Адам қарады: 5876 | Жарияланды: 2018-09-06 02:35:52

Сыныптыстардың құпия сыры

Бұл хикаяда ауылдағы бір мектептен түлеп ұшып, түрлі салада жұмыс істеп жүрген сыныптастардық қаладағы сауналардық бірінде бас қосып, әйел, қыз-қырқын төңірегінде бастан өткен тосын оқиғалары туралы айтқан әсерлі әқгімелері баяндалған. Олардың оңаша сәттегі ақтарған ішкі сырлары бүкпесіз ашықтығымен,шынайылығымен ерекшеленеді.

Сағынысып бас қостық

Бірге оқыған жиырма шақты сыныптастан қазір ауылда үш-төртеу-ақ қалыппыз. Өзгелердің бәрі кезінде арман қуып, оқу, жұмыс іздеп дегендей жан-жаққа шашырап кеткен. Олар мектеп бітірген алғашқы жылдары ауылға жиі келіп, бір-бірімізбен сағына көрісіп тұрушы едік, есейген сайын бұл да қалып барады. Қазіргі нарық заманының қатқыл талаптарымен өрілген өмір ағысындағы күнделікті күйбең тірлік досты іздеуге, жолығып, сыр ағытуға мұрша бермейтіндей. Бүгінде сыныптастардың көпшілігімен жылдап көріспейміз десе де болады.

Мектебіміздің құрылғанына 70 жыл толу құрметіне ауылда үлкен басқосу ұйымдастырылды. Жиынның ресми бөлігінен кейін әр жылы бітірген сыныптастар өзара топ-топ болып жиналып, сағынышқа толы әқгімелерін тоқтаусыз ағытып жатты. Біздің сыныптастар онша көп жиналмаса да, барымызбен базар құрып, бірге өткізген балалық бал дәуренімізді еске ала, қазіргі күндердің қызықтарын айтып дегендей бір серпіліп қалғанбыз.

Сонда Шымкентте шағын зауытты жекешелендіріп, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген, жағдайы жағынан ішіміздегі ең бақуатты саналатын Рүстембек жігіттерді қаладағы өзінің “Сәуле” деген саунасына шақырып, қолымызға бір-бір визиткасын ұстатқан. Уәде бойынша айтылған мерзімде, көрсетілген мекенде бес-алты сыныптастың басы бірігіп, еуропалық үлгіде салынған кең саунада армансыз әңгіме-дүкен құрдық. Бір-екі шөлмектің “тұмсығы қанағаннан” кейін тіпті сөзге қонақ бермей дегендей жарыса сөйлеп, бәріміз шешен болып кеттік.

– Менде бір ұсыныс бар! – деді осы тұста үнемі қалтасында ұсынысы даяр тұратын қаладағы құрылыс компанияларының бірінде прораб болып істейтін Әмірхан. – Бәріміз де күнделікті күйкі тірліктіқ бостекі проблемасын қоздатып, алтын уақытты қор етіп жатырмыз. Бүгін көңіл көтеруге жиналған екенбіз, онда әңгіме тақырыбы қыз-келіншектермен арадағы бастан кешкен ең қызықты оқиғалар туралы болсын. Әрқайсымыз қызық деген бір әңгімеден айтайық. Ал кім де кім бұл шартты бұзып,басқа тақырыпқа ауып кетсе немесе жұртты жалықтырып алса, айып төлейді.

Егер келіссеңдер, алғашқы әңгіменің кезегін журналист Серікбайға берсек дұрыс болар деп ойлаймын. Өйткені оның әңгімені де жазуды да майын тамызып әдемі баяндайтын ерекше қабылеті бар ғой, бізге жол салып, үлгі-өнеге көрсетсін. Әрі қарай біз жалғастыратын боламыз. Келістік пе?

Бәріміз де жөн сөзге тұрып, оның ұсынысын қолдадық. Серікбай да бұлданып жатпай, аз-кем ойланып тұрды да «Иә, бұл тақырып бойынша менің басымнан өткен бір тосын оқиға бар еді, соны баяндап берейін», - деп келісе кетті.

Өзгелер де қаражаяу емес екен, бастамаға қызу қосылып, бастарынан өткен неше түрлі қызықты оқиларды ортаға салды. Сол сәтте айтылған әңгімелерді рет-ретімен баяндап шығар болсақ, мына төмендегіше өрбіді.

 

Журналист Серікбайдың әңгімесі

 

Кездейсоқ кездесу

– Бірде облыстың шалғай шетіндегі аудан орталығына іссапармен барып, соңғы автобусқа бес-алты минут қана кешігіп қалғаным бар. Танымайтын мекенде, айдалада қалды деген осы деген сарыуайым еңсемді езе, ойым он саққа жүгіріп, не істерімді білмей дал болып тұрғанымда жанымнан бір уыздай қыз өте берді.

– Кешір, айналайын, бұл ауылда қонақ үйі бар ма?

–Соны білмеппін, бұрын союз кезінде бар сияқты еді.Немене бұл ауылға қонақ па едіңіз?

– Иә, солай… Автобустан қалып қойып…

Ол да мен де бір-бірімізге бір сәт қадала қалдық. Батып бара жатқан күннің қызыл жалқын сәулесі шарпыған жүзінен адамға деген бір жылылық байқап үлгірдім, өзі де келісті екен, тана көздері жүректі суырып әкетердей мөлдірей қарайды.

– Қазақпыз ғой, жүріңіз, құдайы қонақ етейін. Жақсылыққа жаманшылықпен қайыратындардың сортынан емес сияқтысыз…

Сенерімді де сенбесімді де білмей қыз соңынан ілесе бердім. Таныса келе қыз дегенім келіншек болып шықты. Күйеуінің машина апатынан қаза болғанына жылдан асыпты.Екі бөлмелі қазына үйінде сіңлісімен бірге тұрады екен. Өзінің аты Бибінұр, сіңлісінің аты Бибігүл екендігін, оның бүгін қыдырып ауылға кеткендігін сыпайы ғана баяндап өтті.

Шамы жарқыраған оңаша бөлмеде бұрынғыдан да арайлана, әдемі болып кеткен аруға көз алмай қарай бергің келеді, келіншек деуге аузық бармас-ай, іштей оны қызға, пері-қызға балап отырдым. Ол өзі бір құрақ ұшып қалған, адамгершілігі мол жан екен.Тәрбиелі отбасыдан шыққанын айтпай-ақ, әр қимылынан танытып, мені құдайдай күтті. Тіпті дастарханға ішкілік те әкелінді, одан өзі де бір кісідей тартып отырды. Бір-екі рөмкеден кейін қызып қалған сыңайлы болды. Ал мен түс көргендей, ғажайып әлемнің сиқырлы бесігінде тербеліп ішпей мас болдым. Бір есімді жиғанда:

– Ал, ішейік! – деді.

Ару қыз хрусталь бокалдың қыл мойынан сүйріктей нәзік саусақтарымен қыса ұстап жоғары көтергенде алтын жүзігінің сәулесі жартылай толтырылған шарап ішінде балықтай шоршыды… Толықсыған, аппақ айдай балғын жүзіне қызыл шырай жүгіріп тылсым, тұнық сырдың тұнығы шайқалмаған сол жұмбақ кейпінен таймай, ынтығы мен ләззаты мол әсем әлемге еріксіз тарта түскендей... Жүрегім алқына, ыстық қан миыма теуіп, бойымды бір майдай жұмсақ леп аймалағандай буын-буыным босады, онық мақтадай үлбіреген ақ білегіне жұмыстан күс-күс болған алақанымды жүрексіне жақындаттым да жай ғана сипадым. Ғажайыпта қолыма қонған торғайым шошып та кетпей, таңырқап, асып-сасып та қалмай, тіпті түк болмағандай отыра берген соң сүйрік саусақтары қысқан бокалды еппен ғана босатып алып столға қойдым да бір қолымды қыпша беліне орап, екіншісін жартылай қызыл көйлегінің етегінен көз құрты болып жарқырай көрінген жұп-жұмыр, әһм аппақ бура санына жақындаттым.

– Но-но! Сендер, немене, ішкен әйелдің бәрін салдақы санайсыңдар ма?

Ол екі қолымды бірдей серпіп тастап орнынан ұшып тұрды. Шырайлы дидарына лып ете, алқызыл жалын ойнап, бұрынғыдан да көрікті болып кетті. Әйтсе де әлігіндегі бойға шым-шым тараған елес-кәйіптің нәзік торлары сыпырыла үзіліп, есімді тез жия қойдым. Әйтеуір оның “сенге” көшкені ғана көқілге медеу. Қорыққан бұрын жұдырықтайды дегендей қорғанудың тиімді тәсілі – шабуылға бірінші болып көштім:

– Ал сендер құшақтауға ниеттенген еркектің бәрінің көңілі қарау деп ойлайсыңдар ма?

– Қолды сумаңдатпай көзбен, сөзбен ғана тіл табысуға шамаларың жетпей ме?

 

Оған ессіз ғашық болдым

“Сұлулықты көріп тұрып оған қалай тамсанбассың! Сенің әйелге тән әдемі сымбатың мен бойыңның мінсіз жаратылысы кім-кімнің де тағатын тауысып, ындынын құртар-ау. Осынау елең-алаң шақта кіршіксіз таза сезімнің жетегіндегі ұйқылы ояу, масаң күйге түскен мен бейбақ тұңғиық теңіздей жан рахатының тереңіне шым-шым бойлағым, шыңырау түбінен ешкімнң қолы жетпеген асыл жақұттарды жинағым, сөйтіп мына шым-шытырық, иір-қиыры мен бұралаңы, арпалысы мол дүниенің ауыр жүгін бірер сәтке болса да серпіп тастағым, сол арқылы алдағы күндеріме қуат алғым келіп еді. Сен сияқты періштені аялап сипағанның өзі жасыма жас қосып, ғұмырымды ұзартар, көңілімді көктем етер, сонда мен уайым-қайғыдан біржола арылып сені ғана әлдилеген әндей тербеп өтермін. Сен менің басыма қонған бақсың, шошымашы менен, құдіреттей қадірлеймін, қақпашы қолымды”, деп алдына тізерлей отыра қалып, көз жасымды ебіл-дебіл төге жылағым, жалбарынғым келіп еді. Бірақ жігіттік намыс оған жібермеді.

Кенет ол ұйқыдан оянғандай ой шырмауынан арылып, терезе алдына барып аз-кем аялдады.Мұнан соң періште қимылмен пердені сәл ғана ысырып форточканы ашты да жақтауды сипалап бір әдемі темекі қорабын алды.Сыпайылық танытып, менен рұқсат сұрап жатпай-ақ біреуін тұтатты. Жайшылықта әйел баласының мұндай қылығын жақтыра бермеуші едім, ал жақсы көргенде бәрі де жарасып кетеді екен ғой,оның темекі тартқаны да әдемі сияқты көрініп кетті.Мейлі, тарта берсінші деп қойдым іштей.

– Өмірде мендей бақытсыз әйел жоқ шығар…- деді ол ішіне терең сорған темекі түтінін күрсін демімен будақ-будақ ілестіре шығарып.

–Неге олай дейсің?

Айтуын айтсам да, іштей ескі жарасының аузын тырнағаным үшін тілімді тістеп, өзімнің жылдам мінезіме налыдым.

– Сен мені танымадың,ә?-деді ол кенет әңгіме ауанын басқа арнаға бұрып және менің таңырқай аңтарылып қалатынымды алдын-ала білгендей жауабымды күткен де жоқ.

– Әрине таныған жоқсың, өйткені сен біреусің, ал біз көппіз. Алдыңан күн сайын қаншама адам айналады, олардың бәрін есте сақтап қалу да мүмкін емес шығар. Көп әуреге салмай бұйымтайымды тез бітіріп бергенің үшін сонда қатты риза болғанмын. Әлгінде көшеде жолыққаныңда көзіме шоқтай басылғаның да сол жақсылығыңның шарапытынан болса керек.

Ол жас баладай сыңғырлай күліп, бөлмені әдемі нұрға орады.Одан соқ салмақты кейпіне қайта енді.

– Әңгімені де жаныңды түсінетін адамға айтқанға не жетсін. Жүрегімнің тереңінде сүр болып сақталып келген, сиқыр сезім сор сыйлаған ауыр сырымды саған ақтарсам деп отырмын. Неге екенін білмеймін, бір тылсым күш бұйырғандай именно өзіңе айтқым келіп тұрғаны…

Оның маған ауған ерекше ықыласына, ризашылық сезімі мен әңгімесін тыңдауға деген қызығушылықпен қатар, егер бұрын мейлі жұмыс бабымен жолықсақ та нақ осындай әдемі әйел қалай ғана есімде қалмады екен деп өткен күндер қойнауын түрткілеумен болдым.

 

Алғашқы махаббаты сәтсіз аяқталыпты

Ол темекісін құшырлана қатты сорып- сорып алды да ашық тұрған терезе қуысынан сыртқа қарай шертіп жіберді.Одан соң қалың ой тұманынан арылмаған күйі жаныма келіп отырып, әңгімесін бастады:

– Әуреленбей-ақ қой, бәрібір есіңе түсіре алмайсың. Одан да менің көркем шығармаға бергісіз хикаямды тыңда.

Сол түні аспандағы күлме жұлдыздар әдеттегіден де әсем, әрі жарық болып көрінді… Сол түннің маужыраған биязылығы, кәусар ауасы, жібектей жұмсақ самалы, шегірткенің әдемі әндей әлдилеген сиқырлы шырлы, қалы кілемдей көк майсасы, бәрі-бәрі ерекше еді, әдемі еді…

Ол мектепті сол жылы ғана бітірген бозбала да, мен тоғызыншы кластың оқушысы болатынмын. Ол әдебиет пәнінің еркін тақырыптағы шығармаларын қиналмай, жеңіл, майын тамыза, келістіріп-ақ жазатын. Көрші тұратындықтан оған көбіне еркін тақырыпта шығарма жаздырып, кейін сабақта сол дайын еқбекті көшіріп бере салатынмын. Әрине, өзімнің де әдебиетке ықыласым, бейімім өзгелерден оқшау биік болғандықтан көшіруді сауатты орындап, тіпті кейбір жерлерін дамыта, өңдеп те жіберетінмін.Міне, сол әдебиет әлеміне деген көзсіз махаббатым кәдімгі екі жастың арасындағы ғашықтық махаббатына ұласып, менің түбіме жететіндігін ол кезде қайдан сезе қояйын десейші.

Сол күні де оған өзім бардым. “Менің ауылым” деген тақырыпта тұнып тұрған табиғат сұлулығы жайлы төгілте шығарма жазып беруін өтіндім. Тәйірі оған не тұрады, домбырасын күйге келтірген сазгердей қолындағы қаламын ақ қағаздың бетінде бұлғаңдатып-бұлғаңдатып алып барып жаза жөнелгенде маржандай тізілген көркем әріптер ұзын сонар жол жасап тоқтаусыз алға ентелеп бара жатты-ай, ауық-ауық ойланып алады да қолы тағы жорғалайды келіп… Көз алдымда, менімен бірге болашақ атақты тірі жазушы отырғандай оған ынтыға қарап, сұрақтарына жасқана жауап берумен болдым.

Сол сәтте, бәлкім одан бұрынырақ па, кім білсін, әйтеуір оған ғашық екенімді сезіп, жүрегім әлде бір қуаныштан,яки қорқыныштан ба, әйтеуір аттай тулап ала жөнелді. Өз өзімнен ұялып, кінәлі адамдай оған тіке қараудан, еркін сөйлеуден қалдым. Бір нәрсе айтсам даусым әлсіз ғана діріл қағып, еркімді ырқыма көндіре алмай дал болмасым бар ма? Ол да мұнымды яки сезді, яки өзі де дәл сол сәттерде бір көрінбейтін құдіретті күштің әсерінен соқыр, ынтызар сезімнің билігіне жегілді…

Сүттей аппақ айлы түннің күміс сәулесіне шомылып келе жатқан екеумізді біздің үйдің шарбағына жақындай бере бір беймәлім сиқырлы күш өзінен-өзі қауыштырып, тіпті жабыстырып, табыстырып жіберді. Өзінен-өзі дегенім артықтау болар-ай, мені шығарып салып келе жатып ол тұңғыш рет қолымнан ұстады да: “Сәл былайырақ тығыла тұрайықшы, әне бір мастар өтіп кетсін”- деді. Өзіне шамалы тартып еді, мен дағы солай болу керек сияқты құшағына қалай құлағанымды білмей қалдым. Сол бір-біріміздің құшағымызға тығылған күйі үлкен талдың тасасына қарай жайменен ығыса бердік. Екі мас болса даудырай сөйлесіп, біздің бұрын-соңды бастан өткермеген сиқырлы сезімге беріліп, есіміздің кірелі-шығалы күйге түскен жайымыздан бейхабар өз қызықтарының ырқына берілген күйі өте шықты. Олардан сонда неге тығылдық, не кінәміз бар еді, айта алмаймын. Бірақ дәл осылай болғаны оған да , маған да керемет ұнап, кісілер кеткен соң да тырп етпей, сол жабысып құшақтасқан күйі тұра бердік. Мастардың тез өте шыққанына ол да, мен де өкінгендейміз, екеумізде де үн жоқ. Шіркін, жүрек, сол сәтте тарсылдап соққаны соншалық, оның даусы арынды Арыс өзенініқ сарылын да басып кеткендей, оның даусын бүкіл ауыл есітіп тұрғандай еді…

Ол әлден уақытта барып, бәлкім сонда ғана есін жиды, яки бар батылдығы мен күш-жігерін жинады, мені өзіне жаймен ғана ыңғайлай тартып, даусын дірілдете:

– Бетіңнен сүйдірші!-деді сыбырлап. Мұндай ұсынысты бірінші рет есіткендіктен бе, қорқып кетіп жүзімді кеудесіне басып тұрып алдым. Ары-бері сипалап өзіне қарата алмаған соң шашымды бір сүйді де, мұнысынан өзі қорқып кетті ме, білмеймін ,“Кешір!” деді де кілт бұрылып кетіп қалды.

Түнімен дөңбекшіп, көпке дейін ұйықтай алмадым. Аспандағы аппақ айдың шарбы бұлтқа шомыла жүзгеніне терезеден ұзақ қарап жатып көзім әрең ілінген...

Ертеңіне ол біздің үйге өзі келді. Кешегі оқиға есіме түсіп бетім ду ете, қаным басыма теуіп, есеңгіреп қалғандай болдым. Ол сабырлы қалпын сақтап, сабағымды, шығармадан қанша алғандығымды сұрады. Даусыма діріл араласа әрең жауап беріп отырсам да, ішкі жан толқынысымды мен дағы білдрмеуге тырыстым. Ананы-мынаны әңгіме етіп біраз отырдық, шәй іштік. Әлден уақытта ол қайтпақ болып еді, апам ойында түк жоқ:

–Көкеңді шығарып салсай! – деді.

