Меценат Олжас Құдайбергеновтың 1 000 000 теңге бәйгесі кімге бұйырады?

Просмотров: 87 | Опубликовано: 2018-05-21 03:50:42

«Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі биыл Есенқұл Маманұлы атын­дағы бас жүлде – 1 000 000  теңгені «Үздік қазақ романына» және балалар жазушыларына арналған «ДАРАБОЗ» байқауына 1 млн теңге бәйге жариялағаны белгілі. Енді  фантастика және детектив жанрында қалам тербейтін жазушыларды қуантқымыз келеді.  Белгілі меценат, Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов «жылдың үздік фантастикасы және детективі» номинациясы бойынша үздік шыққан авторға жеке өзінің атынан 1 млн теңге сыйақы жариялады.

Бақ сынағысы келген қаламгерлер шығармаларын , электрондық мекен жайына жібере алады. Шығарманың көлеміне, тақырыбына шектеу жоқ. «Алтын қалам-2018» әдеби жүлдесіне шығармалар қыр­күйектің 15-іне дейін қабыл­данады. Оқырмандар қазан айы­ның 1-іне дейін дауыс бере алады. Жеңімпаздардың есімдері күзде өтетін марапаттау шарасында жарияланады. Конкурс жайлы толық мәліметті akalam.kz ресми сайтынан білуге болады.
«Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесінің жаңа маусымы Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін  «ZHERSU»  инвестициялық-өндірістік корпорациясы, бас ақпараттық серіктесіміз «Русское радио», Halyk Group, сондай-ақ, Қазақстан баспасөз клубы, "КТК", "31 телеарна", "Меломан" сауда желісі, «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі,  "Massaget.kz" жастар порталы, "Айқын", "Жас алаш" басылымдары, "Аруна" баспасының қолдауымен өтеді.