Адам қарады: 264 | Жарияланды: 2018-08-09 03:33:48

Елін сүйген ,ер бабам!

Теңіздей түпсіз тереңім,

Кенендей кенді кемелім.

РУХАНИ сенің жолыңда,

ЖАҢҒЫРЫП міне келемін.

 

Қызғыштай қорғап даласын,

Сүйіп бір қазақ баласын,

Салдырдың Арқа төсіне,

МӘҢГІЛІК ЕЛ қаласын.

 

Жайнатып Есіл жағасын,

Жалғадың әр ел арасын.

Өткізіп тойын ЭКСПО,

Асырдың Алаш бағасын.

 

Абадан текті  данасың,

Алатау сынды  дарасың.

НҰР  патшасың қазаққа,

Көшімді бастап барасың.

 

АТОМНАН емдеп жарасын,

Әлемнен алғыс  аласың.

Ер түріктің  ұрпағы,

Күндей нұрлы жанасың.

 

Түрткіл дүнием қарасын,

Атағың мәшқұр  тарасын.

ЕГЕМЕН елдің ұл-қызы,

Бақытқа  мұны  баласын?!

 

Қажымадың еш талмадың,

Нұрлы жолды  таңдадың.

Елін сүйген, ЕР БАБАМ,

Қырандай биік  самғадың.

 

Шөлімді жырға қандырдың,

Рухани бүгін  жаңғырдың.

Жасай берші, ЕЛБАСЫМ!

Рухымды көсеп жандырдың.

 

Еліне ері  тым ыстық,

Еліме қонар ырыс-құт.

Еңіреп туған, ЕСІЛ ЕР,

Еліне тілер тыныштық!

Әмиьн!!!

 

Қазақ тілінде жазылған