Адам қарады: 14 | Жарияланды: 2018-08-06 08:52:26

Сор маңдайдың басынан кешкендері

Кешірмеймін

Қайран Кеңес дәуірі! Аптаның бес күнін жұмыс істеп жіберіп, екі күн қалауымызша дем алушы едік. Жұмыссыз жүрген адам жоқ. Егістік, құрылыс, завод – фабрика әйтеуір қайда барсаң да,  есіміңді сұрамай жұмысқа алатын. Айына екі рет жалақы алушы едік. Жылдың бір айы ақылы демалыс. Кәсіподақ комитеті жағынан берілетін демалыс жолдамасын ала салып, санаторий, курорттарға зытушы едік. Халық арасында қаншалықты беделім болатын. Ғылым кандидаты, ғалым. Бір жерге бара қалсаң ақ сақалды қарттар орын беріп, құрмет көрсететін. Қазір ше? Қазір зиялы қауімнің көпшілігі қоғамның қалдықтарына ұқсап қалды.   Әйтеуір қойыңыз шы, бүгін мен әңгіме ететін оқиғаларды тәтті бір түске ұқсап қалған Кеңес дәуірінен бастайын.

  Сол бір жылы  мен жұмыс істеп жатқан ғылыми – зерттеу институтынан маған Кеңес жеріндегі даңқты курорттардың бірі Сочиге жолдама берді. Қуанышымда шек жоқ, өйткені бұл менің өмірімдегі тұңғыш саяхатым еді ғой...

Отарба тықырлап бара жатыр. Жүріп бара жатқанымызға үш сағат болса да, серігім аузына су толтырып алғандай, ауыз ашпады. Бір неше рет тамбурға шығып темекі тартып кірдім.Тура менің намазымды түсіріп жатқандай, басын көтермей еріндерін жыбырлатып кітап оқып келе жатыр. Қап,-- деймін ішімде, -- купеңнің садағасы кетсін,-- жалпы вагонға отырғанда ғой, жалықпас едім. 

    Бұл серікпен үш тәулік жолда қияли ауруға дұшар болу әбден мүмкін еді. Оның басынан аяғына дейін тағы да бір зер салып шықтым. «Әйтсе де бір инженер- пинженердің қатыны ау деймін, Кийінуін қара, нақ Сұлтанбайдың тоқал қатынындай жасанып алыпты. Өзіне жарасқанын айтсайшы! Әй, жоқ ей, жәй инженердің табысы шамалы. Әлбетте, ірі сауда қызметкерінің болса керек. Қолдары мен құлағында бәрі алтын. Әппақ, аққудай мойнында үш қабаттап тағып алған шынжырдың өзі пәленбай тұратын шығар! Оның ұшына ілінген жақұт көзді, ай секілді ұйыл  алтын, тура қазір атылып шығатындай көрінетін, көтеріліп- түсіп ойнап түрған көкірегіне жасырынған. Не болса да ол болсын, әйтеуір бір бақыты ашылғанның бағы ғой бұл ».

  Терезе ашық болғандықтан, жел тура маған соғып, денем түршіге бастады. Ақырын орнымнан тұрып, серігімнен сұрадым.

 -- Кешіріңіз, терезені жауып қойсам бола ма?

Ол шолпандай жанып тұрған көздерін маған тікті де,-- Ықтиярыңыз,-- деді маған естілер- естілместей. Терезені жауып, қайтып ол көздерді көре алмадым. Ее, мейлі, өз- өзімді тоқтаттым,-- не болса да дауысы бар екен ғой. Тірі жанда үміт бар, дегендей, шолпан көздерді тағы бір көру мақсатында, қайта- қайта қарап қоямын. Қайдағы, молда болатындай кітаптан бас алмайды. Қарын аша бастады. Мына дар ағаш тікірейіп тұрса, қалай тамақтанамын? Не болмаса өзі бір нәрсе жемейді. Оқығаны оқыған. Ақыры шыдай алмадым,-- Кешіріңіз,-- дедім тағы да,--бесін болып қалды, тамақтанып алсақ қайтеді?   

  Онық садақтың жебесі сияқты көздері тағы да маған шаншылды.

-- Ықтиярыңыз,-- жасанды түрде жымыйды ол. Күткенім сол болғандықтан жол сөмкемнен барымды тақырлатып шығара бастадым. Сол ақ екен шығып екеуімізге ыстық шай алып кірдім. Соған дейін қыбыр етпей, тура біреу тартып алатындай, екі қолымен кітабына жабысып алған серігіме тағы да ,-- Кешіріңіз, барлығы дайын, мархабат!

Ол  кітабын жауып, мені тура бірінші рет көріп тұрғандай көздеріме тігілді. Оның қарағайдың инесіндей ұзын кірпіктерінің көлеңкесінде шоқтай жанып тұрған көздерінен өзімді жоғалтып қойдым. 

-- Сіз... Сізге  шәй ма, кофе ма?,-- сұрадым, сасқанымды білдірмеуге тырысып.

  Ықтиярыңыз,-- одан әрі жұмсақ жымыйды ол. Дереу кофе  демдедім. Мүмкін тәбет ашу үшін бір-бір рөмкеден...мен өзімді ресми ұстап алдым да, ұсындым.

  Ықтиярыңыз,--деді ол, алайда ол жымыйған жоқ, маржандай әппақ тістерін көрсетіп, кәдімгідей- ақ ыржиып еді.

- Кешіріңіз, нені қалайсыз, коньк па, ақ па?

 Ықтиярыңыз,- оның ал қызыл, адамды өзіне тартып тұратын еріндері тартымды күлімсірегенде, ауызы толған алтын тістері көрінді. Дереу сөмкемнен бес жұлдызды армян  коньягін шығардым. Рөмкелерге бөліп құйғаннан кейін:

 Жол алыс, танысып қояйық. Жалықпау үшін әңгіме соғармыз,- дедім өзімді әрең басып.

 Ықтиярыңыз,- ол тура перілердей әппақ, жіңішке бармақтарын маған ұсынды. Оның нәзік қолдары қолыма тигенде, басыма жәй түскендей, денемде электр тогы жүргендей өзімді жоғалта бастадым.

-Р-Рустем,-  дедім әрең дегенде тітіркенген дауыста.

Өте жағымды есім, Мен Разия,- деді ол жылы күлкісін жалғастырып. Оның мені тебіренткен саусақтары қолымнан сырылып шығып кетті. Біз танысқанымыз үшін көтеріп жібердік. Мен тағы да өзімді тыныштандыра бастадым, «Әстахпыралла, ей менің ер болғаным қайда? Еш қашан қыздардың қолын ұстап көрмегендей, тілім күрмеліп сөйлей алмай қалғаным несі, а? Менен басқасы болса, қолдарын қысып-қысып, жүрегін ерітіп жіберетіндей сөздерді төгіп тастамай ма». Тура құмырысқаның ұясына отырып алғандай өзімді ыңғайсыз сезіне бастадым.

 Тек үшінші рөмкеден кейін ғана бір аз жеңілдеп, «жіңішке тілдерім» шыға бастады. Ақырындап әңгіме қазаны қайнап келе жатыр еді. Мен өзімді ірі бір ғылыми- зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайтынымды мақтаныш сезімінде айттым. Әлбетте, үйдегі мен төрт баламды жасырып, ажырасып кеткенмін, дедім. Алматыда кереметтей екі қабат үйім мен «Волга» маркалы машинамның бар екенін айтуды да ұмытпадым. Артық айтып сездіріп қоймайын деп, ойлап қоямын тағы да. Жоқ, ол мені өте мұқият тыңдап, барлық сөздеріме сенгендей, басын үнсіз изеп отыр еді. Әңгімені одан әрі қыздыру мақсатында, мен оны алғаш көньякқа тарттым. Ол енді бас тарта бастады. Ішімдіктің бір жақсы қасиеті бар емес пе, қызып алып кез келген адаммен тіл табысып кетесің. Сондықтан ол ішпесе де «арыстан» болып алу мақсатында арты- артынан екі-үш рөмке ұрып жібердім. Коньяк таусылып, ақ арақты ашып жіберіппін. Бір кезде қарасам, уақыт түн ортасы болыпты. «Кезі келді»,- қиялымнан жалт етіп өтті,- кешірерсіз, мен сізді бір кез қалдырайын.

  Ықтиярыңыз,- оның коньяктан қызарған жүзімен маған үмітпен қараған көздері мені одан әрі мас етіп жіберді. Темекімді тартып, жуынып  кірсем, өз көзіме өзім сенбедім, дастарханды жинап, қызыл гүлдей барқұт халатта аяқтарын алмастырып отыр екен. Оның анардай қызарған жүзі үстіндегі халатына сәйкестеніп, сұлуланып кеткені сонша, сөзбен айтып жеткізе алмаспын.            

- Кешірерсіз, Разия, кеш болып кетті. Дем алсақ қалай, дедім аққуды үркітіп алудан қорққан аңшыдай абайлап.

Ықтиярыңыз, - оның назданғаны сонша, денемді нәзік бір сезім сипап өтіп, есімді жоғалтып қойдым. Ол дереу сезген болса керек, мені қолайсыз жағдайдан құтқару үшін:

- Мен сізге орын дайындап берейін, - деп төсек салуға кірісті.

   Одан соң алдыма келді де, әппақ қолдарымен жеңіл құшақтап:

- Жатып дем алыңыз, мен қазір,- деп шығып кетті. Күтілмеген бүл істен кейін сорлы одан әрмен бітті. Өз- өзімнен тітіркене бастадым. Тоқта,- деймін, екі бетімді шапалақтап,- бұл мен қандай адаммын. Менің еркектік  күш- қуатым қайда? Қазір-қазір, барлығы орнында болады. Қалған арақты қырлы стақанға толтырып құйдым да, бір ақ сімірдім.... 

Отарбаның жұлқынысынан шошып оянсам, басым шаршадай болыпты. Ауырып жарылайын деп тұр. Сипалап жүріп кешегі суық шайды тауып алдым. Сәл өзіме келген сияқтымын. Содан соң кешегі күнді бір- бірлеп еске түсіре бастадым. Бәрі есімде. Оның әрбір сөзі магнитофон таспасына жазып алғандай есімде. Тек шығып кетті... Одан соң...Одан соң қырлы стақанға толтырып құйғаным есімде...Ішкенім есімде... Кейін ше? Кейін не болды? Ей, тоба, есім құрсын! О алла, мүлде есімде жоқ! Қасымда ешкім жоқ. Сыртқа шығып кеткен шығар. Орнымды иіскеп көрдім. Жоқ, әйелдің иісі сезілмейді.

Бұл қалай болғаны деп орнымнан тұрып қарасам, киімімді де шешпей жатыппын. Қап, деймін өз- өзіме ашуланып, осынша ма ақымақ болармын ба. Келген бақты кері қайтарғанымды қара. Е мейлі, өтті кетті. Әлі алдымызда екі тәулік бар емес пе. Әлі де кеш емес,- өз-өзімді басамын. Алайда, алайда кеш болғанға ұқсайды. Мен оны үстелдің үстіндегі қалдырған хатты оқығанда ғана білдім. Міне ол хаттың мазмұны:

   -Кешірерсіз, Рүстем, сізбен жолымыз түспеді. Келесі станцияда түсіп қалуға мәжбүр болдым, Разия.

  Ықтиярыңыз, дегенімді өзімде сезбей қалдым. Хаттың негізгі мазмұны кейінірек одан әрі айқындалды. Өзінің түсіп қалғаны аздай, менің барлық жүгімді «ілестіріп» алып кетіпті. Ең болмаса сынық ақша қалдырса ғой, тіпті. Жоқ мен оны кешіре алмаймын, ешқашан кешірмеймін!

 Бұл не сор маған?! Сол пұлды төрт балама жұмсасам болмай ма! Ей, сор маңдай, бейшарамын мен!

 

Әйелдерді құрметтейік

Демалысым быт-шыт болып үйге келсем, үйдегілердің қорлығы ше! Өзіме де сол керек.

Күнәға мойыныңмен батқанда, әйеліңнің қадіріне жетеді екенсіз. Амал жоқ, үйдегілерге қошемет жасауға өттім. Еһ, өмірдің гүлі, шашың ұзын, ақылың одан да ұзын әйелдер! Сіздерсіз өткен біз бейшара еркектердің күні қараң. Тағы да солай тәтті сөздерді жаудыратын болдым. Ол аңқау болса кәдімгідей еріп кетеді.

   Менің қосағымның  есімі Розиләм. Алайда менімен үш күн күндіз-түні  шайқасып, есімін орысшаға жақындатып заманауи етіп алды. Қазір оны бәрі Роза дейді. Міне сол Роза ханым мен сорлының арасындағы шайқас, барлық отбасындағылар сияқты, мен айлық жалақымды алғанда басталады. Мен жалақы алған күні дастархан түрлі тағамдарға толы, біздің қосағының көңіл-күйі ерекше, өз анасын күткендей қарсы алады. Бірақ бұл жақсылық емес. Айттымғой,  тұшпараны қаймаққа малып, енді ғана аузыма салғаным сол еді: 

- Әкесі,- деп қалды. Басымнан бір шелек су құйылғандай, денем тітіркеніп, жүрегім бұж ете қалды.

- Бүгін, е, қәне өткізіңіз, - дейді. Алдын-ала дайындап қойған 147 сом 20 тиынды алдына қойдым. Дереу санайды.

-Әй, бүл неге аз?

Ей, енді бары сол, мені не қыл дейсің?

-Қазір есептейміз, - деп, тойымызда түскен сандықтан кіріс-шығыс дәптерін шығарды.

-Барлығы қанша шығыпты?

279 сом 40 тиын.

А- ал, 50 сомды алдын ала алған едік, 20 сом салық, 2сом 70 тиын кәсіподаққа, 60 сом (үрпійіп қарап қойып/ бұрынғы әйеліңнің балаларына алимент, а-ал, тағы 10 сом 20 тиын қайда?

- Іштім,- дедім ішарамен.

-  Сол, қисық басып кіргенде ақ сезіп едім. Неге сонша ішеді сол орыстың уын, сасытып. Еһ, сор маңдай, құдайдың момын пендесі, әйелдердің құлы бейшара еркектер. Қәне, айтыңдаршы, осы күнге дейін қай біріңнің әйелі, әй, бұл айда неге сонша көп алдыңыз, рахмет!- деген? Еш қашан, еш қашан демейді. Аз!Аз!Аз!

Міне мен бір күні әйелімді сынамақшы болып, көршімнен 50 сом ақша қарызға алып, айлық жалақымға қостым да, әйеліме бердім. Сонымен, рахмет айтты ма? Айтты, әбден айтты. Міне мына басымдағы тыртық содан қалған. Е-е, сен арам мені алдап жүргенсің ғой? Алдындағы жалақының жартысын кімге беріп жүрдің?

Сенің ішіңдегін білемін, сен біреуді тауып алдың. Анау күні түсіңде Наташа деп шошығаның бекер емес,- деді де, аузынан ақ ит кіріп көк ит шықты. Сол кезде тура бомба жарылғандай болды. Көзім қарауытып құладым. Бір аздан соң көзімді ашсам, қасымда шешемнен мирас қалған оқтау екі айырылып жатыпты.

Бір күні жұмыстан тура жарты сағатқа кешігіп келдім. Қосағым шынығуға келген боксшыдай қарсы алды.

-Е-е, тыныштық па, Наташа?

Жанжалды болдырмауға тырысып жалына бастадым.

Қойшы, жаным. Қайдағы Наташа? Ел естісе ұят. Жүр үйге кірейік, барлығын түсіндіремін. Садағаң кетейін, түсінші, 10 тиын болса да үнемдейін деп, автобусқа отырмай артынан жүгіріп келдім,- десем,- Е-ей мисыз, 10 тиынды деп автобустың артынан жүгіргенше, таксиның артынан жүгірген болсаң, 5 сом үнемдейтін едің ғой, үйге де тезірек келетін едің,- дейді. Бұл әлемде маңдайыңа жазғанды тартпаудан басқа амалың жоқ екен. Жылап- сұқтап жүріп күндер өте берді.

Бір күні жұмыстан келсем, дастархан жайнап тұр, біздің сұлу теке сияқты секіріп жүр. Мені көріп ішінде ән айта бастады. Бір кезде назданып қасыма келді. Бармақтай созылған лагманды енді ауызыма сала бергенде, әкесі,- деп қалды. Бірер пәлені сезгендіктен, тура көзіме жын көрінгендей, құлалау – әһәдті үш қайтара оқып, -иә,- дедім. Қарап қалсам айуанаттар бағында маймылдарды тамашалап тұрғандай ыржиып отырыпты.

Ертең қандай күн? – деп жағымпазданып сұрады.

- Сенбі, 15 мамыр, - деймін түкке түсінбестен.

- Тағы ше, - дейді көзіме тура қарап жасанды күлкісімен.

-Ойланып көріңізші, мүмкін есіңізге түсер, - түк қояр емес.Тұрып есіме келді:

 - Иә, шынымен де, былтыр бұл күні біздің ит өлді емес пе? Оның түрі бірден бұзылып, суық түс алды:

- Онда итіңізге атап шелпек салып қойыңыз. Сіз сол өлген ит пен есектерді ұмытпайсыз, күнде кіріңізді жуып, тамағыңызды жасап, отыңыздан кіріп суыңызбен шығып жүрген өмірлік жарыңызды ұмытып қаласыз, - деді де басталды. Қысқасы көк тасқа теріс мінді. Тек сол кезде ғана есіме келді:

Иә, расында, кешірші, ертең сенің туған күнің емес пе? Құттықтаймын! Біздің сұлу көмілген алтын тауып алғандай бірден ашылды.

- Есіңізде ме әкесі, өткенде сіз маған туған күніңе алтын жүзік алып беремін деп едіңіз ғой? Есімде сұлуым, есімде. Бірақ қазір сәл қол қысқалау болып тұрғаны, біраз сабыр ете тұрсаң қайтеді. Кейінірек ... – дегенім мұң екен,- Сол біліп едім сіздің солай дейтініңізді. Жоқ! Кейінірек! Тұра тұр! Не кебініңіз тізеңізді жаппады бұл дүниеде. Қайран қыз кезім, балықтай қыз едім. Ерге тидім деп, жерге тиіппін. Ер емес, әруақ! Ой- бой, қойыңыз шы. Ендігі басталды қызықтың көкесі.

- Садағаңа кетейін, өкпеңді бас. Жарайды, алсаң ал, бірақ арзанырағын, - деп аузымнан шығып кеткені!

-  Мен қазір,- деп үйректерше басып түпкі үйге кіріп кетті. Кешікпей  қайтып шыққан ол:

- Мен сіздің ал деп айтатыныңызды біліп, баяғыда алып қойғанмын,- дейді,- қалай, әдемі ме, маған жарасты ма?

- Керемет әдемі, саған өте жарасыпты. Тура сен үшін жасағандай, мүбәрәк болсын!

- Айтпақшы, қанша тұрады екен?

-Арзан, 560 сом.

- А-арзан екен, ақшаны қайдан алдың?

- Үйде 400 сом бар еді, анау Майымхан тәтемнен 300 сом қарызға ала тұрдым.

- Ой, сонша ақшаны не істейсің?

-140 сом пұл қалып еді достарымды ертеңге мейрамханаға шақырып қойдым. Болған іс болды, бояуы сіңді, тергеудің қажеті жоқ еді. Тоба, мойындағы қарыздардан құтыла алмай жатқанда, өлген үстіне тепкен сияқты, мынаның істегенін қараңдар. Қатыннан бағың болмаса бекер екен. Ей, сор маңдай, бейшарамын!

 

Жалақыны күтіп

Жетпіс жылдан аса өмір сүрген Кеңес үкіметі уақыты өтіп, тігісінен сөгіле бастаған кездер. Жұмыс орны, өнеркәсіптерде қысқартулар күшейген. Кейбір жұмыс орындары жұмысшы- қызметшілерге айлап- айлап жалақыларын бере алмай жатқан. Біздің жұмыс орны да үш айдан бері ертең- ертеңін айтып жалақымызды сүйреп келе жатыр. Бүгін үш айдың жалақысын береді екен деген хабар найзағай тездігінде тарады.

Барлық қызметкерлерде мерекелік көңіл күй. Кейбіреулерімен кездеспегенімізге бір жылдай болыпты. Мүмкін істеген жұмыстарыңа қарай жалақы төлейді екен ғой деп ойлап қалған шығарсыз? Жоға, біз төлеген жалақыға қарап жұмыс жасаймыз. Айлар бойы жұмысқа келмеуіміздің де себебі сол. Барлық қызметкерлер тура ас беріп жатқандай түгел келсе де, қорқынышты екен. Алғаш бір- біріміздің бөлмелеріне, айттаған сияқты кіріп шықтық. Одан соң өзімізге тән әдетіміз бойынша, үштен, төрттен «көңілі жақындар» бөлініп, «сыбыр- сыбырға» көштік. Тоба, жеті-сегіз айдың ішінде де сонша ма өзгерістер болады екен ау....

 Хатшы қызымыз тұрмысқа шығып, бір бала тауып ажырасып үлгеріпті. Көрші бөлімнің бастығының әйелі өзінен жиырма жас кіші баламен көңіл жарастырып, шет елге қашып кетіпті. Бұлардың бәрі кішігірім істер ғой, қамдандыру бөлімінің қызметшісі Абдусемәт, ақпарат бөліміндегі Абдумуһитпен әйелдерін айырбастап алыпты. Соңғысы  үстінен біраз ақша берген көрінеді.

Ары- бері әңгімемен күн түс болыпты. Жан-жақтан келіп жатқан қоңыраулардың саны жоқ. Біздің жалақы алатынымыз туралы Алматы былай тұрсын, айналадағы ауылдарға да жетіпті. Телефон соғып жатқандардың бәрі ол немесе бұл қызметкердің қарыздарын есіне салады, тіпті біздің бөлімдегі Әлимжанға төрт жүз шақырымнан ары Жәркенттен бір туысы телефон соғып, қарызды ұстап қалу үшін жолға шыққанын ескертіп қойды. Сондықтан телефон шырылдаса, қызметкерлер тұтқаны көтеруден қорқып, бір- біріне сілтейді. Ой тоба, алған жалақыны қарыздарға тарқатсақ, бала- шаға несібесіне артыла ма? Оның үстіне мына үлкен бастық мерейтойын жасайтыны айтсаңызшы. Оған құры барып көр. Келесі қысқартуда басым кетті дей  бер. Ендігі бастыққа сыйлық апарарда, қызметкерлердің бәске түсетінін қайтерсіз.

... Олсыз да езілген жүректерді одан әрі езіп, телефон ұзағынан  шырылдап кетті.Таңертеден бері кімге қанша қарыз, балаларының қайсы біріне аяқ киім, қайсысына кітап- дәптер алуды жазып, есептеп аяғына жете алмай, қайыненесінің сексен жылдығын атап өтіп жатқанына ашуланып отырған Нодәр бір өңіп, бір өшіп тұтқаны алды. Сәлемі де жоқ. «Бар!», деді де бетіне қан жүгіріп, маған ұсынды. Жүрегім бір соғып, бір тоқтап, тұтқаны алдым. Құдайға шүкір бұл біздің үйдегілер екен.Осымен алтыншы рет телефон соғып отыр.

-  Иә, қалай, алдыңдар ма?- асығыс сұрады ол.

-  Жоқ, әлі тыныш,- дедім ыңғайсызданып.

- Пұлды алыңыз да, дереу үйге қайтыңыз. Майимхан тәтем таңертеден бері біздің үйде күтіп отыр,- деп тағы бір суық хабарды жеткізді. Сол ақ екен жұмыс орнымыздың жанындағы біз «несиеге» тамақ жейтін асханадан аспаз әйел кіріп отырып алды. Уақыт өткен сайын жүректер мазасызданып, көңілді тынышсыздық жайлады. Өйткені сағат төрттен кетті ғой. Бестен кетті деген сөз, бітті, деген сөз. Ертеңге қалады. Ертең сенбі, демек дүйсенбіні күтуге тура келеді.

- Беріп жатыпты! Әлдекімнің зары мен назы толы жыламсырап шыққан дауысы сегіз қабатты ғимаратымызды тітіркендіріп жіберді. Орнымыздан оқтай ұшып тұрған бесеуіміз есікке қысылып қалып, біраз әуреге түстік. Тар юбкасымен жүгіре алмаған хатшы қыз дәлізде етбетінен жатыр. Көпшіліктің онымен шаруасы жоқ. Аттап, басып өтіп жатыр. Сол ақ екен желдеткішке ұқсайтын кішкентай есік ашылып, жеп-ішкендей, денелі, қып-қызыл бетінен тер тамшылары шығып тұрған кассир әйел көрінді.

- Үндеріңді өшіріңдер, деді ол, бастықтың туған күніне жиырма бес сомнан ұстап қаламын. Келіспегендер жалақысын дүйсенбіде алады,- деп кесіп айтты ол. Қалай келіспейсің, басымыз он ба еді келіспейтіндей. Бұл хабарды біз «зор қуанышпен» қабылдадық, әлбетте. Әйтеуір қияметпен жалақыларымызды алып, бір-біріміздегі қарыз-парыздарды беріп бітіскеннен кейін сыртқа шықтым. Я, раббім! Өз көзіме өзім сенбедім, жолдың ары жағында төрт баламмен әйелім тұр. Олардың қасында әйелім қарыз алған Майимхан тәтеміз жолдасымен... Олармен есептесіп болған соң әйелімнің көзіне қарай алмай тұрып қалдым. Ол да алтын жүзік алғанына өкініп қалды ма, әйтеуір аузын ашпады. Мен соған шүкіршілік еттім, алайда қиялым келесі жалақыға дейін кімнен қарыз алсам болады деп, ауылды кезіп жүр. Қашан ұмытылады бұл күндер. Еһ, сор маңдай,  бейшарамын мен.

Бастық ұзақ сөйледі

  Қоғамда қалыптасқан ахуалға қарасақ, «кәмелеттік социализм» мен мәңгіге қоштасатын кез келгенге ұқсайды. Өйткені жиде гүлдеген кезді еске түсіріп, қоршаған кеңістіктен капитализмнің иісі келе жатыр еді. Бірақ батыстың пернесіне, яғни «гүлденген капитализмға» жету үшін қалыптасқан социалистік идеологияны 180 градусқа өзгертуге, халық шаруашылығын түп- негізінен қайта құруға тура келетін еді.

Міне бұл машақатты кезең естеріңде болса «өзгертіп құру» деп аталған. Алтын дәуір. Бірақ,өкінішке орай, бәрімізге емес. Тек «ағасы барлар ғана» бұл кезеңнен ұтымды пайдаланып, мемлекет мүлкін қалағанынша жекеменшіктенді. Біз қарапайым халық бармағымызды сорған күйде қалдық. Нақ сол кезде бұқаралық қысқартулар да қайнаған  кез еді.

   Таң ертеңгісін жұмысқа келгеніміз сол еді, «бүгін жиналыс болады екен, қысқарту болатын көрінеді» деген суық хабардың күәгері болдық. Оған біз әлдеқашан дайын болғандықтан, онша бір таңданып кетпедік. Енді кім қысқартуға түседі? Міне бұл бәрімізді мазасыздандыратын үлкен сұрақ еді.

  Әдетте біз жұмысқа келе сала, бөлім-бөлімге жиналып алып, өте қатты сұхбатқа кірісеміз. Яғни соңғы жаңалықтармен  бөлісеміз. Талдап алған тақырып өте кең болғандықтан, ол өз ішіне әр кімнің кеше жұмыстан қайтып, бүгінге дейін бастан кешкендері кіреді: автобустағы қызықтар, үйдегі тоқыныстар және басқалар. Арасына жаңа анекдоттарды қыстырып жібереміз. Соңында халықаралық саясатқа бір аз тоқталып, тағы арамыздағы тәртіпсіздіктер турасында талдау жасаймыз. Кейде тартыстың қызып кететіндігі соншалықты, тұйықсыз есік ашып кіріп келген бастықтың өзі кешірім сұрап шығып кетеді. Енді арамызда бізге араласпай жұмысқа келе сала қағаздың ішіне еніп кететін, көпшіліктен озып бара жатқан әріптестеріміз бола қалса, екі- үшеуіміз дереу жоғарыға арыз жазамыз да, танауын тартып қоямыз. Бізде бір ғана принцип өмір сүреді, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін! Жалғыз бөлініп шыққандарға арамызда орын жоқ. Көпшілік түзген тәртіпті бұзбасын да. Бөлінгенді бөрі жер, деп бекер айтпаған. Артта қалма, алға озба. Өз бөлмеме кіргенім сол еді, өмірі жұмысқа уақтында келмейтін Һейтбақи асығып- үсігіп кіріп келді. 

- Досым, бүгін жиналыс болып, қысқарту болатын көрінеді! Екі адамды қысқартады мыс. Бұл істің алдын алу керек! Бойы аласа болып, шамадан тыс семіріп кеткен Һейтбақи өзін қоятын жер таба алмай доп сияқты секіріп жүр. Етті екі беті қызарып, арты- артынан бес тандыр нан жаққан қатындардай, тер құйылып жатыр. Соңында,- Таптым, бастықтың ризашылығын алу керек! – деді де, жабайы шошқаларды еске түсіретін денесін келеңсіз бұрды да, пысылдаған күйі, жүрді ме, әлде домалады ма әйтеуір шығып кетті. Оның артынан мен ойланып қалдым. «Қысқарту болса мені шығармайтын шығар. Қазірге дейін бастықпен сен-мен деген жоқпыз. Жұмысқа дер кезінде келмесем де, әйтеуір ел қатарлы жүріп жатырмын. Өткенде бастықтың туған күніне ел қатарлы жиырма бес сом бердім. Сол кезде бермегендер де бар дейді».Сол соңғы ойлар қиялымға келген соң, біраз көңілім орнына түсіп, жұмысқа кірісіп кеттім. Барлығы жиналысты ойлап, жұмысына басымен кірісіп кеткен. Тіпті түскі тамаққа шыққандар да аз болды. Әдетте түскі тамақтың алдында жарты сағат бұрын жиналып алып, түстен кейінгі екі сағат жұмыс уақытын алатын шахматшылар да көрінбейді. Әр қайсысының қолы жүрмесе де, ақ қағазды алдына қойып алып, оңынан-соңынан шимайлап отыр. Дегенмен, сағат та төрт болды.

 - Барлықтарың жиналысқа! – хатшы қыздың шыңғырған ащы дауысы шошып түрған жүректерімізге садақтың оғындай шаншылды. Топырлап бастықтың бөлмесіне кірдік. Барлық қызметкерлер түгел жиналыпты. Есіктен кіре біріп Һейтбақиға көзім түсті. Оның темір бір сомдық тиын сияқты дөп-дөңгелек көздерінен жайлылықтың белгілері сезіліп тұр. Мені көре сала қасындағы орынға шақырды. Отыра бергенімде семіз қолдарын желкеме артып, құлағыма сыбырлады:

- Досым, бәрі орнында. Бүгін бастықтың әйелінің туған күні екен, барып бәрін дұрыстап қойып келдім. Өзім қоңырау шаламын деді.

  -Барлықтарың жиналған болсаңдар бастайық,- деді бастық қалың дауысымен. Оның шырайы қатаң, бір нәрсеге ашуланған сияқты. Бұндай кезде оған сөйлеу, отқа май шашқанмен тең еді.

 Мекемеміз заманында республика көлемінде озаттар қатарында еді, - деп бір өтірік жөтеліп алып, сөзін жалғастырда бастық,- Қазір өздеріңе мәлім, елімізді өзгертіп құру кеңінен қанат жайған.

Біз де өз кезегінде бұл жағдайға сай болмасақ болмайды. Міне осындай жағдайда, дос-жарандық, туыстық, жақындық қатарлыларға жол бермеуіміз керек. Жақында арамыздан бір көргенсіз шығып жоғарыға арыз жазыпты. Біздің мекемемізді өрмекшінің торына ұқсатыпты. Барлығы туған- туыс, достары жиналып алған бір ұяның аралары депті. Біздің қызметкерлер жылдар бойы бір-бірімен шынымен де туған-туыс, дос-жаран болып кетті.  Бір-біріне құда түсіп, туғандар, жақын достардан болды. Оның несі жаман? Тура бір отбасының балаларындай ынтымақтасып, еңбек етіп келеміз. Бұл тек көре алмаған, ойы арамдардың ісі деп ойлаймын. Жан-жақтан,- дұрыс, шындығында,- деген қолдап -қуаттаулар  естілді.

- Бірақ бір өкініштісі,( әдеті бойынша кекілін сипап қойды бастық),- Бізге үш адамды қысқарту жөнінде бұйрық келді. Міне бүгін осы жайлы  пікірлесіп, әр кім өз ойларыңды жасырмай ортаға салыңдар. Бастық ұзақ сөйледі... Арасында хатшы қыз екі рет шәй дәмдеп  алып кіріп берді. Ауызы ашылып қалған бәтіңкеге ұқсайтын күлдан темекіге толып кетті. Түтіннің ішінде қалған темекі тартпайтындар мен әйелдер жөтеле бастады.

  Күні кеше ғана,- сөзін жалғастырды бастық,- мекемеміздің бетке ұстары Мәшүр ағамыз ауыр кеселге ұшырап, демалысқа шығып кетті. Бағымыз оңынан туып, талантты баурымыз Туғлуқжан отбасы жағдайына байланысты Тәшкентке көшіп кетті. Міне осы жолдастарымыздан айрылу бізге өте ауырға түссе де, біз қуаныштымыз. Әйтпесе бүгінгі күні осындай озат қызметкерлеріміздің дереу үшеуінен айрылуға тура келетін еді. Енді бүгін болса, бағымызға қарай бір адамды ғана қысқартсақ болады. Қәне, ондай болса менің бірінші орынбасарым шетінен әрбір қызметкерге тоқталып, оның еңбекке қатысуы туралы толық тоқталып өтсін. Пікірсайысқа барлықтарыңыздың белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бастықтың бірінші орынбасары сөзге шығуымен жиналыс одан әрі қызып кетті. Мекемеміз бойынша мұндай жиналыстың бірінші рет өтуі еді. Қызметкерлер тура тордан шыққан жыртқыштардай ашуланған. Барлығының көзі қызарып, алдына келгенді тістеп, артына келгенді тебуге дайын. Әр кім жылдар бойы ішінде сақтап, ашып кеткен сөздерін бір-біріне шашуға асығады. Әйтеуір өткен жылдар барысында, кімнің қатыны неше рет кетіп қалды, кім арақ ішіп сауықтыру орнында жатып шықты, кім қанша рет жұмысқа сақалын алмай келді, қысқасы айтылмаған сөз қалмады. Ең қызығы, қызметкерлердің кәсіби шеберліктері туралы бір ауыз да айтылмады. Әр кімнің басында бір ғана ой, өзім аман қалсам, отқа басқасын итеріп жіберсем. Ол кім бәрі-бір.Талас-тартыс тура төрт сағат жалғасқаннан кейін үзіліс жарияланды. Үзілістен кейін тағы да бастық өзі тұрды. Ол ұзақ сөйледі. Хатшы қыз алып кірген шәйді ыстық-ыстық сіміріп, тағы сөйледі. Хатшыға темекі күлін тағы да төгіп келуге тура келді. 

 Бастыққа шынымен де ауыр тиді. Ауыр тимегенде ше, бас бармағымды тістесем шімелтегім ауырады дегендей, жат ешкім жоқ, барлығы өз адамдары. Алайда қандай да болмасын бір адамды қысқарту керек. Қай сор маңдай екен ол? Бастық ұзақ қиналғаннан кейін Һейтбақиның есімін атай алды.

  Бүгінгі жиналыстың қорытындысы бойынша,- деді ол кекілін тағы бір сипап алып,- көпшіліктің пікірі бойынша өз міндетіңді орындалмай жатыпсың. Еңбек тәртібін көбірек бұзып жатқан да сен екенсің. Сондықтан сені дауысқа салуға мәжбүрміз. Қәне, осы жоғарыда айтылған сөздерге негізделіп, Һейтбақи өз лауазымынан босатылсын деушілер қолдарыңды көтеріңдер,- деп бастық бірінші болып қолын көтерді. Әр кім өзінің аман қалғанына қуанып бір кісідей қол көтерді. Кейбіреулер тіпті екі қолын көтеріп алған еді. Бұл сөздерді естіп сұп-сұр болып кеткен Һейтбақи орнынан атып тұрды да, сөйлей алмай, еденге құлады.Тұйықсыздан телефон шырылдап кетті. 

     -Иә тыңдап тұрмын,- деді бастық,- не, алтын шынжыр? Астахпыралла, бұрынырақ телефон шалсаң болмай ма, әй, сені ме, болды, болды, түсіндім, бастық телефонның тұтқасын қойып, Һейтбақины тура бірінші рет көріп тұрғандай, қарап тұрды да қалды. Бірден көр тыныштығы жайлады. Һейтбақи қандай тез құлаған болса, сондай тез секіріп тұрды да, киімдерін қағып, түк болмағандай, аяқтарын айқастырып отыра қалды.

  Жоғарыдан телефон келді,- деді бастық түрін өзгертіп,- жолдастар, біз бүгін бір қателікке жол беріппіз. Жақында жолдас Һейтбақи жұмыс бабымен болған аудандардан жоғарыға алғыс айтқан хаттар келіпті. Жаңағы шығарған қорытындының күші жойылды деп есептеймін. Қәне, кімнің қандай пікірі бар? 

- Дұрыс, енді дұрыс болды. Һейтбақи табылмайтын маман. Оның келешегі бар,- дегендей сөздер жан-жақтан жауып кетті. Бұрышта отырған біреу,

- Хатшының қажеті не, хатшы босатылсын!- деп айқайлап жіберді.Мұны естіп жаңа ғана ыстық шәй көтеріп кірген хатшы қыздың қолынан шәйнек түсіп кетті. Шәй есіктің түбінде отырған әйелдің бұтына төгілді. Аяғы күйген бейшара әйел ұятты ұмытып, көйлегін қайырған күйі есікке өзін атты. Әлде бірі айқайлаған кісіні тоқтата бастады.

- Сен не деп жатырсың, хатшы қыз бастықпен жақын туыс. Анау бағынар емес,- Ой олар қалай туысқан болсын?

- Е-ей, ақылсыз, бастық болғаннан кейін хатшы мен туысқан болмай ма... Екеуі бықылдап күлісіп алды.

- Бас! Үстелді ұрды бастық, - бүгін жиналыс бітті, ертең жалғастырамыз.

Ә-әй, құрметті оқырман, ертеңі жалғасты деймісіз? Жоқ, қысқасы былай болды. Ертеңі жұмысқа келсем, бастық шақырып алды. Ол ұзақ сөйледі. Көп жылдық жемісті еңбегім үшін рахмет айтты. Болашағыма табыстар тіледі. Сөз арасында бір жапырақ қағазға қол қойдыртып та үлгерді. Егер орын босаса, сені сөзсіз шақыртып аламын деп, туғаныңдай шығарып салды. Сөйтіп, ойламаған жерден тағы сор маңдай мен ұштым.

 

                                            Сыйлық

  Осы бізде мейрамдардың көптігіне таң қаламын. Кеңес үкіметінің мирасы болып қалған  мейрамдарға Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тағы бір құшақ мейрамдар қосылды. Мейлі ғой, мейрамның болғаны жақсы. Алайда біз сияқтыларға ондай ұлы күндерде қатын, бала-шағаға сыйлық алу былай тұрсын, көңіл толмаса да қарын тоятындай дастарханды толтыру қиынға соғатыны жаныңды жейді ғой.

   Күні кеше ғана Кеңес армиясының құрылған күнін атап өтіп,бас жазылмай ақ, 8- наурыз  ханым-қыздар мейрамы келіп қалыпты. Әйелдерді адамзаттың көркем жартысы дейтінін қайтейін. Өзімізге де сол керек, дүкен бар ма, асхана бар ма, мейрамхана бар ма, бәрін солардың есімімен атап жібердік. Қәне, қайсы бір ұл баланы көрдіңдер, дүкенін өзінің атында Ғ

Қожахмет немесе Сейдахмет деп ашқан? Заман 180 градусқа өзгерді Қатындар салат қуырса, біз қамыр илейтін болдық. Міне маған үйдегілер екі дана байпақпен қол орамал сыйлады. Ол мені шын жүректен құтықтап сыйлық беріп отыр дейсіз бе, жоға, алдымызда ханым-қыздар мерекесі  келе жатыр, дайын бол деп, қармақ тастағаны. Сорлының қоншына тағы бит түсті. Біреуден қарыз сұрау, бекер әуерешілік. Еш кім бермейді, яғни бұлар менен соншалықты жалығып кетті ме түсіне алмадым. Мүмкін солай да шығар, өйткені мені таныйтындардың бәріне қарызбын. Онымен үйдегілердің шаруасы қанша? Мейрам күні сыйлықсыз үйге кіріп көр, жаныңның нақ елу пайызынан кештім дей бер.Ойлап қарасам, қатын алдындағы «қияметті қарыздан» құтылудың бір ғана амалы қалыпты. Ол дегенің қайыршылық жасасаң да пұл табу. Әйтпесе әр кез маңдайыңа түртіп, қаныңды ішкені ішкен. Сөйтіп бұл жоспарды жүзеге асыру үшін жолға шықтым. Темір жол вокзалына келіп, таныстар көріп қоймасын деп, жер асты жолындағы қараңғылау жерде, момын шырайымды одан әрі бейшара қылып, әкемнің әкесінен қалған құлақшынды тартып кидім де отырып алдым. Арадан бір-екі минут өтпестен, менен де ары киінген екі бейшара келіп,- жұмысыңды істе, бұл біздің орнымыз,- деді. Жан бағыс керек қой, мен де бос келмедім. Олар мені сүйретіп үстіне алып шықты. Бізді көріп, арырақта тұрған «Мерседес» көлігіндегі екі тақыр басты түсіп, қасымызға келді. Бәрін білген соң, - Егер бізбен жұмыс істеймін десең, күніне бес жүз теңге өткізесің,- деді. Таң қалып тұрмын,- егер тезірек бай болуды қаласаң, аяғыңды немесе қолыңды кесіп жібереміз, таныс дәрігерлер бар,- сөзін жалғастырды олар. Мен басқа біреудің қырманына кіріп қалғанымды дереу сездім де, рахметімді айтып кетіп қалдым. Мекен-жайымды өзгертуге тура келді.Ұрып отырып автобус вокзалына келдім. Ол жерде де жұмысым дұрыс болмады. Қызымның ән-күй сабағының мұғалімі есік алдында гармошка тартып отыр еді. Аэропорт қалай болар екен? Тәуекел, жоқ, болмады. Автобустан түсіп ақ, ұлымның сынып жетекшісінің «ыстық перәшке», «ыстық шебурек » деп айғайлап жүргенін естідім.

Артында дәрігер жолдасы перәшкимен шебурек  салынған  кастрюльді арбамен сүйреп жүр. Қап, не істеу керек! Үйдегілерге ең болмағанда бір дана гүл беріп, бетінен сүйіп қоюға да шамам жетпей жатқанына өкініп тұрмын. Тұйықсыз қоқыс тастайтын ыдысқа көзім түсті. Оның бірінші бетіне үлкен әріптермен «Қазақстан-2030: Барлық Қазақстан халқының гүлденуі, қауіпсіздігі және жақсы тұрмысы дәуірі» деп жазылған еді. Міне, нақ өзі, енді таптым! Керегі осы емес пе? Бұдан артық сыйлық бола ма? Автобуста келе жатырмын. Қуанышымда шек жоқ. Құдай бұйырса, Алла- тағалла амандықты берсе, 2030 жылға не қалды? Ештеңе жоқ. Тек қана сабырлылық керек. Бүгінгі қиыншылықтар өткінші дәуір. Міне 2030- жылдан кейін еш нәрседен жоқшылық көрмей, баршылықта өмір сүреміз. Көңілім бір аз болса да орнына түсіп, өзімді жайлы сезіндім. Өйткені қойнымда жүрегімді жылытып, болашаққа үміт беретін президентіміздің болашаққа белгілеген стратегиялық бағдарламасы бар емес пе! Бірақ, бұл сыйлығыма үйдегілер не дейді екен?... Дегенмен сор маңдай пендеңді пәле-қазадан өзің сақтағайсың, құдайым!

 

Тоба

Мүмкін бұл оқиға кейбіреулерге күлкілі  білінетін шығар, алайда мен үшін ащы шындық. Өмірде адам баласының бір тал темекіге де зар болып қалатын күндері болады екен. Сендерге өтірік, маған рас, өткенде бір тал темекі  үшін бақилық болып кетуге аз қалдым. Ерте тұрып, асығыс тамақтандым да, жұмыс іздеп көру мақсатында көшеге шықтым. Көк базарда бір күндік жұмыстардың шығатынын естігендіктен, бірден сол жаққа бармақшы болып, бекетте тұрмын. Темекі тартқым келгені сонша, құлақтарым ісіп кетті. Бір аз, жиырма- отыз адамнан сұрап көрдім, ешкім бермейді. Бағыма автобус келіп қалса ғой, темекі тартып тұрғандардың біреуі болса да лақтыра салатын еді. Қайдағы, әне, автобус келіп еді, шляпа киіп, көзәйнек таққан біреуі, темекісін өшіріп, абайлап қол орамалына орап қалтасына салды да, автобусқа отырып кетіп қалды. Құмарлық деген жаман ғой, өзімді қояр жер таппай тұрмын. Тоба, темекіге де сонша зар бола ма? Көк базарға баратын екі автобус кетіп қалды. Әдейі отырмадым. Қалай отырамын, темекі құмарынан жолда бір нәрсе болсам ше? Денем қызып, ыстығым көтеріле бастады. Жүрегім қанғанша тартып алып жүрмесем, көк базарға аман жетіп баратыныма көзім жетпейді. Я- құдай, көзіме сенбеймін, әне біреу тартып келе жатыр. Міне маған үш-төрт адым жерде тоқтады. Бірақ денесіне қарасаң, одан темекі артылатын түрі жоқ. Бойының ұзындығына қарамастан, іші де шығыпты. Айттым ғой, бір темекіні төрт рет сорды да тауысты. Әне, костюм- шалбар киіп, галстук таққан бір зиялы адамға қарап енді ғана бір адым тастап едім, менің ішімдегін тауып алғандай, қабағын түріп бір қарады. Мен дереу түсініп, ойымнан қайттым. Мен барған сайын ісініп барған сияқтымын, теріме симай, тынысым тартылып барады. Тура мақтанғандай бағанағы дәу тағы бірін тұтатты. Сол арада бұрылыстан автобус көрінді емес пе! Менің қуанышымда шек жоқ. Әйелім ұл тапқанда олай қуанбаған шығармын. Ол тартып жатқан темекісін қоқыс ыдысына тастап еді, ішіне түспей, жанына түсті. Құдай берді деген осы емес пе? Әне, садағаң кетейін түтінденіп жатыр. Менен бары-жоғы үш адым ғана. Автобус та кетті. Арырақта екі кемпір әңгімелесіп тұр. Бекетте басқа жан жоқ. Міне бақыт. Бісміллә, деп енді ғана жүріп едім, иығымнан біреу қағып,- қалай ей көрші,- демей ма. Өлгенге тепкен болды да. Оданша бетіме шапалақпен соқса болмаспа еді.

Бұрылып қарасам, көршім. Мүмкін осыда темекі бар шығар, деген ой келді де, өзімді құлап қалудан әрең тоқтаттым. Жоқ, басында бермеген құдай аяғында да бермейтін көрінеді. Мен тіпті ауызымды ашып үлгірместен,- әке темекіңді,- демей ма! Жүрегім аузыма тығылып, ауызымды ашалмай қалдым. Ол да менің ісіп кеткенімді көріп, көзіне жын көрінгендей қорқып кетті. Не болды, ай-күні жетіп қалған қатындардай ісіп кетіпсің ғой,-  деп қояды. Сөз табалмай, ішім ауырып жатыр деп қойдым. Екі көзім темекіде. Қап, өшіп қалса ғой, деп қоямын ішімнен. Оның қырсыққандай өшпей тұрып алғанын айтсаңызшы. Құдайға шүкір, біреу абайсызда басып қалып темекі өшіп қалды. Кезектегі автобус келіп еді, қарғыс атқыр көршім де кетіп қалды. Я- құдай, жарты темекіге де пендеңді сонша қор қыласың ба? Менің сонша не кінәм бар еді? Құдайға мың – бір назымды айтып, темекіге қарап енді ғана жүріп едім, шешесінің қолынан жұлқынып шыққан бір қыз бала, -  какай-какай,- деп аяғымен басып темекіні мыжи бастады.  Кімге «какай», кімге алтын болып көрініп жатқанында ол кішкентай сәбидің не шаруасы? Тоба, бала деген бала ғой, шешесінің қой дегеніне қарамастан, мыжып жіберді, обал. Тіпті кемпірауызбен қысып, бұрып жібергендей, жүрегім шаншып кетті. Күн түс болайын деді. Арақты өлердей ішіп, пахмель жасамай өліп кеткендер бар дейді. Мен де темекінің құмарынан бақилық болып кетпесем болар еді. Дегенмен, құдайдың көзі бар дегені рас екен. Автобустың келісіне бір жас жігіт енді ғана тұтатқан темекісін лақтырып тастап еді, екі аяғымның ортасына түсті. Міне бақ! Иіліп ал да, рахаттанып шеге бер. Тоқта, біраз сабыр етейін. Сонша шыдадым, автобус кеткенге дейін шыдайын. Ерегіскендей, оның жүрмей, пыртылдап тұрып алғанын айтсаңызшы. Ақыры шофер түсіп, басы сыйып арты сыртында қалған бір- екеуін лақтырып тастағаннан кейін ғана жүріп кетті. Я- алла, жарты күндік зарым мен назым құдайдың құлағына жеткенге ұқсайды. Нақақтан-нақақ өліп кетуден сақтағайсың, ием! Көзімді темекіден үзбей, бісміллә деп енді ғана иіліп едім,- Балам, көк базарға қай автобус барады?-деген дауыс естілді. Кез келген автобусқа отыра беріңіз, бәрі барады,- дедім тезірек құтылу мақсатында. Қайдағы, кенедей жабысып алды. Тоба, ауызы ауызына тимей сұрамаған нәрсесі қалмады. Кемпір деген кемпір ғой. Ақыры автобус келіп, сөмкелерін салысып жібергеннен кейін ғана құтылдым. Сол арада бір жас жігіт қырғидай шығып, жерде жатқан темекіні алды да, ағаштардың арасына кірді де кетті.Тоба жүгірген қалар, бұйырған алар деген осы екен ғой! Тоба не күн бұл маған!  Жоқ, болды, әр нәрсенің шегі болу керек.Тегі шекпесем шекпей ақ қойдым. Үйге қайтайын, не болса да бала- шағамның жанында болайын. Бір нәрсе болып қалсам, өсиет айтып болса да үлгеремін. Жүруге енді ұмытылғанымда, бір жас жігітке ұрылып кеттім. Мен кешірім сұрап үлгергенше, ол оқасы жоқ деді де, қолынан түсіп қалған, әлі тұтатпаған темекісіне де қарамастан, ары жақта тұрған қыздың жанына кетті. Алдымда бүтін бір темекі көздің майын жеп жатыр. Болды, ұятты қойдым. Айналама да қарамаймын. Міне темекіге де қолым жетті... Желкемді қысқыштай қысып алған күшті қолдар мені тұрғызды. Бұрылып қарасам, екі сақшы. Мәшинеде үшіншісі отыр. Сол арада дәрежесі жоғарысы кішісіне темекіні алып алуды ишарамен көрсетті де кішісі темекіні алып алды. Олар мені мәшинесіне олтырғызып алып сұраққа алды. Бұл кезде мен мүлдем тілден қалған едім. Жартылай сөзбен, жартылай ымдап, оларға темекі шеккім келіп тұрғанын айттым. Олар күліп жіберді.Сен бізді ақмақ етпе сен ішіп алғансың,- деді біреуі. Жоқ, бұның көздері алақ- жұлақ, бұл шекіп алған болуы керек,-қосымшалады екіншісі. Мен ішпедім де, шекпедім,- деп ант ете бастадым. Олар түрімнің нашарлығына қарап, менен тірісінде құтылайық деді ме, әйтеуір сенгендей болды.  Мейлі үйіңе бар, тез жәрдем шақыр. Сенің болашағыңнан күмәніміз бар,- деп қоя берді. Әлбетте, жолға деп салып алған пұлды «алуды» ұмытқан жоқ. Мәшинеден түсіп, екі-үш адым жүрмей ақ, біреу қара дегендей болды. Қарасам, өз көзіме өзім сенбедім, бағанағы темекіні үш сақшы таласып тұрып шегіп жатыр.

Бермеген тәлейде әкеңнің құны бар ма, деген екен мен сияқты бір бейшара. Бұл не деген тәлейсіздік, маңдайымның соры бес елі!

       

Қарақшы мен сақшылардан сақ болыңдар

Осы сақшылармен менің сіркем су көтермейді. Өзімді олардан қанша алыста ұстасам да, сақшы деген алдымнан үніп шығады да тұрады.  

Жаңа жыл жақындаған сайын халықтың көңіл күйі жоғары, дайындық жұмыстарын бастап кетеді. Мен керісінше, Жаңа жыл мейрамынан соғыстан қорққандай қорқамын. Бір апта бұрын ауыз- мұрныма ұшық шығып, безгек адамдай аяқ-қолым тітіркене бастайды. Бұрын ондай емес еді.  Тура екі жыл бұрын бұл кеселді тауып алдым. Қысқасы оқиға былай болды.

...Жаңа жылда үйдегі қосағымның туған күні. Екі жыл бұрын ол тура қырық жасқа кірген. Туған-туыс, дос-жаран болып бес-он адамды шақырып, қалай атап өтпейсің. Жоқ десең, әйелің мен енеңнің алдында саяси қате кетесің. Оның үстіне жаңа жылдың алдында үйімізге кәдімгідей береке кіріп қалған. Шешеміз екі айдың зейнетақысын алған, мектепте оқып жатқан екі баламызға «Садақа» қайырымдылық қоры көмек ақша беріпті. Әйелімнің үлкен ұлына алимент төлемей қашып жүрген бұрынғы күйеуі алты айға бірден төлеп беріпті. Сол кезде тура басымызға алтын құс қонғандай жайнап, көздерімізден қуаныштың жастары шығып еді. Әйелім маған тура он мың теңгені санап беріп, қалтама алатын заттардың тізімін салып қойды.  Оның сыртынан елу теңгені жеке беріп,- Мыныған сыра ішіңіз,- дегенде, жүрегім жарылуға аз қалып еді.  Сол кезде одан өмірімде бірінші рет риза болып едім. «Мен сенен еш қашан айрылмаймын, бәрі бір сенен жақсысын таба алмаймын, сенен жаманыда болмауы керек», деп ризашылығымды білдіргенім әлі есімде. Қысқасы, үйдегілер берген пұлды орамалға орап беліме байладым да, көтерме базарға аттандым. Әуелі бағаларды салыстырып, бір айналып шықпақшы болдым. Базардың қақ ортасына келгенде:

- Рүстем, бұл сен бе,- деп қалды. Бұрылып қарасам сақшылардың киімінде үш кісі тұрыпты. Ортасында тұрған майор дәрежесіндегі сөзін жалғастырды:

- Танымадың ба, бұл мен ғой, Сәбит? Екеуіміз мектепте бірге оқып едік қой? Сәбит мектепте оқығанда, арық, нәзік бала болып, сыныпымыздағы ұл балалар  былай тұрсын, тіпті қыздардан да таяқ жейтін. Қазір семіріп, екі беті тарсылдап тұр. Екеуіміз құшақтасып көрістік.

Мен оған жарасқан киіміне сүйсіне қарап:

- Жарайсың, майор! Сен жолыңды тауыпсың,- дедім.

-Жаман емес, өмірге ренішім жоқ,- деді ол қасындағы серіктеріне қарап.

- Базар айналып қалыпсың ғой?- сұрады ол  тағы біраз қал-ахуалды сұрағаннан кейін.

- Енді мейрам алдында базар айналмасақ болмайды да, Жаңа жылда құры дастарханға қарап намаз өтемейсің,- дедім мен. Олар әбден күліп алды.

-Мейрамға дайындық де. Жақсы, жақсы, Розаның қалі қалай?- өте мейірімділікпен сұрады ол.

