Қарам
Қаңтар айы келгелі, "күн құлақтанып" аяздың қайтар түрі жоқ. Ойдағы аулдардан қарағанда, жондағы малшы ауылдарының жағдайы тіптен қиындай түсті. Қысқы демалысқа келген балаларын, оқуларына жетікізе алмай отырғанына, бақандай бес күн болды. Бір жағынан Бота мен Жанатта әкелерінің мазасын алып бітті. Сабақтан осылай кешіге берсе, үлгерімдері төмендеп кететінін ата - анада жақсы біледі. Қыстың көзі қылауда дегендей, Китінің асуын қар басып, Бақылыққа волфромға үнемі келіп жүретін салдыр салақ Берікбайдың да ат ізін салмағанына бір айдан асты. Өткен жылы, қатарынан қалғысы келмей сатып алған «ийж» мотацикілмен жүріп кеткісі келеді, бірақ балаларын тоңдырып алам ба деп қорқып, тартыншақтап отырғанына бір аптаның жүзі болды. Бір жағынан күннің алауы қайтып қалар деген соқыр үміт бар.
****
...Ұя басар қаншыққа кезіккеніне де үш күндей болып қалды...
Алыс жақындағы малшы аулынан береке кете бастағанына біраз күннің жүзі болып отыр. Бір жағынан қыстың суығымен алысып, қайтсем азғана малдарын көктемге аман жеткізем деп отырған малшыларға, қасқырдың келіп әлек салуы, «жығылған үстіне жұдырық» - боп тиіп жатыр. Азынаған қара суықта, түнімен қорадағы малдарын таң атқанша күзетудің қияметі, күнделікті тірлік үсітіне қырық жамау боп қосылып отыр. Кеше Ақмойнақтағы қыстап отырған Бейсеннің қорасынан он шақты қойдың қарнын жарып, кетті.
Он қойдың жайрап жатқанын көрген Бейсенде көңіл күйі жоқ. Бәлем қолыма түсерсің, егер түссең жон теріңді тірідей сыпырам деп тұр. Ашулы жүзінен айтпасада түсінуге болады. Мұндайда кім, кімді болсын аяйын деп тұрған ол жоқ. «Таз өшін тырнадан алардай болып» кімге соқтығарын білмей, ішінде бір алапат күш ғыж-ғыж қайнап жатыр. «Әкең»-деп айғай салды, үйдің пешіне сар керіш болған қи жағып жүрген жұбайы далаға жүгіріп шықты. «Әй қатын ана Батырды шақыр түнімен не қарап отырған, әлде ол неме түнімен төл қорада ұйқыны сойып жатты ма» - деп бетіне түгі шығып кеткен. Қолындағы затын тастай салып үйге әйелі жүгіріп кіріп кетті. Таңға жақын келіп ұйықтаған Батырды оятып, «итқұс бүгін тағыда біраз малды жәркемдеп кеткен сияқты, әкең тым ашулы, ашуын ушықтырма не айтсада үндеме, жауап қайтарсаң жоныңнан таспа тілер»-деп ана байқұс баласына бәйек болып жатыр. Ұйқысын ашып үлгермеген ұлы, ана сөзін түсінбесе де басын изеп тысқа шығып кетті.
- «Бері кел, арам тамақ, саған қашанғы айтам азғана малды қарашығыңдай қорға деп, сен болсаң істейтінің осы, тірідей өлтіретін болдың мені, қарашы мынаған сүмелек құртың ғой құртың» – деп дауыс қарлығып барып тоқтады.
- Әке дей беріп еді!
«Әке деме арамтамақ» - деп күректей алақанымен ұлының жағынан салып қалды. Ұлы болса алпамсадай сом денелі әке алақанын қайдан көтерсін, аузы мұрынынан қою қан бұрқ ете қалды. Жасықтығын көрсеткісі келмедіме қайратын жиып қасына қайта барды. Көзінен бір тамшы жаста шықпастан, аққан қанды білегімен сүртіп, әксіне мына боқ отбасыңнан артық па еді дегендей ызғарлы жүзімен қарады. Әке жанары ұлынан қазыр қайсарлықты емес, өзіне деген жиркенішті жанарды көріп, қайталап көтерген қолын бір сілтеп, шор-шор боп қандары қатып жатқан саулық пен тұсақты, бойлақ пен сектеріне қарай жайлап басып кетіп барады. Қашан қолым шәшпа төк байлыққа жетем дегенше, митыңдап құритын шығармын: өз –өзімен сөйлесіп күбірлеп жүр. Батыр болса, ең болмаса терісін бір керекке жараттыру керек қой деп лашығынан пышақ әкелуге кетті. Қайтып келсе ашуы тарқап, өлі қойларды бірінен соң бірін тізіп тастап қарап тұр.
- Әй балам сен нешеде келіп жаттың. Сен күзетте отырғанда қорадағы қойлар бірдеңеден үркіп пе еді?
- Мен таңғы алты шамасында келіп жаттым, жаққан отынның шоғы ғана қалғандықтан, бір жағынан денем де мұзай бастағасын үйге жылынайын деп кіргем, жылы жерде маужырап ұйқтап кетіппін. Мен таң ағарғанша отырған кезде бір де бір қой артық қимылдамай жатқан болатын.
- Қасқырларда ақымақ емес түнімен жақыннан торулдаған болып тұр ғой. Оттың жарығы сөнгенін, қарауылдағы адамның үйге кеткенін сезген соң бірден атылған – ау шамасы, жусап жатқан қойларға. Бұл бір ғана қасқырдың қолынан келетін жай емес. Бұлар екеу болуы керек...
«Бері кел балам мынаны қара, мына сулықты алқымдап кеткен. Бұл арлан қасқырдың ісі. Ал мына тұсақтың алдымен жамбасын жұлып, сосын барып жұқа шабын жарып қарнын ақтарып кеткен. Бұл буаз қаншықтың ісі» - деп ұлына өмірден түйгенінен азды-кемді білерін айтып отыр. Әке айтқанына сенбеседе үндемей тыңдап тұра берді. Біраз уақыт үнсіз жүріп, барлық қойлардың терісін сыпырып болаған соң. Аман қалған малдарының жай күйіне алаңдап, қайтсе де араны ашылған екі көк жалдың жұлынын үзуге бекінді. Әбден титықтап кеткен малшылар, қаншық пен арланның соңынан түсуді жөндеп білді. Алдымен біраз койдың жемтігін көлдің бойындағы жырашыққа апарып тастап, маңайлатып бір- екі қақпан құрды. Қасқардың ізіне түскен Бейсен бастаған оншақты жігіт Қызылқұдық пен Қаңқұдықтың сай саласын түгел шолып шықты. Танаулары тасқа соғылып, шолғыншы жігіттердің бәрінің көңіл күйі жоқ. Астарындағы аттарының да, таңертеңгідей емес жүрістері қоюлай түскен. Тек қана Батырдың астындағы кертөбелі ауыздығымен алысып тыпыршып келеді. Бір жағынан қаңтардың аязы қызыл шұнақтанып үдеп алды. Алдыдан аңызғақтай соққан жел, барлық жігіттердің іші бауырын қалтыратып жіберді.
Түнде жауған қардың үстінде, қоян, қарсақ, мәлін, түлкі іздері көрер көзге айқыш-ұйқыш боп ап анық көрініп жатыр. Барлық аңдардың да бұл жүрісі бір күндік талғажау іздеуі еді. Түс ауа ешқайысы да үміттерін үзбей Ақмойнақтағы қысатуға қарай қайтып келе жатыр. Бар үміттері, көлдің бойындағы жырашықтағы жемтікке келер деп ойлап келеді. Қойнындағы дүрбісін Бейсен інісі Сейсенге беріп көл жақты бір шолып өтші дегендей сыңай танытты. Аға қолындағы дүрбіна алған, Сейсен жан –жағын барлап тұрып, таптым-таптым деген жарқын үні шыға бастады. - Қайда жүр екеуі, не тұрыс бесатарды оқта, аттан – деп, бұйыра үн қатты.
- Асықпаңыз бірі қақпанға түскен секілді, екіншісі айналсоқтап жүр.
- Пах шіркін, қолым түстіме дегендей Бейсен балаша қуанып тұр.
Бір нешеуі көлді айналып аяғынан келуді жөн көрді, ал қалғаны желке тұстан баспалап барып атуды жөндеп білді. Аттарын тұсап тастап Бейсен мен Сейсен екеуі екі жүз қадамдай жақындап барып, мылтықтың қарауылына арланды алды. Ал аяқ жағынан баспалаған топ қаншықты атуға оқталды. Қас пен көздің арасында жаңғырып шықан мылтық дауысы азынап қоя берді. Бірден қаншық арс етіп соңғы азалы үнін шығарып жерге жалп ете қалды. Ал енді бір атылған оқ арланның құйрығын жұлып кетті. Жаралы болған қасқыр бірден жақындағы, қорымы мол қырқаға қарай сытылып жоқ болды. Далақтап арланның соңынан түскенімен, оны қолға түсіре алмай, салдары суға кетікендей боп қайтып оралды.
****
Мал қоралап келген соң, алыс жақындағының хабарын білу үшін родиосының құлағын бұрай бастады. Бір қалыпқа келтіріп, Өлгеий ағымына қосылып, соғымға сойған ту биенің қазысы мен қартасын қиғаштай турап отырған, барлық отбасы мүшесі әке қабағын бағып отыр. Болат пен Жанат болса ертең бізді оқуға апра ма екен деп әке жанарына қайта-қайта қарап қояды. Үй ішіне жылу сыйлап тұрған ортадағы қара ошақ ғана. Бұл ошақтың басында недей жағдайаттар болмады. Садырдың алғаш осы үйге жары Күмәнді жар етіп әкелгенде ансы алғаш рет отқа май тамызып, екеуін от анамен аластамап па еді. Әзи анасында осы қара қосын мен қара ошақтың басынан ақтық сапарға шығарып салған емес пе. Отбасы мүшелеріне дастархан басында түгел отырғанына тәңіріне шүкіршілік етіп, ас қайырып жатып, ұрпағының естті азамат болып өсуін тіледі.
Артынан ерген қайрымсыз інісінен ат кекілін кескеніне бақандай он жыл болыпты. Арадағы сол бір оқыйғадан кейін оны қайтып көрмеді. Қайда жүрсе де оның аман есен жүруін тілеп отырады үнемі. Інсінің немере әпкесінің қызы Гүлбаршынға үйленем деп әлек салған күнен бастап, қанша рет ақыл айтты. Бірақ қыңырлыққа салынған інісі өзінен басқа ешкімді тыңдағысы да келмейді. «Құлағы керең, жанары зағыйыпқа айналған», естісе де естігісі келмейді, көрсе де көргісі келмейді. Ағаның шыр-пыр болуы ағайынның ынтымағы екенін жастар жағы түсінді ме? Әрине түсінбеді. Қан араласуынан қорқты емес пе басты себебі: өз әпкесінің қызынына, яғни жиеніне қалай аузы барып келінім деп басына ақ орамал тағып, екеуің бақытты бол деп айталады, әрине айталамайды оған адамдық ары жіберсін бе? Жібермеді. Ақыры аға мен іні бір – бірін дұшпан санап, бір ананың құрасағына сыйған қос құлын: ат кекілін кесті емес пе. Бұл қасыретке шыдамаған аналары, жүрегі тоқтап мәңгілік мекеніне кетпеді ме? Інісін анасының өліміне кіналады. Содан бері жалғыз ғана сырласына айналған шөлмек еді.
