Адам қарады: 323799 | Жарияланды: 2017-03-25 03:15:01

Алашорда үкіметі

                                    

      Биылғы 2017-жыл  Алашорда автономиялы мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толатын атаулы жыл.Тарихқа көз жіберсек сол жылдардығы қазақ зиялыларының өз елінің бостандығы үшін  еткен ерен еңбектерінің куәсі боламыз. 1991 алаштанушы академик Кеңес Нұрпейісов «Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімі» деп 270 адамның аты –жөнін көрсеткен.Бұл тізім көп жылғы тиым салынғаннан кейін алғаш рет жарияланған еді.Сол жылы «Қазақстан коммунисі» журналының 8-10 сандарында автор қосымшалар енгізген.Сонымен қатар «бұл тізім келешекте жаңа деректер табылуына орай толықтырыла бермек» деп көрсеткен. Алашорда қозғалысының жүріп өткен жолыны қарап отырып,егемендік қазақ еліне    оңай келмегеніне көз жеткіземіз. Енді осыған біраз тоқталайық.

 Кезінде Патшалы Ресей қазақ жеріне баса көктеп кіре бастады. Қазақ халқының жерін тартып алу арқылы өздерінің аграрлық мәселелерін шешуді іске асырғысы келді. Крепостниктік тәртіпті жойғанымен аграрлық мәселені шеше алмаған Ресей шаруаларды шығысындағы шет аймақтарға, негізінен Қазақстанға қоныстандыруды жоспарлапды.  Осы жоспарлы жобаны жүзеге асыруды   Қоныстандыру басқармасы жүргізді. 1886 жылы қазақ халқының жер көлемін анықтау мақсатымен Ф.Щербинаның басшылығымен экспедиция ұйымдастырды. Ол малшы қазақтардың жерін алып малсыз қалса ,олар қайыршылыққа түсетінін айтты. Алайда патша үкіметі ол ұсынысты тыңдамай қазақ даласын отарлауды жүзеге асыра берді. Патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы тұрар күші жоқ қазақ халқы амалсыз көнді. ХХ –ғасырдың басында оқыған қазақ интелигенциясы жетіле бастады. Олардың қатарында   Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай ,Мұқаметжан Тынышбаев, Жақып .Ақбаев,Халел Досмұханбетұлы, Халел Ғаббасов, Әлімхан Ермеков, Жаһанша Досмұханбетұлы,Уәлихан Танашев,Хамит Тоқтамысовтар болды.   Әлихан сонау бірінші орыс революциясы кезінде-ақ  саяси партия ұйымдастыру туралы ойластырған.Сол жоспары 1917 жылы іске асады. Осы жылы ақпанда революция болып, патша үкіметі құлап Уақытша үкімет орнады. Ал большевиктер сол жылы қазан айында кеңес үкіметін орнатқан еді. Олар  уақытты оздырмай қазақ жеріндегі темір жолды өздеріне қаратып алды.

 

                                                            -1-                                              

Большевиктердің бұл әрекеті басқыншылық екенін түсінген Бөкейханов  Ресей әскелеріне, матростарына және жұмысшылар мен шаруаларға үндеу жолдады.           Үндеу сол кезде барлық баспа сөздерде жарық көрді.Қазақ зиялылары 1917 жылы шілденің 21-26 сы аралығында Орынборда алғаш рет жалпықазақ съезін өткізді.Съезге жеті облыстан және Бөкей ордасынан 20-дай өкіл қатысып, қазақ үшін ең өзекті 14 мәселе қаралды. Бес күнге ұласқан жалпықазақ съезінде автономия алып,  теңсіздік жариялау туралы өзекті мәселе біраз қызу пікірталас тудырды.Ж.Досмұханбетов бастаған Орал облысы мен Бөкей ордасының өкілдері автономияны дереу жариялау керек деді. Ә. Бөкейханов қазақ автономиясын дереу жариялауға қарсы болды.Сол тұстағы қоғамдық-саяси ахуалды өте терең әрі жақсы түсінген Бөкейханов  «Қазақ жерінде қоныстанған басқа ұлт өкілдерінің  және Түркістан өлкесіндегі  қазақтардың қосылу-қосылмау мәселесін  нақты шешу алу қажеттігін айтты.Осы мәселені анықтаған соң барып, тәуелсіздікті жариялайық» деді.  Әлиханның бұл пікірі тактикалық жағынан дұрыс еді.  Оның түпкілікті көздегені – қазақтың біртұтас мемлекетін құру болатын. Сөйтіп екі жақтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ ымыраға келді.Келісім шарты бойынша;Түркістан қазақтары бір ай мерзім ішінде Алаш автономиясына қосылмаса  Алашорда халық кеңесі ресми түрде  автономия жариялауға міндетті.Қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне  бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын жариялауға құқық беріледі-деп шешеді. Әлихан  сол жылғы қазан айындағы революциясыны  қолдағанымен, саяси тұрғыдан қарсы болды.Сонымен қатар большевиктерден сақтануға шақырды. Большевиктердің  халыққа қасірет әкелетінін Бөкейханов  сол  кезде-ақ білген. Өзінің  Ресей әскерлері мен матростарына, жұмысшылары және шаруаларына жазған үндеуінде; «Патша құлағанымен  таққа Лениннің өзі отырғысы келген үкімет демократия емес, буржуазиялық сандырық» - деп ашық айтты. 1917-жылы 21-қарашада Алаш паритясы бағдарламасының жобасы жарияланды.Онда Жерді жергілікті халыққа беру,сот ісін қазақ тілінде жүргізу,оқудың жалпыға бірдей және ақысыз болуы, жиналыс сөз бостандығы,дінді мемлекеттен бөлектеу,әскери қызметті өз жерінде атқару және жұмысшыларды заңмен қорғау туралы нақты жазылды. Бодандықтың бұғауынан құтылудың және жерге ие болу үшін мемлекеттік тәуелсіздік керек екенін түсінген қазақ зиялылары, ұлттық автономиялық мемлекет құру  жұмысымен айналысты.                              -2-                                                                                

 Оған  Ресейдегі ақпан және қазан  революциясы Қазақстанда автономия құруға жол ашты.     Сонымен 1917 жылы 5-13 желтоқсан арасында Орынбор қаласында 2-ші жалпықазақ съезін өткізеді. Съезге делегат болып  Абай ұлы Тұрағұл, Кенесары ханның немересі Әзімхан,Мұстафа Шоқай  бар барлығы 300-дей  делегат қатысады.Съезде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Ғаббасов Халелдің баяндамасын талқылайды.Талқылауда Мұстфа Шоқай Түркістан автономиясына бірігуге ұсыныс жасайды. М.Шоқай 1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының М.Тынышбаевтан кейінгі төрағасы болатын.Білімді және саяси сауатты Шоқай 1914 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысы бойынша Ресей мемлекеттік думасы жанындағы мұсылман фракциясында жауапты хатшы болған. Съезд осы иәселені талқылай келе қаулы қабылдайды. Қаулыда Орал, Торғай, Бөкей елі, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария Ферғана, Самарқан облысындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері,Закаспий облысындағы сондай-ақ Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері, тұрмысы,тілі бір болғандықтан Қазақ-қырғыз ұлттық автономия құруға шешім қабылдайды. Съезд Алаш Автономиясын   Алашорда (Алаштың ордасы немесе үкіметі деген сөз) деп атады.Сондай-ақ Қазақ облыстарын сол кездегі бүліншіліктен қорғау мақсатында Ұлттық Кеңес құрылсын,  Алашорданың тұратын орны уақытша Семей қаласы(Шын мәнінде Семей қаласы 1917-жылғы шілдеден 1927 жылғы қазан айына дейін Алаш қаласы деп аталған) болсын-деп қаулы қабылдағын.Алашорданың үкімет құрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.Алашорда автономиясының Алашорда аталған ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды.Олардың қатарында Халел Досмұханбетов,Уәлихан Танашев,  Халел Ғаббасов,Сыдық Аманжолов, Мұтафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов,Жаһанша Досмұханбетов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақтыгерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжановтар болды. Сонымен бірге  милиция жасақтарын құрып, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті киім мен қару-жарақ түрлерімен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Алашорданың басшылығына дауысқа үш адам түскен. Дауыс қортындысы бойынша Әлихан Бөкейханов-40 дауыс, Айдархан Тұрлыбаев-20 дауыс, Бақтыгерей Құлманов-19 дауыс жинап  көп дауыс алған Әлихан Бөкейханов қазақтың алғашқы автономиясына төраға болып сайланады. Сонымен осыған дейін болып келген ұлт-азаттық қозғалыстың жемісі алғаш рет Алашорда автономиялы мемлекеті құрылды.                                -3- 

1918-жылы 22-қаңтардағы «Сары арқа» газетіне «...желтоқсанның 12-күні, түс ауа,сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды.Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды» деген Әлімхан Ермековтың мақаласы шықты. 1918 жылы наурыздың соңында Алашорда мемлекеті Мәскеуге Ленинмен жолығуға Халел Досмұханбетов пен Жаһанша Досмұханбетовты жібереді.Ленин және Сталинмен  келіссөз жүргізген Халел мен Жаһанша Досмұханбетовтар оларға 1917-жылғы желтоқсандағы қаулымен таныстырады.   Болшевиктер партиясының басшылары оларға «...кеңес үкіметін толық мойындап,сөзсіз бағынуды талап етті. Олар керісінше өз бағыттарын ұстай біліп; «қазақтар шоғырланған жерлерді толығымен қазақтарға қайтару,кеңес үкіметі тұтқындаған алаш қайраткерлерін тұтқыннан босату,алаштықтарды қудалауды тоқтату және қаржылай көмек беру» сияқты маңызды мәселелерді  қоя білді.Сонымен қатар  Кеңес үкіметі жанынан Қазақ комисариятының ашылуына қол жеткізді. Сол жылы сәуірде Ленин мен Сталин Алашорда басшылары Әлихан Бөкейханов және Халел Досмұханбетовтермен телефон арқылы сөйлеседі. «...Егер сіздер кеңес үкәметін мойындасаңыздар бізде сіздердің Алашорда мемлекеттеріңді мойындаймыз» деп уәде береді.  Уәдеге сенген Алашорда мемлекеті 1918-жылы 11-маусымнан бастап тәуелсіздік жолындағы жұмыстарын бастайды.                  Сол кездегі Алашорда автономиялық мемлекетінің жері Ресей империясының бес әкімшілік құрамында еді. Сырдария мен Жетісу облыстары-Түркістан генерал        губернаторлығының , Торғай облысы -Орынбор губерниясына, Орал облысы -тікелей Ресей мемлекетінің құрамына кірген болатын. Ә.Бөкейханов,Х.Ғаббасов Ә. Ермековтер Ленин және  Сталинмен Қазақ автономиясының жер көлемі туралы келіссөз жүргізген. Алайда болшевиктер жер мәселесін кейінге қалдырып, соза түсті.    Алашорда өкіметі ұйымдастыру жұмыстарын одан әрі жүргізе берді. Олар өз териториясын облыстық және уездік кеңестер арқылы басқару, Жаппай білім беру, ғылымды жан-жақты дамыту,Алаш әскери ұйымын құру және жабдықтау, Алаш үкіметінің жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси экономикалық қарым-қатынастар жасау,Алашорда үкіметі және қазақ соты сияқты өзекті мәселелер күн тәртібіне қойылды.  Жаңадан құрылған Алашорда үкіметіне өте күрделі жағдайда қызмет атқаруына тура келді.1918 жылдың көктемінде Ресейде Азамат соғысы мен шетел интервенциясы басталды.                                            -4-

Азамат соғысы қазақ даласында қамтыды.Сол  1918-жылы Алашорда үкіметінің Батыс және Шығыс бөлімдері құрылды. Батыс Алашорданың орталығы Жымпиты ауылында орналасып оны Жаһанша Досмұханбетов,Семейде орналасқан Шығыс бөліміне Әлихан Бөкейханов жетекшілік етті. Алашорданың әскери бөлімінің бастығы капитан Х.Тоқтамышев Омбыда орналасқан Сібір үкіметімен  Алашорда әскерін құруға көмектесу жөнінде келіс сөз жүргізді. Ә. Бөкейханов Сібір үкіметіне «Алашорда мен Сібір үкіметі арасындағы уақытша қатынастар орнату туралы» ұсыныстар жасайды.Сібір үкіметі алашорда үкіметін жартылай мойындағанымен өз уыстарынан шығарғысы келмейді.Кеңес үкіметімен жасаған келісім бойынша олар Қазақстанның әрбір облыстық кеңесінде тұтқындалған алаш қайраткерлерін босатуға нұсқау береді. Сонымен қатар Мәскеу Алашорда сұраған 40 миллион рубльдің 12 миллионын береді. Бірақ орта жолда Саратов қаласында Орал облыстық депутаттар кеңесінің мүшесі большевик Д.Яковлев күтіп отырып,ақшаны тартып алады.           Бұл оқиға большевиктер құрған Кеңес билігіне деген алаштықтардың  сенімсіздігін күшейте түсті. Алашорда басшылары большевиктік күштермен және Қазақ елімен шекаралас аймақтағы сол кездерде құрылған уақытша үкіметтермен ымыраға келгенде ұлттық мүддені қорғай отырып,тәуелсіз саясат жүргізді.Алашорда басшысы  Бөкейханов Қазақ елін дамытуды Батыс Европа және Жапония елдерінің тәжірибесін пайдалуды жоспарлаған. Осы орайда  феодалдық арта қалған  Жапония мемлекетін әлемнің жетекші еліне айналдырған «Мейзи исин» бағдарламасы десек соның  қазақша бағдарламасын пайдалануды ойластырған.Сондай-ақ Батыс Европаның да даму үрдісін үлгі етіп алғысы келді.Бұл Алаш бағдарламасының бірден –бір стратегиялық мақсаты болатын. Әлекеңнің бұл бағдарламасы өкінішке орай орындалмады.  Ал Кеңес үкіметі берген уәделерін орындамай, өз білермендікке салынып «...Өзін «Алашорда» деп жариялаған үкімет және соған қарасты барлық жергілікті мекемелер,РКФСР-дің конституциясында бекітілмегендіктен де таратылсын. Ол өмір сүрген кездегі шығарылған заң,нұсқаулар мен бұйрықтар жарамсыз деп табылады.Барлық мүлік пен ақша белгілері,қару-жарақ, әскери қор мен жабдықтар тиісті комиссиариатқа және аймақтық, облыстық уездік ревкомдардың арнайы бөліміне тапсырылсын» деп қаулы шығарады. Сөйтіп егемендікті аңсаған алаш идеясы 1917 жылдың 12 желтоқсанынан бастап 1920 жылдың 9 наурызына дейін тура 711 күн яғни 2 жыл 3 ай тәуелсіз өмір сүріп өз жұмысын тоқтатты.                      -                                                            -5-

Сол күні Ә.Ермеков, Д.Төленов губерниялық ревкомның құрамына кірді.Ал Ж.Аймауытов, М.Тұрғынбаев,М.Әуезов және А.Шикібаев губкомның бұратана халықтар бөліміне қызметке бекітілді.Тек Ә.Бөкейханов  бұл ұсынысқа қарсы болып, автономия туралы қаулыны талап етті..Бұл жерде Алашорданың үкімет мүшелері бірігіп бір бағытты ұстамады. Біреулері Ленинді, екіншілері Алашорданы жақтады. Сол кездегі ауыр жағдай әсіресе басталып кеткен азамат соғысы Алашорданың ұстанар бағытын айқындауды талап етті. Сөйтіп    олар  Ленинді жақтауды дұрыс деп есептеді.Сонда ғана нағыз Қазақ автономиялы мемлекетін  құруға болатынын білді.Шын мәнінде де солай болды. 1920 жылы 16 мамырда кезінде большевиктер тоқтатып қойған жер мәселесі жайлы шекараны анықтау комиссиясы құрылды. Оның құрамына Ермеков,Айтиев, Кулаков және Авдеев кірді. Шекара межесін белгілеу үшін Ә.Ермеков Кремльге жіберілді.Бұл Ә.Ермековтің саяси қайраткерлігінің ең жауапты және қазақ мемлекетінің негізін қалаудағы аңсарлы күндері еді. Сол жылы 23- шілде мен 7- тамыз аралығында өткен 111 Интернационал конгресінің қарсаңында ұлттық автономия мәселесі ең басты саяси пікір таласына айналды.Алаңдататын оқиғалар күн сайын шиеленісе берді.Кеңес өкіметі кез-келген сәтте Қазақ автономиясынан бас тартып, Башқұртстан  үкіметін «Ресейдің автономиялы губерниясы» деген сияқты атап жіберуі мүмкін еді.Сол кездегі ұлт зиялылары оған жібермеді.17-тамыз 1920-жылы Лениннің төрағалығымен өткен Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралды. Сол кеңеске Кирвоенревкомының 2043-нөмірлі мандатымен келген Ә.Ермековте қатысып,қазақ өлкесінің ахуалы мен шекарасын бекіту мәселелері жөнінде баяндама жасайды.Ол патшалы Ресей кезінде Столипин реформасы салдарынан шұрайлы жерден айырылап қалған жерлерді қайтару керек екенін басып айтады.Баяндамадан кейін сөз алған РК(б)П Орталық комитетінің мүшесі Г.И.Сафаровтың (1919-жылдың күзінен 1920-жылдың жазына дейін Түркістанда орталықтың жіберуімен қызмет істеп,қазақтар жайлы көптеген мағлұматтар алған) қазақ жеріндегі орыс отаршылдығының оңбаған істері жайлы айтқан ащы айыптау сөзі елдің көбін елең еткізеді. Ол өз сөзінде «1916-жылғы 16-июндегі  патша жарлығына қарсы шыққан қазақтарды жазалаушы отртрядтардың аямай қырғынға ұшыратқанын,қазақтардың жерлерін өз білгендерінше тартып алғанын,малдарын сұраусыз айдап кетіп, талан-таражға салғанын, көптеген қазақтардың орыстардың қысымына шыдамай шет елдерге қашып кеткенін айта келіп,                                            -6-

 Түркістандағы орыс кулактарын Ресейге қайта көшіру керек» деп тұрып алады.Сафаровтың сөзі мен Ермековтың сөздерінен көп мәселені түсінген Ленин амалсыз Ермековты қолдауға мәжбүр болады.Сөйтіп Әлімхан Ермеков кезінде орыс кулактары сұраусыз иемденіп алған Каспийдің теріскей жағы,Астархан,Орал,Торғай, Ақмола ,Семей,Сырдария,Закаспий барлығы 3467922 шаршы шақырым жерді қайтарып беруді сұраған  ұсынысын дәлелдеп,қорғап шығады.Сөйтіп ол исі қазақтың тағдыры шешілетін кез осы тұс екенін жан дүниесімен сезінді және жағдайды жетік білетіндігімен Ленинді иландыра алды. Ленинмен көзбе-көз сөйлесуден кейін қазақтың уысынан шығып бара жатқан Атырау өңірін де алаш жұртына мәңгіге қайтарып алады.  1922-жылға дейін солтүстік облыстарды Қазақстанға қоспауға тырысқан Сібір ревкомының ойлары іске аспады. Осылайша Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі Ә.Ермековтың жанқиярлық еңбегінің нәтижесінде қазақ шекарасы ресми түрде  бекітілді.Қазақтың талан-таражға түскен жерін қызғыштай қорғап,аман алып қалған Әлихан Әбеуұлы Ермеков кім еді 1891 жылы Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы, Беріктас деген жерде дүниеге келген.1899-жылы  Қарқараладағы қалалық училищеге оқуға түскен.Осы оқуын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология иниститутыныңтау-кен факултетінде оқып, білім алған. Томскде Шоқанның досы Григорий Потанинмен жақсы таныс болып, силасқан.Әлихан кезінде неміс,француз, ағылшын және итальян тілдерін жақсы меңгерген.Кезінде Әлиханмен жақсы силасқан замандасы С. Торайғыров келесі өлең жолдарын арнаған.       Әлімхан Ермекұлы жас жігіттен,   Келеді екінші боп бұл ретпенен.                        Қазақта мұндай жігіт көрмедім,- деп,        Ардақты қарт Потанин лепес еткен...      Меніңше Ермеков -деген бала,              Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға.   Сөз білімін сынайтын жер ілгері,          Әзір адал кісі ғой, жеке дара.             Ермеков алғаш рет саяси іске алаш қозғалысына,1917-жылы 27-сәуірден 7-мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезіне қатысады. Онда ол съезд президумының хатшылығына , одан кейін съезд шешімімен  Семей облыстық қазақ комитетінің мүшелігіне сайланады.Сол жылы  қазақтар жағынан Халел Ғаббасов екеуі Семей облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болады.Шілдеде  жалпықазақтық съезде Семей обылысынан  Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. 1917 жылы 8-10 қазанда 1-Сібір облыстық съезіне қатысады да,оның президиумына Семей облысынан кіреді. Съезде  сібір автономиясының  негізгі заңын  жазатын комитет құрылып,оған қазақ делегаттары Әлімханды кіргізеді.                                                 -7-

