Адам қарады: 10 | Жарияланды: 2018-07-11 02:59:34

Пессимистік ойлар

Бір өзеннен құлап аққан ойларым,

Төрт тармаққа бөлінді.

Жиренімді мамағашқа байладым

Жеңілдім...

 

Иіре-иіре,

түтеленді үмітім,

Жоғалыпты тұмарым.

Əр кез сайын қайталанып өлі түн,

Азаптайды құмарым!

 

Бір қорқыныш көңіліме орнайды,

Иесіндей пәтердің!

Бозала таң азан даусы сарнайды,

Сен ақырын жөтелдің.

 

Мені өзіне баурайды да тұрады,

Иесі жоқ табыттар!

Кеше біреу себепсізден жылады,

Қорқыныш жоқ, қауіп бар.

 

Мен ылғи да Мунк салған бас көрем,

Айқайы тым жаңғырық!

Оу, ағайын бəріңізге ас берем,

Бір кітапқа көшкен күні мәңгілік.

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған