Шешенстанда билеген ақтаулық боксшылардың видеосы Интернетте кеңінен тарап жатыр

Адам қарады: 114 | Жарияланды: 2018-03-10 14:40:12

Шешенстанда билеген ақтаулық боксшылардың видеосы Интернетте кеңінен тарап жатыр, деп хабарлады Lada.kz. Роликтің басты кейіпкерлері ҚР спорт шеберлері, ақтаулық боксшылар Нұрлан Сабиров, Махмуд әл-Мұхаммед және Сұлтан Шаршов.
Видеодан боксшылардың лезгинка билеп жүргенін көруге болады. "Міне қазақтар қалай билейді! Жігіттер!", - деген дауыс кадр сыртынан естіледі. Ролик WhatsApp және әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр. Маңғыстау облыстық бокс федерациясындағылардың айтуынша, видео жекпе-жектен кейін түсіріліпті. Кездесу Грозный қаласында өткен, оған бокстан Маңғыстау облысының және Шешенстанның құрамалары қатысқан. "Кездесу нәтижесінде жолдастық жеңді. Біз бірнеше жылдан бері достық қарым-қатынастамыз. Олар бізге, біз оларға жарысқа барып тұрамыз. Бұл тәжірибе алмасу. Бауырластық қарым-қатынастамыз деп те айтуға болады. Алда қаншама жемісті еңбектер күтіп тұр. Ал біздің боксшылар әдемі жұдырықтасып қана қоймай, әдемі билей де алады", - деді төреші Руслан Бибуев.