Просмотров: 332 | Опубликовано: 2020-09-15 16:40:53

...өліктердің уысында ериді

 

роман

1 бөлім

Мақала

Каоби құрлығындағы төрт елдің де меншігіне жат-пайтын көшпелі арал туралы алып-қашпа әңгіме өте көп. Бұл жұмбақ аралға құрлықтың батысында орналасқан шағын Брустон елі мен Фол-Прайз мемлекеті жүз жылдан бері таласып келеді. Ал құрлық ортасындағы Берн-Тайн мемле-кеті мен Хейдан елі бұл мәселеге қазір бас қатырмайды. Де-сек те осыдан он жыл бұрын болған Брустон мен Берн-Тайн арасындағы соғыс осы арал үшін басталған деген сыбыс бар.  

Ол кезде Берн-Тайндағы «Остинос» шарап зауыты бір елдің экономикасын көтеретіндей күшке ие еді. Уақыт өте келе өндіріс көлемі ұлғайып, шараптың бағасы күрт қымбат-тайды. Бірақ қанша қымбат болса да, Каоби құрлығының төрт елінен келетін тұтынушылар қарасы бір үзілген емес-ті. Жұмыс көлемі артқан соң, зауыт басшылары әр елден шаруа-ларды тарта бастайды. Сонда Брустонның өзінен жүз елу адам жұмыс іздеп келіп, оның жүз оны аяқ астынан жоғалып кетеді. Көрші елдің экономикасының көтерілгенін көре ал-май, тиісуге себеп таппай жүрген Брустондық билік үшін бұл бір тамаша мүмкіндік болды. Ұшты-күйлі жоғалғандарды сылтау етіп, тікелей зауыт басшылығына тиіседі. Өз зауытын қорғаған Берн-Тайн билігі болса, Брустон елшілігіне ешқан-дай жауап қайтармай қояды. Бұған ашуланған Брустонның қауіпсіздік палатасының барлаушылары саясаттың ашық алаңында жұмыс істеуді қойып, астыртын әрекет ете бас-тайды. Зауытқа жансыздарды жіберіп, өздері күтпеген жағ-дайға тап болады. Сөйтсе, «Остиностағы» шарап дайын-даушылар ішімдікті ел білетін дәстүрлі әдіспен емес, мүлдем бөлек тәсілмен жасайтын болып шығады.  Шарапқа қосыла-тын өнім кәнігі жүзім емес, Каобидан, тіпті Еурданиядан да кездеспейтін басқа бір жеміс түрі екен.  Жұмбақ жемістің қайдан келетінін түсінбей, брустондар біраз әуреге түседі. Зауыт қызметкерлері шараптың неден жасалынатынын біл-генімен, оның қайдан әкелінетінінен бейхабар еді. Ақыр со-ңында тыңшылар жемісті Фермангель аралынан тасуы мүм-кін деген тұжырым жасап, із-түссіз жоғалған адамдар сол жақта қалды деген күдікпен зауытты айыптайды. Расында олардың нақты дәлелі жоқ-ты. Тек әлгі жемістің Каобида да,  басқа құрлықта да өспейтіндігін айтып, жағдайды ушықтыра түседі.

Тайндардың ашық мұхитқа шығатын жалғыз тиімді жолы Брустонды қиып өтетін Коронади өзені еді. Олардың Фермангельге сол өзен арқылы ғана жете алатындарын біл-ген Брустон билігі әдейі шекараны жауып алады. Көп өтпей-ақ, өздері ойлағандай, мұхитқа барар жолды кескен соң, «Остинос» зауытының өндірісі бәсеңдейді. Оған қоса халық кит майынан, итбалық терісінен, жалпы теңіз өнімдерінен ада қалып қояды. Экономикалық құлдырауға тап болған Берн-Тайн мемлекеті, Фол-Прайздың жері арқылы өтетін өзен құрылысын бастауға көшеді. Бірақ жасанды өзен ақ-қанша, халықтың жағдайы күрт нашарлап кетеді. Ал брус-тондар зауыт дауын одан сайын өршелендіріп, жоғалған адамдардың ісін қарастыра берді. Бұл әрекеттеріне тек қару-мен төтеп беруден басқа амалы қалмаған Берн-Тайн мемле-кеті соғысты алғашқы болып бастайды. Осы сәтті күткен брустондар арал дауын ұмыт қалдыру үшін, соғыс ұранына байырғы жер, салық, сауда-саттық мәселелерін арқау етіп қарсы тұрады. Өйткені Фермангель шарабының құпиясын ешкімге білдірмей, бұл іспен кейін өздері айналыспақ еді. Соғыс бір жылға созылып, Берн-Тайн мемлекеті үшін пай-дасыз шешілді: шекара да ашылған жоқ, зауыт та жабылып қалды.

Осылайша әлгі жоғалған адамдардың оқиғасы ашыл-маған құпиялар архивінде шаң басқан күйі қала берді. Ал Тайндағы зауыт өндірісі түбегейлі тоқтағанымен, ел ара-сында сол сапамен жасырын шарап жасап сататындар бар деседі. Көзі көргендердің айтуынша, оған ел басшылары мен теңіз қарақшыларының ғана қолы жетеді екен. Осындай бі-рен-саран қауесеттер болмаса, аты шулы шараптың оқиғасы халық санасынан ұмытыла бастаған еді.

Алайда екі жыл бұрын Брустонның құпия мұрағаты-нан Фермангель аралы жайындағы зерттеулер жоғалыпты деген сыбыс тарап, арал туралы әңгімелер қайтадан халық талқысына түсті. Бұл туралы газеттер де жар сала жазысып жатты. Ел арасында «Аралды кім ашса, сол шексіз байлыққа кенеледі екен»,  «Аралдың жемісін жесе, қартаймайды екен», «Остинос» шарабын енді біздің ел өндіретін болыпты» деген сияқты сенімдер күн өткен сайын көбейіп жатты. Бұл жолы Фермангельдің мәселесіне араласа баста-ған Берн-Тайн емес, көрші Фол-Прайз мемлекеті. Екі ел арал-ды өз карталарына қосып алудың таласына көшті. Брустон мемлекеті Фермангель біздің меншік болу керек дейді. Себе-бі арал осы елге жақын орналасқан. Ал Фол-Прайз өздерінің тарихына жүгінеді. Бұрынғы жыр-дастандарды негізге алып, біздің ата-бабамыздың мекені дейді. Алайда ешқайсысының дәлелі нақты болмаған соң, тек таласу ғана.

Брустон – өзі бір қызық ел. Ел ішінде бүлік шықса, өз-ге елге жапқыш. Хейдандықтардың оларды «бәлеқор мемле-кет» деп айыптайтындай жөні бар. Қит етсе, көршісіне мыл-тық кезеуге дайын тұрады. Тұздытау бұғазы Брустонға тиесі-лі болғандықтан, барлық елге тұз сатып отырған – өздері. Ки-кілжің туа қалса, тұз бермейміз деп қорқытады. Сондықтан басқа елдерді өздеріне тәуелді санайды.

Жоғалған құжатқа қатысты да олар Фол-Прайз мем-лекетін кінәлаған-ды. Оған тіпті дәйектер де тауып қойған. Құпия құжат ұрланыпты деген әңгіме шыққан кезде, екі ел басшылығы жабық кеңес өткізген еді. Сол уақыттан бері екі жыл өтсе де, жиында не айтылғаны құпия күйінде қалды. Га-зет беттеріне де бірде-бір жаңалық шыққан жоқ. Әсіресе ха-лыққа түсініксіз болғаны Брустонға Фол-Прайздың атақты магнаты, кәсіпкер Харбер Уотсонның көшіп келуі еді.

Екі ел жабық кеңес ұйымдастырған сәттен арал жа-йындағы барлық материалдардың көзін жоя бастады. «Көш-пелі Фермангель аралы» деген мақала жарық көрген «Халық толқыны» газетін де  құрдымға кетірді. Таралымның бәрін жойғанымен, Берн-Тайнға өтіп кеткен данасы арқылы мақа-ланың не жайында екені белгілі болды.

Газет былай дейді: «Сексен алтыншы жылдың жа-зында брустондық саяхатшы-ғалым Фермангель Августин «Қараөткел» деп аталатын экпедиция қорытындысын жа-риялады. Қараөткел – Брустоннан мың үш жүз шақырым-дағы мұхит бетіне құлаған қою қара бұлтты аймақ. Оның бір шеті Тынық мұхитының шығысына, батысы Еурдания құр-лығына дейін созылған. Зерттеуші сызба нұсқасында бұл аймақтың бірде доғал, кейде шеңбер, бірде үшбұрышқа айна-лып, енді бірде ұзындыққа созылып құбылатынын көрсеткен. Қай тұсынан келсең де, компасты шатастыратын белгісіз құ-былысқа ұшырайсың. Тарихта Қараөткелден өткен тірі жан жоқ. Ұшқан құс та, жүзген кеме де жақын барса жоғалып ке-теді. Фермангель өмірінің жартысын осы мекенді зерттеуге жұмсап, аралға өтуге болатын бір ойысын тапқан. Ол зерт-теулерінде қара тұман астындағы толқындардың екіге бөлі-ніп,  су бетінде ойыс пайда болатынын жазған. Дәл сол тұсты өткел болуы мүмкін деп белгілеген. Өйткені сол жерден арғы беттегі аралды көріп, сол бойынша жанартаулы, шағын арал-ды картаға түсірген. Алыстан көрінгендіктен, нақты жер кө-лемін есептей алмаған. Өткелден өту үшін бірнеше тәуекел-дерге барғанымен, саяхаттары сәтсіз шығады. Фермангель экспедициясынан соң да бірнеше зерттеушілер барып, оның өткел жайындағы сөздерін растайды. Кейін аралға зерттеуші-нің аты беріледі. Фермангель өзінің қорытындысын жарияла-ғаннан кейін, қастандықпен өлтіріліп, зерттеулерінің жарты-сынан көбі жоғалып кетеді. Ол кезде кімнің қандай мақсатта, ондай әрекетке барғаны  түсініксіз күйінде қала берді.

 Ғалымның қалдырған сызба нұсқасы Фол-Прайз елі-нің көне жыршысы Альдан Маркелидің «Тас қауыз» атты жазбасындағы сипаттарға толық саяды. Сонда келтірілген мына бір шумақты зерттеушілер негізге алады:

Жаманға жауған қарғыстан,

Жер тұншықты мол суға.

Соңғы баба көкке қарап, айқайлап,

Тас қауызын жарғызды.

Жер төбесі көтеріліп әп-сәтте

Соңғы адамға орын қалды аз ғана.

Қазіргі тілге баламаласақ, мол суы – мұхитқа, қарғы-сы – қара қақпаға ұқсап, тас қауызы – жанартау болса, аз жері – аралды меңзеп тұрғандай. Басқа ақындардың өлеңдерінде де жойылып кеткен жердің тіршілігі туралы біраз дүниелер айтылған.

Біздің жұмбақ арал жөнінде аяқ асты сөз қозғауы-мыздың  себебі – қазіргі болып жатқан еларалық кикілжің-дерге осы аймақтың қандай да бір қатысы бардай көрінеді. Мәселен, он жыл бұрынғы соғыс пен жақында өтетін Фол-Прайз мемлекеті мен Брустон арасындағы кеңес те осы арал-ға тікелей байланысты секілді. Газетіміз «Халық толқыны» деген атауды алған сәттен бастап, халқымыздың мүддесіне жұмыс істеуге жұмылғанбыз. Ендеше Фермангель расында біздің арал болса, ол тек билік басындағы әлдебіреулердің меншігі емес, бүкіл халықтың еншісі екенін білуіміз керек».

Мақаланы жазған журналистер аралдың ашылмайтын құпиялары туралы әлденені білген сыңайлы. Өйткені зауыт үшін басталған қақтығыстың айналасында не болғанын тәп-тіштеп тұрып газет бетіне түсірген. Алдымен арал жайында баяндай келіп, шарап зауыты туралы да  айтады: «Остинос» зауытындағы есімдері беймәлім үш терімші Фермангельге өтетін жалғыз өткелді білген. Осыны Берн-Тайн шенеунігі  Удзо Фойнер жасырын өз пайдасына жаратқан. Брустонның сыртқы істер министірлігінің төрағасы Баттер Фентсонмен бірлесіп, Фермангельге құпия сапар ұйымдастырған. Осы іс-ті жасырын, он бес жыл сәтті дөңгелетеді. Фермангельден та-сыған жеміс шарабының дәмі, жүзім шырынындай қышқыл емес, қанттың дәміне ұқсас шәрбат шырын бөледі. Ішкеннен кейін мастықтың әсері тез жайылып, ұзақ уақыт сақталады. Ешқандай жиіркендіретін, құстыратын әсері жоқ. Осы дәм шарапқа қосылғаннан кейін, бағасын он бес есеге көтерген. Осылайша зауыт жылдам танымалдылыққа ие болады. Же-містің құпиясын қатаң сақтағандары соншалық – қызметші-лердің бірі де білмеген. Кейін әлгі жүз адамның дауымен со-ғыс басталып кеткенде, Фойнерді әлдебіреулер атып өлтіре-ді. Терімшілердің екеуінің денесі табылып, біреуі із-түссіз жоғалады. Еурданияға өтіп кетті ме, мұхит астында қалды ма – белгісіз. Зауыттың басшысы сотталып түрмеде қаза тапқан. Бұлардың бәріне қырғидай тиген топтың артында Харбер Уотсон тұрды. Харбер – Фол-Прайздың беделді кәсіпкері. Қонақ үй саласы, құрылыс, сауда-саттықтың бәрінде бірдей жүрген ірі тұлға.  Дәл сол адамның Брустонда өтетін жабық кеңеске келетіні бізді алаңдатады. Халықтың бәріне тиесілі аралды осындай адамдар өз пайдасына шешіп кетпесіне кім кепіл?! Сондықтан мұндай үлкен мәселелер ашық түрде ше-шілуі керек».

Мақала шыққаннан кейін газетті жапқаны жайында ғана естідік. Харбер Уотсон келгелі екі жыл өтсе де, бұл оқи-ғалардың сыбыры шықпады. Дәл алапат дауыл алдындағы тыныштықтай. Брустон халқы да арал туралы әңгімені ұмы-тып, өз тіршіліктерін жалғастырып жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сапар

Брустон елінің  жағалаудағы Кэмпидон қаласынан ба-тысқа қарай жалғыз қайықтың есіп кеткеніне алты күн бол-ды. Қайық, қалағынан қалатын ақ көбік жол секілді, ел ішін-дегі Фермангель туралы әңгімені қайта шайқап жіберіп, елден алыстап кетті. Бұл Қараөткелдің арғы бетіне бастаған елге белгілі ашық сапар еді. Фермангельге жол ашылып, қо-нақ үй салынғаны баршаға аян болды. Бұған дейінгі құры-лыс заттарын тасыған талай үлкен кемелердің қайда кетіп жатқанын халық енді түсінді. Газет жазды, ел шулады. Сөйтті де, сапарға шыққан он адамның соңынан қызығып қала берді.

Харбер Уотсен Брустонға келгендегі ойын ақыры іс-ке асырды. «Остинос» зауытының көзін құртқаннан кейін, Фермангельді өзінің кәсібіне айналдыруды жоспарлаған. Сол мақсатпен Брустон билігіндегі зауытқа қатысы бар адамдардың бәріне түрпідей тиді. Олардың ішіндегі аса құзырлы тұлға Брустонның сыртқы істер министрі Баттер Фентсон еді. Басы дауға қалған министрге мәжбүрлі түрде екі шешімді таңдауға қойды: бұрынғы заңсыз әрекеттері үшін абақтыға қамалады немесе Фермангельдегі қонақ үй мәселесін заңдастырады. Министр өз басын қорғап қалу үшін жабық кеңес өткізіп, Харбер мырза мен Брустон пре-зиденті арасында келіссөз жүргізді. Сол жерде кәсіпкер екі ел арасындағы арал мәселесін тиімді шешудің жолын ұсын-ды. Мәселен, Еурдания мен Каоби құрлықтарын жалғаған сауда-саттық жолы Қараөткелдің шығыс бүйірінен өтіп, Брустонның портына келеді. Ұзақ болса да Каобиға жалғаса-тын жалғыз тиімді жол. Яғни тікелей Брустон арқылы қалған үш елге жететіндіктен, бүкіл салық табысы осы елге түсіп отыр. Ал Харбердің қолындағы зерттеулердің бәрі аралдың  Фол-Прайзға тиесілі екенін сөзсіз дәлелдей алады. Арал Фол-Прайзға тисе, әлгі жолды жауып, Қараөткелді кесіп өтетін тиімді жол ашып, бүкіл бағытты тек Фол-Прайзға бұратынын айтты. Фермангельге таластың соңы немен аяқталарын түсіндірген соң, өзінің жоспарын баяндады: аралды толық ашпай, туризмдік бағытта пайдалану. Осы жобаны қолдаса, Фермангель екі елге де ортақ меншікке айналмақ. Бүкіл әлемге туристік аймақ ретінде жарияласа, Еурданиядан келетін саяхатшылар сауда-саттық жолы арқылы бірінші Брустонға келуге мәжбүр. Харбер мырзаның есебінше, бір адам саяхаттау үшін жеті жүз мың брустондық пу төлейді. Бұл дегеніміз сауда үшін алынатын салықтан үш есе көп. Ешқандай талассыз туризмнен түскен табысқа кенеліп отыруға Брустон президенті келісімін берді. Сол кездесуден кейінгі екі жыл ішінде-ақ Фермангельде қонақ үй тұрғызылды.

Харбер мырза Фермангельдің жер әлемдегі адамзат аңсап баратын жалғыз орын болатынына сенімді болды. Сол мейманхананы салу үшін ештеңеден тайынбай, дегеніне же-ту жолында қолынан келгенін аянбады. Әлгіндегі қайықта-ғы жолаушылар қонақ үй қызметшілері еді.

Шағын қайық кеудесін тік ұстаған әскерше тулаған толқынға дес бермей зырғытып барады. Шалқып ескен қа-йығымен үнсіз тілдескен капитан қасқайып бағытын бақы-лап тұр.

Капитан Роузен ашық теңізге шыққанда ешқашан ар-тына бұрылып қараған емес. Ол толқынға қарсы жүзгенде тек қана соғыс алаңын есіне түсірумен тұрады. Екі қастың ортасын ойып түскен терең тыртығы босаңсуға болмайты-нын ескертуші символ іспетті. Ойлана қалса, көзіне өткен соғыстың алабыртқан түтіні елестейді. Құлағынан тарс етіп тасқа тиген оқтың дыбысы кетпейді. Аркади қаласының маңындағы соңғы шайқас – оның санасындағы ауыр естелік. Жау тылында қалған он жеті солдаттың өмірін әп-сәтте жұтып қойған ажалға өзі есік ашып бергендей, әлі күнге өзін кінәлайды. Жауды алдап қармағына түсірем деген тактикасы ауыр трагедияның сұрықсыз көрінісін тыртығына сіңдірді де, өміріңді сүре бер деп тірі жіберген-ді. Соғыс аяқталып, теңіз капитанына айналғалы он жылдың жүзі болса да, дәл осы тұрыстан тайған жоқ. Бүгінгі сапарда сол оқиғаны  қайта есіне түсіргеніне борттағы он жолаушыны кінәлайтын сынды. Сапарларына бес күн өтсе де, жолаушыларына «Сәтті сапар болсын» деп тілеген жоқ. Ал жолаушылар томаға-тұйық капитанмен бір аптаны бірге өткізу іш пыстыратынын түсініп, өз ойларының толқынында тербетіліп келеді.

Сапар басталғалы қызара бөрткен, томпақ қарын Жаспер ғана борт үстінде көлбеңдеп капитанның мазасын ала берді. Роузен қанша қабақ түйсе де, Жаспердің жасқа-натын түрі көрінбейді. Теңселген қайық үстінде қалба-лақтап, әр бұрышқа бір қағылып жүр. Оның ұлы сапарға құрмет танытпағанын теңіздің ширақ толқындары да жақ-тырмаған тәрізді. Қайық жиегінен басын төмен салып, құ-суға бекінгенде, сапырылған толқындар үстіне төгіліп, кері құлатты. Өңештегі жыны бетіне жағылып, өз құсығына өзі шашалған Жаспер дөңгелеп жүріп, капитанның аяқ жағына сылқ ете түсті. Капитан сапар аяқталғанша кірпік қақпай жол күзетпекке нақты бекініп шыққанымен, балағына мұрнын сүртіп жатқан маскүнемнің әрекеті мақсатын масқара-лағандай болды. Аяғын сілкіп қалуын Жаспер де күтіп жат-қандай-ақ. Жалпақ табанды қара бәтеңкенің өкшесі сарт ете қалғанда, басы солқ етіп, әрмен қарай ұшып түсті. Атып тұрайын деп ширақ қозғалып көрсе де, бір аунап түсуге ғана әлі жетті. Капитан әдетінше бұрылып қараған жоқ. Жаспер қан мен жынға шыланған тұмсығын жеңімен сүртіп, еңкіл-дей жөнелді. Құдды қалағаны да сол сынды армансыз өксі-гін төкті дерсің. Бірнеше күнгі шарап та, теңселген қайық та оның жан қуысының белігісіз қатпарына тығылған жасын шығара алмай қойған-ды. Енді міне қара бәтеңкені іздеп жүріп тапқан тұмсығының арқасында еркін еңкілдеп жатыр. Егер тағы да біршама уақыт өкірсе, ішкі зарын шығарып тастайтынына өзі де сенімді. Қайық теңселген сайын, оның есіне ескі күндерінің елесі қайта-қайта келеді. Қанша ішіп, өкініп, қайғырғанымен әйелін қайтара алмайтынын білсе де, қайта ес жиюға тырысып көрген емес. Шарап ішу, есі жоға-лып әркімнен бір таяқ жеу сұрықсыз өміріне сәл де болса өң беретіндей. Мұндай бейшара күйге түскен жігітті кезінде Харбер мырзаның етене арласқан досы дегенге кім сенер? Ешкімнің иланбасы анық. Алайда ол әйелі тірі кезде он саусағынан өнер тамған ең мықты зергерші еді. Харбердің саусағындағы алтыннан құйылып, гаухар таспен көмкерілген сақина – Жаспердің төл туындысы. Харбер мырзанікіндей ауқымды кәсібі болмаса да, ауыз толтырып айтарлықтай дәулеті болды. Жарынан айырған тағдырынан көңілі қай-тып, қайғысын жуған шарапқа бәрін айырбастады. Аралға бара жатқандардың әйтеуір табыс табамын, жаңа жер көре-мін деген түрлі мақсаттары бар, ал бұл жігіт әншейін ілесіп келеді. Харбер ескі досының ессіз жүрісі жақсылыққа апар-масын біліп,  екі қолына бір күрек табылар, аула сыпырса да, әйтеуір адам қатарына қосылар деп, Роузенге тапсырып жіберген-ді. Ал Жаспердің қазіргі қайықтағы сыйқы сол баяғы: есі кете ішіп, ыңқ-ыңқ етіп, өксігін тыя алмай жатыр. Бірақ аз уақыттан соң, мотордың дырылдаған дыбысына қолдау көрсеткісі келгендей, жылауын жағымсыз қорылмен жалғастырды.

Қайық салонына жақсылап жайғасып алған жолау-шылар күбір-күбір әңгімелерін айтысуда. Оларға мұхитқа шығып, теңселіп отыру таңсық емес. Күні ертең-ақ баста-латын жаңа қызметтері туралы әрқайсысы өздерінше әлем құрастырып, елестетіп келеді. Басым көпшілігі бұл сапар-ларын жақсы табыспен байланыстырып алған: әрқайсысы ай сайын төрт жүз мың брустондық пудан алса, Хейданның  көсемдері ғана кіретін мейрамханаларға көсіле жайғасып, мәзір бетін сапырып отырудың өзі түк емес екенін ойлайды. Ішкі сырлары бөтен жандардың бәріне ортақ нәрсе осы езу-леріндегі жымиыс қана еді.

Төрдегі аққұба, сүйкімді жүзді Кетриннің бетінде әлдебір ерекше күлкі бар. Жиырмадан жаңа асса да, әлемнің бірталай елін аралады. Он тоғыз жастан бастап Хейданның ауқаттылары өмір сүретін Андорн қаласында да, Фол-Прайздың бас қаласы Волпуста да өмір сүрді. Бұндай ірі қалаларда тұру бақыты кез келгенге бұйыра бермейді. Алайда Кетрин де жібек жөргекке оранып өскен жоқ. Кэмпидонның етек өңіріндегі балықшының отбасында ту-ған ол кішкентайынан саяхатқа құмар еді. Өсе келе әлемді аралауды мақсат етіп, амалын тауып, көптеген қалаларға ба-рып, түрлі жұмыс істеді. Сөйтіп жүріп, қонақ үйге келген беделді өкілдерге қызмет көрсететін күміс мөрлі маманның құжатына қол жеткізді. Қызығы, осы салада жүріп атақты қонақ үйлерде бірнеше рет Харбер мырзаны кездестірді. Бірде кәсіпкер Кэмпидондағы Кетрин жұмыс істеп жүрген «Тамруф» деген айтулы қонақ үйге тұрақтады. Сол жерде сұлу жүзін мұң басқан аққұба қызды тағы жолықтырғанына таңғалып, бірінші рет әңгімеге тартып: «Қызым, сен өзі қай елденсің, қайда жүрсем де, ұшыраса бердік қой»,– деп сұрады.

Кетрин өзіне тіл қатқан жуан қарындыларды жек кө-ретін. Тіпті бір жастыққа бас тигізуін сұраған талай кісіге қарсылық танытқаны үшін, бірнеше қонақ үй оны жұмыстан шығарып жіберген. Осы жолы оның бейтаныс адам артық сұ-рақ қойса теріс айнала кететін әдетінен кідірткен әйгілі кәсіп-кердің «Саяхат жасауды ұнатасың ба?» деген сауалы еді. Жөн сұрасқан соң, Харбер Фермангельге қонақ үй сала-тынын, тәжірибелі қызметшілер керектігін айтып қалған-ды.

Кетрин Фермангель жайындағы аңыздарды кішкен-тайынан естіп өссе де, оның шын мәнінде бар екеніне сен-бейтін. Алайда Харбер мырзаның арал жайындағы әңгіме-сінен кейін, жұмбақ жайлаған жерді өз көзімен бір көруге көңілі ауды. Еурданияға жоспарлаған саяхаты да, өзге елде жүргені де маңызын жоғалта бастады. Бәлкім, аяғы қайда тисе де, кезіге беретін сұмырай адамдардан шаршады ма, әйтеуір, «Ешкім жоқ жерге кетіп қалғым келеді» деген ойының шетін шындыққа айналған Фермангельге байлады.  Харбер мырзамен сөйлескеннен кейін, қонақ үй қызметін біржола тастап, туған жеріне оралып, үйіндегі  шешесіне болысты. Бірге базарға шығып, балық сатып, бір жағынан, ел ішіндегі Фермангель дауы жайындағы жаңалықтарға құлақ түре жүрді. Арал мәселесіндегі сыбыстар азайып, күдерін үзе бастағанда, Харбер мырзадан хабар жетті. Содан елшілік үй-інде тұрақтаған магнат өзіне шақыртып, аралдағы қызметті ұсынғанда, бірден келісе кетті. Алты айлық ауы-сыммен қо-мақты қаражатқа шарттасып, қайта жанданғандай күйге бө-ленді. Анасы бұрын қайда кетем десе де, келісіп, жібере салу-шы еді. Бұл жолы Қараөткелдің арғы жағына ке-тем дегенде қарсылық танытты. Әкесі екеуі қанша қаса-рысса да, Кетрин айтқанынан тайқымады. Алты күн бұрын жылап-сықтап арт-та қалған әке-шешесінің сөзін арманына айырбастап кетсе де, бала күнгі қиялына жол сілтеген ұсыныстан бас тарт-пағанына іштей қуанып келеді. Ешкім жоқ жерге жүзіп бара жатқанына енді сеніңкіреді. Соның әсерінен болса керек, әлгі жүзіндегі әлдекімдерге деген мысқыл қанық өңге бояла түсті.

Кетриннің қасында отырған Мейроннан басқалары – Кэмпидонның тұрғындары. Мейронның брустон тіліне күл-кісі келеді. Фол-Прайз тілі дөрекі дыбыстарға толы болған соң ба, әйтеуір, өзгелердің тілі оған тым жіңішке әрі нәзік естіледі. Кетринге ұрлана қарап, «тілі ондай жағымсыз бол-маса екен» деп ойлады. Өзі брустонша еркін сөйлеп үйренсе де, Фол-Прайз тіліне тән тәкаппар үннен айыққан жоқ.

Жол бойы тіс жармаған капитан, өксіген Жаспер Мейронның сапарының сәнін кетіргендей. Тымырсық, темір салоннан шығып, мұхиттың салқын ауасынан ұзақ жұтынып алды. Айнала – көкпеңбек шексіздік. Ескі мотор өз қар-қынымен тыртылдап келеді. Капитан қаққан қазық сынды қақиып әлі тұр. Іште отырғанда Жаспердің үнінен бір мұңның ауыр ноталарын құлағына қаққандай болып еді, мы-на жатысы соншама қайғыға бас ауыртатын адамға ұқ-самады. Бүктеліп алып, қорылдап жатыр дерсің, шіркін. Қайықтың алған бағытында қалың қоңыр бұлттың күтіп тұр-ғанын байқады. Аспанға қарап, қайда бет алып бара жатқа-нын топшылағысы келді. Арт жақта бейнесі өшкен қала жа-ғалауының аспаны ап-ашық тұр да, алдынан қорқынышты түнек күтіп тұр. Жаңа жұмысқа емес, жаңа азапқа бара жат-қандай күйге енді. Неге бұндай құлазу пайда болғанын біле алмай, басын қасиды. Өзінің туған аймағында, бар халықтың үрейін қашыратын бір аңыз бар. Сол рас болмаса игі еді деп ойлады. «Мұхитқа шығар алдында аспанға қарап бағыт ал» деуші еді балықшылар. «Түнерген тұманға ешқашан бұрыл-ма» дейтұғын.

«Осы капитанның тұрып алып ұйықтайтын әдеті жоқ па екен?» деген оймен қасына барды:

–  Капитан, сен бағыттан адасып кеткен жоқсың ба?

Капитан міз қақпайды. Мейрон оның бұл тұрысына басын бір шайқап қойып, салонға беттей бергенде, тарс еткен найзағайдың даусы шықты. Мейронның жүзі батыл адамға ұқсағанымен, жай төбесіне түскендей шошып, еңкейе қалды. Осы кезде ғана артына бұрылып, жақындап келе жатқан ка-питанға Мейрон:

–  Мына тұрысыңмен мұхиттың да ішін пыстырып жібердің-ау! – деп қылжақтады.

Роузен оның сөзін салқын өңмен тыңдап, ішке кіруін бұйырды да, соңынан ілесті. Мейрон екеуі іште көздері алақандай болып отырған жолаушылардың қатарына қосыл-ды. Капитан үнсіз ғана бәріне бірдей стақан таратып берді де, сөмкесінен бір бөтелке шарап алып шықты. Бәрінің түрінен таңғалыстан бұрын, капитанның өздеріне назар аударғанына қуанғандары білінеді. Роузен шарапқа үнсіз бір қарап алды да:

–  Баяғыда Еурданияға жүк таситын кеме капитаны «Остинос» шарабының дәмін татпасаң, менің кемеммен жол-ға шығуды армандама», – депті Брустондағы ең бай саудагерге!

Аяқ асты айтқан әзілге бәрі күліп жіберді. Негізінде әзіл айтатын үнге ұқсамаған еді. Капитан сәл ғана езу тар-тып, шарапты бәріне құйып берді. Өзі бос стақанмен тост кө-терді. Капитанның қызуына болмайтынын бәрі білгендік-тен, артық ой айтуға бекінген де жоқ.

–  Харбер осы шарапты сендерге арнайы сақтапты!

Найзағай тағы да гүрс ете қалды. Мейрон таңданып отырған жолдастарына көрсетіп, шарапты қағып алды. Бәрі ішіп болған соң, капитан олардың түрлеріне қарап, әлденені күткендей үнсіз бақылады. Бірнеше секундтан соң, ара-ларындағы ең жасы – Дастердің тамағы қырылдап, уланған адамша қалтылдап барып құлады. Оның артынан терезе тұ-сында отырған әйел де жығылды. Бәрінің өңдері қуарып, қор-қып отыр. Мейрон ашуланып, қасында тұрған капитанның жағасынан алды. Қуатты қолдарымен қылқындырғысы кел-генімен, буындары әлсіреп барады. Роузеннің көзіне ызалы жанарымен қадалып:

–  Не үшін? – деді.

Оның әрекетінен Роузен сескенген де жоқ. Жай ғана әлсіреп бара жатқан Мейронға сабырлы кейіппен жауап қай-тарды:

–  Сапарым сәтті болуы үшін.

Мейрон оның сөзіне жауап қайтарғысы келсе де, бо-йына жайылған әлсіздік капитанның алдына сұлатып түсір-ді. Роузен байыппен кабинаның есігін жауып, сыртынан бекі-тіп қойды. Борт сыртындағы Жаспер сол күйі сұлап жатыр. Роузен аяқпен түртсе, ыңырсып қояды. Капитан қарсы ал-дында тұрған бұлтқа бір қарап алды да, бөтелкені лақтырып кеп жіберді. Суға түскен шарапты толқындар күтіп тұрған-дай бөтелкеге таласып артта қала берді. Мотор сол қалпында тырылдайды. Толқындар ақылдасып алып, бірге есіп келіп қайықтың кеудесінен соға бастағандай. Іште жолаушылар құлап, бірінің үстіне бірі үйіліп қалған. Қолдарынан түскен стақандар ғана еденде мардымсыз ары бері домалап жүр. Роузен толқын күшіне ене бастаған соң, Жаспердің аяғынан тартып жүріп, іштегі жандардың қасына итеріп кіргізіп тас-тады. Жұлқылап сілкіп жатса да, былқ-сылқ етіп, ерні салпи-ып, оянып кетудің нышанын бермеді.

Қараөткел – сол жұрт айтқан сипаттың нақ өзі. Аспа-ны буырқанып, қара бұлтын сапырып, мұхиттың бетін шай-қап, өзіне келе жатқан қайықты жұтып қоюға дайындал-ғандай үрейлі көрінеді. Капитан жол бойы ешкімді елемеген адамша тұрғанымен, әлгілердің сампылдап сөйлеген дауыс-тарын естіп келген. Көптің қасында жүргенін сезініп келіп еді, адам атаулының бәрін өзі сұлатып алып, енді біртүрлі жападан-жалғыз қалғандай. Мінгендері баяғы желкенді қа-йық болғанда ғой, әйтеуір желдің бағытын аңдып, қауіпті ал-дап, толқынды айнала қашып әрекет жасар еді. Бір ғана мо-торға сеніп, алапат күшті дауылға қарсы есіп, «не болар екен» деп, құр тұрып күткеннен қиыны жоқ. Бұндайға Роузеннің төзімі жетпейді. Бір нәрсе ойладың ба, бастап кету керек. «Көрдің бе, ата бер» деген қағидаға қатқан адам. Көз-деу, нысанаға жақын келгенін күту дегендерді иттің етінен жек көреді. Әйтпесе қабілетін білетін командирлер талай жа-сырын мергендікке тағайындағанда іш пыстыратындығы үшін келіспеген. Енді мұнда тағаты қанша таусылса да, қол-дан келер шара жоқ. Қараөткел ешкімнің еркелігін көтермей-тінін біледі.

Өткелге жақындаған сайын, толқын еселеніп, қайық-ты қатты шайқай бастады. Тіпті қайық жиегінен асып, ары да, бері де төгіледі. Бұндай сәтте қайықтың жылдамдығын арттыру керек. Роузен жиек темірді жағалай жүріп, кабина артында тұрған моторды соңғы тегеурінге түсірді. Әйтпесе шайқалған суға қалақ ілінбей, қайық бағытынан айнып кетуі мүмкін. Харбер мырза берген бағыттық нұсқаудан жаңыл-мағанына бір сәтке күмәнданып қалды. Өйткені осындай қа-шықтықтың өзінен теңіздің асау толқыны басылғаны білі-нер еді. Бірақ он жылдан астам уақыт бойы жинаған тәжір-биесі оңай шатасар адамның ісіне ұқсамаса керек еді. Қайық тұмсығындағы сорайып шыққан бағыт өлшейтін темірден қаттырақ ұстап, қарсы алдында келе жатқан биік толқынның соққысына дайындалды. Бұқтырылған бұлт астынан көтері-ліп жеткен толқын қайықты келіп шайқағанда, капитанның қолы темірден шығып, алдынан соққан судың легімен бірге кабинаға барып шапталды. Су жұтып қойғаннан ба, әлде желке тұсынан тиген соққыдан ба, әйтеуір екі құлағы бітеліп, айналаның дыбысы құмығып естіліп, түсініксіз күйге енді. Қайық тағы да қаттырақ сілкінді. Көпіріп шашылған суға ша-шалып, капитанның әуелі тұруға шамасы келмей жатыр. Ке-нет жарқ еткен найзағайдан соң, көз қарашығын күйдіретін-дей әппақ сәуле жарқ етті. Роузен басын құшақтап, бүрісіп қалған. Міне, өткелдің қақ ортасына жетті. Әлгі жарқ ете қал-ған жарықтан айнала ағарып барып сөнді. Бұрқ еткізіп аяқ ас-ты толқынды жайып түсірді. Жым-жырт тыныштық.

Баяғыда зауыт жанжалында іс-түссіз жоғалып кеткен терімші Харбер мырзаның абақтысында алты ай жатқаны бе-керден-бекер емес еді. Шарапқа қосылатын жемісті қалай алып өтетіндерін ақыры айтқызды. Сөйлету үшін жан қинау-дың неше түрін қолданып, бүкіл амалдарын біліп алды. Сон-да айтқанына жүгінер болсақ, Роузен бағытынан шатаспай, өткелге тура келгені. Толқын күшейгенде көзді тарс жұмып, ауып кетпей шыдау керек дейтін. Сол сәуле соққаннан кейін-гі сәтке жай адам төтеп бере алмайды. Не мұрнынан қан ке-тіп, қиналып өледі, не өзі суға секіріп тұншығады. Терімші бастан-аяқ былай баяндады: «Зауытқа брустон шенеунік жиі келгіштеп кеткеннен-ақ бір нәрсе боларын сезіп жүрдім. Бір күні арамыздағы он жігітті басқа жаққа жұмсап жіберді. Олар сол күйі оралмады. Бірнеше ай өткен соң жаңа жұмыс-шылар келе бастады. Тәжірбие үшін Еурданияға кетеді деп отыз жұмысшыны бірден алып кетті. Олар да сол күйі орал-мады. Әлгілердің ішінде менің жақын досым кетті. Ақшасы жақсы деген соң, өзі елпілдеп, ақыры қоймай ілескен. Бірақ... Бір жылдан соң келеді дегендеріне сеніп, ешқайсымыз мән бермей, жұмысымызды істеп жүре бердік. Бір апта өткен соң ғой деймін, үйде жатқан жерімізден жұмысқа шақыртып ал-ды. «Сапарға шығатын болдыңдар, қызыл жүзім теруге бара-сыңдар» деп, бір капитанның соңына жетеумізді қосып жі-берді. Түнімен жиналып, шығып кеттік. Бір аптадан соң өт-келге келгенімізді түсіндік. Алғашқы толқында суға құлап кеткендер болды, сосын әлгі жарықтан екі адамның көзі ағып кетті. Одан кейінгі сұмдықтан мен ғана аман қалдым. Ара-мызда болған жас бала өзінің көзін ойып жіберіп, тірідей  қи-налғаны жаныма батты. Одан әрі қиналғанын қаламаған соң, жүзімнің қайшысын сұғып өлтірдім. Сол кез әлі де көз ал-дымда, ұмытқым келсе де, мүмкін емес. Қараөткелден жал-ғыз өтіп, әлгі аңыздағы аралдан шықтым. Жемісін бірден танып, бері алып өтерде тойғанша жедім. Алайда келгендегі-дей сұмдыққа душар болмадым. Әлгі жеміс мені құтқарды. Бір сиқыры бар. Содан кейінгі сапардың бәрінде қасыма екі жігіт ертіп, жемісті мас болып жүріп тасыдық», – дейді.  Одан кейін Харбер қанша қинаса да, ол жеміс туралы кім, қайдан білген, артында тағы кім-дердің тұрғанын ести ал-мады. Соңында өткел туралы өзге де маңызды жайттарды айтқызып жүргенде, соққыдан бүйрегі езіліп қайтыс болды. 

 Құрылыс уақытында капитандық міндетті Роузен ат-қарды. Бұл уақытқа дейін капитан қанша кемені өткізді. Со-ның бәрінде өткелден ояу өтуге батылы жетпей, құры-лысшылармен бірге әлгіндегі шарапты ішіп, ұйықтап өтуші еді. Шарапқа бір күннен аса ессіз ұйқтататын сұйықтық қо-сылған. Анау кабинада ұйықтап жатқандарға бергені де сол шарап. Олармен бірге өзі де ішуі керек еді. Алайда терімші жігіт айтқан адам тілі сипаттауға жетпейтін күйді сезінгісі келді.

    Капитан құлағындағы шыңылдаған дыбыс өшкенде ғана орнынан тұрды. Көзге түртсе көргісіз қараңғылық. Тіпті су бетіндегі қайықтың өзі қалықтамайтындай, тоқтап тұр. «Жағаға жетіп алдық па?» деп ойлады. Саусағы әлденеге ти-іп еді, қару шүріппесіне ұқсады. Дұрыстап сипалап көрсе, ра-сымен көлденең ілінген өзінің револьвері.

– Командир, тиісе көрмеңіз оған!

Дауысынан тани кетті. Аркади түбіндегі майданда қа-за тапқан он жеті сарбаздың бірі.

– Уильям, Сенбісің? Жақын келші көрмей тұрмын?

– Дәл солай, жолдас командир!

Жас сарбаздың дауысы көңілді естілді. Роузен айна-ласын сипалап, қай жақтан сөйлеп тұрғанын біле алмай отыр. Кенет артқы жағынан тарс еткен дыбыс естілді. Артына жалт бұрылғанда, қап-қара түнекте топшасын шиқылдатып біреу есік ашты.

– Әй, қайдамын мен? – деп дауысы таныс адам сөйледі. –  Менің бетіме не болған? Кім ұрды?

Жаспердің дауысы екенін білген соң, капитан да ең-бектеп қасына жетті. Құлақ тұсынан шыққан дыбыстан үрей-леніп, Жаспер қолын қаттырақ бұлғап қалғанда, Роузеннің шекесіне тиді. Капитан тұтана алмай жатқан шоқ секілді бір-ден лап берді. Төмпештеп соғып тастады. Әлгі тып-тыныш бола қалды. Бәлкім, есінен танды, бәлкім, мерт болды. Әйте-уір капитан құлаққа ұрған танадай тыныш әлем мен тастай қараңғылықтың ортасында қала берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қош келдіңдер

Фермангель көз ұшына ілінеді. Жанартаудан шыққан бу аралдың үстін көмкеріп, ақ жаулыққа орағандай. Өткел-ден бастау алатын майда толқын қайықты өз бағытымен сыр-ғытып барады. Жаспер мен Роузен ашық айлақта сұлап жа-тыр. Роузеннің киімі шылқыған су болған соң, денесі тоңып дірілдей бастады. Дірдектен оянып, айналасына жалтақ қа-рап, өткелден аман өткенін аңғарды. Орнынан тұрып, күші бәсеңсіп қалған моторды қайта іске қосты. Ақ қайық бір жұл-қынып алды да, жылдам жүріске ауысты.

Капитан Фермангельдің жұмсақ құмын басуға асық-қандай бар жылдамдыққа салып, қасқайып келеді. Осы қар-қынмен арал жағасына түс ауа жетіп тоқтады. Аралдың шы-ғысы қара қотыр жартастардан басталып батыс жағалауы ақ-шыл құммен көмкерілген. Жағажайдан Харбер Уотсон мыр-заның зәулім сарайдай қонақ үйі ойып тұрып орын алған. Жа-ғалаудан үйге дейін тақтайдан жол төселіпті. Римо ағашы-ның қатты діңгегінен тілінген тақтайлар қонақ үйдің қисы-нын келтіріп, ақшыл құм түсті боялғаны ажарын ашып тұр.

Шағын ғана ақ қайықтың бортына кептеліп тығын-далған қызметшілер ес-түссіз әлі жатыр. Капитан сұлайып, бүктеліп, мыжылып жатқан денелердің үстіндегі баланы ба-қайынан сүйреп шығарды да, бетінен шапалақпен тартып қалды. Жансыз денедей қимылсыз. Роузен ащы шапалағы-мен тағы да шарт еткізді. Тәннің тырнағына тығылған шы-быны  шыр етіп, Дастер едіреңдеп көзін ашып, қол-аяғын жия қойып, атып тұрды. Шошынған жан көздің мөлдір пер-десін керіп, шарасынан шығуға шақ тұр. Роузен оған тіл қат-қаннан бұрын, қалғандарын оятуды жөн көріп, бортқа кіріп кетті. Айналаға аңтарыла қарап, үркіген баланың көзіне көрінгені – әппақ құмды жағалаудағы әсем үй. Суға секіріп түсіп, жағаға жүгіре жөнелді. Аяғының шапшаң жүгірісіне ерік беріп, жағаның таязын шалпылдатып қашып барады.

Капитан бұрышта бүктеліп жатқан Энибердің көй-легі белінен төмен қарай қызыл қанға боялғанын көрді. Басқаларын бұрын, сол әйелді ақырын көтеріп шығып, қа-йықтан түсірді де, таяз суға жатқыза салды. Денесіне салқын су тигеннен мұздап оянып,  бұйра  шаштары шатасқан, әрі тыртығы қорқынышты көрінетін еркектің өзіне қадала қара-ғанынан үркіп, шыңғырып сабалай жөнелді. Роузен аузын алақанымен жаба қойып, тыныш деген ишарат көрсетті де: «Көйлегіңе қара. Саған тез арада киім ауыстыру қажет. Сөм-кең қандай еді?» – деп сұрады. Әйел сабырға келіп, өзіне не болғанын бірден түсіне қойып, жасыл сөмке екенін айтты. Капитан сөмкеден бір көйлегін алып берген соң, қайықтың артына тығылып, киімін ауыстырды. Етеккірінің мерзімсіз келгеніне таңданып әрі Роузеннің өзін ыңғайсыз жағдайдан құтқарғанына іштей қуанып қалды. Әлгінде ғана уланып есінен танып бара жатқанда, көз қарашығындағы сурет капи-танды сұмырай етіп сақтаған. Енді іші жылып әрі қымсынып қалды. 

Дастердің бар ойы – қашу. Кімнен? Қайда? Не үшін жүгіргені беймәлім. Табаны құрғақ құмға тірелгенде ғана ес-сіз күйін тежеп, артына қарады. Қайықтан түсіп жатқан адам-дарды көрді де, тұра жөнелді. Аралдың күнге қызған құмына табаны қадалған сайын, кеудесін дүңкілдете соққан жүректі қорқынышы арбап, қаша бер деп қақпалады. Құмды қиып өтіп, қызыл шатырлы үйге жеткенде алғашқы естелігін есіне түсірді. Дәл осы жүгіріс бұрында да қайталанған. Кэмпидон-ның тастақты көшелерінде жүгіргені есінде. Басына қатер төнген сәтте, дәл осылай үйге қашатын. Бұл жолы мына бөтен есік қорғаныш болмайтынын ойлап, үйден сырт айнал-ды. Алған бетінен айнымай отырып, орманның арасына сіңіп жоқ болды. Жыртқыштан қашқан жемтіктей көрініс беретін бұл қылығын ешкім түсіне алмады. Оны түсінбек түгілі, қазір оянғандардың өздері дел-сал болып, жағалауға меңірейе қа-рап қалған. Аралдың танаудан жұмсақ өтетін жылы ауасы өк-пелеріне сіңді. Роузен зәкірді су түбіне қадап, мотордың қа-лақтарын көтеріп, кілтін қалтасына салды да, жолаушыларға жүктерін түсіруді бұйырды. Ұйқылары қанбаған адамша көз-дері жыпылықтап, әркім өз сөмкесін арқалап, капитанның бұйрығына үнсіз бағына берді.

Дастер өкпесі қабынып, өзегі ашығанша жүгірді. Ор-ман арасындағы қалтарыс тұсқа келіп демін алды. Таңдайы кеуіп, айналасынан су іздеді. Құлағына өзен ағысы не сарқы-рап құлаған судың сылдыры екені белгісіз, әлдебір дыбыстар алыстан талып жетеді. Бірақ оның әріге жүрер шамасы қал-май, жапырағы молдау ағаштың түбіне отыра кетті. Онда да серейген бақайларын көлеңкеге сыйғыза алмады. Ентігі басылып, есін аударған естеліктен арылған соң ғана, айнала-сына мән берді. Сирек орманның ішін тығыз өскен қияқ шөп түгелдей көмкерген. Жасыл алқаптың әр жерінде түрлі-түсті аласа бойлы гүлдері жайқалады. Бейне бір жасыл желекке, ағаштар мен құшақ гүлдерді әр жерден қадап қойғандай тым әдемі. Терек діңдері ирелеңдей созылып, ұшына ғана тара-мыс бұтақ бітіп, сирек қызыл жапырақтармен толысқан.  Әл-сіз лептен діріл қаққан жапырақтың ар жағынан күн сәулесі жылтыңдайды. Орманға алғаш аяқ басқан жас жігіттің үсті-нен күліп тұрғандай. Бейтаныс адамның жанарына тіке қарай алмай, жапырақ артын қалқалап, ұяла сығалайтындай. Сел-дір жапырақтардың сылдыры бейқам заманның маңғаз әуе-нін бастап, ағаштан ағашқа қосып, әуендетіп әріге ұласады. Еселей келген желдің ағысына қосыла кетіп, әндерін әуеле-тіп, сылдырап-сылдырап қайырады. Дастер жайлы мекеннің жұм-сақ ауасын тамсана жұтып, ылғал шөптің жұпарымен ая-май тыныстайды. Балғын иіс танауына бір жетіп, бір қа-шып, жүгіртіп ойнатқысы келетіндей. Шылқылдаған аяқ киі-мін шешіп, жерді жалаң аяқ басып көрді. Мамықтығы сон-дай, ұлпаның ортасында жүргендей сезінді. Шөп түптерінен тартылып жатқан жылу жанын қытықтағандай, рахаттана күлді. Басқан сайын қытығына тиіп, күлдіргісі келеді. Жүр-ген сайын шаттанып күледі... Әншейінде сүрінбейтін екі аяқ-ты ырқынан шығарып, әдейі жығыла кетті. Шалқасынан тү-сіп, табаннан тартқан жылу өне бойын баурап, еліртіп әкетті. Бала күнінде дәл осылай жатып, көгілдір аспанның бір нүк-тесіне қадалып, ұзақ телміретін. Қазір сол әдеті ойына келіп, осы тұстан аспанды бақылады.. Бұрын-соңды аспан әлемінің қозғалысын байқамаған Дастерге селдір бұлт ағып жатқан өзен іспеттес көрінді. Көмкерілген бұлттың басталар тұсы Эльва жанартауының басына байланған. Сөнбеген жанартау-дың ішінен тесіп шыққан жер асты өзендері лаваның шоғына шашырап, буға айналып ақ жаулығын түзген. Жанартаудың аралға берген үлкен сыйы да осы шығар. Табаны жылы арал-дың төсіндегі жасыл желекті күн қызуынан сақтайды. Түзіл-ген будың астындағы өсімдік атаулының бәрі ылғалданып, әрі жылынып балғын күйге оранып тұр. Дастердің денесі жіпсіп, маңдайынан тер шыға бастады. Бұрын-соңды мұнша-ма тыныштық пен жайлылықты сезініп көрген емес-ті. Дүние төңкеріліп кетсе де, ешқандай күш оны орнынан тұрғыза ал-майтындай халге еніп барады. Бәлкім, аспаздықтан табамын деген бір сәттік бақыты осы шығар? Өмір бойы тек ұлы ас-пазшы боламын дегеннен басқаны ойламапты. Мынадай жайлы жерге келіп, жан тыныштығын табуды көздемепті де. Алып арманының өзі атаққа ғана ұмтылған, түкке тұрғысыз күйбең тірліктің бірі екенін қазір түсінді. Ойға беріліп аз жатқан соң, көңілі серпіліп, орнынан атып тұрды. Аяқ-киімін қолына алып, әлгінде қашып келген тұсын бағдарлады. Ар-тынан әкесі қуғандай қаша жөнелгені есіне түсіп, мырс етті: «Осынша ақымақ болар ма едім?» Өзінің қалбалақтап жү-гіріп келген бағытынан арбиған іздер қалыпты. Қияқ шөпті аямай таптаған екен. Әлгіннен бері Дастер орман ішінде өзі-не қауіп қылар ешқандай аң немесе қорқынышты жараты-лыстардың жоқтығына көзін жеткізді. Әйтпесе алаңсыз жат-қан баланың денесі ет іздеген жыртқышқа оңай олжа болар еді. Сескенбестен өзін әкелген ізді қуалап, кері қайтты. Баға-надан бері ол жапырағы түспеген ағаштарға қарап таңырқап келеді. Жерде жатқан бір жапырақ жоқ. Өйткені мұнда бірқа-лыпты ауа болған соң, ештеңе шірімейді. Мәңгі жасыл, мәңгі тіршілік. Таңдай қағып таңғалар күндердің мол боларын ой-лап қойды. Жүрек пен ой түкпірінде түрлі күмәндар үрей ұя-латуға тырысқанымен, тұла бойын соншалықты күшті қор-қыныш баса алар емес. Өйткені небәрі он тоғыз жасар жігіт-тің көзі бейтаныс әлемнің сұлулығын ғана сіміріп келеді. Тек таңғажайып мекенге  тап болғанына риза. Осы жасқа дейін қорқыныштың дәмін талай татып көрген. Ол дәм бәрінен бұ-рын әкенің ащы алақанынан жағылған. Бағана тартып қалған шапалақтан соң, жүгіре жөнелгені де содан. Өзіне төнген қа-уіптен құтылуды тек миымен емес, бүкіл тәнімен меңгеріп алған. Кез келген сәтте бетіне сондай шапалақ тиер болса сергек жататын аяқтары алып қашуды әдетке айналдырған.

Жолда капитанның барлық қызметшілерді уландыр-ғаны есіне түсті. «Қайықтағыларға не болды екен?» деп ой-лады. Бір жағынан, жағалауды көргенде тұра салып қашқа-нына ыңғайсызданып, жабайы қылық көрсеткеніне қысылып қалды. «Кім не десе де, маған бәрібір» деп іштей батылдық жинап, үйдің маңына жақындады. Сыртта Гариз ғана жүр екен. Айналаға шолу жасап, бәрін бақылап тұр. Жасы елуге таяған, баяу қимылдың адамы секілді. Дастер сыртынан қа-рап, «Бұ кісіге не жоқ екен, шал басымен» деп жақтырмай мі-неп, қасынан өтіп бара жатыр еді, Гариз оған қағыта сөйледі:

– Келе салып әлгі жемісті терейін дедің бе?

Сөзі Дас терге тіпті ұнамай, мұрнын тыржита:

– Иә, тіпті асығамын деп, жинайтын қанарымды     ұмытып кетіппін. Соған келдім! – дей салды.

Гариз миығынан күліп қойып, қасынан өткен баланың қисық жауабына көңілі толып қала берді. Дастер жылдам ба-сып қонақ үйге кіргенде, өзінің таңғалысын жасыра алмады. Астыңғы қабатында рестораны, азық-түлік сақтайтын қой-масы, жуынатын бөлмелері мен әжетханалары, ем-дом қа-былдайтын орны – бәрі бар. Қонақ үй дәлізіндегі ашық рең-дер жігітке тіршіліктің жаңа тынысынан хабар беретін өңге боялғандай әсер қалдырды.

Ұзын дәлізі екі жағында түрлі бөлмелердің есігін бой-лап келеді де, екінші қабатқа көтерілетін баспалдаққа келіп тіреледі. Қоңыр ағаштан жасалған тепкішектер үлкен терезе-ден түскен жарықтан жылтырап, көзге шағылысады. Дастер бір сәтке аяғының құмын қақпай кіргеніне қысылып қалды. Арт жағындағы есіктен шығып келе жатқан Һанна оның бұл ойын оқып қойғандай:

– Аяғыңды қағып кірмеймісің? Еденді құмға толтыр-дың ғой? – деп кінәлай сөйледі.

Не айтарын білмей, ұялған Дастер үнсіз екінші қабат-қа беттеді. Баспалдақпен көтерілгенде, оны әппақ есіктер  мен еденге төселген жасыл кілем күтіп жатты. Оның үстін былғау тіптен әбестік боларын біліп, аяқ киімін шешіп, қолы-на ұстап алды. Ашық тұрған есіктердің бірінен сөйлеп жат-қан адамдардың дауысы естілді. Қабырғалары әдемі нақыш-пен  өрнектелген дәлізді кезіп өтіп, әлгі есіктің тұсына жет-кенде, киімдерін реттеп отырған Мейронды көрді. Соған қа-рағанда әркім өзінің бөлмесін таңдап алған сыңайлы. Терезе-сі жағалауға қараған бөлмеден ашуланған Бубаның  дауысы естіледі. Өзі қыз мінезді  болғаннан ба, бұрқылдап, жұлқы-нып заттарын жинап жатыр. Кетрин әлденені бүлдіріп қойған адамша, төсекте ұялып отыр.

– Теңізі не, орманы не, бәрібір емес пе? Осы жастар-ды түсінбей-ақ қойдым. Адамды әуреге салып, –  деді Буба.

– Аға, түсініңізші, мен терезесі кішкентай бөлмеде жата алмаймын. Айттым ғой, осы терезедегі бөлме менікі деп. Естіп тұрып кіріп алыпсыз.

– Қызым-ау, қойшы енді. Неменеге көп сөйлейді, а?

– Жарайды, кешіріңізші. Беріңізші, шабаданыңызды, өз бөлмеңізге жақсылап орналастырып берейін.

– Керек емес. Жеке заттарыма біреудің тиіскенін қа-ламаймын.

Буба бұртиып сөмкесін көтеріп алды да, бөлмеден шығып кетті. Дәлізде тұрған Дастердің қасына келіп:

– Не болды? Сенде таласайын деп тұрған жоқсың ба? – деді.

Дастер қызара бөрткен аласа бойлы Бубаның бұлқан-талқан мінезіне күліп.

– Ой, жоға, рахмет!

Кетрин де дәлізге шығып, Бубаның артынан езуін тартып жымия қарап тұрды.

– Ағаңызды ашуландырып алыпсыз? – деді Дастер үнсіз тұра беруді құп көрмей.

– Өзі қызық кісі екен! Сен бөлме иемдендің бе?

– Жоқ, әрқайсымызға жеке бөлмеден бе?

– Жоға, әйтпесе анау кісімен ренжісіп неміз бар. Он адамға жеті бөлме екен. Прайздық жігіттің қасына бар, сонда ғана бос орын қалды ғой деймін.

Мейрон онсыз да Дастердің заттарын екінші төсектің қасына қойған екен. Өз орнын білген соң, Дастер сөйлеместен отыра кеткен еді, Мейрон қол беріп амандасты.

– Капитансымақ бірдеңе деді ме?

– Жоқ.

– Неге қашып кеттің? Капитансымақ ұрды ма? –  Мейрон сұрағын қайталады.

– Аа, жоға. Сондайым бар, қайтесің.

Қас қарайғанша әркім өздерінің жайын жасап, рет-теліп жатты. Барлығы жолдан шаршады ма, әйтеуір, астына түсіп, қонақ үйді аралап көруге ұмтылған жоқ. Тек капитан ғана түнге қарай, мейманхананың артындағы кішкене есікке кіріп, жарықтың қосқышын басты. Жағалауға дейін созылған жол бойындағы шамдар тоқтап қалған тіршілігінің басталға-нына қуанған сыңай танытып жыпылықтап барып жарқырай жанды.

Роузен екінші қабатқа көтерілді де, әркімнің есігін то-қылдатып, «Астына жиналыңдар» деп хабарлады. Капитан-ның жүрісі сергек, әр адымы нық. Кейбірінің көзі ілініп кет-кен болса керек, беттері ісіп, ұйқысы бұзылған адамша асха-наның орындықтарына келіп жайғасып жатыр. Буба ғана сергек күйде бардың үстелін көріп балаша қуанды. Жұмысын дәл қазір бастап кетуге дайын екенін көрсеткісі келгендей, көздері жайнап тұр. Бірақ барға белін тіреп тұрған капитан-ның түйілген қабағынан қаймығып, қалғандарының қасына барып отырды. Бәрі келгеннен кейін капитан байыпты да-уыспен әңгімесін бастады:

– Аман-есен келулеріңмен. Сапарымыз сәтті бастал-ды, тек Жаспердің әлекке салғаны болмаса... – деп, әлгі өткелдегі ісін есіне түсіріп қисайып отырған Жасперге қада-ла сөйледі. – Енді қонақтар тек үш аптадан соң ғана келеді. Қараөткел әрбір жиырма күнде ашылады.

