Тұран дүниетанымы
«Әубаста шежіресі»
I. Өлгеннен
1. Әубаста, тек жаратқанның өзі болды.
2. Ол шын дүние, және мәңгі болып қалады. Ол дүниенің өзі де, заты да, негізі да Жаратқан.
Адам баласы өз ой санасының тарлығынан, өзін жаратқанға жақындату ойымен, шын дүниені бөлек, ал жаратқанды тек ол дүниенің билеушісі ретінде қарайды, бірақ ол қате көзқарас.
3. Сол әубаста уақытына қатысты, жаратқанның тұңғыш есімін «Өлген»-ді айтады.
4. Жаратқанның бұл есіміне сүйене, адам баласы жалғаннан дүние салып, жаратқанның құшағына қайтқан жаратылысты «өлген» дейді.
5. Жан салғанды жаратқанның есімімен атау жәйдан жәй емес, ол ақ бата, өйткені жан салған адам баласы болсын, басқа жаратылыс болсын, ол жаратқаннан кері айналып, алғысын айтпаған сорлы болуы мүмкін, сондықтан жаратқан қайтқанның күнәларын кешіріп жанын құшағына алсын деген ниетімен оны «Өлген» дейді.
6. Жаратқанның екінші есімі «Құдай», жалған дүние жаратылу уақыт барысына қатысты айтылады. Ол кезеңге қатысты жаратқанды «Құдай» деу себебі келесіде, өйткені, жаратқанның жалған дүниені жаратуы адамзат үшін өте құдды болды, сондықтан адам баласы сол кезеңді сөз еткенде жаратқанды «Құдай»
дейді, егер жаратқан жалған дүниені жаратпағанда, кәзір адамзат та болмас еді.
7. Жалған дүниені жарату жолында, Құдай ең бірінші алып рухты жаратады, ол рухтың есімі «Ерлік», бұл рухты Құдай жалған дүниеде елшісі және құт-құдыретін таратушы болсын деп жаратты.
8. Содан соң, Құдай бүткіл жалған дүниені жаратты, жалған ол тұтасты толық дүние, адамзаттың бастамасына дейінгі өткен жолын, жалғанның да тарихы ретінде қарау қателік, өйткені, жалғанның ішінде адамзат бастамасынан ақырына дейін бір тамшымен тең, ал шын дүниеде күлтіктен де әлде қайда кіші.
9. Сол жалғанның ішінде кейіннен адамзатқа үй болатын жер де болады. Бастапқыда, жер қараң болды , бірақ Құдай Ерлікке жерді жәннәтқа айналдыруды бұйырады.
10. Ерлік алдымен жер сыртын суға толтырады, солай мұхиттар пайда болды, сосын су астынан сазды алып оны жердің үстіне төкті, солай түзу жерде таулар мен жартастар пайда болды.
11. Өз ісіне көңілі толып, Ерлік мақтанышпен Құдайға оралды, бірақ жаратқан алып рухтың ісін толық деп санамады. Құдай жерді өсімдіктермен жануарларға толтырды және жалғандағы әр тірі жаратылыс қараң болмасын деп құт көздерін жаратты, жерге басты құт көздері - күн мен ай болды.
12. Бірақ Ерлік күн мен айды жерге қимады, оларды алып қайтармауға тырысты, ол қылығы үшін Құдай оны жазалды, жалғанда елші болудан және құт-құдыреті таратушы болудан шеттетті.
13. Күн мен айды орындарына қондырған соң, Құдай жалғанда елші болатын, құт-құдыретін тарататын екінші рухты жаратты, ол махаббатқа толы рух болды, ол рухтың есімі «Ұмай-ене». Бұл рухты шежірешілер әр дәуірде әр түрлі атады, мысалы «Табиғат ана», «Жер-су» және «Құддық» деген атаулары әлі күнге дейін бар, бірақ ең тұңғышы және дұрысы «Ұмай-ене».
14. «Ұмай-ене» жалғанды қамқорлығына алған соң Құдай адамды жаратты, және анықтай кететін жәйт «адам» ол есім емес, ол «рух» дегендей жаратылыстың зат болмысы, «адам» сөзі «қызыл ет» деген мағнаны білдіреді, Тұңғыш адамда есім болған жоқ, сондықтан шежірешілер оны ерекшелеу үшін «Адам-қан» деп атады, «Қан» сөзін қосу ол адамның алдында жаратылған рухтардан, зат болмысы басқа екенін белгілеу.
15. Жаратылған адам бірден тірі болған жоқ, бастапқыда ол ұйқыда болды. Ұйқы ол шын дүние мен жалғанның аралығы. Сол ұйқы күйінде Құдай оны жерге қондырады да, осы адам осы жер-жәннәтті мекендейтін болады деп жариялап итке сол ұйқыдағы адамды күзетуді бұйырады.
16. Жазаланған үшін Құдайға ызаланған Ерлік жер-жәннәтін адам мекендейтінін білгенде, оны адамға қимай, итті алдап, ұйықыдағы адамға барды, оны өз құлы қылдыру үшін. Алдымен ол ұйқыдағы адамды оятып тірілтті. Тұңғыш адамды Ерлік оятқандықтан ол «Ер» болды, оны оятуы Ерліктің жаратқан Құдайға кегі болғандықтан, адам «Еркек» болып тірілді. Тірілткен соң Ерлік адамның зат болмысын да, жанында кірлетіп, ластады. Содан кейін ол адамды Құдайдың берген келбетінен айыру үшін үстіне жүн өсіріп, бетін кәртәйтті, және адамның беті соншалықты жеркенішті болып шықты. Ерлік өзі адамнан жеркеніп «Бұндай бетімен бас болғанынан көрі болмағаны жақсы, бұл Албасты, құл болуғада жарамайды» деп адамды сол түрімен тастап кетеді.
17. Ерліктің істегенін Құдай көрді де, білді де, ол албасты болып жатқан адамды жүнінен тазартып, бет әлпетін қалпына келтірді. Лас болған зат болмысын да, жанын да тазартты. Бірақ адамның ішінде бәрі бір «ерлікпен кекшілдік» қалды, ал заты «Ер» болғаннан өзгермеді.
18. Адамды қайта адам қылдырған соң, Құдай барлық жаратылыстарынан алғыс сұрады. Сонда барлық жаратылыстар Құдайға табынып алғыс айтты, тек Ерлік олай жасамады. Ол Құдайға «мен сенімен теңмін, құдыретім сенікінен кем емес, сондықтан саған табынып, алғыс айтпамын» дейді.
Сонда Құдай тастың суын шығарып, сол судан тағы бір рухты жаратады, ол рухтың есімі «Мықты» еді.
«Егер сенің құдыретің менікімен тең болса осы рухты жең» деді Құдай Ерлікке.
19. Мықты мен Ерліктің арасында шайқас басталды, бастапқыда Ерлік басымдықты алып жеңетіндей болды, бірақ Мықты өзін судан жаратылғанын ескере тұра, қу айла тәсілменен Ерлікті жерді ораған мұхитқа батырып, шайқасты су астына көшірді. Су астында Мықты басым болды, және Ерлікті жеңді, бірақ Мықты онын көзін жоймады. Жеңілген Ерлікке «сен жаратқанның бергенін және сені жаратқанын бағаламадың, сол үшін сені жер астына қамаймын, неден айырғанын көру, сол саған жаза!» деп Мықты оны жер астына қамады.
20. Мықты жеңімпаз болып Құдайдың алдына келді, Құдай оның шайқастағы айлакерлігін бағалап оған «батыр» деген лақабат береді, солай Мықты рух тұңғыш батыр болды және Ерлікке жасаған жазасында дұрыс санап, иемділігіне ұлы күшті және әділдікті беріп Мықты батырды жалғанның қорғаушысы қылдырды, кей шежірелерде семсермен кітап берілді делінеді. Мықты батыр рух болса да, ол Адам-қаннан кейін жаратылды, демек Адам-қаннан кіші, сондықтан адам баласы рухтың «батыр» лақабатын атақ ретінде емін-еркін пайдаланады.
21. Барлық жаратылыстар Құдайға табынып алғыстарын айтқан соң, барлық жаратылыстар өз орын мекендеріне, ұяларына қонды. Адамда адам болып, жәннәтқа аяқ басты, сол сәттен бастап жаратқанның үшінші есімі айтылады, ол есім «Тәңір».
«Тәңір» сөзі «ең жоғарғы» деген мағнаны білдіреді, демек жаратқан әр жаратылыстан, жер-жәннәтінен және бүткіл жалғаннан да жоғары деген мағынада айтылады, және «Тәңір» сөзін «шыңғыс» сөзімен теңестіруге болмайды. Мағналары ұқсас болсада « шыңғыс» сөзі тек өлшемді жалғанға және жаратылыстарға қатысты айтылады.
II. Келін
22. Кең жер-жәннәтта Ұмай-ене таратқан Тәңірдің құт-құдіретін тарататын көп және әр түрлі құт көздері болды. Олардың ең үлкені - ол тамырларын жер астына жіберген, өзі аспанға созылған, жуан және үлкен ағаш еді. Бұл ағашқа жаратылыстар келіп оның жемістерінен, шырынынан, жапырақтарынан және қабығынан дәм татып, өздеріне сай құтқа иемденетін. Жер-жәннәтта ең үлкен құт тарататын көз болғандықтан шежірешілер ол ағашты «бай» деп атады, бұл сөздің мағнасы «өзгенің өміріне жауапкершілік алу және жауапты болу».
23. Сол ағашқа Адам-қан да келеді, оны қызара пісіп тұрған жемістер қызықтырады. Біреуін жұлып алу үшін ол ағашқа жақындай берген кезде, оның алдынан Ұмай-ене шығады. Адам-қан одан ағашта өсіп тұрған жемісті сұрап, алақандарын созады, сонда Ұмай-ене оған «Тәңір сені рухтармен теңдестіріп мәңгі өмір сүретін қылдырып жаратты, сондықтан саған бұл құт көзінен дәм тату да қажет емес, және бұл жемістерді де алма» деп айтады. Сол сәтте Адам-қанға ол жемістерді алуға тыиым салынды, және ол жмістер «алма» деп аталды. Ағаштағы жемістерді бермесе де Ұмай-ене Адам-қанды бос қол жібермеді, алақандарына көсіп жер салып берді де «алтын сенің иелігің» деді, Адам-қан алғанымен жолын жалғастырды. «Алтын» сөзі кәзіргіде металл атауы ретінде кеңінен таралған, және әдебиетте екі көнелеу мағыналары да сақталды, олар «өз өзіне жеткілікті - баршылық» және «барға риза болу - шүкіршілік», бірақ «алтын» сөзінің негізгі мағынасы ол «жәннәт» кейіннен жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған соң, бұл сөздің негізгі мағынасы бұрмаланып басталды.
24. Жолын жалғастырған Адам-қанның жанын жалғыздық мазалайды, әбден қинала ол өзіне серік жасауға бел буады. Өз болашақ серігін өзіне ұқсайтын қылдырады. Бас, бет, құлақ, мойын, бел, табан, шектеріне дейін жасайды, тірілсін деп өз жанымен бөліседі, бірақ ол жанды жаратылыс емес аспап болып шығады. Еңбегінің нәтижесіне қанағат болмай, Адам-қан ашуланып ол аспапты лақтырып жібереді, жерге дүп деп түскен аспаптан домбыраланған дыбыстар шығады. Ерекше дыбыстарға қызыққан Адам-қан аспапты жерден алып «домбыра» деп атап, шектерін тартқаннан төгілгенүнге ерекше толқып, аспапта ойнай бастайды. Өз ойынымен жалғыздық күйін сыртқа жар салады. Домбырадан төгілген күйді естіген әр жаратылыс Адам-қанның жан жалғыздығын сезеді. Төгілген күйді Ұмай-енеде естиді. Күйдің әсері соншалықты ол Адам-қанды аяп, оған серік болсын деп әйелді жаратады. Әйел жалғандағы Ұмай-ененің кейпі. Тұңғыш әйелде есім болған жоқ, бірақ шежірешілер оны «келін» деп атады, өйткені ол Адам-қанға серік болу үшін, өміріне келуші болып табылады. Адам-қанның өміріне әйелдің келуін «бет ашар» салты суреттейді.
25. Адам-қанның өміріне әйел келгенннен оның өмірі бақытқа толды, және бұл бақыт мәңгі болатындай еді. Бірақ бір уақытта жалғыз жүрген әйел алма ағашқа келеді. Қызарған алмаларға қызығып қараған әйелді көрген жылан оны алманы жеуге азғырады. Ақ көңіл әйел жыланның сөзіне көніп, алмадан дәм татып, Ұмай-ененің тыйымын бұзады. Соған жаза ретінде Ұмай-ене жер-жәннәтті жер-табиғатқа айналдырады. Адам-қанды мәңгі өмірінен айырды, ал оның ұрпағын жалғастыру әйелге жүктелді. Кейбір шежілелерде бұл тыйымды салғанда, оны бұзған үшін жазалағанда жаратқан Тәңір деп айтылады. Бұны түсіну үшін, білу керек, Ұмай-ене ол Тәңірдің жалғандағы елшісі және оның әр ісі Тәңірдің бұйрығы.
III. Қам-баба
26. Жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған соң, Адам-қан мен әйел ұрпақ жалғастырып тіршілігін жасады, және оларға бөлінген уақыт біткен кезде Тәңірге қайтты, ол адам баласы ұрпақтан ұрпаққа көбейіп үлкен халыққа айналды.
27. Тұңғыш халықтың коғамында өте маңызды орын бақсыларда еді, олардың жауапкершілігінде бүкіл жұртты дұрыс жолдан тайдыртқызбайтын әр нәрсе болды, және ең басты міндеті адам баласына Тәңірге деген алғысты ұмытқызбау. Бірінші болып адам баласына Тәңірге деген алғысты ұмытпау насихатын жасаған Адам-қанның өзі. «Бақсы» сөздің мағынасы «бақ жолын көрсетуші». Әрине бақсылар тек насихатпен шектелген емес, өлшеумен зерттеуден бастап ұстаздыққа дейін солардың ісі және ерекше айта кететін іс ол емдеу немесе «құтқару» демек, олар Тәңірдің құт күшін емдеуге жарата білген. Бұл жерде анықтай кететін жәйт, кәзіргі ұлт-қазақ тілінде «қару» сөзі «қирататын немесе зақым келтіретін зат» деген мағынада бейімделді, бірақ бұл сөздің негізгі мағынасы «қолданатын нәтижелі аспап», ал ол нәтижелікті дұрысқа немесе бұрысқа жарату ол аспаптың пайдаланушысына байланысты. Бақсылардың қолындағы ондай аспап «құт» еді.
28. Адам баласы үшін Тәңірге деген алғысты жадында, жанында және жүрегңнде сақтау ең бастысы «алғыс» Тәңірдің жаратылыстарына басты талаб. Алғысымыз бар болғанша адамзатта бар болады, ал алғысымыздан айырылсақ қараң болып жойыламыз. Сондықтан бақсылардың басты міндеті Тәңірге деген алғысты ұмытқызбау болды, олардың бұл міндеті Ерліктің кегіне қарсылық.
29. Себебі, жер-жәннәт жер-табиғатқа айналған кезде, Ерлік ыңғайлы сәтті пайдаланып көптеген өз жаратылыстарын, Адам-қан мен әйелді нәпсі ойлармен істерге азғыртып Тәңірге деген алғыстарын ұмытсын деп жер бетіне жіберді. Бұрыс ағымдарда ол жаратылыстардың есімдері аталып, олар Ерліктің ұрпағы делінеді, бірақ ол мәселені талқылауға және олардың есмімдерін атауға, адам баласына тыйм салынған. Кейіннен ол жаратылыстарды шежірешілер «жын» деп атады. «Жын» сөзі « Тәңірдің жаратылысынан кем» деген мағнаны білдіреді, өйткені оларды Ерлік жаратты.
30. Жындар Тәңір өзі жаратқан, Ерлік өзі тірліткен Адам-қанды азғырта алмады, ал ол жындардан әйелді қорғасын деп Ұмай-ене оған құт көзінен - жарқыраған күннен, бір тамшысын - отты алып берді. Екеуінде азғырта алмаған жындар, олардың ұрпағын азғыртып алғыстарынан айырып қараң қылдыруға бел буды. Бұл ойлары іске аспасын деп Адам-қан балаларына Тәңірге деген алғысты ұмытпау насихатты өзі бастады, ол бастаманың жалғасы бақсылардың мойында еді.
31. Сол бақсылардың үздіктерінің бірі Қам есімді бақсы болды, шежірешілер оны Қам-баба деп атайды.
Оның басты кәсібі құт күшімен емдеу – «құтқару» еді. Күндердің бірінде оған қарт әке мен ана өздерінің дертке ұшыраған бойжеткен қызын әкеледі, бірақ Қам-баба қалай тырысса да дерт кетер емес болды. Қыз қиналған сайын қарт әкесімен анасыда қиналды, оны көрген Қам-баба тәуекелге барады.
32. Түн жамылып ол жынмен тілдеседі, жын арқылы Ерліктен ауырған қызды емдейтін күш сұрайды. Ерлік көмектесу үшін шарт қояды, Қам-бабаның уақыты келе, жаны Тәңірге қайтпай Ерліктің иемділігіне бұйырады. Бақсы шартқа келіседі, оның келісуі өзіне қорлық жасау еді. Осыдан өзіне қорлық жасап өзгеге көмектесуді жұрт «қамқорлық» деп атады.
