Адам қарады: 409 | Жарияланды: 2019-07-02 02:51:14

Аспаннан түскен адам

Комедия

Қатысушылар

Мирас–офис қызметкері менеджер,пысықай жігіт

Аман -46 жас,ауыл адамы.

Есен -45 жас, ауыл адамы.

Өсер –44 жас, ауыл адамы,бөлелер.

Руфхат /татар ұлтынан/–44 жас,күйеуі.

Гюлчехра  /өзбек ұлтынан/–38жас,әйелі

Айдын-Өсердің баласы,жас жігіт.

Нафиса-Руфхат пен Гулчехраныңқызы.

Доскен-жас жігіт.

Мөлдір-бойжеткен.Өсердіңқызы.

 

Оқиға бүгінгі кезде қазақ ауылында өтеді.Ауыл орталығынан салынған жаңа нысан ауыл адамдарына құпия бір жүмбақ мекеме болып көрінеді.Ондағы жастар,керек десе Өсердің өз баласы қызметтік құпия деп онда не болып жатқанын ашып айтпайды.Бұл жағдай көпке дейін ауыл адамдарына түсініксіз болып небір оқиғалардың тууына себепкер болады.Түгелімен жаңарған қазақ ауылында,бұрынғы әкімшілік орнына иновациалық-электронды орталық басқару мекемесі салынады.Барлық қызметті,еш жаққа бармай ақ осы жерде көрсетеді.Жастар орталығы, жұмысқа тұру,түрлі анықтамалар алу,жолдамалар алу,зейнетақы туралау,жерге құжаттарды жасату бәрі осы жерде дайындалады.Мекемеде қанша қызметкер істейдіжәне мекеме бастығының кім екені белгісіз.Оны осы ауылдағы үш адамның білуге әрекет етуі спектакль соңына дейін анықталмай соңында барып белгілі болады.Орталықтағы қызметкерлердің түсініксіз /компьютер тілімен/ терминдермен сөйлеуі ауыл адамдарын шатастырып жүреді.Жаңалыққа таңқалған ауыл тұрғындарының құпия,тосын мекемеге қызығушылығы күн сайын артып, көптеген қызықты оқиғаларға куә болады.

 

 1ші көрініс

     Музыка.«Кластастар»- «Опмай,опмай» әніне қойылған би.Қатысушылар түгел билейді.

/Сахна төрінде ортада шынымен  қапталған екі қабатты сәулетті ғимарат.Заманауй үлгімен салынған иновациялық-электронды басқару орталығы.Үш жағында да есігі бар,төбеде спутниктік қабылдау жүйесі,күн батареялары орнатылып маңдайшасына ағылшын қазақ тілдерінде жарнамалар жазылып қойылған.Жан-жағындағы талдар арасына орындықтар орнатылған.Ғимараттың маңдайшасы түгел түрлі-түсті шамдармен безендірілген жанып-өшіп тұр.Жастардың жаңа бір тобы«Нян тьюан» айтқан әнділэд экранда көрсетіп жатыр./ Егер лэд экран болмаса, фонограммамен айтылып жатады./ Сахнаның алдыңғы жағынан Аман,Есен,Өсер шығады,өзара дауласып келеді/

Аман Мен түсінбедім не істейін деп жатыр бұлар.Біз енді осы ауылдың биі, ардагерлер төрағасы емеспіз бе білуіміз керек қой.

Есен Дұрыс айтасыз ана қаладан келген Мирас күйеу баладан сұрасаң шаң жуытпайды.Өзі де осы сырғып тұр сөзіне түсінбейсің.Ағалар көкелер, біз бағдарлама жасап жатырмыз бәрі керемет болады деп зыр-зыр етеді, бұлар жылдам сөйлей ме,әлде біз мүлде баяулап қалғанбыз ба,әйтеуір сөйлесе ілесе алмай қаламыз ғой түк түсінбейміз./Өсерге қарап/ Өсер мүмкін сенің балаң осылармен бірге ғой сол түсіндірген шығар не істеп жүргендерін.

Өсер  Мен баламнан сұрағанмын Айдын балам айналайын сен қаладан келдің ауылға, енді мына ғимарат не болайын деп жатыр деп, ана Мирас екеуің не істеп жүрсіңдер дедім.Қаладан бірге келген досы ана күйеу баланы айтамын,өзі бір елгезек пысық жігіт.Сол Мирас екеуіңнің не істеп жүргендеріңді біз білмейміз,әйтеуір күндіз түні интернет деп әуейі боп кетіп жүрмеңдербіз де білейік дедім.

Аман  Ол  не деді.

Өсер  Әке көресіз біз айти бағдарлама жасап дайындап жатырмыз,жақында ашамыз бәрі жақсы болады дейді.Мөлдірді де дипломмен ауылға бағдарламасымен жұмысқа сөйлесіп қойдық дейді жастар ғой,енді не деймін бұларға.

Есен  Иә не дейсің оларға./Ғимаратқа қарап/ Ғимарат керемет дегенмен.

/Ұшеуі жақындайды.Ән әлі орындалып тұр./

Өсер Жақсы мұндай ғимарат біздің ауылда бұрын болып па еді өзі.

Есен Жақсы,жақсы./Ғимаратқа қарап таңданып/ Сөз жоқ әдемі ғимарат, ауылдың сәні кіріп қалды.

Аман Жақсы,бірақ  мына жалбыр шаштардың салған әндері маған ұнап тұрған жоқ.Бұл не ән бе өзі.

Есен Ол енді маған да ұнап тұрған жоқ.Қазақша емес сияқты тыңдашы не түсініп тұрсың.

Аман  /құлағын тосып тыңдап/  Қара,қарашы әне қазақ болдық деп жатқанда бұнысы несі,ән бе осы түк түсінбейсің.

Өсер / Ол да құлағын тосып тыңдап.Басын шұлғып/ А,а.Иә,иә.

Аман Бұл масқара ғой. /экранға қарап/  Мынау әлгі жастардың түнгі клубы ғой,одан несі артық.

Есен  /сабырлы/  Оны бастығынан сұрау керек.

Аман /қатуланып/ Бұларда бастық жоқ қой бар болса айтпай ма.Бастығы жоқ мекеме басы жоқ адаммен бірдей де.

Өсер /әнге құлағын тосып/  Мыналар қай тілде айтып жатыр өзі./жақындап таблодағы жазуды оқып/

«Жан шуан» дейді қытай ма не өзі.  /немесе құлағын тосып тыңдап /

Есен /үңіле қарап/ Әй ол қазақша емес ағылшынша жазылған емес пе.

Өсер Енді сол ағылшынша оқып тұрмын ғой мен де.Әне қарасайшы,/ежіктеп оқып/  «Н,н-Нән шығар» дейді.

Аман Нән шығар дегенің не сөз

Өсер Енді ансамбальдің аты шығар.

Есен Тоқта,тоқта мүмкін « Жан шуағы»  шығар.

Өсер «Жан шуағы» ойбай ау,онда керемет қой.

/осы кезде  Мирас шығады сахнаға.Үшеуі ортаға алып/

Аман  Мирас ау мынауың не сенің, шырағым ау,енді қазақ болып жатқанымызда мыналарыңне айтып тұр.

Мирас Ой көкелер бұлар қазақша айтып тұр ғой қарасаңызшы./Барлығы құлағын тосып тыңдап/ Бұл  кәзіргі ең жаңа топ қой бәрі біледі.Жастардың сүйкті тобы «Нян тюань» ғой.

Аман Сен біз жастар бәрін жаңаша бастаймыз.Бәрі жаңа өркениетке сай болады дегенің қайдаЕнді мынауың не бұл.

Есен Мынауың анау әлгі түнгі клубтыңәндері болып кетті ғой, біздіңөзіміздіңқазақы әндеріміз қайда.

Өсер Бұларың кім өзі, түрлері қазаққа ұқсайды,шаштары анау қорқып кеттік қой мыналардан.

Есен Мен өзіміздің қазақ қой аты «жан шуағы»  шығар деп тұрмын ғой мыналарға.

Мирас /ішек сілесі қатып күліп/ Ой көкелер ай қазақ қой әні де қазақ,қарасаңыздаршы.

Аман Мен қазақша ән есітіп тұрғаным жоқ.Қайдам.Қарасаң қара.

Есен Болмайды өшіріңдер мынаны.Кәзір келетін елден ұят.Мыналар не боп кеткен дер.

Аман Тоқтаңдар.Мыналарың болмайды.

Өсер  Ия,ия.Болмайды бұл өшіріңдер.

Мирас  Неге болмайды.

Аман Болмайды бұл емес.

Мирас   Қайсы сонда. /қолына пультті алып/  А сіздердің жас кездеріңіздегі кәзір міне. /Бони-м ді қояды.Өзі мәз./ Осы ғой ә. /Аман,Есен,Өсер ұйып біраз тыңдап тұрып қалады/

Аман,Есен,Өсер /сәл тыңдап тұрып бидің қимылын салып көріп,одан соң қосарлана қолдарын бұлғап тоқтатып/ Жоқ,жоқ,бұл емес.

Есен  /Билейтін позаға тұрып алып/  Кәзір,кәзір міне.  /Фонограммамен қосылып халық әні «Ақ еркемді» айтады.Қайырмасында Аман,Есен,Өсер үшеуі де билеп кетеді,қосылып айтып./ Шыбыным,шыбыным ойналық кел шашбаулым,шашбаулым...ай ... .../ Мирас  шапалақ ұрып мәз боп тұр./

Аман,Есен,Өсер /би біткесін қосарлана,ентігін баса алмай тұр./  Осылай болу керек қой.Қойыңдар ана ән сымақтарыңды.Айтсаңдар осылай айтыңдар болмаса қойыңдар керегі жоқ. /Аман,Есен,Өсер үшеуі барып орындыққа отырады/

Мирас  /қолына пультті алып басып экрандағы концертті ауыстырады/

/Экранда сол топ домбырамен қазақша күй орындайды.Керемет шертпе күй/

/Аман,Есен,Өсер үшеуі халыққа қарап ұйып тыңдап отыр/

Аман Ә міне, міне.

Есен  Енді бұл дұрыс қазақша.

Өсер Ебәсе.мыналарың керемет енді. /Алдына қарап тыңдап отыр экранды көрмейді./

Есен Ай жастар ай.

Аман Жарайсыңдар айналайындар.Өнер жастан деген осы.

Өсер Тамаша міне осындай болу керек қой.  /бәрі ұйып тыңдап қалған/

Есен  Бұлар кім екен.

МирасСол ғой жаңағы «Нян тюань» тобы орындап жатыр ғой.

 /Аман,Есен,Өсер ұшеуі бірдей экранға жалт қарайды көріп/

Аман  Бұл,бұл енді басқа

Есен Жаңағыдай емес бұл болады енді.

Өсер  «Асыл тастан,өнер жастан» дейді ғой жақсы.  /Үшеуі қалт етпей тыңдайды.Халық жинала бастайды.Музыка біткен./

Аман /офиске қарап орындарыннан тұрып жатып./  Жастардың ойлап таппайтындары жоқөзі.

Өсер  Істесін заман солардікі ғой.

Аман  Жөн,жөн./саусағын шошайтып/  Тек қана ақсақалдардың ақылын тыңдап жүрсе болды бізге.

Есен Міне,міне.дұрыс айтады.  /Үшеуі кетіп барады.Свет өшіп көрініс ауысады/

 

  2ші көрініс

           /Офис алдында жиналған халық,ортада Мирас  сөйлеп тұр./

МирасҚұрметті халайық.Құрметті мырзалар мен ханымдар.Бүгін біздің ауылымыздағы, электронды басқару орталығының ашылуына қош келдіңіздер./ду қол шапалақ/  Мұнда жастар орталығы,жұмыспен қамту кәсіпкерлік,мәдениет, спорт және  туризм, салт- дәстүр орталығы бәрі осы жерден басқарылады.

Руфхат /елең етіп/  Во.

Аман Ана салт дәстүр дегені,керемет екен.

Мирас Кәзір барлық ауыл интернет желісімен қамтылған.Осыны дұрыс пайдаланыңыздар.Бұл үй офис,бұрынғыша айтқанда контора,кеңсе.Мұнда жұмыспен қамту қызметі,кәсіпкерлік түгел орналасқан.Кез-келген сұрақтың жауабын осы жерден аласыздар.Еш қайда бармайсыздар.Еш қайда жүгірмейсіздер.

/Ду қол шапалақтау/

Есен  Демалыс орнына жолдаманы қайдан аламыз.

Мирас  Барлығын осы жерден аласыздар.

Гюлчехра Тууы туралы куәлікті де осы жерден аламыз ба.

Мирас  Бәрін осы жерден аласыздар,төлқұжатты алып келесіздер болды.

Руфхат Жастар орталығы дейсіңдер.жастарға не жасап жатырсыңдар.Меніңқызым Нәфиса Қостанайда университет бітіреді жақында.Кәзір жұмыс жоққалай жұмысқа тұрады соны ойлап жүрмін.

Мирас Ой ол жағынан қам жемеңіз бәрін ойластырамыз.барлық жақпен байланыс бар қам жемеңіз.

Руфхат  Смотрите.

МирасӘрине.құрметті халайықүгіннен бастап қызмет көрсету орталығы ашық.

/Барлығы дабырласып жатыр./

Руфхат/қуанып/  Міне нағыз цивилизация.Сендер бір нәрсе керек болса анау Сатышқа бес-он теңгесін беріп сол тындырады деп отыра бересіңдер міне осылай болу керек. Енді коррупция тыйылады.

Аман Жемқорлық тыйылады,әй қайдам.

Өсер/жаныдағы Гюлчехраға/  Сен де сол Сатышқа пенсияңды істетіп алған жоқсың ба.

Гюлчехра  Вай,вай,сол Сатыш менің пенсиямды жасап берем деп 50 000 теңгемді  алды кішбұрыш.

Есен Әй болды,болды.

Мирас Кәне қандай сұрақтарыңыз бар.

Аман Мен ауылдың биімін.Барлығын осы жерден басқарса мен не қылам онда.

Есен Мен ардагерлер төрағасымын.Бәрін өздері басқарса біздің не керегіміз бар.

Мирас Ағалар шуламаңыздар кезекпен сөйлейік.Бұл жерде қызмет көрсетіледі.Қызметтің барлығы бір жерден басқарылады.Біз жастар осыны жасап жатырмыз.сіздер де бағдарлама жасап бізбен бірге  істейсіздер.

Аман  Біздің салт дәстүр сенің бағдарламаңа сия қоя ма.Ол ғасырлар бойы жасалған тірлік емес пе.

Мирас  Енді сол салт-дәстүр,әдет-ғұрып бәрін бағдарламаға кіргізіп қоймаймыз ба.

Есен Оны кіргізетін кім өзі.Соны таныстыршы бізге.

Аман Кім ол басқаратын.бастықтарың кім өзі.

Есен Ол өзі біздің ауылды білетін адам ба.

Руфхат  Шынында ол кім қайда өзі

Өсер  Шақырыңдар білейік қай жерден екен.

Мирас  /қуланып/Ол мына біз ғой.

Аман Сені білеміз ғой бізге бастығың кім сол керек.

Мирас  /қулана/ Бізде қызметтік тәртіп  солай оны айтуға болмайды.  Мен білемін ғой сіздерді. Оны айтсам сіздер,ұлы жүз бе,орта жүз бе,кіші жүз бе деп әрқайсысың өздеріңе тартасыздар.Бізде  қызметте руға,жүзге бөлуге,қатаң тиым салынған,болмайды айтуға.

Есен Астапралла не дейді мынау сонда руын айтуға тиым салынған ба.

Мирас Иә тиым салынған.

Есен Онда саған да ата бабаңның керегі жоқ  шығар. /Орнынан тұрып ашуланып / Өз атасын білмейтін бұларға біздің керегіміз не.

Мирас Кешіріңіздер көке мен руымды білемін,бәрін білемін.Бірақ бізде руға жүзге бөлуге болмайды осыған қарсымыз.

Аман,Есен,Өсер /қосарлана/ Иә жөн,жөн.Бірақ./орындарынан тұрып,сәл жүріп арттарына қарап тоқтап /

Жо,жоқ ондай болмайды. Әр адам өз руын білу керек.Жоқ.Жоқәне көрейік барып.МирасОнда іске сәт,орталық ашылды қалаған қызмет түрлерін пайдалана беріңіздер.

/ Аман,Есен,Өсер ішке офиске кіріп барады.Мирасарттарынан қарап,сахна алдына шығып көрермендергеқарап./

МирасМен осы кісілерге таң қаламын.Дұрыстап басқарса болды емес пе.Қараңыздаршы.Ауыл гүлденіп жатыр біздің ауыл керемет емес пе.Адамдары жақсы орысың бар,өзбегің бар,татарың бар бәріміз тату тәтті өмір сүреміз.Тек осында өзімнің көкелерім /жан-жағына алақтап/  жаңағы Аман,Есен,Өсер деген үш бөле кісі бар жаңа көрдіңіздер ғой жақсы кісілер.Тек ауылда бір жаңалық болса мысалы мектеп директоры ауысса кім екен,қайдан екен,руы кім екен деп сұраудың астына алады.Мына орталық ашылады дегеннен ақ осы жерді жағалап бастықтарың кім қай жерден деп күніге келеді.Мен айттым бізде бастық жоқ барлығы ана жақта десем түсінбейді,мүмкін емес дейді.Әбден басымды қатырды.Мен айтамын ана соседіңіз моторис Миша,болмаса Есен көкемнің көршісі Ирисматәка,я болмаса анау түрік Махмуд, мына Өсер көкемніңқұрдасы жаңағы ерлі зайыпты Руфхат пен Гюлчехра бір ауыз сен қайдансың сенің руың кім деп айтқан емес қой осы десем.Енді сен қазақсың руыңды білуің керек қой дейді.Мен айтамын мен руымды білемін бірақ бұл жерде рудыңқатысы жоқ деп едім,әйтеуір зорға басылды.Солар ғой жаңа шулап жатқан./Көрерменге жақындап жайлап,сұраулы жүзбен / Сіздер руға бөлінбейсіздер ғой ә. /пауза/ Жақсы бөлінбейсіздер. Бөлінбеңіздер ертең осындай орталықтар сіздердің ауылдарыңызда да ашылады./Офисті көрсетіп/ Мұның ішінде ру жоқ.Біздің бағдарламада мүлдем жоқ көресіздер.А мына кісілер ғой айтсам түсінбейді.ол сөздер ескірген біз жаңа бағдарламада енді мүлде қолданбаймыз.Мұндай көке Сәке,мәке деген сөздерді де комьпютер автоматты түрде алып қоқысқа тастаған./саусағын шошайтып/  Бұл біздің жаңалық десем түсінбейді.

/Осы кезде офистен шығып келе жатқан Аман,Есен,Өсер есітіп қалады/

Аман  Тоқта,тоқта. /қызбаланып/ Бұл не сонда.Мұндай бағдарламаның бізге керегі жоқ.Айналайын ау ол деген біздің ата бабамыздың силастығының үлгісі ғой қанға сіңген,мен құдама ағама,көкеме Мәке,Сәке демегенде не деймін басқа.Мысалы  құдам Сауықбайға Сауықбай мырза деп тұруым керек пе.Жо-жоқ бұл дұрыс емес.

Есен Қоқысқа тастайды дейді.Әй сенің комьпютерің сонша кім ол қоқысқа тастайтын.

МирасҚажет емес деген сөздерді керек емес «корзинаға»  лақтырады дегенім ғой.

Аман Астапралла сонда біз Көке,Мәке деп бабаларымыздың ғасырлар бойы сый құрметпен айтқан ыстық пейілден шыққан сөздерін қоқысқа лақтырамыз ба.Доғарыңдар.Әй сен бала байқа мына тірлігіңді түзе.Өсер көрдіңғой бұларды абайлау керек.Бәсе мына жылтыраған үйдің іщінде не бар екен деп жүрсем бір талай нәрсе бар екен ғой бұларды тексеру керек. Ол менің көкірегімде ғасырлар бойы сақталған қазына емес пе.Мен қалай тастаймын ол сөзді қоқысқа.Онда менің кеудем қуыс боп қалмай ма./көңілі босап бір сәт бәрі үнсіз қалады/

Мирасүйініп/ Туһ. /кенет қулана / Не болды көке,бұл эксперимент қой былай қызмет тәртібіне ылайықтап жасалынған.

Аман Міне мұның жөн көке дедің.

Есен Дұрыс осылай болу керек.

Мирас Енді шетелдіктердің алдында да Көке,Сәке дейміз бе.

Есен Мынау не деп тұр ей.Ана Қытай,Жапондарың шетелге барса да басы жерге тигенше иіліп тұрады ғой қол қусырып.Сол солардың атам заманнан келе жатқан салты емес пе.Мына компютеріңді жасап жатқан солар неге бізде иновация деп «қоқысқа» тастай салмайды сол салттарын.

Мирас  /тыпыршып  офистен шыққан Айдынға қарап сасқалақтап/ Болды,болды, мырза, а тойст көке.Айдын бағдарламаны қайтадан жасау керек.

Өсер Айдын балам мыналарың болмайды,сендер жассыңдар абай болыңдар,үлкендермен ақылдасып,ойланып жасаңдар тірліктеріңді.

Айдын Әрине әке түзейміз.

Мирас өңілденіп/ Әрине ақылдасамыз.Өсер көке жаңалығымыз бар.Айдын айтшы Мөлдір қызыңыз дипломмен ауылға бағдарламасымен жұмысқа орналасатын болды.

Өсер /жарқылдап/ Оны кім айтты.

Мирас/офисті көрсетіп/ Міне мынау.

Айдын  Петропавлға жұмысқа жіберді өз мамандығы бойынша.Мен өзім апарып саламын ертеңжолға шығамызәке,қам жемеңіз.

Өсер  Мұның жөн енді.

ЕсенӘп бәрекелді.Жарайсыңдар жастар.Жастар деген осындай болу керек қой жалынды.

МирасЖарайды біз жұмысымызға барайық. /кетеді/

 

 

 

                                                               3 ші көрініс

 /Офистің екі жағындағы екі есіктен шыға келген Руфхат пен Гюльчехра Мирастың  дауысын есітіп көріп,шегініп екеуі екі жаққа дуалдың артына тұра қалады, тыңдап тұр. Офистің алдында телефонмен сөйлесіп Мирас тұр./

Мирас  Ало   /Ашық терезе алдында құлағында телефон/ А иәә.Тыңдап тұрмын.

Доскенніңтелефондағы дауысы-  Досым  привет.Тосын сый.Балдызыңның тірлігін бітірдік,үйленетін болды.Қонды құтты орнына.

МирасҚалайша. Бара салысымен бе.

Телефондағы дауыс-Енді өзің жіберген жолдамамен келді ғой.Бітті бәрі.

МирасҚай жерге барды

Телефондағы дауыс-Сол өзің болған ауданға

Мирас  Жарайсың  сол балдыздың тірлігі бітсе жақсы болған.Атам мен енем де қуанып қалатын болды.

Телефондағы дауыс-Бәрі о кей.Екеуінің де тірлігі бітті.

Мирас  Досым Айдын жай барып еді ғой.. /күмілжіп/

Телефондағы дауыс - /бастырмалата/  Білемін бәрін. Бітірдік қой бәрін  жақсы о кей бәрі.Айдын қуанып қалды.

Мирас Не бітті сонда. Түк түсінсем бұйырмасын.

Телефондағы дауыс- /жарқылдап/  Досым  бәрі тамаша. Жақсы сәлем айт,мен кейін хабарласамын.

МирасӘй жарайды досым.

Мирас  /телефонды өшіреді/ Түк түсінбедім. /иығын қиқаң еткізеді/

/Руфхат пен Гюльчехра екеуі екі жақтағы есіктен офистің ішіне кіріп барады.Ортадағы есіктен Мирас сыртқа шығады.Көрерменге қарап / Петропавлдағы курстасым Доскен ғой звондап жатқан,балдызың келді жұмысының бәрін  бітірдім дейді, /ойланып/Айдынның да жұмысы бітті дейді,білемін жақсы болған.Айдын  тағы қарындасы менің балдызым Мөлдірді жұмысқы орналастырып қайтуға барған еді ғой.Мен осы ауылға күйеу баламын сонда Айдын қайным,Мөлдір балдызым ғой менің.Мынауқандай жұмысты айтып тұр сонда бұл.Түсінбедім.  /иығын қиқаң еткізеді,қолын сілтеп/  Қойшы келгесін білерміз. Қысқасы менің түсінгенім балдызым күйеуге шығатын болыпты.  / Гюлчехра мен Руфхат тасада тығылып тыңдап тұр./

/Мирасалға шығып,көзін қолымен қалқалап халыққа қарап жақындап /

    Айтпақшы бәріңіз түгел осындасыздар ма.Жақсы болды ғой,төрт көздеріңіз түгел келіпсіздер.Ол да мені сыйлағандарыңыз шығар.Сіздерден сұранамын,ешкімге айтып қоймаңыздаршы.Сенесіздер ме,біздің ауылда сөз жатпайды, кәзір айтсаң бітті мен үйге барғанша алдымнан әйелім шығып осы сөзді айтып тұрады маған./сыбырлап/ Енемнің мінезі қи,и,ы-н қорқамын.Атама барып хабар берейін./жүріп барып тоқтап қайта бұрылып/  Мына хабардан жаман қорқып тұрмын балдыз кетті дейді.Тек сіздерден бір өтініш менің атамды,енемді көрсеңіздер Мирас жақсы жігіт ол ылғи да осындай жақсылықтың басында жүреді деп айта салыңыздаршы жарай ма.Анау менің атам мен енемнің құлағына жете берсін.мынау бір тосын жаңалық болды.Сондай қорқып тұрмын./кетеді свет өшіп көрініс ауысады /

 

 4 ші көрініс

/ Аман,Есен,Өсер келеді.Мирас алдынан шығады /

Мирас Ассалаумалейкум мырза-а. /аузын басып тоқтап/А,Туу, көкелер.

Аман  /қарап тұрып/  Е-е,солай де.Несі бар көке деп ақ кіре береміз біз цивилизацияға онда тұрған не бар.Әне анау жаңа қала өркениетті Астананы салып тастадық ешкім мынауың нашар екен деп жатқан жоққой келгендердің бәрі  таңдай қағып жатыр.Соны жасап жатқан осы өзіміз қазақтар емеспіз бе./ Мирас тоқтап тыңдап тұрып күліп қуанып/

Мирас  Жыйналып қалыпсыздар,жәйша жүрсіздер ме.