Тағы да маужыраған айлы түн. Тағы да сол үлкен қара талдың тұсына келгенде бұл жолы ешқандай мастар көрінбесе де ол мені қолымнан ұстап өзіне тартты.Кешегідей емес, қимылдары батылдау сияқты. Мен дағы осы батылдықты қалайтындаймын, дәнедей қарсылық көрсетуге шамам келмей оның құшағына құладым, икеміне көне бердім… Ол мені балалық ебедейсіздікпен құшағына алып, жай ғана денемді сипалай бастады. Одан соң бетімнен сүйіп алды да ерніме жабысты. Оның бұл күтпеген, тосын қылығынан үркіп барып, өзегімді суырардай ыстық, беймәлім, масаң дүниеге еніп бара жаттым… Үнсіз, әлсіз қарсыласамын, бірақ бойымнан дәрмен кетіп, буын-буынымды ұстай алмай мәнсіз қарсылық көрсеткен болам. Әлден уақытта екеуміз бірдей жансыз адамша шарбақ түбіндегі тізе қабар қалық көкорай майсаға құладық…

“Сүйісу де тұзды су – ішерсің де шөлдерсің” дегенді оқығаным бар еді. Рас екен, екеуміз қанша сүйіссек те қанбай ұз-з-ақ тіл сорыстық…

Сол күннен бастап оны көрмесем тұра алмайтын дертке шалдықтым. Ол өзі келеді, немесе шығарманы желеулетіп мен барамын, қойшы, әйтеуір, ретін тауып күнде жолығатын болып алдық. Бір-бірімізді міндетті түрде шығарып саламыз, сол тәтті минуттарға жеткенше асығатындаймыз. Дәу талдың түбіне келгенде махаббат сезімінің ләззатына батамыз…

Біздің бұл махаббат жолындағы әуестігіміздің шырқау шегі мен мектеп бітіріп,Қарағандыдағы мединститутқа құжат тапсыруға кетерден бір күн бұрынғы түн болды.Өзіміздің жан серігіміздей, сырласымыздай болған сол дәу қара талдың түбінде әбден аймаласып, мейіріміз қанғандай бір сәтте ол мені біз тұрған шарбақ шетіндегі қалың жүгері ішіне қарай жетеледі. Мен болсам оның алдында жыланға арбалған торғайдай дәрменсізбін және де оңашадағы тылсым рахат сезімдері өз ырқымды өзіме билетпей тек соның дегенін ғана қалайтындай… Жүгерілік ішіндегі уат жиегі төсектен де жайлы екен,көк құрақты жастанып тағы да ұзақ аймаластық. Ол да мен де бір ауыз ғашықтық сөз айтпай тек үнсіз сүйісе бердік, сүйісе бердік. Әлден уақытта оның қолдары дір-дір еткендей болды да бөксемді сипалап барып, жұқа лыпамның резеқкесіне келіп аялдады да қарсылық болмаған соң төмен сырғыды… Сол сәт менің қарсыласуға тіпті де шамам жоқ еді, ол сөздің не екенін біржола ұмытқандаймын. Өн бойым қалшылдап, көзім тұманданып бара жатты. Сиқырлы сезім алдында соншалықты әлсіз екендігімді мойындап, бәріне де көніп жата бердім…

Қазір сол қылығыма әрі өкінемін, әрі… Өмірде бір-ақ рет берілетін сол бір рахат сезімнің биік шыңында енді қайталанбас бақыттың ләззатын татқаныма риза да боламын.

Опына өкінетінім – оныкі жай балалық, жігіттік қызығушылықтан туған ессіз махаббат екен, Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түскен соң сол күйі мені ұмытты. Ал мен бейбақ оқуға түсе алмай, Қарағандыдан қайтып келгенім былай тұрсын, жығылған үстіне жұдырық дегендей көзсіз көбелекше отқа түсіп, одан көтеріп қалдым. Мұның арты аналық қуаныштан біржола айыратын бедеулік қасіретіне ұласты. Әкесі жоқ баланы алдырып тастау барысында ол операция көзбен көрмей, іште сипау арқылы жасалынатындықтан батыра қыру кезінде жатырым жарақаттаныпты…

–Кейін,- деді ол екінші темекіні тұтатып жатып,- өзімді түсінетін бір жақсы адамды жолықтырып едім, құдай оны да көп көрді ме, қайдам, былтыр машина апатынан қаза болды.

 

Ойламаған жерден құшағына алды

–Кешір,тағдырымыз ұқсас екен,мен дағы қосағымнан қапыда айырылып, әйел исіне зар болған бір ғарып едім. Сезім жетегінде өзімді ұстай алмай қалғаныма ренжіме…

Ол маған аңтарыла, алғаш көріп тұрғандай ұзақ қарап қалды да әлгіндегі ашудың табын түк қалдырмай жадырап шыға келді.

– Тағдырымыз қалайша ұқсас?

Жанарында жасындай ұшқын ойнап,сұраулы жүзбен жәудірей қарап тұрды да, бір назды қылықпен еркелей,өзімсіне тіл қатты:

– Мен де солай ойлағам, сенің ешкімге зиян жасамайтын, парасатты жан екеніңді сезгенмін. Шынымен әйел исіне зар болып жүрсең мен саған жақсылық жасайын. Кел, сауабыңды алайын, мені қанша аялап, искесең де рұқсат бердім!

Мұнысы несі, мені мазақ етіп тұр ма деп аздап тіксініп қалып едім, бірақ алдымдағы жұмбақ жан ойымның быт-шытын шығарып, майда-шүйде темірлермен, іскектермен, жарқырауық әшекей заттармен түйреп жинаған, содан да ерекше жарасым тауып тұрған қоңырқай түсті жібек шашын жайып жіберіп құшағын ашты. Мен сенерімді де сенбесімді де білмей, мең-зең күйде сиқырлы әлемге, жұпар исі аңқыған “періште қыз”- келіншекке қарай магнитше тартылып бара жатқанымды, құшағына қалай құлағанымды білмей қалдым. Екеуміз бір адам болып біріккен күйі ессіз теңселіп біраз тұрған соң таяқ тастам жердегі диванға барып жығылдық. Есім кірелі-шығалы күйде, масаң сезіммен әлденелерді былдырай ыңырсып, ақ төсіне сүлікше жабысқанымды, одан соң шырын тілін суырып алардай ұза-а-қ сорғанымды санаммен саралап жаттым…

Бойымның балқығаны, көңілімнің шалқығаны, бәрі-бәрі ғажайыптан кездескен аруымның арқасы, онық маған деген шынайы түсінушілігінің, жанымды ұға білгенінің белгісі екенін мен дағы терең пайым-парасатпен ұғып арыға бармадым. Бармақ түгілі жымысқы ой санама шайтан азғыруын да жүргізе алмады. Өйткені мен сезім патшалығының байтақ әлеміне еніп, ләззат пен рахаттың бұрын-соңды таптпаған сиқыр дәміне есім шыға, о дүние бұ дүниеде тағдырыма риза көңілде, масаң күй кешіп жатқан едім. Егер құшағыңдағы қызды шын беріле, жақсы көрсең - тереңіне бармай-ақ ләззат құмарын аймалап-ақ қандыра аласың дегенге сенбеуші едім, мұны өз басымнан бірінші рет өткердім. Бұл да бір ішпей мас болумен тең екен ғой…

Түннің бір уағына дейін ұйықтамасақ та таңертең тыңайып, сергек көңлде ояндым.Бибінұр менен бұрын тұрып, ас бөлмеде шай қамымен жүр екен.

– Азанымен бұлай әуре болмай-ақ қойғаның жөн еді.Онсыз да кешеден бері аз абыржытпадым ғой.

– Өй, осы да абыржыған ба, үйреншікті тірлігіміз емес пе?! Басқа-басқа, таңғы дәмнің орны бөлек. Отырыңыз, жол жүрерде жүрек жалғап алғанықыз жөн болар,- деген түзу сөзге дау айта алмай асығып тұрсам да дастарханға отырып,жаңа қуырылған жұмыртқамен шәй іштім.

– Қонақжайлығыңа мың да бір рахмет, бір жақты болып кетпесін, Шымкентке келсең міндетті түрде хабарлас!- дедім қоштасарда оның ақ ұлпадай жұп-жұсақ алақанын ұзағырақ ұстап тұруға тырысып.

– Сөз жоқ хабарласам,олай етпесек бұл кездесуіміздің мәні не болмкақ?! -деді ол қолын ықғайсыздана кері тартып. Сол сәт жүзіне лып етіп жүгірген қызылшырай бүкіл бөлмені нұрландырып жібергендей еді.

Автобус ішінде отырып таңғы бозамық ақ нұрға оранған ғажап даланың керемет көрінісі сынаптай сырғып өтіп жатқан терезеге тесіле үңілгенім болмаса санамда бір ғана сурет – Бибінұрдың келбеті жарқырай көлбеңдеді де тұрды. Біздің тағы да, тіпті араға аз уақыт салып кездесетінімізді жүрек құрғыр сезгендей өн бойымды тәтті бір сезім баурап, сол әсердің жетегінде Шымкентке қалай тез жеткенімді аңдамай да қалыппын.

 

Автомобиль жүргізушісі Нұсқабайдың әңгімесі

 

Бастығым мас екен

– Бұл өзі бір өқ мен түстің арасындағыдай, найзағай жарқ еткен ілкі сәтте қарпып қалғандай ғана есте қаларлық сағым оқиға болғанымен бүкіл ғұмырыма жетерлік қасірет алып келген сойқан бір өкінішті жәйт еді. Дегенімен бәріңе де сабақ болсын деген ниетпен тарата айтып берейін.

