Адам қарады: 35 | Жарияланды: 2020-06-03 02:50:35

Кинотеатр-телевизор

      Кинотеатр телевизор алдық.Аты «самсунг». Осыны алғанда бәріміз  көршімізбен қуандық қой. Қалай қуанбайссың,адамдардың өзі бөлме ішінде өзіңізбен бірдей болып сөйлескендей болып жүрсе!

       Ауылға дауа бар ма?

         Алғашқы да кәдімгі адам екен деп амандасқандары да болды ғой «ассаламағалейкум» деп.

       Бірде бәріміз кинотеатр телебизорымызды тамашалап отырғанбыз:Бір қыз шықты да ортадағы темір ұстап айнала берді. Топалаң болды дедік. Сонан әлгі қыз халатын сыпырды да шалқасынан түссін.

      Ой-бай!Өшір дедім.

       Жабылып жүріп әрең өшірдік.Сүйтсек бұл Ресейдің “Голые и смешные” деген каналы екен.

         Осы кинотеатр телевизорымыз болмаса біз осындай қызықтарды көре алар ма едік.

         Сосын да мен айлакер боп алдым. Қалай дейсіздер ме? Бұғып столдың астынан келінімді бақылап жатамын. Айналайын, мың болғыр бала өзі.             Алыстан сезеді. Іс қиынға айналып , тәртіпке көнбей бар ма, қолына сыпырғышын ұстап немесе кесе жуған боп ата жөнеледі.

Бұл маған берілген сигнал! Қамдан дегені. Мен қарап жатайын ба, мұндайда менде теріс қарап жөтеліп, сөйлей жөнелемін:

-Ай, ана ала сиырды байлап, қойларды қамадыңдар ма? Иттерге тамақ құйдыңдар ма? Ықы-ықы...есіктерді ілдіңдер ме ықы...ықы...деп.

Сосын көз қиығыммен ақырын кинотеатр телевизорға қараймын. Бітті ме, бітпеді ме, - деп. Бітпейді ғой, нәлетір аймалысып... Сосын аунап түсіп:

-Күн суық. Тауыққа жем шаштындар ма, бүйттіндер ме ықы...ықы, ықы...ықы деп қашан аналар кеткенше жөтелімді жалғастыра беремін.

Әрі бері, әрі бері аунап, өзім де акробат боп алдым. Ал бөлме іші қыран-топан күлкі.

Кемпірім қу. Әй, болды, тұр енлі! – дейді.

Бетімді бет орамалмен сүртіп, сонда ғана тіктеліп отырамын. Өзі жырқ-жырқ күледі.

Кемпірім айтады: Әдіре қалғырды оразаның кезінде сәресі ішкенде көрген дұрыс екен деп.

Тисіп отыр ғой. Алжыған қақпас! десе.

Міне сізге кинотеатр!

Осыны көргелі көзіміз ашылып дүниетанымымыз кеңейіп қалды. Аяқтары салаңдап Испан конкистадорлары шығама қылыштарын асынып, қазір өліседі деймін. Мұрты едірейіп, француз әртістері шыға ма пистолетін тағынып, қазір қырылады деймін.

Қандай сериал болады. Ол немен аяқталады? Ой-бай-ау, алдын-ала айтамын ғой мен. Түрік сериалы бола ма, қазір ажырасады немесе бір-біріне у беріп өлтіреді деймін. Айтқандай-ақ біреуі арам қатады!

Бөлем Қыдыр келді, сәрсенбіде.  Кинотеатр телевизорды қойып бердік. Құдашам қыдырып келді жексенбіде оғанда осыны көрсеттік. Бірақ ол “Голые и смешные” бағдарламасын емес, “Перец” деген каналды көрді. Осыны ұнатады екен.

Ой-бай! Масқара екен ғой бұл да. Қып-қызыл соғыс!

Әлгілер күйеуін аңдып жүріп, видикке түсіріп , ақыр әйеліне ұстап берді.Қырылып қалды өздері де! Ана бейшара лыпасын кие алмай қалды. Осыны бала-шағамызбен көрдік. Осы канал маған ұнамағанымен үйдегілерге ұнап қалды.

Қадалып отырып көреді.

Рахат екен ғой бұл широкоэкраның!

Ал құдам келгендегі қызықты айтсам ғой, бәріңіз де кинотеатр телевизор көрем деп біздің үйден шықпас едіңіздер.

Айтайын.

Қойшы сонымен құда-құдағиларым қыдырып келді де қойып кеп жібердік телевизорымызды. Шетелдің каналы екен! Бір қызды таудай бір жігіт құшақтап алыпты.

“Голые и смешные” деген бағдарламаңыз мұның қасында қыз екен!

-Ойбай, өшір!- дедім.

-Бас.

-Қай жерін ?

-Сәл төменірек!

-Өшпейді!

-Әдейі істеп тұрсын,- деймін мен.

        Кемпірім болса тетіктерін таппай әуре. Келінім ғой кесе жуған боп баяғыда ата жөнелген .

        Немерелерім болса пультты бермей столды айнала қашып күліп жүр .

     Әлгілер әлі...

        Құдам болса «ажыратсаңдаршы» дейді. Қалай ажыратасың? Олар телевизордың ішінде біз сыртында. Мәдениетсіз десе, түк көрмеген сорлы...“Секс” деген не?- деді тағы .

        Білгісі келсе, батыстың фильмдерін көрсін . Ал менің немерелерім біледі. Сенесіздер ме телевизорымызды өшіре алмаған соң , бәріміз бетімізді басқан күйі столды айнала құлай-құлай кеттік ғой .

        Ой-бай қызық болды өзі де. Көрмегенмен есітіп жатырмыз . Осы оқиғадан кейін құдам үйіміздің маның көрмейтін болды.

       Айтпақшы Ресейдің «Боец» деген каналын көрдік. Көрген    құрсын! Ауылдың жүгермектері екі-үш күнге дейін аузы – мұрны дап-дала болып жүретін болды.

      Кемпірім мен мен де боец!

     Балам мен келінімде боец

    Айтам дә!  Сонда өзіміздің инабатты фильмдер қайда деп ? Жоқ емес бар екен ондай фильмдер .

       Онда да көрсететіні: Құлаған үй, жылаған бала , Аралдың проблемасы.

      Күйік қой ! Күйік үшін жаратылған жұртпыз біз. Сосын көршіме түсінбеймін. Бәске құмар

      Осы біздің кинотеатр телевизорымызға бола бәстестік екеуміз. Ол айтады Бізде жақсы әншілер бар. Қазір шығады дейді алтау болып . Мен шықпайды . Шықса да , бесеу болып шығады деймін.

   -Шығады.

   -Шықпайды.

    Сосын олар бесеу болып шықты да , біреу кетіп қалып , төрт қыз болып қайтты.

     Не мен жеңбедім. Не көршім жеңбеді.

     Омыраулары қарлығаштың ұясындай екен!- дейді. Көршім айтады Ішкіш сорлы десе.

    Мен болсам материал үнемдегені шығар деп қорғаштаймын.

    Жарнаманы ғой , жарты сағат көрсетеді . Әнебір шүберекті тұмауға киюге жақсы екен деп жүрсек ол әйелдердің бір нәрсесі екен ғой. Оны кім біліпті ?

     Телевизорымызда қызық өзі ?

    Сонда деймін. Шетелдің «Боец», «Перец» атыс шабыстарын көрсеткенше неге тіл, діл ұлттық рух туралы бағдарламарды көрсетпейді.

Осының бәрі  кинотеатр телевизордан көргендеріміз.

Бала -шаға келін- кепшіктер «Рахат» деген соң, алдым ғой!

Қайтейін!

Қазақ тілінде жазылған