Адам қарады: 247 | Жарияланды: 2018-08-09 03:37:11

Екеудің әңгімесі

 

          Түс уағында есік алдындағы саябақтағы орындыққа жайғасып отырған екі көрші апа, күндегі әдетіндей әлде біраз әңгімелерді екеу ара сырласып ағытқандай болды. Сондағы әңгіме тиегі неменелері жайында болса керек.

 Толықша келген қара кемпір, мұрнын шүйіріп қойып:

-Әй, менің ана қыз немерем сондай қылықты боп өсіп келеді.Бірақ өзі бір сәнқой. Ананы-мынаны кием деп кейде қиғылық та салады. Бір жолы сырттан келсем, беті-аузын бояп, шекесіне қына жағып, менің ескі орамалымды  басына орап алыпты.

-Апа, «Мен келінмін»,-дейді.

-Ой мынау не дейді? келін несі десем?

-«Мен Аннандимын»,-дейді.Аннанди  сияқты болғым келеді деп қояды. Кейде ана әкесінің  қолфонындағы сол қайдағы-жайдағы билерге қатты қызығып билеген боп жүред десе,Ал ана шүңірек көзді,арықтау келген сары апада қалыспағандай өз сөзімен әңгімені жалғай жөнелді:

-Әй, айтасың ғой. Меніңде немерем одан қалысып тұрған жоқ. Ылғи әке-шешесінің  соткасына маза бермейді. оны-мұнысын шұқылап ойын ойнайды.Бермесең жылайды.Үйде қанша ма ойыншықтар толып жатыр, бірақ оларды көзге ілмейді. Бір жолы осы бақшада ойнап жүрген бір баламен төбелесіп, ана баланың көзіне жұмырығын жұмсапты. Ол баланың ата-анасы бізге келіп реніш білдірмесі бар ма? Сонда неге төбелестіңдер десек: екеуі ана Кореяның «Құйынды мекен» киносындағы Жумоң батыр-«Менболам», «Мен болам»,-деп атаққа таласыпты.Өздерінше батыр боп, атқа мінуді армандайды ғой.

-Ия, бұл балалардың басқа не арманы бар екен.Барлық шарт-жағдайы жасалған.Не істеп? не кием десе соны алдына түсейсің.

-Е, заман-ай, қазыр бәрі бар ғой. бірақ, бірақ, әйтеу бір нәрсе жетіспей тұратын сияқты.

-Ия, замандас, адамдар арасындағы қарым-қатынас ақшаға, атаққа ауысып бара жатқан жоқ па? біз екеуіміз сияқты асарымызды асап, жасарымызды жасап үндемей өз күйбеңдерімізбен болатындар аз ғой. Екеуі бірін-бірі түсініскендей біраз күлісіп алды.

Сөз алған сары апа:

-Түнде ұйқым көпке дейін келмейді.Көгілдір екранға телміргенге де көзім әлсіз шыдамайды.

 Сөздің арнасын бұзбай іліп әкеткен қара апа:

-Әй, сол әйнек темірің (Теледидар) жырғаған дүниелерді көп қоя бермейді.Екранын ашып қалсаң болды.Ана, мына шетелден алған мәнсіз, мағанасыз теле шу арналар, есірген эстрада, понограмалық дүниелер...Адамаша кино көрейін десеңде, ана немерелеріміздің көріп еліктеп жүрген Индиялық, Кореялық, Түрікше т,б кинолар. Біз қазақтар да ұзаққа созылған жақсы бір сериялық кинолар жоқ. Көп сандысы бірер сағаттық қысқа дүниелер. Шетел киносын тамашалаған немерелеріміз солардың акторларын бізге қарағанда жақсы танып, соларға еліктеп жүр ғой,

-Ия, айтпа, сөзіңнің жаны бар. Сол ғой кейде менде өз-өзімнен таусылып, рухани бір шөлдеп алам деп сөзін түйді қара апа.

-Ой, замандас,айтсаң сөз таусыла ма? қайсы бірін айтайық,жүр оданда үйге қайтайық. Шай қайнатайық десе, келесі бір апа:

-Бәрекелді, тақпақтап кеттің бе? енді айтпасаң кей бір нәрсе ішке симайды. Ағыңнан ақтарылсаң бір кеңіп қаласың. Мынау енді рухани жаңғыру деп жатыр-ау, шыныменен рухани дүниелеріміз жаңғырса жаман бола қалмаспыз деп сәл езу тартты.

-Жә, жә, жарар, рухани жаңғыру жаңғырыққа айнала қалмас. «Көш жүре түзеледі ғой», бізді қойшы, ертеңгі ұрпақтарымыз үшін ғой бәрі, бұйрса нұрлы болашқ алда деп сенейік деп өздерін жұбатып, сөзін тәмамдап орндарынан түрегеліп қозғала берді екеуі.

Қазақ тілінде жазылған