Сонау «Союз» тұсында ұзақ жыл бір беделді мекеменің басшысын “ГАЗ-69” қызмет көлігімен тасығаным бар, кәдімгі төбесін брезентпен қаптаған «вездеход» машина ғой. Бастығым ішіп алғанда ғана ашыла сөйлеп, жайшылықта өз ойымен өзі болып, тұнжыраған қабағы ашылмай сағаттар бойына үнсіз жүре беретін салмақты жігіт еді. Өзі анау айтқан кесек тұлғалы, қапсағай денелі де емес, оған кереғар майда, сүйегі киімініқ сыртына теуіп шошайған арық та емес, орташа бойлы жігіт ағасы бір уыс болып артқы орындықта отыра беруден әсте жалықпайтын.

Сол “үндемесім” бір күні “өнер” шығарды. Өнер болғанда тосын мінезімен тақырқатып, тіпті оны танымай қалдым. Күн сенбі болатын, үйге телефон шалып машинамен шұғыл келуімді өтінді. Бір жағдай болып қалған шығар деп машинамды тез оталдыра қиыршық тасты тозаңдай шашып, гараждан атқып шығып дегендей бастығыма келсем, көк дарбазасының алдында қаздиып күтіп тұр екен. Кабинадан лып ете түсіп есік ашып, жалпылдай амандаса қолын қысып мапшинаға мінгіздім. Үн-түнсіз артқы орындықты солқ еткізе отрғанынан байқадым, удай мас екен,кабина ішін арақ исі алып кетті. Мұнысын оншалықты жақтыра қоймай рульге жабысып отырған мені иығымнан жұлқи тартып, көптен бері енді көріп тұрғандай бетіме үңіле, ұзақ қарады. Үнемі қар жауып тұратын қалың қабағы жазылып, көзі күлім-күлім етеді. Егер жүзіне қан жүгірсе реңді-ақ жігіт екен.

– Ә-ә! –деді ол өктем дауыспен гүж ете түсіп. – Давай, қатын тап!

– Қатыны несі? –дедім түсінбей қалып.

– Кәдімгі, бір жатым…

– Ойбай, атамаңыз, әзіліңіз бе, шыныңыз ба! Менде ондай қабылет жоқ. Оның үстіне үйленгеніме онша көп болмағанын өзіңіз де білесіз, келініңізді жанымдай сүйемін дегендей…

– Әй, зыпылдайсың-ә, мәшинеңді қалай бұралаңдатсаң,өзің де солай түлкі бұлаңға саласың, жүдә етегіңе намаз оқып жүрген шығарсың! Бізді түк білмейтіндей… Орыстардың «Даяшыдан қатының, шофердан байық болмасын» деген нақылы бар. Жә, тарт, Арысқа, сенсіз де бір шаруасы болар!

Арысқа апаратын үлкен жолға жете бере бағдаршамның қызыл түсіне тап келіп аялдап тұрған сәтте қарсы беттегі жолдан алдымызды кесіп өтіп жатқан машиналар нөпіріне қарап тұрғаным сол еді… О, астапралла, өңім бе, түсім бе?! Төбемнен біреу су құйып жібергендей бойым дір ете қалды.Тура өзімдікі сияқты су жаңа “ГАЗ-69” қызмет көлігінің алдыңғы орындығында мәз-мейрам болып күліп, көңілді отырған әйелім Майраны көріп қалдым. Рульде өзбек жігіті екен, айнаға қарап басындағы ала топпысын қайта-қайта туралап қойып бір қызық әңгіме айтып жатқан сыңайлы. Екеуі де көңілді. Қаным басыма шауып, мең-зең күй кешіп тұрғанымда олар зу етіп өте шығып, қас-қағым сәтте ғайып болды. Өңім бе, түсім бе, өзім де түсінбей мең-зең болып қала бердім. «Жұмысқа кеттім деп алып, жүрісін қара! Мұндай деп кім ойлаған»… Газды ақырта басып соңдарынан қуғым келді, бірақ қырсық қылғанда бағдаршамның қызыл түсі міз бақпай тұрып алды. Әлден уақытта сары түс асықпай ұзақ жылпылықтап барып кезек көк түске келгенде бәрі де кеш еді… Олардың қай бағытқа тартып кеткенін болжау мүмкін емес тұғын… Арыстың үлкен жолына түсуден басқа амалым қалмады.

 

Ойламаған жерден Арыс қаласына келдік

Содан бар өшімді тілсіз машинадан алып, газды өкірте басып дегендей отыз шақырым қашықтықтағы Арыс қаласына бастығымды отыз секундта жеткізгендей болдым-ау.Қанша ұмытайын десем де бағдаршам алдындағы көрініс: мәз мейрам болып отырған әйелім мен алатоппылы өзбек жігіті көз алдынан кетпей ішім тұз жалағандай әлемтапырық күйде отырдым. Бірақ бастығым менің жай-күй»мнен хабарсыз болса да жол-жөнекей қай-қайдағы мен жай-жайдағыны айтып, мен естімеген құйтырқы анекдоттар айтып дегендей езуімді бір жиғызбады. Енді күліп бола берсем екіншісі дайын тұрады. Бәрін қайдан тауып жаттап алған десеқізші, ой, күлкіден өлдім-ау! Үшегім түйіліп қала ма деп қорқып: “Қоя тұрықызшы, аузымдағыны күліп алайын”, деп жалындым.

Осылайша алыстағы Арысқа қалай тез келіп қалғанымызды да аңғармай қалыппыз ғой.Қала деген атына қораштау, жәпірейген жаппа тамдары иір-қиыр орналасқан қара шақдақ, тар жолды қуалай жүріп іздеп келген үйімізді де тауып алдық. Мұнда оның мал соятын қасапшыдай жалаңдап қалған бір жолдасы бар екен, бастығымның “бұйымтайын” білген соң, сонша жерден ат сабылтып келгендерің осы ма дегендей аспанға қарап күліп алып: “Саған, маған “, деп екі саусағын шошайтты да: “Шопырыңа да ма?” деп үшінші саусағын көрсетті. Мен қапелімде мыңғырлап қалып едім, бастығым алдымды орағытып:

–Жас жігіттерді ондайға үйретпе, бұзылып кетет! – деді. Анау бір саусағын жоқ қылып жіберді де қалған екі саусағына қарап бас изеді.

 

“Тауарларының” тұрмысы тамаша екен

Қараңғыда үлкен екі қабатты зәулім ғимараттың алдына келіп тоқтадық. Түрменің қақпасындай биік темір есік ұзақ шылдырлап барып ашылды да, ар жағынан басы қылтиып бір қуыршақтай қыз шықты.Шоқтай жайнаған көйлегі құлын мүшесін ажарландырып,қимылына сиқырлы сән қосып тұрғандай өзіне магнитше тартатын қасиетімен жайнаң қаққан періштеге таңырқай үздіге қарап қалғанымды өзім де байқамай қалдым.Бастығымның жолдасы онымен сүт пісірімдей уақыт сөйлескен соң маған қарап «машинаны аулаға кіргізе бер» дегендей ым жасап есікті айқара ашты да өздері ішке еніп кетті.

Аула іші тікұшақ ұшып-қона беретіндей тым кең екен,таңырқап біраз тұрдым да, мәшинемді шеткерірек түпкірге жайғастырып барып ауыр қақпаны бір өзім мықшықдап жүріп әзер жаптым. Көз алдымнан әлгі көрініс кетер емес, өзбек жігіті бір қолымен рульді ұстап, екінші қолымен Майраны сипалап келе жатқандай елес ішімді өртеп, жанымды жеп барады… Қолды бір сілтеп үйге кетіп қалғым да келеді. Ертерек барып бәрінің анық-қанығына жетуім керек деген ой тіпті де маза берер емес. Бірақ… бастықты тастап кетуге тағы болмайды.

Содан амал жоқ, рульге басымды сүйеп, қызметімді - бастығымды тапжылмай күту міндетін адал атқару үстінде көзім ілініп кетіпті. Әлден уақытта біреу терезені дүңкілдете соқты келіп. Шошып оянсам бастығым екен. Қайтатын болдық-ау деп қуанып, стартерге аяғымды тірей кілтке жабыса беріп едім, ол саусағын шошайта «сабыр» дегендей ишарат білдіріп:

– Жүр үйге, шай ішіп ал! – деді.

– Жо-жоқ, рахмет! – деп зар ете қалып едім, ол дауысын қатайтты.

– Ә-ә! Сен темір емессің ғой, аштан-аш жүре беретін… Темір екеш темір мына мәшинең де қаншама ақшаның майын «жеп» жатыр. Шық тез!

Мас болса да әр сөзін шегедей қадап,ысылдап сөйледі.

Амал жоқ, басымды салбыратып, ұйқылы-ояу ішке кірсем… Мәссаған,облыс министрдің үйі де,шамасы, мұндай емес шығар-ау. Не деген байлық десеңізші! Ауызбен айтып жеткізу қиын… Айнала толы қымбат жиһаздар, еден кілемнен көрінбейді,тағы да ең қымбаты, дастархан үсті кіл алтын жалатқан ыдыстар, жалт-жұлт еткен хрустальдар мен бұрын мен көрмеген шетелдік ішімдіктер. Масқара! Бағанағы қыз дегенім лыпасы мен кеудешесінен басқа түгі жоқ, әлгі “қасапшының” тізесіне отырып алып оймақ аузынан темекінің көк түтінін дөңгелете шығарып ойнап отыр. Диванда одан өткен әдемі тағы бір қыз жайғасыпты. Онық да “киімі” нақ осындай. Бұл бастығымның “тауары” екенін біліп бетіне тіке қарауға қорықтым.

– Ішесің бе? деді “қасаппшының” тізесіндегі қуыршақ қаршадай басымен “сенге” көшіп.Есімді жиып енді жауап берем дегенше бастығым тағы да алдымды орап:

– За рульем нельзя! – деді.

– Ах, так! Онда біз ішейік!