Салғырт тыңдап отырғандардың бәрі бойларын жинай қойып, әрі қарай тыңдауға ниетті екендерін байқатты.

– Әзірге сендердің жұмыстарыңа жауапты – менмін. Жиырма күннен кейін басқа капитан келеді. Оған дейін айна-ланы реттеп, қонақ күтуге дайындалу қажет. Қазір менің ар-тымнан еріңдер.

Роузеннің айтқанын толық түсініп үлгермесе де, бәрі соңынан ілесті. Алғашқы есікті Дастер мен Тоняға көрсетті. Азық-түліктер бөлмесі. Тоня ішіне кіріп, «Харбер мырза таң-ғалдыруды біледі екен» деп, тамсана қарап қалған: төрт қа-бырғаға бірдей бекітілген еттің, көкөністер мен жемістердің әрқайсысына арналған тоңазытқыштар, асхананың түрлі-түрлі құралдары. Қап-қап ұндар, күріштер молынан қойы-лыпты.

Бас аспазшының міндетін атқаратын бұл әйелдің мой-нына мол жауапкершілік артылған. Басында «Айдаладағы аралда нем бар?» деп келіспегенімен, соңында Харбер мыр-заның өтінішін аяқ асты ете алмады. Қойманың ішін көзімен шолып, өзі жазып берген азық-түлік түгелдей тұрғанына қуа-нып қалды. Тоңазытқыштардың ішіне үңіліп жүрген Дастерге қарап, «Шынымен аспаздықты ұнатады ма екен?» деген оймен:

– Авторлық тағамыңды қалай атадың? – деп сұрады.

– Атау беріп үлгермедім. «Етті ананас» десек қалай?

– Атауынан бұрын, дәмі туралы көп ойлан! «Теңіз қу-ырдағы» деген тағамды жеп көргенсің бе?

– Жоқ, бірақ атауы дәмді естіледі екен.

– Дәмін татсаң, олай демес едің. Нағыз аспаз шаянның қатпаршағымен уылдырықты арластыра ма? Шаянның аяғы пісу үшін, ыстық майда көп қуыру керек. Ал соған уылды-рықты салып көрші. Сүйек арластырған быламық.

– Бірақ соны да сұрайтындар бар шығар.

– Оны жасаған аспазды білемін. Атауына қызығып ал-ған қонақтың аузына ұшық шығып, қайтып жасамастай бол-ған. Нағыз аспаз жарнамамен айналыспайды.

– Демек менің тағамымның атауын әлі ойламағаным жақсы дегеніңіз бе? – деп Дастер таңдана сұрады.

– Мүмкін... Егер дәмді болса, біздің төл тағамдардың қатарына қоса аламын.

Дастер қуанып қалды. Бағана ананас пен сиыр етін көргенде, «Бас аспаз рұқсат берер ме екен?» деп ойлаған. Бір бекінгені – өзінің аспаздық талантын Харбер мырзаға мо-йындату. Мұндай мақсаты жол бойы Тоняның аспаздық жо-лындағы жетістіктері жайында тыңдай келе пайда болды. «Мен де өзімді дәлелдей аламын» деп іштей сайланып алған.  Екеуі шүйіркелесіп тұрғанда, Роузен қалғандарына тиісті бөлмелерін табыстап бітуге таяды.

Дәліздің соңындағы екі бөлме – Гариз бен Роузеннің жұмыс орны. Яғни күзетшінің құралдары мен электршінің бес аспабы жиналған. Гариз өзіне тиесілі бөлме тар болса да, қанағат танытты. Өйткені майда-шүйдені түрткілеп отыру үшін даңғарадай кеңістіктің түкке де қажеті жоқ. Ол – аласа бойлы, аяғын сілтіп басатын елуден асқан кісі. Көп балалы отбасында туылса да, бұл күнде бауырларының нақты қайда жүргенін білмейді. Бір бауыры теңіз қарақшыларына қосы-лып, бірі билік ортасына, енді бірі мүлдем басқа елге кетіп, соңында жалғыз қалған-ды. Кэмпидонда өзі ашқан электр жабдықтарын жөндейтін кішігірім дүңгіршегі болды. Үйіп-төгіп ақша таппаса да, күнде істейтін жұмыс болатын. Біреу-лер қоңырау құрылғысын, біреулер радиосын, тіпті кейде кө-ліктерін жөндетуге де кеп тұратын. Гариз орта жасқа келген-де, су диірменінен тоқты көбірек алатын құрылғы жасап, бір-неше рет өнертапқыштар үйінің есігін тоздырды. Ешкім мұ-ны елеген жоқ. Көп қаржы қажет ететіндіктен бұл жобасы сандықта қалып, ақыры ұмыт болған. Содан бәріне ашула-нып, арасында ішімдікке де салынып кетті. Сөйтіп жүргенде жас өмірі өтіп, жалғыз басты жанға айналды. Харбер мырза-ның Брустонда жүрген кезінде, әлгі ұмыт қалған бауырлары-ның бірі іздеп келді. Билік палатасында әлдебір шенеуніктің хатшысы болып жұмыс істейді екен. Гариздің жүзеге аспай, ұмыт болған жобасы Фермангельдегі қонақ үйге керектігін айтып, Харбер екеуін жолықтырды. Осылайша жобасы іске жарап, өзі аралдан бір-ақ шықты. Бірақ өзгелер секілді ақша немесе қызық қуалап емес, тек өзінің өнерін құрметтеп, әрі соны пайдаға асырған Харбер мырза үшін келді. Сондай-ақ оның бір мақсаты – Фермангель мен Брустонның арасына амалын тауып, байланыс орнату. Гариз өзінің шындап кіріссе оны істей алатынын біледі. Бұл жобаны радионың толқында-ры мен телефонды қосу арқылы іске асырмақшы. Сол мақ-сатта керек құрылғылардың бәрін жеткізіп қойған. Ендігі ша-руа тек өзінің қолында екенін біліп, көңілі көтеріліп қалды.

Роузен астыңғы қабаттағы бөлмелерді көрсетіп шық-қан соң, Тоняға тамақ жасауын өтінді де, демалып алмаққа бөлмесіне кіріп кетті. Жолдан шаршап келгендер қоймалар мен қызмет бөлмелерін көріп болған соң, кейбірі сыртқа шы-ғып, енді бірі өз бөлмелерін тазалауды бастап, қалыпты өмір-дің ағымына қосылғандай, бейқам уақыттың сағаты соққа-нын аңғартты.

Бірақ Энибер ғана үлгермей қалған жолаушы сияқты тыным таппай, біресе өз бөлмесіне, біресе астына түсіп жүр. Капитан оған киіну бөлмесін көрсеткенде, Энибер бір-ақ нәрсені ойлады: «Көйлектерімді қайда қойсам екен?!» Киім ауыстыратын бөлмеге қояйын десе, күзетшінің де, даяшы-ның да, аспазшының да киімі ілініп тұр. Бірінен тамақтың, бірінен топырақтың иісі шығып, өзінің сәнді көйлектерін бүлдіре ме деп ойлайды. Жатын бөлмесіне қояйын десе, он-сыз да күнделікті киетін киімдері толып тұр. Харбер мыр-заның бұлай жасатқанына ашуы келді: «Неге жеке бөлмемді дайындамаған? ...Мен оған немене жай қызметшімін бе?» Ойланып-ойланып, тұрмыс киімдерінің жартысын осында көшіріп, сахналық көйлектерін жатын бөлмесіне ілетін бол-ды. Бұл қылығы көпшілікке ұнамай қалды. Әлде әншіні тек сахнада ғана көріп үйренген соң, мұндай жеке шаруалары таңғалдырды ма екен? Кербез мінез әнші биік өкшелі туфлиі-мен ары да, бері де тоқылдатып өтеді. Кім ол туралы не десе де, құлағына ілмейді. Онсыз да өзінің шаруасы көп. Күтіну қажет, даусын жаттықтыру керек, тырнаған, шашын ретке келтіру керек. Алғашқы қонақтар келгенге дейін бойын тү-зеп, реттелуі қажет. Расымен сахнаға арналған киімдерін қа-рапайым жұмысшылардікімен арластырып қоя салу үлкен әбестік қой. Онсыз да арнайы шашын жасайтын мамандарды жібермегеніне жыны ұстап келгенде, мына бөлме одан әрі көңіл-күйін бұзып жіберді. Харбер мырзаның өтінішін еле-мегені көңіліне тиіп қалды. Соншама мүмкіндіктері бола тұ-ра, жалғыз ғана әншінің жағдайын жасай алмағанына ренжі-се де, басшының өзі келгенше, өз күйін өзі реттеуге амалсыз көндікті.

Энибер – Брустондағы талантты әншінің бірі. Талай шарапханалардың бұл әншіге қолдары жетпей қалған. Біреу-лері қаламақысын төлеуге қауқарсыз, ал кей мейрам-ханалардың сахнасы әншінің көңілінен шыға бермейді. Әй-теуір келіспеуге себептер өздігінен табыла кететін. Өнер жо-лын он бес жасында көше театрларының әртісі болып баста-ды. Кейін әншілердің тобына қосылып, әртүрлі қалаларда өнер көрсетті. Жастайынан-ақ атақ пен табысқа бөленіп үл-герді. Нәзік дауысының өзі ән салмай-ақ, еркектерді еліктіріп әкететін. Ол кезде не бәрі он тоғыз жаста еді. Әнін тыңдаған-ның, жүрегін елжіретпей қоймайтын шеберлікке жеткенде, көпшілік назарынан кетіп, тек ел сұлтандары мен элиталық ортаға ауысты. Сол жылдары, әлдекімге ғашық болып баян-сыз махаббаттың құрбанына айналды. Бір айналдырған тағ-дыр шыр айналдырып, жеткен биігінен төменге бір-ақ түсір-ді. Тіпті бірнеше рет мағынасыздықтан өзіне келген еркек-тертің қойнына да жатты. Мастығын пайдаланып, «Мен сені танимын, сен сол атақты әнші емессің бе?» деп, мәз қылып, төсекке сүйрегендер көбейді. Осылайша бірнеше жыл сахна-дан аластады. Төрт-бес жыл ел назарынан жоғалып кеткен соң, Энибердің аты барлық жерде ұмытылды. Ес жиып, әнші-лікті қайта бастауға тырысқанымен, сыраханалар мен жергі-лікті көше театрларынан әрі асып кете алмады. Қайтсем де, бүкіл әлемге танымал болып, баяғы алдап кеткен ғашығының алдынан шығам деген мақсатына мықтап мініп алды. Брустонның әкімшілігіне кіріп, елдегі үлкен концерттерге өзін ұсынып жүргенде, Харбер мырза туралы естіді. Харбер әуелден Эниберді жақсы танитын. Фол-Прайздың елшілік үйінде екеуі шығармашылық жолын қайта жаңғыртуды тал-қылап, кәсіпкер көмектесетін болып шешті. Талай атақты адамдардың қонақ болатынын естіген соң, атағын қайтаруға асыққан әнші кәсіпкердің ұсынысына көз жұма келісе кетті. Сол кештегі Харбердің сөздері оны қайта тірілтті. Баяғы ас-қақтаған айбынды мінезін қайтарды. Бар мақсаты – бірінші келген қонақтарды тамсандырып тұрып ән шырқау. Олардың ішінде Хейдандық жуан қарындылар мен Еурданияның бе-делділері келсе, сөзсіз көзге түсетініне сенімді.

Фермангель аспанынан күн жығылып, түн ауысқанда Тоняның кешкі асы әзір болды. Дастер үстіңгі қабаттағы-ларға хабарлап келді де, сиыр етінен жасалған тағамның мұ-рынды жарар хош иісін артынан шұбыртып, ыстық күйінде ортаға әкелді. Қызметшілердің бәрі дел-сал күйде сүйретіліп келіп, орындарына жайғасты. Жаспер есін жиып, аяғын түзу басатындай халге оралған екен. Желкесін қысқан сақинаның емін шараптан тапқандықтан, дастарханға келе салып, жұрт-тың назарын өзіне аудартты:

– Ой, осыны да кешкі ас дей ме? Құйған шараптарың жоқ.

Шарап дегені Бубаға айтылғандай, шамданып қалды:

– Шарап емес, шай іш! Мұндағы шараптың құнына шашың да жетпейді сенің.

– Менің кім екенімді білесің бе? Мен Харбердің жа-қын досымын! Сендер сияқты жалданып келгем жоқ. Сондықтан не ішсем де, өзім білем!

 «Жалданып» деген сөзі аралдың болашақ жұлдызы Энибердің намысына тиіп кетсе керек, мұрнын тыржита жа-уап қайтарды:

– Мені де өзі шақырған. Байқап сөйлерсіз, мүмкін.

– Өй, мыналарың беттен алуға дайын ғой. Тоня әпке, құйыңызшы бір  шарабыңыздан, әйтпесе басым сынып бара-ды.

Қайнаған шайын көтеріп келген Тоня Жаспердің бұл қылығын ерсі деп танымады.

– Алдымен тағамнан ауыз тиіңдер. Мына шайды қы-зартып құйып берем, осыны ішсең, басың әп-сәтте жазылып кетеді.

Сөзін ешкімнің елемесін сезген Жаспер орнына жай-ғасты да:

– Капитандарың қайда? – деп, тамаққа асығыс қол сал-ды.

Жасперден кейін нан үзіліп, қасықтар тамақ іліп, шай ішіле бастады. Әркімнің тамақ ішу әдебі әртүрлі сияқты көрі-неді. Әсіресе Энибер қасығын аса ұқыптылықпен ұстайды. Тәрелкесін жақын қойып, арқасын тік ұстап, тамағын асық-пай шайнайды. Мұндай әдептен Кертин де ада емес секілді. Мойнына шашығын іліп, баяу қозғалып, ұқыпты жеп отыр. Тағамға талғампаз Бубаның қарны қатты ашып қалған секіл-ді. Әншейінде ас ішерде ешкімге білдірмей, алдымен иіскеп алатын әдеті бар еді. Бұл жолы қомағайлана жеп отыр. Бәрі үнсіз тамақтанып, көңілдері жай тапқаннан кейін ғана, жан-жақтарына қарай бастады. Апыл-ғұпыл опырып отырған Буба тәрелке, қасық сыңғыры азайған соң барып тоқтады. Кетрин оның бала секілді қылығына білдірмей ғана жымиды да:

– Тоня әпке, рақмет, тамағыңыз дәмді болыпты! – деп бас аспазға ілтипатын білдірді.

Дастер осы сөзді күтіп отырғандай, Кетриннің сөзіне тез жауап қайтарып үлгерді:

– Тұздығын мен әзірледім!

Ешкім үндемегенге өзін ыңғайсыз сезініп, «бекер айт-тым-ау» деп қызарып кетті. Ыңғайсыз үнсіздікті бұзғысы келген Тоня:

– Роузен неге келмеді екен? – деп сұрақ қойды.

– Білмеймін. Ол кісіні де шақырғам. Ұйықтап жатқан болар!

Гариз тамағының жартысын бітірген соң, орын-дықтың арқасына шалқая отырып, қасындағыларға анықтап қарады. Қайықта бәрімен тілдескенімен, Мейронның әлі ауыз ашып сөйлемегеніне не себеп екен деген оймен:         

  –  Сен де Кэмпидоннан келдің бе? – деп сұрады.

– Жоқ, Прайздықпын! Былайша айтқанда, Харбердің алыс туысы боламын! – Мейрон өзіне тым сенімділікпен жа-уап қатты.

– Ә, бәсе, жол бойы үндемедің. Онда бір бұғалтірдің қызметін арқалап келген шығарсың?

– Жоқ. қызметімді күзетшіліктен бастайын деп жүр-мін. Капитансымақ қайдан келген өзі?

Мейрон өзіне жүктелген қызметін жасырып қалды. Негізінде ол шарап дайындау үшін келген. Қасында ішім-дікке құмар адамның отырғанын көріп, шаруасының бүге-шүгесін ашпағанды жөн көрді.

– Капитанның қайықтағы қылығы ақылға қонымсыз. Бірақ Харбер мырза сол жігіт бәріне жауапты дейді ғой, –  деді Гариз капитан туралы бар естіген мағлұматымен бөлі-сіп.

– Жауапты адамы бәрімізді аз болмағанда өлтіре жаз-дады ғой. Қалай үндемей отырсыңдар?

Жаспер осы тұста Мейронның сөзіне араласты:

– Інім, ол өлтіргісі келсе бірінші менен бастар еді. Ке-рісінше, құтқардым деп бағана айтқан жоқ па?

– Өзі расымен қызық адам екен. Не сұраққа жауап бер-мейді, не адаммен ашылып сөйлеспейді.

– Гариз-ау, сөйлескің келсе, дәл қасыңда жатады екен ғой. Уақыт жетеді әлі сөйлесуге. Одан да бүгінгі таныстыққа бір шарап құйдыршы, – деп, Жаспер әңгіме арасында құйыл-маған шарапқа әлі дәмесі барын білдірді.

  – Буба, қызметшілерге арнап ешқандай шарап қой-маған ба? Біреуін ашып берсеңші, «құрметті қонағыңның» өңі қашып отыр ғой, – деп Мейрон Жасперге жаны аши сөй-леді.

–  Ойбай, оған мен жауапты емеспін. Есепсіз құйып, басым бәлеге қалып жүрер. Алдымен капитаннан сұрасын. Рұқсатын берсе бөшкесін төңкеріп ішсе де мейлі. Маған не-менеге қадала қалдыңдар?

Бағанадан бері үнсіз тыңдап отырған Кетрин тағы да күліп жіберді. Басқалардың әңгімесінен бұрын, Бубаның күйіп-піскен қылығы ермегіне айнала бастады. Одан әрі тиіс-кісі келіп сұрақ қойды:

– Буба аға, неге сонша шарапты қорып қалдыңыз? Сіз жай ғана даяшы емессіз бе?

– Қызым, есі дұрыс адам мен сияқты шалды даяшы жасай ма? Өйтіп ашуымды келтірме, – Буба қалбалақтап ор-нынан тұрып, артында тұрған сөрелерді көрсете сөйледі: – Мына бөтелкелердің бәрі менің мойнымда! Біреуі жоғалса, Харбер мырза басымды кеседі. Сен қыз келе салып менімен жағаласа бердің ғой, тегі.

Кетриннің ішек-сілесі қатып күлді. Бубаның бұл қы-лығына басқалар да күліп, көңілдері көтеріліп қалды. Олар-дың өзін мазақтағанына шыдамай, бармен ас үйден шығып кетті. Тоня бос стақандарға шай құйып, қызметшілер бір-бірімен сөйлесіп, әзілдің үстіне әзіл қосылып, көңілді күйге еніп біраз отырды. Бір-бірімен жақын танысып, кім қанша жалақы алатынын, ертең не істеу керектігін талқылады. Бірақ бұл отырысқа Капитан Роузен сол күйі қатыспады. Тамақта-нып болған соң, жігіттердің бәрі таза ауамен тыныстау үшін далаға шықты да, қыз-келіншектер ас үйді реттестіріп жүрді. Осылайша бүгінгі алғашқы дәмнің арқасында таңырқап жүр-гендердің жүздеріне жылу ұялап, сұрасып-білісіп жақын та-ныстық орнады.

Мейрон сыртта күбірлесіп тұрған топтан бөлек шы-ғып, жағалауға қарай беттеді. Бүгіндікке өз ойымен оңаша қалуға енді ғана мүмкіндік туды.  Жағаға жайылған толқын-ның сапырылған дауысы құлаққа жағымды естіледі. Түнге қарай ауа әжептәуір салқындайды екен. Мейрон қызуы ба-сыла қоймаған құмға қолын батырып, уыстап алып ыстығын алақанымен сезінді. Айсыз қараңғы түннің осынша жайлы боларын кім білген.  Бүгінгі оқиғаның бәрі үсті-үстіне жалға-сып, дамылдауға мүмкіндік бермеді. Аяқ астынан аңыздағы аралға тап болғанына, әрі өзі ұнатпайтын халықтың арасында отырып ас ішкеніне осы қазір ғана сеніп, іштей таңғалды. «Тағдырдың саған құрған жоспарын түсініп болмайсың. Бү-кіл отбасың тіпті елің, бала күніңнен бастап бұл мекенді сұ-рауға, қызығуға, білуге болмайды деп санаңа сіңіріп келеді. Сөйтеді де тағдырың топ еткізіп дәл сол тұстан шығара сала-ды». Кенет ойына Кетриннің дастархан басындағы күлкісі оралды. Бубаға әдейі тиісіп, шаттана күлгендегі қылығы өзі-не тым жарасымды еді. Оның бейнесін елестеткен кезде, Мейронның жүрек дүрсілі жиілеп кеткендей. Бір көңілді күй бойын баурап, құр отырыстан іші пысып орнынан тұрды. Кетрин жайындағы ойдың бойын билеп алғаны ертеңгі күн-нің қызықты өтетінін болжағандай, көңілі көтеріліп қалды. Әйтпесе жолға шыққаннан бері немен айналысып, уақытын қалай өткізері өзге түгілі өзіне де анық болмаған. Жағалауға шапшыған толқындардың шуылы ойын басқа арнаға бұрды. Капитан күндіз барлық бөлмені көрсеткенімен, шарап жасау-ға арналған қойманы бұған көрсеткен жоқ. Роузен туралы кү-мәнді ойлары қайта тұтанып, өзіне тіс қайрап жүр ме деп күдіктеніп қалды. Бойын жинай қойып, осы қазір барып ка-питанды сұрақ астына алуға бекінді. Ыңғайы келсе, жағасы-нан алып, өзінің өктемдігін көрсетіп қоюды тағы ойлады. Мейронның қатты жынын келтіргені Роузеннің бұны бала се-кілді көруі еді. Сөйлегенде сөзін елемеген адамды қатты жек көреді. Өйткені Прайзда жүргенде ешкім Мейронның алды-нан кесе-көлденең өткен емес. Достарының бәрі оның ақы-лына жүгінетін. Айналасындағылардың айтқанын істеп, беті-не қарсы келмей, сыйлайтынына әбден үйренген. Капитан болса, жол бойы Мейронды адам құрлы көрген жоқ. Қайық-тан түсер кезде бұйырып сөйлегені, шарап ішкізгендегі сөз-дері – бәрі де кемсіткісі келген кісінің қылығы еді. Жылдам басып қонақ үйге кірді де, капитанның есігін қақты. Тоқта-май тоқылдатқан соң, капитан қатулы қабақпен есік ашты да, мұның сұрағына айтқызбай-ақ жауап бере салды:

– Шарап қоймасын саған ертең көрсетем. Барып, демал!

Роузен есікті тарс жапты. Мейронның қызған екпіні су сепкендей басылып, өз-өзінен сасып қалды. Капитан бөл-месінен шығып, өзімен біраз сөйлеседі, сосын қитығына тие бастайды, сол сәтте жағасынан алып, кім екенімді танытам деген ойының бірін де жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Сұрамай жатып жауап бере салғаны бір жағынан орынды кө-рінгенімен, екінші жағынан, намысын одан әрі таптағандай ыңғайсыз жағдайда қалып қойды. Есігін қайта қағып, болма-шы нәрсені айтып тұрудың өзі ақымақтық екенін тез түсіне қойып, амалсыз өз бөлмесіне көтерілді. Әлгі екпінімен есікті жұлқып ашқанына іште тұрған Дастер де мән бермеді. Өйт-кені ол терезеден бұрын-соңды көрмеген ғажайып көріністі бақылап, таңғалып тұрған. Мейрон да жанын жегідей жеген ойларын ысырып тастап, терезе сыртындағы көрініске назар аударды. Қараңғы түнде алыстан солғын тартқан жарық әл-сін-әлсін қылаңдайды.

– Не болуы мүмкін? – деп таңдана сұрады Дастер.

– Шам секілді ме? Барып көрсек қайтеді?

– Біреулер жүрген сияқты...

Мейрон көзбен көруге асығып:

– Бұлай болжап тұрғанша барайық – деп, Дастерге сұ-раулы жүзбен қарады.

Дастердің аяғы тартпағанымен, көз ұшында жылтың-даған жарық өзіне шақырып тұрғандай күйге бөледі. Ша-расыз тұруды ұнатпайтын Мейрон өзінің сөмкесінің ішін ақ-тара бастады. Дастер оның сыртқа шығатынын сезіп, тоқта-туға тырысқысы келгенімен, өзіне де «жүр» деген сөз жетпей тұрған-ды. Ақыры, Мейрон бәкісін, Дастер қол шамын алып, орманға аттанды. Екеуі қадамдарын аңдап басып, ешкімге білдірмей сыртқа шықты. Әлгі екінші қабаттың терезесінен қарағанда қылаңдаған жарық ғайып болды. Қараңғыдан Дастердің ішкі үрейі еселеніп, кейін тартқысы келгенімен, Мейронның қайтпайтын қырсықтығының алдында қауқар-сыздығы білініп, артынан еріп отырды. Алыстан судың сыл-дыры еміс-еміс естіледі. Тып-тыныш түнде екеуі жортып, қызық іздеп, орман ішіне еніп кетті. Мейронның батыл жүрі-сі Дастердің қорқынышын аз да болса сейілткендей болды. Соның өзінде жан-жағына жалтақ қарап, алдынан әлдене шыға қалатындай аса сақтықпен келеді. Біраз жүрген соң, Мейрон кілт тоқтап, «тыныш» деген ишарат білдірді:

– Жарығыңды да өшір.

Көзі алақандай болған Дастер тоқтай қалып, шамын сөндірді де, сыбырлай сұрады:

–  О  не тағы?

– Тсс...

Өздері бара жатқан бағыттан құстардың сайраған үні естіле бастады. Мейрон аз тұрып, жарықты қостырмастан та-ғы да жылдам басып жақындай түсті. Құстардың үні енді анығырақ естілді. Сарылдап аққан судың шуылымен ұла-сып, жағымды әуенге жалғасты. Мейрон мен Дастер қатар-ласып алып, тағы да жақынырақ барғанда әлгіндегі жарық жерден шығып жатқандай көрінді. Екеуі ештеңе ойламас-тан, асығып солай қарай беттеді де, орманның шетіне шыға беріп тоқтады. Қарсы алдарындағы көздің жауын алатын сұ-лу көрініске аңтарылып тұрып қалды: жанартау етегіндегі жіңішке өзеннің беті сары, жасыл түсті жылтыраған сәуле шашып жатыр. Алуан түсті жарықтың сәулесі жағада тұрған ағаш басындағы құстардың қанатының астындағы күміс түс-ті қауырсындарына шағылысып, айналаға шашырап кеткен. Жұдырықтай құстардың бәрі қанаттарын көтеріп алып, жа-рыса әндетеді. Бейне бір су үстіндегі жарыққа айбат шегіп жатқан сыңайлы. Мейрон мен Дастердің ауыздарына сөз түс-пей, сүйсіне бақылап қалған. Мейрон шымшықтардың неге бұлай қатты шуылдасқанын түсінгісі келіп тұр. Ал Дастерге су ішінде жылтыраған жарық не екенін білу қызығырақ. Ба-қылайын деп ағаш түбіне жайғаса бергенде, дымқыл шөптен аяғы тайып құлап түсті. Тосыннан шыққан сыбдырдан шо-шып, құстардың бәрі қанаттарын жинап, тына қалды. Қанат-тармен бірге ағаш басындағы жарық та сөніп, сәлден соң су астындағы сәуле шашырап бүкіл өзенге жайыла кетті. Мейрон Дастердің ебедейсіз қылығына бұлданып, иығынан түртіп кеп жіберді де, өзенге қарай жүгірді. Оқыс қылығына өзін кінәлі сезінген Дастер үнсіз Мейронның соңынан ерді. Жіңішке өзеннің маңына жақындағанда жарықтың сыры ашылды: жанартауды айнала аққан өзенді қабыршығы сәуле шашатын бармақтай шабақ балықтар тұтас жайлап, жарыса жүзіп жүр. Қараңғыда көрінбей сылдырап қана ағып жатқан суды шашыраған балықтар жары-ғымен шолып, әрі-бері бей-берекет кезеді. Дастердің көзі жайнап, мұндай сұлулыққа тап болғанына іштей қуанып-ақ тұр. Қасында ешкім болмаса, қу-анышын ішіне сыйдыра ал-май, айқайлап жіберер еді. Ал Мейрон оның қолындағы шамды алып, ағаш басына жарық түсірді. Қимылсыз тұрған құстардың көздері шағылысып, жыпырлап отыр.

– Түсірмей-ақ қойсаңшы оларға. Байғұстар дымы құ-рып, қорқып отқан сыңайлы, – деп құстарды аяған Дастер Мейронға ренжи сөйледі.

– Бағана не істемейтіндерін аңду керек еді. Бүкіл ба-лықты жинап алыпты.

– Сонда мына балықтар жанып қана қоймай, дыбыс-ты да еститін болғаны ма?

 – Асықпай аңду керек!

Екеуі көргендерін сөз қылып тұрғанда, орман ішінен шытыр еткен үрейлі дыбыс шықты. Мейрон шапшаң бұры-лып, жарығын түсірді.

– Кетейік тез тез... – деді Дастер үрейленіп.

– Өзің бір сужүрек екенсің. Көрейік те не екенін!

Мейрон жаңа досының қорқақтығына налып, орман-ды шаммен шолып тұрғанда, ағаш арасынан әлдененің екі көзді жарыққа шағылысты. Жыпылық еткен көздерді көріп, екеуі келген жақтарына қарай жан сала жүгірді. Сол қаш-қаннан тоқтамай, орманнан сытылып шықты. Қауіптің енді төнбесіне көз жеткізген олар үйге жеткенде бір-ақ тоқтады. Алқымдарын баса алмай ырсылдап тұрғанда, қайдан шық-қаны белгісіз капитан Роузен қастарына келе қойды:

– Түн ортасында ойнап жүргендерің не, жатпайсың-дар ма кіріп?

Дастер жауап қатпастан қонақ үйге жүгіріп кеткен соң, Мейрон да артынан ілесті. Бөлмеге кіріп, төсектеріне отырып демдерін басты. Әбден ентігіп қалған Дастер:

– Бағанағы не болды екен? – деп көршісіне қарады.

Мейронның өкпесі ашып, жауап қайтаруға шамасы келмеді. Орнынан тұрып бөлме ішінде әрлі-берлі қозғалып, демін алған соң ғана ентігі басылып, қалыпты күйге келе бас-тады. Өзінің порша-порша боп терлеп кеткенін байқап, киім-дерін шешіп тастады да, төсекке құлай кетті.

Дастерге қарағанда оның көңілінде ерекше абыржу байқалады. Өзінің капитанға жауап қатпастан қаша жөнел-геніне біртүрлі ыңғайсызданып, бұл қылығын ақтай алмай қынжылды.  Күндіз Роузеннің жағасынан алар сәт келсе деп тілеп еді, енді тіпті балаға теңей сөйлеген сөзін естіп тұрып, үйге жүгіргені нағыз масқара секілденді. Аяқ асты өңі бұ-зылып кеткен Мейронның бұл қылығын түсінбеген Дастер бөлменің жарығын өшірді де, төсегіне тыныш қана барып жата қалды. Әлгі оймен басын қатырған Мейрон да көп ұза-май ұйқысына жеңілді.

Сағым

Шығыстан шыққан күннің алқызыл сәулесі қылаң бе-ріп, Фермангельдің ала көлеңкелі тұсының бәрі бозара бас-тады. Ақшыл аспанның астындағы мұхит сұрланып, майда толқындарын жағаға шығарып салуда. Су бетін сипалап ес-кен нәзік самал толқынын сүйрей отырып, жағалаудың ақ құ-мына сіңдірді де, құм бетінен сырғанап қонақ үйге қарай тартты. Жағалаудан үйге дейін созылған ағаш жолдың үстіне құм бүркеп, иірім-иірім ізін салып өтті. Салқын ауаның лебі қонақ үйдің қабырғаларымен жұмсақ жанасып, терезенің ашық қалған саңылауынан үп етіп ішке үрледі. Сонау мұхит ортасынан бастау алған ауа терезенің қарсысындағы үстеліне қисайып жатқан капитан Роузеннің танауына жетіп, ылғалды иісін сіңдірді. Тынысын кеңіткен салқын ауа құрысқан дене-сіне жан беріп, тұла бойын тоң-дырды. Роузен бойын алып бара жатқан суықтан тітіркеніп көзін ашты. Қабақ пен көз ас-тының еті дүрдиіп, түннің ұйқысыз өткенін аңғартып тұр. Бо-зарған даланың сұрланған жарығынан жанарын тайдырып, екі алақанымен бетін сипады. Қасында тұрған револьверінің жалғыз оғын шыға-рып, екеуін екі жерге жасырды. Орнынан тұрып, шикі ояу реңімен сыртқа шықты.

Әлгінде ғана мұздатқан ауаның артынан жылы лептің ағысы жетіпті. Шұғылалы күннің төбесі мұхиттың арғы беті-нен қылқиып шығып келеді. Капитан үйдің артына айналып, сыртқа қараған судың шүмегін ағытып жіберді де, бетін жу-ды. Сар еткен таза судың тамшысы алақанына сіңген сайын бойын ширатып, ұйқысын ашты. Кеше ел қатарлы тамақта-нуға зауқы соқпаған соң, өз-өзімен оңаша қалуды жөн көр-ген. Бүгін жұртты ерте оятуға асыққан жоқ. Харбер мырза-ның келуіне әлі бірталай күн бар. Асықтырудың соншалық қажет еместігін ойлап, су диірменін өз бетінше тексеруді жөн санады. Орманның арғы бетіне салынған диірменге бара жа-тып, жұмысшыларды есіне алды. Оларға өзінің тік мінезі ұнай қоймағанын біледі. Мейроннан басқасы өзімен тілдес-кенде жүзіне тік қарай алмайтынын ескеріп, қанша жұмсақ мінез танытқысы келсе де, әзірге жөнді шықпай жатыр. Өзі-нің тұйықтығы, бұйырып қана сөйлегені бұл ортаға қиын со-ғатынын түсініп тұр. Бір жағынан, бұндай қаталдық болмаса, әркім бетімен кететінін сезеді. Сәл де болса қатаң мінез қа-жет болады. Тапсырылған шаруалар жетерлік. Диірменнің жұмысын жақсарту керек, байланыс орнату, жұмыс барысын қадағалау қажет. Бұл істің бәрін өз қолына алмаса, жайына қалатыны сөзсіз. Мейронның қылықтары ойына оралды. Оның өр мінезі өзінің жастық шағын есіне түсіреді. Сол ша-малас жасында ешкімнің сөзін құлаққа ілмейтін бірбеткей болды. Өз қалағанымен жүретін. Қарсы келген адамды сөз-бен де, іспен де жеңетін. Сондай өктемдік Мейронда да бол-ғанына іші жыли түсті. Харбер келгеннен кейін, өзінен кейін-гі басшыға соны ұсынуды іштей ойлап қойды.

Ой үстінде жүріп, орманның жарты жолына жетіп қалғанын аңғарды. Қарсы алдындағы ағаш түбінде өскен сап-сары гүлге көзі түсті. Гүлдің тығыз өскен қауыздары әлі ашылмаған. Бұл жолмен құрылыс кезінде талай жүріп өтсе де, мұндай гүлді көрмеген еді. Әлде назар аудармады ма екен? Сабағы қоңыр реңді сап-сары гүлдің қауызының сыр-тында майда ұлпаға ұқсас жұмсақ көрінетін бүрлері бар. Ол сары реңді көмкеріп, қошқыл түсті күлтеге айналдырғандай, бұл гүлді одан әрі нәзік көрсетеді. Роузен өз әрекетінен іштей ыңғайсызданып, айналасына қарап қойды да, тізерлей оты-рып, анықтап көз жүгіртуге бекінді. Бастары бірдей иілген гүл ағаш көлеңкесінде өсіпті. Екі жақ шетінен жарған қауыз-дардың жиектері қарайып қалған. Күн түскеннен болса ке-рек. Капитан гүлдің сәуледен қорқатынын түсініп, қалтасы-нан жіп алды да, сабақтарын орап, бостау байлап қойды. Шашыраңқы гүл жиналып, ағаш діңінің көлеңкесіне сиятын-дай көлемге кішірейді. Роузен орнынан тұрды да, өз жолы-мен кете барды. Ол қандай жағдайға тап болса да, соңынан әр әрекетін қайтадан ой елегінен өткізетін. Тек мына жағдай-ды түсіне алмады. Мәселен, кеше қайықта Эниберге жәрдем бергенін өз бойындағы жанашырлықтан шығар деп, қалыпты жағдайға балап, сол күйі ұмытқан. Ал гүлге өмірінде бір сәт арнайы назар аударып көрген емес-ті. «Бәлкім, кездейсоқтық шығар» деп түйіндеді. Бұл ойының өзі нақты емес. «Мүмкін, біздің елде мені қызықтыратын гүл өспеген шығар» деп іш-тей өз-өзіне әзілдеді де, әрі қарай жүре берді. Кей кездері бір нәрседен шаршап, жалыққанда, осылай іштей ғана мысқыл-дап, мырс етіп қойып тұра беретіні бар. Түнді ұйқысыз өткер-ген кездері үнемі көңілсіз жүретін. Ал бүгінгі күйі де, ауа райы да өзіне ұнап келеді. Ойын сарылдап аққан сарқырама суының дауысы бөлді. Орманнан шыққанда үстіне таңертең-гі лептен де суық әрі күштірек дымқыл ауа бүркіді. Бұл – би-іктен құлап аққан сарқыраманың тамшы ұшқындары. Күн тө-беге көтерілмесе де, ұшқыннан  кемпір қосақ түзіліпті. Диір-меннің жалпақ қалақтарына сатырлап құлаған судың қарқы-ны қалақтарды кәдімгідей жылдамдықпен айналдырады. Сарт-сұрт дыбыстан құлағы бітелген Роузен диірмен қасына жақын келіп, қалақтарының бүтін екеніне көзін жеткізді де, қайта жүгіріп шықты. Құлаған судың астына кірмесе де, там-шының бұрқағы киімін малмаңдай су етті. Қоңыр жейдесі де-несіне жабысып, бұлтиған бұлшық еттерін айқын көрсетеді. Әлгінде ғана меңіреу күйге бөленген тыныштықтың парша-паршасын шығарған судың шуылы құлағын тындырды. Де-несін мұздатқан дымқыл киімдерін сарқырамадан алысырақ барып шешті де, қарулы қолдарымен сығып алды. Бойы сер-гіп, әртүрлі ойлардан айығып, жеңілдеп сала берді.

Күн көзі толғанда, орман ішін аралаған салқын самал тыншып, жылулық жайлай бастапты. Әр жерден алуан түрлі құстардың үні естіледі. Бірі шіңкілдеп, бірі сықылықтап, бірі ұзарта ысқырып, арасында дүмпілдек дауыстар қосылып, Фермангельдің жаңа күні қызу тіршілігін бастады деп асыға хабарлағандай, ерекше ырғаққа бәрі қосылып жатыр. Олар-дың әсем үніне Роузен де құлақ түріп, қонақ үйге беттеді.

Қонақ үйдің алдында Гариз  күн шуаққа шығып кері-ліп, таңғы жаттығу жасап тұр. Қасына келіп қалған Роузенді көріп, біртүрлі қысылып қалды да:

– Тіпті қашан келгеніңізді де аңғармаппын, - деді.

– Әлі ешкім оянбады ма? Күн болса, төбеге келді.

– Енді жастар ғой, жол соғып тастаған болар.

– Диірменді көріп келдім. Әлгі құрылғыңды өзің тек-сермесең, маған бәрі дұрыс секілді көрінді.

– Несін тексересің оның?! Әйтеуір, диірмен тоқтап қалмаса болды. Мен алдымен байланысты орнатып алуым керек.

– Гариз мырза! – деп барып, тоқтады. «Екі айтқызба!» деп зірк ете қалғысы келіп, өз-өзін әрең ұстады. Сөзін кө-мейінде сақтап, Гариздің өне бойын көзімен бір шолып өтті де, қонақ үйге кіріп кетті. Гариз Роузеннің не айтпағын біл-гісі келгенімен, қабағынан қаймығып жөнімен қала берді. 

Мейманхана дәліздерінің жарығын Гариз сөндірген болуы керек: қалай дегенмен электірші болған соң, тоқты зая кетірудің дұрыс еместігін түсінетін жан ғой. Роузен де бұл қылығын құптайды, өйткені барлық нәрсені үнемдеу – бұл жердің басты заңдылығы. Ас үйдің маңынан өтіп бара жа-тып, бүкшеңдеп әлденені турап жүрген Тоняны көрді. Оған өзі бастап сөйлегісі келмесе де, бәрімен бір дастарханда оты-рып ас ішуге құлқы болмағандықтан, сөйлеуге мәжбүр бол-ды:

– Таң қайырлы болсын! Маған тезірек тіске басар әзір-лесеңіз.

– Айтсаңыз болды! Бірақ қазір бәрі түседі ғой, бірге тамақтанбадыңыз ба?

– Сосын шайға лимон қосуды ұмытпаңыз.

Ниетін елемей сөйлеген капитанның бұл қылығына Тоня аңтарылып тұрып қалды. Басын изеп қана қойды да, айтқан тапсырын жылдам орындауға кірісті. Роузен өз бөл-месіне  барып, дымқыл киімін ауыстырып шыққанда, Тоня үстел үстіне шаймен бірге сиыр шұжығын және қызыл уыл-дырық пен үш тілім қара нан қойып, капитанды күтіп тұрды. Жасыл жейдесінің түймесін жолай түймелеп жеткен ка-питан үстелге отырда да, Тоняның қасында тұрғанын қала-май:

– Рақмет! Сіз өз тірлігіңізді жасай берсеңіз болады. Өзім құйып ішемін.

– Қалауыңыз білсін!

Капитанның танауына бірінші жетіп, бойын елітіп ала жөнелген шұжықтың иісі оның қолдарын дірілдетіп жіберді. Қанша аш болса да, қанына сіңген тәртіптен аттап өту әскери дағдыға құрметсіздік болар еді. Бір қолына пышағын, екінші қолына шанышқысын алып, еппен ғана турап, уылдырыққа байыппен малып, бір тілімді аузына салды. Алғашқы шұжық пен уылдырықтың дәмін құшырлана татты да, сол тәртіппен келесі тілімге шанышқы қадады. Арғы бөлмеде жүрген Тоня оның тамақтану әдебіне сүйсіне қарайды. Ол ішінен капитан-ның неге көпшілікпен отырмайтынын түсінгендей болды. «Біздің жұмысшылар шынымен қалай болса солай жейді ғой», –  деп мырс етті де, басын шайқады. Барлық жұмысшы-лардың таңғы асын даярлап болғанда, капитан майлықпен аузын сүртті де, орнынан тұрды. Тоняға ештеңе деместен жылдам басып, ас үйден шығып кетті. Роузен бұл сәтте жұрт-тың бәрі ұйықтап жатыр-ау деп ойлады. Алайда Энибер де ерте тұрған. Бірақ ол сыртқа шықпай, өз бөлмесінде біраз отырды. Айна алдына жайғасып алып, шашын тарап, опа-далаппен әлпетін әрлеп осы қазір ғана болды. Үстіне жұқа са-ры халатын киіп, астыңғы қабатқа түсіп келе жатқанда, тек-пішектен көтеріліп келе жатқан капитанды көріп, бір сәтке аңтарылып тұрып қалды. Әншейінде адамдардың қасынан елемей өте шығатын капитанның көзі үстіндегі сары халатты көргенде, ойына орманда көрген сары гүлдер оралды. Оның көздері сырғып, Энибердің қып-қызыл еріндеріне түскенде, телміріп тұрып қала жаздады. Көзін тайдырып әкете қойды да, қасынан тілдеспей өте шықты. Бағанадан мелшиіп тұрған Энибердің мұрнына капитанның кебе қоймаған дымқыл де-несінің күрең иісі сезілді. Еркектің иісін дереу сезе қою – Энибердің баяғыдан келе жатқан әдеті. Қасынан өте шыққан капитанның соңынан қарамауға бекінді. Сөйтті де, екеуі өз жолдарымен кете берді. Бірақ Энибер капитанның өзіне тел-міре қарағанын ойына сақтап алды. Сол ойдың әсері ме, әйте-уір езуінде қуақы қылымсу байқалды. Астына түсіп, ұзын дә-ліз бойымен жылдам басып келе жатқанымен, не үшін астыға түскенін ұмытып қалды. Бір сәтке тоқтап, «Неге келіп едім өзі?» деп тұрғанында мұрнына жаңа қуырылған шұжықтың иісі келіп, ойындағы сұрақтың жауабын таба қойды. Асхана-ға көңілді шыраймен кірді:

– Мен таңғы асымды тезірек ішіп кете берсем қалай?

– Әрқайсың жеке-жеке не көрінді? Бәрі келген соң іш-сең қайтеді? – деді Тоня бұрқылдап.

– Өз-өзімді ұстай алмай тұрғаным! – деп, кеше өзі отырған тұстағы тәрелкедегі шұжықтан кішкене тіліп алды да, аузына салды. Тағамның дәмін алған соң, шыдамсыз күй-гелектіктен арылып, сабырға келді.

– Капитан бүгін бізбен бірге тамақтанатын шығар?

– Ол бағана ішіп алған.

– Қызық жігіт екен! Көпшіліктен қашқаны несі?

– Менің түсінгенім, ол тыныштықты ұнатады.

Энибер капитан жайындағы ойын жасыра алмай:

– Үстіне киген жейдесі қандай жарасымды еді, – деп Тоняға қарады.

Ол осы сәтте істеп жатқан жұмысынан бір сәтке кіді-ріп, капитанның тамақ ішкен әдебінің ұнағанын айтқысы ке-ліп-ақ тұр. Алайда өзінің жасы үлкендігін ескеріп, бұл ойын жайып салғаны ыңғайсыз болар деп, ешқандай жауап қайтар-май тірлігін әрі қарай жалғастырды. Энибер тағы бір тілім-нен дәм татқысы келіп тұрғанда, дабырлап басқалары кіріп келді. Ол шанышқыны қоя салып, дереу бойын тіктеп, өзін-өзі ретке келтіре қойды. Сұңғақ бойлы дене бітіміне жарас-қан сары халатының белін буды да, өз орнына жайғасты. Бәрі өз орындарына отыруда. Бірінші кірген Дастер тағамды еңке-йіп тұрып, бір иіскеді де, басын шайқады.

– Қайырлы таң, Тоня апай! Қандай дәмдеуіш қосқан-сыз? Тәбетті ашып жіберді ғой.

Тоня Дастердің әрдеңені бір сұрай беретіндігін кеше аңғарған. Сондықтан оған жауап беріп, тұздықтың ретін ба-яндап отырудың артық екенін біліп, жауапсыз қалдырып өзі жайғасты. Кетрин, Жаспер, Мейрон, Буба, Гариз, Энибер, Дастер, Тоня және еден жуушы Һанна да өз орындарына отырды. Ал кешігіп келіп, бәріне жалтақтай қараған Хоссеге бәрінен артылған бір орын бұйырды. Он қызметші кеше де осылай бас қосқанымен, бір-біріне анықтап мән беретіндей халде болмаған-ды. Бүгін тынығып, көбісінің жүздері жай-нап, түр-әлпеттері айрықша көзге түседі. Дастер жұрт соңы отырып болмай, тамақтануды бастады. Шайнаңдап, көңілін тербеген күйін жайып салды:

– Кеше біз не көрдік десеңіздерші? – Бәрі Дастерге аң-тарыла қарады: – Түнде орман жақтан сығырайған жарық көрдік те, Мейрон екеуміз не екенін білу үшін сонда бардық.

Мейрон оның әңгімесіне басын шайқап, астан алып отыр. Дастер өзгелердің өзіне назар аударғанын байқап, әң-гімесін жалғастыра түсті:

– Орманның арғы бетіндегі өзенге жетіп тоқтадық. Әлгі жарық өзендегі балықтар екен.

Бұл сөзіне сенгісі келмеген Кетрин:

– Балық дегенің қалай сонда? – деп таңдана сұрады.

– Кәдімгідей, шабақ балықтар жанып жүреді. Ол еш-теңе емес, қасындағы ағашта қонақтаған күміс қанатты құс-тар бүкіл балықты бір жерге жинап алып, концерт қояды екен.

«Концерт» деген сөзге Энибердің құлағы елең ете қа-лып:

– Концерт? – деп мысқылдай күлді. – Құстар концерт қойғаны несі!?

– Рас айтам. Олар сайрағанда, бүкіл балықтар тыңдау үшін жиналатын секілді.     

Буба шайын ұрттап алып, әңгімеге араласты:

– Сосын не болды? Балықтар қанатымен шапалақ соқ-ты ма?

Оның қылжақтай айтқан сөзіне үстел басындағылар еріксіз күлді. Дастер қонақтардың өзіне сенбей отырғанын түсініп, әңгімені күрделендіруді жөн көрді.

– Соларды бақылап тұрғанда, артымыздан бір жырт-қыштың бізді аңдығанын сезіп қалдық.

Мейрон қашып кеткен сәтті айтып ұятқа қалдырып жүрмесін деп, Дастердің сөзін бөлуге тырысып:

– Ой, сен де, анықтап көрген жоқсың ғой! Менің бәкім орманда түсіп қалды ғой деймін. Қазір барып, табу керек.

Дастер оның құрған сөз айласына түсті. Мейронның түпкі ойын түсінбесе де, қашқандары туралы айтпай, сөздің бағытын басқа арнаға бұрып әкетті:

– Бүгін капитан тағы тамақ ішпей ме?

Сұрағына Тонядан бұрын Энибер жауап қатуға асық-ты. Өзгелерге қарағанда капитанмен едәуір жақын қарым-қа-тынаста жүрген адамша сенімді сөйледі:

– Ол кісі ерте тұрып тамақтанып алды. Уақыты да жоқ, біз секілді асықпай жүретін.

Тоня оның бұл қылығын іштей мазақтап, ешкімге біл-дірмей мырс етіп күліп жіберді. Ал бағанадан бері әңгімеге араласпай отырған Гариз Хоссеге жиі қарай берді. Өзінің әдеті бойынша оның кім екенін білгісі келіп отыр. Әңгімеге мән бермей, алдындағы астан бас көтермей отырған Хоссеге қарата сөйледі:

– Сен өзі қай қаладан келдің?

Хоссе алғашында сұрақтың өзіне қойылғанын аңда-май қалды. Қасындағы Һанна шынтағымен түртіп жіберген-де ғана, бәрінің өзінен жауап күтіп отырғанын байқады. Не деп сұрақ қойғанын естімесе де, әйтеуір, көзі жыпылықтап сөйлей жөнелді:

– Мен әзірге капитан не айтса да орындауға әзірмін. Кейін қонақтар келген соң, даяшылық қызметіне ауысамын.

Оның орынсыз жауабы үшін Кетрин аздап ыңғайсыз-данып қалды. Гариз де оның сұрақты естімегенін байқап:

– Оны түсіндім ғой. Манадан бері біртүрлі қысылып отырған секілдісің. Қайдан боласың деймін? – деп қайтала-ды.

Хоссе өзінің қылығына қызарып сала берді:

– Тубстан келдім. Негізі Кэмпидонда туғам. Кейін от-басымызбен сонда көшіп бардық.

Хоссе – Буба қатарлас болса да, едірейген мұрты үл--кен көрсетеді. Өзі жолда да ашылып ештеңе айтпады. Келге-лі бері өзімен көршілес бөлмеге жайғасқан Һаннаны ғана жа-нына жақын тұтты.

Дастархан басында әртүрлі нәрсені сөз еткендерімен, Харбер мырза туралы ешкім әңгіме қылған жоқ. Кімнің бүгін не шаруамен айналысатындары жайында білісіп, біршама уа-қыттан соң дастархан басынан тарқасты. Бұл кезде Роузен өз бөлмесінде олардың келісім-шарттарына көз жүгіртіп, кімге қандай тапсырма беру керектігін ойластырды. Бәрінен бұрын Мейронға жұмыс жайын көрсетіп, бүгін-ертең шаруаға қо-сып жіберу керек.

Роузенді дайындық шараларынан бөлек, өткелдегі жағдай мазалай берді. Оңаша қалып, сол оқиғаны қанша са-раптағысы келгенімен, уақыт жетпей жатыр. Сол үшін бү-гінгі шаруаны жылдам реттеп, Қараөткелде көрген Уильям-ның басы жайында дұрыстап ойланғысы келді.

Уильям небәрі он сегіз жасар жеткіншек еді. Брустон мен Берн-Тайн арасындағы соғыстың аяқталар сәті. Шекара маңындағы Аркади қалашығы жау қолында қалған кез. Брустондық жоғарғы шенділер Аркадиді қайтарып алу үшін командорлық әдісті, яғни шағын жасақтарды жау тылына жа-сырын аттандырып, астыртын шабуылдар ұйымдастыру тәсі-лін пайдаланды. Бұл әдісті құптаған командирлердің ішінде Роузен де болды. Алғашқы шабуылдар сәтсіз аяқталған соң, соңғысын Роузен өзі ұйымдастырған. Оның жаңа жасағында он жеті сарбаз болды. Араларындағы Уильямның жасы кіші болса да, батылдығының арқасында Роузеннің көзіне түскен еді. Қаңтардың бір түнінде, бұлар жорыққа дайындалып жат-қанда, жау тылындағы тыңшыларлан хабар келді: Берн-Тайн әскері қала төңірегінің бәріне берік торуылдар орнатып жат-қан көрінеді. Ақпаратты ести тұра, шабуыл жоспарын өзгерт-пеген командирге Уильям өзінің ойын айтты:

– Командир, тыңшының айтқаны өтірік болғанның өзінде, біздің жоспарымыз сәтсіздікпен аяқталуы мүмкін.

Роузен өзіне қаймықпай сөйлеген жас жігіттің бетін қақпай, ойын әрі қарай тыңдағысы келді.

– Түсіндір?

– Мәселен, алдыңғы бес шабуылда да дәл осылай жа-сырын барғанымен, сарбаздар қала маңына жақындай алған жоқ қой. Негізі біздің де арамызда тыңшылар бар секілді. Әйтпесе қай тұстан баратынымызды олар қайдан біліп ала-ды? Одан да жартымыз, күнде өздігімен барып, жау қолына беріліп жатқан Аркадидің егіншілерінің арасына кіріп, шека-радан өтіп алайық. Бастысы, олардың офицерлік штабын жойсақ, әскерлері өздігінен берілер еді.

– Сол егіншілерді халық кім деп атайтынын білесің бе?

– Сатқын! Бірақ біз соларды пайдаланып кетсек, қала-ны құтқарар едік...

– Сен әскер қатарына қосылғандағы антыңды берік ұстанып, сол рухыңнан таймасаң, бұл жолы азат етеміз.

– Бірақ, командир...

– Еркін тұр, саптағы әскер Уильям Подриг!

– Құп болады!

Уильям әрі қарай сөйлесудің мәні жоқтығын түсініп кері қайтқан. Роузен сол түні оның ұсынысы туралы көп ой-ланды. Әйтсе де ол айтқандай сатқындармен бірге өтіп, іште күрес бастайтындай қауқарлы ешкімді көре алған жоқ. Егер жеңіліс тапса, Брустонның әскери заңдылығын бұзып, өмір бойы сатқын атанып кетулері әбден мүмкін. Жап-жас бала-ның өктемді рухының жетегіне еріп, жеңіліс тапса не бол-мақ? Оның үстіне өзі құрған жоспары жеңіске әлдеқайда жа-қын екеніне сенімді. Шабуыл тәсілін құрғанда әскерін екіге бөлді. Бірі – өзі бастап жүретін шабуылдаушы күш, екіншісі – жау әскерін алдауға құрылған төрт жауынгерден тұратын жасақ. Біраздан бері сол екінші топты бастап баратын сарбаз-ға кімді қоярын білмей жүргенде, Уильямның батылдығы жауабын шешкендей болды. Жас болса да, ақылмен жұмыс істей алатынына қуанды. Ертесі Уильямды шағын жасақтың уақытша командирі етіп тағайындады. Жорыққа аттанарда Уильям өзінің револьверін белінен шешіп: «Мен әскерге ат-танған күннен бері қасымда жүрген серігім – осы. Мені қан-дай жағдай күтіп тұрғанын білмеймін. Осы жалғыз оқ менің отбасымнан ажыратуға себепші болған Дорн Тернер деген жау командирінің басына тиуі керек. Оралғанша сақтауы-ңызды сұраймын», – деп, Роузеннің қолына берген. Сол түні Роузеннің әскері қаланың солтүстік бүйіріне, қалған үшеуі Уильмның басшылығымен басты қақпаға жаудың назарын аудару үшін кетті. Таң бозарғанда негізгі жасақ шабуылды бастады. Соғыс ала-ңында жүрген Роузеннің бар уайымы Уильям болды. Жастықтың алауымен ойланбай әрекет етіп, қолға түсіп қалар ма деген күдігі сейілмей, өз майданында бірнеше рет қателесе жаздады. Алайда шекарадан өтуіне Уильям кәдімгідей көмек көрсетті. Өйткені төрт сағаттың ішінде жау әскерінің басым көпшілігі алдаушы топқа қарай ауысқан. Командирдің тапсырмасы бойынша, тоқтатпай жа-рылғыш атып, әскер қарасы қалыңдағанда кейін шегіну ке-рек. Бастапқыда алдау әдісі іске асқанымен, кейін жау әскері Уильямдарды ақыры қолына түсірді. Роузен солтүістік бү-йірдегі жаудың оқ қоймасын жарып, төрт-бес сарбазынан айырылып кері шегінді. Өз штабтарына келген соң, екінші жасағы оралмағанын естіп, Аркадиге қайта аттанады. Түн ауа жетіп, Уильямның басына түскен жағдайды көргенде, полк сарбаздары мен Роузен қатты шошынған еді. Денелері-нің парша-паршасын шығарып тілгілеп, бастарын кесіп, өр-теп кетіпті. Тістері ақсиған сүйектердің қайсысы кімнің басы екенін айыру мүмкін емес. Азапты өлімнің ізіндей көрінген шала піскен құйқалар қараған жанның көзінде ешқашан ұмы-тылмас бейне болып қалды. Сондағы Роузеннің өкініші мен қайғысы көкірегін қарс айырардай зілді салмаққа айналды. Ұйыған қанға шыланған денелер мен күйген бастарды арқа-лап кері қайтты. Бір аптадан соң ғана Берн-Тайнның әскерін жаппай қырып, қаланы азат етіп алды. Алайда әрі қорқыныш, әрі өкініш болып қалған оқиға әрбірінің іште-рінде әлі күнге дейін өмір сүріп келеді. Роузен соғыс аяқталған соң бірде-бір атақ пен шенді қабылдамай, қаңғырып кетті. Бірнеше жыл-дан соң ғана, мұхитқа шығып, капитанға айналды. Қанша жыл өтсе де, Уильиямның револьверін қасынан тастамай алып жүреді. Тапаншасының жалғыз оғымен біте қайнасқан жас әскердің рухы үнемі жанында жүргендей сезінеді. Алай-да Уильям кегі қалған адамның есімін ұмытып қалған еді.         

Харбер мырзадан қара өткелдің тылсым күші жайын-да естігенде, санасының түкпіріндегі Уильям жайындағы ес-телікті көріп, сарбазының дұшпанының атын есіне түсіруді ойлады. Оның кегін қайтарып, ішкі дүниесін азаптан құтқар-ғысы келді. Өңі болмаса да, өткен жолы қайықта Уильяммен тілдесуге мүмкіндік туғанда, Жаспердің келтірген кесірін ой-ласа, ұрып өлтіргісі келеді. Ақылға салса, ол байғұстың еш-қандай кінәсі жоқтығын түсінеді. Сонда да «Уильям кектесі-нің есімін айтар ма еді» деген ой ара-тұра қылаңдайды.

Капитан бөлмесінде ойға шомып отырғанда, біршама уақыт өтіпті. Күн төбеге көтеріліп, Фермангельдің құмы жы-лынып үлгерген. Тіпті қызметшілердің біразы жағалауда су-ға шомылып жүр. Роузен тысқа шыққан соң ғана буындары-ның құрысып қалғанын сезді. Бойындағы бір ауырлықтың әлі тарқамағанын сезіп, ештеңе ойламай, тірлігін бастауға бекін-ді. Жағалауда шомылып жүргендердің ішінде Мейрон да бар. Капитанның сыртқа шыққанын көріп, дереу киініп, осыған беттеп келеді. Оның не сұрайтынын алдын-ала сезген Роузен қалтасындағы бір уыс кілттің арасынан шарап қоймасының кілтін жеке шығарып алып, үйдің артына қарай жүрді. Мейрон асыға басып, капитанмен қатарласып келеді. Екеуі де үнсіз. Мейрон әлдебір нәрселерді сұрағысы келсе де, ойы тұрақты, салмақты жігіттің бойын көрсетіп үндемей еріп отырды. Қойма орманның солтүстігіне қарай салынған екен. Орманның кіре берісіндегі күркені бәрі байқаған. Бір қара-ғанда жай ғана отырып демалатын орынға ұқсайды. Ол жерде шарап сақталады деп ешкім ойламас. Роузен күркеге кірді де, ортада тұрған үстелді жылжытты. Еденде жатқан есіктің бір бұрышын өкшесімен басып қалғанда, бір бөлшегі теріс айна-лып құлпы шыға келді. Мейрон есіктің құрылысына таңға-лып тұрса да, өзін ештеңеге мән бермеген адамша ұстап тұр. Капитан еден есігін ашты да, текпішекпен төменге түсті. Қап-қара тұңғиыққа кіріп, аздан соң жарқ еткізіп жертөленің жарығын қосты. Қойма ұзына бойы созылған дәліз секілді қа-зылған. Екі жақ қабырғаға сүйеніп қатарынан тізілген ағаш бөшкелер тұр. Дәліздің соңғы жағындағы шағын бөлмеде шарап жасауға арналған құрылғылар орнатылған. Роузен сол бөлменің жарығын қосып, Мейронға назар аударды.

– Шеберханаңа ешкімді кіргізбе! Әсіресе, Жаспер мен қыз келіншектерді.

– Ал, керек болса! Мына құрылғылар «Остиностағы» жабдықтар ғой!

Роузен бұрыштағы жәшікті ашып көрсетті.

– Жемісті осыған толтырасың. Жарық сөніп қалған жағдайда, дереу Гаризге немесе маған айт. Мына жәшіктің мұздатқышы істемей қалса, жеміс бұзылып кетеді.

– Оны айтпасаң да, білемін, капитан! Одан да қандай жеміс теру керектігін айт.

– Қазір көрсетем оны. Жүзімді қалай ашытасың, дәл солай дайындайсың. Анау бөшкеде шарап бар. Соған қарап дәмін салыстыр.

– Капитан, өз жұмысымды өзіме үйретпегенің дұрыс еді.

Роузен Мейронның әңгіме бағытын қайда бұрғысы келгенін түсініп тұр. Әр сөзін тығырыққа тірегісі келіп тұр-ған оның бұл қылығын елегісі келмеді:

– Құрылғыларыңды көріп болсаң, жүр, жемісті көр-сетейін.

Мейронның бөлме ішінде әрнені шұқылап жүріп алға-нына қарамай,  капитан жертөленің жарығын сөндіре салды. Адымын нық басатын Роузеннің соңынан ілесуден басқа амалы қалған жоқ. Оның қылықтары қанша ашуын келтірсе де, Мейронның орынсыз әрекетке баруға ұяты жібермеді. Не-ге сонша капитанға шүйлігіп алғанын өзі де түсініп бол-майды.  Бір жағынан, түндегі қаша жөнелген әрекетін капи-тан қорқақтың ісіне ұқсатып алған соң, мұның сөздеріне мән бермей жүрген сыңайлы көрінді. Еден есіктен шыққан соң, капитаннан екі кілтті алып жатып, оның жертөледегі сөзін есіне түсірді. Бұл жерге Жасперді кіргізбе дегені түсінікті. Неге қыз-келіншектердің келуіне болмайтынын білгісі келіп, сұрайын деді де, тілін тістеп қалды. Мейронның капитанмен кездескеннен бері өз ойымен іштей арпалысы күшейіп кетті. Бәлкім, өзін онымен тең ұстағысы келгендіктен болар немесе капитанның салмақты мінезін өзінен көрмеген соң шығар. Не де болса түбінде ішкі сұрақтарына жауап табыларына сенімді келеді.

Екеуі артық әңгімесіз орман ішін аралап жүріп, бітімі бөлек ағаштың маңына келді. Діңі қошқылтым қоңыр түсті, бойы аласа, бұтағы тығыз таралған екен. Қызыл түсті көлемі жүзімнен үлкенірек жемістер қаулап өсіп тұр. Бір қарағанда итмұрынға ұқсағанымен, жемісті ұстап көргенде сүйексіз жұмсақ екені байқалады. Мейрон біреуін үзіп алып, анықтап қарады. Томпайып, қабығы тесілуге шақ тұрған жеміс Мейронның тәбетін ашып жіберді.

– Жемей-ақ қойғаның дұрыс.

– Неге?

– Уы көп.

Роузеннің мына сөзі бағана ғана миын торлаған кү-мәнді ойын сейілтіп жіберді. Капитанның өзіне қамқорлығы деп түсінді.

– Әрі тәуелді болып қалуың мүмкін, – Роузен сөзін жалғастырды:

– Шараптың дәмін келтіре алмай жүрсең болмас!

– Өлтіруі мүмкін ба?

–  Жоқ. Ақылыңнан адастыратыны болмаса... Одан да шарап дайын болғанда татып көр.

– Ендеше Жасперге де ескертіп қой!

Мейронның әзілін түсінген ол жай ғана жымиды да:

– Бұл орманда өсетін жалғыз жеміс – осы ғана, – деді.

Мейрон капитанның сөзін тыңдап жүріп, ағаш діңі-нен сорғалап кепкен сұйықтықтың іздерін көрді.

– Ағаштың айналасы тап-таза ғой.

– Бұл жерде ештеңе шірімейді. Мына жеміс әбден ісі-ніп толғанда, сөлі мен қабығы еріп, буға айналып кетеді дей-ді.

– Сонда қашан толық піседі?

– Әрбір тоғыз айда.

Екеуі орман арасынан шығып, қонақ үйге оралды. Бұ-лар келем дегенше, қонақ үйдің тіршіліктің көрінісі өзгеріпті. Сыртта жалғыз жүрген Хоссе жағалауға тартқан ағаш жол-дың үстін сыпырып әлек. Роузен кафе терезесінің сыртынан өтіп бара жатып, іштегі жандарға көзі түсті. Олардың бір-бірімен шүйіркелесіп отырғандары құдды бір отбасының ба-лаларындай жылы бейнеге ұқсады. Мұндай кереметке сүй-сіндірген түсініксіз сезім сары халатына оранған қызды із-деткісі келгендей капитанды біраз бөгелтті. Нәзік сезімдерге қалай жауап беру керектігін Роузен ұмытқалы қашан. Тіпті сары гүл мен сары халатты сұлудың өзі қосылып жүрек етін оңайлықпен жұмсарта алмасы анық. Кенеттен Дастер есік ал-дына жүгіріп шықты:

– Капитан, Жасперге бірнәрсе болды! – деп, қайтадан ішке жүгіріп кіріп кетті.

Роузен артынан жеткенде, дәлізде құлап, селкілдеп жатқан Жасперді көрді. Аузынан ақ көбігі ағып, көзі алайып, қол аяғы құрысып жатыр екен. Қол қусырып не істерін біл-мей тұрған Гариз бен Дастердің көздері алақандай болып кеткен. Капитан Жасперді екбетімен жатқызып:

– Жүрелеп отыр мұнда, – деп, Дастерге көзімен нұсқа-ды. Ол жерге еңбектейтін адамша жүрелеп отыра қалды. Ка-питан екбетімен жатқан Жасперді көтеріп, басы төмен қарай-тындай етіп, Дастердің арқасына жатқызды. Қалтасынан бә-кісін алып, сабын киіміне сүртті де, Жаспердің тістеніп алған жағын қинап ашып, бәкіні қыстырып қойды. Жылдам екі қо-лын арқасына қайырып, жотасынан жұдырықпен бір рет гүрс еткізіп ұрғанда, Жаспер демі қайта келгендей аузын ашып жіберді.  Аузындағы бәкі көпірікті сілекейімен арласып еден-ге түсті. Тағы бір рет соққанда құрысқан аяқ қолдары босап қоя берді. Дереу жерге оң иығымен жатқызды.

– Біреуің су алып келіңдер! – деп, Жаспердің үстіндегі киімін шешіп алды. Дастер жылдам барып тостағанмен тол-тырып су әкеле қойды. Қырымен жатқан Жаспердің бетіне шашып кеп қалғанда, ол селк етіп, есін жиғандай болды. Ка-питан жерде жатқан бәкісін оның киіміне жақсылап сүртті де, қасында тұрғандарға бұйыра сөйледі:

– Өзінің бөлмесіне апарып жатқызыңдар. Сосын Буба-дан бір шарап алдырыңдар.

Жасперді Гариз бен Дастердің көтере алмай тұрғанда-рын көріп, капитан жерден көтеріп өз иығына салды да, бөл-месіне қарай беттеді. Дастер жылдамырақ Бубаға капитан-ның сөзін жеткізуге жүгірді. Гариз де аяғын көтерісіп, ақыры Жасперді төсегіне әкеліп жатқызды. Былқ-сылқ еткен Жаспер қайтадан дірдекке басты. Бөтелкесін көтеріп Буба жетіп келгенде, капитан қолынан тезірек алып, алақанына құйды да, Жаспердің бетіне аямай жақты. Шалқасынан жат-қызып, аузына шөлмектен бір-екі жұтымды құйып жіберді. Шашалып, жөтелген Жаспердің көзі одан сайын алайып, жынданған адамша селкілдейді. Қайта бір аунатты да, арқа-сынан тағы да соғып кеп қалды. Жөтеліп, тынысы ашылған Жаспер терең демін алып барып, өз-өзіне келді.

– Мына бейшараны өлтіргің келмесе, сұраған шара-бынан бер, – деді капитан көзі алақандай болып, аңтарыла қа-рап тұрған Бубаға. – Қасында біраз отырыңдар. Дастер, кеу-десін шараппен ысқылап жібер, – деп, бөлмеден шығып кет-ті.

Демін ішіне тартқан Гариз капитан кеткен соң ғана бо-саңсып, төсекке отырды да:

– Аз болмағанда өліп қалар еді, – деді жабырқау кейіп-те.

Дастер шалқасынан жатқан науқастың кеудесіне ша-рапты құйды да, алақанымен батыра ысқылады. Жасперді жақтырмаған адамша ернін дүрдитіп, Буба да әңгімеге ара-ласты:

– Қанша жыл барда істесем де, мынандай маскүнемді көрмеппін. Әбден қанына сіңгенше ішкен бе немене?

– Солай болып тұр ғой, – деп жауап қатты Дастер.

– Сонда мұны емдеудің басқа жолы жоқ па екен?

– Адам болмайды, меніңше. Екі күн ішпегенге осы-лай ауырса сұмдық қой, – деді Буба әлі де тыжырынып.

Жанымен арпалысып жатқан Жасперді аяған Гариз:

– Байғұс-ай, ненің азабынан құтыла алмай жүр екен?

– Қайдағы азап, істейтін тірлігі болмаған соң салын-ған шығар, – деген Буба бөтелкені алып сыртына қарады. – Құдай-ау, сасқаннан қолыма түскенін ала салып едім, мына-уы кәдімгідей қымбат екен ғой!

– Ой, аға сіз де айтады екенсіз. Есесіне, бір адамды құтқарды ғой бұл шарап, – деп, Дастер оны сабырға ша-қырды.

Екеуінің балаша ұрсысқан әңгімелеріне басын шай-қаған Гариз үнсіз отыр. Буба шарабын үстел үстіне қойып, өзінің жөнімен кетті. Отыра беруден іші пысқан Дастер де Гаризден біраз уақытқа осында қалуын өтініп, бөлмеден шы-ғып кетті. Жаспер демін баяу алып, ұйқыға кеткен сыңайлы. Оның тыныш жатқанына Гариз қуанды. «Маскүнем болсаң да, адамсың ғой» деп күбірледі де, оянғанша қасында отыра тұруға бекінді.

Гариздің ойына өзінің өткен шақтағы естеліктері оралды. Бұрын өзінің  дүңгіршегінде кешке дейін жападан-жалғыз ешкіммен сөйлеспей отырып қалатын кездер жиі бо-латын. Сондай күннің бірінде, көңілі құлазып түннің ортасы-на дейін терезеге қадалып ұзақ отырғаны бар еді. Сонда сыртта көлбеңдеп әрі-бері өтіп жатқан адамдар, бір-бірін қуалай жүгірген балалар, қарсы беттегі дүкенде балық сатқан саудагерлер – қайнаған тіршіліктің бәрі де сол электрші дүң-гіршегіне түк қатысы жоқ бөлек әлемдей көрінді. Бір-бірімен әзілдесіп, кейде ұрсысып, әлденеге таласып өтетін адамдар-дың өмірі сондай бөтен әрі жат. Сырттарынан бақылап, олар-ды қанша түсінуге тырысқанымен, ойын байланыстырар іл-мек табылмады. Өзінің уақытты баяу күйге ауыстырған дүке-нінен шығып, сол сабылысқан ортаға кіріп, біршама ілесіп көрді. Алайда дәл солар сынды күліп немесе ашуланудың ра-хатын сезіне алмай жабырқады. Түн ортасында шарапхана-лардың біріне кіріп, бес-алты стақанды тартқан соң ғана, құ-лағы мен көзінің бітелген бір нүктесі ашылғандай сезінді. Айдаладағы адамдардың әңгімелерін алыстан ұғып, олармен бірге күліп, жадырап шыға келді. Шарап құрғырдың құдіре-тін сол кезде түсінген еді. Сөйтіп, шарапханаға кешке қарай міндетті түрде соғып, екі-үш сағат бөгелуді әдетке айналдыр-ды. Ішімдікке жаны үйреніп алғаннан кейін, шөлмектері өз дүңгіршегінде де пайда бола бастады. Бұдан кейін жұмысын-да тіптен көңілді жүрді. Бұрынғы өнертапқыштар орталы-ғындағы адамдарға деген ренішінің бәрі түкке тұрғысыз кө-рініп, ешкімге өкпе-назы жоқ, бейтарап адамдай сезініп, бір-шама уақыт шараптың қызуынан арылмай уақытын өткізді. Жаспердің өмірін білмесе де, не үшін ішетінін жақсы түсін-гендіктен аянышпен қарап отыр еді. Өз ойына шомып отыр-ғанына біршама уақыт өтіпті. Шарап жайындағы әдемі есте-ліктерін Жаспердің сөзі бұзды:

– Сен не істеп отырсың мұнда?

– Амандығыңды тілеп отырмын, – деді ниеттес екенін білдіргісі келіп.

– Ішімдік әперші онда, – Жаспер бөтелкені нұсқады. Гариз үстел үстіндегі шарапты қолына бергені сол-ақ екен, шөлден қатқан адамша шөлмектің аузынан бес-алты жұтым-ды қылқылдатып жіберді.

– Байғұс-ау, алдымен тамақ ішіп әлденіп алсаңшы, он-сыз да өліп қала жаздадың ғой.

– Маған жаның ашымай-ақ қойсын! – деп зірк ете қал-ды Жаспер. Ащы ішімдіктің дәмі аузын уытып жіберді ме, ол орнынан тұрып иіскейтін ештеңе таппай, Гариздің басынан тартып, шашын иіскеді де, итеріп жіберді.

– Денің сау ма өзіңнің? – деп, әрі ыңғайсызданып, әрі ашуланып қалған Гариз орнынан тұрды.

– Шал, аспазшыңа айтшы, маған ащы сорпадан да-йындасын.

Жас баладай көріп, қалай болса солай сөйлегенін жа-ратпаған Гариз Жасперге ағалық ақылын айтқысы келді:

– Менде бір кісідей салынған адам едім, бірақ зар-дабы тигенде...

– Шал-ау, басымды одан сайын ауыртайын дедің бе? Жаның ашыса, кел, бірге шөлмек көтерші, – деп, бөтелкені Гаризге ұсынды.

– Мен қойғалы қашан!

– Бала құсағаның не, мұндай жерде ішкеннен басқа не қызық бар?

– Қызық та, шаруа да жетеді. Тек есіңді жиып, дұ-рыстап қарап көр айналаға.

– Менің қызығым мына шөлмектің ішінде жатыр. Оны алу үшін, тезірек ішіп қою керек, – деп Жаспер тағы да қылқылдатты.

– Қой, ақыры қазір өлетін адамға ұқсамайсың, одан да өз тірлігіме барайын.

– Шал, тоқтай тұр.

Жаспер орнынан тұрды. Есік іргесіне таяп қалған Гариздің қасына жетіп, иығынан ұстап төсек маңындағы орындыққа отырғызды да:

 – Ақыры жаның ашыған екен, міндетті түрде менімен отырып мына бөтелкені тауысып, бір-ақ шығасың, – деді.

– Сен де сандырақтайды екенсің, – деп, Гариз орны-нан тұруға бекінгенде Жаспер иығына қолын батыра түсіп, қайта отырғызды.

– Сөз ұқпайтын адамсың ба? Ішесің. Ішпесең, қинап аузыңа құямын. Сыйыңды кетірмей, адам құсап іш! – деп, Жаспер ашуланған кейіппен көзіне тура қарады.

Бағандан бері қылығын әзілге балаған Гариз одан сес-кене бастады. Орнынан тұрып ашулана сөйледі:

– Менімен әзілдесейін дедің бе?

Жаспердің жанарынан әлде бір ызаның көрінісі бай-қалды. Гариздің қолына бөтелкені берді де, қарсы алдына тұрды:

– Шал, менің ашуыма тиме!

– Мынаның есі ауысқаннан сау ма өзі? – деп есікке қа-рай тұра ұмтылғанда, Жаспер қайтадан жағасынан алды. Өзі қисалаңдап жүргенімен, қолдары кәдімгідей әлді екен. Гаризді бір-екі рет жұлқып жібергенде, қаңбақтай ұшып кете жаздады.

– Ақыры жай сөзге көнбейді екенсің, мен саған көрсе-тейін қазір, – деп, Гариздің аяғынан шалып түсірді. Жерге құ-лап түскен оның көзі алақандай болды. Жаспер шөлмекті бір қолына ұстап, екінші қолымен жерде жатқан Гариздің жағын қармай ұстағанда, ол бар күшімен сытылып шығып, есікке қарай қашты. Артынан бірге жүгіріп шыққан Жаспер қар-қылдап күліп қала берді. Ашуға булыққан Гариз бірінші қа-батқа түсіп кетті. Есі шығып кеткен ол ас үйде кешкі астарын ішіп отырған қызметшілердің қасына келіп, өз орнына жай-ғасудың орнына:

– Анау неменің есі дұрыс емес екен ғой!

Түкке түсінбей қалған жұрт оған таңдана қарады. Буба Гариздің ашуланған түрін көріп, сөзін қолдай жөнелді:

– Есі дұрыс адам бұл жерге бостан-босқа келе ме екен? Баяғыда айттым ғой саған!

Дастер әдетінше Жасперге жанашырлық танытып:

– Оянды ма? Тамаққа шақырмадыңыз ба енді, – деді.

– Маған десе, аштан қатсын! – деп Гариз әрі қарай жа-уап беруге ниетті емес екенін білдіре сөйледі.

Дастархан басындағылардың бәрі Жаспердің жағда-йынан хабардар болғандықтан, ашуланып отырған Гаризді сұрақ астына алғылары келмеді. Олар ас үйден тамақтанып шыққанша, түн ауысып үлгерді. Өз бөлмесінде Гаризді қыл-жаққа айналдырған Жаспер шөлмегін тауысып бітіп, терезе-ге ұзақ қарап отырып, аздан соң төсегіне жатып ұйқыға кетті.

Түннің салқын ауасы қонақ үй дәлізін емін-еркін ара-лап жүргендей. Дәліздің біткен тұсындағы әппақ жұқа перде-нің етегі әлсін-әлсін тербеледі. Фермангель өзінің демін қо-нақ үйдің түнгі тіршілігіне ұластырды. Алайда мейманхана ішіндегі түн Фермангельдің ішін пыстырар еді. Өйткені мұн-да түнгі құстардың сырлы үндері шықпайды. Толқындар тө-гіліп, еденін шаймайды. Дәл Эльваның баурайынан құлап ағатын сарқырама жоқ. Дәліздің іші жіңішке өзен секілді алу-ан түрлі жарығын шашпайды. Тек қана терезелерден қиғаш түскен ала көлеңкелі айдың сәулесі көрініп, адамдардың жа-ғымсыз қорылы ғана естіледі. Ауаның жұмсақ ағысы есіктер-ді аралап,  арпалысқа түседі. Тырайып жатқан Жаспердің бөлмесіне ауаның легі лық толып, оның қышқылтым иісі ара-ласып шыққан аузының демін терезеге қарай қуалайды. Ал Роузеннің бөлмесінде жағдай өзгеше. Жабық қалған есіктің сыртына мамық соғылып, басқа жаққа бағыты ауған таза ауа бөлме ішіне әдейі енгісі келмейтіндей. Әйтпесе есік астында-ғы саңылаудан әрі де, бері де өтуге мүмкіндік бар еді.

Роузен бағанадан бері аунақшып, тәні мамық төсектің жайлы қырын таба алмай жатыр. Түймесі кіндігіне дейін ағы-тылған жасыл жейдесінің жағасы желкеден аққан терге ма-лынып дымқыл тартыпты. Күндіз Энибер сезген иісі қазір екі еселеніп есік маңайына толастаған. Ауаға араласып, есік ашылса, мүңк етіп дәлізге жайылуға шақ тұр. Қабақ үстіндегі тыртығының ізі тереңдеп, маңдай терісін тырыстырып бара-ды. Өйткені аяқ жағында қараңғы бұрыштан Уильямның ба-сы өзіне үнсіз қарап тұр еді. Роузен оның жүзін анық көре ал-май, қиналып оянды. Төсегі жанасқан қабырғаның етегіне қиғаш түскен айдың әлсіз сәулесі түн ортасы ауғанынан ха-бар беріп тұр. Түсін неге жоритынын білмей, маңдайындағы тыртықты саусағымен сипалап, басын салбырап біраз отыр-ған соң, револьверіндегі жалғыз оқты шығарып жастығының арасына қойды да, сыртқа шықты. Жағалауға бара жатып, ен-ді қайтып ұйқысы келмейтінін, Фермангельдің түнін жалғыз кешетінін түсінді. Бойын билеген түсініксіз сезімнің түсінде-гі Ульяммен бір қатысы барын, онысы қорқыныш пен сағы-ныштың қайсысынан туғанын әзірге ажырата алмады. Капи-тан бұл жағалауда талай рет жүрсе де, дәл бүгінгідей мән бе-ріп қарамапты. Мұнартқан түн «мен сырыңды түсінемін» деп тіл қатқандай. Фермангельдің жан сырын ұғып, тілсіз сырла-судың амалын тапқанына іштей қуанды. Оң жағындағы жар-тасты, биік жағалаудан толқынның шуылы қаттырақ естіле-ді. Нағыз күрес сол маңда болып жатқандай. Екпінмен келіп тасқа соғылған толқындардың дыбысы түннің тыныштығын бұзып жатыр. Роузеннің құлағын елең еткізер қатты шыққан кез келген дыбыс өзіне назарын аудартып тұрады. Өзі тұрған құмды жағаның маңғаз тыныштығынан сытылып шығу үшін, қабақ жарға қарай беттеді. Өткен өмір тізбегінде құлағынан өтіп, жанына сіңген шуылдар ешқашан бойынан арылмайты-нын Роузен баяғыда-ақ түсінген. Тіпті солар арқылы өмірдің мәнін ұғынған. Өзіне керегін тапқанына қуанған ол жылдам басып, дабыра мекенге асығып бара жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойындар

Күн көкке бойлай көтерілгенімен, Брустондағыдай шақырайып, жұмысшылардың маңдайын қыздырмады. Өйт-кені төбелеріне түзілген Эльваның  селдір буы күннің өткір сәулесін төмен жібермей бойына сіңіріп тұр. Роузен қонақ үйден асығыс шығып орманға қарай беттегенде, артынан бір дауыс шақырды. Қолына сыпыртқысын ұстаған Хоссе апты-ғып капитанның қасына жетті.

– Басеке?

Басқа жұмысшылар секілді Роузен үшін де осы тұлға беймәлім еді. Өзіне «басекелеп» келген адамға онша іші жы-лымайтын. Хоссе демін басқан соң сөзін жалғастырды:

– Сізбен бір оңаша сөйлесетін уақытты таппай қойға-нымды қараңызшы. Қайда бара жатыр едіңіз?

– Не айтпақ едің?

– Мен негізі даяшымын. Харбер мырзаға қонақтар келгенше аула сыпырушы боламын деп едім. Бірақ құмды сыпыру бос әурешілік екен. Анау тақтай жолды қайта-қайта сыпырамын, қанша тазаласам да, құм қайта шашылып мазам-ды алғаны.

– Енді? Нақтырақ айтшы?

– Нақты болғанда, мен ерінбеймін ғой сыпыра беру-ден. Соны маған қосымша айлыққа жаздырып берсеңіз деп ойлап едім.

– Хоссе, мұндағы адамдармен жақын танысып па едің?

– Жоқ.

– Онда анау жағалауда жүрген қызды көрдің бе? Сол қыз – есепші. Ақша мәселесін сұрап ал, – деп, Кетринді мең-зеді.

– Ә, қайдан білейін. Мұнда бас болып жүрген өзіңіз болған соң, анығын біліп алайын дегенім ғой.

Роузен Хоссенің нені меңзегенін түсіне қойды. Соңғы сөздеріне жауап берер болса, «басеке» дегені «көкеге» ауы-сып кетерін білді де, үнсіз теріс бұрылып жүре берді.

Хоссе капитанның қарасы орман ішіне сіңіп жоғал-ғанша бақылап тұрды. Сол аралықта ойы өткелдің арғы бе-тінде қалған Харбер мырзамен сөйлескен сәтке жетіп үл-герген еді.

Харбер мырзаның капитан туралы айтқаны оның қа-зіргі қылығына тіптен сай келмегеніне таңғалды. Сапарға шығардан бір апта бұрын Харбер өзінің кеңсесіне Хоссені ар-найы шақыртып алған. Сонда даяшылыққа қабылдап оты-рып, Хоссенің ешкім бермейтін қырын дөп тапқан еді. Жаңа бастығы оның құжатын үстел бетіне қойып, кеңсе ішінде арлы-берлі үнсіз жүрді де, ойын айтты:

– Негізі, ол жақтағы қонақ үйдің дәрежесі өте биік бо-лады. Аса үлкен тұлғаларды күтеміз. Әр елдің шенділері ба-рады. Мәртебелі кісілерге өзің сияқты жасы келген азамат қызмет көрсетсе, ыңғайсыз болады ғой-ә? – деп, Хоссеге қа-рады да, дәл қарсы алдына келіп, – Бірақ... мейманхана бізді-кі болғандықтан, кім қызмет жасаса да, өзіміз білеміз, – деп, қарқылдай күлді.

Оның нақты неге күлгенін Хоссе түсінбесе де, қосы-лып селкілдеп күле берген.

– Саған маңызды жұмыс бар. Егер сенімді ақтасаң, өзіңе лайық қызметке қоямын. Қалай?

Бұл сөзден соң, Хоссе қызараңдап езуі екі жаққа кері-ліп, басын изей берді. Харбер құпия тапсырмасын оған бәсең әрі нақты үнмен тапсырғаннан кейін капитан туралы сөз етті:

– Роузен – әскери адам. Басқалар білмейтін қырыңды байқап қоюуы мүмкін. Соған жақын бол! Бірақ күмән туды-рып алма, мақсатыңды біліп қоймасын.

 Хоссе Харбер мырзаның ары қарай айтқан сөздерін де ойына орнықтырып алып, қазір оның сеніміне лайық болу-ға бар күшін салып тырысып жүр.

Сыпырғысын иығына сүйеп, үйге беттеді. Өзін жа-ғымпаз адамның кейіпіне енгізіп, айдаладағы айлық туралы сөз қылғаны капитанға өзі ойлағандай әсер еткеніне іштей қуанды. Келгеннен бері тілдесу айтарлықтай қиынға соғып еді. «Харбер айтқандай, капитан адам ойын оқып қоятын жан болса, кімнің бұғалтір екенін айтып ағынан жарылмас еді» деп түйді. Танауының түбінде ширатыла өскен мұрты жы-бырлап, көңіліндегі өзіне деген сенімділігі артып, сергек қи-мылмен өз бөлмесіне кірді. Шкафынан сырты былғары қо-йын дәптері мен қаламын алды да, төсегіне жайғасты. Дәп-тердің шұбатылған бауын түнде шимайлай байлағанына өзі-нің күлкісі келді. Ешбіреуінің сырын білмегендіктен, дәл осы дәптерді бөлмеге келіп, біреуі оқуы мүмкін деген күмәнмен шатыстырып тұрып байлап тастаған еді. Ішіне бірдеңе жаз-бастан бұрын терезеге қарап, жұрттың не бітіріп жүргенін бір бақыламашқы болды. Көзіне бірінші түскен Кетринге қарап, бағанағы ақша туралы сөзі ойына сап етіп түсті. «Шынымен аула сыпырушы болмағандықтан, неге қосымша жалақы жаз-дырып алмасқа?» деп ойлады. Бірақ бұлай істесе, Харбер мырзаның сеніміне нұқсан келуі мүмкін. Ондай көрсеқызар-лыққа Хоссенің дәті бармайтыны анық. Құпия жұмысы – Фермангельдегі қызметшілердің тірлігі жайында күнде жа-зып отыру. Кім не істеді, нені бүлдірді, нені жымқырды, бүге-шүгесіне дейін өзінің назарында болуы шарт. Харбердің бұндай әрекетті жасауға мәжбүр екенін бұл да жақсы түсіне-ді. Адам баласынан бәрін күтуге болатынын, көзінше былай деп, ертең теріс айналып кетуі әбден мүмкін екенін біледі. Сол үшін Харберге мұндағы-лардың оңды-солды әрекеттерін жазып, баяндап отыратын бір адамның керектігі белгілі. Са-пар бойына Хоссе осы шаруа не себепті дәл өзіне тапсырыл-ғанын түсіне алмай келді. Бір жағынан, бұл жұмыс нағыз сұ-мырай тірлік болып көрінгенімен, қарапайым адам атқара алатын іс емес. Айлакерлік қажет. Ішкі сырын жұрт байқай алмайтындай барынша құпия ұстау керек. Дәл сондай мінез-дің өзінен табылатынын Харбер мырзаның байқап қойғаны-на әлі күнге дейін қайран қалады. Яки құжатында таңбалан-ған бұрынғы жұмысы туралы бірер сөз әсер етті ме екен? Бая-ғыда жабылып қалған «Халық толқыны» газетінің баспасын-да мәтінді машинкаға теруші болып істегені туралы көрсетіл-ген еді. Мүмкін жазу, баяндау қолынан келгендіктен қабыл-даған болар. Әйтеуір сондай жан баласы ұғып білмес қырын көріп, бұл шаруаны өзіне жүктеген соң, Харбер мырзаға құр-меті тасып қоя берді. Төсегіне отырып, алғашқы бетке сия-сын тигізді. Бірақ қаламды қолға алысымен сиясы төгіле ке-тіп, жөнді жаза алмай отыр. «Қызметшілер» деп бастады да, кідіріп қалды. Өзіне қомақты ақша төлейтінін естіген соң, қуанып басын изей бергенде нақты не туралы жазатынын ой-ламапты. Әрбірінің не ішіп, не істегендерін жаза беру қисын-сыз көрінді. Әрі келгендері кеше ғана, әркім өз шаруасына енді кірісіп жатыр. «Қалай баяндасам екен?» деп ойланды. Баяғыда баспада жүргенде әртүрлі қол-жазбаларды теріп отырып, қателерін көрген кезде, «Адамдар не қылған сауат-сыз еді!» деп ашуланатын. Ал қазір өзі болған оқиғаны қалай жазып бастарын білмей отыр. Бұрын түн ортасына дейін қа-лып, ұзақ мақалаларды тергенде, «жағдайым түзелген соң, менде жазып көремін» деп ойлайтын. Енді нағыз жазуға мәж-бүр шақта, өзінен-өзі кібіртіктеп, іліп ала кететін сөз таппай отырғанына қысылып отыр. «Қолда тұрғанда машықтанбап-пыз ғой» деп күбірлеп отырып, «Қызметшілер аралға келген соң өз шаруаларымен айналысты. Әзірге ешкімнің күмәнді қылығы байқалмады» деп аяқтады да, өзі бір қайтара оқып шықты. Соңғы сөйлемін оқып, күлкісі келді. Бір сәтке өзін нағыз агент адамша сезінді. «Күмәнді» дегенім артық болды-ау деген оймен шимайламақшы болды да, қайта кідірді. «Егер бұл сөйлемді өшіріп тастасам, ешкімге жақсы назар ау-дармаған боп шығам. Одан да тұра берсін» деп, дәптерін жапты. Шұбатылған былғары бауына қарап «енді мықтылап байлауға болады» деп, қатты тартып ілмектеп байлады да, киімдерінің түпкі қуысына жасырып қойды. Басқаларға қара-ғанда өзінің негізгі шаруасын бітіріп тастаған адамша, көңіл-күйі көтеріле кетті. Терезе алдында тұрып таңғы астағы әңгі-мені есіне түсірді. Гариздің де, басқалардың да өзіне сонша қадала қарағаны құдды құпия жұмысын біліп қойғандай се-зілді. Өзінің ешкіммен тілдеспей бөлек жүргені өзгелерге кү-мәнді көрінетіні белгілі. Оның үстіне, көрші бөлмедегі Һанна да қайта-қайта келгіштеп, жағдайын сұрап жүргені ыңғай-сыздық тудырды. Олардың әңгімесіне арласқысы келсе де, қалай қосылып, не айтарын білмей қиналып қалады. Бәлкім, бес жыл бойы баспаның жертөлесінде отырып, тек жазу ма-шинасына телміргеннің әсері шығар. Баспада жүргенде бі-реумен тілдесуге уақыт табылмайтын. Тек редактор том-том қолжазбаларды алдына тастап, тезірек бітіруін талап етіп ке-тетіні болмаса, жан баласымен сөйлескен емес. Жұрт ұйық-тап жатқанда жұмысқа кетіп, күндіз бұл ұйықтап, әйтеуір, тілдесерге адам ұшырпаспайтын. Алғашқы жылдары жұмы-сынан шаршап, амалдың жоғынан сүйретіле барып жүргені-мен, кейін асығатын болды. Газетке хикаялар басылып шыға бастағанда, өзінің нағыз досын тапқандай қуанды. Адамды жылататын да, күлдіретін де әңгімелерді теріп отырып, қы-зыға оқитын. Кейде ұзақ хикаяттарды оқып бітіру үшін үйге де бармай қалатын. Сол жұмыстың арқасында саясаттан да хабардар болды. Үнсіз ойланып жүруге әбден үйреніп алған. Кейде тіпті, оқиғалар жанын ауыртқанда оңашада үнсіз жы-лап алып, жұмысын істей беретін. «Әттеген-айы» ішінде сон-ша дүние жатқанымен, оны басқа біреуге айта алмайды.  Со-ның зардабын қазір түсініп жатыр. Енді қалайда жұртпен сөйлесіп үйрену қажет. Әйтпесе бәрі өзінен теріс айналуы мүмкін. Екі ауыз сөйлемге кәдімгідей қуаты сарқылып қалды ма, әйтеуір, қарны ашқанын сезді. Ойын оқып қойғандай, дәл осы мезетте есігін қаққан Һанна:

– Түскі асқа жүріңіз, – деп жылы үнмен шақырды.

Хоссе екеуі ұзын дәлізбен қатар жүріп келе жатқаны-мен, бір-біріне жақ ашпады. Тек текпішектен түсе бергенде ғана Һанна сүйкімді дауыспен жымия тіл қатты:

– Анау Дастер деген бір құлақсыз бала екен. Жалаң аяқ жүріп, бүкіл құмды ішке тасиды.

– Енді... – деп тоқтап қалды да, сөзін әрі жалғастыра алмады. Негізі «Енді қайтесіз, жас бала ғой» деп айтқысы ке-ліп еді. Ол сөзін бастай бергенде, дәл қастарынан Дастер жү-гіріп өте шықты. Һанна да оның не айтпағын түсінген адамша жымиып қоя салды. Хоссе жолдан ас үйге кірді де, Һанна дә-ретханаға кетті.

Һанна – жасы отыздан асқан аласа бойлы әйел. Фермангельге келе салысымен қызу жұмысы басталып кет-кен біреу болса, ол осы – Һанна. Келген сәттен бастап, жыл-тыр еден мен тықыр кілемді сыпырумен әлек болды. Қайта Тоня оның әбігерін көріп, ыдыс-аяқтарды өзі жуып жүр. Әйт-песе арасында Хоссеге көңіл бөлмек түгілі, сөйлеуге де ша-масы келмей қалар еді. Аралға келгелі ашылып сөйлеспегені-мен, осы жігітті ерекше жақын тартып жүр. «Қалың қалай?» деген бір ауыз сөзге абдырап қалатын оның қылығы аңқау баладай сүйкімді көрінеді. Сондай сәтте оны одан әрі ұялтпас үшін, білдірмей ғана жымияды. Бәлкім, екеуі де көпшілікпен сіңісе бермейтін тұйық мінезді болғасын ба, сырласпаса да, араларында әлдебір жақындық-тың барына сенетіндей.

Һанна кейде үйге кіріп-шыққан барлық адамның со-ңынан қалатын құм үшін «былғадың, шаштың» деп Дастерге ғана ұрыса беретіндігі үшін ұялады. Өзінен жоғарғы қыз-метте жүргендерді аяқтарымен алыстырып, шаруаларынан бөгелтуді жөн көрмейді. Басқалар сынды, Харбер мырзамен жүздесіп, қолын алған жоқ. Оны Фермангельге қызметшілер-ді қабылдайтын комиссия мүшесінің  бірі қабылдады. Бірақ ол жұмыс іздеп жүріп, айдаладағы аралдан шығамын деп еш-қашан ойламапты. Қомақты жалақысы үшін ғана отбасын ар-ғы жағада қалдыруға тура келді. Алғашында келгеніне өкі-ніп, жанұясын сағынғанымен, бұл жақтың жайлылығы ойын сейілте бастады. Ыңғайы келсе, Харбер мырзамен келісіп, қызы мен күйеуін  де алдыртуды ойлап қойды. Жарымжан жолдасы мен жалғыз қызын бір-біріне тапсырып, кете беру оңайға соққан жоқ. Оларды қайта көрмей қаламын ба деген уайымнан жол бойы ешкіммен сөйлесуге шамасы келмеді. Отбасынан алыстап, жалғызсырап жүргенде, Хоссе мырза-мен көрші болғаны көңілін аулайтындай себепке айналып бара жатыр. Оның  күйеуіне ұқсас қылықтарын байқап, әңгі-мелескісі келіп жүр. Алайда өзімен-өзі абыржып жүрген ер-кектің әрекеті жақын күнде сырласа алмайтынын түсіндір-гендей.

Ол ас үйге соңғы болып кірді. Дастархан басында әдеттегідей Роузеннен басқаларының бәрі отыр. Тоня мен Дастер ыстық тағамдарын ұсынып жүр. Бәрі көңілді кейіппен ас ішуге қамдарын өздерінше жасауда. Дастер Роузеннің ор-нына қарап:

– Капитанға құяйын ба? – деді.

Әдеттегідей ішімдікке сылқия тойып алған Жаспер:

– Ол немене, бізді менсінбей жүр ме? – деп мұрны пы-шылдап, ащы тұздықты аямай қосып, сорпасын сораптап отыр. Оның бұл қылығынан жиіркенген Энибер қасық тәрел-кесін қолына алып, Жасперден алыс тұрған Роузенге тиесілі орындыққа жайғасты да:

– Ең болмаса тамақты дұрыстап ішсе қайтеді? – деп тыжырынды.

Бағанадан бері дастархан бетін толтырған түрлі же-містер мен жаңа піскен бәліштерге көз жүгіртіп отырған Хоссе ішкі ойымен әлекке түсті. «Қарапайым қызметшілерге бола аста-төк дастархан жайыла берген дұрыс па? Бұны жай қалдырмай, жазып қою керек» деп ойлап отыр.

Ас ішіліп болған соң, Дастер:

– Отыра тұрыңыздар, қазір келемін, – деп, өз бөл-месіне жүгіріп кетті. Көп бөгелмей, қара матамен оралған әл-дебір нәрсені көтеріп әкеліп, үстелдің үстіне қойды да:

– Қазір қызық болады, – деп, матаны ашып қалғанда, су толтырылған шыны ыдыстағы шабақ балықтар көзге түсті.

– Мұның несі қызық? – деп Гариз қолын бір сілтеп, есікке қарай беттей бергенде, Дастер тоқтатты:

– Бұл өткенде айтқан сиқырлы балықтың нағыз өзі! «Кім шыншыл?» деген ойынды білесіздер ғой?

– Иә, оның бұған не қатысы бар енді?

– Егер мына ыдысқа қолыңызды салып тұрып, өзіңіз туралы шындықты айтсаңыз, балықтар жанады. Ал жанбаса, сіз өтірік айтып тұрсыз деген сөз. 

– Менің шын-өтірігімді оларды қайдан біледі екен?

– Сонысымен сиқырлы. Келіңіз, сенбесеңіз.

Бір сәтке абдырап қалған Гариз қайтерін білмей тұр-ғанда, Мейрон Дастердің қасына келді де, ыдысқа қолын салды:

– Өзім соғысқа қатыспасам да, әкем майданда ерлік көрсетіп, қаһарман атанған. Әскерде болмағаным масқара-лық болса да, балықтардың жанғанын көру үшін шын-дығымды жасырмай айтып тұрмын, – деп ыдысқа көз сүзді. Балықтардың қабыршығы болар-болмас жылтылдап сөнді. Сонда ғана көпшіліктің көздерінде таңғалыстың шырайы анық байқалды.

Кетуге ыңғай танытқан Гариз де үстел басына қайта жайғасты.

– Енді ойнайық. Кім өтірік айтса, біздің шартымызды орындайды, – деп ыдысты ортаға жылжытты.

– Олардың тек шындыққа қана жанатынына күмәнім бар. Қазір Энибер сөйлегенде, оның сұлулығына бола жар-қырап кетсе ше? – деп Буба кекете күлді.

– Балықтарды алдай алмаймыз, меніңше! Көрейік, со-нымен келесі кім?

Бір-біріне сыры бөтен жандардың ойынға қосыла ке-тетінін Дастер білген болатын. Өйткені талай дастархан ба-сындағы әңгімелердің бір ұшы сыр шертісуге дейін жетіп қа-латын еді. Гариз жайланып отырып, әңгімесін бастады:

– Бір-бірімізді толық танымаймыз. Ақыры мына ба-ланың ойыны себепші болған екен, сөйлесіп көрейік. Бәріміз алты айдай осында боламыз ғой, ойнағанда тұрған не бар екен? – деп, ыдысқа қолын салды.

Өз еркімен ойынды бастап бергеніне қуанған Дастер бәріне қызық болсын деген оймен:

 – Өзіңізден ұялған сәтіңізді айтыңызшы бірінші, – де-ді.

– Соңғы кездері жаныма маза бермей жүрген қылы-ғымды айтайын. Ішпеймін деп жүріп, Бубаның сырахана-сының маңына жиі барғыштап кеткеніме ұяламын.

Оның сөзі аяқтала салысымен қасындағылардың бәрі назарларын балыққа аударды. Алайда ешқандай сәуленің нышаны білінбеді.

– Шал-ау, шарапты ішкенің емес, өтірігің шығып қал-ғаны ұят болды ғой, – деді Буба әдетінше қылжақтап.

Ду ете күлген ортадан ыңғайсызданған Гариз ақтала жөнелді:

– Меніңше, мына балықтарың қырсық. Әйтпесе шы-нын шындай етіп айттым ғой!

– Әй, сенің сырың белгілі болып қалды, – деп Буба қо-лын ыдысқа салып, ойынды жалғастыруға ниетті екенін біл-дірді. Дастер қандай сұрақ қоярын білмей тұрғанда, Кетрин орнынан тұрып:

– Бұл жолы мен сұрайыншы, – деп, Дастерге өтіне қарады.

– Осы қыздың менен ала алмаған өші бар секілді. Қай-да жүрсем де, ұрына бергенің не?

– Аға, ондай ойым жоқ, шынымды айтайын. Айты-ңызшы, бала кезіңізден осындай қыңыр мінездісіз бе?

Кетриннің сұрақ қойғанын жақтырмай тұрған Буба қызараңдап сала берді:

– Қызым-ай, не айтайын? Саған ұрсып сөйлегеніммен, менің жүрегім жұмсақ. Өмір ғой мені осындай қатігез адамға айналдырған. Сырттан қарағанда, барда тұру оңай көрінеді сендерге. Бұрын мен кез келген тұтынушымның мылжың әң-гімелерін жүрекпен тыңдайтынмын. Тіпті олармен қосылып жылап алатынмын. Сөйтіп жүріп, солардың жырын тыңдау-дан әбден мезі болдым. Ойлап қарасам, кім көрінгеннің мің-гірлегенін тыңдай беруден асқан қорлық жоқ екен, ақыр со-ңы сондай мас болса, көп сөйлеп кететіндерге келмеңдер деп айқайлайтын болдым. Әрқайсысымен бір қырқысып жүріп, мінезімнің осындай қатты қыры пайда болды, – деп Кетринге мейірімге толы көздерімен қарап тұрып жауап берді.

Ыдыстағы балықтардың бәрі жарқырап, оның қолын шыр айнала жүзеді. Жұрттың бәрі балықтың сиқырына енді сенгендей, көздері жайнап қызыққандары білінеді. Бубаның көңілі босап, әрі қарай сырын айтса көзінің жасын ұстай ал-май қалатынын сезіп, келесі ойыншыға кезек берді. Аралға келгелі ешкіммен сыр тарқатып сөйлесе алмаған Тоня ойын-ды жалғастырды. Ыдысқа қолын салғаннан кейін саусақ ара-ларынан өтіп жүзген шабақтарға қарап, күрсініп алды.

– Харбер мырза осында болмаса да, оған сыртынан ал-ғыс айтқым келеді. Осында келмей тұрып, мұндай ғажап ме-кенді көзбен көрмек түгілі, елестете де алмайтын едім. Сол кісінің арқасында, міне, сұлулықты сезініп, көріп тұрмын. Шіркін, мұндай балықтар Кэмпидондағы үй маңынан ағатын өзеннің жанында болғанда ғой... Талай сенімге қолы жетпе-ген шындықтарым қалып еді, – деп көңілі босап, төмен қара-ды.

Оның қолы ұзақ тұрған сайын әрбір балықтың жары-ғы күшейіп бара жатқандай әсер қалдырды. Тоняның сөзінен кейін көздері балыққа телміргендердің бір сәттік тынышты-ғын, ойын баласы Дастердің сөзі бұзды:

– Айттым ғой! Енді көздеріңіз жетті ме? – деп, ба-лықтарына шаттана қарады.

Тоня орнына жайғасып үлгергенше, ыдыстың жарығы да сөнді. Әрбірінің қимылын аңдып үнсіз тұрған Хоссенің ішін бір жайсыздық биледі. Бір сәтке өзін осындағы жандар-дан бөлек сезінді. Әркім өз еркімен ойынға шыққан сайын, әлденеге қобалжып, абыржыды. Шыныдағы балықтар дәл өзінің кезегін асыға күтетіндей, оның құпия жұмысын әшке-релегілері келетіндей суық көрінеді. «Енді кім?» деген сұрақ-тан барынша қашқақтағысы келді. Ойын кезегі Һаннаға жет-кенде, ішкі арпалысынан бір сәтке құтылғандай болды. Өзі ұяң Һаннаға әріптестерінің ішінен Энибер сұрақ қойды.

– Харбер мырза дәретхана жуушыны да өзі таңдады ма? 

Кемсіту мәніндегі кекесін сұраққа қалай жауап бере-рін білмей қалды. Алайда Энибердің оны кемсітемін деген ниеті болған жоқ-ты. Қызметшілер Һаннаның үнсіздігіне іш-тей қосылып, көздерімен Энибердің орынсыз сұрағына рен-жігендерін сездіруге тырысып бақты.

– Харбер мырзаның таңдауына түсу үшін әлдебір та-ланттың иесі болу керек шығар. Алайда мен осы аралдың жолдамасын ұтып алған жалғыз адамдай сезінемін. Бәлкім, бәріңіз оны көрген шығарсыздар. Ал мен кім екенін де біл-меймін. Ешқандай жауапкершілікке уәде бермей жүргеннің өзі бір бақыт. Қарапайым еден жуушы болсам да, мұндай ба-қытты сезіну үшін маған қызым мен науқас күйеуімді тастап кетуге тура келді. Ол жақтағы мен осындағы дәретхананың ешқандай айырмашылығы жоқ. Бірақ мұнда әрбір ісімді ұқыпты істеуге тура келеді. Өйткені өз отбасымды осында алдыруды сұрау үшін, тазалықтың патшайымы екенімді Харбер мырзаларыңызға дәлелдеуім керек. Міне, мені жігер-лендіретін жалғыз мақсат – осы.

Һаннаның жауабы жарқырай жанған балықтармен қо-са, осындағы әрбір қызметшіні таңғалдырды. Ешкім дәл мұн-дай жауап аламыз деп күтпеді. Эниберді ала көзбен атып өтіп, Һанна орнына жайғасты. Жаспер үстелден басын көте-ріп:

– Суға қолымды батырсам, балықтарың уланып өліп қалатын шығар, – деп ыржыңдай күлді. Үнемі оның сөзін аң-дып отыратын Буба:

– Дұрыс айтасың, орныңнан тұрып әуре болмай-ақ қой, балықтардың обалына қалып жүрерсің, – деді.

Ал Гариз барлығын бақылап отырып, Дастерге:

– Балам, сендік айтқаныңа. Өзің қолыңды салшы, бір нәрсе сұрағым келіп отыр, – деп ұсыныс тастады.

Дастер ыдысқа қолын салып, жауап беруге дайын еке-нін білдірді.

– Шыныңды айтшы, бұлардың қандай сиқыры бар?

– Сіз әлі бағанағы өтірігіңізге ыңғайсызданып отыр-сыз ба? Сәтсіздік кімде болмайды? Тағы бір байқап көрсеңіз болады.

– Жоқ, несіне ұяламын. Бастысы, өзімнің шындығым ғой. Сен одан да жауап берші.

– Негізі мұның ешқандай сиқыры жоқ. Сырын ашатын болсам, ойлап тапқан ойынымның мәнісі жоғалмай ма? Одан да бұлардың сиқырына сеніп, осы аралдан кеткенше ойнап өтейік, – деп, ыдысқа өзі де телмірді. Шабақтар жылтылдап жана кетті.

Олар түн ортасына дейін ойынды жалғастырды. Әр түрлі қызықты әңгімелерге шаттанып күліп, кейде бір-бірінің сырын естігенде қобалжып, бірге уайымдап та алды. Әр түні осылай балықты ортаға алып ойнауға келісіп тарқасты.

Қызметшілер үшін уақыттың қалай жылдам өтіп жат-қаны түсініксіз. Фермангельдің тау-тасына да, құмына да таңғалып бітті. Әркім өзінің ісіне жауаптылығын ұмытқан жоқ. Мейрон шарап бөшкелерін толтырып үлгерді. Алғаш құйған бөшкелерінің мерзімі жетіп, ішуге де даяр болып қал-ды. Ол соңғы үш күнін Фермангельді аралаумен өткізді. Тіпті Хоссенің өзі де, күнделігінің біраз бетін толтырып тастаған. Дәптерде ең көп жазылған есім – Жаспер. Шарапты бейбере-кет ішкені, асханада шу шығарып, стақандарды сындырғаны, тіпті жатын бөлмесіндегі көрпесін қанша рет құсып-былғағанына дейін қалдырмай, түртіп қойған. Ол Энибер мен Роузен туралы және Кетрин мен Мейрон жайында еште-ңе жазбады. Талай рет жазуға оқталғанымен, олардың бір-біріне деген жақындығын баяндау ұятты тірлік деп ұқты.  Бәлкім, Роузеннен қаймыққан да болар. Хоссе соңғы кезде алғашқыдай қысылып, қызараңдамайды. Һаннамен әзілдесіп, ұзақ уақыт шүйіркелесіп жүр. Екеуі жағалауда отырып әңгі-мелесетінді шығарды. Бәрі дерлік бір-біріне бауыр басып қалды. Күнде кешкі астан соң, асханада түннің ортасына дейін сөйлеседі. Тек Роузен ғана сол қалпында қалған сыңай-лы. Арасында Гаризбен, өткен-кеткенді айтатындары болма-са, қатал мінезі жұмсара қойған жоқ. Бардың маңайынан алыс кетпейтін Бубаның өз ісінен іші пыспайды. Керісінше барлық стақандарды тәптіштеп сүртуге уақыт табылғанына қуанып жүр. Күн шыға салысымен алжапқышын беліне қыс-тырып, өз орнына тамсана бір қарап алатын әдеті бар. Кеше түнде бүкіл ішімдік атаулыны сөрелерге есептегендей дәл қойып кеткен еді. Бүгін сонау есік іргесінен сол реттіліктен өзгерісті байқап қойды. Бір бөтелкенің кішкене жылжыға-нын көріп қойған қырағылығына өзінше мақтанып қалды. «Қарғыс атқыр, Жаспер!» деп бір сыбап алды да, бөтелкені бұрынғы орнына сырғытты. Бірақ бұл қабілеті Кэмпидонда-ғы жұмысында өзіне таяқ болып тие беретін. Әркімнің стақа-нын аңдып, босай қалса жуып тастай беретіні үшін талай соқ-қының астында қалды. Ал мұнда келгелі бөтен ешкім жоқ. Күнде көретіні Дастер, Тоня, Ханна және Хоссе ғана. Олар өз шаруаларымен жүргені болмаса, Бубадан ештеңе де сұра-майды. Жұмысының берекесін кетіре беретін Жасперге ашу-ланғанда, құдайынан сыйлы қонақ бере гөр деп тілейтін. Соңғы кезде тілегі қабыл болғандай Гариз де ішімдікке құ-мартып, өз сыйымен қайтатын құрметті тұтынушысына ай-налды. Осы қонағынан айырылғысы келмегендіктен, ол кір-генде қуана күтіп алып, қызмет қылып асты-үсіне түсетін. Алайда қуанышы көпке созылмай, Гариз ішімдікті қойып кетті.

Екі күннен бері таң шапағы қылаңдағанда, бозарған таңмен таласып оянатын екі адам пайда болды. Олар тіпті Роузеннен бұрын тұрып алады. Өйткені таңның дайындаған сыйын көре білген жандар еді. Оның бірі – қызық қуған Дастер, екіншісі – аралға етене сіңісіп келе жатқан Кетрин. Екеуі таңертең ұшырасса да, бір-бірінен ештеңе сұрамайды. Өйткені таңнан сезіне алатын әлдебір құпияның өздеріне тиесілі бөлшегі бар екенін іштей сезетін. Бүгін де бұрынғы әдетінше Дастер жылдам басып, орманға жөнелді. Кетрин жеңіл киініп алып, жағалауға тартты. Шексіз мұхиттың арғы бетінен есетін салқын ауа денесін мұздатып барады. Толқын-ды жағалаудың құмына жеткенде көзін жұмып, терең тыныс-тап алды. Тәнін суыққа қақтаған сайын жанары теңіз түсте-ніп өзгеріп келеді. Жүзіндегі шаттықтан туған әлсіз қуаныш көгілдір көзі мен нәзік желпінген шаштарына сұлулықтықты аямай баттастырып, ажарының әдемілігін әшкерелеп бара жатқандай көрінеді. Әппақ иығына амалсыз ілінген көк хала-ты тәнінің сұлулығын толқындарға жария етуге асығып, су-сылдап, әрең ілініп келеді. Кетрин жартасты жағалаудың биі-гіне жетіп тоқтады. Оның аққұба тәнін құшақтауға асыққан-дай, толқындар жарыса келіп жартасқа соғылады. Үстіне ілінген халатын иығынан түсіріп жіберді. Терең  тыныстап, төменге бір қарап алды да, аласұрған толқын арасына сүңгіп кетті. Лезде күмп беріп, жұтылып кеткен қызды шайқалған су қойнына жасырғандай болды. Кетрин тұңғиыққа сүңгіп барады. Оның денесін аймалаған су артынан із болып қала берді. Кетрин балықша бұлтаңдап жүзіп, салқын судың жы-лы ағысына жете салып, денесін бір сәтке бос қоя салды. Өмірде жалаңаш тәніне ешкімнің қолын тигізбеген  ол жылы ағыстың өзін аймалағанына сүйсінеді. Су астындағы жылы ағыс иіріміне салып, еркінсіп еркелеген қызды барынша ра-хатқа бөлейді. Демі таусылар сәтте ғана, Кетрин жоғарыға қарай жүзіп, қимай аққан судың құшағынан сытылып, жар-тасты жағалауға бір-ақ шықты. Оны құшып үлгермеген тол-қындар жағалауға бастарын соғып, тағы келуін сұрап, буыр-қанып қала берді. Шашына жармасып бірге шыққан су там-шыларын сығып, тәнін аралдан жасыру үшін үстіне халатын орап алып, үйге қайтты.

Дастер баяғы орман ішіндегі белгісіз жануардың со-ңына түспекке бекінген еді. Бірнеше рет шарлап шықса да, құстардан басқа ешқандай тіршілік иесін кезіктіре алмады. Өзеннің сиқырлы балықтарына құмартқаны секілді, ішінде әлдебір белгісіз сезім өзінің сол жануармен байланысы бар-дай күйге түсірген. Оның жыртқыш еместігіне нақты сенімді. Өйткені алғаш осы орманға кіріп жатқан кезінде де, тіпті өт-кен жолы Мейрон екеуі қашқан сәтте де, бұлардың артынан қуған жоқ. Сыры жұмбақ мекеннің жануарынан да әлдебір жақындықты сезінгенін өзі түсінбегендіктен, сол күйінің ше-шімін табуға көптен бері бекінген. Алайда түс ауғанша қан-ша шарласа да, ештеңені кезіктірмеді. Үнемі орманнан шық-қан сайын, жануарды көретініне сенімді болып қайтатын.

Көбінің ісі күнделікті қайталана беретін әрекет: қонақ үй алдын сыпыру, ішін тазалау, диірменді тексеру, жеміс те-ру. Ал Гариздің ісінде бір мән бар. Бүгін таңғы астан бұрын жұмысына кірісті. Бөлмесінде отыр. Радио-қабылдағыш жә-шікті күнде шұқылайды келіп. Арасында быж еткен дыбыс шығып қалса, баладай қуанып кетеді. Күн өткен сайын сол быжылдақ дыбыс бірдеңе деп жатқандай түсінікті болып ке-леді әйтеуір. Гариз радионың ішіндегі схеманың сигнал қа-былдағыш диотын үлкейтті. Қазір ғана біткен шаруасын ал-дымен өзі нақты тексеріп алу үшін, бөлмесінің есігін бекітіп алды. Әйтпесе Жаспер рұқсатсыз бөлмесіне кіріп алып, маза-сын ала береді. Ол келсе, шаруа бүгін аяқталмайды. Одан бө-лек төрт рет масқарасы шықты. Быжылдатып алып, далаға көтере жүгіргенде, табалдырыққа шалынып құлады. Енді бірде бәрін қасына үйіріп алып, «тыңдаңдар» деп радионың жағымсыз дыбысына құлақ түргізіп, боқтау естіді. Бірақ Гариз оларды жинамас бұрын, расында да Кэмпидоннан ба, басқа қаладан ба, әйтеуір, бір адам дауысын шалып қалған-ды. Жұрт қанша сандыраққа баласа да, өзінің естігеніне се-німді. Өйткені жасы елуден асса да, құлағы пен көзіне қарт-тықтың таңбасы түсе қоймағанын біледі. Содан бері Харбер-ден хабар алатын күн алыс емес деп топшылайды өзі.

Есік тоқылдады. Тағы да келіп тұрған Жаспер екен деп ойлап:

– Бүгін сені тыңдайтын шамам жоқ! – деп айғайлады.

– Жасперің саған келмек түгілі, орнынан тұруға шама-сы жоқ, – деп Мейрон Гариздың ішкі ойын түсінген адамдай жауап берді.

– Тіпті жақсы! Соның бөлмесін бардың алдына салып беруге қарсы емеспін. Әйтпесе менің бөлмемді үнемі шарап-ханамен шатастырады.

– Есік сыртында сөйлесе береміз бе? – Мейрон көп кү-тіп қалғанын аңғартты.

– А, ойбай, мен ана бәле кірмесін деп....

Гариздің таңнан бері орнынан тұрғаны осы. Белі құ-рысып қалған екен. Лупаға үңіліп отырам деп, сіңірі сығын-далып қалғанын қазір байқады. Бүкірейген күйі барып есікті ашты. Мейрон мүңкіген иістен мұрнын жауып:

– Тоқтан торт пісіріп жатсың ба, бұрқыратып жіберіп-сің ғой.

– Иә, пісуге аз қалды. Тіпті Харбер мырзаның өзі түскі асқа тост айтуы мүмкін.

Мейрон күйік иісінен тұншығып тұр. Оның үстіне, Гариз терезенің бәрін тас бекітіп алған. Ол мұрнын жауып те-резені ашпаққа ұмтылды.

– Ойбай, тиіспе! Мына мысты жабыстырып біткенше солай тұруы керек.

– Өзің әрең жүргенде танауың ісіп өліп қалма...

Орындығына отырып, жұмысына кіріскен Гариздің желкесінен байқатпай, жасап отырған құрылғысына жақсы-лап көз жүгіртіп алды.

– Сонда байланысқа шығарасың ба бізді?

– Иә, ешкімге айтпай қоя тұр, жаңа жерден жаңалық ашып, бәрін таңғалдырайын.

– Сәтті болсын. Мен де жұртпен бірге таңғалайын он-да.

Гариздің жұмысына шындап кіріскеніне енді көзі жет-кен Мейрон асықпай басып, сыртқа шықты. Бағана Харбер-дің атын естіп қалғанда, ішіне салқын жел үрлегендей, бойы суып кетті. Ой өткен күндердің тізбегін бойлай өтіп, дәл келі-сім жасасқан кезге жетті. Сол кездегі өзінің қателікке бой берген әрекетін есіне түсіре бергенде, басына доп тиді. Бо-йын түзеп үлгергенше, допты қайтадан теуіп әкетіп бара жат-қан Дастер:

– Мейрон, бос тұрсың ғой. Кеттік, – деп ойынға ша-қырды.

Мейрон қонақ үй төбесіндегі антеннаға бір қарады да, Дастердің соңынан ілесті.

Жағалауға біршама қызметшілер жиналып қалыпты. Күнде суға түсер алдында құм добын ойнауды әдетке айнал-дырған олар Мейронның ойынға қосылғанына қуанышты екенін жасырмады. Бәрі Дастер мен Мейронның тобы болып екіге бөлініп, ойынды бастады. Дастер екі аяқтың арасында допты шеберлікпен дөңгелетеді. Оның жүгірісіне жағалау-дың күміс шаңының арасына кірмей, қақпада тұрған Мейрон да, ілесе қуған ойыншылар да қызыға қарайды. Қақпашының күткен добы топты жарып өтіп, өзіне қарай ұшып келеді. Мейрон ширақ қимылдап, ұшып келген допты бар күшімен кері теуіп кеп қалды. Доп ойын алаңынан асып өтіп, көкпен судырап, өзі көздеген қонақ үй үстіндегі антенаны қиратып түсірді. Тұғырынан тайып кеткен антенна алдымен шатырға, одан соң құмға құлады. Ойыншылар не істерін білмей абды-рап тұрып қалды. Мейрон көздегеніне дөп тиген соң, киімін қолына алып, ойын алаңынан үнсіз кете берді. Қонақ үйдің қасына келіп, допты алаңға қарай теуіп жіберді.

Сырттағы қызған күннің астындағы қызу тіршілікке Буба бір қызыққан емес. Әдеттегідей өзінің стақандарын ыс-қылап сүртіп тұрғанда, Гариз бүкірейген күйі бардың алдына келіп, сылқ етіп отыра кетті.

– Құй тез.

Үнемі кешке ғана келетін Гариздың мезгілсіз кір-геніне Буба аздап таң қалды. Бірақ жылдам қозғалып, әдет-тегідей тұз қосылатын ішімдікті алдына қойды.

Алайда әлденеге күйінген Гариз бұл жолы ішімдікті тұзсыз-ақ сіміріп алды да, ашулана сөйлейді:

– Түк келмейді қолымнан! 

– Сол аяғыңнан тұрғаннан саумысың? – Буба таңғала тіл қатты.

Оның сөзін елемеген Гариз:          

– Мынаны айтшы. Мұнда келгеніңе қуаныштысың ба? – деп сұрады.

– Әрине, жұмыс орным тап-таза, беделді адамдарға қызмет көрсететін боламын...

– Бірақ саған байланыс маңызды емес еді ғой, – деп Гариз жауабына қанағаттанбай, ренжи сөйледі.

– Не болды? Құрылғың істемеді ме?

– Түкке тұрғысыз дүние екен, босқа басымды қаты-рып жүрмін.

Буба мән-жайды толық түсінгісі келіп:

– Не болғанын айтшы енді, күңкілдей бермей! – деді.

– Осыдан байланыс орнатылмаса, маған арнап көр қа-зуға дайындала бер! – Гариз құйылған шарапты қағып алды да, сыртқы есікті тарс еткізіп шығып кетті.

Буба оның ашуын түсінді ме, жоқ па, әйтеуір өз қыз-метінен жаңылмай, босаған рөмкені жақсылап сүртуге кіріс-ті.

Жерде жатқан сынық антеннаны алып, кімнен көрерін білмей, басын қасып тұрған Гаризге қарап, Мейрон күліп жа-тыр. Ағаш көлеңкесіне жайғасып алған оның жанына Кетрин келді.

– Неге Гариз мырзаны әлекке салып қойдың? – деп қа-сына отырды.

– Меніңше, ешқандай байланыс болмағаны жақсы.

– Қонақ күткенді ұнатпайсың ба?

 – Бұл аралдың құны ешкімнің Фермангель жайында білмегені үшін жоғары. Аңыздағы арал болып қала бергені жақсы. Ертең байланыс орнатылса, әркім өз туыстарымен сөйлесіп, арал тіршілігі жайында айтатын болады. Олар есті-ген соң, басқаларға жаяды. Сөйтеді де, арал жайындаы аңыз түкке тұрғысыз болып шығады. Ешкім біздің не істеп, қалай өмір сүріп жатқанымыз жайында хабар-ошарсыз болса, қы-зық емес пе? Харбердің қонақтары келген соң ғана, таң қал-сын одан да.

– Аралмен бірге аңыз кейіпкері болғың кеп жүр екен ғой...

– Иә, мен бала кезімнен ел аузындағы тұлға болғым келетін, – деп Кетринге қосыла күлді. Қасына жайғасқан қыз-дың риясыз күлкі үйірілген жүзіне қарап, жүрек түкпірінде сезім оянғанын сезгендей болды.

Екеуінің ортақ күлкілері енді үйлесім таба бастағанда, Роузен келіп Мейронды өз шаруасына жұмсады. Әңгіме үзі-ліп қалса да, қоймаға кетіп бара жатқан оның ойы Кетринге байланып, әлі де соның қасында бірге күліп отырғандай жы-лы сезімді арқалап бара жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақтаныш

Бүгінгі күннің түндігі көңілді сипат алып түрілді. Бәл-кім, өте шыққан бір аптада қызметшілердің өзге мекенге сіңі-се бастағанынан болар. Таң атысымен жағалауда жүрген Дастердің қуанышты жүзі бұл таңның қызыққа толы сәттерді арқалай атқанын хабардар еткендей. Ол жағаның тереңіне тарта жүзіп, бірде күмп беріп түбін сипаса, енді бірде алыс-тан келген су бетіндегі толқынды кеудесімен тосып алады. Оның бойы сергіп, көңілі көтеріле түсті. Терең жерде тербе-ліп аз тұрған соң, тұмсығын суға батырып алып, екі қолымен жылдам есіп, жағаға тартты. Жүзудің хас шебері екенін мо-йындаған мұхит суы оның бойынан сусып, жағаға шығарып салды. «Енді мені жеңіп көр» дегендей майда құмдар аяғына жабысып алды. Дастер көк айдыннан сәл ғана көтеріліп, арғы беттен сығалап тұрған күнге көз тастады. Салқын ауаны үр-леген нәзік жел білек түктерін жанай өтіп, бойын тітіркендір-ген соң, жылдам басып қонақ үйге тартты. Үйдің алдынағы тегіс тастардың үстіне бір уыс құм түссе де, көзге оғаш көрі-ніп қалады. Һанна мен Хоссені ойбайлатпайын деп, төсенді тастың маңындағы су кранына аяғын шайып алды да, ішке кірді. Дастер орманды аралайын деген оймен ерте тұрып ал-ған еді. Таба алмай жүрген белгісіз жануарға ерекше ынтығы ауды. Бөлмесіне көтеріліп киімін ауыстырып шыққан соң, ас үйге кіріп, бүгінгі күнге жазылған мәзірді оқыды. Әншейінде рецептті көрген кезде қандай тағам шығатынын ойлап, бір-шама уақытын өлтіріп алатын. Бұл жолы нұсқаулықты көре сала, ойланбастан іске кірісіп кетті. Керек көкөністерді жыл-дам аршып, турап, дайындай қойды. Ол жұмыртқаны қайна-туға дайындап жатқанда, Жаспер кіріп келді. Дастер ұйқысы қанбай ас үйге кіргенінен су іздеп жүргенін түсініп, стақанға құйып берді. Суды сіміріп алды да:

– Жейтін нең бар? Қарным ашып барады, – деді.

Дастер қызыл уылдырықты бір тілім нанның бетіне жағып жіберіп, ұсынды да, ас үйден асығып шығып бара жа-тыр еді, Жаспер күңк ете қалды.

– Ыдыс-аяққа тым қызыға берме. Сол түбіңе жетеді.

– Иә, иә, – оның сөзіне Дастер мән берген жоқ. Көп сөйлеп жолын бөгемесі үшін, айтқандарына келісе беруді ой-лады.

 – Асығып барам, – деп бөлмеден шығып кетті.

«Ішкеннен басқа не біледі екен осы кісі?» деген оймен шектеліп, Жасперді мүлдем ұмытты да, орманға қарай жүгіре жөнелді.

Кетрин таңғы астан соң бөлмесіне келіп, терезеден шексіз мұхитқа көз тастап ойға шомды. Күннің сәулесі жүзі-не сіңген сайын, қас-кірпіктері мен көзінің тұнық қарашығын да, самайында тербелген майда балапан шаш-тарын да өр-нектеп, қайта кескіндегендей сұлу рең сыйлайды. Сүйрік сау-сағын астыңғы ерніне тигізіп, сәл батыра төмен тартқанда ар жағында жасырынған маржан тістері көрінеді. Кетрин бой жеткелі жасайтын әдеті осы. Әлденеге қайғырғанда немесе қуанғанда, осылай бармағымен астынғы ернін сипап отыра-ды. Он жеті жасында ғашық болғанда ішкі демнің өзгеше ле-бін осы бармағымен сезінген. Бүгін де дәл сондай бір толқу-дың бар екенін осы қылығы дәлелдегендей. Ол орнынан тұр-ғанда еденге көлеңкесі қиылып түсті. Көлеңке бейненің ба-сынан дөңес бөксесіне дейін қиыла сызып, түзу аяқтарына созылып бітеді. Терезе алдынан кетіп, айнаға көзі түскенде еріксіз жымиды. Тап-таза аққұба жүзінде ұялғанда көрінетін қызыл рең байқалады. Қолға ұсталмайтын сусылдақ шаштың кекіл тұсы маңдайына сырғанай беріп, қастың төңірегінде жиі тербетіледі.

Фермангельдің тыныштығы бәрінен бұрын осы Кетринге қатты ұнаған. Бұрынғыдай ешкім мазасын алмай-ды, жұмыс режимін бұзып аламын деп уайымдамайды да. Осындай керемет жерге жеткізгеніне Харбер мырзаның се-бепші болғанын ойласа, ол кісіні көре салып құшақтап алғы-сы келеді. Әлемнің қанша жерінде болғанымен, мұндай ма-мыражай күйді сезініп көрмеген. Оның үстіне аралда әлі та-машалап үлгермеген жерлері жетерлік. Ол шашын жинап, бейне бір спортпен шұғылдануға дайындалған адамша киініп сыртқа шықты. Оның бір жаққа бара жатқанын көрген Мейрон дереу қасына келді де:

– Қайда бет алдың? – деп сұрады.

– Серуендеуге кетіп барамын.

– Келгелі бері орманға бармадың ғой. Менімен жүр.

Кетрин оның себетіне қарап:

– Шарап дайындауға ма – деп мырс етті.

– Иә, есесіне бой жазып қайтасың!

Мейрон жол бастап, екеуі орман ішіндегі жертөлеге жеткенде:

– Осында тұра тұр. Іштегі шараптың иісіне тұншығып қалуың мүмкін. Мен қазір шығамын, – деді де, жертөлеге тү-сіп кетті.

Кетринге оның салмақты мінезі ұнаған еді. Орынды сөйлеуі, өзін-өзі ұстауы ешқандай жасандылықтың нышанын көрсетпеген соң, ол туралы ешқандай жаман ойға қалмады. Әйтпесе бұрын жігіт атаулысы өзіне сөйлесе, жауап қайтар-мас бұрын, санасында сараптап, іштей не істеу керектігін ше-шіп алатын. Бірақ бұл маңға келгелі ондай әдетінен арыла бастағанын сезді.  Мейронның жолдағы өзінен көз алмай қа-раған сәті, ас үйде қасына жақын отырып, әр сөзін қолдап-қолпаштайтыны есіне түскенде еріксіз жымиды. Сана түбін-дегі ол жайлы ойлардың «қақпағын» жауып үлгергенше, ашық қалған жер есіктен қылқиып Мейрон шығып келе жат-ты. Әлгінде ғана салмақты деп ойлап тұрған жігіттің көзі ала-қандай боп, аңқау балаға ұқсап кеткені күлкісін келтірді. Алып шыққан қолғабының бірін Кетринге берді де, екеуі ор-манға қарай беттеді.

Мейрон үнсіз жүргенді құп көрмей:

– Бүгін ерекше киініп алыпсың ғой, – деді.

– Серуенге осы ыңғайлы деп ойладым.

– Мен мұнда амал жоқтықтан келгендіктен, көп киім-кешек әкелмеп едім. Кейде жертөледе ұзақ отырып шыққан кездері, үстімдегі кигендерімді тастауға мәжбүр боламын.

– Аз күнде жалаңаш қалатын түрім бар, – деп қыл-жақтай күлді.

– Неге тастайсың? Жууға келмей ме?

– Ашытқыға сақтаған жемістің иісінен тастап қана құ-тыласың.

Иіс жайлы айтқанда Кетрин, Жасперді ойлады.

– Жаспер мырзаның сонша ішетініне қынжыламын. Бәлкім, сол жағымсыз иісті иіскетсе, жиіркеніштен шарапты қойып кететін шығар,  – деп Мейронға үмітпен көз салды.

– Оны шараптан тыю өмірінің мәнін тартып алғанмен бірдей болуы мүмкін. Одан басқа дымы да қалған жоқ.

– Мүмкін... Осы сол кісінің Харбер мырзамен қандай байланысы бар?

– Ең жақын досы болған. Әйелі қайтыс болғаннан бері осылай сүреңсіз өмір сүріп жүр.

Жаспердің тағдыры жайлы қозғалған әңгіменің ауыр күйін үнсіз қабылдап, екеуі орман арасына кірді. Мейрон қыздың көңіл-күйі түсіп кеткенін байқап, әңгіме ауанын бас-қа арнаға бұрды:

– Бұл жерде бәрі керемет, бірақ бірнәрсе жетіспейтін-дей.

– Меніңше, музыка... Әсем әуен жетпейді бұл мекенге, – деп, Кетрин ойланбастан жауап қайтарды.

Екеуінің ойы бір жерден шыққанына қуанып кеткен жігіт:

– Есесіне бізде әнші бар. Кешкі асқа концерт ұйымдас-тырсақ қайтеді? – деп шабыттана тіл қатты.

– Барлығы бір демалып, қуанып қалушы еді.

Оның Энибер жайында айтып тұрғанын түсінгенімен, кешке концерттің болатынына күдікпен қарады. Өйткені Энибер – ешкімді менсінбейтін адам. «Әркімді істейтін қыз-метіне қарап сынайтын әнші Мейронның сөзін тыңдай қой-мас» деп ойлады. Екеуі әңгімелесіп жүріп, жеміс ағашының қасына келіп қалды. Кетрин қаулай өскен жемісті көріп, үзіп алмақшы боп, қолын соза бергенде:

– Тоқта, қолғапсыз ұстауға болмайды! –деді Мейрон.

Кетрин кілт тоқтап, өзінің оқыс қимылына ыңғайсыз-данып қалды.

– Шырыны  қолыңа сіңсе, кетіре алмай әуре боласың, әрі масайып қалуың мүмкін.

Кетрин қолғапты киіп, біреуін алып, жеміске зерделей қарады да:

  – Түрі тәбетіңді ашады екен! – деді ойын жасырмай.

  – Иә! Сәл шыдасаң, шарабынан ішерсің!

Шырышты жеміске қарап тұрған қыздың ойына бала-лық шағында әкесінен естіген бір өлең оралды:

– Шәрбаты шылқып төгілген

Аспантауда шырын бар.

Талай жұрт татып, сөлінен

Желкесі қиылып, жұлынған.

– Бұл біздің елдің байырғы өлеңі ғой?

– Иә, біздің елде де танымал жыр жолдары бұл. Мүм-кін, осы жеміс жайында айтылған шығар.

– Ондай болса, біз қазір бұрынғылардың аңызына ай-налған шырынды езіп, шарап жасап жүрміз ғой! – деп Мейрон жемісті себетіне толтыра берді.

– Бәлкім, сондай бір зияны бар шығар! Аңыз бекер шықпайды ғой!

– Осы маңға келгеніміз кейде уайымдатады. Айналаға қарашы. Адамның түкке керегі жоқ мұнда. Ештеңе шірімей-ді, барлығы табиғи қалпында әдемі үйлесімділікте өмір сүру-де. Тіпті мына жеміс те жерге шашылмайды. Өздігінен жоқ болады.

– Қызық екен! Мұны жейтін құстар бар шығар ең бол-мағанда! – деді Кетрин таңдана.

– Біздің елде ұйқылы орман туралы және бір аңыз бар. Ол бойынша, орманның тіршілігі күзде тегіс ұйқыға кетеді екен де, қыс бойы қар астында жатып, көктемде қайта тіріле-ді-мыс. Олардың неден ұйықтайтынын білесің ба? Буға айна-латын шырынды жемістері болғаны үшін. Мыналардың да шырыны сол секілді ауаға бу боп таралып, құдды қалың тұ-мандай, аралды тегіс басып тұрады дейді көзі көргендер. 

Екеуі әңгімелесіп жүріп, көп жеміс терді. Кетрин әлгі аңыздан соң, ашылып әңгіме айта алмады. Орман туралы әң-гімеден бойын әлдебір жұмбақ үрей билеп алғандай.

Орманның екінші жағында Дастер іздегеніне жолы-ғып, әлекке түсіп отыр. Қол дорбасы бір жақта, өзі екінші жақта тізерлей отырып алып, ағаш басындағы жануарды аң-диды. Екеуі бір сағаттан бері бір-бірінің қимылын бағып, кір-пік қақпай тұр. Бағана Дастер су диірменін көріп, орманға қайта кіре бергенде, диірмен жақтан қорсылдаған дыбысты естіді. «Бұ не болды екен?» деген оймен шапшаң басып, сыр-тынан бақылайын деп орманнан шыққаны сол еді: диірмен сарқырамасының түбінде суды шылпылдатып кешіп жүрген қара түкті жануарды көрді. Оның суға түсуі де ерекше екен. Сарқыраманың астына тікесінен тұрып алып, аузымен су то-сып, қорсылдап жүріп шомылады. Қылықтары Дастерге сүй-кімді көрініп кетті. Өйткені дәл бір адам баласы секілді суға арқасымен аунайды. Бірде екі қолтығының астын тырмалай-ды. Бейне бір денесін езіп жатқандай. Суда асыр салып, шол-пылдатып ары да, бері де жүгіреді. Біресе сарқыраманың ар-ғы жағына өтіп жатып алады. Домалақ көздері ойнақшып, шомылғанына рахаттанып жүргендей. Орман жануары өзінің еркін екенін барынша көрсетіп бақты дерсің. Дастер оның қылығына сықылықтап күліп алды. Әбден жуынған соң, ди-ірменнің ағаш діңгегінің қасына келіп, тікесінен тік тұрып, арқасын сүйкеп жатқанда мұрны әлдебір бөтен иісті сезе қо-йып, діңгектің артын айнала отырып алғаны тіптен күлкілі еді. Дастер бұл жануардың қауіпсіз әрі қорғансыз екенін біл-ген соң, оған өзін көрсету үшін жақындай берген кезде, әлгі жануар алды-артына қарамай, орманға қаша жөнелді. Дастер ізінен жаңылысып қалды. Орман ішін кезіп жүріп, сырт еткен дыбыстан ағаш түбіне отыра қалған еді. Дәл қарсысындағы ағаш бұтағына өрмелеп, құшақтап алған жануарды көріп не істерін білмей, сасып қалды. Ол да жерге түсуге қорқып тұр-ған сыңайлы. Түймедей қара көздерінде үрейдің нышаны байқалады. Дегенмен Дастер артық қимыл жасауға қорқып-ақ отыр. Екеуі бір-бірін ұзақ бақылады. Әлекке түсіп жатып, ақыры бір алмасын жануарға көрсетті. Ол да қызығып қарап қалды. Дастер алманы ары-бері домалатса, оның басы соны-мен бірге қозғалады. Екеуі бір-біріне үйренісе бастағандай! Дастер жануардың өзін еркін ұстай бастағанын байқап, алма-ны сол шыққан ағаш түбіне лақтырып жіберді. Дәл түбіне до-малап жеткен көк алмаға жалт қарағанымен, жануар орнынан қозғала қоймады. Оның жаңа нәрсеге қызыққанына Дастер таңғалды әрі қуанды. Алмаға түскісі-ақ келіп тұрғаны басын өзі шыққан бұтақтан төмен салбыратып, тұмсығымен созып иіскелегенін көрініп тұр. Бейтаныс жан иесіне жалтақ қарай-лай бергені – «бұл не?» деп сұрағысы келетінін білдіретін-дей. Дастер екінші алманы шығарған кезде, жануардың көзі домаланып, таңғалысы арта түсті. Бұл жерде отыра берсе, бә-рібір түспейтінін білген соң, Дастер ақырын еңбектеп, артқа шегініп, бірталай жер алыстап кетті. Ағаш артына жасырын жатып алды да, әлгінің қимылын аңдуға көшті. Бірақ оның иісін алыстан сезгендіктен, жануардың түспесі анық. Дастер бір сәтке самалдың қайдан соғып жатқанын байқап, екінші жаққа қарай еңбектеді. Көп күттірмей әлгі мақұлық ағаш ба-сынан сырғып түсті. Сонда да ешкімнің жоқ екеніне көзін жеткізу үшін, екі аяққа тұрып алып, мойын созып жан-жағын асықпай шолып өтті. Әлгі алманы әрі-бері иіскелеп, тұмсы-ғымен біраз түрткілеп жүрді де, екі қолына қысып алып, тіке-сінен тік тұрып, анадайға лақтырып көрді.  Дастер оның қы-лығына алыста жатып, әбден күлді.

– Сүйкімдісін қарай көр! Саған ат қою керек, – деп кү-бірледі құдды жануар өзін тыңдап тұрғандай. – Хмм... Мен саған орман жаңғағы қосылған бәліштің атын беремін.  Чапо! Чапо... Жаман емес секілді.

Осылайша Фермангельдің төл жануарына Дастер ай-дар тақпаса да, ат қойып берді. Осы сағаттан бастап, санасы-ның тереңінде «менің жануарым» деген ойдың бүршігі жа-рып шықты. Алманы әлі түрткілеп жүрген жалғыз қонжық айдаладан келген адам баласының меншігіне айналып үлгер-генін білместен, алдында жатқан азықты жемей, ағашқа бір сүйкеніп, әрі қарай жүріп кетті. Дастер жаңа ермек тапқаны-на шаттанып, арсалаңдап қуаныштан жарылардай, қалбалақ-тап қонақ үйге қарай жүгірді. Оның қолынан тамақ жемесе де, Чапо жәудіреген түйме көздерімен қуаныш сыйлап кетті.

Мейронның қанары жеміске толған соң, Кетрин екеуі ағаш түбіне жайғасып,  әңгімелесіп отырды. Кетрин оны бұ-рынғыдан да жақын тарта бастағандай. Қасына емін-еркін жайғасып алып, ойындағы кез келген сұрақтарын қысылмай қойып отыр:

– Шынымды айтсам, осы аралға тез үйренісіп, бауыр басып қалғанымды сеземін. Бұрын басқа қалалар жаныма мұндай жайлылық сыйлай алмайтын. Айнала тып-тыныш! Мұндағы гүлдерге дейін өзгеше!

– Оның рас.

– Капитанның мінезіне қайран қалдым!

– Оны мүлде түсінбедім. Бірақ капитан деген атына заты жарасып тұр. Бүгін өзі көрінбеді ғой. Қайда жүр екен? – деп, Кетрин алаңдаулы екенін жасырмады.

Мейронға оның капитан туралы ойы ұнамай қалды. Жайдарлы жүзі бірден қуарып шыға келді. Іштегі қыз-ғаныштың әсерінен бе, әлде дәл Кетриннің өзі ұнатпайтын адам жайында ойлауы ашуына тиді ме, өзі де түсінбеді. Өзі-нің күйін Кетринге білдірмесі үшін, әңгіменің ауанын өзгер-тіп:

– Күн де ысып барады. Бәлкім, суға шомылармыз? – деді.

Кетрин күлімдеп, басын изеп келісті де, екеуі орын-дарынан тұрды.

Орманның жанға жайлы тыныштығынан сытылып шығып, сарылдап аққан сарқырамалардың шуылына құла-ғын тұндырып, Дастер өзен бойын жағалап кетіп барады. Әр-бір үш жүз метр сайын жанартаудың бүйірінен құлап аққан сарқырама судың сұлулығы бірінен-бірі асып түседі. Дәл те-сіп шыққан жерлерінен ақ бұрқақ бу сапырылып көкке тарап жатыр. Мұнда күннің жарығы ала көлеңкеге айналып, сал-қын ауаның лебіне жұтылып түседі. Бағанадан бері Дастер ешқандай жарқыраған балық көрмеді. «Бәлкім, анау тұста жүрген шығар» деген үмітпен біршама жол өндірді.  Жіңішке өзеннің ағысы іркілген тұсына келіп жайғасты. Сөмкесінен қызанағын алып жеп отырғанда, тұнық судың астындағы үйі-рімен жүзген шабақ балықтарды байқады. Қолындағыны қоя салып, жағасының шымына екбетімен жатып, анықтап қара-ды. Оның су бетіне түскен сұлбасынан балықтар тым-тыра-қай қашты. Бұлай жатып қанша күтсе де, балықтардың жа-қын келмейтінін өткенде ойлап тапқан ойынынан балық ау-лауға келгенде түсінген.  Ол судан сәл алысырақ барып отыр-ды. Әлгінде үркіп жан-жаққа қашқан балықтардың үйірі өз-дерінің баяу қимылдарына ауысып, су астын толтыра баста-ды. Шабақтар өзен астындағы тозаңмен қоректенетін секілді. Өйткені үйірдің ортасында екі балық бір-бірін қуалап, топтан сытылып шықты. Бірінің ауызына бірі жармасып, қыл секілді тозаңды шапшаңдауы жұтып алды. Дастер балықтардың жалт бұрылып, ана бастан мына жаққа зу ете қалғанда, лып еткен қозғалыстарын бақылап үлгермей қала береді. «Түнде келетін жер екен. Бәрі жарқыраған сәтін Кетрин көрсе қалай қуанар еді?» деп өзімен өзі күбірлеп, екі алақанын желкесіне төсеп, шалқасынан жатып аспанға көз тастады. Өмір жолын-да алғаш рет арқасын кеңге жайып, керемет еркіндікті сезін-гені дәл осы сәт шығар, бәлкім.  Бұрын мазасын алған ойлар-дың қандай болғанын да ұмытып қалған сияқты. Яки жан ты-ныштығы өткен күндердің қиын есттеліктерін қайта қозғасы келмеді. Оның көзі аспандағы селдір бұлттан талықсып, жұ-мылғанда көз алдына Чапо қайта оралды. «Өзіме үйретіп ал-сам ғой» деген ойдың соңынан көңілі көтеріліп сала берді. «Ертең тағы да келіп, бағанағы алманы көру керек. Егер ор-нында жоқ болса, Чапо жеді деген сөз. Шіркін, қолға үйретіп алсам ғой. Ең бастысы, ол туралы ешкімге айтпау керек». Қиялы орман жануарына жетіп, шарықтай бергенде, «Дастер» деген Роузеннің дауысы естілді. Күтпеген жерден капитанның тап болғанына Дастер аңтарылып, орнынан атып тұрды. Роузен қолына қызыл лентаның бір орамын, жі-ңішке шыбықтар мен кішкентай жер қазатын күрегін ұстап алған.

– Өткенде түні жарқырайтын балықтар туралы айтып едіңдер ғой. Осы тұстан көрдіңдер ме?

– Дәл қай жер екені есімде жоқ. Бірақ мұнда да шабақ-тар анық көрінеді екен.

– Онда осы маңға лента байлайық. Қонақтар отырған-ға да жайлы жер екен.

 Жаңа ғана жайдары тұрған Дастердің көңіл-күйін ка-питанның әрекеті бұзды. Орманнан көрінген екі көз жайлы қозғайтын болса, оның Чапо екенін біліп қоюуы мүмкін. Ор-ман ішін саябаққа айналдырып жатқанына қарағанда, капи-тан өзіне қауіпті деген нәрсенің бәрінің көзін жоятын бола-ды. Оны көргенін айтса, жағдайы тіптен қиындайтын секілді. Дастердің жүйрік ойы зымырап, жүрегі қорқыныштан жиі-леп кетті. Роузен Дастердің төңірегінен айналдыра қазық қа-ғып шықты. Жәшігінің түбінен тақтайды алып, ең жақын ағаш діңінің қасына келді де:

– Дастер, айтшы, мына жерді қалай атасақ болады? –деп сұрады.

Өз ойымен әлекке түсіп тұрған оған «айтшы, атау» де-ген сөздер дәл бір Чапо туралы сұрап жатқандай естілді.

– Атау....Қазір ойымды жинақтап алайын! Жай ғана «Балықтар» десек ше?

– Жақсы. Онда солай жазайын.

Роузен отыра қалып, тақтайдың бетін бәкісімен қыр-най бергенде Дастер:

– Жо-жоқ... Тоқтай тұрыңыз. Кішкене қызық атау жа-зайық. Қонақтар балықтың жанғанын тамашалау үшін келсе, соған байланысты ерекше атау жазу қажет. Бәлкім, жұлдыз-дармен байланысты жазу керек шығар? Мысалы, «Өзен жұлдыздары» дегендей...

Капитанға бұрылып қараса, тақтайды ағашқа шегелеп жатыр екен.

– Болды. Жай ғана «Балықтар»! Ондай ұзақ сөзді жа-зып отыратын менде уақыт жоқ.

Дастер өзенге қарап, ойын мақтана айтып тұрғанда Роузен тақтайға «Балықтар» жазып үлгерген екен. Дастер «Дым талғамсыз екен» деп ойлады да:

– Капитан, неге қоршап жүрсіз? Өзеннің кез келген жерінен көре берсе де болады ғой? – деп сұрады.

– Адамды еркіне жіберсең, жайылып кетеді. Бүкіл ор-манды былғап, шөбін шірітіп жіберер. Одан бір жерге ғана келгені дұрыс.

Бұндай жауап естимін деп Дастер мүлдем ойламаған еді. Осы уақытқа дейін капитанды ештеңе қызықтырмайды деп ойлап еді. Табиғаттың тазалығын ойлап жүргеніне іштей қуанып қалды. Қуаныштың артынан «Чапо жайлы айтсам ба екен?» деп ойлап үлгерді.

– Дастер? Ең дұрысы, әлгі қонжыққа көп жақындама! – Роузен ойын оқып қойғандай оқыс тіл қатты.

Дастердің көзі шарасынан шығардай боп, аңтарыла қалды. «Қайдан көріп қойды?» деген оймен басын қасып тұр-ғанында, Роузен құрал-саймандарын жинап, өзенді кешіп, сарқырамаға бет алды. Ойда жоқта жасырған сырының бетін аша салып, жөнімен кеткен кісіге айтуға лайық сөз аузына түспей қойды. Әрі өзін кінәлі сезініп, капитан-ның қылығына қайран қалып, қайда тұрғанын, ұмытып қалғандай жайсыз жағдайда түсті. «Тезірек қарамды батырайын» деп, үйге қа-рай беттеді. Дастердің күмәншіл әдетіне жақсы ой салып бер-ген секілді. Енді ол күні бойы «Капитан жануар туралы не бі-леді?», «Өлтіріп тастамас па екен?», «Орманнан қуып жібер-се ше?» сынды бос сұрақтардың жетегінде кетпесе жарар еді.

Әдеттегідей күннің шуағы нақ төбеден төгіліп, ауа жылынған сәтте, Тоняның түскі асы дайын болды. Бүгін дас-тарханға тек теңіз өнімдері қойылыпты. Қызыл шаян мен шортанның буға піскен етінен бұрқыраған хош иіс қонақ үй ішін алып барады. Бірінен кейін бірі келіп әдеттегі орында-рына отырған соң, Мейрон Жасперді іздеді.

– Жасперді шақырыңдаршы. Менің бәріңізге сыйлы-ғым бар!

– Ол бағана Бубамен айқайласып қалған еді. Өкпелеп жүрген шығар.

Буба Гариздің Жасперді жақтай сөйлегенін жақтыр-май, ашуға міне бастады:

– Қайдағы. Ұяттан жұрдай неме! Өкпелей алса, мақұл екен ғой, аты-жөнсіз бардағы екі бөтелкені ұрлап кетіпті. Мен ғой жауап беретін ертең!

– Не болды, ағасы? Шарапқа бола төбелестіңіздер ме? – Мейрон төбелес жайын білгісі келді.

– Қой десем, өзіме жүгіріп қоймады. Бетінен шапалақ-пен тартып қалған едім. Содан кеткен, қисалаңдап.

– Қап! Өзім жасаған шараптың дәмін таттырайын деп едім!

– Ойбай-ау! Әкелсейші, өзіміз-ақ іше берейік, – деп Гариз шаттанып сала берді.

– Жоқ. Жаспер келгеннен бері айтып жүр. Бірінші со-ған тост көтертем деп уәде бергенмін.

Дастерге де Фермангельдің шарабы қызық болды. Бұрын «Остинос» зауытының шарабы туралы көп естуші еді. Ақыры қолдарында тұрғанда, тезірек дәмін татып көргісі ке-ліп, орнынан тұрды да, сыртқа жүгіріп кетті.

– Бөлмесін көр! Ұйықтап жатқан болар! – Гариз де Жаспердің тезірек табылғанын қалап отыр.

Шарапқа қызықпайтын кісілер елеңдемей түскі аста-рын ішіп отыр. Мейрон, Гариз, Буба, Энибер төртеуі алдымен шараптан дәм тату үшін, есік жаққа қайта-қайта жалтақтайды.

– Әншейінде қасыңнан кетпей мазаңды алушы еді, қайда жүр өзі? – деді Гариз тағатсыздана.

– Буба ағамыздың болаттай жұдырығы қатты тиіп кет-кен-ау шамасы!

Мейрон әзілдеп айта салғанымен, Буба сөзін шын қа-былдап, кәдімгідей кеудесі көтеріліп қоя берді. Һаннаға бір қарап, тағы да мақтау естігісі келіп-ақ отырған сыңайлы. Дастарханға жайғасқан сайын Кетрин оның бүкіл қимылын аңдып отыратын. «Бұл қылығына күліп, ұялтпайын»  деген-дей, күлкісін жасырып көзін төмен тайдырды.

Есіктен қисалаңдап Жаспер кіріп келді. Бет-аузы соқ-қыдан аман болғанымен, көзінің асты көлкілдеп ісіп тұр. Кө-зін әрең ашып, бір қарап үлегереді арасында. Ұйқылы-ояу кү-йінде Дастер иықтап әкеліп, орнына жайғастырды. Буынын ұстауға шамасы келмей отырған оны Мейрон сергіткісі ке-ліп:

– Жаспер! Сенің жеке тапсырысың дайын болды, – деп, қара бөтелкені тұмсығының алдына қоя салды.

Қисалаңдап, тілі күрмеліп, буыны кетіп отырған Жаспер бөтелкені көргенде басын көтеріп алды.

– Шынымен бе? Құй?

Шарап әлгінде ішуге дайын отырғандардың бәріне құ-йылды. Қанық қызыл ішімдіктің қоюлығына Гариз күмәнмен қарайды.

– Мынауың шынымен дайын болғаны ма? Бәлкім, су қосу керек шығар?

– Уайымдама!  «Остиностың» шабарын ішкенсің ба?

– Бізге қайдан бұйырсын ол!

– Олай күйінбе, содан артық болмаса, кем болмайды. Жемістің сөлі сондай қою! Бұдан артық су қосылса дәмі құр-тылады, – деді Мейрон өзінің бұл істе нағыз маман екенін дә-лелдегісі келіп.

Бәрі оның сөзіне сеніп, бокалдарын көтеруге дайын екендерін білдіріп тұр. Мұны аңғарған Мейрон:

– Жаспер, бір тост айтып жіберсеңші!

Ол аяқтарын әрең тіреп, үстелге сүйеніп, бокалын кө-терді де:

– Ал....Мені...Құты.... – деп, сөздерін аяқтауға шамасы келмей қойды. Ұзақ тұрған сайын, ұйықтап бара жатқан сы-ңайлы. Мейрон қасына таяп, құлаған жағдайда ұстап қалуға дайын тұр.

Жаспер шараптың тамшысын қалдырмай қағытып ал-ды. Оның түріне бәрі тесіле қарап қалған. Ондағы ойлары, жиіркене ме, қышқылдан түрі бұзыла ма дегендері. Бірақ Жаспердің онсыз да мыжырайған бет-әлпетінен ондай түрді байқау мүмкін емес еді. Сылқ отырып, басын үстелге тіреп, оң қолының бармағымен «керемет» деген ишаратты білдірді де, қор ете қалды. Қалғандары алдымен білдірмей иіскелеп көрді де, бір-бір жұтымнан ішті. Түрлеріне қарағанда, ешкім-нің бет-аузы мыжырайған жоқ. Соған қарағанда шарап ба-бында қайнатылған сынды.

– Мынау ғажап қой-а, Буба? –деді Гариз сүйсіне.

Буба қайта-қайта ұрттап, дәміне тамсанып отыр. Ал Энибер ішіп көрген соң, тілі байланып, бойын шаттық керне-гендей, кеңірдегіне сөз келіп, соны жеткізе алмай отқан сы-ңайлы күйге түсті. Орнынан тұрып, бәрінен жауап күтіп тұр-ған Мейронның басын екі қолымен қапсырып ұстады да, екі бетінен құшырлана сүйіп-сүйіп алды.

– Қандай дәмді шарап! Құйшы тағы. Өмірімде мұндай ішіп көрмегем, шынымды айтайын! Жарайсың, Мейрон!

Таңдайы тақылдап, әр сөзін сүйсіне айтқанда, өмірі шарап татып көрмеген Тоняның өзі ішкісі келіп кетті-ау. Энибердің ернінен көз алмай тыңдап қалған. Екінші стақанға құйғызып алып, Энибер орнына жайғасты. Жаспер дастархан басында ыңырси бастаған соң, Мейрон арты қандай боларын түсіне қойып, оны бөлмесіне апаруды ойлады. Бірақ қанша тырысса да, оны орнынан қозғауға жалғыз шамасы келер емес! Бәрінің көзі – Жасперде, құсып жібермесе игі еді деп сақтықпен отыр. Ақыры дабырлатып Дастер екеуі ас үйден алып шықты.

– Мынаған қойдырмаса, өледі бір күні. Қарашы енді түрін, – деп Гариз жаны аши тіл қатты.

Бәрі оның сөзін құптайтындығын үнсіз білдірді.

– Басым айналып жатқан секілді ме? Қандай жеміс, а? Бірден бойды қыздырып барады ғой! – Буба өзімен-өзі әлек.

– Келгеніміз кеше, қай уақытта дайындап үлгеріп жүр?

Әлгіннен бері шарап туралы таңданыстың бәріне қо-сыла таңғалып отырған Тоня Мейрон туралы ойын осы кезде білдіріп қалды:

– Өзі пысық жігіт сиқты. Кеше түнімен қойма жақтан шықпады.

Дастер ас үйге кіргенде, бетіндегі өзгеріс бірден бай-қалды. Құлағы мен екі беті қызара бөртіп, екі езуі екі жаққа кетіпті. Мейрон екеуі дастарханға жайғасқан соң, шаянның қуырылған етінен бір-бір жұлым алып, асай бастады.

–  Шараптың күші қалай? – деді Мейрон өнімінің баға-сын алуға асығып.

– Керемет. Енді бір стақан ішсем, шайқалып қалам ба деп қорқып отырмын.

Энибер екінші стақанды бітірген соң орнынан тұрып, «Тост айтамын» деп, жұрттың бәрін өзіне қаратты. Мейрон осындай күйге түсетінін алдын-ала сезгендей миығынан жы-миып, жақсылап тыңдағысы кеп, иығын беріп ыңғайлана отырды.

– Бүгін мені таңғалдырдың, Мейрон! Енді менің кезе-гім шығар. Кешкі асқа концерт өткіземін. Маған барлық құ-рылғыларды орнатып беріңдер.

Барлығы оған шапалақ ұрып, қошеметтеп ала жөнел-ді. Кетрин Энибердің «концерт» дегеніне таңғала қарады. Мейронның ән тыңдатам дегені есіне түсіп, жолын тауып кеткеніне таңғалысын жасыра алған жоқ.

Өз хабарландыруынан соң Энибер өзінің Хейданда өткен концерті жайында айта бастады. Бәрі басында құлақ қойып тыңдағанымен, әңгімесінің арты созылған соң, әркім өзінше асын ішіп, сүйсіне естіп отырғандай түр көрсетіп отырды.

Дастер екінші стақанның жартысына жеткенде, не жеп отырғанын ұмыта бастады. Құлағы шыңылдап айнала күліп, бір-бірімен сөйлесіп отырса да, ешқайсысын ұққан жоқ. Ішін қыздырып әкеткен шараптың күші басына жеткен-де, ас үйдің іші теңселіп, шайқалған кеңістікке айналып кет-кендей, үнсіз меңірейіп отырды. Өзінің масайып қалғанын білдіргісі келмей, қолдарын столға дұрыс қойып, жұртпен бірге күлгендей қосылып отырғанымен, ойының бәрі астаң-кестең болды да кетті. Әйтеуір бір серпіліп қалғанда, кейбі-реулері дастарханнан тұрып та кетіпті. Ас үйдің ауасы тары-лып бара жатқан соң, сыртқа шығуды ойлап, орнынан тұр-маққа бекінгенде, аяқтарын қозғалта алмайтынын сезді. Гариз мырза бағана бірдеңе айтқандай болды. Дұрыс естіме-ген соң, қайта ойына түсіре алмай қойды. Көзінің алды қара-уытып, адам сұлбасы қисайып жатқандай көрінді. Сыртқа шығайын деп орнынан ептеп тұрғанында дәл алдына келіп, Мейрон бірдеңе айтып, күліп кетті. «Мазақ қылғанын қара-шы мынаның!» деп ашуланып қалды. Аяғын түзу басып бара жатқанымен, барлық көзі көрген бейнелер шайқалып жат-қандай әсер алды. Қонақ үйдің ұзын дәлізінен барынша жыл-дам басып сыртқа шықты. Жылы ауа бетінен соққанда, одан сайын босаңқырап қалды. «Қайдан ғана іштім? Суға шомыл-сам, есімді жинармын». Дастер жағалауға беттеді. Сыртынан қарағанда ол әдеттегідей түзу басып барады. Тек өзінің көзі-мен әлем шайқалады. Құмға аяғы тобығына дейін батып кет-кендей сезіледі. Соңғы рет қашан бұлай есі кетіп шарап ішке-ні есінде жоқ. «Есімде, Тункас деген асханада аспазшылар-мен ішкенбіз. Бірақ ол кезде неше бөтелкені босатып едік? Төртеу...бесеу! Мына шарап масқара ғой» деп, өзімен-өзі сөйлесіп келіп, жағалаудың жылы суына тізесіне дейін түс-кенде, екпетімен жалп беріп, суға құлай салды. Бағанағы құ-лақтағы у-шудың бәрі су астында шайылып кеткендей бол-ды. Демін соңғы секундтарға дейін ұстап жатып, бітті деген шақта судан атып шықты.  Беті шайылған соң ба, аузын аңқи-тып тұрып ашқанда, сумен араласып салқын ауа жұтқандай болды. «Ой, рахатын-ай!» деп алып, суға былшылдатып кеп құлайды. Бұрынғыдай емес, кәдімгідей буындары босап қал-ғанын сезді. Бойы башпайына дейін сергігенде «ұят болды-ау» деп қонақ үйге қарады. Тағы бір-екі рет құлап алған соң, еңбектеп жағаның суы әрең жететін тұсқа келіп, шалқасынан жатты. Әппақ құм қара шаштарына шыланып, шолпылдап жатқан толқынның ағысы иығынан төмен қайта-қайта сырға-нап кеп, шайып әлек. Екі қолын жайып тастап, көзін тарс жұ-мып бейнелері шайқалып көз артына толқын боп соғылып жатқан естеліктердің арасына өзі де сіңіп кетті.

Энибер түскі астан соң бөлмесіне кіріп алып, кешкі концертке дайындығын бастап кеткен сыңайлы. Түрлі-түсті көйлектерін төсек үстіне жайып салып, айнаның алдында әр-түрлі киіммен шығып, өзін сахнаға бейімдеп жүр. Әлгі ша-раптың қандай қасиеті бары белгісіз, Энибер күш-дәрмені сарқылғанша айқайлап шырқағысы келді. Мұндағы жұртқа өзінің шын талантын паш етпек. Аса құрметті қонақтарға ар-нап, жинаған опа-далабын бүгін жағып, көрермендер алдына жарқырап шықпақшы. Киімдерін таңдап жүргенде, баяғыда киіп шыққан сары халатын көріп біраз кідіріп қалды. Өзі бір сәтке абдырап тұрғанымен, оның қиялы сана түбінен жете-леп отырып, Роузеннің текпішекте өзіне қарап қалған сәтін-дегі көріністі суырып шықты. Дәл сол сәттегідей Роузеннің ірі денесімен бірге мұрнына оның шынайы иісі жетті. Құдды бір сары халат еркектің мүңкіген тер иісін сіңіріп алғандай. Капитанның жанарын елестеткен сайын, кештің тез батуын қалады. Сары шашын төбесіне түйіп, қызыл далапты ерніне қалыңдап жаға түсті.

Бірінші қабаттағы мейрамханаға алтынмен безенді-рілген орындықтар қойылған. Қабырғаларына Хейдандық аттың суреттері бейнеленіп, төбеге Фол-Прайз киелі санай-тын қанатты дельфиндердің бейнесі салынып, жиектері қа-нық көкшіл теңіздің толқындарындай өрнектелген. Үлкен люстраның жарығы жылтыр еденге шағылысып, залдың ішіндегі алуан түсті өңдерді ашық реңге айналдыра түседі. Жағалауға қараған қабырғасы еденнен төбесіне дейін әйнек-пен қаланған. Бетіндегі әппақ жұқа перденің ар жағынан жа-ғалау анық көрініп, отырған адамға ерекше әсер береді. Харбер мырза үшін көп шығынға әкелсе де, қонақ үйдің үлгі-сін жоғарғы деңгейдегі дизайнмен салдырды. Мұндағы әрбір үстел мен орындық та арнайы тапсырыспен дайындалған

Салтанат залының ішіне мұндағылардың ешқайсысы жұмыс киіммен аяқ басқысы келмейді. Өйткені ешқандай қо-нақ болмаса да, есігінен сығалағанның өзінде жайсыз сезіне-ді. Һанна ғана күн сайын, еденін жуып, шаңын сүртуге ғана кіреді. Әйтпесе әзірге қаңырап тұрған бос кеңістік. Түскі ас-тан соң, Мейрон әншіге керек құрылғылардың бәрін шыға-рып, сахнаға орнатып қойды. Сахна артында тірі оркестрге керек аспаптардың бәрі тұр. Арасынан іздеп жүріп, қоңыр ағаш калонка мен музыканың аппаратын шығарып, микро-фонын тексерді. Барлығы жұмысқа сақадай сай. Тек Энибер-дің таспасын орнатса болғаны.

Жұрттың бәрі күннің батуын күтіп жүргенімен, түскі астан соң әлекке түскен екі адам бар. Бірі – Тоня. Кешкі асқа тәттілер мен үлкен тағамды бірдей бастап, «үлгермей қала-мын» деп, ас үйде шырылдап жүр. Қайта-қайта жағалауға қа-рап қояды. Ұйықтап қалған Дастерге ашуы да келе бастады. Екіншісі – Хоссе. Бөлмесіне кіріп алып, дәптерін ашты да, Мейронның қымбат шарапты әркімге бір құйып бергенін, ресторанға кіріп, құрылғыларға қол тиігізіп жүргенін жазды. Ойланып отырып, Жаспердің екі бөтелкені Бубадан сұрамай алып кеткенін де қағазға түсірді. Бұл жолы қолы машықта-нып қалған сыңайлы. Кәдімгідей баяндап, әркімнің қимылы-на дейін анық жазыпты. «Жаспер оңбаған Бубаны шырылда-тып жүріп, екі бөтелге шарапты тартып алды.  Ішіп қойды ма, басқа қылды ма, білмеймін. Әйтеуір түскі асқа, есін білмей келді. Буба байғұс бар ынтасымен өз ісін жауапты атқарып жүр». Өз жазуына өзі сүйсінді.

Келгелі ас үйге жоламаған Мейрон кіріпгенде, Тоня таңғалып қалды.

–  Тоня ханым! Сізде тағамды орайтын әртүрлі қағаз-дар бар ғой, иә?

–  Бар, не боп қалды?

–  Маған көрсетіңізші бәрін!

Тоня шкафтардың бірінен қорапқа салынған түрлі қа-ғаздарды алып шықты. Ішінде альюминий қағаз да, қытыр-лақ қоңыр қағаз да, қол сүртуге арналған түрлі-түсті қағаз майлықтар да бар. Мейрон арасынан сары және жасыл түсті майлықтан бір-біреуден алып, ыстыққа арналған қытырлақ қоңыр қағаздың үлкенін, сосын жұқа кленканы алды да, рақ-метін айтып ас үйден жылдам шығып кетті. Оларды не үшін алғанын Тоня сұрап үлгермеді.

Эльваның басынан тарқаған мұнар бұлттың түсі күн еңкейген сайын қара қошқылданып, күннің қызарған көзін мұхиттың арғы бетіне шығарып салды. Қас қарайып, сирек орманның арасын түнек жайлап, Фермангель аспаны түнере бастағанда, қонақ үй ресторанының жарығы қосылды. Жұрт-шылық киімдерін ауыстырып, дәлізде арлы-берлі сабылып жүр. Бәрінің ойында дастарханда отырып ән тыңдау. Таң ат-қалы көзге түспеген капитанды ешқайсысы іздеп жатқан жоқ. Энибер ғана ресторанға бет алғанда, Роузеннің есігіне бір қарап, бүгін көрінбегеніне аздап алаңдап еді, енді көңілі мүлдем ауып, ол ойынан шығып кетті. Қандай әнді таңдарын білмей, басы қатып жүр. Каоби құрлығындағы атақты компо-зиторлардың әндерін түгелдей біледі. Бірақ солардың ішін-дегі үзідігінен бастамақшы. Ас үй мен мейрамхана ортасын-да дедек қағып жүрген Дастер, кеш те болса, өзінің төл сала-тын дайындады. Асығыс жасағандықтан, өзінің ойынан онша шықпады. Енді жұрт қалай қабылдар екен деген оймен алаң-даулы жүр.

Әркім өз міндетін атқарып, сәнді киімдерін киіп, дас-тарханға келіп отыра бастады. Тоняның бас тағамы піскен кезде ғана, дәлізде адам аяғы саябырсыды. Һанна мен Кетрин аспазшыға көмек қолдарын созып, ресторан дастарханын әзірлеп қазір ғана болды. Дәл ортадағы үлкенірек үстелдерді бір-біріне қосып, үлкен дастархан жайылған. Бұрын соңды шықпаған жемістердің түр-түрі қойылыпты. Қонақтарға арналған шарап бокалдары мен тәрелкелер әр адамның алды-на аса ұқыптылықпен қойылған. Қасық шанышқылардың бә-рі тиісті орнында тұр. Дастарханның сәнін кіргізген Кетрин еді. Бәрін реттеп, керек тағамдар түгел қойылған соң ғана, киім ауыстыруға кетті. Бағанадан бері Эниберге қажет музы-каның құрылғыларын шұқылап жүрсе де, Мейронның екі кө-зі Кетринде болды. Тыным таппай, шын пейілімен жұмыс іс-теп жүрген Кетриннің әрбір қозғалысы ерекше сүйкімді кө-рінді. Мейрон үшін ол киім ауыстырмаса да, әдемі еді. Ынты-ғы ауып, қасына барып сөйлескісі келсе де, бір батылдық жетпеген секілді, өзін ыңғайсыз сезінді. Әйтеуір күндегідей күйден бөлек сезім бойын билеп, толқып жүрді.

Гариз бен Хоссе да мұнтаздай таза ақ жейделерін киіп ресторанға кіріп келгенде бәрінің көзі екеуіне түсті. Өздері де жұрт қадала қалғанына аздап ыңғайсызданып, тезірек ба-рып орындарына жайғасты. Хоссенің қиғаш мұрты ақ түсті жейде киген соң, айрықша көзге түседі. Қолайсыз жағдайға түскендей жұрт көзінен жүзін тайдырып әкетіп, қайта-қайта төмен қарағыштай береді. Бала секілді ұялып отырғаны Һаннаға тіптен ұнап-ақ отыр. Көздері түйісіп қалғанда, ерік-сіз жымиыса кетеді. Барлығы дерлік шын ниеттерімен  арна-йы дайындалып, бүгінгі кешке деген құрметін сездіргісі кел-гендей. Тек Жаспер ғана баяғы келген күні киген көк жейдесі мен жасыл шортиымен, қисалаңдап ресторанға кіріп келді. Буба қазір күзетші болса, желкесінен ұстап, сыртқа бір-ақ лақтырар еді. «Әттең, бармен болмағанымда» деп күңк ете қалды. Өзі үшін бармен әркіммен әлекке түсетін адам емес. Оның айналысатын шаруасы онсыз да жетерлік. Жаспер есік-тен кіре салып:

– Бағанағы шарабың ауруымнан айықтырып жіберді. Келгелі басым солқылдап қоймап еді... Ұйықтап тұрсам, түк те жоқ, – деп Мейронға қарады.

– Келсеңші. Қазір ән тыңдап отырып, тағы да ішеміз.

Жаспер арсалаңдап келіп, дәл Хоссенің қасына отыр-ды.  Оның жақтырмай тыржиғанын көріп қойып, арқасынан қаттырақ батырып, бір-екі рет қағып  қойды. Өзіне бажырая қараған мұртты кісіге көзін қыса салды. 

Мейрон бағанадан бері ескі киім жүрген. Бәрі дастар-ханға жайғаса бастаған соң, кәстөмін шешіп сахна артына қалдырып шықты. Қанық ақ түсті жейдесі өзінің сұңғақ бо-йына жарасымды тұр. Қап-қара шаштары мен тығыз қас-кірпіктері айрықша бейнеге енген. Қыр мұрынды, кең иықты, өткір көзді екенін жұрт қазір ғана байқағандай. Жалпы жұрт-шылық өз дене-сымбаттарының жасырынған сұлулығын бү-гін ғана жария етіп жатқан сияқты. Бір-біріне білдіртпей, бейнелеріне тесіле қарасады.

Дастер мен Тоня үлкен табаққа салынған қаздың тұтас піскен денесін арнайы құрметті қонақтарға таситын тағам ар-баға салып кіргізді. Иісі сонадайдан бірінші жеткен тағам бә-рінің назарын аудартпай қоймады. Толық денелі Тоня нағыз аспаздың киетін жап-жаңа арнайы киімін киген. Басындағы бас киімі мен аппақ алжапқышы өзіне жарасып-ақ кеткен. Та-ғамды әспеттеп жүріп, ортаға қойған кезде, Буба бірден ша-нышқы,  пышағын ұстап алған. Ал Мейрон есік жақтан көзін алмай, мүсіндей қатты да қалды: көк түсті жылтыр көйлекке оранған Кетрин есіктен кіріп келе жатыр еді. Жұрттың бәрі ұяла кірген Кетринге қошемет білдіріп, шапалақ соққанда, ол одан бетер ыңғайсызданып, орнында тұрып қалды. Екі иы-ғын ашық қалдырып, тобығына дейін төгілген көк көйлек қа-ра шашты қыздың ажарын әрлей түскен. Өкшесі басқан са-йын тоқ-тоқ ететін биік өкшелі туфлиі бойын көтеріп, жіңіш-ке мойнынның құпия сұлулығын әшкерелеп тұр. Кетрин қы-сыла басып, бос тұрған орындардың қайсысына баратынын білмей, аз бөгелді де, Һаннаның қасына отырды. Көзі Мейронның қасындағы орынға түскенде, оның тесіле қадал-ған жанарынан қасына шақырған өтініштің белігісі көрінді.

Бағанадан бері сахна артында тұрған Энибер жұрт ал-дына ән шырқауға бір-ақ шықпақшы еді. Өзгелердің шуыл-дап, шапалақ соққанын естіп, шыдап тұра алмады. Биік өк-шелі туфлиін тақылдатып, сахнаға шыға келгенде, енді жұрт назары әншіге ауды. Қызыл аралас сұр көйлектің тізеге дейін созылғаны өзіне тым жарасымды. Денесіне жабыса киілген көйлек сымбатты дене бітімін одан әрі сәнге бөлеп тұр. Шаш қою үлгісі мен киімнің түсі де, түрі де, оның жоғары талғам-ды қыз екенін білдіріп-ақ тұр. Жұрт бүгінгі кештің басты ке-йіпкері Эниберге де шапалақты аямай соқты. Әнші қыз жыл-дам басып, бос тұрған орындықтың біреуіне жайғасты да:

– Мынандай тамақтан ауыз тимей, ән шырқау мүмкін емес қой, – деді ағынан жарылып.

Мейрон жұртшылықтың ішінде капитан жоқ екенін бағана байқаған.

– Бүгін капитанды көрге жан барма?

– Таңертең орманда көргем. Содан қайтып оралмады-ау! – Дастер ормандағы оқиғаны есіне түсірді.

– Жоқ, әлінде ғана келді. Түрі шаршаңқы көрінді. Алайда бүгінгі кешті оған ескерткенмін, – деп Гариз әңгімеге араласты.

Капитанның  қосылмасын сезген Мейрон:

– Ендеше, өзіміз бастай берсек қайтеді? – деп жұрт-шылыққа қарады.

Бәрі бір ауыздан келісе кетті. Мейрон тағы бір ашыл-маған өз шарабын ортадан алып, бүкіліне айналдырып құя бастады. Кетриннің стақанына жеткенде кідіріп, одан көзбен рұқсат сұрады. Бұл жолы Кетрин еш қарсылық білдірмей, ба-сын изеді. Жұрт соңына құйылып бітпестен, Энибер орнынан тұрып, стақанын көтерді:

– Тост! Бүгін мына керемет шараптың дәмін татқаны-мыз үшін! Керемет тағам, керемет кеш болуы үшін, алып қоялық!

Бәрі алдарындағы стақанды көтеріп, бір-біріне алып қой деген лебіз көрсетіп бір-бір ұрттады. Энибердің тос-тынан кейін, қасық-тәрелкелердің сыңғырымен дастархан беті өз қызметін бастап кетті. Әп-сәтте мейрамхана іші жар-қын күлкілерге ұласып, жайнаған көздерге толып, бір жылы күй шараптан татқан әрбір адамның бойына тарады. Энибер-ден соң, Гариз тост көтерді, ішінара Тоня да әңгімеге арла-сып қояды. Дастер өзінің салатын уәде еткендей, бәріне са-лып берді де, дәмді болғанын естіп, көңілі жайланды.

Жұрттың қарны тойған соң, Энибер орнынан тұрып сахнаға шықты. Барлығы қасықтарын орындарына қойып, қолдарына майлықтарын ұстап, ән тыңдауға ыңғайланды. Мейрон Энибермен ілесіп, құрылғыларды бір тексеріп алды. Әнші қыздың ең жақсы деп таңдаған таспасын күйтабаққа қойып, инесін тіреді. Скрипканың жіңішке үні сызылып, ресторан ішін ала жөнелді. Ән ырғағы ара-тұра араласқан ба-рабан дауысымен бірде бәсеңдеп, бірде жылдамдап келіп, Энибердің кезегіне гитараның жіңішке қылынан шыққан нәзік дыбыспен ұластыра жөнелтті. Энибер ырғақпен майыс-қан денесін түзей қойып, бір сәтке демін ішіне тартып, мик-рофонды ерніне жақын алып, көзін жұмды да, жұмсақ дауыс-пен сызылта бастады. Скрипканың сыңсыған үнімен әншінің дауысы астасып, жоғарғы ноталарға көтеріле жөнелгенде, тыңдармандар алқымынан қоса тартқандай, тебіреніп кетті. Бәрі баяу аралаған үннің тәнді балқытар ырғағына еліріп, үс-тел басында тербеліп отыр. Жұмсақ, құлаққа мамық соғыла-тын нәзік үннің иесі өзінің шырмауына тыңдарманды барған сайын орап барады. Іштерін қыздырған шараптың жылы лебі баяу әннің ағысына ілініп алып, бойларын ерітіп бара жат-қандай. Оның талантына тәнті болып отырғандардың бәрі ал-ғашқы күнгі Энибердің тәкаппар мінезін іштей кешіріп үл-герді. Әннің ұзара шалқыған қайырмасына көзін тарс жұмып, жан-тәнін музыканың иіріміне табыстыра салып, бір қайыр-ғанда, Энибердің көзі есік жанында сүйеніп тыңдап қалған капитанға түсті. Қызыл шырайлы жүзінде қуаныштың ізі ой-нақ салып қоя берді. Ішін кернеген қуаныш күшейіп келіп, үнін жарып шығуға әзір тұрғандай. Әннің де қайырмасы осы сәтке дәлме-дәл келе қалғанына қыздың өзі қуанып кетті. Кө-зіндегі жігерлі оттың кішкентай ғана сәулесі лып беріп, екі көзді тарс жұмды да, кезегін күткен күшті ырғақты төге сал-ды. Энибердің дауысы күшейте созғанда мұнша жағымды болады деп ешкім ойламаған болар. Биіктен шарлаған үннің астында бәрі бірге тұрып, қосылғысы келгендей толқып кет-кен. Скрипканың үнін жұтып барып, өз дауысының соңғы ағысын шығарып барып тоқтады. Дереу шапалақ соғып, жұрттың бәрі орындарынан тұрды. Роузен де риза болған сы-ңайлы. Қызметшілер ортасында тұрған бос орынға өзі келіп жайғасты. Капитанды көргенде, әсіресе, Хоссе жоғы табыл-ғандай қуанып кетті. Бұған дейін «Роузен не дер екен?» деген ойдың көлеңкесінен шыға алмай отырған. Араларына қосыл-ған соң, өз-өзімен шаттанып қоя берсін. Мейрон шарап қою-ға тұра бергенде, капитан ішпейтіндігін ишарамен білдірді. Роузен әдеттегідей байыппен қасық-шанышқыларын ұстап, майлығын омырауына жауып, ортадағы тағамнан кесіп алып отырды. Эниберді қуантқан жұрттың әнге деген қошеметі емес, капитанның келгені еді. Өзі де орындап болған соң, жас қыздай елпілдеп кетті. Қозғалған сайын шараптың қызуы ішін жандырып:

– Келесі тостты ортамызға алғаш қосылған капитанға берейікші! – деді шаттана.

