Адам қарады: 740 | Жарияланды: 2018-04-05 02:42:59

Пендешілік екен

Болған оқиға ізімен

Жақсыбек, Бердалы, Әжібек  үшеуі  де  жас  жағынан  қатарлас,бірақ  Әжібек-

-тің ана екеуінен бір-екі жас үлкендігі  бар.Әжібек пен Бердалы туыстықтары

бар,бөлелер болып келеді,шешелері бір ауылдың қыздары әрі туысқан  екен.

Ал,Жақсыбек  кейінірек қосылған, үшеуі  дос.Ана екеуінен айырмашылығы,

Жақсыбек  жоғарғы оқу орнын бітірген,жас маман ал, Әжібек пен Бердалы арнайы орта оқу орнын бітірген,бірақ  екеуі де өздерін пысық санайды,лып-

-ылдақтау.Жақсыбек  оқуды жаңа бітіргеннен бе,жұмысқа қатысты көп ұсыныстар айтып жүреді.Бірақ,айналасы оған онша көңіл бөлмей не білер,

дейсіңге,салып көңіл бөлмейді.Жақсыбек-істеген ісіне өте жауапкершілікпен

қарайтын,керек кезінде мінез де көрсететін жігіт.Бердалы да тиянақты,бірақ

тайғанақтау, сөзінде тұрмайтын жігіт,денелі болғанымен іші  өте тар болатын.

Ал,Әжібек  болса қағылез,өзінше еш шешім қабылдай алмайтын,кімнің сал-

-мағы  ауырлау болса соған ауысып кете салатын,тұрақсыз  жігіт.Оның  бұл қасиетін Бердалы көп пайдаланады.Оның  үстіне бастық  оның  нағашысы.

Оның  айтқаны көбіне орындалып жүреді.Бұл Бердалыға өте тиімді.

Ол кезде көбіне  жігіттер құрылыс мамандығына оқуға түсетін,сол себептен

де  Бердалы  аудан  орталығындағы  құрылыс  техникумын  бітірген,Әжібек

болса механик болсам деген ниетпен,сол  техникумның  механик  маман-

-дығын таңдаса,Жақсыбек  облыс орталығындағы жоғарғы оқу орнын,құрыл-

-ыс  мамандығын бітірген.Тағдыр айдап оқу бітірген соң  үшеуінің  басы бір жерде,бір мекемеде  кездесіп,сол  жерде еңбек жолдарын бастады.

Аудан  орталығындағы көп қабатты үйлердің бірінде үшеуі де бірге тұрып

жатты.Балалары да бір мектепке барып,жанұяларымен де араласып  жүрді.

Жұмысқа да бірге барады,бірге жүреді, қай жаққа барса да бірге болады. Дегенмен Бердалымен Әжібектің жеке сырласып, бөлектенуі аракідік болып тұрады және сезіліп те тұратын.

Жақсыбек жас маман ретінде басшыларға ұнаған болуы керек, оның үстіне оның кісіге деген адамдығы , жұмысқа деген ынтасы өз нәтижесін береді ғой. Басшылар ойласып оны бөлім бастығы етіп  тағайындауға қарар кабылдайды. Жұмыс аяғына тақап қалғанда сол бөлімнің бір қызметкері келіп: -Жақа сізді бөлім бастығы етіп тағайындау туралы бұйрыққа бастық қазір қол қойды, сүйінші! -деп масаттана құттықтады.

Оның бұл жаңалығына таң қалған Жақсыбек :-Бастықтарың қайда кетті ?- деді. -Ол кісі аудандық комитетке хатшы болып кетті, -деп қуанышты хабарды естіртіп жатты. Лезде бүкіл үлкен ұжым құлағдар болып жатты.

Әжібек пен Бердалы да келіп құттықтап жатты, бірақ екеуінің де көздерінде бір сыр бар еді. Хатшы қыз келіп Жақсыбекті шақырып , бұйрықпен таныстырып, қолын қойдырып алды, сосын ертеңнен бастап міндетіне кірісе беруіне болатынын айтты. Жақсыбектің қуанышында шек жоқ, үйіне жұмыстан кейін көңілді оралды. Әйеліне де бұл жаңалықты   шай арасында жеткізді. Бүгін үй ішінде белгісіз қуаныш жайлап кетті. Ертеңгі болатын жаңалықтан ешқайсысы бейхабар еді, сол ертеңнен болатын жаңалықтан кейін араларында өзгеріс бола бастайтынын өздері де білмей қалады. Таңертең күндегі уақытта жұмысқа келсе , жұрт ырың-жырың, белгісіз бір күйге түскен. Жақсыбек  ойында ешнәрсе  жоқ,кешегі қуаныштың елегімен

қабылдау  бөлмесіне кірсе,хатшы қыз кешегі  бұйрықтың өзгеріп,бөлім бас-

-тығы  боп  басқа  кісінің, яғни Бердалы Жайсанбаевтың  тағайындалғанын

хабарлады.Жақсыбек  төбесінен жай түскендей күйге түседі,өзінің бірге жүр-

-ген досы,неге бұлай өзгеретінін айтпады екен?... Жақсыбек жүгіріп далаға

қайта шығып кетті.Мекеме аумағы өте үлкен,ат шаптырым жер,соны аралап

келді де,ойына сол келді ме,жұмыстан шығуға арыз жазды.Соң арызын алып

бастықтың  алдына кіріп еді,бастық  жібергісі келмей арызына қол қоюды соза берді.Жақсыбек  өз шешімін өзгертпейтінін айтып  арызға қол қоюын

сұрады.Сөйтіп бастықтан шыға сала ешкімге жолықпастан үйге қарай тартты.