Өсер Мирас балам Айдыннан не хабар бар.

Мирас Айдын жұмысын бітіргесін келеді ғой күтіп отырмыз.Досым Доскенге айтып қойғам уайымдамаңыз,бәрі жақсы болады./саусағын жоғары көтеріп/ Майл ру,почта айтады ғой./қолын аспанға көтеріп/  О хелоу Астана, гуд бай көке.  /офиске кіріп кетеді/

Өсер   Осылардың сөзін түсінбейсің.

Есен  Тоқта,тоқта. Майыл ру /ойланып қалған/ Осының осы майыл ру дегені кім болды екен адам ба өзі.

Аман Әрине адам аты айтып тұр ғой Майыл.

 Есен Әә,Майыл десейші түсінікті.Сонда Майыл деген адам болды ғой,айтады деді ғой./күлімдеп/таптым,таптым. Болды.Ру деген ру.

Өсер Майыл деген адам аттары көп қой.

Аман /Есенге/ Солай болды Майыл деген өзіміздің қазақтың сөзі емес пе.Майлы,майлы жілік,майлы кент,Майбұлақ,Майтөбе.Көрдіңіз бе бәрі май.

Есен Дұрыс айттыңыз майсыз қазақты елестету қиын.Май құйрық,Майхана,Ауызды майлау,Майлыбай,о таптым,болды таптым майлы қазақтың бір руы мен білсем.

Өсер /қарқылдап күліп/ Ай ортаншы бөле ай,таппайтының жоқ сенің.Қазақ осы ортаншыны дауға қой деп бекер айтпаған.

Аман Мен де айттым ғой сол,Майлы қазақ болар деп

Есен Мен білсем ол орта жүз

Аман Әй,әй

Есен Жай айтамын Ол бір жүзге жатпайтын болуы керек.

Өсер Ойлану керек. Кім болды екен.

Есен Мүмкін ру емес шығар.

Өсер Неге ру емес Майлы ру деп тұр ғой.Сендер өздеріңнің қазақтықтарыңды ұмыта бастағансыңдар ма қалай.

Аман  Ол не де болса біздің жақтан бізде  тауда Майлысай деген жер бар білесің бе /Өсерге/

Өсер  Біздің батыста жердің бәрі май ғой,мұнай./қызбаланып/

Аман Өсер сенің жауға қойса еліріп шыға келетінің ай осы. Кәне үлкен айтса тыңдаймыз дегендерің қайда.

Есен,Өсер  /қосарлана/  Қойдық  ағатай болды, қойдық.  /Қолдарын қусырып/

Аман Сендер неге ұмытып кете бересіңдер осы.Нағашы аталарымыз айтушы еді ғой,үш бабамыз үш жүз деп.Бабаларымыз  Оңтүстік,Батыс,Шығыстың барлығына барды ғой,бармаған жері жоқ.Бірақ барған жағында қала берді,қала берді,содан азайып қалдық қой біз.Біздер қазақтар осы құрлықтағы көне халықпыз бірақәлі азбыз. Тарихтан білесіңдер ғой мына жағы Үнді,Парсы,мына жағы Шын Машын,Мына жағы Қапқаз

Өсер Солтүстікке бармапты ә

Есен Ойбай үй,Солтүстіктің бәрін Ібір-Сібір барлығына барған жоқ па ар жағы мұхит емес пе ел жоқ.

Өсер Содан кейін екен де түріміз неше түрлі біріміз ақ,біріміз сары, біріміз қара.

Есен  /саусағын шошайтып / Міне,міне сол неше түрлінің Майыл бір руы болды ғой ендеше.

Аман  Мен де солай ойлаймын.

Өсер  /басын қасып/ Бәрібір анығын біле алмадық ,кім екен ә, табу керек.

Аман Табылады қайаққа барады ол.Кәзір білеміз.Біз кәзір мұнда кіріп әбден тексеріп қарап шығамыз.

/ Аман,Есен,Өсер үшеуі офистің алдына жақындайды.Аман жәй басып сақ қимылдап офистің есігіне жақындап қарап тұрып /

Аман  Ал мынаныңүш есігі бар қайсысынан кіреміз.

Есен Үшеуміз үш есіктен кірейік.Мен ортадан,сіз екеуіңіз біріңіз оң жақтан,екіншіңіз сол жақтан кіріңіздер.

/үшеуі үш есіктен кіріп шығып келеді,бір-біріне қарап иықтарын қиқаң еткізеді/

Аман,Есен.  /қосарлана/  Жоқ ешкім жоқ.

Өсер Көрдіңдер ме тым-тырыс,басқа адам жоқ ішінде.

Есен  Айттым ғой мұнда үш ақ адам  істейді деп.Мен бұл жерден Мирастағы бір қыз,Айдын үшеуінен басқа ешкімді көргенім жоқ.

Аман Ойпырай ә,олар қалай сонда бәрін үлгеріп жатыр.

Өсер Қайдам кім келсе де,анықтама ма,жұмыс керек дей ме, келсе болды тынып кетіп жатыр ғой әйтеуір.Ертең кел, бүрсүгіні кел, дегенді көріп жатқанымыз жоқ.

Есен Соны айтам ау топырлап отырған адам көрмейміз не керемет болды екен сонда бұл.

Аман Сонда менің түсінбейтінім мына келешек жастар ертең не істейді.бір мекемеде үш төрт адам ғана істесе қалғандары  жұмыссыз қалатын шығар бәрі.

Өсер Кім біледі

Аман  Ойпыр ай ә.Баяғыда біз таң атпай кеңсенің алдында у шу,болып жататын едік.Бұлар тып-тыныш.

Есен Қашан көрсеңқұлақтарында бір-бір телефон.Қай уақытта бұлар жұмыс істеп үлгереді қайранмын осыған

Өсер Көріп жүрміз ғой үлгереді бәрін.Келесі жылы орталықтан электронды басқарылатын  қымыз өндіретін жылқы  фермасын жұмысқа қосамыз дейді.

Есен  Светті суды қайдан алмақшы.Құрып жатқан столбысы,тартып жатқан құбыры жоқ.

 Аман Міне бұларың сол тіпті де қиналмайды.Светке біз күн батареяларын орнатып қойғанбыз,ал суды сол жердегі бұлақтан тарттық дейді.Табиғи таза.Бәрі дайын тек жол бітсе болды іске қосамыз деп отыр.

Есен  Мәәұлардың бастығы зор біреу болды ғой онда.Депутат па,кім болды екенә.

Аман   Соны бір көрмей ақ қойдық қой.Кім екен өзі.

/Мирас келеді/

Мирас  /күліп/ Әлі отырсыздар ма./Аман,Есен,Өсер Мирасқа жақындап/

Аман  Мирасайналайын тоқтай тұршы. Осы сендердің бастықтарың кім өзі.

Мирас   /күліп, аспанды көрсетіп/  Ол ана жақтан келеді.

Есен  Білейік те кім ол қайдан келді қазақ па.

Мирас  /күліп қулана төбеге саусағын шошайтып кетіп барады/  Келеді жақында ана жақтан.

Өсер  Айтпайды бұлар,көрдіңдер ме бұлардан еш нәрсе сұрап ала алмайсың

Есен Мен еш нәрсе түсінбедім.Бастықсыз мекеме болуы мүмкін емес қой.

Өсер Маған да Айдын айтпайды.Не қыласыз деп.

АманӘ  мен білдім оның ана жағы Астана ғой.

Өсер  Тоқта ол анажақты, шатырды көрсетті ғой../қолын төбеге шошайтып/

Есен  Таптым,таптым сонда,сонда.

 /Аман,Есен,Өсер орындарынан тұрып үшеуі  сақ қимылдап,офиске қарай барады,үшеуіүш терезеге барып үңіліп еңкейіп бастарын сұғып қарайды,қайтып келіп бастарын түйістіріп тұрып ақылдасып алады да барып ішке кіріп кетеді./пауза/Біраздан соң сигнализация шулап істеп кетеді.Дабыл шу,төбедегі радар айналып,барлық жақта түрлі-түсті свет жарқылы,үшеуі офистен үрейлене жүгіріп шығып,сасқалақтап ортаға келіп құшақтасып бастарын түйістіріп тұрып қалады.Шаштары ұйпа-тұйпа болып түрлері өзгеріп кеткен./

/Мирас алдыңғы есіктен шығады.Сигнал дабыл өшіп,свет жанып-өшіп тұрады/

Мирас Сіздер екен ғой, қызықтап жүрген..

Аман  /жанына  жәйлап бұрылып үрке қарап./ Мына үйдің ішінде кім бар өзі сендерден басқа.

Мирас  Айттым ғой сіздерге біз бармыз.Иновациялық электронды басқару жүйесі.

