Адам қарады: 64630 | Жарияланды: 2018-06-13 08:11:43

Айттым сәлем, қаламқас

1

 ( Видеоролик Абайдың өмірі жайлы  )

( 1-ші көрініс басталады. Ақырын күй ойналып..Абай мен Қарабас сахнаға шығады. )

Автор: Күнкенің аулына Абай келісімен Құнанбай мұны Құлыншақ аулына жұмсады. Бірақ Бетқұдық мәселесі  шешілмеген соң, Абай Құлыншаққа ішінен наразы болып аттанды.  Абай әкесіне Құлыншақтың көнгенін айтсада, өкпесін айтқан жоқ.

Абай: Ассалаумағалейкум!!! Әке Құлыншақтың елінде жер мәселесі шешілді. Сіз айтқан шарттарға көнетіндігін айтты.

Құнанбай: ААА дұрыс екен. Ондағысы жақсы болыпты. Ертең жаныңа Қарабасты қосып Сүйіндік ауылына барасың.

 (Құнанбай сыртқа шығып кетеді. Қарабас артынан жүгіріп келіп)

Қарабас: Балаңыз сөзге ысылып қалыпты. Тіпті, бір үлкен кісідей орамды жатыр. Құлыншақ екен ау демейді. Қалай болсада тең сөйлейді.

Құнанбай: Жетті доғар!!!

( Қатты күй ойналады )

2

( 2-ші көрініс басталады. Ақырын күй ойналып.. )

Автор: -Абай мен Қарабас Сүйіндік ауылына келеді. Ауылда жастардың ойын сауық кеші өтіп жатыр екен. Қыздардың сыңғырлаған күлкісін естіп, бишілердің тамылжыған биін көріп  екеуі кілт тоқтады. Осы қыздардың ішінде Сүйіндіктің қызы Тоғжан да бар еді.

( Шашу биі  орындалады.Би біткеннен кейін бір жігіт ортаға суырылып шығып күй тартады. Сол кезде Абай Тоғжанға ұзақ қарап мына өлең жолдары  оқылады. Өлеңді сахнаның сыртында бір жігіт оқып тұрады. Бұл кезде Тоғжан өлеңге сәйкес іс-қимыл жасап тұрады. Мысалға шолпысын ұстап, шашын ұстап деген сияқты)

 

 

Білектей арқасында өрген бұрым

Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ.

Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе

( Музыка ойналады )

Автор: Бұл кезде киіз үй ішінде Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы Әділбек, Асылбек бәрі де қонақтарымен бірге отыр екен.

Абай: Ассалаумағалейкум!!!

Сүйіндік: Уағалейкум Ассалам!!! Жайғасыңдар балаларым! Я, не мәселемен келдіңдер? Айта отырыңдар.

(Тоғжан сырттан кіріп отырады)

Абай:  Сүйіндік аға! Рұқсат етсеңіз, осы өзіңіз айтқан кейбір сөздерді де өз аузыңыздан ұғынайын деп едім.

Сүйіндік: -Е, сұра, айт балам

Абай: -Ендеше, осы Кіші орданың тұсында Көжекбай Құлжабайдың жер дауына билік айтқан екенсіз. Сонда «мен қойдың бөлігін бөлмеймін, құдайдың бөлігін бөлемін » деп айтыпсыз. Осының мағынасы қалай.

(Бұл сұраққа Қарабас, Әділбек, Асылбек күліп жібереді.)

Сүйіндік: -Шырағым, бұл сөзді әкеңнен ұғынсаң етті.

Абай:- Менің әкем баламен ашылып сөйлей бермейді ғой.

Сүйіндік: -Бірақ жаңағы іске әкеңнің қатысы бар ғой. Оны білушіме едің?

Абай: Әкемнің қатысы барын білемін.

Сүйіндік: Ендеше, әкең аты араласқан сөзді ең әуелі әкеңнің өзінен ұғынғаның мақұл!

Абай: - Бәрекелді! Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл! Бірақ сол билік тұсы сіз бен менің әкем екеуіңіздің араңызды суытқан тұсы болды дейді. Ол рас қой.

Сүйіндік: -Рас

Абай: Сол менің әкеммен қырбай болып қалған жеріңізді өзіңіз ұғындырсаңыз, Сүйіндік аға!

Сүйіндік: Өтінсең айтайын! Біле жүр! Сенің әкең Мамай ішінде Жамантаймен көңілдес болып жүріп, өкіл күйеу болғанда екі жүз қой кит киген.

