Адам қарады: 135 | Жарияланды: 2019-07-07 18:49:03

Болашақ жаршысы

Фантастика 

 (Адам өлсе де -- Адамзат өлмейді )

Бұл оқиға 1992 жылдың мамыр айында Алматы қаласында болған еді.   Жетпіс бес жыл бойы  дүниені дүр сілкіндірген кеңес өкіметі біртіндеп ғайып болып, егеменді он бес мемлекетке ыдырап кеткелі көп  бола қойған жоқ. Экономикалық дағдарыстан шаршаған кеңес өкіметінің азаматтары, бір мезетте  басқа мемілекеттің азаматтары болып шыға келгенін әлі түсіне қоймаған секілді еді. Енді қайтсін! Жаппай жұмыссыздық, қаражаттың жоқтығы, ол аз болғандай күнделікті қолданатын  азық-түліктің тапшылығы әбден мезі еткен еді.  Тоқсаныншы  жылдың басы саяси және экономикалық өзгерістің бастамасы болатын.  Жайбарақат күн кешіп жатқан қалың қауым дүрліге көше бастаған кез. Алғашқы болып Қазақ жеріне Сталин заманында еріксіз жер аударылған неміс ұлты  және сол ұлтқа қатысы барлары тарихи отандары  

- Германияға кете бастады. Олардың соңын ала,  кезінде еріксіз көшірілген кавказдықтар мен басқа да ұлттың өкілдері тарихи отандарына жол тартқан. Арасында ертеңгі күніне сенімсіздікпен қараған орыс ұлттылар да баршылық. Керісінше, кезінде еріксіз жер ауып кеткен біздің қандастарымыз абайлап  елге қайта бастаған кез. Колхоз, совхоздар тарап жұмыссыз қалған ауылдықтар жұмыс іздеп қалаға бас сұға бастаған. Осылайша әркім күнделікті күнкөріспен жүргенде, болып жатқан саяси өзгерістер көлеңкеде қалып қойғандай еді. Әйтеуір сол саяси өзгерістер кейбір мемлекеттегідей емес,  Қазақстанда қан төгіссіз өтіп жатты. Кеңес өкіметі кезіндегі темір құрсаудай шекарамыз айқара ашылып,  оңтүстікте – Қытай мен Араб Әмірлігіне, Батыста  Европаға жол ашылды. Шет елден келетін пайданы  дер кезінде түсінген   біздің «еті тірі» деген азаматтарымыз жеке кәсіпкер ретінде саудаға кете бастаған. Солардың қатарында біздің басты кейіпкердің бірі – Асхат та бар еді.

                                               Асхат

Асхат бала кезден алғыр, дегеніне жетпей қоймайтын, талабы зор болып өсті. Жанұяда жалғыз  және кеш көрген бала болған соң әке-шешесі барынша еркелетті. Ерке болса да мектепте  жақсы оқып, сегізінші класқа дейін белсенді болып, кейін жоғарғы класта комсомол жетекшісі болған. Қайтсе де топтың алдында болуға тырысатын мінезі бала кезден қалыптасқан. Бір сөзбен айтқанда нағыз белсендінің өзі еді. Табиғаттың бергені - дене бітімі нәзік, орта бойлы болатын.  «Тек менде ғана  болса екен» дейтін іштарлығы, әрбір тиынды санап отыратын сараңдығы тағы бар. Өзіне пайдасы бар–ау деген адамның ішібауырына кіріп, бермесін «ренжітпей сұрап» алатын. Жас кезінен  қалыптасқан  мінезі  – лауазымды қызметке ұмтылу еді.  МГУ  дің биология факультетіне де биолог болу үшін емес, «қағидалы жоғары білімі бар» деген диплом үшін түскен. Университетті бітіріп келген соң да еңбек жолын қалалық комсомол комитетінде жетекші маман ретінде бастаған. Соңғы кезде кеңес өкіметі құлап, партия, комсомол деген құрдымға кеткенде Асхат сасқан жоқ. Қасындағы бірге істеген құрбылары секілді бизнеске кеткен. Дер кезінде комсомолдың қаражатын өзара жымқырып үлгерген бұларға бизнесті бастау проблема болған жоқ еді. Әркім өзінше фирма ашып өз бетімен кеткенмен, алғашында бір-бірін қолдап жүретін. Бизнеске бел шеше  кірісіп кеткен Асхат  жарты жылда басқаларға қарағанда суырылып алға шыққан. Атамыз қазақ «семіздікті тек мал көтереді» демекші, байыған сайын маңғазданып, қасындағы құрбыларымен тіл табысуы қиындай  бастаған. Асхаттың күрт өзгергенін байқаған құрбылары да одан оқшауланып кетті. Шын мәнінде олардың біраз жылдар бір мекемеде бірге істегендігі  болмаса, араларында  еш байланыс жоқ еді.

     1992 жылы ерте шыққан көктем жаңбырлы болып еді. Мамыр айында Алматы көк жасыл желекке  оранып ерекше құлпыратын. Сондай жайдарлы күннің бірінде Асхат ерте тұрып,  жұмысына келе жатты. Астына мінгені сол кезде әркім міне алмайтын су-жаңа  ВАЗ-21099 автокөлігі. Көлік ішіндегі музыканы орташа дауысқа қойып, өзі сол әунеге қосылып ыңылдап қояды. Көңілі көтеріңкі. Оған себеп мамыр айының шуақты күні мен кешегі көңілді өткізген кеш. Осыдан екі айдай бұрын  Майра атты қызбен танысқалы бері өмірі ойламаған жерден  күрт өзгерген. Асхаттқа танысқан күннен бастап Майра ерекше әсер қалдырған. Ол қыздың мінезі, әдептілігі  Асхатқа қатты ұнаған. Ұнатқан деген бер жағы ғой! Ғашық болып қалған еді. Кезінде талай қыздармен жүрсе де шын көңілінен шыққан қыз осы  шығар. Жатса да тұрса да сол қыз ойына еріксіз келе береді. Танысқалы бері қолы босаса болды Майраға қарай шапқылайтынды шығарды. Сол қызбен  кеше киноға барып, одан шыққан соң ресторандатып қайтқан. Шығарып салып тұрып, қолынан ұстап өзіне тартып еді, қыз ыңғайын бермеді. Танысқандарына біраз болса да «сыпайылығы шығар» деп ойлаған. 

  Асхат офисінің алдына келіп машинасын күнделікті қойып жүрген жеріне қоймақшы болып еді, ол орында бұрын соңды көрмеген қара түсті «мерседес» машинасы тұр екен. Бұл орын Асхаттың жекеменшігі секілді еді. Неге екені белгісіз бұнда Асхаттан басқа ешкім машина қоймайтын. Машинасын басқа жерге қоя сала жаңағы «мерседестің» қасына келді де, «Мынау жаңа шыққан моделі ғой,  бұл машина кімдікі болды екен» деп ойлады Асхат. Өйткені мұндай моделді бұрын соңды көрмеген еді. «Иномарка» аталатын шетелдің автокөліктері жаңадан пайда бола бастағалы көп уақыт өткен жоқ еді. Қызықтап, машинаны айналып біраз тұрды да офиске қарай бет алды. «Құдай қаласа, біраз қаражат жинап осындай машинаның біреуін алмасам ба» деп ойлап қойды. Ойында басқа ештеңе жоқ, жайбарақат күйде офисіне кіріп келіп еді, кабинетінде бұрын көрмеген бейтаныс үш жігіт отыр екен. Екеуі спорт киімін киген еңгезердей  де, біреуі ақ жейде мен костюм киген орта бойлы жігіт. Кейінгісі өзін «менің атым Алмас »деп таныстырды да келген жұмысын сыпайы түрде түсіндіре бастады. Дауысынан өзіне сенімділік байқалады. Ойламаған кездесуден сасып қалған  Асхат алғашында  бұл жігіттің әңгімесін түсінбей қалды. Әңгіменің аяғында ұққаны – бұдан былай осы жігіттерге жетісіне бір рет «отметка» жасап тұруы керек екен. Бұлар тіпті Асхаттың айналымда қанша ақшасы, қоймада қанша товары бар екеніне шейін айтып, «сол айналымда жүрген қаражаттың  20 пайызын бізге беріп тұрасың» дегенде бұл одан бетер састы. 

--Қысқаша айтқанда,  біз саған «крыша» боламыз да, жұмысты сен бізбен бірге істейтін боласың. Сонда сенде ешқандай проблема болмайды. – деді.

--Менде еш проблема жоқ! – деді Асхат тілі күрмеліп.

-- Болмаса – болады!..  Ол проблемаларыңды біз шешетін боламыз. Тегін емес әрине... Бағасына сені  ренжітпейміз.    Бұндай әңгімені күтпеген Асхаттың  жүрек қағысы жиілеп, қаны басына шыққандай болды. Тіпті алғашында тұтығып,  сөйлеуге шамасы келмеді. Біраз өзіне келген соң;                                                                                                      

   – Ал егер келіспесем ше? – деді. Даусы дірілдеп шықты.                                                      

 -- Онда өз обалың өзіңе... Сен біздің территориядасың. Сондықтан саған бұл қалада  жұмыс істетпейміз,—деп  Алмас орнынан тұрды да Асхаттың қасына келіп бетіне тура қарап.

– Сен үшін бүгіннен бастап есеп шот ашылды. Бүгінді қоспағанда - екі күн уақытың бар. Осыдан екі күнен кейін ақша дайын болмаса, бізге ренжіме. Мынау менің телефон номерім. Екі күннен кейін сенен хабар күтем, – деп есікке қарай бет алды. «Осы шартымызға келісесің бе жоқ па?» деп сұраған да жоқ. Асхат сыртқа шыққан әлгілердің соңынан машиналарына мініп  кеткенге шейін   терезеден бақылап тұрды. Жаңағы мерседес осылардікі  екен. Асхат ашудан жарылайын деп отыр. Беті біресе қызарып, біресе ысып барады.  Өзіне өзі:

 -- Ал бұған не дейсіз!.. Бизнесмен мырза!.. — деді де, қолында ұстап отырған  қаламды терезе жаққа бір-ақ атты. Кейінгі кезде рэкет туралы әңгімені; оның ішінде жаңағы Алмас туралы әңгімені  құрбыларынан естіп жүрген.  Бірақ бұлармен жақын арада осылай  бетпе бет кездесемін деп мүлде ойламапты.  «Жоқ – ау деймін... не деген зұлымдық!..» деді тістеніп. Іші күйіп барады. Бала кезден ұмытыла бастаған қорқыныш сезім,  «ендігі жағдайым не болады» деген беймаза сезіммен қатар келіп, көкірегіне үрей тудырды. «Бұл қулар мен туралы деректерді кімнен алып жүр?..» деген ой келді басына. Әрі ойланып, бері ойланып тоқтағаны өзінің бухгалтері еді.  «Менің  қаражатым туралы мәліметті сол әйелден басқа ешкім білмейді» деп ойлаған Асхаттың түсі бұзылып кетті. Сол қалпы көрші кабинетке кіріп келгенде бухгалтер әйел сасып қалды. Кабинетінде жайбарақат ертеңгі шайын ішіп отырған  бухгалтер әйел  «Әшейінде кабинетіне өзі шақырушы еді, бұнысы несі екен»- деп ойлап үлгермеді. Асхат:

--Ертеңнен бастап сіз жұмыстан боссыз!.. Есепті қазір тапсырыңыз! – деп нық айты да кабинетіне кетті. Бухалтер әйел аузын ашқан қалпы, өзіне -өзі келе алмай отырып қалды. Шын мәнінде бұл әйелдің еш кінәсы  жоқ болатын. Жасы отыздан асқан, жұмысына ұқыпты еді.  Әлгілер Асхат туралы мәліметті салық комитетінде отырған өз адамдарынан алған. Ішіп отырған асын тастай сала, Асхаттың кабинетіне жеткен әйел:

 -- Асхат-ау!.. Тым болмаса себебін түсіндірші!—деп еді.

 --- Айтым, бітті! – деп қысқа тыйып тастады. Еш нәрсені түсінбеген бухгалтер келіншек сағы сынып, көзінен жасы аққан қалпы  кабинетіне қайтып келіп, есепке дайындала бастады. Енді қайтсін. Қазіргі кезде, жұмыссыз қалу әркімге оңай тимейтіні белгілі. Ашу үстінде артық кеткенін Асхат артынан түсінген. Бірақ бірбеткей мінезі шешімін өзгертуге жібермеді. «Оның үстіне бухгалтердің жұмысы  қолымнан келеді, өзім-ақ жайғаймын. Бір жағынан ақша үнемделеді. Кім біледі, алда не болатынын » деп ойлады. Тек салық комитетіне барып есеп беру. Банкке жүгіру сияқты жұмыстары мезі ететіні болмаса, алып бара жатқан жұмысы жоқ еді.

    Асхат бухгалтерияны қабылдап алып, жұмыстан шыққанда кеш болып еді. Батыстан соққан желдің аяғы жаңбырға айналып, ауа райы демде бұзылып шыға келді. Таңертеңгі көтеріңкі көңілін  осы жел мен жаңбыр шайып кеткендей еді. Еш нәрсеге көңілі жоқ, сағы сынып үйіне қайтты. Тіпті күніге тамақ ішуге зауқы болмады. Жабырқау көңілін біреумен бөліскісі келген. Бірақ кіммен бөлісерін білмеді. Шалғайдағы әке –шешесімен бе? Онсыз да денсаулығы жоқ, олардың бастарын несіне қатырмақ? Осындай да жан ашыр жақын досы да жоқ екен – ау.  Амалсыздан комсомолда бірге істеген жолдастарына телефон шала бастады. Бірақ олардан еш көмек болмайтынын кеш түсінді. Бірге істегендердің бұдан көңілі қалғанын әрқайсысымен сөйлескен соң бірақ білді. Жолдастардың арасында ерекше қалжыңдасатын  Нұртас та Асхатты аса көңілсіз тыңдап, жағдайды білген соң:

- «Жаман атқа жал бітсе, жанына адам жолатпас» дегендей, кейінгі кезде мұрныңды тым  аспанға көтеріп, біз жаққа мойын бұрмай кетіп едің, сабаңа түсейін депсің ғой,—деді мысқылдап. Қалжыңдаса да шынын айтатын әдетіне салып.

– Рэкетке салық төлеп жүрген жалғыз сен ғана дейсің бе... Ештеңе жоқ. Өйтпесең, жұмыс істетпейді. Кімнің тобы саған келген?..

- Білмеймін! Бастықсымағы өзін «Алмаспын» деп таныстырды ғой.

- А-а.. Алмастың тобы екен ғой!..

 - Сен ше!.. Сен де соларға төлеп жүрсің бе? – деп сұраған Асхаттың сұрағына ол қалжыңға айналдырып, ештеңе ашып айтпай қойды. Бұлардан күдерін үзген Асхат «Осылар несіне бәлсінеді – ей.. А?..» деді де қойды. Онсыз да көңілі жарты болып отырғанда есіне ертең салық комитетіне барып салық төлеуі керек екені түсті. Енді қайтсын. Өмірінде ақшаны алғанды білетін бұл  бекерден- бекер біреуге беріп көрмепті. Тапқан табысының жартысына жуығы өкіметке салық ретінде кететіні аз болғандай, енді, міні,  рэкет деген бәле қосылды. Түнімен ұйықтай алмай дөңбекшіп жатып, таң қылаң бере көзі ілініп кеткен еді. Телефон шыр етіп оятты. Алмас сағатқа қараса, сегізден кетіп қалыпты. Телефон соққан Нұртас екен:

- Оятып жібердім бе?- деді сәлемдесіп болған соң.

-Ештеңе етпейді, айта бер.— деді Асхат ұйқылы ояу.

- Айтайын дегенім... Мені тыңдасаң, ауған соғысына қатысқан жақын таныс тап та, соның атына жаңадан фирма аш. Ауған соғысына қатысқандар құрған қоғам бар. Фирманы сол қоғамға мүше етіп кіргіз. Рэкеттен сонда ғана құтыласың. Ұқтың ба?.. Сенің мойныңда бір монша!.. Жақсы, сау бол, – деді де трубканы қоя салды. Асхат «Жақсы. Рахмет» деген сөзді әрең айтып үлгерді. «Бар  берген ақылың сол ма?» демекші болдып еді, үлгермеді. Біраз ойланып көріп еді, Нұртастың ақылы көңілге қонатындай мағынасы бар сияқты көрінді. Оның үстіне басқа амалды көріп тұрған жоқ еді.  «Ауған соғысына қатысқан бізде кім бар еді?» деп өз-өзінен сұрап үлгерген жоқ, есіне МГУ  де бірге оқыған курстас досы  Марат түсе кетті.  Қуанғаннан орнынан атып тұрып, телефон номерлері жазылған тізімді қолына ала сала Мараттың номерін іздей бастады. Ойлап қараса, курстасы  Маратпен де хабарласпағалы жарты жылға таяп қалыпты. Онда да Марат өзі хабарласқан. Не үшін хабарласқаны есінде жоқ. Әйтеуір бір нәрсеге көмек сұраған. А-а!.. Иә,  сөзінен ұққаны – «үйленсем керек болады» деп жиған терген ақшасы күйіп бара жатқанын айтып, шетел валютасына айырбастап беруін өтінген еді. Асхат әңгімені қалжыңға айналдырып, не «иә», не «жоқ» демей, «көреміз» деп құтылған. Ол кезде Асхаттың «алшысы оңынан түсіп» тұрған кез болатын. Атүсті сөйлесіп, жөндеп жауап  бармеген. Сондай қылықтарына кешелі бері іші ашып отыр. Кезінде әкесі «Адамның күні адаммен. Шыққан есігіңді ешқашан қатты жаппа!» деуші еді. Менменсіген Асхат әкесінің сондай нақыл сөздеріне көп құлақ аса бермейтін. Әкесі көпті көрген сабырлы, мінезі жұмсақ адам еді. Бұл әкесінен көрі шешесін көп тыңдайтын. Ал шешесі жоқтан бар жасайтын пысық еді.

    Кітапшаны әрі  бері ақтарып, Мараттың телефонын таба алмады. Бұрын жетісіне бір-екі рет хабарласып тұрғанда есінде сақтаулы еді, хабарласпағалы бері ұмытып қалыпты. Сонда да көңілінде бір үміт оты тұтанғандай болды. Кешкісін Мараттың үйіне баруды жоспарлап біраз жатты. Асықпай тұрып шайын ішкен соң аудандық салық комитетіне келді. Көптен бері келмегендікі ме, әлде кабинеттер ауысқан  ба, әйтеуір керекті кабинетті тауып келсе, кезек күткендер көп екен. Кезінде осы бір әуре-сарсеңіне бола бухгалтер алған еді. Енді міне бәріне қайтадан өзі жүгіретін болды. Кезекке тұрып, болған соң бос бір орынға отыра кетті. Қасында отырған қыз  бухгалтерлік қағаз толтырып отыр екен. Келіп отырған Асхатқа көзінің астымен қарап еді, Асхат сәлемдесті. Әлгі қыз да басын изеп сәлемдесті де «осы жігітті қайдан көрдім» дегендей, ұзақ тесіліп қарап қалды.   Асхат қызға қарай қыйсайып, сыбырлап; 

- Сіз мені танымайсыз... Мен әдемі қыздардың бәрімен өстіп сәлемдесе берем. Оған көңіл аудармай-ақ қойыңыз.—деді де жымиып қойды. Қызға мақтау жақты ма кім білсін, қызарып кетті.  «Өзі шынымен сүйкімді қыз екен» деп ойлаған  Асхат қыздың толтырып отырған қағаздарына көңіл аудара бастады. Өзі кеше ғана толтырған бухгалтерлік қағаздардың формасы көзіне бірден түсті. Фирмаға түскен пайда мен өкіметке түсетін салықтың пайызы бұның фирмасымен салыстырғанда екі есе аз екенін көргенде көзі шарасынан шығып кете жаздады.

 – Қарындас!  мына жерде сіздің есебіңіз бойынша, салық екі есе аз шығып тұр ғой! Бұл қалай болғаны?—деді сыбырлаған қалпы, «таң қалғанымды басқалар естіп қоймады ма екен?» дегендей жан- жағына қарап.

  • Бұл фирманың иесі - ауған соғысының ардагері. Оларға салық төлеуде 50 пайыз жеңілдік бар.—деді әлгі қыз да жылы жүзбен Асхатқа қызығушылық танытып. Тағы да бірдеңелерді айтып еді Асхат оның  сөздерін естімеді. Аузы ашылған қалпы орнынан тұра сала далаға бірақ шықты. Ауған ардагеріне елу пайыз жеңілдік бар екенін бұл шынымен білген жоқ.  Нұртастың бағанағы айтқан ақылы дұрыс екеніне енді  күмәны қалмады. Тек Марат курстасы өзінің атынан фирма ашуға келісім бере ме - жоқ па, сол белгісіз еді. Бірақ қадалған жерінен қан алмай қоймайтын Асхат Маратты көндіретіне сенімді еді. «Мен білетін Марат болса, менің қолымда» деді ішінен. Ары-бері тұрып, жақын арадағы телефон – автоматқа келіп тұтқаны қолына алды.  Мараттың телефон номерінің  есіне түскен  алғашқы екі санын теріп еді, қалған сандарын өзі ұмытса да саусақтары өздері тапты.  

                                                       

                                                  Марат

 Марат Асхаттың  МГУ- дің биология факультетінде  бірге оқыған  курстасы еді. Алғашында жерлес болған соң бірге жүріп, кейін көңілдері жарасқан сырлас болып кеткен. Дос болып бірге жүргенімен, екеуінің мінезі  екі түрлі. Тіпті қарама қайшы десе де болар еді. Мараттың мінезі ашық, ешкімге жаманшылық ойламайтын, сұрасаң қолындағының бәрін бере салуға дайын ақкөңіл еді. Спортқа бейім болғандықтан, Асхат сияқты емес, ұзын бойлы, дене бітімі мығым болатын. Оқуға түскен жылы Москвада  іздеп жүріп  у-шу санда клубын тауып алып, бар ынтасын салып айналысқан. Өнерден де құралақан емес. Қолынан сурет салу, гитара тартып ән айту да келетін. Білімі де жан-жақты. Ғылымның қай саласынан болсын сұрақ қойсаң, дәлме дәл болмаса да, тұспалдап жауабын білетін. Құрбысының осындай жан-жақтылығына  дос болып қасында жүрген Асхат іштей қатты қызығатын. Марат  МГУ-дің биология факультетіне де Асхат сияқты емес, өзінің көңілі болған соң түскен.  Бала кезден табиғатты тамашалап, биология кітабын қызыға оқитын Марат университетте сол салаға кіретін Антропология бөліміне құжат тапсырған. Мамандығы Адамның шығу тегі мен эвалюциялық даму жолдарын зертеу. Университетті бітірген соң Қазақ Ғылым Академиясындағы биология бөліміндегі физиология институтына жұмысқа тұрған. Кейінгі кезде өзін бала кезден мазалайтын бірнеше сұраққа жауап іздеп жүріп, осы білімге құлшына кірісіп кеткені сонша, нағыз фанат болып алған еді. Есіл дерті осы ғылымды зерттеуге  кетіп жүр. Кейде тіпті жұмыстан кейін кабинетінен күзетшілер қуғандай болғанда әрең кететін болды. Бүгін де күндегі әдетінше жұмыста терең ойда отырған Мараттың ойын телефонның сыңғыры бөліп жіберді. Қабырғада ілулі тұрған суретке қараған күйі телефонды көтеріп құлағына тосты да:

 - Тыңдап тұрмын, – деді орысшалап.   Ар жақтағы дауыс:

- Ақсақал!  Ассалаумағалейкум!... –деді де Мараттың жауабын күткендей үндемей қалды. «Ақсақал» деп Маратты  тек Асхат қана атайтын. Олай дейтін себебі Марат одан екі жас үлкен еді.

 – Уалейкум!..  Иә,  Асхат бауырым, бармысың? Қайда жоқ болып кеттің? – деді Марат. Жөн сұрасып болған соң Асхат:

--Мәке, үйге телефон соғып едім, мамаң алды. Сенің жұмыстағы телефоныңды сол кісіден білдім... Жұмысыңа келсем бола ма?.. Жоқ әлде басқа жерде кездесеміз бе?

- Қай жерде екенін айт, кешкісін жұмыстан кейін кездесейік. 

Асхат сәл мүдіріп қалды да:

 - Кешке дейін күтетін уақыт жоқ. Казір жұмысыңа келсем бола ма? - деді. Асхат жаңа идеясын жүзеге асырғанша тыныштық таппайтын әдеті бойынша.

- Келсең, кел. – деді де Марат адресін берді. Тұтқаны қойған соң: «Асхатқа  аяқасты неге керек  болдым  екен?.. Мен өте қажет болғанмын ғой. Әйтпесе бұл жігіт бекерден-бекер іздеуші ме еді» - деп ойлады.

       Асхат Мараттың кабинетінің есігін жарты сағаттан кейін қақты.

- Кіріңіз!.. – деген сөзді ести сала есікті ашып кіріп келген Асхаттың өңі жылы еді. Көптен көріспеген екеуі төс қағыстырып амандасып болған соң Асхат екі қолын шалбарының қалтасына салып, жан – жағына қарап Мараттың кабинетімен таныса бастады. Қабырғадағы ілулі тұрған плакаттарды қарап тұрып:

- Иә, сол баяғы адамның ататегін қазбалап жатырсың ба?.. Ашқан жаңалығың болса айта бер. Биолог ретінде менің де қосарым болып қала,– деді.   Екеуі Москвада бірге оқып жүргенде кешкісін бөлмелерінде қызыл кеңірдек болып пікір таластырушы еді. Сол кездерді естеріне алып, біраз күлісіп алды.

