Адам қарады: 22 | Жарияланды: 2018-05-16 02:53:27

Ақбөкеннің ойы

Қашып келеді.Уһ,бүгін де аман қалған секілді.Мəңқ етіп,дүниеге келгеннен көретініміз осы.Дала тағыларынан ,екі аяқтылардың жыртқыштары өте қауіптірек болып тұр-ау.Бүйте берсе, мүлдем жоқ болуымыз да ғажап емес.Тіршілік атауы сусыз,ауасыз өмір кеше алмайтыны сықылды ,адамзат та қанағатпен өмір сүретіндей ғып жаралмаған екен.Бəлкім,сонау ықылым заманда қой-ешкілердей қолға үйретуге көнгенімізде халіміз тап осындай мүшкіл болмас па еді. Жарайды,ауласын.Біз кімге жем болмай жатырмыз.Бірақ кешегі көріністен кейін еріксіз бақырып маңырағың келеді.Біздің етімізді, мүйізімізді пайдалану үшін жаралғанымызбен,осынша көп мөлшерде қырып ақылға сиымсыз. Тіпті,адамзаттың өзіне де тиімсіз екенін неге түсінбейді екен.Рас,соңғы кездері аяқ суытар мезеттеріміз көбейгендей.Қай уақытқа созыларын кім білсін.Ойлап қарасаң,біздің көбеюімізге көп нəрсенің қажеті жоқ.Шөп пен су жəне адамдар тыныштық берсе жетіп жатыр.Тыныштық деймін-ау қайбір жылдары қыста қар қалың түсіп,қандастарымыздың көбі адамзат тұрағына амалсыз жақындаса,қан-жоса ғып аулапты.Əбден тойынып, бізге де қамқор болатын күнді көре алармын ба екен?Ең болмаса,мына лақтарым жетсе сол заманға.Ылайым солай болғай.

Қазақ тілінде жазылған