“Қуыршақ” сүйрік саусақтарымен бокалды жоғары көтеріп, алтын жүзіктерінің сәулесімен мөлдір шарап ішін нұрландырды. Бәрі де ертегідей, бір сиқырлы әлем. Жанға жайлы жұмсақ саз әуені мен бұрын сезіп-біліп көрмеген әтір иіс көңілімді масайратып, сиқырлап бара жатқандай. Енді сәл отырсам мына шайтандар жайлаған орданы мекендеген ауру маған да өтіп күнаға бататынымды сергек көңілмен зерделеп, түрлі салаттан, кесек-кесек еттен апұл-ғұпыл асадым да орнымнан тұрдым.

– Көп-көп рахмет сіздерге, машинамның ішіне барып демалайын!

– Как, машинаның ішіне, жата бер осында. Қанша комната керек саған.Бері жүр!

“Қасапшының” алдынан лып етіп түскен жалаңаш қыз мені арбағысы келгендей үрлеген шағын шар сияқты бөксесін бұлғаңдата, әсем қимылдап екінші бір бөлмеге алып келді.

–Осында демала бер! – деді төсегі салулы екі адамдық диван-кереуетті нұсқап. Сөйтті де тойымсыз дәмегөй көзін сүзілткен қалпы аяғын санап басып,басты айналдырар сиқырлы жүрісіне сала кетіп қалды.

 

Күтуші әйелмен көңілдес болдым

Қайда тап болғанымды білмей мең-зең болып біраз жаттым. Көз алдымнан ала топпылы өзбек пен мәз-мейрам кейіптегі Майра кетер емес…

Көрші бөлмеден аналардың көңілді күлкісі, хрусталь стакандардың сыңғыры біразға дейін естіліп тұрды да, біраздан соң тым-тырыс өлі тыныштық орнап барып, арты күбір-сыбырға, онан соң ыңырсуға ұласты… Тұп-тура жасырын көрсететін секс тақырыбындағы фильмінің таныс дауыстары қиял әлемінің тылсым төріне, ешнәрседен тайынбайтын тәуекелшіл ләззәттің тұңғиық қойнауына шым-шым тереңдете тартып бара жатқанын жаным қалап, театрдағы әсем әуеннен де күшті құдіреттің әлдиіне былбырай еріген масаң сәтте қызыл-жасыл түске шомылған алакөлеңке бөлмеге көк көйлегі сусылдаған домбыра мүсін бір періште енді. Әлгінде ғана мынадай ғажайып бөлмеде мың бұралған періште қыздар билеп жүрсе ғой деген тәтті қиялымның көрінісі ме деп мең-зең күйде, есімді жия алмай жатқанымда әлгі періште аяқ жағыма келіп отырды. Су-су еткен шәйі көйлегінің ішінен денесі – артық, не кем жоқ құлын мүшелері ап-анық көрініп тұр, топ-толық омырауының қобыланып біткен тұсындағы сызығына сәуле ұялап, ессіз ләззат дүнииесіне шақырғандай…

–Мен бұл үйдің күтушісімін, сізге ешқандай қызмет керек жоқ па? – деді ол сыбырлап.

Көрші бөлмедегі ыңырсыған, сыңсыған сиқырлы әуеннің ырғағынан тараған әдемі сезімнің нәзік торларын үзіп алмайын дегендей сыбырлап сөйлейді, тағы да “сіз” дейді. Қолын еппен ғана созып шашымды сипады, одан соң бетімді… Енді сөйлеуге, бір нәрсе айтпаққа оңтайланғаным да сол еді,қажеті жоқ дегендей жұмсақ алақанымен аузымды басты.Қанша адалмын,ерік-жігеріме берікпін десем де өз-өзімді билеуден қалып бара жатқандаймын… Сүйріктей нәзік саусақтарын ұз-за-ақ өптім. “Осылай отыра береміз бе?” деді ол әлден уақытта үздіге сыбырлап.Демі от жалындай бетімді шарпығанда содан бір рахат тауып бойым балқып бара жатты.Мен есімнен тандым, сиқырлы күшке арбалғандай жүрегім атша тулап, тоқсан тоғыз тамырымда ыстық қан жүгірген масаң сезімнің жетегінде аш беліне қолымды ебедейсіздеу орадым. Әлгінде ғана сусылдаған көк шәйі көйлегі бар еді, қалай шешіп үлгірген десейші… үлбіреген мақтадай жұмсақ денесі екі бүктеле бір уыс болып құшағыма еніп келеді. Дәл сол сәттегі қабысу мен табысу, жан ләззатын бұдан бұрын да, кейін де ешқашан бастан өткермедім десе де болар-ай… Кинодан көргендерім, көрші бөлмеден естіген сиқырлы дауыстар… бәрі-бәрі енді өз басымызда жаңаша, ешқайсысына да ұқсамайтын өзгеше бір жан рахатымен қайталанып жатты…

 

Шешілген түйін

Қай уақытта ұйқтағаным есімде жоқ, біреу үстімдегі көрпемді жұлып алды. Көзімді ашсам бастығым төніп тұр, өткеннің бәрін ұмытқандай қабағы қатулы. Абырой болғанда жалғыз жатыр екенмін, түндегі «періштем» ғайып болыпты.

- Кеше ит болыппыз ғой, бәрі құрысын, кеттік үйге! - деді ол.

Машинаны бұрып қайтар жолға түскенім де сол еді, тағы да көз алдымда ала топпылы өзбек пен мәз-мейрам Майраның кейпі елес беріп,көңілім алай-дүлей болды.Тезірек үйге жетіп бәрінің де анық қанығын анықтап, түйткілді ойдың түйінін шешкенше шыдамымым таусылып маза берер емес. Отыз шақырымдық жолда отыз күн жүріп келе жатқандай жүрісіміз өнбей-ақ қойды. Бастығым болса кешегідей емес, ләммим деп тіл қатпай машинаның бұрышында бір уыс бола бүрісіп, тырп етпей отырып алды. Тек үйінің алдына келіп тоқтағанда ғана:

- Ертең азанда жарты сағаттай ертерек кел, жұмыс көп, - деді нығырлай сөйлеп.

Осы тұста тағы да ала топпылы өзбек есіме түсіп кетіп, қаным басыма шапты. Бастығыма қайыр хош айтуды да ұмытып машинаны ышқырта кері бұрдым. Үйге де дәл осындай екпінмен ызғарлана, есікті жұлқа тартып кіргенім сол еді,алдымнан ауылдағы ағам шықты. Алай-дүлей көңілім амалсыздан жуаси қалды.

Ассалаумағаликум, аға, қашан келдіңіз?

Өй, бала, кешеден бері қайда жүрсің? Өткенде келем деп айтып едім ғой. Үйге соқпай бірден келіннің жұмысына бұрылғаным дұрыс болыпты. Бастығы да бір мың болғыр ибалы жан болып шықты, мың жасағыр. Мен көрінетін емхананың бас дәрігері жақын досы екен, звондап ең тәжірибелі маманың тексеретін болсын деп өтініші жасады. Онысымен тұрмай маған жол көрсету үшін келінді жұмысынан босатып, екеумізді тура сенікі сияқты су жаңа «ГАЗ-69» көлгіне отырғызып жіберді.

– Е-е, шопырларды танимыз ғой, өзбек жігіт пе? – деппін қуанып кетіп. Мені жегідей жеген жан күйзелісімнен бейхабар ағам:

- Иә, өзбек-ау,ала топпысы бар ғой, - деді жайбарақат.

Осы сәт ішкі үйден Майра да шыға келді. Бір күн бойына ішкі жан дүниемнің астан кестеңі шығып, соқыр күдікпен сырттай неше пәлені жабыстырған әйелім тап-таза періште кейпімен маған елжірей қарағанда бойымды кернеген шаттық пен қуаныш сезімін жасыра алмай:

- Ала топпы! – деп айқайлап жіберіппін, - Ол менің досым ғой, досым!

Осылай бір жарым күн бойына жанымды жегідей жеген күдікті ойдан арылып, қиын түйін оңай шешіле кеткеніне қуансам да, сол түнгі ләззат сезімінің қасіреті өле-өлгенше естен шықпастай болып жадымда тас болып сақтаулы тұр. Өйткені сол алдамшы рахаттың артында үлкен сор күтіп тұрғанын бісемші… Арада үш күн өткенде жыныс ауруына тап болдым. Оны жасырын емдетіп тағы да үлкен қателік жасағанымды екі-үш жылдан кейін білдім. Енді бәрі де кеш. Сөйтіп бір сәттік қауышудың рахатынан тапқан қасіретім әлі жалғасып келеді. Отбасылық өмірде әйелім мен екі арадағы татулықтың, бір-бірімізге деген сыйластықтың қаймағы бұзылды, өзім дағы ауырып қоймай оған да дерт жабыстырыппын. Содан да барып алғашқы нәрестеміз кеміс болып туды. Алғашқы деймін-ау, сол нәресте әрі тұңғышшымыз, әрі соңғымыз болды. Мен ендігі жерде әке болу мүмкіндігінен айырылыппын. Ұзақ тексеруден кейін дәрігерлер осыны мәлімдеді.

Өткен ісімнің өкініші осылайша өзегімді өртейді. Осы өкініш өзгелердің басында қайталанбасын деп көптен сыртқа шығармай іште түйіп жүрген сырымды ақтардым…

 

Дәрігер Сабыржанныңәңгімесі

 

Штирлицтіқ рөлін ойнадым

– Күн еңкейіп, көк жиегін қызыл алауымен бояған әдемі көрініске қызыға қарап тұрған апақ-сапақ шақта төрдегі телефон шыр-шыр ете қалған.