 Марат орындық алып Асхаттың қасына қойып, «отыр» деген белгі берді де: -  Кәзіргі тақырыбым да сол баяғы адамның эволюциялық даму жолдары, - деді.   

- Анығырақ айтшы. Қазіргі ізденісің не туралы? Ғылымда не жаңалық болып жатыр?– деді Асхат орындыққа отырып жатып. Шын мәнінде аржағында аса қызығушылық жоқ болса да Мараттың көңілін тауып, қалайда өз ойын іске асыру үшін қандай «ертегі» болса да тыңдауға дайын еді. Кейінгі кезде өзін мазалап жүрген «жаңадан ашқан» идеяларын кіммен бөлісерін білмей жүрген Марат тыңдайтын адам табылғанына іштей қуанып кетті де, сәл ойланып тұрып:

  • Анығын айтсам,  Кәдімгі оттың адамның эволюциялық даму кезеңіндегі атқарған ролі. Адам баласы отты қашан және қалай бағындырды, (игерді). Отты игергенге дейінгі өмірі мен игергеннен кейінгі өмірін салыстыру. Өзің ойлап қарашы... Мысалы : бізден төменгі сатыда дамып келе жатқан маймылдар  немесе басқа
  • жануарлар  отты көрсе тұра қашады. Жанып тұрған от олар үшін бір алапат әзірейіл. Ал алғашқы адам оттың пайдасын, оны бағындыруға болатынын түсінген. Демек  интелектсі сол кезде белгілі бір жоғарғы деңгейде дамығаны ғой!..  Адамның отты игергенге дейінгі көрген күні қандай болды?.. Көзіңе елестетіп көрші!..—деп орнынан  тұрып Асхаттың алдында арлы-бері жүре бастады, --  Біріншіден,  көрінген жыртқышқа жем болды, әсіресе мысық тұқымдастарға.  Екіншіден,  аузына не тисе соны жеп, аурудың неше түрімен ауырып келді. Жегені шикі ет, оның үстіне ауру малдың еті болса, әрине көптеген жұқпалы аурудан қырылды. Ал отты бағындырғаннан кейінгі өмірі мүлде өзгерді емес пе? Бірінші -- ең бастысы -- тағамның рационы күрт өзгерді.   Жеген тамағы отқа піскен тағам. Ол дегеніміз аурудан таза тағам. Шикі ет қатты, шайнап жеуге көп күш кетсе, піскен ет жұмсақ. Демек құрамында белок көп тағамды көбірек  пайдалана бастады. Белок дегенің нағыз мидың өсуіне керекті қорек...

Үшіншіден,  бұрын көрінген жыртқыштан қорқып, соларға жем болатын адам отты бағындырған соң керісінше, өзін қоршаған ортаның қожайыны сезінді. (Қолына от ұстаған адамның жанында қай жыртқыш төтеп берсін). Демек, от адамның негізгі құралы мен қаруына айналды. Бұрын өз ара  тілдесуге мұршасы болмай бұғып жүретін адам отты бағындырғаннан кейін кеуделерін тік ұстап, ошақты айнала отырысып, бос уақыттарында әңгіме- дүкен құрып, болашақты жоспарлауға мүмкіндік алды емес пе?.. Көбірек сөйлесіп, ой-пікір бөліскен сайын тілі де, миы да жылдам дами бастады. Бос уақыттары көбейіп, абстрактылы ойлауға мүмкіндігі туды...  Алғашқы өнер туындылары  сол кезде ошақ басында, үңгір қабырғасында салынған суреттер пайда бола бастады. Менің ойымша  адамның  алғашқы ашқан негізгі жаңалығы—отты игергені. Оттың арқасында адам баласы мұз дәуірі сияқты табиғаттың не бір сұрапыл  кезеңдерін аса қиындық көрмей басынан өткізді. Біртіндеп, айналдырған  ондаған мың жылдың ішінде, бүкіл жер жүзіне тарап кетті...

 Жақында ашылған ғылыми жаңалық сол: дүние жүзіндегі барлық адам баласы осыдан шамамен  75 мың жыл бұрын Африкада өмір сүрген бір еркектен – «Адам- атадан» таралғанын генетиктер ғылыми түрде дәлелдеді.

- Сонда не,  сол кезде басқа еркек атаулы қырылып қалып па? Әлде қалған еркектің үрім - бұтағы жойылып кетіп пе?.. Қызық екен, –деді Асхат. Ішінен «Пікір таластыру тағы да басталды. Енді қашан бітер екен?» деп ойлады.

– Қалай болғанын кім білсін!.. – деді Марат қызбаланып.

--  Қалай десең де фактының аты факт. Ғылыми дәлелге қарсы ештеңе айта алмайсың!.. Сол кезде не өзгеріс  болғаны туралы еш белгі жоқ. Не климат күрт өзгерді, не болмаса эпидемия жүрді. Табиғи апатқа ұшырап адам саны күрт азайып кеткені сонша, толық жойылып кетуге аз қалған. Ғалымдардың тұжырымы бойынша сол кезде Адам саны шамамен мың жарымға  дейін төмендеп, тек Африканың оңтүстік аймағында ғана қалған.

    - Бәлкім, соңғы мұз дәуірі сол кезде басталған шығар? – деді Асхат – Белгілі бір уақыт өткен сайын қайталайтын тағы қандай табиғи өзгерістер бар?..

- Үлкен жанар таулар атқылап, соның кесірінен атмосфера ластанып, күннің жылуы төмендеп, ауа  райы күрт сууы мүмкін. Сол кезде сол Адам- ата оттың арқасында тірі қалған шығар.

   Екеуі өстіп әңгімелесіп отырып, уақыттың қалай өткенін байқамай қалыпты. Жұмыс уақыты аяқталып, үйге қайтатын кез келіді де, екі дос сыртқа шықты. Көктемнің шуақты кешінде айнала құлпырып тұр екен.

- Әңгімеге айналып, сенің шаруаңды сұрамаппын ғой. Қане айта бер. Не жұмыспен келіп едің? – деді Марат Асхаттың  машинасына отырған соң.  Асхат әңгімені алыстан бастады.

- Жәй...  Кейінгі кезде жұмыстан қол тимей, өзіңмен көрісуден  қалдық. Алдымен қал-жағдайыңды, сосын алдағы жоспарыңды білейін деп келдім. Әлгі кеңес өкіметінің «ағаш» ақшасынан құтылдың ба?..  Қашан үйленетін ойың бар? – деді Асхат іш тарта сөйлеп.

-  Жағдай баяғы өзің көргендей. Айтарлықтай өзгеріс жоқ. Шынымды айтсам, үйленбек тұрмақ үйленетін қызым да жоқ. Ақша сол қалпы ауыспай, үйде жатыр.

- Әрине, өстіп кабинетіңде тығылып отыра берсең, «ақша өзі ауысып, қыздар өздері келеді» дейді саған. Кешкісін былай  былай шығып, өзіңді ел – жұртқа көрсетіп дегендей. Қашанғы бойдақ болып жүре береміз. Екі жас болса да  «иткөйлекті» бұрын тоздырдың ғой.  Оның үстіне жолың да үлкен... Сондықтан алдымен сені үйлендіріп, сосын жолым ашылған соң өзім үйленуім керек. Той жасайтын қаражатың бар ма өзі?

-  Жинаған екі мыңдай ақшам бар.

- Екі мың доллар ма, әлде кеңес өкіметінің «ағаш» ақшасы ма?

-  Кеңес өкіметінің сомы, – деді Марат.  Асхат мырс етіп күліп жіберді де:

- Бауырым – ау!   Бүгінгі күні екі мың дегенің не! Жақында ол ақшаға екі бөтелке арақ ала алмайсың. Ақша қазір күннен күнге құнсызданып бара жатыр. Сен өзің «ғылым» деп жүріп көп нәрседен құр қалыпсың ғой!.. Қой сені қолға алмаса болмайды екен. Ертеңнен бастап өмірді басқаша бастаймыз. Ең бастысы «сабан» ақшаларыңды долларға айырбастау керек. Таныстарың бар ма? Болмаса өзім көмектесем.  Әрі қарай  менімен бірге жұмыс істейсің. Маған қосымша тағы бір фирма ашу керек болып тұр. Сол фирманы сенің атыңа ашамыз. Директоры өзің боласың. Айтпақшы, сен ауған ардагері емессің бе?—деді Асхат жаңадан есіне түскендей. –  Ондайыңның  бары қазір есіме түсті. Саған салық жүйесінде  елу пайыз жеңілдік бар! – деді Маратты қызықтырмақ оймен.

-  Асхат-ау сен айналдырған бес минуттың ішінде бар проблемамды шешіп тастадың ғой өзің!..  Кішкене  ойлануға мұрша берсеңші! – деп еді

- Ойланатын түгі де жоқ! Қосымша ақша қалтаңды тесіп кете ме? Білем! Ғылым десе жаныңды салатыныңды! Мына жұмысыңды тастамай ақ қой. Айына бір-екі  сағатқа салық комитетіне баруға уақытың болса болғаны. Қаражат жағынан өзім көмектесем.  Қағаз толтыру  жұмыстарын кешкісін жұмыс уақытынан кейін істейміз. Негізгі жұмысты өзім қатырам... Осыған қалай қарайсың? – деді  де Маратқа тура қарады. Марат үндемей қалды. Онысын Асхат «келіскені» деп білді.    

 -   Енді жеке өмірің туралы...  Ертең сені  өзімнің жақсы көретін қызыммен таныстырам. Оның Назым атты жақсы құрбысы бар. Сол қыздың тамырын басып көр. Ұнаса, көрерсің. Ұнамаса, басқа қыздар бар. Табамыз. Сен сияқты жігітке қарамаған қыздың көзіне шиқан шықсын... Менің ойымша ол қыз саған ұнауы тиіс. Тәрбие көрген. – деп Асхат әлгі өзі көрген Майраның құрбысын мақтай жөнелді. Марат Асхатқа қарап отырып ойланып кетті. Бұл білетін Асхат болса мына қылығы бекер емес екенін, ар жағында бір «гәп»  барын бірден түсінді. Бірақ ішінен «Көрейін. Құр жүргенше тіршілік істейік те. Бірдеңе шықса, шығар. Болмаса оны да көре жатармын» деді.                           

 - Сен көрсеткен қызға үйлене салатын мені не, «тақиялы періште» дейсің бе! -  деді Марат қалжыңға айналдырып.                                                                                                              - Мен сені  бұрынғы  заманғыдай зорлықпен үйлендірейін деп тұрған жоқпын ғой!.. Оның үстіне мен сенің әкең емеспін: «көнсең де осы, көнбесең де осы!» дейтін. «Қымызды кім ішпейді, қызды кім сүймейді» дегендей. Көргеніңе сенен ешкім ақша алайын деп тұрған жоқ!.. Сенің осы болмайтын жерде қызша майыса қалатының  ай!.. -- деді Асхат қалжыңдаған болып. Сонымен екі дос сенбі күні кешкісін белгілі жерде кездеспек болып тарасты. Ол күнге дейін Асхат Майрамен келісіп, құрбысын да шақырып  қоятын болып шешті. Сенбіге шейін екі күн уақыт бар еді...

  Ертесінде Асхат өзінің фирмасын жауып, Мараттың атына жаңа фирма ашуға кірісіп те кетті. Мараттың құжаттарын сол кездескен күні алып алған болатын. Офисіне баруға біраз уақыт  жүрегі батпай жүріп,  амалдың жоғынан, кешкі қараңғылықты пайдаланып, кеңседегі  заттарын үйіне алып кетпекші болды. Ойы - әлгі Алмастармен кездесіп қалмау. Офисіне жете бергені сол еді,  есік алдында әлгі мерседес тұрғанын  алыстан байқап қалды. Машина ішінде әлгі үш жігіттің отырғанын көрді де, кілт тоқтады. Машинасын кері бұрып, кетіп бара жатып айнадан арт жаққа қарап еді, әлгі үшеуі машинадан шығып бұның соңынан қарап тұр екен. «Әттеген  ай көріп қалды – ау!..» деп ойлады Асхат «Қашып жүргеннімді білетін болды. Бірақ бұлардан қашып құтылмаспын... Не істесем екен?.. Бәлкім милицияға арыз жазсам ба?»деген ой келді. Бірақ жолдастарының айтуынша рекетерлар өкімет өкілдерінің басшыларын сатып алған көрінеді. «Содан кейін ғой бұлардың қорықпай, өздеріне сенімділікпен жүргендері оңбағандардың!» деп ойлады. Аяқ  қолы дірілдеп қорқып келе жатып жылдамдықты асырып жіберіп, жол апатына ұшырай жаздады. Анда – санда артына қарап қояды. Қуғын жоқ екеніне көзі жеткен соң жылдамдықты азайтып, үйге жеткенше барынша көңілін орнына түсіруге тырысты. Үйге кіргені сол еді, телефон шырылдап қоя берді. Трубканы сенімсіздікпен көтеріп:

- Алло! – деп еді, ар жақтан :

- «Бізден қашып құтылам» деп жүрсең, оның бекер!.. Бәрібір қолға түсесің!.. Одан да жақсылықпен жұмыс жасайық!..Соңғы рет ескертеміз!.. деді де трубканы тастай салды. Асхат сылқ етіп, орындыққа отыра кетті. «Масқара!.. мыналар менің телефон нөмірімді қайдан біліп алған. Әлгі бухгалтер әйел маған ерегесіп істегені ғой!.. Нөмірімді білсе үйдің адресін де біледі десеңші!..» деп ойлады. Көкірегіне беймаза үрей келіп қонып, түнімен ұйықтай алмай шықты. Әлгілердің Асхатты көптен бері аңдып жүргенін, бухгалтер әйелдің бұған  еш қатысы жоқ екенін, бұл туралы ақпараттың бәрін басқа жақтан  білетінін Асхат білген де жоқ. Олар тіпті Асхаттың Майраға барып жүргенін де білетін.

                                        Мараттың ойлары. 

  Адам  кім?..  Адамның басқа жануарлардан айырмашылығы неде?..  Басқа жануарларларға керегі  қарнын тойдыру  және  артында тұқым қалдыру. Бұндай қасиет адам да  бар. Дарвиннің барлық эвалюциялық заңдары адамға да тән. Бірақ адамның басқа жануарлардан айырмашылығы – ол ақыл ой иесі.   Бұл өте маңызды да нақты айырмашылық.  Тек адамға тән  негізгі қасиеттерді сараптап көрелікші.   Адам  - ойшыл. Ол өткенді есте сақтап, кәзіргі кезеңді сараптап, және болашақты жоспарлай біледі. Басқа жануарларда бұндай қабілет жоқтың қасында.  Адам - ізденуші. Ол  бір орнында тұрмай алға жылжып, алдында кездескен белестерге жетуге тырысатын, ғылымда болсын, өнерде болсын әрқашан ізденісте.  Адам  -  тапқыр, жасампаз. Бүгінгі жеткен жетістіктеріне ертең қанағат тұтпай , тағы да алға ұмтылады. Одан да жоғарғы жетістікке жетсем дейді. Алғашқы адамдар оттың қасиетін ашып, оны бағындырып, игілігіне пайдаланғаннан бастап, қазіргі кездегі ғарышты игергенге дейін үнемі жаңалықтар ашып келеді. Ашылған жаңалықтарды іс жүзінеде дәлелдеп, жүзеге асырып, күнделікті тіршілігінде пайдалануға жаратып отырады.  Адам – сезімтал. Әке мен шешеге, бірге туған бауырға, туысқа, досқа  деген  сыйластық сезім. Еркек пен әйел арасындағы сүйіспеншілік – махаббат сезімді бағалай біледі, қадыр тұтады.   Бір жағынан Адам -- қиратушы (бүлдіруші). Соғысу. Бірін - бірі өлтіру. Өзін қоршаған ортаны – табиғатты бүлдіру. Өзі үшін, өзінің жанұясы үшін, тіпті өзінің мемілекеті үшін басқаларды жойып жіберуді дұрыс деп санайды. Аса керек болмаса да, көңіл көтеру үшін ғана аң аулап, оларды аяусыз қырып жатады.

  Ал адамзат дегеніміз не?..  Адамзат дегеніміз -- адамның өзінен кейін қалдырған ізі болар. ( Адам заты деген сөзден шыққан шығар). Ежелгі адамдардың отты бағындыруынан бастап қазіргі ғарышты игеру кезеңіне дейінгі ғылыми ашылымдар. Мысалы : Ежелгі мысырлықтар жазуды ойлап тапса, араптар қазіргі қолданып жүрген сандарды ойлап тапты. Галилей күн системасын ашса, Ньютон дүние жұзілік тартылыс күшін ашты. Энштейн салыстырмалы теорияны  ашса, Попов радионы ойлап тапты. Сол сияқты басқалары атом бомбасын ойлап тапса, біреулері ғарышқа жол ашты. Былайша айтқанда әр адам әр кезеңде ашылымға (ғылымға) өз үлесін қосып отырып, кәзіргі ғылыми жетістікке жетті. Адам өмірге келеді. Ашылымға өз үлесін қосады  да кетеді. Адам өлсе де - адамзат өлмейді. Адамзат мәңгілік...

 Бірақ бұл пікірді сенімділікпен айту қиын. Осыдан 65 милион жыл бұрын жер бетін мекендеген диназаврлар жойылып кетуіне себеп болған табиғи катаклизмнің  қайталамасына кім кепіл!.. Тіпті табиғи катаклизм болмағанның өзінде де адам баласы өзін-өзі жойып жіберу қаупі туып тұр емес пе?.. Жер бетіндегі халық саны  6,5 мллиардтан асып барады. Адам  ойшыл, осыны түсінеді. Кейінгі кезде ғалымдар осыны жиі айтып, жазып, теледидардан  көрсетіп те жүр. Бірақ Адам қиратушы (бүлдіруші) күннен күнге табиғатқа барынша зиянын келтіріп жатыр. Соңғы жүз жылдың ішінде атмосфераның ластанғаны соншалық, климат айналдырған елу жылдың ішінде айтарлықтай өзгерді. Тіпті жер беті аздай мұхиттарды ластап, теңіз жәндіктері мен жануарларын қырып жойып барады. Ал адам саны екі есе өсіп, ертең азық түлік таусылып, оны өндіретін жер жетпей кеткенде не болады?.. Бір  бірін  жоюға  көше ме?..  Ұлт аралық, одан қалса дін аралық соғыстың болу қаупі тағы бар.  Мұсылман жұрты мен еврейлер арасындағы бітіспес соғыс күннен күнге өршігіп келеді. Ертең араб мемілекеттерінің бірі атом бомбасын жасап шықса, Израилге тастамасына кім кепіл... Адам саны осы қалпында өсе берсе айналдырған жүз  жылда жер бетіне симай кетпей ме?.. Жер ананың  да мұншама халықты қоректендіруге шамасы келмейтіні анық. Сол кезде адам тұйыққа  келіп тірелмей ме?.. Бірақ өшпес үміт әрқашан да  бар. Адам - ойшыл мен Адам - тапқыр бір жолын табар!..

   Адамға жақын арада көрші планеталарды,  одан қалса галактиканы игеруге тура келеді. Ал егер алдымыздағы жүз, тіпті екі жүз жылда ғарышты  игеріп үлгермесек,  Диназаврлар сияқты жойылып, жер бетінде сүйектеріміз бен салған ғимараттарымыз ескерткіш ретінде қалуы мүмкін ғой!...

  Ғалымдардың пайымдауынша, шамамен әрбір 65 миллион жыл сайын  жер бетінде тіршілік толық болмаса да тоқсан пайызға жуығы жойылып кетіп тұрады екен. Бұл бір ғарышта қалыптасқан заңдылық сияқты. Немесе бір жаратушы күш эксперимент жасап көріп, ұнамаған соң қиратып, қайта жасап жатқандай!..  Сонымен, Адам деген  кім?.. Бұл өмірге келген бүлдіруші ме?.. Әлде жер бетіндегі тіршілікті кезекті апаттан сақтап қалу үшін жаратушы жіберген Миссионер ме?..

                                             

                                           ***

   Уәделескен сенбі күні де келіп жетті... Асхат Майраға бір күн бұрын жолығып, ресторанға шақырды да:                                                                                 

 - Мен жалғыз болмаймын. Қасымда курстас досым болады. Сенімен таныстырсам деп едім. Жақсы бір құрбың болса, ерте келсеңші! Төртеумізге көңілдірек болады, -- деген. Майра біраз ойланып тұрды да «Жарайды. Бірге оқитын құрбым Назымды ерте келем» деген. Төртеуі сенбі күні кешкісін «Алатау» рестораны қасында кездеспек болып шешті. Бұл шешім туралы Асхат Маратты телефон арқылы хабардар етті.

     Ресторан алдына бірінші болып Марат келді. Уәделескен жерге он минут ерте келетіні бала кезден қалыптасқан мінезі еді. Кешіккенше ерте келгенді дұрыс деп санайтын. Екінші болып Асхат келді. Ол машинасын автотұраққа қойып Мараттың қасына жеткенше Майра да келіп жетті. Сәлемдескен соң Асхат Майрамен Маратты таныстырды. Мараттың кім екенін, екеуінің жақын дос екенін айтып болды да:

- Ертіп келем деген құрбың қайда?- деп Майраға қарады.

- Қазір келіп қалуы керек. Ол бір жұмыстарымен кеткен. Осы жерде кездеспек болып келіскенбіз. – деп Майра сағатына , сосын жан-жаққа қарап қойды. Бір сәт Майра мен Мараттың көздері кездесіп қалып еді, Мараттың жүрегі «дір» еткендей болды. «Көрікті қыз екен» деген ой жүгіріп өтті. Марат Майраға сын көзбен қарап қалғанын өзі де байқамай қалды.            

 Дәл осы кезде қастарына қара мерседес келіп тоқтай қалды да, ішінен спорт киімін киген  еңгезердей төрт  жігіт шыға келді. Бұлардың кім екенін бірден таныса да, «дәл қазір осы жерде көрем» деп ойламаған Асхаттың түрі бұзылып кетті де, алды артына қарамай қаша жөнелді!   Әлгілердің екеуі Асхатты соңынан қуып кетті де, қалған екеуі не болғанын түсінбей тұрған Марат пен Майраның қасына келді. Орта бойлысы:

  - Бізден қашып қайда кетер дейсің... Мына қыз соның ғашығы емес пе?.. Кел, осы қызды кепілдікке алайық. Қыз керек болса өзі-ақ келеді! – деді де келіп  Майраның білегінен ұстап машинаға қарай сүйрей бастады.

- Жіберіңдер!.. Менде нелерің бар! – деген Майраның даусы аянышты шықты. Осы арада не болғанын әлі де түсінбеген Марат:

- Ау, Жігіттер!.. бұларың не!.. жіберіңдер андағы қызды – деп араласып еді, әлгілердің біреуі:

-  Сенің шаруаң болмасын. Таяқ жегің келмесе, табаныңды жалтырат! – деді де көкірегінен итеріп жібермек еді, Марат қолын қағып жіберді. Бұндай әрекетті күтпеген әлгі жігіт Майраны жібере салды да, Мараттың ішінен теуіп жіберем дегенше, Марат артқа бір қадам шегініп кетті. Әлгінің сілтеген аяғы Маратқа жетпей бір сәт ауада қалқып тұрып қалған еді. Марат екінші аяғын қағып жібергенде, аяқтары аспанға келіп, жамбасымен асфальт үстіне  «былш» ете қалды. Екінші жігіт те Майраны жібере салып, Маратқа қарсы ұмытылып еді, Марат осыны күткендей оның иегінің астынан оң аяғымен тепкен кезде, әлгі кескен теректей, жол жиегіндегі бордюрдің қырына барып бетімен құлады. Осы кезде біріншісі  орнынан тұра сала қайта ұмтылып еді, Марат оны да қарсы соққымен жерге сылқ еткізді. Екеуінің де ессіз жатқанын пайдаланып, Марат Майраның қолынан ұстап жетектеген қалпы қараңғы ауланың ішіне сүңгіп кетті. Осының бәрі қас қағым сәтте өткені сонша, Майра не болғанын түсінбей қалды. Әлгі екеуі естерін жиып орындарынан тұрған кезде Марат пен Майра таксидің ішінде кетіп бара жатты.  Есі шыққаны Майра дір-дір етіп:

- Не болып кетті?.. бұлар кімдер? Асхат қайда қашып кетті? – деді Маратқа үрейлі жүзбен.

- Түсінсем, бұйырмасын!.. Асхаттың бірдеңені бүлдіргені анық! Әйтпесе аты – жөні жоқ неге қашады? – деді Марат – Айтпақшы Асхатың соңынан кеткендер оны ұстап алып жүрмесе кетті. Сені үйіңе апарып салып, осында қайтып келем ғой деймін.

-  Одан не пайда! Олар - төртеу, сіз жалғызсыз. Әлгілердің бәрі зіңгіттей жігіттер. Сізді жазым етері сөзсіз...  Мен шынымды айтсам жатаханаға баруға қорқып тұрмын. Сөздеріне қарасам, олар мені танитын сияқты ғой. Есік алдында күтіп тұрса қайтеміз?.. Ол жаққа бармай-ақ қояйықшы!.. Сізге көп рахмет!.. Сіз болмағанда не боларын кім білсін!..—деп Майра жылап жібере жаздады.

