Биыл рамазан айы мамырдың 17 күні басталады

Адам қарады: 199 | Жарияланды: 2018-05-15 02:41:28

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан уақытының өзгеруіне байланысты ораза мен намаздың жаңа кестесін жариялады. Басқарманың ресми сайтынан әр өңір бойынша қажетті кестенің жаңа нұсқасын жүктеп алуға болады. Биыл рамазан айы мамырдың 17 күні басталады. Маусымның 12-не қараған түні қасиетті Қадыр түні.  Ораза айт маусымның 15-нен бастап үш күн тойланады.  Айта кетейік, төралқа мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.