Ойдағы достары, Садырдан не семіз қой немес қаржы сұрау кезінде бір-екі жартылықтарын күлімдей әкеп қал-жайын сұрай отырып, өз жоспарларын талай рет жүзеге асырып кетті емес пе. Оларды өзінің досы деп санағанымен, олар қорадағы мыңға тарта қоймен қоймадағы ешкінің түбітіне дос екенін сезген емес. Оны түсіну үшін тағы бір мәрте зоотехникомын оқып келу керек шығар. Табан ет маңдай терін өзінен аяп, өзгені игілігіне, аққайнардың кесірінен қанша рет айырбас еткенін өзі де білмейді. Қарызын сұрауға оқталып барғанымен, екі ұртынан ақ көбігі ағып екі қолын санына соғып келгені есінде қалды дейсің бе? Қалмады, көлгірсіп келген достарына менің сендерге деген көмегім деп, қорадағы бір атар қойына қарап мақтанадай келіп, бұлар аман болса мен Садыр айғада барам деп.
****
Тымырсық түнге қарап тұрып ұлыдай келіп, аш құрсағына содан бір қуат біте қалатындай. Түнімен тау-таудың жықпылымен жырасын торуыладап демі құрып отырғаны осы. Өткенде жомарт төбенің бойынан алқымдап жеген арық тұсақтың да құрсағында, жұғыны да қалмағандай. Енді бұратылып аспанға қарап ұлып отырғаны. Кеңсірігіне бұрын татып көрмеген жылы-жұмсақтың исі келгендей болды. Қара шөл жазығын тіміскілей «Орта көлдегі» Сәнидің қорасын торуылдауға жортып кетті. Тас қораның желкесіне келгенде таңсық ис тағыда танауын жара бастады, барған сайын араны ашылып құнығып барады. Жақындап келгенде көң қорадағы қойлардың шуаш исімен текенің сасығынан лоқсып жиркенгендей болды. Бұрынғысынан да тым талғампаз болып кеткендей, кейде өзінің арлан екеніні күдіктенетінді шығарып алған. Кейде малшы ауылдар итімен бірге ылығып кетіпте жүрді.
Жалпы көк бөрінің атына кір кертілгендей болады. Содан да шығар қасқарларды көрсе, оларға жынысын қоспай: жапан даланы жалғыздан – жалғыз жортып кетеді. Жалғыздыққа серік қылған сол бір оқиға санасына саңылау берсе, Бейсеннің қорасына тағда лаң салғысы келді. Соңынанан түскен қуғыншылардан түнімен қашып, артынан атылған мылтықтың даусынан зәрезап болып қалғандай бойын бір үрей билеп алған. Алды артына, түн тышытығын бұзып жарқылдап ұшқан оқ бірде тасқа соғылып жаңғырса, бірде құлағының түбінен ажалдың жырын азынатып кетіп жатты. Апаннан алғаш бауырын көтеріп енесімен алғаш қағуылға шықаннан бастап, мұндай өмір мен өлім арпалысына түспеген еді. Қыпшал ішіндегі апанға қашып кеп паналаған болатын. Он шақты күндей апаннан ұзап шықпады. Бір жағынан жарасы қара қотырланып жазылғанша аялдай тұруды жөндеп білді. Жарасы жазылған соң Шилісайдағы наймандардың малына қырғыйдай тиіп, бірде өрістегі малын тартып жесе, енді бірде малға мініп отырған аттарын қыстауларының желекесінде жалымен құйрығын естелік ретінде қалдырып кетіп отырды. Тағылықпен жолдас болғалы талайды сан соқтырып кетті емес бе?... Байырғы мекені Қаңқұдыққа келгенде ең алағаш аузына ілінгені, арықтан тұралап жүре алмай Жомарт төбеде қалып қойған қызыл тұсақ болды. Оның өзі ашыққан арланға тойымды талғажау бола алмады.
