Адам қарады: 15032 | Жарияланды: 2018-06-08 09:45:20
Аналар мерекесі
Құтты болсын мерекесі аналардың
Шапағаты әрқашанда балалардың.
Бала-шаға, от басының қамы деп,
Ешқандай қиындыққа қарамадың.
Аналардың алақаны ыстық маған,
Ызғар-суық баласына қыстатпаған.
Қызғыштай қорып жүріп өз баласын,
Ешкімнің «суық» қолын ұстатпаған.
Анаға ұқсап мейірленбес ешбір пенде,
Аналарға қарыздармыз менде, сенде!
Пайғамбарды да туған екен сол аналар,
Оқып жүрміз кітаптардан, көрмесемде.
Анасы болса қартаймайды ешбір бала,
Анамыз жұқтырмайды ешбір жала.
Анаң болса жаныңда жабырқау жоқ,
Гүлденіп тұрғандай ғой барлық дала.
Анаға ұқсап мейірленсе бүкіл адам,
Ізгілікке жақындар едік аттап қадам.
Анамыздың Ақ батасын көптеп алсақ,
Бақытты бала, болар едік енді содан!