Дарымаған қарғыс
Эссе өлең-роман
Беташар
Ой жіберсем өткенменен кеткенге,
Дәт дегізіп кеткен күндер көп менде.
Тәтті күнде, сәтті күнде аз емес,
Естемемде, естелікте көп менде.
Кейде жиі еске аламын өткенді,
Қуанышы, өкініші көп күнді.
Жиы – жиы қайталанған қозғалыс,
Сан тоғытты толқынына көп мені.
Өмір солай өкінішім көп менің,
Белгілі ғой көбейуі өкпемнің.
Сабырсыздық жер соқтырып сан рет,
Іштен тынып төккен жасым көп менің.
Тәжирбие сабағымда баршылық,
Айтар болсам жауқазындай аршылып.
Шеттеп жалғыз қала алмайды екенсің,
Заман – толқын, өмір толы қайшылық.
Жас күнімде жауды маған мың сұрақ,
Мың сұраққа жауап таппай ойсырап.
Отырғанда қағуылдап ойнады,
Алма – кезек қақпақылдап сор мен бақ.
Қалай ғана қалдым аман қайранмын,
Таусылмапты – ау, ырыздығым, айраным.
Тидімекен ұлкендердің батасы,
Міне бүгін өз алдыма сайранмын.
Жақсылықты жиы ойлаумен көп түнім,
Жақсылықпен қауышты ғой көп күнім.
Жүрегіңнен үміт оты өшпесе,
Дарытпайсың жамандықтың ешбірін.
Дарымайды қардай жауған қарғыс та,
Пәк адамды, дана адамды алғыс та.
Өзің мұнда жүргеніңмен арманың,
Ой – қиялың малдас құрсын марыс та.
Жақсы тілек, жақсы ниет, жақсы ырым,
Азық болып келді маған жан сырым.
Баталы құл арымайды ол да рас,
Батасыз құл жарымайды нақ шыным.
Ақтарыла айтылар ой ағысым,
Сұңқар қиял, қыран шабыт қағысым.
Оқырманның жүрегінен жол тауып,
Қайраса екен ұрпағымның намысын.
1 Бөлім
Тағдыр
Жеты жаста анасынан ерте айырылған жетым ем,
Тағдырымның дәмін де ерте татып ем.
Ұясынан үркіп ұшқан торғайдай,
Тонды ұл болып нағашыма кетіп ем.
Аттанарда екі жаста ағам ұлы Ғадылбек,
Шырқырады – ау, жаны нені сезіп ед.
Бес жастағы қарындасым Ғазиза,
Мені қимай жылай – жылай қалып ед.
- Құтың кетті – деді ұлкендер әкеме,
Бұрында сен бір қыз бердің жетпейме?!
Ес кіргенде Қажыбекті бердің сен,
Өмір бойы өмірі өксіп өтпейме?!
Қатал әке айтқанынан қайтпады,
Нағашы анам мені ертіп аттанды.
Нағашымда көрген жерден бас салып,
- Ұлды болдым халайық, - деп жар салды.
Өтіп жатты ай ауысып, жыл жылжып,
Өмір – өзен, ағысымен жылжыдық.
Нағашым жүр қолғанатқа жарыған,
Қол ұзарып, салқын көңіл жылынып.
Менде жүрмін, қайтсем қалай жағам деп,
Қас – қабағын қалт жібермей бағам көп.
Мал жандымын, елгезекпін, еңбекқор,
Сондықтанда мақтауым көп, бағам көп.
Нағашымның жаны менің үстімде,
Аялайды, зекітпейді ешкімге.
Мектеп көрмей өз бетіммен хат танып,
Жатқа соқтым «Қыз Жібекті» үш күнде.
Артта қалған ұмыта алмай бауырды,
Жаным жасып, жүрегім сан ауырды.
Сыртым бүтін, ішім толы сағыныш,
Жаба тоқып жүре бердім жауырды.
Жыл айналып келді әкем жүдеген,
Қайсар жанның жасығаны бұл неден?
Деп ойланып байбына бара алмай,
Мұздап кеттім соққандай жел іргеден.
Жанарының біреуінен айырылған,
Алдымда тұр ғарып мүсін жарым жан.
Быт – шыт болды менің тәтті қиялым,
Құмаршыдай жүрісінен жаңылған.
Көңіл күпті, көкіректе көп сұрақ,
Көп сұраққа бірден жауап жоқ бірақ.
Әке жайы аяушылық тудырып,
Тұрып қалдым өз – өзімнен ойсырап.
- Сорладым ғой, дейді әке, - сорладым,
Шек келтірдім құдайыма оңбадым.
Шақанайым қайтыс болды әскерде,
Ғазизамен Ғадылбектен көз жаздым.
- Бәрін жұтып не бетіңмен келдің деп,
Ойбай салдым өзімді, өзім жұлып жеп.
Басым зеңіп, қарауытып көз алдым,
Шыр айналып жүре берді жер мен көк.
Қас қарайа бас көтердім ес жйып,
Іш бауырым бір ысиды, бір суып.
Айналамда үрей өріп жүргендей,
Көз алдымда тұрып алды бұл сұмдық.
- Құрбандығың болайын деп әкем жүр,
Демін салып ақ сәлделі молда жүр.
- Сәл шошынып қалған екен демалсын,
Дейді ол кісі – басқаларың шыға тұр.
Көрер таңды көзімді ілмей атырдым,
Жал, құйрықсыз неткен сорлы пақырмын.
Шақанайым, Ғадылбегім, Ғазизам,
Көз алдыма келген сайын ах ұрдым.
Ағам қандай көркем еді ай маңдай,
Болушы едік ортамыз бір толғандай.
Ерте айырылған ағаменен бауырдан,
Мен недеген бақытсызбын сор маңдай.
Ғадылбегім әкесінің өзі еді,
Жанып тұрған өткір қара көзі еді.
Тым болмаса сол қарғамды қоймаған,
Тағдыр неткен қатал еді, тез еді.
Ғазиза ғой жан ұямның көркі еді,
Лапылдаған жанып тұрған өрт еді.
Ой дүние – ай, кеше барда, бүгін жоқ,
Ғұмыр деген неткен қысқа, келте еді.
Аларына келгенде алла шебер – ақ,
Біреу малды, біреу жарлы демейді – ақ.
Ойлап көрсең бақытыңның ішінде,
Жасырынып жатады екен сор мен бақ.
Дейді әкем, жаспен жуып өңірін,
- Қалды отырып оң жақта жас келінім.
Табалайды мені барша ағайын,
Күлге айналды бар үмітім, сенімім.
Бермейтұғын баланы елге бердің деп,
Үмітіңді, арманыңды көмдің деп.
Өшірмеймін түтінімді десең тез,
Жалғыз ұлды барда, алып келгін деп.
Соныменен тартып кеттім осылай,
Тұрғаннан соң ырыздығым таусылмай,
Төрелігін өзің айтшы ағайын,
Зарлап қалдым, қайғым бір сәт басылмай.
Әке сөзі көпшілікке ой салды,
Толғандырып, жақсы менен жайсаңды.
Үнсіздікті бұзды ақыр нағашым,
Көз қарасын, айтты ойын байсалды.
- Өмір деген бірде еңіс, бірде өр,
-Басқа қонар бірде бақыт, бір де сор.
Бүгін жарты, ертең бүтін болармыз,
Тәуекелдің қашандағы орны төр.
Бұл жақта да бір қызың бар ұзатқан,
Әсияға ғұмыр берсін жаратқан.
Ертелі – кеш араласып тұрамыз,
Бір үйіміз олда бізге зор мақтан.
Әбікенде, қажыбекте бұл жақта,
Ойланып көр, таразыла салмақта.
Қалған өмір қадырымен болсыншы,
Қоныс аудар бір жолата біз жаққа.
Жас келінді бағын байлап сақтама,
Разы боп бер оғанда ақ бата.
Құдайғада, адамғада ұнайтын,
Жақсылық қыл жақынғада, жатқада.
- Недейді екен Қажыбегім – деді әкем,
Бірден жауап бере алатын менбекем.
Жерге қарап мүлидім де отырдым,
Астаң – кестең болып кетті ойлы өлкем.
Әкем ақыр бір байламға келді де,
Нағашымның айтқанына көнді де.
Ағайынның разлығын алғансоң,
Уаде берді бірақ көшіп келуге.
Жазда өтті, көңіл күпті, алаң көп,
Күзде жетті, әлі әкеден хабар жоқ.
Қыста келді, борандатып ысқырып,
Басқан жері сықыр – сықыр аяз боп.
Қыс та кетті, наурыз келді, әз келді,
Жан – жануар күн шұақтап мәз енді.
Жыл құсындай жатыр жандай қауышып,
Көктем гүлдеп, мамыражай жаз келді.
Таң қалдырып жеңгем жетті ақыры,
Базарқан бар жалғыз ғана жақыны.
Ол екеуін көрген жерден нағашым,
Орнынан қозғала алмай ах ұрды.
Базың мені көре сала ағалап,
Құшып жатыр екі көзі боталап.
Сағыныппын менде оны ерекше,
Өліп барам құшып сүйіп аймалап.
Жеңгем келіп сүйді мені бетімнен,
Мықтылық бар неге болса бекіген.
Ботасынан ерте айырылып боздаған,
Аянышты тағдырына өкінем.
Ұлкен – кіші келіп жатыр хал сұрап,
Бәрінде де бар секілді бір сұрақ.
«Әке қайда, бұлар неге келді» деп,
Мен бір шетте тұрмын жалғыз ойсырап.
Базарқан жүр алдымды орап еркелеп,
Немере інім ұмытпапты ол тентек.
- Аға сені қандай қатты сағындық,
Кетейікші дейді елге - ертерек.
- Әкем неге өзі жалғыз келмеген,
Айтшы інім не ойы бар көздеген?
- Қайдан келсін сенбеді оған ұлкендер,
Дейді базың – жеңгеңді әдейі жіберген.
Көп сөзінен әкең тайқып шықпады,
- Өздерің біл – жалғыз ақ сөз айтқаны.
-Сеніміңді ақтаймын – деп ағайын,
Жеңгең сүйтіп мені ертіп аттанды.
Келген екен дайындалып жан – жақты,
Жауап күтіп апта жатты, ай жатты.
Бауыр басып қалғаннан соң қияма,
Нағашымның жанына бұл тым батты.
Нағашымда бір байламға келді де,
Қолдан келмес тағдырына көнді де.
- Қайда жүрсең аман бол – деп қарағаым,
Мені үкілеп аттандырды еліме.
Бұл шешімге менде көндім тән беріп,
Ертеңіме жатқаным жоқ мән беріп.
Ағайын мен, туыстармен қауыштым,
Жақыннанда алыстанда жан келіп.
Сумка асындым мектеп сабақ бастады,
Күннен күнге жағдайымда жақсарды.
Кілең бестік алдымдағы әр пәннен,
Маңайыма жйып алдым достарды.
Қутыңдайды сары шашты бір қу қыз,
Тез есейген, біз недеген қызықпыз.
- Қалындығың дейді маған Тұмарқан,
Әрі құрбы, әрі екеуіміз туыспыз.
Түсті есіме анам марқұм кезінде,
Келін етіп алмақ болған өзіне.
Тұмарқанның қалжыңының жаны бар,
Шет жағасын білушы едім өзімде.
Екі көрші тату бопты жарасып,
Силасыпты көңілдері гүл ашып.
Біріне алла ұл силапты қуантып,
Екіншісі қызды бопты бағы асып.
Міне осыдан басталмайма құдалық,
Қызық көріп, үкі тағып қуанып.
Деген екен мақұлдасқан көршілер,
Ұлда, қызда бір – біріне ылайық.
Сіңісті боп осы сөздер құлаққа,
Бастабында алатынмын жылап та.
Кейін келе майдай жағып осы сөз,
Балалықпен қалғаным бар ұятқа.
Шөмшек теріп шықтық бір күн ат жалға,
Жүріп тұрған кезіміз ғой мақтанға.
- Атаң келді – дейді – әне, Тұмарқан,
Бәйге күрең сусыл қағат астында.
- Иманғажы бересіңбе қызыңды,
Дегенімде өңі кенет бұзылды.
Тебініп қап өте шықты тұсымнан,
Көп жүгірмек қылығыма ду күлді.
Содан бері қаншама жыл алмасты,
Болмады үміт бұл уақиға алғашқы.
Бастауыштың партасында табысып,
Өміріміз тағы алға жалғасты.
Төрт жыл өтті, бітті оқу Ақтас та,
Көрім болды біздің елге шаппас қа.
Орталауға жолдама алып аттандық,
Жету үшін ұлы арманға, мақсатқа.
Уағдаластық кеште қайтып келуге,
Достар ара сыи – естелік беруге.
Қол ұстасып, қораланып, ән айтып,
Ай астында алтыбақан тебуге.
Орта ауылға, гүл текшеге жиылдық,
Тұс – тұс жақтан сел боп тасып құйылдық.
Жер алшындап, су сыңғырлап, тал билеп,
Аспан жайды ай нұрынан шымылдық.
Дөңгеленіп отырғанда бір қызық,
Жөнелесің шыт тигенде ызғытып.
Шыт тастауда, шыт алуда ептілік,
Кете алмайсың тәртіп бұзып, шеп бұзып.
Қараңғыда ақсүйекті тауып көр,
Айырмайсың қайсы еңіс, қайсы өр.
Тапқандар мәз, жалт береді бұрылып,
Бұлтақтаған жел аяққа жетіп көр.
Қыза – қыза ойын таңға ұласты,
Бір – біріне жас жүректер гүл ашты.
Қасқыр болып қыз қуғанды кім көрген,
Қалағанға қол жеткендер қыр асты.
Көп күттірген кезегімде келді ақыр,
Шепке кірдім барымды сап мен пақыр.
Бірақ күзет мұндай мықты боларма,
Қыз біткенді ортаға апты көп батыр.
Шабуылдап іздеп жүрмін саңлау,
Сар шаштыны ақыр іздеп таптым – ау.
Қол ұстасып, көз жаздырып біз кеттік,
«Қайда» ғалап артымызда қалды «жау».
- Құтылдық па! – дей бергенде кенеттен,
Үрейлі үн оң жағымнан саңық еткен.
Қарсы алдымда қара әжем тұр ақырып,
- Албастылар тоқта ! – дейді тым өктем.
-Қара әже кім?
-Онбасы атам кемпірі,
Қара деуге, ақ деугеде құқылы.
Кімді қолдайд, кімді жондайд еркінде,
Жүреді әйтеу бір ауылға үкімі.
Сондықтан да ел силайды оларды,
Оларменен орталары толады.
Әсіресе қара әжем қаһарлы,
Недеседе айтқаны оның болады.
Сары шашты кетті алтыным еңіреп,
Тұрып қалдым, үнім шықпай дірілдеп.
Жеңгем мені үйге сүйрей жөнелді,
- Жүгір үйге! – дейді – әжең өлтіред.
-Мына ұлыңның үрген екен күшігі,
Деді әжем, әке бірден түсінді.
Ертесінде қаратты да жеңгеме,
Екінші рет келін етіп түсірді.
Мен он төртте, ол отыз төрт қарашы,
Қандай ұлкен жас парқымыз арасы.
Ноқтаға бас сұғылды ғой шамасы,
Жеткеннен соң ұлкендердің санасы.
Тағдырма бұл жазымыш па білмеймін,
Есіме алсам өкінемін, шөлдеймін.
Өмірімнің бір парағы осылай,
Оқырманым мейлі жыла, күл мейлің.
2 Бөлім
Өлара
Өмір деген өзен екен тасыған,
Кездерім бар тасыған да, жасыған.
Жолдама алдым орталауға ақыры,
Ізім қалды арт жағымда жосыған.
Арман алға асықтырып келеді,
Майда самал қарсы алдымнан өбеді.
Жолбастаушы бірде аяңдап, ал бірде,
Ақ бөкендей жортып ұзақ желеді.
Көлдененнен өте бере жарыстық,
Жасыл жонның ой – қырымен таныстық.
Көкжайдақтың жазығына аялдап,
Ат үстінде аударыстық, алыстық.
Күн еңкейе келіп жеттік қалаға,
Ат байладық қораменен аулаға.
Қарауына алғаннан соң иеміз,
Шығармады бізді албаты далаға.
Қайранмын мен, тәртіп мұнда басқаша,
Отыру жоқ жйылып таң атқанша.
Уақытпен барлығыда санасқан,
Қызу тірлік күн еңкейіп батқанша.
Басталыпты сабақтағы қарбалас,
Сапқа тұрдық қырдан келген бір топ жас.
Жетекшіміз кіластарға бөлді де,
Үлестірді дәптер, қағаз, қарындаш.
Бөлініппін 5 (а) класқа,
Қуанғаннан дей беріппін рас па.
Танысымның бір талайы бар екен,
Күлзиямен Жәркен/1 Ғизат/2 Нұркәш та.
Кіріп келсек бір тобымыз бөлмеге,
Ғизат күліп – қара – дейді дәскеге.
Башбай мажыра,
Жетіншіден ажыра.
Сиырда бар оқыра,
Алтыншыда тоқыра.
- Әй, Лұқпан – ай, Лұқпан/3,
Дейді Жәркен күлкіге әбден бұлыққан.
Сөз сүйектен өткен деген осы – ау деп,
Қарай бердім сабақтасқа қамыққан.
Бір класта отыз шақты баламыз,
Қыз он тоғыз, ұл оншақты санаңыз.
Тай – құлындай үйірлесіп кеттік біз,
Күннен – күнге айқындалып бағамыз.
Мұғалымдер сайдың қара тасындай,
Жарқылдаған алмас жүзді жасындай.
Іштерінде тілді, жақты көп екен,
Бөгеті жоқ ағытылған тасқындай.
Тіл сабағын өтті бізге Әнуар/4,
Біз емеспіз тыңдаудан еш жалығар.
Қазақ тілін қаз тұрғызып әкелсе,
Сеніңдағы құлашың кең жазылар.
1 Жәркен Бөдеш – ақын, 2 Ғизат Сейітқазин – компазитор, 3 Лұқпан Бейісбай – ақын, 4 әнуар Қабдыл – ұстаз, әрі ақын.
Еліктейміз ақын, ұстаз Серікке/1,
Бар ғой онда ептілікте, ерлікте.
Ақ өлең бе, жаңа өлең бе жазғаны,
Жақындамай қойды – ау шіркін тірлікке.
Ғабдылағат/2 қой жорға екен өлеңге,
Шек жоқ екен сүреткерлік дегенге.
Талғампаз боп бізде өсіп келеміз,
Өзімізше жан бітіріп өнерге.
Мүлік/3 ақын ойлы өлеңге жүріп тұр,
Әзілгеде, қалжыңғада ұрып тұр.
Жанға жайлы мінезіде тамаша,
Бір қарап – ақ, іштегіні біліп тұр.
Жақсы көріп кеттік бізде оларды,
Орта дәйім оларменен толады.
Айтқандарын екі етпей атқарсаң,
Баладайын ырйза боп қалады.
«Қарағай бастау» суын ішкен жандардан,
«Көп шығады ақын» дейтін сөз қалған.
Соның бірі Шаймұраттай/4 жас пері,
Суырылып шықты қалың жастардан.
Жәркендағы болмақ ақын бөлекше,
Өзіндік қой, талғамы бар ерекше.
Лұқпанда тиіп, қашып жазып жүр,
Жәлелқанда/5 жазады өлең зеріксе.
1 Серік Қапшықбай – ұстаз, ақын. 2 Ғабдылағат Салтанбай – ұстаз, ақын, 3 Мүлік Иманбатыр – ұстаз, ақын, 4 Шаймұрат Илияс – шәкірт, ақын, 5 Жәлелқан Түсіпбай – шәкірт, ақын.
Ұстаздардан жұғады екен өнеге,
Баулиды екен, ән мен күйге, өнерге.
Көңіл шалқып, әсерленіп біздерде,
Жан сезімін айналдырдық өлеңге.
Өлең жазса Жәркен бізден озады,
Елеңдейді, делебесі қозады.
Мен класком үйренуде ол дәйім,
- Бұл сағатта рухсат – деп тұрады.
Бос бөлмеге кіріп алып бір өзі,
Қиял қуып, ой әлемін кезеді.
Меңгергенмен әдебиет сабағын,
Басқа пәннен нөл құшақтап келеді.
Күн артынан күндер өтіп заулады,
Жер дөңгелеп күн үстінде айналды.
Келіп жеттік жаздық кәникулға,
Оқушылар демалысқа қамданды.
Бетке алып өмірдің әр өткелін,
Білмей қалдым жаздың қалай өткенін.
Сабақтастық өмір қандай тамаша,
Қандай бақыт мектебіме жеткенім.
Орындалып бірте – бірте арманым,
Өмірден мол үлесімді қармадым.
Мектеп іші, бәсекеде, жарыста,
Қатарымнан әсте кейін қалмадым.
Әр сенбі кеш өлең оқу жарысы,
Сөз болады жасампаздық барысы.
Көңіл өсіп, көтеріліп қаламыз,
Ақын екен жаңалықтың жаршысы.
Әр жексенбі ән менен күй тамаша,
Таңса ойнайды, қыз – жігіттер қаласа.
Бірдей емес, әр бірінің талғамы,
Кейбіреуі доп ойнайды қаласа.
Мені ертіп Серік ұстаз ашыла,
Сыр шертеді отырып ап қасыма.
Көшіртеді жазғандарын ол маған,
Қалам шіркін жорғалайды – ау жосыла.
Білген сайын біле бергің келеді,
Көргенсайын көре бергің келеді.
Айтқандарын қағып алсаң аузынан,
Қуанады, ұстаз саған сенеді.
Сендіме ұстаз сен үшін ол мәртебе,
Жол сілтейді үміт артып ертеңге.
Жақсы баға алар болсаң әр пәннен,
Кім болуың өз қолыңда, еркіңде.
Тектілікте туа бітті болса егер,
Шүбәланбас талантқада ел сенер.
Қызғанышта туа бітті болады – ау,
Қаңғыбасқа, қайыршыға кім сенер.
Ала қашпа, талай жан бар ұрыншақ,
Шығады екен сондайлардан қызғаншақ.
Соның бірі Оразғали екен – ау,
Үш атасы қайыршы екен қарасақ.
Ол менімен әрі рулас, бауырлас,
Жылымыз бір, үйіміз бір, даң құрдас.
Солай бола тұрсадағы кім білген,
Арамызда бір қамал бар алынбас.
Өзімсініп қанша жақын тартқанмен,
Көмейлете май жұтқызып баққанмен.
Іштен шалып жықсам – ау деп тұрады,
Кірмейді ақыл құлағына айтқанмен.
Езмалтаудың ертегісі мезі қып,
Сырт айналды онан талай қыз – жігіт.
Мен жайында бірер мақтау естісе,
Күйіп, пысып айтады өсек әлгі қырт.
- Бола тұра оның қатын баласы,
Кейбір қыздар оған ғашық қарашы.
Дейді оларды келсе, келмес күйдіріп,
Әлі күнге дәметеді шамасы.
Арамызға сызат түсіп осылай,
Бір арада бастарымыз қосылмай.
Мен жайында бір қастандық сайлаған,
Қалды бұл іс құпия боп ашылмай.
Кейін ұқтым, мен жайында жазыпты,
Одақ оны әтуерлеп алыпты.
Мүшелікке дәл қабылданар сәтімде,
Кедергі боп жолым болмай қалыпты.
Дәл тиіпті мені көздеп атқан оқ,
Оны үстінде тектейтін жан болған жоқ.
Менде қузап соңына оның түспедім,
Болғаннан соң өзім таза, көңілім ақ.
Сабағымды орындадым белсеніп,
57 жылдың қысындағы еңсердік,
Эмтиханда үздік болып нәтижем,
Бағалады мектеп, ұстаз, ел сеніп.
Тарай сала қырға кеттік ертесі,
Ауылда екен, өзгерістің көкесі.
Коллектив боп ұйымдасып жатыпты,
Бай бітткеннің жұқарыпты жүйкесі.
«Үкімет біз» дейді екен кедейі,
Ал басқалар не айтсада «Жөн» дейді.
Ортаққа мал бермегендер болса егер,
Күреске ап, үстінде оны жүндейді.
Аз – ақ күнде коммуна бой көтерді,
Группа да, әтретте көбейді.
Бытыранды шаруашылық жойылып,
Ұйымдасу науқаны тез кеңейді.
Малдағылар көшіп түсті егінге,
Қадам басты сүйтіп жаңа өмірге.
«Балғабайдың тоғанына» жан бітіп,
Дүр сілкінді ел мынау ғажап дүбірге.
Мақсат болды коллективті жаңалау,
Жарыс қызды, озғандарды бағалау.
Бой көтерді арт – артынан құрылыс,
Дауал түйю, керпіш құю, там қалау.
Балғабайдың тоғанына үңілсең,
Шежіресі шертіледі тым әсем.
Қоныс болды ұрпағына мінеки,
Баба жолы деген осы – ау, өміршең.
Балғабайдың тәрихына қарашы,
Мамандығы болыпты су саласы.
Кендірлік те тоған басы болыпты,
1870 жылдар екен шамасы.
Кәрібай бастап майлыға ел көшерде,
Балғабай жоқ, бұл шаппастың ішінде.
Тоғыз ұлы, бір қызы бар туысын,
Елдің биі оны тастап кетсін бе?!
Артыс, мініс, көш – көлігін қамдап – ап,
Кендірлікке барған екен сол күні – ақ.
Түсіретін келінгеде қаратпай,
- Қайда қашар дейсің – депті қонған бақ.
- Келер жылы аламыз деп келінді,
Туысына берді жауап сенімді.
- Қыз, жігітке жер алыс па, тәйірі – ай,
Деп күлісіп аттаныпты көңілді.
Бұл 1875 жылдың жазы екен,
Жиналған ел арқа, жарқа мәз екен.
Сол көшкеннен күпке келіп жайланып,
Қоныс бопты балғабайға бұл мекен.
Күп өзенінің жүйрік басы майлы екен,
Жайлаудағы малға, жанға жайлы екен.
Бөктері оның ұланбайтақ кең дала,
Ыстық қарып, су сап өліп тұр екен.
Балғабайдың қызыққаны соншалық,
Өзен бойлап тексеріпті зер салып.
Көмей орнын, тоған жолын жоспарлап,
Өткізіпті әр күн солай жер шалып.
Су тебінін аз, көптігін өлшейді,
Қайнар көзін, жан – жақтылы зерттейді.
Ұлкен ұлы теміржанды ертіп ап,
Кәрібайдың ауылына беттейді.
Қуана би қарсы алады туысын,
Баяндайды балғабайда жұмысын.
- Мен қолдаймын, ойың жақсы – дейді би,
Деміңді ал, бітіреміз арғысын.
- Ақыл сенен, көмек бізден – дейді би,
Шүбаланба, келет бұған біздің күй.