Себебін білмей дел-сал…  Бұл жұмыстан шығып кеткен соң талай сыбыс әңгімелер болыпты. Сол әңгіменің ең құндысы Жақсыбекке үкім шыққан күні, Әжібек пен Бердалы жұмыстан кейін бастықтың үйіне барған, сонан ол орынға Жақсыбектің лайық емес екенін, ол орынға Бердалының лайық екенін дәлелдеп бағады. Сөйтіп екеуі қалайда бастықты көндіріп, таңертең ерте келіп үкімді өзгертеді ғой. Сөйтіп үлкен саясаттың арқасында бір күнде , екі үкім шығады. Осы әңгімелерді естіген Жақсыбек екі досына  таң қалды, қостаудың орнына бұлары қалай ?- деген ойға қалады.Оның үстіне жұмыстан шығып кеткенін де дұрыс деп санады.

Бұрынғыдай араласып жүргендермен, араларында бір нәрсенің пайда болғаны байқалады. Сырт көзге ол байқала бермейтін.Әркім өз тірліктерімен жүріп жатты, үшеуі үш жақта ,сирек кездескенімен аралары баяғыдай. Одақ тарап, жұрттың жағдайы нашарлай бастады. Жұмыста қысқарып көп адам жұмыссыз қалды. Солардың қатарында Әжібек пен Бердалы да бар еді. Олардың қиналып жүргенін көріп Жақсыбек  Әжібекті шақырып, ойласқаннан кейін Бердалыға барды. Жақсыбек оларға ұсыныс жасап, өзіне көмекші етіп алуға уәде беріп, арыздарын алады. Сөйтіп үшеуі  келесіп,таңертең жұмыста кездесетін болып келіседі.

Достарын қарсы алу үшін Жақсыбек бүгін жұмысқа күндегіден ерте келді.

Іле-шала Әжібек те келді. Бердалы кешікті. Неге кешіккенін білейін деп Әжібек көлігіне міне салып Бердалыға кетті. Бір сағат өтер-өтпес Әжібек келіп, Бердалы түнімен ағайындарын жағалап жүріп, Жақсыбектен жоғарылау жұмысқа орын теуіпті. Мәссаған!!! Еш хабар- ошарсыз,Әжібек те аң- таң. Жарайды, әйтеуір жақсы жұмысқа орналасыпты, ол да болса дұрыс болыпты,- деп қойды. Күндердің күнінде Бердалы не дейсің  аумақ бастығы болып шыға келді. Жақсы , бірақ сол күннен бастап араларына сызат түсе бастады. Жақсыбектің соңынан шырақ ала жүретін болды. Жұмысыңда кемшілік көп деп әртүрлі сылтауратып, сөздері жараспайтын болды. Оның себебі сол, араларының алшақтығы болса керек. Біреуі аймақ бастығы, екіншісі әншейін бөлім бастығы. Сөздері еш жараспады.  Бірде екеуін басқарма бастығы шақыртты. Екеуі стол басына жайғасқаннан кейін;

-Жігіттер сендерді көп ұстамаймын- деді де қасында тұрған папкіден бір бет қағазды алып. Мынау –бұйрық , Жақсыбек Әділбекұлы, бүгіннен бастап сіз аймақ басшысы болып тағайындалдыңыз. Ал Бердалы Алматұлы , сіз осы кісінің орнына барасыз, -деді де әлгі бір жапырақ бұйрықты Жақсыбектің қолына ұстата салды.  Жұмысқа жайғасқан соң, Әжібекті шақырып алып өзінің көмекшісі етіп тағайындады.

Иә, өмір деген осы, бірде- олай, бірде- бұлай...

Көп уақыт өтпей, енді Жақсыбекке де бір өзгеріс енгендей болды. 

Әсіресе, Бәкең қабылдауына келгенде ұзағырақ ұстап,кейде қабылдамай жіберетінді шығарды. Ал қабылдай қойса да қысқа ғана сөйлесіп жүрді. Қашанғы шыдасын, тумасынан игі жұмсақ  Жақсыбек Бердалыны шақыртып алып:-

-Қалай Бердеке , осылай жүре береміз бе, ара қашықтықты ұстап? Әлде бірге жүрген құрдастар ретінде баяғы қалжыңымызға көшеміз бе? –дегенде , қып-қызыл болып кеткен Бердалының аузынан «Ой, пендешілік қой» деген сөз шыққаны сол екен, екі құрдастың құшағы айқаса берді...

Сол сәтте есіктің жақтауынан Әжібектің де басы қылтиып көрініп еді...

 

Қазақ тілінде жазылған