Адам қарады: 85 | Жарияланды: 2019-04-19 03:37:23
Ана әлдиі
Ең ақылды, ең көркем,
Таңғажайып баласың.
Өзің өскен елге ертең
Ер жеткенде– панасың.
Әлди-әлди, әлди-ай,
Әлдилейді анашың.
Сенде үміт, сенімім,
Ел қорғамас ер ме екен?!
Өр болып өс деп, ұлым,
Бесігіңді тербетем.
Әлди-әлди, әлди-ай,
Жарыста озып кел бөпем!
Ең ардақты, сүйікті,
Балдай тәтті баласың.
Біз алмаған биікті
Өзің жеңіп аласың.
Әлди-әлди, әлди-ай,
Біл өмірдің бағасын.
Ең қымбатты сүйкімді
Кіп-кішкене баласың.
Бөлмейді ешкім ұйқыңды,
Ән салады анашың.
Әлди-әлди, әлди-ай,
Қазір ұйықтап қаласың.
Бүгін бала болғанмен,
Сен ертеңгі данасың.
Жүріп даңғыл жолдармен,
Өзің де із саласың.
Әлди-әлди, әлди-ай,
Ізде, бақыт табасың!