Адам қарады: 297 | Жарияланды: 2018-05-05 09:56:58

Жақсы хабар

Жақсы хабар атқан таңменен,

Желпіп өткен самалмен.

Жеп-жеңіл көбелек болып,

Қанат жайып ойандым қиалмен.

         Әйтеуір келді жақсы хабар,

         Жағдайым жүйрік атпен шабар.

         Қуанышым қойныма сыймай,

         Жүрек шіркін қатты соғар.

Үміт шоғы үрлей жанар,

Бақыт құсы лезде қонар.

Неде болса күтіп алдым,

Бұл мен үшін жақсы хабар.

          Жақсы хабар күн шуақты,

          Өріп берер жыр шумақты.

          Шөлің қанып ішетін,

          Мөлдір бұлақ су сияқты.

Қазақ тілінде жазылған