтық емес, ол нәпсі құмарын қандыру үшін ғана. Жан дүниенің рухани сұранысына жауап бермейді.

    – Онда сен сияқты бүркеніп жүрейік!

    – Сөйт. Сенің сұлулығыңды көзіңнен таныған нағыз бақыт әкелетін махаббат. Тәніңе қарап оянған сезім, сырты жылтырақ қағазбен оралған кәмпит сияқты, уақытша ғана, ішіндегі тәттісі желініп біткен соң желге ұшып кетеді.

    Қан қызуымен сезбепті, соққы тиген жері сыздап бүгіліп кетті.

    – Інжу, жаныыым-ай, кіріп кетпеді ме?! Абайласаң болмады ма?

    – Маржаным-ау, сен осында ма едің, аман-саусың ба?

    – Мен жайлы қам жемей-ақ қой, бәрі жақсы, жүрші далаға, таза ауаға шығайық. 

    Дархан сырт қарап Данның әрекетін байқамай қалды. Ішін ұстап бүгіле басып бара жатқан Інжу мен оны қолтықтап алған Маржанға түсінбестікпен таңырқай, қасында үйіріліп тұрған балаларға сұраулы жүзбен жалтақтай берді. 

 – Инжи! Инжи! Кешірші, кешір! Прости, – деп даурығып Дан артынан жүгірді. «Ешкім көрмейтін қалтарыста...» дегеннің жетегінде ұрып-ақ еді, бірақ ол қапылыста Інжуге тиді. Жақындап қалғанда байқады, әйтсе де соққы межесіне жетіп үлгерген.

 Дан үйге жетіп бір-ақ жығылды. «Дани, тәп-тәуір жігітсің, бұның не?» деп ішін басып мөлдірей қараған Інжу түсінен шықпады. Көзі жасқа шыланған. «Алтын шашты қызға шанышқы сұққаны-ай. Білмей қалды ғой. Сонда да басқаны емес, дәл сол қызды жаралағаны-ай!». Жаны елжіреп, жүрегі сыздап кетті. Ол қызға алғашқы күннен-ақ ғашық болып қалғанын қазір сезді. Өмірі бет қаратпайтын бұл сол күні үнсіз қалып, қыздың жылтылдаған сырғасымен ғана тілдескен еді. Енді түсінді, оған қолы жетпеген соң, морт сыныпты. Ішінде домбыра тұрмақ, дінін босаңсытпай бекем ұстап тұрған болат сым да шарт үзілген сыңайлы. Тас берік кедергінің қай түрі кездессе де «Келдім! Көрдім! Жеңдім!» деп Юлий Цезардай жылдам аяқтайтын тәкаппар  жігіттің аянышты құр сүлдері қалыпты.

Жоқ, бұлай болмайды. Түзеледі! Сөзсіз түзеледі. Қалпына келеді. Болат сымды ширатып, тас бекітіп тартады да, ол қызды міндетті түрде өзімен бірге алып кетеді.

    Келер күні алдынан Дархан шықты.

    – Оның не, Дан? Ер-азаматқа шақ қылық па?

    – Қыздың ең әдемісі сенде, ұлт та, Отан да сенде, дін де саған қызмет жасайды. Неге менде бұлардың бірі де жоқ. Кім берді саған мұның бәрін үйіп-төгіп?!

    – Мені атам тәрбиеледі. Ол соғыстан бұрын туған. Соғыс кезінде он жаста. Колхоздың егісінде күнұзық жұмыстан тынбайды екен. Қарны тойып тамақ ішпейді. Жеңіске жетсек тойынамыз деп бар күштерін аямайды. Сонда еш міндетсінбейді екен. Жандары қиналып тұрса да «Отан үшін, ел үшін, жеңіс жолында еңбек етіп жатырмыз» деп қуанады екен.

    Данның атасы есіне түсті. «Данабек, мен қателік жасаппын. Әкеңе ерік беріп, дәулетті болғанмен, танымы төмен жерден келін әперіппін. Қазақ салтымен құда түсіп, қаны таза текті жерден қыз әперуім керек еді. Тілін білмейтін жерден қыз алған әкең бүгін дүбәра. Сен менің немеремсің, түбің қазақ... Даниэл деген тексіз атты ұмыт, есімің Данабек, Данабек!»...

    – Сен қыздың әдемісі дейсің. Қасыңда қаншама қыз жүр. Солардың әрқайсысын мәпелеп, аялап,  қамқорлық жасап құрметке бөлесең, олардан асқан сұлуды таппас едің. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу дейді халық.

15

    Мамыр келді. Рамазан айы туды. Ауыз бекітуге, оразаға дайындық басталды. Бексырттан жұма намаздан кейін мешіт жамағатына өз тілегін жеткізді.

    – Жетпіс тоғызыншы жылғы жігіттер бастамасымен ауылымызда мешіт асханасы бой көтерді. Соның аяқталмаған жұмыстарын ораза басталғанша бітіріп тастасақ, өте тамаша болар еді. Ауызашарлар сонда беріліп, ауыз бекітуіміз мерекелі өтер еді. Мектеп бітірген жастардан бастап шамасына қарай садақа беріп, қаражат жинасақ, малдан қорғау үшін қоршау орнатып, іші-сыртын оңдасақ, негізгі   жөндеу жұмыстары аяқталар. Ауыз бекіткенге дейін он бес күн қалды. Жеделдетсек жақсы болады. Қайсар, сен ақшаны имамның қолына жинап бер.

    – Алхамдлиллах, Аллахым игі ісімізді қолдасын! Аулымыздың құрылысқа шебер жігіттері қол ұшын береміз деп отыр. Сәулетбек өз құрдастарымен жабдықтар дайын болса қазір кіріспек.

    Мешіт асханасы екі жыл бұрын Дәулетбек мен Рабаттың бастамасымен көтерілген. Мектептен бітіргендеріне жиырма жыл мерейкүніне байланысты өтетін  түлектер кездесуінде, әдетке айналған мектепке беретін кәкір-шүкір сыйлақтар емес, елге де, өздеріне де зор шапағаты тиетін  сауапты орынды салуды ұсыныс еткен. Соның нәтижесінде еңселі көрнекті ғимарат бой көтерген. Келесі жылы Асқақ Болат және басқа да іскер жігіттер ат салысып, іші-сыртының сылау-өңдеу жұмыстарын жүргізіп, әрін кіргізген. Тек еденіне кафел төсеу, су жүргізу, үстел-орындықтар, ыдыс-аяқ алу және көзге көрінбейтін бірқыдырау майда  шаруалар қалған.

    Алланың сауабы шексіз. Мешітке бір шам берсең, оның сәулесі қанша адамға түссе соның сауабы саған жазылады. Тіпті сол шаммен оқыған имани кітаптардың әр әрпінің сауабы да тиеді. Мұны көкейінен мықтап түйген Дәулетбек, мешітке келгенде, айналасына зер сала қарап, жетіспей тұрған нәрселер болса, ешкімге айтпай толықтырып отырады. «Берген садақаңды оң қолын берсе, сол қолын көрмесін» дегенді терең түсініп, ешкімнің айтуынсыз қайырлы істерді атқара береді. Пітір бергенде де жазғызбай, жәшікке елеусіз сала салады. Мешіт асханасы туралы ұсынысты ең алғаш бастаған, достарын ұйытып, қаражат жинап, бой көтеруіне ықпалын тигізгендердің бірі сол. Бұл жолы да шет қалмады. Інісі Сәулетбектің ұйымдастыру жұмыстарына қолғабысын тигізді.

    Мектеп қабырғасында жүрсе де, Дархан бұл бастамадан сырт қалмады. «Жоғарыдағылардың» бекітуімен өз құралпыластарына жауап беретін ол, шама-шарқы бар, әлді деген жақын құрдастарынан тиесілі қаражатты жинап берді. Күндіз асхана құрылысына көмектессе, түнде «далаға» барып «шахтёр» болды. Даннан кем болмаймын деп «Джип» алуды көкседі. Сол үшін барлық істе өзін аямай қайсарлықпен салды. Інжуді де ұмытпады. Қолы қалт еткенде барып тұрды. Мойнындағы ай таңбасын түсіріп алып, Алладан жеткен ерек белгі шығар деп, сырын жасырмай айтатын  имамға көрсетпек болды.

  Таңбаны көрген имам үндемеді. Тек сөреге қоя сал деді. Бір қол тигеде қарармын деп асығыс сыртқа шығып кетті. Дархан суретті бөтен көзден қалай сақтарын білмей дағдарып тұрды да, имамның құжаттарының арасына салды. Құжат салынған файлдің түймесі дұрыс қабыспайды екен, оны  қайта-қайта басып, қабыспаған соң, төмен қаратып қойды.

    Сыртқа асығыс шыққан Дархан есік алдында тұрған имаммен соқтығысып қалды. Ол шұқшия қарап: - Аллаға серік қосқан, кешірілмес күнә – «ширк» деп аталады. Оны мен айтпасам да білесің. Таңбада тұрған дәнеме жоқ. Ол тері ауруының орны. Жазылғанда сондай таңба қалған. Белгі қуып Аллаға серік қосқанды қою керек. Одан да пайдалы іспен айналыс. Қыз аңдығанша, мына мешіттің айаласына назар салмайсың ба! Өсіп кеткен шөптерді көздерің көрмейді-ау деймін. Бүгін достарыңды ертіп келіп, шауып таста. Тап-таза болсын!

    Едіреңдеп сөйлегеннен бей-берекет өскен сақалы шошаңдап кетті. Айтқаны болып, айдауы жүргенде адам танымай қалатыны бар. Дархан басын изеді де,  шығар есікке қарай жүрді. Қарсы алдынан екі адам кездесті. Не орыс емес, не қазақ емес, түрі шатысы түлкідей жылмиып бұрын амандасты. Қасындағы дөңкигені қолын қатты қысып Дарханның жүзіне қарады. Селт етпегенін көріп, таңырқау күйде жібере салды. Ауладан шыққан соң, қарағаштың астында тұрған «Геленд Вагенге» назары түсті,  таныс сияқты. Ішінде әйелбаласы отыр. Біреуге ұқсайды. Енді таныды, Карина екен. Жүрісін жылдамдатып, еңбек еріне арналған саяжайда отырған балалар қосылып, имамның тапсырмасын жеткізді.

16

    Дан көрінбейді. Көптен бері ортаға қосылмай жүр. Бірақ жаттығудан қалмайды. Тек Дарханның жаттығуы сирексіген. Не стадионнан, не залдан көрінбейді.  Сабақтан да көп қалады. Мектеп бітірушілер бір қалыпты ырғаққа түскен. Таңдау пәндерінің сабақтарына қатысады, қосымшадан қалмайды, өзге пәндерге көңіл аудармайды.  Әрине, ҰБТ тапсыратындар ғана. Өзгелерінде еркіндік десең еш жаңылмайсың. Емтиханға алаң болып жүрген олар жоқ, өйткені екі қойғаны үшін ұстаздардың жауап беретінін білетін олар нашар алмайтындарына көздері жетеді. Ал жақсы оқитындардың бағасын көтермесе түсірмейтіні бесенеден белгілі. Мектептегі соңғы күндері болғандықтан жүйке басар сауық кештері де үдеп тұр. Сылтау көп. Тіпті «нәски жуған» күн де болды.

    Інжудің дайындықтан басқада шаруасы жоқ. Мектеп – үй – мектеп – үй – мектеп. Бағыт осы. Еңбегі ақталып сынама тесттерден жүзден аса балл алды. Маржан қоштасу кештеріне арналаған іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына кірісіп кеткен.

    – Жылдағы көк лентаны тақпаймыз. Біздіке ерекше болады. Күрең қызыл түс. Қоштасу кешінде соған үйлесімді белдемшелеріңді дайындай беріңдер. Бәріміздіке біркелкі түсте болсын. Ақшасын мен жинаймын, ертеңнен бастап әкеле беріңдер.

    Бану іс-шара бағдарламасын қолға алды. Жүргізу барысының сценариін жасауда Жарас ағайдан көмек сұрады. Әр жас түлекке сипаттама беріп, слайд арқылы жариялама дайындап беруді сұранды. Жарас ағай қарсы болмада, қайта қуана-қуана келісті. Өйткені осы жылғы жас түлектерге ықыласы ерек еді. Сезімін жеткізуге ыңғайлы мезет туғанына қатты қуанды. 

    Дан қоштасу кешіне қатыспайтындығын ескертті. Бірақ лентаның ақшасын берді. Ол күйек өтіп, жыны басылған бурадай күйге енді. Мешіттің жөндеу жұмыстарына араласып, қолғабысын тигізді. Лай тасып жүріп таныс бейнені шырамытып, қолынан шелектер түсіп кетті.

    – Ох, какие люди в Голливуде, ну как дела брателла?

    – Сен мұнда қайдан жүрсің, Рус Ли?

    – Спордан жеңіп алатын прийскті көрейін деп келдім. Өзіңнің шаруаң не болды? Қыз дайын ба?

    – Қандай қыз?

    – Ақмақ боп қалдың ба, Дан, Інжууу! Тездет! Әйтпесе өзіміз-ақ алып кетеміз. Көлікке отыр, сөйлесетін сөз бар.

    – Қыз не только девственница, ещё самородок бесценный, міне көр.

    – Бұл суретті қайдан алдың? Беті көрінбейді. Інжу екенін қайдан білдің?

    – Имам берді. Қыздың атын сол айтты. Дарханчик әкеліп беріпті.

    – Самородок дейтіндей қандай қасиеті бар?

    – Луна на шее, арабтарға ұсынсаң миллиондаған евро береді. Ай таңбалы пәк қыздар оларда талисман. Сондықтан шаруаны тез бітір. А то өзіміз...

    – Бекхан сенің өзімізіңе көне қояр ма екен? Ауылдастары үшін жанын беретін Бексырттан сені асып өлтірер. Сол үшін елі құрметтеп Бек деп Хан көтереді. Бекхан деп құрметтейді. Ауыл адамдары қаланың шіріктері емес, бірі үшін бірі көкірегін тосып тұратын рухы мықты қазақ азаматтары.

    – Рухы мықты деп жыныма тимеші. Сен айтқандай болса, ауылдың басты өкілдерінің бірі имамыңа ақша көрсетіп едік, сұрамай-ақ мына суретті бере салды. Неге?

    – Сенбеймін! Бұл сенің көп афералыңның бірі. Ұрлап алған шығарсың?

    – Сен бала өзіңе көп ала берме, бір күні соның зардабын шегерсің.

    – Рус Ли, осы сен қай елсің? Қазаққа неге өшсің? Түріңе қарасам қазаққа келесің.

    – Ә, - деді Рус Ли, - жүзіндегі жымысқы күлкі мен мысқылдың ізін қалдырмай сыпырып тастап, салмақтана,  - Шатасқан жоқсың... Баратын жеріңді айт, апарып тастайын. Шаруаны жедел бітір. Мына суретті өңдеп, қызды саудаға қоямыз. Ақшаның астында қаласың. Әкең қиялдаған Дубайдан жекежай салып, бес мезгіл намаз оқып, Аллаға құлшылық жасайсыңдар. Мекке қасыңда, қажылықты жыл сайын  атқарсаң да өз еркіңде. Пайғамбардың зираты да алыс емес, зиярат етуге қолайлы. Ал менің елімді сұрасаң сайрап отырған тіліме қарап өзің анықтарсың. Қазаққа өш емеспін, оның түк өндірмес мақтаны мен әрекетсіз жатыпішерлігіне өшпін.

    Рус Лидің қазақ тілінде сөйлегенінде мін жоқ. Кейде орыс тілін жорта араластырып сөйлейтін әдеті бар. Бірақ... Дан қалт тоқтады. Мына имамның тірлігін не деп жоруға болады. Расында ақшаға сатылды ма? Періште алтын көрсе жолдан таяр дегеннің ақиқат болғаны ма?! Мұның жауабын қалай білсе болады? Дарханға... Дархааан! Дан көлігіне міне салып Дарханға тартты, бірақ ол үйінде болмай шықты. Қоңырау шалып Жандаудан сұрады.  Ол Дархан ауылда жоқ деп жауап берді.  Ертең ораза басталады. Асхананың ашылу салтанаты өтеді. Сол кезде имам екеуін беттестіре отырып сұрар. Дан көлігін спортзалдың алдына тоқтатты.

    Келесі күні мектептен Дарханды кездестірді.

    – Інжудің суретін қаншаға саттың?

    – Не айтып тұрсың, қандай сурет?

    – Имам екеуің Інжудің мойнын түсіріп, ай таңбасын Рус Лиге сатыпсыңдар ғой.