Есен  /жақындап күдікті /   Сонда сендер ақ істейсіңдер ме бәрін.

МирасӘрине біз істейміз.Ия үшеуміз ақ және екі күзетші,бір техничка болды./ Мирас бұрылып кіріп кетеді.Аман,Есен,Өсер артына қарайлап кетіп барады./

 

                                                                    5 ші көрініс

/ Мирас шығады қалбалақтап халыққа жүгіре жақындап/

МирасСіздер әлі отырсыздар ма жақсы болды ғой, мен кетіп қалды ма деп едім,үлгеріппін.Бұл да мені құрметтегендеріңіздің белгісі ғой түсінемін,рахмет сіздерге өтінемін кетіп қалмаңыздаршы мына тірлік біткенше.Тағы бір жаңалық шықты./Сабырлы кейіпке түсіп/ Қайным келіншек алып келе жатыр екен.Ертең кешке пойыздан түседі.Соны барып айтуым керек енді атам мен енеме./қинала/ Жаман қорқып тұрмын Петропавлдан әкеле жатыр десем сіздер енемді білесіздер ғой құртады мені./жан-жағына ұрлана қарап/ Енді не істесем екен./санын бір ұрып/ Әй болмайды. /халыққа жақындап сыбырлап/ Айтуым керек.Маған жазып жіберіпті кейін естисіздер,қиын болып тұр.Мыналар естісе жілік-жілігін шығарады.Қайдан екен,қай жүзден,қандай ру,не істейді екен,әкесі кім,сұмдық енді жауап беріп көр.Бұдан құтылудың бір жолы тыныш қана хат келді балаңыздан осындай деп қысқаша хабар айту.Ал сөйлестім десең бәлеге қаласыңәзір жақсы болды ғой.Инстаграмм,уатсап,интернет.Мен кәзір жәйлап өзім абайлап айтамын.Сіздер үндемей ақ қойыңыздар,мақұл ма.Келістік қой,үндемеңіздерші өтінем. /қиналып, бұрылып жүріп барып тоқтап/Аяғым тартпай тұр.Амал жоқ баруым керек. /Жүріп барып селт етіп тоқтап қалады,алдынан Аман,Есен,Өсер шыға келеді.Мирас қипақтап тұрып қалады/

Мирас /сасқалақтап/  Мен сіздерді іздеп жүр едім, арнайы жаңалығым бар

Аман Ойпыр ай ол не жаңалық

Өсер Міне соны айтсайшы

МирасӨсер аға, дәл сізге арналған жаңалық

Өсер Жақсы тыңдайық

Мирас Мына интернет, жақсы болды ғой

Өсер Жұмбақтамай айтшы не жаңалық өзі

Мирас  Мұны қазір жастар иновациялық махаббат деп жүр.Бұл цивилизацияның күші енді.

Аман Ойбой ой,білеміз мынау ғой  /Офисті көрсетіп/

Мирас/сызылып/ Ия,ия осы.Мен сіздерге жаңа осында  иновациялық-электронды басқару орталығы арқылы келген соңғы жаңалықты айтайын.

Өсер Иә соны айт бәрінен бұрын.

Мирас Ол сіздің балаңыз Айдын Солтүстіктен келін әкеле жатыр.

Өсер /сасқалақтап/ Қашан. А ол Мөлдірді алып кетіп еді ғой ол жаққа.

Мирас Енді қалай үйленбе деп айтасыз,жүректің суретін салып хабарлама жіберсе.

Өсер А кімге.

Мирас  Бізге.

Өсер Әй ол неге бізге айтпайды.

Мирас /кұмілжіп/ Енді бізге жіберіп отыр ғой.

Аман Балам ау сен түсіндіріп айтсаңшы.Кімді,қайдан әкеле жатыр.

Мирас Енді өзі сүйген қызын әкеле жатыр ғой..

Өсер Сүйген қызы.Ол өзі кеше кеткен жоқ па.Өзі ел кезіп,жер кезіп жүрген адам кімді әкеледі.

Есен Ымм,Кәзір сандалып жүрген адам көп.

Өсер Кім жіберіп отыр./офиске қарап/ Мынау ма.Кәне көрсет бізге. / офиске ашулы кіріп айналып шығады/

Өсер  Тым-тырыс,ешкім жоққой қайда ол.

МирасМаған сенбейсіз бе.Келін келе жатыр қайта қуанбайсыз ба.Асауды бағындырған бұғалық,алысты жақындастырған құдалық,дей ме дайындала беріңіздер.

Өсер Қуануын қуанамын ғой.Бірақ кім ол.Қай жерден.

Мирас Бәрі дұрыс көке,ертең көресіз керемет жаңалық.

Есен Шынында келін келе жатса біз несіне бұлданамыз,қайта қуанбаймыз ба.

Аман Дұрыс әй,дегенмен мынауың жарады /үйді көрсетіп/  дұрыс  қайта  сен  қуан Өсер. /Өсер дағдарып тұрып қалған/

Есен /Аманныңқолынан тартып/ Дегенмен біліп алайыққай жүзден екен

Аман  /Мирасқақарап/  Руы

Мирас  Бәрі талапқа сай келеді.Майыл ру қам жемеңіздер,/сызылып/

/Аман,Есен,Өсер үшеуі бастарын түйістіріп/

Аман /басын көтеріп/ Естідіңдер ме.Майл ру.Бұлбіз естімеген жаңа ру болды ғой./Мирасқа бұрылып қарап сұраулы жүзбен/ Қайдан екен.

Мирас  Айдай сұлу, аспаннан түскен.

Есен  Бұларда бәрі айдай сұлу,красавчик,аспаннан түскен,келсін көрейік  кім болса да.Бастығы Майыл ды да көріп қалатын шығармыз той болса.

Аман Көрерміз қайда барады.Жүріңдер.  /кетеді/

Мирас  /Сахнаның алдына шығып,көрермендерге жақындап./  Қалайсыздар. Сіздерге рахмет ешкімге айтпадыңыздар,жарайсыздар,жақсы адам екенсіздер.Әйтпесе мыналар осының бәрін біліп қойса мені талап жейтін еді.Енді жұмыс қыза бастады.Қыз кетіп бара жатыр,келін келе жатыр солай болуы керек емес пе.Тек мыналар білмесін,болмай жатып тексеріп бәле болады. Сосын тірлік жүрмей қалады.Көрдіңіздер ғой бұлар қиын,бірден бастығың кім қай жүзден деп алқымнан алады.Біліп алса бітті басталады менің туысым екен,менің құдам екен деп бөлек-бөлегін шығарады.Сондықтан біз мұны да ойластырып уставымызда қарап иновациялық бағдарламамызға енгізгенбіз. Онсыз болмайды өйтпесең Оңтүстіктегі Әбекең,Солтүстіктегі Сәкең,Орталықтағы Орекең,Батыстағы Бәкең,Шығыстағы Шәкең бәрі аға-іні,құда,бөле,бажа болып төңкеріп тастайды сенің орталығыңды.Сосын жасап көр иновациялық- электронды жастар орталығыңды.Сіздер ойлап жүрсіздер мына үйдің іщінде не бар бастығы қандай адам екен деп,бізде бәрі бар нано -технологиямен,қызмет көрсетеді.Әлі ақ көздеріңіз жетеді көресіздер.  /кетеді/

 

                                                               6шы көрініс

/Сахнада Өсер келеді алдынан Гюльчехра мен Руфхат шығады./

Руфхат  Мына Гюлчехра Айдын келіншекәкеле жатыр екен Петропавлдан, соны Өсердің өзінен білейікші деп келе жатыр едік.

Өсер   А-а,сендер уже есітіп қойдыңдар ма.Иә Айдыным үйленетін болды  Петропавлдан әкеле жатыр.

Гюлчехра  Табриклаймиз.

Руфхат  Құтты болсын.

Өсер  Енді жас емес қой

Гюльчехра  Кеткеніне бир хапта болған иоқ ма.

Өсер Мыналар ғой енді /офисті көрсетіп/

Руфхат   /сықылықтап күледі / Бұлар бәрін біледі.Сиз билдиңиз мә. Ойяқтың қызы бұяққа үйрене қояр ма екен.

Өсер Үйренеді ғой қайда барады,тек біз оның қалыңмалы қанша болады екен соны білмей жатырмыз.

Гюлчехра  Ой они нисан ойлайсыз ол жақта ешнәрсе де бермейді.Мән биләмин ғой.

Руфхат  Гульчехра дұрыс айтады.Мен де сол жақтан Қостанайданмын ғой дұрыс.

Өсер   Олай болмайтын шығар кәдесіз қыз болмайды деген ғой қазақ.

Гюлчехра  Осы қозоқларға,сіздерге  жоным ошиды.Бір миллион қалыңмал,  ат мінгізу не деген ысырап жаны ашымай ма құдаларыңыздың..

Есен Ойбай ау,қыздың төркіні өкпелемей ме.

