Алаштың ерлері
Кез еді торлаған көгімді қара бұлт,
Еліме тигенді қырғын боп қара жұт.
Қазақтың арысын қыршыннан қиғандар,
Ойлады, енділік болмайды мұндай ұлт.
Басына қазақтың орнығып қайғы - мұң,
Аналар мерт болды астында қайғының.
Еркіндік жоғалып, түнерді қара аспан,
Жайлауда тебіспей, ойнақтап тай - құлын.
Бұзылып, құлады қазақтың шыңдары,
Қанжарды көтерер ерлер жоқ қындағы.
Көзі ашық көргені, көр - соқыр халықты,
Оятпақ болыпты, ұлтымның ұлдары... .
Əлихан, Мұстафа... Міржақып, Ахмет... .
Көрді олар жұртымен, сан қиын тауқымет.
Армандап ұлтының азаттық Ақ таңын,
Қан жұта күресті, көрседе қасірет.
Сезді олар елінің атар деп ақ таңы,
Қиылып кетседе қыршыннан жас жаны.
Қасқая тік тұрды, қорған боп еліне,
Қиын сəт ел - жұртын, намысын сатпады.
Өткеріп азапты басынан сан қилы,
Келешек жолында жасады іс игі.
Бас ұрмай басшыға, ұмтылды тек алға,
Ұлтының жолында арыстар жан қиды.
Ұрпақтың ертеңін ойға алды арыстар,
Кез емес бұл енді тасада жан ұстар.
Қазақты оятып, шайқасты ар үшін,
Келешек ұрпақтың қолына табыстар.
Құлады талайлар сатқындық құзынан,
Айырылды талайлар ұлымен қызына.
Қиын сəт тілімен намысын сатпады,
Тағдырдың тайсада тал түсте мұзынан.
Исамен Жүсіпбек, Халелмен Жаһанша,
Күресті ұлт үшін, кезенбей тапанша... .
Ұмытпа ұрпағы Алаштың ерлерін,
Еркін деп тіліңді танытқан жаһанға.
Сезді олар қазақтың азат ел боларын,
Сезді олар шыңына қыранның қонарын.
Жан берді жолында желбірер көк тудың,
Алаштың ерлері, құламас шынарым... .