-  Жыламаңыз. Ең бастысы - дін аманбыз. Қалғанын көре жатармыз. Тек Асхат аман құтылса болғаны. Егер дұрыс түсінсем жаңағылар рэкет қой деймін... Асхаттың мені өзіне шақырып жүргенін енді түсінейін дедім. – Соңғы сөздерін Марат өзіне арнап айтқандай еді.

- Рэкет!..  Құдайым-ау!.. Өткенде Асхат осылар туралы айтқан сияқты еді маған. Енді қайттік!.. Олар енді соңымыздан қалмайды ғой. Әсіресе, сенің!.. Сенің қол жұмсағаныңды олар кешірмейтін шығар!.. Естуімше, олар атып кеткен баскесерлер! Ақша үшін ешкімді аямайды дейді ғой! – деді Майра жыларман болып. Даусынан Маратқа жаны ашығаны сезіліп тұрды. «Сізді» қойып «сенге» көшкенін Марат өзімсінгені деп түсінді.

                                       

                                             Майра

Майра жанұясында ең үлкені еді. Әке-шешесі, өзінен кейін сіңілісі мен кішкентай інісі ауылда. Ауыл -  Алматыдан жүз  шақырымдай жерде тау бөктеріндегі Жамбыл атаның ауылының маңайы. Әкесі көп жылдар совхоз директоры болып істеген. Таңертең кетісімен, кешке бірақ келетін. Шешесі мұғалім. Ол кісі де көбіне мектепте. Тәрбиені көбінесе, әжесінен көрген. Бала кезінен «әжемнің қызымын» деп өскен Майра, әке-шешесіне онша бағынбады. Әжесінің мінезі маңғаз, сабырлы, өңі ажарлы еді.        Не айтса да елді аузына қарататын шешен, көпшілікке сыйлы жан еді. Өле-өлгенше Майраны қасынан тастамай, қайда барса да ертіп жүрді. Майра не кием десе алып беріп, не жеймін десе алдына қойып, барынша еркелетіп өсірді. Әңгіме, ертегі  айтудан алдына жан салмайтын. Реті келсе әнді де жақсы айтатын.  Немересінің атын Майра қойып,  «осы қызымды әнші етем» деп, домбыраға үйретіп, талай халық әндерін айтқызған да әжесі болатын. Кейін Майра он беске келгенде әжесі қайтыс болған соң шешесі: «Қызым әншілік кәсіп емес. Әжеңе тартқың келсе сол кісідей шешен бол.  Әнші болмай-ақ, журналист болшы.» деген. Кейін, мектеп бітіргеннен соң Каз.ГУ-дің «журналистика» факультетіне әкеліп түсірген.  Демалыс күндері ауылға бара қалса, әжесін білетіндер «Майраның өңі де, мінезі де әжесінен аумай қалған» десіп жатады. Сөйткен Майра биыл екінші курсты үздік бітірді. Алғашында оқудан қолы босамайтын, кейін келе курстас құрбысы Назыммен бір-екі рет қалаға қыдырып шыққан. Бірде баратын жеріне кешігіп келе жатқан соң құрбысы екеуі такси тоқтатпақ болып қол көтергені сол екен, алдарына су жаңа бір машина келіп тоқтай қалды. Рульде отырған жүргізуші, соңғы моданың үлгісімен костюм киген, таксистке ұқсамайтын жас жігіт:

- Отырыңдар, қыздар!.. Жердің шетіне болса да апарып салам!.. Тек ақысына есімдеріңізді айтсаңыздар болғаны.—деген. Жол үсті әзілдесіп отырып танысқан жігіт осы Асхат еді. Әңгіме айта отырып анда-санда айнамен артында отырған Майраға қарай берді. Қасында отырған Назымнан қыздардың қай жатақханада тұратынын, қай корпуста оқитынына дейін тәпкіштеп сұрап алған.

   Содан бір күні Майра сабақтан кеш шығып жатаханаға жалғыз келе жатқан. Күтпеген жерден қарсы алдынан шыққан Асхаты алғашында танымай да қалды.   

 - Сабақтың бәрін сен ғана оқиды екенсің ғой!.. Жолыңды тосамын деп қартайып кете жаздадым. Осында тұрғаныма жарты күн болды. - деді Асхат бірден «сенге» көшіп. Бұнысын Майра жақтырмай қалса да сыр бермеді. Амандасып болған соң Майра:                                                                                            

- Сіз жарты күн күткенге шаршап жүрсеңіз, жарты жыл күткендерге не дейміз! «Шыдамсыз жігіт құрғақ жердің ағашы сияқты морт сынады» деуші еді үлкендер. Сол сияқты шытынап кетіп жүрмесеңіз кетті, –деді қалжыңға қалжың деп.                                                                                                                                         

 - Журфакта бекер оқымайтыныңды байқадық. Жарайды. Сен сынап бақ та мен төтеп беруге жарайын. Бәрін уақыт көрсетер. – деді Асхат өзіне-өзі сенімділікпен. «Өзі тілге шешен бе қалай?..»деп ойлады ішінен.                                     

- Иә! Бәрін көтеретін уақыт қана ғой! Соған жаба берейік те. – деді Майра. Сөз таппаған Асхат:                                                                                   

 - Жарайды,—деді де әңгімені басқа жаққа бұрып: --Бүгін  не істейсің?.. Кешке киноға барсақ қалай қарайсың?..                                                                                       

 - Екеуміз ғана ма?.. Қандай кино екен?                                                                              

-  «Однажды  в Америке» деген Американдық фильм. Елдің бәрі мақтап жатыр.  Көп ойланбай Майра «жарайды» деп келіскен. Содан кейін кездесуге Асхат күнара келетін болып алды. Бір күні кинодан кейін  біраз ресторанда отырып, соңынан Майраны жатақханаға дейін шығарып салып тұрып, Асхат астарлата сөйлеп өзінің көңілі барын жеткізді. Майра қысылып, жымиды да қойды. «Екі-үш рет көргеннен ғашық болуға» сенбейтін Майра Асхаттың бұл сөзіне сенген де, мән де берген жоқ. Әлгі «сөзін» айтып болмай Майраны құшақтамақ ниет танытып еді, Майра артқа шегінді де қош айтысып жатақханасына кіріп кетті. Содан кейін де екі-үш рет кездескен Асхат бүгін, міні, кепкен ағаштай морт кетті. Рэкетерге жем етіп, тастай қашқанын көрмейсің бе!.. Жөндеп  танысып та үлгермеген Марат араша түспесе, кім біледі не боларын. Нағыз жігіт деп осыны айт. «Қыздың жолы жіңішке» дегенді талай естісе де, бұл сөздің мағынасын бүгін түсінгендей болды. Қасыңда арқа сүйер Мараттай жігіттің болғаны қандай  жақсы болды...

                                                  ***                                                                             

Таксимен біраз жер жүрген соң  Майра жан-жағына қарап алып:                 

 - Біз қайда бара жатырмыз? – деді Маратқа қарап.                                                               

- Қайда болса да қаланың сырт жағына кетейік те. Үшінші микроауданда кішігірім кинотеатр бар еді. Қарсы болмасаң соған барайық.                                       

– Жоқ, қарсы емеспін. Не де болса да, әзірге үйге бармай  қоятұрайық. Жарай ма?..                                                                                                                                

  – Жарайды, - деді Марат.

  Кинотеатрға келсе, сеанс бір сағаттан кейін басталады екен. Екеуі оған дейін «Сары-арқа» саяжайындағы кішігірім кафеге келіп жайғасты. Марат бір шампан, балмұздақ және кофеге тапсырыс берді. Шампанды бокалға құйып Майраға ұсынды да:

-- Сендей әдемі қыздың бақытты болуы үшін!.. Шынымды айтсам, сенімен танысқаныма шын жүректен қуаныштымын Майра!.. Таныстығымыз жалғаса берсін! Сол үшін андағы шампаннан алып қой. Жаңағы қорқаныңды басып, көңіліңді көтереді,  – деді де Марат бокалды соғыстыруға ұсынды. Майра «ішпеуші едім» демекші болды да, неге екені белгісіз Мараттың бокалымен соғыстырып ортасына дейін алып жіберді. Неге олай істеді - өзі де түсінбеді. Әншейнде біреу «іш» десе  аттонын ала қашатын, бұл жолы тіпті сөзге келмеді. Екеуі әңгіменің басын құрай алмай біраз отырып қалған соң Марат: 

- Майра жақынырақ танысайық. Өзің туралы айтшы. - деді

- Жігітсің ғой!.. Алдымен сен айтшы. Сосын мен айтам. – Майраның даусы назданып шықты,

 – Ту-у! Мына шампан басымды айналдырып жіберді ғой... Шынымды айтсам өмірімде бірінші рет ішімдік ішуім. Сенің алдыңда мас болып қалмаймын ба?.. – деді. Өзі сықылықтап тұрып күліп қояды. Бағанадай емес көңілі көтеріліп қалғандай.

- Байқа! «Шампан кейде басқа ұрады»!.. Бірақ қасыңда мен тұрғанда қорықпа. Мас болсаң - далада қалмайсың. «Сауықтырғышқа» өз қолыммен апарып табыстаймын.-- деді Марат сөз аяғын қалжыңға айналдырып. Екеуі бұл сөзге біраз күлісіп алды. 

- Сенің қасыңда жүрсем, далада қалмайтыныма бүгін көзім жетті. – деді Майра Маратқа көзінің астымен қарап. Бір сәт көздері  кездесіп қалды. Екеуінің де періштедей таза жүректері  «дір» еткендей болды. Марат та, Майра да бұрын ғашық болып көрмеген еді. Жүректі тебіренткен осы бір ғажап сезімнің не екенін  алғашында түсінген де жоқ.

Марат өзінің өмірбаянын қысқаша айтып шықты да кезекті Майраға берді. Бірақ Майраның  әншейінде сайрап тұрған тілі күрмеліп, әңгіменің басын жөндеп құра алмай, әбден қысылды. Майраның әңгімесін тыңдап отырып Марат:

- Сонда сенің  Асхатпен танысқаныңа көп болған жоқ па?..                                                       

– Әрине, жоқ! –деді Майра. Сөз астарынан «екеуміздің арамызда еш қарым-қатынас жоқ» деген мағына сезіліп тұрды.

--  Ол екеуміз бар болғаны бір айдай  кездесіп жүрміз. Оның үстіне маған Асхат сияқты жігіт ұнамайды... Ал бағанағы қылығы миға тіпті де сыймайды!.. Қызды кездесуге шақырып алып, жауға тастай қашқаны - не сасқаны...                                                                                    

 -  Маған сеніп тастағаны шығар.                                                                                               

  - Ал егер сен де қорқып қашып кетсең, қайтер едім. Жоқ!..Бұндайда шақырған жігіт өзі жауап беруі керек.  

  Екеуі өстіп сырласып отырып киноға кешігіп қала жаздады. Жүгіріп келсе, кино алдында көрсететін кино-журнал жаңадан бітіпті де,  соңғы лек кіріп жатыр екен. Кинотеатрда бүгін адам аз екен. Екеуінің  «кино көру» деген аты ғана еді,  киноның не туралы екенін түсініп те отырған жоқ. Әрқайсысы өз ойымен әлек. Айналдырған үш-төрт сағаттың ішінде болған уақиға тағдырларын күрт өзгерткенін екеуі де түсінгендей. Кенет Мараттың қолы Майраның қолына тиіп кетті.                                                                                                 

 - Қолың тастай суық қой. Тоңып отырсың ғой деймін, – деді де үстіндегі пиджагін шешіп Майраның арқасына жауып, алдын қымтап қойды.  Қимылынан қомқорлықтың лебі сезіліп тұрды,  -- «Қолы суықтың жүрегі ыстық болады»деген рас па?..  –деді Марат қалжыңдап                                                                                                               

 - Оны қалай тексеруге болады екен?- деді Майра да қалыспай.                                              

 - Қолмен ұстап немесе құлақпен тыңдап көретін шығар?                                                

- Ол кімнің қолынан келеді екен?..                                                                                      

– «Ол тек ғашықтардың қолынан келеді» деседі.                                                                       

- Ал, ондай адамды қайдан табамыз енді?..                                                                             

- Ғашықтың көзінен. Сөйлеген сөзінен. Қылығынан тануға болады деседі. –деді де Майраның қолын алақанына салып жылытпақшы болды. Майра қарсылық көрсетпек түгілі ондай ой тіпті басына да келмеді. Жүрегі құрғыр бүгін бір керемет күйге түсіп алды да, бар билікті өз қолына алғандай еді. Санасы «Жоқ!.. Жоқ!!» десе, жүрегі «Иә!..» дейді. «Ғашық жан тек жүрегімен ойлайды» деген рас па екен?..  

    Екеуі кинодан шығып саяжайға қайта келді. Сыртқа шыққан соң да Марат Майрадан айырылып қалатындай, қолынан ұстаған қалпы жібермеді. Марат өзіне беймәлім, бірақ айтса тіл жетпейтін әсерлі сезіммнің құшағында еді. Осы сезімді жүрегі, жаңбырды күткен шөл даладай тебірене қабылдады. Сағат түнгі екіден кетсе де екеуінің үйге қайтатын ойлары болмады. Айтатын әңгімелері таусылмады.

- Марат, Егер құпия болмаса айтшы... Бұрын ғашық болып көріп пе едің?—деп Майра тосыннан сұрақ қойды.                                                                                   

- Жоқ... Шынымды айтсам қазіргі уақытта қызым да жоқ. Кейінгі кезде ғылыми жұмысқа қатты беріліп кеттім ғой деймін.

– Марат Майраның сұрағының түп мағынасын «Басың бос па?» дегені деп түсінді.                                                                                                                        

 - Шын айтасың ба?                                                                                                             

 - Болашақта есіңде болсын!.. Мен тек  шындықты ғана айтамын. – Марат бұл сөзді Майраға бұрылып тұрып айтты.  Майра «Біздің болашағымыз бірге ме еді» дей жаздады.     

 - Ал сен ше?.. -- Қарсы сұрақ қояды деп күтпеген Майра не дерін білмей біраз тосылып қалды. «Махаббаттың дәмін бүгін сезгендеймін» дей жаздап, ол туралы  қыз балаға бірінші болып айтуға болмайтыны есіне түсті де                                                                                   

 - Жоқ... Мен әлі жаспын ғой, –дей салды.                                                                  

- Махаббат жасқа қарамайды...    Екеуі біраз уақыт сөйлеуге сөз таппағандай үндемей қалды. Өздері үндемегенмен, көкіректері сайрап тұр еді. Біразға созылған үнсіздікті Майра бұзды:                                                                                                                                       

  - Жаңа сөзіңде «ғылыми жұмыспен айналысам» дедің ғой. Егер құпия болмаса, қандай жұмыс екенін айтасың ба?                                                                            

   - Еш құпиясы жоқ. Бірақ ол саған қызық емес.                                                                        

- Неге олай ойлайсың?.. Мені болашақ журналист ретінде барлық тақырып қызықтыруы керек.                                                                                                               

  -- Білмеймін. Меніңше, менің жұмысыма қызығатын адам өте аз кездеседі. Айта бастасаң көбісі «Осы не айтып тұр. Есі дұрыс па» дегендей қарайды. Өзім де кейде «Мен жынданған шығармын» деп ойлаймын. Сондықтан айтпай-ақ қояйн.                                                                                                                   

- Тым болмаса шет жағасын айтшы. Не туралы?- Майраның даусынан еркеліктің белгісі байқалды.  Марат біраз үндемей тұрды да:                                               

 - Антропология деген ғылымды естіп пе едің?.. Турасын айтқанда адам эволюциясы жайында. Соның ішінде адам миының даму кезеңдері туралы.                       

-  Қызық екен. Неге тек адамның миы ғана?                                                                        

-  Өйкені адамның миы –  уникум...  жер бетінде бұрын тіршілік еткен және  осы кезде тіршілік ететін түрлердің бәрінен ерекше дамыған... Егер мамандығың журналистика болса, шынымен де сен жан-жақты болып, кез-келген тақырыпты өрбіте білуің керек.                                                                                 

 - Иә. Бірақ мен әлі екінші курста оқитынымды ұмытпа.                                                          

 -- Түсінікті. Бірақ жан-жақты білімді тек жоғарғы оқу орнынан ғана алмайсың. Ол үшін адам үнемі ізденісте болу керек.                                                            

  - Мен журналист ретінде әрқашан ізденістемін!.. Мысалы, саған биолог ретінде бір сұрақ қояйын ба?..                                                                                        

 – Ал, қоя ғой!                                                                                                                          

- Адам маймылдан жаралды ма? Әлде құдай жаратты ма? Ал керек болса! -- деп қойды Майра «қатырдым ба» дегендей.                                                                            

  - Сен адам адам болғалы бері қойылып келе жатқан мәңгілік сұрақтарды қойдың ғой!..                                                                                                                                  

-- Қалай!..  жауап бере аласың ба?                                                                                           

 --Байқап көрейін..—деді  де Марат бір-аз ойланып, -- Біріншіден  «Құдай бар ма» деген сұраққа атақты профессор Сергей  Капица «Человеку свойственно верить во все то, что имеет сверхестественную силу. По этому, скорее всего -- человек создал бога » деп жауап берген екен.  Сол көзге көрінбейтін жойқын күш – Құдай!..  Екіншіден,  Адам маймылдан емес, маймылдан да жоғағары сатыда тұрған австралопитектерден тараған.  Ал маймыл  адам қатарына жету үшін кем дегенде 7-8 миллион жыл адам өткен эвалюциялық процестен өтуі керек...   

 -- Сонда сен құдай жоқ демексің бе?—деді Майра. Марат біраз ойланып тұрып:                                                                                                                                      

 -- Мен «құдай жоқ» десем: бүкіл құдайға сенетін адамзаттың пікіріне тас лақтырғаным емес пе!.. Ол сөзім үшін сенетіндердің қаһарына ұшыраймын ғой!..  Сондықтан олай деуге болмайды. Тіпті бұл туралы пікір таластырудың да қажеті жоқ!.. Құдайға сену-сенбеу әркімнің құқығы. Негізі: адамның бір нәрсеге сенгені абзал!.. Оның үстіне құдайдың бар-жоғына өзім де сенімсізбін... Көзге көрінбейтін бір құдіретті күш, тіршілікті біресе жасап, біресе бұзып, эксперимент жасап жатқандай!.. Құдды бір - өзіне керекті нәрсені іздеп, соның жолында диназаврларды жасап, көңіліне ұнамаған соң қырып тастап сүткөректілерді жаратқандай... Егер жаратушы бар болса, іздегені не сонда?.. Адамды ақылды етіп жаратқанда алдына қойған мақсаты қандай?..                                                                                                                           

 — Бір қажетіне керек болған шығар. – деді Майра. – Адам арқылы тіршіліктің мағынасын түсінгісі келді ме екен...                                                        

Екеуі біраз үнсіз қалды. Әркім өз ойымен кеткендей.  Біраздан соң:                                                                       

 -- Мен тағы да далбасалап кеттім ғой деймін. Саған қызық емес пе?—деді Марат.                                                                                                                                      

 – О, не дегенің! Неге олай дейсің?.. Иә! Түсінігіңнің біраз ерекшелігі бар екен...  Ал кейінгі кезде,  кеңес өкіметі құлаған соң, елдің көбісі құдайға «жығылып» жатыр.  Оған қалай қарайсың?..    -- Дұрыс қараймын. Діннің адамзат үшін атқарған ролі өте зор!.. Бұрын ата заң – конституция жоқ кезінде адамзат діннің қағидасымен өмір сүрген. Былайша айтқанда «құдайдан қорыққаннан» тәртіп сақтаған. Дінге сенім болмаса адамның адам болуы неғайбіл еді.                                                                                                                          

 – Ал кейбіреулердің  дін жолымен ауруларды «емдеп» жатқанына қалай қарайсың?                                                                                                                           

 -- Кім білсін?.. Егер емі шипа болып қонып жатса... Негізі, дін мен ғылымды шатыстыруға болмайды. Дін өз бетінше, ғылым – оның ішінде медицина өз бетінше дамуы керек. --деді де Марат тоқтай қалды. Өзін үлкен ықыласпен тыңдап келе жатқан Майраны қолынан ұстаған қалпы, өзіне қарай тартып, талдырмаш белінен қүшақтап тұрып, ернінен сүйіп алды. Мараттан дәл қазір осындай қылықты күтпеген Майраның тіпті қарсыласуға шамасы да болмады. Бүкіл дене-бойынан найзағай шарпып өткендей күйге түсті. Қас қағым сәт екеуі сол құшақтасқан күйі тұрып қалды. Майраның денесі дір етіп, бір ысып, бір суып, тынысы  жиілеп бара жатқанындай еді. Бірінші болып Марат өзіне келгендей Майраны  сәл босатты. Майра Мараттың құшағынан босап, артқа бір қадам шегінді де:                                                                                                                           

-- Бұзық!.. Оның не?  - деді. Бірақ даусында реніштің еш белгісі байқалмады. Керісінше, еркелегендей, -- Енді олай істеме!—деді.                                                     

  – Кешірші!.. Белгісіз бір күштің ырқымен өзім де байқамай қалдым.  Енді  олай істемеймін. – деді Марат күле қалжыңдап.                                                           

– Бұл да құдайдың ісі демексің бе?—деді Майра. Бұл сөзге екеуі де күліп жіберді.

     Екеуі осылай сырласып жүріп сағат таңғы төрт болып қалғанын таң бозарып атып келе жатқанда бірақ білді.Таңға жуық салқын самал соғып Майра тоңа бастады. Сонда да үйге қайтуға  екеуінің де зауқы болмады. Желден қалқалау  жерге келіп тоқтаған соң Марат Майраны жылыту үшін артынан келіп құшақтап алып еді, Майра қарсылық көрсете алмады. «Танысқан соң  жарты күн өткенде жігіттің құшағында тұрам» деген ой  Майраның үш ұйықтаса түсіне кірмес еді. Бірақ неге екені белгісіз, бүгін Мараттың ырқына көне берді...                                                      

                                                   ***

    Алды-артына қарамай қаша жөнелген Асхатты әлгі екеуі екі көше қуып, жете алмады. Қуғыншылардың қарасы үзілген соң да Асхат біраз жерге дейін жүгіріп барып, сосын жәй жүріске көшті. Арт жағына жалтақ-жалтақ қарап келеді. Бір аулаға кірді де қалқалау жерде тұрған орындыққа келіп отырды. Ентігін басып, біраз отырған соң, не болғанын сараптай бастады. Алғашқы ойлағаны машинасы болды. «Әлгілер машинамды алып кетпесе болды. Қалғаны қорқынышты емес. Майра мен Маратты олар танымайды. Сондықтан оларға тиіспейді. Машинаның есігін аша алмас. Бірақ мені сол арада күтіп тұрмаса кетті» деп ойлады. Біраз уақыт тыныстады да, аулалармен жүріп отырып машинасы көрінетіндей жерге  жақын келуді ұйғарды. Машина қойған жерде тұрғанын көргенде, көңілі орнына түскендей болды. Бірақ жақындауға батпай, көпке дейін маңайында жүріп, ақырында түннің бір уағында «не болса да» деп  машинасына мініп үй жаққа қайтты. Үйіне жақын, бұрын қойып жүрген автотұраққа келіп бір қалқалау жерге машинасын жасырып қойғансыды. Есік алдын біраз бақылап, үйіне кірді. Келе сала Мараттың үйіне телефон шалды.

Ойы -  бұл қашып кеткен соң Марат пен Майра қайда кетті екен, соны білу. Реті келсе, Маратпен ақылдасу. Телефанды Мараттың мамасы көтерді. Амандасып болған соң :  -- Әпке, Марат келді ме? – деп сұрады.                                                                              

  -- Жоқ!.. ол сенімен бірге емес пе еді? -- деді қарсы сұрақпен.

Асхат сасып қалды. Ол Мараттың үйде екеніне сенімді еді.                                              

 -- А-а-а. Сіз қам жемеңіз. Бір қызды шығырып салып кеткен. Жақын арада келіп қалар. Жақсы, сау болыңыз, – деп телефонды қоя салды.  «Ресторанның алдында қалғандарына бес сағат болды. Бұл қайда жүр?.. Майраны жатаханасына апарып салды ма екен?» деп өзінен өзі сұрап қойды. Кейінгі кезде уайым – қайғымен  жөндеп ұйықтамай жүрген Асхат төсекке қисайғаны сол еді  ұйықтап кетті.

  Ертесінде тұра салып Маратқа телефон шалып еді, телефонды ешкім көтермеді. «Бүгін жексенбі. Ол таң атпастан қайда кетуі мүмкін. Әлде кеше бір нәрсеге ұрынып қалды ма екен?» деп ойлады. Не де болса, Майраға барып білмекші болды. Біраз уақыт машинасына мінбеуді ұйғарып, такси ұстады да Майраның жатақханаға келсе, бөлмесінде Майра жоқ екен.  «Ал керек болса! Бұл екеуі түнімен қайда жүр?» деген ой келді  басына. Кенет Асхаттың ішін қызғаныш шарпып өтті.  Төмен түсіп келе жатып Майраны баспалдақта кездестірді. Аман-саулық жоқ бірден:                                                               

-- Сендер қайда жүрсіңдер? – деген сұрақтан бастады.                                                           

-- Бұл сұрақты мен саған қоюым  керек емес пе?.. Мені тастап неге қаштың?  Марат болмағанда әлгі рэкеттерің мені кепілдікке алып кететін еді.   