Сәни үйінен ұлын ертіп дәретке шыққанда танауына жерік асының исі келгенде: ол адам еті екенін анық білді. Қорадағы малдың бірінен де ауыз салмастан әке мен баладан көз алмастан ұзақ қарап жатты. Егерде жалғыз жарым шықса ойланбастан бас салғалы тұр. Бір жағы адамға деген өшпенділігі болса керек. Ал енді бір себебі: қаншықтың құрсағында бірге ажал құшқан өмірге келмеген бөлтіріктерін ойласа, жон терісі жотадай болып күжірейіп шыға келеді.
Адам баласының жалғыз жүруін аңдығанға үш күн болды. Үшкін сілекейін шұбыртып, бірде «Орта көлге» тартып отырса, бірде Қашаты мен Намырзынды шарлап шығады. Ешқандай жерден жалғыз жарым адамды кезіктіре алмай діңкесі құрып Қаңқұдыққа қайта- қайта оралады. Осылай мал етін емес адам етіне зарығып, оймен қырды себепсіз жортуды машыққа айландырып алды.
****
Құлқын сәріден үйде тұрған мотацикілін далаға шығарды. Аяздың беті әзір қайтатын емес. Неде болса Бота мен Жанатты оқуларына апрап тастауды жөндеп білді. Жол тым алыс болмаса да, жетпіс шақырым жерді мотацикілмен жүріп өтуді ойласа денесі түршігіп кетеді.
Екі ұлын бастарына керейдің «пұшпақ» тымағын, үстеріне сең-сең ішік, аяқтарына Увсыдан шығатын ақтабан етік кигізіп Ақкөл қалашығына жолтарып кетті. Обаты асуына шыққан да екі қолы мұйықтың ішінде дызылдап кетті. Сонда тоқтап, баларына қарап тоңдыңдар ма дегендей сұраулы жүзбен қарап қояды. Ол екеуі сөйлеуге шамасы келмей, тоңған жоқпыз дегендей бастарын изеді. Ал тоңбасаңдар әкелерің бойын жылтысын деп қойынына салып шыққан Өлгейден шығатын «шалқыма» арағын бір жұтып алып, қалғанымен қолын жуып, сапарларын алға сабақтап кетті. Әдетте, көз ұшында жап-жақын боп көрінетін қалашық, бүгін тым алыстап көрінгендей болды. Не жер тамыры жазылып кеткендей сезілді. Жалпысы шіліденің шіліңгірінің өзінде кейде, күздің суық ызғары соғатыны бар. Бұда болса табиғаттың тосын мінезі болса керек.
Түс мезгілінде мектеп жатаханасының қасына келіп жетті. Екі ұлдан тоңғаны сондай мотацикілден домалап, домалап түсті. Әкелері болса беті қолы домбығып, адам көргісіз жағдайда тұр. Жатахана тәрбиешелірі әке мен балаларды тездетіп жылы жерге кіргізіп бәйек болып жатыр. Бірі қара көже дайындап әкелсе енді бірі жылы су әкеп балалардың аяғын малып жатыр. Бұл жағдайды естіген мектеп директорымен аурухана басышыларымен мейірбикелер де жүгіріп жетті. Екі баланың өкепесінен суық тиіп емханаға жатқызатын болды. Ал әкелерінің үсіген бетімен қолдарын барынша емдеп ақ дәкемен орап берді. Жатып емдел деп еді аурухана башысы, оған көнбеді. Мұндағы жұмыс шаруасын бітіріп аулына қайтпаса арт жағы иен екенін айтып бой бермеді. Алайда бір екі күн сырттан келіп емделіп тұруды жөн деп білді. Осындағы досы, Ұнаттың үйінде болатынын айтты.