33. Қам-бабаның келісімін алған Ерлік жын арқылы оған өз күші бөлінген аспапты жібереді, ол аспапты жұрт «қамшы» деп атады. Қамшымен жерді сөгіп - «зікір салып» Қам-баба Ерліктің күшін бойына жинап қызды емдейді.
34. Қам-бабаның жынмен тілдесіп Ерлікпен келіскенін білген бақсылар оған «Ерлік тек келіскен бір жанға иемделсін» деп «халықтан бөлек кет» дейді, Қам-баба бақсылардың сөзіне қарсыласпай көнеді.
35. Бірақ көз жұмар жанды құтқарған Қам-баба туралы естіген халық ішінде көптеген көмек сұраушылар пайда болды, олар Қам-баба қайда жүрседе артынан келетін. Көмек сұраушылар Қам-бабаның көзіне тіке қарай алмайтын, өйткені олар білді Қам-бабаның көмегі оларды Тәңірден алыстататынын. Тіке көзін көрмегендіктен Қам-баба әр сұраушыны «қасқа» деп атады, қасқалардың есімдерін сұрамауы әдейі еді, еш жын көмек сұраған адам баласының есімін естімесін деп, әсіресе әйелдердің, ер адам алғысын сақтай білсе өз болмысымен жындарға ұрей салады, ал алғысын ұмытса еш азғыртусыз-ақ Ерлікке құл болады.
36. Сұраушыларға Қам-баба зікір салып және сұраушылардың заттарын өз құдыретімен бөліп көмектесетін, ондай заттарды жұрт «қамбар» деп атаған. Тұмарлық және идолдарға табыну қамбарлардан басталды.
37. Бара-бара Қам-бабадан үйренуге ниеттелінгендер де пайда болды, солай одан үйренуші оқушылары көбейіп үлкен ұйылға айналды, оларды «қамқоршылар» немесе «қамдар» дейтін жұрт. Солардың ішінен бар алған білімін, құдыретін өзгеге көмектесу үшін емес, тек өз нәпсілігіне пайдаланушы шықты, оның есімі шежірелерде сақталған жоқ, бірақ Қам-баба оны қамшысымен ұрып өлтіруінің алдында оны «сорлы» деп атайды. Бұл бірінші адам баласы адам баласын өлтірген жәйіт болды, және сол сорлыдан адам баласының арасында бір-бірін нәпсілік үшін жын деңгейіне - Тәңірдің жаратылысынан кем деңгейіне, төмендету басталды .
Тұран дүниетанымы -2
«Жасалым»
I. Барлық
1. Жаратқан – жалғыз, мәңгі және мінсіз, шын дүниенің өзі де, заты да, негізі да.
Әр жаратылыстың және бүкіл жалғанның негізі, ол жаратқанның құдыреті – «құт». Құт – жаратқанның көзі да, құлағы да болып табылады, сондықтан жаратқан бәрін біледі, бәрін естиді және көреді, ол құпиялаған ой болсын немесе даладағы жалғыздың айқайы болсын. Құт – жалғанның және жалғандағы бәрінің негізі, ал құт бар жерде жаратқан да бар, сондықтан «жаратқан қайда?» деген сұраққа жауап «жаратқан үнемі қасында!».
Жаратқанның үш есімі бар. Біріншісі «Өлген», бұл есімі жалған дүние әлі жаратылмаған кезенге қатысты айтылады, және бұл есімнің мағынасы «бар бәрі - жалғыз жаратқан, одан басқа ештеңе және ешкім жоқ» деген.
Екінші есімі «Құдай», бұл есімі жалған дүние жаратылып жатқан кезеңге қатысты айтылады. Адамзат үшін жалғанды жаратқаны өте құдды болды, жалғансыз адамзат болмас еді, сондықтан жалғанды жарату кезеңге қатысты жаратқанды «Құдай» дейді.
Үшінші есімі «Тәңір», бұл есімін Адам-қан жер бетіне аяқ басқан сәттен бастап айтылады. Бұл есімі «ең жоғарғы» деген мағынаны білдіреді, демек әр жаратылыстан және бүткіл жалғаннан жоғары деген мағынада. «Тәңір» сөзін «шыңғыс» сөзімен теңдестіруге болмайды, өйткені «шыңғыс»сөзі тек өлшемді жалғанға қатысты айтылады.
Жаратқанмен теңесетін ешкімде, ештене де жоқ және онда жаратылыстарда секілді нәпсілік кемшіліктер де жоқ .
Тәңірден адасу, жаратқанға серік қосу және нәпсілік кемшіліктерде айыптау.
Тәңірден адасқан жұрт күнәға батып, жойылады.
2. Ерлік - алып рух, Тәңірдің тұңғыш жаратылысы, оны Тәңір жалғандағы өз елшісі және құт-құдыретін жаратушысы болсын деп жаратты, бірақ кейіннен тәкәппарлігі үшін жазаланып жер астына қамалынды, содан тозақ падшасы болды.
Жер-жәннәт жер-табиғатына айналғанда Ерлік жындарды жаратып, Адам-қан мен әйелді азғыртып, Тәңірге деген алғыстарынан айырсын деп жер бетіне жібереді. Жындар Тәңірдің жаратылыстары болмағандықтан жансыз және Тәңірдің жаратылыстарынан кем.
3 .Ұмай-ене – махаббатқа толы рух, жалғандағы Тәңірдің елшісі және құт-құдыретін таратушысы.
Ұмай-енені әр дәуірде әртүрлі атады, мысалы «Табиғат –ана », «Жер–су» және «Құддық» деген атаулары әлі күнге дейін бар, бірақ ең дұрысы және есімі Ұмай-ене.
4 . Мықты – тастың суынан жаратылған алып рух, Тәңірдің құдыретінің дәлелі.
Тәкәппәр Ерлікті жеңіп жер астына қамаған рух, шайқастағы айлакерлігі үшін Тәңір оған «батыр» деген лақабат берді.
Мықты – ең тұңғыш батыр, бірақ ол Адам-қаннан кіші болғандықтан адам баласы оның «батыр» лақабатын атақ ретінде еркін пайдаланады.
Ерлікке тапқан жазасы үшін Тәңір оған ұлы күшті және әділдікті беріп, жалғанның қорғаушысы қылдырады, кей шежірелерде семсер және кітап беріледі дейді.
5 . Шын дүние – Тәңірдің құшағы, шын дүниенің өзі де, заты да, негізі де – жаратқан.
Өлгеннен – жаратқаннан бүкіл жалған және әр жаратылыс бас алады, сондықтан бүкіл жалғанның да, әр жаратылыстың да негізі ол Тәңірдің құдыреті – құт. Әр жанға жалғаннан ұзаған соң Тәңірге қайту – заңдылық және бақыт, ал ұйқыда – жалғанмен шын дүниенің арасында қалып қою немесе Ерліктің тозағына түсіп құлы болу – азап.
Шын дүниеде адал жанға бұйыратын жалғанның рахаттықтары жоқ, пәк қыздар немесе тәттіге төгілген бақшалар секілді, ол жақта тек біз кезінде бас алған Өлген – жаратқан бар, және жлғаннан ұзаған жанға жаратқанға қайту ең асыл жол. Тек Тәңірге қайтып Тәңірдің құшағына қайта енген жан аруақ болып жалғанда қалған ұрпағына көмекші және сақшы бола алады.
6 . Жлған дүние – сынға толтырылып табиғатқа айналған жәннәт, және жалған жер бетімен шектелмейді, ол толық дүние.
Адамға қалға келген әр сын – ол Тәңірге деген алғысты ұмытқызбайтын себептілік. Алғысын сақтай білген жан әр сыннан өте алатын, әр еңбекті бағындыра алатын жігерлі және бақытты болады.
7 . Тұран дүниетанымы – Тәңір жолындағы адам баласын мәңгі ел қылдыратын шежірелермен шежірелік сөздердің қөзі. «Тұран» сөзінің негізгі және бірінші мағынасы «Тұр жұртының отаны», бірақ кейіннен адам баласы шетінен қамдыққа, қамбарлыққа және сорлылыққа кетіп бөлшектенген кезде, Тұр жұрты Тәңірге деген адалдығынан таймады, содан «Тұран» сөзі адам баласының арасында «Тәңірге адал» деген екінші мағынасына иеленді. Заман өте ол жұрттың атауы болған «Тұр» сөзі «Түрк» деген фонетикалық өзгеріс алды, ал «Тұран» сөзі толығымен өзінің екінші рухани мағынасына көшірілді.
II. Адам баласы
- Адам-қан еркек болып тірілгендіктен ұрпағы да еркек жағынан саналады, демек тектік ұл баладан тарайды.
