АЛМАТЫДА ӘДЕБИ «ОСКАР» ТАБЫС ЕТІЛДІ

Адам қарады: 19 | Жарияланды: 2020-02-20 03:01:03

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге беріледі.  Жеңімпаздар Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова жетекшілік еткен әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 70-ден астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді. 

  1. Жылдың үздік баспасы  - Досым Сатпаев
  2. Жылдың әдеби дебюті  - Ержан Рашев. «Человек на балконе. Дневник алматинского лузера».
  3. Кiтап like (оқырмандар таңдауы) - «Қара жұлдыз». Авторлары Юрий Серебрянский, Бакытжан Момышулы.
  4. Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік шығарма - «Живая память. Сталинизм в Казахстане – Прошлое. Память. Преодоление». Ұжымдық монография.
  5. Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) – Досым Сатпаев.

Жеңімпаздарға сыйлық ретінде таңдап алынған мүсінде білім мен күш-қуаттың символы ретінде кітапты басынан жоғары көтерген әйел бейнеленген.Бұл мүсіндер  «Эльдани» қаййырымдылық қорының сәндік-қолданбалы шеберханасында дайындалды. Ерекше шеберхананы мүмкіндігі шектеулі жандар шапы отыр. Марапатқа ие болғандармен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Досым Сатпаев, Сәкен балбаев, Расул Жұмалы, Бекнұр Қисықов шағын сұхбат жүргізді.  Марапаттау шарасында ұйымдастырушылардың бірі Кенже Жұманұлы қазіргі замандағы әдебиет өміріміздің, тұрмыс-тіршілігіміздің айнасы екенін, оқырмандардың сипаттамасы бойынша әдеби «Оскар» деген атаққа ие болған марапат өмірімізді жақсы жағына қарайй өзгертуге тырысқан қалшамгерлер үшін мәпртебе әрі қолдау болатынын атап өтті.   «Осымыен үшінші рет символикалық марапатымызды табыстай отырып, біздің тұрақты демеушілеріміз, серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз» деді Кенже Жұманулы.

Бізді қолдағандар:

“ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы,   "Русское радио Азия",

сонымен қатар, «Қазақстан баспасөз клубы», "КТК", "Almatytv",  "Меломан" сауда желісі, "Жас алаш", Zakon.kz, «Время», Қазақстан Медиа Академиясы.