Қайран жастық
Бас бермей жүр әліде қайран көңіл,
Сайрап өтті бүгінге дейінгі өмір.
Алысып ауыздықпен асау жастық,
Артта қалды алшақтап кейінгі өмір.
Қайран күндер кетер ме, ер есінен,
Алысы көп болса да берісінен.
Толқын уақыт барады толқындатып,
Жастығымды ұзатып келмесімен.
Айлы түнде қыздармен кеңесіп ем,
Сезім қайнап маңдайдан жел есіп ең.
Шіркін жастық әліде қол бұлғайды,
Арылы алмай өткен күн елесімен.
Өзімді өзім тежедім аяп талай,
Көрінем болмысымды бояп қалай?
Әр нәрсеге алданыш әуес көңіл,
Тоқтамас сұлулыққа тояттамай.
Балалық бал дәуренде доп қуатын,
Қайтара ма өзіме от қуатын.
Өмір қайда төріне жетелейтін,
Көңіл қайда бір жаққа ынтығатын.
Жастық өмір кетті ғой сағым билеп,
Жабырқатты мына жаз жанымды илеп.
Арайыңды көруге жолға шықтым,
Жүрегімді күйдірді жалын күй кеп.
Желпійінші жастықтың жемір желін,
Тірлік сенің керуен көшіңдемін.
Желпісе самал желі маңдайымды,
Сол сауле өлеңіме көшіргенмін.