Бір ұл баладан тараған жеті ұрпақ кыз алыспайтын туыс, сондықтан әр адам баласы руларын және жеті атасын білуге тиісті, сол жеті ұрпақтың әр тектісінен - ұлынан тараған жеті ұрпақтар бір ұлтты құрайды және ұлт атауы, ол ең бірінші тектік таралған ұл баланаң есімі.
Бір ұлттың мемлекеті – «Ұлыс», екі немесе одан көп ұлыстардың келісімі арқылы бірігуі – «ел», ұлыстардың қосылып бір ел болатын келісімінің ең басты және міндетті шарты ол барлық ұлттардың қан теңдігі және іс жүзінде ол теңдік жасалуы, тең құқықтармен талаптарда қыз алысу болып табылады.
Теңдіктегі қыз алысу арқылы ұлттар туыс болып шығады, өйткені әр ұлт өзге ұлтқа текті қөбейтетін қыз бала өсіріп құддылық жасайды, ал қыз баланы келін ретінде алған ұлт оны өз қамқорлығына алып құддылық етеді, сондықтан ондай туыстар «құдалар» деп аталады.
Қыз алысып туыстасып кеткендіктен ұлыстар мәңгілікке қосылады, және біріккен ұлыстар мемлекеті «Мәңгі ел» деп аталады. Біріккен ұлыстардың «Мәңгі ел» атауының тарихта қалған фонетикалық нұсқалары «моңғол», «мағул» және «моғол». Бірігудің тағы бір шарты әр мәңгі ел азаматы өзін сырт жұртқа таныстыруы өз тегінен немесе ұлт атауынан емес, біріккен ұлыстар мемлекетінен болуы тиіс, демек өзін «мәңгі елдік» – «моңғол» деп таныстыратын болды.
Ұлыста, тек сол ұлысты құрған ұлттың қаны билік етеді, бір қанның билігі – «хандық», және ұлыс құрған ұлттың таңдалған көсемі – «хан» деп аталады. «Хан» атану үшін таққа міндетті түрде ұлыс ұлтының құрылтайында сайлану арқылы отыру керек, егер көсем таққа құрылтайсыз отырса оны «хан» емес «алдияр» дейді, бұл «өзі алушы» немесе «иеленуші» деген мағынадағы сөз. Үлкен қате «хан» сөзін «монарх» мағынасында түсіндіру, өйткені монархия институты және құрылтай институты бір біріне қайшы келеді.
Құрылтайдың екі түрі болады «ұлт құрылтайы» және «ел құрылтайы», біріншісінде бір ұлттың таққа үміткерлері және ақсақалдары ұлыс ханын таңдайды, екіншісінде біріккен ұлыстардың хандары елдің көсемін таңдайды және ол көсемі «елхан» деп аталады. Ұлт құрылтайын сол ұлттың ақсақалдары жинайды, ал ел құрылтайын соғыссыз жол іздеген хан жинайды. Ел құрылтайында араларында мәселе туындаған кемінде екі жақ болса, сол мәселенің мәміле нәтижесін бегітетін кемінде тағы бір жақ болу тиісті.
Құрылтай арқылы емес біріккен ұлыстар «гүрт» деп аталады. Гүрттің елдең ішкі құрылымдарының басты айырмашылығы, гүртте ұлттар теңдігі жоқ, көсемнің ұлты өзгелерден жоғары тұрады және ол ұлтпен теңдікте қыз алысу құқығыда болмайды. Гүрттің көсемін «гүрхан» деп атайды, гурқосымшасы «гурт» сөзінен алынған.
- Ұлыс аймақтарға бөлінеді, әр аймақ жазғы жайлаулармен қыстақтардан тұрады.
Аймақ – ұлыс құрған ұлттың бір руының, жыл мезгілдері ауыса көш салатын ауылдарының жазғы жайлауларымен қыстақтарының жерлері. Ал аймақтар аудандарға бөлінеді, «аудан» сөзі «жаяу барып қайтатын ара қашықтық» деген мағнаны білдіреді. Бұл жерде «аудан» және «ауыл» сөздері бір негізді екені анық көрінеді, бірақ «ауыл» деп, жұрт шатырларын бұзған нақты жер айтылады, ал «аудан» сөзі ауылмен қоса барлық жаяу айналып қайтатын іргелі жерлер мен бірге алынған өлшемді мағыналайды. Отырықшы өмір салтын ұстанатын жұртқа ұлыс аймақтарға емес, болыстарға бөлінеді, «бөлу» сөзінен, фонетикалық нұсқасы «волость», және толық бөлек сөз болып қалыптасып кеткен «область» сөзі осы «болыс» сөзінен пайда болды.
Әр болыс орталығы «қала», «қал» және «қалу» сөздерінен, әр қалаға көсем басшы тағайындайды, ол қала басшысына қаланың ең зәулім сарайы бұйырады. Соғыс жағдайында ол сарай қаланың басты қорған қамалына айналады, ондай сарайды «қоршаулы ел» деп атайды. Сарай тұрғындарының «ел» атануының себебі, ол сарайлықтардың жалпы қалалық жұртпен мүлдем қыз алыспайтындығынан немесе теңдікте қыз алыспайтындығынан. «Қоршаулы ел» сөз байланыстығынан пайда болып, тарихта қалған сөздер «кремль», «кивамень» және «камелот».
Көшпенді өмір салтын ұстанған жұрт қалалық жұртты «орыс» деп атаған, бұл сөз «ор» және «ұлыс» сөздерінің қосылуы арқылы пайда болған сөз, ал толық мағынасы «ордың аржағындағы ұлыстың адамы». «Ор» сөзі бұл жерде қаланың қыстақтардан және жартылай көшпенді өмір салтын ұстанатындардың еңбек қлашықтарынан айырмашылығын белгілеушісі, ол қаланың айналасында қорғаныс үшін қазылатын ор, ал «ұлыс» сөзі, ол қала билігінің өз ішкі заңдары және ережелері бар екенін белгілейді.
- Әр мемлекеттің кауыпсіздік кепілі ол өз әскері.
Әр әскер жауынгерден басталады, 10 жауынгер бір ондыққа бағынады, 10 ондықтар бір жүздікке бағынады, 10 жүздіктер бір мыңдыққа бағынады, 10 мыңдықтар бір түменге бағынады, ал түмендер қанша болса да, бір түменбасыға бағынады, ал түменбасы көсемге бағынады.
Шайқасқа шыққан қалың әскер сабының оң қанаты – «жоңғар», сол қанаты – «бұлғар», ал ортасы - «көк» деп аталады. Бұл атаулар Тұр жұртының ұлысынын аймақтарының атауларынан қалған.
Көсемді қорғайтын әскер негізгі әскерден бөлек, олар көсемнің туыстарынан және сенімділерінен жиналады, оларды «кішілер» – «кишиктен»деп атайды. Көсем қорғаушы дәрежесі мыңдыктың дәрежесімен тең.
Каһармандықпен және батылдықпен жұрт көзіне түскенді халық «батыр» деп атайды, және бұл атақты тек халық беретіндіктен, ол каһарманның лауазымына, дәрежесіне немесе тегіне қарамайды.
- Тәңірге адалдықтан адаспау үшін, Адам-қан өзі бастаған адалдық насихитын адам баласы арасында бақсылар руханияты жалғастырды.
Бақсылардың сөзі қоғамда үлкен орын алады, өйткені әр бақсы сауатты болуға тиісті, сондықтан зерттеу және ғылыммен данышпандық жолын қуу олардың міндеті.
Барлық білімдерімен бақсылар ұстаздық жасап немесе ырымдармен тиымдарды шығарып бөлісуге тиісті. Білу керек, ырымдармен тиымдарды заңдармен немесе салттармен теңестіруге болмайды, ырымдармен тиымдар – ол жай ғана адамды сақты қылдыратын ережелер, және дәуір ықыласы немесе тұрмыстық өзгерісімен оларда өзгеріп тұруы мүмкін.
Ұстаздыққа келсек, бақсының басты міндеті, оқушысының санасын қараңғылықтан ақ жолына салу, сондықтан, ақ жолына шыққан адамның санасын «ақыл» дейді, демек «ақ қылдыру, ақтық жасау» мағынасында, себебі әр адамнын ақтық жасау басты аспабы – ол санасы.