Мотацикілінің бүйірінен бір теуіп тамызып досы Ұнаттың үйіне қарай жүріп кетті. Аурухана терезесінен әкелерінің артыннан ұзақ қарап тұрды. Кетіп бара жатқан әкелерінің артыннан ілесіп қалмаған қара қарғаның қарқылы Бота мен Жанаттың құлағында ұзақ уақыт бойы азалы үндей боп жаңғырып тұрды.
- Асслаумағалүйкүм Ұлеке?
- Уағалайкүмассалам Сәке ызғарлатып келіп қалдыңыз ба?
- Ой айтпа тілу құрғыр әлгі екі жүгірмекті оқуына алып келдім. Түрімді көріп тұрсыңдар жағдай осылай болып қалды.
- «Ой досым саспа сен бұған қандай дәрі әсер ететінін мен жақсы білем» - деп, өтірік көлгірсіп жатыр. Ұнаттың әйелі болса Садырға қарап ыржиғаны болмаса, апшысы қуырылып, шақырусыз келген қонаққа іші жылып тұрғаны да шамалы... Ұнат өтірік болса да әйеліне қазан көтер Сәкең деген асыл азамат қой жақсылап күтіп жіберейік деп қояды. Мұнысы қайтсем дүкендегі азынаулақ арақты өткізіп жіберудің алғашқы айла тәсілі еді. Кешкі жетіде ауылдың жарық шамдары жанысымен, Ұнаттың Садырға тамақтың келуін күтпей, аман келгенің үшін деп құйған бір жартысын сіміріп салды. Біраз уақыттан соң буы бұрқырап жылқы еті де келді. «Сәке етен алып отыр» - деп, тағы бір жартының түбін тықырлатып тастады. Арққа қызып алған Садыр әдетінен жаңылмай қорадағы қойларын айтып мақтанып көпірді-ай келіп. Оған Ұнат болса одан әрмен көпіртіп. «Бұл маңайда сенен асқан атақты «Шопанды» көргем жоқ»- деп, артына жел беріп бөстіріп отыр. Сәкен болса өзінің су түбіне кетіп бара жатқанын аңғарған да жоқ. Баланың ақшсы деп түсетін бір айлық есеп шотты түгелдей арққа жұмсап жіберді. Тіпті әйелі ұн-шай ала кел деген азғана қаржыға қол салып шетінен ұстай бастады.
Садыр болса осылай үш күн бойы арақты тойғанынша ішіп, тіпті жарасын дәрігерлерге барып қайталап көрсетудің орнына, байлығына ортақтас достарынан аса алмай, қара басының қадырын жоғалтумен болды. Емханадағы балаларының да хәлін сұрап шығуға бостықтан уақыт тауып бара алмады. Ал балалары болса әкелері аз ғана қаржы әкеп беріп кетер деп алаңдаумен жүргенін ол есіне де алмады.
Түнімен Ұнаттың үйінде дөңбекшіп ұйқтай алмады себебі: желге ұшқан қаржысын ойлап. Өзін қанша жерден алдағанымен, дәл қазыр қаржының орнын толтыра қоятын не себеп, не сылтау табалмай жатыр. Қаңтардың таңы осынша қаңтарылып таңы құрғыр атпай, сазарып тұрып алғандай сезіліп жатыр. Ертесімен тұрған Ұнат досының көңіл күйін сезді ме, бір қап ұн мен қытайдың шақпақ шайынан біреуді алдына тартты. Бұл менің достық сыйым деп. Алайда Ұнат бұлардың ақысын екі еселеп өтеп алағанын Садыр сорлы қайдан білсін.
Мотоцикілінің теңіне теңдеп жатып, «Ұнатқа сенмені бір ажалдан құтқардың, құр қол барсам ана біздің долы қатын мені тірідей көрге тығады» – деп қалжыңдап қойды. Қутыңдап тұрған ол, досыма қол ұшын бермесем несіне дос болып жүрмін деп күлді.