  Қазақ елінің бостандығы үшін күресе жүріп ғылыммен айналысқан Әлімханға 1937-жылы  Бүкілодақтық Атестациялау Комиссиясы математика және теоретикалық механика саласыдағы еңбегі жоғары бағалап профессор атағын береді.  Репрессия жылындағы 1938-жылы оны 58 статьямен  соттап 1947 –жылы босатады. Осы отырғаны аздай 1948-жылы қайта ұстап 1955 жылы шығарады. Халқына адал қызмет жасаған, Кеңес үкіметінің ғылым атап айтқанда математика  саласына үлкен жаңалық енгізген жазықсыз адамдарды отырғызу күн көсем Ленин  құрған компартияның қолынан ғана келеді.Ондай мысалдар өте көп. Өкінішті!  Қазақ автономиясын құрудағы Әлімхан Ермековтың өлшеусіз еңбектерін зерделей отырып, әсіресе жер мәселесін  шешудегі қол жеткізген еңбегіне кейінгі ұрпақ мәңгі қарыздар екенін ұмытпағанымыз дұрыс.Алашорда осыған дейін болып келген ұлт-азаттық көтерілістердің және  әлеуметтік теңсіздікті жақсарту үшін болған қозғалыстың жалғасы болды.    Сол жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин Қырғыз(қазақ) Кеңестік  Социалистік Автономиясын құру жөніндегі декретке қол қояды. Сол күннен бастап Қазақ революциялық Комитеті таратылды.   Патшалы Ресейден  қудалау көрген Алаш зиялыларын 1919-жылы алаш зиялылырына амнистия жариялағанына қарамастан енді Кеңес үкіметі қудалай бастайды. М.Шоқай шетелге Турцияға, Х.Тохтамышев пен Р.Мәрсеков Қытайға кеуге мәжбүр болады.1920-жылы Ә.Бөкейхановты тұтқындайды.      Оның; «Қазақ баласы бұл жолы тәуелсіздігін алмасада, келешекте өз тізгінін өзі  ұстайтын  бөлек мемлекет болады» деген көрегендігі  шындыққа айналды. Алаш идеясы неге іске аспады деген сұраққа мұстафа Шоқай «... орыс демократтарына сеніп алданып қалдық. Өзге ұлтқа сеніп өз бостандығымызды ала алмаймыз»-деді.                                                                     Кеңес өкіметі кезінде Алашорданы коммунистік партияның саясатына қарсы әрекет жасаған деп,өңін айналдырып, бұрмаланып жазылып келген. Сонымен қатар әділ зерделеуге қатаң тыйым салынып келді.Керісінше  Алаш қозғалысын қаралау бағытында жұмыс жүргізген.1927-жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті Алаш қозғалысы тарихына қатысты еңбектер дайындауға арнайы тапсырыс берген. Ондағы негізгі мақсаты Алаш қайраткерлері мен Алашорда өкіметін барынша қаралау мақсаты қойылған. 1933-жылы Қазақ марксизм-ленинизм  ғылыми-зерттеу иниститутында Алашорданың контрореволюциялық мәнін ашып көрсету және олардың әрекеттерін  әшкерелеу жөнінде арнайы пікірталас өткізді. Ал 1935-жылғы С.Брайнин мен Ш.Шафироның «Алашорда тарихы туралы очерктер» деген еңбектерінде       - -                                                                   -8-

   Алаш қозғалысының жетекшілері мен оған қатынасқандардың барлығын «орыс патшалығы мен уақытша үкіметтің қолшоқпарлары және қазақ халқының қас жаулары» деген айып таққан. Алаш автономиясына «ұлтшыл контрореволюцияның үкіметі» деп баға берген.Осындай сыңаржақ,жалған айыптар мен әдейі қаралау салдарынан Алаш қайраткерлері  1937-1938- жылдардығы үлкен терордың құрбандарына айналды.                                  Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу елімізде 1988-жылдардан бері бастау алды. Оған 1988-жылғы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің «...қазақ зиялылырының шығармашылық мұрасын қайта қарау» мақсатында құрылған комиссиясысы арқау болды.Ол комиссия құрамында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология иниститутының директоры Манаш Қозыбаевтың болуы  Алаш қозғалысы қайраткерлерінің атқарған істерін жаңаша тексеріп, әділ бағасын беруге және ғылыми тұрғыда зерттеуге жол ашты. Осы орайда 1989 жылдың шілде айында республика көлемінде өткізілген тарихи пікір алмасу  Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге  деген  көзқарасты түбегейлі өзгертуге үлкен бетбұрыс болды. Мұндай мүмкіндікті пайдаланған  тарихшылар Алаш қозғалысын ғылыми тұрғыда зертеп, өз бағаларын бере бастады. Солардың бірегейі Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты зерттеуі,Кеңес Нұрпейісовтың «Алаш һәм Алашорда» монографиясы мен Тұрсынбек         Кәкішовтың баспа сөз беттерінде шыққан мақалаларын айтуға болады. Сондай-ақ тарихшылар Т.Омарбековтың Д.Аманжоловтың, В.Григориевтың,С.Аққұлының  еңбектерінде Алаш қозғалысы тарихының жекелеген тың аспектілері көрініс тапқан.Америкалық зерттеуші ғалым Марта Олкот  Алаш қозғалысын зерттеп; «...Алаш партиясы қазақ зиялылырының партиясы, олар большевиктік үстемдікті Қазақстанда болдырмау мақсатында  Алаш автономиясын жариялап,оның үкіметін құрды» деп жазды. Шет елдіктердің Алаш қозғалысына көңіл бөлуі алаштықтардың ұлт,тәуелсіздік, мемлекеттік мәселелердің шешімін табуда әлемдік өркениет деңгейіне көзқарас танытқанына ұмтылғандықтарынан хабар береді. Алаш партиясы мен алаш автономиясының  тарихи маңызы өте зор. Олардың бағдарламасының саяси негізі- қазақ елінің тәуелсіздігі еді және қозғаушы күші сол кездегі қазақ зиялылары болды.Большевиктер Алаш үкіметін жойғанымен алаш идеясын жоя алмады. Ел тәуелсіздігі өмір ақиқатыны айналды.Алаш зиялыларның армандаған ойлары іске асты.

                                                         -9-

Алаш автономиясы құрылмаса КССРО-ға дербес мемлекет болып енбес едік. Дербес Қазақ республикасы болмасақ бүгін егеменді мемлекет болмас едік.   «...тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған тарихи танымды ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет»-деген Елбасының сөзін жадымыздан шығармағанымыз абзал.Кезінде бастарын өлімге тігіп Алаш автономиясын құрған сол кездегі  Ә.Бөкейханрв,А.Байтұрсынов,Халел және Жаһанша Досмұханбетов, Ә,Ермеков,М.Шоқай,Ж.Ахметов,Б.Құлманов,М.Тынышбаев,Х.Ғаббасов,   М.Дулатов,Ж.Сейдалин,У.Танашев,Р.Марсеков,М.Боштаев,Е.Итбаев,    Е.Қасболатов,О.Алмасов,Б.Маметов,А.Кенжин,О.Әлжанов,Е.Тұрмағанбетов, Ы.Жайнақов,С.Аманжолов,С.Сабатаев тағы басқа қазақ зиялыларына бүгінгі ұрпақ  құран бағыштап, бас иеміз. Олардың аттарына көше,мектеп,ауыл және аудан аттарын беріп есімдерн тарихта қалдыру азаматтық борышымыз.  

  

  

 

Қазақ тілінде жазылған