Бақсылардың руханиятының міндеттерінің бастысы Тәңірге адал болуды насихаттау, бұндай насихаттың негізі алғыс-дұғасына шақыру, алғыс-дұғасы күніне екі рет айтылады. Біріншісі, таңата, адам оянып гигиеналық істерін аяқтаған соң, екіншісі кешкісін, адам ұйқыға жатар алдында, гигиеналық істерін аяқтаған соң. Таңғы дұға адам ұйқыда қалып қоймағанына және ұйқыда ессіз жан салмағанына алғыс, кешкі дұға – осы ұйқыға барар сатыға дейінгі барлық болғанға алғыс, өйткені, келесі күні оянбау мүмкін, сондықтан адам есі барда алғысын айтып ұйқыға кету керек. Дұғадағы алғыстардың айтылатын реті: бірінші алғыс Тәңірге айтылады, өйткені ол адамзатты да және бүткіл жалғанды жаратты. Екінші алғыс Ұмай-енеге айтылады, өйткені ол Тәңірдің жалғандағы елшісі және құт-құдіретін таратушысы. Үшінші алғыс аруақтарға айтылады, өйткені адал өмір сүріп Тәңірге қайтқан жандар, жалғанда қалған ұрпақтарына үнсіз қамқоршы болады. Төртінші алғыс айналадағы табиғатқа – жалған дүниеге айтылады, өйткені бұл біздің мекеніміз. Бесінші алғыс жалғанда тіршілік жасап жүрген адам затқа айтылады, өйткені әр адам баласы өзге адам баласына бауыр.
Алғыс-дұға жасалуы: алдымен адам Тәңір берген негізі құт көзіне қарай бұрылады, жер бетінде тұрған адамға ол аспандағы жарқыраған күн. Содан адам екі тізесіне тұруға тиісті. Білу керек, адам баласы екі тізесіне тек алғыс-дұғасын жасағанда және бабалар жерленген қорғандардың алдында, аруақтарға құрмет көрсеткенде тұрады, қалған жәйттерде қандай құрме немесе басқа мәселелер болса да, тек бір тізесін бүгеді. Тізеге тұрған соң, құшағын аспанға жәйіп алғыстарын айтады, айтуы міндетті түрде өз аузынан шыққан сөз өз құлағына естілетін болу тиісті. Дұғадағы әр алғысты айтқаннан кейін адам екі алақаны және маңдайы толығымен жерге тиетіндей қылдырып табыну керек.
Алғыс-дұға жасау еркектердің парызы, әр еркек орда бұзып азамат болған соң таңғы және кешкі дұғаларын жасауға міндтті, егер ол сұрбойдақ болса шашына ақ кіріп кісі болғаннан дұға жасауын бастау керек.
Нәзік жандардың дұға жасаудан босатылу себебі, Тәңір алғыс талап еткенде әйел заты әлі жаратылмағандықтан, әйел кейіннен еркекке серік болсын деп жаратылды. Таңғы және кешкі дұғаның арасында азамат болған еркек өз тіршілігінен басқа, айналасына жеті көмек беру міндетті, егер дұға сөз алғысы болса, бұл міндет іс алғыс.
Еркектің бұл міндетінен «жеті нан тарату» салты және «той жасау – өзгені тойдыру» дәстүрі-институттары бас алады. Алғысты тек жұртқа емес жалпы айналаға жасау керектіктен, жеті нан таратылса кемінде бір наны жәндікке беріледі, ал той жасалса астан жәндікке сыбағасын береді.
Жеті нан жасап тарататын әйел болғандықтан, жақсы әйел күйеуінің жағдайын екі дүниеде де жасайды. Бұл салт-дәстүр боп қалыптасқан алғыстардан басқа, әр адал іске көмек «айналаға алғыс» боп саналады.
- Тарихта өз есімін өшпестей қалдырған бақсы Қорқыт. Қорқыттың ем беруі - «құтқаруы» соншалықты, жұрт арасында пір атанды.
Айнала табиғатты зерттеп түсінуінің тереңдігіде едәуір еді, су бетінде батпай жүріп жылдар бойы мекен еткен. Данышпандығы арқылы табиғаттың әр демін, анасының құшағындағы сәбидей сезген.
Қорқытты қамдықта және сорлылықта айыптап талай сөздер айтылды, бірақ ол алғысын жоғалтпаған, Тәңірден адаспаған бақсы және оны толығымен медицинаның әкесі деуге болады.
III. Тіршілік
1. Тірі тіршілігін жасауға тиісті: адам баласына тіршілік қажеттілігін «ұят» ұғымы түсіндіреді.
«Ұят» сөзі «түнғыс үйінде – ұясында үйренгені» деген мағынаны білдіреді, бірақ «ұят» ұғымына келгенде бұл сөз «тәрбие» деген мағынасынан кеңейе түсіп, адамзаттың бар тіршілігіне қатысты талаптарды және ол талаптар неліктен қажет екенін түсіндіреді.
«Ұят» ұғымының талаптарын бір шежірешілер Адам-қанның өз ұрпағына насихат еткен сөздерінен алынған дейді, ал екіншілері тарих бойы жиналған білімнен жасалған деп санайды.
Бірінші талап: еш күнә және қара ниетсіз өмір тіршілігіне келу демек «мәңгі ел» болу, идеалдық бойынша ел жасалымы қоғамда теңдікпен әділеттікті орнатып адам баласын утопиялық тіршілікке апарады.
Екінші талап: әр жегені және ішкені адамның ақтық жасау ниетімен қабылетінен айырмау керек, және бұл талап тек бірден адам санасын бұлдырататын тамақтарға және ішімдіктерге ғана қатысты емес, алдымен адамды саулығынан айыратын тамақ-ішімдіктерге де қатысты.
Үшінші талап: тіршілік барысында өзге тірі жанға зақым келтіретін жағдайларда Тәңірді араластырмау. Содан, жауынгер шабуылда аруағын ұрандатып, ал мал мауыздайтын қасапшы Ұмай-енеден кешірім сұрайды.
Төртінші талап: әр сауда да алғанмен берген бағалас болуы, ондай адал сауданы «теңге» деп атайды, және теңгені сауда ақтықғы ретінде саналып, алған пайда «ақша», берген пайда «ақы» деп аталады.
2. Дүниеге келу: қашқан малдармен төлдерге және жүкті әйелдер мен балаларға Ұмай-ене аса қамқоршы.
Аяғы ауыр әйелдің босанатын уақыты келгенде, талай бала тапқан сақа апа-жеңгелер шақыртылады. Қимылға бар жастаулары жүкті жанның қасынан табылса, босандыртып алу үшін, жасы келіп әжей болған апа-жеңгелеріміз «әйел затын қоршау» ретінде шақыртырылады. «Әйел затты қоршау» – ол Ұмай-енеге белгі, қай жерде әйел заты көп жиналса, сол жерге Ұмай-ененің назары түсіп, ол сол жерге ақ жамылып қонаққа барады. Сондықтан, әжейлерге дастархан жайылған ағаш үй болсын, жүкті жан жатқан ағаш үй болсын, төр орны Ақ-Ұмай-енеге бос тұрады, және төр орнынын тағам сыбағасы дастарқанға міндетті түрде қойылып кесесі де толтырылады. Ер азаматтарға алыстау бөлек ағаш үй қойылып, сол жақта дастарқан жайылады, өйткені Ақ-Ұмай-ене қонақ еткенде ер затты адам өте махаббатшыл болып кетіп бәйбішесімен тоқалының көздеріне шөп салуы мүмкін.
Қайту: адам көз жұмған соң, бірден оның туыстары мен жақындарына хабар жіберіледі, дене жерленбегенше көз жұмғанның жаны жер бетінде және жұрт арасында болады.
Көз жұмған Тәңірге қайтады, және ешбір жанды Тәңірге қимай қайғыруға тиым салынған. Қайғыру, жылау және зарлану, көз жұмғанның жанын Тәңірден алыстату болып табылады. Барлық туыстармен жақындар жиналған кезде, көз жұмғанның жаны қуанатындай бір бірнің амандығын сұрап, бір біріне ақ тілек, бата айтуға тиісті, және қонақ асынан да тойғанша жеу керек.
Ешкім мазаламайтын алыстау жерге, басын құт көзіне бағыттап жерлеу қорған қазылған соң, бақсы бастаған ерлер денені жерлеуге апарады. Жерлеуге тек еркектер қатысуға тиісті, өйткені жерленген адамның жанын Тәңірге қайтаруға қара жамылған Ұмай-ене келеді, ал Қара-Ұмай-ененің қасында әйел затты адамның денсаулығы нашарлап, санасы тозып, жүкті болса түсік болып кері зиян алады.
Жерлеу аяқталған соң, жерлеушілер қорғанның жанында алғыс-дұға жасап алып оралады, оларды әулеттің үлкендері күтіп алады. Келушілер үлкендерге мына сөздермен бас иеді: «Біз қараннан шықтық, жалғанның тіршілігін және шаттығын қарсы алуға».
Жерлеу кезде қорғанның сыртынан, жер астында кім жатқанын білдіретін ешбір белгі қоюға болмайды, болашақта көз жұмғанның тіршілігінде жасағанына қатысты қайтқаннан кейін ешкім мазаламасын деп, ал егер не бір адам, өз тіршілік барысында адам жерленген қорғандарға тап болса, сол аруақ болғандарға құрмет білдіртіп алғыс-дұғасын жасап, көп мазаламай кетуге тиісті.
3. Жастардың қосылуы: екі жол арқылы жасалады, ол құда түсу және алып қашу.