Жұрттың бәрі «иә» десіп, бір ауыз тыңдауға ниетті екендерін білдірді. Роузеннің айтары жоқ болған соң, оң қо-лымен жай ғана айтарым жоқ дегенді  білдірді де, пышағын қолына алып, тағамынан кесіп отыра берді. Оның бір ғана қи-мылы бір сәтке әлгі шаттықты күйді тыйып тастағандай бол-ды. Басын қисайтып бағанадан бері үнсіз отырған Жаспер стақанын көтеріп:

 – Алып қойыңдар, Энибер үшін! – деп, ыңғайсыз үн-сіздікті шайып жіберді.

Бәрі қайта көтеріп, көңілді қалыпқа ауыса кетті. Тоня да, Һанна да, бір-бір стақан шараптан соң қызараңдап, жыми-ып шыға келді. Хоссе де мұрты жыбырлап, арасында Һаннаға сыбырлап әлденені айтып қояды. Екінші тосттан соң, Энибер сахнаға шығып тағы да ән шырқады. Тағы да ду қол шапалақ, тағы да қуанышты тілектер айтылып жатты. Кеш бойына Роузен жұрттың сөзін тыңдап қана отырды. Кетрин де алға-шында тартыншақтағанымен, ортаға бойы үйреніп, жайла-нып отырып ән тыңдады. Дастер қайта-қайта жұрт тәрелкесі-не оны-мұны салып беріп, көңілді жүр.

Бәрінің шарап бойларын алып бара жатқан соң ба, әй-теуір у-шу көбейе бастаған соң, Роузен Тоняға алғысын ай-тып, кеш аяқталмай сыртқа шықты. Бетінен түннің салқын ауасы лап беріп үрледі. Іштегі ыстықтан тынысы кәдімгідей тарылған сыңайлы. Есік алдына шығып, кең тыныстап алды да, қонақ үй ауласынан әрірек барып, іштегі жұртшылықты сыртынан қарайлады. Көңілді, ырғақты әуенді Энибер сахна-да секіріп жүріп шырқайды. Гариз бен Тоня сахна алдында билеп жүрген сыңайлы. Мейрон бос қалған Кетриннің қасы-на отырып, әлденені әңгіме қылып отыр. Дастер сол баяғы-сынша үстелді айналып тәрелкелерді толтырып әлек. Роузен-нің жұқа селдір перде артындағы көрініске іші жылып қоя берді. Құдды бір үлкен әулеттің жанұясы сынды жылы көрі-неді. Өзінің неге ол ортаға кіре алмайтынын ойлайды. Әйтпе-се араларында отырып, көңілді кешті бірге өткізуге әбден бо-лар еді ғой. «Бәлкім, олар сияқты көңіл көтеру қолымнан кел-мейтін шығар» деп ойлады. Өзі сырттарынан қарап қызыққа-нымен, соңына дейін отыруға көңілі соқпады. Тағы да өзінің жалғыз екенін жаны жүрегіне сыбырлағандай кеуде тұсын бір зіл баса қойды.

Кеш біразға жалғасты. Энибер бірнеше әнді қатары-нан шырқап үлгерді. Мейронның екі шиша шарабы бітуге та-яу қалды. Роузен сыртта біраз жүріп, қонақ үйге кіре берген-де алдынан Мейрон шыға келді. Бір қолын артына тығып, қа-сынан өте шыққан жігіттің соңынан бір таныс иіс мұрнына сіңді. «Гүлдің иісі ме?» деп, жылдам басып бара жатқан Мейронға бұрылып қарағанда, арқасына жасырған бір бума гүлге көзі түсті. «Мынау әлгі сары гүл ғой!». Роузеннің әп-сәтте келе қоятын ашуы орнынан қозғап қалғанда, өзін-өзі тоқтатып қалды. Бір кездері өзі күннің өткір сәулесінен қор-ғап байлаған гүлі біреудің қолында кетіп бара жатқаны қыты-ғына тиіп кетті. Өскен орнында ғана әсем көрінетін өсімдік-тің бар сұлулығын жұла салған Мейронға қарап қынжылды. Ресторан есігіне кіріп кеткенше, орнынан тапжылмай, көзі-мен шығарып салды. Гүлге деген қимастығы қайдан шыққа-нын бұл жолы да ой елегінен өткізді. Ашуы ішін қозғап жі-берген соң, өз бөлмесіне жылдам басып, есікті тарс жауып дәлізден ғайып болды.

Энибер баяу ырғақты әнін тебіренте айтып жатқан сә-тін пайдаланып, үстелге қос алақынымен ән ырғағын қағып отырған Кетринді Мейрон биге тұрғызды. Екеуі ортаға шық-қанда арқасына жасырған сары гүлді ұсынды. Бірнеше қауы-зы бар сап-сары гүлдің сыртын әлгінде ас үйден алып кеткен түрлі-түсті қағаздармен асқан ұқыптылықпен орапты. Кетрин күтпеген сыйлыққа кәдімгідей қуанып қалды. Соның өзінде өзінің байсалды мінезін әрең дегенде ұстап, ілтипатын білдіріп, гүлді қолына алып, екеуі баяу ырғақтың легіне іле-сіп вальс биін жалғастырды. Мейронның пысықтығына үл-кендер тарапы сыртынан қызығып-ақ отыр. Дастер бұл жолы екеуіне ұяла қарап, мейірлене жымиды да отыра берді.  Кетрин бойын билеген әсердің күшін шараптан көргенімен, Мейронның сыйлығынан соң өзгеше сипатқа жаны ерік бер-ді. Жігіттің қарулы қолдары арқа тұсына жеткенде, дәл сол маңнан өткен ыстық іштегі шараптың қызуынан мың есе ар-тық сезілді. Бұрын-соңды көрмеген қамқорлықты алғаш се-зінген сыңайлы. Қасында отырған жігіттің істеген әрбір ісін өзімен байланыстырып ала жөнелген ойлардың легі санасын-да шалқып еседі. Гүл мен биден соң, Мейрон Кетриннің маза-сын алмады. Өзін сол бұрынғы қалпында ұстады. Сөзі де, ісі де өзгереді-ау деп ойлағаны қате болып шыға келді. Керісін-ше, өзі жігіттің ыңғайына көне салатын көнгіш жанға айна-лып кеткенін түсінді. Сол қылығына өздігімен ұялып кеш со-ңына дейін төмен қараумен болды. Би үстінде мән бермегені-мен, одан кейінгі отырыс бойы көзін сары гүлден алмады. Қараған сайын көзін тарта түсетін сиықыры бар сынды. Енді тезірек кеш аяқталып гүлмен бірге өз бөлмесінде оңаша қал-ғысы келіп отырды.

Қонақ үй ішін түн ортасына дейін әуен мен адам дабы-рына ұластырып әрең тарқасты. Бәрі күнделікті жүрісінен ай-нып, кейбірі қабырға жағалап өз бөлмелеріне тарқасты. Роузен баяғыда бөлмесіне кіріп кеткенімен, олардың бүкіл дауыстарын естіп жатты. Сәл бір тыныштықтан соң құлағы-на туфлидің дауысы естілді. Дәл өзінің есігіне келе жатқанын сезіп жатыр. Әлгі аяқ дыбысы есік түбіне келгенде аз дамыл-дады да, есік ашылды. Энибер күлімдеп, аз ашылған есіктің саңылауынан қарады. Капитан орнынан тұрып есікке барған-да, Энибер өзін-өзі жібере салды. Капитанның құшағына сылқ құлағанда, бүгінгі кештің ең бір жайлы тұсына жеткен-дей сезінді. Капитан қолтығынан сүйемелдеп әкеліп, өзі жат-қан төсекке отырғызды.

–  Сен менің әнімді тыңдаған жоқсың! – деп еркелей тіл қатты Энибер.

Төсегіне құлай кеткен әнші мойнынан құшқанда, ка-питан ыңғай бергісі келмегендей, кері тартыншақтай берді. Алайда Энибер өзінің әппақ балтырларымен Роузеннің қо-ңыр тірсегін орай жөнеліп, құшақтары бір-біріне тартыла кетті. Энибердің ыстық еріндері Роузеннің иегінен төмен құ-шырлана сүйіп, жылжи жөнелгенде, капитанға бөлменің қа-раңғы тұсынан Уильямның солғын тартқан жанары қадалып тұрды. Қай уақыттан бері бақылап тұрғаны белгісіз. Капитан оны көрген кезде, үстінде бұлтыңдаған сұлуды мүлдем ұмыт-ты. Уильямның бұрыштағы басына телмірген Роузен, оның жүдеу тартып, көзі шүңірейіп, азып қалғанын байқады. Эниберді үстінен түсіріп, өзі есікке беттеді. Ала көлеңкелі бөлменің есігінің тұтқасына назары бір сәтке тайып, Уильям-ның бас сүйегі жайғасқан орындыққа қайта бұрылғанда, бей-не ғайып боп үлгерген еді. Аң-таң болған Эниберге ләм деместен, есік маңында кідірмей, сыртқа шықты да кетті.

Рестораннан шығып, бөлмесіне гүлін қойып, қайта шығамыз деп келіскен Мейрон мен Кетрин өз бөлмелеріне тарқасты. Мейрон серуендеуге ыңғайлы киімге ауысып, таң-ға дейін жүруді жоспарлап, Кетриннің есігіне қақты. Алайда ұзаққа бөгелген Кетрин тым көңілсіз шықты да, ешқайда зау-қы соқпай тұрғанын айтып, Мейронды есік сыртынан шыға-рып салды. Мұндай күйге өзгеріп шығардай не жағдай болға-нын жігіт қанша ойлап көрсе де, түсіне алмады. Әдемі кештің соңында жағалаудың екі жағында түн құшағында екі жігіттің бірі қыздан қашып, бірі өзін кінәлі сезініп таңды ойдың үстінде атыруға аттанып бара жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келісім

Харбер мырза келер күн алғашында тым ұзақ боп елестеген Дастер орманға бет алған сайын, уақыттың жыл-дам өтіп жатқанын ойлап, іштей қонақтардың келмегенін ті-лейтінді шығарды. Орман қонжығына Чапо деп есім бергелі, ас үйден талай жеміс-жидектер мен тіскебасарларды тасыды. Алғашында үрке қашатын жануар бұл күнде Дастердің қо-лын аңдитын болған. Ұсынған жемісті ала қашып, алысқа ба-рып жейді де, тоймай қалса, қайтадан келіп сұрайды. Онысы-на Дастер шаттана күледі. Бірнеше рет мамық жүнді Чапосы-ның басынан ұстауға бекінгенде, үрке қаша берген соң, үйре-ніскенше уақыт беру керектігін түсінді. Кеше көкөністен са-лат әзірлеп, арасына ұсақтап туралған ет қосып әкелген. Те-ңіз капустасын сүйсіне жеген қонжық арасында еттің бар екенін аңғармаған да болар. Дастер дала жануарын өзіне әбден үйретіп алуға бекінді. Кейде Чапоның қылығына қарап отырып, адам баласының ең алғаш итті қалай үйреткендері жайында ойлайды. Көк балғынға шалқасынан жата қалып, болашақ мақсаттарының ішіне Чапоны да қосады. Ол орман-да жүргенде қонжық та оның төңірегінен шықпайтын болған. Егер жануардың тілі болса, алғаш ет араласқан салат жеген күні құсып, шашалып, орманнан қорқып қашқан сәтін Дастерге айтып күлер ме еді? Өйткені сол сәтте көңілі қалған баладай ренжіп, енді қайтып адам баласының қолынан та-мақтанбайтындай кеткенімен, араға екі күн салып қайта оралды. Ғайып болған күндері бүкіл орманды шарлап таппа-ған Дастер өзінің ісіне өкініп, келерінен күдер үзді ме, әйте-уір, орманға бармауға бел байлаған. Уақытты көңілсіз өтке-руге мәжбүрлеген екі күн, бүкіл жағдайды өзгертіп жіберген-дей болды.

Бірде Дастер шарап қойманың маңында Мейронға кө-мектесіп жатып, орманнан жылт етіп бір көрінген Чапоны байқап қалды. Ісін жайына қалдырып, артынан барды да қон-жығын жолықтырды. Оны құшақтай алмаса да, Дастер ағы-нан жарылып сағынғанын айтып, ренжіткені үшін кешірім сұрай берді. Қонжық сөздерін түсінбесе де, әлдебір қимастық пен сағынышты сезінгендей бақылаумен тұра берді. Дастер-дің қалтасына қайта-қайта қарап, қарны ашқанын білдірді. «Сарқырамаға бар, сонда кездесеміз. Мен қазір сүйікті ал-маңды әкелемін», – деп, қонақ үйге қарай жүгірді. Сөзін ма-құл көргендей қонжық та Дастер ұзағанша соңынан тапжыл-май бақылаумен болды. Ас үйге жүгірген Дастер өзін іздеп келген Чапоның қылығына қуанып, өзін ең бақытты жандай сезінді.

Фермангельдің  мамыражай тынысына сіңісіп үлгер-ген қызметшілердің кейбірінің демдерінің ішкі ырғағы күр-делі өзгеріске ұшыраған. Ол өзгерісті ешкім аралдан көрмей-ді. Өйткені бұл кейбір әрекеттерінің нәтижесінен тапқан әбі-герлері еді. Оның бірі – жұртпен мүлдем сөй-леспеуге бел байлаған Роузен. Басына түскен ессіздікті қалай түсінерін білмей дал болды. Әлде өткелден ояу өткені үшін бе, әлде Энибердің құшағына оранған сәт үшін бе? Сол бір Уильям көрініп, әнші әйелден қашып шыққан кеште бәрі өзгерді. Ар-тынан ілескен елестің қандай мақсаты бар екенін неше күн-нен бері түсіне алмады. Не қорқытуға, не ғайып болуға ты-рыспайын сарбаздың басы үнсіз соңынан ере беретінді шы-ғарды. Капитан әлдебір есінен адасқан жандар секілді емес, өзін тым байыпты ұстайды. Не себепті бұлай болғанын ойла-нумен ғана жүр. Уильямның кегі қалған әлгі адамның атын есіне түсіре алмағанына ғана өзін кінәлі сезінеді. Әйтпесе ту-ған баласы да емес, тек қайсар мінезі мен табандылығының арқасында көзге түскен жігіт еді. Елесті былай қойғанда, Энибердің әуре-сарсаңға салған қылығынан қажыды. Сол түні өзінің бөлмесіне қонып шыққан әйел, тым көп жақын-дап, артық сұрақтарымен мазасын алған соң: «Қатындарға құмар емеспін, менің қасымнан қараңды батыр», – деп, бір-жола теріс бұрылған. Содан бері қасына жоламақ түгілі, көзі-не де сирек көрінетін болды. Роузен өзінің қаталдығын іштей мойындайды. Алайда одан кешірім сұрап, етегіне жол аша-йын деген ниеті жоқ еді. «Уильям, аманат еткен тапанша әлі өзімде жүргенімен, әлгі адамыңның атын ұмыттым. Мүмкін, ешқашан атылмауға тиіс шығар. Оның аты есіме түскенше, бұл оқ адам тұрмақ, ауаға да кезелмейтін болады. Бұлай серт беріп отырғанымның себебін жақсы білесің ғой. Менің де со-ғысты су қаным сүймейді», – деп, бөлмесінде телмірген елес-ке сырын айтқан. Алайда Уильям сол қалпында мелшиіп тұра берді. Әңгіменің бәрін тапаншаға тірей беретінінен өзі қажы-са да, ол елеспен басқа ешқандай байланысы жоқ еді. Сон-дықтан сырын білуге жалғыз амалы – сол. Оянса да, тамақ ішсе де, сыртта жүрсе де қасынан бір елі алыстамаған жансыз бейнеге бұл күнде бойы үйреніп қалды. Уильямнан аралдың қай бұрышына барса да, жасырына алмағанымен, өзінің сы-рын жасыруды білді. Кейде түнімен көз ілмей жатса да, қа-раңғы бұрышта телмірген елеске тіс жармай жатып, таң аты-ратын. Оның қасында жүргенінен бұрын жансыздығына ашуланатын болды. Өйткені адам тарихындағы елес атаулы әлдебір қуанышың мен қайғыңа қандай да бір жолмен жауап қатып, өзінің елес екенінен хабар беруші еді. Ал Уильямның басы қапаланса да, ызаланса да қалт етпей тұра береді. Капи-тан бүгін кешкі астан соң, бөлмесіне ашулы кірді. Алақандай жатын орнынан құдды бір он күн бойы ұйықтап бүгін шық-қандай болды. Жұрттың бет-бетімен кеткені, Гариздің байла-ныс құрылғысын жасай алмай әлі жүргені,  Дастердің орман қонжығына ет бердім деп мақтанғаны, Энибердің қайтадан келіп мойнына асылғанына бейқам қарай алмады. Өзінің ма-ғынасыз өткен күндеріне кімді кінәларын білмеді. Қасында тұрған жігітке: «Саған керегі аманатыңды орындауым шы-ғар. Жарайды, елге оралып, ол адамыңды қайтсем де таба-мын. Егер өлі болса, көріне атып, құтылармын», – дегенде, Уильямның елес жүзінен әлдебір өзгерісті байқады. Күліп тұр ма, әлде мұңайып тұр ма – түсініксіз. Капитан одан кейін ағынан жарылып, ішкі дүниесін қанша ақтарып төксе де, елес сол самарқау жүзге ауысты. Анық ұғынып үлгермеген жүзін-дегі құбылысты көру үшін қолынан келгенін істеп бақты. Тіпті тапаншаны өзінің шекесіне кезеген кезде де, тым сал-қын тұра берген елестің әрекетінен түйгені жалғыз ғана ама-натын орындау еді. Мақсаты айқындалып, Харбер мырза ке--лісімен, Берн-Тайнға аттануға құрғақ елеспен анттасты және оны орындайтынына кәміл сенімді болды. Сол келісімнен ке-йін, Роузенді Фермангельдің тіршілігі мүлдем қызықтырма-ды. Алайда Уильям қыр соңынан күндіз-түні жүруді доғар-ған жоқ.

Өз айнасы өзінің жауына айналғандай Энибер келбе-тіне қарап біраз тұрған соң, итеріп жіберіп күлдей шашып тү-сірді. Бірнеше рет сұрыптаудан өткізіп әкелген көйлектерінің ұсқыны жоғалып, жалаңаштың үстіне жаба салған сәнсіз шү-беректей көрінді. Өзіне өзінің көңілі толмай, күн өткен сайын іштей құлазып барады. Алғаш келгендегі әншінің мұрнын шүйіре өте шығатын тік мінезді тәкаппарлығы бойынан сар-қыла бастады. Оңаша қалса да, ұйықтаса да түсіне бұрынғы қашып құтылған естеліктері кіреді. Ес-түссіз әркімнің қой-нында жататын сәттер ойына түскен сайын, ешқашан ескер-меген тұстарын сезінеді. Атақ пен биік мансапты көздеген мақсаты ол кездегі оқиғаларға жиіркенішті сипат беріп, тек қана ұмыттыруға негіздеген сыңайлы. Еркек құшағындағы ыстықтың рахатына ынтызарлығы арта бастаған соң ба, әйте-уір сол кезді қайта өткергісі келетіндей. Капитан Роузенді қанша жағаласа да, оның құшағында балқуға орай табылма-ды. Ол алыстаған сайын, Энибер ішкі арпалысынан шатаса берді. Одан басқаларды орап әкетуге қанша рет тәуекел еткісі келді. Алайда мұндағы капитаннан бөлек кез келген еркекті елестете бастаса болды, суынып шығады. Жаны қалаған ән-шіліктің айқын жолын тәннің құмары тұмшалай берген соң, өз-өзімен іштей күресті бастады. Бойын кернеген мазасыз күйден арылу үшін, әрбір кешкі астан соң, әуендететін бол-ды. Әр шырқалған әнінің соңынан жеңілдеп сала беретін. Со-ңына дейін тыңдайтын қызметшілер қазір жалықты ма, әйте-уір бір-бірден қарасын батырып, ас үйде қалдырып кете бер-ді. Жалғыз қалған сәттер екі есе қиынға соқты. Ән құдіреті-нің күшін түсінбеген қызметші қауымға іштей налыды. Бос отырғаннан іші пысып, ас үйге кіріп, Тоняға көмектеспекші ниеті болғанымен, жарытып іс қыла алмады. Өзін ешкімге керексіз жандай сезініп,  әрбір кеште есігінен сығалайтын мұңның жетегіне еруге әзер қалған. Фермангельдің ауа райы құбылды ма, әйтеуір Энибер үшін түннің бәрі тымырсыққа айналып, ұйқысы бұзыла берді. Тәнін тырнаған құмарлық жылдар бойы жиған абырой атты кебінін шытынатқан шақта, есіне Роузеннің бөлмесінде аяқсыз қалған жұмысты оралта берді. Сол бір түннің аңсатқан ыстық иісінің түйінін тарқат-са, бүкіл мәселесі шешілетіндей болып, Роузенмен келісім жасауды ұйғарды. Сырын ақтарып, жай-күйін айту үшін оңа-шада жолыққанында, капитан қатаң даусына салып қатын-дарға құмар еместігін кесіп айтты да жөніне кетті. Содан бері денесін ащы терге шылқытқан әрбір түн Энибердің асқақ ар-мандарын шірітіп, күн өткен сайын қысып, жұтылуға итер-мелеп жатқанынан басқалар мүлдем бейхабар еді.

Талай кештерде айтылған Энибердің әнінің әсем ыр-ғағы әсерліндіріп қана қоймай, Кетрин мен Мейронның ара-сына нәзік жол болып төселген еді. Сол жолдың үстімен еке-уі жүріп өтіп, жағалаудың әсем көріністеріне көз тастап, та-лай таңды атырды. Әрине, Мейрон мұндай әуезді күндерге оңайлықпен жеткен жоқ. Кетриннің жүрегінен орын алу үшін ол көптеген қағидаларынан бас тартты. Ғұмыр бойы ха-лықтың ерекшелігі болып, болмысына сіңген Фол-Прайздық дөрекіліктің таңбасын сындырып, жұмсақ жанға айналып шыға келді. Мейронның осы уақытқа дейін түсіне алмай жүрген дүниесінің сыры бүгін белгілі болмақ. Күлімсіреп жүретін қыздың гүлді ұсынған түннен кейін күрт құбылып, есігін тарс бекіткен қылығын түсіне алмаған. Бұл сәттің маза бермей қойған себебі, әрбір түнде қыз оңаша қалуды өтінеді де, таңертең түк болмағандай таңғы аста отырады. Соңғы кездері түс ауа оянатын Кетриннің қылығы Мейронды бей-жай қалдырмады. Бәріне себепкер әлгі гүл болуы мүмкін де-ген күмәнді оймен жүріп, аралдың қуыс-қуысына дейін біле-тін капитаннан кеңес сұрауды ұйғарған. Алайда Роузен бала-ға ұрысқандай бетін қайтарғаннан кейін, бұл жағдайдың сы-рын Кетриннен ғана білуге тура келді. Ақыры екеуі оңаша қалса болды, әңгіменің ұшын сол кездегі қылығына тірей бе-ріп, Кетриннің бүгін айтамын деген уәдесін алды.

Фермангельдің шырайлы күні Хоссеге жаққаны сон-шалықты, бұрын-соңды білмеген ішкі қиялдары тіріліп, сана-сына жайлылық сыйлай бастады. Қанша ойланса да, ешқа-шан армандап көрмегеніне қазір таңданады. Баяғы баспаның жертөлесіндегі басшы болуды аңсатқан ескі арманына мырс етіп күлді. Осынша сенімге ие бола бастағанына аралдың се-бебі бар ма, әлде құпия күнделігінің күші әсер етті ме, өзі де біле алмады. Роузеннің мұнда уақытша болса да, басшы де-ген аты бар. Алайда солай бола тұра, айналдырған он адамды игере алмай жүргеніне іштей күлкісі келді. «Егер оның ор-нында мен болсам...» деп ойланып, езуіне күлкі үйірілді. Ка-питан назарынан тыс қала берген әрбір олқылықты көріп қойғыш қабілеті барына сеніп, тәп-тәуір бастық болар еді деп түйді. Бәрін алақанымда ұстап, осы уақытқа дейін бүкіл тір-лікті сақадай-сай етіп қоятынын да ойлады. Расында, әрбірі-нің істеген тірліктерін күнделігіне жазып жүріп, олардың өз-гелер байқай бермейтін қырларын таныған еді. Кімнің нені қалайтынын дәл айтып бере алатынына сенімі күн өткен са-йын күшейді. Бұл ойы өмір сүруге, мансап қууға жігерлен-діргенімен, соның бәрін әп-сәтте будай ұшырып жібере сала-тын капитанға іштей жыны келетін болды. Роузеннің зілді көзқарасының алдында өзінің ішкі болмысы шашылып қала-тынына іштей көзі жетсе де, мойындағысы келмейді. Мұндай қабілетінің барын көршісі Һанна да бұның байқампаздығына таңғалатынын айтып қалған еді. Оңашада ойланып жүріп, өзінің ерекшелігін сынап көру үшін қандай да бір әрекеттер жасауы керектігін түсінді. Алайда бірнеше күннен бері ондай айрықша әрекетті қалай орындау керектігін ойлап басы қат-ты. Үнемі мақсатын айқындауы үшін толуға шақ қалған күн-делігін оқып, әркімді тану әдісімен ұзақ отырады. Соңғы рет арнайы отырып капитанның дәптердегі образын қайта қарап шыққанда, мұндағылардың ешбірі үш ойланса да ойларына кірмейтін  бөтен қырын түсінгендей болды. Сонау келген күннен бергі тізіліп жазылған әрекеттерін бәрін саралап оқып шыққанда, өз ойынан шошып кетті. Ұзақ ойланып, өзі-нің капитан жайындағы жаңа көзқарасымен келісім жасасты да, сағат тілі түнгі төртке тіреліп тұрғанын ескерместен, қа-раңғы дәліз ішіндегі есіктердің бірін қағуға сенімді қадам жа-сап бара жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы туристер

Фермангельдің таңы атысымен, қонақ үй маңындағы қызу тіршілік басталды. Әркім өз ісіне бел сыбана кіріскен. Дәл есік алдынан жағалауға дейін созылған тақтай еденнің құмын Хоссе таң атқалы бес рет сыпырып шықты. Харбер мырзаның көңілінен шығу үшін кеш батқанға дейін талмай сыпыруға бел байлаған. Үнемі Энибердің көзіне түсе беретін еден қуыстарының арасындағы құм түйіршіктері бүгін ит жа-лағандай таза. Ал Һанна еденді мұқият жуған соң, әрбір бұ-рыштағы заттарды орнынан қозғап, шаң атаулыны түгелдей сүртуге кірісіп кеткен. Тоня мен Дастер ұзын-сонар мәзірдің тізімін жазып алып, біртіндеп даярлауға кірісті. Олардың мұнша асығуларының себебі – қонақтар қай уақытта келетіні белгісіз. Хабарласу мүкіндігі жоқ болған соң, таңнан бері ты-нымсыз дайындалуда. Қол қусырып жүрген Жаспер қанбаған ұйқысын ойлаған сайын, Гариздің телефон тартқышты жасай алмағаны үшін бір боқтап алады. Амал нешік, ел қимылдап жүргенде бос жатуға ыңғайсызданып, әркімнің қасына ба-рып, әрдеңені түртпектеп жүр. Оның көмегін қажет етер бұл маңда ешкім жоқ екенін білген соң, Мейронды іздеді. Ал ол өзінің шарап қоймасына қамалып алып, күнделікті тірлігін тындыруда еді. Жаспер «Мейронды көрмедіңдер ме?» деген жалғыз сұрағын бүкіл қызметшілерге қойып шықты. Бәрінің жауабы – «Орманда» деген жалғыз сөз. Діңкесі құрыған Жасперге бүгін Тоня мен Буба бір тамшы да шарап бұйырт-пады. Керісінше, сүтке алма шырынын араластырып беріп, кішкентай баланың қарнын тоқтағандай, ас үйден асығыс қу-ып шықты. Содан бері таңнан тентіреген жан болса, бір өзі ғана.

Жағалауда жүрген Роузен сыртынан қарағанда ермек қуған адамдай көрінеді.  Алайда ол қонақтар кемесін тұраққа қояр айлақтың орнын белгілеп жүр. Харбер мырза айтқандай жиырма адам келер болса, қайықтары үлкен болмасы анық. Сондықтан тастақты жағалауға апарудың қажеті жоқ. Өйткені одан бері жүретін кедірлі тастақ жол жолаушылар-дың мазасын алуы мүмкін. Өзі тұрған жердің жағалауы тере-ңірек болғандықтан қызыл лентамен қайық мамағашын осы маңнан қақты. Мұхит тыныштығы  капитанның көңіліне алаң туғызды. Бүгін күн сәулесі шыныдай көк айнаның бетіне жалпақ жайылып, майда тербеліске ауысқан. Алыстан буыр-қанып басталатын толқынның қарасы да көрінбейді. Бір сыр-ды ішіне бүгіп, теріс қарап жатқан әйелдей жұмбақ әрі суық.

Түс ауып, күн қызуы құмға сіңе бастағанда, Мейрон қоймадан шықты. Шарап шырынының иісі үстінен мүңкіген оның қабағы қатулы еді. Маңдайына шырыш болып жа-бысқан ащы терді жалаң білегімен сүртті де, жағалауға тарт-ты. Мейронның бұлай қабағы ашылмай жүргеніне бірнеше күн болды. Даудың басы Кетринге сыйлаған гүлдің қураған түнінен басталды. Ең алғашқы Энибердің ән салған кешінен соң, Кетрин  ұсынылған гүлді өзінің бөлмесіне қойған. Түн-нің терезеден үрлеген әлсіз самалына арласып, гүл түнімен жұпар аңқытқан. Бөлменің ішіне бал арасы аңсаған жұмсақ иіс сіңіп, Кетриннің жатын төсегіне балғын жұпар шашқан-ды. Содан бері нәзік әрі әлсіз хош иісті иіскеу үшін, Кетрин бөлмесінен шығуды қойған.  Гүл таң бозарып атқанда қауы-зын бүркеніп, жұпарын жабатынын білген соң, кейбір түн-дерді жалғыз өзі ұйқысыз өткізді. Бірде Мейрон екеуі кешкі самалмен жартасты жағалаудың үстіне барып, күннің батуын қарап отырғанда Кетрин: «Үнемі ешкім жоқ жерге кетіп қал-сам ғой деп тілеуші едім. Енді сол ойыма өкініп отырмын. Егер қасымда сен де, басқалары да жоқ болса, жалғыздықтан зарығып өлгендей екенмін», – деп өзіне жымия қараған. Сол сөзін Мейронды алдап айтты ма, әлде қателесті ме, гүл қауы-зын жарған түннен бастап жалғыздыққа жаны әуестеніп ал-ды. Тіпті сондай кереметтің сыйлаушысы болса да, Мейрон-ды жатын бөлмесіне кіргізбейтін болды. Әдемі әрі балғын гүлді Кетринге лайық деген оймен сыйлағаны, өзіне артық қиындықтар тудырды. Алайда бірнеше күн өткен соң, Кетрин жұпарды жалғыз жұтқанына іштей ыңғайсызданып, Мейронды бөлмесіне кіргізген. Қауызы құлай ашылған гүл-ден шыққан иіс, есіктен кіріп келген Мейронның танауына жетіп, естен танардай тамсанды. Жұпардан жұтынып, есеңгі-реп біраз отырған соң, Мейронның ешкім тауып білмес жеке ойларының тиегі тарқатылды. Көңіл түбіндегі қайранға айна-лып қата бастаған балалықтан қалған таза ойларын сапырып, Кетринмен алғаш жанын ашып сырласты. Балғындық пен жұпарға көңілдің тазалығы араласқанда екеуінің төсегі бөлініп ұшып, басқа бір адам баласы басып көрмеген кере-меттің биігіне көтеріліп, өзгелерден бөгделенгендей сезімге бөленді. Сезімнің құштарлығы құшақтарына оранып, сол тү-ні Кетриннің ақ жидесінің түймелері еріп түскен еді. Екі тән-нен бұрқырап шыққан ыстық пен демнің буы толастап-толастап гүл қауызының сыртына жанасқанда, нәзік қауыз-дары діріл қаққандай әлсіз қозғалып еді. Алайда тәтті сәттің тамшысын сорғытқан екі ғашық сол бір ұлпа төсектен таң ат-қанда бір-ақ оянды. Шұғыла шапақ атқанда қос ғашық көзін ашып, бөлме ішіндегі қараңғы тіршілік көз жұмған еді. Тере-зе алдында тұрған сары қауыздың жапырақтары жерге құлап, сабағы солып, қауыз ұлпасы шіріп түсті. Жұпардың пәк иісін сыйлаған гүлді құрбан еткен сол түнге Кетрин қарғыс айтты. Бөлменің есігі ішінен тарс бекітілгенде, Мейрон «гүлді қайт-сем де, табамын»  деп серт кесті. Алайда одан бері орманның ішін түгел шарлап, Эльваның жарты белін үш айналып шық-са да, сары гүлді таба алған жоқ. Күн-түні, ойқыш қияны шарлағанын көрген капитан бұндай гүлдің енді өспейтіндігін қанша айтса да, Мейронның сенгісі келген жоқ. Бүгінгі күнді тезірек өткізіп, ертең Харберге ескертіп таң атысымен Эльва-ның батыс бөлігіне сапар шекпекші. 

Күн иықтан төмен ауғанда шаруалар бітіп үлгерген еді. Тек ет тағамдары қазанда бұрқырап кешкі қонағын күту-де. Бардың үстелін он қайтара сүрткен Буба өз ісіне күмән келтірмей, сенімді шықты. Есік алдында отырған Гариздің қасына келіп жайғасты. Алайда Гариздің уайымы әріптеспен әңгіме-дүкен құрайтындай шама берер емес. Қанша жынды дегенмен, Жаспердің өзін сыбайтындай жөні бар деп ойлады. Өзіне сеніп тапсырылған жұмысты жиырма күннің ішінде ат-қара алмағанына ренжіп тұр. Харбер мырза келіп қолын ал-ған сәтте ең маңызды нәрсені сұрайтыны түсінікті. «Миым жетпеді» деп жауап беруге тағы ыңғайсыз. Радиоқабылда-ғышты ойлап тұрып:

– Сірә, менің қызметім аяқталатын сыңайлы, – деді са-лы суға кетіп.

– Сен мансапқа қызығатын жастан өтпеп пе едің?

– Абыройдың барында өзің сұранып кеткен әлдеқайда жақсы.

– Жарайды енді. Харбер мырза амалын табар. Сен кет-сең, жарықсыз қаламыз ғой, – деп Буба көңіліне медет болғы-сы келді.

– Оны кішкентай балаға үйретсең де, қағып алады. Байланыстың бұл күнге дейін болмауы маған сын. Сенімге сызат түсті дегенше, шаруаң бітті дей бер.

– Егер саған зекитін болса, Жаспер кінәлі деп айта-мын. Расымен сол ғой құрылғыңды қиратқан. Зияны саған ға-на емес, мына жүргендердің бәріне тиді. Тіпті менің неше бө-телкемді сындырды. Құдай сол маскүнеммен жолықтырма-сын деп күнде тілейтін жағдайға жеттім.

– Жаспердің жүргені – құдайдың саған жаны ашы-ғаны!

– Қайдағыны айтпа!

– Онсыз сен байғұс құсадан өлетін едің ғой. Басқа тұ-тынушың бар ма?

– Ондай клиентіңнен садаға кетейін. Бір шөлмектің аузы ашылса, кешке дейін мылжыңдайды да отырады.

– Жасперге өзім рақмет айтамын. Рақмет болғанда да, дәл сенің тұтынушың болғанына. Әйтпесе үстелдың шаңын сүрте беріп, ағашын жұқартып бітірер едің. Қайта қазір со-ның сындырған бөтелкелерін жинап, ермек етіп жүрсің.

– Оттаған екенсің! Үлкен болсаң да, айтайын. Мен се-нің мазағың емеспін!

Бұлқан-талқан болған Буба ішке ашулана кіріп бара жатып, Гаризге тағы бір зекіді

– Айтпақшы, ойланып қалдым. Егер кешке Харбер мырза сен жайында сұрар болса, қолыңнан түк келмейтінін ескертемін. Айтпады деме!

Бубаның қылығына күлген Гариздің ойы сәл де болса сергіді. Жағалауға қарап отырып, өте шыққан жиырма күнде не бітіргенін ойлады. Өз-өзіне есеп берер болса, шынымен бұл жердегі нағыз бос жүрген адам өзі болып шыға келер еді. Мұның жанында ішімдікпен болса да, әр күнін бір қызыққа толтырып жүрген Жаспер бақытты шығар. Өзі күйген тоқтың күлімсі иісіне таң атқаннан тұншығып, сол бөлмеде бүктеліп ұйықтауды ғана білді-ау. Жастардың өзгергені ме, әлде өзге жерді жатсынғаны ма, ешкіммен отырып әңгіме-дүкен құра алмағанына іші ашыды. Өз-өзіне мырс етіп күліп, әдетінше бөлмесіне қисаюға кетті. Мырс еткізген ойы Фермангель ту-ралы еді: «Ойпырмай, адам қай жерде де, адам-ау, ә?»  Қайт-сін, оған аралдың кінәсі жоқ. Жастар секілді, ең болмағанда, орманға шығып аралаған жоқ. Азаннан кешке дейін көргені – терезе алдындағы жағалау. Ондай жағалауды құмы ғана өз-геше демесең, туғанынан көріп, қартайған жоқ па? Өзі қайда-ғы бір құрылғыны сылтауратып, көңілінің жоқтығын соны-мен байланыстырып алған. Алайда неше күннен бері таңғы асқа көңілді келіп, ас үйден жүні жығылып шығып жүргенін өзі де біледі. Жағдайын тіке сұрамаса да, өзінің сырын Тоня-мен байланыстырып алғандай. Тоняның көңілі түсіп жүрген-нен бері, Гариз оның шаттанар күнін сарыла күтіп жүр. Тіпті неден мұңайғанын білмесе де, оның көңіл-күйі бұзыл-мағанын шын көңілімен қалайды. Бойындағы бұрын тұ-танбаған күйеулік мейірімінің ескірген жібі Тоняның епті қолдарына көзі түскен сәтте байланған сыңайлы. Әрбір дас-тархан басына отырған сайын, тағамды әр адамға асықпай әрі еппен құйғанына Гариз байқамай көп қадалып қояды. Бірақ мейірім сезімінің жібі жастардікіндей қанды қыздырып, ес-сіздікке жылдам апарып соғатын тасқынсыз келіп, аспазшы-ның ішкі мұңына жиналған көлшікке түсіп, баяу дымқылдан-ған жіптей бүкіл сезімді бойына тартатындай. Энибердің ке-шіндегі Тонямен билеген сәтінен бері, «Тағамың тұзсыз бо-лыпты», «Маған көп салып, жарылып өлсін дедің бе?» сынды әзілдерін айтпайтын болды. Қылжақтағысы келсе де, әзілі ті-лінің ұшына жеткенде ауырлап, тілін кері тартады да тұрады. Діңкесі құрып, кейде қысылғанын «Ойпырмай, осындайда болады екен-ау» деп іштей мырс етумен шектеледі. 

Мұхиттың арғы бетіне күн қызара жастанды. Алайда толасты судың бетімен күннің шұғыласы созылып жеткені болмаса, көк айдынның үстінде қайық сұлбасы көрінбеді. Күткеннен асқан жаманның жоқтығын білетін бұлар, тө-зімдерін төсеп үнсіз кешкі астарын ішіп алды. Бұл жолы әдеттегідей жұрт түгел келмеді. Кетрин мен Жаспердің орны бос болғанына алаңдағандар бар. Ал Энибер мен Роузеннің үстелінің бос қалатынына көпшілік үйреніскен. Энибердің бірге отырмауының жалғыз себебі, әдеттегідей өз бөлмесінде бет-әлпетін немесе тырнағын әрлеумен алысып отырғанын біледі. Бүгінгі жүрісін көргендер тіптен оның қайда жүргенін сұраудың өзі мағынасыз дейтін шығар. Өйткені жұртшылық қонақ күтумен айналысып болса, ол қонақ өзін қалай қабыл-дау керек деген оймен алысты. Күні бойы ақ көйлек, қара көйлектерін тасумен жанталасты. Айтса айтқандай-ақ, Энибер күндіз айна алдында тұрып, ішім шықты деп шошып, туристер келгенше тамақ ішпеуге тас бекінген.

Бұрын-соңды басшының шешімін қажет етпеген қыз-метшілер қас қарайған сайын, не істерлерін білмей абдырай бастады. Ас үйде отыз адамға арналған салтанатты дастархан дайын тұр. Хоссе мен Һанна бүкіл безендіретін үйдек-түй-дектерін сақадай сай етіп қойды. Гариз бұрын-соңды жағыл-маған жарық шамдардың бәрін реттеп, жарқ еткізер түйменің алдында тағаты таусылып жүр. Буба барменнің алжапқышын үтіктеп, қолына майлығын алып, кіріп-шығумен мазасыздан-ды. Мейрон екі бөшке шарабын әкеліп тоңазытқышқа қой-ған. Жаспердің өзі дөңбекшіп, төсегінде жата алмай, қонақ үй алдында арлы-берлі бос сенделді. Дастер мен Кетрин қо-нақ отыратын ресторанның ішін үнсіз реттеп жүре берді. Бәрі дайын болса да, баслығы асқан ұқыптылықпен жасалса да, өз көңілдерін аулау үшін қайта шашып жинағылары келіп, қолдарын бос қойғысы келмеді. Қызметшілердің бәрі Харбердің жолын тосып жүргендерін білдіргілері келмесе де, жағалауда жүрген капитанға жиі қарайлайды. Бір ғана сөзі көңілдеріне медеу болып, бос сенделудің себебін тауып бере-тіндей әлдебір бұйрық немесе жұбаныш сөз күтіп-ақ жүр. Алайда мұнша кешіккеннің себебін түсіне алмай ойша сан алуан жорамалдар жасап көрген капитанның жағдайы оларға бір ауыз сөз айтуға келмей тұр. Жағалаудан кетпей, қара тұң-ғиыққа телміргені басқаларға қорқыныш ұялататынын білсе де, өзінің көңілі күпті болған соң, өзгенің жайын ойлағысы келмеді. Оңаша қалған сәтінде қасында жүретін Уильям бү-гіндікке көрінбеді. «Қараөткелдегі әлдебір өзгеріс себепкер ме?» деген күмәнді ойға бой алдыра бастады. Уильямның бейнесін бұрын жиі көргендіктен Роузеннің бойы үйреніп, тіпті көп қарайлап қоюшы еді. Елеске де бауыр баса беретін, адамның көңілі қандай иілгіш еді. Жоғалғанына әзірге не қуанарын, не мұңаярын білмей, жағалау жақта өзін-өзі ал-дандырумен жүр. «Жел басталса болар еді» деп, капитан қо-нақ үйге қарай беттеді.

Жұртшылық ас үйге жиналғанда, Кетрин әдетінше бөлмесіне келіп қамалды. Біраз күннен бері тағамға зауқы соқпағандықтан, жақ терісі әлсін тартыла бастаған. Сары гүлдің хош иісі бөлмесінен ұшқалы бір аптадай уақыт өтті. Содан бері күн өткен сайын Кетрин түн ортасында оянып алады. Алғашында өзі ұйқысыздық деп ойлап, таңға дейін көз ілмей жатушы еді. Уақыт өткен сайын гүлдің жұпарын аңсайтын болды. Аңқыған тәтті иісті қайта сезуден айырған сол бір түн үшін өкініп, жылап та алады. Өмір бойына қанша қымбат мейманханаларда қызмет жасаса да, небір бай әйел-дердің әтір суының иісін сезсе де, ең болмағанда біреуінің де сары гүлдің жұпарындай еліктіргіш қуаты болмапты. Бөлме-сінде аз дөңбекшіп жатқан соң, терезені тарс бекітті де, тез ұйықтау үшін көзін жұмып жатып алды. Сарғылтым жаялық-қа оранып, ұлпа төсекке тәнін көмген қыздың құба жүзі тәтті ұйқыға кеткен бейқам сұлудай көрінгенімен, көзін жапқан қабақтары амалсыз жұмылған кішкентай баланың қабағын-дай нәзік діріл қағады. Бейне бір түннің өзін алдап өтіп, тарс жұмылған көздермен тыныш ұйқының еншілесі екенін дә-лелдегісі келген ойын бала-сының қылығындай шарасыз-дықтың іздері жатты.

Қызметшілер ас үйде уақыт өлтіру үшін жиналып, Дастердің балық ойынын ойнап отырды. Кезек Мейронға келгенде ол зауқы жоқтығын айтып, келесі адамға өткізді. Хоссе ұяла қызара, жейдесінің жеңін түріп, ыдысқа қол сала бергенде, есіктен Жаспер кіріп келді:

– Мен де ойнаймын. Дастер бастық, мені қабылда.

Оның дөрекілігіне шамданған Буба:

– Кезегің келген жоқ! – деп қабақ түйді.

Жаспер сәл кідіріп, білегін сыбанған Хоссені көрді де, дәл желкесіне барып иығынан батыра қысып:

– Маған берді! – деді барлығына естірте айғайлап.

Сасқалақтаған Хоссе ләм демей, басын изей берді.

– Ойын шарты шындық? Ендеше, тыңдаңдар! – деп, Жаспер ортадағы ыдысқа қолын салмастан Бубаның қасына жайғасып, әңгімесін бастады:

– Сендер – қызметшілер, менің кім екенімді білмей жүрсіңдер! Айырмашылығымыз неде, білесіңдер ме? Ақша үшін бәріне дайынсыңдар. Тіпті Кэмпидондағы жезөкшелер өздерінің өмірлерінің құнын біледі. Оларға миллион төлей-мін десе де, қарғыс атқыр аралға келмес еді. Жарайды, ол бір шындық па? Екінші шындық, менің сүйегім осы аралда шіри-тін болады. Өйткені мына есерсоқ есімді аударатын шарап-тан дәм таттырды, – көңілсіз отырған Мейронға қарады. –  Құдай ақы, сенің осы аралда менің қасымда бірге өлгеніңді тілеймін. Осыдан қашатын болсаң, құрып кеткір қоймаңды көрсететін бол. Айтайын ба, сенің сорлылығың неде? Адамға жерде жоқ құдіретті ұсындың. Қалай қолыңнан келеді? Өне-рің табынамын.. Айтшы тағы, қандай құдіретің бар? Ал әлгі қызды қандай дәміңмен уладың?

Жұрттың бәрі оның жағасынан алып, олқы-солқысын шығаруға дайын-ақ отыр. Жаспер орнынан тұрды да:

– Айтпақшы, тек қана Мейрон емес, бәрің сондай сор-лысыңдар. Өйткені менің сөздерім құрып кеткір балықтарды жандыра алмайды деп ойлап отырсыңдар? – деп, қолын ыдысқа сала қойғанда ішіндегі шабақ балықтар жылтырай бастады. – Ақымақтар! – деп, Жаспер ортадан шығып бара жатқанда ашуға мінген Мейрон балық салған ыдыспен  басы-нан ұрып, дәл асқазан тұсынан солқылдатып жіберді. Бүкте-ле түскен Жаспер ыдыстан еденге шашылып түскен шабақ-тардың енді ғана өлгендерін көріп, қарқылдап кеп күлді. Жаспердің күлкісінің соңынан ілескен зілді дыбыс бұл сәтте Тоняның жүрегін тесіп өтті. Айғайлап күліп жатқан денені одан әрі тепкілеп, ас үйден тұмсығынан қанын сорғылата сүйреп бара жатқан Мейронның ішін оттай күйдірген сөзі оны нағыз есуасқа айналдырды. Жасперді дәліз бойына ке-рексіз қоқыстай тастай салып, жоғарғы қабаттағы Кетриннің есігінің алдына жетіп келіп тоқтады. Өзі берген уды қайтару-ға тағы да у іздеп таппағаны үшін шала өлікке айналған ке-йіпте жүрді. Ессіздіктің арыны басылмастан, Кетриннің есі-гін қақты. Алайда қыздан жауап түгілі, қозғалыстың дыбысы естілмеген соң, өз бөлмесіне беттеді.

Қызметшілер өздерін қанша алдандырып, көз ілмей таң атырса да, Харберлер келмеді. Қонақ үйдің іші бұрынғы қуаныш пен қызықты сәттерден тиылып, меңіреу күйге ауыс-ты. Бәлкім, әйелдер қауымы іштей үрейге бой алдыртқан бо-лар, алайда Роузеннің сөзінен кейін сабырға келгендей бол-ды.

– Біз қара өткел ашылғаннан соң, бір апта жағалауда толқын шулап тұрғанын көргенбіз. Алайда келгелі ондай құ-былыс байқамадым. Тіпті кеше мұхит жуас жатты. Бүгін таң-ға жуық қана, толқын жуандағанын байқадым. Демек, олар әлі жолда, – деп қорытындылады капитан.

Таңғы астан соң кешегі дайындаған түрлі бәліштер мен ет тағамдарының бәрін әйелдер тоңазытқышқа салып реттеумен болды. Мұнша тамақтың рәсуа болғанына Тоня-ның іші ашыды. Егер бір-екі күнде келмесе, мұның бәрі босқа бұзылмай тұрғанда, өздері жеп тауысуы керек. Тоня басқа-ларға қарағанда, капитанның сөзіне имандай сенді. Ол сенім-нің негізгі тірегіне айналғаны – Харбер мырзаны жақсы танығанынан. Тоня білетін Харбер ешқашан екі айтқан емес. Әзірге сонша алаңдайтындай ештеңе жоқ еді. Араларында Дастер көмектесіп жүріп, әртүрлі еттер мен нандардан қалта-сына жымқырып жүрді. Екі күннен бері ормандағы досына баруына мұршасы келмей қалған еді. Түске дейін жылдам кө-мектесіп, сол жаққа тайып тұрмақшы. Әркім өз басын ойлай бастағаннан Мейронның таң-нан көрінбегеніне ешқайсысы мән бермеді. Бұлар таңғы астан тұрғанша, Мейрон бірталай жерге жетіп үлгерген еді.

Мейрон түнді ұйқысыз өткізіп, ұзақ сапарға да-йындалды. Оның шешімін берік еткен, кешегі Жаспердің сөзі еді. Расында, сандырақтап сөйлесе де, көкей түбінен шығару-ға батылы жетпей жүрген ойын бір-ақ аша салғаны ауыр тиді. Сондықтан таңертең қорылдап, аузынан суы ағып жатқан Жасперді оятып, өзімен ертті де тура қой-масына тартты. Ештеңені түсіндірген де жоқ, тек қоймаға кірген соң ғана. «Ақыры, осында өлгің келсе, рақатқа батып өлгенің дұрыс», – деп, шарап бөшкелерінің ортасында қалдырып, өзі орман арасына сіңіп жоқ болды.

Ел тірлікке кіріскенде, Һанна әлденені бүлдірген кінә-лі қылмыскердей дәлізді шолып өтіп, Хоссенің есігін қақты. Әншейінде жымиып қана жүретін әйелдің сұрланған түріне қарап, Хоссенің де есі шығып кетті. Дереу бөлмесіне кіргізе қойды да, есікті жапты. Оның жатын бөлмесі ешқашан адам кірмегендей жинақы тұратын. Төсегінің де қырын шығарып, жастығын асқан ұқыптылықпен қойғанын Һанна бірден бай-қады. Алайда аяқ асты есік қағылғаннан сасып, қойын дәпте-рін төсек астына асығыс жасырғаны білінді. Шеті көрініп қалған қоңыр дәптер мінсіз бөлменің ішіне түскен қара дақ-тай болып көзге бірінші түскені, Һаннаның байқампаздығы-нан емес еді.

– Күнделік жазасыз ба?

Оқыс сұрақтан күдіксіз бұлтартудың жолын лезде таппаған соң, қызараңдап ыржыңдай берді. Һанна оған мән бермей, келген себебін айтты:

– Мен қорқамын .

–  Неден?

– Мына болып жатқанның бәрінен! Егер шынымен келмесе ше?

– Капитан келеді деп айтты ғой. Оның сөзіне илану ке-рек.

– Егер келмесе, күніміз не болмақ? Мендей ақымақ жоқ шығар мұнда. Қызымның жағдайы не болады?

– Харбер мырза жұмысыңды жақсы атқарсаң, жоғары қызметке қоямын деген. Келген соң, Кэмпидонға жіберіңіз деп айтайын.

– Онда менде сізбен барамын.

Һанна сөз байласқан соң көңілі жайланып, дәлізге шы-ға келді. Хоссенің негізінде ешқайда кететін ойы болмаған. Бірақ қиылып тұрған қорғансыз келіншектің қалауынан асып кете алмады. Егер осы уақытқа дейін жазғандарын Харбер мырза көрсе, айтқанын орындайтынына сенімді болды. Сон-дықтан көңіл түбінен қылтыңдаған ойы өзін жандандырып, Һаннаға деген ынтықтығы өз күшіне мінді.

Екі қалтасын бұлтитып, ет пен нанын қолына алып Дастер диірменнің қасына барды. Чапоның қандай уақытта, қай жерде жүретінін әбден біліп алған. Күн шаңқай төбеге жеткенде диірменнің жанынлағы сарқырамада шомылады. Күн еңкейгенде өзінің үңгір маңында жүреді. Кешкі сал-қында өзен жағасындағы ағаш үстіне шығып ұйықтайды. Диірмен маңынан таппаған соң, соңғы рет ет тастаған жар-тастың қасына жетті. Алайда Чапоны бұл маңнан кезіктірме-ді. Қолдың тамағына үйретіп үлгерсе де, дыбыс жаттата алмады. Ысқырса, дауыс шығарса, үрке қашатын Чапо сол күйі бұл қалауына бағынғысы келмейтінін көрсеткен. Түс ау-ғанша су диірменнің қасына барып күтуді ұйғарды. Қалтасындағы базарлығын құрғақ тастың үстіне жақсылап қойып, өзі алаңсыз сарқыраған судың астына киімшең түсіп, бойы сергіп қалды. Қонақ күтудің әурелігіне кіріскеннен бе-рі, жағалау аттам жерде тұрса да, шомылуға мұршасы болмап еді. Денесіне төгілген жылы судың астында тұрып, бойын ер-кіндік билеп қоя берді. Дастер өзін осы аралдың тішілігіне кі-ріп, құпияларын ашып, етене сіңісіп бара жатқандай сезінді.

Түс ауа бере, мұхит бетіндегі өзгерісті Роузен бірінші байқады.  Ол әлдебір дауылдың көтерілгенін тү-сінді. Алайда бұл өзгерісті ертерек сезген Кетрин еді. Жағалауға барып, су-ға түспек болғанында алыстан әлдебір бөтен иіс талып жет-кендей болды. Гүлдің әсерінен кейін иіс сезгіш қабілеті арт-қанын байқаған. Дәретханаға сирек баруға тырысады. Өйткені дәретхананың жағымсыз иісі бұрынғыдан қатты се-зіліп, оның жүрегін көтеретін. Мейронмен болған қатынас-тың нәтижесі жүктілікке әкеліп соғар ма деген қаупі де жоқ емес. Алайда бір аптаның ішінде жүктіліктің белгілері бұлай тез жетуі мүмкін емес. Жағалаудағы суға шомылмақ райынан қайтты. Өзі әрең көтерген көңілі қайтадан самарқау тартып, жағалаудан алыс жүруге бел байлады. Қонақ үйден шықпаса да, әлгі иістің тиіп-қашып келетін қасиетінен айрыла алмады. Тіпті нендей өзгешелік екенін айырып білу қиын. Жиірке-нішті ме, әлде жай бір ауаның дымқылы ма түсініксіз. Өз мұрнына өзі сенбей астына түсіп Тонядан сұрады:

– Сізге бөтен иіс сезілмей ме?

– Қызым-ау! Менің айналамның бәрі шикі өнімдер. Әтір суды қасыма әкеп қойса да, мына ет пен тағамдар иіс та-нуға мұрша бермес. Одан да әлгі әншіден сұрағын.

Тонядан шыққан соң, Энибердің есігін қақты. Үнемі күлімдеп жүретін әнші қыз самарқау тартқан жүзбен қарсы алғанда, өзінің келген себебін жөнсіздікке балады:

– Мен тек жағдайыңды білуге келдім!

– Екі күннен бері, шкафымды ақтарып, мына қызғылт көйлекке амал жоқ тоқтадым. Келерімде көбірек киім алма-ған өзімнің кесірім.

– Несі бар, меніңше өте әдемі көйлек.

– Қаласаң, өзіңе киіп көр.

Ешкімге жеке мүлігіне тиюге рұқсат бермейтін Энибер Кетриннің келіп жағдай сұрағанына ерекше қуанды. Оның өне бойы сұлулығын біліп тұрса да, өзімен салыстыр-маған әншіге дәл қазір бұрынғы қағидалары түкке тұрғысыз болып қалды. Кетриннің қызыққанын байқап, оның қарсы-лығына қарамай, үстіне кигізді. Екеуінің дене бітімі өте ұқ-сас. Мына көйлек Кетриннің сәл аласа бойына тіпті әдемі жа-расқандай. Нәзік білегін иығына дейін жалаңаш қалдырып, етегі тізеден жоғары көтеріліп, жігіт атаулының құмар-қытығына тиетін бөксесінің басталар тұсына жетіп киілген. Оған жараса кеткеніне Энибер тіптен қуанды. Жылдам тара-ғын ала қойды да, айна алдында өзіне тесіле қараған Кетрин-нің шашын тарап, жарасымды үлгіге шақтай қойды. Кетрин әншінің осыншалық талғампаздығына іштей тамсанып-ақ тұр.

– Шіркін, Мейрон көрсе, есінен танатындай құлпыр-дың, – деп Энибер ішкі сырын ақтаруға есік ашқысы келді. Мейронның атын естіп, Кетриннің көңілі басқа еңіске дома-лай жөнелді. Бойын жинай қойып, айна алдынан тайқып, тү-йілген шашын тарқатып жіберді.

– Өзіңе де өте жақсы жарасатынына сенімдімін. Қо-нақтардың алдында сені осы көйлегіңмен көргім келеді, – Өзінің киіміне енген соң, Энибердің шаршаңқы жүзіне көз тастап: – Уайымдап жүрмісің? – деп сұрады.

– Алаңдайтыным да рас. Алайда одан бұрын, бәрінен жалықтым.

– Түсінемін.

– Қайдан түсінесің? Мен үшін қызметшілер – тек қыз-метшілер. Сенің түсінетініңе сенбейтінім де содан. Бәрің бір-біріңді ғана түсінесіңдер, мені емес. Ешкіммен әңгімелескім келмейді. Әнімнің тыңдарманы мұндай тіршілікпен айна-лыспау керек.

– Түсінгенім, сен мұндай ортада жүрмеуің керек. Бұл жер, керісінше, қызметшілердің жүруге тиіс жері. Солардың орны. Сондықтан сенің жаттығыңды байқаймын.

– Сені көрген сайын, осы қызбен сөйлеспей кететін шығармын деп ойлайтынмын. Ойымнан қателесппін, мүмкін сенің айтқаның да дұрыс шығар.

– Эльваның етегінде керемет өзен бар. Түндегі сұлу-лығын көрсең, көзің тоймайды. Ондай сұлулықты көру үшін лайық болуымыз керек. Алайда біз көтере алмайтын ғажа-йып та болады екен. Оны Дастер сол өзеннен балық алып келгенінен дәлелдеді. Одан бөлек, кеш батқан сәтте, әнші құстар жағасына келіп ән салады. Бүкіл өзеннің балықтары таңға дейін тыңдап шығады,

Кетрин ағынан жарыла сөйледі:

 – Айтқым келгені, Мейрон екеуміз олардың әрекетін тым лас түсіндік және оған сендік. Әнші құсты, аңшы құсқа теңедік. Біз ешқашан осындай ойдан арыла алмаймыз. Сені де солай түсінеміз. Әнші қыз, атақтың әншісі дейміз. Бәлкім, осындай ойдан арылғанда сені қабылдайтын шығармыз.

Энибер қалай жауап қайтарарын білмей үнсіз қалды. Кетрин оның мұңының туғанына себепші болған жандардың қатарында өзінің де бар екенін ұғынып, кеудесіне салмақ байлап, әншінің бөлмесінен аулақ кетті.

Әбден қас қарайған сәтте, Дастер қонақ үйге көңілсіз оралды. Чапоны кешке дейін іздеп таппады. Мамыражай кештің тыныштығын бұзған жағалаудың жабайы толқыны кеудесін мұздатты. Жағалаудың шуылы мен қонақ үйдің абыр-сабыры да, жайланбаған көңілін одан әрі жұлмалай берді. Алдынан шыққанның бәрі Мейронды сұрайды. Ол кешкі асқа зауқы соқпай, төсегіне сылқ құлады да, уайымның ішіне еніп, шалқалай жатып, оқшау әлемге сүңгіп бара жат-ты.

Өзгелер айналаны қараңғылық торлаған сәтте қонақ үйге төрт аяқтап жеткен Жаспердің аузынан тағы бір санды-рақ естілді. Оның мұнша сылқия тоюына жол берген Мейронды мінеп алған жұрт «Ол келмеске кетті» деген сөзін қалай түсінерлерін білмей, капитанға жеткізуге асықты. Ал-ғаш болып естіген Хоссе мен Гариздің жолы дәлізден екі айырылды. Әрқайсысының жеткізер біреуі бар. Хоссе күнде-лігіне жүгіргенде, сыртта жүрген капитанға Гариз айтты. Роузен Мейронның қылығына алғашқыда жұрт сияқты ашу-ланғанымен, іштей қынжылып та қалды. «Ол гүлдің мұнда жалғыз болуы мүмкін емес. Сенің аяғың жетпеген жерге ба-рып іздеймін» деген сөзін алғашқыда ғашықтықтың ессіздігі-не балап, тоқтатуға тырыспаған. Енді сол ісін орындауға кет-кенде, Мейронға жаны ашып-ақ тұр. Бәлкім, тауып келер. Бі-рақ қазір капитанның үрейін үдеткен жағалаудың көрінісі. Толқынның екпіні күшейген. Алыстан үрлеген самалдың да соңы желге айналып бара жатыр. Гаризді қонақ үйге жіберді де, өзі тыныштықта қалуды ұйғарды. Уильямның кешеден бері әлі көрінбегеніне көңілі күпті. Әлі де бұл үшін қандай да бір көңіл қалауын тағайындаған жоқ. Алайда адам атаулыдан алыс жүруге септігін тигізген елес басын іздеуі ақымақтық болса да, көңілінің солай бұйырғанына ыңғай беріп қойды.

Бүгін күткен қонақтары тағы келген жоқ. Алайда тол-қынның шуылы жабық тұрған терезеден анық естіліп тұрды. Кетрин Мейронның қонақ үйге оралмағанын ойлап жатқан. Неге өзінің осылай қатігез қалыпқа түсіп алғанын түсіне ал-мады. Мейронның жиырма күн ғана болса да, мүлдем бөтен жан ретінде танығанына сене алар емес. Есейіп жолын анық білетін адам ретінде Кетрин кез келген жанның шынайы бей-несін басына күн туған сәтте ғана көресің деп ойлайтын. Алайда Мейронның шындығын басқа қылыққа қимап еді. Өзінің ішкі ызасының сұмырайлық танытқаны үшін, оны осынша өзгеріп кетеді деп ойламап еді. Түн құшағында дә-лізде әрлі-берлі жүрген аяқ дыбыстары жүйкесіне тиген соң, ұйқыға іліне алмай, терезесін ашты. Ашылған терезенің ар-тынан әлгінде талып жеткен иіс толықтай бұрқ етіп мұрнын тесіп өтті. Жаба қойып, лоқсып келіп еденге құлады. Қайта-қайта лоқсып, дәлізге атып шыққаны сол еді, жүгіріп өткен Буба қағып кетті. Бәрінің сыртқа жүгіргендерін көріп, артта-рына ілескенде капитан иығынан тартып тоқтатты. «Келді. Бірақ сендер шықпай отырыңдар!» – деді де асығыс басып сыртқа шықты. Кетрин Роузеннің үстінен әлгі иісті сезіп, қол жуарға жүгірді.

Капитан әйелдердің ешқайсысын сыртқа шығармай, жігіттерді ертіп, жағалауға тартты. Асау толқынның күшімен бірнеше адамның өлі денесі ағып келіпті. Суда жатқан дене-лер адам тәні деуге келместей ісініп кеткен. Кетриннің мұр-нына жететіндей сасық иісі жоқ еді. Еркектердің қарай алмай тұрғаны тек жиіркеніштен. Капитан жарық шамын әрқайсы-сына жағып, мұқият қарап шықты. «Бұл ескі өліктер» деп, Харбер мырзалар еместігін жеткізді. Бірді-екілі өліктің үсті-нен әскери киімнің қалдығын байқады. Олар қасында құр қа-раудан басқаға шарасыз еді. Өйткені ірі толқынмен араласып келген басқа мүрделер көбейе берді. Роузен алғашында он шақтысын санап еді, келушілер бітпеген соң, тоқтағанша кү-туді жөн көрді. Іштегі әйелдер өлік екенін естігенде шуылда-сып, жылап қонақ үй ішінің азан-қазанын шығарды. Жаға-лаудың ақ құмын мөлдір толқынымен шайып, тазалығын ай-қара ашып жататын мұхит бұл түні қойнауында тұңған өлік-терімен былғаумен болды. Бұл деммен таңға дейін төгетін болса, өліктен тау тұрғызар қарқыны барын түсінген Роузен сүлесоқ күйде тұра берді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үнсіздік

Соңғы өліктің бетін жауып, капитан күрегін құмға қа-дады. Ең болмағанда, бейтаныс адамдардың аруағын құрмет-теп, Жаспер сол кеште ішімдіктен аузын тиған еді. Екі апта бойы аңсатқан Мейронның шарап қоймасына қарай, күрегін тастап, сүрініп, шалынып кетіп барады. Алғаш келгендегі кү-тімдерінен айырылған еркектердің қарайған сақалдары мен жіңішкерген білектері әбден қажығандарын көрсетеді. Сол түні таңға дейін ағып келген өлікті күтумен өткізіп, жетпіс адамның тәнін санап шықты. Кейбірінің денесі келмесе де, аяқ, қол, бастары ағып жетті. Ыдыраған дененелердің қай же-рін тартсаң, ұстағаның үзіліп қолыңа түседі. Алғашқы күні құсып, ауырып, ауыздарына ұшық шыққандардың бәрі – Роузеннің қаһарының арқасында екі апта бойы, өліп-талып көміп бітірді. Көмудің өзіне алғашқыда әрең келісімге келді. Қонақ үй айналасын таза ұстағылары келгенімен, көмуден басқа амал жоқ еді. Брустонның салтымен өртеуге тырысып бақты. Оншақты денені жинап, асты-үстін ағашқа толтырып жақса да, су сіңген дене пышылдап піскеннен артыққа барма-ды. Берн-Тайнның салтымен ағаштан жайпақ қайық жасап, бір үйіндіні қайықпен алысқа апарып келсе де, кешке солай қайтып кеп алды. Одан алысқа тағы апара алмады. Амал жоқ, ең алыстау деген жерге бір апта бойы бес-алты адам денесі сиятын көр қазып, бетін жапты. Оны тасудың өзі әбден әуре-лікке салды. Ағашқа аунатса, терісі құмда сыпырылып, ішек қарындары шұбатылып жүріп ақыры жинады. Еркек күші жетпей жатса да, капитан әйелдерді келтірмеді. Келтірмек түгілі, қонақ үй терезелерін матамен жаптырып өліктерді мүлдем көрсеткізбеді. Бірде әлі таусылған Хоссе капитанға әйелдердің көмегі керек екенін айтқанда: «Біреуі сенің кірің-ді жуады, біреуі асыңды даярлайды. Ертең олардың қолына өліктің еті тигенде тамағың мен киіміңе осы өліктің естелігі араласатынын білесің бе?» – деп айқайлаған болатын. Ша-шылған денелер құмға көмілгенше, әйелдер өз құдайларына мінәжат етіп, бір қонақ үйдің ішін әртүрлі діннің орталығына айналдырды.

Өлік жеткен түннен бері Кетрин сыртқаттанып, адам танымастай өзгерді. Бет-аузының бәріне ұшық қаптап, еті сылынғандай азып кетті. Басқаларға өліктің иісі шықпаса да, Кетрин ауа жетпей қатты қиналды. Оның дертіне алғашында жандары ашығанымен, әйелдер қазір оны жек көріп жүріп жүр. Кетрин қолқаны алатын жаман иісті айтады, ал олар тек теңіз асты балдырының иісіне ұқсас жағымсыздықтан басқа түк те сезбеді.

Бәрінің зығырданын және бір қайнатқан Мейронның қылығы еді. Сол кеткеннен қайтып оралмады. Кетрин күте-күте үмітін үзді. Ал оны іздеуге ешкімнің мұршасы болған жоқ. Үнсіздіктің ауыр сағаттарына айналған екі апта оларды мылқау жанға айналдырғандай. Айнала өліктен тазарғаннан кейін, Тоня жылауын қойып, ас үйге түсіп көкөністен тағам әзірледі. Осындай жағдайдан кейін ет жеуге ешкімнің зауқы соқпасын біліп, капитан солай өтінген. Мейронның өзі жо-ғалса да, оның шарабының пайдасы тиді. Әрбір таңда еркек-тер жарты стақаннан дәрі ретінде тартып алады. Одан көп іш-се буындары кетіп, түкке шамалары келмей қалар еді. Сонд-ықтан Жаспер де бұл ережеге көнуге мәжбүр болды. Гариз бен Буба жұмыс біте салып, сүйретілген күйі қонақ үйге кет-кен. Капитан тізесін құшақтап көңілсіз отырған Дастерге: «Қолыңа күрек алып, қалдықтарды көміп тасташы», – деп тапсырған-тын. Ол сүмірейіп жүріп құмнан қалдық іздеген-де, әр жерде суға ісінген көз қарашығы, үзіліп қалған саусақ-тар жатты. Жиіркеніп жүріп бір күрекке үзік мүшелерді жи-нап болғанда, аяғы үйек құмға тіреліп, құлап түсті. Құлаған кезде күрек үстіндегі мүшелердің жанына бетпен жатты. Көз бен жартылай үзілген жыныс мүшесін көргенде, денесі тітір-кеніп, орнынан атып тұрып, дәл алғаш келгендегідей орманға қарай ессіз жүгірді. Көзінен жасын сорғалатып тұрып, арты-на қарамастан қашты. Капитан оның осы уақытқа дейін төзімділік танытқаны үшін, қашқанын жазғырған жоқ. Кері-сінше, артынан қарап тұрып, тым алысқа жүгіргенін тіледі. Өзі көміп болған соң, өлік жерлегенде жинаған солдаттардың киімінен алған шендерін қалтасынан шығарып жағалауға келді. Шүберекке түйрелген темір лауазымдарды қолына ұс-тап тұрып аз ойланған соң, судың тереңіне дейін жүзіп барды да, астына сүңги кетті. Капитан судан шыққанда алақаны бос еді. Ол жағалау құмына адам жерлесе де, соғыс металын қал-дырғысы келмеді.  

Кешкі дастарханға Кетрин мен Мейроннан басқалары келіп жайғасты. Ешқандай етсіз тағамға бәрі үнсіз қарап отыр. Бастарынан өткен күндерді енді ғана отырып ойлануға мұрша болғандай. Тым жадау тартқан ас үйдің тыныштығы-ның арасында естілмейтұғын үндер бар. Ол үндер әрбірінің ойлары бастарына сыймай, қысыммен шыққан үрей аралас үн еді. Еркектердің арқаны тік ұстап отыратын әдеттері жоға-лып, еңсесі еңкейіп, бейне құлап түсуге шақ қалардай әзер отыр. Роузен аз үнсіздіктен соң сөз бастады:

– Ешкім бұлай болар деп күтпеді. Басымызға түскен соң...

Ойдың терең түбінен шыға алмай отырған Хоссе:

– Бәріміз келген жолымызбен кетсек қайтеді?

Капитан ас ішкелі отырған қасығын орнына қойып:

– Енді жолдың ашылуын күту үшін бізге тағы да он күн керек. Оның үстіне толқын қуып әкелген өліктер үшін, асығыс шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Бұл мұхитта неше түрлі жағдайлар өтті. Қанша кеме жоғалды бұрындары. Со-лардың қалдықтары ғана ғой, – деді бәрін сабырға шақыруға тырысып.

– Бұл жер нағыз өлілердің мекеніне айналды. Анау жерде белгісіз біреулердің денесі жатқанда, мен мұнда сай-ран салып жүре алмаймын, – деп Хоссе тыпырлай жөнелді.

Осы уақытқа дейін өз көлеңкесінен үркіп жүрген Хоссенің мына батылдығына Жаспер төзе алмай:

– Кетсең кет, бірақ екі күннен кейін толқындар өлігің-ді әкеп беретін болады. Сондықтан өз көріңді қайдан қазу ке-ректігін көрсетіп кет.

Хоссе орнынан атып тұрып, кімге ызасын төгерін біл-мей, ас үйден шығып кетті. Оны көзбен есікке дейін шыға-рып салған басқалардың жүздерінде таңданыс көбірек. Капи-тан көкөніс сорпасынан бір ұрттап алған соң:

– Харбер мырзаны күтіп, бос сарғаймаңдар. Келесі өт-келден соң келер, бәлкім, – деді.

Бұл жолы, капитаннан басқасының тағамға зауқы соқ-пады. Тек қасықтарын түрткілеп, қара шайдан ғана ұрттап отырды. Жүректері күпті болған көріністен кейін әлі бірнеше күн астан беттері қайтатынын білген капитан оларды қыста-мады.

Түнгі ауаның салқын лебі алғашқы әуеніне басып, әл-сін леппен қонақ үй перделерінің етегін тербетіп тұрды. Ұй-қысыздықпен арпалысқан капитанның құлағына алыстан та-лып естілетін бір әуен жетті. Түннің тыныштығында револь-верін сүртіп, жалғыз оғын алақанына салып ойланып отыр-ған. Оққа байланған ішкі ойын үзіп өткен нәзік үн Энибердің дауысы еді. Роузен оқ пен тапаншаны сөмкесіне жасырып, төсегіне жатып, әнге құлақ асты. Үзіп талып, соза әуендеткен кездерде, дауысының күші капитанды төсегінен көтергісі ке-летіндей өн бойын сипалай жөнеледі. Ұзақ тыңдаған Роузен-нің төсек жанындағы қараңғы бұрыштан Уильямның басы пайда болды. Капитан оған ешқандай қимыл көрсетпей, құ-лағын әнге түріп, кірпік қақпай қарап жата берді. Уильямның жанарында әлдеқандай мұң бар. Капитанның бұлай сескен-бей жата беруінің сырын түсінбейді. Өйткені оған Энибердің сиқырлы үні естілмейтін еді. Ән әуені тіптен жуас әрі нәзік созылып, капитан көзін жұма бергенде сырттан оталған мо-тордың даусы естілді. Түн қараңғылығын пайдаланып, Хоссе мен Һанна қайықты қайта оталдырған еді. Алайда ояу жатқан Роузен жалаң бел жүгіріп жетіп, жағадан сәл ұзап, дұрыс бас-қара алмай сасқан Хоссені қайықтан жұлып алды. Омақаса алдына түскен Хоссені құлақ шекеден бір қағып, мұрттай ұшырды. Жүзе алмайтын ол белінен келетін суға тұншығып, өкпесі қабынып, капитанға жалынды. Ойбай салған Һаннаға құлақ аспастан, Хоссені жағалауға әкеліп лақтырды.

– Менің мұнда қалғым келмейді. Кетуім керек, капи-тан! – деп, Хоссе өзінің жасы мен маңқасына тұншыға айғай-лады. Артына бұрылмай, қайыққа беттеген капитанның ая-ғына жабысып кешірім сұраған Хоссе құмға аунап, аузы-мұрны шыланды. Һаннаны жағаның таяз жеріне түсіріп, қа-йықтың қалағын шешіп алған соң, жерде еңіреп отырған екеудің қасына келді.

– Ертең осы әрекеттеріңді басқалары білсе, екеуіңді тірідей жейтін болады. Бұдан кейін осылай қашар болсаң, ме-нен ажалыңды табасың.

Ойлағандары іске аспаған екеуі капитан кеткеннен ке-йін қонақ үйге оралған жоқ. Сол отырған күйлері таңды атырды. Бәлкім, екеуін жағалауға байлаған, көңілдегі шексіз қараңғылыққа телмірткен үміт пе, әлде таңға шырқалған Энибердің әсем үнінінен талып естілген үмітсіз сөздер ме, әйтеуір, қай күштің қамауында  қармалғандарын біле ал-мады.

Танауынан жағымсыз иістің жоғалғанына Кетрин се-нер-сенбесін білмей, терезені ашып көргісі келді. Алайда не-ше күннен бері нәр татпағандықтан, бойын қысқан әлсіздік орнынан тұрып жүруге мұрша бермеді. Бөлмесіне кірген Һаннаға перделерді аштырып, таңғы ауамен тыныстады. Еденін сыпырып жүрген Һаннаның үнсіздігінен әлдененің болғанын аңғарды.

– Һанна, сізге не болған? Жабырқаулысыз ғой?

– Осынша жағдайдан соң қалай күлейін?

– Мейрон әлі келмеді ме?

– Жоқ! Ол бізді мүлдем ұмытты ғой. Әлде бірдеңеге ұшырады ма екен? Әйтпесе екі аптадан бері қайта оралар еді. Ең болмағанда, не себепті кеткені де түсініксіз.

– Бәрі – менің кінәм!

Кетриннің неше күннен бері ас үйге түспегенін біле-тін Дастер өз қолымен салат дайындап, бөлмесіне кіріп келді. Оның ілтипаты мен жанашыр көзіне Кетриннің көңілі босап, қуанып қалды. Дастер есіктен кіріп, өзінің қасына жақында-ғанда, бұрынғы күлімсі иіс мүңк ете қалды. Кетрин лоқсып, теріс айналып жата қалды. Қайтерін білмей сасып қалған Дастер өз үстін қайта-қайта иіскейді. Өзіне де, Һаннаға да жай адам денесінің иісінен бөтен өзге ештеңе сезілмеді.

– Дастер өтінемін, есікке қарай барып тұршы.

– Кешір, салатты осында қалдырдым!

– Керек емес, рақмет! Тезірек шықпасаң, маған ауа жетпей жатыр. Һанна, өтінемін бөлменің ауасын желпітші.

Қызара, қысыла есіктен шыққан Дастер бұл жағдайды қалай түсінерін білмей, жағалауға жүгірді.

 Һанна үлкен орамалмен бөлме ішін желпіп тазартқан соң ғана, Кетриннің тынысы ашылды.

– Сондай жағымсыз иіс. Әлгі өліктерді әлі құртпаған ба?

– Кеше толық көмді ғой. Неге біз сезбейміз?

– Бұл менің дертім! Дастерден ыңғайсыз болды. Бұлай істегім келмеп еді, Һанна, кешір мені.

Һаннаны құшақтай жылаған Кетрин шынында шара-сыз халде еді. Бұл өмірдің ауасын жұта алмай өмір сүрудің қиындығын ойлаған сайын, өз еліне барудан үміті үзіле бас-тағандай. Гүл есіне түсті. Мейронның бұл ісіне лайық  бір се-бебі болар деп алданышпен өзін жұбатқан сенімі сары гүлдің иісін аңсаған сайын жүрегінен жоғалып барады.

– Ешқайда шықпашы жарай ма? Тоня апайға сорпа да-йындатып әкелейін. Дәлізге мына түріңмен шыға алмайсың!

Һанна орнына жатқызып шыққан соң, оның енді қай-тып ас үйге түсе алмайтынын түсінгенде жүрегі шаншып кет-ті. Өйткені өлексені ұстаған әрбіреудің үстінен қанша жуын-са да, арылмайтын терең иісті Кетриннің сезіп қоярын білді. Өзінің кешегі өзімшілдігіне ұялып, қандай жағдай болса да, Кетринді өз күтіміне алуға шешім шығарды. Ас үйде Энибер мен Тонядан басқа ешкім жоқ екен.

– Басқалары қайда? – деп сұрады таңдана.

– Ұйықтап жатыр!

– Жаңа ғана Дастер жүр еді ғой?

– Иә, бірақ шаршағанын айтты. Ұйықтаймын деген соң ұстамадым.

– Тіпті Капитан да ма?

– Иа, ешқайссы тұрған жоқ.

– Қызық екен!

– Қызық ештеңесі жоқ. Екі апта бойы өлік сүйрелеп, құмға шомылу оңай ма, сеніңше?

Тоняның мұнша ашулана жауап бергеніне біртүрлі ыңғайсызданды. Өзінің түндегі әрекеті жайында білетін адамша теріс айнала сөйлеген соң, үнсіз тыңдаудан басқа ша-расы қалмады. «Кетрин үшін бөлек тағам дайындаңыз» де-генді де айта алмай, өз асын алып жоғарыға көтерілді. Әлгін-де ғана тамақ тасып жүрген баланың аяқ асты ұйқыға кетке-нін ойлап, Кетринге ренжулі деп жорамалдаудан әрі барма-ды. Бірақ Дастер ол сөзден кейін ренжіген жоқ-етін. Керісін-ше, сонша күнде үстіне сіңген иістен арылмағанына ұялып, жағалауға барып жуынбақшы болған. Суға бірнеше рет сүң-гіп, денесін ысқылап, бес қайтара сабындап шығып, қонақ үйге жеткенде, аяқ қолдарының әлсіздігін байқады. Бірден ұйқысы келіп маужырап, таңғы асын да, біраздан соң ізде-мекші болған Чапосын да ұмытып, ұйықтауды ғана ойлады. Санасында әлдеқандай ойлар сапырылысып, беті қызарып, қалай жығылды – солай ұйқыға кетті.

Түскі аста да, тіпті кешкі аста да әйелдер ғана тамақ-танды. Энибер ішінен бекітілген капитанның есігін бірнеше рет қақты. Алайда іштен жауап болмады. Адам азайған соң ба, көптен ешкіммен сөйлеспей іш пысты ма Энибер зерік-кеннен астына түсіп, оңаша отырған әйелдердің қасына кел-ді. Бөлмесінен шықпай қойған Кетриннің жүзі жадау тартса да, адам қатарына қосылып, қастарына келгеніне бәрі қуан-ды. Аралға келгелі әйел болып, сыр шертісіп көрмеген бұлар, кеше ғана өткен ауыр күннің қорқынышты естеліктерін ұмы-тып кеткендей мәз болысады. Төртеуі ас үстінде отырғанда Энибер баяғы жалған күлкіге көбірек ұқсас әдетімен сөзін бастады:

– Еркектер ұйықтап жатқанда, осынша болған оқиға-ны ұмыту үшін, өмірде істемеген ессіздікке барсақ қалай болады?

Самарқау көңілмен отырған Тоняның жасы үлкен болса да, Энибердің ессіздік туралы ойы ұнады.

– Ең бір нақұрыстық іс істеу менің ойыма да келмес!

– Сіздің осында келгеніңіздің өзі нағыз нақұрыстың ісі, – деп үнсіз жүретін Һанна әзілге айналдырды.

Неше аптадан бері мұндай көңілді жүздерді көрмеген Кетрин де қазір ғана ойында тұрған Мейронды, өліктерді, Харбер мырзаның келмегенін – бәрін есінен шығарып тас-тағысы келді.

– Олай болса, шараптан бастайық.

Энибер шарап тоңазытқышында сақталған Мейрон-ның шарап бөшкесінің бірін түсіріп, теуіп жібергенде, еден-мен зыр сырғанап Тоняның аяғына барып тірелді. Әрбірінің стақаны шарапқа толып, бірден көтерді. Кетрин мұрнына жа-ғымсыз иіс келсе де, өзін-өзі қинап ішіп жіберді. Тынысы та-рылып, түрі бұзыла бастағанда, бәрі қолпаштап: «Көтер, кө-тер...» – деп, тағы бір стақан ішкізді. Ішінен қинаған дерті өзегін өртеген шараптың күшіне төтеп бере алмай, тайып тұрғандай Кетриннің жүзі жадырап шыға келді. Энибер ша-шын жайып жіберіп, ессіздік туралы идеясын барынша жақ-сы іске асыру үшін, дәл дастарханның үстіне шығып алды.

– Еркектер бізді өздерінсіз өмір сүре алмайды деп ой-лайды. Оларға айтыңдар өте қатты қателесесіңдер деп!

Һанна стақанын көтеріп:

– Айтамыз. Керек десеңдер, мен өз мұрттымның құ-лағын тартып тұрып, айтып келем қазір.

– Тоқта, алдымен былай сұра! Егер көрпемді ашпай қойсам, бұтыңмен алыспай жүре аласың ба!

– Ал, керек болса!

– Мен айтайын: жүре алмайды. Он күн қасыңа жолат-пашы! Қалай дәретханада өзімен-өзі алысқанын көресің!

Төртеуі Энибердің сөзінен соң ішек сілесі қатқанша күлді.

– Жоқ, бірақ мұнда әйелсіз жүре алатын бір адам бар!

Бәрі кім екенін білгісі келіп, оның жауабын асыға күт-ті. Энибер қолындағы стақанын аспанға көтеріп тұрып,  «Мына жердің қатынсымақ иесі!» деп, қолындағыны Буба-ның барына лақтырып, тізілген шараптарының үшеуін сын-дырып түсірді.  Осы әзілді айтып күлген сайын, Энибердің ең алғашқы капитанның бөлмесіне кірген сәті есіне түсе бер-ді. Әзілдеген сайын, капитанды көргісі келгендіктен, дастар-ханнан түсіп, орнына жайғасты. Үш рет айналдыра ішілген стақандарға шарап қайта құйылған кезде, ортада бір сәтке тыныштық орнады. Көзін тарс жұмған Энибер тыныштықты күтіп отырғандай-ақ, бірден бар даусымен шыңғыра бастала-тын әніне басты. Алайда бұрын-соңды Энибер әнін қатары-нан айтып жалықтыра бастағанда, көңілдерін басқаға бұра кететін олар әнді таңырқай тыңдады. Бұрын естімесе де, еш-қайсысы сөзіне қосылмаса да, ашылған ауыздарынан үнсіз әуен әншінің ырғағына бірге қосылып жатқандай сезімде отырды. Ішкі үндері, сабыр мен төзімнің астында тұншыққан Эльваның жанар тауының лавасындай Энибер шыңғырған сайын бұрқылдап қайнап келді де, даусын көкке көтере соз-ғанда бәрі бірге қосылды. Барлығының ащы дауыстары қо-сылғанда, Энибердің арыны қатты, жыламшыл дауысына дем бере түсті. Ән тоқтады, бәрі сылқ етіп іштерінен ыстығы төгілгендей жеңілдеп отыра қалды. Олардың  дауысы түн ты-ныштығын жарып өтіп, орман арасындағы әнші құстарды үр-кітсе де, терең ұйқыда жатқан еркектерге жеткен де жоқ. Тоня шарапты қайта құйып болған соң:

– Әлгі алқаш Жаспердің есі дұрыс болмаса да, сөздері сондай ауыр еді. Өткен жолы өлі балықтарға қарап күлгенін көтере алмадым. Көзіме мынандай қорқынышты көрініс елестеді. Бейне бір тағдыр қызыл шапанына оранып, сауса-ғын меңзеп күлгендей болды. Жексұрынның дауысы сондай жағымсыз еді, – деді Тоня кемсеңдеп көзі жәудірей.

Энибер қисалаңдап қасына жетті де:

– Бүгін бізде ес жоқ. Сондықтан тағдыр мың жерден күлсе де, дәл қазір қыстырта алмайды. Бұндайда не істеу ке-ректігін көрсетейін бе?

Энибер Бубаның барына теңселе жетіп, арасынан ша-рап алды да, бұрандасын шешіп лақтырып жіберді де:

– Тоня апайдың тағдыры, осында тұрсаң, маған қара! Сенің күлкіңе түкіргеніміз бар! –  деп, көйлегін үстінен ше-шіп лақтырды да, жалаңаш кеудесін селкілдетіп, шампанды шайқап, дәл аспанға көтере шаптырған баладай, көпірікті ай-налаға аямай шашты. Асхана іші шампанның қышқыл иісіне толып, едені шылқылдап шыға келді. Энибер отыра қалды. Һанна шарапқа малынған көйлегін үстіне жауып, орнынан тұрғызды да, дастарханға қайта отырғызды. Энибер бетін сүртіп алған соң, келесі стақанданды көтерді:

– Бұл жерге қонақтар көңіл көтеру үшін келеді солай ма?  Ендеше, сендерге оның қандай болатынын көрсетейін. Мен қазір капитанды қайтсем де оятып келемін, – Энибер дә-лізге қарай жүгірді.

– Тоқта! Меніңше, еркектерді ояту – көңіл көтерудің ең сорлы түрі. Есіңде ме, саған ормандағы әнші құстар жа-йында айтқаным? – деді Кетрин оның жолын бөгеп.

– Иә!?

– Дәл қазір сонда барайық!

– Табылған ақыл! Қане, құрметті ханшайымдар, бәрі-міз барамыз!

Энибердің мұнша желіккеніне Кетрин қайран қалды. Ол тек көңілін алдандыру үшін ғана айта салған еді. Бірақ көптен бері ізін суытқан күлкісінің келуіне себеп болған күн-ді қандай жағдай болса да, бұзғысы келмей, Һаннаға өзін сү-йеп жүруін өтінді. Ай мұнартқан түннің тыныштығын бұзып төрт әйел ән шырқап, орманға беттеп барады. Кешкі салқын-ның таза ауасын сағынған Кетрин тыныстаған сайын бойы жеңілдеп, әлдебір қуаныш ішін кернеуде. Олар сирек орман-ның бел ортасына жеткенде, Эльваның етегінен қылаңдаған жарықты байқады. Кетрин қуанып, оларға жылдам жүруді өтініп төртеуі асығып-аптығып жағалауға жетіп, өз көздеріне сенбей, таңырқап біраз тұрды. Дүниенің мұнша сұлулығын көрмеген аспазшы мен еден жуушы алғаш рет арал тұрғыны болғандарына шынымен қуанды. Қанат асты жарқыраған құстар бұрынғы орнында жыпырлап, айналаны құлпыртып ән салады. Өзен ішіндегі әр жерден жалтыраған балықтар-дың түрлі-түсті жарықтары Эниберді өздеріне еліктіре берді. Кетрин тыныш отыра тұруды өтініп, әйелдердің сыбырын тиған соң, әндеткен торғайлар ағаш басына түгел қонақтады. Сондағы ағаштың діңгегіне дейін жарық түсіп, төбесіне құд-ды ай орнағандай көздерін еліктірді. Аз уақыттан соң, ара-сындағы біреуі дәл өзеннің орта тұсына ұшып барып, қалық-тап тұрды да, майда үнмен ысқырады. Дыбысының жіңішке-лігі сондай, тыңдарман әйелдердің тәнінің әрбір жасушасы-нан өтіп, жүректеріне жетіп, ұйып тыңдады. Сайрай созған дауыстар жиілеген кезде өзендегі балықтар дәл соның асты-на топырлап жиналды. Айналаның бәрі одан сайын жарыққа бөленіп, көз алмай қараған жандардың жүздеріне шағылыс-қан түстер, беттеріне нұр құйылып тұрғандай әсем көрінеді.

Энибер әнші құстың әуенінің соңын күтпей, сызылта созып бастады. Әп-сәтте түнгі аспанды тербеген әсем үн су астына сіңіп, балықтарды тебіреніске түсіргенде, Энибердің маңына жинала бастады. Өз-көзіне өзі сенбей тұрған жалғыз әнші қыз емес, қасындағы әйелдердің де көңілдері толқып, мұндай сәтке сенер-сенбесін білмей аңтарылады. Әнші құс-тар пыр етіп, ағаш басынан шашырап ұшып, ширатыла көкке ұмтылды да, от шашудай бір жарқ етіп, бұл маңнан ұшты да кетті. Жыпырлаған балықтар әйелдердің алдын жарқыратып, өзеннің суы жарыққа көмкерілгенде, Энибер де бар шеберлі-гіне басып әуендетті. Өмірінде мұндай қолпаштың түрін көр-меген әншінің көкейін қуаныш кернеп, дәл қазір суға құлай салғысы келіп арқаланды. Ән соңын бітірмей жатып, көте-ріңкі нотаға шарықтатқанда, өз тәніне өзі ие бола алмай, су астындағы сәулеге денесін тастай құлады. Жалаңаш тәні су шоқтарына күмп етіп құлағанда, әйелдің тәні тым сымбатты, көз тартқыш тойдырмайтын сұлбаға айналғандай. Жамбасы-нан бастап, қос анарының ұшын жарық жұтты да, қайтадан бытырай шашылды. Шалқалай жатқан әнші, әнін қайта шыр-қағанда, шашыраған шоқ жұлдыздар денесін қайтадан көм-кере қойды. Жағада тұрған үшеуі әсем үні түнгі аспанды шарлаған су астындағы денеден, сұлу көріністен көздерін ал-май үнсіз тұра берді. Энибер де өзін ораған жарық балықтар-дың құшағына оранып, жұмсақ ағысты жіңішке өзеннің жы-лы иірімінен шыққысы келмей, әнде берді. Өзеннің алыс жа-ғынан ағылған сәулелер сырлы үнді әншіге жанталаса асық-қандай көрінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арман шыңы

Еркектер қауымының сол күні ұйқыға құлаулары мұң екен, Фермангельді бақандай жеті күнге амазонкаға айнал-дырды. Капитан Роузеннен бастап, ең кішісі Дастерге дейін күн мен түннің аралығын сезбей, біраз ұйықтады. Шақыру-сыз қонақтарды жайғаған күндер бәрінің санасы қорыта ал-майтын ауыр көріністермен ақыл-естен алжастыратын қиын-дықты күтпеген жерден бастарына түсірді. Шаруа біткенше төзім мен табандылық танытқан олар қолдарын бос қойғанда ұйқыға жеңіліп түсті. Дастердің түсіне бірнеше рет Чапо кір-генде, қайта-қайта оянған еді. Алайда төсегінен тұра алмай, еріксіз ұйқыға тарта берген еді. Дәл жеті күн өткен соң түн жарымында капитан Роузен бірінші болып басын көтерді. Бірнеше минутқа ғана көз шырымын алдым деп ойлаған ол, сонша уақыт өтіп кеткенін дәліздегі күнтізбеден көріп, ашуы келді. Өйткені сол түні жатарда ертеңгі күннің жоспарын құ-рып, айналаның бәрін реттеп дәл қазіргі уақытта жолға шы-ғып, өткел маңында тұруы керек еді. Амал нешік, қалғанда-рын оятып, ас үйге барып, мән жайды сұрауды ұйғарды. Кетрин еркек атаулы тиылған күннен бастап, өзінің есігін ай-қара ашып жататын. Капитан өте шыққан кезде, баяғы әрең құтылған иіс мұрнына бұрқ еткенде, шошып оянды. Артын-ша Гариз, Буба, Хоссе мен Жаспер өткенде иіс арта түсіп, Кетриннің демікпесі қозды. Дереу есік терезесін бекітіп, қор-ғанамын дегенінше әлсіреп көзі қарауытып, төсегіне сылқ түсті. Ас бөлмесіне Мейрон мен Кетрин, Эниберден өзгелері түгел жиналды. Еркектердің түрі тіптен өзгерген еді. Бір апта бойы сақал мұрттары қоюланып, бет-ауыздары көлкілдеп ісінген. Капитанның «Неге оятпадыңдар?» деген сұрағын Тоня өзіне қайталап қойып, өткен бір аптада жасаған адамға түсінікті әрекеттерін ойына түсіре алмады. Өзінің ояу жүрге-ніне сенбегені – қайтуға асыққан ынтызарлығы сейіліп  кет-кені. Тіпті бүгін таңертең қандай тағам жасағаны есінде жоқ. Өз ойына күмәнданып, қасында отырған Һаннадан сұрады:

– Бүгін кешкі асқа қандай тамақ іштік?

– Теңіз капустасы қосылған сорпа!

– Шынымен ба? Роузен мырза, мына аралдан ке-тейікші.

Тоня кемсеңдеп ас үйден шығып кетті. Еркек атау-лының қасында жалғыз қалған Һанна қайтерін білмей, қыза-раңдай берді. Буба бөтелкелері азайған шарап сөресін көр-генде, көзі шарасынан шығардай болып:

– Оңбаған Жаспер! Менің басыма шығайын депсің ғой! – деп, оған ашулана қарады.

Басын ұстап, ұйқысын аша алмай отырған Жаспер Бубаның қылығын тіпті түсінбеді:

 – Ондай шараптарыңды енді тегін берсең де, ішпес едім, нақұрыс!

Капитан олардың кикілжіңін бөлді:

– Мен таңертең Мейронды іздеймін. Ал сендер жолға дайындалыңдар!

Хоссе жол туралы айтқанына қуанып:

– Бәріміз кетеміз бе? – деді.

Сыртқы есіктен Тоня екі өкпесін қолына ұстап, көзі алақандай болып жетіп келді.

– Сыртқа шығыңыздар...Тезірек!

Барлығы жағалауға біреу келді екен деген оймен жыл-дам шықты. Алайда Тоня оларға қонақ үйдің артына баруын өтініп, орман жаққа құлақ түрулерін сұрады. Бәрі алыстан тың тыңдады. Орман арасынан үзіліп, талып ұзарта созған дауыс естілді. Көзіне жас алған Тоня капитанның қасына ке-ліп, мән-жайды түсіндірді.

– Энибер есінен алжасты. Алғаш сіздер ұйықтаған кү-ні адам сенгісіз оқиғаға тап болдық. Содан бері Энибер өзге-ріп кетті. Өтінемін, құтқарыңызшы. Бәрі – менің кінәм, сол күні айтқандарына қосылмауым керек еді.

– Не болды?

– Кеш батса, орманға жүгіреді. Таңға дейін өзен жағасына барып ән айтады. Күндіз ештеңе ішпей, бөлмесіне қамалып алады.

Капитан мәнжайды білген соң, жалғыз өзі орманға тартты. Бауыры жанатын әнші құстар жыпырлап, ағашқа то-бырымен қайта келсе де, үркіп түн қараңғысын ала-сапыран күйге түсіріп жатты. Оларды жақындатпай тамағы қарлықса да әнін тоқтатпай жүрген Энибердің жалаңаш тәнін капитан алғаш рет көрді. Қызылды-жасыл түстердің аралас реңі Эниберді алқызыл түске бояндырған. Роузен оның артынан келіп, білегінен ұстағанда ғана, әнші есін жиды. Әнін тоқта-тып, көзіндегі жасын сүртті. Неліктен мұндай күйге түскені капитанға дәл қазір бір тиынға да керегі жоқ еді. Сондықтан жерде жатқан көйлегін иығына ілмекші болды. Энибер капи-тан екенін көргенде усынынан сытылып шығып, белуардан асатын суға түсіп алды. Су астындағы жарықтар толқындай сапырылып қоя берді. Капитан артынан түсті де, киімді иы-ғына жауып көтеріп алды. Екеуінің көздері түйісіп, естеріне алғаш келгендегі Эниберді жағалауға жатқызған сәт түсті. Аптығы басылған әнші капитанның қойнында жата бергісі келді. Алайда дәл осындай сәттерде пайда болатын Уильям-ның басы капитанға көрінгенде, дереу алақанына жатқан қызды жағаға шығарды. Өзен маңынан ұзаған сәтте, Энибер қырсығып алған соң, капитан көтеріп алып қонақ үйге үнсіз әкелді. Жол бойы күйіп-жанып, ызаланып, бірде қуанып, әб-ден сандырақтаған әйелді бөлмесіне кіргізгенде де қасарыс-ты. Капитан Дастерді шақыртып, Энибердің есігін сыртынан бекітті. Уильям екеуі бөлмесіне барып, тағы да бір-біріне үн-сіз қараумен отырды. Әрбір түндегі әдеті бойынша револь-верді оқтап, үстел үстіне дайын қойды.

Таңды атырғаннан кейін капитанның бұйрығы бойын-ша, қызметшілер шайларын ішіп төңіректі жинауға кірісті. Роузен қайықтың жабдықтарын реттеуге айналғанда, Дастер орманға қарай тайып тұрды. Түнімен азық-түлік салып, ор-манға жасырған сөмкесін арқалап диірменге қарай тартты. Жетісімен өткен жолы қойған етінің сасық исі мұрнын тесіп өтті. Күннің ыстығынан быжып сасыған ет қоймалжың қо-ңыр түске айналып кетіпті. Алайда бір жапырақ еттің жарты-сынан көбі жоқ еді. Чапо жеді ме, әлде құстар қоректенді ме, түсініксіз. Әбден жұлмаланған етті көрген Дастер ұзақ шы-дап тұра алмады. Азық-түлігін сарқыраманың арғы бетіне апарып, дымқыл тастың үстіне жайып тастады. Бұл жолы уа-қыт болмаған соң, іздеуді кейінге қалдырды. Көңіліндегі әл-дебір алаң, аяқ асты кетеміз деп шешкен соң ба, әлде Чапоны уайымдағанынан ба, әйтеуір, көңілі құлазып, түсініксіз жағ-дайда қонақ үйге қайтты.

Ұзақ ұйқысынан оянған сәттен бері Мейронның қой-масынан шықпай жүрген Жаспер қисалаңдап қонақ үйге жа-қындаған кезде, терезесін ашып алған Энибер айқайлады.

– Жаспер! Менің есігімді ашшы!

Түндегі жағдайдан бейхабар Жаспер дәл терезесінің алдына сүрліге жетіп жауап берді:

– Не дейсің?

– Құтқаршы, өтінемін. Аналар мені өз бөлмеме қамап қойды!

– Солай ма? Қазір, күт!

Энибер кезекті сандырағы шығар деп, оның сөзіне үміт артпағанымен, көп бөгелмей, Жаспер есігін ашты. Бір түн қамалып зеріккен әнші алғыс пейілін  білдіргісі келіп, кө-зін аша алмай тұрған оны қысып тұрып құшақтады.

– Сені неге қамады?

– Білгің келе ме?

Энибер ойланбастан Жасперді ішке кіргізіп есікті бе-кітті. Төсегіне итеріп жатқызып алды да, шарап мүңкіген Жаспердің киімін асығып, жұлып жіберердей жылдам шешіп лақтырды. Үстіне шығып, көйлегін иықтан төккен сәттің бә-рін шала жансар көздерімен сығырая қарап, Жаспер шарасыз жата берді. Өң мен түстің арасында Жаспердің төсегі сіл-кінді, бойы шымырлап басы айналды. Аз уақыттан соң, бөл-ме ауасының кеңіп, айналаның тым-тырыс болғанын аңғар-ды. Бұл уақытта Энибердің есігі ашық күйінде қалып, жерде шешілген қоңыр көйлегі жатты.

Түс қайтып, күн жарығы қоңырқай тартқан шақта, Кетриннің ыстығы көтерілді. Бөлме ішіндегі ауа тарылып, Һанна маңдайына қанша салқын су басса да, жағдайы нашар-лай берді. Тамақтандырып күтімін күйіттеген кездері Һанна-ға гүлдің жұпар иісін аңсайтынын айтқан еді.

– Бәлкім, Мейрон сол гүлді тауып келер!

– Егер оңалмасам,  кешірім сұрағанымды жеткізші,  – деді Кетрин күтушісіне қиыла қарап.

– Жаман айтпа! Маған түсіндірші, иісі қандай бола-ды? Не сезесің сонда?

– Балалық шағыма ораламын. Қайта тірілемін, мейлі қанша уақыт өтсе де гүлді иіскеп, соған қарап отыра бергім келеді.

– Сенің арманың жоқ! Мен тіпті кішкентай кезде тү-рімнің қандай болғанын білмеймін!

Кетриннің көзі жасаурап теріс қарап алды.

– Сәл шыдашы! Роузен мырза Мейронды тауып келсе, осы түні жолға шығамыз. Аз күнде сол туған жеріңді көретін боласың!

Қанша жұбату айтылса да, Кетрин ешқандай жауап қатпады. Тек теріс қарап жатып, көз жасына жуылған бетін сүртумен болды. Һанна сырқат қызды ұйықтатып шыққан кезде, жағалаудағы қайық маңында әлдебір кикілжің болып жатқанын аңғарды. Ол қастарына жетіп үлгергенше, капитан Хоссені қақ маңдайдан соғып кеп құлатты. Оның қызара бөр-тіп, ызасы көзіне құйылған түрінен бәрінің зәре-құты қалма-ды. Тау айналып, Мейронның өзі тұрмақ, ізін таппай келген-де қайықтың оталмай қалғанын көріп, Хосседен ашуын алды. Меңірейген қызметшілер Роузеннің артынан үнсіз қарап тұр-ғанда, ойларына тағы да жиырма күннің күттіретіні кірген жоқ. Тек мұнда келгендеріне іштерінен налып өз бөлмелері-не тарқасты. Роузеннің бөлмесінде револьвердің суық темір-лері сықырлап жалғыз оғы қайта салынып жатса, Хоссенің арыз дәптеріне бар реніші жазылып жатты. Бір әйелдің бала-сына деген сағынышы асқынып, енді бірінің жұпар аңсатқан тынысы тарылып, біреуінің көзі орман жаққа телміріп, түн-нің қалың қарасына сіңіп бара жатты. Жалғыз ғана адамның аяғы ештеңеге шалынбай, жер қойнауында ащы дәмін аңсат-қан шарапқа қуана қауышуға кетіп барады.

 

 

 

 

 

 

 

Аритмия

Шуақты күннің астында Мейрон мен Харберден үміт үзіп, әркім өз шаруасымен айналысып жатты. Гариз жасап шығарған қайықты әбден тексеріп болғанда, Буба қонақ үй жаққа көзі алақандай болып жүгіріп келді. «Кетриннің есігін бекітіңдер!» деп, екінші қабаттағы Кетриннің жағдайын көр-генде, қорыққаны келгенін түсінді. Тұмсығын жауып, көзі жасаурап жатқан қыздың есік-терезесін тарс бекітті де ас-тыңғы қабатқа жүгіріп, өліктердің орман шетіндегі үйіндісі қазылғанын айтты. Қолдарына күрек алып, қайта көміп бетін тегістеп келген соң, үлкен даудың басталарын сезген Дастер қайтерін білмеді. Орманда Чаподан басқа жыртқыш бар бол-са ғой деп тілеп жүргенде, еркектердің жиынынан шақырту келді. 

– Бүгін өлік жеген аң, ертең бізді жейді.

Ресторан залында отырғандар Дастердің құпия Чапо-сынан хабардар екенін түсінгенде капитанға қатты ашуы кел-ді.

– Ол жерді не қазғанын білмейміз де ғой! Бәлкім, жа-нартаудың ар жағынан жыртқыштар келген шығар!

– Мына қонақ үйдің қазығы қағылған күннен бастап, Фермангельдің әрбір бұрышын аралап шыққанмын. Дастер, сенің ақымақтығың үшін мына жұрт зардап шегуі мүмкін, түсінесің бе?

– Бұл мүмкін емес. Ол сасыған ет жемейтін еді. Қалай-ша жапырақ жейтін жануар келіп, жер астындағы өлікті қаза-ды? – деп, Дастер Чапоны ақтап әлек.

 Оның оңайлықпен көнбейтінін түсінген Роузен үрей-ге жеңілген қалғандарының бәрін шығарып жіберген соң, Дастерге:

– Жануардың түк те кінәсі жоқ. Өткенде Мейронды із-деп жүргенімде көрдім. Бұрынғыдай емес, жүндері түсіп аш-тан бұратылып жатты. Мені көргенде қашуға шамасы кел-мей, орнынан тұра алмағанын көрдім. Не істегеніңді түсініп тұрсың ба? Ол енді жапырақпен қоректене алмайды. Сенің жеміс-жидегің мен етті ғана жейтін болған, – деп асықпай тү-сіндіруге тырысты.

Үнсіз қалған Дастер өзінің кінәсін сезінсе де, алған бе-тінен қайтқысы келмеді:

– Өз көзіммен көрмейінше, сенбеймін. Мен білетін Чапоның өлікке келуі мүмкін емес! – ашуланып ресторан есі-гін тарс жауып шығып кетті.

Осы әңгімеден кейін, қонақ үйдің қызметіне арналған күрек балтаның бәрі есік алдына қойылып, тыныштық күзе-тетін қаруға айналды. Бірден бүкіл қонақ үйдің тынысын су-ытқан бұл жағдай капитанды қатты күйзелтті. Орманға еш-кімге шығуға рұқсат бермесе де, ерегесіп баратын екі жан-ның бірі – Дастер, бірі Энибер еді. Сырт көзге қарағанда, Чаподан келген залал Эниберге түк қатысы болмаса да, адам-дар арасындағы қатігездікті бірінші болып сезген еді. Күнде кешке қанша ән салса да, ешбірінің жүрегін жібіте алмаған әншінің ішкі қайғысы асқынып, орман жаққа кетуге құмарла-на берді. 

Капитан Мейронды тағы бір іздеуге шығып бара жат-қанда, жолдан кезідесіп қалған Энибер оның жанарынан шо-шынды. Көздерінен мұзға айналған жүректің суық ызғарын сезгендей болды. Сырт көзге Энибер жылтырға құмар біреу көрінсе де, ол адам ішіндегі мындағылардың біреуі де байқай алмайтын нәзіктікті көріп қоятын. Сол сәттен бері міне төрт күн өтсе де, денесі мұздап бәрін өзінен жатсынып келеді. Өт-кенде есігін сыртынан тас бекітіп қамаған кезде, өзінің неге арманшыл болып кеткенін түсінбей, Жасперден құмарын ал-ғанда ғана орнына келген. Біршама күндер өткен соң, өзенде-гі тыңдармандар сағынышы іштей баурай бастады. «Бүкіл орман тіршілігін әніме байлаймын» деген ойға тоқталып жүргеніне біраз болған. Басқасы басқа, жылуы бар жалғыз жан деп капитанға арқа сүйегісі келіп жүргенде, енді міне бе-тін суық жанарымен қарып өте шықты. Қонақтардың келмей-тінін, әрі бірнеше күннен соң бұл жерден кететінін ойлаған сайын, әлгі ойына дайын екеніне көзі жетті. Түні бойы өз ойын әбден пісіріп, таң атысымен ешкімнің көзіне көрінбей орманға келді. Өзенді құрап жатқан сарқыраманың біріне шомылып, бойын сергіткен соң, дәл бұрынғы орнына келіп, бірнеше әнін шырқады. Су астында балықтар жиналғанымен, түндегідей керемет әсерін сезіне алған жоқ. Әнші құстардың келмегеніне ашуланып, бүкіл аралға дауысын жеткізу үшін, биіктен шырқау керектігін ойлаған ол, Эльваның құзар шы-ңына шығуға бел байлады. Эльваның шыңына өліп-талып күн батар шақта әрең жетті. Құзар шыңның үстіне шыққан сайын, таудың ыстығы денесінен өтті. Жанартаудың ернеуі әппақ буға оранып айналадан түк көрінбейді. Тек будақтаған түтіннің шығар тұсында ғана қойнауындағы қызыл қайнары көрінеді. Бұрқ-бұрқ қайнаған жалынға ішінен тесіп шыққан сарқырамалар құйылып, қалың буды айналасына жаяды да тұрады екен. Энибер демін басып, будақ арасынан қызара құ-лап бара жатқан күнді көрді. Шыпырлап сөнген жалынның дыбысынан құлақ тұнады. Алайда сол шуылды көзін жұмып тыңдап, әлдебір тыныштықты сезінді. Бұрын-соңды білмеген тыныштық еді. Энибер айналаның сұлулығына қарап та-мылжыта созған баяу әнін орындады. Өз дауысын өзі шатыр-лап сөнген от пен су дыбыстарының арасынан анық естіп, ерекшелігін енді ғана түсінгендей болды. Өзіне берілген да-рынның қадірін төменде жүріп түсіне алмағанына налыды. «Шіркін, мені бәрі тыңдар ма еді?» деп, тәнді балқытатын ырғаққа сіңген әнін соза шырқағанда, өз буындары еріп, жа-лынның ыстығымен бірге буға айналардай күйге оранды. Кө-ңілі шаттанып, жүрегі жарыла қуанған ол, әнін айқайлап ай-тып, селдір будың арасында әрі-бері жүгіреді. Жүгірген са-йын шиіріле оранған булар соңынан бірге еседі. Энибер мұн-дай сезімді баяғы Хейдандық өнер сүйерлердің алдында да сезінбеген екен. Адам атаулының қолынан келетіні – тек қол соғу, ысқырып қолпаштау. Дәл бұлай биікке көтеріп, өз та-лантыңа өзің сүйсінуге мұрша бермейді екен олар. Бу ара-сына жата қалып, аунақшып, басқа тұстан ойнақшып шыға келген бүкіл әрекетін өзі сыртынан тамашалап жатқандай тамсанды. Қызарған күнді Фермангельдің биігінен асырып, батырғаннан кейін дамыл тапты. Қас қарайып, Эльва қойна-уындағы қызыл жалыннан болар болмас сәуле қылаңдайды. Порша-порша терге малынған әншінің денесі жіпсінген са-йын маужырап ұйқыға кеткісі келді. Алайда мұндай сәтті бос жібергісі келмей, соңғы күшінің өзін әніне жұмсап, бар дауы-сына салғанда тамағы қырылдап, алғашқы үні қысылып шықты да, артынан мүлдем өшті. Аспан әлемінің жұлдызда-рын аралға келгелі алғаш рет көруі – осы. Бұрын аспанын селдір қабат жауып, ештеңе көрсетпейтұғын. Энибер дауы-сының жоқтығын бір сәтке ұмытып, тұнық аспанның жарық жұлдыздарына ұзақ қарады. Жыпырлаған миллион жұлдыз-дың қай бұрышынан да ағып-сөнгендерін көзден мүлт жібер-мей байқап қояды. Фермангельдің тымырсық түнінде Эльва-ның бойды балқытатын ыстығы қатты шыңында жатып, көзі ұйқыға кетті. Алыс жақтан созыла жеткен өз дауысын естіп, шошып оянды да, айқайлап жіберді. Алайда өзінің үні мәңгі-лік өшкеніне бұл уақытта сене алмады. Энибердің көзінен тамшылаған жасы, әлсіз қызыл сәуле шағылысқанда көңілі-нің қай бұлағынан бөлінгенін аңғару тіптен қиын еді. Тама-ғын екі қолымен қысып Эльваның аранына жетіп, көп ойланбай секіре салғандағы соңғы дыбыссыз сөзі: «Дауы-сымсыз бұл өмірде кімге керекпін?!» Сол сәтте буы бұрқақ-таған терең қойнаудың шоғына әппақ ұлпадай қонып түскен әншінің тәмам болған тағдырын жер бетіндегі адам баласы сене алмайтын өлім боларын ешкім болжап білмеген еді.

Таң атысымен қызметшілер Эниберді жоғалтқан-дарына сене алмай, таңғы астарын ішпей, орман кезіп аралап, түске дейін Фермангельдің орманын шулатты. Ешқандай із таппаған олар түс ауа қонақ үйге қайтты. Өткен жолғыбір ап-та еркексіз өткен күндердің бәрін егжей-тегжейлі сұрап шық-са да, дәл Энибердің осылай ұшты-күйлі жоғалғаны капитан-ның ақылына қонбады. Кетриннің  жалғыз сөзі оны Эльва-ның шыңына шығуға мәжбүрледі: «Күйікке ұқсас, бір әлсіз иіс сездім». Роузеннің есіне бірден Уильямның қазасын көр-ген сәті есіне түсті де, Кетриннен анықтап қайта сұрады. «Кэмпидонда  жылына бір рет шошқа өртеуші еді ғой есіңде ме? Иісі соған ұқсай ма?» дегенде, Кетрин ойындағысын тап-қанына қуанып, басын изей берді. Алайда Роузен мұндай жа-уапты естігісі келмеген еді. Энибердің қайда кеткенін топ-шыласа да, Эльваның шыңына шыққанша, үмітін үзбеген еді. Алайда шың басында жатқан әншінің топыраққа иленген киі-мін көргенде, жорамалының тура шыққанына қиналжы. Фермангельдің биігіне шығып, бұлтты будың арасында Энибердің тәні тұрмақ, бір уыс күліне де жете алмай қалға-нына қатты ызаланды.

Түн ортасында киімін әкеліп тастаған сәттен-ақ, қонақ үйдің ішін әйелдердің зары кернеп, таңға дейін жылаған үн-нен Роузен өзін қоярға жер таппай, құлағын тарс бекітіп, тө-сек астына бүрісіп жатып алды. Таң атысымен қызметшілер-дің жанарлары солып қалғанын аңғарды. Ешкім бір-бірімен сөйлеспейді. Отырған орындарында мелшиіп, бір нүктеге қа-далған жандардың есін қайта жидырған Роузеннің өзі еді. Тоняға Энибердің бөлмесін жуғызып, киім-кешектерін жи-натып есігіне құлып салдыртты. Айнала тіршілігіне қайта араласа бастағанымен, қонақ үйдің ішінде Энибердің жоқты-ғы қатты білінді. Тақылдатып өте шығатын аяқ киімі мен оңашада ыңылдап жүретін үні сөнгенін сезген сайын, қыз-метшілер одан сайын жабырқай берді. Дегенмен Қараөткел-дің келесі ашылар кезегі  келмейінше, күтуден басқа шарала-ры жоқ еді.

Энибердің қазасына төрт күн өткенде, капитан ас үйге жұртты жинап, Мейрон жайындағы соңғы шешімін жарияла-ды:

– Бүкіл Фермангельді қайта-қайта шарлап, Мейрон-ның жоқ екеніне көзім жетті. Бір ғана пайымым, ол жердің астына кіріп кетті не суға ағып кетті. Бүгіннен бастап оны із-деуді доғарамын.

Үнсіз тыңдаған қызметшілердің бәріне Мейрон тура-лы айтқан үкім жәй бір хабарландырудай естілді. Әлде капи-танның қатты тастай болған сұсты кейіпінен солай жетті ме, әйтеуір, ешқайсының Мейронға жаны аши қоймады. Кетрин-нің еркектердің үстіне сіңген иістен басы айналып, лоқсып әлі құрып, құлап түсті. Роузен оны қолына көтерді де, ас үй-ден шығып бара жатып:

– Бұдан кейін біреуің де қонақ үйдің маңынан кет-пейтін болыңдар. Менің рұқсатымсыз ешқандай шешім қа-былдамайсыңдар, – деп бұйрығын зілді дауыспен қадап айт-ты да, шығып кетті.

Кешке дейін Тоня мен Һанна Кетринді қайта-қайта шомылдырып капитаннан сіңген иісті әрең жойып, есін жи-ғызды.

Тоня Кетринге қарайласып жүргендіктен, бүгін асқа кеш отырды. Роузеннің араларына қосылмағанын пайда-ланып Хоссе ойындағысын айтты:

– Неге дәл қазір жүгімізді жинап кете бермейміз?

– Әлі он күн бар. Тірідей барып өлгің келе ме? – деді Гариз оның ұсынысын жақтырмай.

– Неге сол қарғыс атқыр қақпа туралы аңызға сенуіміз керек? Бәлкім, Роузеннің ойлап тапқаны шығар?

– Рас-ау, бәріміз өткелден қалай өткенімізді білмей-міз. Бірақ капитанға неге сенбеске?

– Менің сенгім келмейді. Тіптен өліктердің қайдан келгенінде білмейміз.

Буба да әңгімеге араласты:

– Бір жағынан Хоссенің сөзінің жаны бар. Айт-қандары рас болса, өліктер туралы бізден несіне жасырады. Гариз, өзің естідің ғой. Көміп жүргенде, Буба екеуміз қанша рет сұрадық олар жайында. Капитан тіс жармай қойды.

– Не себепті бізді алдайды, ал, айтыңдаршы? Оған не пайда одан? – деді Тоня капитанды жамандыққа қимай.

– Мүмкін, осының бәрі Харбер мырза екеуінің жос-пары шығар. Бәлкім, бізді тәжірбиеге салу үшін осында жі-берген шығар.

– Қайдағыны айтпашы! Болмайтын қызметшілер үшін осыншама зәулім қонақ үй салатын жынды дейсің бе? – Гариз тыйып тастады.

– Һанна, Тоня, айтыңдаршы, сендердің балаларың қалды ғой елде. Осылай көніп жүре бересіңдер ме?

– Енді қайтейін, Хоссе! Өзім Роузенге сенемін. Ол біз-ді алып шығады.

– Менің кеткім келеді, – Һанна әдетінше Хоссені жақ-тады.

–  Ендеше, бізді не ұстап тұр? Бәріміз біріксек, бір қа-йықты алуға болады ғой. Өзі барғысы келмесе, қалсын өлік-тердің арасында.

– Неге сонша сенімдісің? – деді Буба.

– Мен ешкімге ешқандай уәде бергім келмейді. Кім бі-леді, өткелге жетпей дауылдың астында қалатын шығармыз. Ешкім оған кепіл емес, – Хоссе сөзін жалғастырды:

– Менің айтқым келгені, мұнда күтетін не қалды? Екі адамнан айырылдық. Бұлай жүре берсек, Дастердің әлгі жыртқышына жем болуымыз мүмкін.

– Алдымен капитанға барып шынын сұрайық, не жа-сырғаны барын айтсын, еркек қой! Егер сөзімізді елемесе, мен өз басым, сендермен бірігіп кетемін.

Әлгіннен бері столға басын қойып, селсоқ отырған Жаспер Бубаның сөзіне қарқылдап күлді.

– Нақұрыстар өңшең! Мына түрлеріңмен біреуің аман қалмайсыңдар! Роузеннің сыртынан тон пішпей, қазір барып айтыңдар да кете беріңдер.

– Сенің шынымен осында өлгің келе ме? – деді Гариз Жасперге.

– Менің керегім түгел. Әлгі Мейрон есуасқа рақмет.

Әңгіменің арты бос күндестікке айналып бара жатқан соң, Тоня мен Һанна ұйықтауға кетті. Жаспер әңгімеге арлас-қан соң, Хоссе түпкі ойының соңын әдейі сұйылтып жіберді. Есесіне, кімнің қандай көзқараста екенін біліп, көкейіне тү-йіп алды.

Уақыт өткен сайын Роузеннің қаталдығы, астыртын сыбырдың күш алуына апарып соқты. Хоссенің о бастағы сө-зі әрбір қызметшіні толықтай капитанға қарсы шығуға итер-меледі. Хоссе әрбір асқа отырған сайын капитанның жүріс-тұрысын әңгімелеп отырып, алғашқыда өзіне қарсы болған-дардың бетін қаратты. Расында, соңғы кездегі капитанның жүрісі тіптен түсініксіз ойларға қалдыра бастады. Таң атқан-нан орманға кетеді де, түнде қайтып оралады. Ол қылығын көргендердің бәрі сараптай келе, Мейронның жоғалғанына күмәнмен қарады. Бәрі тегістей бізден жасырған бірдеңесі бары анық деп шешіп, капитанның есігінің алдына жиналып, шығуын талап етті. Талап етердің алдында мұнша тіке келу-леріне сенімді болуы үшін, кезіндеі өлік қазған жыртқышқа арналған балта күректерді жақын жерге қойып, толықтай сайланып алған еді. Есігін қайта-қайта қаққан соң, капитан сыртқа шықты да, олардың жүзіне бір қарап, сыртқа қарай бастады. Бұл қылығына ашуы келген Хоссе сұрағын төтесі-нен қойды:

– Капитан, біздің шыдамымыз таусылды. Біз тіпті Мейрон жоқ дегеніңе сенбейміз.

– Мейрон расымен жоқ.

– Мынаған жауап берші: бізден жасырған нең бар? Орманға бізді жібермей, өзің не бітіресің?

– Хоссе, сенің орныңда болсам, аман-есен қайтуды ой-лайтын едім.

– Онсыз да біз қазір қайықты мініп қайтпақшымыз.

– Қазір емес. Бір апта күтіңдер.

– Капитан! Осы уақытқа дейін біздің бір сұрағымызға жауап берген емессіз. Ең болмағанда, алғаш мұнда аяқ басып келгенімізде шараппен улағаныңның себебін айтқан жоқсың. Тіпті өліктердің қайдан келгенін де сен бізден жақсы білесің.

Роузен өзінен жауап күткен көпшіліктің ішкі сұрақта-рының қандай күйзелістен шығып жатқанын түсінсе де, жа-уап қайтармады. Керісінше ашуға мініп тұрған Хоссенің иы-ғынан қағып:

– Тағы да қайталайын, орманға бармаңдар. Әлгі қон-жықты тағы көрдім.

Дастер Чапо туралы ести қойды да, орманға қарай жү-гірді. Аңтарылып, қайтерін білмей тұрған Хосселерге капи-тан «Ұстаңдар!» деп айқайлады да, өзі бөлмесіне кіріп, ре-вольверін алып шықты. Олар әлгі тыққан балталарын алып, қонақ үй артына айналғанша, Дастер орман ішіне сіңіп кет-кен еді. Өкпелерін қолдарына ұстап, ентігіп шалынып бұлар да артынан қуды. Капитан оларды бастап, су диірменіне қа-рай тартты. Топырлап жүгіріп жеткен оларды Дастер тоқтат-ты. Диірмен астындағы баяғы Дастер өзі қалдырған сөмкені жұлмалап жатқан Чапоны көпшіліктен барынша құтқарып қалғысы келді. Капитан револьверін оқтады да:

–Дастер, бері кел, ол бұрынғы бейкүнә қонжық емес.

Ол капитанды тыңдамай, Чапоға жақындай берді.

– Сіздер тастаңыздаршы қаруларыңызды.  Міне, ол тиіспейді.

Дастер Чапоның қасына адымдап жақындады. Өзі жү-ні түсіп, азып-тозған Чапоның көзінен бұрынғы аңқаулықты көрмесе де, адамдардан құтқарып қалуды ойлап, қасына ба-рып, оның қауіпсіз екенін дәлелдемекші болды. Капитан ре-вольверін түсірді. Өйткені Чапо Дастердің алақаны тұмсығы-на жеткенше қимылсыз жата берді. Басынан сипап бойын жазғаны сол-ақ екен, Чапо оның екі алақанын иіскелеп, өзі қазып жеген өлексенің иісін танып, орнынан тұра бергенде, капитан: «Дастер, қаш!» –  деп айқай салды. Қас-қағым сәтте Чапо Дастердің бес саусағын бірдей тістеп, жұлып алды. Қо-рыққаннан құлап түскенде де, жануар дәл кеңірдегінен жа-быса кеткенде де, Дастер аласұрып, капитанға дәл баяғы әке-сінен қашқан сәтіндей қатты жүгіргенде де, соңынан қуып жетіп, аяғынан тістеген кезде де, капитан шүріппені баспай тұрып қалды. Дастердің аяғынан қомағайлана тартып жатқан қонжықтың аш көзінің хайуанға тән жалмауыздығын сезін-ген кезде ғана, револьвер атылып, қонжықтың көзінен тесіп өтті. Қорқып шуласқан Хосселер қансырап қорқып жылаған Дастер-ді қонақ үйге алып бара жатқанда да, Дастердің жарты жолда жаны шығып кеткен сәтте де, капитан Роузеннің құлағы тұнып, айналасын бағдарлай алмаған меңі-реу күйде жүрді. Қонақ үйде қанды көріп, есінен танып құла-ған Тоняны көрсе де, сүрліге қашқан Һаннаның артынан ба-қыласа да, капитан Роузен мелшиіп қарап тұра берді. Аяқ ас-ты қонақ үйдің ішін шулатқан тағы бір қиылған қыршынның тәнін ақ матаға орап жатқандардың қасында да, қолдарына күрек алып асыққан еркектердің арасында да капитан қимыл-сыз тұрды.

Қонақ үйдегілер Дастерді о дүниеге аттандырып, өкініштің жастарын төгіп жатқанда капитан қонақ үйдің ар-тын айналып, орманға қарай кете берді. Одан тоқтауын өті-нер жан болмады. Оғы атылып кеткен револьверін қолынан тастамай, орман арасына кіріп белгісіз бағытқа тарта берді. Эльваның жіңішке өзенін кесіп өтіп, арғы бетіне жеткенше қас қарайып үлгерді. Осы жүргеннен жүріп отырып, буыны талып тізерлеп отырып қалған кезде ғана есін жиғандай те-рең тыныстады. Ормансыз жазықтау жер екені айдың ала сұр сәулесінен әрең-әрең білінеді. Капитан револьверін құшақ-тап жерге бүрісе жатып, ішіндегі бар ызасын шығара, айқай-лап жатып жылады. Револьверін екі алақанымен қысып ба-уырына баса құшақтаған оның көз жасы төгіле берді. Ол мұн-дағы Энибердің де, қонжықтың да, тіпті Дастердің  де өлімі-не қайғы жұтқан жоқ. Тағдырының осынша масқаралағанына налыды. Револьвердегі жалғыз оқты ұлы кекке арнап, сонша уақыт сақтап келгенде, қайдағы бір кінәсіз хайуанға жұмса-лып, мазақ болғанына күйінді. Нағыз офицерлердің өліміне лайықсыз бейшара жанға айналғанын көтере алмады. Ол ре-вольверді Уильямның құрметіне жасатып,  екі ақ оғын қолд-ан жасатқан. Біреуін дайын болған күні Уильямның құрметі-не арнап, аспанға атып, екіншісін өзіне арнап еді. Осы уақыт-қа дейін қасында жүрген Уильямның көзіне тіке қарай ала-тын сенімінің артында сол оқ тұрған еді. Өзінің қалауын орындауға бірақ қадам қалғанда, бүкіл арманының күлі көкке ұшты. Тіпті сол үшін қызметшілерден алыстауына тура кел-ген. Күндіз Хоссе қойған сұрақтарының бір ғана жауабы осы оқта еді. Алайда оқ атылған сәтте, артындағы Уильямның елесі револьвердің басынан шыққан түтінмен бірге бу болып ұшып кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсат

Қайық маңында отырған Гариздің қолы мотордың қуыс-қуысына сүңгіп жұмыс істеп жатқанымен, ойындағы үрейі белең алып барады. Дастер қайтыс болғаннан кейін, қызметшілердің басшысына айналып кеткен Хоссенің әрбір әрекеті Гаризді алаңдатады. Капитан бір күннен кейін орал-ғанда, дәлізде күтіп тұрған Хоссе кететіні жайында хабарла-ды. Оған қалғандары да келісе кетті. Бірақ Роузен бұрынғы әдетіне басып, қарсылық танытса да, ешкім оның айтқанына көнгісі келмеді.

– Тіпті сеннің тапаншаңның бар екенін де білген жоқ-пыз. Бұл жер ешқандай қаруды қажет етпейтін мекен еді. Тек қана жұмыс үшін келген қызметшілердің арасына қаруды неге алып келдің? – деп сұрады Хоссе. 

– Жай ғана қызметкер екендеріңді білсеңдер, өз шару-аларыңа кірісіңдер, – деп, капитан өзінің бөлмесіне кіріп кеткен еді.

Роузеннен тұшымды жауап алуға қауқарсыздығы білі-ніп қалған Хоссе өз бетінше әрекет жасауға кірісті. Гаризге мотордың қайығын жасауды бұйырып, қалғандарына жолға дайындалуды тапсырды. Расымен олар ештеңеге қарамай ке-тетін болса, қастарына капитанды қоспайтындары сөзсіз. Қызметшілер із-түссіз кеткен Мейронды да мүлдем ұмытты. Жауабы жоқ сұрақтардың астында қалған өзге қызметшілер-дің берілген тапсырманы орындамауға шарасы қалмады. Бә-рінің бұл маңнан аман қайтқысы келеді. Үнсіз қалатын капи-танның әрекеттеріне енді сенуден қалды.  Үміт артқан Харбер Уотсон атты магнаттың ендігі бұл маңда қадірі қал-мады. Кешкі аста бас қосқан сайын, Харбер, Мейрон және ка-питан Роузен бәрінің жамандап лағынет айтатын адамдарға айналды. Олар енді жеке бір топ құрып алғандай. Баяғыша ән тыңдап, ойын ойнап, сауық құратын көңіл мүлдем жоқ. Тоня-ның тағамдары бұрынғы тіл үйіретін дәмінен айрылды. Ас дайындайтын бөлмеге кірсе болды, Дастер ойына түсіп, тым самарқау көңілге ауысып кеткеннен бе, әлде қызметшілер дәм сезер қабілеттен айрылғанынан ба, әйтеуір, бір құлазы-ған кеңістікке өзімен-өзі көңілсіз күйге түседі.

Гариз қайық моторының не себепті істен шыққанын тапты. Өзінің қолынан келгеніне қуанып, қызметшілерді жақсы жаңалықпен қуантпақ болып, қонақ үйдің маңына же-те бере, тоқтай қалды. Егер қазір басқаларға баяндаса, Хоссе-нің кешке дейін жолға шығып кететіні күмәнсіз. Гариз өзінің мойнына ілінген жауапкершіліктің салмағын қазір сезгендей болды. Бағытынан айнып, қайыққа қайта жетіп, арлы-бері сандалды да қойды. Бүгін теңізге шығар болса,  капитан айт-қан өткелдің қаупі рас болып, осы түннен қалмай, өліктердің қатарына қосылатындай сезінді. Қайтерін білмей абдырап тұрған оған Хоссенің дауысы жетті:

– Неге сенделіп жүрсің? Дайын болды ма?

Гариз өзінің өткел жайындағы күмәнін сейілту үшін, жылдам басып оның қасына келді.

– Капитанның айтқаны рас болса ше?

– Оның әңгімесінің өтірік екеніне қандай да бір күмә-нің болса, бізді өткелден өтерде не себепті улап тастағанына жауап тауып көр. Расымен қауіпті болса, бұл уақытта оның денесін анау өлекселермен бірге жерлейтін едік.

– Мен білмеймін. Бір білерім – бұл жерде бірнәрсе дұ-рыс емес.

– Олай болса, бізге қайықты тезірек жөндеп бер. Өзің осында қалғың келсе, қалауың білсін. Сонымен әлі қанша кү-теміз?

– Нақты айта алмаймын.

– Онда уақытты бос әңгімемен өлтірмей, жұмысыңа кіріс, – деп қабақ түйе бұйырды. Гариз мақұлдап қайықтың жанына кетті.

Һаннаның терезе алдында отырып, шексіз мұхитқа телміруден басқа шаруасы қалмады. Күнде сыпыртқысын алып, жұмысына кірісудің мәні жоғалды. Энибер мен Дастердің ұшып кеткен жандарына қосылып, қонақ үй едені-нің қуыс-қуысына тығылған шаң да ғайып болғандай. «Дастерге «Құм шашпа» деп ұрсатынымның жаны бар екен-ау» деп, көзіне жас алды. Күнұзаққа бір жерде отыра беруден жалығып, Кетриннің бөлмесіне беттеді. Қайтсем де үйге қай-там деген мақсаты тезірек бұл аралдан тайып тұруға асықты-ра берді. Аман қайтуға талпынған жанның қалауына дем бе-ріп, шыдамын шыңдай түсуге шақыратын Хоссенің соңғы кездегі батылдығы еді. Сол ғана бұл аралдан аман алып шығатындай көрінеді. Хоссенің ісіне іштей сәттілік тілеп, сырқат қыздың бөлмесіне келіп жайғасты. Әйтеуір таң мен кештің арасында Кетринге қызмет қылған ісі ғана ойын сер-гітеді. Жас қыздың мүсәпір жағдайына бойы үйренді. Қазір тамақ тасудан бөлек, жуындыру, дәретханаға апару сынды қосымша еңбек тауып алды. Сөйлеуге әлі қалмаған қызды ая-ған сайын, өзінің де одан ешқандай айырмашылығы жоқты-ғын сезінеді. Тәнім сау дегені болмаса, ішкі дүниесі қирап, өкінішпен кеміріліп, таусылып барады. Қазір сырқау қыздың бабын жасап жүргенімен, түптің түбінде қалдырып кететінін білгендіктен іші қан жылайды. Һанна түгілі Кетриннің өзі де енді қайтып оңалмайтынын жақсы түсінеді. Алайда екеуі де мүмкіндігінше өмірмен ұзақ күресуге бел байлағандай. Бұл жаққа сапар шектірген армандарының  әп-сәтте көзден бұл-бұл ұшып кетуін қаламайтындай. Кетрин өзінің жағалау жар-тасына барып, тереңіне сүңгіп шығатын сәттерін аңсады. Сондағы еркіндікті қалаған арманшыл, өміршең жанының күш-қуаты болғанын қазір өзі ұмытқан болар. Бағанадан бері ауыр демалып жатқан қыздың тынысы ашылды.  Қасында отырған Һаннаның қолынан ұстап:

– Бәлкім, өлім жайында көбірек ойлансақ, сақтықпен жүрер ме едік?! – деп күрсінді.

– Дастер мен Энибер өмірді тым қатты жақсы көруші еді...

Сөзін үнсіз тыңдаған Кетриннің жүзінен әлдебір қуа-ныштың ізі білінді. Һаннаға күлімдей сөйледі:

– Үйіңе қанша ақшамен ораласың?

– Соны есептеуге де шамам келмей қалды ғой, – деп, Һанна қыздың жымиған жүзіне таңданыспен қарады.

– Менің табысымды саған жазып берсем, міндетті түрде Кэмпидонның ортасынан үй сатып аласың.

– Ол не үшін? Саған қызмет қылған күндерім үшін бе? – Һанна қыздың өзін келемеж қылып отырғанын түсініп, қо-сыла күлді.

– Неге келген күннен бері құрбым болмадың? Айтар-лықтай табысың болар еді.

– Иә, саған. Ол кезде сен үшін де ақшаның құны бар еді ғой. Енді келіп, мәрттігін көрсетіп жатқанын қарашы!

Күлкісі келген Кетриннің іші ауырып кеткен соң, өзін амалсыз тоқтатты. Әйтпесе бірталай күннен бері жанын же-ген уайымын осы әзілге ілестіріп, жуып-шайып алар еді.

Хоссе Гариздің сұрақтарынан соң, бірден үйге кіріп, капитанның есігіне көз тікті. Қызметшілердің әлі де болса Роузенге деген сенімдерінің жоғалмағанынан қауіптенді. Егер суыт келген капитан, тынығып алған соң, бүкіл жағдай-ды қолына алар болса, өзінің көлеңкеде қалып қоярын біліп, қайтсе де  Роузенді бөлмесінен шығармау керек деп, тәуекел-ге бел байлады. Гариздің бөлмесінен кілт алып, капитанның есігіне жете бергенде, дәл баяғы оқиғадай кілт тоқтады. Сол күні де түн ортасында  күнделігін қолына алып, Роузеннің есігіне жақындағанда, оңбағандығын бетіне басам деген батылдығынан айрылып, үрейге жеңіліп қалған сәті есіне тү-сіп, бойы мұздап кетті. Қолындағы кілт пен алдындағы есікке кезек қарап, ішкі қорқынышының белең алып бара жатқаны-нан үрейленіп, Бубаның бөлмесіне қарай тайып тұрды. Төсе-гінде отырған барменнің есігін ішінен жапты да:

– Қазір қолыңа ілінген құралды ал да, Роузеннің есігін күзет.

Аяқ асты кірген Хоссенің сөзіне таңғалған Буба:

– Не болып жатыр өзі? – деп аңтарыла қарады.

– Роузенің есінен адасты. Айтқаныма көнбесеңдер, қа-йықты өртеймін деп сандырақтап, бөлмесіне кіріп кетті. Гариз қайықты жасап болғанша, капитанның есігін күзет. Әйтпесе осы аралда өлетін түріміз бар.

– Ойбай, оған қайтіп шамам келсін, шыға келсе? – деп, абдырай бастаған Бубаның иығынан ұстап:

– Жай ғана бақыла, есігінен шыққан жағдайда бірінші болып маған хабарла, – деді де, асығыс бөлмеден шығып кетті.

Күтпеген жағдайға абдырап қалған Буба дереу жина-лып, тапсырманы тез орындау үшін сыртқа жүгірді.

Фермангельдің аспанында мұнартқан селдір бу қыз-метшілердің санасында мұң мен өкініштің түсі болып таңба-ланғандай болды. Ешқайсысы қатар-қатар орын алған өлім-нен кейін сыртқа шығып, тыныстап, бойын жазбады. Керісін-ше, еңселері түсе берді. Бәрі жағалауға қазір бір ғана себеп-пен – Гариздің тірлігі бітті ме екен деген үмітпен ғана сұқта-нады. Дәл сондай үміт пен ауыр уайымды арқалап жүргеннің бірі – аспазшы Тоня. Оның бас қайғысы үсті-үстіне баттасып, еңсесін көтеруге мұрша бермей қойды. Жұрттардың үлкен қайғысы өздерін аман алып қайту болса, Тоня бүкіл әріптес-терін ойлайды. Жоғалып кеткен Мейронсыз, ауырып жатқан Кетринсіз, кеше ғана бүкіл сырын тамақ іздеп келіп ақтарған Жасперсіз кетуге жүрегі дауаламайды. Кезінде ащы күлкісі үшін сонша жек көрген Жаспері Тонядан кеше тамақ сұрап келді де, ақырғы шешімін айтып кетті. «Мен осында қа-ламын. Біреуің қайтаруға тырыспаңдаршы. Келгелі тамақ пен шарап сұраудан басқа күнім түспеп еді. Жалғыз тілегімді айтуға келдім. Әйелімнің естеліктері қалған жерге қайтып аяқ басқым келмейді. Маған жаныңыз ашыса, бірнеше күндік азық беріңіз де, мені ұмытыңыз. Мейронның жертөлесін іші-нен бекітіп, сіздер кеткенше сонда жататын боламын», – деп, қолына ілінген азығын қойнына қысып, шығып кеткен бола-тын. Айтқан өтініші Тоняның жүрегіне қадалған ауыр тәуе-кел екенін Жаспер түсінген де жоқ шығар. Тоня көзінің жа-сын сүртіп тамаққа кірісе бастағанда, Гариз ұрлана кіріп кел-ді де, есікті ішінен бекітті.

– Қазір айтатынымды естіген соң, ешкімге тіс жармай-мын деп уәде бер.

– Менің уәдеммен санасатын біреу бар екен ғой әйте-уір.

Алқынып көзі алақандай болып келген Гариз, демін алып, бір жұтынды да, сыбырлап:

– Капитан есінен алжасыпты. Хоссе өз көздерімен кө-ріпті. Маған әйелдерге айтушы болма деп бұйырған. Саған жеткізгенімнің себебі – абай бол дегім келеді. Капитанның есігіне жақын барма, – деп асыға сөйледі.

Көзіне жас толған Тоня сыңсып қоя берді. Кетуге ай-налған Гаризді құшақтап рақметін айтып өксіді.

– Қашан кетеміз енді? Оталды ма анау құрғырың? – деп сұрады ағыл-тегіл болып.

– Түнімен шығып кетеміз, сөзіме сен! – Гариздың нық сөйлегеніне азпазшы иланғандай болды.

Дастер қаза тапқан түнді далада өткерген Роузеннің беті көлкілдеп ісіп, көзі қанталап кеткен. Өз бөлмесінің қа-бырғаларының сыртында қандай жағдай болып жатқанынан бейхабар қалған оның ойы тіптен тоқтап қалған еді. Мұндай кез, бәлкім, жаңа туылған сәбиде болатын шығар. Бойынан ашудың да, қайғының да соңғы тамшысы сарқылып қалған-дай өзін тым жансыз сезінді. Төсегінде қырын жатып, әлде-бір нүктеге телміріп, ауыр ойдың арасын кезгендей көрінге-німен, түбінде түк те жоқ еді. Қозғалыссыз ұзақ жатқан соң ғана, құлағына ұмыт қалған белгісіз дыбыстар алыстан талып жете бастады. Аркади түбіндегі соғыстың қайшыласа ұшқан оқтарының дыбыстары келіп, артынша Уильям жайы, одан кейін ғана Энибер мен Дастердің қазасы туралы бейнелер жетті. Есі келіп, бойына жан біткендей болып, жан-жағына қарайлап, Фермангель атты тамаша аралдағы зәулім қонақ үйде екенін түсінді. Ол орнынан тұрғанда, арал түн жамылып үлгерген еді. Еміс-еміс жинақталған оқиғалар тізбегін құрас-тырып, ақыры, дәл қазір қызметшілердің жағдайы мүшкіл екенін түсініп, бөлмесінен шықты да, бәріне ас үйге жиналу-ын бұйырып, өзі сол жаққа қарай аяңдады. Бұл жолы артынан кіргендердің аяқ алыстары тым сақтықпен қозғалады. Түгел жиналғаннан кейін, капитан орнынан тұрып, олардың көз-деріне қараған сәтте, бұрынғы қызметкерлерді тани алмай қалды. Кек пе, ыза ма, әйтеуір мұзға айналған жанарлар капи-танның өңменінен өтіп кетердей. Қандай жағдайға тап бол-ғандарын ескере отырып, мұндай сұрларын іштей кешіріп, ендігі жоспарды айтуға бекінгенде, араларындағы Хоссе бі-рінші сөз бастады:

– Капитан Роузен, не бүлдіргеніңді білемісің? Қарғыс атқыр Мейрон екеуіңнің әуелгі жоспарларың осы болды ғой, солай ма?

– Хоссе, қоя тұр! – деп, капитан сөзін бөлді. Алайда ашуға мінген ол тыңдамады:

– Бізді тәжірбиеге әкелген тышқандай көрдіңдер ме? Мен бәрін біліп алдым.

– Нені білдің?

Хоссе қызметшілерді көзбен шолып өтіп, қойнынан осы уақытқа дейін тығып келген күнделігін шығарды:

– Бұл аралға келген күннен бері, бүкіліңнің іс-әрекет-теріңді жазып отырдым. Соның арқасында капи-танның бұл күнге дейінгі әрекетін түсіндім. Соғысқа қатысқан қанып бе-зер адамды не үшін бізге басшы қылып жібергенін білесіңдер ме?

Капитанның ашуы келсе де, сөзін соңына дейін тың-дауға бел байлады. Өршеленіп алған Хоссе таңырқай қараған қызметшілерге одан әрі сөзін жалғай түсті:

– Мынау нағыз қатігез болған соң, бізге жіберген. Адам өлімі мұндайларға әншейін маса өлгенмен бірдей. Айт-қаным жалған болса, неге Дастер өлгенде жоғалып кетті? Жүрегінде титтей де мейірім болса, Дастердің қазасында қа-сымызда жүрер еді ғой. Бәрі біткенде түк болмағандай келіп тұр. Міне, мен тіпті күнделікте баяғы өліктердің темір белгі-лерін жинап жүргеніне дейін жазып алдым. Оларды таныма-са, қайдағы жоқ темірді қайтеді? Келгенімізге қанша күн бол-ды? Әлі күнге дейін бір сұрағымызға жауап бермеді.

Хоссенің айтқандарына қалшылдап кеткен Гариз ка-питанның қасына келіп, тістене сөйледі:

– Қандай тәжірбие жасап көрмекші болдыңдар? Құ-рып кеткір Харбердің жоспары ма бұл?

Гариздің көзіне тіке қараған Роузен:

– Сандыраққа сеніп тұрғаныңа жол болсын, – деді.

– Сандырақ емес. Гариз, бұған Харбер мырзаның еш-қандай қатысы жоқ. Бәрін бүлдіріп жүрген – мынау. Осы уа-қытқа дейін біреуің ойланып көрдіңдер ме? Неге біздің ара-мызда дәрігер жоқ?

– Харбер оңбағанға алданып қалдық. Меніңше, соның бұйрығы, – деп, Гариз ызалана сөйледі.

– Харбер мырзаның мұнда ешқандай қатысы жоқ. Ай-налдырған он адам үшін осыншама зәулім үй салып бермей-тін шығар. Ондай ақымақ адам емес. Орта жолдан бәрін бүл-діріп жүрген – Мейрон мен Роузен.

Үндемей тұрып қалған қызметшілердің күмәндары көбейіп, капитанға деген өшпенділіктері арта түсті. Іштей бу-лығып тұрған Тоняның өне бойы мұздап сала берді. Капитан-ның дәл алдына келді де, көзіне ұзақ қарап тұрып:

– Менің қолымнан ас ішіп жүріп, осындай оңбаған-дыққа қалай бардың? Ұятсыз! – деп, Роузеннің бетіне түкіріп жіберді. Бағанадан бері Хоссе не айтса да, жаны қиналмаған капитан дәл Тонядан мұндай қылық күтпеп еді. Оларды са-бырға келтіру үшін, Уильям жайындағы құпия сырымен бө-лісіп, ішкі күйзелісін баяндауды жөн көрді.  Алдымен сөзінің шындық екенін дәлелдеу үшін беліндегі револьверін көрсет-пекке қолы жүгірді. Бөлмесінде қалып қойғанын қазір ғана байқап, қарсы алдындағы Хоссені қағып өтіп асханадан шы-ғып кетті. Оның әрбір қимылын аңдып тұрған Хоссе:

– Тапаншасына кетті. Артымнан үндемей еріңдер, – деп, қызметшілерді ілестіріп, бөлмесіне енді ғана кірген ка-питанға бет алды. Хоссе ас үйдің кіре берісіне қойған күректі ала келіп, револьверін төсегінен іздеп жатқан капитанның желкесінен қойып кеп қалды. Қапиядан тиген соққыдан та-лықсып құлап түсті. Олар есікті сыртынан бекітіп, абдырап қалған сәтті пайдаланып, Гариз қайық туралы құпиясын жа-рия етті:

– Хоссе, сенің сөзіңе енді сендім. Қайық сапарға да-йын.

Беймаза күйге түскен Буба:

– Капитанды қайтпекпіз? – деп сұрады.

– Ол ес жиғанша, жиналып алайық, содан кейін оятып алып кетеміз, – деп, Хоссе жауап қайтарған соң ғана, қызмет-шілер өз бөлмелеріне жүгірді. Тоня капитанға бар білген қар-ғысын іштей тілеп, бөлмесіне жете бергенде, ызасын қайна-тып жатқан ішкі даусынан бір сәтке ажырады. Өйткені ойына Жаспер оралды. Аласапыран болып кеткен жағдайдан соң, қандай шешімге келерін білмеген ол, абдырап біраз тұрды. Жасперді алып кеткеннен кейін, шынымен көтере алмайтын қайғысымен қайта қауыштырса қайтпек? Ішкі толқынысы орнына келгенде ғана, оның сөзін орындаған жөн деп, Жаспердің қайда кеткені жайындағы шындықты ішіне жұ-тып, ешқашан шығармайтын болып кесті. «Оны қалдырсам да, Кетринді тастамаспын» деп, бөлмесіне беттеді. Тоня дә-лізде ойланып тұрғанда, Кетриннің бөлмесіне енген Һанна есігінен сұрлана шықты.

– Кетриннің халі мүшкіл, – деп Тоняға айтып, екеуі бөлмеге енді.

Кетриннің тәні терге шылқып, селкілдеп, тынысы та-рылып: «Әкеме айт...Әкеме айт... Жұпар...Жұпар...» – деп сандырақтай берді. Онымен бірге үрей мен аяушылық се-зімдері араласып, екі әйел еңкілдеп жылады. Тынысы тары-лып, тұншыға берген қыздың халін түсінген Тоня:

 – Кетриннің демі сөніп барады. Күтіп, денесін арулап бір-ақ аттанамыз, онсыз ешқайда бармаймын, – деді. Һанна жылдам барып астына түсті де, есіктің алдында жүктерін ар-қалаған Хоссе, Буба, Гариздерге Тоняның сөзін жеткізді. Хоссе жүгін еденге тастап, арлы-берлі біраз кезген соң:

   – Жарайды. Бірақ ертеңнен қалсақ, кешігетінімізді ұмытпаңдар – деді де, Һананың соңынан ілескен Буба мен Гаризге: – Меніңше, осында қалғандарың дұрыс. Онсыз да өлім көргендерің жетерлік. Байғұс қыздың төңірегінде то-пырлап, ауасын тарылтпайық.

Кетрин сілкініп, жұлқынып әбден шаршап ұйқыға кетті. Һанна оралған соң, Тоня қыздың қасында болуын өті-ніп, жуынатын бөлмеге кіріп, бетін қолын жуып, айнаға қара-ды. Көзінің асты көлкілдеп ісіп, жанарының қарашығы кіші-рейіп кеткендей тым аянышты көрінді. Сыртқа шығып таза ауамен тыныстауды ойлады. Есік алдында тұрған үш еркек бөлініп алып, Жасперді іздеуге шығып бара жатты. Тоня өзінің шешімін іштей қайталап, оларға іздеудің қажеті жоқ-тығын айтты. «Ол соңғы шешімін кесіп айтты», –  деп алқы-нып әрең сөйледі. Өзінің де діңкесі құрып бара жатқаннан ке-йін бөлмесіне барып азырақ жата тұруды жөн көрді. Астаң-кестең болған түннің арасында бір мезетке тыным табудың аса қымбатқа түскеніне іштей налыды.

Үшеуі аз ойланып, қандай шешім қабылдарын білмей, ас үйге үнсіз келіп жайғасты. Түрлері жауапсыз қалған сұрақ-тардың суығы қарып бара жатқандай өңсіз. Болып жатқан жағдайды ойлап, қандай жолмен аяқталса да,  тек соңы жақ-сылықпен біткенін тілеп отырғанда, ас үйге Мейрон кіріп келді. Сақал-мұрты қауғадай болып өсіп, киімінің тоз-тозы шыққан Мейронның жанарында ештеңеден бейхабар жылы шырай бар еді. Оған тесіле қараған үшеудің ішкі ызалары бойларына бірдей көтеріліп, сырт етіп сыр бергендей түкке түсінбей тұрған Мейронға анталай жүгірді. Құшырлана соқ-қан Хоссенің соққысынан қашып құтылуға қуаты жетпей, мұрттай ұшып түсті.

– Бәріне кінәлі сенсің, сұмырай. Өткел уақытынан сен үшін кешіктік. Сен үшін бейшара қыз сырқау болды. Сенің қарғыс атқыр шарабыңның әсерінен Энибер қаза тапты. Дастерге әлгі жыртқышты көрсеткен де – сенсің. Сол жоғал-ғаныңнан қайтып келмеуің керек еді! – деп, үшеуі бүкіл ыза-сын шығара отырып төкпештеді. Сүйектері қушиып, әлі әб-ден құрыған Мейрон соққының астында бетін қорғаудан бас-қаға шарасыз еді. Үшеуі сүйреп отырып қонақ үйден қуып: – Табаныңды жалтырат! – деп, итеріп жіберді.

Артына қарамай қашқан Мейронның қарасы түнекке сіңіп жоғалғанша, үшеуі бақылап тұрды. Қас-қағым сәтте өте шыққан түсініксіз жағдайда Буба артық кеткен адамдай ың-ғайсыз сезімге бой алдырды.

Бұрын кешкі астан соң әдетінше бардың төңірегін бір тексеріп, ертерек бөлмесіне кететін Буба бұл жолы, ұзақ кі-дірді. Бөтелкелері мен стақандарын қайта-қайта сүртіп, тоқ-тап қалған уақыттың ағынымен өзінше күресіп әлек. Мейронды ұмытқаннан ба, әлде дәл осылай келіп таяқ жейді деп елестетпегеннен бе, әйтеуір бағанағы қашқан сәтін ақы-лына қондыра алмады. «Оның алғаш келгендегі тік мінезділі-гі мен дөрекілігін көрген адамның бірі мен болсам, үш ұйық-тасам да мұндайға душар болады деп ойламас едім», –  деп, бос стақандарды соғыстырып қойды. Қаша жөнелгендегі бейнесі көз алдынан кетпей, ұйқысы қашты. Осы қазір қонақ үйдің маңайында жүргендей елестеп, шарапхананың ішіне кіріп келетіндей есік жаққа қайта-қайта елеңдей берді. Буба ешқашан өз жұмыс орнында шарап ішіп көрген емес-ті. Бұл қағидасын жұмысына адалдық деп түсінгелі өмірінің орта бе-лінен асып кетті. Алайда сол қағида қазіргі уақытта мәні жо-ғалып бара жатқандай мағынасыз. Іштей өз ережесін сақта-ғысы келсе де, ешқандай салмағы білінбеді. Бәлкім, аман қа-лу жолында басқа арман-мақсаттардың бәрі өздігімен еріп кетті ме екен, әйтеуір не үшін шарап ішпеу керектігін ұмыт-ты. Қабырғада тізілген бөтелкелеріне көз жүгіртіп өткенде, өзге дүкен сөрелерінің алдында таңдауымен бас қатырған тұ-тынушыдай сезінді. Өмір бойы қанша бөтелкенің аузын ашып, жұртқа ұсынып жүргенімен, өзі шын мәнінде қандай шараптың жақсы екенін білмейтін болып шықты. Яки өзі үшін жақсы деген ұғым жойылды. Бір-бірден ашып, әрқай-сысының дәмін көріп, кімге қандай өлшеммен ұсынатынын ойлады. Сарғыш түсті шарапты көбіне жастарға құятын. Ал анау жоғарғы жақтағы қалыңдау бөтелкедегі шарапты өзі қа-тарлыларға, одан кейінгісін әйелдерге, тағысын тағы ұсына беретін. Солардың бәрі мұның талғамына таңданып, тұрақты тұтынушыға айналатын. Ал қазір татып көрсе, бірінің екін-шісінен ешқандайда айырмашылығы жоқ. Бәрі қышқыл, бәрі масайтады. Әр түрлі дәмдердің ыстығы ішін қыздырған са-йын өткен өмірі ойына орала берді. Адам баласына ешқандай да зиянын немесе көмегін де тигізбеген уақыттардың бос өт-кеніне қазір көзі жеткендей. Расымен, кім үшін батылдық жа-сап, кім үшін қателікке ұрынып көрді? Қылаң етер көрініс жоқ. Бірсарынды өткен уақыт. Бір ғана кәсіп тағдырының мақсаты болғанына налыды. Бұл ойлардың бәрі әлгінде ғана Мейронды Хоссемен қосылып, төкпештей жөнелген әрекеті-нен туындаған еді. Неге сонша уақыттан соң келіп тұрған адамға демеу бола алмағанын түсіне алмады. Тіпті Хоссе қарсы болғанның өзінде, қандай мақсатынан айырар еді? Стақандағы шарапты ішіп алған соң, «Ешқандай», – деп, іш-тей жауап қайтарды. Бір уақыт ішін кернеген ойдан құтылуға тырысқаны сол еді, Энибер мен Дастердің өлімі есіне түсті. Өзінің дәл әйелдер сияқты қайғырмағаны белгілі. Мүмкін, қайғы жұтар уақытқа бас сауғалаудың қарбаласы араласып кеткен соң, өзінің ертеңінен басқа ештеңе жүрегіне өте алма-ған шығар. Роузенді қатігездігі үшін жазалағысы келгендер-дің арасында өзі де бар. Алайда Дастердің денесін көмгені болмаса, сол сәттердің бәрінде өзінің де бойында өкініштен бұрын қорқыныш басым болған еді. Жасперді де қалдыру ту-ралы ойға келісе салғанының соңында сол бір қорқыныш тұрғандай. Олай болса, жанын қорғау жолындағы алдына жан салмайтын адамдардың қатарынан шығатыны сөзсіз. «Мен расымен осындай ма едім?»  деп, қолындағы стақанына қарап ұзақ ойланды. Іштей жеген күмәннің соңынан сауға-лап, Мейронның бейнесі елестей бастады. «Оның аман келге-нін капитанға айтқаным жөн болар» деп, дәлізге қарай бет-теді.

Орман ішіндегі өзеннің маңына барып, ентігін басқан Мейрон айналасына қарап таңғала қойған жоқ. Түн ортасы ауса да, дәл осы маңға жиналып алатын әнші құстар да, жыл-тырай жанатын балықтар да жоқ. Құстар Энибер қазасынан кейін жер ауып, қайтып оралмады. Балықтардың бәрі үстін-дегі жанатын қабыршықтарын тастап, басқа түрге айналған еді. Ал Мейрон осы жағдайдың боларын біліп келген еді.

Бұл оқиғаның бәрі сары гүлді іздеуге шыққан күннен басталған еді. Ол уақытта іздегенін табатынына сенімді бол-ды. Мейрон орманның ішін аралап, сол түні Эльва тауының арғы баурайына өткен. Үш күн кезіп ешқандай сары гүлді жолықтырмады. Алайда қуатынан айырылып, аштыққа ұрынса да, Кетринге құр алақан баруға дәті шыдамады. Шар-шап шалдығып, Эльваның биік сарқырамасының біріне ба-рып шомылып алмақшы болады. Сарқыраманың астынан үң-гір тауып, түнеп шығуға бекінген. Оның ұлы мақсатының со-ңы сол үңгірге кірген сәтінен тоқтаған еді. Терең ұйқыға ілі-ніп, ұзақ түстің құрсауында қалды. Түсінде Фермангель ара-лы аппақ буға көмкеріліп жатты. Жағалаудан басталып, Эльваның етегіне дейін қалың бу шөгіп, әрбір жерден ұзын ағаштардың төбесі қылқиып тұрды. Ең биік ағаш бұтағының ұшына жармасқан қонжықтың бұтақ кеміріп, ағаш жапыра-ғын шайнап қақалғаны көрінген. Мейрон оның бейімделгіш жануар екенін түсініп, таңғалып тұрғанында, бұлттың сейіл-ген тұсынан өзінің әскери киімдегі атасының қонжыққа мыл-тық кезеп тұрғанын байқады. Өзінің тәнін сезбеген Мейрон бұл кезде бақылаудан басқаға мүлдем қауқарсыз еді. Мылты-ғын кезеген атасы ағаш басындағы қонжықтың дәл маңдайы-нан атып түсіргенде, орманның бұлты сейіліп, айнала құбы-лып мүлдем өзге сәтке ауысты. Мамыражай шуақты күннің астындағы аралдың табиғаты тым әсем көрінді. Түс ішінде өзінің гүлін іздеген Мейрон баяғы гүлді жұлған жерге кел-генде, Кетриннің сол бір кешкі отырыстағы бейнесі көрінді. Қасына баруға қанша тырысқанымен, өзін ауаның бөлшегін-дей сезінген Мейрон қозғалса, бу болып ыдырап ұшып кетер-дей күйге түсті. Фермангельдің түсініксіз оқиғаларын сипат-таған түсінің тереңінде жатып, бірнеше апта ұйықтаған еді. Түсінің соңы ұзын-сонар ақылға қонымсыз әрі тым бөтен кө-ріністермен толысып келіп, өзінің гүлді жұлған сәтіне жете-леп әкетті. Құлпырған сары гүлдің қасында ұзақ телміріп отыратын сәттің неше қайталанғаны қазір есінде жоқ. Әйте-уір қасында көп бөгелген сайын, денесі ысып, қолдарына ие бола алмай, ұстауға құмарланып, ақыры соңында шыдамы таусылып, жұлған сәтінде тым жат күйді басынан өткерді. Гүлдің тамыры топырақтан ажырап шыққан сәттен-ақ, орман құстары алысқа ұшып, жылтыраған балықтардың қабыр-шықтары аршылып, айналасының бәрі қайтадан селдір бу-мен толастады. Алғаш көрген үзік оқиғалардың бәрі жалға-сын тауып жатты. Ағаш басына шығып жалғыз қалған қон-жықтың тағдырын анық көрді. Оны жоғары шығаруға барын-ша тырысқан ересек қонжықтардың қылығына қайран қалды. Аюға ұқсас жануардың ересек екеуі кішкентай қонжықтың құйрығынан тұмсықтарымен итеріп, ыңырси тырмысқан ба-ла қонжықтың ағашқа өрмелеп кетуіне ықпал жасап жатты. Бұлттанған әлемнен қаша көтерілгенін және екі ересек қон-жықтың ағаш түбінде бу көмкеріп бейнесін өшіргенше арпа-лысқандарын анық көрді. Бейне бір баласын қауіптен құтқар-ғысы келген әке мен шешенің көрінісіндей еді. Түсінің соңы мүлдем түнекке ұласқан сәтінде шошып оянды. Ұйқысынан тұрғанда, шашы мен сақал мұрты қауғадай болып өсіп, тас үстіндегі дымқылдан киімі ыдырап жыртылған екен. Сол тұрғаннан Мейронның денесі түршігіп, айналадан қатты қо-рықты. Үш аптадан аса ұйқыда жатқандықтан денесін қоз-ғалтып аяғын басу үшін қанша азапқа түсті. Сіңірлері тарты-лып, қозғалған буыны қақсап, әрең дегенде қонақ үйге тарт-ты. Су сорып тастаған денесінен әлі кетіп, орман ішін кезіп отырып қонақ үйге жеткен сәтінде әлгіндей күйге душар бол-ды. Мейронның соққы тиген жерлерінің бәрі бірден ісіп, ба-сы солқылдап орнынан қайта тұрмаққа тырысқанында, көзі қарауытып құлап түсті.

Ұйқысынан айырылып, әбден мазасызданған Хоссе таң қылаң атқанда да, жағалау мен қонақ үй арасында сенде-ліп жүруін тоқтатпады. Бар ойы – бұл мекеннен қарасын ба-тырып, елге аман-есен оралу. Ол мақсаты кеше ғана айқын болғанымен, түнімен боздап шыққан Кетриннің үні әлсірет-кендей болды. Хоссе ешқашан адамның өлер уақытын асыға күткен емес-ті. Өзінің ойынан ара-тұра шошынып қалса да, жан сауғалау жолында бүкіл әрекетін ақтап әлек. Ең болма-ғанда, басқаларын құтқарып шығамын деген сенімнің артына қыршыны қиылғалы жатқан қыздың тағдырын құрбан етуге дайын болу керек деп түйді. Басшы деген үлкен қызметке жа-уапты болу үшін, қиын-қыстау кезеңде қандай қиын шешім болса да, көтере білу керек деп өзін сендірумен жүр. Таң аты-сымен Кетриннің бөлмесіне кіріп шыққаннан кейін, нақты шешімге қадам басу керек-тігіне көзі жетті. Қыздың бір та-лықсып, бір оянып жатқаны өздерін әлі бірнеше күн жолдан бөгейтіні белгілі. Өзінің іздеген жолының жетер тұсы осы болса, шешімін табайын деген ниетпен Һаннаны оңаша ша-қырып алды. Өңі қуарып, әлсіреген әйелді өзінің айтқанына көндіру үшін шындап кірісті:

– Қыздың жағдайы қалай болды?

– Айту қиын. Байғұс қандай ауруды басынан кешіріп жатқанын айтудың өзі қорқынышты.

– Әлгі гүлдің кесірі ме?

– Иә, түнде қатты қиналды. Қайдағы бір бөтен иісті айта берді. Шынымды айтсам, қатты қорықтым.  Иіс туралы айтқанында тағы да жағалауға өліктер ағып келетін сияқты қауіптеніп тұрғаным.

Хоссе оның не жайында айтып отырғанын түсінді. Һанна түн ортасындағы қыздың қатты тұншықты дегені, Мейронның қонақ үйге кірген сәтіне дәл келеді.  Өйткені Мейронның үстінен мүңкіген иіске Кетрин тұрмақ өздеріде ұзақ шыдай алмас еді.

– Мені тыңдашы, – деп, айналасында ешкімнің жоқ екеніне көзі жеткен Хоссе, сыбырлай сөйледі: – Білемін, айт-қаным нағыз қанішердің қылығындай естілер. Алайда бізге бір шешімге келу керек. Бүгін аттанбасақ, тағы да жиырма күнге қаламыз. Ол уақытта қандай жағдайға ұшырайтыны-мызды кім білсін. Кетрин иіс сезсе бекер емес. Ертең тау бо-лып өліктер ағып келсе қайтпекпіз?

– Маған не істе дейсіз енді? Ол жолға шыдамайды. Кү-туден басқа қандай амалымыз бар?

– Һанна, өзіңнің отбасыңа аман жеткің келеді ғой, айт-шы? Мен де мұндағылардың бәрі өз еліне оралғанын қалай-мын. Онсыз да екі адамнан айрылдық. Жаспер мен Мейрон да кетті. Енді Тоняның Бубаның, Гариздің тағдыры не бол-мақ? Бәріміз үшін үлкен іске баруға мәжбүр болып тұрмыз.

– Сонда не айтқыңыз келіп тұр? – деп, Һаннаның көзі-не жас толып, Хоссенің қорқынышты нәрсе айтқалы тұрға-нын жүрегі сезгендей қалтылдап кетті.

– Кетринді ақырғы сапарға өзіміз аттандыруымыз ке-рек.

– Не дедіңіз? Өзіміз өлтіреміз дейсіз бе? – деп, орны-нан атып тұрған Һанна шошынып, кейін шегіне берді. Алай-да Хоссе оны бауырына басып, жыламсыраған үнмен сөзін жалғастырды:

– Мен түнімен оның зарын тыңдаумен отырдым. Бай-ғұс қыздың азаптанғанын көзбен көрмек түгілі, дауысын ес-тігеннің өзі сондай ауыр. Айтшы өзің, әлі қанша күн оның азабын көріп отыруға дәтің шыдайды? Бір күн...Әлде он күн? Оның қиналған азабы құлағыңда тұнған шығар. Бұл жерде ешқандай қателік жоқ. Өзімізді ойлайтын кез келді ғой. Ар-тыңда қалған қызың бар, соның бәрін ескермегеннің өзінде, Кетриннің азапты күндерінің қандай ауыр боларын түсініп тұрмысың?

– Олай істей алмаймын, кешіріңіз мені, – деп, кетуге бекінген Һаннаны тағы да бөгеді.

– Жарайды. Менің бар ойым – бәрімізді аман алып қайту. Қолымнан келсе,  оны да сапарға алып кетуге болар еді ғой. Алайда оның қайық шайқалар болса, бір минутқа да шыдамай қыршыны қиылары сөзсіз. Олай болатын болса, жансыз денесін ауыр сапарда әрі-бері шайқап, қорлаға-нымызды елестетіп көрші. Меніңше, Кетриннің жаны азап-тан құтылып, тәні топыраққа қойылуға лайық қыз. Айтпағым – осы ғана. Ақырғысын өзің ойлан. Бүгіннен қалсақ, кешіге-тінімізді де ұмытпағайсың, – деді.

Хоссе Һаннаның көзіне тік қарады. Қорқыныштан селкілдеп тұрған оның дәл қазір қандай да бір шешім шығара алатындай қауқары жоқтығын түсініп, одан сайын үгіттемей жөніне қоя беруді ойлады. Ол шалынып сүріне жаздап кетіп бара жатқан Һаннаның соңынан ұзақ қарағанымен, оның іші-не шоқ салып, ішкі дүниесін күйдіріп жібергенін түсінген де жоқ шығар. Әйтеуір әйел қонақ үйге жақындаған сайын, Хоссе өзінің қирай жаздаған мақсаты қайта қаланып жатқан-дай сезімге бөленіп тұра берді.

Буба түнімен ойланып, Мейронның келгені жайында капитанға ескертуге бел байлап, есігіне жеткені сол еді, Роузен құлпы бекітілген есікті теуіп, сындырып түсірді. Оның күрт әрекетінен шошып кеткен Бубаның ойы шашы-лып, не айтарын білмей сасқалақтап тұрып қалды.

– Дастерді қай маңға жерледіңдер?

– Жартасты жағалау жаққа, – деп Буба жауап беріп үл-гергені сол еді, капитан оған қарамай, асығыс басып сыртқа шығып кете берді. Буба соңынан ілесуге батылы бармай, қай-терін білмей, дәлізде қатқан мүсіндей қала берді. Бәлкім, ка-питанның қолындағы револьверді көргеннен қорықты ма, әй-теуір айтар жаңалығы көмейінде қалып қойды. Капитан Роузен түнімен жабық есіктің артында өлген жандай тыныш қалғанымен, бұл түнді ұйқысыз өткергендердің бірі еді. Ол ешкімге ешқандай кек ұстаған жоқ. Керісінше, желкесінен тиген соққы оңаша қалуына көмектескендей болды. Ол Дастерді қансырап жатқан кезінен кейін көрген жоқ. Оның қазасы осы уақытқа дейінгі шешілмей қалған түйіндерінің шешімі болғанына көзі жетті. Ұмыт қалған аманатты орын-даудың өзі, сөздерін естімей қалған сауалға жауап іздегендей мағынасыз көрінгенімен, ішіндегі өміршең жанына қозғау-шы күш болып келеді деп түйетін. Осы уақытқа дейін қолын-дағы револьвері Уильямды да, оның аманатын да еске түсіріп тұратын дәнекердей болушы еді. Оғы атылып кеткен соң, та-паншасы баланың ойыншығындай құнсыз затқа ұқсап, сол сәтте бүкіл мәннен айрылдым деп күйінген еді. Айналасы қанша арпалыс болып жатса да, осы сұрақтың жауабын табу үшін өзіне мұрша берді. Алайда сол тыныштық қызметші-лерді қандай қиындыққа тірейтіні де түсінікті еді. Бірақ түп-тің түбінде бұл маңдағылардың ешқайсысы капитанның ет бауыры емес-ті. Кэмпидонға оралған соң, әркім өз жолымен кетіп, ұмыт болатын жандар екендігін білетіндіктен олардың тағдырына соншама бас қатырған жоқ. Ендігі ойы осы уақыт-қа дейін қатқан жарадай болып келген, Уильям жайындағы естеліктерді қайтып есіне түсірмеуі үшін револьверден құты-лу еді. Қанша дегенмен, Дастер өз ақымақтығынан қаза тапса да, капитанның ендігі өмірінің мәнін өзгертіп кеткен жалғыз жан. Оның ешкімге зияны жоқ момын жануардан жыртқыш-қа айналдырған жануарына атылған оқ айналып келгенде, оңай шешімдей көріне бастады. Өйткені капитанның әскерге аяқ басқан күннен бері миына қағида болып қадалған серті-нің заңын бұзбады. «Оқталған оқ міндетті түрде бір жанға атылады» деген ұғым күллі дүниенің танымына айналған-ды. Сондықтан капитан ол оқты өмір бойына сақтап, өзінің кезе-луі тиіс адамының жолыққанын тілеумен жүрді. Алайда ол айдаладағы бейкүнә жануардың өмірін жалмап, әлгі антынан азат етті. Енді сол қаруын Дастердің топырағына көміп, осы аралда мәңгілік қалдырмақ. Капитанның ендігі жалғыз арма-ны – есіне түсіре алмаған Уильямның ата жауы туралы есте-лігін сана түбінен түбінен өшіру. Қолындағы револьверінің көзін жойса, бұл ойға қайтып оралмайтынына сенімді болды.

Дастердің бейіті орманның оң түстігіндегі жартас бас-талар тұстан орын алыпты. Капитан бейіттің қасына отырып, әдеттегі жұрт секілді оның істеген жақсылықтары мен кө-ңілін жұбатар жақсы естеліктерін ойлап мұңдануға бекінген жоқ. Өзінің оған деген көзқарасы қандай екені беймәлім. Ая-ныштан гөрі, көңіл түбінде оны жазғыратын сезімдер ара-тұра лап береді. Сол бір ойлардың ығына жығылғысы кел-мей, тезірек тапаншасын көмді де, бейіт маңынан алыс кетті.

Уақыт өткен сайын қорқыныштары жиілеген жандар-дың қатары көбейе бастады. Таңертең Хоссенің айтқан сөз-дерінен кейін, Һанна Кетриннің бөлмесінен бір ғана хабарды естуге асыға берді. Сырқат қыздың уақыты созылған сайын, қызметшілердің бәрі қол қусырып күтумен болды. Һанна ас үйге кіріп үнсіз отырғандардың сыртынан қарап қайран қал-ды. Бәрі тағатсыздана күтіп отыр. Күткен хабарлары жетсе, сөмкелерін алып қайыққа жүгіретіндей күйбелең күйде отырғандарын сезіп, үнсіз Кетриннің бөл-месіне көтерілді. Бет-аузы қызарып, ернінің бәрін ұшық жайлаған қыздың түрі тым аянышты. Ол Һаннаға әлсіз бұрылып, әлдене айтқысы келді. Алайда осы уақытқа дейін оның тіл қатқанын қалай-тын Һанна бұл жолы сөйлеткісі келмеді. Керісінше, оның осынша уақыт тірі жатқанына іштей ашулана бастады. Бәл-кім, Хоссенің айтқан сөздері күшіне енді ме, әйтеуір сырқат қыздың ыңырсыған дауысын да жек көрді. Кетрин қолын со-зып, есік жаққа нұсқап, бірнәрсе деп сыбырлады. Һанна оның қасына жақындаған сайын, ойына қызы мен мүгедек күйеуі орала берді. Кетриннің қарлыққан дауысынан «Иіс келді...» – дегенді анық естіді. Һаннаның жаны қиналып жатқан қызға шыдап келген төзімі дәл осы сәтте шытынап кетті ме, әйтеуір Кетриннің басындағы жастығын суырып ала қойды. Бойын-дағы бар жігерін жинап, екі көзін тарс жұмды да, Кетриннің бетіне жауып, үстінен қаттырақ қыса түсті. Қыздың денесі селкілдеп, оны итеруге шамасы келмей жатқанда, есіктен Мейрон кіріп келді. Қолдары құрысып қалған Һаннаны жас-тығымен қоса итеріп кеп қалды. Өз көзіне өзі сенбеген әйел бөлмеден шығуға барынша тырысып, еңбектей қашты. «Адам өлтірмек болдыңдар ма?!» – деп айқай салған Мейронның дауысын ас үйде отырғандардың бәрі естіді. Мейрон Кетриннің түрін көріп, өз көзіне сенер-сенбесін біл-мей тұрып қалды. Оның қолдарын ұстап, қасына жайғаса бергені сол еді: «Өтінем, кет...Сенің иісің...» – деп, қинала сыбырлады. Мейрон не айтқысы келгенін түсініп боламын дегенше, оның артынан келген Гариздер жігітті бөлмеден сүйреп шығарып, дәл есік алдында төкпектей жөнелді. Мейронның адам көргісіз сұрынан шошынған Тоня мен Һаннаның зәре-құты ұшып, өз-өздерімен бақыра берді. Гариз бен Хоссе аямай тепкілеген Мейронда ендігі қорғануға да әл қалмады. Аяқ асты кіріп келген капитан Роузен олардың қы-лықтарына ашуланып, екеуін екі жаққа лақтырды. Мейронды орнынан тұрғызып жатқанда Һанна: «Оны алып кетіңіз, Кетрин иісінен тұншығып жатыр», – деп ойбайлай берді. Әлі қалмаса да, Кетриннің бөлмесіне ұмтылған Мейронды капи-тан иықтап алып, қонақ үйден шығып кетті. Сыртқа шығып, оны жерге отырғызғаны сол еді, Мейрон қайтадан ішке кіру-ге жанталаса ұмтылды. Роузен енді оны көтеріп алды да, жер-төлеге беттеді. Мейронның қазір сабасына түспейтінін түсі-ніп, бәрін реттегенше жертөлесіне бекітіп қоюды ұйғарды. 

Астаң-кестеңі шыққан қонақ үйдің ішінде еркектер Тоня мен Һаннаның сұрақтарының астында қалды. Буба мен Гариз екеуін әйелдердің ашуынан Хоссенің «Түсінсем бұ-йырмасын, аяқ асты қайдан тап болды ол бәле?» деген сұрау-лы әрі қапалы сөзі құтқарды. Хоссенің Мейронның түндегі келісін не үшін жасырып қалғанын түсінбесе де, екеуі күмән-ді көздерден құтылғанына қуанғандай болды. Һанна өзінің әрекетіне өзі сенбей, есінен адасқан адамша дәлізде тұрды да, қалды. Кетриннің бөлмесіне кіріп-шығып жүрген Тоняның таза су әкелуін өтінгенде ғана есін жинағандай болып, меңі-реу адамша ас үйге тарта берді.

Хоссенің ойында қызды өлтірмек болған әрекетінің артын жабу ғана тұрды. Егер Мейрон капитанға бар мән-жайды айтар болса, әрең жинаған сенімнен әп-сәтте айыры-латынын ойлап, іші өртенді. Мейрон есін жимай тұрғанда, біржақты қылу керек деген оймен Буба мен Гаризді ертіп, жертөлеге тартты.

Роузен жертөленің бекітілгенін көріп, Жаспердің көз-ге түспеген себебін түсінді. Бірнеше рет есікті аяғымен тепсе де, Жаспердің жауап қайтарар түрі жоқ. «Олар өлтірмек бол-ды», – деп тістене сөйлеген Мейронды орындыққа отырғы-зып, не жағдайға душар болғанын сұрайын деп тұрғанда Хосселер де жетті. Ол ас үй пышағын, қасындағы екеуі күрек ұстап, дәл жанжалға дайындалған адамша сақадай сай тұр.

– Сыбайласыңды тауып алыпсың ғой капитан, – деп Хоссе тиісе сөйледі.

– Қарқындарыңа қарасам, адам өлтіретін түрлерің бар сияқты.

– Жексұрынды жібер! Кетрин үшін жазасын өтесін.

– Қашаннан бері жаза кесетін адамға айналғансың, Хоссе?

– Тек Кетрин емес, Дастер мен Энибердің өліміне де сол кінәлі!

Олардың сөздерін естіп жатқан Мейрон басын көтер-ді:

– Дастер мен Эниберге не болды?

– Өтірік білмеген адамға ұқсама, жексұрын. Капита-ның айтпаған ба не?

