Адам қарады: 19 | Жарияланды: 2018-09-07 03:11:45

Кербез түн

Кербез түн. Жанып тұрған шам-шырақтар.

Орындықта отырған ой жырақта

Шырылдайды мазасыз, тегін телефон,

Жариялағандай барша жан танысуға марафон

Саябақтың ортасына кеп тоқтады машина,

«Есуас!»деп күлді құрбылар, бейтанысқа жан ашима?!

Шекілдеуік сұраған боп жігіттер

Не ойбар, неңдей сірә, үміттер...

Күлісіп, білісіп танысты қыз - жігіттер,

Кім болды екен таныс деп үгіттеген...

Бәстесіп төртеуі беттеді мәңгі алауға,

Белгі деп болады шын санауға

Дүкенге бәсті алуға тағы кетті,

Көлікпен күліп-ойнап дереу жетті

Қостырмаққа сөніп тұрған фантанды,

Қыз-жігіттер енді соған аттанды

Ойнағандай жұптасты ақсүйекті,

Қолға қол тигенде жүрек бір сәт дір етті

Жұптар кетті бөлініп екі жаққа,

Сырттай күліскенмен, іштей ой жүгіреді сан-саққа

Құрбы- дос қала берді қол ұстасып,

Жүргендей ертегіде дала кезіп...

Екеуі кетті суқойманың жағасына

Демей ме берсін жастың санасына...

Қыздың ойы танысып, біліспек те,

Жігіт болса, сондағы сүйіспек те

Құрбы-досты далада  тонды деп,

Бармасақ болмайды оңды деп,

Шарқ ұрып іздеді екеуі шыр айналып,

Кетті деп қайда қиялданып

Бөлініскен жерге кеп күтті, кездесті,

Екеуі құшақтасқан, суықтан ба, сәйкестік

Келесі саябақты аралап боп,

Айтылған сөздерді саралап көп

Тарасты үйді-үйге қоштасып қимай,

Жүрек алып-ұшып, кеудеге сыймай

Күлісіп ап серттесті бұл түнге өкінбеске

Ұйықтады әрбір сәтті алып еске.

 

Қазақ тілінде жазылған