– Мен ғой, Әділбек! Тез үйге келіп, әйелімнен сұрап алып кетші. Бүгін Хадидің туылған күні еді, қалайда баруым керек, шығудың еш ретін таба алмай тұрмын. құтқара гөр, түсінесің ғой, бір амалын тап!

– Ал, мен ше? Айналайын, менде де әйел бар ғой. Саған баруым үшін не себеп айтуым керек?

– Әй, сенікі меніңкідей кәззап емес қой, алдап шығарсың, күтем!

Ол трубканы асығыс қоя салды. Шамасы “кәззабынан” көзі ала-бере ұрланып звондаған болуы керек. құрдас, дегеннің осындай қиын сәтте қол ұшын беруі адамзат санасында алтын әріптермен жазылған бұлжымас заң ғой. әріптесімнің “Хади” деп тұрғаны көптен бері жұбы жазылмастай болып кеткен ресми емес сыңары, Аты – Хадиша, соны толық айтуға тілі бармай қысқарта қайырып тұрғаны ғой.

Ұзын сөздің қысқасы, Әділбекті әйелінен сұрап алып шықтым. Сондағы оның қуанғанын көрсең!

–Әй, Штирлицтің нақ өзісің ғой, ана кәззап түк сезбей қалды! – деп қайта-қайта қолымды қысты.

– Мен міндетімнен құтылдым, енді қайтайын, - деп едім.

–Әй, жалғыз өзім сопайып қайтып барамын, жүр, серік бол, сәл отырып қайтамыз, - деп сіредей жабысып тұрып алды.

Осылайша қоярда-қоймай мені бес этажды қазына үйіндегі “Хадидің” бір бөлмелі пәтеріне алып келді. Біз “үйден шығу” операциясымен әлек болып жүріп біраз кешіккенге ұқсаймыз. Есік ашқан Хадиша саусағын ерніне қойып “тыныш” деген белгі берді. Бөлменің шамы сөніп тұр, күте-күте жатып қалған екен. Бір бөлмелі үйдің асханасына өттік.

– “Ештен кеш жақсы”, келдің ғой, әйтеуір!- деген Хади көзі жасаурап Әділбектің мойына асылды. – Кәне, столға жайғасыңдар, мына беріп жіберген шампаның әбден мұздап бабына келген шығар. Тамақ та дайын. Ауылдағы келінім келіп еді,бейшара-ай, басқа салмасын, күйеуі машина апатынан қаза болған, обал енді. Жас қой, ұйықтап қалды. Залға кірмей-ақ осында отыра берейік.

Әп-сәтте стол үсті жайнап сала берді. Неше түрлі шетелдік шарап, коньяк, арақ тізіліп тұр.

– Мұның бәрін кім ішеді?

–Ішпесек тұрар…

Бірақ майдалап отырып, қыза-қыза келіп бәрін ашыппыз ғой. Ой, бір шағын да болса әдемі отырыс болды-ау, әбден қызғанымды, залға барып құлай кеткенімді білемін. Түн жарымда аузым кеберсіп, шөлдеп ояндым. Терезеден сүттей аппақ жарық айдың шарбы бұлтқа сүңги батып бара жатқанын қызықтай қарап мең-зең күйде біраз жаттым. Олар кіре берістегі диван кереуетте, мен ортада, төрде ауылдан келген келіні рет-ретімен жайғасыппыз. Арамыз жап-жақын. Бір бөлме болған соң амалың бар ма? Әлден уақытта екі ғашық секс сеансына көшті. Ара-арасында дауыстап сөйлесіп, еркін жатқандарына қарағанда, екеуі де удай мас. Ал, мен ерте ұйықтап қалғандықтан әжептәуір сергіп, өз-өзіме келген екенмін.

 

Келіншектің бұрымы

Ана екеуі бәлкім, мас болған соң ба,әлде тас болып ұйқтап жатыр де жорыды ма, мұнда өздерінен басқа адамдардың барын мүлде ұмытқандай неше түрлі “өнерге” салды-ай… Кереуеттің ырғақты сықыры сазгерлердің әсем әуенінен де асып түсіп өзіне ынтықтырып тартып барады, тыңдаудан есте жалықпассың. Оған үп десе үзіліп түсердей нәзік Хадишаның жан сезімінің терең түкпірінен ширатыла шыққан шынайы ыңырануы мен өзіне де, өмірге де, айтқанының бәріне көніп, ең қымбат, қол жетпес рахат ләззатын сыйлаған аяулы жаны Хадишаға шексіз риза екендігінің белгісі ретінде масаң тілмен күбірлеген Әділбектің үздік-үздік сыбыры қосылып, әуен маңызын қоюлата түседі. Апиын ішкендей бір сағым дүниенің қойнауына еніп, ақшарбы, ақ мамық бұлттың көрпесінде жатқандай жұмсақ лептің буына шым-шым балқыдым-ай…

Жүрегімнің дүрсілімен бірге ілескен дыбыстар, құдайым-ау, бойыма ыстық қан жүгіртіп, тасқындаған алапат сезім күшін қайда жұмсарымды білмей, бой-бой терге түсіп аласұрдым. “Жаным!”. “Күнім!”. “Алтыным!”. “Айналып кетейін!”, “Қыраным!” “Аяма, бәрін ал!”… Хадишаның осынау бөлек-бөлек сөзіне ілесе: “Сұлуым!”, “Нәзігім!”, “Ләззатым, рахатым!” деген Әділбектің ентікпе үні терең құдық түбінен шығып жатқандай құлағыма талып естіледі. Кереует сықыры үдей түсті. Хадишаның оқтай түзу аяқтары суда шоршыған сазан балықтай ай сәулесінде ағараң-ағараң ете ауа қармайды. “Сеһ… сенсіз, тү…інім қа-һ… қар-…аң!”- дейді арынды екпінмен ілесе сыбырлап.

Шыдай алмай теріс аунап түстім. Қол созым жерде шашы текеметке бұралаңдай төгілген ауылдағы жас келіннің омырауы жарқырай ашыла айдың сүт сәулесіне малынып қаннен-қаперсіз ұйықтап жатыр екен. Кереуеттегі сиқырлы әуеннен шым-шымдап бойға тараған тылсым да құдіретті сезім мең-зең күйге түсіре мына періште әлемге итермелегендей ғаламат бір тартылыс күшінің әсерімен қолым келіншек бұрамына қарай сағат тіліндей баяу жылжып бара жатты. Күйген дүние күйсін, сотталсам сотталайын, бірақ сол бұйра толқын бұрымды бір сипап өлейін деген бірбеткей, бетпақ тәуекелмен дала иісі аңқыған шаштың ұшар шыңын мұрныма тақап ұза-а-ақ иіскедім. Келіншек болса ақ төсі ай нұрына малына деміге тыныстап, қаннен қаперсіз ұйықтап жатты. Ыңыранған, күңіренген. ырза болған әлемде құралақан қалғаннан гөрі әйел бұрымын аймалағаныма қуандым. Осы сәттің ұзай түскенін қаладым.

“Ах”, деді Хадиша. “Ах, шыдай алар емеспін!” “У-у-у!” деп күңіренді Әділбек. “У-у-у, не деген шырын едің!” Тыста сырт-сырт етіп жауын тамшылары төгіле бастады. Шілденің өткінші жауыны… !шке салқын самал еніп жай ғана желпіп өтті. Мен масаң сезімнен селт етіп оянғандай есімді жиып, бұрымынан қолымды алдым.

Иә, сезім патшалығы маған әмірін жүргізе алмады. Маған адамгершілік парасат пен пайымының ақ ниетті қазысы ақ таяғын нұсқап жол көрсеткендей еді. Сезім жетегінде кетпей түзу жолмен келе жатқаным да солардың арқасы шығар-ау!

 

Прораб Әмірханның әңгімесі

 

Майдалап отырып бірнеше шөлмек босатыппыз

– Жазушылардың қалай қабылдайтынын білмеймін, өзім бұл хикаямды “Шолпы сырға” деп атар едім.Бұл өзі таратып айтса кәдімгі көркем әңгімеге арқау боларлық, ар жақ-бер жағы кең де ауқымды, қиял мен қуаныш және қасіретке толы сырлы шежіре. Бірақ менің жаныма маза бермей, сүйекті кемірген құрттай жүйкемді сырқырата күйзелткен жәйт қалай тосын болса, оны баяндауды да тоқ етерінен, негізгі желіден төте бастағалы отырмын.

Үйге жеті жыл көрмеген, институтта бір курста оқыған, студенттік қызық дәуренді бірге өткізіп, тай-құлындай тебісе бірге өскен жан жолдасым келіп түннің әлден уағына дейін сырласа, ұзақ отырғанбыз. Бізбен біраз ілесіп дастархандас болған әйелім мен оның бірге оқыған сыныптас құрбысы бір-екі рөмкенің өзіне бойлары балқып, қайта-қайта есінеп дегендей мазалары қашып, жатын бөлмеге барып тәтті ұйқыға батқандарына да біраз уақыт өткен.

Біз болсақ майдалап отырып-ақ бірнеше шөлмекті босатып тастаппыз. Екеуміз де домбыраны кезек-кезек шертіп, жастық шақ әндерін жарыса айттық. Әлден уақытта сайрап отырған досым қор ете түсіп, отырған орнында ұйықтап қалды. Ары сілкіп, бері сілкіп оятам деген ниетімнен түк шықпаған соң басына жастық қойып қисайта салдым да балконға шығып таза ауамен аз-кем тыныстадым. Осы сәт көңілім табан астынан нілдей бұзылмасы бар ма? Қызулықтың күшімен бойымды бір желік билеп, әйелім жатқан қаракөлеңке бөлмеге ендім.