Абай: Иә сонымен

Сүйіндік: Біртінде сол Жамантайдың баласы Көжекбай өзінің Құлжабай деген кедей ағайынымен жерге таласты. Сонда «билік айт, жер бөлігін айырып бер» - деп, мені апарды. Мен бөлік былай бөлінсін дедім. Сенің әкең бас қасымызда. Мен бөлікті өз көңіліме сыйған әділетпен бөлмекпін. Байқаймын, жүрісім Көжекбайға жақпады. Тыжырынып жарыла жаздады. Аздан соң әкеңе сыбырлап, айта бастады. Әкең Кенжебайды құп көрді білем, арт жағымнан саңқ етіп «Уай алапес, сен қалай жүріп барасың» дегені. Мен екі жағына тең би емеспінбе? Ыза болып кетіп «Уай тәйірі, қойдың бөлігін бөліп келе жатқаным жоқ, Құдайдың бөлігін бөлемін » - дедім.

Абай: ә сонан соң не болды?

Сүйіндік: -Арғысын қайтесің, сол шырағым  үйіндік қолын бірақ сілтеді). Оданда алдыңдағы астан ала отыр.

Бәйбіше: Жеп, іш Абай!!!

Автор: Үй иелері: Жас қонақтың ұйқысы келді деп, соған жорып, ақыры төсек салынатын болып барлық еркектер тысқа шықты. Абай көңілі бұл кеште өзгеше бір күшті сезімнің әсеріне толы. Бұрын «Ғашық, жар» көп оқыған хикаялары енді кітап емес, аппақ мүсінмен, күлкісі, қозғалысы, тынысы мен «сол мен едім, мен мұндамын» деп көз алдына келгендей. Сүйіндік әңгімелерінің артынан, әуел кезде көңіліндегі тұнып жүрген бір ауыр сезім ренжіткендей, бірер төңкеріліп, түстіде, қайта шөгіп қалды. Ол емес тысқа шығып өз өзімен қалғанда, жұлдызды аспанға аса бір рахат қуанышпен қарап тұрып, кең тыныс алып......................(Желсіз түнде Жарық ай әні орындалады)

Абай:  (Музыканың 1 бөлігінде )

-Махаббатпа? Осы ма? Осы болса мынау дүние, мынау маужыраған тынысты нәзік түн..... бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой.

(Музыканың 2 бөлігінде )

-Нені айтады ?... Не деп түсінеді?... Не сипатты бұл сезім? ....Не боп барам? Тағат сабырым қайда?

(Музыканың 3 бөлігінде )

-Таң ... жүрек таңы... Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?

(Абай сахнадан жаймен шығып кетеді)

3

( 3-ші көрініс басталады. Музыка ойналады )

Автор: Абай 15 жасқа толғанда әкесі оған Қазақтың ұлы билерінің бірі Қаз Дауысты Қазыбек бидің шөбересі Алшынбай бидің Жүсіп деген баласының 17 жасар қызы Ділдәні алып берді. Сөйтіп Құнанбай Арғын жұртының ең ықпалды руының бірі Қаракесек елімен, жеті атасынан бері билігі үзілмеген Қаракөсек тұқым Қаз Дауысты Қазыбек бидің әулетімен құдандалы болысу арқылы соңғы жылдары жалаңаштана бастаған іргесін бекітті, осылайша Абайдың нағашылары оның қайын жұртына айналды.

Әкелер тарапынан жүзеге асырылған құдалық Абайдың жас жүрегіне тағы бір жазылмас жара салды. Өйткені оның жас жүрегі бір көргеннен іңкәр болған сүйіктісі Тоғжан деп соғатын. Бірақ Тоғжанды өзінің аяулы жары етуге Абайдың еш мүмкіншілігі қалмағанды. Ғашығы Тоғжан ежелгі дала заңымен әлдеқашан басқа біреуге атастырылып қойылған еді. Алғаш көргенде Абайдың Ділдәні жатырқауында, оған үйренісе алмауында осынау мұңлы сыр бар еді.

( Өзеннің жағасында Тоғжан мен Абай кездеседі. Жай музыка ойналады.)

Тоғжан: -Таң атып қалды. Біреу міреу көріп қойса масқара боламыз.

Абай:-Сәл сабыр етші Тоғжан!

Тоғжан: -Бөгелмеңіз, барыңыз. Енді маған келмеңіз, таяуда атастырылған күйеуім келеді.

Абай: -Енді екеумізге қайтып кездесу мүмкін емес дегін кеп тұр ғой

Тоғжан: -Иә, енді бәрі кеш (аттың даусы естіледі). Біреулер келе жатыр. Менің әкем Сүйіндікпен сіздің әкеңіз араз екенін бүкіл ауыл біледі. Олар егер бізді ұстап алса, сізді бірінші жазалайды. Келе жатыр.

 (Айттым сәлем Қаламқас әні орындалады)

Абай: -Қош Тоғжан Қош......

(Ең соңында барлық қатысушылар және белсенді студенттер сахнаға шығады. Әшірәлі ағай сөз сөйлейді. Одан кейін “Қазақ елі”  әні орындалады студенттермен бірге. )

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған