Азамат
поэма
Қазақпын ба әлде, сірә, жоқ па екен ?!
Аш па менің қарным әлде тоқ па екен?!
«Қазақпын» деп шырылдаған өзге ұлттан,
«Өзге ұлтпын» деген қазақ көп пе екен?!
Еңбегіне адал боп ұшар оқ та,
Қазіргі адам алаяқ па, есерсоқ па?
Шырылдаса қанша сәби, қанша ана,
Бай санап жүр ақшасын есепшотта.
Бір баланың білімі бар тасып жатқан,
Бірақ та ақшасы жоқ асып жатқан.
Бұл балаға оқудан орын болмас,
Бай баласына есігі оның ашық жатқан.
Қырылған-ды азаматтар қанша мың,
Шыдатпады халық айтар зар да мұң.
Үйленсе де, алтын қыздар өзге ұлтқа,
Шыдамаспыз егер қыз боп қалса күң.
Тілі жоқ өлең,
Жандырған жүрек лаулаған от па?
Ұғына алмаса бейшара ел алдаған боп па?
Бұрын Сталин жан баласын қырған ұдай,
Қазіргі билер Сталиндей жалмаған жоқ па?
Шәкәрім мен партия Алаш айтқан шындық:
Сол заманғы ішінара болған сұмдық.
Ол заманда талап еткен қара елге,
Билікке жалғыз жасалынуы жеке бас құлдық.
Алаштың күнін кешкен қара халық,
Заман емес, жүрер түйе қарнын жарып.
Жағдайы жоқ кедейге байырғыдай,
Қара байлар жүрмесін салық салып.
Аждаһаның азуынан аман қалып,
Ізі қалған азудан жараны таңып.
Қазақты қазақ, қырмасын бірін-бірі,
Масадайын қанын ішіп, әбден қанып.
Халық, шіркін, шындықты сүйіп қалып,
Шындық үшін берілсе екен күйіп жанып.
Ащы шындық айта алған азамат қой,
Шындық лебі қалмасын бетке тиіп, қарып,
Бір бүйірмен жылжымай да жата берсең,
Бір бүйірің қалмай ма екен ұйып қалып.
Күні бүгін ағасы жоқтың болар кәріп,
Байекелер отырса үйде «шамы жарық».
Баласынан сұрай қалсаң байекеңнің,
Бере ала ма айтып, қане, толық әріп.
Қазақтардың өзіне жетпей өз байлығы,
Жайлы болып төселді ме өз жайлығы,
Ауыр тірлік істеген азаматтар,
Нан алуға жетпесе ақша—сол қайғылы.
Кеңестің үкіметін жамандаймыз,
Зомбылықты көріп келген адамдаймыз.
Темір тәртіп, әділ билік өткен дәуір,
Бай мен кедей теңдігін табалаймыз.
Неге біз өткенге біраз қарамаймыз,
Адалырақ заман өткенін аңғармаймыз.
Не себепті береке жоқ ісімізде,
Бәлкім, біздер бірімізді көре алмаймыз.
Еркектерің ез болғаннан сау ма дейсің,
Жаныңдағы жан досың жау ма дейсің.
Бәріне көл—көсір ғып көмектессең,
Ақырында барлығынан таяқ жейсің.
Қазақпыз ғой, бәріміз, кел, бауырым,
Жетелейік алдыға ел дәуірін.
Қазақ деген азаппен болғасын ұйқас,
Қазақтар шыдаған заман ең ауырын.
Дайын тұрар қолына ұстап қаруын,
Аялап құмырадай қыштан аруын,
Ер жігіті қорғаған түрлі жаудан,
Жұрттың аман ғып қыстан қалуын.
Шындық айту қиын болды мына жүрген пендеге,
Бөсе салар заман болды өтірікті емге де.
Жүр екен, әне, небір шешен қайсарлар,
Ащы шындықтың бір ұшынан жеп келе.
Болмай кетті маңызы әдебиеттің,
Дәрежесі төмендеді мәдениеттің.
Адал емес, іс істеп, ақша тауып,
Заманы болды өршіген әккі ниеттің.
Салмағы жоқ әннің де, күйдің де,
Бар әндердің мазмұны бір—«сүйдімде».
Осыны тыңдап, сусындаған жастар көп қой,
Жеңіл әннен бір мағына түйдің бе?
Жеңіл өнер адам жоқ оны сынайтұғын,
Тіпті, оны тыңдап әрі шыдайтұғын.
Уақытын өткеріп, жеңіл іс істей қалып,
Ақша үшін бірімен ұрсып, жылайтұғын.
Жеңіл өнер, адам жоқ оны сынайтұғын,
Дәстүріміз белортадан құлайтұғын.
Құндылықты жоғалтатын бар жайымыз,
Тоқ болса қарын, басымызды қатырмаймыз,
Күнара бір тойымыз дайын тұрар,
Үйімізге бір қонақ шақырмаймыз.
Суға батты үйлерің,
Не болмақ-ты күйлерің.
Батпас па еді кім білер,
Тиянақ болса билерің.
Ақша да судай ағып жатқан,
Көбейді ел мұңын шағып жатқан.
Опасыздар көбейді, сатқындар да,
Күйені бетіне жағып жатқан.
Не істерін білмей халық та лағып жатқан,
Үміттің оты еш алаусыз жанып жатқан.
Амалсыздан бейшара пенде дал болып,
Өз қолымен дуалға басын жарып жатқан.
Мұң-шерін айтып, ішқұса боп налып жатқан,
Құлқын тоймай, өркениеттен қалып жатқан.
Бітпеді шаруа бас қатырар ешкім жоқ,
Өз әуресін өзгенің басына салып жатқан.
Бостандық жоқ, халыққа өз үрейінен,
Жыласа жан, қарап қалай күлейін мен?
Жата бермей, кірісейік күш салып,
Сыбанып білек, жеңімді іске түрейін мен.
Лағып жүр халық, есінен де жүр танып,
Қиындық отына сәл-пәл күйіп-жанып,
Жері үшін, елі үшін һәм «Отаным» деп,
Тірлік қылса әрбір қазақ анық-анық.
Халық адамының халыққа пайдасы бар ма,
Айтпасқа өтірік әлдекімнің айласы бар ма?
Адал билік халыққа арман болды ма,
Патша көңіл өз билігіне толды ма?
Қара халықтан артығырақ ойласы бар ма?
Халық теңдігі жоғалған мына заманда,
Бәлки, теңдік болар басы әманда,
Халық биік, шаруа мен егінші де,
Тұруы керек адасқан мына қоғамда.
Халық биік, шаруа мен егінші де,
Тұруы керек адасқан мына қоғамда.
Таң қалар адам бар ма әлемде соған да
Қымсынбай, елді биік қып көрсет одан да.