 

Әйеліме ойым кетті

Шарбы бұлтқа сүңги шомылып бара жатқан алтын айдың сәулесі есігі ашық тұрған қатар екі бөлмеде жеке-жеке қан-қаперсіз ұйықтап жатқан екеудің сұлбасын көмескі көрсетіп тұр. Көп ойланып жатпай-ақ өзіме таныс әйелімнің көрпесіне зып етіп еніп кеттім де балбыраған ыстық денесін қомағайлана құшағыма алдым. Ол шырт ұйқысынан селт ете оянып кетті де не болғанын болжай алмағандай ұйқылы-ояу бір сәт тым-тырыс жатып барып теріс айналып түсті. Төңкерілген шарадай кең де жұмсақ бөксесі бауырымды ысыта балқытып, ынтықтық сезімімді қытықтай түскендей, рахат пен ләззаттың ауылына үздіге шақырғандай. Бәлкім ол да қорғасындай балқып, менің тілеуіме кетәрі емес болып жатса да қатар бөлмедегі құрбысынан ыңғайсызданса керек, сумаңдата, ашқарақтана, тағатсыздықпен жүгірткен қолымды қайтарғысы келмегендей болып барып амал жоқ кері ысырды. Теріс қарап жатқан әйелімді әш-пүшке келтірмей, қас пен көздің арасында лыпасын аса бір ептілікпен сыпырып жіберіп, әлсіз қарсыласқанына қарамай бар денесін қаусыра қысқан күйде қанша ішсең де артынша шөлдететін ғажайып арман әлемінің кәусар суына тереңдей бойлап барып, екпіні мол құлаш сермеуге кірісіп те кеттім. Әншейінде сезімге оңайлықпен беріле қоймайтын әйелім әлгінде бізбен бірге ішкен шараптың әсерінен бе, бүкіл денесі балқи діріл қағып, нәзік қолымен санымды қыса сипалай, қимылыма қимыл қоса ілескен күйі өзіне құшарлана тартумен болды…

Ішіп алып, оның үстіне бөксе жақтан жатқанның мұндай керемет ләззат әкелерін бұрын-соңды шынымен-ақ байқамағаным ба, тұла бойым қорғасындай балқып, әйелімді бүгін көргендей өзіме қыса тартқан күйі сиқырлы айдын дариясында құлашты аяусыз сермеп жаттым. Еміреніп кеткенім соншалық құлақ түбіне “Жаным!” деп сыбырлағанымды білмей де қалдым. “Жа…аһ-аным, ра…аһр-ра-ах-атым! “Осы үһ… үшін ра…Аһр… ахмет!” … Даусым қаттырақ шықты. Кімнен қорқамын, өз әйелім ғой… Ол құлағымды саусағының ұшымен ғана өзіне тартып тұрып “Жай!”- деді сыбырлап.

 

Шатасқанымды сырғасынан сездім

Ыстық лебі мен жібектей жұмсақ шашы бетімді шарпып өтіп барып басын теріс бұрғанда құлағындағы шолпы сырғасы самайымды сызып өтті. Денемді ток ұрғандай есеңгіреп қалдым…

Шолпы сырға!

Құдайым-ау, манадан бері әйелім деп еркінсіп, ойыма келгенін істеп, құшағыма умаждай қысып жатқаным оның құрбысы екен ғой, сырғасынан білдім! Қараңғыда шатастырып тура соның қойнына енгенімді айтсайшы…

Масқара, енді қайттім?! Ол болса болары болды, енді маған бәрібір дегендей теріс қараған күйі санымнан қыса тартып, еппен ғана бөксесін ілгері-кейін изеп, менің де сол ырғаққа қосылуымды іштей жалбарына тілейтіндей дір-дір еткен екінші қолымен шашымды, бетімді нәзік сипап жатты.

Оған мұншалықты батылдық қайдан пайда болған, шараптан ба, жоқ әлде сол алғашқы сәтте қарсыласуға да шамасы жетпей амал жоқ көніп қалғандықтан енді болары болды деп шарасыздық танытып жатыр ма екен? Иә, бәрі де сол шараптың, оның соңын ала араласып кеткен арақтың әсері деп топшыладым мен. Өйткені бір көзім түскенде қолындағы шүпілдей толған арақты шайқалақтата ұстап тұрып маған бір түрлі еркінси қараған сияқты болып еді-ау...

Ал ендігі сәтте онсыз да үстінен басып өтсең сезбейтін қалың ұйқысы бар құрбысы – менің әйелімнің оянып кетпеуін бір Алладан жалбарына тілейтіндей.

Мен тез есімді жиып, өзіме келдім де шешінген судан тайынбас дегендей сезім патшалығының бұрын көрмеген, беймәлім ләззат әлеміне тың, ерекше шабыттағы құлшыныспен, бұрыңғыдан да ыстық, отша күйдірген алапат ықыласпен кіріскенім соншалық, алдындағы жемтігін енді көрген ашқарақ жыртқыштай екі қолымды бірдей қос анарына қомағайлана езіп-езіп барып құлын мүшесін түк қалдырмай құмарлана сипаладым келіп… Сипап жатып арқасын, мойнын, жұпар иісі аңқыған самайын сүлікше сордым-ай, содан рахат тауып есеңгіреп жаттым. Сонымен бір мезгілде сиқыры мол кәусар дүниенің қойнауында екпіндей жүзіп құлаш сермеп жаттым. Еркімді билеп, ырқымнан айырған рахат тасқыны кемерінен аса лықси төгіліп, өн бойымды шым-шым балқытқаны соншалық, өзімді-өзім ұстай алмай қасқырша ұлып, мейлінше бәсең шығаруға тырысқан үнмен ыңырана күңірендім: “Уу-у-у!” Бұл рахат пен тоят сезімінің ең жоғарғы шарықтау шегіне жеткен тұс еді… Ол дағы топ-томпақ бөксесін мықымыма тақай, бауырыма тығыла түсіп бір сәтке қыбыр етпей қатты да қалды.

Әлгіндегі алай-дүлей аласапыран сезім дауылы өте шығып, күн көзі ашылғандай өз-өзіме келіп, қайда, кіммен жатқанымды, не істегенімді енді ғана бажайлағандаймын. Иә, болар іс болды, кері қайтуға енді жол жоқ.

Сол күннен бастап менде адам баласына тілемес үлкен қасірет басталды. Әйелімнің бетіне ұры адамдай тіке қараудан қалдым. Ал құрбысы ертеңіне-ақ ауылына суыт жүріп кеткен. Қыстық киім-кешек аламын, бір-екі күндей боламын дегенін құлағым шалып қалған еді. Жаңағы оқиғадан кейін әсті райынан қайтқан ғой… Мен оны аңсаймын, іздеймін, әрі аяймын. Оңашада енді тек соны ойлайтын болдым. Әйелімді құшақтаған сәттерімде соны еске аламын, бауырыма тығыла түсіп бір уыс болған томпақ денесі жүрегіме жылу құйғандай әсерге бөленемін.

Бәлкім, ол да мені ойлайтын шығар, сол бір кездейсоқ оқиғаны сезімге беріле есіне алатын болар-ау! Көз алдымда оның күйеуі машина апатына ұшыраған сонау бір қара күздегі қаралы күні “Айырылдым ғой. Арманда кеткен, арыс-е-ем!” деп аңырай боздаған сәттегі аппақ айдай топ-томпақ әдемі жүзінде тарам-тарам жастың төмен қарай ирелеңдеп жол сала, жорғалағаны кетпей тұрып алатын болды.

 

Суретші Қалжанның әңгімесі

 

Арыс бойындағы періште

– Бұл өзі көрікті көктемнің қөңіл елітер әдемі күні еді. Жақұт тамшылар тоңазыта бүркіп, ақ жауын себезгілей бастаған шақта табиғаттың табан астынан мазасыз күй кешкенін жақтырмағандай бұрқ-сарқ қайнаған қазан іспеттес, арнасына сыймай долдана ағып жатқан Арыс өзенінің бойындағы топ қара талды паналап тұрғаныма да онша көп бола қоймаған. Көп ұзамай жақұт тамшылар үстін-үстін үдей түсіп, ақ жауын құйды келіп. Нақ осы сәтті көптен күткендей-ақ Жер-Ана да рахаттана бусанып, тілім-тілім ерінімен зәмзәм суды ессіз жұтты-ай... Ебіл-дебіл жауыннан пайда болған ойдым-ойдым көлшік бетінде бейне ақ шабақ шоршып жатқандай. Бұлтқа бұлтты жанып найзағай ойнағанда, адуын жел өрім талды әлдеқайда жетелеп әкетердей өршелене жұлқыды дейсің.

Осындай ғажап көріністің куәгері бір өзім болғаныма масаттана, айналаға тағы да бір көз тастағаным сол еді, бойды билеп, еріксіз өз ырқына жеңдірген тәтті ұйқыдан селт етіп оянғандай, өн бойымды тылсым күш дір еткізді. Найза тастам жерде өзенге енді-енді күмп беріп сүңгіп кетердей еміне қарап тұрған, ақ жауынға қапысыз малшынса да содан ләззат алғандай міз бақпай, су болған көйлегі балғын денесіне жабысып, сымбатты мүсінінің мінсіз мүшелері бұрынғыдан да айқындала түскен ару қызды көрдім. Сүмбіл шашы мойнына оралып, сыртқа тепкен кеудесінің әлсіз дірілін, деміге тыныстағанын, нәркес көздеріндегі ынтықтық сәулесін алыстан – маржан моншақтар қонақтаған топ жапырақтардың арасынан айқын көріп, не өң, не түс екенін айыра алмай масаң күй кештім. Оқтай ақ балтыры, үп еткен желге де майысып барып қалпына келер нәзік һәм берік қыр гүліндей қынама белі, толқындана төгілген қарабарқын шашының арасынан ару айдай жарқыраған нұрсәуле жүзі осы уақытқа дейін бұл өмірде көрмеген (алда да кезікпес) періште екендігін айтпай дәлелдегендей. Көз алдым буылдыр сағым.