Қажет затты Дөрбілжіннен алдырам,
Жақын күнде ойға түсет біздің үй.
Екеу ара келісімге келеді,
Шешім жасап мұндай іске келелі.
Адам күшін, көлік күшін дайындап,
Жеткізуге уәдесін береді.
Міне осылай жақындығын білгізіп,
Әзілдесіп, сыр шертысып күлгізіп.
Балғабайды разы етіп қайтарған,
Теміржанға бір жорғасын мінгізіп.
Көп ұзамай еңбек күштің келді алды,
Айтып сойып дөң қырқада қой шалды.
Бұл қабырға «көк қой сойған» атанып,
Аңыз болып кейінгіге ол қалды.
Күп көмейін тас қып қауым байлады,
Тоған суын сар жазыққа айдады.
Балғабайдың бағы жанып, даңқы артып,
Күп даласы егінжайға айналды.
Жақсылардың жақсылығы осында,
Үлгі, өнеге, ізгі істері асыл ә!
«Балғабайдың тоғаны» да жаңарып,
Аңыз болды ғасырлардан ғасырға.
1915 жыл жазында,
Шөкібай үкірдай тұсында.
Су сүмбе келіп тоғанды,
Жаңалапты тағыда.
1920 жылдың жазында,
Қызыр төре тұсында.
Дымитри деген инженер,
«Балғабай тоғанын» қолға алды.
Қызыл жардан жол салды.
Басып қалып қызыл жар,
Астында көп жан қалды.
Балғабайдың немересі,
Құрбан болды қондақбай.
Жараланды көп жандар,
Соның бірі мылтықбай.
Қанды естелік қанды із бар,
Тәрихы бар осындай.
Өмір тоқтап қалмайды,
Деген осы – ау, досым – ай.
* * *
Жаздай болып ауылда күзге таман,
Бет түзедік ауданға есен – аман.
Түгендесем кішкене қара қыз жоқ,
Партасы тұр, өзі жоқ, қандай жаман.
Көп қыздардың ішінде әдемі еді,
Алдыңда көзі күліп тұрар еді.
Бәрімізден жасырақ болғаннан соң,
Бізгеде еркелігі ұнар еді.
Сол қара қыз мінеки келмей қапты,
Келмегені қынжылтып бізге батты.
Нәскен дейтін көк атты кез болыпты,
Ойда жоқта өзіне жар ғып апты.
Жүретінді бір жігіт келіп кетіп,
Қара қызды ертіп кеп, ертіп кетіп.
- Мынауың кім? Деп сұрасақ қу қара қыз,
-Ағайыным – дейтінді жымың етіп.
Сәп салмаппыз ол сөзге біздер онда,
Назарымыз кітәпта, тек оқуда.
Күлзиядан бір мүшел ұлкен жігіт,
Ала қояр дейтін ой жоқ қой онда.
Анасы біледі екен, тектейді екен,
Маңайлап келсе жігіт кет дейді екен.
- Оған барсаң мен сені өлтірем деп
Қу қызды қысымға алып шектейді екен.
Бұл жағдайды күлзия нәскенге айтып,
Ақылдасып екеуі кеткен тартып.
Қашқанымен жайырдан асқаны жоқ,
Текелінің ішінде қалған жатып.
Талға керіп байлай сап шымылдықты,
Көлеңкелеп жатыпты екі мықты.
Қуғыншылар қыратқа шыға келіп,
Көре сала «мұнда» лап лап қойыпты.
Жігіт жақ алып келген қашқындарды,
Қыз жақтың адамдарын бастырмайды.
Арағайын араға жүргендіктен,
Даудағы шешім тауып асқынбайды.
- Он алты жаста ғой – деп күлзияны,
Дауыс сап ана байқұс зар жылайды.
- Қыз деген қашанда жат жұрттық қой,
Ақылмен көндіреді жұрт былайғы.
Болмаған бұл өңірде бұрын – соңды,
Бұғанда көз үйренді, көңіл сенді.
Сабақтастар ішінде талқыланып,
Мектепкеде, көпкеде сабақ болды.
****
Бұл жазда мұғалымдер тарамаған,
Тазарып идеяда жаңаланған.
Күдікке ілінгендер бақыланып,
Өткелден өткендері қайта оралған.
Келмегендер ішінде ұстаздардан,
Ақын мүлік, ғабылағат, серік қалған.
«Айтушы да айып жоқ» адыра қап,
Ши шықты кейбірінің жазғанынан.
Әнуар тілден тапқан не тапсада,
Мүлік қалды оңшыл боп масқараға.
Жұмбақтап өлең жазған күдірі көп,
Үңілді серіктің де астарына.
Оларды жас шәкірт шаймұратпен,
Лұқпанда қосақталып бірге кеткен.
Қырына бір алғаннан соң оңдырсын ба,
Сайратып ап артынан жаза кескен.
Ұстаздар оңшыл болып таңбаланды,
Шәкірттер мектебінен қудаланды.
Өздері кеткенімен ойымызда,
Жаңғырып өлеңдері, сөзі қалған.
Ғабылақат Салтантай,
Ұшып түсті – ау қалпақтай.
Серік Қапшықбай,
Тоңмойынсың – ау,
Жазғаныңды ап шықпай.
Мүлік Иманбатыр,
Қуаландың ба ақыр.
Депті біздің лұқпан батыр.
Шаймұрат шағып апты,
Айтыпты ғаламатты.
- Зу лұң шиянды/1 мініп ап зулатамыз,
Даюжынмен/2 қамшылап тулатамыз.
Халықтың комунасын құрып қойып,
Халықты аш, жалаңаш шұлатамыз.
1. Зу лұң шиян – сара жол, 2. Даюжин – зор секіру.
Деген ғой аузынан от төгіліп,
Айтты екен бұл жас пері нені біліп.
Аңғармай міне осылай опық жеді,
Құрулы қақпан барын енді білдік.
Қытымыр қыс кетті де, келді көктем,
Бітірдік орталауды көптен күткен.
Мектепте біреу қалып, біреу кетіп,
Мақсатқа біреу жетпей, біреу жеткен.
Үміт күтіп ұстаздар жиы келіп,
- Жоғарлап оқы – дейді жігер беріп.
Мен әзірше оларға не дей алам,
Бермесе разылығын әкем келіп.
Жақында әкем менің келіп қайтқан,
Жалғасты оқысам деп талап айтқам.
- Күте тұр, кейінірек сөйлесейік,
Балды да, балсызда емес жауап айтқан.
Мектептің соңғы жылы оқу бітті,
Емтихан нәтижесі келіп жетті.
Алдыңғы үш үздіктің бірі екенмін,
Шарықтап көңіл құсым көкке жетті.
Оқуға бөлініппін дәрігерлік,
Басталды енді осыдан әбігерлік.
Әкем не дейт, бұл іске туыстаршы,
Бар тағы қалжуырым әменгерлік.
Таусылды осыны ойлап төзімдерім,
Бір жағы әкемді ойлап көз ілмедім.
Келді әкем көп күттірмей жетегі бар,
Білмеймін, нені ойладым, нені сездім.
Бір күдік, бір үміт кеп қатарласып,
Ұстадым әке атын қадам басып.
- Естідім бәрін балам – дейді әкем,
Жібермей құшағына ап мауқын басып.
- Сен болмасаң не болар менің күнім,
Бір басыма жетерлік қайғы, мұңым.
Ағайынның сөзінен аса алмадым,
Жібере алман оқуға кешір ұлым.
Қолыңда келінің бар, немерең бар,
- Қаңғырт па, жалғыз ұлды – дейді олар.
- Бір кетсе, енді ұлың келмейді деп,
Айтты олар көлеңкесіне боласың зар.
- Архибым кетті – дедім үрімжіге,
Руқсат береме, жоқ, өзің жөнде.
Жылатып сені тастап кеткенім мен,
Домалап кете алмас тасым өрге.
Әкемнің қуанғаны – ай қарағымдап,
Разымын аллаға дейді жайнап.
Барайық деді сонсоң мектебіңе,
Жөн болар кеткеніміз руқсат ап.
- Кеш қалдың деді, ақсақал мұдыраға,
тізімі бізде емес жоғары да.
Біздікі жол көрсету, ал шешімі,
Аудандық оқу бөлім – ағартуда.
- Келмесе – деді көжаң/1 жағдайыңыз,
Орындалсын талабың, арманыңыз.
Ұлыңа қызымет жоқ бұдан былай,
Екінші арызданба, сау болыңыз.
1 көжаң – оқу бөлім бастығы
- Рахмет! Дейді әкем келмеймін деп,
Үкіметтің қиялын бөлмеймін деп.
Шықты асығыс бөлмеден мені ертіп,
Бөгеліп, енді жолдан қалмайын деп.
Ауылды ақырында паналадым,
Әкемді ренжітпей аяладым.
Әтірет қайда апарса сонда болдым,
Не жұмыс болсадағы таңдамадым.
Қолымнан түсірмедім қағаз, қалам,
Почтадан үзбей гәзет, журнал алам.
Ендігі ұстазым тек кітәп қана,
Тек содан ақыл, кеңес тәлім алам.
Көріндім бірде қырдан, бірде ойдан,
Зымырап өте берді уақыт жылдам.
Ағарып арманымның ақ желкені,
Қол бұлғап шақырғандай бақыт алдан.
****
Почта келді ақырында бір күні,
Қолында хат, берді маған үкілі.
Жоғарының мұғалым ғып бекіткен,
Тиді қолға бұйрығы мен үкімі.
Бастауыш та бірге өткізген қыс, жазын,
Қарсы алды ғой, мені тағы ұстазым.
Құшағына ап, қысып – қысып қояды,
Қандай ыстық мейірімі ұстаздың.
Тиді маған «А»4 бөліс те,
Оған қоса хатшылық бар үлесте.
Мектеп сеніп тапсырған соң әрине,
Қабыл алып, бейім тұрдым әр іске.
Бала базар, көз тоймайды қараса,
Нелер жайсаң, жақсылар бар тамаша.
Балалармен бала болып мен кеттім,
Әңгімеміз, әзіліміз жараса.
Жазу, сызу, бала оқыту өнерім,
Көзге түсіп бағаландым, өрледім.
Қызыметім ауысты да ауылға,
Хатшы болып орын таққа төрледім.
Кеңседегі жұмыс қатты қарбалас,
Бәсекеде ұлкен – кіші, кәрі, жас.
Түсте, кеште телефонда ауданға,
Мәліметті беретінім болды рас.
Екі сібез, екі ат қолда дайын тұр,
Өз ісіне пысық екен жұлымыр.
Кімдер алда, кімдер артта екенін,
Нақ майданнан санды сифр алып жүр.
Сараптаймын біткен істің мән – жайын,
Керек болса көріп келем жағдайын.
Белгіленген уақытта ауданға,
Мәліметті баяндауға мен дайын.
Істей жүріп, зерттей жүріп ауылдың,
Біліп жайын күдіктен де арылдым.
Ие болдым сеніміне ұйымның,
Қажет кезде, қажет жерден табылдым.
Он сегізде таң қалдырып достарды,
Қалам тербеп жаздым «Ұлы жоспар» ды.
Тұңғыш рет «Шұғыла» да басылып,
Тұңғыш рет ақындығым басталды.
***
Ұғым да, ақиқатта өзгереді,
Бірде көл, бір де шөл кез келеді.
Дүниеде өзгермейтін не бар дейсің,
Бәрінің өзгергенін көз көреді.
Ақыры бұл ақиқат дәлелденді,
Коллектив дейтін атау өмірге енді.
Түскенде ауылға кеп жаңа үкімет,
Кедейде, байда оған төрін берді.
Жинады төрт түлікті бір орынға,
Бұған жұрт келісе алмай қиналуда.
Коллектив дейтін жаңа қоғам орнап,
Тайқазан дәм таратты барша жанға.
- Мен бұған көне алмаймын – деді мамай,
Жасымнан талайларға болдым малай.
Темір мал ап байығам кеше ғана,
Ортаға сал дейсіңдер, мұның қалай?
Темір мал алғанымда бәрің барсың,
Құбылған хамелондай бұл не басым.
Үкіметпен жасасқан тоқтамым бар,
Көргендер айтыңдаршы ақ, қарасын.
Мамай кім? Қарапайым бұл бір малшы,
Жасынан әр кімдерге болған жалшы.
Сабына азат елдің қосылған соң,
Теңеліп асығыда түскен алшы.
Таратқан темір малға қолы жеткен,
Болсын деп бірім екі еңбек еткен.
Бірақ та көресісі алда екен,
Тапқаны бірақ күнде селге кеткен.
Байы деп айтқандары жайына қап,
Бар малын енді міне тартып алмақ.
- Үкімет өзі беріп, өзі алама?
Алдай ма? – дейді мамай қаны қайнап.
- Әй, бұзық! – деді ақырып сояу қара,
Басыңды и, тәубеге кел, сөзді абайла.
Үкімет ойнайтұғын жездең емес,
Беткелді қиғылық сап жаппа жала.
- Мен емес жалған сөйлеп шартты бұзған,
келісім берген хатқа қолды қойғам.
Неліктен келіскен сөз желге ұшады,
Береме дұрыс жауап бұлғақ қоғам.
Түрленіп бұл сөз өрге жеткен екен,
Өсекте арам шөптей көктейді екен.
«Қарсылық жүздесуге» деп қаралып,
Қалпақты мамай солай киген екен.
«Бұзық» деп оны сүйреп күреске алды,
«Қарсы» деп қозғалысқа айыптады.
Бақылап өзгертуге малдан жөткеп,
Егінге сүргін қылып айдап барды.
Не керек айтылған сөз атылған оқ,
Әсіре бұйрық солай қайырылу жоқ.
Үреймен өмір сүру неткен қиын,
Қайырылар, қарайласар бірде жан жоқ.
Күн сайын бір жаңалық, жаңа міндет,
Екпіні бұл дүбірдің барады үдеп.
Бойсыну, тез атқару бұйрық қана,
Кеңесу, ақылдасу, талқылау жоқ.
«Коммуна», «Сара жол» мен «Зор секіру»,
Қысқартып деп айтады «Үш қызылту».
Үйысу, үйыстыру, үлгі тұту,
Оятып ел санасын тереңдету.
Кімде кім бұл науқанды қолдамаса,
Ашық та, жасырында қарсы болса.
Мемлекет машинасы жояды деп,
Күнделік айтылатын үгіт қанша?!
Сонымен төңкерістің жолы ашылды,
Наразылық, күдік, күмән тез басылды.
Қарасаң ұйымдасу қарқынына,
Артқа тастай салғандай бір ғасырды.
Байларды топтастырды фермаларға,
Жинады кедейлерді комунаға.
Барлығын басқаратын бір коллектив,
Ешкімде кете алмайды өз алдына.
Ортаққа малды жинап бірақ алды,
Алдымен жан сандарын санаққа алды.
- Қанаушы тап болмасам кінам не деп,
Фермаға мамай кірмей тұрып алды.
Қояма оны сірә көнбесіне,
Еңкейтіп басын иді тізесіне.
Қаншалық ақиқатын айтқанымен,
Зорлықты күш алдында шарасы не?!
Қанатын жайды ұйым күннен күнге,
Комуна жаңалық боп енді өмірге.
Құрылды коммунизм асханасы,
«Тайқазан» осылайша қалады ірге.
Шіретке тізілді жұрт таң азаннан,
Ас ішті ұлкен, кіші тайқазаннан.
Жалқаулар жатып ішіп, батып ішіп,
Құтылды аш құрсақ сор азабынан.
Тосыннан мамай сонда қойды сұрақ,
- Бір қатыннан басқаның бәрі ортақ.
«Тайқазан» жалқаулардың кересі ме,
Неге олар болады екен асқа ортақ?
- Тоқтат! – деп сөзді шыбар бұра тартты,
Сояу кеп, қолын оның бұрап жатты.
Қызыл құрт қызыл сөзді суша ағызып,
Көп көзін көлегейлеп ұрандатты.
Сәл мызғап кеткендей – ақ жиып есін,
Көтерді жерден мамай басын сосын.
- Бас кеспек болсадағы тіл кеспек жоқ,
Ойыма келген сөзді іркем несін.
Сендер кедей болсаңдар менде кедей,
Келемін жеті атамнан бір теңелмей.
Көретін ақиқатты көз болса егер,
Қайда жүр күн көсемің мұны көрмей.
Қоғамға мес қарындар бас болама?
Қатықсыз қара көже ас болама?
Жіліктің майлы басын кеміргендер,
Әкелсін не береке асханаға.
Қашанда басқа пәле тілден деген,
Тағыда мамай сорлап түрмеленген.
Бір мезгіл тас түрменің дәмін татып,
Үйренген әтіретіне қайта келген.
****
Дүние, дүниелеп ел барады,
Атта жал, ал түйеде қом қалмады.
Ақсүйек жұтта өлген өлексеге,
Құзғын мен қарға қонып жалбаңдады.
Сарқылды сармаяда таза тақыр,
Істен қап асханада тарап жатыр.
Басылды кеудесіне нан пысқандар,
Жүргендер батырсынып болды пақыр.
Бұл істі бір – біріне аударды да,
Күштісі тайып тұрды өз алдына.
Толастады осылай бірте – бірте,
Алмағайып заманның бораны да.
Ли бастық кетті орнына Долан келді,
Майлының тумасы ол, төлбасы еді.
Есейген көз алдында ұрпағы ғой,
Қуанды алақайлап туған елі.
Бас болды ауылына жас болсада,
Бірде тоқ, бірде елімен аш болсада.
Бір пайдам тисе екен деп туған елге,
Тер төкті, қарсылықтар көп болсада.
Зерттеді, зерделеді көргендерін,
Үйренді, әрі үйретті білгендерін.
Халқынан жасырмады бәріндағы,
Ортаға жайып салып түйгендерін.
Төрт соймау/1 сенбеушілік тудырды деп,
«Айтқаның әділдік» деп, қол соқты көп.
«Малдағы жесе өседі, жемесе өспес»,
Дегенің «нақ шындық» деп құптады көп.
Ас ішу тайқазаннан қалды адыра,
Әрбір үй от тұтатты өз алдына.
Жаңадан тоған қазып, егін егу,
Тудырды үндеуіде зор дабыра.
Даурықпа екендігі мәлім болған,
Адамдар қайтып келді құрыш құйған.
Шыдамай тас көмірдің қызуына,
Топырақ, қыш пештері быт – шыт болған.
Ортаққа ап, мал – мүлікті топтастырған,
Баяулап қыз балықта толастаған.
Әр түтінге бузаулы сиыр тиіп,
Ауызы аққа жарып ел тынышталған.
- Төрт соймау – жас малды соймау, аналықты соймау, аталықты соймау, нәсілді малды соймау.
Жағдайды жақсылыққа бұрып долан,
Жасады жақсылығын келген қолдан.
Аңыз қып кейінгілер айтатұғын,
Осындай алмағайып заман болған.
****
Күн сайын зор өзгеріс, жаңалықтар,
Кеп жетті бейжіңінен де жаңа ақпар.
Ауданнан өрге қарай әкімдерді,
Шақырған орталыққа жаңа хабар.
Жақында әр ауданда сайлам болған,
Жиналып әр бір өкіл оймен қырдан.
Өкілдер бір ауыздан дауыс беріп,
Толының бас әкімі Долан болған.
Көрмеген орталықты бұрын соңды,
Доланға шақырту кеп жолы болды.
Әр өлке, әр аймақтан, әр ауданнан,
Жиналып жеты мың жан сарай толды.
Бұл жиын дейді өзгеше бұрынғыдан,
Ойыңды ортаға сал толғандырған.
Төменнен әсіресе келген өкіл,
Шындықты аит, жасқанба – деп ұғындырған.
Көңіл күй шешілген соң ағылмайма,
Ақиқат осындайда танылмайма?!
Шешендер жарыс сөзге шығып жатыр,
Болса деп айтқандарым елге пайда.
Өзіне жалт қаратып дүйім елді,
Көрінді сол мінбеден долан енді.
- Сөзімді мұнда айтпаған қайтып барып,
Қатынға айтам ба? – деп ду күлдірді.
- Ашық айтсам шындық мынау – деді ашып,
Төрт соймаудың арты аштыққа ұласып.
Саңдағы астық таратылып берілмей,
Кейбір малшы өліп жатты қыр асып.
Түйеде қом, ал атта жал қалмады,
Қолдан апат міне осылай жалғанды.
Қырлы мұрын болушы еді түйеміз,
Кеттік, пұшық, сиқы кетіп оңбады.
Әр үйдің жиып ыдыс – аяғын,
Бір тесіктен бөліп бердік тамағын.
Құрып қалсын асхана деп шал – шауқан,
Савхозға атты қолындағы таяғын.
Жесе өседі, жемесе мал өсеме,
Мұныменен көгермейді көсеге.
Төмендегі оңбаған бұл істерді,
Шешіп берсін жеткізіңдер көсемге.
Деп айтуға батылдары барғанға,
Ең қауыпты дедік оны жауданда.
Бұл шындықты мұнда айтпай кімге айтам,
Мен недеймін қайтып елге барғанда.
Ағылды осылай деп біздің шешен,
Қол соқты мінбедегі бір топ көсем.
Бірде бір қобалжу жоқ, тосылу жоқ,
Шығады тастүлектей саңқылы әсем.
****
Жиын бітті, ішкі өлкені аралап,
Жүрді долан көргендерін саралап.
Үлгі, өнеге алып қайтты дамыған,
Кей өңірдің жетістігін бағалап.
Су маманын алып қайтты ли деген,
Ауданға әкеп қамдады оны үйменен.
Жұмыс беріп, су істерін басқартты,
«Өнеріңді сал енді» деп бар білген.
Зерттеді ли өзендерді, көлдерді,
Алып байтақ бөгеттерді, белдерді.
Жобалады картаға алып күндіз – түн,
Ұланбайтақ далаларды, шөлдерді.
Күпке келіп жобалады көмейді,
Көп сұрайды, аз сөйлейді, күлмейді.
Оның сызған картасына қарасаң,
Жаңа тоған, жаңа жолдар көбейді.
Игі іске ауылдастар шаттанды,
Қариялар доланды алқап мақтады.
Жаңалауға балғабайдың тоғанын,
Алып қосын тың еңбекке аттанды.
- Бөлім
Арпалыс
Боз бораннан көз ашпаған боз дала,
Кеудесіне түскен шоқтан қоздана.
Айналасын күл қып өртеп барады,
Ал қалғаны қасырет, мұң, зар ғана.
Өрттен бетер қызып кетті қозғалыс,
Айтыс, тартыс, жан берісіп, жан алыс.
Ал адамдар тапқа, жікке бөлініп,
Тереңдеді күннен күнге бұл барыс.
Бұл жүрілген сотсиялистік тәрбие,
Арқау болып кірді есіктен әр үйге.
Үш жыл, бес жыл кіші, орта қозғалыс,
Әр он жылда далиды ғой әрине.
Таптық қосын келтіріліп ретке,
Тұрды адамдар сапқа және шретке.
Бес түрдегі элементті/1 анықтап,
Бірден – бірден тартты сүйреп күреске.
1 бес қыл элемент – бай малшы, мал иесі, жер иесі, кері төңкерісші, бұзық.
«Капитализм жолын қуған ұқықты»,
Делінгендер не болдымға жолықты.
Оңшылдарды, ұлтшылдарды таңбалап,
Оларғада көрсетті көп сұмдықты.
Күптегі бұл үйірменің бастығы,
Тарбағатай аймағының басшысы.
Люхуй дейтін бұл қытайдың шабарман,
Жүзден астам атшысы мен қосшысы.
Мақсаты оның адамдардың миларын,
Қиялдарын, қыңыр – қисық, ойларын.
Жуу, әрі саналарын тазалау,
Төрт көненің жою барлық салдарын.
Осылай деп лю атаман бүргенде,
Тесік таппай қалды жандар кірерге.
Заманға сай туады екен сұрқылтай,
Өр көкірек, нелер топас көркеуде.
- Бұл ауылда – дейді люхуй – өкінем,
Таза ұйым жоқ, кеткен өз – өз бетімен.
Таба алмадым әділ төре бірде – бір,
Кәдірлері шіріп кеткен шетінен.
Екі беткей, екі жүрек жандар көп,
Табынбаған шетке олардың бірі жоқ.
Бұл ауылдың орынбасар бастығы,
Ал даулетқан болып шықты сатқын боп.
Шыққанда аты тұрды орнынан даулетқан,
Шошып кетті, өңі қашып өрлеп қан.
Әйеліңнің жасырыпсың визасын,
Жауап бершы, - кәне! – дейді ант атқан.
- Қыз күнінде төркіні алып беріпті,
Кету, кетпеу болған екен ерікті.
Мән бермеппін бастабында мен оған,
Ұзатқанда сандығында келіпті.
Деседағы сенген адам болмады,
Жауды сұрақ қара тер боп сорлады.
Көзі алайып, кейпі кетіп, қалжырап,
Дірілдеді аяқпенен қолдары.
- Ел қашқанда не істедің, не көрдің?
Не ойладың, өзің елге не дедің?
Сандығыңның түбінде виза жатыпты,
Кезінде оны неге заңға бермедің?
Бұлтақтамай ақтар ішкі сырыңды,
Сау сиырдың боғы емесың білінді.
Деді люхуй – миың болса ойлан сен,
Шығар жолды, әрі ертеңгі күніңді.
Ең болмаса олар неге кетет деп,
Неге қашып шегарадан өтет деп.
Ойланыпта көрмедің бе, айтшы сен,
Елім кетсе, менде бірге кетем деп.
- Иа, ойладым, қобалжыдым менде көп,
Мұның соңы қалай болар екен деп.
Іштей менде көп ойландым, толғандым,
Не көрсемде көппен бірге көрем деп.
- Иа, иа, - деді люхуй имансыз,
Енді оны сорлатары күмәнсіз.
- Көппен бірге кетпек болдың солайма,
Жауабы жоқ, ал даулетқан тұр үнсіз.
- Үндемесем құтылам деп ойлама,
Деді люхуй жол қоймаймыз ондайға.
Тоңмойынға дайын түрмеханамыз,
Қағаз, қалам ұстатамыз қолыңа.
Сен бір құссың қапастағы, тордағы,
Баяғыдай бал дауренің болмайды.
Жуас болсаң, мойындасаң болғаны,
Аямаймыз көмекті біз қолдағы.
«Иа» демеуі керек еді басында,
Қиын болды сендіруі расында.
Анау деді, мынау деді болмады,
Шыға берді әр айтқаны жасынға.
Басы айналды лю сөзіне көнді ақыр,
«Әрекетте», «тобым да бар» деп жатыр.
- Мені аздырған, топқа тартқан айтқазы/1,
Жәнәбілде/2, шайық та/3 бар деді ақыр.
1 Айтқазы – ауылдық партком секратары, 2 Жәнәбіл – ауылдық партком орынбасары, 3 Шайық – ауыл бастығы.
Бұл не қылған, бұл не пәле, не күйік,
Лаң демей енді мұны не дейік.
Даулетқанның иі аузынан төгілген,
Бұл микровы кетті тарап кеңейіп.
Люхуй сұмның арам ойын қарашы,
Алдын ала жоспар құрған шамасы.
Даулетқанды көзр етіп күні ертең,
Доланғада дайындалған шалмасы.
- Ішінде өстім деп мақтанып дауылдың,
Енді міне бар жақсысы ауылдың.
Айтқазыны, жәнәбілді, шайықты,
Қойды алдына қылмысты етіп қауымның.
Деді люхуй – бұл ауылда сатқын көп,
Жоспары да, қймылы да сұмдық деп.
Әр мекеме, ауыл, аудан сәйкескен,
Кері топты біз осылай таптық деп.
Қателескен, жүрісінен жаңылған,
Даулетқан көп ақтарылды ағынан.
Оның қара дәптерінің бетінде,
Жүз сатқынның есімдері жазылған.
- Мен сенбеймін – деді мамай – өтірік,
Жынды адамның сөзі ғой бұл есірік.
Қостаған үн, үш жыл болды бірде – бір,
Қашқан жанды көрмедік қой десті жұрт.
- Өтірік аит дегендік қой мынасы,
Деп күңкілдеп кейбіреуі мұңдасты.
Үндеріңді өшіріңдер – деді люхуй,
Жасырынбақ ойнама! – деп зәр шашты.
Деді атаман – бұл қозғалыс жемісін,
Көрсетеміз көздеріңе жеңісін.
Жолымызға тұсау болса кімде кім,
Ішеді олар әлі – ақ атау кересін.
Өздігінен мәселесін тапсырса,
Тәубе етіп, аяққа кеп бас ұрса.
Мәселесі қанша ұлкен болсада,
Кеңшілік қып оралтамыз қосынға.
«Амәлиластыру» дейтін мынау бастама,
Ескерту бұл кәрігеде, жасқада.
Өздігінен даулетқан кеп бас имек,
Сабақ болсын оның ісі басқаға.
Деді дағы даулетқанды шақырды,
Шықты алдыға, көпке иіліп бас ұрды.
- Бізге айтқанды халыққа да айтып көр,
Атаманың топты қалай жасырды?
Алғашында неге қашпақ болдыңдар,
Неден қорқып, неден секем алдыңдар.
Әр қыстақта, әр мекеме, мектепте,
Қанша адам бар, аузын қалай жаптыңдар.
- Малдағылар жақын көшіп келгенше,
Егіндегі жүрді жұмыс өзгеше.
Бөлінбейік, елді бастап кетейік,
Бір болайық дестік өле – өлгенше.
Бас аяқты жиып бола бергенде,
Шегарада тас бекіді іргеде.
Есеңгіреп, ес жия алмай біз қалдық,
Қиындыққа түсіп қалдық бірдемде.
Бұл қорқыныш болмады оңай бізгеде,
Топ бастығы айтқазы кеп бір кезде.
Әрекетті тоқтатуға келістік,
Тобымызбен түспейік – деп түрмеге.
- Көрдіңдерме? – деді атаман хауыпты,
Селт еткізіп үрейленген халықты.
Бір отанға, сотциялистік түзімге,
Шектен шығып бұл сатқындар жаулықты.
Әр қыстақтан, мекемеден таза адам,
Таба алмайсың, ұйым біткен қарайған.
Өздігінен тапсырса егер кеңшілік,
Құтылмайды тоңмойындар жазадан.
Оны қолдап әр мекеме, әр мектеп,
Алып шықты «бұзықтарын» үкілеп.
Айтқазыны, жәнәбілді, шайықты,
Айдап келді саханаға топ жендет.
Бұл үшеуі күп ауылын басқарған,
Алып шыққан қйын – қыстау шақтардан.
Енді міне туған жерде, елін де,
Көресіні көріп жатыр жаттардан.
Айтқазы ерен батыр тұлға алыпты,
Шешендікпен ұйытатын халықты.
- Құр айғайға қасқыр қашан өлген деп,
Тақты міне өзіне ұлкен айыпты.
Даулетқанның аштырмады ауызын,
Жан жеріне қадап мықты азуын.
- Партияға қарсыларды көбейту,
Пасық ісі – деді сендей жауыздың.
Ел қашқанда тоқтатқан кім ақылмен,
Берекеге шақырған кім нақылмен?
Асса долан, қалса ауылда біз едік,
Қйын кезде бірге болған халқымен.
Шетке қашқан ауыл тұрғой ауданда,
Айтыңдаршы көзге түскен жан барма?
Олай болса, бас иеміз неге біз,
Сасық кеуде иы ауыздың алдында.
Деген шақта шыдай алмай атаман,
Қасындағы жендеттерге ым қаққан.
- Жоғалтайық, қырайық деп ұрғыштар,
Төбет иттей талады кеп тұс – тұстан.
Жәнәбілде мыз бақпады, қайтпады,
«Топ құрмадық» жалғыз – ақ сөз айтқаны.
Шайықтағы бастырмады кеудесін,
Ал атаман ұтылмаса ұтпады.
***
Әр орында сұрақхана құрылды,
Тергеушы бар, нелер сайқал жырынды.
- Түсіреміз ішіңдегі қоянды,
Ағызамыз қанды шемен, іріңді.
Деп жендеттер жанға тыным бермейді,
Дәлел, факт келтірседе сенбейді.
Тек өзінің айтқандары ақиқат,
Одан басқа шындық барын білмейді.
Бажан дейтін жездем барды уақтан,
Жетім менен жесірлерді уатқан.
Немерелес апайымның жолдасы,
Бажасы бар көжек дейтін жанымқан.
Бірі шужи/1 бірі дүйжан/2 қыстақта,
Даулетқанның жаласынан қалды оларда қыспақта.
Қырық күн қусаңдағы түспейді деп құмалақ,
Бажандағы шыдап бақты намысқа.
1 шужи – секратар. 2 дүйжаң – әтірет бастығы.
Жарайды екен деп қоямыз оны естіп,
Сүйтсектағы үркек қойдай күн кештік.
Бір күн ерте кіріп келді бажаным,
Бір үйлі жан оны көріп селік етті.
- Неғып жүрсің – деді әкем бажанға,
-Тап болдым ғой мынау қатал заманға.
Елдің бәрі айтып жатыр өтірік,
Қайтсем болар келдім әкей алдыңа.
- Айтпа өтірік өлсеңдағы – деді әкем,
Қара бет боп қалмайсың ба күні ертең.
Дей бергенде кіріп келді жендеттер,
- Із жасырып келгенің бе? – дейді өктем.
Тырыстырып қолын жендет байлады,
Көтке теуіп алдына сап айдады.
Бұл сұмдықты бұрын – соңды кім көрген,
Жаным жасып, ішім у боп қайнады.
Сол қызумен алды – артымды ойламай,
Таңғы асқа, таңғы шайға қарамай.
Жетіп бардым атаманның алдына,
Баяндадым көргенімді қалдырмай.
Лю атаман біраз қарап тұрды да,
Хатшысына қысқа мойын бұрдыда.
- Айтқандарын естелікке алдағы,
Апар оны тұрсын атау оллаға.
Деп тапсырып қала берді сыр бермей,
Хатшысыда ертіп алды екі етпей.
Былай шыға бере оның айтқаны,
- Бекер болды, жүрсең етті – ау, үндемей.
Яң хатшымен үйірмеде, кеңседе,
Хат шегіне көмектескем белсене.
Сол силастық ұмтылмай ал міне,
Деп тұрғаны – ай, кірісесің несіне.
Кеудем менің тай жейтұғын бөрідей,
Екі мүшел жалындаған кезім ғой.
Ақиқаттың ақ семсерін ұстамай,
Намысымды қолдан берсем өлім ғой.
Тұрсынға айттым/1, даулетқанды даттадым,
Айтқазыны нағыз ер деп мақтадым.
Аяп кеттім жездем бажан сорлыны,
Жоқшы болып туғаныма мақтандым.
1 Тұрсын – атау олла ұйғыр үйірменің орынбасары.
Мен кеткен соң күзет қойып қат – қабат,
Қаулы алыпты, біз жақта деп ақиқат.
Үйірмеде жйын бопты құпия,
Мен жайында жинапты көп ақпарат.
Сол жйналыс таңға дейін ұласқан,
Ақылдасқан, әдіс, амал ойласқан.
Не болсада үйірменің беделін,
Қорғаймыз деп бір ауыздан анттасқан.
Ертеңінде жйын болды айбарлы,
Желбіреді көкте борлат байрағы.
Ел алдына тізерлетіп жендеттер,
Алып шықты екі қолым байлаулы.
- Шеттік топтың мүшелерін ақтаған,
Кім тоңмойын болса соны мақтаған.
Қажыбектен есеп бүгін аламыз,
Дело аударған, сатқындарды жақтаған.
Сөйлейтіндер көтерілсін мінбеге,
Әшкереле, одан қорқып шегінбе.
Деген кезде бажан тұрды орнынан,
Қайран қалдым өңім бе, әлде түсім бе?
- Барғаным бар үйіне оның ертемен,
Айтатыны барма деген ойменен.
Мойындасаң шырйсың деп түрмеде,
Ауызымды жабатынын кім білген.
Күзетшілер келіп қалып мен кеттім,
Өкіндім де көз жасымды селдеттім.
Қылмысымды тапсырамын ұйымға,
Оныменен байланысты шорт кестім.
Айтқазының ол сенімді адамы,
Тұйғыным деп мақтайтұғын қыраны.
Жазу, сызу хатшылыққа келгенде,
Басқалардан оқ бойы озып тұрады.
Доланның да қолға ұстаған сетері,
Мақтағанда бір – бірінен өтеді.
Саясатты граппалап жіберсе,
Дейтін олар кімдер оған жетеді.
Келді олар мәртебесін асырып,
Кете алмайды енді мұны жасырып.
Екеуінің ең негізгі тірегі,
Шындықты айттым деді бажан бас йіп.
Жауды қарғыс қапалақтап қардайын,
Көп көзіне хауыпты бір жаудаймын.
Екі жендет, екі жақтап тұқыртты,
Еңсем түсіп жерден басты алмаймын.
Жанымқанда шықты ортаға секіріп,
- Менде алдандым – дейді жылап өкіріп.
Менде бармын бажам бажан тобында,
Қажыбектің айтқандары өтірік.
Деп айтқанда болып кетті айғай – шу,
Қыбы қанып тұрды ішінен люхуй су.
Айтқазыны сүйреп келіп жаныма,
Тұрғызғанда ел ішінде болды ду.
- Шетке қашу тобында екен бар жақсы,
Не боп кетті бұл дүние алдамшы.
Сенерін де, сенбесін де біле алмай,
Кей ананың жуды өңірін көз жасы.
- Даулетқанды азат еттік деді лю,
Өздігінен тапсырғанға кең болу.
Біздің әділ саясаттың жемісі,
Қасарысқан тоңмойынды жер қылу.
Айтқазыны жер аударып қосыннан,
Қуалаймыз қылмысы асты басынан.
Жәнәбілді, шайықты да бақылап,
Тапсыртамыз қылмыстарын жасырған.
Ал қажыбек жас болсада тоңмойын,
Осы рет дело аударып қойды ойын.
Мекемеде сұраққа алып үздіксіз,
Долан жайлы айтқызамыз түпкі ойын.
Менен тартып алды таңба, қаламды,
«Топ хатшысы» деді өсіріп бағамды.
Үш ұйықтасам түсімеде енбеген,
Істі болып алдым солай жазамды.
Мекемеде күнде жйын маза жоқ,
Қандаладай қадалатын жандар көп.
Есімдері хатқа түскен кәдірге,
Күндіз күлкі, түндері ұйқы жоқ.
Күндіз – түні қоя – қоя сұрақты,
Кейбіреуін орындықтан құлатты.
Соның бірі тоқтағазы кассрды,
Өз – өзіне қол салдырды, сұлатты.
«Бармын» десе масайрады лю тақсыр,
«Жоқ» дегенді жұлып жеді ол қасқыр.
Зар еңіреп жылағанға айтары,
Құтылмайсың қылмысыңды аит тапсыр.
Бұл қозғалыс енді қыза бергенде,
Су сепкендей басылғаны – ай бірдемде.
«Қайтсын» деген бұйрық келіп өлкеден,
Қалды люхуй іш құста боп шерменде.
Шала шарпы қортындылап жұмысын,
Қамдады да жеке өзінің тұрмысын.
Зытты люхуй қалжуырын сүйретіп,
Бір басқа алып шыға алмай соңғы ісін.
4 бөлім
Зүлмат
Қара боран ығында,
Құлдыраңдап қаңбақ жүр.
Жемтік аңдып қиырда,
Күшігенмен қарға жүр.
Найзағай ойнап, жел тұрып,
Шүйкелейді бұлттарды.
Дәрияны аунаған,
Сапырады ұрттайды.
Майда құстар әулігіп,
Ұшқан кезде дөйдала.
Кейбір жандар жауығып,
Шыға келді, ой, тауба?!
Адам аласы ішінде,
Қалай айтқан кезінде.
Бұрқасында сұрапыл,
Дауыл тұрды лезде.
Бейғам жатқан ауылдың,
Берекесін кетірді.
Момын шаруа қауымның,
Тыныштығын кетірді.
Алып қара секілді,
Арбаңдап жүр кейбіреу.
Қара қарға секілді,
Талтаңдап жүр кейбіреу.
«Қанды майдан осы» деп,
Алқымдап жүр кейбіреу.
«Біз атойшыл қосын» деп,
Айқайлап жүр кейбіреу.
Қалайының үстінде,
Туды керіс, көп айғай.
Сойқан шығып үстелге,
Сөйлеп кетті ол былай:
- Төрт көнені/1 аластап,
Қаладан шыққан бетіміз.
Кертартпа күшпен айқасу,
Бекіміміз, сертіміз.
1 төрт көне – көне әдет, көне салт, көне ғұрып, көне стиль
Көне таңба – көп факт,
Мал санына басылған.
Ала сырмақ – ала архив,
Көнелікті жапсырған.
Мал санына саяси,
Жаңа таңба басамыз.
Сырмақты от басынан,
Турап күлге шашамыз.
Жерге ат қойғыш халықты,
Мықтап жөнге саламыз.
Жасап жаңа тәрихты,
Әлемге жар саламыз.
« Түзетімпаз», «жихангер»,
Бітіспейтін жауымыз.
Соларға қарсы ерлікпен,
От ашамыз бүгін біз.
Қалайыны «вишиң»/1 деп,
Өзгертеміз бүгін біз.
Қатал бұйрық, бұл кесім,
Мұны бір деп біліңіз.
Кер қаданың атында,
«Қызылту» деп өзгерттік.
Үш қараны ардақтап,
«Сара жол» деп өзгерттік.
Майлығада «зауфан»/2 ды,
Міне осылай жасаймыз.
Жайырғада науқанды,
Дабыралы бастаймыз.
1 вишиң – ракета, 2 зауфан – күрес.
Ескілікке жабысып,
Қорғаса кім құртамыз.
Айдаһардай бәрінде,
Қи ыспырып жұтамыз.
Деді дағы ақсиып,
Зауфан көпке қарады.
Ғасыр қарт кеп паңдана,
Сақалын сауып тарады.
- Туған жердің көне атын,
Мәңгі өшіру мүмкін бе?
Қорғап келген ер халқын,
Кім қалтырмақ күлкіге.
Аунасада сан ғасыр,
Халық оны ұмытпай.
Туған жерге құрметін,
Келді сақтап суытпай.
Таумен тасы, даласы,
Шежіре боп жырланды.
Ұрпақтарға жалғанып,
Есімі оның нұрланды.
Бетің, жүзің деместен,
Сөйлеп кетті ғасыр қарт.
Алма – кезек сайыста,
Жарқылдады ақиқат.
Естігенде қарт сөзін,
Сойқан басып айғайға.
Құдай санап бір өзін,
Шықты атылып майданға.
Қолын артқа қайырып,
Ғасыр қартты ап келді.
Жендеттері жабылып,
Додаға сап тепті оны.
Жұдырықтан сылқиды,
Құрдас қартым ғасырға.
Недеп уәж айтарсың,
Қанды ауыз қасқырға.
Қалайыда аққан қан,
Көз алдыңда көлкиді.
Сия алмай кеудеге,
Жүрек тулап мөңкиді.
Жер атынан туылған,
Үдей түсті мұң қайғы.
Мәдениет дауылы,
Міне осылай ұлғайды.
«Мәдени» бұл төңкеріс төңкерді елді,
Тәрихті бес мың жылдық сүйреп келді.
Тіріні былай қойып көрде жатқан,
Күңзы мен мыңзыдағы/1 есеп берді.
«Қиратпаса орнату болмайды» деп,
«Кедей болмай төңкеріс оңбайды» деп.
«оңшыл, ұлтшыл, жын – шайтан, зузыпайлар/2,
Зиялы «сасық тоғыз» сорлайды деп.
1 күңзы мыңзы – қытайдың көне ойшылдары. 2 зузыпай – кәпитализм жолымен жүрген ұқықтылар.
Ұрандап,қан сапырып кіріскен топ,
Сілтеді сөзден гөрі жұдырық көп.
Ұрғыштар көз ашқанша талайлардың,
Тегістеп берді бетін амалың жоқ.
Біреуді біреу білмей үркіп тіптен,
Әкеден бала айырылып безіп кеткен.
Бөлініп көз қарасқа жік – жік болып,
Ми қызып жүйкелері тозып біткен.
Дазыбау/1 жылан болып иреңдеген,
Ысылдап айыр тілі сүйреңдеген.
Бастағы қағаз қалпақ күн көрсетпей,
Шошыды көген көздер үйренбеген.
Бастапта сайрау дейтін науқан қызған,
Шешендер суырылып шепті бұзған.
«Айтушыда айып жоқ» жайына қап,
Соңында сайрағандар ұшты құздан.
Қарасаң оқымысты шеттерінен,
Көрінді өткірлігі беттерінен.
Бар мұнда өрімдей жас шәкірттерде,
«Сар қалта» ала келген мектебінен.
Бұлардың арасында мамайда жүр,
Жастарды жамандыққа қия алмай жүр.
Көбейіп бәлеқорлар, жала қорлар,
Ел ішін ала тайдай лаңдап жүр.
- Пиғылы адамдардың неткен жаман,
Жоқ жерден жау көбейітті – ау, өңкей надан.
Айырмай жаумен досты шатастырған,
Қитұрқы неткен сайқал мына заман.
Өзіне келер сөзді абайламай,
Тағыда айтып салды қорықпай мамай.
Ойына келген сөзді ірікпейтін,
Ақ жүрек қайран абыз шалдарым – ай.
Мамайды сояу қара салды беттен,
Шыбарда тұра ұмтылып іштен тепкен.
Тұқыртып қызыл құртта желкесінен,
Жінігіп жер тепкілеп, ісіп кеткен.
Сояудың шапалағы тиді қатты,
Күйреді тіс, қан кетті, саулап ақты.
- Күйеу жан қолың неткен жұмсақ ет деп,
Сау бетін мамай тағы төсеп бақты.
- Жала деп содыр күйеу шошып кетті,
Шошығанынан сау бетін осып кетті.
Шықыр еткен жағынан опырылып,
Отыз тісі саудырап бірақ кетті.
Сенделіп, есеңгіреп мамай тұрды,
Көрмеген көресіні бүгін көрді.
Қайратын намысына жанып – жанып,
Қайырылып үш жендетке мойнын бұрды.
- Өлімнен қорықпаған жанды қайтып,
Кім оны көндіре алмақ ақыл айтып.
Сорыма жасырынған бақытым бар,
Сенемін әлі – ақ ертең келер қайтып.
Бары егер жасағанның рас болса,
Ғұмырым қысқармайды ұзармаса.
Бар кілті дүниенің сендердеме,
Қаңбақтай домаларсың сорың қуса.
Бәрі де болады алла шын қаласа,
Сенемін мәңгі осылай қалмасыма.
Жалған ісі жалғанға кеткен емес,
Қаласың әлі – ақ халық қарғысына.
Таусылып менен бұрын дәм, тұздарың,
Артыңда қалар шулап ұл – қыздарың.
Мен сонда кесе толы жас сорпа ішіп,
Бас ием хикіметіне бір алланың.
Бұл сөзге селік етті үшеу ұшып тұрды,
- Тоқтат еше, тоқтат! – деп мамайды ұрды.
Жүректері оғанда тынши алмай,
Ақыры бұл майданнан тайып тұрды.
***
Қозғалыс қозғалысқа ұласты да,
Күнде айғай, күнде ұран шу астында.
Аластап төрт көнені, дін мен салтты,
Көмеміз деп кірісті күл астына.
Төңкеріс жан жүйеге тақалды да,
Ауыздан жұлып алды мақалды да.
Әйелдердің күзеді шашын қырқып,
Жармасты шал – шауқанның сақалына.
- Бисмилла, бисмилла! – деп мамай тұрды,
Жынданып бұл сөзге үшеу алас ұрды.
Құдайды жүрегімнен жұла алмайсың,
Деп мамай айтқанында мықты тұрды.
Үш жендет қйнасада алма – кезек,
Тұрсада кеңірдегіне пышақ кезеп.
Мамайға сөздері өтпей, таяқ өтпей,
Түйедей іші кепкен болды әлек.
- Орнатып тас әйкелді жолға мына,
Қорыққаннан құдай жасап алдыңдарма?
Мүсінге бас и дейсің, табын дейсің,
Құдай жоқ дейті әлгі сөзің қайда?!
Деп мамай үшеуіне қойды сұрақ,
- Мұның кім? Әлде адам ба, әлде аруақ?
Жүз рет кесірткедей құбылсаңда,
Абырой таппайсыңдар бұдан бірақ.
- Сұрақты жаудыратын сен кімсің деп?
Үшеуі үш жағынан ұмтылды кеп.
Көріп тұрып өлімге қиямынба,
Тұра қалдым атылып араға кеп.
Мамайды тастай салып мені түтті,
Тиірменнің тасындай ұн қып үкті.
- Тоқтатыңдар, алып жүр деген бір үн,
Жаққандай болды сөнген соңғы үмітті.
Тас қараңғы жер төле жатқан үйім,
Аяқ, қолдан қан жүрмей болды қйын.
Аспен суды байлаулы күйде ішемін,
Көз ашпадым күрестен күн – түн жйын.
Бәріне жаның сірі түзеді екен,
Қйыны дос – жаранның безеді екен.
Көзіңді бақырайтып өтірік айтса,
Жүрегің тоқтап қала жаздайды екен.
Елірген өңкей жынды безген ардан,
Аққан қан, төккен жастан ләзәт алған.
Адамға жаны ашитын бір пенде жоқ,
Сен үшін дүзге отырып келуде арман.
Зор қосын ұрандатып қызыл тулы,
Қамақтан бір жан қоймай алып жүрді.
Алып су қоймасында сап түзеген,
Бұқараның ішіне бастап кірді.
Ауылдың бар ұқығын қолына алған,
Люхуйдың оң қолы тұр мұнда қалған.
Ушуды/1 саханада саңқылдады,
Бастаймыз бұл күресті нақ майданнан.
1 ушуды – ауылдық партком секратары
- Деді ол бұл күрестің бағыты айқын,
Келтіру аттанысқа күптің халқын.
Мәдени қозғалысты тереңдетіп,
Әйгілеу күллі әлемге отан даңқын.
Бәріміз бір кісідей жұмыламыз,
Жігерін тап жауының құм қыламыз.
Айбынды таптық қосын құрамыз біз,
Күреспен өндірісті қыздырамыз.
Жау десе «қайда» лаған өңкей батыр,
Малдан да, егіннен де келіп жатыр.
Көзіне көрсеткенді жауға балап,
Жерде айғай, көкте айғай болып жатыр.
Біреуінің қолында өңір кетті,
Біреуінің қолында өмір кетті.
Бір заманда жығылдым естен танып,
Бір содыр көкжелкемнен қойып кетті.
Келгенде алғаш көргем ниязбекті,
Ағасы нұртазамен ахметті.
Бірі үкірдай, ілгідай, мал иесі,
Үшеуі үш қалпақпен жапа шекті.
- Мынау әлі өлмепті – деді бірі,
Ұзынын бір шығардық деп күледі.
Мен дағы жер таяна көтерілдім,
Бүгін бар, ал ертеңін кім біледі.
Бұл күні содырларда мұрттай ұшты,
Жатаққа келе сала құлап түсті.
Байлаулы бір бұрышта мен жатырмын.
Қолымды кендір арқан қйып түсті.
Таң ата келді біреу күбір, сыбыр,
Залданда шықты дауыс дабыр – дүбір.
Қылмысынан қорқып ол өлді десе,
Дейді бірі кешегі соққы да ауыр.
Келе сала ниязбек көзін жұмған,
Нұртаза жығылғаннан тұралмаған.
Үкірдайдың өлімі жұмбақ болып,
Не ішкенін күзетші біле алмаған.
Жаулар әсте мойынсал болмайды деп,
Төңкеріс төңкерген соң сорлайды деп.
Үшеуінің өлімін жауып қойды,
Өлімсіз күрестағы болмайды деп.
Қалдырды елеусіз ғып өлгендерді,
Өлген бір тоқтығада теңемеді.
- Үздіксіз күрес жасау міндетіміз,
Бұл қоғам біздікі деп елеуреді.
***
Үрейлі үндеулермен ашық хаттар,
Ұрда жық, ұрандармен тарады ақпар.
Дұрыспенен бұрысты айыра алмай,
Жалғанды шын деп білді ақымақтар.
Жақсы салт, жақсы дәстүр болып көне,
Әлде қос қорыққанға көрінеме?!
Сырмақтар от басынан спырылып,
Алынып шал тымағы, түсті перде.
Күмістеп атқа тимес соққан ерлер,
Пыстан мен айыл, тұрман, түскигіздер.
Таңғыштар, басқұр, желбау, нелер әсем,
Делінді мұның өзі төрт көнелер.
Кәләфи кәстом шалбар ұзын палто,
Сақталған кітәп қанша тыққан көпте.
Оңбаған шетелдіктер дүниесі,
Делініп түсіп жатыр қызыл өртке.
Неше уақ үзінді оқып сапқа тұрған,
Тамақтың алдында да жаттап тұрған.
Үндері адамдардың басылмайды,
Жүректі қорқыныш көп қысылдырған.
Баралмай мұның сірә байыбына,
Барады үркіп жандар жай – жайына.
Қолымен содырлардың от көседі,
Ақырып ушуды мен нәзімқанда./1
1 Нәзімқан – ауылдық партком орынбасары
Мәдени бұл төңкеріс қызып тіптен,
Төбесі содырлардың көкке жеткен.
Өзі би, өзі төре ұрда жықтар,
Жынданып милары әбден қызып кеткен.