Руфхат Ни кирәги бар соның.Өзиңниң құдаңлы қинап.

Гульчехра  Хозир современный заман.екі жастың жағдайын жасап,жақсылап той тойласақ болмай ма.

Өсер Оған қазақ көне қояр ма екен,сонда той жасаудан кім жарысады.

Руфхат Минә сол жарысты қою керек. Солай емес пе,әқотин.

Өсер  Той жасаймыз.Біз кімнен кембіз.Ағайын дос бар жетеді.

Руфхат  /құшақтап/ Міне меним досым,яшаң

Гюлчехра Той болады той.

ӨсерӘй мен барайын ана жақта Аман мен Есен күтіп қалды ақылдасуымыз керек./кетеді/

Руфхат Өсер достлым жақсы ғой,өзі армандап жүруші еді қазақы келін аламын, азанда ерте  сәлем салады деп.Енді солтүстіктің қыздары оны істей қояр ма екен.

Гюльчехра  Әй қандай киннай болса да әулие емес көндіреміз,үйренсін біздің салтты.Азанда тұрып ауланы сыпырсын,ата,енесінің төсегін жинап қойсын.Кеннай ма осының бәріне көнеді.

Руфхат О-о,міне жөн айтасың.

Гюльчехра  Ишламаса үйретеміз бәріміз.Ол не османнан түскен қыз ба екен сонша.Петропаул болса нитәйін  жөн жоралғысының бәрін жасайды.

Руфхат  О міне дұрыс.

/екеуі шығып барады/

/Мирас офистен шығып артынан айқайлап.

Мирас  О Руфхат әка.

/Руфхат пен Гюлчехра тоқтап кейін бұрылып/

Гюлчехра / дегбірсізденіп асығыс/ Нимә болды

МирасМөлдір тұрмысқа шығыпты,осында келе жатыр екен.

Гюлчехра Нимә дейди.

Руфхат  А-а,Неғып сонша тез.Кеткеніне бір апта болған жоқ.

Мирас /риза кейіпте/ Міне біздің жұмыс тез әрі нақты,көрдіңіз бе жылдам, интернет хабар.

Гюлчехра Енді мыналар имас мәәрін бір пәсте жайғастырып жатқан. Не деген жылдамдық бұл.Мөлдір күйеуге тиіпті.Айдынды ауылға келіншек әкеле жатыр дейді.Осының бәрі мына орталықтың арқасы.Міне саған интернет,міне саған электронды басқару. Бір пәстә бәрін тындырды.

Руфхат  Айналдырған бір аптаның ішінде Өсер қызын ұзатып,әрі келін түсіріп қуанышқа қарық боп қалды. Той болады,той./ Музыка Руфхат пен Гюлчехра билейді/

Гюлчехра Ой бір рахсқа тушип билаймыз да.

Мирас /Халыққа  қарап/ Қой менӨсер көкемніңүйіне барып Қалампыр  апам екеуін қуантайын тезірек./кетіп барады/

                                                                 7ші көрініс

/Сахнада Руфхат пен Гюлчехра/

Гульчехра  /сызыла/ Әдасы. Ау әдасы.

Руфхат Не болды тыныштық па.

Гюлчехра  Жаңалығым бар.түс көрдім.

Руфхат Түс па жаңалық па.

Гюлчехра Түс қой,түс.

Руфхат Оны неге азанда айтпадың.Тыныштық па.

Гульчехра  Тынышлик,сабыр,сабыр соны не дейді екен мынадан сұрайын деп келе жатқаным ғой. /Офисті көрсетіп/

Руфхат   Ол түсті де айта ма екен.

/Осы кездеӨсер келеді айқайлап/

Өсер   /айқайлап келеді/  Аман,Есен,Қыз кетті қыз.

Руфхат /алдынан шығып/ Кім қандай қыз.

Өсер Мөлдір,Мөлдір кетті.

Гульчехра   /Аң-таң.Басын Руфхатқа бұрып/Уһ, мынау әлі естімеген екен ғой.

Руфхат  Не боп кетті бұл анау кетті,мынау келе жатыр./саусағымен офисті көрсетіп/  Мынау Майыл ру,жынды қылатын шығар бізді.Мынауың сұмдық енді.

/Аман мен Есен келеді асығыс/

Аман Сендерге не болған,бастарың салбырап.  /Өсер мен Руфхатқа кезек,кезек қарап/

Өсер Мөлдір кетті күйеуге

Есен Е жақсы емес пе

Аман  Қыз мұраты кету.Уақтысында орнын тауыпты дұрыс.

Гулчехра  Енді не істейміз,біздің бұл жерде туысқанымыз жоқ.

Аман  Мынаған не болған

Гюлчехра  Түс көрдім,түс. Нәфиса қызым тұрмысқа шығайын деп жатыр екен.

Есен  Күйеуге шығамын десе жақсы емес пе қуанбайсыңдар ма.Той жасайсыңдар.

Өсер Сен досым уайымдама,қызың Нәфиса білімді әдемі,өзі қазақшаға судай,кім де болса менің келінім болса дейтіндей қыз.Өзі бір іші бауырыңа кіріп апа, ата деп тұрады сондай сүйкімді қыз..

Есен  Руфхат сен бұған қуан, той жасайсың ертең.

Руфхат  /ойланып отыр қайғыра / Менин бұл жерде туысқаным жоқ қой

Аман Тәйт әрі,біз кімбіз сонда саған.

Гулчехра  Мына достарың туысқан емей немене./Артынан аналарды  көрсетіп/

Руфхат  Туысқан ғой бірақ менің жүзім жоқ қой.

Гулчехра Анау біздің көшедегі Әзиз,Гриша,Толикте, жүз бар ма бәрі туысқан боп отыр ғой.

/Руфхат үнсіз томсырайып отыр./

Аман  Әй Руфхат сен біздің бір бауырымыз емессің бе,не бұл көтер басыңды.

Есен Туысқаннан кем көрмеуші едік қой сені

Гулчехра  Қазақпын,қазақпын деп жүрміз ғой әрдәйім.

Руфхат  Сендерден басқа кімім бар менің.  /Көңілі босап,жанында тұрған Өсерді құшақтап/

Гулчехра  Сіздерден басқа қандай туыс бар бізде.

Аман  Оған неге көңілің босайды. Қой қайта қуан жақсылық қой бұл.

Руфхат  /көңілі босап/ Осындайда туысқандарың еске түседі екен.

Гульчехра  Сол ғой, жалғыздықтан не істерін білмей қалды.

Есен Қой өйтпе біз бармыз ғой.

Гульчехра  Сөйтіңіздерші,Сіз Аман аға інім деп жүруші едіңіз ғой  /жақындап Аман үндемейді Есенге қарап/ Есен аға сіз құрдасым деп жүруші едіңіз ғой / Есен үндемейді, Өсерге қарап/ Өсер сіз құрдасым,досым деп жүруші едіңіз ғой.   /Аман,Есен,Өсер бәрі төмен қарап қалған./

Өсер  Иәә /Аман мен Есенге сұраулы жүзбен/ Руфхат қай жүз едіөзі.

Аман  Қай жүзің не Руфхат  жүзге қарамай прямой келген жоқ па еді.

Өсер  Онда мұның руын белгілеп қоюымыз керек қой

Есен  Жөн-жөн.Тоқта бізде қанша жүз бар еді өзі. /Осы кезде офистен шығып келіп Мирас қарап тұр үндемей тыңдап/

Аман  Енді Ұлы жүз.Орта жүз.Кіші жүз.Төре.Қожа. /саусақтарын бүгіп/Бесеу. Сонда алтыншы жүз бола ма.

Есен  Ол ендібұрынғыға келе қояр ма екен.

Өсер  Онда ұлы жүз аға баласы,ағаның құшағына бәрі сияды,ұлы жүз болсын

Аман  /қипақтап басын қасып/ Енді ұлы жүз ана жақта. Татарлар Қазанда,мына солтүстік жақта  /Есенге қарап./   Солтүстігің орта жүздер емес пе.

Есен  Бұндай жағдайда қателеспеу керек. Бұлар батысқа жақын емес пе.Сонда кіші жүз болып шықпай ма.

Руфхат  Сонда мен қай жүз болдым.

Өсер   Імм, /ойланып,бәрі бір пәс үнсіз ойланып қалған./

/Мирас жәй басып алға шығып/

Мирас  Аталар соны да таппай жатырсызар ма.Бәріне бірдей ортақ жүз болсын./қолын жайып/

Аман Әй мына бала дұрыс айтады,болсын.Кәне қолдарыңды жайыңдар./бата береді / Ел аман жұрт тыныш болсын,орта толсын.Әумин./Кетеді/

Мирас/алға шығып көрермен халыққақарап,бармағын көтеріп/

Қалайсыздар әлі отырсыздар ма.Негізі біздің жұмыс керемет әүнде бір жаңалық.Қайны,балдыздар барып жұмысқа тұрып,үйленіп жатыр,келін келіп жатыр,кетіп жатыр,жаман емес жақсы ғой қызық.Әлі керемет болады маған сеніңіздер.Во,мынадай болады. /бас бармағын шошайтып/

 

                                                                  8ші көрініс

/Сол сахна офис ғимараты.Аман,Есен,Өсер шығады.Өсер ашулы. Алдынан офистен Мирас шығады./

Мирас  /Сәлем береді.Аман,Есен сұлқ бас изейді де келіп ауладағы орындыққа отырады./

Өсер  /Сәлемін алмай ашулы/   Былай тұр.