Түк жүрісі мандымай қойды, таңнан шыққанымен түс ауа Обаты асуына әзер жетті. Мотациклінің қызып келе жатқаннан шығар деп ойлап, асуға шығар алдында суытып алмақшы болды.
****
Түнімен ашқұрсақ жүрген көкшолақ таң ағара Обатының сай саласын аралап тіміскілеп келе жатыр. Талқажауға, тіпті тіске басар да тапай сандалып жүру мен болды. Обаның қасында отырып тағы да аспан астын күңірентіп тұрып ұлыды. Қанша отырғаны белгісіз шоқыйып. Жол бойында қарайған заттың барлығына көзін сүзіп отырды. Тағыда жерік асы туралы ойлап танауын жел өтіне тосып ұзақ тұрды. Танауына шынымен жерік асының исі келіп, сілекейі шұбырып кетті. Сол арада мотоцйкілін ырылдатып Садыр да етекке келіп тоқтады.
Біраз отырып еді мұздап келе жатқан денесіне, өне бойына үсік жүгіріп кеткендей қалшылдай бастады. Қалтасынан беломор темекісін алып тұтатпақ болып еді, зажигалкасы от алмай қойды. Мотоцикілін барып тамызбақ болып еді, оны да от алдыра алмай діңкесі әбден құрып кетті. Үсік жайлаған денесі тіптен мұздап кеткенін сезді. Біраз айналшақтап жүрді. Жақын маңдағы малшы ауылдарына барғысы келіп еді, бірақ қу темірін қиып кете аламды. Жолдан жүретін жүргіншілердің бір алып кетер деген күмәнді ой санасында жымың ете қалғандай болды. Айналадан біраз сиырдың тезегін жиып әкеп от жақпақшы болып қарманып еді, алайда газы қатып қалған зажигалкасы от алмай, қырсық үстіне қырсық шалып мотоцикілінің қасына барды. Қалатасын қарай бастап еді, бүкетеме кездігі қолына ілінді. Оны қолына алған соң мотоцикіл багіне былай деп өзінше өсиет жазды. «Темірді атым деме, Шақпақты отым деме» - деп. Қоржындағы жартылығын алып, жалма – жан аузын аша салысымен, дем алмастан бырақ сылқитып тастады. Арақты ішіп болған соң, өз денесіне өзі иелік ете аламай, біраз жатты. Бараздан соң денесі қатты ысығандай болып үстіндегі ішігінен тартып барлық киімін шешіп тастады, алғаш рет анадан туғандай болып. Қардың үстінде аспанға телміріп жатып еді, айналып ұшып жүрген қарғаны көрді. Біраз уақыт қарғадан көзін алмай жатты. Ендігі бар ермегі қарға болды, бірде ғайып бола бастап еді, көз алдын қараңғылық торлап кетті. Соңғы рет демін ішіне тартып күрсініп көзін ашса дәл желке тұсында бағанғы аспанда ұшып жүрген қарға қонып отыр екен. Қайтадан қара түнек өзіне шақырды, жанарын мәңгіге қара бұлт торлап кетті.
Алыстан бақылап отырған көкшолақ сілекейі шұбырып етекке қарай далақтай жөнелді. Жерік асының исі кеңсірігін жарып барады. Қаншалықты көксесе, соншалықты аузынан сілекейі төгіліп келеді. Мәйіттің қасына келген соң, бірден кеудесін міне жөнеліп, ақсиған тістерін бірет батырып алып, тоқтай қалды. Қайталап мәйітті жеуге оқталмады. Өзінен өзі жиркенді ме, адамша лоқсып барып, аспанға қарап ұлыды. Арақтың иісі, жерік асына деген құмарлығын бірден саптиғандай болды. Айналсоқтап ары-бері жүріп, қайта айналып кеп мәйітке сарып тастап, басын жерге салып, мойнақты асып ұзап кетті.
11.03.2018, 20.03.2018