 -- Не?..Олар сенің кім екеніңді қайдан біліпті? – деді Асхат аң-таң болып.                                                                                                                                       

 – Білмеймін, Асхат! Жауға тастай қашқаныңа жол болсын!.. Тек айтарым Маратпен таныстырған бір құдайға, сосын саған рахмет! – деді.  Асхаттың байқағаны: Майраның  шаршағаны білініп тұрса да, көзі бақыттан жанып тұрғаны. Бірақ бұған деген көзқарасы мүлде салғырт екені.                                                                                                                        

 – Менің қазір сенімен сөйлесуге мұршам жоқ. Қатты шаршап тұрмын. Кейін сөйлесейік. Жақсы ма? – деді де бөлмесіне бет алды.                                                                                                                                           

 -- Марат қайда қалды? – деп Асхат Майраға ілесе жүрді.                                                                 

-- Ол кәзір ғана үйіне кетті. Жүгірсең қуып жетіп те қалуың мүмкін.                                

-- Мен кеткенен кейін не  болғанын айтсаңшы! – деп еді, Майра жүре сөйлеп:                                                                                                                                   

 -- Асхат! Кейін. Мен жатып дем алайын.  Сен болған жағдайды Маратты қуып жетіп, содан сұрашы. – деп бөлмесіне кіріп, есікті Асхаттың тұмсығының алдында жауып алды. Сыртта қалып қойған Асхат сәл кідіріп тұрды да, Маратты қуып жетпек оймен далаға шығып,  көшеге қарай жүгіре жөнелді. Майраның мына қылығынан неде болса бір өзгерістің болғанын жүрегі құрғыр сезіп келеді. «Маратпен таныстырған саған, сосын құдайға рахметі» несі?!!  Осы екеуінің арасында бірдеңе болмаса кетті. Таң атқанша екеуі бірге қайда болды?» деген ой қата-қайта мазалай берді. Көшеге шығып Маратты таба алмай, үйіне қайтты. Келе сала телефон шалып еді, трупканы Мараттың шешесі алды. Шешесі «Ол жаңа келіп, тамақ та ішпестен  ұйықтап қалды... Оятайын ба?» деп еді, Асхат «жоқ керегі жоқ» деді де трупканы қоя салды. Кешке қарай Мараттың үйіне таксимен келсе, Марат жаңа тұрып, шай ішіп отыр екен. Амандасып болған соң Асхаттың:                                                                                 

 --Ал... Кеше мен кеткен соң екеуің қайда болдыңдар? – деген сұрағына Марат болған оқиғаның шет жағасын айтып берді.                                                                       

 – Олар Майраны менің қызым екенін қайдан біліпті?..                                             --???                                                                                                                                              

  -- Екеуің таң атқанша қайда жүрдіңдер?                                                                                           

-- Басында киноға кірдік. Сосын көшеде жүрдік. Басқа қайда барамыз?.. «Олар мені таныса, қайда тұратынымды да біліп, есік алдында күтіп тұруы мүмкін» деп Майра жатақханаға барудан бас тартты.                                                                                                                                  

  --Менде  «Майраны  оларға тастап кетейін» деген ой мүлде болған жоқ. Керісінше, «сендерге кесірім тиіп кетпесін» деген оймен оларды аулақ алып кетпекші болдым. Майраның маған ренжитін себебі жоқ.   – деп ақтала бастап еді Марат:                                                                                                                    

  -- Мен сені түсінем. Не де болса,  болар іс болды. Оларға қол көтергенім үшін мені де  кешіре қоймас. Енді неде болса бірге көрерміз... Осы жағдайыңды өткенде маған неге  айтпадың?    Сонда ғана Асхат Маратқа жағдайдың бәрін жайып салды:                                               

  --Шынымды айсам, енді не істерімді білмей, басым қатты. Әбден қажыдым. Соңғы бір аптада жаным иненің ұшында жүр еді, енді, міне, ол аз болғандай Майраны ренжітіп алдым.     

-- Майраға екеуміз түсіндіре жатармыз. Тек алда не істесек те ақылдасып істейтін болайық...Менің атыма фирма аштың ба?                                                                   

-- Иә.. Дайын бір фирманы сатып алдым да, ақшаның бәрін соған аударып үлгердім. Сені ауған ардагері қоғамына тіркеп те қойдым.

 «Майра екеуің араларыңда не болды?» деп сұрамақ болды да ол ойдан тез қайтты. Марат та Майра екеуінің арасында болған жайды не айтарын, не айтпасын білмеді. Неге екені белгісіз өзін Асхаттың алдында кінәлі сезінді. Асхаттың Майраға ғашық екенін біле тұра кешегі істеген тіршілігі дұрыс па, жоқ па соны білмеді.  Екеуі біраз әңгімелесіп отырды да Асхат кетуге ыңғайланды. Ойы - Майраға барып кешегі жағдайды түсіндіру.

  Келсе, Майра ұйқыдан тұрып, бөлмесінде сабақ оқып отыр екен. Асхатты салқын қарсы алды. Бұндай қөзқарасты күтпеген Асхат тіпті әңгімені неден бастарын білмей састы. Сөздің басын әрең құрап, болған жайды түсіндіріп бақты. Майра әңгімесін салғырт тыңдап болып:                                                                                

--- Өзің ойлап көрші!.. әлгі жерде Мараттың орнында басқа біреу болып, ол да қашып кетсе не болар едім?.. А?... Сондықтан «Бірге көрген ұлы той» демекші, не де болса, бірге көру керек еді... Жарайды. Болар іс болды. Саған еш өкпем қалған жоқ. Бір жағынан сенің арқаңда Маратты кезіктіргеніме қуаныштымын... Шынымды айтсам  мен Маратты ұнатып қалдым.                                -- Мені ше?.. Мені жақсы көрмейсің бе?..                                                                            

-- Мен «сені жақсы көрем» деп айтып па едім?                                                                   

-- Екеуміз  біраз уақыт кездесіп жүрдік қой.                                                                          

-- Бірнеше рет кездесіп, жақсы көруге міндетті емес шығармын! Екеуміздің арамызда достық қатынас қана  болды... Сол қатынас әрі жалғаса берсін дегім келеді. Басқа саған айтарым жоқ!..

Майра «осымен әңгіме бітті» деген сыңай танытты.  Асхат орнынан тұрды да, далаға бет алды. Іші удай ашып келеді. Жаңадан пайда болған қызғаныш пен Маратқа деген ыза ішіне сыймай барады. Сыртқа шығып, есік алдында біраз тұрды. Бала кезден алдына жан салғанды жек көретін мінезі осы жерде ашу-ыза тудырып, басына бірақ шықты. «Бәрі бітті» деді ішінен,  «Мараттың менен қай жері  артық?..  Мен сонда екінші сорт болғаным ба?.. Өзіме де обал жоқ. Екеуін таныстырып нем бар еді! Рекеттердің айтқанына көніп, жұмысымды істей берсем ғой. Бұндай жағдай болмас еді ғой!..»

 Жолға шығып такси тоқтатпақшы болып қолын көтеріп үлгерген жоқ, бір жекеше көлік келіп тоқтай қалды. Бұл есігін ашып отыра кетті. Терісіне сыймай  келе жатқан Асхат тіпті қайда баратынын да айтқан жоқ, көлік орнынан жүріп кетті. «Оңай беріле салатын мен емеспін!.. Қайтсем де Майраны өзіме қайтаруым керек. Бірақ қалай?.. Бір амалын табу керек.» деген ойлар бірінен соң бірі келіп жатты. Бір кезде Асхат  жан-жағына қарады да:                                                                                                                           

-- Біз қайда барамыз?—деді жүргізушіге.                                                                    

  -- Үйіңізге. -- деді көлік иесі.                                                                                                

-- Мен сізге адресімді айтқан жоқпын ғой! – деп Асхат енді ғана көлік жүргізушіге көңіл аудара бастады. Танымайтын, орта жастан асқан қара торы ер адам. Ақ шашты, өңі түрік пе, сыған ба, белгісіз.                                                     

 -- Мен бәрін білем... Мысалы сен өте жабырқаулысың. Жүйке дағдарысының аз алдында тұрсың...

-- Сіз кімсіз өзі?!. Менің жағдайымды қайдан білесіз? – деді Асхат әлгінің сөзін бөліп.  Даусы үрейлі шықты.                                                                                                        

-- Қорықпай-ақ қой!.. Менің мамандығым парапсихолог. Гипноз туралы естіп пе едің? Аздап экстрасенстікпен де айналысам. Адамның өткен өмірін айтып бере аламын.                                                                                                                   

-- Шарлотанмын десеңізші! Мен ондайға сенбеймін. Сенгім де келмейді!                                                                                                                                      

-- Оның бекер. Мысалы, сен мені бұрын көріп пе едің?                                          

 -- Жоқ!                                                                                                                                   

-- Менің де сені бірінші көруім. Бірақ сенің қай жерде тұратыныңды білем. Бизнеспен айналысасың. Жұмысыңда өте ауыр жағдайға кездестің. Тіпті өміріңе қауіп төніп тұр десем болады...                                                                           

-- Қандай қауіп?                                                                                                                      

 -- Қандай екенін турасын айта алмаймын. Өйткені болашақ туралы толық айту тек құдайдың ғана қолынан келеді.  Біз тек болжаймыз, сеземіз.                                                                                                                                    

-- Бос сөз!.. – деді Асхат қызбаланып. Бір кезде көлік жүргізуші жол шетіне тоқтап:                                                                                                                                             

--Келдік! – деді.                                                                                                                           

--Қайда келдік?                                                                                                                            

 -- Қателеспесем үйіңе! – деді көлік иесі.  Асхат сонда ғана жан-жағына дұрыстап назар аударды. Қараса, үйінің тұсына келіп тоқтапты. Асхат аң-таң болып шоферға қарады.                                                                                                       

-- Саған менің көмегім керек-ақ. Тіпті болмаса, психолог ретінде ақыл кеңес бере алам,—деді де Асхатқа визиткасын ұсынды. Асхат аузын ашқан қалпы визитканы алып қалтасына сала-салды...

  Қараңғы түсе, ауа-райы бұзыла бастады. «Үйге жеткенше жаңбыр жауа қоймас» деп ойлаған Асхат жолай  машинасынан документерін ала кетпек болып авто-тұраққа келсе, қойған жерінде машинасы жоқ!.. Өз көзіне сенбей, жан жақты аралап, машинасы шын мәнінде жоқ екеніне көзі жеткенде төбе шашы тік тұрды. Жүгіріп тұрақ күзетшісіне келіп сұрап еді, ол күндіз үш жігіт келіп бой бермей, алып кеткенін айтты...

   Барлық қағаздар, оның ішінде  фирманың және көлік құжаттары машинаның ішінде кеткені есіне түскенде, тізесі бүгіліп, орындыққа отыра кетті. Қайда барарын, не істерін білмей, түннің бір уақытына дейін қалада сенделіп жүрді де, сағат түнгі бірге таман үйіне қайтты.

  Есігінің алдына келіп, подъезге кіре бергенде, алдынан бір жігіт шыға келді. Артқа бұрылам дегенше,  шүйдесінен қатты соққы тигенін, сосын көзінің қарауытып кеткеннен басқа ештеңе білген жоқ...

  Есін жиғанда  терезесі жоқ бір бөлмеде еденде жатқанын бір-ақ білді. Сол жатқаннан қанша уақыт өткені белгісіз. Бір уақытта екі жігіт бөлмеге кіріп, Асхатты жерден көтеріп алды да аяғына тұрғызып қойды. Асхаттың басы айналып, көзі қарауытып кетті. Оқтын-оқтын жүрегі айнып, құсқысы келе берді. Есін қайта жиғанда қарсы алдында әлгі «Алмаспын» дегені тұр екен.                      

 -- Ал!..  Ақыры кездестік пе?.. Мен саған өткен жолы ескерттім емес пе? А?.. – деді де Асхаттың ішінен бір соққанда жаны ауырғаны сонша, көзі қарауытып кетті. 

-- Бізді қанша әуреге салдың. Қаншама алтын уақытымызды алдың. Оның бәрі қып – қызыл ақша екенін білесің бе?.. Айтқанымызға көне салсаң ғой, саған арзанға түсер еді... Сенің  бұрынғы комсомолдың ақшасын «айналдырып» жатқаныңды біз білмейді деп ойлайсың ғой деймін. Біз де кезінде комсомол болғанбыз. Сол кезде жарғы төлегенбіз. Сондықтан ол ақшадан біздің де үлесіміз бар, – деді Алмас Асхаттың бетіне тура қарап.                              

 -- Жарайды!.. мен көндім. Сендердің айтқандарың болсын.—деді Асхат ауырсынып. Шынымен іші бүріп ауырып, жанын шығарып барады. «Бір жерім зақымдалды ғой деймін» деген ой келді.  -- Кешегі досың кім?.. қай жерде тұратынын айт!..                                                                            

 -- Оны қайтесіңдер?.. Оның еш қатысы жоқ бұл жерде...                                                        

-- Ол бізге қол көтерді!.. Көрдің бе не істегенін? --деп қасында тұрған еңгезердей жігіті меңзеп. Асхат сонда ғана байқады. Әлгі жігіттің иегі күп болып ісіп тұр екен.

--- Мына қылығы үшін жауап береді. Адресін айт бол!.. 

Әлгілер Асхаттың  айтпасына қоймады. Екі-үш рет соққан соққы жанына батып кетті. Асхат Мараттың адресін шынымен білмейтін. Қай жерде тұратынын шамамен айтып берді. Ол аз болғандай үйінің телефон нөмерін қоса айтқызды. Сосын ұстап тұрған екі жігіт Асхатты жетектеп столдың қасына әкелді де қолын босатты. Стол үстінде нотариустың толтырылған қағазы жатты.                                                                                                                            

-- Мына қағазға қолыңды қой. –деді Алмас.                                                                                           

-- Тым болмаса, оқып шықсам бола ма?                                                                              

 -- Әрине. Тек одан келер кетер пайда жоқ.

Асхат көз жүгіртіп оқып шықты. Түсінгені: Асхат өзіне тиесілі автокөлікті өз еркімен әлгілерге сатыпты-мыс.                                                                                                        

 -- Қалайша? – деді Асхат әлгілерге қарап. – Тым қатты кеткен жоқсыңдар ма?                                                                                                                                               

 -- Солайша!.. Бұл сенің оңай құтылғаның деп есепте. Әйтпесе тірідей көміп тастамақшы болып едік. «Адам жоқ болса – проблема да жоқ» деген Сталиннің сөзін білесің бе?.. Сол айтпақшы, бізге проблема жасасаң,  екі есе етіп қайтарып аламыз. Осы сөзім бұдан былай есіңде болсын... Фирманың документерін қайтарып береміз. Бізге сенің жұмыс істеп,  тиесілі ақшаны дер кезінде төлеп тұрғаның керек. Ұқтың ба?!..   Асхат «Иә» деген сөзді әрең айтты...

    «Бір жол бар, алыс та болса жақын. Ал бір жол жақын да болса алыс» деген нақыл сөз бар. Кезінде қасарыспай,  осыларға беретінін беріп, жұмысымды істеп жүре берсем ғой, бәрі басқаша болар ма еді. Енді қарашы!.. Мен енді кіммін?.. Жұмыстың да берекесі кетті, Майрадан былай айрылдым. Енді,міне, Маратты да шатыстырып, ақыры сатып тындым!..» Бөлмеде жалғыз қалғанда Асхаттың басына келген ойлар осындай еді. Бөлменің терезесі болмаған соң, не таң атқанын не күн батқанын білмеді. Бұл үшін уақыт тоқтап қалғандай еді. Қанша жатқаны белгісіз. Бір кезде үш жігіт келді де Асхаттың аузына шүберек тығып, қол аяғын, көзін байлап, далаға алып шықты. Леп еткен таза ауаны терең жұтып рахаттанғанда әлгі бөлменің іші қаншалықты тар, ауасы қапырық екенін сонда ғана білді. Әлгілер бұны үн-түнсіз көтеріп әкеліп машинаның жүк салатын жеріне салып, өздері кабинаға отырғанын Асхат көрмесе де сезіп жатты.

«Бұлар мені қайда апара жатыр?.. Мүмкін өлтіріп, көміп тастамақ шығар. Аузымды «айқайлағанда даусы шықпасын» деп байлағаны ма?» деген жаман ойлар келгенде денесі шымырлап кетті. Шамамен жарты сағат жолы жаман көшемен жүрді де орталық көшелердің біріне  шықты. Оны жолдың жақсарғанынан және гүрілдеген машинаның көбейгенінен білді. Бір кезде бір аулаға кіріп тоқтады да, Асхатты түсіріп, қол аяғын босатып, қолына папкісін ұстатты да қоя берді. Өздері көліктеріне отырып кетті де қалды. Сонда ғана Асхат бостандыққа шыққанын бір-ақ түсінді...

  Үйге келіп сағатқа қараса, түнгі екі болып қалыпты. Жуынып-шайынып болған соң, тамақ ішпегелі бір тәуліктен асып кеткені есіне түсті. Бірақ неге екені белгісіз, не қарны ашпады, не су ішкісі келмеді. Тек жүрегі айнып, құсқысы келе берді. Содан болар, тамаққа еш тәбеті жоқ еді. Басты проблеманың бірі – рэкеттермен арадағы шиелініс толық болмаса да, әйтеуір  беті бері  қарады. «Қорқа берсең, батыр боласың»демекші әлгілерден,  қорқуды қойған сияқты. Бірақ Асхат үшін басты мәселе - Майраның бұдан теріс бұрылғаны еді. «Ертең әлгілер Маратқа не істер екен?.. Ұрып-соғып қоя берер... Егер өлтіріп кетсе ше?.. Онда қайттім!.. Өлтірсе мен кінәлі емес шығармын... Әдейі істеген жоқпын ғой... Мейлі. Не істесе оны істесін» деді ішінен. Ар жағынан неше күн ойында жүрген арам ой жылт етті . «Есесіне Майра менікі болады... Иә.. өйтпесе  басқа жол жоқ!.. Құрбан болмай арманға жетпейсің» деп өзін жұбатқансып қойды.  Аздап болса да жүрек жалғау үшін тамақ ішпек болып тоңазтқышты ашты...

  Ертесінде бір қағаздарды іздеп қалтасына қолын салып еді, әлгі таксистің визиткасы шыға келді. Аты- жөнін  Генрих. Андрианович. Ян. деп қойыпты. Астына «Психиолог» депті де телефон нөмірін ғана жазыпты. «Аты- жөніне қарап ұлтын ажыратып болмайсың. Кім болса, ол болсын. Шынымен осыған барып көрсем қайтеді? Бір дұрыс шешімін айтар. Шет елде психологтың қызыметіне жүгініп жатқандар көп деседі ғой. Тонымды шешіп алмас.» деген ой келе кетті де телефон нөмерін тере бастады. Ар жағынан:                                                                                                                                             

-- Генрих Андрианович тыңдап тұр! – деді еркек даусы. Асхат кім екенін айтып еді. – Айта беріңіз! – деді. Даусы салғырт, «келсең кел, келмесең қой» деген нышан танытты. 

-- Мен сізбен жолықсам деп едім. Қашан? Қай жерге келсем болады?..                                                                                                                            

-- Сағат кешкі алтыда менің кабинетіме келіңіз.—деп адресін айтты да трупканы қоя салды. Барар- бармасын білмей тұрған Асхаттың неге екені белгісіз, баруға құштарлығы пайда болды. Тіпті кеш батуын асыға күтті. Бірақ неге өйткенін өзі де түсінбеді.

Кешкісін Асхат уәделескен уақытта психологтың кабинетінде болды. Амандасып болған соң, Генрих Асхатты келісімшартпен таныстырды. Асхаттың келіскенін көрген соң:

 – Жақсы!.. Олай болса келіңіз, мына жерге жатыңыз. Сеансты бастайық. – деп кабинеттің терезе жақтауында тұрған аппақ төсек үстін меңзеді. Асхат бешпетін, аяқ киімін шешті де төсекке жатта кетті. Генрих Андрианович Асхаттың бас жағына отырды да:                                                                                       

 -- Денеңізді бос ұстаңыз... Еш нәрсе ойламауға тырысыңыз... Көз алдыңызға жазғы орман ішінде жүргеніңізді елестетіңіз.

–  Алақаны жайылған қалпы Генрихтің  екі қолы Асхаттың көзінің алдында қалқып біраз тұрғаны сол екен, қабақтары ауырлап, ұйқы қыса бастағанын сезді. Әлгі бұйырып тұрған Генрихтің даусы барған сайын алыстап бара жатты. Бір сәтте тұңғыйыққа сүңгіп кеткендей болды...

Асхат қанша уақыт «ұйықтағанын» білмеді. Көзін ашса Генрих:                                                  

 -- Көзіңізді ашыңыз!.. Сеанс аяқталды... Енді өзіңізге келдіңіз.—деп, орнынан тұрып, столға барып отырып жатыр екен. Асхат та орнынан тұрып, киімін киіп, алдына келіп орындыққа жайғасты. Басының біраз жеңілдеп қалғанын бірден сезді.                                                                                                               

 -- Жүйкең әбден жұқарған!.. Енді болмаса депрессияға  ұшырауың мүмкін еді... Екі-үш сеанстан кейін жазылып кетесіз.  Меніңше, негізгі мәселе шешімін тапқан сияқты. Рэкетерлармен бір келісімге келіпсіз ғой. Ескертетін бір жағдай – олардан қорықпаңыз. Әзірге алдап–сулап бірге істей тұрыңыз. Оларды тыятын күн жақын. Өкімет олардың тамырына балтаны дайындап жатыр.                                                                                                                    

 -- Ол мәселе шешілгенін қайдан білдіңіз?.. А-а.. Иә,  сіздің телепат  екеніңізді ұмытып кетіппін ғой..—деді Асхат мысқылдай сөйлеп.                                                      

 -- Маған сеніңіз. Айтқаным айтқан.                                                                                         

 – Ай, қойыңызшы!.. Өкіметке сенуден қалдық қой. Шынымды айтсам ол басты мәселе емес..                                                                                                                       

--Білем!.. – деді Генрих Асхаттың сөзін бөліп, -- Жақсы көртін қызыңыз Майра!.. Оған қарсы қолданатын менде шара жоқ. «Жүрекке әмір жүрмейді» деген нақыл сөзді білетін боларсыз. Ол қыз сіздің досыңызға ғашық болып қалған.                                                                                                                                          

-- Қайдағы дос!.. Дос болса, досының қызына көз сала ма екен...-- Асхаттың даусы мұңлы шықты.                                                                                              

 -- Өзің сол кездегі өрбіген жағдай туралы  ойлап көрші!.. Сен қаша жөнелгеннен соң, әлгі жерде досыңа Майраны рэкетерлерден құтқаруға тура келді емес пе!.. Сөйтіп досыңыз қыз алдында нағыз «ержүрек құтқарушы ханзада» болып шыға келді. Ондай «ақбоз ат мінген ханзаданы»  кез-келген бойжеткен армандайды емес пе?.. Ал сен болсаң ол қыздың көз алдында  қаша жөнелген нағыз «сужүрек» болып қала бердің...—деді Генрих Андрианович. Бұл сөзі Асхаттың шабына қатты батып кетті.                                                                                 

 -- Сіз маған көмектесудің орнына Маратты адвокаты сияқты қорғайсыз ғой!.. Мен сізге Майраны қайтаруға көмек сұрай келгенімді есіңізге салғым келеді! Сол үшін ақша төлеуге дайынмын, біле-білсеңіз!.. Одан да маған қалай көмектесесіз, соны ойластырыңыз!.. –деді қызбаланып.                                              

-- Қалай десеңіз де  ол жігіттің  басына  үлкен қауіп төніп тұр!.. Ең бастысы оның көңілі Майраға ауып, басына төніп тұрған қауіпті сезбегенінде!..  Әлде сіз досыңызға кауіп жайында ескерткіңіз келмей ме?                                                                                                                                       

 -- Шынымды айтсам, Маратты ешқашан  досым деп санаған емеспін. Ол мен үшін курстас, жолдас... Майраның жолында кімді болса да аямаймын, –деді дауысы мұрнының астынан шығып.                                                                                          

-- Дегенмен де оны құтқаруың  керек-ақ.                                                                               

-- Қалай?! Ол маған казір кедергі жасағаннан басқа еш пайдасы жоқ! – Кенет Асхат жалынышты дауыспен  -- Тым болмаса мен Майраны өзіме қаратып алғанша  Маратты  біраз уақыт көзге көрінбейтіндей етіп бір жаққа жіберсе болмай ма?                                                                                                                                     

--Оны қайда жібермексің?!                                                                                                                   

 -- Ол сіздің шаруаңыз. Осыдан көмектессеңіз ақша жағынан ренжітпеймін. – деді Асхат. -- Бір амалын табыңызшы!..   Генрих «ақша» деген сөзді естіп, біраз ойланып қалды да: 

 – Ол досыңның кәсібі не? – деді.                                                                                               

-- Ол –Антрополог. Адамзаттың шығу тегін, миының даму кезеңдерін зерттейтін ғалым. Ғылым Академиясында қызымет істейді.                                              

 -- Солай деңіз!..—деді Генрих таңданып. –Қызық екен!.. Ғылым Академиясында істейді дедіңіз бе? Мен де адам миы туралы еңбек жазып жатыр едім. Бұл жақсы болды ғой! – деп қуанып кетті де, өзімен-өзі болып терең ойланып кетті. Бір кезде:                                                                                            

-- Маған бір ой келді! – деді орнынан атып тұрып. --Сен досыңның адресін әлгілерге айтып қойдың ғой. Олар оны үйінің алдында  тосып алмақ ойлары бар. Егер қарсыласса, өлтірулері де мүмкін.                                                                        

-- Мен сізге адресін бердім деп айтқан жоқпын! – деді Асхат  есі шығып. «Бұл бәле қайлай біліп қойды» деп ойлады ішінен.                                                             

-- Айырмашылығын көріп тұрған жоқпын. Әйтеуір қай жерде тұратынын айттың ғой! Бірақ қазір ол басты мәселе емес! Мәселе басқада!..