- Рахмет, жаман емес.Айтпақшы, бүгін оның туған күні, қырық жасқа кіріп отыр, уақтың болса үйдегілерді ертіп кел,- деп шақырып қойдым.

  • Досым, кешкісін уақытым болмайды,- деді ол,- Егер жуып беремін десең, жүр анау асханаға барып бірді ішейік. Өзіме аз,- өзімді өзім жұбатып қоямын. Олардың алдында еркек намысымды жоғалтқым келмей, амалдың жоғынан асханаға бастадым. Асханада отырыс қызып кетті.Үшеуі үш жақтан маған «кірпіш» қойып, үйдегіге бақыт тілеп, екі бөтелке арақ ішті, кәуапты төртеуден, бір тәрелкеден лағман жеді. Нақ екі мың жеті жүз теңге төледім. Маңдайымнан тер шығып кетті. Өзім айыпты, ауызымнан кеттім. Жарайды, дастарханды есептесіп сыртқа шықтық. Жанымдағы пұлды көріп қойған Сәбиттің мені жібергісі келмеді. Мен жұмысымның асығыс екенін айтып, олардан әрең дегенде құтылдым. Бір аз сауда жасап тұрғаным сол еді, қасыма тағы төрт сақшы келді. Олардың бірі төлқұжатымды талап етті. Құдайға шүкір, төлқұжатым бар екен.

   Төлқұжатымды көрген маған қайтарып беріп жатып,- Сен ішіп апсың ғой,- дейді.  Мен жиырма жылдан аса көрмеген сақшы сыныптасымды кездестіріп қалғанымды айтып,онымен бір-екі рөмке алып қойғанымды мойындадым. Бұны естіген шетте тұрған екеуі қуаныштан секіріп кетті. Біреуі келіп мені құшақтап, бетімнен сүйіп қойды.

- Сен білесің бе, - жалғастырды төлқұжат тексергені,- қоғамдық орындарда арақ ішіп алып жүруге болмайды.

- Кешіріңіздер, мен бар болғаны бір-екі рөмке ғана іштім.

Сөзге екіншісі араласты:

- Екі рөмке іштің бе, екі бөтелке іштің бе, онымен біздің шаруамыз жоқ, бізге иісі болса болды.

-Қәне, жүр, алдымызға түсіп жүр. Мен жан-жағыма қарап Сәбитті іздей бастадым. Сол арада екі қолымды артыма қайырып, сүйретіп алып жүрді.Мен тартысып та көрдім. Екіні жеген соң  бағынуға мәжбүр болдым.Олар тағы бір-екі рет соқты да мәшинесіне  тығып жіберді.Мәшине орнынан қозғалғанда, Сәбиттің ыржиған түрі көзіме түсті. Көп өтпей арнайы сауықтыру орнына жетіп келдік.Тез арада мені анадан туғандай жалаңаш қалдырып, дәрежесі жоғарысы қалтамдағы пұлды шығарып, санай бастады.

 - Алты мың жүз алпыс екі теңге. Бүгін деміңді ал, ертең айыппұлыңды төлеп шығасын. Мен деймін:

- Не үшін қамайсыңдар? Мен бір қылмыс жасамасам? Олар күліп кетті.

- Сен қайдан келгенсің? Немесе басқа планетадан түстің бе? Егер саған себеп керек болса, қазір қалтаңнан анаша да шығарып береміз. Қажет болса қару да шығарып береміз. Олар тағы күле бастады. Он адамға арналған бөлмеге, сауы, масы болып отызға жуық адамды тығып тастапты. Демалғысыз сасық. Мастар ауызына келгенді былжырап, әлдекімдерді ұрысып жатыр. Қап, деймін, қазір бейшара қатынымның қонақтары келіп жатқан шығар. Қалай оларды күтіп алады? Қайдан ғана анау сыныптасымды кездестірдім? Жиырма жыл көрмеппін, тағы екі жүз жыл көрмесем  ғой. Бәрін істеген сол.  Кешкі сағат он бірлер шамасында мені кезекші сені үйде бала-шағаң күтіп жатқан шығар? Біз сені шығарып жіберейік пе деп жатырмыз. Олар тура атуға шығарған соттың үкімін күшінен қалдырғандай, қуанып кеттім.

Сенің рахметіңмен түк те бітпейді,- деді біреуі.

- Не қалтаға салуға болмаса, не стақанға құюға болмаса,- деді екіншісі. Тағы да бәрі күле бастады. Бастығы үстелдің тартпасынан  менің пұлдарым мен заттарымды шығарды.

- Қара, қазір әр адам үйде,  жаңа жылды бала-шағасымен қарсы алып жатыр. Ал , біз болсақ жұмыста, халықтың тыныштығын сақтаймыз деп, осындай мерекелерде жөнді дем алмаймыз. Дүниедегі ең қиын қызмет сақшылардың болса керек.

- Дұрыс, дұрыс, сіздердің қызметтеріңіз өте ауыр және қауіпті. Алла жар болсын!- мен енді оларға жағымпаздануға өттім.

-Жарайсың, аға, сен дұрыс түсінеді екенсің. Енді қара, таң атқанға дейін сені ұстап не істейміз? Одан да бала- шағаңмен мейрамдамайсың ба? Біз де мына жерде тиіп-қашып болса да бір аз атап өтейік. Мейрам болғаннан кейін дастархан жаю керек. Оның үстіне үйде бала- шаға бар дегендей. Олардың да қарны ашады деген сөз. Мынаны бөліссек қалай қарайсың?- деп менің ақшамды көрсетті. Мен дереу келістім. Өйткені, сақшылардың біреуі қолындағы резеңке тоқпағын сүйсіне сипалап тұрды.

- Мейлі, мейлі, мен бес жүз теңге берейін. Олардың түрлері бірден бұзылды.

- Сен не, бізді мазақтап тұрсың ба? Бөлісейік деп тұрмын. Мейлі , мейлі тең жартысын алыңдар,- мен енді олардың қандай да шартына риза едім. Бастығы ашулана бастады:

- Сен қандай адамсың, сендердің мектептеріңде  есеп сабағын өтпеген бе? Қарашы, біз үш. Егер бізбен бірге серік боламын десең, сенімен төрт боламыз. Демек, төртке бөлу керек, түсіндің бе?

   Мен әлбетте түсіндім, өйткені анау сақшы резеңке тоқпағын қолына алды ғой. Бастығы өзіне тиесілі ақшаға қосымша, мен сатып алған екі кило колбаса мен темекімді де алып алды. Тағы бір сақшының тырнақ алғышқа көзі түсіп:

- Ағасы, мынаны маған естелікке тастап кетпейсің бе?

- Әлбетте, әлбетте, алыңыз сіздердей адамдарға естелік сыйлық қалдырмай қалай көңілім тынышталады.

Сыртқа шығып, қыстың таза ауасынан әлсін-әлсін жұттым. Қалған бір мың жеті жүз теңгені алақанымда мыжғылап ұстап бара жатырмын.

Артымнан топырлап жүгіріп келе жатқан дыбыстар естілді.

- Ей, тоқта, темекің бар ма?- орысшалап сұрады, он сегіз, жиырма жастар шамасындағы бір топ жігіттер мені тоқтатып.

- Жоқ, сақшылар тартып алды,- дедім мен.

- Немене, біз сенің артыңнан екі көше бекер жүгірдік пе?

Құлақшыңды көрсетші, ой-бай, мына құлақшының атаңның мирасыма не? Қасыңда ақшаң бар ма?

-Иә, ақша жоқ, бәрін алып қойды.

- Ағасы, бұл ұлы ай, ұлы күндерде өтірік айтуға болмайды. Келші біз сені бір тексеріп көрейік. Олар ақшамды тауып алып, қатты ызаланды. Одан соң маған теория мен практиканы байланыстырып, ұзақ  уақыт насихат оқыды.

... Тура жиырма бір күн ауруханада жатып шықтым. Содан бері дүкен, базарларға бару былай тұрсын, қалтама сынық тиын салмауға ант еттім. Енді замандастарыма маслихат, мейрам күндері сақшылардан және қарақшылардан сақ болыңдар! Мұндай ауыртпалық, мен- сор маңдаймен кетсін!

 

 

 

 

Дертпендің  зары

 

Кім қандай, алайда мен жанымнан тойдым. Бала туғанда өз ризығымен туады, дейді ғой. Жалған сөз. Өтірік! Міне біз өткен жылы қыстан әрең шықтық. Биыл қыстан сау- саламат шығатынымызға көзім жетпейді.

Балалар тамақтың шатағын шығарса, бірден шайқасқа өтеміз. Көп жеген адам ақылсыз болады. Оның үстіне мына шет елден келіп жатқан азық-түліктен  ауру шығып жатыр. Әр түні сағат екіде тұрғызып алып,таң атқанға дейін еттің зияны туралы үш ақ рет лекция оқып едім, балаларым ет жеуден мүлдем қалды. Еткен шайды аптасына бір рет қана ішеміз, өйткені сүт те удай қымбаттап кетті емес пе?

Басымыз өте ауырып кетсе, балаларды ұйықтатып, ер-әйел екеуіміз ішіп аламыз. Бұрында әйелім менен ұрлықша ішіп жүріпті. Бір күні түнде оянып кетіп, жарты кесе сүтті ұрлап бара жатқанда ұстап алдым. Екеуіміз моншаға кіріп еткен шай ішіп алдық. Содан кейін түн ортасында мені оятатын болды.

Балаларымыз өте жақсы тәрбие алып жатыр, әрбір кесім нанды жегенде көзімізге қарайды. Нанды көп жеу зиян ғой! Өйткені НаНда «Н» дәруменінен екеуі бар емес пе. Еш қайсысы қара шайға қант салмайды. Тек мейрамдарда ғана бір қасықтан рұқсат.

Бір күні кенже қызым ұлымнан сұрады:

- Аға, сары май деген не?

Ағасы деді:

- Нанға жағып жейтін зат.

Қызым тағы сұрады:

- Тәтті ме?

Ұлым маған телміріп қарады. Мен жұдырығымды көрсеттім.Ұлым деді:

- Жоқ, удай ашты. Қызым тынышталды.

Құдайға шүкір, үйде теледидардың болмағаны жақсы екен. Теледидарды өткен жылы екі мешок ұнға ауыстырғанбіз. Әйтпесе, теледидарда шет елдерден келіп жатқан азық- түліктердің жарнамаларын көріп, балалардың көзі ашылып кететін еді ғой.  Бір жағынан балаларға ішім ашиды. Күнде һалга жейді. Май мен қант болмаса ол  да қағаз шаптайтын желімге ұқсап қалады екен. Оның үстіне һәләп жеген бұқыдай адамды ісіндіріп жібереді екен.

Ісік қайтсын деп балаларға үш күнде бір жылы су береміз. Бір күні тоқ болсын деп әйелім тұз қосып жіберіпті. Құдай сақтасын, балалардан айрылып қала жаздадық. Барлығының іші өтіп, тез жәрдем шақырдық. Мен өзім төрт-бес күн памперс киіп жүрдім. Сенбі күні шақырған тез жәрдем дүйсенбі күні келді.Оның үстіне шофері жалғыз келіпті. Дәрігер қайда десек,- Жалақысы аз деп жұмыстан шығып кеткен,- дейді. Шақыртқандарыңыз үшін  бензинге деп бес жүз теңге алып кетті.

Өткенде үйдегілер бір спонсор тауып, балаларды моншаға апарып келді. Я- алла сұлу болып кеткендігі сонша, тоқтамай екі сағат еркелеттім. Балалар шетте қалды.

Бір күні әйелім:

- Мына көршілер машинасын сатыпты, кіріп таң атқанға дейін мың доллар қарыз алып тұрасыз ба?- дейді.

Оны қайтесің десем,-, Басымызға қойып жатсақ, құдай бізге де беріп қалар,- дейді. Ақымақ болып алып шыққаным бар ма! Таң атқанша ұйқы жоқ! «Шыпыр» етсе, «рекит» келді деп тұрып кетеміз. Өзім күректі ұстап, есіктің түбінде отырып шықтым. Балаларға таяқ- тоқпақты ұстатып, терезелерге бөліп жібердік.

 Әйелім оқтауды ұстап ана бөлмеден мына бөлмеге жорғалап жүр. Рекит келе қалса күмәнданбайды деп, долларды үш жасар қызымыздың беліне байлап, бесікке бөлеп жібердік. Таң атар кезде аулада бір нәрсенің дауысы естілді.

-Е, міне, келді, - деді үйдегілер. Бүкіл отбасы «қару жарақтарды» дайындадық. Ер-әйел екеуіміз бір сәт көзге жас алып, аман қалғанымыз балаларға жақсы қарайық деп бір- бірімізге өсиет беріп те үлгердік. Жым- жырт. Терезеден зер салып қарасам, қазықта ілулі тұрған тегешті мысық түсіріп жіберіпті. Таң сәріде бәріміз ұйқыға кетіппіз. Есікті біреу қағып қалды. Ұйқылы, есікті ашқан бойы қолымдағы күрекпен алдымда тұрған адамдың басына қойып қалдым. Менде бір ғана ой, біреуін құлатсам, қалғандары қашады. Сол арада үйдегі мен балалар «Алақай»мен  жүгіріп шығып, жерде сұлап жатқан «рекитті» жан-жақтан сабай жөнелді. Біраздан соң ауызы- мұрны қанға боялып жатқан «рекитке» зер салып қарасам, маған доллар берген көршім.

Кейінірек білсем, мен долларды сағат сегізге дейін алғандықтан, сағат тоғыз болып кеткендіктен қайғырып кірген екен. Екі ай болды ауруханада жатыр. Өзіме тілеп алғаным, күніне үш рет барамын. Қатыным ұл тапқанда перзентханаға олай бармап едім. Балалардың тамағын тағы да қысуға тура келді. Оның үстіне долларды уақтында бермегенім үшін, оның өсімін төлеп жатырмын. Өзімнің дерті аздай, мендей сор маңдайға бұл не сор?!

 

 

Көршімнің дерті

Міне содан бері көршің қалай болып қалды деп, жұрт көшеде жүргізбейтін болды. Шынымды айтсам, жағдайымыз шатақ. Көршім бір түрлі болып қалды. Басының жартысына пластмасса салды. Кеш батқанша басына  әйелінің орамалын артып алып, ыржиып отырғаны отырған. Кірген- шыққанға айтатыны «Әссалам!». Жаңа түскен келінің бекер қалсын. Егер қатыны бес рет далаға шықса, бес рет сәлем береді.

