Адам қарады: 19 | Жарияланды: 2018-08-06 08:57:53

Құлыным

Айналайын құлыным,

Балдай тәтті қылығың!..

 

Бір жығылып, бір тұрып

Талпынасың ұмтылып.

 

Сықылықтап күлесің,

Тәй-тәй басып жүресің.

 

Шаршамайсың, талмайсың

Ойынға да тоймайсың!

 

Апыл-тапыл басасың,

Ұстай ғой деп қашасың.

 

«Ата бала» мен дейсің,

Басқа ешкімге көнбейсің.

 

                        Ойнақтаған лақтайсың,

Бір сәт тыным таппайсың...

 

Балам, өзің қандайсың?

Бір жыласаң қоймайсың.

 

                         Көтер дейсің, түспейсің

Айтқаныңды істейсің.

 

Ақыры әбден қалжырап,

Ұйқтап қалдың балбырап.

 

Алысумен ұзақ күн,

Атаңды да құлаттың!..

 

 

Қазақ тілінде жазылған