Біреуді біреу білмей үркіп тіптен,
Бүгінгі дос ертесі жау боп кеткен.
«Ит басын мылжалайық» деген сөздер,
Күнделік қандарына сіңіп кеткен.
Зузыпәй /1, жын – шайтандар үкіленіп,
Жендеттер шашпау тағып зерлеп өріп.
Мойнына тақтай асып, жазу жазып,
Сүйрейді ұрып – соғып екіленіп.
Қосақтың арасында кеткендер көп,
Кім қара, кім ақтығы тектелген жоқ.
Дазыбау/2, шиязыбаулар/3, үрейді алып,
Суайттар жйын сайын сайрайды кеп.
Қараға кім ілінді соның соры,
Қайырылып байланады екі қолы.
Ұқықты тартып алған хұңибиңдер/4,
Шашады бұйрық, жарлық оңды – солды.
«Май қабақ» фермасыда алай – дүлей,
Әр үйді желпілдетіп кезді үрей.
Қақпағын тапты күрес ашамыз деп,
Кеңсеге басып кірді бір топ дүлей.
Алғаны нысанаға дудәм/5 еді,
Малшылардың қасында ол, отарда еді.
Шаш ал десе, бас алғыш сұмырайлар,
Дәмнен тауып, кештетіп айдап келді.
1 Зузыпәй – кәпитализм жолымен жүрген ұқықты, 2 Дазыбау – ұлкен әріпті тақта, 3 Шияузыбау – кіші әріпті тақта, 4 хуңибиң – қыз қорғаушы, 5 Дудәм – ферменың секратары.
Жаяу жүріс дудәмді діңкелетті,
Айтеуір сірі жаны әзер жетті.
Қараңғы тас сарайға қамады да,
«Ұр ұрлап» өңкей содыр оны тепті.
Қашанғы ұрар дейсің көзден таса,
Қашанғы тебер дейсің дем тоқтаса.
Көп ауыз, бір ауызға қақпақ болып,
Жабылып қала берді бұл масқара.
Жан жары мұны естіп шықты атылып,
Жібермей жолын тосты көп мақұлық.
Зауфанпай қара есекке теріс мініп,
- Кері қаит, жан керекпе – деді алқынып.
- Күресте қылмысынан өлгендер көп,
Солардың рақымбайда біреуі тек.
Кездейсоқ жазатайым болған істі,
Көрудің төңкерістен қажеті жоқ.
Деп ақырып зауфанпай алақтады,
Жалғыз үйлі кірмеге кім қарайды.
Мұң шағар, шер төгетін жақыны жоқ,
Жаңылған шер көкірек нала қайғы.
Түншыққан демі түсіп іштеріне,
Топ жетім кемсеңдейді ішкі үйінде.
Бұл зауал орнайтынын бастарына,
Кірмеген өңі тұр ғой түстеріне.
Не алыс, не жақынға жібермейді,
Шығармай үйден тысқа күргейлейді.
Жоғарлап арызданар жан болса егер,
Күреске ап, күнәлі ғып дүрелейді.
Сенуден бір – бірінен қалды адамдар,
Көбейді қалжуырды байлағандар.
Бас көтерген жауларды жоямыз деп,
Осылай атты алысқа айдады олар.
***
Дауылы мәдениет қызған кезде,
Адамдар құлай сеніп жалған сөзге.
Үкілеп елубайды/1 алып шықты,
Алқаштар, алаяқтар өңкей кезбе.
1 Елубай – долаты ауылдық партком секратары
«Аңсаған кәпитализмды ұқықты» деп,
«Көтертпей еңсемізді тұқыртты» деп.
Жалқаулар, жатып ішер қаңғыбастар,
Өзінше зауфан жасап, құтырды көп.
Там бетін жауып кетті қара хаттар,
Секілді қара қарға – қара ақпар.
Тақымға бұрау салып шыңғыртады,
Жоқ жерден жоқты жонып тегі жаттар.
Тағып ап қызыл жеңдік десі өрлеп,
Тап жауы десе болды жүр сүйрелеп.
Ат қойып, айдар тағып айғайлаған,
Жаттанды сөздер қандай «көкек – көкек».
Қояндай қорқақтар бар «иа» дейді,
Желкелеп ұрып тұрса не демейді.
Кигізіп бастарына қағаз қалпақ,
Өрнектеп бет жүздерін күйлейді.
Бурадай бетке жынын бүріккенде,
Кетесің өзіңді өзің білмей кейде.
- Бір тиіндық құны жоқ бұзықтардың,
Жандарын алам – деді ұрып кеуде.
Әр жерде ұрылғандар жайрап жатыр,
Үрейі ұшқандары сайрап жатыр.
Әр ауыл, әр мекеме үкілеген,
«Бұзығын» кермеге әкеп байлап жатыр.
Күптен кеп и ауыз сұм салды лаң,
Айтқаны дау қараның бәрі жалған.
Суайты өшетінің оданда асып,
Қосылып кетті қорға өңкей надан.
Атаман іске асырып арам ойын,
Қолымен жасап шықты долан тобын.
Әкімді ақтап алмақ болғандардың,
Табанда жапты аузын, кесті жолын.
Мекеме, ауылдардан, қыстақтардан,
Бұл топтан кәдір біткен тыс қалмаған.
Долан – толы бұл есім қосақталып,
Топ мүшесі болғандар мыңнан асқан.
Доланның қолдаушысы досы елубай,
Әкімін жамандыққа қйсын қалай?!
«Долан – толы, ал толы доланымен»,
Деді ол «бөлінбейтін бір тұлғадай».
Ұрандап долатының содырлары,
Ұқығын елубайдың тартып алды.
Қараңғы сыз бөлмеге қамады да,
Қолға көзір, аяққа кісен салды.
Атаман айтты жақсы күзетіңдер,
Бұлбұлдай сайратыңдар, билетіңдер.
Қасарысса тезге сап терін алып,
Қатса мойынын ұқалап и етіңдер.
Бас болып содырларға қабан қара,
Жанына елубайдың салды жара.
Қйнаудың қанша түрін қолдансада,
Жалғанға бас ұрмады қакйсар тұлға.
Тигенше жерге басын иеді кеп,
Көз шыбартып кетеді жер дөңгелеп.
Шықырлайды тіс пенен жақ сүйегі,
Қайнайды іште тулап ызалы кек.
Бар салмақ белге түсіп құйылып тер,
Тұрсада сыр бермейді қайратты ер.
Неге болса тәуекел деп тұрғандай,
Жанардан жай атылған ұжданын көр.
Қысымның күннен күнге түрі артып,
Өшігіп алды атаман тым құмартып.
- Алдыңда екі жол бар өлім, өмір,
Таңдайсың қайсы бірін – дейді ақырып.
Тергеуді бұдан ары соза алмаймын,
Жоғарының бұйрығын бұза алмаймын.
Бұл менің ең соңғы ескертуым,
Көнсең аит, ал көнбесең жазаң дайын.
- Аит – аит деп елубайға төнді қабан,
Аитпаса мұның соңы деді жаман.
Толы елін шет асырып кету үшін,
Тапсырма берді қандай долан ағаң.
Құралды бермек болды кімдер саған,
Сым жолын қимақ болды қандай адам.
Өр серпіп елубайда берді жауап,
- Аузыңды жап сұмырай мұның жалған.
Қолыңнан келіп тұр ғой өлтір мейлің,
Кешір деп сенен тіпті өтінбеймін.
Өйткені арым таза, жаным таза,
Атыма зәредей дақ келтірмеймін.
Біз болсақ азат заман адамымыз,
Жүрегі ел деп соққан адал ұлмыз.
Өткенбіз мұнан да ауыр сынақтардан,
Халықтың ұлағатты ұланымыз.
Сөз соңын айтқызбастан қара қабан,
Келмей – ақ екі сөзге тапақ қойған.
Жармасып елубайдың жағасына,
Адамдық ар намысын тонап алған.
Қос қолын айқастырып желкесіне,
Жүгіртті тебен ине көбесіне.
Тегешке сексеуілдің шоғын салып,
Лоңқағып қойды әкеліп төбесіне.
Ми қайнап, көз жұмылып, тұлып дене,
Сондада көндіре алмай дегеніне.
Жынданып кете жаздап тұрды атаман,
Деп іштей адам емес бұл немене.
Жүйкеге тимек болып шаншыды ине,
Сонымен шықпақ болып әліпбиге.
Қолынан келгенінің бәрін істеп,
Бақсада ол иілмеді икіміне.
Бәріне тәуекелдеп ер елекең,
Шындықта, ақиқатта тұрды бекем.
Тергеудің бұл жалғасы ауыл аттап,
Есігін түрменінң де түрген екен.
***
Даулетқан сұмырайдың лаңымен,
Доланға бар қылмысты үйіп төпкен.
Жоспары жөргегінде қалды адыра,
Су қойма, күпке ұлкейтіп салам деген.
Басталған су қоймасы еңбекпенен,
Білте сөніп, тау қалды үн кетпеген.
Арба құлап, беткейде мотор тоқтап,
Жан барма өксімеген, жас төкпеген?!
Өрт кетті қопындарға иен қалған,
Ту алдында желбіреп тұрған жалдан.
Өңі қашып әжелер кемсеңдейді,
Айырылдық деп дәриға қайран ұлдан.
Жылағандай су бейне зар дауысты,
Жауыр аттай жыртылған қырат үсті.
Өзегін өрт шалғанба деп қаласың,
Партлаған дәрі склат жалынға ұшты.
Шаң жұтты жуылған құм боза мықтап,
Жатқандай ластанған жер бозаны ұрттап.
Түтін боп симонттар көкке ұшады,
Аспан тұр жыларман боп ала бұлттап.
Кешегі майдан мынау дүр сілкінген,
Аңқйып қопындары тұр сүлкиген.
Барады иін қуып бөгеуді алып,
Бір мезет ашып алдым су іркілген.
Ойғандай мина түсіп қойнау сала,
Кіргендей ұрты ішіне тұр жалама.
Күйреген су қойманың орны жатыр,
Көз жасын сығымдайды қимай ана.
Құлазып көшкен жұрттай қалды қойма,
Кешегі қызғыш болған адам қайда?
Су толып трубада ақбай қалды,
Нешера күйреген соң ақ дәриға.
Түзулеп тас жол қандай салынған – ды,
Симонт тоғандағы жайда қалды.
Егілген желі тартып көшеттерді,
Біреулер отындыққа қырып алды.
Жіп үші дейтін сөздер сабақталып,
Молайды долан ісі қабатталып.
Қағаздар, қызыл ала айыптаулар,
Ала арқан, ала жылан сияқтанып.
Жендеттер дәкіге орап ешкі басын,
Түнде кеп терезеден лақтырғасын.
Доланның басы екен деп жары талып,
Шырылдап бір үйлі жан зар жыласын.
Адасып қалды жары ақыл – ойдан,
Жан ұя жарасымды болып ойран.
Айналып ажал мыстан жүріп алды,
Жасардай қанды қасап, қанды майдан.
Күнде айғай, күнде сұрақ, күнде тартыс,
Сүйрелген адам саны бір мың алпыс.
Ақтығын дәлелдеген ер доланның,
Ісіне сүйінді ел айтты алғыс.
Сексенен сергек асқан түсіп қажы,
Қймай тұр ер доланын тамып жасы.
- Доландай елім деген қайсының бар,
Қайдасың уа, халайық, нағын айтшы.
- Долан ақ, долан ақ деп қолдады елі,
Қймаймыз жамандыққа мұндай ерді.
Сенбейміз даулетқанның айтқанына,
Жала сап рақымбайды да сол өлтірді.
- Долан әкім жақсы деп биян қытай,
Шүлдірлеп тұр ол дағы кір жуытпай.
Ашаршылықтағы құйқаның дәмі есінде,
Өтеген жақсылығын тұр ұмытпай.
***
Мың тоғыз жүз алпысты кім білмейді,
Ашаршылық жайлаған сұм жыл еді.
Ішкі жақта жүз мыңдап қытай өліп,
Биянда сол аштықты көрген еді.
Үкімет қаншалықты жасырсада,
Амал не шапқансоң іс насырға.
«Аштықтан құтқарайық» деген үндеу,
Хабары жеткен еді шинжияңғада.
Ағылды үрімжіге аш – арықтар,
Жер – жерлер үлес алсын деді ақпар.
- Сара аяз сақылдаған ақпан мынау,
Жинаңдар – деді киім жан сақтар.
Бұл істі долан әкім қолына алды,
Әр ауыл, әр қыстаққа өзі барды.
- Ажалдан арашалап алайық! – деп,
Төменді жұмылдырды, дайындады.
Біреу тымақ ұсынды, біреу шапан,
Ақ пимасын ұсынды сахаба атам.
Қасқыр ішік, түлкі ішік, сеңсең ішік,
Тон, шалбар жйналғанда тау боп қалған.
Бәрі де жылы киім әкеп берген,
Тоңбасын аязда деп көңіл бөлген.
Әкелуге адамдар белгіленіп,
Күнбе күн үрімжіге жөнетілген.
Бөліске күпке тиген бір жүз адам,
Бәріде шеттерінен азып тозған.
Кәріде жасыда бар қыз – келіншек,
Әр қайсысы өзі таңдап киім алған.
Бір тұтас асханадан тамақтанған,
Біркезде машинада дайын болған.
Түгендеп машинаға шығарғанда,
Жартысынан астамы ғайып болған.
Іздегенмен бәрі бір таба алмайды,
Орнына басқаны әкеп амалдайды.
Бірақ та тон – шалбарға іші ашып,
Барғанда недеймін деп алаңдайды.
Бір тұтас қарсы алды ауыл залға жатты,
Бұрқылдап тайқазаннан ақ май ақты.
Қой еті, сиыр еті, жылқы еті,
Келгенше кеңірдекке асап жатты.
Нан берді, палау берді, қалды аузынан,
Сондада саңға түсіп құлып бұзған.
Қырманнан шіріп қалған бидай теріп,
- Бүйірім шықпады – деп шырық бұзған.
Шикі жеген көк бидай бөрітпейме,
Кеппейме іштерінде керіп кейде?!
Асқан соң мөлшерінен іші атылып,
Табылды кейбіреуі өлі күйде.
Бұл хабар дүрілдетті ой мен қырды,
Ат басын ести сала долан бұрды.
Қарттардан көпті көрген ақыл сұрап,
Таппақ боп бір шешімін кеңес құрды.
- Ежелден мұндайларды біз айтамыз,
Кендірі кесілгендер деп айтамыз.
Мұның емі тек қана қара көже,
Үш берсек ындынын тез қайтарамыз.
Осы сөз медеу болып таң азаннан,
Қайнатты қара көже қазан – қазан.
Аш көздер жатып ішіп, тұрып ішіп,
Сап болды аш – арықтар мазаны алған.
Тоқшылдық болды солай тойымдылық,
Көңіл тойды, көз тойды орнықтылық.
Қара көже аштарға қатық болды,
Нәпсі қанды осы ғой бар құндылық.
Біртіндеп шыққаннан соң арық – зорық,
Өздігінен тиілді, ұрлық, зорлық.
Әр адам баспаналы болу үшін,
Көктем шыға бастады ұлы жорық.
Үй салды, арық салды, егін екті,
Күш кіріп, сенім орнап, сергіп кетті.
Қолдауы тұрғындардың болғандықтан,
Көңілден күдік кетті, үрей кетті.
Биянға сенді долан үміт артты,
Сенімнің жарқыратты шамын жақты.
Жаңа қыстақ – жаңа жай бой көтеріп,
Биянды бастық сайлап міндет артты.
Сондықтан биян қытай неге ұмытсын,
Доланның қолын ұстап дейді ұлсың.
Адалсың, саған күйе жаққандардың,
Ит болып ел алдында өзі ұлысын.
Айтқан сөз атылған оқ қайтара алман,
Басына жай түскендей болды атаман.
Ел жақтап кетемедеп күмәнданып,
Жиыннан сол арадан тайып тұрған.
***
Кешегі зор жиынды есіне алып,
Атаман ой соқты боп отыр налып.
Кешегі жиын орнын өзгерттіде,
Жамбылға бізді айдап кетті алып.
Хабарсыз ешнәрседен жатқан халық,
Лезде қоршап алды аң – таң қалып.
- Әптігін бұл сұмдардың басу үшін,
Сіздерге – деді у шуды келдік алып.
Ашыңдар қылмыстарын аямаңдар,
Абырой атағына қарамаңдар.
Басқаларға ғйбырат болу үшін,
Осылай жұрт алдында жазалаңдар.
Мұндайда есіріктер тұра алама,
Жүргенде қара таппай ұрынарға.
Байлап, матап алдына алып келсе,
Жабылып көк төбеттер таламайма?!
Түстікте көп додаға кете бардық,
Бір тұрып бір жығылып өліп талдық.
Тигенде көп жұдырық көзшыбартып,
Тұра алмай орнымыздан естен тандық.
Бір кәтел бір жеңешем су бергенде,
Бейнесі қалды ерекше көңілімде.
Денеме құрғап кеткен қан жүгіріп,
Жаныма шипа болды шөлдегенде.
Апарды екінші күн жеті обаға,
Қарсы алды онда да адам қотарыла.
Сағынып қалған екен сұмырайлар,
Қамшымен шыпылдатты жоталата.
Тапжылмай бір орнында долан көкем,
Қасқайып қарағайдай тұрды бекем.
Иығын сәл қозғалса жұлынардай,
Мен кейде қйналғанда төзбей кетем.
Кейде істің келеді екен қйсыны бір,
Біз сыртта үйде әйел толғатып тұр.
Шыр етіп сәби үні шыққан шақта,
Ішінде кигіз үйдің күлді өмір.
Қайттық біз құрлысқа артта жендет,
Көз жазбай артымыздан келеді тездеп.
- Өмірден күдер үзбе - дейді долан,
Көресің әлі – ақ бізді азат етет.
Бұл емес мәдениет барды құрту,
Жақсылар болса болды басын жұту.
Дүние бір қалыпта тұрған емес,
Шыдай түс, ендігі іс соны күту.
Деді де аршын басып ұзай берді,
Кілт тоқтап маған қайта жақын келді.
- Алды да тоғанда су шешін тездеп,
Қорықпа, келгенше олар секір – деді.
Біле алмай недерімді тұрып қалдым,
Қарасам жар қабақтау екен алдым.
Балықтай суда еркін жүзді долан,
Жөректі неткен жан деп аң – таң қалдым.
Жендет қыз жақын келіп қайта қашты,
Басқасы оны көріп қатты састы.
Өзара күбір – сыбыр әңгімеде,
Байқаймын біз жайлы көп ақылдасты.
Қанша айтқанмен қыз деген қыз емеспе,
Баспады осы жолы ерегеске.
- Тездетіңдер – деді де алға түсіп,
Тосып алды біздерді бір белесте.
- Айтпадым ба, - деп долан түре келді,
Өмір деген осылай өзгереді.
Дүние бір қалыпта тұрар қашан,
Бір күні өзгергенін көз көреді.
Шинжияңда бөлініпті екі топқа,
Хуң арсы/1, и сәнсы/2 дейд ақпаратта.
Соңында бөлінудің бір жаңалық,
Айтеуір апарса екен жақсылыққа.
Бұл сөзге өз – өзімнен әсерленіп,
Доланның айтқанына құлай сеніп.
Қйсайдым келе сала төсегіме,
Ертеңгі атар таңнан үміттеніп.
1 хуң арсы – қызыл екі, 2 и сәнсі – үшінші топ.
***
Қараңғы күзет үйде мен жатырмын,
Төрт болып екі көзім таңды атырдым.
Зал іші, апыр – топыр болып кетті,
Секем ап менде орнымнан атып тұрдым.
- Болмасын – деді бірі – біреу жазым,
Есікті бұра – жара кірді қазым.
Шынар бар, берік қажы, иаманғазы,
Ағалап келе жатыр інім базың.
- Тұрамыз шындық жақта, ақиқатта,
Біріктік күресуге бір мақсатта.
Біз сені құтқарамыз жәбірлеуден,
Бөлінді бүгін ауыл екі топқа.
Деді де иманғазы алып жүрді,
Бұл хабар күп өңірін сілкіндірді.
Бажан мен жәнімқанды алдыма әкеп,
- Ал енді сайрашы – деп жүгіндірді.
- Ит болдық деп екеуі кешір дейді,
Бәріде надандықтан болды дейді.
- Сендерді – дейді қазым – үргізген кім,
Айтпасаң үндеріңді өшір – дейді.
- Айтамыз, айтамыз – деп елпілдейді,
Иілген басқа әрине ел тимейді.
- Билігін өзің аит – деп иманғазы,
Алдыға мені салып икімдейді.
- Бұларды қоя тұрып ең алдымен,
Есептесіп көрейік у шуды мен.
Деп едім – оныңда жөн – деді иманғазы,
Бұл сөзге – деді шынар – қосылдым мен.
***
Әр қыстақ, мекеме, мектептерден,
Қолынан жендеттердің босап келген.
Өлмеседе өлесі болғандардың,
Әйтеуір шыбын жаны бізге жеткен.
Қарт кәдір абілқамит жүре алмайды,
Күйреген қабырғасы тұра алмайды.
Допайдың онбестегі сорлағаны – ай,
Қылмысын не екенін де біле алмайды.
Жас мұғалым тоқанмен қаппастағы,
Тайыпты олардың да бастан бағы.
Хан тұқымы сайполла өліп қапты,
Атағы алты алаштан ассадағы.
Болыпты өлімінің қадыры жоқ,
Өлгенін не себепті тектелген жоқ.
Ешкімде тірімін деп айта алмайды,
Бұл дүние бүгін барда, ал ертең жоқ.
- Жаныштау қай жерде көп болады екен,
Қарсылықта дәл солай болады екен.
Өзімізді өзіміз қорғамасақ,
Күрессіз бақыт басқа қонбайды екен.
- Бұл ойың дұрыс қазым – дедім менде,
Бұға берсең сұғатын бар ғой пенде.
Талаптының тұлпары тастан таймас,
Өмір әлі – ақ силайды күнгейінде.
Келіп жатыр тұс – тұстан сүйрелгендер,
Жарық көрмей қапаста күйзелгендер.
Қозыдай жамырасып шұрқырастық,
Бұл күнге тірі жетіп өлмегендер.
Тұрды орнынан мұратжан дейтін ақын,
Таяулап жанына оның келдік жақын.
Қырда өскен қарапайым ол бір малшы,
Жырларған туған жерін, туған халқын.
Дейді ол: - қйнады ғой алпыс сегіз,
Бақ пен сор болады екен баста егіз.
Бейне мен секілдімін бір күйгелек,
Шал мініп серкеш баққан жалқау өгіз.
Жендеттер ұра берді жауап бер деп,
Көз жасым, маңдай терім бейне аққан сел.
Жүн сабаған тулақтай жұдырықтап,
Денемде жоқ тимеген теңгедей жер.
Маңдайым жерге тисе еңкейгенде,
Ашиды бел сынғандай сыздап қақсап.
Бейне бір ұрыны ұстап алғандай – ақ,
Еңкейтіп екі қолды мықтап байлап.
«Ит басыңнің мылжасын шығарам» деп,
Минутына жүз рет тұрды айғайлап.
Ол – олма иен үйге кіргізіп – ап,
Дейді сен жау адамсың ниетің жат.
Біреу жатыр қолыңды теріс бұрап,
Біреу тұр қылтаңнан бір теуіп қап.
Бірі келіп созғылап құлағыңды,
Біреу жатыр төбеңнен тоқинақ – ап.
Еңкейуің азғана болғандай – ақ,
Басыңа кигізеді ұзын қалпақ.
Жұмыр ағаш үстіне ырғаңдатып,
Аяғыңды қоймайды біраз талтақ.
Басыңа ауыздықтап салып ноқта,
Қыздырып жанып жатқан қызыл шоққа.
Тіліңді орамалмен жұла тартып,
Дейді ол : - сенің тобың барма жоқ па?
Дейсің сен: - ондай арам топ құрмадым,
Мейлің ат, мейлің боқта, мейлің сотта.
Шыныңды айтып шырылдайсың амал қанша,
Жендеттер шығарады бәрін жоққа.
Бір кезде тандырады ол тәнге ұрып,
Жығыласың ышқынып, есің шығып.
Денеңде дем алалмай ыңыранып,
Жаралы қойдай еткен қасқыр тиіп.
Сол бойы тұралмасаң қалдырады,
Кезекпен жендет тұрады аңдығалы.
Жаталмай тұра берсең сүйретіліп,
Жүрекке тағы теуіп тандырады.
Сен бір жан елге келген селебедей,
Қылтаңнан басқа дейін тебеді өрлей.
Сөткелеп күндіз – түні еңкейткенде,
Әр саусағың болады бөренедей.
Өтірік айтсаң ғана руқсат бар,
Жұдырық шыныңды айтсаң қаһар – заһар.
Айтам деп біраз алдап тыныс алсаң,
Екінші тағы оған боласың зар.
Қасқырдай жендет тобы қамап алған,
Шындық жоқ сұрағының бәрі жалған.
Басына іс түскеннен сорлы барма,
Сен үшін түзге отырып келуде арман.
Бұл зауал бәріңнің де бастарыңда,
Қара бұлт төнді бір кез аспаныңда.
Қашқанда, қуғандағы болды сұмдық,
Білмедік не жатқанын астарында.
Келеді енді міне анықталып,
Дұрыс та, бұрыстағы парықталып.
Айырмай ақ, қарасын адамдардың,
Лаң сап жүргендерді алдық танып.
Халыққа айту керек мұны анық,
Болады сондағана жүзің жарық.
Қорғаншақтай берудің қажеті жоқ,
Алған соң құшағына қолдап халық.
Қосынын иманғазы бастай берсін,
Әділдік жақта екенін халық көрсін.
Қажыбекке қаламды ұстатайық,
Қанды қасап жайында жазып берсін.
Деп ақын қара бише айтты нақтап,
Қол соқты отырғандар бірден жақтап.
Серпіліп орнымыздан көтерілдік,
Сәулесін септі баяу таңда аппақ.
***
Жаздым мен сұмдықтарын у мен людың,
У сойқы нәзім қандай әккі қудың.
Алаяқ қара қабан қара бүйі,
Қожасы болғандығын айқай шудың.
Көшірді әбусәлім жазғанымды,
Биян қытай екі тілде көшеге ілді.
«Ұлтшыл» деп бізге лаң салғандардың,
Көргенде биян қытайды аузы күйді.
Айғай шу – мұныменен басылмады,
Даңғаза, дақа, дұмбақ тарсылдады.
- Ер болсаң ел алдында айтыссақ деп,
Кей тобыр жағы тынбай арсылдады.
Жазғаным шымбайына батса керек,
Содырлар өз – өздерін ақтап әлек.
- Үйде отырып қаламын көсілткенше,
Неге ойын алдымызда айтпайды деп.
