Адам қарады: 87 | Жарияланды: 2019-04-19 03:35:19
Күресте
Болған жайт күресте
Әлі күн жүр есте:
Сұқ саусақ ұмтылды,
Ортан қол бұлқынды.
Аты жоқ қамданып,
Шынашақ жұлқынды.
Төртеуі бірігіп,
Білекке жүгіріп,
Ұстап ед шап беріп,
Өкініп:
-Қап!-дедік.
Өйткені қайрылды,
Білектен айрылды.
«Жеңіліп қалмақ па?!»
Қарасты жан-жаққа.
Төртеуі:
-Қосыл!-деп
Үн қатты Бармаққа.
Екінші қолдағы
Саусақтар қолдады.
Сөндірмей үмітті,
Барлығы бірікті.
Осылай жеңіске
Жеткізді жігітті!