    – Рус Ли деген кім? Қандай сурет?

    – Неге өтірік кеңкелес болып тұрсың? Інжудің суреті.

    – Сурет, суреет. Имамға көрсеткенмін. Ол сөреге қоя сал деген соң, құжаттарының арасына салып кеткенмін.  

    Дан мүдіріп қалды. Рус Лидің арандату зымияндықтарының бірі болды ма? Тағы да Дархан сүттен ақ боп шықты. Дан ойланыңқырап тұрды да, «ә» дей салды. Енді түсіндім дегендей басын изеді де бұрылып кетті.

Әйтсе де, кейін, Інжуді алып кеткенсің, Дархан жоқ жерде, алдына тартар бір дәлел. Оны қазір дау қылып қайтеді. Бәрі жиылып алып, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай,  бір-бірін ақтап бұны қаралар. Әзірше үндемей-ақ, мезеті келгенде алдына тартар.

17

    118,116,110 деп жүріп оқу жылы да аяқталды. Мектеп бітіру кешіне дайындалған жас түлектер. Қыздар бал көйлегін іздеп қалаға кеткен. Соңғы қоңырауды сабақ берген ұстаздарымен шағын кеш өткізіп, азын-аулық сыйлықтарын берді. Кеш үстінде, әр түлектің суретін салып, қасына айрық қасиеттерін өлең шумақтарымен жеткізген Жарас ағайдың түрлі-түсті слайдымен таныстырылым жасалып тұрды. Ырысжан Жарас ағайға блокнот пен қаламсап ұсынды. Алып-ұшып асығып жеткен ұстаздың көңілі сап тиылды. Жүрегіне жақын сынып еді, елеусіз қалдырды. Жат адамдар сияқты бәрі сырт жүр. Соңғы кезек бұлармен суретке түсіп қалармын деген ойы қараң қалды.

    Жарас үндемей-түндемей шығып кетті. Жастар ғой, алабұртқан көңілдерінің жетегінде өз-өздеріне ие бола алмай жүр ғой. Титтейінен табалдырығын аттап, өмірлерінің ең балауса шақтарын, қызықты мезеттерін, иық тірестіріп бірге оқыған құрбы-құрдастарын, не болса соған күліп еш алаңсыз өткізген бейқам шақтарын қия алмай, жан дүниелері үлкен толғаныс үстінде ғой. Банудың «Қоштасу кешінде мен жылаймын, жылаймын, қимаймын» деген сөзі есіне түсіп, оларды толық ақтап шықты. Бірақ Маржанның «Қимайтын ештеңе жоқ, мен жыламаймын, жыламақ тұрмақ мен бұл жаққа қайтып оралмаймын» дегені ақтау ойының тас-талқанын шығарып, мұңайып қалды. Кешке барсам ба, бармасам ба деген екі ұдай күймен үйінің табалдырығын аттады. Алдынан шыққан әйелі:

    - Баруыңнан қайтуың тез болды, 11-дің іс-шарасына қатыстың ба? Бірнәрсе берді ме? Осы-ақ па?! Солар деп жаның қалмаушы еді...

    - Қойшы ей, шаршап келдім, мазамды алмашы.

    Тыс киімдерін шешіп диванға құлай кетті. Жүрегі сыздап ауырады. Оны бәкідей бүктеліп тізесімен басып жатыр. Үйдегілердің мұнымен ісі жоқ, өздерімен өздері. Әйелі «Қалаулымды» көріп отыр. Келіні түскі асты әзірлеуде. Баласы дәрет алып, бесін намазы мешітке дайындалып жатыр. Әкесіне жалтақ-жалтақ қарап қояды. «Өзің бара бер, бармаймын» деп күңк етті.

    Ұйықтап кетіпті, әйелінің «тұр, кешке баратын уақыт боп қалды» деген сөзіне оянып кетті. «Барсам ба, бармасам ба деген ой санасында қылаң етіп, бірақ үйдегілерден жасырып, өзі ерекше құрмет тұтқан Маржанға кредитке алған сыйлығы есіне түсіп орнынан ұшып тұрды.

    Мейрамхана бал кешіне үйлес безеніпті. Құдды пейіш бағы дерсің. Ал қыздар хор қыздарынан аумайды. Үстіндегі киімдері көздің жауын алады. Шаш үлгілері мен бет-жүздерін зерлеген көріктері теңдесіз. Әдемі көбелектердей баяу әуенмен жарасып тербеледі. Бұларды байқап қалған Інжу мен Мадлен екі жақтан қолтықтап, орындарына апарып отырғызды. Көзімен Маржанды іздеді. Ол Бану екеуі, отқа табынған түнгі көбелектердей Данның қасында үйіріліп жүр екен.

    Директор келісімен той басталды. Тілектер айтылып жатыр. Гитарасын көтерген Мақсат, қасында Жандау, Дархан, Қасен, Нұржан ұстаздарға арналған «Мектеппен қоштасу» әнін тарту етті. Мақсат пен Жандау айтып, қалған үшеуі дайындаған билерін билеп тұрды.

 

Сәлем ұстазым, өзіңе арнап ән жаздым.

Есіме түсті менің, бұзықтық балғын шағым.

Сабақта шулағаным, өзіңді көп алдадым,

Оған да қарамадың, сен мені аяладың.

Ия, ұстазым, өзіңді тыңдамадым,

Ауырып қалдым деп, өзіңді көп алдадым,

Қыздардың шашын тартып, баллармен қағынғаным.

Есімде әлі күнге, бұрышқа тұрғызғаның,

Ия, ұстазым, сабақты оқымадым,

Есімде екі алғаным, сол үшін жылағаным.

Есімде жұбатқаның,

Күлкімді келтіреді, екі үшін жылағаным.

Әрине, ұстазым, көп қой саған қарызым,

Мың рет тағзым, бұл менің парызым,

Керемет тәрбиеңе рақмет, ұстазым.

Рақмет ұстазым

 

Сағынамыз осы бір күнді,

Ұстазым сенің құшақ гүліңді.

Сағынамыз сені мектебім,

Өзіңмен өткен қызық күнді.

Он бір жыл өтті қас қағымда,

Ұстазбен өтті жас шағым да,

Ұмытпаймыз біз сізді мәңгі,

Есте сақтаңыз осы әнді.

18

  Баллардың өнерінен кейін сөз кезегі келіп ортаға шықты. Көкейдегі мінсіз ой сыртқа шыққанда сұлулығын жоғалтады, жүрегіндегі мөлдіреген кірсіз таза сезімін тілмен бүлдіргісі келмей, қайта өңдеген слайды арқылы тілегін жеткізді.

 

 1-слайд.

Атына сай патшайым,

Жер бетінде теңдесетін жоқ жаның.

Білімде алғыр, мінезі тағлым,

Аса мәртебелі ханым

Жанасыл Заринаға тағзым!

 

2-слайд.

Інжу Дарын

Лаулап тұрған жалын,

Ұлты үшін туған

Біртуар ғалым!

 

3-слайд.

Дархан Әбдіраззақ

Жүрегі жанған маздап,

Отанын риясыз сүйген,

Нағыз ұлтжанды азамат.

 

4-слайд.

Бақберген Шамшырақ

Көзінде сәуле,

Жүзінде нұр жанған жарқырап.

 

5-слайд.

Бақыт Маржан

Нұр боп жанған!

Болашақ жұлдыз –

Тұғыры аспан!

 

6-слайд.

Ғали Жанерке

Болашақ ұстаз – ойы мен сөзі береке,

Бала жанын кенелтетін көп дерекке.

 

  Слайд аяқталысымен қолын көтерді, музыканттармен келісіп қойған, тапсырыс берген әні ойнай жөнелді. Баяу әуен тербеліп ортада вальс дөңгеленді. Осы мезет Маржанның бос қалғанын байқап, дереу биге шақырды.

 

Алғашқы жауған ақ қардай

Еріді сезім сақталмай

Тек сағыныш бар бейне әлі

Мекен жайы жоқ хаттардай

Арман қуып кетейік

Жалған күліп өтейік

Шынайы бақыт тапқандай

 

Тәтті түстей арай елес

Алыстасаң да жоғалма

Сені сүю оңай емес

Ұмыту қиын оданда

Тәтті түстей арай елес

Алыстасаң да жоғалма

Сені сүю оңай емес

Ұмыту қиын одан да

 

    Би аяқталған соң «саған айтар сөзім бар еді» деп қызды сыртқа шақырды. Маржан қипақтап жан-жағына қарады, көзіне Інжу түсіп, ол бар дегендей басын изеді. Сыртқа шығып, оңашаланған соң:

    - Өзіңе деген ерек ықыласымды білесің, соңғы кешке өзіңе арнап сыйлық алып едім, ескерткіш болсын, ала ғой, өзің ұнатқан сотка ғой.