Дұрыс құда түсу, «бесік құда» болудан басталуға тиіс, бірақ ұл ержетіп, қыз бойжеткенде де құда түсуге болады, айырмашылығы біріншісінде тіке әкелері уәделеседі, екіншісінде екі жақтың ара сөздерінің тізгіні жастардың жеңгелерінде екені.
Ал алып қашу жолы, жастар өздері табысып ешкіммен кеңеспей бірге болуға шешім қабылдағанда жасалады, бұндай жайтта жастардың қашу амалына, олардың жолдастары көмек береді. Бірақ алып қашу жағдайында, жастар көтерген шаңырақ, ел жұрттың, әсіресе жақындарының батасынан айырылып қалуы мүмкін, ал дауыстап ақ бата бермегенді, жындар азғыртып іштей қара тілек тілеткізеді.
4. Отбасылық жасалым: үйленген соң балалы болғанша жастарды «күйеу» және «келіншек» деп атайды, «күйеу» сөзі - ол Адам-қанның домбырада ойнап төккен жалғыздық күйіне сілтеме, ал «келіншек» сөзі – Ұмай-ене жаратқан, тұңғыш әйелдің Адам-қанға серік болу үшін, оның өміріне келгеніне сілтеме. Балалы болған соң күйеуді «бай» деп атайды, бұл бірге тапқан балаларға басты жауапты сол екенін білдіреді, ал келіншекті «қатын» деп атайды, бұл сөз ақ тілек «тезірек қалпыңа кел» деген мағынаны білдіреді, бұндай тілектің себебі, жүктілік кезеңі бойынша және босану барысында, келіншектің денсаулығы әлсірейді. Бала тапқан келіншекке ақ тілек айтуының орны өте зор, өйткені әр тапқан бала – ол алғыс, және қосылған бір жұп, кемінде төрт алғыс білдірту керек. Бірінші бала – ол Тәңірге алғыс, Адам-қанды жаратқан үшін, екінші бала – ол ер жаққа алғыс, күйеу болатындай ер азаматты өсіргендері үшін, үшінші бала – қыз жаққа алғыс келіншек болатындай қызды өсіргендері үшін, ал төртінші бала – ол Ұмай-енеге алғыс, қашқан малдармен төлдерге және жүкті әйелдермен балаларға қамқорлық ететініне, осыларға қоса тапқан барлық балалар – ол Тәңірдің құддылығы.
Жасы келе әйел бала көтере алмайтын сәт келеді, сол сәттен ол «бәйбіше» атанады, демек шаңырақ астында оның сөзі күшейгені, ал ұрпақты көбейтуге екінші әйел алынады, оны «тоқал» деп атайды, «тоқ» және «ал» сөздерінің қосындысы, демек екінші әйелді да тойдыратындай жағдай болу тиісті. Екінші әйелден туылған балалар жұртқа толықтай текті мұрагер, ал жасалымға алғыс саналады. Тоқал болатынды бәйбіше күйеуіне өзі таңдап береді, өйткені тоқал бәйбішенің барлық істерінде оң қолы боп келеді.
Түрк мұсылмандарында, кәзіргі күні, бәйбішемен тоқалға қоса тағы екі әйел алуға болады, бірақ ол жасалымның негізі емес, ол исламның зиянынан пайда болған негіз, және бұны Тәңірге адалдықтың жасалымына қатысты деуге болмайды.
Қолына қару ұстап, тіке соғыс шайқастарына қатысып ел қорғайтын ерлер «құл» әйелдерді иелене алады, ондай әйелдерді «күндес» деп атайды, күндестен тапқан бала тек ұрпақ жалғастырушы, оның мұрагерлік құқығы жоқ. Күндес ерге бәйбіше немесе тоқал секілді жары ретінде саналмайды, ол ерге бағынышты иелік. Құл әйелді «күндес» атау себебі келесіде, өйткені ер құл әйелдің шатырына тек таңғы және кешкі алғыс-дұғаларының аралығында, күндіз ғана бара алады, ұйқыға кетуінде және оянуында бауырында жары болу тиісті, бәйбіше немесе тоқал. «Күндес» сөзі уақыт барысында өзінің екінші «бір біріне шыдамау, жамандау» мағынасын алды, өйткені, күндесте ер иесі шатырына келгенде оның бетін қайтаратын құқығы болмады, содан «күндес» сөзінің екінші мағынасы сол құл әйелдердің іштей күйгенін көрсетеді.
Тұран дүниетанымы.3.
«Мәңгі ел шежіресінің бастамасы»
I - Баба ел ақыры.
- Адам баласы бақсыларды тыңдаушыларға, қамдарды тыңдаушыларға және сорлыларға бөлшектелінген заманда, жер бетінде Адам-қаннан басталған тегін үзбеген соңғы ел болды, басқа жұрттар өздеріне өтірік құдайларды ойлап шығарып, Тәңір жолынан тайып, алғыстарын жүректерінен жоғалтып жатқанда, ол елдің жұрты Тәңірге адалдықтарын, жүректерінде алғыстарын сақтап, Адам-қанның насихат сөздерін ұмытпады.
- Өздеріне өтірік құдайларды ойлап шығарған жұрттар, өздерін адам баласы қатарына санамай, сол құдайлардың ұрпағымыз деп жариялағандықтан, шежірешілер өзін адам баласы санайтынға, тек сол Адам-қаннан басталған тегін үзбеген елдің жұрты баба болып келеді деп, ол елді «Баба елі» деп атады.
- Баба ел ақыры, Руы, кей сөзде Руа, ел көсемінің көз жұмғанынан басталады, ол көсемнің екі мұрагері, егіз ұлдары Жарық және Сенім арасында билікке күрес бастады. Біріншісі – Жарық, Тәңір жолынан таймай өз қол астындағы ұлыстар бірлестігін «мәңгі ел» - монғол деп жариялап өзіне «елхан» атағын алды, ал екіншісі – Сенім, Тәңір жолынан адасып өз қол астындағы ұлыстар бірлестігін «мәңгі гүрт » - мәңгүрт деп жариялап өзіне «гүрхан» атағын алды.
Қосымша айта кететін жайт, қамдық ағымы бойынша Руа көсем және оның ұрпағы құдайлаңдыра пері ретінде көрсетіледі, және сырт дін-дүниетанымдармен салыстырушылар Руа көсемді мысырлық күн құдайы «Ра»-мен бір түпті деп балайды.
Әлідегі «ататегі» - «ру» сөзі осы Руа көсемнін есімінен бас алады.
- Бөлшектенген болса да адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп бір бірін еркін түсінді, бірақ гүрхан мәңгүрттерге жаратқанның есімдерін айтуға тыйым салып, екі дүние соның иелігі деп жариялап, тек өзіне табынуды бұйырған соң, бір болған тіл екіге бөлінді, мәңгүрттердің және монғолдардың, содан адамдардың арасында бір біріне айтқанды түсінбеу басталды.
- Екі көсем өз биліктерін нығайтқан соң, көп ұзамай екі мемлекет арасында соғыс басталды, ал соғыстың сұмдығы соншалықты, бүкіл жер беті қанға оралып, қараңғы батқан заман басталды. Қарңға бату - ақырдың басталуы еді, бірақ аспан жерге құлап бастағанда Тәңір өз жаратқандарына тағыда құддылық жасады, ол аспанды жерге құлатқызбайтын және жер бетіне қараң зманда да құт көзі болсын деп, аспанға жарқыраған қазық қағады, бұл құт көзін әліде «Тәңір қаққан» немесе «Алтын қазық» деп атайды, екінші атауында «алтын» сөзі «жәннәт» деген мағынасында пайдаланған. Бүгінгі ғалым-астрономдар ол құт көзін «Полярды жұлдыз» деп атайды.
- Жер беті қараңға батса да, қан төгіс тоқтатылмады, соғыс басталуынан үш ұрпақ дүниеге келіп, өсіп және қартайып көз жұматын уақытына таяу, жер бетін қараңға батырған соғысты бастаған екі мемлекетте әбден тасталқандары шығып жойылды, бірақ адасқан адамзат қан төгісті жалғастыра берді, ұлттармен жұрттар бір бірін бағындыру жолында еш қылмыстан да, күнәдан да таймады. Қанды ашық шайқастарға қоса бір біріне жауланған адам баласы өзгенің мекенінде, жерінде жасыл түгіл бірде арам шөп өспесін деп өрт қоятын, өрістер түгіл бірде жануар болмасын деп төлінен бастап бар тіршілікті қыратын.
ІІ - Алтын адам.
- Қараң заманның сұмдық, қанды қырғынның қатыгездігі соншалықты болды, бір біріне жауланған адам баласы бір бірін ұрпақсыз, тексіз қалдыру үшін сәбилерінен бастап, қолдарына түскен өзге ұлттың, өзге жұрттың балаларын мерт қылды. Талай ана, талай әке бұндай қатігездіктен қан жұтқан қайғыға батқан, олармен қоса Ұмай-ене де қайғырды.
