Мен сенің...
Өрілген тұлымыңмын,
Мөлдіреген тұнығыңмын.
Желбіреген туыңмын,
Қаласаң бір уығыңмын.
Елордасы-Астанам!
Жел қабызды құланыңмын,
Мұз балақты қыраныңмын.
От кеуделі ұланыңмын,
«Алға қазақ» ұраныңмын!
Атағы дүр ,Алатау!
Нар қасқа тұлпарыңмын,
Ақ тұйғын сұңқарыңмын.
Қайнаған бұлағыңмын,
Жайнаған құрағыңмын.
Жер жаннаты-Жетісу!
Торқалы жібегіңмін,
Намысты жүрегіңмін.
Ақ бидай астығыңмын,
Жалындаған жастығыңмын.
Шырайлы нұр шығысым!
Тіліп ағар кемеңмін,
Суырып атар жебеңмін.
Мен сенің мұнайыңмын,
Көзі түзу құдайымның.
Толқый берші, Каспим!
Ақ-қараға айнаңмын,
Қара тамақ найзаңмын.
Жерге түспес оғыңмын,
Сексеуілдей шоғыңмын.
Сағындырған Сарыарқа!
Құлпырған далаңмын,
Ұмтылған балаңмын.
Мен неден алаңмын?
Көзі сен анамның!
Уа, киелі,Қазақстан!