Адам қарады: 156 | Жарияланды: 2018-04-12 07:26:24

Сыбанның сырқаты

Қызметке тұрды да

Сыбан, Көкірегі ісініп,

Менмендік деген ауруменен ауырып,

Пайда болды кісілік.

Жолдастарына да қарамады,

Қасына ешкім бара алмады.

Қос танауы таңқиып кетті.

Өзі де тым шалқиып кетті.

Тұманданып көзінің алды.

Тіпті өзгені көруден қалды.

Оңбады...

Ем-дом жасап ек, қонбады.

Соныменен дейсіздер ғой «нетті»?

Қызметінен құлап түсіп еді,

Сауықты да кетті.

Қазақ тілінде жазылған