– Генрих орнынан тұрып, бөлмеде арлы-берлі, өз-өзімен сөйлескендей жүре бастады. Бір кезде:

 -- Жарайды!.. Досыңды құтқара тұрып қызыңды қайтаруға мүмкіндік берем!.. Егер көмектессем...Қанша төлей аласың?..-деді.  Асхат та біраз ойланып тұрды да:                                                                                            

 -- Мың доллар!-- деді.                                                                                                              

 -- Екі мың!!! Келіссең, қолыңды әкел! – деді Генрих.                                                                            

-- Сізге де емес, маған да емес! Бір жарым! – деп Асхат қолын ұсынды.                                                                                                                                  

 -- Келістік! – деп Генрих қол алысты. –Мен үшін таптырмайтын материал екен.                                                                                                                                               

-- Онда мен сізге материал тауып бергенім үшін бағаны кішкене түсірерсіз, -деді Асхат қалжыңдаған болып..                                                                             

 -- Жо-жоқ!-- деді Генрих – «Келісім --  алтынанан да қымбат» -- деді, әлі де өз ойымен әлек болып. Бір кезде:                                                                                                  

-- Мен ол жігітіңді он күн бойы ұстап тұра аламын! Сенің тура он күн уақытың бар. Қызыңды қайтара алсаң қайтардың! Қайтпаса маған өкпең жоқ! – деді де орындықта отырған Асхаттың алдына келіп:

-- Ақшаның жартысын алдын-ала бүгін төлейсің.                                                                                     

 -- Мен ақша беруден қашып тұрған жоқпын! Сіз Маратты қайда жібересіз? Оның үстіне он күн аз ғой!  Тым болмаса жиырма күн берсеңізші! – деді Асхат. 

 -- Жарайды. Он бес күн! Одан ары бір күн де қоспаймын. Он бес күннің ішінде қызыңа аспандағы айды әпересің бе, әлде жұлдыздан моншақ тағып көңілін табасың ба, өзің білесің! Ал досыңды қайда жіберем, мен өзім білем!.. Сенің міндетің – мені досыңмен бетпе-бет таныстыру. Айда кеттік! – деді де есікті меңзеді...   

                                           ***                          

Жұмысқа келген Марат, жазып жатқан ғылыми еңбегін біраз жалғастырмақ болып жұмыс орнына отырды да, қолына қалам  алды. Ойын жинақтап алған соң, қағаз бетіне түсіре бастады:

« Жер бетінде тіршіліктің  белгілері 1.5 миллиард жыл бұрын пайда болыпты.     Алғашқы тіршілік иелері қарапайым  бір кілеткалы түрлер болса, кейін эвалюциялық процестің арқасында қазіргі  күрделі организмді жануарларға айналған. Биологиалық түрлердің бірі пайда болып жатса, бірі диназаврлар сияқтылары белгілі себептермен жойылып кетіп жатты. Ал енді сол миллиардтаған түрлердің ішінен неге тек адамның миы ғана жоғары ойлау қабілетіне жетті?.. Оған не себеп болды?.. Ойлап көрсең бұл бір миллиард лотореялық билеттің біреуіне ұтыс болса, соны адам ұтып алған секілді. Тіпті алысқа бармай- ақ, шыққан тегіміз бір, сүткөректілер арасынан неге тек адамның миы дамып, қалғандары қалып қойған? Дүние жүзілік ғалымдардың ортақ пікірінше  адам миының даму жолындағы алғашқы қадамы – ол адамның артқы екі аяғына тік тұруы деседі. Ол пікірге ғылыми дәлел де келтірілді. Ал адамның артқы екі аяққа тұруына не себеп болғаны туралы пікір әр түрлі болып келеді. Сөз жоқ, алғашында адамның  арғы тегі де маймыл сияқты ағаш басында тіршілік етті. Өйтпесе  адамның , шимпанзенің, тағыда басқа маймылдардың қолдары кәзіргідей (ағашта өрмелеуге ыңғайлы) болмас еді. Кезінде ағашта өрмелегеніміздің бір белгісі аяғымыздағы бармақтар да дәлел. Қалған маймылдардың көбісі әлі күнге ағашта өрмелейді де артқы аяқтары өзгеріссіз қалған. Ағаштан жерге түскенімізге 6-7 миллион жылдай болыпты. Ал сонда ағаштан жерге түсуге не себеп болды?.. Бәлкім, климат біртіндеп өзгеріп, ылғалды аймақ құрғақталып, ағаштардың бойы біртіндеп  кішірейіп, адамдарға жерге түсуге тұра келген шығар?..  Кейбіреулер «адамның егер маймыл тектес жануардан жаралғаны рас болса қазіргі маймылдар неге адам болып кетпейді» деседі. Бұл пікірге айтарым – эволюциялық өзгерістер жүз жылда көзге көріне қоймайды. Ол үшін миллион жыл да аз болады. Адам осыдан 4 миллион жыл бұрын шинпанзеге ұқсас болған. Мысалы артқы аяғымен жүретін ежелгі адам тектестер іздерін осыдан  3,6 миллион жыл бұрын (қазіргі оңтүстік батыс Африка)Танзания мемілекетінің териториясында, жаңа түскен  вулкан ұнтағын кешіп өткенде қалдырған. Кейін әлгі ұнтақ, цемент болып қатып, әлгі іздер осы күнге дейін сақталып қалған екен. Із - артқы аяғымен жүретін адам тектестің еркегі мен ұрғашысы - қастарына төрт-бес жастағы бала ерткен австралапитектердікі екенін ғылыми түрде дәлелденген».                                               

Осы ойларын жазып бола сала, сағатына қарады. Майрамен кездескен  күннен бастап басына неше түрлі ойлар келіп, Мараттан маза кетті. «Мүмкін Майра екеуміздің арамыздағы сезім өтпелі, алдамшы шығар?.. Асхатқа не бетіммен қараймын?.. Бұл қылығым жолдастыққа жата ма?» деген сияқты күдікті ойларға, « Егер екеуміздің арамызда шын махаббат болса ше?.. Майра Асхатты ұнатпайтынын өзі айтты емес пе! Бәлкім Асхат осыны өзі түсініп, маған ренжімес..» деген өзін-өзі жұбатқан ойлар қарама-қайшы келеді. Көп ойланып, ақыры: «Асхат пен Майраның  арасында  қандай да бір сезім болған соң кездесіп жүрді  емес пе? «Ұшқыннан жалын» тумай тұрғанда, араларын килікпей, жайымды табайын. Жақсы көретін қызына көзімді салғаным -- Асхаттың алдында жолдастыққа жатпас» деген шешімге келіп тоқтады. Бірақ Майраның бейнесі көз алдынан, сыңғырлаған күлкісі  құлағынан кетпей қойды. Көңілін басқа жаққа аудармақ оймен, жазып жатқан еңбегіне отырып, бірдеңе жазайын деп еді, онысынан да еш нәрсе шықпады. Соңғы кездескенде  қоштасып тұрып «енді қашан кездесеміз?» деген Майраның сұрағына «бүрсікүні жұмыстан кейін  келем» деп уәде бергені есіне түсті. Майра да «күтем» деген. «Уәде берген соң бару керек. Бір жағынан үн-түнсіз жоқ болып кеткенім жігіттіке жатпас. Неде болса жағдайды түсіндіріп кетейін» деп ойлады. Күні бойы асыға күткен жұмыс уақыты аяқталмай жатып, есік алдына шыққаны сол екен, Майраның жатақханасына қарай бет алды. Өзі емес, жүрегі алға тартқан мотордай сүйреп, аяқтары өздігінен жүріп келе жатқандай еді. Таксилетіп отырып, қас қағым сәтте Майраның бөлмесінің алдында тұрды. Есікті сенімсіздікпен қағып еді, аржақтан «кіріңіз» деген Майраның даусы естілгенде, жүрегі көмекейіне келіп бір-ақ тоқтады! «Ал керек болса!.. Өткен түндегі батылдығым қайда?.. Не болды сонша!  қоянға ұқсап дірілдеп!» деп өзін- өзі жұбатып тұрғанда, Майраның өзі келіп есікті ашты...

  Марат бөлмеге табалдырықты аттап кіріп келгенде, өзін басқа бір жұмбақ әлемге кіргендей сезінді.  «Адамның көзі – жан дүниесінің айнасы» демекші, Марат Майраның жанып тұрған көзін көргенде, дүниенің бәрін ұмытты. Бағанағы ойлаған ойы жайына қалып, жүрегін жандырып бара жатқан мына сезімге қарсы дәрменсіз екенін сонда ғана түсінді. Майра да Мараттың құшағына кіріп:  

  -- Сені күткен бір күнім бір ғасырдан ұзақ болып кетті ғой!.. -- деген сөзді сыбырлап айтты...

      Екі күн болды, Марат үйге ерте келгенді қойды.  Шешесі де баласының күрт өзгергенін сезіп жүрген. Соңғы рет түннің бір уағында келгенде есікті өзі ашты да:                                                                                                                                

 -- Балам-ау! Осы уақытқа дейін қайда жүрсің? – деген. Бірақ Марат үндемей, жымиып қана құтылмақшы болып еді, шешесі жанын қоймады.

– Келші! менімен шай ішші. Жалғыз өзім тамақ іше алмадым.—деп дастарханға шақырды. Екеуі  шайға отырған соң, шешесі айналып-толғанып, шай құйып беріп отырып әңгімеге тартты. Бірақ Марат әңгімені басқа жаққа бұрып, «кейін айтам» деп ашып еш нәрсе айтпай қойды. Шынымен, Майрамен танысқанына екі-үш күн ғана болса не айтпақ?  Бірақ шеше жүрегі бір өзгерістің болғанын баласының көзінен-ақ таныған еді...

                                                     ***

Сағат беске таман  Маратты жұмысында кезіктірмек оймен Асхат Генрих екеуі Ғылым Академиясының алдына келді. Мінгендері Генрихтің машинасы.  Әшейнде бұл уақытта кабинетінен қуса кетпейтін Марат - бүгін жоқ болып шықты. Вахтада отырған кемпір Мараттың бір сағаттай бұрын шығып кеткенін айтты. Алдын ала телефон шалып ескертпегеніне өкінген Асхат «неде болса үйінде шығар» деген оймен Мараттың үйіне телефан шалып еді, телефон трупкасын шешесі алды. Амандасып болған соң Маратты сұрап еді:                                                                                                                  

-- Кейінгі күндері үйге кеш келіп жүр ғой! Бәлкім  сен айтарсың Мараттың қайда жүргенін?—деді шешесі. Бұндай жауапты күтпеген Асхат не дерін білмей:                                                                                                                                  

 -- Апай, кейін айтамын. Сау болыңыз. – деді                                                                                   

 -- Оның да айтары сол, – деген Мараттың  шешесінің  сөзін Асхат естіген де жоқ. Трупканы қоя салды. «Бұл қайда жүр» деген сұраққа Асхат өзі жауап берді:                                                                                                                                         

 -- Неде болса бұл Майраға кетті! – деді де, Генрихке  – Жүр Майраға барайық. Сол жерде екеуімен бірге таныстырайын! – деді Асхат тістеніп.

--Тек шатақ шығарудың қажеті жоқ! Бәлкім Маратты сыртынан көрсетесің? Маған сол да жетеді. – деді Генрих машинаға отырған соң. Асхат ернін тістеген қалпы ештеңе демеді. Каз-ГУ-ге жеткенше ашудан терісіне сыймай, өз-өзімен болды. Темирязев көшесіндегі аялдамаға келгенде, жол шетінде тұрған өз машинасы көзіне оттай басылды. Тіпті номері де өзгермеген. Көре сала Асхат:

-- Осы жерге тоқта! – деп, Генрихке машинасына елу метрдей жетпей тоқтауын бұйырды.                                                                                                               

-- Жайшылық па?- деді Генрих, еш нәрсеге түсінбей.                                                              

-- Анау тұрған ВАЗ- 099 - рэкетерлар тартып алған менің машинам. Бұлар мұнда неғып тұр? – деді Асхат сыбырлап.                                                                              

 -- Бәрі түсінікті!.. Бұлар да Марат досыңды аңдып келген ғой! – деді Генрих.

-- Машинада екі адам отыр... Бұлардың бұнда тұрғаны -- Мараттардың әлі шықпағаны ғой!.. Осы жерде күте тұрайық!

-- Асхат осы сөзді айтып үлгерген жоқ, ар жақтан Майра ман Мараттың қаралары көрінді. Екеуі жайбарақат, бір-біріне сүйіспеншілікпен қарап, қол ұстасып келе жатқанын көргенде Асхаттың қаны басына бір-ақ шықты. Көңілдері көтеріңкі көрінді.     

 – «Досың» дейсің!.. дос адам осылай істейме?.. Менен тығылып... Тым болмаса кеше көргенде араларында не болғанын айтпай ма!—деп тістене сөйледі Асхат. Генрих жауап қатпады. Мараттар өздерін бақандай екі топ, екі машинамен аңдып жүргенін байқамайтын секілді. Жол жиегіне келіп, такси ұстап, қозғалғаны сол еді, ВАЗ-099 – да соңына ілесті. Асхаттар да орындарынан қозғалып, әлгілердің артына түсті. Мараттар отырған такси қайда жүрсе, ВАЗ-099 да соңынан жүріп отырды. Осының бәрін көріп келе жатқан Асхаттардың күмәны қалмады. Сөз жоқ -- рэкетерлар Мараттың соңына түскені анық еді. Мараттардың соңында рэкет, олардың соңында Асхаттар. Бірін-бірі аңдып жүріп келеді.

-- Ал енді қайтеміз? Маратты қалай ескертеміз?—деді Генрих жағдайдың өзі ойлағаннан әлде қайда күрделі екенін түсініп. Асхат үндемеген соң --Артын күтейік. Бір ыңғайы болар. – деді де соңынан ілесіп жүріп отырды.

-- ВАЗ-099 да отырған екі адам. Екеуінің Маратқа әлі келмесі сөзсіз. Ол үш адамға оңайлықпен бой бермейді!.. Сонда бұлардың ойы не? Оның үстіне шофердың қасында отырған тапал бойлыны  мен бұрын көрген емеспін.- деді Асхат.

-- Бәлкім бүгін аңдып қана жүрген шығар.

  Такси зымырап отырып автовокзалға келіп Марат екеуін түсіріп кетті. ВАЗ-099-дан тек тапалдауы ғана шығып екеуінің соңына түсті де автовокзалдағы аялдамаға дейін ілесіп барды. Аялдамада адам көп болғаннан қорықты ма, әлде көз жазып қалмайын деді ме екен, әйтеуір  Майраны қала аралық автобусқа шығарып салып тұрған Мараттың ту сыртына келіп тұрды. Асхат Генрих екеуі бұларды жол жиегінде, машина ішінде отырып бақылап отырды.                                                                                          

-- Сен қалай ойлайсың, күннің ыстығында мына жігіт неге етегі шолақ куртка киіп алған?.. Оның үстіне қолы үнемі қалтасында. Бір нәрсе жасырып тұрған сияқты қалтасынан қолын алмайды.                                                                       -- Білмеймін.                                                                                                                                 

-- Меніңше бұл жігіттің қалтасында үні шықпайтын  тапанша бар. Маратты атып кету үшін ыңғайлы сәтті күтіп тұрған секілді.                                                                      

--Оны қайдан білдіңіз?                                                                                                                  

 --Сен менің көріпкелдігіме күмәнің бар ғой деймін!  Асхат жағдайдың ушығып келе жатқанын енді түсініп:                                                                 

-- Сол төбелеске бола бұлар адам өлтіруге бармайтын шығар?.. –деді.                                                                                                                                        

-- Ай бауырым-ай .. Сен әлі бала екенсің ғой. Қазір заман бұзылғанын түсінбепсің ғой!.. – деді Генрих. Біраз үндемей отырды да: - Бізге қазір бір әрекет жасап Маратты құтқару керек. Ана жігіт кез-келген уақытта Маратты атып кетуі мүмкін... Әлде досыңа көмектескің келмей ме?                                                                                                   

-- Сіз мені сонша бір қатыгез деп ойлайсыз ба?.. Екеуміздің қолымыздан не келеді? Әлде милицияға хабар береміз бе?                                                                         

-- Сол дұрыс болар! Сені танып қоймасын. Көрінбей бар да вокзалдағы кезекші милиционерге хабарла. Мен Мараттардың қасына барып тұрайын. Кеттік.—деді де Генрих екеуі далаға шықты. Асхат ешкімге көрінбей автовокзалға қарай кетті де, Генрих Мараттардың қасына барып тұрды.

 «Майраның ауылы қаладан жүз шақырымдай жерде. Бұлар сол жаққа бармақшы ма екен?» деп ойлады да Асхат автовокзалға кіріп кетті. Бір кезде Марат Майра екеуі құшақтасып қоштасты да, Майра автобусқа отырды. Автобус орнынан қозғалып жолға шыққанша Марат орнынан қозғалмай қарап тұрды. Анда- санда қолын бұлғап қояды. Оны аңдыған тапал бойлы «қастарында ешкім жоқ па?» дегендей жан-жағына қарап алды да, Мараттың сырт жағына келіп тоқтады. Осы кезде екеуінің қасына, артжағынан келіп қалған  Генрих өтірік  жөтеліп қалды. Әлгі тапал бұған жалт қарады да теріс айналып кетті. Генрих Маратты бір ажалдан құтқарғанын әлгі тапалдың бетіне қарағанда түсінді. Еш нәрседен күдігі жоқ  Марат жолға қарай бет алды да, жол шетіне келіп такси тосып, қолын көтере бастады. Ізінше келген Генрих:                                                                                                                                                      

--Қайда барасыз?» деп сұрады.                                                                                             

--«Целинный» кинотеатрына дейін қанша аласыз? –деді Марат.                                                   

-- Анау тұрған менің машинама отырыңыз! Бағасына келісе жатармыз. Мен де сол жаққа барамын. – деді Генрих. Ішінен «Асхат үлгере алмады-ау... Бірақ оның қазір керегі шамалы. Бізді көрмегені де жақсы» деп ойлады. Марат отырып үлгерген жоқ, машина орнынан қозғалып кетті. Генрихтің арқасында Марат дәл қазір бір өлімнен қалған білген де жоқ. Әлгі тапал келіп машинаға отырғанша бұлар біраз жерге ұзап кетті. Генрих олардан ізін жасыру үшін көше қиылысында оңға бұрып,  келесі кішкене көшеге тағы оңға бұрылып кетті де бір қуысқа керіп тоқтады. Еш нәрсеге түсінбеген Маратқа қарап екі қолын көтерді де алақанын жайып:                                                                                                                                         

-- Мына менің қолыма қараңызшы!..--деді.  Бір сәт екеуінің көзқарасы кездесіп қалды. Марат «неге?»демекші еді, тілі күрмеліп, аузы ашылмай қалды. Ендігі бір сәтте көз алды тұманданып, ұйықтап кетті...

                                                ***

Автовокзалға жүгіре жеткен Асхат кезекші милиционер отырған бөлмені әзер тауып келсе, орта жастағы бір лейтенант отыр екен. Бөлмеге кіруін кірсе де, сәлемдесіп болған соң әңгімені неден бастарын білмей, мүдіріп қалды.                                                                                                                                              

--Тыңдап тұрмын. Не айтпақшы едіңіз? –деген  лейтенанттың сұрағына:                                                                                                                                 

-- Түсінесіз бе?.. менің досымның басына  қауіп төніп тұр!..—деп шатып-пұтып болған жағдайды түсіндірген болды да, – Досымды өлтіріп кетуі мүмкін!.. Әлгілердің қалтасында тапанша бар!.. -деді. Лейтенант Асхатқа:                                                                                                                

 -- Қаруын өз көзіңізбен көрдіңіз бе? – деп сұрақ қойды. Бұндай сұрақты күтпеген Асхат сасып қалды да:                                                                                                                

-- Жоқ!.. бірақ қалтасында тапанша бар секілді!                                                                 

-- Тағы да қайталап сұраймын!.. Тапаншаны өз көзіңізбен көрдіңіз бе, жоқ па? – Бұл жолы лейтенантың даусы нық шықты.                                                             

 -- Жоқ!.. Сіз мені сұраққа алып жатқанда ана жерде адамды атып  кетуі мүмкін!..—деді Асхат қызбаланып.                                                                                       

 --Әлі атқан жоқ қой!..                                                                                                                

--Жоқ!.. ы-ым.. білмеймін!                                                                                                      

-- Қашан атады, сонда келесіз!.. Біз әлі істелмеген қылмыспен айналыспаймыз! Әзірге сау болыңыз. – деді лейтенант. Асхат не дерін білмей аузын ашып тұрды да, өзінің қаншалықты ақымақшылық жасағанын түсіне қойды. Сыртқа шығып келе жатып: «Шынымен мен тапаншасын көрген жоқпын ғой! Олар Маратты өлтірер - өлтірмесі де белгісіз» деп ойлады да, өз қылығына күліп жіберді. Көңілінің түкпірінде «атса ата берсін, менің нем кетіп барады» деген  бір жаман ой жылт берді. Шыға сала аялдамаға қарай жүгіріп келсе Мараттар да, оны аңдыған әлгілер де, өзімен келген Генрих те көзден ғайып болыпты. Асхат «түкке түсінсем бұйырмасын!.. бұлар қайда кетті!» деді де, орындыққа келіп отыра кетті...

                                              Генрих

   Генрих жиырмаға  келген кезінде қатты ауырып, ес-түссіз он төрт күн жатқанда дәрігерлер «өлдіге» санаған. Өйткені денесінде  тіршіліктің белгісі болар-болмас қана еді. Бірақ не ауру екенін ешкім таба алмады. Күдерін үзбеген әке-шешесі Генрихті үйіне әкетуден басқа шаралары қалмаған. Жиырмасыншы күн дегенде өзі-өзінен есін жиған Генрих, түк болмағандай тұрып кеткен. Содан кейін бойында бұрын болмаған бірнеше қасиеттер пайда болды. Алғашқы байқағаны: денесіне темірден жасалған бұйымдар магнитше жабысатын болғаны. Сосын көрші бөлмеде не болып жатқанын сезетін болды. Кейін келе қасындағы адамның не ойлап отырғанын біле бастады. Ал енді адамға қарап қандай аурумен ауыратынын білгенде!.. Қыруар ақша жасауға болатынын түсінді. Сол кезде оқып жүрген Политехникалық институтты бітіре сала көптен бері армандап жүрген  медицина институтының неврология факультетіне  түсті. Бірақ бітірген соң мамандығы бойынша невропотолог болғанымен, істеп жүрген тіршілігі ойынан шыға қоймады. Ол кез сексенінші жылдардың басы кезі болатын. Жеке кәсіпкерлікке жол жоқ. Медициналық қағидалардан ауытқуға болмайтын кез. Бірақ армандаған мақсатын көп күткен жоқ. Горбачевтың бастаған «қайта құру» кезеңінде жеке кәсіп етуге жол ашылғанын пайдаланып, өзі жеке кабинет ашып алған. Содан кейін барып Генрихтің қалтасы қалыңдай бастап еді. Бірақ ол кезең көпке созылмады. Тоқсаныншы жылдар басталғалы бері бұның мүмкіндігі бар, бірақ халықта ақша жоқ бола бастады. Бірақ уақытын бос өткізген жоқ. Өз бетімен Зигмунд Фрейдтің еңбектерін оқып, Психоанализбен таныса бастады. Гипнозбен емдеу шараларын зерттеді. Өз бетімен тәжрибелер жасап та көрді. Кейінгі кездерде адам миының қызыметін. Ұйқының миға әсерін. Адамның ұйқы кезіндегі түс көру процестерін зерттеп, өз ойын дәптерге жазып жүрген. Кейінгі кезде  кеңес өкіметі шайқала бастағанда «Европаға кетсем бе» деген жаңа идея туып, мазасызданып жүрген кезі еді. Бірақ шетелге бос қалтамен бара алмайтынын түсінетін. Сөйтіп жүрген бір кеште Асхатты жолықтырған еді. Оның досы Мараттың Ғылым Академиясында істейтінін, және өзі көптен бері айналысып жүрген тақырыбының адам миының даму жолдарын зерттейтінін  білгенде - тоқтай алмады. Гипноз арқылы басқа маманның көзқарасын білу оған қызық көрінді. Оның үстіне көрсеткен қызыметі үшін  Асхат жақсы ақшаны ұсынып тұрғаны тағы бар. Мың жарым доллар деген ол кезде оңай табылмайтын. Былайша айтқанда, бір оқпен екі қоянды бірден атып алмақшы...

                                                       ***                                                                                                                 

Қалың ұйқыға кеткен Маратты Генрих қаланың сыртындағы алдын ала дайындап қойған саяжайына әкеліп жатқызды. Ойлап жүрген ойын жүзеге асыруға ешкім кедергі жасамайтындай жағдай жасап алды. Бұны жұмыстан ешкім іздемейді. Үйдегі жұбайынан ешқашан сырын жасырмайтын. Сондықтан келіншегіне жағдайды түсіндіріп, «Тек шұғыл жағдайда ғана хабарлас» деген.   Ыңғайын келтіріп, рэкетерларды да Асхатты да оңай алдап кеткеніне өз-өзіне риза болды.. Қасына жайғасып жатып Мараттың көрген түсін бірге көрмекші. Бұл көптен бері ойында жүрген, алғашқы тәжиірбесі еді...

                                       

                                    Мараттың түсі

   Айнала қараңғы түнек... Еш нәрсе көрінбейді. Марат арқасына бір қатты нәрсе батқанын, не болса да әйтеуір бір ыңғайсыз  жерде  жатқанын сезінді. Жақын арада поезд  жүргендей гуілдеген дыбыс естіледі де, соңынан алыстап кеткендей басылып қалады. Орнынан тұрмақшы болып басын көтеріп отырды да, сосын қолын жерге тіреп тұрмақшы болды. Әлгі арқасына батқан тас кесектері екенін алақанына тигенде бірақ білді.  Өзі шалшық судың ішінде жатыр екен. Орнынан тұрғанымен тепе-теңдік ұстай алмай, құлап қала жаздап барып түзелді. Қап-қараңғы түнектен бір жарық көрінбейді. Жан – жағынан  «шөлп-шөлп» еткен су тамшысының дыбысы жаңғырып естіліп тұр. Анда –санда Мараттың басына да тамып қояды. Сонда ғана байқады, үсті – басы малмандай су екен. Неге екені белгісіз, өзін метроның тунелінде тұрғандай сезінді. Оң қолын көтеріп, алға жүріп көріп еді, біраз жүрген соң тас қабырғаға келіп тірелді. Қабырға тегіс те емес. «Жер астындағы шахта ғой деймін» деп ойлады.Осы арада әлгі гуілдеген дыбыс тағы да естілді. Бұл жолы керісінше – алыстан шыққан дыбыс жақындап келіп тоқтағандай болды. Марат неде болса сол дыбыс шыққан жаққа қарай жүрмекші болды.

Аяқ асты толған тас кесектері, жаймен баспаса бір-екі рет шалынып құлай жаздады. «Егер алдымда терең шұңқыр болса қайтем. Түсіп кетуім мүмкін ғой» деген ой келді де, ол қәуіптің шешімін оңай тапты. Еңкейіп жерден бірнеше тас кесектерін қолына жинап алды да, екі-үш қадам жасаған сайын алдына лақтырып, тастың жерге түскен дыбысын тыңдап, бағдар жасап  жүріп отырды.  

 Қанша жүргені белгісіз. Әйтеуір шахтаның шеті жоқ сияқты көрінді.. Әлгіндегі дыбыс әлі сол қалпы, анда санда бір естіледі де қояды. Бірақ ара қашықтық өзгермегендей. Ғұмырының жартысы осы жолды жүрумен өткендей еді. Бір кезде «жүрісті жылдамдатпасам болмас» деп ойлады да қадамын жиілете бастап еді, бір нәрсеге шалынып құлап түсті.

  Қанша жатқаны белгісіз. Бір кезде оң  жақ тұсынан темір есіктің топшасы шиқылдап ашылды да, іштен түскен мол жарық Мараттың көзін қарып түскендей болды. Кім екенін көрмекші болып еді, көзін аша алмады. Сол есіктен шыққан адамдардың дауысы Маратқа бір түрлі, табиғи емес, жасанды дауыс сияқты естілді. Дауыстар біртіндеп жақындап келді де, жатқан Маратты жерден  оңай, тік көтеріп алды. «Қолдары неткен қатты, қарулы еді» деп ойлады. Сөздерін тыңдап көрді де, ағылшынша сөйлейтіндерін  түсінді. Басқан жерлері ойылып кетердей, жүрістері ауыр. Аяқтарын басқан сайын кішкене электромотордың ызыңдаған дауысы қосыла шығама, қалай. Әлгілер Маратты көтерген қалпы жаңағы ашылған есікке келіп кірді. Бірақ есікті жаппады. Соған қарағанда біреуі тунелде қалып қойғандай еді. Осы арада Марат жарыққа үйреніп, көзін аздап ашып, жан жағына қарай бастады. Қатар жүргенде үш адам әзер сиятын жарық каридормен төрт адам бұны көтеріп келеді екен. Бастарында мотоцикл айдайтындар киетін шлем, үстіндегі киімдері бірдей, әскери формаға ұқсайды.                                                                                          -- Сендер кімсіңдер?.. мені қайда апарасыңдар? – деді Марат орыс тілінде.                                                                                                                                    -- Қорқатын ештеңе жоқ! Бәрі жақсы болады, – деді оң қолын ұстап келе жатқаны таза орыс тілінде.                                                                                      -- Мен қайдамын?                                                                                                                     -- Сіз «Байқоңыр» космодромындасыз.                                                                                       -- Байқоңыр?!! Мұнда қайдан тап болдым?                                                                        --Оны біз сізден сұрауымыз керек, Мырза!                                                                       -- Мен мырза емеспін!                                                                                                          -- Кешіріңіз!.. біз  үшін адамдардың бәрі «мырза».

  Марат кейінгі кезде кеңес үкіметі құлағалы бері ұмытылып кеткен  «Мырза» «бикеш» деген атаулардың қайта атала бастағаны есіне түсті.   Бірақ бұны ешкім «мырза»деп атап көрмегендіктен құлағына ерсі естілді. Бір кезде бұлар кең бөлмеге келіп кірді де  Маратты шетте тұрған диванға әкеліп жатқызып, басына жастық жастады. «Киіміңізді шешуге рұқсат етіңіз» деп Мараттан рұқсат сұрап үстіндегі киімін шешіп алып, бір жаққа алып кетті. «Не деген кішіпейіл жандар! Дауыстары -- магнитофонға жазылған, бірақ сәл  жылдам қойылған дауысқа ұқсай ма, қалай. Шлемдерін неге шешпейді? Көзілдіріктері беттерін толық жауып, түрлері көрінбейтіндей дәрежеде қап-қара екен »  деген ой келді Маратқа. Үстінің соншалықты лас екенін, ол аз болғандай киімінің малмандай су екенін сонда барып бір-ақ білді. Әлгілер демде қалың көрпелер әкеліп, асты-үстін қымтап  жауып тастады. Киімін шешкен:                                                                                           -- Қатты тоңып қалыпты. Бәлкім үстіне спирт жағармыз? – деді қасындағысына.                                                                                                                       -- Мен тоңған жоқпын! – деді Марат. Бірақ әлгілер Мараттың сөзін құлақтарына ілген жоқ. Шынында да Марат тоңғанын сезбеб еді.                                           -- Мен қарсы емеспін! Дереу жылыту керек. Бірақ спиртті қайдан аламыз?..     Бәлкім бірінші сектордан адамдарды шақырармыз! Оларда спирт болуы тиіс. Оның үстіне тәртіп бойынша бұл мырзаны бәрібір соларға тапсыруымыз керек қой! –деді                                                                                             -- Иә! Дұрыс айтасыз. Солай істегеніміз дұрыс болады. – деді де, білегін түріп жіберіп, бір тетіктерді басып, сосын құлақ тұсынан тағы бір тетікті қозғап жіберді. Ендігі бір сәтте әлгінің құлақ тұсынан телефон гудогіне ұқсас дыбыс естілді де, артынша: -- Тыңдап тұрмын – деген кәдімгі адам дауысы естілді. Әлгі жауап берген дауыс мыналардың даусына қарағанда күнделікті құлақ үйренген кәдімгі таныс – адамның даусы еді.                                             -- Сәлеметсіз бе ! Біз үшінші сектордағы  шахтадан бір мырзаны тауып алдық! Келіп алып кетсеңіздер екен. – деді.                                                                             -- Ол кім? Онда қайдан жүр?..                                                                                                  -- Білмедік мырза...Шахтадағы сенсорлық қондырғы арқылы таптық. Өзі ағылшынша жөнді білмейді. Өңі азиялық типке жатады...  Қалай?  Келесіздер ме?                                                                                                                  Әлгі «адам» дауысты сәл ойланып тұрды да:                                                                      -- Жоқ! өздерің әкеліңдер!.. Өткелге келгенде хабарласыңдар. Біз күтіп аламыз. – деді.

Марат қалың көрпе арасында жатып, жан-жағын бақылай бастады. Өзі жатқан бөлме терезе сияқты қоршаумен бөлінген, жасанды бөлме екен. Терезенің ар жағы үлкен зал – Алматыдағы аэровокзал сияқты  кең, төбесі биік екен. Зал іші толған бөлек-бөлек секторлар. Әр секторда бір-бір монитор. Әр манитор алдында бір-бір қызыметші өз жұмысымен әлек. Бәрінің киген киімдері бірдей, бастарында каска. «Бәлкім бұлардың жұмыс киімдері шығар» деп ойлады Марат. Бір қызығы әлгілердің бәрі қимылдаса электромотордың қыжылдаған дауысы ақырын естілетіні. Сол кезде жақында көрген «Робокоп» атты американ фильміндегі Робот полицей есіне түсті. Бас киімдері соған ұқсайды екен. Бірақ мыналардың бәрі робот деген ой тіпті басына да келмеді. «Кезінде «Байқоңыр» космодромы жабық қала еді ғой!.. Кеңес өкіметі құлағалы бері космодром кімнің қарамағында қалып еді?.. Мынадай техника, мынадай жиһаздар кеңес өкіметі шығарушы ма еді? Бәлкім құпия объекті болған соң біз көрмеген техникалардың бәрі осында шығар?  Мына қызыметкерлер кімдер?.. Мен бұл жерге қалай тап болдым?..» деген сұрақтарды өз-өзіне қойып еді, жауап беруге миы жетпеді.   

 Әлгі жерде қанша уақыт жатқаны белгісіз. «Бұл менің түсім шығар. Түс болса, қызық түс болды » деп ойлап үлгерген жоқ, әлгілер қасына келіп киімдерін Мараттың қасына қойды да:

--Мырза, киіміңізді жуып кептіріп әкелдік. Тұрып киінуіңізге болады. – деді. Киімінің қас қағым сәтте дайын болғанына таң қалған Марат: 

-- Рахмет -- деді де киімін қолына алып қарай бастады. Шынымен де таза жуылып, үтіктеліп қойыпты. Киімін киіп болған соң әлгілер «енді бізбен жүріңіз» деді де жол бастай жөнелді. Марат «қайда барамыз»деп сұрамақшы болды да, «бірақ қайда апарса да бәрібір емес пе. Әйтеуір жамандық жасамайтынына көзім жетті ғой» деп  ойынан тез қайтты. Бір кезде кең лифтіге келіп кірді де жоғары көтеріле бастады. Лифтінің есіктері жұмсақ  жабылғаны сонша дыбысы естілмеді. Орнынан көтеріле бастағанда сәл серпіліс байқалғаны болмаса, жүріп келе жатқаны сезілмейді. Жиегіндегі таблодан қанша этаж көтерілгенін көрсетіп тұрды.  Көтерілген сайын Мараттың тынысы жеңілдеп, көкірегі кеңейе бастағандай болды. «Бұлар мені қайда алып бара жатыр?.. Мен қайда жүрмін?.. Ең бастысы бұнда қалай тап болдым?..» деген ойға қайта бастап еді, лифтінің есігі ашылды да ойы бұзылып кетті. Лифтіден кең фойеге шықанда, алдындағы үлкен  терезелерден кең дала көрінді. Дала жап-жарық екен. «Түс кезі-ау» деп шамалады Марат. Жаңағы жол бастаушы құлақ тұсында бір тетікті басты да, әлгінде сөйлескен адаммен  тағы да байланысқа шықты. Белгіленген межеге келіп тұрғанын айтып еді:                                                                                                       --Жақсы! сәл күте тұрыңыздар --  деді. Босқа тұрғанша сөйлесе тұрмақ оймен Марат:                                                                                                                           -- Сіздің есіміңіз кім?.. Не қызымет істейсіз? – деді әлгіні әңгімеге тартып.                                                                                                                                     -- Менің есімім Эдуард  2-ші. Мамандығым бірінші дәрежедегі  қызымет көрсетуші. – деп жауап берді. «Орта ғасырдағы Корольдар болушы еді, Фильип бірінші екінші деп бөлінетін. Сол сияқты, 2-ші деген несі екен» деп ойлады Марат. Сол арада қастарына екі адам келді де сәлемдесіп қолдарын ұсынды. Қолдарын алып тұрып Марат «Мыналар кәдімгі адамдар ғой!» деп ойлады. Эдуард жаңағы адамдарға ағылшынша бірдеңе айтып, Маратты меңзеді. Әлгі екеуі Маратты басынан аяғына дейін көзбен шалып шықты да:                                                                                               -- Үшінші секторда қайдан жүрсіз? – деп ағылшынша сұрады. Марат ағылшынша нашар түсінетінін айтты да орысшалап:                                                            -- Өзім  де білмеймін. – деді.                                                                                            –Түсінікті,– деді әлгі де орысшаға көшіп. – Онда бізбен жүріңіз! – деп Эдуардпен қоштасты да жол бастады. Марат та Эдуардпен қол алысып жылы қоштасты да, қазақша : -- Рахмет!- деп еді:                                                           --Оқасы жоқ. –деді Эдуард. Маратқа оның бір жағынан дауысына, екінші қазақша сөйлегенін қызық көрінді.

 Әлгі келген адамдардың соңына еріп келе жатқан Мараттың көзі ілініп тұрған үлкен таблодағы  сандарға түсті: «11: 14.   21.05.2092  year» деп ағылшынша жазылыпты.. Алғашқы екі сан жергілікті уақыт екенін бірден түсінді. Ал кейінгі үш сан нені білдіретінін түсінбей қалды. Таблоға қарап келе жатып бір кісімен қақтығысып қалып еді, әлгі кісі қазақша «кешіріңіз» деді. Марат әлгі адамның жүзіне  қарап еді, өңі қазаққа тіпті де келмейтінін аңғарып қалды. «Мынау қазақша таза сөйлеп тұр ғой!.. бірақ таңқалатын несі бар! Байқоңыр Қазақстанның жері ғой!» деп ойлады. Үшеуі  кең бөлмеге келіп кірді. Бір таң қалғаны – жақын келгенде есіктер өздігінен ашылатыны. Бөлменің терезелері  үлкен болғандықтан іші жарық екен. Бұл бөлмеде де көп қызыметкерлер отырады екен. Бұлардың алдында да  мониторлар тұр. Қызметкерлер кәдімгі адамдар. Киген киім үлгілері әр-түрлі, кім не киемін десе, өздері білетін сияқты. Ең бастысы бастарында шілем де жоқ. Әлгі екеуі Маратты бөлме бұрышындағы бір есіктің алдына ертіп келді де:                                                                                                                                  -- Мына орындыққа отыра тұрыңыз,  – деп, өздері бөлмеге кіріп кетті. Мараттың көзі қабырғадағы таблоға қайта түсті. Бұл таблода да әлгіндегі  сандар шығып тұр. «Уear» деген сөздің таныс екенін, бірақ аудармасын есіне түсіре алмады. Екі-үш минуттан кейін әлгілердің біреуі қайта шықты да, Маратқа «ішке кіріңіз» деді. Ішкі бөлмеде стол басында бір орта жастағы кісі отыр екен. Марат жақын келгенде әлгі адам орнынан тұрып, қолын беріп амандасты да, өзін таныстырды:                                                                               -- Михаил Андронович! –деді.                                                                                                 -- Марат Абілқасым ұлы –деді Марат өзін паспорты бойынша.                                                -- Қателеспесем қазақсыз ғой? – деді Михаил таза қазақ тілінде.                                           --Иә қазақпын! Сіз қазақша сөйлей алады екенсіз ғой! – деді Марат таң қалып. Мараттың таң қалғанына түсінбеген Михаил:                                                      -- Меніңше «Байқоңырда» тұратындардың арасында қазақша білмейтін адам жоқтың қасы. Оны сіз білмеуші ме едіңіз? - - Марат «білмепін» дегендей иығын көтерді.                                                                                                                        – Қызық екен, -- деп бұл жолы Михаил таң қалды.                                                                  -- Ал! Енді маған мынаны айтыңызшы! Сіз үшінші секторға қалай   тап болдыңыз?                                                                                                                               -- Шынымды айтсам өзім де білмеймін.                                                                                          -- Білмегені қалай?                                                                                                      --???.                                                                                                                                         --Өзіңіздің аты жөніңізді қайталаңызшы!                                                                                   -- Әбілқасым ұлы Марат –деді. Михаил Маратқа қарап ойланып тұрды да, алдында жатқан ноутбукті ашып, ақпараттар банкіне кіріп, Марат туралы сұраныс жасады. Бір кезде маниторға қарап отырып, аузы ашылып, таң қалғаны сонша, көзі шарасынан шығып кете жаздады. Мониторға бір, Маратқа бір, сосын қасындағы екеуіне  қарайды. Оның бетіне қарап отырған Мараттың да есі шықты. Алдында Мараттың орнында кәдімгі бір әзірейілдің өзі отырғандай қарайды. Бір кезде:                                                                                     -- Әбылқасым ұлы  Марат 1966 жылы туылған. 2038 жылы..- деді де дауысын жұтып қойғандай тоқтай қалды. – Сіз...туған жылыңызды айтыңызшы!                                                                                                                -- Жаңа дұрыс айттыңыз!.. Мен 1966 жылы  Алматы қаласында туғанмын!                                                                                                                                        -- Мүмкін емес!.. – деп Михаил орнынан тұрып кетті.                                                      -- Неге мүмкін емес!.. Сонда сіз маған сенбей отырсыз ба?..—деді Марат та қызбаланып. Михаил арлы берлі жүріп, бір кезде Мараттың қасына келіп:

-- Сіз миға кірмейтін нәрсені айтып тұрсыз!.. Сіз білесіз бе кәзір қаншасыншы жыл екенін?..                                                                                                  -- Білем!.. ы-ы-ым. 1992 жылдың мамыр айы!..                                                                         -- Қа-те-ле-се-сіз!!! Қазір 2092 жылдың Мамыр айы!..                                                               -- Қаншасыншы жыл?!. Мүмкін емес!.. сіз қалжыңдап тұрсыз!—деді Марат өз құлағана өзі сенбей. Бір сәтке екеуі де бір-біріне қарап ойланып қалды. Бір кезде Михаил ноутбукке қайта келіп, клавиатураны басып жіберді де, маниторға бір, Маратқа бір қарап одан әрі шошынды. Өйткені жаңағы Мараттың аты-жөнінің тұсында фотосуреті де шығып тұрған еді. Михаилдың қасындағылар орындарынан тұрып келіп мониторға үңілді де, олар да таң қалысып жатты. Манитордағы информацияға  бір Маратқа бір қарасып:

-- Ғажап оқиға! Адам айтса сенгісіз! – деп жатыр. Әлгілердің алдында Марат өзін тәжиірбе жасайтын қоян секілді сезінді. Ыңғайсызданғанын жасыра алмай: -- Ау!.. Жолдастар!.. Әлде мырзалар! Мен де сіздерден кем таңданып тұрғам жоқ! Бұл менің түсім шығар!—деген сөзіне әлгілер тіпті де құлақ аспады.

-- Ал енді не істейміз, Директор мырза? Жоғарғы органдарға хабарлаймыз ба?—деді біреуі.

-- Әзірге керек емес!.. Меніңше ойланбастан шу шығарудың қажеті жоқ! Оның үстіне бұл кісі қалай пайда болды, солай ғайып болса қайтеміз?..Біздің айтқанымызға кім сенер? Көпшілік алдында күлкі болармыз!..  Сондықтан асығыстық жасамайық. Және сендерге ескерту!.. тістеріңнен шығарушы болмаңдар! Түсінікті ме?!. – деп қатты ескертті. Әлгі үшеуі «Құп болады» деп жауап берді.. Марат, жан жағына қарап ойлана бастады. Мына жиһаздарға, оның үстіндегі техникаларға қарап отырды да, «2092 жыл!.. 2092 year!.. құдайым-ау!.. Бағанағы таблодағы  «year» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда жыл деген сөз емес пе?» деді өзіне өзі. Бір кезде:                          -- Мынау- менің түсімде болып жатқан оқиға!.. Бәсе!. бағана неге жаурағанымды сезбедім десем!».

                                                 ***                                                                                                                                      

Мараттың түсін бірге көріп жатқан Генрих, қиналып жатып оянды. Сағатқа қараса, ұйықтағанына бақандай жеті сағат болыпты. Өзін шөл қысып, қарны ашқан соң оянғанын түсінді. Қасында жатқан Марат та қиналып жатыр екен. «Сөз жоқ. Бұл да шөлдеп жатыр» деп ойлады. Алдын ала дайындап қойған системаны төсектің қасына әкеліп, Мараттың қан тамырына салды. Системадағы ерітінді құрамында глюкоза мен гемодез және тағы басқада ағзаға көректі заттар болатын. Өзі дәрет алып, темекі тартыпақ оймен далаға шықты. Көктемнің жып-жылы самал желі бетке өбеді. Күн көкжиекке қызарып  батып бара жатқан кез. Тынысын терең дем алды да үйге қайта кірді. «Иә!.. бұл Мараттың түсі мен ойлағандай болмай шықты. Түсі адамның миының даму процессі туралы бола ма десем, бұл болашаққа сапар шегіп кетті ғой! Бірақ оқиға айтарлықтай қызықты болып келеді. Не де болса, аяғына дейін көрейін! » деп ойлады.

                                                 

                                                ***

Майра үйінде бір түн түнеп, ертесінде қалаға қайтып келді. Шешесіне шай ішіп отырып басынан өткен әңгімесін  айтып қойды. Айтпайын-ақ деп еді -- ішіне симады. Шешесі Майраның жарқын шыққан даусынан, жалын шашқан көзінен, айтқан әңгімесін сараптай келе, қызының қылығында бір өзгерістің болғанын сезді. Бірақ тәппіштеп сұрамады. Тек «ұзағынан болғай» деді де қойды ішінен. Әншейінде қалаға асықпай түскі автобуспен кететін Майра бүгін ертеңгісін кетті. Жатаханаға келе сала Назыммен бірге кітапханаға барды. Ойы: Марат келгенше сабағын дайындап алу. Кеше Марат шығарып салып тұрып, «ертең жұмыстан кейін келем» деп ескерткен. Сол кездесетін сәтті күткенде уақыттың созылып алатынына қынжылып алды. Сабақ оқығансып отырып еді, миына ештеңе қонбады. Сағат бес болғанда бөлмесіне қайтып келіп, жуынып, таранып дайын отырды. Әншейінде сабағын асықпай ұзақ оқитын құрбысы бұл жолы астынан су шыққандай бір орнында отыра алмай тыпыршып отырғанын сезген Назым:

 -- Саған не болған?..– деді.                                                                                                         -- Шынымды айтсам білмеймін. Жүрегім қобалжып, көңіл күйім болмай тұр. Марат сағат бесте жұмыстан шығып, алтыда маған келетін уақыты болды. Ал сағат жетіге таяп қалды. – деді мазасызданып. Күдігі себепсіз емес екенін білетін. Өткендегі Мараттың рэкеттерге қол көтергені есіне түссе, көкірегіне үрей туатын. Бүгін жүрегі құрғыр бір пәлені сезгендей еді...

  Майра Маратты көпке дейін күтті. Тіпті бір хабарын берер деген оймен вахтадағы телефон қасында түнгі он бір жарымға дейін отырды да, салы суға кетіп бөлмесіне қайтты. Неше түрлі жаман ой келіп түнімен көз ілмей, таңға жуық ұйықтап кетті...

Ертесінде сағат онға жуық Мараттың жұмысына телефон шалып еді, трубканы көрші кабинетте отыратын бір еркек алды да «Марат белгісіз себептермен жұмысқа келмеді. Егер көре қалсаңыз, «үйден шешесі іздеп жатыр» деп айта салыңызшы.» дегені!.. Майраның жүрегі сыздап кетті. Төбесінен біреу су құйып жібергендей болды. Жаңағы кісі тағы да бір нәрсе деп еді сөздерін ұққан да жоқ. Қолынан телефон трупкасы түсіп кетті...

 Жанын қоярға жер таппай, Асхатқа телефон шалып еді, үйінде екен. Майра телефон шалады деп күтпеген Асхат:

-- Майра?! Қалың қалай?—деді таң қалғанын жасыра алмай. Амандасып болған соң – Иә!  Жайшылық па?..                                                                                           --Жоқ! Жайшылық емес. Марат кеше кешкісін  маған келем деп, келмеді. Бүгін жұмысына  телефон шалып едім, жұмыстасы «белгісіз себептермен жұмысқа шықпады. Үйінде шешесі де іздеп жатыр» деді. Сен оның қайда жүргенін білмейсің бе?- деді. Бұл жаңалық Асхатты да таң қалдырды. Алғашында Майраға не дерін білмей сасып та қалды.                                                                                                                       -- Ы-м-м. Білмеймін! Оны көрмегелі екі-үш күн болды. - деді тұтығып. Екі күн бұрын бұларды сыртынан Генрих екеуі  бақылағанын айтып қоя жаздады. «Екеуің автовокзалда бірге тұр едіңдер ғой. Содан кейін қайда кеттіңдер?» дей жаздап тоқтады.                                                                                             -- Мен арғы күні ауылға кеткенмін. Марат мені автовокзалда шығарып салды. Соңғы рет сол жерде көрдім. Сонда маған «ертең кешке келем» деп уәде берген еді, – деді Майра                                                                                                  -- А!.. Сен үйіңе барып келген екенсің ғой. Қалай? Бәрі аман ба?. – деді сасқанынан  – Ал Марат сені шығарып салғаннан кейін қайда баратынын айтпады ма?..                                                                                                                             -- «Қазір тура үйге қайтамын. Біраз жазатын жұмысым бар» деген.                                    -- Сен қайдан телефон шалып тұрсың?                                                                                                      -- Жатаханадан.                                                                                                                         --Мен саған шамамен бір сағатта келемін! Сосын Маратты қайдан іздеуді ақылдаса жатармыз. –деді де Асхат телефонды қоя салды.

  Майра : «Осы бірдеңені біледі!.. Егер қауіп рэкетерлардан болды десек, олар Маратты қалай тауып алуы мүмкін?.. Оны қайдан іздеуді тек Асхаттан білуі мүмкін...» деп ойлады. Оның үстіне Асхаттың даусынан қуыстанып тұрғаны байқап қалды.

   Асхат телефонды қоя сала біраз ойланып тұрды да, тұтқаны қайта көтерді. Қалтасынан Генрихтің телефон номерін тауып алып, тере бастады. «Генрих кәзір жұмыста болуы керек. Не де болса Мараттың жағдайын сол біледі.» деп ойлады. Бірақ телефонға  ешкім жауап бермеді. Содан кейін де жарты сағаттың ішінде екі-үш рет соғып еді, трупканы көтерген ешкім болмады...  « Бұл екеуіне бірдей не болуы мүмкін?» деген сұраққа Асхат жауап таба алмады...

                                 Мараттың түсі.

 Марат Михаилға ілесіп кабинеттен шықты.                                                                               -- Қарныңыз ашқан шығар. Алдымен тамақтанып алайық.                                                                --Менің қарным ашқан жоқ. – деді Марат.  Михаил оның бетіне бұрылып тұрып қарады да үндемеді. – Шын айтам!.. ашса-ашқан шығар... Бірақ мен сезіп тұрған жоқпын. 

Екеуі асханаға келіп кірді де бос орынға келіп, қарама-қарсы  жайғасты. Михаил қалтасынан төрт бұрышты карточка алды да, стол шетінде тұрған аппараттың тетініне салып еді, таблода бірнеше сандар шықты.                                                                                                    -- Сіз тамақтың қай түрін  қалайсыз? - деп Мараттан сұрап еді,                                              -- Білмеймін. Өзіңізге не тапсырыс берсеңіз, маған да соны тапсырыңыз -- деді Марат. Михайл саусағымен таблодағы сандарды бірнеше рет түртіп еді, «тапсырыс қабылданды» деген жазу шықты. Азғана уақыттың ішінде даяршы алдыларына ыстық тамақты алып келіп, стол үстіне жайғап қойды да:                                                                                                                                              -- Астарыңыз дәмді болсын! – деп, басын иіп, кетті. Михаил «Рахмет» деді де тамақ ішуге кірісті. Мараттың байқағаны  даяршы да бағанағы Эдуард-2 -ші сияқты форма киген. Бірақ түсі басқа. Екеуі тамақты үнсіз ішті. Анда-санда бір-біріне қарап қояды. Әсіресе Михаил, әлі де өз көзіне сенбегендей қарайды. Тамақ ішіліп бола берген кезде Марат:                                                                     -- Бір сұрақ қойсам бола ма?- деді үнсіздікті бұзып.                                                             -- Меніңше сіз маған тек бір сұрақ қоюмен шектелмейсіз-ау деймін... Біз ғой өткенді - яғни сіздердің өмір сүрген кезеңді – тарихтан, ескі кинолардан білеміз. Ал сіз үшін  бүгінгі біздің өмір – ашылмаған жаңалық екенін түсінемін. Сондықтан сұрағыңызды қысылмай қоя беріңіз. Мен шаршамай жауап беруге дайынмын. Оның үстіне менің бүгін сменам бітті. Бір ай бойы қолым бос. – деп Михаил орнынан тұрып, сыртқа беттеді.                                                                           -- Жаңағы даяршы - адам ба, әлде робот па?..                                                                   -- Қалай десем екен сізге. Ол бір жағынан робот, бір жағынан адам десек те болады. Дене бітімі робот, сана сезімі адамдікі.                                                                       -- Оны қалай түсінуге болады?..    Михаил сәл ойланып:                                                                                  -- Марат Абылқасым ұлы! Қателеспесем, жаңағы өмірбаяныңыз бойынша  сіз биология ғылымының профессорысыз..                                                                                                                     --Мен профессор емеспін..                                                                                                       -- Болашақта!.. профессор боласыз! Сондықтан сізге түсіну оңай болады. Мен сізге қысқаша түсіндіруге тырысайын. Мысалы: сіз бала-бақшаға алғаш барған күніңізді есіңізге түсіріңізші!.. Түсті ме есіңізге?                                                                                                                                        --Иә!.. Кейбір эпизодтар есімде.                                                                                            -- Сосын бірінші класқа барған күніңізді еске алыңыз!                                                     -- Ал, алдым!                                                                                                                            -- Содан кейін мектеп бітіргендегі кеш. Тағы басқа да уақиғалар мен айтқан сайын есіңізге түседі, рас па?                                                                                                 -- Рас!                                                                                                                                         -- Былайша айтқанда: ес білгелі басыңыздан өткен оқиғаның бәрі миыңыздың бір түкпірінде магнитафон лентасына жазғандай жазылып тұр, рас па?                                                                                                                                          -- Рас.                                                                                                                                      -- Міне! Сол көрген тәрбиеңіз, оқыған оқуыңыз, туыстарыңыз бен өткен өміріңіздің барлығы миыңызда жазылып тұрған информация - сіздің сана сезіміңіз. Сіз осыған келісесіз бе?                                                                                        -- Келістік делік.                                                                                                                         -- Ал онда!.. белгілі бір аппаратпен сіздің миыңыздағы информацияны, яғни сана сезіміңізді өшіріп тастаса!.. не болар еді?!                                                                                                                                             -- Трагедия болар еді!                                                                                                                      -- Дұрыс айтасыз!.. Онда сіз жаңа туған сәби сияқты жерге құлап түсер едіңіз! өйткені сіз жүруді білмейсіз!  Әке-шешеңізді танымақ тұрмақ, өзіңіздің кім екеніңізді білмес едіңіз!..  Ал енді мынаны қараңыз!—деді Михайл қызбаланып, -- 2050 жылдан аса бере!.. нано технологияның дамығаны сонша!.. ғалымдар адамның сана-сезімін томография арқылы кіші-гірім чипке – флэшкаға көшіруге болатынын ашты!.. былайша айтқанда сіздің сана сезіміңізді магнитофонға жазып алуға мүмкіндік туды!                                            -- Ал. Сосын не болды? – деді Марат.                                                                                 -- Сосын  сол чипті алды да, роботқа орната салды!                                                        -- ???.                                                                                                                                          --Бірдеңе түсіндіңіз бе?.. Жаңағы бізге тамақ әкелген даяршының денесі робот, санасы сезімі адамдікі дегенім сол!.. Біз оларды жалпы түрде  «Миссионерлер» деп атаймыз. Жеке  «Робот-мен» деген ағылшын cөзінің қысқартылған нұсқасымен «Роб-мен» деп те атаймыз. Адам егде жасқа келген соң сана сезімін көшіріп алып роботқа орнатады. Былайша айтқанда Роб-мен болып өмірін әрі қарай жалғастыра береді.                                                                                                                      Марат таң қалғаны сонша, аузы ашылып, не дерін білмей отыр. Соны түсінген Михайл жымиып күліп алды да, әңгімесін жалғастырды:

-- Дүниеге жаңа келген  сәбидің санасы - жазылмаған жаңа дәптердей тап-таза болады. Туған күннен бастап өле-өлгенше көргеніні, естігеніні, оқығаны, білгеніні, жан-жағын танығаны сол дәптерге жазыла бастайды. Алғаш тамақ сұрап жылағанды, аяққа тұруды, жүруді, сөйлеуді  үйренеді. Жан-жағындағы туыстарын тани бастайды... Қысқасы: адамның сүріп өткен өмірі – дәптерге жазылып қалған информация  -- сол адамның ақыл-ойы, сана сезімі!.. Ал адам организмі тозып... былайша айтқанда қартайып өлгенде, теңдесі жоқ информация -- сана сезімі бірге өле ме?.. Не деген әділетсіздік десеңші! Ал Роб-менді ойлап тапқаннан кейін көптеген шешімі жоқ  проблемалар өз-өзінен шешіле бастады. Мысалы: Адам баласы жерден басқа планетада ары кетсе бір жыл, одан артық өмір сүре алмайтынына көзіміз анық жетті. Оның үстіне адам космосқа ұшу үшін өзімен бірге ішетін тамағын, суын, дем алатын ауасын бірге ала жүруі керек. Ол дегенің қыруар шығын. Оған қоса салмақсыз кеңістікте адамның организімі ұзаққа шыдамайды. Сүйегі босап, аздаған күш түссе, морт сынатын болып шықты. Марс планетасында жердегідей атмосфера, гидросфера болған күннің өзінде де жердегідей магнит өрісі жоқ!.. Күн дегеніміз термоядролық реактор. Одан тараған радиация  ғарыштағы тірі организм үшін мейірімсіз орта. Ал жерде магнит өрісі болмаса тіршілік те болмас еді. Өйткені бізді күннің радияциясынан қорғап тұрған сол жердің магнит өрісі!.. Сондықтан адам  тек жерде ғана тіршілік ете алады!..  Миссионерлер – яғни Роб-мен үшін ондай проблема жоқ. Оларға су, ауа, тамақ деген артық заттар керек емес. Радияцияның да зияны жоқ. Тек аккумулятор батареясы болса болғаны. Ал энергия көзі – күн энергиясы біздің күн системасында құдайға шүкір жетерлік. Сондықтан біз үшін көрші планета Марсты, одан қалса бүткіл күн системасын  Роб-мендер игеріп жатыр. Біз – адамдар Марсқа анда-санда турист ретінде барып тұрамыз. Техниканың дамығаны сонша, Марстағы барлық процесстерді  жерде отырып-ақ басқара аламыз...Құдай бетін ары қылсын, егерде катастрофа болып, жер бетінде тіршілік жойылып кетсе де адамзат өлмейді. Уақытша паналайтын, біздің Галактикада  бір планета табылатынына күмәнім жоқ. Кейін қайта қалпына келген соң адам баласы Жер-анасына қайта оралары сөзсіз!..  Михайл біраз үндемей қалды.                                                                                                        – Жасанды интелекті роботтар құрастырып көрдіңіздер ме? Біздің кезімізде ғалымдар осы облыста біраз  жетістіктерге жетіп қалып еді ғой!..                                                                                                                                  – Иә!.. жеткенімізді кәйтейін... Олар тек біздің тапсырған программадан аса алмады.  Өз алдына дербес шешім қабылдауға қабылеттері жетпеді. Адамға тән ; аяныш, біреуге көмектесу, сүйу, кешіру сияқты сезімдерді үйрете алмадық. Адамға тән қасиеттерді қолдан жасауға болмайтынын, ол қасиеттер тек адамның жүрегінің түкпірінде, тіршілік барысында қалыптасатынын түсіндік...  Оның үстіне Робмендерді ойлап тапқан соң жасанды интелектің керегі де болмай қалды. Көптен табылмаған жұмбақтың шешімі өздігінен шешіліп сала берді!...                                                                                                                     -- Ал адамдар сонда не  жұмыс істейді?- деді көптен сөйлей алмай отырған Марат.

-- Басқару органдардың бәрі дерлік біздің қолымызда. Байланыс, информация орталықтары, энергетика саласы, транспорт жүйесі, ғылым орталығы да біздің қарамағымызда. Жұмыс адамдардың  бәріне жетпейді. Сондықтан біздің арамызда да сіздердің кездеріңіздей бәсекелестік әлі күнге дейін бар. Кім жұмысты тиянақты, жақсы істейді, соның капиталы да мол. Еңбегі де жоғары бағаланады. Болашақта Роб-мен болу үшін бонусы көбейеді. Шынын айтсам адамдардың жұмыс істегеннен демалысы көп. Мысалы мен  айына  бір жеті жұмыс істеймін. Қалған уақытта дем аламын, бала-шағаммен дүние жүзін аралаймын. Спортпен шұғылданамын. Достарыммен араласамын. Оқимын. Қысқасы: іш пысуға уақыт жоқ. Толық бостандық!                                                                                                                                   --Ал миссионерлер ше? Дем алмай ма?                                                                                    -- Олар да дем алады. Өйткені олардың балалары, немере-шөберелері жерде ғой. – Михаил аузын ашып отырған Маратқа қарап:                                                            - - Иә!.. олардың немере-шөберелері бар!. Өйткені кімнің бала-шағасы болған жоқ, сол Роб-мен бола алмайды! Ол заң жүзінде бекітілген!                                                                                                                     -- Сонда әркім Роб- мен бола алмайды ғой?                                                                       -- Иә!.. Мысалы: Сіз Роб-мен болу үшін, алдымен өзіңізге құдайдың берген өмірін -- сексен жыл адам болып өмір сүруіңіз керек. Жай өмір сүріп қана қоймай, жанұялы болып, кем дегенде бір бала өсіріп, соны өзіңіз тәрбиелеп жеткізуіңіз негізгі шарт. Заң бойынша жұмыс күніңіз айына бір-ақ жеті. Қалған уқыттың көбісін жанұяңызбен боласыз! Гәптің бәрі осында! Бала-шағаңызбен ұзақ уақыт бірге болып, көбірек араласқан сайын,  ара-қатынастарыңыз күшейе түседі, балаларыңызға деген сүйіспеншілік ұлғайа береді емес пе! Одан кейін немерелі боласыз! Оларды тәрбиелеп, соларға деген сүйіспеншілік пайда болады! Қызымет істеп, барынша көп  бонус жинауға міндеттісіз. Жан-жақты білімділігіңіз болуы керек. Жұмысты жақсы істегеніңіз, немесе  алған ескертулеріңіз, жұмыс ережесін бұзғаныңыз, бәрі ескеріледі.                                                                                                  -- Былайша айтқанда, «жақсы болсаң жұмаққа, жаман болсаң тозаққа барасың» дейсіз ғой!..                                                                                                               -- Иә! өте дұрыс айтасыз... Сөйтіп жүріп сіз сексенге келесіз Міне, сонда барып сіз - Роб-мен болуға дайынсыз!.. «Бала-шағалы болу - негізгі шарт» дейтінім: Роб-мен болған соң сіз бірінші кезекте өзіңіздің сол бала шағаңыздың  игілігіне қызымет етесіз! Содан кейін Адамзат үшін.                                                                                                                 --Сонда миссионерлер қанша жыл өмір сүреді?                                                                  -- Шексіз!.. Адамзатқа бүкіл галактиканы игеру керектігін ескерсек:  Алда қыруар жұмыс күтіп тұр емес пе?.. Ашылған планеталарды игеруге қаншама адам керек десеңізші!  

Марат Михаилдан естігенін миына сыйғыза алмай, әлек болып отырып қалды. Біраз үнсіздіктен соң:                                                                                                              -- Мен бір жерден оқығаным бар еді!.. Онда: «Болашақта адам өлімді іздейді. Бірақ таба алмайды» деген еді. Сол рас болғаны ма?..

-- Ол кітаптың аты «Апокалипсис» емес пе! Тек онда  «Адам өлгісі келеді, бірақ өле алмайды!» делінген. Ал, бізде керісінше -- өлгіміз келмейді!..

                                                      ***

Генрих тағы да қиналып жатып оянды. Бұл жолы да қатты шөлдепті. Маратқа қараса, терлеп жатыр екен. Орнынан тұрып, оған система салып, өзі де асығыс тамақтанды да, қайта жатты. «Сайтан алғыр! Мараттың мына түсі барған сайын қызық болып барады! Аяғы немен бітер екен?» деп ойлады ішінен...

                                                      ***

Асхат Майраны көргенде танымай қалды. Түнімен ұйықтамай, жылап шыққаннан көздері ісіп кетіпті. Асхатты көргенде де жылап жіберді.                                                                                                                                     – Қой,  Майра!.. Оның не? Жамандыққа бастама. Аман-есен екеніне мен сенемін. Жақын арада-ақ келеді! – деп жұбата бастады. Жұбатып тұрып түсінгені: Майраны енді ешқашан өзіне қайтара алмайтыны. Соны ұқанда жүрегі сыздап кетті... «Амал қанша! Мен оны сүйгеніммен, ол мені сүймесе не шара!  «Жүрекке әмір жүрмейді» дегенді осыдан айтқан  шығар. Болар іс болды, енді түзелмесіне көзім жеткен сияқты. Енді жексұрын болмай-ақ қояйын» деген шешімге амалсыз келді. Бір жағынан жылап тұрған Майраны аяп кетті.

-- Асхат! Жүрегім бір қауіпті сезетін сияқты! Рэкеттер бір жерде қамап ұстап отыруы мүмкін ғой. Төбелеске бола өлтірмейтін шығр! Әйтпесе бір хабарын берер еді ғой!.. бір шара қолдануымыз керек сияқты! Не істейміз? – деп Асхатқа қарады. «Көзқарасының өткірін-ай. Өңменімнен өтіп кетер ме екен!» деп ойлаған Асхат жерге кіріп кете жаздады. Тыпыршып бір орнында тұра алмады. Майраның алдында кінәсі бар екенін сезді де:                                                                   -- Менен хабар күт!.. – деп  есікке бет алды...

Такси ұстап мініп, Генрихтің жұмысына келсе, кабинеті жабық тұр! Жұмыс кестесі бойынша қазір жұмыс уақыты. «Бұл қайда жүр?» деген оймен көрші кабинеттің есігін ашып, ақ халатпен отырған жас келіншектен сұрап еді: «Өзіміз де білмейміз қайда екенін... «Шет елге кетем»деп жүруші еді, кетіп тынды ғой деймін сол!» – деді қағаз толтырып отырып.                                                      -- Үйінің телефон номерін білесіз бе?—деп еді,                                                                           --Администратор біледі. -  деді қысқа ғана...

Генрихтің үйіне телефон шалып еді, онда да ешкім трупканы көтермеді. Не істерін білмеген Асхат үйіне қайтты. Пәтердің есігін ашса, телефон шырылдап жатыр екен. Жүгіре жетіп трупканы көтеріп еді аржақтан дауыс:                                                                                        -- Саған «Алмас» деген есім таныс па?..- деді. Нұртастың дауысын Асхат бірден таныды. «Амандық-саулығы жоқ» деп ойлады.                                                                                                  -- Ал.. Таныс болса ше?                                                                                                               -- Сол туралы жаңалықты естідің бе?.. Естімесең  сүйінші!..                                               -- Ол не жаңалық?!                                                                                                                       -- КНБ Алмастың тобын құрықтады!  Алмастың өзі шет елге қашып кетіпті! Бұл сенімді адамдардан келген информация! Сондықтан сүйіншіңді дайындай бер! -- деді Нұртас...      

 

                                     Мараттың түсі

    Әңгімелесе жүріп Михаил Марат екеуі сыртқа шықты. Жылы жел жусан исімен араласып келіп бетке ұрды. Күн түстен ауған шақ екен.

-- Өзімді далаға шықпағалы жүз жыл болмағандай сезінем! – деді Марат. Сол кезде екеуі бір-біріне қарады да, күліп жіберді. Айтылған сөздің мағынасын екеуі артынан түсінген еді . Байқоңыр кәдімгідей үлкен, жаңа үлгіде салынған қалаға айналыпты. Зәулім биік үйлер, жол тораптары қаланың көркін келтіріп тұр.

-- Айтыңызшы Михаил! Байқоңыр қазір кімнің игілігінде?—деді Марат.

-- Жүз жыл  бұрын -- Кеңес өкіметі құлаған соң, Байқоңыр Қазақстан жері болып танылған болатын. Жыл өтпей Ресей мен Қазақстан өз ара келісіп, Байқоңыр Ресейге көп жылға жалға беріледі. Жиырма бірінші ғасырдың ортасына таман Халық-аралық ғарыш орталығы құрылып, «Байқоңыр» дүние жүзілік космос орталығы болсын деген  шешім қабылданды да Қазақстаннан жалға алды. Содан бері міне үлкен орталыққа айналды. Байқоңырда дүние жүзіндегі ең үлкен ғылыми орталық қалыптасқан. Бұл жерде дүние жүзіндегі ең мықты мемілекеттердің алдыңғы қатарлы техналогиясы орналасып, білікті ғалымдары қызымет етеді.                                                                                                                                                 -- Әр мемілекет өз алдына ма?                                                                                            -- Жоқ! Бұл жерде бәрі ортақ, бір мақсатқа қызмет етеді.                                                    -- Ал басқа космодромдар ше?  Американың Флорида штатындағы НАСА орталығы бар емес пе еді?                                                                                                                         -- Болған!.. Қазір барлық материктердің ойпаң жерлерінің көбісі су астында қалды. Соның ішінде «Канаверел» түбегі де кетті. Оның үстіне «Байқоңыр» космодромы космостық деңгейде өте ыңғайлы нүктеде орналасқан.                                                                                                                   -- «Су астында қалғаны» несі?

-- Өзіңіз білесіз ғой, жиырма бірінші ғасырдың басында басталған Ғаламдық жылу процесстері Антариктида мұзының  еруіне әкеліп соқты емес пе?  Соның кесірінен барлық Мұхиттардың деңгейі көтеріліп, Мұхит деңгейінен төмен тұрған көптеген жағалаулар су астында қалды. Сіздің кездегі географиялық картаның қазіргіден  көп айырмашылығы бар!                                                                                -- Климат та қатты өзгерген шығар?                                                                             -- Әрине!..                                                                                                                     Екеуі әңгімелескен күйі электромобилге келіп отырды да жүріп кетті. «Елу жылда ел жаңа» деген осы шығар деп ойлады Марат, көлікті карап жатып. Бір кезде:                                                                                                                                 -- Осы жүз жылдың ішінде болған негізгі өзгерістерді айтып бере аласыз ба?—деді Марат.  Михаил көпке дейін ойланып отырды да:                                                        -- Қарсы болмасаңыз, адамзат тағдырына  әсер еткен уақиғаларды ғана атап өтейін. Бәрін айтып жатуға көп уақыт керек.                                                                       -- Иә!.. Менің де білгім келгені  сол.                                                                                         -- Бірінші, және ең бастысы --  Адамзат «Адам -- табиғаттың қожасы» деген пікірден мүлде бас тартты. Өзін табиғаттың ажырамас бөлшегі екенін мойындады. Ондай пікірге адам  биологиялық түр ретінде үш рет жойылып кетуге аз қалған кезде барып келді.                                                                                                Біз үш  катастрофадан аман қалдық!.. Алғаш рет араптар мен еврейлер арасында атом соғысы туа жаздағанда!.. Содан соң космостан келген астероид жермен қақтығысуға аз қалғанда. Ені үш шақырымдай болатын, сағатына елу мың шақырым жылдамдықпен ұшып келген   астероидты қайдан келгенін кеш байқап қалдық.  Бағымызға қарай астероид жер атмосферасын тіліп өте шықты!.. Соның әсерінен  жер беті температурасы бір жыл бойы екі градусқа көтеріліп тұрды. Ауа-райы күрт өзгеріп, көп жерлер су астында қалды. Ал адамның қолынан -- бақылап тұрғаннан басқа түк келмеді!.. Ең соңында дүние жүзінде эпидемия жүргенде! Пандамия күтпеген жерден пайда болып, жайбарақат жатқан адамзатты ойсыратып кетті. Адам антибиотикті, және басқа да дәрілерді қалай болса солай қолданғаның кесірінен иммунитеті әлсіреп, керісінше микроорганизімдер мен вириустар күшейіп кетті де халықтың үштен бірі қырылып кетті! Сонда ғана адамзат өзінің «бағасының»  бар болғаны бес-ақ тиын екенін түсінді!.. Галактика  көлемінде алып қарағанда кішігірім бөлшек екенімізге көзіміз жетті!  Дереу ақылға келу керек екенін ұқтық!..  Адам баласы жұмған жұдырықтай бірікпесе болмайтынын түсініп, іс жүзінде қимылдай бастады. Алғашқы жасаған қадамы: халық-аралық заң шығаратын орган құрдық. Сол орган шығарған заңды барлық мемілекеттер бұлжытпай орындайтын болды. Соның арқасында ұлт-аралық қақтығыс деген мүлде жойылды. Соғыс қаруын шығарудың қажеттілігі  жоққа айналды. Мемлекет арасындағы шекаралар қағаз жүзінде ғана қалды. Халықтар қоян-қолтық араласып кетті... Бұған қоса Біз көрші Планеталарды, оның ішінде Марсты игеруді бастадық.  Бірақ Адам Жерден басқа планетада немесе ғарыш кеңістігінде өмір сүре алмайтынын түсіндік.  Бұл жерде ең басты рөлді Миссионерлер атқарады. Космостағы тоқсан тоғыз пайыз жұмысты солар жүргізіп жатыр.  Айға барып келу, біз үшін түкке тұрмайды. Төртінші: Табиғатты барынша аялап, фауна мен флораны қалпына  келтіруге кірістік. Құдай қаласа енді бір жүз жылда орнына келтіретін шығар!.. Жойылған, немесе жойылуға жақын биологиялық түрлерді қайта жандандырып жатырмыз. Органикалық отын: Мұнай мен табиғи газды, көмірді жағып атмосфераны ластағанды қойдық. Атом электр станциясынан да бас тарттық. Өйткені олар да қауіпті екеніне көзіміз жетті.                                                                                                                                -- Ал сонда энергияны қайдан аласыздар?..                                                                          -- Электр энергиясының қырық пайызын бұрынғыдай су, жел және күн энергиясын пайдаланамыз. Қалғанын басқарылмалы термоядролық синтез арқылы аламыз. Бұл қауіпсіз жол болып саналатынын сіз білетін боларсыз?                                                                                -- Иә! Бірақ оған керекті изотоп – деитерий мен тритийді қайдан аласыздар? Менің білуімше бұл изотоптар жер бетінде кездеспейді ғой!..

-- Жоқ! Деитерий мен трийдің уақыты өткен. Қазір гелий-3 ті қолданамыз.  Оның үстіне бұрынғымен салыстырғанда кәзіргі техника: оның ішінде тұрмыс техникасы да электр энергиясын алпыз пайызға аз пайдаланады. Бұрын  тоқ күші кәдімгі розеткада 220 вольт болған болса, қазір бар болғаны 60 вольт! Өйткені бұрынғы алюмин, мыс сияқты кедергісі жоғары өткізгіштерді қазір мүлде қолданбаймыз.                                                                                                                                                                                                                 Зәулім үйдің астындағы автотұраққа келіп, машинасын бос орынға қойды да, Михаил  «келдік» дегендей белгі берді де Марат екеуі машинадан түсті.                                                                                                     -- Мына үйде маған жұмыс орнынан берілген пәтерім бар. Сіз осында тұратын боласыз. Ал мен екі күннен кейін еліме кетемін. Тек бір айдан кейін бір-ақ келемін. Сізді қаладан шығармайды. Мен келгенше «қашып» кетпеңіз!—деді Михаил әңгіменің артын қалжыңға айналдырып..                                                                                                            -- Мені неге шығармайды?                                                                                                   -- Себебі, Байқоңыр жабық қала! Ал сіздің денеңізде чип жоқ! Мысалы менің денемде чип бар. Ол чипте мен туралы информацияның бәрі жазылған. Менің қайда жүргеніме дейін GPRS арқылы, яғни спутниктік байналыс арқылы орталыққа ақпарат түсіп тұрады. Жұмысқа қай уақытта келіп кеткеніме дейін орталық жазып тұрады. Сіз байқадыңыз ба? Есіктер мен жақындағанда өздігінен ашылатынын. Өйткені есіктің кілті де менің денемдегі чиптен мағұлыматты оқығанда ғана ашылады. Менсіз сіз пәтерге кіре алмайсыз.                                                                                                                  –Ал сіз кетіп қалсаңыз мен пәтеріңізге қалай кірем?                                                             – Арнаулы құпия шифрды сізге қалдырып кетемін                                                              -- Түсінікті.. Ал сіздің еліңіз қай жақта?                                                                       -- Ресейде!.. Жанұям да сол жақта. «Байқоңырға» мен жұмыс кезінде ғана келемін.                                                                                                                            Екеуі  лифтіге кіріп, отызыншы қабатқа бірақ көтерілді. Мына үйді салғандағы қолданылған құрлыс материалдарын  Марат бұрын көрмеген еді. Сапасының өте жоғары екені байқалып-ақ тұр. Дизайны да жаңаша.  Жан жағына қарап, әр нәрсені сипап, шұқып көріп келе жатты.  Екеуі пәтердің табалдырығына келген кезде, есік өз-өзінен ашылды. Пәтерге кірген соң, Михаил қолына пультті алып нүктелерін басып еді, терезе перделері де өздері ашылды. «Кондиционер қосылды-ау» деп ойлады Марат, өйткені бөлмелердің ауасы демде тазарып, салқындады. Бірақ дыбысы естілмеді.                        - - Алдымен жуынып-шайынып алайық. Әңгімені содан кейін жалғастырармыз. Жуынатын жер мына жерде, сүлгі сабын бәрі бар. – деді де қабырғадағы аппараттан нүктелерді басып:                  

 -- Сізге жуынғанға судың отыз градус жылылығы жете ме? Жетпесе мына тетіктерді басып өзіңізге керегінше реттеп аларсыз.                                                                                                          -- Жарайды. Өзім де жуынғанды аңсап тұр едім, – деді де Марат жуынудың қамына кірісіп кетті.                                                                                                                       Жарты сағат өткенде екеуі терлеп-тепшіп шай ішіп отырды. Михайл  қабырғада тұрған теледидарды қосты да:                                                                                

-- Ренжімесеңіз мен бала-шағаммен сұқпаттасып алайын – деді.                                         

-- Қалай?..                                                                                                                                

-- Қазір көресіз – деп үлгерген жоқ, теледидарда бір келіншек пен үш баланың келбеті пайда болды. Әлгі балалар бұларға қарап «Папа! Папа» деп шу ете қалды. Бұларға қарап қолдарын бұлғап та қояды.                                                                                                                                     

 -- Олар да  бізді көріп отыр ма? – деді Марат                                                                 

--Иә, әрине көріп отыр.  Содан не керек Михайл бала-шағасымен шүйіркелесіп жатты. Осының бәрін бақылап отырған Мараттың көзіне Майра елестеп кеткендей болды...

                                                    ***

   Генрихті телефон шырылы оятты. Уақытқа қарап ұйқысының бұл жолы сегіз сағатқа созылғанын байқады. Телфон трупкасын көтеріп еді -- әйелі екен. Аман саулықты білген соң:                                                                                          

  -- Не, жайшылық па? – деді.

-- Сені Асхат деген бір жігіт іздеп жатыр! Мен сені командировкада деп едім, «Егер  хабарласып қалса мына сөздерді айта салыңыз» деді... Мен қағазға жазып алдым. Өйтпесе еске сақтау мүмкін емес. Шпиондар сияқты жасырын шифрға ұқсайды... Міне тыңда!..  «Папа қасқырларды қолға түсірді! Эксперимент аяқталды. «Лобараториялық қоянды» жедел түрде  орнына қайтару керек» деді.                                                                                                         

 --Қалай дейсің?.. – деді Генрих ештеңені түсінбей, -- тағы да бір рет қайталашы:                                                                                                                               

 -- Сөзбе-сөз қайталаймын! – деп әйелі жаңағы Асхаттың сөздерін тағы қайталады да -- Сендер не: Штирлиц пен пастер Шлак сияқты жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Ол не қылған қоян мен қасқырлар? Айтып түсіндірші маған! Не..аңшы болып кеткенсің бе? – деді әйелі. Генрих күліп жіберді.                                                                                     

 -- Жағдай түсінікті! Не болғанын саған ертең айтам.   Әзірге сау бол! – деп трупканы қоя салды. Асхаттың «жасырын сөздерін» Генрих өзінше былай деп түсінді: «Папа дегені үкімет; қасқырлар дегені рэкет; ал «лабараториялық қоян» дегені Марат шығар. Үкімет рэкетерлардың көзін құртты. Ал Маратты туыстары іздеп жатыр. Тезірек қайтар дегені ғой» деді де күлді. Шынымен Асхаттың сөздері адамның күлкісін тудырадтын еді.      Марат оң жамбасына аударылып жатыпты. Ас-суын ішіп, дәрет алып болған соң Мараттың жағдайын жасады да, қайта ұйқыға кетті...

                                                                                                                                                       

                                Мараттың түсінің жалғасы.    

-- Айтыңызшы Михайл!.. Ғарышты игерудегі жетістіктер қандай? Басқа галактикаға жеттіңіздер ме?                                                                                                       

 -- Басқа Галактика туралы  армандамай-ақ қойсақ та болады. Тіпті жарық жылдамдығымен ұшқанның өзінде келесі галактикаға жеткенше екі миллионға жуық жыл керек емес пе!.. Оған ешбір адамның  өмірі жетпейтіні түсінікті. Оның үстіне шашылған тарыдай галактикалардың  бір-бірінен алшақтап бара жатқанын ескеруіміз керек.  Сондықтан әйтеуір «көңіл қалмасын» деп аппарат жібергенбіз. Ол жаққа да мисионерлер кетті. Біз сияқты емес, бір ұйықтағанда мыңдаған жылдар «ұйықтай» береді…   Ал өзіміздің «Құс жолы» галактикасын зерттеп жатырмыз! Біздің галактиканың өзінде миллионға жуық күн сияқты жұлдыз бар! Ал жерге ұқсасы қаншама! Бірақ көлемі жағынан жерге ұқсағанымен, құрылымы жағынан біздің жер сияқты бір де бір планета табылған жоқ. Әзірге!.. – деп саусағын шошайтты.                                                                                                       

 – Ал, инопланеталықтармен қарым қатынас жасадыңыздар ма?                                   

– Жоқ!.. Біле білсең, бұл адамзаттың негізгі проблемасы! Оларды жылдан-жылға  жиі кездестіреміз, бірақ біз қалағанмен -- неге екені белгісіз – олар бізбен кездсуден қашады. Ойларының не арам, не халал  екенін білмей әлекпіз. Ең бастысы олар бізді зерттеп біліп жүрсе бізде олар туралы еш мағлұмат жоқ! Күтпеген  жерден жылт етіп көрінеді де, ғайып болады. Сондықтан адам баласын алда не күтіп тұрғанын әзірге ешкім білмейді!.. Ғарыштың қожайынымыз деп айтуға ауыз бармайды.  Екеуі әңгімелесе жүріп болконға шықты. Отызыншы қабаттан «Байқоңыр» алақанда тұрғандай кішкене болып көрінді.                                                                                        

-- Анау блок – Американікі, одан кейінгі блок – Жапондардікі. Мына жақ Қытайдікі. Ал мына жақ Европо Одағына тиесілі. Бәрі  жерді Қазақстаннан ұзақ жылға жалға алып отыр.                                                                                                       

-- Ал Қазақстан Ғарышты игеруге  қатыса ма?                                                                   

--Әрине!                                                                                                                                      

-- Ал ракета ұшатын старт алаңы қайда?                                                                                  

--  Жер астында!.. Өзіңізді тауып алған үшінші блоктан ұшады. Егер қаласаңыз ракеталардың қалай ұшатынын көрсетейін. Тек қазіргі кезде оны ракета емес, космолет деп атаймыз                                                                                      

-- Егер мүмкін болса!                                                                                                              

 -- Әрине болады. Егер Қаланы төбесінен тамашалап болсаңыз, кеттік – деді Михаил қазақша таза сөйлеп. Екеуі киініп далаға беттеді.

-- Қазақшаны қайдан үйренгенсіз? Біздің кезімізде Қазақстанда тұрған орыстар қазақша білмек тұрмақ, сөйлегісі келмейтін.                                                                      

-- Космос агентігіне жұмысқа тұрғанда дайындау курсынан өткенбіз. Бұл жерде қызыметте жүргендердің бәрі: американдық болсын орыс болсын, қазақша сайрап тұрады. 

-- Михайл! Ал дін ше? Дін өзгерді ме?                                                                                  

 -- Жоқ. Меніңше дін салт дәстүр ретінде ғана қалды. Адамдардың көбісі әке-шешесі қай дінге бауласа сол дінді салт дәстүрі ретінде қабылдады. Мысалы мен православтық  дінінің мерекелерін жанұяммен, туған туыстарыммен бірге тойлағанды жақсы көремін, және мейрамдарды асыға күтемін де... Бірақ әркім әр дінге сенгенімен, бәріміздің шыққан тегіміз бір екенін түсінеміз. Бір данышпан «Барлық діннің жолдары әртүрлі болғанымен, барар жері бір құдай!» депті. Сол айтпақшы жаратушы бір құдай екенін мойындаған секілдіміз. Болашақта не боларын кім білсін. Олай дейтінім -- әр ұлттан тұратын жанұялар жылдан жылға көбейіп барады. Әсіресе осы «Байқоңырда» көп. Менің өзімді алып қарасаңыз,  әкемнің әкесі абхаз,  шешесі орыс. Менің әйелім де құрама жанұядан шыққан. Әкесі украйн да шешесі татар. Сонда бізден туған балалар кім болды десеңізші!.. Ұлт туралы ұғым да біртіндеп өзгеріп бара жатқан сияқты. Бәрі деп айта алмаймын, бірақ көпшілік қауымның пікірі солай. Бірақ сіздердің кездегідей ұлтшыл ұйымдар мен адамдар әлі де кездеседі. Қылмыскерлер мен қылмыстық топтар да баршылық. Бірақ адамдардың ішкі денесіне туғанда  орнатылған чип арқылы барлық әрекетін  үнемі қадағалап отырамыз. Оның үстіне барлық жерде видеокамера орнатылғандықтан қылмыстық көрсеткіш сіздермен салыстырғанда әлдеқайда аз.   Марат Михаил екеуі әңгімелесе жүріп автотұраққа келіп электромобилге мінді де қаланың сыртына қарай бет алды. Далада ауа-райы демде өзгеріп, жаңбыр жаууға айналыпты.                                                                                                           

 – Климат қаншалықты өзгергенін айтпай-ақ қояйын, оны айтуға тіл жетпейді.- деп Михаил көпке дейін үндемей қалды. Марат та өз ойымен әлек. Біраз үнсіздіктен кейін Михаил:                                                                             

-- Бүгін мамырдың 21- ме. Онда дәл бүгін ұшақ алаңында миссионерлерді ғарышқа шығарып салу дәстүрі болады. Кәзір сол салтанаттың куәсі боламыз!—деп Маратқа қарап жымиып қойды. Екеуі бағана өздері кеткен ғимаратқа келіп кірді де, лифтіге мініп төменге кетті. Жер астына он этаж төмендеді де лифтіден шығып, кең залға келіп кірді. Бұл жерге адамдар көп жиналыпты. Бір бұрышта оркестр марш ойнап жатыр.                                                                 

  -- Бұл жерге үш ұрпақ жиналған. Бүгін бір топ қарттар Роб-мендер қатарына қосылады. Роб-мен болу – жаңадан өмірге келгенмен бірдей! Жаңа туған бала сияқты жүруді, сөйлеуді қайтадан үйренуге тура келеді. Арнаулы мектепте барлық дайындықтан өткен соң, ғарышқа -- алыс жұлдыздарға сапарға аттанады.                                                                                                                        

-- Олар сапарда қанша жыл болады?.. Қайтып жерге орала ма? – деді Марат.                                                                                                                            

  -- Сапар кем дегенде жиырма жылға созылады. Өйткені жұлдыздар аралық жол ұзақ. Жол бойы көбінесе ұйықтаумен өтеді. Ал бала-шағасымен теледидар арқылы үзбей хабарласып тұрады. Бір кезде сахынаға бір кісі шықты. Осы кешті жүргізуші екен. Оркестр музыканы тоқтатты да, жүргізуші сөзін бастап кетті. Не туралы айтқанын Марат түсінген жоқ. Бір-ақ  жүргізуші көп сөйлемеді. Бір кезде жас шамасы жетпіс-сексенге келген еркек-әйелі аралас қарттарды кішкене жас-өспірімдер жетектеп, көпшіліктен бөлініп шығып, еденге сызылған сызықтың ар жағына өтті. Михаил  «немерелері мен ата-әжелері» деп түсіндірді. Сол арада үлкендер сап түзеп тұрды да, немерелер қайтып келіп, көпшілікке келіп қосылды. Болашақ Роб-мендер шығарып салып тұрған көпшілікке қарап тұрып, «адамзатқа мүлтіксіз қызымет етеміз» деп ант берді. Сосын келіп туыстарымен қоштаса бастады. Оркестр қоштасу марштарын ойнап жатты.  Осы сәт жүрек тебірентпей қоймайтын еді. Қарап тұрып көзіңе жас алмау мүмкін емес. Бір кезде үлкендер бөлініп шығып, сызықтың ар жағына қайта шықты да, қолдарын бұлғап біраз кідіріп, арттағы есікке кіріп кетті. Осының бәрін сыртан бақылап тұрған Мараттқа қатты әсер қалдырды. Үш ұрпақтың арасындағы айнымас ынтымақтың куәсі болғанына риза болып қалды.                                                                                                                       

 – Ал енді сізге космолет ұшатын алаңды көрсетейін,—деп Михаил Маратты басқа бір есікке қарай ертіп әкетті. Лифтімен бір-аз  төмен түскен  соң бір қабатқа  келіп тоқтады. Жақындаған сайын өткендегі шахтадағы гуілдеген  таныс дауыс барған сайын анық естіле бастады. Бұл жерде өткендегі өзін тауып алған  Роб-мендер жүр екен. Оларды үстіндегі киімнің түсінен білді.   Михаил Марат екеуі бақылау бекетіне келіп, келесі космолеттың ұшуға дайындығын бақылап тұрды. Космолет ракетадан мүлде басқаша көрінді.                                                                                                                                                    

 – Сонда не? Ұшу алаңы жер астында ма? - деді Марат таңданғанын жасырмай.                                                                                                                

 – Міндетті түрде!.. – деді Михайл. –Қазіргі кездегі ғарышқа ұшу техналогиясы сіздердің кездегі технологиядан әлде қайда басқаша. Өзі арзан, өзі табиғатқа зиянсыз.  Мына тұрған космолетағы орындарына  миссионерлер жайғасқаннан кейін, ұшақ анау тұрған шахтаға кіреді. Сосын мына есіктер жабылған соң, шахта ішіндегі ауаны сорып алып, ваккум тудырады. Ваккум ішінде ауа кедергісі болмайтынын өзіңіз де білесіз. Ал ұшақ астында магниттік жастық бар. Сол арқылы керекті жылдамдыққа дейін жеткізеді. Ал шахтаның ұзындығы жер бетіне дейін бес шақырым.                                                                                                                 – Сонда біз жер астында бес шақырым тереңдікте тұрмыз ба? – деді Марат.                                                                                                                           

 – Жоқ! Бар болғаны жүз елу метр тереңдіктеміз. Шахта жер бетімен паралелді орналасқан.  Керекті жылдамдыққа жеткен соң ұшақ жер бетіне осы арадан он бес шақырым жерден секундына елу шақырым жылдамдықпен бір-ақ шығады. Бұрын ракетаға гиптил сияқты өте улы да қымбат отынды қолданған болса, қазір магнит өрісін қолданамыз. Бар айырмашылық осында. Әрбір космолетты ғарышқа шығару бұрынғы тәсілден елу есе арзанға түседі. Соның арқасында бүгінгі күні ғарышқа күніне екі-үш космолет  шығара аламыз. Екеуі әңгімелесе жүріп бір блоктың қасынан өтіп бара жатты. Әлгі блокта сап түзеп тұрған Роб-мендерді сілтеп Михаил:                                                                                                                                  

-- Мына сектор жаңадан болған  Роб-мендердің мектебі. Әлгілер жүруді үйреніп жатқан түрлері,—деді.  Екеуі біраз жер үнсіз жүрген соң, кенет Мараттың басына бір ұшқыр ой келе қалды. Күтпеген жерден келген ойдан Мараттың өзі де сасып қалып кілт тоқтады да:                                                                                                                                        

-- Михаил!.. Есебім бойынша,  Роб-мендерді ойлап тапқан кезде мен бұл өмірде болған жоқ екенмін.. Ендеше Роб-мендердің қатарында жоқпын ғой!.. Маған қазір Роб-мендер қатарына қосылуға бола ма?.. Әрине тек мүмкін болса... Сенің қолыңнан келсе..—деп жалынышты жүзбен Михайлге қарады. Бұндай ұсынысты күтпеген Михайл да сасып қалды:                                                                        

-- Сіз оған дайын емессіз ғой!.. Оның үстіне бұл заңға қайшы келеді! Ол үшін сіздің өмірбаяныңыз керек. Бағана айтқанымдай балалы-шағалы болуыңыз  міндетті!.. Жо-жоқ олай істеуге болмайды. Оның үстіне менің ондай құқым да жоқ. Онымен басқа бөлім айналысады! – деп азар-безер болды.                                                                                                                                      

 – Жарайды. Егер болмаса,  қажеті жоқ!- деді Марат. Екеуі біраз үндемей қалды.  Мараттың жанып тұрған көзі су сепкендей басылып, көңілі түсіп кеткенін байқаған Михайл:                                     

-- Сені түсінем! Роб-мен болып мәңгі өмір сүргіңіз келетінін көзіңнен-ақ байқап жүрдім... Бірақ қолымнан ештеңе келмейді.—деп келе жатты да тоқтай қалды: -- Айтпақшы!..  менің жан досым сол бөлімде басқару тобында істейді! Сонымен ақылдасып көрейінші. – деді де қалтасынан бір кішкене апаратты алып құлағына іле сала:

-- Роберт!.. – деді. Сосын Маратқа қарап:

-- Мен досымды байланысқа шақырып жатырмын. Сіздердегідей сандарды термейміз. Тек атын айтсақ болғаны, телефон өзі байланыстырады. – деп түсіндірді. Содан кейін әріқарай досымен сөйлесіп, Мараттан алшақ жерге барып тұрды. Марат бәрібір түсінбес еді. Өйткені олар ағылшын тілінде сөйлесіп, Михайл бірдеңелерді айтып, қолын сілтеп жатты. Бір кезде Мараттың қасына қайтып келіп:

-- Жүр кеттік! Ол бізді бөлімінде күтіп тұр! – деп кері қарай жылдам жүре жөнелді. Алғашында айтуын айтып алды да, енді Мараттың өзі сасайын деді. «Базарға киім сатып алуға бара жатқандай болмай кішкене ойланып алған жөн еді! Шешеммен ақылдасу керек емес пе?»... Кенет есіне Майра түсті де, денесі түршігіп кетті. Бірақ Роб-мен болып мәңгі өмір сүретінін. Бүкіл ғарышты игеретінін ойлап, ішінен  « Ай!.. бірдеңесі болар... Ары кетсе түсім ғой!» деп өзін-өзі жұбатқансыды. Көздеген жерге келсе, Михаилдың досы дәлізде күтіп тұр екен. Амандасып, танысып болған соң екеуі Мараттан оңаша кетіп сөйлесе бастады. Михаилдың түрінен өтініп сұрап тұрғаны,  Роберттің пішінен басында келіспегені байқалып тұрды. Михаилды біраз тыңдап тұрды да, Роберт екеуі бір шешімге келгендей болды. Кенет екеуі Маратқа келді де, Роберт таза қазақ тілінде:

-- Менің қолымнан келері, Сіздің сана сезіміңізді флэшкаға көшіріп алу ғана. Кейін, Михаил екеуміз бір ыңғайын келтірерміз. Соған келіссеңіз—жүріңіз.- деді де кабинеттің есігін меңзеді. Михайл:                                                                                                          -- Марат сен қорықпа. Бәрі ойдағыдай болатынына мен сенемін. – деді де, өзі сыртта қалып қойды. Кабинетте Роберттен басқа ешкім жоқ екен. Бөлме ортасында тұрған аппараттың қасындағы орындықты меңзеп Роберт:

-- Өтінем! – деді. Марат та «неде болса, болар іс болды. Нар тәуекел!» деп ойлап орындыққа келіп жайғасты. Жүрек қағысы жиілеп, уәйімдей бастағанын Роберт сезіп:                                                                                                                                                  

-- Барынша тынышталып, денеңізді бос ұстауға тырысыңыз. – деді де, аппаратты Мараттың басына тіркеді. Сосын ішінде белгісіз дәрісі бар  щприцті алып Мараттың білегіне ине салғаны сол еді, айналдырған бір минуттың ішінде дүние төңкеріліп жүре берді...

                                                  ***

-- Марат! Ояншы. Есіңді жыйшы! – деген сөзден оянып кетіп еді, төбесіне төніп тұрған, белгісіз ақ бас адам мен Асхатты көрді. Басына бірінші келген ой «Мына  кісіні қайдан көрдім?» деген сұрақ  болды. Маратты оятқан Генрих еді. Басын көтеріп еді, көзі қарауытып, басы айналған соң қайта жата қойды. Алғашқы айтқаны: 

– Ту-у! Ең қызық жеріне келгенде оятып жібердіңдер ғой! – деді кейіп. Асхат пен Генрих бір-біріне қарасты. Мараттың не туралы айтып тұрғанын Генрих түсінсе де, Асхат түсінген жоқ. Соның арасында Асхат Генрихты Маратқа таныстырып, оның кім екенін, Маратты қалай рэкеттердің оғынан қорғап қалғанын тәппіштеп айтып жатты. Бұны шешесі мен Майра асыға күтіп отырғанын, рэкетерлардың саудасы біткенін мақтанышпен жеткізді. Марат оның бір сөзін түсініп, кейбір сөздерін ұққан да жоқ. Тек  алақанына бір жәйсыз  нәрсенің батып бара жатқанын сезді. «Бұл не болды екен» деп ойлап, алақанын ашып еді – алақанында кішігірім чип жатты...                                                                                                                                    

 

 

                                      

  1.                          2019жыл. Мамыр айы.    
Қазақ тілінде жазылған