- Сол заманда Тәңір жолынан адаспаған бір әйел болды, ол жауынгер сауыт киіп, қолына қару алып, боз-боз болып шашылған жесір және жетім қалған қыз келіншектерді жинап, оларға да сауыт кигізіп, қару ұстатып, қаруланған жасақ құрды. Көсем әйелдің мақсаты жетім боп далада қалған сәбилерді және есеймеген балаларды қорғап, оларды Тәңір жолынан адаспайтындай тәрбиеде өсіру болды. Бұндай істің қасиеттілігі, пірлердің қасиетілігімен тең еді, бірақ көсем әйелде пірлердің қасиеті болмады, сондықтан шежірешілер оны «кемпір» деп атады.
- Көсем әйелдің бұндай қасиетті ісін көрген Ұмай-ене, аспандағы бұлттарды ысырып, аспанда түрлі түсті сәулелерді ойнатып өз қуанышын білдірді, бір сәтте Тәңір ол түсті сәулелерді қосып жарқыраған, таңғы ақ сәулеге айналдырды, солай таң атып қараң заман аяқталды, ал Ұмай-ененің қуанышы, әлі күнге дейін «кемпірқосақ» деп аталады.
- Бұлттар ысырылып, таң атып жаңа күн басталғанда, жер бетіндегі бүкіл бақсылар жолға шығып жан-жаққа тартты, олар кездескен әр шаңыраққа соғып, Тәңір жолына оралып, барлық қақтығыстарды, арамдықтарды өткенге тастап, айнала көрші-көлемдерді бір бірін қонаққа шақырып, дастарқан жайып, тойдыртып бір бірінен ақ батамен, ақ тілектерін алуға шақырды. Сол бақсылардың сөзімен, адам баласы тұңғыш рет «Жаңа күн» - «Наурыз» тойын тойлап, жаңа күнді тоймен қарсы алады.
- Уақыт өтті. Аспанда күн жарқыраса да, жер беті көгеріп тірілсе де, адам баласының арасында қақтығыстар тағыда көбейіп, күшейе бастады. Сол күндері енді ер жеткен жас жігіт, Тәңірге дұға жасап, адам баласының арасындағы қақтығыстармен қан төгіслісті тоқтатылсын деп жалбырынады, сонда Тәңір жігітке күндей жарқыраған сауыттарды, оттан құйылған семсерді және дүниені суреттейтін тәжді беріп, бүкіл адам баласын бір ел қылдырып, Тәңір жолына қайтаруға жібереді, бұл адам баласына Тәңір жіберген көсемді жұрт «Алтын адам» деп атады, кей нұсқада «Алтын ханзада».
Сауыттарды, семсерді және тәжді Тәңір нақты қалай бергені туралы екі сөз бар, біреуінде олар ғажайып түрде аспаннан түсті делінеді, екіншісінде оларды оттай қызыл тұлпар әкеліп берді деп айтылады. Қызықтысы, бірінші сөз ертеректе отырықты өмір салтына көшкен халықта қалған, ал екіншісі күні кешеге дейін көшпенділікті ұстанғандарда айтылады. Қалай болса да, екі сөздің де жалғасы бірдей, сол «Алтын адам» бастаған ат мінген ел өз тарихи өрлеуін бастайды, демек шежір бойынша көшпенділер цивилизациясы осы Алтын көсемнен басталады.
«Тәңір жолын жаңғырту сөздері»
- «Тұран» және «Алтай» рухани ұғымдар туралы:
Бұл сөздер кең жұртқа, алдымен елді мекен немесе мемлекет атаулары ретінде таныс, бірақ көшпенділер цивилизациясында бұл сөздер тек атаулар ретінде емес, әр қайсы ерекше, рухани ұғымдарды білдіретін терминдер ретінде де айтылды, және ол ұғымдар бір бірін толықтырады.
Тіршілік барысында, Тәңір жолындағы барлық рухани, демек дүниетанымнан бастап, сол дүниетанымнан негіз алып пайда болған діндер, сол дінде қалыптастырылған салттар және сол салттар құрайтын мәдениеттер, бәрі бір екенін білдіретін және бір ретінде сақтайтын термин - «Тұран».
«Алтай» сөзі «Алтын» сөзімен түптес және синоним, демек «жәннәт» деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі күнге дейін жер-жәннәт жер-табиғатқа айналса да, жер-жәннәт кезеңінде Адам-қан тіршілік жасаған мекенді «Алтай» деп атайды. Алтай жері - адамзатының бесігі, сондықтан, көшпенділер цивилизациясында, бұл сөз рухани терминге айналды. Алтай деген рухани ұғым, Тәңір жолындағы адамды, Тәңірге әкелетін білімдерін әр адам баласымен бөлісуге міндеттейді, ол адам адасқан болса да, өйткені, әр адам баласы өзге адам баласына бауыр.
Сонында, қысқаша, «Тұран» - ол Тәңір жолындағы білімдерді бір ретінде көрсетіп, сақтаушы ұғым, ал «Алтай» - ол Тәңір жолындағы білімдерді насихат еткізетін ұғым.
- «Шежірешілер мен шежіре» институты туралы:
Әр цивилизацияның жүрегінде сауат ашатын институт турады, көшпенділер цивилизациясын да ол «Шежірешілер мен шежіре» институты.
Бүгінгі күні «шежіре» жалпы жұртта өте кем мағынада пайдаланады, және ата-бабалықтан аспайды, ол әрине өкінішті, өйткені көшпенділер цивилизациясында «шежіре» нағыз прогресс жасайтын аспап болды.
Ең тұңғыш шежіре айтушы Адам-қанның өзі, көп уақыт бойы шежіре айту бақсылардың қызметі болды, бірақ уақыт барысымен, тіршілік талабымен шежіре айтушылар «шежірешілер» ретінде бақсылардан бөлінді. Олардың басты айырмашылығы келесіде, бақсылар адамдардың рухани сауатын ашу үшін қызмет жасаса, шежірешілер адамдардың тіршілік сауатын ашу үшін қызмет жасады.
Шежірешілердің қызметі елдердің, мекендердің арасында жол жүріп, қай жерде қандай тіршілік жасайтын сауат бар екенін көріп, сол білімдерді елдердің, мекендердің араларында тасымалдау еді, ол сауаттар қарапайым іс жасайтын кәсіп методикаларынан басталып үлкен көз ашатын тарихпен ғылымдарға дейін баратын.
Шежіре – ол прогресске жетелейтін сауат мұрасы, және әр адам баласына сауаты, өз жеті атасымен руын жаттауынан басталады.
- Тәңірге адалдық туралы:
Тұңғыш Тәңірге адалдықты насихаттаған Адам-қанның өзі, мына Тұран және Алтай сақтаған Тәңірге адалдық адам баласының арасындағы теңдіктің кепілдігі, әр Тұраннан және Алтайдан өзге жаратқанға адалдық туралы ақпараттық көздер, қанша Құдай атын жамылсын, қанша гуманизм туралы айтсын, бәрі бір міндетті түрде бір адам баласы екінші адам баласын құл немесе бұдан қылдыратын эгоцентризді жаңғыртады.
Адам баласы тіршілігін аяқтап қайтқаннан кейін де оның есімі жұрт есінде алдымен Тәңірге адал адам баласының есімі ретінде сақталуының амалын қарастыра кету керек, өзі көз жұмғаннан кейін оның есімі және тіршілігі, Тәңірге серік қосуындай күнә істерде пайдаланбайтындай болуы үшін. Көшпенділер цивилизациясының тарихында, бұл сөз бойынша сабақ, ол соңғы «мәңгі ел» құрған әлем көсемі Шыңғыс-хан, өзінің қайтар сәтін сезгенде, берген бұйрықтары – «Жерленген жерімді еш бір адам баласы білмеуі тиіс, және келешекте ол жерді ешкім таппас үшін, ол жермен мыңдаған жылқыларды айдап өтіңдер...», әлем көсемі келешек көзі ашылмаған ұрпақ оның есімінің беделінен қорқа, оны Тәңірге серік қылдырарын түсінді, сондықтан алдына ала амал қарастырды, бұған қоса әлем көсемі өз есімін шежірелерде атауға тиым салды, сондықтан шежірешілер оны «алаш» – «біріктіруші» деп атады.
Тәңірге адалдықтан тайып, адасқан жан Тәңірдің құддылық-қамқорынан айырылады, ал ондай жағдай тұрған азап, өйткені, адасқанға кішкентай шаншу дертке айналады, жеңіл ұрыс жоятын қырғын болып шығады. Бұл сөз бойынша тарихтан сабақ, ол көшпенділер цивилизациясының ақыры. Адасқандардың миссионерлері, жындар секілді, шын дүниеде Тәңір емес, ол жақта жазасыз нәпсілік рақаттарына толы жәннәт» – деп көшпенділерді азғыртып, алдап өздерінің қылмыс-күнә қызметтеріне тартты, сол жазасыз нәпсілік рақаттарды көксеп, адасқандардың қиял жәннәтіне сатылған көшпенділерді Тәңір өз қамқорлығынан айырып, қорғамай қойды, ал адасқандар оларды өз қанды қылмыс істеріне аямады.
- «Құрылтай» билік институты және «қазақ» ұстанымы туралы:
Жасалым бойынша, ел боламыз деген жұрттар және ұлттар «құрылтай» билік институтына келу тиіс.
Құрылтай ұлттармен жұрттарға диалог аланың және ел көсемін сайлау құқығын береді. Идеалды нұсқада «құрылтай» билік институты, әке ұлына көсемдікті мұра ететін құқықты жояды, және идеалды нұсқада құрылтай сайлаған ел көсемі «хан» немесе «елхан» емес, «Тәңірқұты» деп аталады. Бұл атақ, көсемнің басқа адам баласынан көрі қасиетті немесе текті деген емес, ол атақ көсемнің қызметтік миссиясы қандай және қандай сапа деңгейінде болуы керек екенін білдіреді, демек көсемнің елге қызметі, жансыз затты тірілте алатын Тәңірдің құты секілді болу тиіс.
Көшпенділер цивилизациясында тек құрылтай билігін мойындайтын ел болған ұлттар және жұрттар өз өздерін «қазақ» - «еркін» деп атады, ал монархтары бар ұлттармен жұрттар оларды «джетте» - «жетім» деп атады.
- «Құт» және «құт көздері» туралы:
Тәңір жаратқанның барлығының негізі – ол «құт» – «энергия». Абсолютті «таза құт» Тәңірде, ондай таза құт жалғанға құт көздері арқылы келеді, ал жалғанда жаратылыстар өз тіршілігінде ол таза құтты ақтыққа немесе нәпсілікке асырғаны бойынша ақтық немесе нәпсілік құт ағымдарының біріне құйылады. Ақтық құт ағымы «Байтыныс» деп аталады, ал нәпсілік құт ағымы «Тоймадым» деп аталады, және Байтыныс ағымы Тәңірге қайтады, ал Тоймадым Ерліктің шөлін қандырады.
Сондықтан тіршілікте бұйырған құтты тек ақтыққа пайдалану керек. Ұмай-ене де адал жанды Тәңірге қайтарғанда осы Байтыныс ағымы арқылы қайтарады. Байтыныс ағымы қуатты болса, демек тіршілікте ақтық басым болғаны.
Егерде бұйырған құтты нәпсілікке жаратып Тоймадым ағымын қүшейтіп тасытсаң, барлық тіршіліктің түбі қараң болады, сондықтан, Тәңір жолында ақтық жасаумен қоса Тоймадым ағымын бақылауды ұмытпау парыз!
Көшпенді бабаларымыз Тоймадымды көрбақ малға қарап бақлаған, «көрбақ» деп бабаларымыз еркек малдың да, ұрғашы малдың да белгілері бар төлді атаған, егерде төл арасында көрбақ пайда болса, онда оны өлтіруге болмайтын, ол өріспен тең жайланып, суарланатын. Көрбақ төл кезеңінде мал болмай өзі мерт болса, ол жақсы ырым болған, Байтыныс қуатты екенін түсінген, ал егер ол аяқтанып мал болып кетсе, ол жаман ырым болған, демек Тоймадымның тасып жатқаны. Әрине, көрбақ мал соғым болмайды, оны мауыздап адам баспайтын жерге апарып көміп тастайды.
- Жаратқанның есімдері және «Үшқұрболстан» ұғымы туралы:
«Шежірешілер неге жаратқанның үш есімін сақтап жүр? Неге бір есіміне таңдау салмайды, олай ыңғайлы емес пе ?» – деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Жауап клесіде, жаратқанның есімдері тіршіліктің киелілік сауатын сақтайды, ал ол сауатты ұғу үшін, есімдерге тоқтай кетейік.
«Өлген» есімі, бүкіл барлық бір бірімен байланысты, бәрі бірдің бөліктері екенін білдіреді.
«Құдай» есімі, тіршіліктегі жасаған істерде ең ақтық іс ол құддылық жасау екенін білдіреді.
«Тәңір» есімі, ақтық жолынан таймай Байтыныс құт ағымын құаттандырып, тіршілік соңында жаратқанға қайту - ең асыл болашақ екенін білдіреді.
Бұл үш киелі сауатты өз ақылына және табиғатына сіңірген адам, дүниеде өз орыннын тауып, тіршілігінде әр ісінен, әр күнінен бақыт алатын және көз жұмудан қорықпайтын, ерекше қалыпқа келеді, ондай қалыпты «Үшқұрболстан» деп атайды, ал ондай қалыптағы адмдарды «Ақжан» деп атайды. Жаратқанның есімдері сақтаған киелі сауаттарды өз ақылына, өз табиғатына сіңіріп, Үшқұрболстан қалпына келу үшін, алдымен айнала ортаны түсіне білу қажет, демек айналаны зерттеуден бастау керек, бүгінгі күні ол өте оңай, себебі дұрдай-дұрдай нақты және табиғат туралы ғылымдардың институттары бар.
7. Келін және махаббат туралы:
«Тәңір неге жалған дүниені және жалғанды мекен етушілерді жаратты?» – деген сұрақ әр бірдің есінде, өмірінде кемінде бір рет туындайды. Бұл сұраққа жауап: Тәңірдің ұлы махаббаты бар, бірақ теңдесі жоқ, сол махаббатымен бөлісу үшін, ол жалған дүниені және жалғанды мекендеушілерді жаратты.
Адам-қанның тіршілігіне Тәңірдің ұлы махббатын әкелген - ол алмадан дәм татқан Келін, сол махаббатты жеткізу себебінен, Келінін алмадан дәм татуына, Адам-қанға секілді Ұмай-ене кедергі жасамады, демек жер-жәннәт жер-табиғатына айналуы жаза емес, ол Тәңірдің бөліскен ұлы махаббатына жол ашылуы.
8. Алғыс және жан тазалығы туралы:
Тәңір өз шексіз құдыретіне қарамастан жаратылыстарынан құлшылдық немесе бағыныштылық талап еткен жоқ, ол тек алғыс сұрады, және ол сұрауы өзінің бәрінен жоғары және құдіретті екенін көрсету емеседі, ол сұрауы Тәңірдің өз жаратылыстарына берген сабағы. Алғысы бар өз өміріндегі бар немесе болған әр қайсының және әр нәрсенің құндылығын түсініп бағалай біледі, ал әр барлықтың құндылығын түсінген ол барлықтан сауат алады, ондай алғыс арқылы табылған сауат жан тазалыққа апарады, ал жаны таза тіршіліктегі абсолютты бақыт - Үшқұрболстан қалпына келеді.
9. Көшпенділер цивилизациясындағы діндер туралы:
Бүгінде, көшпенділер цивилизациясында, басынан ақырына дейін бір дін болды деген қате пікір кеңінен тараған, бірақ шынында көшпенділер цивилизациясында тек дүниетанымы бір болды, ал діндер әр кезеңде осы дүниетанымнан негіз алып сол кезеңнің жағдайы бойынша қалыптасты.
Көшпенділер цивилизациясы діни жағынан үш кезеңге бөлінеді: біріншісі ең ескі дін - «Табиғат», бұл дін бүкіл адам баласы Тәңір жолы туралы білген кезеңде болды, және бұл дінде көсемдер «Алтын адам» деп аталатын, екінші дін – «Құт құдыреті», бұл дін адасқандар көбейіп Тәңір жолын дана саясат арқылы қорғау керек болғандықтан пайда болды, және бұл дінде көсемдер «Тәңірқұты» деп аталатын, үшінші дін – «Бөре рух», бұл дін Тәңір жолын тек найзаның ұшымен, білек күшімен қорғаудан басқа амал қалмағандықтан пайда болды, және бұл дінде көсемдер «Елхан» деп аталатын.
10. Келесі қараң заман туралы:
Келесі қараң заманның басталуы тіке тіршілікке байланысты, егер де Тоймадым құт ағымын тасуына дейін жеткізсек, қараң заманның басталуы сол, ал қараңға батқан жалғанның ақыры да алыс емес.
Тоймадым тасығанда Ерлік өз шөлін қандырып, күшін жинап алып рух - Мықты-батырдың қамалынан босатылып шығады. Ерліктің босауы жалған дүниеге үлкен қауып, себебі, Тәңір қаққан Алтын қазықты жұлып алуға тек Ерліктің шамасы келеді, ол босаса аспанды жерге түсіріп жалған дүниенің ақырын әкеледі.