Бір тобы алдыға кеп шықсын – дейді,
Қолында тұрса факт жайсын дейді.
Ақтығын алдымызда айта алмаса,
Көпіртіп көп жазуды қойсын дейді.
Бармасам ауліккендер басынбайма,
Жөн санап өзінікін тасымайма?!
Мендағы тәуекелдеп атқа қондым,
Ақиқат осындайда танылмайма?!
Қолдады тағдырластар маған сеніп,
Көтерді қолтығымнан жігер беріп.
Мектепке кәдір біткен жиналыпты,
Қасқайып қарсы алдына келдім тұрып.
Бар еді ала қашпа молдағали,
Алдында бастықтардың жорға қали.
Асыра артық айтып сілтеуші еді,
Атанған сондықтанда ормағали.
Ұрандап ол айғайлап тынған тұста,
Базарбек дейтін шықты сөзге ұста.
Төндіріп, туындатып, бұрқыратып,
Сұрақты жаудырды – ай кеп, қысқа, нұсқа.
- Дүние өзгереме?
-Өзгереді,
Өзгергенін әуелі көз көреді.
- Көсемнің идеясы өзгереме?
-Осындай сұрағыңның керегі не?
Білмеймін қай мақсатпен айтып тұрсың,
Түбі жақсы болмайды – ау бұл өзіңе.
Мен мұнда фалсафа айтқалы келгенім жоқ,
Мың өліп, мың тірілдім өлгенім жоқ.
Оданда мынау жалған топты сұра,
Бірде адам шетел асып кеткені жоқ.
- Масқара! Бұл ойын ба? айғай шықты,
Шешенім қалды үнсіз, менен ықты.
Қалдым да мен жайына, ал и ауыз,
Молдакең базарбекті жерге тықты.
Жылыстап мен жайыма кете бардым,
Ішінде қалды базың ұлкен даудың.
Аяғы қол сілтеуге ұласқанда,
Тоқтады айғайымен жаң қытайдың.
Жаң қытай базарбекпен қырбай екен,
Бір мезет оған дүңше болған екен.
Сондағы айтқандарын бетке басып,
Бұл жолы оң жанбасқа алған екен.
- Мау болмаса жер шары айналмайма,
Дегені қайталанып келді алдына.
«Күн көсемді сайқы еткен қаскүнем» деп,
Айналдырды бір сәтте қылмыстыға.
Сорлыға сол жиында сойыл тиді,
Жүреме көпке өкпе басын иді.
Қалыңдап сар қалтасы күннен күнге,
Түрмеге түскеніне жаны күйді.
***
И ауыз тағы да сол молдағали,
Мұрнынан түтін шыққан моржағалы.
Кеңсеге кіріп келсе күн көсемнің,
Сүретін сызып жатыр оразғали.
Молдакең бейпіл ауыз былай депті:
- Мынауың дәл аумаған құдай – депті.
Қызыл, жасыл киінген көлбіретіп,
Қалмақтың келеңі ғой аумай – депті.
Бұл сөзді естіп ожың шошып кеткен,
Ыза боп өзін ақтап ісіп кепкен.
И ауызбен ақыры келісе алмай,
Есікті серпе жауып шығып кеткен.
Бардыда у шудыге арыз етті:
- Ісімді молдағали келеке етті.
Сүретін төрағаның сізіп едім,
Қалмақтың құдайы деп келеке етті.
Теңеді масқарағып келеңгеде,
Білмеймін оған сірә керегі не?
Әділін өзің айтшы лау уаң деді,
Қарадай нақақ іске күйемінбе.
- Түсіндім – деді атаман күдіктенбе,
Көкітіп қоя алмаймыз оны мүлде.
Алды да адам, ал артта жын секілді,
Екі беткей сұмырай ол бір делбе.
Ораз сұм міне осылай қамтып қалды,
Бір оқпен екі қоян атып алды.
Қосынан и ауызды қуып шығып,
Мойнына бұғалықты мықтап салды.
***
Екі топ келісе алмай айтыс қызды,
Шыбар тыл арадағы шырық бұзды.
Күдірге керкілдескен манаш түсіп,
Желпініп жекпе жекке қазым кірді.
Қорғайды өзін – өзі екі жақта,
Мақсаты, көз қарасы басқа – басқа.
Біреуі жау дегенді бірі қорғап,
Түседі сары қарын дау тартысқа.
Шақырды қарсы жағын диялогге,
Келейік сөзге десе жүреме өкпе.
Ыразақ дейтін жаяу шешен барды,
Шығарды оны маған жекпе – жекке.
Сөйледі ол ызаланып а, дегенде – ақ,
- Көзіңді аш ете алмайсың бізді мазақ.
Топ құрып шетел аспақ болғансыңдар,
Ереді деп артымыздан бүкіл қазақ.
Солардың алды бүгін сайрап жатыр,
Кейбірі райынан қайтып жатыр.
Доланды енді қорғап қала алмайсың,
Орнады басына оның заман ақыр.
- Тыңда сен лаңбайдың жас құдасы,
Суқұйттың у сойқының бас құдасы.
Бұл сөзді қай бетіңмен айтып тұрсың,
Табысқан ит суатта мас құдасы.
Айтқанын далабайдың шын деймісің,
Маңайын улағанын білмеймісің.
Ит қашан боқ жегенін қойып еді,
Әлде сен тірлігімді күндеймісің.
- Разақ тоқта жаным араласпа,
У сойқы иттің өзі қара қасқа.
Жас болдың сен білмейсің деп баймұқан,
Бұрды кеп даудың бетін басқа жаққа.
Қамы үшін бір басының әкесінде,
Сұмырай ұстап берді білесіңбе.
Күресте қызырбектің қолы сынды,
Айтшы сен ағасының күнәсі не?
Шын болса бастабында неге іркеді,
Әр жолы, әрбір түрлі күй шертеді.
Шаршаған сиыр құсап шашыратып,
Тышқақтап қысқан сайын іші өтеді.
Байымұқан қызыметтегі ұстазым еді,
Білгірде, білімді де ұстамды еді.
Шы жауда/1 лю атаманға жақпай қалып,
Қосыннан жазықсыздан қуылып еді.
1 шы жау – сотсилистік тәрбие
Бұл тұста өзін ұстап тұра алмады,
Күйеу деп разаққада қарамады.
- Шындаса шындық ақыр жеңеді деп,
Халықты бір өзіне баурап алды.
- Рас, рас деп, ел шу етті,
Айтыс бітті, осымен сөзде бітті.
Жол берді жұрт жарылып арасынан,
Менімен көп сандысы бірге кетті.
***
Бұл хабар ойға жетті, қырға жетті,
Түңлігін кигіз үйдің желпілдетті.
Малшылар ереуілдеп атқа қонды,
Олардан енді ешкім жоқ құдыретті.
Құлады құла тасқын таудан дүбір,
жатама қалашықта айғайға үйір.
У шуды, назымғанды қоршап алды,
Кеудеге симай барады жүрек құрғұр.
У шуды сасқанынан тонарға енді,
Енгенін аңдығандар бірден білді.
Суырып аяғынан алғанында,
Алапес, ала – құла жын көрінді.
Назымған көйлек киіп, жаулық тартып,
Қашқаны арда жаққа болды анық.
Қатын боп қаншалықты жасансада,
Тапсырды ұстап әкеп оны халық.
Назымған келе сала жылап кетті,
Жылағаны кей жанға ұнап кетті.
У шуды бәріне де мақұл болып,
Кергімей икімге тез көне кетті.
Мұны көрген жендеттер қатты састы,
Кейбірі қу медиян құмға қашты.
Қашқанымен шөлге түсіп маса талап,
Ол жерде пана болмай қайта қашты.
У шуды, назымғанның айтқанынан,
Доланға қастық ерте жоспарланған.
Ал лю хуй қыр соңына ерте түскен,
Бижіңге барған алғаш сапарынан.
Сонда айтқан долан сөзі әлі есімде,
Кек сақтап орай күткен күресуге.
Көзірғып, даулетқаннан пайдаланып,
Шаншу боп қадалмақшы сүбесіне.
Үргізді даулетқанды ит секілді,
Ал өзі көк бұқадай күнде өкірді.
Әкесімен ағасын аямаған,
Ұялмай жұрт алдында ол көкіді.
Ең жақынын сатқан соң кімді аясын,
Қараға тігіп берді долан басын.
Суайтқа даулетқанға ел кектенді,
Саудаға салғаннан соң қара басын.
Доланға шалма солай тасталғанды,
Лю хуйда соңғы айқасқа сайланғанда.
Бірақта жоғарыдан бұйрық түсіп,
Қайтты артқа, қарғысы оның дарымады.
***
Құм асып жалтарғандар келіп жатыр,
- Адасып кеттік – дейді біз бір пақыр.
Алдымен еңкілдеген оразғали,
- Шындықты айтамын – деп болды мақұл.
Сақтаушы сарқалтаны қорғаушы өзі,
Обалды, қате делоны әкеп берді.
Арамзаның құйрығы бірақ тұтам,
Бізгеде осы еді ең керегі.
Қара архив, қара ақпарлар қолға түсті,
Бұл күнде кім бар дейсің бізден күшті.
Оятып бұқараның ой, санасын,
Сәтімен жөнге салдық бұл жұмысты.
Қосынның қол басшысы иманғазы,
Ілесті оған сеніп жаспен кәрі.
У шуды, назымғанды сұраққа – ап,
Айқындап қылмыстарын жаздырады.
Ақ іске араша боп бізге ағылған,
Қуандым қорған болған тұлғалардан.
У шуды, назымғанның дияласын,
Бия қытай жоғарыға дайындаған.
***
Бір хабар сонда жетті аудан жақтан,
Бізгеде дайындапты қанды қақпан.
Бір ауылды қаратып алғанымыз,
Олардың шымбайына қатты батқан.
Құралды күшпен келіп басып алмақ,
Қолдағы мәтерилды тартып алмақ.
Алдын ала бір шара қолданбасақ,
Өкініш орны толмас сонда болмақ.
Кеңесіп шұғыл түрде кетпек болдым,
Күн, түн демей өлкеге жетпек болдым.
- Бар құжатты өзіммен бірге әкетемін,
Көпшілік недейсіңдер – деген едім.
Құптады көп бәріде мақұл десті,
Сақтану жайында ақыл, ой бөлісті.
- Биян қытайды ертіп ал, ес қатады,
Бар шығар танысыда, оның десті.
Түн қатып, күп даласын ендей өттік,
Таң ата уағдалы жерге жеттік.
Түң басқан машинаға түсіп алып,
Үрімжі қайдасың деп тартып кеттік.
Құтылдық аман – есен көз жаздырып,
Құбыны кесіп өттік, дала жым – жырт.
Қалаға қас қарая келіп кірдік,
Барады көз алдымда қала сырғып.
Қаптаған құмырсқадай қалың адам,
Адасып қалғандаймын қалым жаман.
Бірі ары, бірі бері тасынады,
Жерде жат, адамда жат бәрі маған.
Таң атты, гуң ан тиңге/1 жетіп кеппін,
Кіремін қай есіктен недемекпін?
Ауданадық сақшылардан қашып келіп,
Келеме енді өзімді тізерлеткім?
1 гуң ан тиң – өлкелік сақшы мекемесі.
Ойланып тұрғанымда қарсы алдымнан,
Қарашы кез болғанын жанашыр жан.
Қазезқан мені танып құшақтады,
Білемін ол екеміз бір ауылдан.
Қалаға оқу іздеп ерте кеткен,
Көздеген мақсатына қолы жеткен.
Хатшылық гуң ан тиңде істейді деп,
Айтатын туыстары келіп кеткен.
Қазезқан екемізді ертіп алды,
Қолайлы бір орыннан жатақ қалды.
Мән – жайды бастан ақыр ұғынған соң,
Ертеңгі іс қимылды жоспарлады.
Ертесі бия қытайды танысына,
Жібердік жағдайды айтып танысуға.
Қалған соң екеу ара сыр шертістік,
Көз жібердік жалпы істің барысына.
Мені ертіп бастығына алып кірді,
Жақсылап жағдайды оған таныстырды.
Сабырлы көпті көрген адам екен,
Сөзіме ыждағатпен құлақ түрді.
Ұсындым алып келген құжаттарды,
Асықпай мұқияттап парақтады.
У шуды, назымғанның мойындауын,
Үңіліп ой көзімен сараптады.
- Келер апта басында келіңіз деп,
Бұрылды маған қарап күлімсіреп.
Жойылды көңілдегі көп күдігім,
Кеңседен шықтым солай сенімдірек.
Қисынын келтіргені – ай құдыреттің,
Асыға күткен күнге менде жеттім.
«Ұқығы бұқараның шектелмесін»,
Дейтін хат тиді қолға үкіметтің.
Биян қытайды іздедім асығыста,
Ақыры көзім жетті табалмасқа.
Алғысты қазезқанға жаудырдым да,
Сол күні – ақ тартып кеттім ауыл жаққа.
Почтаға мен кеткен соң қазез барған,
Арт жаққа телеграмманы тездеп салған.
Хабарға қуанышты мәз – мәйрам боп,
Бірде бір жан қалмаған қуанбаған.
Он жігіт мені ауданнан тосып алды,
Тобына алақайлап қосып алды.
Хабарым алдын ала жеткен екен,
Бастығы у жаңбудың/1 қарсы алды.
1 У жаңбу – аудандық құралды бөлім
Ұсындым өлке хатын салтанатпен,
Оқыды талып бужаң ыждағатпен.
Жұмсарып көз қарасы бұрынғыдан,
Шығарып қойды бізді қошаметпен.
Оралдық жеңіспен біз шалқып тасып,
Тамаша күйге еніп, әнге басып.
Сағынып достарымда қалған екен,
Қарсы алды ауылдастар құшақ ашып.
Төңкерістік көмитет құрылды ауылыма,
Сезілді жаңалық боп бұл қауымға.
Бөлінген екі топқа жұрт ішінен,
Сайланды екі бастық бұл ұйымға.
Сайландым біріне мен ырықты боп,
Көздеген мақсатыма жеткен дей боп.
Сойылын сойқаншылдың көп көргендер,
Жұмылды жұдырықтай бірлікке кеп.
Жұмыста өз жайымен жүріп жатты,
Қыс қайтып көктем мен жаз келе жатты.
Дегенше ес жидықпа тағы міне,
Құтырып қара құйын соқты қатты.
Төңкерістік көмитет құлап қалды,
Әскери көмитет кеп орнап қалды.
Қызыл жеңдік тағынған қарулылар,
Бастады тағылықпен қиратқанды.
- Қосынбыз – дейді олар – теңдесі жоқ,
Өз алдына үкімет, өздері сот.
- Дело аударған, шетпенен астасқан деп,
Әкетті мені сүйреп тағы бір топ.
«Іште тұрып шетелмен астасқан» деп,
«Партия – үкіметпен қастасқан» деп.
«Жоғарымен достасып, төменді алдап»,
«Жын – шайтан бұзықтармен достасқан» деп.
Басыма бар пәлені үйіп жатыр,
Шеттерінен пәлеқор бәрі батыр.
Айтқанынан айғайы басым болып,
Орнатты тағы қайта заман ақыр.
Кешегі жағдай бүгін кілт өзгерді,
У шуды назымғанның десі өрледі.
- Әскери басқарудан пайдаланып,
Салайық бұзықтарды тезге – деді.
Алдымен доланшылдар тазалансын,
Бастаған атамандар жазалансын.
Қайтадан мәтериял тұрғызамыз,
Хатшылар қолдарына қалам алсын.
Деп жарлық оңды – солды шашып жатыр,
Аспаққа жау дегенің асып жатыр.
Сұмдықты перде артында сайлаған - деп,
«Қылмысымды» хат – шоттап жазып жатыр.
Долан жатыр толының түрмесінде,
Меніде әкеп қондырды іргесіне.
Мырза қамақ әзірше болғанымен,
Түрім бар жататыным түрмесіне.
Ауылдан хабар – ошар келіп тұрады,
Болмайды қайтаратын жауап бірақ.
Баяндап қалай ғана дәлелдерсің,
Алдыңда болмаған соң тыңдар құлақ.
Ауылда барғой шіркін талай жақсы,
Жанына азық еткен ақиқатты.
Соның бірі ақатай дейтін кісі,
Ұсталғаны жаныма қатты батты.
Ой ағысы ақ құсым,
Жіберейін еркіңе.
Назағайға айналды,
Өмірдің кір өртіне.
Тау тұрсада жарып өт,
Апырып та жапырып.
Өмір өзен қайнаған,
Көрген қызық сапырып.
Туындасын ойдан ой,
Төлшең саулық секілді.
Тоғытылып толқынға,
Шыңда жігер еркеіңді.
Шыңыраудан алып шық,
Жасымасын махаббат.
Құдыретін көрсетсін,
Біздің ұлы ақиқат.
Естиінші жел тұрған,
Қанатыңның қағысын.
Алты қырдың астынан,
Саңқылдасын дауысың.
Ой ағысым үңіл сен,
Геройым менің емес жай.
Аты көпке әйгілі,
Ол «тоңмойын» ақатай.
Әкесі оның сатирик,
Тілі балға сақаба.
Өткір қанжар сияқты,
Жарып тастар айқасса.
Үш аймақтың/1 тұсында,
Ақыл айтып сол әке.
- Туған жерді қорға – деп,
Берген оны әскерге.
Жирмаға толмаған,
Мұрт шықпаған жалын жас.
Қазақтан шыққан таңдаулы,
Болды алғашқы қарлығаш.
Ақ иық қыран секілді,
Тез танылды біздің сер.
Ротаны басқарды,
Алмас жүзді овисцер.
Маңдайында бес жұлдыз,
Иығында қос пагон.
Көңілі көл – дәрия,
Қуанышы бір вагон.
Қасы оның керемет,
Қою әрі қап – қара.
Ақша жүзі ұқсайды,
Балық бауыр ақтанға.
Орта бойлы шып – шымыр,
Бұлшық еті бұлтылдап.
Шұңірейген отты көз,
Бұйрығы оның өтімді – ақ.
«Қасен менен жәмила»,
Киносы алғаш шыққанда,
Қосын бастап сап түзеп,
Салтанатпен жүрді алда.
Ротаның айбынын аит,
Асқақтаған рухын аит.
Ер ақаңның ізгі ісі,
Қанша айтсада таусылмайды.
Бақытының ішінде,
Соры оның жатыпты – ау.
Бәлеқор мен жалақор,
Тасадан тас атыпты – ау.
Біз толыда жатқанда,
Аласұрып ақпанда.
Ақаңдыда сайқалдар,
Түсіріпті қақпанға.
Бірі депті «ұқықты»,
Бірі депті «жын – шайтан».
Бірі депті «кер тартпа»,
Бірі депті «топ құрған».
Оған жапқан жала азба,
Қардай жауған қалпақтар.
Шындықты айтар жан шықпай,
Қоян болды қорқақтар.
Адамдардың үріккені,
Мұндай жаман боларма?!
Шыбын жанын сақтайтын,
Жер таппады қоярға.
Жақынынан жау шықты,
Жағасына жармасты.
Сырт айналды адамдар,
Ақ пен қара алмасты.
Бәле басы көбейген,
Бір бармағы бүгілген.
Бүгінгі дос ертең жау,
Елдің іші бүлінген.
Жаман екен қорыққан,
Жаман екен торыққан.
Шығар жолы бітеліп,
Тар қапасқа жолыққан.
Пайдаланып оларды,
Содырлармен сойқандар.
Көлегейлеп көздерін,
Алдап соқты сайқалдар.
«Ажа» да жоқ, «қожа» да,
Елірді қандай адамдар.
Бас – басына би болған,
Кедей – кепшік надандар.
Қырда жүрген сақаңа,
Суық хабар жетті тез.
Желпілдеткен түңлігін,
Отыз тістен шыққан сөз.
- Көрейін - деп ұлымды,
Ертеменен қонды атқа.
Ұрда, жықтың қазаны,
Қайнап жатты күп жақта.
Көресіме, тағдырыма,
Көрді ұлын күпте екен.
Оны салып алдына,
Бір топ содыр жүр екен.
- Үзінді аит – деп сақаңа,
Қойған бірі сұрағын.
- Әкесімін сайтанның,
Айталмаймын ол жағын.
Деген сақаң жай ғана,
Қалған олар аңырып.
- Сенің ұлың тоң мойын,
Деген тағы абынып.
- Оның рас қарағым,
Туып еді қаңтарда,
Сөз тапқанға қолқа жоқ,
Деген осы – ау, ой тәубә!
***
Көресіні көрседе долан аға,
Биіктеп қала берді ар алдында.
Екірет «атылсын» деп үкім кесіп,
Екірет жолдады ғой жоғарыға.
Ғажап – ай, үшінрет ұсынғанда,
Қарашы кез болғанын тосын жайға.
- Лин бияу өндірқанда өлді деген,
Жетті ақпар радиодан біздің жайға.
Теңіздей толқып халық тұра алмады.
Өлілер қабырдағы бір аунады.
Тірілер көргілігін көп көргендер,
Бірі тұрып, бірі отырып жүре алмады.
Атаман бұл хабарға қатты састы,
Жендеттер бетін басып тұра қашты.
Бостандық дәмін алғаш сезінгендер,
Қуанып бірін – бірі құттықтасты.
Алақай, дейді халық ашылды аспан,
Табысып әке, бала мауқын басқан.
Маужырап тәбиғатта сала берді,
Бұлақтар тай, құлындай жамырасқан.
5 бөлім
Дарымаған қарғыс
Болсада еркіңнен тыс өмір деген,
Үмітін үзбейді екен көңіл деген.
Қарғыс та дарымаған ісі аққа,
Алланың құдыретіне басымды ием.
Дүниені дүр сілкінтіп дірілдеткен,
Мәдениет дауылыда басылды еппен.
Сүйекті еттен өтіп қапқан ызғар,
Еріді, беті қайтты жылымықпен.
Ақталды ер азамат жапа шеккен,
Салтанат құрды әділет болып көктем.
Оралып жыл құсындай би бужаңда/1,
Еңсесі көтеріліп елге жеткен.
1 би бужаң – сауан аудандық құралдық бөлім бастығы.
Арысын ел қуанып құттықтады,
Көтеріп мәртебесін ұлықтады.
Халықтың құшағынан ыстық не бар,
Қауышты алыспенен жуықтағы.
Құттықтап елубайда би ағасын,
Дарытпай бойға қарғыс ағарғасын.
Қуаныш жасы тамды көздерінен,
Қайтсын – ай, ұзақ көрмей сағынғасын.
Бимолла дейді – бауырсыннан өттің,
Көңілінен шықтың мынау қалың көптің.
Ақиқат иілгенмен сынбайды екен,
Шындықтың жеңетінін бір көрсеттің.
Алыста жүрсем дағы болдым үндес,
Сезіндім жүрегіммен болдым тілдес.
Үмітпенен сенімің екі жақтап,
Алып шыққан ерлігің құпия емес.
Жаланы дарытпадың батырлығың,
Қинауға төзе білдің батылдығың.
Ақиқат ақ жолынан айнымаған,
Бұл мінез тек саған тән ақылды інім.
- Би аға сенде көрдің көргілікті,
Күншілдер күндестерің жеткілікті.
Ылайық овисцерге тән мінезбен,
Естідік көрсетті деп тектілікті.
- Деме олай, ал біздікі көрген бас қой,
Бәріне бар мен жоқтың көнген бас қой.
Білемін сендерге тым қйын болды,
Пыспаған сендердікі шикі бас қой.
Ағаңа бүгін інім шыныңды айтшы,
Қинауға төздің қалай сырыңды айтшы.
Бар екен қыр арқаңда қанды естелік,
Жасырмай енді оның жайын айтшы.
Елубай аға алдында шынға көшті,
Киімін үстіндегі түгел шешті.
Жауырын ортасынан көрінді ғой,
«Е» таңба мөр сияқты көзге түсті.
Темірді қыздырп ап басыпты сұм,
Өзінше еткені ғой жігерді құм.
Би молла сылап – сипап сүйіп алды,
- Бұл таңба – дейді ескерткіш, ерлік ұғым.
Көремін бұл таңбадан ғаламатты,
Қорғаған ардай аппақ ақиқатты.
Өлтіре өтірікке соққы берген,
Көремін досқа адал махаббатты.
Деді де елубайға би ағасы,
Айтайын бір хикая, ал тыңдашы.
Пайғампар мөрі жайлы аңыз еді,
Шындықты, аңызды да білген жақсы.
Сүйтті де, бастап кетті әңгімесін,
Құмартып аңызынан бал емесің.
Жақсының езуінен енші алып,
Қаламым меніңдағы ал жөнелсін.
Алланың елшісі,
Мұхаммед пайғампар,
Пәниден бақиға
Аттанар кезінде.
Жақынын,
Жиып – ап достарын,
Айтатын сөзім бар –
Сіздерге демейме.
Жиналған сақаба,
Қаумалап халайық,
Өсиетін тыңдауға –
Ынтыға қарайды.
Сабырлы қалпымен,
Әр сөзін салмақтап,
Ұйыған халқына –
Пайғампар арнайды.
- Мен де бір алланың,
Құлымын жарандар.
Уахиын,
Әмірін –
Жеткіздім өзімше.
Артық,
Кем,
Ағатым,
Болса егер кешіңдер.
Санада сақталса,
Айтыңдар көзімше.
- Уа, алланың елшісі
Зәредей кінәң жоқ,
Сіздей пәк дана жоқ.
Елжіреп елім деп,
Келдіңіз пана боп.
Үмбетің өзіңе сенеді,
Расул тілекті қабыл ет.
Сол сәтте ортаға,
Шықты бір сахаба.
- Алланың елшісі
Назым бар,
Ал тыңда!
Сіз ұрған қамшының
Ізі бар арқамда.
Қарыз боп кетпесін,
Дәл қазыр қайтар ә.
Бұл сөзге тіксініп,
Қалды жұрт қайран боп.
Әлгіге шүйлікті,
Ойлары ойран боп.
Біреулер кіжінді
Біреулер қызынды.
Өрт шалып кеткендей,
Өңдері бұзылды.
Бірақта әлгі жан,
Қайтпады сөзінен.
Өтірік айтсам мен,
Сұра деп өзінен.
Сабырмен пайғампар,
Сабырға шақырды.
Бұл сөздің күтті артын,
Үйткені бұл адам –
Өзіне ең жақын,
Жанашыр жан еді.
Адалдық,
Адамдық –
Қасиеті бар еді.
Не қйын сәттерде
Жанынан табылған.
Ойланат ішінен –
Бұл қалай жаңылған?
Ал міне дүбінді
Сілтідей тұнып жұрт.
Қайтпады ойынан,
Мізбақпай әлгі «қырт».
Жалынды,
Жалбарды,
Жібіте алмады.
Сөзі өтпей жақсылар,
Қапа боп қорланды.
Амалы таусылып,
Көбі оған жығылды.
Тізерлеп,
Еңбектеп,
Бас ұрып жүгінді.
- Бір жолға кешір – деп,
Ол үшін бізді ұр деп -
Арқасын төседі.
Тығырықтан шығудың
Жолыда осы еді.
Бірақ та қаймығып,
Кешірім етпеді.
- Тек қана пайғампар
Біледі деп өкпемді.
Иілмей қасарып,
Сөзінде тұрды нық.
Ақыры пайғампар
Көрсетті ұлылық.
Еңкейіп жейдесін,
Үстінен спырды.
Жарық етті денесі,
Жотасын ұсынды.
Жауырын тұсында
Бар екен ғажап мөр.
Ғажайып мұғжиза,
Керемет осы дер.
Мөрі тұр нұр шашып,
Ақ сазан,
Уыз ет.
Жасаған ием – ай
Бұл неткен хикімет.
Әлгі жан құшақтап,
Мөрді кеп сүймейме?
Арманым осы еді,
Көп күткен демейме.
Қуаныш жасы оның,
Жанардан жосыған.
Пайғампар құшақтап,
Сипады басынан.
Қуанған сақаба
Еліне бүй дейді:
- Бұл мөрді көрген жан
Тозаққа күймейді
Жүректе сақталған
Жан сырым еді бұл.
Мезгілі жеткенде,
Осылай ашты гүл!.
Пайғампар заманынан қалған мұра,
Би аға айтқанына болдым куә.
Назар сап ой көзімен үңілгенге,
Тәрих тұнып тұрған жатыр мұнда.
«Е» таңба жарқыраған нұр емеспе,
Ерліктің белгісі,
Әрі өзі емеспе?!
Бір дәуірдің шежіре, хикаяты –
Тәрихтың қалған ізі,
Көзі емеспе?!
Шыдаған қарысада уыз етін,
Қарашы елекеңнің хикіметін.
Жанымен, тәніменен, өр рухымен,
Қайтарған жамандықтың сүйтіп бетін.
Тамшыдан күннің нұрын көрген қандай,
Шындыққа шын жүректен сенген қандай.
Жақсының жақсылығын айту керек,
Таңдайда дәмі қалар шекер балдай.
Содырлар кілті барда сүлей еді,
Кілтінен айырылған соң сүмірейді.
Екенғой бір мезгілдік бәрі дағы,
Жер шары айналды да көктем келді.
Бірде көл, ал бірде шөл өмір деген,
Бұлттанар, бірде ашылар көңіл деген.
Тұратын бір қалыпта не бар дейсің,
Бір де аш, ал бірде тоқ пенде деген.
Жоғары қателікті түзей білген,
Бұрысты тұқыр жұтып дұрыс жеңген.
Аласарып аспанда үмітшілге,
Ақиқат әйгіленген, жеңе білген.
Басылды дауыл тынып бұрқасында,
Оңалды ел дұрыс бағыт арқасында.
Жазықсыз жазаланып кеткен жандар,
Оралды жыл құсындай ортасына.
Қате дело, жалған дело, обалды дело,
Орнып қызыл жалын шоқта жанды.
Қолдары қызыл қанға боялғандар,
Ұшырап не болдым ға ноқталанды.
***
Бір кезде жары өліп кеткен есе,
Жаңылған арызданып жүр белсене.
Не үкім, не тұрғызған дело жоқ,
Тоздырды табанынан талай кеңсе.
- Күте тұр, айтатыны жалғыз жауап,
Жас ана көңілі түсіп жүр ойсырап.
- Тірілер тіршілігін істеп жатыр,
Қайда? – деп өлілерге обал сауап.
Ақыры жалғыздығы білінді анық,
Жанына қабылқайын ертіп алып.
Туған жер, туған елім қайдасың деп,
Күпті өрлеп, қалайыға кетті тартып.
Қарсы алды мылтай шығып үй алдына,
Көне көз ондай білгір адам қайда?!
Көргенде жанашырын аңыратып,
Жаңылған қоя берді ағажайға.
Мұң зарын қасіретін шағып жатыр,
Көл болып көзінен жас ағып жатыр.
- Қоя ғой, қоя ғой деп қарағым дап,
Көңілін мікең аулап тауып жатыр.
Үй іші адамдарға толып кетті,
Естіген ауылдастар түгел жетті.
Өлгенге көіл айтып ұлкен – кіші,
Жетуін жақсы күнге тілек етті.
- Жаңылған жылай берме – деді мікең,
Бүгілме мықтап буын белді бекем.
Шыдаған жаның тағы шыдай түссін,
Бақтағы сабырлыға қонады екен.
Кім түгел жүр ғой дейсің кем дүние,
Сенейік келеді деп бір жүйеге.
Оңай гөр деп тілейік жасағаннан,
Жаратқан жарылқаушым жаппар ие.
Бітпеген бұл жұмысты тапсыр бізге,
Болашақ үмітіңнен күдер үзбе.
Қйналып қалар қалған балапандар,
Қайтып кет аялдамай үйлеріңе.
Жақында жақсы қайның келді ақталып,
Жасардым бір қуанып бір шаттанып.
Ежелден рекеңнің жоқшысы ғой,
Бұл істің соңын соған тапсыралық.
Көңілі жаңылғанның жайланды да,
Үмітпен алғы күнге қарады да.
Ертесі келген ізбен қайтып кетті,
Білдіріп разылығын ағайынға.
***
Мұң – зары жаңылғанның ой салды елге,
Мұндайда жатама ер қарап жерге.
Намысын қайрақ етіп манаш, қазым,
Іздеп кеп мені дағы тартты сөзге.
- Қажеке – дейді қазым құлағыңды сал,
Қашанда бұраудың да сұрауы бар.
Бізді мікең жіберді сәлем айтып,
Ерді іздемеу еліне намыс болар.
- Солай деді манаш та қызбаланып,
Жаталмадық бізде үйде ұйқы қанып.
Көп адам боп кірейік үкіметке,
Қайтпайық алмайынша жауап анық.
Мікеңнің келгендігін менде айттым,
- Кісі ғой біле тұғын сөздің нарқын.
Сөз болса тілді, жақты қазымға бер,
Манаш бар күшке келсе – дейді қартың.
Сендерге риза екен кеңесейік,
Күшпен емес ақылмен теңесейік.
Ақылы даналардың үш кісілік,
Деген ғой екеуіңе менде серік.
Заң, закон бұрынғыдай емес басқа,
Кімде – кім жүгіне алады әділ сотқа.
Арызды жоғарыға жазып қойдым,
Ұзартпай әрі қысқа, әрі нұсқа.
- Келістік ондай болса – деді қазым,
Ішкі ойын, ішкі сырын айтып назын.
- Бұл іске мылтай басшы, біздер қосшы,
Қатырам – деді манаш арғы жағын.
Алдымыз ауыл барды, аудан барды,
Жетпеген айтылмаған сөз қалмады.
- Дело тұрмаған – деп артқа тартқан,
Созылған бұл сұмдыққа жұрт таңғалды.
Ақыры күл астында қалған ұждан,
Құр аттай дүр сілкініп тұрды орнынан.
Арызды қайта қарап заң органы,
Ақтауға рақымбайды қаулы алынған.
***
Жйналған май қабаққа халық нөпір,
Біреу қорқып, ал біреу толқып отыр.
Қаулысын жариялап жоғарының,
Мінбеде нұрахымет әкім отыр.
- Рахымбай халықтың қалаулысы,
Кәдірі үкіметтің аяулысы.
Елінің жүрегінде сақталады,
Еңбегі, өнегесі, өрелі ісі.
Әрине өлімінде жұмбақ сыр бар,
Сабырға келіңіздер, ол да ашылар.
Құйрығы арамзаның бірақ тұтам,
Сазайын тартады әлі – ақ сұрқиялар.
Өлмейді рахымбай халық барда,
Қашанда халық күә, халық дана.
Қашанда бірлік керек, тірлік керек,
Жалғайды ізгі ісін ұрпақ алға.
Деді әкім – бармаңдар – деп әрекеге,
Шақырды елді бірлік беркеге.
Еске алып рекеңнің ерлік рухын,
Оқыдым менде арнау дүйім елге.
Бас қосты рекеңнің туыстары,
Жйналды алыс – жақын, жуықтағы.
Жаңылған ақ бүркеніп дауыс айтып,
Егілді қоса онымен жаспен кәрі.
Жаңылғанның жоқтауы
Қайран менің жан – жарым,
Ішіңде кетті – арманың.
Қоштаса алмай өзіңмен,
Артыңда сорлап қалғаным.
Өлімге қияр ер ме едің,
Қиянға құлаш сермедің.
Болат топшы қырандай,
Тас қияға өрледің.
Елім дейтін елгезек,
Егей ердің бірі едің.
Арыңа дақ салмадың,
Намысыңды бермедің.
Дамнен жаяу келгенің,
Аттыдан қалмай желгенің.
Жендеттердің қолынан,
Ер өліммен өлгенің.
Есімнен мәңгі кетерме,
Зарың көпке жетерме?
Кегіңді сенің ала алмай,
Өмірден өксіп өтем бе?
Жендеттер ұрып қйнады – ау,
Тақымға салып қылбырау.
Басыңды сүйер жаныңда,
Бір жақының болмады – ау.
Түн жастанып сұрады – ау,
Көзден таса қйнады – ау.
Бір жанкүйер болса егер,
Тағдырың былай болмас – ау.
Ауырыпта жатпадың,
Қолымнан сусын татпадың.
Өкінішің өмірлік,
Қабырғам менің сөгіліп.
Арылмады – ау батпан мұң.
Деп солай егілгенде, төгілгенде,
Немере қарындасы жақандағы.
Былай деп мұңмен зарын шақты еліне.
Жақанның жоқтауы
Қайран сабаз ағам – ай,
Алтындаған жағам – ай.
Тауып берші ағайын,
Қанды шелек залымды – ай.
Ақыл айтып отырсың,
Сөзіңде тұр әкім – ай.
Ішім күйіп барады,
Ем тауып бер халқым – ай.
Қазада қаза бар шығар,
Бұл қазаның ауыры – ай.
Өзіңе сеніп отырмын,
Ағайын, туыс, бауыр – ай.
Шаңырағым шайқалып,
Орнады заман ақыр – ай.
Көзқырыңды сал жетімге,
Құлады асқар тауым – ай.
Екеуінің зарлы үні дүйім елді,
Қайыстырды, босатты жан – жүйені.
Аспанда алай – дүлей болып кетті,
Күн күркіреп, ақ жаңбыр сіркіреді.
Ақыл айтты ұлкендер тоқтау сала,
Құран қатым түсірді шегір молда.
Алғаш шығып мылтайда алғыс айтты,
Ел жұртқа, жақсы мынау заманаға.
***
Күн күлді, ашылды аспан, әлем жарық,
Оңалды ел көзі ашылып, бағы жанып.
Солардың қатарында ер мамайда,
Мәдідей шықты даңқы жерді жарып.
Ашық айту жйында,
Сөйлеп кетті ер мамай.
Ұшқын атып көзінен,
Ойнады жасын назағай.
Шытқа түйген тісін ап,
Үстелге әкеп жайғанда.
Кемсеп қағып иегі,
Ұлкен – кіші жылады – ай.
Қолы сынған шор болып,
Аяқ кеткен қор болып.
Геморойы асқынған,
Ұзақ жылдар сор болып.
Үйі жоқтың күйі жоқ,
Көрінгенге түрткі боп.
Мың тіріліп, мың өліп,
Жатты солай соққы жеп.
Қанатынан қайырылды,
Қосағынан айырылды.
Балалар аш, үй суық,
Қабырғасы майырылды.
Жйырма жылдық азаппен,
Мазақ пенен тозақпен.
Өткізді, әрі айқасты,
Өлім дейтін кәззаппен.
Қырын қарап күйкі өмір,
Өтті әр күні қайғымен.
Алысты да, жұлысты,
Адам тектес маймылмен.
Талаптының алдында,
Тауда аласа екен ғой.
Жүрегі ұлкен адамның,
Ойыда ұлкен екен ғой.
Соның бәрі ақыры,
Жеңіп шықты ер мамай.
Үміткерлік рухы,
Көтерді көкке ғажап –ай.
Енді міне ағарып,
Ортамызда күліп тұр.
Төбесінен алтын күн,
Шұғыласын төгіп тұр.
Жйыннан мамай солай тасып қайтты,
Шоқтығы бәріненде асып қайтты.
Содырлар ел алдында күлбеттеніп,
Бастарын көтере алмай жасып қайтты.
Мамайға құшақ жайды ауылдастар,
Көтерді төбесіне бауырластар.
Ақсарбас айтып шалып ұрпақтары,
Аталап құрақ ұшты жалын жастар.
Ат мінді ауы толып алшаң басқан,
Алдына ап немересін мауқын басқан.
Күншілдер күле алмай күлбеттеніп,
Алдынан қарсы келмей тайқй қашқан.
Қолға алды мамай қайта өз тірлігін,
Көрсетті өнердегі ірілігін.
Тамыршыда, сынықшы, емкөс екен,
Дәлелдеді ісімен білгірлігін.
Білінді еместігі жай бір адам,
Халқына бола білді пайдалы адам.
Атылып шықты қайта жер бетіне,
Көрінбей көп сақталған саналы ұждан.
Уақыт бәріндағы жөндейді екен,
Ажалы келмей адам өлмейді екен.
Басқаға қазаған орға өзі құлап,
Түбінде сұрқиялар сорлайды екен.
Солардың бірі шыбар қозып өлді,
Жиялмай қызыл тілін созып өлді.
Тоқтамай екі қолы алма кезек,
Өз бетін, өз кеудесін соғып өлді.
Ал сойқан тамақ өтпей, шөлі қанбай,
Құрысып, бір уыс боп тозып өлді.
Алдында жалпақ жұрттың масқара боп,
Дөйдала не болғанын сезіп өлді.
***
Тағына қайта отырды долан әкім,
Тапқандай қуанды жұрт жерден алтын.
Қашанда елім деген еңселі ғой,
Аттанды тағы еңбекке бастап халқын.
Басына қызыл жалдың түсті шатыр,
Тамаша сабасына түскен ақыл.
Дөңдерді қақпа қыл ғып қолда ойнатып,
Қайысқан мол күш кетіп бара жатыр.
Қарттары бар, бұл майданда жастарда бар,
Ер, әйел еңбек еткен тең бара бар.
Сөйлесе ғылым жайын жас мамандар,
Басшы айтып, ақыл қосты қариялар.
Желпиді ту қанатын самал желі,
Жоспарлы іс қарқыны үдемелі.
Кертіліп кедергілер қопарылып,
Кесілді талай – талай кезең белі.
Өкілдей қан тамырға қойған кілең,
Кетеді болат бұрғы бойлап терең.
Жарылып жатыр құлап тасты алқап,
Білтелі, дәрі, пестон зіркілінен.
Кешегі жүн тоспаға бүгін басқа,
Орнады таңға жайып тастан тоспа.
Елімнің егейлері міне осындай,
Тер төкпей қол созбаған тегін асқа.
Көрсеңдер су қойманың тамашасын,
Қыздардың жүгіндей ғып жйған тасын.
Қазақтың сырмағындай оюлаған,
Гүлдерін, өрнектерін ұнатасың.
Ерлердің еңбегінің символындай,
Кең шалқар теңіздің мол айдынындай.
Аңғарын екі таудың көл кернеген,
Шайқалып шарасынан толқйды ұдай.
Айналды егін жайға күп алқабы,
Жел тербеп, дән сабағы ырғақтады.
Мөлдір су күн нұрымен шағылысып,
Төсінде сар даланың бұрқақтады.
Жер қандай сүт бұлағын ағызғандай,
Төсіне гүл моншағын тағынғандай.
Қаулаған алтын астық көз тартады,
Аузыңа салар болсаң дәмі балдай.
Тақталы атыз қандай өлшемге сай,
Жол қандай, атқан оқтай, тартқан сымдай.
Қарағаш, жидек, терек, тал, үйеңкі,
Жайқалып келеді өсіп жас баладай.
Үй қандай, қала қандай, сәні қандай,
Жұлдыздан алқа моншақ тағынғандай.
Ретті қатар түскен құрлыстар,
Көзіңнің жауын алар шағаладай.
Машине, матоор қандай дүрілдеген,
Тарпаңын тәбиғаттың жүгіндірген.
Стансия төк таратып, сам жамырап,
Зіркілдеп станоктар темір жеген.
Құрылған егіншілік тораптары,
Зерттейді тәжирбие – сабақтарды.
Бидайдың жаңа сортын талдап алып,
Өткізді талай ғылыми сынақтарды.
Жемісін оның бүгін көз көргенде,
Сөйлейміз мұрт ширатып сөз келгенде.
Қол жеткен бәрінеде еңбекпенен,
Еңбексіз мешеу жағдай өзгергенбе?
Соқсада солақай жел оңмен солдан,
Тайдырып кете алмады дұрыс жолдан.
Ақ жолы әділеттің өміршең боп,
Жеңіске жетті шындық бұл бір майдан.
Күнбағыс күнге ашылды күле қарап,
Күннен де күміс кірпік сәуле тарап.
Тұнық су, таза ауа күп даласын,
Бөледі жаңа түске бір ғаламат.
Гүл өнбес бүгін болды көктем шұақ,
Күннен жер сияқты бір алған құат.
Қашанда елім деген еңселі ғой,
Доланда елін бастап қақты қанат.
Қарғысы жендеттердің дарымаған,
Ер долан тегі асыл аңыз адам.
Аңыз болу тектіге жарасады,
Маңдайына тексіздің жазылмаған.
6 бөлім
Тартылған томаға
Өмір ошақ шоғына,
Сан қақталған төстікпін.
Жирмада дауылға,
Ашып кеуде тосыппын.
Жирма бесте басқаның,
Жоғын жоқтап қасқардым.
Ашылып ой аспаным,
Келелі істі басқардым.
Отыз жаста ойрандап,
Он жыл бүктеп иледі.
Жиікке шықтым қайрандап,
Мағанда сөйлер күй келді.
Отызбесте ордама,
Шындық жеңіп оралдым.
Ие болдым қолдауға,
Ұсынды ел төр алдын.
Бөлінбеген солардан көпшіл басым,
Сағындым ғой сағындым кәрі – жасын.
Тауға барып келейін, тауға барып,
Таудай болып көңілім бір жасарсын.
Дедім де атқа қондым асығыстау,
Есіме түсіп бірден қара қыстау.
Онда бар ата, әже, аға, жеңге,
Әзілі жарасымды кей жастау.
Кешірімді халқым – ай, өзім деген,
Әр белдеуден ат басы үзілмеген.
Бірі кетіп жатады бірі келіп,
Әр жан ұя бір базар дүрілдеген.
Сен өзің онда барсаң зерікпейсің,
Шалғынға бір аунаған көліктейсің.
Сай – сайдан құйылады хабар ошар,
Бәрінде қызықтайсың, еліктейсің.
Тауға барып келейін, тауға барып,
Төрт дауалдан не таптым жатып алып.
Әрі ақылшы, қамқоршы өзім деген,
Бар онда малшы, егінші батыр халық.
Өмірімнің көбі өткен ортасында,
Бірге болдым солармен бұрқасында.
Жамандыққа қимайтын тентектер бар,
Өз қолыңды сен өзің қырқасыңба.
Бостандыққа шыққан соң соны ойладым,
Жақсыныда, жаманды тең ойладым.
Мені күтіп сағына келеді деп,
Шақырған ұлкен – кіші жанды ойладым.
Тамаша бар еді ғой жеңгелерім,
Оларды мен анамнан кем көрмедім.
Бірі бал, бірі шекер, бірі тұздық,
Тартымды бір әзілкеш білгірлерім.
Сыртымнан тілеуімді тілейтұғын,
Ыстықпен суығыма күйетұғын.
Үйіне бара қалсам мәз болатын,
Алдыма бәрін әкеп үйетұғын.
«Төрем» деп төредейін күте тұғын,
«Біздің ұл» келдіме деп жете тұғын.
Әспеттеп еркелетіп ат қоятын,
Жалғыздың жайын өзі – ақ білетұғын.
Солар ғой баурап алған ізгі ісімен,
Келін боп тастай батып, судай сіңген.
Соңынан балапанын ерткен қаздай,
Тамаша ұл өсірген, қыз өсірген.
Ұйтқысы ағалардың солар екен,
Бет алдым қара кірге туып өскекн.
«Бір келіп қайтсаңшы» деп қайта – қайта,
Хат жазған бауырлар бар көптен күткен.
Қаракір айтса айтқандай қазылы жер,
Алады май ағызып азығын ел.
Көгіне көңіліңнің көз жетеме,
Дәптердей жазылмаған жазығын көр.
Қарасаң таулар анау аңқылдаған,
Құс ұшып аңғарынан саңқылдаған.
Тәрихты дөңгелентіп әкеледі,
Сыр шертіп отырғандай ақын бабаң.
Нар қамыс жиегінде өлең қияқ,
Ұнаған бұғы өсіп сағым бұлақ.
Шоғындай сексеуілдің қызуланған,
Құрады шалдар кеңес мұртын сылап.
Бұл өңір байлығымен көрінер сән,
Құрады салбуырын аң құмаржан.
Кекілік, шілмен қоян, қара құйрық,
Секілді жердің құрты мыңғырған мал.
Күмбірлі көкірегі өлең сауық,
Алады құмынан ел алтын сауып.
Желіде осы жердің тым өзгеше,
Шығады «кәрібай қызыл» ауық – ауық.
Тасы да әуел десең қоңыр алтын,
Жыртылып арқар, құлжа айырлатын.
Белгісі байлығының секілденген,
Ел сүйіп «қаракір» деп қойыпты атын.
Көрінер көзге жақсы қоңыр түсі,
Тартыпты туған жерге қазақ осы.
Жері байдың елі бай деген рас,
Өзіңдеп қонақтайды көңіл құсы.
Келемін қасқа жолда шер таяңдап,
Сөгілді таңның шеті ағараңдап.
Мен оны, олда мені сағынғандай,
Бауырдың салқын желі соқты аңқылдап.
Тау қалды, дала қалды, жота қалды,
Сағыныш жасы көзден боталады.
Қашанда жол атасы тұяқ деген,
Атынымның тұяғынан от жанады.
Сар жақтан өте бере жолға мына,
Көз салсам үңгір тас тұр оң жағымда.
Мен оны қалай ғана ұмытармын,
Балалық бал дауренім қалған мұнда.
Сақталған ең түбіне жүрегімнің,
Анамның зираты бар мұнда менің.
Төгіліп кеттім білем ағыл – тегіл,
Бордай боп босағаны – ай көңілімнің.
Үйткені мен анамнан жас қалғанмын,
Домалап аттан түсе аймаладым.
Мен дегенде мейірі бөлек еді,
Есіме түсіп жатыр қай – қайдағым.
Орны анашымның бөлек неткен,
Қабыры болсадағы демеу екен.
Бір арып, бір семіріп келіп тұрмын,
Халымды жан анашым білеме екен.
Деп іштей бағыштадым құранымды,
Көңілім сәтте болса жұбанулы.
Бұлда болса тірлігім белгісі ғой,
Мадақ айттым тәубе деп алла ұлы.
***
Үңгір тас әрі көктем, әрі күзек,
Ауылым кете тұғын көктеп, күзеп.
Күні ұзын ойнаушы едік бір топ бала,
Тай мініп, тайынша мініп алма – кезек.
Онбасы атам дөңінде отыратын,
Қоятын інілері ерттеп атын.
Тер шығп маңдайынан көрген емес,
Дейтұғын – інілерім қолғанатым.
Ел көшсе ерте атына мінетұғын,
Қонысқа көштен бұрын жететұғын.
Құсын тасқа қондырып, ерін жастап,
Демалып көшті күтіп жататұғын.
Болған соң үй тігіліп – қара қатын,
шәйің дайын болды ма – деп айтатын.
- Бар болғыр – ай, бар бол деп қара әжем,
Олдағы – күте тұр – деп айғайлайтын.
Бір жылы бұл күзекке келдік ерте,
Ойнадық үңгір тасты дүбірлете.
Алланың бізге арнаған сиы дерсың,
Мынадай тас үй барма бұл өңірде?!
Көп өтпей онбасы атам үйі келді,
Қуандырып тастады дүйім елді.
Жиналды іні, келін үй тігілді,
Ерулік шай ішуге жиналды енді.
Сығалап босағадан қарап едім,
Дәм толы дастарқанның сиын көрдім.
Төрде отыр онбасы атам төредей боп,
Назары бір өзінде барлық елдің.
Қалды да көзі шалып маған бірден,
- Келдің бе? – деп жымиды – бала мерген.
Құс отыр қызылсырап қарашы әне,
Жасашы бір жақсылық қолдан келген.
- Жарайды онбас ата міне кеттім,
Дедім де қас қаққанша үйге жеттім.
Бар еді әкем берген манополкім,
Бір жаздай нысана атып машық еткем.
Кезеңнен аса бере көзім шалып,
Оралдым көкше қоян атып алып.
Қуана үйге алып кіргенімде,
Қарады отырғандар аң - таң қалып.
Сәп салып онбас атам қояныма,
Көз алмай оған біраз қарады да.
- Кәнеки бармағымды қыршып жібер,
Дейді ғой – жас мергенім кел алдыма.
Қалжыңы, шыныма әлде түсіне алмай,
Шегініп шыға бердім сыртқа қарай.
- Қап – деді тұйықталды – ау жолың сенің,
Сен мерген бола алмайсың бұдан былай.
Қоянды атқаннан соң бауыздамай,
Болмаса таспен егеп қан ағызбай.
Арамдап әкелгенің жөн болмады,
Тосылды жолың енді қарағым – ай.
Мергендік кәсіп болмас енді саған,
Жарасар оқу оқып, білім алған.
Кітәп оқы, ғылымға өзіңді арна,
Айтатын ақылым бұл жаным балам.
- Мақұл! – деп басымды идім разы боп,
Өмірім содан бастап өзгерді көп.
Мергендер қанша ертіп үйреткенмен,
Аң, құсқа бірде оғым дарыған жоқ.
Айтқаны ұлкендердің келеді екен,
Бір қарап кімдігіңді біледі екен.
Қиналмай онбас атам ерте кетті,
Ниеті жарықтықтың түзу екен.
***
Бірдемде келіп қаппын үш қараға,
Шоқпартас бабамдай боп тұр алдымда.
Бұл менің ата қоныс қыстауым ғой,
Барлығы сайрап жатыр көз алдымда.
Көзіме оттай басылды – ау,
Қыстауым менің шоқпартас.
Шоқпартасқа шығып ап,
Ойнаушы едік бір топ жас.
Тік кезеңнің астында,
Бар еді ақтас мектебім.
Төртті мұнда бітіріп,
Орталауға кеткенмін.
Содан бері оралмай,
Қйыр кезіп шет жүрдім.
Сағынышым басылмай,
Есіме жиы ап жүрдім.
Үш қараның қойнауы,
Жақпар – жақпар тақтай тас.
Тақтай тастың ар жағы,
Биік шоқы діңгек тас.
Сарымсағы аңқыған,
Көзге шоқтай басылып.
Дәмін ерте татуға,
Қазатынбіз асығып.
Үйір, үйір кекілік,
Кекілікте көзіміз.
Тұзақ құрып қоянға,
Ит жүгіртіп тағы біз.
Шөмшек тердік қой жайдық,
Өрістесе қайырдық.
Қойға шапқан қасқырдан,
Талай тоқты айырдық.
Ұясы бар бүркіттің,
Ақ теріскей қапталда.
Шығатынбыз жарысып,
Қиын – қиын ат жалға.
Ақ құдықтан су алып,
Торпақтарды суардық.
Екі етекті түріп ап,
Қайтатынбіз қуанып.
Теріскейде сырғанап,
Қарға ұзақ аунадық.
Көк балақ боп күн ұзын,
Кешке таман жаурадық.
Асық ойнап, нұр ойнап,
Гагар аттық алысқа.
Тепкішекті тептікте,
Түстік ұзақ жарысқа.
Жота сайын тас жинап,
Обаларды тұрғыздық.
Әкемізге қыңқылдап,
Қақпанды оған құрғыздық.
Жігіт болдық осылай,
Қалай өсіп кеттік біз.
Бір жығылып, бір тұрып,
Бұл күнгеде жеттік біз.
Есейгенмен туған жер,
Алдында әлі баламыз.
Бабамызға ұқсатып,
Әкемізге балаймыз.
Сағынғандай анаңды,
Сағынады екенсің.
Есте жүрген мәңгілік,
Неткен ыстық мекенсің.
Балалық махаббатым суымаған,
Елестер өтіп жатыр көз алдымнан.
Көгіне көңілімнің көтеріліп,
Аспанда саңқылдайды бала қыран.
Аяңдап келсем таяп, бүкшең қағып,
Қорада қара әжем жүр отын алып.
Сүйеніп таяғына сығырайып,
Қарайды кім дегендей көзін салып.
Атымнан түсе сала әжетайлап,
Жүгірдім қушағыма ап алақайлап.
- Жарығым сенбісің – деп қайта – қайта,
Бетімнен сүйе берді балақайлап.
Сеніде көретұғын күн бар екен,
Дейді әжем ет жүрегі елжіреген.
Недеген шөгіп кеткен жарықтығым,
Жығылып қалмасын деп сүйеп келем.
Үйде екен сүйеніші көне көзі,
Қайнысы, қамқоршысы, «күлімкөзі».
Қара әжем ат қоюда қандай шебер,
Күржібайға ат қойған тағы өзі.
Мәз болған қайындары қосалқы атқа,
Тұрақтап кейбір есім түскен хатқа.
Үкі көз, сері жігіт, дала ауыз,
Шаңия, шылбас дейтін барғой атта.
Мінезі әрбір адам атына сай,
Недеген білгір кісі дейсің пай – пай.
Бір ауылды өргізіп жусатқан жан,
Ақ үрпек бүгін міне балапандай.
Көрдім де қара әжемді аяп кеттім,
Сағына келгенімді баян еттім.
Қара әжем бірде жылап, бірде күліп,
- Ісіне тәубә! – дейді құдыреттің.
- Қарағым сен басқадан бөлек едің.
Әкеңе әрі бізге керек едің.
Сондықтан сені алысқа жібермедік,
Бөтенге сені қарғам қимап едім.
Баласың көзің ашық кешір қарғам,
Арманым жоқ өзіңді көрдім аман.
Ойлайтін көз алдыны адамбыз ғой,
Әлі – ақ өте шығады бұл бір жалған.
- Олай деме, әжетай олай деме,
Құрметім шексіз менің өзіңізге.
Арымас баталы құл дегендейін,
Әр сөзің ұрпағыңа үлгі өнеге.
Дедім де қонып қалдым, ертесінде –
Сағынып қалған әжем жіберсінбе?!
Мені естіп түске жақын мылтай келді,
- Үкі көз жақсы келдің демесін бе?!
Мылтайда көне көздің бірі еді,
Алдымда қашандағы ірі еді.
Көп жылдың көрмегелі жүзі болды,
Көз жасым ерік бермей төгіледі.
Түс ауа берді әжем рұқсатын,
- Ал кеттік деді мікең жүр алтыным.
-Үйге кел қайтарыңда деді әжем,
Тапсырар өзіңе бар аманатым.
Мікеңнің үйінде отыр бір топ адам,
Ішінде қарт құсбегі сахаба атам.
Әр құшақта мен жүрмін тоғытылып,
Жауғаны – ай, қуаныштан бақыт маған.
Ақылдың кеніші ғой елдің іші,
Мұнда екен не сияқты білгір кісі.
Телміріп біз отырмыз аузына,
Сахаба тілі балға шешен кісі.
Сөйледі ойдан алып, қырдан алып,
Отырды сүттей ұйып ел таңғалып.
Тартылған томағасы қыран дерсің,
Тыңдауға хикаясын құмар халық.
Суырылып сахаң барда ел недерсін,
Қашанда тыңдауға бар әңгімесін.
- Айтайын бір жындының бұлдыргенін,
Кім бұған таңданбасын, кім күлмесін.
Пиңшенің/1 бар еді ғой белсендісі,
Деді сахаң ана бір есер кісі.
Көктемде егіннен кеп жер қорыған,
Бұл күнде жыр болып жүр соның ісі.
1 Пиңше – кедей орта ұйымы
Шығып көр үш қараның биігіне,
Бүркіттің ұясы бар күнгейінде.
Әр жылы ана қыран ұя басады,
Әйгілі қырандығы барша елге.
Білгенсоң әлгі есер сол ұяны,
Сонда боп ала жаздай бар қиялы.
Балапан ұшар кезін аңдып жүріп,
Түспейма, әлгі ұяға қиядағы.
Кер ауыз балапанды бөлеп алып,
Жетеді қара қосқа аттан салып.
- Бір аттық балапанды алып келдім,
Атты ұста қатын – дейді аруақтанып.
Жасайды керегеден үйшік мықты,
Ақ үрпек балапанды соған тықты.
Күні ұзын дала көрмей жерді қазып,
Төбеден берген жемді өлжал қыпты.
Қапаста сілкіне алмай топ боп қалған,
Жер тырнап, жерді кеулеп шөк боп қалған.
Қыранын жетілді деп қолына алса,
Қолына отыра алмай құлап қалған.
Бұл ұрпақ кері кеткен қайтып өсер,
Қолымен көсеу алмай отты көсер.
Лақтырып босағаға тастай сапты,
Қыраннан күдер үзген әлгі есер.
Жатамба естіген соң барып көрмей,
Егерде тірі болса алып келмей.
Өзіде отыр екен құтыла алмай,
«Мә» деді бір қайырым сөзге келмей.
Үйге әкеп қызықтырып жем жұлдырдым,
Мойыны жетер жерге жем қойдырдым.
Икімге бірте – бірте келгеннен соң,
Қанатын жиы қозғап сілкіндірдім.
Мойынын созып ұмтылып үстелдегі,
Өздігінен жем жейтін күйге келді.
Күннен күнге талпынды көңілденіп,
Бірте – бірте жетілген күйге енді.
Далаға алып шығам күн сүйгізіп,
Қауырсын жүндеріне су тигізіп.
Қыратта отырамын желпіндіріп,
Көрікті көркем байтақ жер көргізіп.
Үйден шыға қыратқа тұзу тартып,
Оба жиям бірінен – бірі артық.
Бір метрден арасын бірте – бірте,
Ұзартамын қыранға шырға тартып.
Жерден шоршып бірінші обадағы,
Жемді шоқып балапан жұймалайды.
Бірте – бірте осылай баули жүріп,
Көндірдім өз еркіме қол баланы.
Екінші күн секіріп одан биік,
Отырды мойнын толғап жемді қылғып.
Әр күн сайын осылай өрлей – өрлей,
Қыратқада іркілмей шықты ырғып.
Бір төбеден биіктеу бір төбеге,
Ұшты қыран желпініп көтеріле.
Кекілікпен қояннан шырға тарттым,
Машықтанды, қамданды тез ілуге.
Зар күйіне келтірдім ақырында,
Баста көрген қорлығы қалды артында.
- Тірі болса – дейді қарт әлі талай,
Ойнатар сан «сұлуды» тақымына.
Әсерленіп, шаттанып қол соқты көп,
Айтқаны құсбегінің ғибырат боп.
Жақсының жақсылығы осы емеспе,
Көпшілік алқап жатыр – жүз жаса – деп.
Дуылдап ел тарамай көпке дейін,
Жалғасты жақсы кеңес түнге дейін.
Ұйқының жай жатқанмен тәттісін – ай,
Оянбай жатқан екем түске дейін.
Құсбегі ерте аттанып кеткен екен,
- Кездесейік ертеңде – деген екен.
Қара әжеңнің үйіне келіп қалар,
Барайық бізде – деді мылтай көкем.
***
Мікеңмен созылды ұзақ әңгімеміз,
Өткенді еске ап кейде тербелеміз.
- Таңбаны алдың қолға, қондың таққа,
Бесігім төрге шықты дейді әкеміз.
Бұл елде үкірдайға хатшы болған,
Баяқын еді алғаш таңба ұстаған.
Еңбегі ел ішінде аңыз болған,
Ұзақ жыл қаламы оның жорғалаған.
Сен міне болдың әлден бала хатшы,
Ұмытпа өзіңе сен ең жақсысы.
Дауылда сынақтардан сүрінбедің,
Боласың әлі – ақ ертең сенде басшы.
Жақсыда, жаманда бар айналаңда,
Бәрі тең жаралмаған бұл ғаламда.
Уақыт өз дегенін істегенмен,
Көңілді болу – болмау өз қолыңда.
Екі ұғым бір арнада тоғыспаса,
Төбелес, ұрыс, керіс, соғыс сонда.
Ақылың ашуыңды тежемесе,
Өзіңе, өзгегеде бермес пайда.
«Құрметке иемін» деп білетіндер,
Басқаны құрметтеуді білмейтіндер.
Ыржақтап бостан – босқа күлетіндер,
Сұйудың не екенін білмейтіндер.
Ондайға ат басыңды бұра көрме,
Кетпесін салмақ түсіп жүрегіңе.
Аяғы реніштің кекке айналар,
Білмеске ренжудің керекгі не?!
Жайдан жай отырғам жоқ ақылман боп,
Бір пайдам тисе болды көңілге тоқ.
Елеңдеп отырайын тақым қысып,
Бұйыртсын – деді алла жақсы күн көп.
Кісіге кісі ақыл пайда – зиян,
Түбінде өлмесіңді өзің ойлан.
Қашанда жүрегіңе жүгіне біл,
Айлаға ақылменен бірге сайлан.
Осылай ағылып бір кетті мікең,
Керемет көкірегі даңғыл екен.
Мен сонда дедім іштей өзіме – өзім,
«Бұл сөзді өмір бойы азық етем».
***
Үйіне қара әжемнің дәл бесінде,
Бізде келдік, сахаңда келмесінбе.
Жарасқан томағасы қыранының,
Үкісі бұлғақтайды төбесінде.
Қуанды қара әжемде бізді көріп,
Кішілер ұлкендерге сәлем беріп.
Оң жақта онбас атам тұғыры тұр,
Көненің көзіндей боп көрік беріп.
Түскендей ұмытқаны әлде есіне,
- Бәйбіше – дейді сахаң қара әжеме.
Құсымды бостандыққа жібермекпін,
Ұясы үш қарада білесіңбе?!
- Құсбегі мынауыңа сенемін бе?
Артық әзіл қалжыңның керегі не.
Босағаңда болмаса бір күн қыран,
Үйден безіп кететін сенбе – менбе?!
- Оның рас, замандас, оның рас,
Себебін ашық айтпай саған болмас.
Бұл балапан ақ үрпек кезінде – ақ,
Қор болып тар қапаста жатқаны рас.
Қолбала боп үйренген қолға қарап,
Бұл жылы кете алмайды іске жарап.
Қызылсырап кеткенде үйде ойнаған,
Жас бала жапа шексе болмайма ағат?!
Сол себепті жіберем еркіндікке,
Үшқарадан биік жоқ бұл үстіртте.
Күнгейінде өзінің ұясы бар,
Ұшар ұя мекені мұнда емеспе?!
- Ондай болса ең ұлкен қонағым сол,
Ақ марқаны күлім көз әкелде сой.
Қыранның жолы ұлкен қашандағы,
Болсыншы оның арты ақжолтай той.
Деп әжем қолын жайды бата сұрап,
- Әмин – деді сахаң – кетпесін бақ.
Ақ жарылқап қарттардың көңіліндей,
Ақ марқаның етіде қардай аппақ.
Ойып ап ақ марқаның бір жамбасын,
Білем – білем құйрықпен қылғытқасың.
Дүр сілкінген қыранын сипап сахаң,
- Тыныштал – деп кигізді томағасын.
Аттылар шықты шулап жал басына,
Керемет қос қыранның арқасында.
Бірі жер, ал біреуі көк тағысы,
Достық бар бір ғажайып арасында.
Тартқанда томағасын сахаң өрден,
Қолынан көтерілді қыран бірден.
Басынан үшқараның үш айналып,
Бір кезде ғайып болды қыран көзден.
Біз қайттық мақсатқа ұлы жеткендей боп,
Бүр жарып көңіліміз көктемдей боп.
Еркіндік, бостандықтың қадыріне,
Қолымыз бүгін ғана жеткендей боп.
Көп екен білгенімнен білмегенім,
Көп екен көргенімнен көрмегенім.
Бүгінгі көргеніме көңіл толқып,
Тербеліп ат үстінде мен келемін.
***
Кеңседе отыр едім хат – шек көріп,
Жүзі таныс бір жігіт келді кіріп.
Атып тұрдым, таныды, олда ұмтылды,
Амандастым қол беріп, орын беріп.
Бәдет дейтін бұл ұлкен компазитор,
Саз аспап оған таныс тілін білер.
Тәнтімін талантқа неткен дарын,
Тез қаулап үшкір шөптей тез жетілер.
Өлкеден «қаш, қаш» жылы оқып еді,
Көп өнер көкірегіне тоқып еді.
Амал не семиясы шетке кетіп,
Атанып «жарым семия» сенім өлді.
Қалмайды қалжуыр қайда барса,
Кетеді сырт айналып танысыда.
Ешкіні апа, текені жезде демес,
Мүлде оған жібермейді намысыда.
Оқудан құылған соң қызымет қайда,
Күн кешті келімсек боп әрбір жайда.
Осындай ауыр күнде танысып ек,
Құйқаның бірге жеген дәмі ауызда.
- Жол болсын бәке – деймін – төрлетіңіз,
Құрметтеу өнерліні міндетіміз.
Мен жүрдім алдында оның бәйек болып,
Айтшы неге қайырылмай мол кеттіңіз?
- Айтамын оны әлі, тыңда мені,
Саясат тиянақтап жолым болды.
Ақталып қызыметке қайта келдім,
Дейді ол – орта мекетеп орным болды.
Досымды құттықтадым құшағыма – ап,
Қонады кейде осындай кездейсоқ бақ.
Бәрібір өлмегендер кезігеді,
Дәлелдеп берді мұны ұл ақиқат.
***
Бәдетім аз күннен соң қайта келді,
Жасырмай бұйымтайын айта келді.
Бір жарыс обылыста болады екен,
Бұл хабар қуандырды байтақ елді.
Шақырған бұл жарысқа оныдағы,
Ұсын деп шығармаңды қолыңдағы.
Маған келген ән сөзін жаздырғалы,
Тыңдатты сазды әуенін ойындағы.
Мұндайда дос көңілін жыға аламба,
Туламай көңіл шіркін тұра алама?
Өрілді көңілімнен «көркем шинжияң»,
Ұсындым ертеңінде ғұламаға.
«Туған жерім жайнаған,
Көркем шинжияң бай далам.
Думанады өңір қайнаған –
Сүйікті өлкем
Гүл көркіңнен
Ел сүйінген –
Бұл күніңнен айналам.
Шұғыласы шашылған,
Шоқ гүлсің ашылған.
Бағыңда бұлбұлың
Сайраған шадыман.
Қырансың қанат қомдаған,
Мұнайың теңіз тулаған.
Тауларың алтын кен толған –
Сүйікті өлкем
Өмірің көктем
Алғы шепте –
Оқ өтпес болат сен қорған.
Жайлауың саңлақ мекені
Тұрпанның үзім етегі
Зауатың сансыз еңселі –
Сүйікті өлкем
Мәртебең өскен
Тарым ертіс –
Шаттықтың күйін шертеді.
Туған жерім көркем бақ,
Жасаймыз сенде шат.
Өзіңнің қойныңда,
Гүл ашқан ынтымық.
Оқыды да сазгерім күліп кетті,
Түрлі әуенге құбылтып салып кетті.
Бір – біріне сәйкесіп ән мен өлең,
Алты қырға таралып үні жетті.
Обылыстың жүлдесін жеңіп алды,
Дақпырты дабырасы жерді жарды.
Тұранменен сусынның шырқауында,
Күндіз түн радиода саңқылдады.
Мемлекеттік он үздік ән қатарында,
Жазылды тұңғыш рет алтын қорға.
Бәдеттің бағы жанып, мерейі өсіп,
Қосылды үздік сазгер қатарына.
Осы ән меніңдағы жолымды ашты,
Көңілім қар суындай асып – тасты.
Жиынға обылысқа баратыным,
Таң қалтты ойда жоқта доспен қасты.
Атақты ақ шоқының жайлауында,
Тігілген ақ шаңқан үй қойлы ауылда.
Бас қосты жеті ауданның жайсаңдары,
Жоғарымен төменнің қолдауында.
Мен көрдім дүлдүл күйші кәсімбайды,
Дарынды жас жазушы жұмабайды.
Аузынан жыр төгілген, гүл төгілген,
Мен көрдім абыз ақын жамалқанды.
Мен көрдім төкпе ақын бердіқанды,
Мен көрдім жұмағали құйқабайды.
Мәз болып шапалақты соға – соға,
Жауыр етіп алыппыз алақанды.
«Қақшаң» деуші ек қаусылқан қозыбайды,
Атақты жазушы еді әлемге әйгі.
Алдырған ұсыныспен үрімжіден,
Аузына ақыл сұрап ел қарайды.
Таңданған обылысқа ақындарды,
Алдыға қақшаң шығып айқындады.
Талданған ақындарды саралаған,
Бағасы қазылардың көпке ұнады.
Бар екен бұл тізмде менің де атым,
Сезіндім жақсылардың шәрапатын.
Өлеңім «қыран» деген жақсы баға ап,
Берді алғаш қақшаң маған ақын атын.
Қыран
Қанатын жайып шықты өрлеп,
Екпінінен толқып үн.
Қарасаңыз көкпеңбек,
Тіліп аспан толқынын.
Биіктеп – биіктеп алдыда,
Қыран көкте саңық етті.
Төске өрлеген қасқырға,
Түйілді көктен жарық етті.
Заулады зақпа тасындай,
Екі иығын қомдап – ап.
Қанат, құйрық ысқырды,
Сегіз найза сорғалап.
Жер тағысы көкжалды,
Сыпыра тартып шықты өрлеп.
Заулап қайта оралды,
Қасқыр тұр жерде гүрілдеп.
Шабысты таудан аңшылар,
Жел көтеріп айғайын.
Басылып атқа қамшылар,
Абайлар емес жер жайын.
Атылған қыран сол сәтте,
Қасқырды бүрді ашулы – ақ.
Жөңкілген тасқын суындай,
Аңшылар жетті сатырлап.
Жіберді қыран саңық етіп,
Астында бөрі сылқиған.
Құсына қызыл шоқытып,
Саятшы тұр жымиған».
15,06,1977
Бет алдық алтын алтай болбадайға,
Төбеміз тигендей боп аспандағы айға.
Үйткені он жылдан соң кездесу ғой,
Мұндайда көңіл шалқып тасымайма?!
Барамыз «тарбағатай» әнін шырқап,
Әуені бәдеттікі кеткен тарап.
Сөзін жазған мұратжан дейтін ақын,
Екеуін алма – кезек мақтап алқап.
Қарсы алды салтанатпен бізді алтай,
Көркем жер көз тартады пай, пай, пай.
Жиналған үш аймақтың ақындары,
Бір – бірін бауырына басқаны – ай.
Шықты алдан құбақан дөкей деген,
Обылыстың жіберген өкілі екен.
Жанында ақылшысы жұмәділ бар,
Жиынның хатшысы әрі жорасы екен.
Ол кезде үн таспа жоқ алатұғын,
Айтысты тек екі адам жазатұғын.
Бірімен, ал екіншісі қаныкей әлжан,
Айтқанын қағып алып хаттайтұғын.
Обылыс бастығы кеп құттықтады,
Ақындар айтыс ұлкен тойға айналды.
Қыз қуар, балуан салу, көкпар тарту,
Ат жарысы тамаша бір салтқа айналды.
Кәсімбай төгілдірді «қыз гүл» ді,
Ұшырды қизатекең «дауылпаз» ды.
Смағұл, боздақтардан бата алып,
Жүйректер көсіле бір қолтық жазды.
Үш күнге жалғасқан бұл ойын сауық,
Ел жұртқа рухани болды азық.
Ақындар тарар сәтте бір – біріне,
Естелік арнау жырлар берді жазып.
Айырылар шақта оқыдым мына өлеңді,
Сұлтан қарт арнайы кеп бата берді.
Кездесудің аз күндік кереметі ай,
Қиялмай бір – біріне қарай берді.
«Анамдай ардақтысың ақ самайлы,
Көрікті көркем алтай ән қайнары.
Жыр төкті үш аймақтың ақындары,
Толғады менде өлең өзің жайлы.
Алтайдың қарт ақыны қадырменді,
Бұл тойды смағұл қарт келіп көрді.
Көсіле боздақтағы толғап отыр,
Көркейген бүгінгідей елмен жерді.
Іледен сұтан аға өнерпазын,
Жанына ап тамылжытты әннің сазын.
Андаспен уалибек қатарға кеп,
Толғады тебірене өмір жазын.
Тұрарда өлең десе елегізіп,
Тартымды жыр шұмағын берді тізіп.
Тоқтамай бәйге атындай мүтәліпта,
Көрсетті көп ішінде өнер – қызық.
Ананы арқау етіп толғағанда,
Көрді жұрт жамалқанды болбадайда.
Айтыста ағалаған ұл қыздарын,
Өнерің өссін - деді ел бұл байқауда.
Алтайдың аясында тамылжып ән,
Тербеді жал, шың құзды әнмен тұран.
Қарт күйші кәсімбаймен жас композитор,
Қизаттың саусағынан ұшты қыран.
Көрікті көркем жайлау болбадайдай,
Жерде біз көрдік көпті толған айдай.
Көрдік біз меймандос ел си құрметін,
Тігілген ақ боз үйді шағаладай.
Есен бол меймандос ел ер өсірген,
Есен бол сүйікті алтай кең көсілген.
Өзіңе жыр арнадым, ән арнадым,
Мен сені шығармаймын мәңгі есімнен.
Бердықан естелігін ұсынғанда,
Жүрегім лүп – лүп етті қысылғанда.
Ойыма түскен шұмақ мынау болды,
Бұл менің жүрек сөзім расында.
«Барында асылды кім бағалаған,
Кезінде іздеседе таба алмаған.
Достықтың солмайтұғын гүлін ектің,
Аңыз боп қалатының аян маған».
Ұсындым менде естелік жамалқанға,
Жалт етіп бір жымиып қарады да.
Бетінде ақ қағаздың қалдырды ойын,
Тосылу болмайды екен дарындыда.
Қабыл ал
Жаралған елдің үміт тілегі үшін,
Мұзбалақ шыңнан ұшқан түлегісің.
Дүниеге ауыр міндет ала келген,
Ер ұлан екеніңді біледі ішім.
Қырмазы қыз баланың мінезіндей,
Тұратын оғаштығы бір сезінбей.
Досына мейірімді жауға жасын,
Азамат туа берсін бір өзіңдей.
Танысу өзіңменен бұл реткі,
Достықтың солмайтұғын гүлін екті.
Тұрады өлеңдерім құлағымда,
Көктемнің самалындай жылы лепті.
Тереңдеп білмесемде өмір күшін,
Топ толық ұғымым бар өзің үшін.
Түсірген бармағымның бұл таңбасын,
Қабыл ал терең достық сезім үшін.
29,07,1977
***
Қабаға келіп едік кешке қарай,
Ел тосып отыр екен залға симай.
Көзіне көрінбеген көп жылдары,
Халықтың бұл өнерге сусағаны – ай.
Кәсімбай «Қызыл гүлі» құрды санат,
Қизаттың «Дауылпазы» қатты қанат.
Өнердің құдыреті осы емеспе,
Тұс – тұстан көрермендер келді анталап.
Аққулар көтеріліп айдындағы,
Дарынның таланттың жанды бағы.
Аузы күйген жандардың көзі ашылып,
Рухы көтеріліп ұрандады.
Ертең жолға шықпақпыз таң ағара,
Жиналдық ойыннан соң бір араға.
Саставта жүрген ұлы мұқаң келіп,
Ұласты тамашамыз тамашаға.
Жайды ұлым дастарқанды түрлендіріп,
Кешеулеп қалғандарда келді үлгеріп.
Ішінде жақсылардың бір марқайдым,
Кәсімбай мұқаныма бата беріп.
Ертесі шықтық жолға аялдамай,
Қиялмай қарт алтайға қарай – қарай.
Алысқа терезеден қарап тұрған,
Құбақан деді бір кез – уа дариғай.
Қарашы анау дөңде анам жатыр,
Артында жылап қалған мен бір пақыр.
Дегенде мұқаметтей композитор,
Солқылдап олда боздап бара жатыр.
Күй шертіп сүйемелдеп қизатекең,
Көріске қосқаныда қызық екен.
- Бастама жаман ырым сапарда деп,
Аналар бұлбұлқандай ырым еткен.
Дуылдап ертіскеде келіп қалдық,
Шығарды автобузда салға тартып.
- Ертісті ендей малтап өтеміз – деп,
Әлқыдыр, тоқаң кетті суға тартып.
Ойбай салды ұлкендер қауыпты деп,
Иірім, терең шүңет, алдың ор – деп.
Ендей малтап ешкімде өткен емес,
Жан керекпе, тез артқа қайтыңдар деп.
Тоқаңды толқын қуып орап алды,
Әлқыдыр барып – барып қайта оралды.
Құтқарушы қайықта дайын екен,
Тоқаңға жетуге бар күшін салды.
Тоқаң қалқып барады ноқаттай боп,
Қылт – қылт етіп көрінсе, ал бірде жоқ.
- Батпау жағын қарастыр – деп шулаймыз,
Артыңнан қуып қайық барады деп.
Бар екен алдында арал су бөлінді,
Тоқаңды толқын серпіп құмға көмді.
Өлмеске өлі балық жолыққандай,
Қайықта қуып жетті жолы болды.
Құм ішінен тоқаңды іліп алып,
Қайықта қайтты артына толқын жарып.
Ұлкендер қайықшыны алқап жатыр,
Аллаға тәубе дестік аман қалып.
***
Аудан қызып жатыпты жиналыс боп,
Жетіпті жоғарыдан жаңалық көп.
Гүңше тарап, ауылдар құрылады,
Бұдан былай дейді олар – тайқазан жоқ.
Үшінші жалпы жиын жаңалығы,
Десті жұрт диңшияупиңнің даналығы.
Тәрих өзгеріске жүкті болып,
Басталды жаңа қадам жүңгоше ұлы.
Гүңшеміз күп дейтін ауыл болды,
Адасқан бақыт құсы қайта қонды.
Шағылып тайқазаны коллективтің,
Әрбір дүй жаңаланып қыстақ болды.
Ауданға өкіл болдым, жора болдым,
Ауылдық көмитетке шужи болдым.
Халық қолдап үкімет сенгендіктен,
Міндетті орындауда алда болдым.
Алдымен жұмысымды сараптадым,
Танысып құжаттарды парақтадым.
Жекемен көллективтің банктегі,
Қарызын түгел тектеп адақтадым.
Банктің қарызы тұр төбемізде,
Алынған қажеті үшін өз кезінде.
Тайқазан тараған соң жекелердің,
Жазамыз мойынына қай негізде.
Бұл сұрақ мені қатты мазалады,
Бұл жайлы біз талдаймыз қандай заңды?
Кей ауыл жекелерге жаймалапты,
Жекемекен шаққан бұл тайқазанды?!
Жекелерді қарыздар ете алмаймыз,
Шешімін банктердің күте алмаймыз.
Банк есебін мал таратпай тұрған кезде,
Малға шағып тек қана жаба аламыз.
Деген бір тоқтамға кеп алдықтағы,
Пұл сүйер малды жинап саттықтағы.
Банктің қарызынан бір ә жола,
Құтылдық, азат болды халықтағы.
Ел қуанып бөрігін аспанға атты,
Қарыздар болмағаны қандай жақсы.
Жан санына қарай мал бөлгеніміз,
Көпшіліктің көңіліне майдай жақты.
Шар тастап жер, судыда бөліп бердік,
Құптады аудандағы келіп көріп.
Әр дүйге қыстақ деген атау беріп,
Осындай өзгерісті көзбен көрді.
Ауданнан маған шұғыл хабар келді,
- Өлкеден келді бүгін шужи деді.
Зерттемек жекеге мал таратуды,
Қыстауға ертең ерте бармақ деді.
Аспаз кетті малыңа дейді зақаң,
Мән жайды келгеннен соң өзіңе айтам.
Түскі және кешкі асты біз береміз,
Ауыртпалық төменге түспейді қалқам.
- Түсінбедім – дедім мен бұларың не?
Ұлкен кісі қыр дәмін ішпейді ме.
Ет жемейтін кісі екен дейді зақаң,
Көгеністі жібердік біз әлгінде.
- Келгенімді аит дедім зағыпарға,
Ол жөнелді шужиға хабарлауға.
Бөлмесіне әдеппен кіріп бардым,
Ұзын бойлы ақ кісі тұр алдымда.
Кішпейіл кісі екен баурап алды,
Ізетпенен тыңдады баянымды.
Ауданнанда ұғыпты барлық жайды,
Сондада сұрап жатыр жағдайымды.
Қарапайым басшы екен ел таңданар,
Жайынан ауылдың да хабары бар.
Жол жөнекей әңгіме құрмақ болып,
Жүріп кеттік керткен шаш хатшысы бар.
Қайта – қайта қарайды хатшы маған,
Таныс кісі сияқты баяғыдан.
- Иа, иа, таныдым – дейді күліп,
Сен едің – ау, шыжауда дело аударған.
Кездесу деп осыны аит уа, дариғай,
Таң қап тұрмын ұйқымнан ойанғандай.
Көз алдымнан көп сүрет өтіп жатыр,
Яаң хатшы бұрын қандай, бүгін қандай.
Онда да үйірменің хатшысы еді,
Қағылез қызыметте іскер еді.
Кеңседе бірге істедік, бірге жүрдік,
Ұнатып маған шындап сенген еді.
- Сенбісің – дедім менде шырамытып,
Өзіме жақын тарттым қолын қысып.
- Сен едің маған сенген жанның бірі,
Сол бейнең көз алдымда тұрады ыстық.
Лю хуйдың бар сенгені даулетқан ғой,
И ауыз талайларды сорлатты ғой.
Өліп барып, тірілдік шындық жеңіп,
Ақиқат иілгенмен сынбады ғой.
Білеміз сеніде лю хуй қырына алған,
Үрімжіге кетіп қап қалдың аман.
Кеңсенің бар жұмысын жөнге сап ең,
Қиады жамандыққа қалай адам?
Деп бірден лю хуй жайлы аялдадым,
Өзімнің кешірмемді баяндадым.
Еркіндік, бостандыққа қол жетіп,
Шаттыққа бөленгенін адамдардың.
Бірақта қалпына олар келгенменен,
Істері бар дедім әлі шешілмеген.
Шы жауда кәдірлерден тартып алып,
Ақша бар кедейлерге бөліп берген.
Кедейден қайта жинап сол ақшаны,
Таратып берсек деген ой тұрады.
- Жимаңдар әзірінше – деді ли жанви,
Тосыңдар болар алда бір амалы.
Ұтыны артқа тастап тарттық кірге,
Ілезде жетіп келдік малды өңірге.
Бұрқыстай қыстағының адамдары,
Шығарды қарсы алып ли ды төрге.
Жиналған қара сақал, ақ сақалдар,
Арты елу, алды оның жетпысте бар.
Жарыса жағдайларын айтып жатыр,
Меншіктеп қорасына қой салғандар.
Мен шығып кіріп барсам қосалқы үйге,
Ауданның аспазы жүр тамақ үйде.
Түр – түрін көгеністің тізіп қойған,
Бұл үйдің бар билігі бір өзінде.
- Бұларың болмайды деп оған бірден,
Қонақ сенен болғанмен тамақ бізден.
Ауданда қалай күтсең еркі өзіңде,
Ал қырда біз күтеміз салтымызбен.
Дедім де бір семіз қой сойдырдым да,
Бұйырдым май құырдақ дайындауға.
Аспазым түске үлгеріп түрлі тағам,
Құырдақты ли бастықтың қойды алдына.
Дайын ас келсе алдына кім бас тартсын,
Алдымен ли шужиға алдырғасын.
Дәс қойды барлығыда келген асты,
Тартынбай жегеніне ризасың.
Жалғасты ас артынан тағы әңгіме,
Сыр шертті екі жақта көңілдене.
- Жекеге мал бөлуде ағаттық жоқ,
Жарайды жалпыластыруда дүйім елде.
Деп бастық ісімізге баға берді,
Ұлкендер жақсы көрді саналы ерді.
Аттануға ли шужи қам қойғанда,
Бір ақсақал жолына тұрмайма енді.
- Мал бергенің қарағым рас болса,
Кеш болды кетемін деп енді саспа.
Бір малды өзіңе арнап сойып қойғам,
Жөн болмас қарамасаң дайын асқа.
Ли шужи сөзін қимай қайта отырды,
Майлы етке, жас сорпаға әбден тойды.
Риза боп көпшілікке алғыс айтып,
Оларда қас қарая атқа қонды.
***
Ұлкеннің шешіміде ұлкен болады екен,
Ғайыптың құсы келіп қонады екен.
Саған көп болғанымен оларға аз,
Бірдемде қалтаңдағы толады екен.
Ұзамай ли шужидан хабар келді,
Ауылға милиондаған сома бөлді.
Құтылды да кедейлер алымсақтан,
Көңілі кәдірлердің жайланды енді.
Лю хуй да кешірімді сұрай келді,
Есіктен тоңқаң қағып құлай келді.
Өлетін қой көзденіп кеткен екен,
Жеңгенін ақиқаттың көзі көрді.
Кейпіне кісі жаны ашитындай,
Қарасаң белі иілген мойны қылдай.
Жапақтап әркімдерге бір қарайды,
Басыма келер деп бе еді бұрын мұндай.
Дедім мен – кешір десең қыстаққа бар,
Күтуде көптен сені ондағылар.
Үш аймақтың байырғы овисцері,
Өліп қайта тірілген бір кәдір бар.
Сол кешірсе болғаны кешемізде,
Қайтты ғой сенде кеткен есемізде.
Ол «тоңмойын» ақатай елге айгілі,
Барған соң бәлкім түсер есіңеде.
Лю хуйдың бұрдым бетін солай ғана,
Алдыма жүгінгені болмады ма?!
Мен көрдім ли шужидай бір жақсыны,
Есімі ел есінде қалмады ма?!
***
Алды жирма, арты онбес жыл арқалаған,
Тарымнан қайтты ақындар тірі қалған.
Көркиндер – қызыр, нәзір аға – інілі,
Керейқан, керейғазыда келді аман.
- Жаным – ай, сонау жылдар балауса едің,
Артыңнан күле күн сап қараушы едім.
Онбесте сені ағаңа қосақтады ау,
Қос қозым сендерді ойлап жылаушы едім.
Бұл рас сендерсіңбе, түсім бе әлде,
Деп ана күңіренгенде, егілгенде.
Сағыныш, өкініштің көз жасына,
Болды ғой тұншыққандай қара жерде.
Бұлардан бір ай кейін келді нәскен,
Қалғанда қатарынан қайғы кешкен.
Жан жары күлзи іздеп барғандықтан,
Олдағы бостандыққа қолы жеткен.
Қош демей бір кездері мектебіне,
Күлзия жастай қашып кетпедіме?!
Кеткенімен нәскені істі болып,
Жирма жыл өксуменен өтпедіме?!
Басыда бұрқасында сөзге ілінді,
Жоғары, төменгеде зыр жүгірді.
Көрер көз, естір құлақ болмаған соң,
Бәрінен не көрседе төзе білді.
Ел оңалды, олдағы бірге оңалды,
Баруға нәскенді іздеп жолдама алды.
Жолы болды, жүрегі алдамады,
Қауышып жұбайымен елге оралды.
Обалды, қате дело адақталып,
Кәдірлер арт – артынан шықты ақталып.
Еркіндік, бостандыққа қолы жеткен,
Қарсы алды ұландарын ел шаттанып.
Шеризада ысқақов дейтін ақын,
Қуанышын білдірді жырмен айқын.
Өлеңінен үзінді келтірейін,
Көтерді ғой шынында ерлер даңқын.
«Кетіп еді былықтырып бір жер тұрып,
Жоғары, төмендіде бір келкі ұрып.
Бүгін міне бұрысты дұрыс жеңіп,
Қалдық қой уа, дариға бір желпініп.
Қуаныш келді ұшып ақ қалатты,
Думанға бөледі ыстық шар тарапты.
Уа, бәлі табанды ерлер төрге өрле,
Қайсы жұрт қуанбапты, мақтамапты.
Қайсымыз ашулы арқан сүйретпедік,
Қат – қабат қуаныш келер түйдектеліп.
Қажырлы ел қайысбастан күрес жасап,
Жалғанды отқа өртеді сүйреп келіп.
Жалған, жалған, шын түбі шын болады,
Болашақ нұрлы, жол бұраң, тың болады.
Оқасы жоқ, бас алға, айбынменен,
Күрескерлер осылай шыңдалады».
***
Баспа бетін бермейтін сөзі алтын,
Соның бірі ахметжан дейтін ақын.
Көруші ем жиы – жиы танысымдай,
Гәзет – журнал бетінен оның атын.
Сөзге ілініп ертеде ескермеген,
«Оңшыл» болып кетіпті деп естігем.
Сол ақынмен отырмын кеңес құрып,
Ризамын аллаға жүздестірген.
Ақындардың бір түрлі мінезі бар,
Көңілінде олардың болмайды ызғар.
Атыңды айтсаң болғаны «сенбісің» деп,
Тіл табысып кетеді лезде олар.
Сол сезім ғой біздерді табыстырған,
Ойымызды ұштаған жарастырған.
Екеу ара отырып сыр шертеміз,
Тыңға сүрен саламыз ел ашпаған.
Ахыметжан көбірек жұмыс басты,
Бірде егінде, ал бірде қырға ауысты.
Ағартуға жауапты болғандықтан,
Барлық ісі мектеппен байланысты.
Қырға барған, бір үйге қонақ болған,
Мұғалымдер жиналып думан құрған.
Ішпеймін деп шараптан тартынсада,
Қаумалған достары ап қойдырған.
Аздансоң тыныс тоқтап сұлық қалған,
Сол орнынан бір сутке қозғалмаған.
Ақырында «өлді»деп күдер үзіп,
Жолдастары жөткеуге дайындалған.
- Ал кеттік! – деп асыға қамданғанда,
Таңға жайып оқиға болған сірә.
Мұздап кеткен денеге қан жүгіріп,
Жасағандай болады бір ишара.
Дәрігер кеп көзіне үңілгенде,
Тамырының соғысы білінбейме.
Жақсылық хабарлап бір – біріне,
Сырттағылар қуана жүгірмейме?!
Бірте – бірте қалпына келе бастап,
Еңсесін биіктеткен жастық жастап.
Көзі ашылып, жанары жарық еткенде,
Барлығы қалған екен бір тыныстап.
Машинаға шығарған қолтықтап көп,
Кешігуге болмайды уақыт жоқ.
Балинса қарауына алғандықтан,
Ешкімнің кіруіне рұқсат жоқ.
Жарым айдай емделіп шықты ақыр,
Қалын сұрап достары келіп жатыр.
Бұрынғыдай көп сөзді емес ақаң,
Байсалды жан болыпты біздің «батыр».
***
Кекіл тастап келеді құлан қара,
Бірде жортып басады бірде аяңға.
Серігім қасымдағы ахыметжан,
Қоңырсаз бағытымыз қоңыроба.
Батысы ақ тұйыққа тіреледі,
Шығысы майлының дөң сілемдері.
Арасын сазды алқап алып жатыр,
Шөбінен сүрінесің күрең селі.
Осында үш аймақтың саңлақтары,
Бас қосбақ ақын жырау ел мақтаны.
Аламан бәйгеменен айтыс өтпек,
Болмаған бұл жаңалық тәрихтағы.
Дайындықтың басында долан әкім,
Асығып біз келеміз уақыт алтын.
Үй тігу, қонақ күту мойнымызда,
Бұл жайлау әсіресе бізге жақын.
Әр қыстақ міндеттелген үйін тіккен,
Жойылды көңілдегі күдік бірден.
Әр үйге сойыс малын бөліп беріп,
Қазынашы асханада отыр екен.
Мән жайды бастан ақыр баян етті,
Көп екен адамдарда келіп кетті.
Тізімін қонақтардың алғаннан соң,
Нықаңның/1 келгендігін мәлім етті.
1 Нығымет Мыңжани – ғалым, тәрихшы
Нықаңды көрмесемде атын білем,
Танысып, сөйлессемдеп аңсап жүргем.
Ауылдан жастай кеткен үрімжіге,
Алғашқы «миң ха шө таң»/1 түлегі екен.
1 миң ха шө таң – мұңғыл қазақ мектебі
Қазақтан тұңғыш шыққан ғалым екен,
Әлемге атақ даңқы мәлім екен.
Төбеде төредей боп отырғаны,
Қоңыроба сазының сәні екен.
Иіліп сәлем бердім ағамызға,
Қарадан озып туған данамызға.
Жақсының шарапаты желпіндірді,
Әр сөзі дарумен боп санамызға.
Құбақан төреде отыр сөзге ұста,
Сөйлейді әрі қысқа, әрі нұсқа.
- Шеруші мен шегіртке бірдей екен,
Ойпырай, недеген көп дейді қасқа.
Солқылдап нықаң күлді миығынан,
Қалжыңдап бірін – бірі қырына алған.
- Шөп өсіп, аласарып төбелері,
Төресі сиреген ғой дейді нықаң.
Кеп қалды құс көтеріп кенет сақаң,
Қолтықтап жас жігіттер түсірді аттан.
- Құбақан дейтін мынау төре жігіт,
Күйтүңнен келген қонақ дейді нықаң.
Бұрылып сақаң оған қарап алған,
Қонаққа не айтар деп болдық аң – таң.
- Төре біткен қара көк болушы еді,
Мынау неге құбақаң болып қалған?!
Дегенде отырғандай күліп кетті,
Тәнтті етті жарасымды әзіл көпті.
Көңілденіп төбеден түстік төмен,
Ордаға алты қанат бұрып бетті.
Үш күнде өте шықты тербеп сазды,
Аламан бәйге аттар қолтық жазды.
Ақындар ағалаған жүлделі боп,
Даңқы да балуандардың жерді жарды.
Қуандырды сүйтіп халқын долан әкім,
Жұлдыз боп жарқырады нелер алтын.
Малшылар апталығы сәтті өтіп,
Дамыды ата дәстүр, ата салтым.
Қуанып қайттық елге жанымда ақаң,
Алдымыз бірде еңіс, бірде қайқаң.
Мұндайда ахыметжан ағылады,
Қозғаса хикаяны тәрихтан.
- Өлімнен екі рет қалдым дейді,
Себебін өзім білем, ел білмейді.
Айтайын оның жайын бүгін саған,
Ойыңда жаңғырығып жүрсін дейді.
Ішінде тергеухана қинау қатты,
Оларға сендіре алмай басым қатты.
Бір жола үзілген соң үміттерім,
Өле сап таппақ болдым рахатты.
Жіңішке кендір жіпті ыңғайладым,
Бұл түнді қолға берсін деп сайландым.
Күлзия бұл ойымды сезген қалай,
Анама айтқанына аң – таң қалдым.
Әйелден шыққан көкжал сұңғыла екен,
Көрмейсіңбе, бір көзі менде екен.
- Балаңның тексер – депті – жатар орнын,
Бүгін түн әсіресе – деген екен.
Анам кеп мені іздеп айғай салды,
Ақтарып кендір жіпті тауып алды.
- Балама әтей әкеп бергенсің – деп,
Өзіне жендеттердің үрей салды.
Маған келіп : - қыспаққа шыдамасаң,
Аз ғана қйындықтан шыға алмасаң.
Ақ сүтімнің ақысын кеше алмаймын,
Не пайда – деді ұл боп туғаныңнан.
Ой пырай жанары оның жауар бұлттай,
- Кешір сен, кешіре гөр апатай – ай.
Дедім де алдына оның құлай бердім,
Күлзия әулие екен тәңірім ай
Нәскеннен айырғалы не көрмеді,
Қамауда күндіз – түні тергеледі.
Бостықтан пайдаланып жатағымды,
Тексеріп шықты ма әлде кім біледі.
Өлімнен екінші рет қалғаным бар,
Өзіме аян басқаға қызық болар.
Ес жия алмай бір сөтке жатқанымда,
Өлдіге бір жолата жорыпты олар.
- Иа, ақа соныңды айтшы есімде бар,
Шарапты ішпей кеткен жайыңда бар.
Дедім мен – күпті қылмай айтып берші,
Құпия жатқан мұнда қандай сыр бар.
- Айтайын, сұрадың ғой, сенсең егер,
Саналы болмағансоң өмір бекер.
- Ағатай мен жайында күмәнданба,
Қалдырма, бәрінде аит сенсең егер.
Деді ол : - жаным көкке ұшқан екен,
Ұшып кеп құла дүзге түскен екем.
Екі тау арасына сым тартылған,
Жалыны астындағы сұмдық екен.
Қыздырып сымды жалын жалайды екен,
Жандыны құрт, құмырсқа талайды екен.
Адамдар ақ жамылған сап – сап болып,
Қыл сымнан өтіп алға барады екен.
Сүрінбей сымнан біреу өтіп жатыр,
Кейбірі өртке құлап кетіп жатыр.
Кейбірінің жарылып шат сүйегі,
Тамағынан ілініп қалып жатыр.
Ондайлардың бетінде өріп құрттар,
Тілін сорып ысқырады әб жыландар.
Тоқинақ ап тоқылдақ төбесінен,
Көзін шоқып жүр шоршып сауысқандар.
Ғабылақатты мен көрдім сонда бірден,
Ақ киіммен ағарып сымда жүрген.
Оң, солдан, алды – артынан қарасаңда,
Көрінеді пәктігі оның жүрегінен.
Тірі де марқұм елге силы еді,
Жасқанбай сым үстінен жүгіреді.
Алдынан ақ шымылдық ашылды да,
Жәннаттың бақшасына сүңги берді.
Бір дыбыс шықты сонда дәл төбемнен,
- Бетіне амал дәптер қара деген.
Қарадым аты мұнда жазылмапты,
- Онда тез өз орнына қайтар деген.
Айтылған алма – кезек бұл дыбысқа,
Сәп салып енді ғана бұрылғанша.
Төсегімде шалқалап жатыр екем,
Жаудырап екі көзім бұрынғыша.
Қуандым нұрын көріп жарық жалған,
Қан жүгірді денеме қурап қалған.
Бір алланың барлығын шын түсіндім,
Дейді ақаң құпиясын ашып маған.
- Тәубә! – дедім уақытты қайтаралман,
Бірде көл, ал бірде шөл мынау жалған.
Бір алланың барлығын кеш түсіндім,
Мен бір жан мезгілінен қапы қалған.
Табынбан жаралғанға мойын бұрман,
Өз басын амандасын ол антұрған.
Табынам жаратқанға жарылқаушым,
Қамқоршым жүрегімді нұрландырған.
***
Жирма сегіз жыл тапжылмаған бір орыннан,
Жөткелдім бұйрық түсіп жоғарыдан.
Жақсы, жаман күндерді бірге өткізген,
Қимай – қимай аттандым ауылымнан.
Туған жер неткен ыстық қиялмадым,
Бүгін мен болашақты қиялдадым.
Қарызым мойынымда кетпесін деп,
Еліме шын жүректен жыр арнадым.
«Уа, сүйікті ауылым,
Үстінде тұрып тауыңның.
Көз жіберсем әлемге,
Қанат бітті сезімге.
Орман бөркін бұлғайды,
Ұлың былай толғайды:
Бақытым сен, бағым сен,
Көзімнің қара, ағы сен.
Аспандағы айым сен,
Ұжымақтай жайым сен.
Жақсыларда сенде екен,
Жамндарда сенеде екен.
Шешендерде сенде екен,
Көсемдерде сенде екен.
Осылардың бәріде,
Құшағыңа әрине.
Қалай сиып кетті екен.
Қандай мейір өпті екен,
Уа, сүйікті ауылым,
Үстінде тұрып тауыңның.
Кеудемді тостым дауылға,
Жонымды тостым ауырға.
Жығылдым сенде, құладым,
Ұшып тұрдым уандым.
Желпінгенім желіңнен,
Күрсінгенім көліңнен.
Маған жұққан мінез ғой,
Бердің өзің теңіз ой.
Аз ба сенен жиғаным,
Барыңды маған силадың.
Өзіңнен бүгін қалаға,
Аттанардың алдында.
Зор сеніммен тағы алға,
Бір керпіш боп қоғамға,
Қаланайын деп барам,
Жаңарайын деп барам.
Тентегіңнің кемісін,
Кешір ауылым, кеш далам!
***
Жаңа орын, жаңа жұмыс, жаңа ақпар,
Жоғары, төменненде жауды хаттар.
Ауылдың өміріне ұқсамайды,
Өзгеше тілек және ұсыныс бар.
Қабылдап заңдылықты игергенше,
Тапболдым қайшылыққа әлде неше.
Жиналған зиялылар бұл орынға,
Басқару оңай болмай – дейді өзгеше.
Біреу дейді ақындар, өнерпаздар,
Әнші, күйші бәріде күншіл жандар.
Өзіңді жаздың «жынның әлегі» нде,
Тектен тек жазылмаған соны аңғар.
Жынның әлегі
Біз баламыз,
Ал әкеміз айтушы еді –
«Ана ауылда көп бақсы,
Ауыруға ауыру,
Қоспағаны ең жақсы».
Бірі шала,
Ал бірі дау перім.
«Айтқандары келеді екен»
Десетін жұрт көп – көрім.
Шала бақсы өзін – өзі,
Билей алмай жын құып.
Жүрсе алдына ол сорлыны,
Кетіпті әлгі жын бұып.
Ал дау перім қызыл шоққа,
Қызған қызыл темірді.
Тілмен жалап,
Жалаң аяқ
Басып тұрып кемірді.
Шу асауға қарғып мініп,
Төрге бірақ ырғытты.
Шоқтығынан басып тұрып,
Үй ішінде шұлғытты.
Бір қарасаң шаңыраққа,
Саңық – саңық етіп,
Қызыл етті қылғиды.
Бетін басып кейбіреулер,
Есік жаққа сырғиды.
Мынау рас,
Сол дау пері,
Өзін ұстай алатын.
Оның сабаз бейнесіне,
Көргендер таң қалатын.
Осы күнде деседі жұрт,
«Ақын біткен неге үйір араққа?»
Олардада бір бақсылық,
Жын бар десем ғажаппа?!
Бір ромке,
Оның шалқытады шабытын.
Содан кейін бірі сорлап,
Бірі тапқан «бақытын».
Бірі шала,
Бақсылардан аумайды.
Түбін құсаң ұқсамайды,
Ол қайғы мен бұл қайғы.
Бабалардың айтқанында,
Бір шындық бар расы.
«Ауруға ауру,
Қоспағаны ең жақсы».
Оқыдым қайта қарап жазғанымды,
Асырсам деп ойымды, арманымды.
Кеңеспен пішілген тон келте болмас,
Назарым міне осыған аударылды.
Прозада ғапарды ұйтқы етсек деп,
Поэзияда кекеңе жүгінсек деп.
Ғизатты сазгерлікте үлгі етіп,
Үшеуін жасампаздықта ұйтқы етсек деп.
Ойымды қойып едім құптады көп,
Бәрі де бір арнаға құйылды кеп.
Біреуі уақ, бірі керей, бірі найман,
Бәріде бір мүдеге ұйысты кеп.
Екі жас қолғанатым қайрат, бақыт,
Бұлардың бірі гауһар, бірі жақұт.
Бір төре, бір найманды таңдап алдым,
Көрсетті дұрыстығын алтын уақыт.
Жазылды үш жүз ақын шежіресі,
Халықтың бай мұрасы өнегесі.
Мәдениет апталығы жалпыласып,
Жанданды ауылдардың мерекесі.
Халықтың аңыздары, ертегісі,
Мақалы, мәтелімен ән термесі.