Көкейдегі сөзді айтайын
Көкейдегі сөзді айтайын,
Бір Алла өзі жар болсын.
Тіл мен жағыма жан бітсе,
Заманның зарын толғайын.
Тәрбие дұрыс бермесең,
Тартасың ертең зардабын.
Тентіреп әне,әке жүр,
Араққа сатып баласын.
Аттамас арын ешқашан,
Қыздарды қайдан табарсың?!
Шақалақ жатыр көшеде,
Шырылдап іздеп анасын.
Береке кеткен үйінен,
Кімге айтар өкпе,наласын.
Ақыл айтар жан іздесең
"Қарттар үйінен" табасың.
Жүйткіген темір тұлпармен,
Бауырым,қайда барасың?
Темір тұлпарың түбінде,
"Темір тор" болып қалмасын.
Арыстан болып ақырған,
Жолбарыс болып бақырған.
Бір-біріне пышақ кезеген,
Кімдерге сенген бұл Мағжан?!.
Қасықтап қаны төгілген,
Әлия,Мәншүк көз жасы.
Сонда не босқа кетті ме,
Махамбеттердің өр басы?!...