Әне, ол сүйріктей нәзік саусақтарымен қолындағы тал жапырағын жай ғана сипап өтіп, көзін түпсіз аспандағы тұтасқан бұлтқа қадап жоғары көтергенде, су-су жапырақ лекіген ескек желмен әсем діріл қақты. О, ғажап, әлгінде ғана бала тіліндей былдыр қаққан бұлақтың үні, бақыт пен әлемдегі бар жақсылық атаулыны еске түсіре тынымсыз сайраған құс әуені, оқта-текте жұлқи соққан жел күшінен мен паналап тұрған топ талға жиналып қалған тамшылардың сау етіп жерге төгілгені, бәрі-бәрі бұл дүниеден аулақ кетіп қалғандай, құлағым тас болып бекітілген, еш нәрсе естімеймін. Көз алдымда тек періште қыз.

 

Біз бұрын да кездескенбіз

Бұл менің қиялымдағы қыздың дәл өзі және оны бұрын да кездестірген сияқтымын. Иә, онда айнала аппақ еді-ау! Қайда қарасаң да сіресе тістескен ақсіреу қарлы бел боз пердеден сығалаған әлсіз күн сәулесімен көз жанарын суырардай жылтылдап сонау алысқа, ақбоз қиыршық себелеген бұлыңғыр аспанның қорғасын бұлты қалқыған жиегіне бет ала жарыса созылып жатыр. Телеграф бағаналарының арасын сым емес - жаңа жылдық шыршаны безеңдірген ақшағыл алқа жалғастырып қойғандай. Әлден уақытта биік жардың етегінде ақжолақ перде тартып қалқыған жұқалтым тұман қоюланып, бүктеле аунап, маңайды біржола тұтастыра басып алды...

Ауылдың осынау қысқы әсем көрінісін сағынып, екі-үш шақырымдай қалғанда машинадан түсіп қалып жаяу тартып едім, енді құрық тастам жерді көруден қалдым. Дымқыл тұман мені орап аймалағысы келгендей ме, әйтеуір маңайымнан бір елі ұзар емес. Кешкі суыққа ұрынба деуші еді, борша-борша терлеп келемін. Бірақ жалғыздың жүрісі өнбейді деген рас екен, сағынышым – алтын бесігіме жете алмай-ақ қойдым. Қасаттанған ақсіреу қар аяқ астында сықырлап қалып жатыр. Бір сағат өтті, бір жарым...

Ауылдың қарасы көрінер емес. Ен даланың қожасы болып, жападан-жалғыз қыбырлап келем. Егер ақшулан адырда тұрған мені төбеден қарар болса, ақ қағазға түскен кішкене нүктедей болып көрінер едім. Адасқанымды енді білдім. Ұшы-қиыры жоқ ақ адырда тылсым дүниемен серік болып, таңға дейін жүре берердей, сонда да тірі пенде ұшырамастай бойымды әлсіз қорқыныш сезімі серпіп өтсе де өзіме-өзім қуат бердім. Тіпті балалығым ұстап кетіп кішкене дөңнің төбесінен төмен қарай ысылдаған желмен алысып сырғанадым-ай. Аппақ, мамық ақ дүние айналамда шыр көбелек айналғанда қиялыма қанат бітіп, ақ көбік қарды қақ жарған адуынды ақбоз атпен алысып келе жатқандай болдым. Тізгінді қос-қолдап тартқанда ауыздығын қарш-қарш шайнаған жануар айбарлана кісіней қос аяқтап көкке атылып барып, алға қарай зулады-ай. Мұзмоншақтары тізілген тал бұталарын серпіп, қымсына қарап тұрған періште қыздың нұрсәуле жүзі жігерімді жани түсіп, қорқыныш атаулыны елең етпей, ат тізгінін еркіне жібере қамшыны аяусыз бастым келіп... Оқша зымырап бара жатқанда кенет оқыс сүрініп, омпы қарға сүңгідім. Аппақ, мамық көрпе үстінде тәтті қиял құшағынан арыла алмай тырп етпей жатып алдым. Әлден уақытта барып еріне көзімді ашқанда зеңгір көктің бетін орап, шудалана қалқыған ақ мамық бұйра бұлтты, одан соң өте нәзік һәм жіңішке саусақтарды, артынша маған төне қарап тұрған періште қызды көрдім. Қар тоңған кірпіктерімді әрең қимылдатып ынтыға қарай бердім. Балғын денесінің мінсіз мүшелері, сымбатты мүсіні, сыртқа тырсылдай керілген кеудесінің деміге тыныстағаны, таудан құлаған қос бұлақтай ерке бұрымы, қазақ қыздарына ғана тән ұяңдығы бар бейкүнә жүзі, от-жалындай лебі көңілімді елітіп, сиқырлы дүниеге жетелегендей ләззат сезімнің бесігінде тербелдім.

– Сен кімсің?- дейді нәзік дауыс. «Өзіңді ғұмыр бойына іздеп, енді тапқан бақытты жанмын – дегім келеді, бірақ дауысым шығар емес.

– Сен кімсің деймін?

Қалың ұйқыдан селт етіп оянғандай болдым. Қарсы алдымда қара қасқа аттың тізгінін шірене тартып мығым отырған жас қызды сонда ғана ақғардым.

–Шамасы адасып кеткенсіз ғой, біздің отарға бұл жолмен ешкім келген емес, –деп сыңғырлай күлген еді сонда...

 

Ол зағип екен

Міне, мынау Арыс жағасындағы найза тастам жерде тұрған ғажайып қыз қиялымды жаулап алған нақ сол боранды түнгі періште қыз болуы, бек мүмкін-ау, әбден мүмкін!

Кенет, бәлкім бұл да бір құдайдың құдіреті шығар-ай, көзімізбен көзіміз түйісіп қалды. Еліктің лағындай ерке қарағаны болмаса, о тоба, бота жанары жәудіреген қалпы бір нүктеден айнымай қозғаусыз тұра берді. Мен оған «Қорықпа, қиялыңды бөлмеймін, саған ешқандай зияным жоқ! Тек кетіп қалмай, маған осынау ең қымбат, алтынға сатып ала алмас ғұмырлық асыл сәтті ұзарта түсші» деп іштей жалбарындым. Ол мұнымды түсінгендей, тапжылмай ұзақ тұрды. Әлден уақытта ғайыптан екі қыз пайда бола кетіп, менің періштемді екі жағынан қолтықтаған күйі нулы қамыс қойнауына қарай жетеледі. О жасаған, неге бір адамның басына осынша ғажайып сұлулықты үйіп-төгіп бере салды десем, екінші жағынан қысыпты ғой. Ол зағип екен.

–Ей, қияли неме, жауын басылды ғой, жүрсеңші енді!

Мана үстім су болады деп «Жигулиді» паналап қалған, бір мекемеде істейтін қыз дауысы саңқ етті. Құрбысы екеуі машинаның жартылай ашылған есігінен не шыға алмай, не лайсаң жерді әппақ туфлимен басуға батылдары жетпегендей, тоңған жандарша үрпиісіп тұр. Періште қызға тағы бір ұрлана көз тастап едім, шилі қамысқа еніп барады екен. Қолақ шашы бір бұлғаң етті де, көзден ғайып болды...

Неге екенін білмедім, оны шарқ ұрып іздегім келді, неге екенін білмеймін, бұл ойымнан жасқандым да. Бәлкім, ғұмыр бойы қиялымда жүрген, жатсам-тұрсам талмай армандаған бақыт құсының дәл өзіне ұшырасқан шығармын, әбден мүмкін-ау. Жоқ, біз қалайда кездесеміз. Сезімтал жүрегім мұны тап басып білгендей-ақ тәтті бір лүпілге басты...

Күннің көзі ашылып, айнала жүзін жуған жемістей жарқырап шыға келген сәтте соңыма жалтақтай қарайлап кері қайттым. Ақ жауыннан кейінгі көк құраққа шаншыла, садақтай иілген алуан түсті кемпірқосақ пен қол созымда беталды үдіре көшкен жентек-жентек бұлт қана қас-қағым сәттегі әдемі әндей әлдилеген әсем көріністің куәгеріндей көңілге тәтті нұр себезгілеп, бірте-бірте сағымға айналып бара жатты…

* * *

– Ой, сен қайдағы қиял-ғажайып ертегісін айтып, ішімізді пыстырып жібердің ғой, - деп ренжіді шыдамсыз Әмірхан.

– Табиғаттың тұнжыраған әдемі суреттерін адамдардың сырлы сезімімен ұштастырып, тамылжыта әңгімелеп едім. Түсінбесеңдер қайтейін, – деп қынжылды қандай жағдайда да сабырлы қалпынан танбайтын Қалжан.

– Табиғатыңды қой, айналайын, бізге ол қажет емес! Келісім бойынша қыз-келіншектерге қатысты әдемі әңгіме айтуың керек еді, шартты бұздың, енді айыбыңды төле! –деп әңгімені өзгелер де іліп әкетіп, шын мәнінде бізбен салыстырғанда әңгімесі әсем болған Қалжанның “айыбын” өтету үшін қояр да қоймай шөлмекке тапсырыс бергіздік.

!шкілік араласқан соң ар жағы белгілі ғой, гүж-ғұж әңгімеміз басқа тақырыпқа ауысып, түннің әлден уағына дейін отырып барып, бір-бірімізді қимай әрең қоштастық.

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған