Абай шыңы
Эверест шыңын дейміз-ау ең биік,
Шыға алмас тау өрлеген, тіпті, киік.
Әркім де армандайды шықсам ғой деп,
Арманына жетер біреу өмір қиып.
Непал елі орналасқан жері шыңның,
Көп күш керек самғауы үшін қанатыңның.
Шыңға өрлеу арманы болар кім де кімнің.
Шыға аларсың, рухы жетсе қайратыңның.
Егер Қазақ жерінде болса шың Эверест,
(Абайдың да өз рух шыңы еш кем емес).
Абай ғана лайықты шыңның атауына,
Абайдан өзге бұл шыңға ешкім тең емес.
Жол ашқан рухани Абай кемеңгер,
«Қазақта өзге одан да биік бар»-демеңдер.
Қара сөзін, өлеңін, жыр-дастанында,
Әрбір үтір, нүктесін де елеңдер.
Адамды тек Абай сөзімен жебеңдер,
Оны ескеріп, халық ақысын жемеңдер.
Түсін сөзді, дос көріңдер бір-біріңді,
Ішінде елдің тумасын ешбір белеңдер.
Құнанбайдың Ұлжаннан ұлы Абай,
Абайдай перзент анадан туды қалай?
Қазақ халқы дана халық ежелден,
Абайдай ұрпақ тілейміз әлі талай.
Болыс-бидің баласы болғанымен,
Асқан дәулет артында қалғанымен,
Дәулет көрген байыппен көз қарағымен,
Мақтанбады өзінің сай жарағымен,
Мақтанған қайта қара сөз жазған парағымен.
Алты алаштың Абайдай Пайғамбары,
Мәлім дүние жүзіне.
Көрсетуге пәлсапаны айбарлары,
Кемел Абай ізімен.
Ұмтылған қанша азамат,
Сол ізіне түсуге.
Ашылған небір ғазауат,
Түзу жолын үзуге.
Ұлылық дей салармыз,
Абайдың әр айтқанына.
Ұғынса, таң қалармыз,
Арам ойдан қайтқанына.
Абайдың өсиеті әрбір жазған –
Әдеби шығарма емес ол,
Жай ғана оқи саларға.
Абай жолын саралап түбін қазған,
Оқымау үшін демес ол,
Бекерге сөреде қаларға.
Оқу деген Абайды бір бөлек іс,
Түсінуге оны қайтадан керек қой күш.
Түйсікке құю, адами түсіну ,
Азап іс.
Ұғынып оны, біреуге ұсыну –
Ғажап іс.
Көш бастаушы,
Ел жақтаушы,
Абай Хакім,
Ұлы емес деуге барар қалай қақың.
Абайдың өсиетін,
Қасиетін,
Түсіндіре алар бұ дүниеде бар ма ақын?
Саны көп, сапасы жоқ – өлең бе,
Мағынасы маңызды ма, көлем бе?
Абай – ғұлама талайға үлгі болар,
Өзіңді емес, еліңді ойла өлерде.
Болыс та болған хакім Абай атамыз,
Дәлелін айтып, өлеңін жазды.
Достарды сатып, аққуларды атамыз,
Абай айтқандай, ұлтымыз азды.
Таңдаған соңында табады тазды,
Заманда мына, кім тыңдар назды.
Түсіну де жоқ, түйсік те жоқ,
Бүркітке теңеп, үйдегі қазды.
Жүз жылғы тарихы бар «жесір дауын»,
Абай-дана шешкен-ді шиыр бауын.
Абайдың қара сөздерін жүректе сақта,
Бағындырамын десең биік шың Абай тауын.
Абай шыңын бағындыру – қиынның да қиыны,
Ол таудың етегі кең, жоқ, тіпті, ұшы-қиыры.