Ол аздай қатынын әпке дейтінді шығарды. Әссалам әпке, әссалам әпке! Құдай сақтасын, өзімен кетсін. Яғни адам аурушан болып қалса, адамгершілігі күшейіп кетермекен. Тоба, құдайдың құтты күні әйелін ұрып- соғып, біздің үйге қуып кіретін адамның болып қалғанын қараңдар. Қатынының  шатағын айтсай  ше! Бұрынғы күйеуімді қайтарып бер, таяғын сағынып кеттім. Маған ер кісі керек, еркісі! Не істеймін бұл орамал салғанды.

Бір күні көршіме ақыл айтып көрмекші болдым.

- Көрші , кел жаныма отыр. Бұл сен Әласопы, ер кісі,ер, түсіндің бе? Ол айтты:

Түсіндім.

Е, жарайсың. Ал бұл әпкең емес әйелің, сенің қатының, түсіндің бе?

- Түсіндім.

-Әй, сен тез ақ түсіндің ғой. Бұл сенде толған ақыл ғой ә? Жарайсың жігіт, жарайсыңІ Енді сен маған айтшы, ер-әйел екеуі бірлесіп не істейді?! Ол пластмасса басын қасып тұрып қалды. Мен оған үйреттім:

-Ер-әйел бірігіп,үй ұстайды, балаларды тәрбиелейді, түсіндің бе?

Тағы не істейді?

Ол тағы басын қаси бастады. Бір кезде:

- Би билейді,- демей ме.

Ашуымның келгені сонша,-Иә, биле биіңді,- деп, бетіне шапалақпен бірді салып шығып кеттім. Тура бір апта кірмедім. Кейінірек кірсем, құдай сақтасын, насоспен үрлегендей доп-домалақ қатыны азып, жіптей болып қалыпты.Таң ертеден кеш батқанға дейін би билететін көрінеді. Қатыны мені көріп, әлсіздіктен өзін еденге тастай салды. Орамал салған сайқалымыз тағы да қолын көкірегіне қойды,

-Әссалам. Тоба, мынаны не істеймін а? Немесе тәуекел деп тағы да күрекпен ұрып көрейін бе? Жаманның дәрісі жаман дейтін. Е, жоғә пәленің үлкенін таппайын тағы. Одан көрі тағы да ақыл айтып көрейін.

- Әласопы, кел көрші, қасыма отыр, сабағымызды жалғастырайық. Маған айтшы, сен кім?

Мен Әласопы, ер, ер кісі.

- Ой, жарайсың көрші, бәрекелді! Мынаушы бұл кім?

Ол күліп жіберді:

- Бұл қатын, менің қатыным,-дейді.

- Жарайсың көрші, жігітсің. Ақылыңнан айналайын,тіл тимесін! Енді айтшы ер-әйел бірлесіп қандай жұмыстарды атқарады, не істейді? Ол сауысқандай сайрады,- Бірігіп үй ұстайды, балаларды тәрбиелейді,- пластмасса басын қасып қойып,- би билейді,- дейді.

- Жарайсың, көрші,жарайсың, қатынмен би билеу де қажет.Бірақ той-думанда. Тағы ше, ер-әйелдің қандай міндеттері бар? Ол бір аз басын қасып тұрды да, қуанғанынан шапалақ ұрды:

-Таптым!

- Нені таптың?

-Ер-әйел екеуі тағы отын кеседі,- дейді.

Құдай сақтасын, оданша би билеген жақсы екен. Әрең жаны қалған әйелін отын кескізіп өлтіріп қоймасын тағы. Тоқта, бұнымен басқаша сөйлесіп көрейін.

-Ей, Әласопы, отынды қой, әйел адамға отын кесуге болмайды. Одан да сен маған айтшы, есіңдеме, мен сенен мың доллар қарыз алғаным?

- Есімде.

-Енді есіңдеме, басың күрекке тиіп кеткен  кезде, мен саған өсімімен қайтарғаным?

Ол айтады:

-Жоқ, есімде жоқ. Міне саған, жынды. Шайтанға сабақ беретін жынды ғой мынау. Бергені есінде, ал алғаны есінде жоғы қалай.Тоқта, пұлды алмадым деп шатақ шығармасын тағы. Одан да заманның тыныштығында әйелімен сөйлесейін:

-Ей, Әласопы, бар сен далаға шығып, отыныңды кесе бер. Ал мен әйеліңмен біраз билейін, десем,- жоқ, болмайды,- дейді.

- Неге болмайды,- десем,- Бұл менің қатыным, сен өзіңдікімен биле,-дейді. Ой, тоба, міне саған аурушаң.

- Ей, ақымақ,- дедім ашуланып,-бар, шық, жоғал!

Ол айтады:

-Өзің ақымақ, өзің жоғал!

-Ер мен әйелдің міндетін білмейтін сен ақымақ!- десем,- Ер-әйелдің міндетін білмесем бес бала аспаннан түстіме,- дейді.

-Әй, сен өтірік аурусыңба?- десем,- Өтірік болмағандашы, ақымақ деп сені айтады, өтірік ауру болып, өзімді саған екі жыл баққыздым. Сен сияқты тағы бір ақымақты тауып алсам зейнетке шығатын едім,- дейді.

- Я-алла, бұл заман не боп бара жатыр өзі?, Иә, Мынаның тапқан амалын қараңдар. Мұндайлар жан бағу үшін түсіңде көрмейтін қулық-сұмдықтарды істетуден тайынбайды екен. Тағы сондайлардың мен сияқты сор маңдайға жолыққанын айтсаңызшы!

 

Дерт үстіне дерт

Міне солай, пұл таппаған ердің абырой-беделі де болмайды екен. Не бір дұрысырақ жұмыс таба алмадым. Әйтеуір күндер жылап-сұқтап жүріп өтеді екен. Айдың он бесі қараңғы болса, он бесі жарық деп қояды тағы. Басқасын білмеймін, менікі ай, отыз күннің бәрі де қараңғы түн болып жатыр, әйтеуір. Балаларды да шаршағанша тауып алыппыз. Үйдегі де ешкі сияқты туа береді екен. Маған айтатынын қайтесің, «Бір үйдің жанын баға алмайды. Ер емес, ез, сен сияқты баланы тапқанша, шешең алдырып тастағанда ғой»- десе, уы сүйек- сүйегімнен өтіп кетеді. Мен деймін, «Сабыр ет, ел қатары өмір сүрдік. Бұл қиыншылықтың бәрі уақытша. Қазір барлық ел солай қиналып жатыр. Маған да жұмыс шығып қалар». Қайдағы, кеш батқанша қайталап, маңдайыма қаға береді.

Бір күні оның туыстарының келетінін естіп, тоқта, туыстарының алдында бұған бір көрсетейін деп, киімдерімді шешіп бір ғана шалбармен қонақ үйге кіріп отырып алдым. Бір сүйек, бір ет арықтығымды көріп, маған іші ашып, туғандары оны басады, деймін өзімше. Бір кезде ол мені көріп:

-Иә, анадан туғандай болып алыпсың ғой? Ми жоқ басыңа тағы қандай ой келді?

- Мені қаншалықты бағып жатқаныңды туыстарың көрсін,- дедім ашумен. Ол қарқылдап күліп кетті:

-Сен анау жұқа шалбарыңды да шешіп жібер, туыстар көрсін, не үшін сені бағуым керек?!

Қатынмен тең болу бекер екен, басыңа пәле тапқаның тапқан. Бұл әлемде қатынына сенікі рас деген ер ғана ұтатынға ұқсайды.               

Бір күні ол кереметтей  ақылды бір пікір айтты:

- Өзіңнің қолыңнан бес теңге пұл табу келмегеннен кейін, мына ауламыздағы біз үйленген кезде тұрған екі ауыз  үйді жуып-тазалап, пәтерге берейік. Бәрібір бұзылып- шашылып тұр,- дейді. Жарайсың, қатын!

Дегенмен, менімен салыстырғанда ақылының жоғары екендігіне көз жеткіздім, қол қойдым. Әлбетте бұл ұсыныс маған кереметтей ұнады.

-Онда мен газетке жарнама берейін,- деппін асығыстық жасап.

- Асықпа, өкпеңді бас,- деді ол,-көрінгеннің керегі жоқ. Екі-үш студент тауып келсең болды. Мен таң қалдым.

- Неменеге көздеріңді бақырайтасын,-деді ол,- студенттердің пайдасы көп. Біріншіден, ел қатарлы ақшаңды төлейді. Екіншіден, үйдегі жеңіл-желпі жұмыстарыңа көмектеседі. Үшіншіден, ең негізі, студент бар үйде таракан, көртышқан, тышқан деген болмайды. Тіпті жаздың күні шыбынды да таба алмайсың.

- Неге? -деппін тағы да асығып.

-Ей ақылы кем,- деді ол,- соны да білмейсің бе, студенттерге қытай сияқты жыбырлағанның бәрі халал.

Бір күні жолда келе жатып бір жарнаманы көріп қалдым. «Жаңадан салынған жұмыс орнына қарауыл қабылданады»-деп жазылыпты. Мекен-жайын жыртып алдым да, өзімді аттым. Кірсем, бастықтары жиналып отырыпты. 

-Сіздерге қарауыл керек пе?- деп сұрадым. Олар бір-біріне таңданып қарады да, төрде отырған, бордақыланған бұқадай семіргені:

- Сенің бойың қанша?-деп сұрады.

Мен дереу жауап бердім:

- Қыстың күні бір жарым, жазда бірде отыз бес.

Бұқа бастың көздері дөп-дөңгелек болып тағы сұрады:

- Түсінбедім.

Мен түсіндірдім:

 Негізінде бойым бір де отыз бес, қыстың күні он бес санты құлақшынмен бір жарым болады. Олардың ішек-сілесі қатып күліп талып қалайын деді.

Онда сенің бойың бізге жарамайды. Бірер жыл турникке тартылып көр, мүмкін бойың өсіп қалар, сосын келерсің,- деп шығарып жіберді. Мен сыртқа шығып ойланып қалдым. Шынымен турникте шынығып көрсем қайтеді? Осымен екінші рет бойың аласа деп жұмысқа алмады. Үйге асығыс келдім де, бақтың аяқ жағына, ешкім көрмейтін жерге турник жасадым.

Бойым өсіп кетсе деп биігірек жасап алыппын. Аяғыма орындық қойып шығамын да, орындықты құлатып жіберіп, тартыламын. Күнде таң ертеңгісін және кешке мәжбүри түрде. Білесіңдер ме, екі айдан соң аяғыма орындық қоймай шығатын  болдым. Мен деген бойым өсіп жатыр, енді кез келген жерге жұмысқа алады деп мәзбін. Тағы екі айдан соң турник менің иығыма келіп қалды. Қуанышымда шек жоқ, үйге қарай жүгірдім.  

- Қатын, ей қатын, мұнда кел, метрді әкел, бойымды өлшейміз,- дедім бұйыра. Үйдегі екі қолын беліне ұстап алып:

- Иә, бірде отыз бес, несін өлшейсің? Немесе шайдың орнына бойым өссін деп, қи дәмдеп ішіп жатсың ба? Кәртейген сайын бойың аласалайды, мүлде өспейді. Сен осылайша аласалап, аласалап кейіннен жоқ болып кетесің. Сенбесең анау үстелге шығып, лампочкаға қолыңды тигізіп көрші. Шынымен де мен лампочканы ауыстырғанда, үстелеге кастрюлді төңкеріп қойып, үстіне шығып ауыстыратын едім.  

Бұл рет үйдегі шығып кеткеннен кейін үстелдің үстіне кастрюльге шығып та лампочкаға қолым жетпеді. Бұл қалай болғаны деп, бақтың аяғына өзімді аттым. Турникті айналып жан-жағынан қарасам, бұрын арық болған құмның үстіне орнатып қойыппын. Мен асылған сайын турник жерге батып, төмендей беріпті. Ал мен болсам бойым өсіп жатыр деп мәз болып жүріппін. Көңілім түсіп үй жаққа келе жатсам, біздің ақылды тағы да сасытып:

-Әй, басыңызды иіп жүріңіз, бұлыттарға соғып алмаңыз,- дейді.

Ашуымды баса алмай сыртқа шығып кеттім. Қайтсем осыған бір көрсетіп қойсам, деп ойлап-ойлап, бір нәрсе ойыма келді. Бұрынғы заманда қатындары ерлерін ренжітсе, ерлері шығып суық тасқа олтырып алады екен. Әйелдер болса оның ерлік күшінен қалуынан қайғырып, кешірім сұрап, жалынады екен.

Мен де сол ата- бабамыздың амалына сүйеніп, ауланың ортасындағы қара тасқа отырып алдым.Тура бір жарым сағат отырғаннан кейін, терезеден көріп қалды. Күз айлары болғандықтан, өзім де мұздап, көгеріп кеткен едім. Ол терезені қағып, үйдің ішінде тұрып ақ айғайлады:

-Әй, шәпкісін қосқанда бір жарым метр, неменеге мақта ыштан киіп отырып алдың? Аяйтындай нең бар, иштанды да шешіп таста,-дейді. Кіретін тесік таппай қалдым.

Әйел кісімен ойнау отпен ойнағанмен тең. Әйелдікін рас деген ғана ұтатын ұқсайды. Тоба, не істеймін бұл әйелді. Ақша таппасаң әйел заты күннен күнге жындана түсетін ұқсайды. Немесе мен сор маңдайға осындай қатын тап болды ма, түк түсінбедім.

                             

                             Сор маңдай таксист       

 

Жоқшылықтан адам өлмейді екен. Кедейдің бір тойғаны  бай болғаны дегендей, қарын тойған күні бастағы бар қайғыны ұмытып, өзіңді патшалардай сезесің. Оның үстіне кеше бізге алла-тағала тұйықсыздан жіберген бақты айтпайсыз ба....

