Адам қарады: 172 | Жарияланды: 2018-04-12 07:30:12

Мүгедек

 Ол өзі біз білетін Құралбай-тын,

Туған жылы сүйемелдеп тұрғызбаса,

Жүрмек түгілі тұра алмайтын.

Кейін әжесі Арбаға отырғызып,

сүйретіп жүретін болды.

Столды жағалаттырып,

Тәй-тәйді немересіне үйретіп жүретін болды.

Есейе келе жүгермек,

Бұзық болма ешқандай

Деген тілді алмайтын болды.

Қауын ұрлап қашқанда

Алдына жан салмайтын болды.

Сол бейбақ, Бүгінде мүгедек дейді.

Аяғымен өзінің, Жүре алмайды түрегеп дейді.

Қалай болған дейсіз ғой?:

Дипломның арқасында,

Жайлы креслоға жайғасып қалған.

Сосын машинасыз бір қадам жүрмей,

Денесінің бәрін май басып қалған.

Не жүре алмайды екен,

Не тұра алмайды екен.

Бар қолынан келері,

Еңбек етейік! деп ұрандайды екен.

Бейшараның талпынып,

Жүрейін деген дәмесі жоқ.

Ал, жұрттың

Осы күйі қала ма деп, зәре жоқ.

Ақырының не боларын кім білсін?

Сүйемелдеп, жүргізетін,

Баяғы өзінің әжесі жоқ.

Қазақ тілінде жазылған