Мирас  Бүгін демалыс қой ешкім жоқ

/Өсер,Аман,Есен үшеуі тыңдамай кіріп кетеді.Мирас артынан қарап тұрып ол да ішке кіреді.Бір сәт тыныштықтан кейін іште свет жарқұрқ етіп өшіп жанып.дабыл беріліп тарс-тұрыс етіп шу болып барып, жарық мүлдем сөніп,қап-қараңғы, тым-тырыс болып қалады.Қараңғы офистен  жүгіре Өсер,Аман,Есен үшеуі шығады,шаштары үрпиіп кеткен, ауладағы орындыққа келіп отырады, артынан Мирас келеді.Барлығы үнсіз қалған қараңғы сахна көгілдір жарық түсіп тұр. /

Мирас  Не болды енді мен сіздерге ешкім жоқ кірмеңіздер дедім ғой.

Өсер Жоқ ./Аман мен Есенге қарап./

Аман Кім жоқ

Өсер Майыл да жоқ, ру жоқ.

Мирас  Айттым ғой көке ру жоқ мұның ішінде деп.

Аман Жетіскен екенбіз ру жоқ болса.Бізде жоқпыз ғой онда. /Мирасқа қарап/  Сен қайдан шықтың сонда.Мүмкін сенің ата бабаларың да жоқ шығар.

Мирасқа Олай демеңіз бар құдайға шүкір.

Есен  Құдайды біледі екенсің, ата-бабаңды неге білмейсің.

Мирасқа  Білемін бәрін білемін.

Өсер  Онда неге ру жоқ дейсің.

Мирасқа Мен,мен./офисті көрсетіп/Біздің мынада ру жоқ деймін.

Аман Тоқта бала, сен ата-бабаңды білмесең сенің келешегің де жоқ.

Мирасқа Төу көке кешіріңізші,олай демеңізші мен білемін.Тек біздің жасаған «айти» бағдарламада ру деген жоқ.

Есен Онда неге Майыл ру дегенді шығарып алдыңдар. /Аман,Есен,Өсер үшеуі бұлқан-талқан ашумен  орындарынан тұрып ары-бері жүріп кетеді/

Мирас /шырылдап тұр/ Ол басқа,ол ол емес.

Аман  /Мирасқа / Бері кел./иығынан ұстап келіп орындыққа отырады барлығы/

Аман  Есіңде болсын ескінің сабағы ертеңге бастар жол.Ата-бабаны ешқашан ұмытуға болмайды./Жарық біртіндеп жана бастайды,ойланып көзін алысқа қадап/ Мен сендерге бір әңгіме айтайын.Ілгеріде бұрынғы өткен заманда,біздің елде қол бастаған  бір батыр бабамыз болыпты.Ол барда елді ешқандай жау алмаған екен.Бір соғыста сол батыр қатты жарақаттаныпты.Батырды арбаға салып әкеткенін көрген жау оны өлді деп ойлап елге тыныштық бермейді.Тіпті шетінен басып ала бастайды.Мұны естіген батыр шыдай алмай сынған аяққолдарына қарамай,мені атқа мінгізіп отырғызып байлап қойыңдар,қолыма қылышты ұстатып түспестей етіп байлаңдар дейді. Сөйтіп әскерін жинап еркінсіген жауға қарсы атойлап шабады.Бұрынғы батырды көріп зәресі ұшып қорыққан  жау  алған жерлерін тастай қашады. Ана батырдың  көрсеткен айбыны сарбаздарына күш беріп жеңіске жетеді. Осылай ержүрек батыр жауды елінен қуып шығады.Көрдің бе ана батыр бабамыздың аспандаған даңқы,дақпырты жауды үрейлендіріп жүрегін алып қойған.Әйтпесе кейінгілерді ол жау елемес еді.Міне балам ата-бабаның рух күші деген осы.Ата бабаңды ұмытпасаң сен де күшті боласың.Сендер болсаңдар бізде ру жоқ,салтжоқ дейсіңдер бұл қателік, кешірілмейтін үлкен қателік.

Мирас  Сіз түсінбедіңіз.Біздің Майыл ру,ол қазақша емес.Ол ағылшынша.

Есен  Сонда біздің ауылды ағылшын басқара ма.

Мирас  Төу ата.Майыл ру ағылшын тілінде дегенім ғой.

Өсер Сонда сендерде қазақ тілі жоқ па.

Аман Әй шырағым осы қазақ заман жаралғалы  елдіқазақ тілінде басқарып келді ғой.Сендерге не болды жастар,жастар дегенге.Біле білсең сенің мына /офисті көрсетіп/ темір терсегің осыдан пәленбай ғасыр бұрын осы қазақ жерінде пайда болған жоқ па, сендер аспанға қарай бермей мына аяғыңның астына да қарап қойыңдар./жерді саусағымен көрсетіп/ Мынау қазақтың жері,бұл жер киелі жер.Осы темір-терсектерің де,алтының да,алғашқы көлігің жылқы да, осы жерде пайда болып әлемге таралған.Мына жылтырап жатқан заттарыңның барлығы осы біздің жердің астында жатыр.О несіей мұның қит етсе Америка,Европадеп,міне кіргіз осының бәрін бағдарламаңа,жаз ана жергеқазақшалап,сол Америкаң,ЕвропаңҚазақ елінен артық па екен.Айт ана Майылыңа.  /Ашуланып /

Мирас /Басын қос-қолдап ұстап алған.Тізерлеп отыра қалып./  Туһ көке ай,қойдым болды,болды жазамыз қайтадан бәрін қазақша.Болды.

 /Аман,Есен,Өсер үшеуі шығып барады./

Мирас  /Артынан айқайлап тұтығып / Көке.Мен,мен айтайын бізге бастық енді келеді. /Аман,Есен,Өсер естімейді шығып кеткен./

/Жарық өшеді көрініс ауысады/

                                                               9 шы көрініс

/Сол сахна Аман,Есен,Өсер,Руфхат  шығады артынан Мирас жүгіріп келеді./

Мирас   Шүйінші келін келе жатыр.

Өсер  А-а, қайда.

Мирас  Сүйінші сіздіңүйге балаңыз Айдын келіншек әкеле жатыр.

Өсер  /қалбалақтап тұрып/ Рас па.

МирасӘрине рас.

Аман   Бер сүйіншіңді неғып тұрсың.

Руфхат  / Мирасқа/  Мә сүйіншісі мен берейін,бүгін өзі жүзге кіріп отырмынғой.Мә ал.

Есен Осы күнде бір жаңалық ашады әйтеуір.

Руфхат Мә ал,той болатын болды бір билейтін болдық  ау.

Мирас  Керемет емес пе.Тойға дайындалыңыздар енді./кетеді/

Өсер /көңілденіп/  Осы Мирасым күнде бір жаңалық ашатын болды.Қой мен барып кемпіріме айтайын. /кетеді/

Есен Е оның бәрі мынаның арқасы емес пе.

Аман   /кеңк-кеңк күліп/  Майылдың арқасы де.

Есен  Сол Майылың дегенмен мықты боп тұр.Кім болса да.

Руфхат Міне жаңалық.Бір аптаның ішінде қыз бердің келін алып жатсың

Аман Опбо құдалардың қай жүзден екенін біле алмадық ә.

Руфхат  Соны кәйтесіңдер қит етсе ру,жүз деп шыға келесіңдер

Аман  Онсыз бізде болмайды енді.Мысалы мен Ұлы жүз,Есен Орта жүз,Өсер кіші жүз.Үшеуміз ағалы інілі бөлеміз.Аналарымыз бір үйдіңүш қызы,әкелеріміз үш жүзден,тату болып аман,есен,өсіңдер деп Аман,Есен,Өсер деп қойған атымызды.Мен үлкенмін мына екеуіне мені тыңдаңдар деп отырамын.

Руфхат Мен жаңа қаншасыншы болдым

Аман  Сен алтыншы  боласың

Руфхат /күлімдеп/  Ары алыстатып жіберген жоқсыз ба

Есен  Енді соның ішінде жүрсең жаман емес қой.

әрі күледі қосылып/

Аман Енді ол жақта қалыңмалы қанша екен

Руфхат Ол енді біздің жақ,ну ол жақта қалың мал жоқ помойему./басын шайқап/

Есен Қалай сонда тегін алыпкете бере ме.Қазақтығы қайда онда олардың.