 Бір бай көршім құрбандық шалып, сойған қойының бас-сирақ, ішек-қарнын кіргізіпті. Бала-шағамен тер шығып бес бармақ жеп отырсақ, төбеден ай түскендей енем кіріп келді. Ол дастарханға бір көз жігіртіп алғаннан кейін:

 Немене, құрбандық шалдыңдар ма?- деп сұрады. Біздің үйдегі баяғыдай тағы да сасытты:

- Несін сояды бұл.Үйде аштықтан аяқтары алмасып, құлап- тұрып жүрген тышқаннан басқа еш нәрсесі жоқ бұның. Қарын тойса тілге қалжың да ілінііп қалады екен-ау. Мен де бос келмедім:

- Сол айтқаның үшін ертең бір құрбандық сояйын ба? Бәрібір түнімен ұлып тыныштық бермейді.

Әріне бұл қалжыңыма өзімнен басқа ешкім күлген жоқ. Шай-пай ішкеннен соң енемнің ауызынан жүрек жарылатындай сөз шықты.

- Қай уақытқа дейін сүйретіліп жүресіз. Мен Әдилжанға шет елдің көлігін алып бердім. Сіз анау біздің ескі Жигулині алып, таксисшылық етіңіз. Бұл сөздерді естіген соң өмірімде тұңғыш рет қайыненемнен риза болып, шын жүректен перзенттік ризашылығымды айттым.

-  Ертең Кегендегі сіңлімді көріп келейін деймін. Раушан екеуімізді апарып келіңіз,- деп қосып қойды менің жанымдай қайыненем.

 Мен әлі өз-өзіме келе алмай жатырмын. Дереу шешеме шешесінен мирас қалған сандықтан қабат-қабат қалталарға салып қойған жүргізуші күәлігімді шығардым.

Ерте тұрып, үйдегілер киінгенге дейін көліктің іші-сыртын жуып жылтыратып жібердім. Әне 01 маркалы сап-сары Жигули көздің майын жеп тұр. Онша ескі емес, 1972 жылдың. Қайыненемнен төрт ақ жас кіші. Бір жағының алды жағы соғылып, бір шеті бастан аяқ сызылып кеткен. Неге екенін білмеймін, алдыңғы әйнегі жоқ, сынған болу керек. Жаздың күні ғой оның керегі де жоқ. Содан соң үсті біраз мыжылған, ағаш құлаған ау сірә. Үстінен аздап су өтеді. Ештеңе етпейді, жақсысы жаңбыр жауған күні жүргізбеспін. Жалпы айтқанда жап-жаңа көлік. Акуммуляторы да онша ескі емес екен, әйелім бір рет қана итерсе «гүр» ете қалады. Бір кезде әйелім шықты.

- Кеттік!

Жуамын деп трамблерға су кіріп кеткен болу керек. Бейшара әйелім төрт бекеттей жерге итеріп алып барды.  Көлік от алғанша, байғұстың тілі салбырап қалды. Дереу барып енемді алдық та, жолға шықтық.

- Жайма базарға тартыңыз, сіңліме базарлық алайын,- отыра сала бұйрық етті енем. Олар базарға кіріп кеткені сол еді, шектен шығып семіріп кеткен бір орыс әйелі асып-сасып жетіп келді.

- Ақсайға жеткізіп саласыз ба, 500 теңге беремін деді. Әйел кісі базарға кірсе, жылдамдығы сағатына 100 доллар екенін жақсы білгендіктен, жанармайдың ақшасы болса да шықсын деп, дереу келістім. Орыс әйел жанымдағы орынға орналасқанда көліктің іші арақтың иісіне толды. Оны аз дегендей екі жүз метр жүрмей ақ, қорылдап ұйқыға кетті. Ақсайға жеткенде, ол әйелді оята алсамшы. Түртіп те көрдім, қытықтап та көрдім, мүмкін емес. Ақыры оның 500 теңгесінен кештім де, екі қолтығынан әрең дегенде сүйреп түсіріп, арықтың қырына отырғыздым да қаштым.            

Қайтып базарға барғаным сол еді, енем мен әйелім шығып, артқы орындарға жайғасты. Алматыдан үзіліп шығып бір аз жүргеннен кейін, тұйықсыз көзім жолаушы отырытын жақта жатқан әйелдердің бір пай  туфлийіне түсті. Басыма дүп етіп орыс әйелі келді. Қап, оны бағана сүйреп түсіргенде түсіп қапты да.  Құдай ұрып оны қатын көріп қоймаса болды.  Көлікте кімді шешіндірдің деп жеті атамды көрсетуі әбден мүмкін. Екеуінің әбден өсекке түсіп кеткенін пайдаланып, ақырын туфлиді алдым да, сездірмей есікті ашып тастап жібердім. Қатыным көріп қала жаздады. Бір нәрседен күмәнданды ма,- Иә, асығыс қой, қайда жүрдің?- деді.

- Есік нашар жабылыпты,- дедім сездірмей.

- Иә, қара, өзіңді мықтап байла, тағы түсіп қалып Кегенге шопырсыз бармайық,- тағы уын шашты ол. Олар өз ара тағы да әңгімеге түсіп кетті. Құдайға шүкір, өтіп кетті, деймін ішімде. Жоқ, мен қателесіппін, өтіп кетпепті. Артын көретін айнаға қарасам, қап-қара бір мерседес шамдарын жағып-өшіріп, сигнал дегенді басып келе жатыр. Ал, ендеше! Не істеу керек? Егер ол қуып жетіп мына туфли сендердің көліктен түсіп қалды десе бітті, жеткен жерім сол болады.

Бағана сен есікті бекерге ашпапсың да, туфлині тастап жіберіп, ізіңді жоғалтпақ бопсың да, деп екеуі екі жақтан жеп қоюы мүмкін. Амал жоқ, газды түбіне дейін бастым. Қарасам жылдамдық жүз жиырманы көрсетіп тұр. Жоқ, мерседестің қалатын түрі жоқ. Міне жылдамдығы жүз қырыққа шықты. Ой мен шұқырға қарамай бара жатырмын. Үшеуіміз үш жақта бір нәрсе болдық та қалдық.

-Әй, сен не, бізден бірден құтылайын дедің бе?- енем айғайлап басына киді.

- Мен емес өзі, жанармай көп құйылып кетіп барады. Бір кезде артқа қарасам, мерседес кәдімгідей артта қалыпты. Мүмкін мені ауру деп қалса керек, тең болғысы келмегенге ұқсайды.

Кегенге кіре сала , кіші апамның есігіне тоқтадым. Дереу көліктен түсіп бір айналып шықтым. Су деген қайнап кетіпті. Жан-жағындағы түсетін нәрсенің бәрі түсіп бопты. Енем мен әйелім көліктен түспей бір нәрселерді іздеп жатыр. Жүгіріп келіп есікті ашып қалсам енем.

- Ұзақ отырсам аяғым ісіп кетеді деп, туфлиімді шешіп қойып едім, бір пайы жоқ,- демей ма.

 Қойыңыздаршы, таксисшылық етсең, не бір қызық оқиғалардың күәсі болады екенсің.  

                                      ***

    ...Бұл мейрам дегенің бардікін шашуға, жоқтікін ашуға келетінге ұқсайды. Міне, мейрамдардың патшасы жаңа жыл тағы да келіп қалыпты. Қолында барлар жаңа жылды қалай қарсы алсаң, сол жылды солай өткізесің, деген сөзге сеніп, барын төгіп- шашып қарсы алады.  Енді біз сияқты бешаралардың қалі мүшкіл.

Жаңа жыл кешінде такси ақысы төрт-бес есеге көтеріліп кетеді екен дегенді естіп жүр едім. Сондықтан да мен мәшинемді жаңа жылға үш-төрт күн қалғанда дайындай бастадым. Бір түн жұмыс істеп, бес-он теңге тауып келсем, қатынның ауызын кем дегенде бір айға жауып тастап, адам сияқты өмір сүретін едім. Шүкір, уақты келіп «бісміллә» деп жолға шықтым. Қала көшелерін айналып көрдім. Айтқандай, мен ұрлық жасағанда айдың болыпты, дегені рас екен, бүгін такси дегеннің көптігін көрсеңіз ғой. Бір адам қол көтерсе, кем дегенде үш мәшине келіп тоқтайды.

Мәшинесі бардың бәрінің қатындары қуып шыққан болу керек. Әлбетте жолаушылардың мәшиненің жақсысын талдауы бар сөз. Мен бірінші келіп тоқтасам да, менің мәшинемді көрмегендей айланып өтіп, басқасына отырып кетеді. Ашықтан ашық масқаралау. Үш сағат айналып, сынық тиын таба алмай, мешиттен ренжіп шыққан тышқандай, үйге қайттым.Тағы жанармайға деп көршімнен алған 1000 теңгені қайтару керек. Жылағым келіп, өзімді әрең ұстап келе жатсам, үлкен бір мейрамхананың алдында үш жігіт қол көтерді. Тез келіп тоқтадым. Олар менің мәшинемді көріп мазақтай бастады. Арасындағы әзілқой біреуі:

- Ағасы, мәшинеңіз өзі жүре ме әлде итеру керек пе дейді. Олар талып қалғанға дейін күлісті. Кейін қарасам, олар менің артымнан келіп тоқтаған шет ел мәшинесін тоқтатқан екен. Тағы сол қарынды:

- Турғут Озал көшесіне дейін қанша аласыз?- деп сұрады.

Олардың мазағынан әлі есімді жия алмай жатқан мен,

- Білмеймін, өздеріңіз біліп беріңіздер,- дедім. Басқалары оны басқа мәшинеге сүйреп әлек. 

- Сендер сол мәшинеде жүре беріңдер, мен ағаммен жүремін,- деді ол. Анау екеуі күлісіп, артымда тоқтаған мәшинеге отырып кетті. Қасымдағы орынға жайғасқан қарын:

- Кеттік, ағасы,- деді маған, тура басқа планетадан келген мақұлыққа қарағандай қарап. Енді мәшинем мынаның алдында мені жерге қаратпай, от алса болар еді. «Қап, итеретін әйелімді алып алсам бопты екен, жалт етіп қиялымнан өтті». Жоқ, тәлейге жараса мәшинем бірден от алды. Турғут Озал көшесі алыс емес, бары-жоғы екі бекет жол еді.

Сондықтан да,  тез арада деген жерімізге жетіп келдік. Алдымызда кеткен  мәшиненің қарасыда көрінбейді, анау екеуі біздің жолымызға қарап тұрыпты. Жол бойы мәшинемнің барлық жеріне мұқият қарап келе жатқан серігім келіп тоқтағаным сол еді:

- Мәшинеңіз қай жылғы?-деп сұрап қалды. Менің жауабымды естігеннен кейін:

-Мамонттар дәуірінен кейін шыққан екен ғой,- деп қосымшалады. Содан соң төс қалтасынан бір уыс пұл шығарып:

- Мұндай ежелгі мәшинеде  бірінші рет  жүргенім үшін көрімдік ,- деп екі мың теңгеден ұшеуын  тастап қойды. Мұндай бақты күтпеген менің тілім тартылып қалды. Бірақ қуанышым ұзаққа бармады. Қиылыстан айналғаным сол еді, «шыр» етіп жол сақшысы тоқтатты,

- Сіздің  сол жақтағы бір шамыңыз жанбайды,- деді жол сақшысы құжаттарымды тексеріп шыққаннан кейін.  Мәшинемнің алдына өтіп қарасам, шынымен де бір шамы жанбайды. Бұған не болды, бағана жанып тұр еді ғой.

-Бауырым, кешір, жаңа ғана күйіп кеткенге ұқсайды,- дедім, мұғалімнің алдында сабақ оқымай келген балалардай өзімді кінәлі сезініп.

-Қызық адамсыз, егер сіз менің аяғымды басып кетіп  кешірім сұрасаңыз болады. Бұл жерде сөз жол қауіпсіздігі туралы болып тұр. Заң бойынша бес мың төрт жүз теңге айыппұл жазып беремін, –деді.

Бауырым, олай етпе. Өзара келісейік, сенің де бала-шағаң бар,-дедім, бес мың дегенге зәрем ұшып.

-Иә, міне осындай құлаққа жағымды сөз айтпайсың ба. Қәне, не дейсің, атын аташы.

- Мың теңге берейін,- ақырын құлағына сыбырлап.

Оның түрі өзгеріп кетті.

- Есіңіз дұрыс па, сіздің. Айыппұл бес мың төрт жүз деп тұрмын.

- Бопты, бопты бауырым, екі мың берейін, илла-билла басқа жоқ,-кесіп айттым мен.

- Иә, мақұл, түріңіз өте аянышты көрінеді, сізге бір жақсылық жасайын, сізден қайтпаса құдайдан қайтар.

Рахмет, рахмет. Сөзсіз қайтады,- оның қалтасына шеберлікпен екі мың теңгені салып жібердім.

   Болды, амандықта үйге жетіп алайын деп мәшинені үй жаққа бұрдым. Бермеген тәлейде әкеңнің құны бар ма деген рас екен. Үйге екі көше қалғанда «тарс» етіп артқы дөңгелектің балоны жарылып кетті. Енді не істеу керек? Не бұл мәшинеде бесінші дөңгелек жоқ. Кімнен алсам болады? Иә, тоқта, біздің көшенің басында тұратын Хәмиттің нақ осындаң мәшинесі бар емес пе? Дұрыс, дұрыс, содан сұрап көрейін.

Хәмиттің қақпасын ұрып жүріп, әрең дегенде ашқыздым. Жағдайды естігеннен кейін, әрең дегенде бір дөңгелек берді. Дөңгелекті бірде көтеріп, бірде дөңгелетіп бір көше жүргенде, сақшылардың мәшинесі келіп тоқтады.

- Иә, ағасы, қайдан-қай жаққа? Дөңгелекті қайдан алдыңыз?

Мен деймін:

- Балон жарылып мәшинем жолда қалды. Дөңгелекті үйден алып келе жатырмын.

Олар бір-біріне қарады да:

- Қазір анықтаймыз,- деп, мені дөңгелегіме қосып, мәшинесіне басты да, сақшы мекемесіне алып кетті. Сақшыханаға келіп, барлық құжаттарымды тексеріп шыққаннан кейін үйімнің мекен-жайын, телефонға дейін жазып алып қоя берді. Енді бұл жерден мәшинеме дейін екі шақырымдай жол бар еді. Дөңгелекті бірде дөңгелетіп, бірде көтеріп бара жатырмын. Даладағы отыз градус суыққа қарамай, тер ағып жатыр. Мәшинеме жүз метр қалғанда біраз дем алып, темекі тартып алмақшы болдым. Дөңгелекті тігінен қойып үстіне отырдым да, енді темекімді тұтатып едім, желкеме бір суық нәрсе тірелді:

- Көтер қолыңды!- деген дауыс естілді. Басымнан бір шелек су құйғандай, денем тітіркеніп, қолымды көтердім. Сол арада екінші біреуі алдыма өтті. Қарасам сақшы!

-Кімсің, дөңгелекті қайдан ұрладың?

- Мен пәленше, дөңгелекті ұрлаған жоқпын, үйден алып келе жатырмын. Мәшинем жолда қалды.

- Білмейміз, бізге Наурызбай көшесінде тұрған Жигулинің дөңгелектері ұрланған деп хабар келді,-деп сақшылардың біреуы мойнына асып алған байланыс аппараты арқылы мәшине шақыртты. Тез арада жетіп келген мәшинеге ауызымды ашқызбастан отырғызды да, алып кетті. Мәшине тоқтағанда қарасам бағанағы сақшыхана. Дөңгелекті көтеріп есіктен кірсем, бағана ғана мені сұраған капитан:

- Не болды, бір нәрсеңді ұмытып кетіпсің бе?- дейді.

- Жоқ, мына сақшылар тағы ұстап әкелді,- дедім. Капитан сақшыхананы басына киіп күліп:

- Бұл ағамызды қойып жіберіңдер, бағана ғана біз тексергенбіз,-деді. Дөңгелекті дөңгелетіп, тағы мәшинеме қарай жүрдім. Қаншалықты жүргенімді білмеймін, таң атып келе жатыр еді. Уһ, құдайға шүкір, әне мәшинем. Тағы біраз күш жинасам жетемін. Мәшинеме елу адымдай қалғанда, қарсы жақтан тағы бір сақшының мәшинесі көрінді. Не де болса, пәледен ары болайын деп, дөңгелекті арыққа дөңгелетіп жіберіп, еш нәрсе көрмегендей, жолымды жалғастырып жүре бердім.

Былшығын аламын деп, соқыр етіпті деген осы екен. Дөңгелекті арыққа тастағанымды аналар көріп қойыпты емес пе! Пәленің үлкені енді шықты. Тез келген мәшине тоқтап төрт есігі тең ашылып, төрт жақтан түскен төрт сақшы ұрып-соғып, қолымды қайырып кісен салды да, мәшинеге тастады. Тез болғаны соншалықты, «ләм» деп ауыз ашуға үлгіре алмадым. Үстіме дөңгелекті басты да, алып кетті. Мәшинеден түсіруден бұрын тағы да ұрып- соғып алды да, мәшинеден сүйреп түсірді.

       Өз көзіме өзім сенбедім, қарасам тағы сол сақшыхана бөлімі! Енді анау капитанның күлкісін көрсеңіз ғой. Талып қалайын деді.

-Сен аға, бізге жиі-жиі келетін болдың, біздің сақшыхана саған ұнап қалмаған шығар?- дейді тағы. Қойыңызшы, әйтеуір, күн төбеге көтерілгенде, мәшинемнің қасына әрең жетіп келдім. Алайда бұл жерде мені тағы бір суық хабар күтіп тұрған екен. Ұрылар мәшинемнің қалған ұш дөңгелектерін шығарып, жерге отырғызып қойып кетіпті! Енді бұған не істейін, менің сор маңдайыма жазылған, таусылмайтын не деген дерт бұл, түсінбедім! Мүлдем түсінбедім!

                                               ***

...Бүгін басыма  түрлі-түрлі қиялдар келіп, таң атқанша көз ілмедім. Ер кісі бола тұра отбасымды асырай алмай жүргеніме үйдегілердің алдында намыстанған болуым керек, бір кесе шәйді, зорға сімірдім де, сыртқа шығып кеттім.

Бұл заман не болып кетті ,ә! Күні кеше ғана ғылыми-зерттеу институтында істеп жатқан бас ғылыми қызметкер едім ғой? Ғылым кандидаты Рүстем Рустемов десе, көбі алдымда тік тұратын. Бір жерге барсам дастарханның төрінде отырушы едім. Қазір ше? Өткендегі бір аста болған оқиғадан кейін біз, кешегі зиялылардың кім болып қалғандығын толық түсіндім.

 Бір бай көршім құдай тамаққа шағырды. Әне, міне құръан оқылады деп тұрған кезде, социализмді  түтіп бітіріп, бісміллә, деп капитализмның қулық- сұмдықтарын үйренуге бастаған заманда арақ жасап сатып, екі жыл түрмеде отырып шыққан, кейінірек тұйықсыздан бай болып, өткен жылы қажы болып келген, менің үлкен ұлымның сыныптасы Аман кіріп келді. Оны көріп ұй ийесі құшақ жайып, оның алдына жүрді:

- Келіңіз, келіңіз, Қажы, төрлетіңіз! Сәл кешігіп қалыпсыз, ештеңе етпейді, қазір сізге орын тауып береміз,- деп жан жаққа қарады. Оның көзі тұйықсыз маған түсті де, көрсеткіш саусағын маған қаратып:

- Ей, ғалым, сен анау шеттегі дастарханға ауыс та, қажыға орын бер,- деді. Қайтесің, үй ийесінің айтқаны айтқан. Ләм демей оның ұсынысын орындауға тура келді.

Түрлі қиялдардан шыға алмай, көшені бойлап ұзақ жүрдім.

- Болды,- жалт етіп өтті қиялымнан,- Жетер енді, бұның мәңгі жалғасуы мүмкін емес. Төрт қартты шақырып, ұлымды сүндетке отырғызу былай тұрсын, балаларыма кітап- дәптер алып беруге шамам жетпегеннен кейін, оларды да қинамай, өзім де тынышталайын. Қалай  өліп алсам болады екен? Тоғызыншы қабаттан өзімді тастасам. Жоқ, болмайды. Денем бір жаққа, аяқ- қолым бір жаққа шашылып кетсе, мұсылманшылықта шариғатқа дұрыс келмейді. Одан да асылып өлейін, төрт мүшем сау, адам сияқты кетемін. Кейін үйдегілер арқанға кір жайса да пайда. Менен үйдегілерге естелік болып қалар. Міне сондай ойлармен базарға қарай жол тарттым.

- Бауырым, арқанның метрі қанша?- сұрадым арқан сатып тұрған жігіттен.

Саудагер жігіт әзілкеш, жігіттерден екен, сайрай жөнелді.

- Ағасы, метрі жүз елу теңге. Алайда сіз зиялы көрінесіз, сізге жүз отыздан берейін. Сіздерді құрметтеу керек, сіздер деген ұлттың жүзісіздер. Қараңызшы мына арқанды өзі жіңішке болғанымен, өте мықты. Кендірден тоқылған, адам асылса да көтереді.

 «Я- алла, бұл менің асылып алатынымды қайдан біліп қойды? Немесе, бір жерден сездіріп қойдым ба? Мейлі, білсе, білер. «Ауруды жасырсаң өлім әшкере», деген. Екі метр алсам, асылғаннан кейін адам сияқты ұзын ғана асылмаймын ба. Екі метрі екі жүз алпыс теңге болады екен».

Осындай қиялдармен, қалтамдағы пұлымды санап көрмекші болдым. Өзімді шетке тартып санасам, тура үш жүз сексен теңгем бар екен. Жетеді. Тұйықсыз көзім жолдың арғы қанатындағы сыраханаға түсті. Ол жерде кісілер көбігі қайнап тұрған сыраны , тура өткендерге мақтанып  жатқандай, рахаттанып ішіп жатыр еді.

Сыра дегенді жүрегім қанғанша ішпегеніме де талай жыл бопты. «Еш болмаса, бір кружка ішіп алсам, жарық дүниенің ләззәтімен қоштасқаным болар. Әйтпесе, арқанды бір жарым метр алармын». Осындай ойлармен сырахананың алдына келіп қалғанымды сезбей де қалыппын.

Сыраханадан шығып, тышқандарды уландыратын дәрі сатып отырған әйелге кездестім:

- Келіңіз, тышқан дәрісін алыңыз, керемет күшті дәрі. Бір тышқанға мына уланған бидайдың екі данасы жетеді. Одан артық бермеңіз, тышқан семіріп кетеді. Мына бал қасықпен бірді жесе әр қандай адамды да қатырып қояды. Жанынан тойғандардың бәрі маған келеді. Көбінің батасын алдым,- дейді.

- Бір қасығы қанша?- сұрауға асықтым мен.

- Елу теңге, мейлі, сізге отызға берейін, мүсәпір көрінесіз ғой. Сауабыңыз тиер.

«Пай-пай, не деген арзан өлім,- көзім жарықтанып кетті, небәрі отыз теңге».

Үйге келіп, газетке қабат-қабат етіп оралған тышқан дәрісін үстелімнің тартпасына салдым да, ойланып қалдым. «Енді имаммен сөйлесуім керек. Намазымды қаншаға түсіреді екен? Пұлды алдын-ала алғанннан  кейін арзанырақ түсіретін шығар. Бірақ оған дереу төлейтіндей  нақ пұл жоқ. Әкемнен қалған мирас– пілдің сүйегінен жасалған аса таяқты берсем. Әкем тірі кезінде имам одан талай рет таласып еді».

Ертеңіне ерте тұрып, имамның үйіне жол тарттым. Имам мені тура қарыз сұрап келгендей суық қарсы алды:

- Кел, ғалым. Әлі барсың ба, таң атпастан не қылып жүрсің?

-Бар, қари  қажы  аға. Кейінгі кездерде денсаулығым болмай жүргені, бір жағдай бола қалса, үйдегілерді қинамай, алдын ала намазымның пұлын беріп жіберсем қалай болады? Шариғатқа дұрыс бола ма?

- Әлбетте дұрыс болады. Өте сауапты іс. Үйдегілерді әуереге салмай дегеніңіз, жәнәттің есігін қия ашқаныңызбен парапар,-ерекше ашылып сайрап кетті имам,- бұндай іске өмірімде бірінші рет кездесіп отырмын. Қәне, өзіңіз айтып көріңіз, қанша бере аласыз?

Мен  матаға әдемі оралған аса таяқты абайлап имамның алдына қойдым. Имамның көздері ойнап кетті.

- Бауырым, өзің білесің, мен тек қолында бар адамдарға ғана барамын,- тура айтты имам,- ал былайырақтардың намазын Аман қажы түсіреді. Енді әкеңіздің құрметіне, сізге «жоқ» дей алмаймын.

Мен әкемнің емес, аса таяқтың құрметі екенін түсінсем де, артық сөз айтпай, қоштасып шықтым. Имам артымнан айғай салған күйі қалды:

-Тоқта, аса таяқты қойып қоймайсың ба, мен қашан да болса дайынмын ғой.

-Асаны жұмысіңізді орындағаннан кейін аласыз.

Ол тағы айғай салды:

- Қашан, сен қашан кетпекші?

- Осы бүгін-ертең, дайындығыңызды жасай беріңіз,- деп жауап бердім мен.

-Көп кешіктірме,- имам тақатсыздана айғайлады артымнан.

Ал, имам дайын. Енді жерді сөйлесу керек. Дегенмен ниетім ақырындап шешіліп жатыр.

Бейітбасының қақпасын аттап кіргенім сол еді, «өліктердің әкімі» алдыма жүгіріп шықты.

- Қош, аға, қызмет?

- Жер керек еді, Тұрсын аға,- дедім мен.

- Жақсылық қой бұл, жер бар аға. Өзіміздің жұрттан болса басқа баға, шеттен болса тағы басқа. Сіз жерді кімге алмақшысыз?- сайрап кетті бастық.

- Өзіміздің, жат емес, өзім...- әрең тіл қаттым.

- Е, жақсы, жақсы, қазір бәрі сөйтіп жатыр. Бұны алдын ала жақсы ойлапсыз. Олай болса мені тыңдаңыз. Анау ескі сайдың арғы қанаты қара топырақ, жұмсақ. Нақ мамықтың үстінде жатқандай жатасыз. Бір кісілік жер алтпыс мың теңге. Сайдың бергі жағы міне мына арыққа дейін құмды. Қазуға оңай, алайда сәл тереңірек қазу керек, құлап кетуі мүмкін. Бұл жер қырық бес мыңнан. Енді арықтың арғы жағы, анау жолға дейін тасты жер. Ол жерлер арзан, отыз мыңнан болады.

Мен ойланып қалдым: «Қара топырақта жату шарт емес. Немене мен көрде жатып көктейтінбе едім? Маған тасты жер бола береді.  Алайда оған отыз мың теңгені қайдан аламын?»

Ойымды тағы да Тұрсын аға бөлді:

- Енді қай жерден алсаңыз да, қазғаны үшін жиырма мың теңге аламыз, сыртқы үйін трактор қазады емес пе.

- Мақұл, мен бір-екі күннен кейін келермін,- деп, Тұрсын ағамен қоштасып артыма қайттым. Тұрсын аға артымнан айғайлап қала берді:

- Түсінсем бұйырмасын. Не болды, не ол жақтан келген елшілер енді ғана есіктеріңді ашып жатыр ма, не?

«Жер отыз мың, қазғаны жиырма мың. Не деген қымбат өлім? Одан басқа қаражаттарды  айтсаңшы! Бұл не боп кетті, а?» Пай-пай-пай, аяқ- қолыңды ұзын созып, дұрыстап өлу де мүмкін емес пе не? Өліп алсамғой жақсы болатын еді, балалар үкіметтен көмек ақша алатын еді. Қап...Болды, қазірше өлмей тұрайын. Отыз мың теңге тауып жерді алып алсам, өзім ақырын- ақырын қазып алармын. Кейінірек бірдеңесі болар. Тоба, бұл дүниеде ризығың бітпесе, қанша тырысқаның бекер екен ә»,- деген қиялдармен үйге қалай жетіп келгенімді сезбей қалыппын.  

Міне, арада екі жыл өтіп кетсе де, тегі отыз мың теңге жинай алмадым. Алайда күндер жылап-сұқтап өтіп ақ жатыр. Бір күн аш, бір күн тоқ дегендей. Ол да мейлі бұл өмірдің тәртібіне үйреніп те қалдым. Мені қыйнап жатқаны, жынның ойы шабдалыда дегендей, имамның сөзі жаныма батады. Көрген сайын «Қашан, Қашан?»- деп маза бермейтін болды.

 

 

Қазақ тілінде жазылған