    - Дап-дардай боп ұялмайды екенсіз, қанша жас үлкенсіз менен, санаса саусақ жетпейді. Тікендей қадалып, мазамды әбден алып біттіңіз!

    - Маржан, Маржан, тоқтай тұршы, бұл қай сөзің? Сенің бағың мен бақытыңды ойлағаннан басқа менде не кінә бар? Өзіңе арнап алған сыйлығым, ұялыңның бетшишасының шытынап кеткенін көріп, қала барса ұят болады деп, өзіңе арнап алған едім...

    - Қолымды жіберіңіз, а-аа-ааай! Әке-шешемді шақыртып, соттатып жіберемін!

     Осы мезет Інжу жүгіріп келді.

    - Не болды, Маржа, айқайламасаңшы. Ұят болады. Қоя ғой. Әне сені Дан күтіп тұр, биле сонымен. Ағай сіз тұрыңыз, тізеңіз былғанды ғой. Әкеңіз сүртіп берейін. Жүріңіз, ішке.

    - Не деген сұмдық! Мен туралы не ойлаған? Өкінішті-ақ.... Інжу, мынаны сен ал, саған тартуым болсын, қолымды қақпа.

    - Мақұл.

    - Сен бара бер, мен үйге қайтамын.

19

    Бірақ Жарас үйге қайтпады. Ішін өртеген ащы назаның уытын басу үшін, Асёктің қасына барып тоқтады. Қолына екі жүз грамдық бокалды алып арақты нұсқап құй деді.

    - Ей, сен, молдасың ғой, ішпеуші едің, не болды?

    - Толтыра құй!

    Аузы-мұрнынан шөпілдете құйылған арақты тартып салды. Тағы да құйдырып сылқылдата жұта жөнелді. Орта жолдан шашалып, қылқынып, сонда да көмейіне құя берді. Ішімдік екі езуінен ақты, мұрнынан құйылып, қақалып-шашалып түшкіріп жіберді. Алақанымен басқанымен, аузына жиылған лоқсығы жан-жағынан ытқып дастарқанның үстіне шашырады. Орнынан атып тұрған досы Асылхан «Өлесің бе, қайтесің, жүрегің ауырады ғой сенің!?» деп қолындағы бокалды жұлып алды. Одан кейін кирелеңдеп ортаға шықты. Биге шақырды. Ортада жүргендер үдере қашты. Ар жағы есінде жоқ. Еміс-еміс сақталғаны, баласының жетектеп бара жатқаны.  Одан әрі...

Ол бір беймәлім баянсыз әлемде ұшып жүр. Әлдекімді іздейтіндей. Бірақ ешнәрсе көрінбейді. Тек түпсіз терең дүние шексіз жалғаса береді, жалағаса береді, жалғаса береді, жалғаса береді... Шетсіз-шексіз әлем....  

    Ертеңіне Інжу Маржанға қоңырау шалды:

    - Түнде Жарас ағай арақ ішіп қойып, жүрегі көтере алмай жансақтау бөліміне түсіпті.

Сооодан кеййііін, содааан кейііін қайтыс болыптыыыы.

    - ... Мейлі, - деді Маржан, - Кім өлмей жатыр.

    Далаға шықты. Жаңбыр құйып тұр екен. Алақанын тосты. Салқын жауын төбесінен төгіле көздерінің шарасына  құйылып, одан кейін төмен қарай сауылдап жүре берді. Күбірлеп тұр. Жарас ағайдың өлеңі.

Жыла, жыла, жыла дүние, жау жаңбыр,

Шығарып сал мені соңғы сапарға.

Сонау көкте мені жаннат күтіп тұр,

Құшағында  жан сүйсінер рақат бар.

    - Ойбай! Ойбай-ай! Салқын жауынның астында не істеп тұрсың?! Суық тиетін болды-ау, - деп шығып қалған анасы шарылдап келіп, құшақтап алып үйге кіргізді. Орамалмен тез-тез сүртіндіріп, үстіне тон жауып қойды. Қызының жүзіне қарады.

    - Не, жылап отырсың ба?

    - Жоқ, жаңбыр ғой көзімнен сорғалап жатқан.

    - Не болды, айтшы.

    - Жарас ағай қайтыс болды. Ішпеуші еді, бірауыз сөзді көтере алмай ішіп...

    Орнынан тұрды да бөлмесіне кіріп кетті. Аңтарылып қалған ана қызының жағдайына алаң болып, артынан ере барып еді, бірақ қызы қайырылмай, тура алдынан есікті тарс жауып алды. Есіктің сыртынан «қызым, бәрі дұрыс па» деп сұрап еді, «жақсы, ұйықтаймын» деген жауапты естіп, көңілі орнына түскендей болды.

    Біршамадан кейін Маржанға белгісіз нөмірден хабарлама келді. «Егер сен бұл хатты оқып отырсаң, менің бұл дүниеде жоқ болғаным. Өзіңе арнап алған ұялының ішіне жазып кеткенмін. Қай кезде де қасыңда жүретін Інжуге қалдырғанмын. Ол осы хабарламаны оқып, саған жөнелтетінін білгенмін.

    Міне бәрі аяқталды. Сенің еркек сияқты жақсы көруге еш құқығым жоқ болса да, саған деген терең сезімім ашылып жас баладай есімді жоғалтып, бұтып-шатқаныма ұялдым. Кешір, менің жаман пиғылым жоқ, саған деген көңілім пәк таза еді. Сенің бүкіл арманыңның орындалып, бақытты болуыңды ғана қаладым. Менің өзіңе деген ықыласымның соңғы нәтижесі осы ғана еді. Сен дұрыс түсінбей қалдың-ау деймін.

     Өмірде бақытты бол, аңсаған арманыңа жет! Оқуыңа түсетініңе мен сенемін. Өнер жолы жан алысып, жан беріскен күрестен тұрады. Бақталастық пен күндестіктің құрсауында алдыңа талай тор құрылып, тұзақ тасталып, тіпті болмай бара жатса көпе-көрнеу аяқтан шалады. Сондай сәтте Алла барын, ол сенің әр қадамыңды қадағалып, жасаған қателіктерің мен күнәларыңды талдап санап, соған сәйкес тағдыр талқысына салып қоятынын ұмытпай, ұдайы қаперіңде сақта. Әсіресе бақыттан басың айналған шақта сақ бол.

    Мәңгілік қош бол. Енді сені мазалайтын ешкім жоқ. Вацабыңа гүл салып, ақ тілек жолдайтын, қайырлы таң, Good morning деп, ВК-да шын жүректен ықыласын жолдауға асығатын табынушың вирустай өмір атты компьютеріңнен біржола жойылды.

    Расында сен ерек жансың... Анығында, Алла жасаған бұл шешім дұрыс болды. Мен сенің қырмызы гүлдей құлпырған жас өміріңе оралып алған паразит саршырмауықтай әсер қалдырған шығармын. Әттең... Енді тазардың. Жүзің жарқын, көңіліңде қаяу жоқ, әрдайым еш алаңсыз жарқырап  жүретін боласың».

20

    Келер күні Жарас ағайдың жаназасы өтті. Дархан балалармен келісіп құлпытасын қоямыз деп шешті. Інжудің бастамасымен ұйымдасып гүлшоғын қойды. Қабір басында Ертілес ағай азасөз сөйледі. «Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, Алланың рақымы жауып, әруағың риза болсын!» дегенде имам шаңқ етіп: - Әруақ жоқ, ширк амал жасамаңыз! Қабір басында тек құран оқылады. Сөз сөйлеп, тілек айтатын той емес, - деп тыйып тастады.

    Маржанның бойынан бір ауыр жүк түскендей болды. Жарас ағайдың назарынан қысылып, көшеде де жалтақтап дұрыс жүре алмаушы еді. Еңсесі көтеріліп, қанаты жазылып, көкейін қуаныш жайлап, шат күйге енді. Жер бетінде ондай адам өмір сүрмегендей жадынан өшіп, санасынан ұшып кетті.