Аман  Той болса да,кәдесіз қыз болмайды

Руфқат Енді осы қазақтар қалың мал,қалың мал дей бересіңдер.Ол жақта қызды сатпайды.Білеміз ғой сол жақта өстік.Жақсылап той жасайсың,подаркіңді бересің болды нең бар қалың мал деп басыңды қатырып.

Есен Дұрыс айтады.Ол жақта біздегідей анау беріпті,мынау беріпті дегенді есітпейміз ғой.

Гюлчехра Мен ям биламин,көрип юриппиз ғой барғанда

Есен Бұл қашан барып еді

Руфхат  Жаскезінде барып сонда кафеде істеп жүргенде мен базарда сантехника сататын едім екеуміз танысып осы апкелген жоқ па мені осы жерге.Мен айттым ғой саған қорықпа ол жақтыңқыздары тегін деп.Біледі бұл да.Солай емес пе Гюлчехра.

Гюлчехра  Ия.,ия біздің жақта тегін.Не қыласыңдар сол артық шығынды,Өсердің дүниесі тасып бара жатыр ма.

Аман   Жарайды келін келсін көреміз./Бәрі көңілді,Өсер мен Мирас шығады/

Мирас Аталар бәріңіз көңілдісіздер ғой не қуаныш.

Руфхат Сен ғой бізді келін келе жатыр деп қуанышқа қарыққылып жатқан

МирасӘрине қуаныштан құдай айырмасын

Гюлчехра Біліп жүрейік те көргенше жарылып барамыз кім өзі қай жақтан екен.

Мирас Мен де көрмегем бажам айтты,қайның келіншек апарады деп

Гюлчехра  Тезірек айтшы қайдан келді сонда.

Мирас  /Өсерге қарап,үй төбесіндегі антеннаны көрсетіп/  Ағама айттым ғой кеше аспаннан,аспаннан келеді көресіз деп.

Руфхат Сонда Аспаннан саған құдай айтты ма бұны

Мирас  Электронды хабарлама,сол аспаннан келеді көресіз ғой.

Гюлчехра  /ернін сылп еткізіп/ Көрейік аспаннан түскен сұлуды./Руфхатқа/  Жүр көреміз ертең, аспаннан түскен айдай сұлуды

Руфхат  Аспаннан түскен қандай красавица екен ол. /екеуі кетеді/

 

                                                               10шы көрініс

/Свет алмасады сол сахна.Сахнада Өсер,Аман,Есен,Руфхат,Гюлчехра тұр.Мирас пен Доскен кіріп келеді./

Доскен  /Жүзі бал-бұл жанып/ Ағалар менің балдызым келін әкеле жатыр, мен солармен бірге келдім. Сүйінші.

/Аман,Есен,Өсер,Руфхат,Гюлчехра бәрі аң-таң тұрып қалған./

Аман,Есен,Өсер /қосарлана кібіртіктеп/  Түсінбедік сонда балдыз қалай келін әкеле жатыр.

Доскен  /төмен қарап/ Ағалар,ағатайлар.Кешіріңіздер мен,мен кінәлімін.Сол үшін келдім Қызылжардан.Мен,мен мына досыма балдызың үйленді деп жазып жібердім почтамен.Кешшір-рің-іздер.Мен білмедім бізде  балдызды да,қайнысын да балдыз дейді.

Өсер  Қандай почта бізге ешкім хат әкеп берген жоқ.

Доскен   Почта Доскен майл ру собачка,деп жібердім ғой.

Аман Майыл ру

Есен АМайыл ру ма

Өсер  Түсінікті.Алқызым Мөлдір қайда.

/Сахна сыртынан Мөлдір шығады/

Мөлдір Мен мұндамын. /Келіп Өсерді құшақтап Доскеннің жанына келіп тұрады.

Мирас Көкелер,мынау Доскен күйеу балдарыңыз.

 /Доскен мен Мөлдірбір-біріне қарап қысылып жымыңдайды.

/ Жарық өзгеріп,көңілді музыка ойнайды.Офис алдындағы биік баспалдақтың үстінде,жанында неше түрлі светтер жанып өшіп жарқырап кетеді.Биік текпешек үстінен  Айдын мен Нәфиса шығады./

Мирас  /қолымен биікті көрсетіп/ Әне анда аспанға қараңыздар.

/Айдын мен Нәфиса баспалдақтан төмен түсіп келеді/

Аман  /көзін көлегейлеп қарап/ Әй мынау Айдын мен Нәфиса ғой,Руфхаттың қызы.

Руфхат  Нафиса  қызым сен бе.

Гулчехра  Бұл қалай болды./аң-таң/.

Руфхат  Нәфисамысың  /қолын сүйіп жатыр/

Гюлчехра Ой алтыным ай./маңдайынан сүйіп жатыр/

Өсер  Қадамыңқұт болсын қарағым.

Мирас   Бұлар енді жаңа заңмен үйленіп жатыр,өз қалауларымен.

/Барлығы Айдын мен Нәфисаны құшақтап құттықтап жатыр./

Өсер  /Қолын жайып/   Кәне айналайын.   /Мөлдір мен Доскенді,Айдын мен Нәфисны маңдайларынан сүйіп жатыр./

Аман,Есен /қосарлана/ Ойпырай бұл қалай болды. Мынау бір аспаннан түскендей жылдам болды ғой./интернет антеннасына қарап/

Мирас /Аспанға қарап/  Бізге сол жақтан келді ғой келін келе жатыр деген хабар.

Мирас /Доскеннің қолынан ұстап/ Ал көкелер мынау күйеу балаларыңызДоскен.

Әне  келіндеріңіз Нәфиса.Келін мен күйеу бала құтты болсын.

Руфхат /Аман,Есен,Өсерге жақындап құшағын ашып/ А құдаларым келіңдер.

Мирас Көрдіңіздер ме, енді руын өздеріңіз сұрай беріңіздер..

Есен Ой жастар ай.

Аман  Бұлардың білмейтіні жоқ.

Мирас  Өздеріңіз айтушы едіңіздер ғой.Арбаны да сындырмай,өгізді де өлтірмей деп.Бәрі орнында ешкім ешқайда кеткен жоқәфиса келін боп келді,қызыңыз Мөлдір күйеу балаңыз екеуі қасыңызда.дипломмен ауылға бағдарламасымен жұмысқа тұрды. Барлығы да осы орталықтың арқасы. /қолын шошайтып қулана/  Енді міне сіздердің алдарыңызда көптен күткен осы орталықтың бастығы кеше ғана Астанадан үкім алып келген судай жаңа бастық өз балаларыңыз Айдын  мырза./ду қол шапалақтау/

Өсер  /құшағын жайып,аузын ашып/ А,а. Айдын балам.

Аман  Бәрекелді,ақыл жастан деген.

Есен  Жастар осындай болу керекғой.Жарайсыңдар,біз жастарға сенеміз.

Өсер  Ай жастар ай.

Аман  Жарайсыңдар азаматтар.

Руфхат Міне иновацияныңқұдіреті.Диплом да қолда.Жұмыс та бар.Бәрі жылдам тез  молодец Майыл ру.Жарайсыңәне ол қайда қолын ап қояйық./ офис жаққа жан-жағына алақтап/

Мирас Көкелер Майыл ру ол біздің электронды почтамыз жылдам хабар алатын.Біз сол арқылы құжат жасап жіберіп отырамыз./Офиске қарап қолымен көрсетіп/ Соның бәрі міне мынаның ішінде. Ол аппарат интернет,иновациялық жүйе.Бәрін сол жасады./шапалақұрады бәрі/Осылай болу керек тұғын.

Аман  Айналайын ақылыңнан, ақыл жастан деп бабаларымыз бекер айтпаған,Болды түсіндім балам. / Мирастың маңдайынан сүйіп жатыр /

Руфхат  /қулана/ Ә міне мұның дұрыс.Оның нано- технология болғаны қандай жақсы болды.Ол адам болғанда сіздер  үшеуіңіз үш жаққа бөліп алып,жаман қылатын  едіңіздер ә.

Аман /ұялып/ Негізі бабаларымыз үш жүзге бөліп дұрыс істеген.

Руфхат  Дұрыс айтасыз төртке бөлгенде,төртеуіңіз төрт жаққа тартып,екеу екеуден бөлініп алып жаман болатын едіңіздер ә.

Есен   Ойбай атама.

Өсер  Бөліну деген құрысын.

Аман  Біз Ошақтың үш бұтымыз ортақ қазанымызды ұстап тұрған. Біреуіміз кетсек қазанымыз төгіліп ырысымыз шашылар еді. Атама бөліну дегенді.

Өсер Осы ортамыздағы ырыс,құт берекемізді ұстап тұрайық.

Есен  Бәрекелді дұрыс айтасың.

Аман Ау ағайын,кәнеки қазан асылсын тойды бастаймыз.

    /Музыка.Жұрт арқа,жарқа бір-бірін құттықтап жатыр./

 

                                                                              Соңы

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған