Адам қарады: 20 | Жарияланды: 2018-05-17 02:19:34

Лескүл әже

Көктем уақытысы ,күн күркіреп ,жаңбыр жауып, күн шуағын төгіп жер Анамыз көктен кілемдерін төсеп,ағаштар бүршік жарып, сиырларымыз  бұзаулап , ақ көбейіп ,уақ малдар төлдеп ,егіндер егіліп жататын мерзім.

      Қыстай үйде отырған  балалар күн көзіне шығып, емін еркін ойнап жүгіріп жүргендері.

       Менде таңертен ерте тұрып малдарымды жайғап,таңертенгі астан дәм татып жұмыс

орныма асығып –аптығып келе жатқанмын. Алдымнан реңі  жарқын ,жүзі жайдары, ақ

қуаша әже шыға келгені. Мен әжеге иіліп сәлем беріп өте- бере кері бұрылдым.

Ол кісіге сәл кідіруін өтіндім ,өйткені  омырауындағы медальдарға көзім түсіп не бір ойлар сап ете қалғаны. Әженің омырауында тыл ардагері , социалистік жарыстардың

жеңімпазы, алтын алқаның иегері екенін ол кісіден сұрамай ақ біліуге болады. Медальдардың  саны 20 –ға жуық,санапта үлгердім.

     Сондай сезімі мол ,нұрын шашқан әжеміздің аты тегі Қожамқұлова Лескүл Жұманбай қызы Балықты ауылының тұрғыны  1 қаңтар 1930 жылы дүниеге келген екен .

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда 11 жастағы жас өспірім  қыз еді. Әкесі Қонысбаев Жұманбай Лескүл әжеміз 3 жасқа толғанда қайтыс болып кеткен екен. Анасы Айнакүл үлбіреген келіншек кезінде ұлы Жанұзақ,қызы Лескүлді ешкімнен кем етпей өсіріп отырған кезі.

   Соғыс деген сөздер құлағымызға жағымсыз естіліп  Қарағашты ауылының

ер азаматтары  Отанын қорғауға алғы шепке майданға аттана берді. Ауылда ақ сақалды

қариялар мен ақ жаулықты аналар қыз –келіншектер біздер –жас өспірімді балалар қала

бердік.Ақ жаулықты аналар ботадай боздап ,көздерінің жастарын сүртіп,белдерін бекем буып,күндіз –түні тылда еңбек етті. Түн ұйқыларын төрт бөліп солдаттарға жылы киімдер

дайындап, алғы шептегі жауынгерлерге жіберіп отырды. Біздердің жастық шақтарымызды қарғыс атқыр соғыс ұрлап алды десемде болады дейді Лескүл әжеміз. Аналарымызбен  бірге беліміз қайысып еңбек еттік,шөп ордық- орақ ұстап, кетпен шаптық-кетпен ұстап,егін егіп қырманда еңбек еттік ,жүн түттік ,шұлки тоқыдық күннен –күнге  Жеңіс күнін жақындаттық . 1945 жылы  9 Май Жеңіс күні көз алдымда. Сондай қуанышты күні  жүрегіміз лүпілдеп ,бір-бірімізді құшақтап ,қуаныш-сағыныш жастар төгіліп ,әдемі көйлектерімізді киіп соғыстан келген ағалармызды қарсы алдық.Не бір боздақтар соғыстан оралмай қалды,қара –қағаз алған жан ұяларымыз қаншама,із түзсіз жоғалып кеткен күйеулерін,ұлдарын ақ жаулықты аналарымыз бүгін ертен келеді деп күтумен болды деп күрсінді Лескүл әжеміз.

  •      Менің ағам Жанұзақ 1946 жылы елге келді НКВДа қызмет атқарды .Казір Жанұзақ

ауылына менің ағамның есімі берілген.

     Лескүл әжеміз1947 жылы 17 жасында  Қожамқұлов Қаблан деген жігітпен тұрмыс  құрды.7 баланың анасы,оларНағима,Калима,Гүлнар,Фатима,Есболсын,Сейфуллин,Мухит.

1947-1991жж сүт фермасында сауыншы болып еңбек етті. Лескүл әжеміздің еңбегі

Совет  Одағы кезінде еңбегі бағаланып отырғанын омырауындағы медальдар айтып тұр.

Ауданымыздың бірінші хатшысы З.Турысбеков жақсы еңбек көрсеткіштерін бағалап автобус сыйлаған екен,  мотоцикл , үйде беріліпті.Лескүл әжеміз Москваға да

Қазақ Республикасының делегациясымен барып қайтқан.

Жас кезімде еңбек  бер ,қартайғанда дәулет бер деген осы шығар , ағайын !

Қазақ тілінде жазылған