    Інжудің   көңілін суық алып, жүрегін үрей билеген. Кезінде көкейіне қуат берген жалындаған сөздер жеме-жемге келгенде құйрығын бұтына қысып бұралқы иттей жан-жаққа қашып кетті. Жанды күйзеген қасіретпен бетпе-бет жалғыз оқшау қалды. Дарханмен тілдесіп, мауқын басайын десе, кеш болған түні, таңда қарсы алған соң, «екі-үш күннен кейін келемін» деп қоштасып кеткен. Жан құрбысы Маржан өзімен өзі әлек, мұны көргісі де, тіпті алыстан болсын сұлбасын да көрсеткісі келмейді.

    Дархан кеткеннен кейін қасына Дан келген.

    – Сенің бар тілегіңді орындадым. Уәдені орындайтын күн келді. Біз кетуіміз керек.

    – Қандай уәдені айтып тұрсың.

    – Менің мұнда не үшін келгенімді айтып едім ғой. Маржан, Бану, бәс... Көнде үлкен сумма тұр. Сен құндаса пұл жетпейтін қымбат дүниесін.

    – Ал мынандай болса, бола ма? – деп Інжу желкесіндегі ақ таңбаны көрсетті.

    – Ақымақ, нақ сол үшін!

    – Ақымақ боп тұрғаным рас, обычна мінсізді таңдамаушы ма еді, енді не?

    – Бұл бәс, бәстің суммасы орасан!

    – Сомасы қанша?

    – Өте-өте үлкен, сен одан құтыла алмайсың, тек өліп құтыласың. Сен сонда да өзіңді сол қуыскеуделер үшін құрбандыққа шалмақсың ба?

    – Менде таңдау жоқ қой, бәрі бір баруым керек қой?

    – Әлбетте, барасың! Сделканың жасалған мерзімі өтті, срогы келді. Мен бәрібір сені ұрласам да алып кетемін. Одан да ата-анаңмен қоштасып өз еркіңмен жүре бер. Бәс деген әншейін сылтау. Аюке алпауыт, ол өз дегеніне жетпей қоймайды. Түлкідей зымиян Рус Ли одан аспаса кем емес. Олар Бекханды ауылымен қосып талқандап жібереді. Мен де оңай жау емеспін. Егер көнбесең, күллі құрбыңның пәктігін... Сенің оған көзің жетеді. Жарық деп отқа ұмтылған көбелектей қанаттары күйіп жерге құлайды. Мен зұлымдықты қаламаймын, әр нәрсенің өз еркімен болғанын қалаймын.

    – Олай деп айтпай-ақ қойшы, Дани. Мен сенің ондай зұлымдыққа бармайтыныңды білемін. Тек Бекхан аға маған сенді ғой. Оның еркөңілін ақтаймын. Ауылыма зиянымды тигізгім келмейді. Нені болса да уақытында көрерміз. Сондықтан мен...

    – Айтпа! Шығармашы аузыңнан! – деп шыңғырып жіберді Дан.

    – Нені?

    – Соны...

    – Сен не, мені босатасың ба?

    – Жоқ! Мен босатқанмен олар сені босатпайды.

    – Онда келістім деген сөзді айтпа деп тұрсың!

    – ...

    – Қаншама дегенмен Даниэль... Мен де сен сияқтымын, қазақтың рухы күшті қызымын. Соңғы мезетке дейін күресемін. Бірақ арымды таптатпаймын. Оның үстіне мен жалғыз емеспін ғой, қасымда сен барсың, Аюке де қазақтың азаматы емес пе, ең бастысы, мен жат жерде емес өз елімдемін. Мен үшін елімнің қасқайып қарсы тұратынына сенімдімін.

    – Онда жүр, үйіңе қайтсаң, апарып тастайын

Дан Інжуді үйіне апарып тастады. Көлігін дар еткізбеді, баяу айдап жүріп кетті. Көзін сүртті. Қолын сірлененіп суланып шықты. Қайтадан сүртті, сірне таусылмай жүзін жауып бара жатыр, тоқтайтын емес. Ішіндегі домбырасы дің-дің-дің етіп жүрегін елжірете нәзік күй шертеді. Ауылын сағынды. Ол қайда еді. Оныншы сыныпта оқып жүргенде ауылда ата-апалары бар Әкесі барып қайт деп мекенжайын бергенде, шешесі ауылда не бар, мәмбет болып кетесің деп жыртып тастап еді. Әйтеуір есінде қалғаны Жамбыл Мырзатай Диқан. Көліктің басын Тараздың жолына қарай бұрды. Туған жерін көретінін ойлап қуаныштан көзіндегі жас толас тауып, тез жетуге асығып, газды баса түсті. Бірақ ертеңгі күнгі тірлік ойына түсіп, әудем жерден бұрылып, қайта оралды.

21

    – Кешігіп қаламын. Ерте барып құжаттарымды тапсырмасам, қалаған оқу орныма түспей қаламын, - деп Інжу жинала бастады. «Қашан кетесің» деп сұраған анасына таңертең шығамын деп жауап берді.

    – Нағып ертерек айтпағансың, табан астында жиналып жатқаның қалай? Біреу бірнәрсе деді ме?

    Бірақ телефонмен сөйлескенін естіген жоқ. Тып-тыныш қасында отырған, біруақ орнынан да тұрды да жинала бастады. Сәуле таңырқаулы. Қызының қасынан ілесіп қалмайды. Ары жүрсе ары, бері жүрсе бері жүреді. Жүзіндегі абыржу әлі басылмаған. Жинап жатқан киімдерінің әрқайсысын бір ұстады. Содан далаға шығып кетіп, Дарханға қоңырау шалды. «Аясынан тыс жерде» деген жауап алды. Ақжігітке қоңырау шалды. Ол тойға адам алып кеткен. Ондағы даңғазадан қоңырау үнін естімеген болу керек, алмады. Мына қу қыз да осындай мезетке әдейі дайындалған болу керек, тоқтатар ешкім жоқ, әкесінің түс келетінін біліп, таңата жүрмек сияқты.

    – Кіммен шығасың, такси ма?

    – Дан қалаға шығады екен, соған мінемін.

    – Тағы да сол сұмырай ма, өткенде зарлатқаны аздай...

    – Анашым, еш уайымдамашы, құжаттарымды тапсырамын да, Алла қаласа, үйге аман-есен қайтып келемін ғой.

    Сәуле қызының жүзіне қарап еді, көздерінен мұң көрді, кірпігіне ілінген жасты байқады. Жүрегі секемденіп зырқ ете қалды. Дан дегеннің сұмның арбауына түсіп «ауырлап» қалды ма? Қалаға барып білдіртпей алдыртып тастайын деп отыр ма? Бірақ бүркеніп дін жолында жүрген жоқ па? Әлде, байқатпайын деп киініп алды...

    – Інжуім, қандай қиындық болса да маған айтшы, ел құлағына жеткізбей жолын табамыз. Мен отырмын, Аллаға шүкір, егіз таптым деп өзім-ақ асырап аламын.

    – Өләә, мааа, не деп тұрсыз? Ондайға барғанша асылып өле салмаймын ба! Уайымдамаңыз, одан да жатайық, ертең ерте тұрамын. Сіз ештеңеге алаң болмай ұйықтай беріңіз. Мен малды жайғап болып жүре беремін ғой. Қалған күндері Жазира тәтей келіп тұрады. Ертең, Алла қаласа, әкем де келеді, бәрі оңалады...

    Інжу анасын төсегіне жетектеп әкеліп жатқызды да, бетінен сүйіп бөлмесіне кіріп кетті. Сәуле «қызым қайта шығар» деп елегізіп күтіп еді, шықпады. Болмаған соң төсегіне қисайды. Сағатқа қарады. Түнгі бір. Мал бесте шығады. Оятқышты сағат төрттен бастап қоя берді. Ұйықтап қалып, Інжудің кеткенін сезбей қалмайын. Көзін ашып жатыр. Тұтасып кеткен сақал мен шаштан жүзі көрінбейтін екі адам Інжуді екі жағынан қолтықтай ұстап жетектеп барады. «Анашым, алаң болмаңыз, мына кісілермен азын-аулық шаруамды бітірген соң, міндетті түрде қайта ораламын. Қайғы-мұңға ерік беріп, зияны жаныңыздағы «Ұлықбек» ініме тимесін. Әкеме қатаң болыңыз, ішіп кетпесін... Кош, қош!» деп  қолын бұлғайды. Келбетінде қапаның ізі білінбейді, қайта қуаныштың сәулесі ойнайтын сияқты. Сәуленің көңілі жайланып «Қош! Қош!» деп сыбырлайды. Жан дүниесінен шымырлап тұма бұлақтай шарайнасына жиналған жас кемерінен тасып бетін жуады. «Інжуім, Інжуім!»  деп тебіренеді... Інжуіім! Орнынан ұшып тұрды. Таң атып кетіпті. Жүгіріп барып Інжудің есігін ашып жіберді. Інжу жоқ.  – Інжуііі! Бақырып жіберді. Іші бүлк ете қалды, «... зияны жаныңыздағы Ұлықбек ініме тимесін». Түсінде болса да ескертіп кетіпті ғой, қарағым-ай! Жылауын тоқтатты, бірақ өксігі басылмай баяу сыңсиды. Он бөлмелі үй қаңырап бос тұр. Дүние опа бермейді деген рас. Інжу кетті де, жасанған дүние қараң қалды.

    Інжу анасының оятқышының алғашқы шарылынан-ақ оянған. Жүгіріп барып дереу өшіре салған. Анасының жүзіне қарап шошып кетті. Көзі бұған тесіле қарап қалған. «Мама» деп еді, жауап бермеді. Сонда ғана аңғарды, анасы көзін ашып ұйықтап жатыр. Иә, дара сезім деген осы шығар. Ол анада ғана болатын шығар. Ол балаларының тыныштығы мен бақыты үшін кірпік қақпай күзетте тұратын шығар. Алтындарының еш алаңсыз мамыражай тірлігі үшін өз ұлты мен Отанының амандығын да тілейтін шығар. Сол адам деп аталатын шектің бүлінбеуін кірпік қақпай күзетіп тұратын шығар. Інжу анасының жүзіне қарап отырып, көзінен жасы мөлтілдеп, жүрегі елжіреп жылап отыр.

    Қайда бара жатыр? Не істемек? Алдынан нендей жағдай күтіп тұр? Белгісіз. Әйткенмен бару керек. «Сделканың жасалған мерзімі өтті, срогы келді. Мен бәрібір сені ұрласам да алып кетемін. Одан да ата-анаңмен қоштасып өз еркіңмен жүре бер. «Бәс» деген әншейін сылтау. Аюке алпауыт, ол өз дегеніне жетпей қоймайды. Түлкідей зымиян Рус Ли одан аспаса кем емес. Олар Бекханды ауылымен қосып талқандап жібереді». Дан айтқаны рас. Жақын арада бір қақтығыстың болғаны рас. Қаладан үш қара көлік мінгендер кеп ауылды дүрліктіріп кеткен. Имамның айтуы бойынша, сырттан келгендер бейбіт ымырада тірлік жасаған ауыл азаматтарының арасына іріткі сап, мешіт асханасының көтерілуіне қомақты үлес қосқан жігіттердің туған ауылынан көшуіне тура келген. Бейғам жатқан ауылдың тірлігіне тас атқан ордалы жыланның ортасына өз еркімен барып, туған мекенінің тыныштығын сақтамақ. Өзі тақылет он екіде бір гүлі ашылмаған бейкүнә қыздардың тағдырын қорғамақ. Ол қалай болады, бара көрмек, тек Хақ Алланың назарынан тыс қалмаса болды. «Бармаймын» деп қасарысып, қапылыста ұрланып, тектен-тек құрбан болғанша, ордасына барып айқасып өлген артық.

22

    – Дан, біздің ерте шыққан себебімізді білетін шығарсың?

    – Жоооқ.

    – Ерте барып құжаттарымды қалаған оқу орнына тапсырайын.

    – Оның саған қажеті не? Всёравно бір арабтың қатыны боласың. Припевающиий өмір сүресің.

    – Ақымақсың, Дан! Білімдімін деп мақтансаң да, сен қазақ қыздары туралы дәнеме білмейді екенсің. Олар өз айтқанынан қайтпайды және көздеген мақсатына жетеді, қандай жолмен болса да, өйткені біз туған жерін жауға алдырмаған Томирис ханшайымның жалғасымыз. Біз де өзімізге қымбат пәк мекенді жат кеудесіне жаншытпаймыз.

    Дан үндемеді. «Аһ» дегенге шамасын келтірмей жұтып жібіретін алып айдаһардың аранына бара жатса да, сағы сынбаған қыздың қайсарлығына сүйсінсе, аңғалдығына жаны ашиды.

    – Мейлі, айтқаның болсын, өлім жазасына кесілгеннің де соңғы тілегін орындайды ғой.

    – Рақмет... Ойи, мына гүлдер әлі сола қоймапты ғой, тоқтай қалшы, бір иіскейін, суретке түсіп анама жіберейін, алаң болмасын. Қанша дегенмен жүкті ғой, мазасыздануға болмайды.

    Дан тоқтай қалды. Көліктен түсе асыға жүрген Інжу гүлдердің қасына жетіп, үзудің орнына, оларды алақанының аясына салып аялай сипап өтті. Содан соң біреуін үзіп алып иіскеді де, қуаныштан балбұл жанған жүзін жаңа атқан күннің шапағына тосып, қазақы көйлегінің етегін дөңгеленте айналып, құшағын жая «Ғажапсың-ау, туған жерім!» деп тебірене тіл қатты. Одан кейін суретке түсіп, көлікке қарай жүрді.

    Қазақ қыздарының сұлулығының қас сымбатын Дан бүгін көрді. Сән үлгісі жан-жақты дамыған өркениеттің аясында, ықылым заманның сықпытындай қазақы киімдегі қыздар көзге оғаш көрінетін. Інжуге қарап отырып өз пікірінің қате екеніне көзі жетті. Үстіне киген сұр көйлегінің тобығына жеткен етегі мен қолын жапқан жеңі алтын түстес жіппен ұлттық нақышта өрнектелген. Сыртынан киген қызғылт кеудешесінің өңірі дәл осылай, бірақ қаусырылып ілмешегін ілінген кезде алтын жүрек бейнеленіп  шығды. Басына киген көкшіл орамалының жиегі де алтын жіппен әдіптелген. Дан көз алмай мейірлене қарап қалған. Осындай жаратылысы ерек адамды қалаған жүрегінің талғамына сүйсініп, кемеріне тола тасыған мерейден көкейіндегі күй енді мүдірмей күмбірлеп жан дүниесін сүйіспеншілік әуезіне бөлеген.  Жоқ, Дан...  Жоқ Дан емес Данабек, бұлай болмайды.

    Ол көлігін кері бағытқа бұра бастады.

    – Дан, қайда барасың?

    – Дан емес Данабек де.

    – Данаабеек...

    – Атам қойған ат.

    – Данабек, кері қайтып, не іcтемексің?

    – Сені үйіңе апарып тастаймын!

    – Тоқтат! Мен айтқанымнан қайтпаймын, Данеке, Томирис ханшайымның сарбаздары садақ атуға кедергі жасамасын деп анарын кесіп тастаған екен. Менің солардан қай жерім кем. Қазағымның бейкүнә жас қыздарының  ар-намысын таптап, тағдырын қор қып жатқанда, дәтім шыдап қалай отырамын. Ол ордалы жыланның қақ ортасына барып айқасып өлгенім артық. Оның үстіне мен жалғыз емеспін, өз елімде, туған жерімде, Отан анамның төсінде, ұлтымның маңдай алды жігіттерінің бауырында жүрмін. Олар мені сатып кетеді деп ешқашанда ойламаймын.

    – Шынымды айтсам, әдемі сөзге шебер, мылжыңдап көп сөйлейтін  философ екенсің. Бұл заман сөздің емес әрекеттің заманы, сенің пәлсапаңды тыңдайтын құлақ жоқ, мылжыныңа төзетін тағат жоқ. Сөзді қой да айтқаныма көн. Анаңның қасына барып, дүниеге келетін ініңді тос.

    – Қалай ойлайсың, Дан, қашан келеді деп дірілмен өткен өмір артық па, әлде күткен жаудың алдына барып ақырын білген дұрыс па?

    – Білмеймін. Ашығын айтсам, мен ештеңеге түсінбей қалдым. Қазақ болғым келіп қазақ атым айтым едім бәрібір Дан болдым...

    – Мақұл, бұдан былай Дана деймін.

    – Қой, Дан дей бер, қазақ екенімді өзім де білемін.

    – Ммм...

    – Жай қазақ емес, рухы күшті қазақпын.

    – Онда неғып тұрмыз, алға!

    – Тек алға!

   Дан көлігін тура бағытқа бұрып, жылдамдатқыштың басқышын дар еткізіп алып, зуылдата жөнелді. Алдындағы айнадан артта отырған Інжуге анда-санда көз салып қояды. Ол алаң болмасын дегендей айнадан жүзін жасырған. Алдына тастаған бұрымының ұшына тағылған шашбауға назары түсіп, ойына Гүлқадам оралды.

    – Мен көрген қыздардың сенен басқасы жеңілтек боп шықты.

    – Бір де біреуі тойтарыс бермеді ме?

    – Ия десе болады. Сөздері сендей мығым  Гүлқадам да екі жүзді болып шықты.

    – Жол қысқарсын, сол туралы айта отырсаң, көңілің қаласа бірақ...

    Дан Гүлқадамның оқиғасын айтып өтті.

    – Гүлқадам ондай емес, мүмкін біреулер әдейі жасаған шығар, арандатқан шығар, кәне суретін көрсетші. 

    Дан ұялысын атқарып қарағанмен суретті таба алмады. Көлік айдап отырғаны кедергі болып дұрыс қарамаған шығар. Ұялысын Інжуге ұсынды. Ол да ондай мазмұнды суретті көре алмады. Дан көлігін тоқтата салып, сан ақтарып іздесе де таба алмады. Гүлқадам кездессе көрсетейін деп әдейі сақтап қойған еді. Сурет жоқ.

    – Соткаңа жаңарту жасап өшіріп тастаған жоқсың ба?

    – Жоқ оны әдейі сақтап қойғанмын.

    – Оны өшіру кімге қажет болды. Өзің айтқандай Гүлқадам ондай адам болмаса, ол ауыр күнәға батпайды. Ондайға ар-намыс деген көк тиын тұрмайтын Карина сияқтылар болмаса.

     – А, не дедің, Кариинаа... Иә, иә, менің соткамды Жасмин ұстаған, бірақ оған өшірудің не қажеті бар?

23

   Дан үнсіз. Көлікті баяу айдап келеді. Қалың ойға шомған. Жасмин туралы пікірге кір жұқты. Бәсе, жымысқы Рус Лидің қасынан шықпаушы еді. Қызғаныштан Гүлқадамға қастандық жасады ма екен? Жасминнің көзінше бір де бір қыз тік келіп тіл қатпаушы еді. Ал Гүлқадам ше.. Ол бұған тағзым етіп: - Нағыз ер-азамат екенсіз! Елсүйер біртуар жан екенсіз. Осыныңыздан таймаңыз! Содан кейін Жасминге қарап, - Сұлудың сұлуы бар көз тоятын, ақылына жан семіретін, реңнің де реңдісі бар көз сүрінетін, ішкі дүниесінен көңіл түңілетін! – деп бұрылып жүріп кетіп еді ғой. Жасминге айтқаны, расында, ақымақ болмаса, ұққан  адамға шымбайға бататын-ақ сөздер екен. Бара ол қызбен сөйлесу керек!

    Кептеліске килікпей қалаға дер кезінде жетті. Інжудің тілегін орындап, тіл біліміне қатысты универлерге құжаттарын тіркетіп шықты. Түс уақыты болғандықтан, даңғыл бойында көзге түскен бір мейрамханаға тоқтады. Дан ас үстінде Інжуге Аюкемен кездескенде өзін қалай ұстау керектігі жайында нұсқау  берді.

    – Аюке маған нағашы болып келеді. Бірақ істің аты іс, оған туыстық қатынас қатыстырылмайды. Тапсырылған шаруа дұрыс орындалмады ма, жатпен қатар жаза тартасың. Әсіресе бағалы тауармен етене қатынаста болдың ба, басың алынады. Құнды тауарға, қыз саудасында,  қыздығы сақталған, еркек көрмеген, міндетті түрде реңді пәк қыздар жатады. Жанды тауарды сұрыптағанда алтынның өлшемімен санаттайды. Сен санат бойынша бірінші каратсың. Жоғарғы каратқа – 12-14 жас аралығындағы  балауса қыздар жатады. 15-16 –  бірінші, қалғандары санатқаға жатпайды.

    – Онда мен санатсыз екенмін ғой. Қуанайын ба, жылайын ба?

    – Жылағаның дұрыс, өйткені санатсыздар «үй шаруасын» атқарады. Жергілікті байлардың құймырлық тілектерінің бәрін орындайды.

    – Жоғарғылар ше?

    – Олар кірістің қайнар көзі. Шетелдік мырзаларға сатылып қисапсыз табыс әкеледі. Санатсыздардан артықшылығы шетел асып күйеге шығып мырзайым атанып, тіпті ханым болуы ғажап емес.

    – Бірақ сен мені...

    – Аюке ақкөңіл адам. Сені босатуы мүмкін. Себебіі сенің келуіңмен бәс аяқталады. Бекхан ұтылып, Аюке көздеген кең орнына еш қиналмай қолы жетеді. Бір гәп бар, Аюке ғашықшыл адам. Ол құмар болды ма, өмірі жібермейді. Айтқан тілін алмасаң, пайдаланып-пайдаланып, «үй шаруасына» қоя салады. «Көнбеймін» деген сөз жоқ, төрт аяғыңды төрт жаққа таңып тастап зорлайды. «Өлдім» деп күллі еліңе жар салып бақырсаң да ешкім естімейді. Өйткені еститін «органның» бәрі осы астаудан оттап, су ішеді. Тегін тамақ пен балғын ләззаттан еш пенде бас тарта алмайды. Бұл еркектері ғана емес әйел «органдарға» байланысты айтылған.

   – Сенім артар бір де бір...

   – Сөзді бөлме, сондықтан Аюкемен кездескенде ерегіспе, басқа жерің жабық болса да бетіңді ашық ұста, әрбір сұрағына татымды жауап бер. Ар жағын көре жатармыз. Әрдайым жақын болуға тырысамын. Өз адамдарыма да ескертіп қоямын. Бірақ бір қағиданы есіңнен шығарма. Ол жерде ешкімге сенуге болмайды. Құлқынын ақша мен нәпсі жаулаған ортада мейірім болмайды, әрбір қимылдан олжа дәмететін пайдакүнемдік пасық әрекет бар.

    – Сен мен туралы құндаса пұл жетпейтін қазынамен теңсің демеп пе еді?

    – Иә, рас, есіме түсті, айтпақшы Рус Ли... Сен ең бірінші Рус Лиден сақ бол! Ол жаннаттағы сайтани жыландай сиқырлана сөйлегенде арбалып қалып жүрме. Шамаң келгенше сөзін естіме, көзіне қарама, сырт қарап тұр. Орамалыңмен құлағыңды бітеп ал. Қаперіңде сақтап ал, жадыңнан осы сөздерді, Рус Ли туралы айтқанымның әр әрпіне дейін жібермей сақтап ал. Ол зымиян сен тұрмақ, алдына анасы келсе еш шімірікпей сатып жіберетін қаныпезер адам. Қазір біздің үйге барайық. Сол жерде аялдап, ыңғайлы сәтте аңлап, Рус Ли жоқ кезде Аюкенің алдына барармыз.

24

    Дан әкесіне қоңырау шалып, қақпаның кодын сұрады. «Кейінгі кезде клинит етіп жүр, кейде ашылмай қалады, күтуге тура келеді, мазақ қылғандай жарты сағаттан соң ашылады ғой, қу темір». Дан жекежайдың алдына тоқтамай, артынан шығып кететін жасырын есікке келіп тоқтады. Өткенде келгенде кілтін іздеп тауып қалтасына сала кеткен. Есікті ашып аулағы енді. Онда алпамсадай екі ит байланып тұратын. Олар ап деп аузын аша бергенде Дан «Саққұлақ, Саққұлақ» деп ысқырып, мейрамханадан алған шұжықты лақтырды. Шешесі тап-тұйнақтылықты жақсы көреді, үйдің айналасындағы шөп-талдарды қырықтырып саяжол жасап қойған. Сонымен жүріп елеусіз үйдің алдынан шықты. Теріс қарап тұрған Рус Лидің оққағарлары Дан мен Інжуді байқамай қалды. Кірер есікке тақалғанда көріп қалып, рациямен хабарласа жөнелді. Бұған да Дан дайын тұр екен, ұялысының тетігін баса қалып, байланысқа кедергі қойды. Жылдамдата басып үйге еніп үлгерді. Холлға кіргенде алдынан Рус Ли шықты, іш киімнен басқа түгі жоқ. Баспалдақтың төбесінде шешесі тұр, қапсырмалы көйлегінің түймесін тағып үлгермеген, анары шошайып...

    Дан көзін түсіре қойды. Інжуді артына жасырды. 

    – Оу, Данчик, с приездом. Қасыңдағы милая дамочка кім? Ай мүсінді қыз емес пе?

    – Жоқ, ол емес. Ауылдағы Бағдәулет ағамның қызы. Абитурент. Оқуға түсуге келіпті.  

    – Онда неменеге артыңа тығып тұрсың, көрсет.

    Інжу шығып өзін көрсетті. Жүзін көрсетпей төмен салды. Қорқау қасқырдай жылмиған сұрқияның тұла бойын тіміскілеп сұғынып бара жатқан арсыз назарын сезді. «Көзбен шешіндіреді» деген тіркесті естіп еді, үстіндегі киімін тесіп өткен мына ұятсыз да сұғанақ жанардың, қолымен ұстағандай төменнен жоғары сүзіп өткені, пәк тәнін үтікпен қарығандай әсер қалдырды. Інжудің жиреніштен тұла бойы түршігіп, дереу Данның артына жасырынды.  Осы қақтығысты пайдаланып Даная түймесін тағып, шашын түйіп үлгерді. Қаһарына мініп шыға келді.

    – Мұның кім? Көрінген сілімтікті осы үйге ертіп әкеле бересің бе! Әкең сияқты сенің де боскеуде благотворителін қалмады-ау осы.

    – Не бетіңмен сөйлеп тұрсың ұялмай, бұл кім, сен кім? Өзіңе қара. Барделдегі жеңіл жүрісті қатындар сияқты ашық-шашық... Бірақ жезөкше екенің рас екен ғой, төбетің қасыңда, тіпті ол сені менсініп тұрған жоқ, мені елемесе де, сені сыйламады ма? Бүкіл жан ұясын сатып, өзін құрбандыққа шалған.

    – Балам не деп тұрсың, мееен...

25

    Дан одан арғысын тыңдамады, Інжуді сүйрелей жетектеп өз бөлмесіне көтерілді. Үсті-басын сипалай берді. Тұла бойына нәжіс төгілгендей үстін, одан кейін қолын иіскелеп тыжырына берді. Шкафтан монша сүлгісін алып сыртқа шығып кетті. Інжу жалғыздықтан елегізіп, орындықта қақайып отыр. Есік ашылып ар жағынан Данның анасының бояуы аққан жүзі көрінді. Баласының жоғын көріп, Інжуге бар заһарын шаша қарады.

    – Сен баламның басын айландырып алдың.

    – Менің сөзіме еретіндей сіздің балаңыз ақымақ шығар онда, әйтпесе әр адамның өз ұғым-пікірі, ой-толғамы бар емес пе.

    – Бір жыл бойы сенің көтіңде жүріп ұлым ақылынан адасыпты. Өрімдей талай жас қызды астына салып бергенімде, көзіне тіктеп қарама дейтінмін. Қыздарға сөйлеуге тыйым салатынмын. Балам тілімді алып екі етпейтін. Бетінен әрі төгілген қыз болса да қарамай тапап өтетін. Мен ауылдың мәмбеткалары ақымақ деп шатасыппын. Ұлым сені менен артық қойып, талабымды орындамай, зымиын көзіңе үңіліп үлгеріпті.

    – Онда мен «мәмбетка» емес керемет адам болғаным ғой, балаңыз сіздің тіліңізді алмай маған ерсе.

    – Аузыңды жа, ауылбайская шлюха. Проста, мен сен сияқты сұрқияның барын білмеппін. Ақымақтық жасаппын.

    – Не дедіңіз!? Иә, балаңыз емес, сіз ақымақ екенсіз. Мен Данның ақымақ емес екенін сезген едім, бүгін көзім жетті. Тәкаппар адамның санасы соқыр болады. Ол өзінен басқа ешкімді көрмейді. Өзімдіке ғана жөн деп астамшылыққа барып ағаттық жасайды. Бүгінгі күні Данның тыңдамай сізден сырт айналуы осының дәлелі. Дан ақылды, оны түсінбеген сіз өте  зор қателік жасап тұрсыз. Ол ертең сізге қарамай кетуі мүмкін.

    – Тегін адам емес екеніңе көзім жетіп тұр. Мынандай дәулет-бақтың ортасында кім өмір сүруді қаламайды!? Алайда сенің ойың болмайды. Көзіңді жойып тынамын. Баламды сенен ажыратқанша тыным таппаймын.

    – Сіздің байлық-дәулетіңіз кімге керек? Мейлі елу жыл, мейлі жүз жыл, тіпті мың жыл жасаңыз, ажал келгенде, сол сән-салтанатты күллі өміріңіз бір секундқа татымай кетеді. Аллаға сіздің мақтан тұтқан аппақ сұлу тәніңіздің де қажеті жоқ, оның қызығын құрт-құмырсқа көреді. Хақ Тағалаға сіздің пәк жаныңыз керек. Оны сізге аманат қып тапсырғанда, нәпсі үшін кір жуытпай тап-таза сақтап жүрген тәніңіздей аппақ қып берген. Сіздің ұлыңызда маған деген құрмет сезімі бар болса дәл осы үшін. Зинақорлықпен қанша ластансаңыздар да жүрегі риясыз таза азаматтарыңызды қастерлеп сақтаңыздар. Анасысыз ғой.

«Анасысыз ғой!». Күңгірлеп санасына үлкен қызының сөзі келді.

   – Сіздің уысыңызда көп жүрмей, қарсыласқаныңызға қарамай, ауылдың «жалаңаяғына» күйеуге шыққаным жөн болды. Менің аядай үйім өзіме кең. Онда шуылдаған бала-шағам, алтындай енем бар. Ол маған қарап сіз туралы не айтты, білесіз бе, тыңдаңыз:  «Анаңа рақмет. Сені шариғат жолымен дұрыс тәрбиелепті. Ана құрметтеген әдебіңе қарап мен осыны ұқтым. Жастайынан пәктігінен айырылғаннан қайыр жоқ. Ол ертең ана болғанда да, қызын өзі сияқты тәрбиелейді. «Мен күліп-ойнадым, одан бүлініп кеткен ештеңем жоқ. Қызым да жас шағында көретін қызығын көріп қалсын» дейді. Бала жасынан осылай тәрбиеленген қызда пәктік туралы ұғым болмайды. Кәмелетке толған соң, жыныстық қатынасқа түсу заңдылық болып саналады.  Қазіргі замандағы киім үлгісі соған жетелейді. Сөйтіп зинақорлық белең алады. Таза тек жойлады. Бірақ олар білмейді, тірлікте болып жатқан келеңсіздіктердің, кемтар, даун балалардың туып жатқаны соның кесепаты екенін. Өйткені бұл шариғатқа қарсы әрекеттен Алла тағаланың салған таңбасы. Қан таза, тек сау болу үшін, болашақ әр ата-ана, Алла жазған адал жолмен риясыз пәк жүруі керек. Құдағиым осы жолды ұстанған сияқты, сенің қыз тәрбиесіндегі қатаңдығыңа қарап осыны ұқтым»,- деп ризалығын жеткізді. Аңғал енем қайдан білсін, сіздің теріс жүрісіңізді көріп, қыздарымды қатал ұстайтынымды!...

    – Бәріне сенің әкең...

    – Әкемнің еш кінәсі жоқ. Төрт бала туып отырсыз, көзге шұқыр кінәраті жоқ. Ауру - кеселдің бәрі сізде. Сіңлілерімді сізден үлгі алмасын деп ерте күйеуге шығуларын үгіттегенмін. Бір күні Дан да сенен кетіп тынады. Сол кезде даңғарадай үйіңнің әр бұрышында бір зина жасасаң, өмірінің соңына дейін жетеді, өйткені бала-шағаңнан тірідей айырылған сенде зинақорлықтан басқа еш қуаныш жоқ.

Бұны қызы айтса, енді мына қыз «...зинақорлықпен қанша ластансаңыздар да жүрегі риясыз таза азаматтарыңызды қастерлеп сақтаңыздар. Қалай  дегенмен де анасысыз ғой!» деп қайталад