Роузен үшін Хоссенің бұл жолғы әрекеті расында тым шектен шыққандық болды. Қандай күйге түссе де, қайта оралған Мейронға неге сонша шүйліккенін түсінгісі келді:

– Хоссе, сенің көксегенің не осы? Не үшін өз-өзіңмен бөлініп, бәле іздеп жүрсің?

– Аман қайтқың келсе, араша түспей, Мейронды жі-бер. Бұдан былай бүкіл жағдайды өз қолыма алатын бола-мын. Ендігі жерде ешкім сенің жағыңда емес.

– Ешкім жақтамай-ақ қойсын! Мен бұл жерде басшы емеспін. Әркім өз бетімен жүрген жоқ па?

Хоссеге жауабы ауыр тиіп, ашуға бой алдырды. Қо-лындағы пышағын Мейронға кезеп, жүгіре жөнелгенде, Роузен аяғынан шалып құлатты. Жерге омақаса жығылған Хоссе атып тұрып, пышағын капитанға кезеді.

– Жолыма тұрар болсаң, аямаймын. Жақсылықпен кет мына жерден!

Капитан оның дірілдей бастаған қолын көрді де, теріс айналып жертөлеге беттеді.

– Сен пышақты біреуге кезеуден бұрын, қолыңды нық ұстап үйрен. Енді бос тұрмай, реттеле беріңдер: үш күннен соң бәріміз жолға шығамыз.

Бағанадан бері үнсіз тұрған Гариз капитанның сөзін естіп:

– Үш күні несі? Бүгіннен қалсақ, өткелден кешігеміз ғой, – деп таңдана тіл қатты.

– Оны кім айтып жүр тағы?

Хоссе өзінің сөйлеген сайын оңып жатқан абыройы-ның өңін әлі де болса сақтап қалуға тырысып:

– Сенің Қараөткел жайындағы айтқан әңгімеңнің бәрі сандырақ, – деп, бойын қорқыныш билесе де, теріс қараған капитанның артынан жүгіріп барды. Роузен өзіне келе жат-қан қауіптен сескенбей, Хоссенің қолындағы пышақты жұ-лып алып, өзін итеріп жіберді. Тағы да жығылып түскен Хоссе орнынан тұрып, қасындағыларға бір қарап:

– Не істеп тұрсыңдар, Буба, Гариз!? Мейронды ұстаң-дар! –деп бұйырды.

 Әңгіме созылған сайын, Хоссенің көздегені түсініксіз болып, капитан тіптен не істерін білмей қалды.

– Естеріңнен алжасайын дегенсіңдер ме? Мейронды жайына қалдырыңдар да, жөндеріңмен кетіңдер. Хоссе, сен мұндай бүлік шығарғанды қой. Егер мән-жайды білгің келсе, тыныштал да кері қайт, кейін түсіндіремін.

Діңкелері құрыған үшеуі үнсіз қонақ үйге беттеді. Ка-питанның алдынан жым-жырт кеткен Буба мен Гариздің кө-мейлеріндегі сұрақтары қонақ үйге дейін жетпей-ақ төгілді.

– Неге ұрыс-керіссіз шешуге болмайды?

Хоссенің іштей неше рет ойлаған сұрақтын Бубаның қойғаны жынына келтірді. Әрине, аласа бойлы, кіші денелі Бубаны мұрттай ұшыруға шамасы келер еді. Алайда бұл жол-ды саяси әдіспен бастаған Хоссеге оның өз жағында болуы маңызды. Сондықтан ашуын шығармай, қастарынан жылдам кетуге ыңғай танытты да, бірден өзінің бөлмесіне кірді. Есі-гін тарс жауып, төсегінің астына жасырған күнделігін қолы-на алды. Толуға шақ қалған күнделіктің келесі беттері капи-тан жайындағы ой-толғамдарымен басталды. Ұзақ отырып жазған сайын, Роузеннің жан баласына түсініксіз қылықта-рына жаңа сипат ене бастады. Өздерінің арасындағы шиеле-ністің негізгі түйінін капитан байлап, оның күрделене түйілу-іне Мейронды қосты. Дәптердегі оқиғалар шынайылықтан ауытқыған сайын, Хоссенің өзіне қызықтырақ бола бастады. Ол жұрттың бәріне Харбер мырзаны айыптай сөйлегенімен, іштей одан ешқандай да үмітін үзген жоқ. Сондықтан дәл қа-зір қолындағы жалғыз күші – дәптерге барынша шынайы етіп баяндау. Кетринді ақырғы сапарға аттандырмақ жоспарының артын бәрібір жаба алмайтынын түсінгендіктен, алдағы күн-дерін ойлауды ұйғарды. Оқиға баяндала келіп, Кетрин өз сырқатынан қаза тапты деп аяқтады. Ертең елге аман оралған соң, бірінші болып Харберге дәптерін табыстамақшы. Сөйтіп қалаған қызметіне қол жеткізбек. Ал қазіргі қарбалас тірші-лікте атқарар міндеті біреу ғана: қызметшілер арасында қайт-се де беделін түсірмеу.

Мейронға Дастер мен Энибердің өлімін есту оңай ти-ген жоқ. Бірақ өзінің аралға келіп, дәрменсіз күйге түскені олардың өлімінен де ауырға соқты. Бала күннен бергі бақта-ластыққа құмар ерік-жігері бойынан сылынып түскендей, тым аянышты отыр. Ішкі мұңына тұншыққаны соншалық, жертөледен иісі бұрқырап шыққан Жаспердің қасында отыр-ғанын да сезбейтіндей.  Қабат-қабат ойдың астында отырып капитанның өзіне қойған сұрағының ешбірін естімеді. Осын-ша бейшара күйге түскен жігітке қарап, капитанның жаны ашыды. Баяғы жағасынан алып, көзіне тік қарайтын жігіттің жүні жығылғанына іші ашыды.

– Мейрон, сен енді қонақ үйге жақындай алмайсың. Үстіңдегі иіс Кетринді тұншықтырады. Сондықтан осында бол. Саған тамақ алдыртамын. Әл-қуатыңды жиған соң, жа-ғалауға барып жуын, – деп, Роузен қонақ үйге кетті. Ол Мейронның әлденіп алуын күтті. Сонша уақыт ішінде ұшты-күйлі ғайып болып, енді мынандай түрмен оралғаны Роузенді бей-жай қалдырған жоқ. Бұрын қонақ үй құры-лысында жүрсе де, мұндай жағдайға алғаш ұшырасып отыр-ғандықтан, бүкіл болған жайды анық білуі қажет. Егер Фермангельден мыңдаған қашықтықтарға ұзап барып, сыр-тынан бақылар болсаң, сол баяғы шуақты күннің астындағы сұлу жанарталуы арал екенін аңғарасың. Шырайлы күннің астында тұрған шағын аралдың бейнесі сол қалпы өзінің ре-ңін бұзбаған Харбер мырза аңсаған ең бір жайлы мекеннің нақ өзі екеніне сенуге болады. Алайда мансап қуып, арманда-рының бір ұшын аралдың ақ құмына байлаған қызметшілер-дің бұл күнгі жағдайы Фермангельдің сыртқы көрінісіне тіптен қарама-қайшы. Әркім ішкі уайымдарына жеңіліп, өз-өздерімен күресін жүргізуде. Әне міне кетеміз деп жүргенде ойламаған оқиғалар легі оларды жолынан бөгей берді. Естері шығып, ертеңін ойлап қайғы жұтқан қызметшілерді сабырға келтіру Роузен үшін оңай жұмыс болмады. Қызметшілерді жинап, өткелдің құбылысын қайта түсіндірді.

– Егер қараөткел ашылатын күнге тура бармасақ, біре-уіміз де тірі қалмаймыз. Оның заңдылығына көнуден басқа ешқандай шара жоқ. Хоссенің саналарыңа не құйып жүрге-нін білмеймін. Алайда менің сендерден жасырар ештеңем жоқ, ақталып та әуреге түспеймін. Сондықтан жағдайдың бә-ріне сабырмен қарап, аттанар күнге дайындалыңдар. Кетрин жолға шыққанға дейін аман болса, өзімізбен бірге алып кете-міз.

Оның сөзін естігісі келмей жиын басында шығып, ас даярлайтын бөлмесіне тығылған Тоня капитанның Кетрин жайында айтқан сөзіне елең етті. Роузеннің сол салмақты мі-незі мен жіби сөйлегені Хоссе айтқан жауыз капитанға мүл-дем ұқсамады. Кеше өзінің ашуға мініп оның бетіне түкірген сәті ойына оралып, ішіндегі капитанға деген ызасына ұят араласа бастағандай, ыңғайсыз сезімге бөлене берді.

Кеш батқанша Мейрон асын ішіп, бойына әл жинаған соң, Кетриннің жағдайын білу үшін қимылдай бастады. Кетриннің жағымсыз иістен тапқан сырқаты екеуінің арасы-на шектеу қойды. Мейрон қонақ үйден өзінің жуынатын иіс суларын алып, жағалауға барып ұзақ шомылды. Үсті-басын бес қайтара сабын сумен шайып, неше апталық бойына сің-ген тердің қышқылтым иісінен айықты. Дені дұрыс киімін киіп, қонақ үйге жақындағанда алдынан Хоссе шықты. Оның көздерінде Мейронға деген өшпенділіктің көлеңкесі қылаң-дап тұрғандай жүзі тым сұсты еді. Алайда есін жиған Мейронның бұл жолы қашатын ойы болмады. Жолына тұр-ған Хоссенің не ойлағаны белгісіз, әйтеуір көзін тайдырмай өте шыққан Мейронға бұл жолы күш көрсете алмады. Екінші қабатқа көтеріліп, Кетриннің есігіне таяғанда бойынан күш сарқылып қалғандай, тынысы тарыла берді. Сонша уақыттан соң есігіне осылай кіріп барғаны Кетринге қандай сезім сый-ларын білмей, әрі гүлді тауып келемін деп серттесіп, енді сау басын арқалап құр қол келгені жанына батты. Қазір есік іші-не енген кезде оған тіл қататындай ешқандай себеп таппай басы қатты. Дәрменсіз күйге түсіп, селтиіп қалған оны, есікті іштен ашқан Тоняның әрекеті оятты.

– Жуынып келдің бе? – деп, Мейронды жақтырмай сұ-рақ қойды.

Тоняның жақтырмаған себебін екеуі де іштей түсін-гендіктен, әрі қарай сөйлесуді ұйғарған жоқ. Ұйықтап жат-қан Кетриннің маңына барып жақындағаны сол еді, түшкіріп, жөтеліп оянды. Қабағы ісіп, әбіржіген қыз көзін әрең ашып:

– Мейрон, сенің иісің тұншықтырып барады, – деп, те-ріс қарап жатып алды.

Қыздың мына сөзінен кейін тіпті дәрменсіз күйге тү-сіп, тізерлей отыра қалды. Олардың сөзін естіген Тоня дереу келіп, Мейронға бөлмеден шығу керектігін ескертті. Қыздың бір ғана сөзінен өне бойын өрт кеулегендей ессіз күйде қал-ған жігіт қонақ үйден шығып жертөленің қасына қалай жет-кенін де аңғармады. Жертөленің қасындағы орындыққа сылқ отырып, тәнін сонда қалдырып, өзі мұңның ыстық өкінішіне тұншыға берді. Күн еңкейе құлап, қызарған сәулесі қанық түске боялғанда інінен шыққан тышқандай Жаспер қисалаң-дап жертөледен шығып, оның қасына жайғасты.

– Мыналар әлі кетпеген бе? – деп түрін тыржита сөй-легенін Мейронның ескеруге шамасы жоқ еді. – Тірі өлікке айналғанбысың,  не болды саған? Біз сияқты тау боп үйілген өліктерді көмсең, мақұл. Тіпті бір күнде екі әріптестің дене-сін жерлесең, жарайды екен.

– Жөніңмен жүрші, Жаспер,  – деп, Мейрон иығына тақалып отырғанын жақтырмай итеріп жіберді.

 – Сені шын мәнінде түсінетін бір кісі болса, ол – мен. Мыналардың бәрі қайдан түсінсін?!  Екеуміздің әйелге деген қайғымыз бір. Алайда бір айырмашылық бар. Мен қоштасу үшін мәңгілікке ол жүрген жердің бәрінен бас тарттым. Ал сен тірі тұрған қыздың қасына бара алмай, мүләйімсіп отыр-сың.

– Сен шынымен ақымақсың ба? Әлде солай көрінгің келе ме?

 – Енді қызықсың өзің де. Жасаған қателіктің қайтып түзелмейтінін біле тұра, оны жазғырасың. Қандай кінәсі бар еді? Ауруға тап қылған өзің, енді соны көтеруден басқа еш-қандай шараң жоқ екеніне сеңгің келмей отырған да өзің емес пе?

 – Қанша жуынсам да, менен жиіркене береді.

 – Себебі ол иіс сенің денеңде емес, ішіңде шығар. Қанша жусаң да, кететіне күмәнім бар, – деп, қарқылдай күл-ді. Мейрон ашуланып, оны итеріп жерге құлатты да, арқасы-нан теуіп кеп қалды. Қастарына келіп қалған капитанның бейнесі оны ашуынан қайтарғандай болды.

 – Мейрон, Кетриннің жағдайы тағы да күрт нашарлап кетті. Сен қасына барды дейді ғой? – деп, Роузен жанашыр-лық таныта сөйледі.

 Мейронның жағдайы расында қиын екенін капитан жақсы біледі. Сүйген адамының маңында жүре тұрып, оған бір қадам да жақындай алмағаны намысшыл жігіттің ет бүй-регін аямай езгенмен бірдей екенін түсініп-ақ тұр. Алайда қо-лынан келер шара болмаған соң, ең болмағанда оның қасын-да отырып, біраз ойын сейілтуге бекінген.

 – Әлгілердің кесірінен сөйлесуге шама болмады. Сені іздеген жерім жоқ. Қайда болдың?

 – Айтсам, сенбессің. Бірақ Фермангельдің бір тылсы-мына қамалып қалдым. Үш күн бойы аралды шарлап шығып, Эльваның арғы бетіндегі бір үңгірге кіріп, ұйқыға кеттім. Со-дан 3 аптадан кейін оянғанымды осында келіп біліп отыр-мын. Сол ұйқының кесірінен көп оқиғалардан мақұрым қал-дым. Енді отырысым – мынау.

– Мейрон, саған о баста-ақ гүлдің жалғыз екенін ес-керттім ғой. Жағдай ушығып кетті... Енді не істемексің?

 – Білмеймін. Кетриннің маңына қалай баратыным да – белгісіз.

 – Меніңше, енді сен оның қасына жолай алмайсың. Оның сырқатының күштілігі сондай, біз сезбейтін иістің бәрі бірінші соған жетеді. Баяғыда өліктер ағып келетінін күні бұ-рын Кетрин ескерткен болатын.

 – Бірақ менде қандай иіс айтшы? Сонша жуындым ғой.

 – Менің ойымша, Кетрин жай ғана тердің иісінен тұн-шықпайды. Ол ішімізге түскен нәрседен тұншығатын сияқ-ты. Бәлкім,  сен де мен сияқты өлгеніңше арылмайтын иісті ішіңе сіңдірген боларсың.

  – Ұзақ ұйқының құрсауында жатып, оның жүзін анық көрдім. Үнемі екеуміз әлгі сары гүлдің тұсында тұра-мыз, мен жұлайын деп ұмтылған сәтте, түсім қайтадан басы-нан басталып кете береді.

  – Маған мұндағы ең өкініштісі – сенің қайғың емес, басқалардың тағдыры да емес! Әлгі қонжықтың құрбан бол-ғаны. Өзіміз үйретіп, өзіміз өлтірдік. Ең сорақысы, ол менде-гі қарғыс таңылған оққа ұшырады.

 – Қызық екен. Мен ұйқыда жатқанда тек түс көрумен болдым.  Барлығы осы арал мен осындағы тіршілікке қатыс-ты болды. Түсінуімше, аралды тұман торлаған кезде, аман қалатын жалғыз тіршілік иесі сол болса керек. Түсімде ағаш басында тұрған сол қонжықты мені бағып-қаққан үлкен әкем атып өлтірді.

 – Үлкен әкем?

 – Иа, Берн-Тайн мен Брустон соғысына қатысқан.

Мейронның түсін естігенде, капитанның өне бойы су-ып кетті. Сол адамның револьвермен қандай да бір қатысы бардай,  ойын әлдебір сезім билеп жөнелді.

 – Мен сол үлкен әкеме қарап өстім. Бала кезімнен тәр-биеледі. Оның бойындағы қатігез мінезіне тәнті болатын-мын. Жан баласына жібіп қарамайтын. Сол мінезінің арқа-сында Берн-Тайнның әскеріне үлкен көмек беріпті.

Капитан Роузеннің ойына Уильямның есімі қайта оралғанда орнынан атып тұрды да, асығыс сұрады:

 – Есімі кім еді?

Роузеннің өзгеріп кеткен түрінен түк түсінбей тұрған Мейрон:

– Дорн Тернер, – деп жауап қайтарды.

Сол адамның атын естігенде сүлесоқ күйде қалған ка-питанның ойы ұшқындатып жарысып, баяғы Уильямның жау тылына аттанар уақытындағы көрініске апарып бір-ақ тоқтады. «Ол адамның есімі – Дорн Тернер» дегені есіне енді ғана оралды. Қолдары жұдырыққа түйіліп, сыртын тырнасаң, сылағы түспейтін төзімді мінезінің қатпаршағы шытынаған-дай маңдай тамырлары адырайып шыға келді. Екі көзі ала-қандай болып отырған Мейрон мұнша ашуға булыққан капи-танның түрін бірінші рет көргендіктен, өне бойын суық жел есіп өтті. «Қарғыс атқыр!» деп, капитан Мейронды жағасы-нан алып, буындырып жіберді. Жерге құлап, өңі бозарып, уысынан шығу үшін тырбыңбаған Мейрон оның қауқарлы білегінен сытылып шыға алмай жатыр. Есі ауып отырған Жаспер түк түсінбей, екеуінің арасына түсті. Капитанның бі-легіне дереу жармаса кетіп, тынысы тоқтауға сәл қалған Мейронды босатып алды. Роузен екеуін екі жаққа итеріп жі-берді де, орындыққа сылқ етіп отыра қалды. Маңдайынан шыққан тері сырғанап ұртына тамады.

 – Бұл не мазағы? Мені осылай жазалайын деді ме? – Роузен өзіне-өзі күбірлеп отыр.

– Түсінсем бұйырмасын, капитан? – деп, Мейрон ор-нынан тұрып оның қарсы алдына келді.

 – Өлгің келмесе, көзіме көрінбей, жоғал! – деп, капи-тан кесіп айтты.

Оның тістене, қабағын шытып сөйлеген өңінде әлде-бір зұлымдық көрінісі қылаңдағандай болды. Қасында үнсіз тұрған Мейрон қайда барарын білмей, орманға қарай сенде-ліп кете берді. Барар жері белгісіз диуанадай әр басқан қада-мы сенімсіз жігіттің сыртынан көз тастаған Жаспер орнынан тұрып:

 – Бейшара баланың жаны онсыз да өлікке айналған еді, – деді де, жертөленің есігін ашып, төменге еніп кетті. Алайда Жаспер капитан Рузеннің де дәл Мейрон секілді сен-деле басқан қадамын көрген жоқ еді.

 Жертөленің маңындағы адамдардың ішкі арпалысы шарасыздыққа тіреліп, келер күн бұлыңғыр тартып жатқан-да, Хоссенің өмірге деген құлшынысы артып, соңғы парағы толған қойын дәптерін тиісті жеріне тапсыруға дайындығын бастады. Айналада ешкімнің жоқтығын пайдаланып, жаға-лаудағы қайықтың кабинасына кіріп, дәптерін жұрт көзінен таса тұсқа жақсылап тығып қойды. Оның суыт жүрісін бай-қап қалған Һаннаның соңынан ілесуіне үлкен себеп бар еді. Кетринді ақырғы сапарға өз қолымен аттандырмақ әрекеті үшін көмек сұрар жалғыз жан Хоссе еді. Екеуі қайық маңына тұрғанда ойларына баяғы қашпақшы болған сәттері оралды. Қайта-қайта ұқсас көрініске тап бола беретін әрекеттері ішкі дүниесінде түйілген ауыр мәселелерін шешуге итермелейтін-дей көрінеді.

 – Һанна! Уайымдама! Бәрі жақсы болады. Дәптеріме қисынын келтіріп жазып қойдым. Сені ешкім айыптамайтын болады. Харбер мырза менің сөзіме сенеді. Енді жұрт көзіне түспей тұрғанда, тезірек қонақ үйге кірейік, – деп, көзі жәу-теңдеген әйелдің көңілін жайландырды. Хоссе қонақ үйге кірген кезде алдынан Буба мен Гариз күтіп алды.

– Екеуің кештетіп не бүлдіргелі жүрсіңдер? – деп, Буба тесіле қарады.

 – Не жұмыстарың бар? Мен не істейтінімді өзім білем...

– Солай ма? Бәлкім, Кетрин секілді, бізге де өлім жаза-сын бергелі жүрген шығарсың?

– Оны қайдан шығардың?

 – Кетрин тәуір болып келеді. Һаннаны оған сен жұм-садың ғой, солай ма?

Хоссе өзінің тығырыққа тірелгенін енді ғана түсінді. Бұл уақытқа дейін өзінің ұмтылған мақсатының күлге айна-лып кете барғанына шыдай алмай кетті. Үнемі айтқанға ба-сын иіп жүгіре жөнелетін Бубаның бұлай сөйлегені тіптен намысын таптағандай болып, қалтасына салған ас үйдің пы-шағын шығарды. Одан мұндай әрекет күтпеген Бубаның есі шығып кетті. Хоссенің ербеңдеткен қолынан көзін алмай, қа-лай сілтесе солай секіріп, барынша қорғануға бекінді.

 – Қазір жолымнан кетпесең, ішек-қарныңды ақтара-мын. Қолымнан келмейді деп ойлайсың ба?

Мейманхананың есігінің алдында ербеңдесіп жатқан екеуге қарап, Һанна қайтерін білмей шошып тұрғанда, капи-тан дел-сал күйде араларынан өтіп, ішке қарай беттеді. Екеуі-нің қырық пышақ боп жатқандығына назар аударған да жоқ.

– Капитан, мына сұмырай Кетринді өлтірмекші бол-ды, – деп, өте шыққан капитанның қасына барған Бубаның көзі алақандай болып кеткен.

Капитан енді ғана есін жиған адамдай, артына бұры-лып қарады. Пышағын кезеген Хоссенің жүзіне ашу әбден еніп алыпты.

– Сен әлі доғармағансың ба? – Капитан да қайратына мініп, Хоссенің қасына жақындады.

Әлгінде ғана құрысып тұрған қолдары қалтырай бас-таған Хоссе дәрменсіздігін көрсетіп қоймауға барынша ты-рысып бағуда. «Буба, сен де едіреңдей бермей, тыныш жүр», – деп, капитан теріс айналғанда Хоссе:

– Не, менің қолымнан келмейді дейсің бе? Бізді шы-бын құрлы көрмейтін кімсің сен? – деп, капитанға бар күші-мен баж етті.

Еркек кіндіктің мұндай күйге түскенін капитан соғыс-та жүргенде талай көрген. Шарасыздықтан айқайлай баста-ған Хоссемен санасып тұруға уақыты жоқ болған соң, қолын-дағы пышағын қас-қағым сәтте жұлып алды да, алысқа лақ-тырып жіберді. Капитанның білегінің салмағына төтеп бере алмаған Хоссенің көзінен жас бұрқ етті. Ішін кернеген на-мыстың оты, бұл жолы оны бей-жай қалдырмады. Теріс ай-нала берген капитанның артынан айқайлай жүгіріп келіп, мойнынан шап беріп ұстап, құлағынан тістеп үлгерді. Бұл ашуға мінген Хоссенің қолынан келген соңғы әрекеті еді. Қа-ра күшіне салып, арқасынан жұлып алған капитан оны жерге алып ұрды да, қолынан ашулана тепкенде, дәл шынтақ тұсы-нан сынған сүйектің дауысы шықты. Ойбай салып, қолын ұс-таған Хоссенің ендігі айтқаны «Харбер мырзаға дәптерімді оқытам...» болды. Роузен қыршылып қалған құлағынан қан сорғаласа да, еркек атаулының осыншалық шарасыздығына үнсіз телміріп ұзақ тұрды. Һанна мен Буба оның төңірегінде ербеңдеп жүгіре берді. Қақсаған қолының ауруынан бұрын, Хоссенің жанын жегідей жеген өзінің осы күйге түскені еді. Ең сорақысы, капитанның құлағын қыршыса да, қыңқ етіп дауыс шығармағаны еді. Басы айналып, көзі қарауытып бара жатқанда капитанның есік артындағы жарыққа еніп бара жатқан сұлбасын көзіне сақтап үлгерді.

 

Иірім

Фермангельдің аспанындағы бу қалыңдап, төмен шөккенін ерте тұрған капитан бірінші байқады. Ол бәрін оя-тып шығып, ас үйге шақырды. Бұрынғы топырлап жүретін қызметшілердің саны едәуір қысқарған. Тек Буба, Гариз, Тоня, Һанна төртеуі ғана келді. Капитан өткелдегі тылсым-нан аман өткізер уақытша өлтіретін у дәрінің орнына орман-дағы шарап дайындаған жемісті пайдалануды шешкен. Баяғы «Остинос» зауытының терімшілері сол жемістің арқасында арғы бетке аман өтіп жүргенін білетін.

 – Бәрің қолдарыңа қанар алып, шамаларың жеткен-ше орманға барып, жеміс теріп келіңдер. Қараөткелде уақыт-ша естен тандыратын дәрінің күшімен ғана аман-сау өтуге болады. Енді оның орнына жемісті пайдаланамыз.

– Ол жемісті Мейрон улы деп айтқан. Өліп қалма-сымызға кім кепіл? – деп, Гариз күмәндана сұрақ қойды.

– «Остинос» зауытына жеміс тасыған терімшілер со-ның күшімен өтіп жүргенін білемін, – деп капитан қысқа қа-йырды да, өзі қайықты жолға реттеу үшін жағалауға тартты.

Қызметшілер таң құзғынынан шала ұйқылы түрмен орманға таяу барғанда естерін жиып алды. Бүкіл ормандағы жеміс ағаштарының түбінен көтерілген әппақ бу сирек ор-манның арасын торлапты. Гариздің ойына бірден баяғы арал аңызы оралды. «Сол рас болмаса игі еді» деп, жеміс ағашы-ның түбіне жетіп барды. Алайда ағашта қаулап өскен жеміс-тің бірі де қалмаған. Барлығы дерлік буға айналып ұшып жа-тыр. Төртеуі әр түпке жүгіріп, алуға ұмтылғанда-рымен, қо-лы тиген жеміс шырынының сөлі төгіліп, бу болып алақанда-рынан ұшып кетіп жатыр. Естері шыққан олар Бубаны капи-танға жүгіртті де, өздері асыға жеміс ағаштарына жанталас-ты. Капитан хабарды ести сала келгенімен, оның да қолынан келер шара жоқ еді. Ешкім де бір тал шырынды сақтап үлгер-ген жоқ. Ағаш жиегіне төгіліп қабығымен қоса ұшып кететін бұл құбылыс олардың есін шығарды. Түске дейін арпалысып, тіпті Эльваның арғы бетіне дейін өкпелерін қолдарына алып жүгірісті. Алайда түс ауа олар бос қанарларымен қонақ үй жаққа қайтып келді. Шырыннан қағылған капитан әлгінде асығып жүріп, жертөледегі шараптың барын ұмытқан бола-тын. Сол есіне түскенде мәселенің шешімі табылғандай қуа-нып, жетіп барғанда, жертөленің ашық жатқан аузынан ақ тү-тін будақтап жатты. Дереу ішіне кіріп бөшкелердің бос қалғанын түсінді. Барлық шарап ұшып кеткен. Жертөледен қонақ үйге қарай баруға тырысқан Жаспер жарты жолда ты-райып жатты. Оны сілкілей жөнелген капитан шарапқа не болғанын түсіну үшін сұрақтың астына алды:

 – Мұнда не істеп жатсырсың? Түнде не болды? Жаспер, тұр! – деп, бетінен шапалақпен ұрып оятып алды. Шарапқа сылқия тойған ол қозғалса болды, аузынан жыны шығып кетердей лоқси береді.

 – Түнде шарап бөшкелерінің ауыздары атылып бәрі буға айналып ұшып жатқан соң, ішіме сыйғанынша іштім, – деп, сылқ-сылқ күлді.

 Капитанның бойы мұздап сала берді. Майданда жү-ріп қарсы атылған мың оқтың арасында аунаса да, бойын мұндай үрей алмаған оның зәресі ұшты. Алайда шошынып, қайтерін білмей жүрген қызметшілердің үрейін одан сайын алмайын деп, өзін барынша сабырлы күйде ұстауға тырыс-ты. Есіне түннің тыныштығын бұзған Хоссенің қылығын тү-сірді. Ол қолы сынғаннан кейін талықсып ұйықтап, түн орта-сында оянып, таңға дейін қолын құшақтап ойбайлап шыққан. Аспанның бұлттанғанынан одан әрі ауырғанын қазір ұғын-ды. Бірақ әдеттегідей емес, бұл түні Кетрин қыңқ етпей жат-ты. Керісінше, тілге келіп, Тоняның сорпасынан қасықтап ұрттап, онымен біршама сөйлесуге әлі жеткен. Сонда соңғы тілегін Тоняға айтты: «Бүгінгі түн ерекше. Ауасы тым таза. Егер мен кетер болсам, елге апарудың қажеті жоқ, осында арулаңыздаршы», – деп, Тоняның уәде-сін алған соң, тып-тыныш жайлы ұйқыға кеткен. Таңертең Тоняны капитан оят-қанда, есі шығып қызға қарауға шамасы келмей, бөлмеден шығып кеткен еді. Аспазшы  қолына жағылып, ақ буға айна-лып жатқан шырынның қалдығын иіскеп көрді. Әлдебір жұмсақ тәтті иісі бар. Ойына Кетрин түсті де, қанарын тастай салып қонақ үйге жүгірді. Тоня ауыр денесін селкілдетіп, өкпесі өшіп, Кетриннің бөлмесіне кіріп келді. Терезеге қарап жатқан қыздың ұйқысын көргенде барып, көңілі бір сәтке жайланды. Демін алып; «Уф, жаным-ай, аман екенсің ғой. Сыртта не болып жатқанын көрсең ғой. Бізге жемістен бір тү-йір де бұйырмады, үлгермей қалдық», – деп, есік іргесінде әңгімесін жалғастыра берді. Алайда қимылсыз жатқан қыз-дың сұлық жатқанынан сескеніп, қасына барды. Терезеге жү-зін қаратып жатқан Кетриннің өңінде жұмбақ күлкі сақта-лыпты. Жымиыс па, мұңнан тартылған езу ме, әйтеуір түсі-ніксіз реңде қалған Кетрин бұл уақытта әлдеқашан ақырғы сапарына аттанып кеткен еді. Оның жүзіндегі құпия сырға Тоня соңғы рет күліп жатқанын елестетіп қарады да, ашық қалған көзін алақанымен жұмып, қыздың әппақ жүзіне көзі-нің тамшысын үнсіз тамыза берді.

Осы түннің салмағын кеудесімен көтерген жалғыз жан Мейрон еді. Ол жертөленің жанынан алшақ кеткенде, Эльваның сарқырамасының түбіне барып бір-ақ тоқтаған. Ол өзіне ашуланып, сарқыраманың астында таңға дейін жуын-ды. Сол кіргенінен таң бозарып, әлсіреп құлап түскенінше, бүкіл денесін ысқылап жуа берді. Тіпті денесінің бәрін тыр-налай бергені соншалық, бүкіл тәні күйік шалған-дай қыза-рып кетті. Аяғын ұстап тұрған соңғы әлі қалғанша, өзін ая-май шомылдыруға бекінді. Жалғыз арманы кеудесінің қайбір қуысына бүккен иісінен арылу еді. Көмейіне қолын салып та жуды. Бар күші сарқылғанда есінен танып құлап түскен. Таң бозарып қылаң атқанда, оны жеміс теруге шыққан Буба мен Гариз тауып әкелді. Үстін суық суға малынған көрпеге орап кеткен соң, түс ауа есін жиды. Бұл уақытта Кетрин көрге тап-сырылып, топырағы ернеуіне толып қалған еді. Мейрон өзі сезе алмайтын иістен арыл-ғанына құлап, естен танып бара жатқанында ғана сенген. Орнынан тұрып, Кетриннің бөлме-сіне жеткенде, оның бос орнын көріп, үлгермей қалғанын тү-сінді. Аяқ-қолы қалтырап, орман арасына жерлеп жатқандардың артынан баруға тырысып, қонақ үйден жүгіре шыққанда қызметшілер күректерін алып кері қайтып келе жатты. Түс ауып, күн биіктен сәл ғана еңкейгенімен, аспанды бұлт торлап кешқұ-рым сәтке айналдырып жіберді. Капитан алдарынан шыққан Мейронды иықтап, оның Кетринге бара-мын дегеніне көнбей, кері алып қайтты. Небәрі жарты сағат-тың ішінде Буба, Гариз, Роузен үшеуі барлық қызметшілерді қайыққа отырғызды. Капитан қонақ үйдің есігін бекітіп, қа-йыққа беттегенде, жаңбыр сіркірей жөнелді. Асыға басып, қайықты оталдырған сәтте, кабинада отырған Мейрон есінен алжасқан адамша түсініксіз қылықтар көрсете бастады.

 – Капитан, мына иісті сезіп тұрсың ба? Сезесіңдер ме? – деп, айналасына жалтақтап қарай берді.

Бірақ Роузеннің оны тыңдауға шамасы болған жоқ. Басқалары Мейронға үрке қарап отыр.

– Мынау сары гүлдің иісі ғой! – деп, Мейрон кабина-дан сыртқа шықты. Қайықтың қалағы өзінің күшіне еніп, ор-нынан жылжи бастағанда, Мейрон суға күмп беріп жағаға қа-рай жүзе жөнелді. Оның қылығына ашуланған Роузен арты-нан түспекке бекінгенде, ашық бортта жатқан Жаспер алғаш Фермангельге келерде капитанның балағына жармасқан әре-кетін қайталап, бұл жолы да аяғынан мықтап құшақтап алды. Капитан аяғын қанша сілкісе де, Жаспердің жіберер түрі жоқ. Қайық моторының күші көбейіп, қайықты жағалаудан жыл-дам алыстата берді. Ашуға булыққан капитан да оның тұм-сығынан аямай тепкілеп, бетінің қан-жосасын шығарса да, Жаспер бар күшіне салып, оның бала-ғынан айрылмады.

– Есің дұрыс па сенің? Жібер, анау нақұрысты әкеле-мін, – деп айқай салды капитан. Алайда жібермеуге мықтап бекінген Жаспер райынан қайтпайтынын білдіріп:

 – Ол іздегенін енді тапты. Осында қалдырып қана, оны азабынан құтқара аласың, есуас. Сен жан дегенді түсіну-ші ме едің? – деп, тістеніп жатып алды.

Ақ қайық жағадан ұзай берді. Жаспердің сөзінен соң дәрменсіз қалған капитанның жанарында жағалауға тырмыса шығып бара жатқан Мейронның бейнесі көлбеңдеп қала бер-ді. Сіркіреген жаңбыр қайық шақырымнан асқан соң-ақ, жа-ғалауды тұмшалап, көз ұшынан жуып әлек. Капитанның жұ-мыра түйген уысынан тамған жаңбыр тамшылары оның қат-қан қара тастай жүрегін ерітіп жатқандай көрінді.

Фермангельдің төбесін көмкерген буды түнімен жау-ған жаңбыр сейлітіп жіберді. Эльва жанартауының ақ жаулы-ғы түріліп, Фермангель ашық аспанның астында тұрды. Енді ғана көкке көтерілген  күннің нұры сирек орманның арасына толық түскенде, бұрын байқалмаған орман сұлулығының бейнесі ашылды. Ағаш жапырағынан сырғанай түскен мөл-дір тамшылар құлап, жасыл желекке сіңеді. Бұралаң өскен әрбір ағаштың көлеңкесі желмен таралып, Эльва сарқырама-сының түбіне барып жұтылуда. Бейне бір қарандашпен сы-зып салған әсем суреттей көрінеді. Кетриннің бейтінің үсті-нен өніп шыққан сары гүлдің қауызы біртіндеп ашылып ке-леді. Бүршік жарған гүлі әлсіз лепке тербелген сайын, бейіт-тің етегіне жетіп құлаған Мейронның тәніне жан бітіргендей, саусақтары әлсіз қимылдайды.  Өң мен түстің арасында жат-қан жігіттің топырақ құшқан құшағындағы жүрек дүрсілі көрге сіңіп, гүлдің қауызын ашуға себепші болғандай. Бірне-ше апта бұрын аралға қуана келіп, әлдекімнен жәбір көрген балаша ессіз қаша жөнелген адам баласының мұндай қылы-ғына Фермангель аралы ашуланбағандай тым самарқау күй-де тұр. Ашуланбақ түгілі, құмына сонша өлікті көміп, жалғыз қонжығын азаппен өлтіріп, өзінің денесін тастап кете барған Дастердің жаны үшін де, түнгі тыныштығын бұзып, Эльва-ның мұнар шыңына жалаңаш тәнін қалдырған Эниберге де, шырынын езіп, жалғыз гүлін жұлып, оның орнына сұлудың сүйегін қоюған Мейронға да ешқандай өкпе-назы жоқтай, ақ жаулығын баяғыша тербелтіп тұра берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңыз

Тыртылдаған қайық моторының дыбысы қызметші-лердің соңғы үміттерінің арпалысына үндесіп, бәрі әлдебір әсем әуенге бойлары ұйығандай үнсіз отыр. Бұрын Энибер-дің әнінен жалыққан олардың қазіргі тыныштығы мотор да-уысының үзілмегенін қалап, сүйсіне тыңдаған тыңдармандай көрінеді. Жол үстінде таң атырса да, ешқайсысының тіл қату-ға шамалары келмеді. Әлде сөйлесуге ерінеді. Әдеттегідей ұйқыда жатқан Жаспердің қорылы қайық әнінің шырқын бұ-за бергеніне Хоссенің ашуы келді:

– Мына бәленің өнін өшірер ме еді!?

 Жасперден көзін алмай отырған Гариз сөзін жақтыр-май:

– Ұйықтай түссін. Осыған қарап жұбаныш тауып отырмын. Бақытты адамның жатысы ғой. Біз секілді жанын шүберекке түйіп келе жатқан жоқ, – деді.

Бағанадан бері жолға алған азық-түлігін ақтарып, әріптестеріне жейтін ас дайындап жүрген Тоня Гариздің сө-зін естігенде, өз ойының мәнін жоғалтқандай, қолындағы нан мен тұздықы тастай салды. Гариздің сөзінен кейін, қайық мо-торының дыбысына елірткен сезімдерінің сипаты өзгеріп, бәрі қайта қипақтай бастады. Жемістен құр алақан қалғанда-рына көздері жетсе де, Қараөткелден аман өтетіндеріне се-німдері бар. Отыра беруден мазасы қашқан Буба:

– Ақыры әлгі дәрінің күшіне сенген болсаң, неге арты-ғымен алып шықпадың капитан? – деп, қайық басында қақ-қан қазықтай бағытына телмірген Роузенге тиісе сөйледі.

Қызметшілердің тағдырына кесілген үкімді білген адамның жан күйзелісі қандай боларын бұрын-соңды білме-ген-ді. Тіпті майданның қарша бораған оғының астында қал-са да, жауынгерлердің өмірден үмітін үзбеуге хақылары бо-латын. Қараөткелге жақындаған сайын шуылдасқан қыз-метшілер ең соңғы тыныштығын ұрлап жатқандай ашуына тие берді.

– Қонақ үйде әлі бірнеше айға жететін азық-түлік те қады. Ешқандай қауіп жоқ еді. Неге қашып кеттік? – деп, Тоня үрейлері ұшқан әріптестеріне сұрақ қойды.

– Фермангельде қанша қалсақ та, бізге көмек келмей-тіні белгілі ғой. Оның үстіне, енді кері қайтар болсақ, жанар-майсыз қаламыз. Тіпті жемістің қайта өсетініне де күмәнім бар, – деп Гариз кесіп айтты.

– Сонда Мейронды мәңгі қалдырып барамыз ба?

– Мына қарғыс атқыр өткелден өтсек, міндетті түрде көмек жібереміз, – деп Хоссе әңгімеге қосылды. Екі тізесін құшақтап, бір нүктеге қадалып отырған Һаннаның әңгімеге араласуға шамасы келмеді. Оның көз алдына Кетринді тұн-шықтырмақ болғандағы әрекеті келе берді. Отбасым үшін, өмірім үшін істедім деп, қанша ақтағанымен өткелге жақын-даған сайын ол себептерінің бәрі маңызын жоғалта бастады. Бірнеше сағаттан соң басталатын сынақтың қаупі кеуде қуы-сындағы жанын бүрсең қақтырып, бойын мұздата берді. Тоня капитанның қасына келіп:

– Бізде сонда ешқандай мүмкіндік жоқ па? Тірі қалу үшін ешқандай шара қолдана алмаймыз ба? – деп кемсеңдеп жылап жіберді.

Тоняның аянышты үні жолға шыққаннан үнсіз тұрған капитанның жауап бермесіне қоймады:

– Аман қалатын бір-ақ адам бар, ол – Жаспер! –Роузен нық сеніммен айтқан сөзін бәрі дерлік естіп, дел-сал күйде қалды.

Ақ қайық есіп отырып, уақыт озған сайын мұхит үсті-не құлап жатқан қара бұлтты аймаққа жақын қалды. Олар жа-қындаған сайын, әйелдердің сыңсуы көбейіп, еркек атаулы-ның төзімі таусылды. Уақыт өте Жаспердің ұйқысы қалың-дап, қорылы ұзаққа созылды. Өз қылықтарына өздері ашула-нып, жүйкесі жұқарып отырғандардың ызасына тие берді.

– Шарапқа о баста құмартқан болсақ, біз де қазір осы-лай қапысыз ұйықтаушы едік, – Буба Жаспердің қасына ба-рып, қалталарын ақтара бастады.

– Не істеп жатырсың? – деп оның қылығын түсінбеген Гариз сұрақ қойғаны сол еді:

– Маскүнем болса да, ертеңін ойлайтын сияқты көрі-нуші еді, бәлкім, қалтасына тыққан шөлмегі бар шығар, – деп, Буба түгел тінтіп, ештеңе таппай, басын қасыды.

Тоняның ешқандай амалы жоқ па дегені Роузеннің құ-лағына қайта-қайта естіліп, тыныштыққа түзілмек болған ойын түрте берді. «Адамзат жек көретін соғыстың жанға сыйлар рахаты боларын кім білген!?» деп іштей өзіне-өзі күлді. Сонша қауіп төндіре келіп, тірі қалуыңа мүмкіндік бе-ретін қақтығысты бастан кешіргеннен өзге қызық жоқ екен-ау. Өлтіре бересің, әрі қас-қағым сәтте бірнеше жанды қиып өтетін уақыт болады. Соның бәрінде тағдыр өзіңді ақтайтын жауабыңды артыңа тізіп береді. Шайқас алаңында оған бас қатырмай өлтіре бересің де, қайта оралғанда «Отан үшін!», «Жер үшін!», «Бауырың үшін!» деген абыройлы ақтау сый-лап, бәрін кешіріп қол жая күтіп алады. Ал қазір ше? Бойың-дағы жұмыр етіңнің күші де, санаңа жиған ақылың мен төзі-мің де – бәрі бір ғана сәттің алдында бас иіп, қарап тұруға ға-на жарайды. Тіпті үмітің әуреге салып, тірі қалудың амалына айдақтаса да, соңынан ақтап шығар жауабы жоқ. Роузен үшін, тірі қалудың маңызы жоғалды. Тіпті әлі күнге дейін ті-рі жүргеніне тағдыры бірнеше рет мазақтап күліп алды. Ульямның ауыртпашылығынан құтылдым дегенінде тағы да алдынан шығарды. Оғына аманат сіңген қару қалтасында жүргенде, оны орындаудың мәні жоғалар деп ешқашан ойла-мап еді. Енді керек адамының атын естіп тұрғанның өзінде тым мәнсіз болып көрінді. Капитан Роузен қанша рет өлім-мен бетпе-бет келсе де, мұндай салқын қандылық танытпа-ған-ды. Өмір бойына қауіптен қорғануға тәрбиеленген тәні осы жолы ғана қалтқысыз.  Қазіргі қолынан келер соңғы әре-кеті, өзін жұта салатын кез келген тажал сипатының алдында кірпік қақпай тұру еді. Мүмкін, аманатты орындамасам со-лай тұра алмаспын деп қорықты ма екен, әйтеуір дәл қазір алаңдауына ешқандай себеп табылмады. Өліммен келісімге келіп, соңғы сәттерін тыныштыққа арнаған Роузеннің бұл тұ-рысы – басқалар үшін мүлдем жат қылық. Барлығы да тірі қалғысы келеді. Өздерінше өмір сүруге лайықпын деген ой-ларына себеп іздеп әлек. Қайық қара бұлтқа ене бастағанда, олардың жанарлары үлкейіп, қорқыныштары ісініп, тәндерін ішінен кере бастағандай. «Мен қорқамын» деген сөз тілдері-не жеткен кезде, ауыздарынан ашулы үнге арласып шығады.

– Бері келіңдерші – деп, Хоссе жолаушыларды сы-бырлап қасына шақырды.

Олар кабинаның ішіне кіріп алып, Хоссеге үміттене қарады.

– Жаспер сендер үшін кім?

– Әріптес, – деп біреуі сенімсіз жауап қайтарды.

– Ешкім емес. Айтқым келгені, бізді құтқаратын дәрі  оның ішінде жатыр.

– Қайдағы жоқты айтпа. Енді қалмағаны малғұндық еді! – деп Буба ашуланып қалды.

Бәрі Хоссенің айтқанын түсінгенімен, ары қарай қоз-ғаудан қашып, үнсіз қалды. Алайда бәрі бір-біріне білдірмей, сырттағы Жасперге ұрлана қарай берді. Тыныштық созылған сайын, өміршең үміттері Жаспердің томпақ қарнына байла-на бастағандай, іштерін суық ой бір үрлеп өтті. Тоня жолға шыққанан бері, Һаннамен сөйлесуге шамасы келмеген. Һаннаның тізе құшақтап, бұрышқа тығылып отырған түрін аяп, аз да болса көңілін аулау үшін қасына барып жайғасты.

– Қызымның түрін ұмытқандаймын. Тіпті тәтті қы-лықтарын да есіме түсіре алмай отырмын, – деп өз-өзімен кү-бірлеген Һаннаның бүкіл сөзін Тоня анық естіді.

– Сәл шыдасаң қастарына жетесің...

– Есесіне Кетриннің, Энибердің, Дастердің, Мейрон-ның бейнелері көз алдымнан кетпейді. Олардың тағдыр-ларын қызғанып отырмын. Әрбіреуі өздерінің армандары-ның соңында кетті ғой.

– Сен де өзіңнің отбасыңа асығып бара жатырсың...

– Қазір ештеңені армандап үлгермей, қас-қағым сәтте жоқ болып кетеміз, – деп, қасындағы Тоняның иығына басын қойып жылады.

– Айтыңызшы, Тоня, сіз неге салмақтысыз?

– Білмеймін тіпті. Бәлкім, өлімді жиі көріп үйреніп кеткен шығармын. Алайда әлі де болса осы дүниеде қалғым келеді.

– Кетрин маған ренжіп кеткен болар... – деп, Һанна әдепкі дел-сал күйіне ауысты.

– Жоқ... Бөлмесіне кіріп, жүзіне қарағанымда, езуінен өше қоймаған қуанышты байқадым... Дегенмен сол жүзі ма-ған маза бермей келеді. Әлі көз алдымда.

– Білесіз бе, мен оны өз қолыммен... – деп, сыңси бере сөзінің соңын айтуға шамасы жетпей қалды.

– Оның күлкісі ажалымызға жақындаған сайын құла-ғыма естілетіндей. Бейне менің аянышты тағдырыма күліп кеткендей...

– Өтінемін, доғарыңызшы!

Сырттағы толқынның дауысы күшейгенімен, алақан-дай кабина ішіне әлдебір тыныштық орнады. Үрейлерінен бір сәтке серпіліп, соңғы минуттарды ешқандай сезімсіз кү-тетін жандардай қимылсыз отыр. Гариз екі әйелдің қасына келіп жайғасты да:

– Меніңше, бәрі жақсы болатын сияқты, – деп әйел-дердің назарын өзіне аудартты.

– Кім біледі, бәлкім, аман өтіп кетерміз. Біз кімге қан-дай қиянат жасап едік? Мұндай сорақы өлімге бәрімізді бір-дей қия салмас. Әйтеуір ауыр күнәнің соңында азапты өлім деуші еді. Бірақ мұндағылардың ешқайсысын ондайға қимай отырғаным. Қашан келсе де, бәріміздің түбіміз өлім ғой. Егер осы сәт соңғы демім болса, Тоня, сенің қасыңда отырып атта-найыншы, – деп, жылы езу тартты.

Барлығы іштен күресіп шаршады ма, әйтеуір тырыс-қан денелерін босатып, Гариздің сөзінен соң, Буба да, Хоссе де қастарына жайғасты. Олардың біріккен тәндерімен қоса рухтары да араласып, қауіп атаулыдан біржола қашуды қой-ғандай кабинаның іші жылы леппен жұмсақ күйге оранды. Енді оларға капитанның өзі де, қолдауы да керек еместей. Қандай жағдайға душар болса да, бірге отырып қарсы ала-тындай еңселері едәуір көтеріліп қалды. Аз тыныштықтан соң, қайық жиі тербеле бастады. Гариз Тоняның қолынан бе-рік ұстап, соңына дейін шыдап бағатындай батыл қимылға көшті. Онысын өзі де түсінбей әлек. Осы уақытқа дейін Тоня-ның ешкім байқай алмаған жарасымды қылықтарына сусын-даған сезімі жасырынудан жалықты ма, әйтеуір ендігі әрекет-тері батыл қадамдарға ауысып алды. Қайық шайқалып, тол-қындар кабинаны шайып жатса да, олар үрейге бой алдырмай отырған. Алайда Хоссе сынған қолын жақтауға ұрып алды да, ауырсынғанына шыдамай, ойбайлай жөнелді. Оның дауысы қатты шыққан сайын басқалардың қазір ғана құрап алған үрейден қорғаушы күштері сөгітіле бастады. Хоссе бі-легін құшақтап тыпырлаған сайын, Һанна тізесін қаттырақ құшақтап, Гариз Тоняның қолын одан сайын қыса түсті.

– Шыдатпай барады құрғыр! – деп, кабинаның ішін басына көтерген Хоссе бәрінің алыстап кеткен қорқы-ныштарын қайта шақыра берді. Қас-қағым сәтте тарс еткен дыбыс құлақтарын тұндырды да, айналаның бәрін көз күйді-рер жарыққа бөлеп барып, түнекке ауысты. Құлақтары шы-ңылдаған олар жан-жаққа дөңгелеп, екі құлақтарын құшақ-тап әлек. Жым-жырт тыныштық орнап, көзге түртсе көргісіз қараңғы әлемде қалды. Еденде еңбектеп жер сипап жүріп, бә-рі әріптестерін тауып алды. Құлақ пен көздерін тұндырған найзағайдың күші тараған соң, көздері қайта ашылды. Шай-қалған қайық естерін жинап үлгертетін емес. Ара-тұра есік-тен судың легі кіріп, еденді шайып, үстерін малмандай су қылды. Хоссенің қолынан жаны кетті ме, әйтеуір бір иығын мүлдем сезбей қалды. Сонысынан қорыққан ол есікке қарай ұмтылды.

– Менің өлгім келмейді! – деп, сыртқа шықты да, қа-йық бұрышында бүктелген Жаспердің жағасынан алды.

Әлі де қалпынан танбаған капитанға жалт қарағаны болмаса, бұл жолы одан сескенген жоқ. Ірі толқын келіп соқ-қанда, Хоссе жиектегі темірге басымен соғылды. Шүй-десінен сорғалаған қанды көріп, зәре-құты қалмады.

– Кім едің соншама, түк болмағандай ұйықтап жата беретін!? – деп, Жаспердің ішінен теуіп кеп қалды.

Есі шығып оянған Жаспер, қайықтан ауып кете жаз-дағанда Хоссе ұстап үлгерді. Бар күшін салып, бері тартып алған соң, қайтадан ішінен тепті. Соққысынан Жаспердің жү-регі көтеріліп, лоқсып кеп қалғанда, ішкен-жегенінің бәрі еденге төгіліп, сумен шыланып сорпаға айналды. Хоссе көз-дегеніне жеткенімен, әлгі құсықты көріп, жүрегі дауаламай сылқ етіп отыра қалды. Өзінің де жүрегі айнып, бір сәтке ра-йынан қайтты. Алайда ішінен қылаңдап, тіршілік үшін тыр-мысқан жанының қалауы қайта-қайта құсыққа көзін сүздірте берді. Шүйдесі солқылдап, шынтағы дуылдап ауырған сайын жаны көзіне көрінген Хоссе амалсыз адамдықтан тыс деп та-ныған түсініктен аттауға мәжбүр болды. Мұншама қиындық-тың шешімі өлім болатынына сенбейді. Өзінің көрер жары-ғынан оңай бас тартқысы келмеді. Сондықтан Фермангель-дегі өзі қашатын маскүнінемнің құсығын ішсе де, намысы тапталса да, өмір үшін талас жолында бүкіл қағидалардан ат-тап өтуден басқа шара жоқ еді. Жаспердің сары сорпаға ай-налған іртік құсығын уысымен алып, екі көзін тарс жұмып түгел жұтты. Иісі мұрнын жарып бара жатса да, бүкіл қайра-тын бойына жинап, тағы да уысына қысып бірнеше рет аузы-на салды. Жүрегі айнып, лоқсып кейін шегінгенде қасынан тырмысып өтіп, Жаспердің жанына жетіп барған Бубаны көрді. Әлгінде ғана осы әрекетті меңзегені үшін жек көріп, теріс айналған оның бұл қылығына ашуы келіп өзін-өзі ұстай алмады. Бүкіл құндылықтарды бұзып өтіп, адамшылық түсі-ніктен аттап, құсық ішуді өзі бастап береді екен де, қалғанда-ры соның еңбегін пайдаланады екен. Дәл баяғы баспа жертө-лесіндегі сәті ойына түсті. Түнімен көз ілмей теріп шыққан жұмысын әп-сәтте жұрттар оқып, қоқысқа дәретханаға пай-далана салатыны секілді, Буба да түк болмағандай дайын дү-ниеге келді. Ертең аман шықса масқараның бәрін алдымен Хоссенің өзіне жағатыны даусыз. Орнынан атып тұрып, Бубаның шүйкесінен соғып кеп қалды. Буба Жаспердің асқа-занында шайқалған шараптың күші құтқаратынына сенімді болмаса да, өзге күресіп жатқанда, қарап тұра алмаған еді. Шынымен соңғы мүмкіндік шығар деген оймен үлгеріп қалу-ға тырысқан. Бірақ дәл осылай таласқа түсетіндей қиын бо-лар деп күтпеген-ді. Оқыста тиген соққы басын ауыртып жі-берсе де, құр қалмау үшін жанын салуда. Жаспердің иегіне жағылғанды көріп, алақанымен сүртіп алды да, жиіркенбес үшін бірден өзінің аузына жүгіртті. Екеуі тырмысып жатқан-да, қайық бойынан асқан толқын бүкіл еденді тазалап өтті. Аз да болса, жемісті ішіне сіңдіріп үлгерген Хоссе таласты қойып кері шегінді. Бірақ Буба бір татымның қауқары жоқ-тығын білген соң, Жаспердің ішінен тағы да соғып-соғып жі-берді. Алайда оның ендігі құсар түгі қалмаған еді. Олардың әрекетін көрген іштегі үшеуі өз көздеріне сенгісі келмей, мелшиді де қалды. Гариз Жасперді аяды ма, әйтеуір Бубаның қасына еңбектеп жетіп, бар күшін салып кейін тартып араша түсуге тырысқанымен, ештеңеге шамасы келмеді. Буба мен Хоссенің әрекеттері Тоняға қоқыста қалған балықтың  ішек қарнына таласқан көше мысықтарындай көрінді. Алайда ер-теңгі күндері үшін таласқа түскен жандарды кінәлауға ты-рыспады. Өйткені оларды өзімен салыстырғанда, қандай да бір мақсаттары бар жандардай көрді. Тажал тырнағы кеңір-дегіне тақалып тұрса да, амал қыла алмаған өзінің әрекетсіз қалғанына не қуанарын, не өкінерін білмейтін бейтарап ара-лықта отыра берді. Капитан жаны үшін ештеңеден тайынбай-тын бұлардың әрекеттеріне араласқан да жоқ. Тіпті олардың өткел тағы бір қаһарын төксе, Жаспердің қарнын ақтарып, асқазанынын сылып алатындай қауқарлары барын да біледі. Алайда бұл сәтте өлімші болып таяқ жеген мен өзін құтқару-ға тырысқандардың арасына түсіп, әлдебіреуді жақтап, ара-ша болуға хақысы да жоқтығын түсінді. Тылсым күштің әке-ле жатқан шартына келіскен адам ретінде ең соңғы жарығын-да қалтқысыз тұрып, дәл Уильям секілді өлімді мойындап, аттануға дайын еді.

Тыртылдаған қайық моторының дыбысы толқынның түнгі жаңғырығына араласып, онсыз да теңселген қайықтың еденінде допша домалаған Жаспердің құлағын шуылдатып әбден есін аударды. Қанша ұйықтағаны белгісіз, көз алдын-да жарқ етіп сөнген әппақ түстен соң басы, денесі, аяқ-қолы әр жаққа шашылып кеткендей өзін бір бүтін сезіне алмады. Аунап түскенде кеудесіне тиген алақанына өзінің құсығы жағылады. Қоймалжың сілекейін су шайып, өзін қайықтың алдыңғы жағынан итеріп, соңынан бір-ақ шығарды. Қайық тұмсығында толқынның екпініне кеуде тосып, қимылсыз тұрған капитан Роузен гүрс еткен соққыдан кейін су күшімен шайылып орнынан ғайып болды. Жаспердің басы дөңгелеп, кабинаның есігіне соғылғанда, қайық жақтауынан аяғынан томпаңдай тартып жатқан Тоняның қолдарын, кейін кабина ішіне толған судың арасында шайқалған денесін бір байқап қалды. Жаспер есікті ұстай бергенде, қолын қысып қап, жа-нын көзіне көрсетіп жіберді. Шашын жұлып, еденде екбеті-мен құлап жатқан Һаннаны Гариз жұлқылап жатыр еді, ауыр толқын бір қаққанда екеуін де  қайықтың үстінен сыпырып әкетті. Жаспердің әлгінде шашылған денелері орнына қайта келді ме, аяғының саусақтарында жан бар екенін сезінді. Құ-лағына шыңылдаған дыбыстың арасынан: «Менің тірі қалу-ым керек!» – деп, лоқсып жатқан Хоссенің дауысы талып ес-тілді. Құлақ артынан шашыла естілген үні тұна бастағанда, өзінің шарап араласқан құсығына біреулер әлгі сөзді айқай-лай айтып таласып жатыр еді, шыңқ еткен дыбыс құлағынан жылымшы сұйықтықты сорғалатып жіберді. «Шарап құла-ғымнан бір-ақ шықты», – деп, бүріскен Жаспер екі қолының қанға шыланғанын көріп, қарқылдай күлді. Оның алақанына енді Хоссенің күнделігі ілінді.

Құлаққа ұрған танадай тыныштық. Күнделікті қол-тықтап, аяғын әрең сүйретіп, сыртқа шыққанда таң бозарып келе жатқанын аңғарды. Айналасында дәптерден басқа түк те қалмаған. Қараөткелден жалғыз өзі өтті. Шалқасынан түсіп мұнарған аспанға көзін түзген Жаспердің ыңылдап әуендет-кені қалағы баяу айналған қайықтың қозғалысына үндескен-дей тым үмітсіз естіледі. Ешбір әуенсіз, сөзсіз шыққан үні-мен бірге Фермангель қызметкерлерінің бейнесі, олардың көрген жарық күндері мен азапты түндерінің кө-рінісі әуеге қалықтап, бүкіл Каоби құрлығына, көне аңызды қайта жаң-ғыртқан жаңа әңгіме болып таралуға аттанып жатқандай. Олардың бұралаң тағдырының суретшісі аралға аяқ баспаған Харбер Уотсон ба, әлде Фермангельдің кіршіксіз тіршілігін көтере алмай жандары уысында еріген өздері ме?...    

 

Мазмұны

 

Мақала.........................................................................................3

Сапар.........................................................................................10

Қош келдіңдер..........................................................................23

Сағым........................................................................................45

Ойындар....................................................................................70

Мақтаныш.................................................................................91

Келісім....................................................................................122

Алғашқы туристер.................................................................129

Үнсіздік...................................................................................147

Арман шыңы...........................................................................160

Аритмия..................................................................................166

Мақсат.....................................................................................178

Иірім........................................................................................212

Аңыз........................................................................................218

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған