Қиын өмір, нағашы апа және Аргуст
Мен қазақ болып туылып,ауылда өскен,өз әже , ана мен әке және нағашы ата,апаларымның мейіріміне шомылып, өскен адаммын.
Әрі күнге күйгенмін.
Малдың соңынан жүгіргенмін.
Ал кейбір уақыттарда қызықты да естен кетпестей балалық бал дәурен көрген адаммын.
Бала кездегі барлық нәрсені бірден көз алдыма келтіру де оңай емес қой.
Менің жазбағым отбасы өнегесі, ата-ана шапағаты.
Отбасымдағы үлкендер мен олардың балалары мен немерелеріне берген мейірім- шапағаты туралы жазу еді.
Және, бір қызығы алғаш есімді білген екі-үш жасымды мынадай оқиғадан бастадым. ..... сол кез неге екені белгісіз өте кішкентай болсам да санамда жатталып қалғаны мен үшін бір жұмбақ.
Сол санамдағы сурет жалпы мынадай: мен әжемнің жанында тұрған едім. Әжем мені үлкен биік қырдың үстінде қолымнан ұстап тұр.
Мен кішкентай болсам да айналама көз салып, ерекше бір сезіммен қарадым. Айналаға зер сала таңырқай қараппын.Әлде осы қырдың үстінен қарағандағы көрініс маған аса бір ерекше естен кетпестей әсер етті ме, сонша бір ұзақ қарап қалғаным есімде, ол кезде мені таң қалдырған көріністер - қырдың үстіндегі дөп-дөңгелек киіз үй (себебі әжем мен әкем қой бағады),аса үлкен айдын көлдер,аяғымның астындағы жап- жасыл майса шөп болса керек.
Бұл мен үшін кәдімгі Әбілхан Қастеев атамыздың салатын табиғат пейзаждары сияқты: айдын көлдер жаздың күні тостағандай боп жарқырап жатады, менің санамда алғаш қалған анық әрі бояулары қалың тамаша сурет осы болатын, мен бұл суретті санамда бар бояуымен сіңіріп қалыппын.
Оңтүстік Қазақстанның шілдеде келетін аптап ыстығы бұл суретті сол қалпында қалдырмайды.
Маусымның аяғынан бастап, шілде келгенде қырлар қып-қызыл,сап -сары түске боялады.
Әттең , әдемі жап–жасыл бояу сап -сары түске боялғанда табиғаттың ыстық уақытына еріксіз «әттеген-ай» деп өкінесің .
Әжем, әкемнің анасы Күдеркүл апа –өте шебер ,қолынан келмейтін ісі жоқ десек те болғандай.Алаша тоқиды, арқан иіре біледі, жүнді түтеді, киіз басады ,не керек әжем бәрін де істей алады. Сабау, сонан соң күбі, қоржын, алаша, текеметтердің түр түрі, сырмақтар, тағы тағылар, төстер, ерлер, ат әбзелдері, сонымен қатар жаңадан тоқылған шилер, әдемі жастықтар, үкі, үйір үйір жылқы, аса үлкен қазан, дәу ошақ, кішкене ошақ, құрт қалталар, бас киімдер, неше түрлі заттар толы болатын.
Сонан кейін бізді алдап,мақтап үйдегі күрделі деген басқа да тірліктерге жұмсай алатын, ондай кезде біздер малға шөп беру сияқты өте қиын жұмыстарды да атқара беретінбіз.
Мен былайша 60-жылдардың ортасында-1964 жылы 30 қыркүйекте өмірге келгенмін, менің алдымда екі әпкелерім: Роза және Карима бар.
Олар екеуі өте жақсы , бірақ өздері мені алдағыш, қулау. Әрине, мал бағатын әкеміз ғой, ол әкеміз анасы екеуі бар қиындықты көтереді, ал біздің анамыз дүниеге келіп жатқан біздерге қарап, ал кейде үлкен қалада институтта сырттай оқып жатады. Ал, әкем кейде қала жаққа бір шаруалармен кетсе,сол әжемнің қасында мен боламын. Менің әжемнің бір аяғы тізесінен жоғары жоқ болатын,поездың кесірінен кесіліп қалған екен.Әттең ,мен осы әжеме өте қатты жаным ашиды кейде,себебі жемізді ауылдастары «Шолақ » деп атайды.
Әжеміз осы бір жағдайға қарамастан , өзі өте реңді кісі болды.
Бойы орта, шашы көмірдей қара, қалың, қасы- көзі қап -қара, мұрны тәмпіш болған соң әжеміз оның үстіне «пұшық» деген де ат тағылды, алайда қолынан бәрі келетін әжеміздің еңбекқорлығына сол бір азғана отыз шақты ғана отбасы тұратын ауылда тең келетін жан болды ма екен десеңізші!
Менен кейін туылған басқа бауырларыма мен әпкемін ғой,алайда олар мені онша дұрыс тыңдамайды,себебі менің көп уақытым нағашылардың ауылында өтіп жатады. Мен бастауышта оқыдым ,алғашында бар болғаны бір айдай ғана ,өз ауылымда ,ал кейіннен нағашы атам мен апам ауылында, кейіннен қайтадан өз ауылымда, ал аз уақыттан соң «Советское» селосында,кейіннен облыс орталығында менің әр кез нағашы апам үшін қайта -қайта мектеп ауыстыра беруіме тура келгені жаман болды. Себебі, мен сыныптастарыма жағымсыз әсер қалдырған болуым керек.
Біздің үйде менімен бес қыз және үш ұл бар ,мен олардан үлкенмін.
Мен жалпы, үшіншісімін,біз әкемізге,әжемізге көмек береміз. Себебі, ол жылдары көптеген қазақ отбасыларына негізгі мамандық аса ауыр жұмыс отар -отар қой бағу .
Мен бірақ, ылғи мектеп ауыстырамын да жүремін, оған нағашыларымның ұл баласы жоқтығы негізгі себеп. Бастауыш сыныптарда мен өз ауылымда мектепке бардым,жақсы достар таба білдім, ол жақсы оқиғалар тізбегін көз алдыма келтіреді. Алайда бір айдан соң анам мені нағашы апамның ауылындағы мектепке ауыстырды. Шетел кинолары ит туралы өте адамды жылататындай етіп кино түсіріп жатады.. Мен өзім де өте жақсы көрген бір итім туралы жазбақпын. Ол біз үшін ғана емес сондай керемет қасиеттері көп болатын, осы қасиеттерін айтқым келіп отыр.
Менің әңгімем желісінде өте қызықты фильм түсіруге болар еді деп ойлаймын. Ол қандай оқиғаларға байланысты болғандығын асықпай баяндаймын.
Аргуст –нағашы апамның иті, ол өте ақылды ,көңілді,адал!
Күшік кезінде оны апам екеумізге бір жолы ауылға келгенде тәтем(әкем) әкеп берді. Ол сары ала күшік болатын. Келе-келе жүні өсік,нағыз арланға айналды. Мақтағаным емес, менің әкем де ,әжем де, Оңтүстік Қазақстанның Сайрам ауданындағы қой өсіретін кеңшардың ең білікті шопаны Ақылбек (менің әкемнің )Кеңес шаруашылығының 500-дей қойына ұры- қары жолатпайтын өзінің көк иті - Диньгоның күшігі болған соң ба - ол да үйдегі жан-жануарларға үйірсек!
Оның досы нағашы апамның сары сиыры, бұзау-таналары!
Аргуст –мифтік ат,оны дөп басып, қойған Кәрима-екінші әпкем. Оны атымен атауға апам тілі келмеген соң сары күшігіміз -«Әргөшкә » боп шыға келді, әңгімені жазып жатқанда ойладым: апам сол күйінде «Әргөшкә» , «Әргөшкә» деп жатқандай белгі береді.
Апамның бейқамдығы, күн молынан түсетін оңтүстіктегі жайма-шуақ тіршілік , қырдың үстіндегі өте ыңғайлы, еңселі қоңыр-салқын қоржын там(там деген сөзді қазір қолдана қоймайды, )бар болатын бізде, ал біздің ағайындар шатырлары шиферлі , ал едендері ағаш, жалпы өте заманауи келісті үйлер салып алғанда-менің апам мен атам сол баяғысынша аса қоңырқай тіршілік кешіп жүре берген еді. Мен апамның қолында мектепке бармай тұрып та көп болатынмын, ал енді нағашы атам өмірден өткен соң мен бастауыш сыныптардың барлығын сол жақта өткізіп жүрдім.
Уайым –қайғысыз балалық шақ, ағайындардың қыздары және балалары,олармен дос болуымыз,сары итіміз –Аргуст ,оның еркін жүргені және еркелеп келіп,аулада асыр салғаны бір бақытты өмір еді.
Сары сиыр алдындағы жаңа ғана орып әкеліп , қойған жасыл шөпке тойғандағы сары сиырдың пысылдап, күйсеп жататыны өте көңілді көрінді маған.
Оның таналарының күйсегені,адамға ең қажеті ас –ауқаттың молшылығы,және нағашы апамның есік алдының сайына таба нан пісіргені, аппақ етіп ақ көбікке малындыра отыра кір жуып қоятыны –барлығы да мен үшін аса маңызды суреттер мен естеліктер болатын.
Айтпақшы,апамның есік алдында екі үлкен - үлкен қара ағаштар өсті. Олардың жайқалып кететіні сонша ,олардың көлеңкесінде апам біресе, бұл кездегі тіршілікті дөңгелетіп жатқан нағашы апам,бізге кемпір ,ал нағашы атамды шал деп жүрсек ,олар әлі 1970 жылдары-атам,59-жаста ,ал апам 53-54-тер шамасында екен ғой.
Біздің нағашы апамыз – толықша келген аса ақкөңіл , ешкім туралы жаман ойламайтын, елдің көңілінен шыға білетін мейірімді жан.
Нағашы апамды біздер «Темір апа» деп атаймыз, себебі ол кісі сол Темір ауылында біз білгеннен бері тұрып келгені біз үшін солай ат қоюға себеп.
Шіркін ,нағашы апам да мені тура нағашы атам секілді өте керемет жақсы көретін-ді ,апамның менің өмірімдегі ең басты ісі маған өте көп еңбек сіңірді.
Менің сол ауылдағы «білім негізі-бастауышта» деген қағидада айтылатындай - тек сабақ оқып, таза білім алумен жүргеніме мүлде қарсы болмады.
және бар жақсыны менің аузыма тосқаны мен үшін үлкен бақыт болған екен.
Ауыл өмірінен қазір бәріміз қашамыз ғой, ол кезде мүлде қалаға құмар емес едік, себебі қаладағы туыстар бізді онша жақтырмаған да екен.
Нағашы апамды – менің және менімен қосқанда 8-жиен қыз –жиен балдары өте жақсы көрген еді. Нағашы апам да сондай мейірімді ,бірақ нағашы апам кейде ашуланса сол адамға бірдеңе болатын , сондай бір сиқырлы күштің де иесі еді. Ол - қазан төңкерісі сияқты тарихи оқиға болған жылы өмірге келді.
Нағашы апам аштықты, соғыс кезін,тың игеру сияқты барлық кезеңдерді жалпы өте жақсы біледі деуге болатын, апамның жақсы қасиеттері өте мол.
Нағашы апам өте ырымшыл, күйеу баласымен,яғни біздің әкемізбен арасы суи бастағанын осы бейкүнә күшігінен көріп жүргені.
1971 жылы өз аулымда енді –енді 1-сыныпқа барып жүргенмін, барғаныма көп болмаған-бір немесе бір жарым ай шамасы болса керек, нағашы апам ауылына келіп оқыдым.
Себебі,1971 жылы шамасы қыркүйек пе әлде тамыздың соңы ма білмеймін, өмір –бақи еліне адал қызмет еткен нағашы атам аттан құлады. Ең ауыр жағдай да осыдан басталды.
Мойын омыртқасы үзіліп,қайтыс болған соң нағашы апам өзі ғана қалды. Екі қызының да бала-шағалары көп болғанымен,үлкен қызы біздің анамыз Қалбибі - біз нағашы апамызға көбірек жанымыз ашыды. Әттең, бауырларды сағынамын, әрі алыс болған соң ата –анам да жиі-жиі келе бермейді.
Ал,нағашы апамның кіші қызы Қанзада бізге аз ғана күнге қолы қалт етсе келіп тұрады, әпкеміз жиі -жиі келсе деп ойлаймыз. Себебі, нағашы апамның кіші қызы менің анамның туған сіңлісі ғой, маған кетерінде ұсақ тиындар, апам екеумізге тазалық сақтау турасындағы ақыл- кеңестерін де айтып кетеді.
Біздің ең жақын көршіміз Айсұлу әпкенің үйі, өзі және үлкен қалада қызы бар .Ол кісі де менің апам секілді жиен баласын қолына алды.
Асан менен екі жастай ма ,өзі нағыз қалалық ,аппақ ,ашаң жүзді, бойы ұп –ұзын , ол маған ұнайды. Оған ауылдың басқа қыздары тиісіп, ойнауына болмайды,себебі олар нағашы ғой,ал мен онымен
Асан талантты бала, сурет салады, сабаққа құлқы болмаса да түрлі өнерлері бар, оның маған жарасып тұратын кекілі ұнайды. Ол мені менсінбейді, көбінесе мені мазақтап, жыныма тиеді. Мен оған да кейде жауап қайтарсам бітті, бұртиып керемет көңіліне алып жүргені.
Дегенмен , күндіз көңілді болғанымен күз, қыстың және көктем кездерде біз апам екеуміз негізінде қыдырымпазбыз.
Ол әрине,дұрыс емес, бірақ бізде амал жоқ. Ағайындар үйлері көңілді. Себебі олар толық отбасы ғой, ал апам өмірге әкелгені бар болғаны екі қызы ғана , ал мен үлкен қызының қызымын , апам не айтса да мен үшін заң. Кешке қарай есікке құлыпты салып кетіп бара жатқанымыз ұят –ақ. Ал,ағайындар кейде : «Шешей ! Шешей ! Келіңіздер ! » деп шын көңілдерімен қарсы алып жатады, кейде қабақтары ашылмай жатады.
Ондай кезде көп отыра беруге болмайды деген сөз, ондай кезде біз тезірек кетуге асығамыз, ондай кезде өзімізді жайсыз сезінеміз.
Ағайындардың қыздары да шайпау мінезді, кейде теледидарды тек орыс тіліндегі хабарларға қойып, әдейі қырсығып отырғандары , әттең ондайда ештеңе істей алмай,амал жоқ, не болса да көніп отыра береміз.
Апам өзі сондай жақсы ,азғана зейнетақысына көп етіп, қант,шайын ,майын алып қояды. Кейде өзі көктемде еккен егінін қыста не күзде жақын аймақтағы базарға апарып пұлдап келеді. Апам шәй ішпей кеткен соң базардан келгенде қатты науқастанып, жатып қалады. Апама шәй беруім керек , мен 8-9 да болған соң бір жолы «шәй қоям» деп қайнаған шәйнекті аяғыма құйып алған едім, сол кезде біз апам екеуміз қаздың майын іздеп,тауып,соны жағып, әбден қиналдық.
Нағашы апам мені шомылдырып, жуындырып, сонан соң тап-таза етіп мектепке жібереді. Кейде ата -аналар жиналысы болып тұрады ғой , апам түк ештеңе ойламай барған екен, ауылдас әйелдер апамды ренжітіп жіберген екен , «кімге келген» деп, апам ренжіңкіреп келді де сонан кейін ата –аналар жиналысына мүлде бармай қойды.
Мен апама «бар» деп айтпайтын болдым, ағайындар емес ондай апамның ұлы жоқтығын бетіне басқан кім болғаны белгісіз.
Екі қыз ғана әкелген нағашы апам нағашы атам Тастай атама қиянат та жасады –ау, қазақ тың салты бойынша үйде ұл бала болса ата бабаның аты өшпейді, ал менің нағашы апам өзі іштей «екі қызым болса ,сол жетеді » деп тілеген екен, міне оның зардабын мен де көрдім, апамды жалғызсыратпау үшін нағашы жағымда жүруге мәжбүрмін. Бұл жақта бәрі бар, әттең өзім анамды сағынамын. Бауырларымды қатты сағынамын. 2-сыныпта хат жаза алатын болдым, анамнан хат келген екен, анам сол жылы науқастанып , облыс орталығына ауруханаға түскен екен, мен оқып болдым. Нағашы апам «анаңа хат жаз!» деді. Мен маржандай анық етіп, үлкен –үлкен әріптермен анама «жазылып кетуіне» тілек тілеген және апам екеуміздің амандығымызды білдіретін, қысқаша хат жолдап жібердім. Анам менің хатымды алғанда ерекше қуаныпты және ерекше таң қалған көрінеді.
Анамның денсаулығы ақыры сол күйінде түзеле қоймады.
Анам үшін қорқамын да жүремін. Біздің жақта тас кесек суы бар өзендер ағады, олардан кейде білдірер - білдірмес қара суық келіп тұрады. Анам өкпесі тесік па әйтеуір күрк- күрк жөтеліп, қиналады да жүреді.
Жалпы апам екеуміз да ағайындар үйіне теледидар көру деген сылтаумен бара береміз, себебі екеуден екеу отырғаннан ішіміз пысады. Қойбағар көке бізді жақтырады. Бұған біз апам екеуміз мәз боламыз. Үй- іші көңілді боп кетеді.
Cонымен, Аргуст өте ақылды ,ол күшік қалпынан тез –ақ өсіп кетті.
Тұрқы биік , сүйкімді, европалық және қазақы тұқымдардың буданы болған соң ба жалпы, ауыл иттері оны шеттететін –ді.
Нағашы апамның үлкен қызы Қалбибінің қыздары мен ұлдары біздер басқашамыз, адамдарға өте -өте үйірсек емеспіз!
Ал,енді кіші қыз Қанзада әпкеден тараған қыздары адамдарға,ағайындарға үйірсектеу, ашық –жарқындығы көбірек ,оларға қызығамын, кейде жыным келеді.
Әсіресе, менімен түйедей құрдас Райхан өте нағыз қудың өзі !
Ол бәріміз таңғы шәйді ішіп бола бергенде-ақ қулығын іске асырып кетіп, қалады. «Мен көкелеріммен амандасып келемін!» деп маңғаздана бастап, ақыры кетіп, тынады.
Ол кеткенде біз сан соғып қаламыз, Кәрима әпкем екеуміз таудай үйіліп жатқан тезекті жібітіп, қысқа отын болатын, тезекті біресе илеп,теріміз тамшылап , еңбек етіп жатқанымыз. Олар әкпесі екеуі түсте бір –ақ келеді.
Ол кезде нағашы апам самауыр қайнатып, сары майды,қантты,парварда конфетті үйіп қояды, мен әпкем екеуміз бөлелерімізбен ұрсысып қаламыз !
Олардың тура тәтті шәйға дейін келмей қойып, ауыр жұмыс біткенде, бір-ақ оралатыны ашу –ызаңды шығармай қоя ма?
Мен Райханға ала көздене бастаймын, нағыз «қырғиқабақ» басталып ,
Аргуст –итіміз өте адал –ақ!
Ол сары сиырды қырағы солдаттай күзетіп,таңғы уақытта өріске бірге апарып , ал кешке міндетті түрде бірге келеді!
Қайран сары сиыр ! Өзі сүтті,үлкен ,осы сиырымыздың арқасында нағашы апам үйі береке !
Бір қазан сүт, сары май, қою айран (қазір де ағаш қасықпен көбігін талай ішкенім есіме түсті ! )
Сары сиырдың бір аздаған кемшілігі бар еді, ол қандай кемшілік!
Ол кемшілік ,яғни сары сиыр өрістен қайтуы қиын-ақ, өріс ауылдың ең оңтүстік шығысында ,яғни ауыл ішімен өтуші еді. Мен сол өрістен қайтарда
Сиырдың ауылдағы ағайындардың жап жасыл жүгерілеріне Хрущев атамыз секілді басып, кіретіні бар еді. Біз итіміз Аргуст , Кәрима және мен зорға дегенде сары сиырды айдап алып ,кететін едік.
Сары сиырды нағашы апам көп еркелетеді.
Арам шөпті,қауынның қабығы , кейде кебек,кейде жем дайындап қояды, ал оның ісі бізді ұятқа қалдыру .
Аргуст сары сиырды өрістен айдап келе жатқанымызда өте- өте қорқынышты жағдайларға талай тап болды. Себебі, ауыл иттері оған бас салғысы келеді.
Бірақ, ол өте ақылды және жонын күжірейте қояды.
Сап –сары жүндері өсік, тұрқы қасқырға келіңкірейтін досымызға ауыл иттері шәуілдегені болмаса, тістері батқан емес.
Нағашы апам үйін және екі қызын ,олардан тараған біздерге құдайдан ұзақ өмір , бәле- жаланың аулақ болуын сұрап , күнде жатарда қашан көзі ұйқыға кеткенше еш тыным таппайды.
Міне ,нағашы апам өте көрікті кісі , ақкөңіл, іскер, егінші.
Апам екеуміз еккен жүгері мен пісте –кіші -гірім орман дерсің, менің достарым бар, бірақ олардан бір кемшілігім –мен жиенмін,толықпын,олар мені «семіз Бақа» деп ат қойып қойған .
Бізге алғашында өте әдемі жас апай берді, Қарағанды қаласының қызы болатын.
Біз оқушылары Шолпан апайымызды өте жақсы көрдік, мен сол кісінің қаншалықты терең білім бергенін емес, сондай тартымды мұғалім болғанына қызыққан болуым керек.
Ол апай өте сұлу болатын, шашы қолаң шаш, өзі әдемі , нағыз кино жұлдыз дерсіз, біз апайымыздың сұлулығына,шашына,оны төбесіне әдемілеп түйіп қоятынына қатты қызығатынбыз. Өзі өте әдемі киінеді, 70-жылдары қысқа кию сән болды, апай мектеп мұғалімі болса да өте қысқа киінеді, бізге мүлде ұрыспайды, әдемі даусымен жәй ғана сабақ түсіндіреді. Шашын жуғанда өте қиналады, ұзын шашты күтіп,баптау мүлде оңай емес еді. Ол кезде шампунь деген бас жуу заттары жоқ болған соң да қиын,адамдар қою айранға жәе сабынмен көпіртіп , құйқасын әдемі етіп көрсетіп қою да сән болатын.
Міне, мен сол апайдың біздің апам екеуміздің үйімізде тұрған кезіне дейін көз алдыма келтіріп отырмын.
Алайда, Шолпан апай бізбен көп тұрған жоқ,жаз шыға бастағанда көрші ауылдан қатынап, мектептегі жұмысына келетін болды.
Алайда, менің есіме мынадай жағдай түсті: мен бір күні үш досым және менімен төрт бастауыш сынып қыздары мұғаліміміз Шолпан апайды қарсы алмақ болдық. Сөмкелерімізді қалың жасыл шөптің арасына тығып кеттік. Ол апай біздің ауылда тұрмайды, жаяу басқа кішірек ауылдан келеді Мен сол жолы адасып кеткенімізді түсіндім,біз қорқа бастадық, «апайдың алдынан шығамыз» деп қаталап, шөлдей бастадық, мен тіпті терлеп кеттім, төбемізден күн өте бастады. Мен шөлге шыдай алмадым, су ішкім келген соң жаңбырдан қалған қақты ішіп алдым,алақанымды қосып жатып, суды ішу дұрыс емес екеніне де қарамадым.Досым Балқияны қинап сұрап жатырмын: «Балқия! Біз енді қашан жетеміз? » деп сұрап қоямын. Балқия арық ,және жолға шыдамды. Ол менен озып кетті.
Және ең артта қалып кете беремін. Сол жолы апай басқа жолмен мектепке кетіпті ,біздің бар еңбегіміз далаға кетті. Біз апайды қарсы ала алмадық. Шаршап қайтадан мектебімізге қайтып келдік.Сөмкелерімізді тауып алдық, ыстықтап, шаршап келген біздер сабақтан қалып кеттіппіз. Біз өз ісімізге ұялдық. Екінші рет ондай қиын жолға шықпайтын болдық.
Нағашы атам барда да мен балалық шағымның көп уақытында сол жақта, нағашыларда жүретінмін. 6-сыныпты бітіріп, өз ауылымызға нағашы апам екеумізді анам де көшіріп әкелді. Өз ауылыма келсем, қызық болды. Менімен бірге 4-5 сыныптарда бірге оқыған сымбатты жігіт Бекбол Жүсіпов мені емес , менің сыныптасым Атымтаева Айжанды ұнатыпты .
Не шара,себебі сыныптас құрбым өте көрікті ,ал мен болсам ,толықпын, олар мені мазақтап күледі, маған сыныптастарым: «бытти» деп ат та қойып үлгерген. Ең болмаса анамды силаса ғой,себебі анам сол мектептің бастауыш сынып мұғалімі, ал кішкенеден кейін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен сабақ берді. Ал,мен болсам, бірге оқитын сыныптастарыма мүлде ұнамаймын. Ешкімге тиіспеймін, ешкімді жамандамаймын,бір кемшілігі үшін күлмеймін. Бірақ,сыныптастарым мені жақтырмайды. Мен кітапты оқып тұрғанда олар менің қасыма келіп,кітабымды жұлып,алып жерге лақтырып, тастады.
Ал,мен болсам қолымнан түк келмей сол кезде мына озбырлыққа шыдай алмай кеттім. Ар жағы немен біткені мүлде есімде жоқ екен. Себебі,мен өзім ешкімге ұрынбаймын ғой, сондықтан маған ұрғандары жаныма батты, сол себепті мен іштей өкініп тұра бердім. Әлі есімде ,өзіміздің ауылда оқып жүргенімде мен ұнатқан сыныптасымның әкесі мені мақтады: «Қарашы,қандай жазуы әдемі » деп,ол ағай бізге тарих, қазақ тілінен де сабақ берді -ау деймін.
Ал,өз баласына ұрысты : «Балам сен адам болмайсың !» деді.
Баласына да ,өзге біреудің баласына да ұстазым қандай әділ болған еді десеңізші. Біздің өз ауылымыздағы қызықтарымыз көп : негізі бізде спорт залы деген мүлде болмайды,пеш жағылып жатады, кейде тышқан сияқты жәндіктер де кіріп кетуі мүмкін сыныпқа . 7-8 сыныптарымды ақыры өз ауылымда оқыдым, мұғалімдерім мені мақтай бастайды.
Себебі,мен сабақтан күнде баға аламын. Күнделігімде бос орын жоқ. Кей кезде әр күні болатын 5-6 сабақтың барлығынан «5» деген бағалар мен мұндалап тұрғаны. Мысалы, мен суретші болмақ едім, ол үшін табиғат суреттерін салдым, онан соң жайлап газеттерге мақала жаздым.
Сыртында,редакция белгісі бар хат келгенде керемет қуандым.Бұл хатта былай жазылыпты: «...сенің хатыңды алдық. Әңгімең әлі де дұрыстауды қажет етеді. Біз сенен көп хаттар күтеміз » деген сияқты жылы лебіздер жазылған екен. Мен шабыт алдым . Үйімдегі үлкендер мені «жазушы , қаламың мұқалмай жаза берсейші » деп күле бастады.
Менің жазғыштығым сонша ,кез келген желған жағдайларды жазып қоя беретінмін. Бірде ауылдағы анам базарға кетті. Мен сол оқиғаны ағашқа қара қарындашпен жазып қойдым : «Анам базарға тауық әкетті, бүгін қайтып келсе екен» деп жазып қойдым.Анам келді .Менен кейінгі інім Сакен мені мазақтай бастады: «Анам базарға тауық әкетті ,анам базарға тауық әкетті! » деп мені мазақтап күліп жүр.
Мектептің 7-8 сыныптарында оқып жүргенде мен балалар газетінің бетіне мақалаларым шыға бастады. Әңгіме құрастыра алатын деңгейге жеттім. Ол кезде менімен оқитын сыныптастар менің бұл ісіме былай деді: «Біз сенің өтірік жазғаныңды айтып қоямыз !» деді. «Мен өтірік жазған жоқпын, тек кішкене өсіріп жаздым » деп ақталдым.
Олар ішінде фамилиясын дұрыстап жаза алмайтын достарым да бар еді, олар мені түсінбеді.
Олардың мені осылай қорлаған себебі неде екен ,мен мүлде түсіне алмадым.Өз ауылымда оқыған кездегі 7-8 сыныптар мен үшін нағыз қиын кезең болды. Кейде түсінбейтін сыныптастар болады екен ғой, олардың ең бастысы мені түсінбегендері де бар еді, жазудың қиындығын олар қайдан білсін?
Мен республикамыздың көптеген аймақтарынан хаттар алдым.
Өте көп хаттар,жазған мақалаларым өзіммен жасты басқа аймақтарға да таралғаны ,және жақсы әсер қалдырғаны белгілі болды. Мен осы пионер газетінің арқасында жасөспірім қыз-жігіттеріне ұнай бастадым.
11-сыныпты бітігенде мен анама айттым, « Мама! Мен биыл журналистика факультетіне оқуға түсемін » деп, айттым.
Бұл ойымды анам құптады.
Және бір араманым әнші болу еді. Әншілік үшін дауыс керек,ал менде әп-әдемі дауыс бар.Мте оқып жүрген кезде садан түспейтін едім ғой.. Бірақ ,өзімше талабым зор , дегенмен бағымды сынап көру үшін 11-сыныпты бітірген соң Алматы шаһарына үлкен арман арқалап ,анам,әпкем және мен үшеуміз жолға шықтық. Қызық,сол жолы анам,әпкем қасымда болғаны қандай керемет еді десеңізші,
Өйткені анамның ең үлкен жақсылығы сол жолы болды ,мен үшін. Мен ақыры оқуға түстім. Мен өз арманымды жазсам деймін: менің арманым - атақты жазушы болу, ақын болу, үлкен қалада ертегідегідей әдемі жаңа үйде тұру, бақытты да бай өмір сүру.
Ал,мен ондай жағдайға ешқашан қол жеткізе алмаймын. Мен де бәрі керісінше, қадіріне жете алмаған әкеміз бен анамыз қазір өмірде жоқ. Мен он сегіз жылдан бері өзім балаларыма қарап келемін, қазіргі адамдардың жүрегінде мейірім мен жауапкершілік бар ма екен,өзі ?
«Алтын медальмен» орта мектеп бітіріп, Мемлекеттік университеттің ең керемет факультетін бітірген мен сияқты жоғары білім алған адам үшін жоқ -жітік болып өмір кешу үлкен қорлық қой...мен жағдайымды қалай түзеймін ?
Мен талантты адаммын, биыл үлкен шаһардан өлең кітап шығарттым, оны әзер дегенде шығардым,әзер дегенде тиын-тебен жасадым...Мен ол кітапты шығару үшін үлкен –үлкен қиындықтардан өттім. Себебі, мен ол кезде көп адамдармен танысып, жолығып,ол кісілерге өзім жасаған қолжазбамды көрсеттім.
Ол кісіледің бірі : «Қане, өлеңіңізді оқып көрейін!» деді. Мен қолжазбамды ұсындым. Ол ішінен бір өлеңді оқып ,көрді де : «Мына өлең жақсы,отты екен!» деп ,менің көңілімді көтеріп тастады. Мен не істеу турасында ақыл-кеңесін тыңдадым. Үлкен кісі өзінің бір танысына қоңырау шалды, менің «жинақ шығарам» деген тілегіме қарай өзінің «баспа мекемесі бар» екенін айтты. Сонымен, мен баспагерлермен танысып, мәз болып шықтым. Алайда, сол оқиғадан тура бір жыл өткен соң ғана жаңағы өзім танысқан кісіге ақша аудардым. Ал,баспагер менің жинағымды бірер жылдан соң шығарып берді.
Мен «кітап шықты» дегенді естігенде керемет қуандым. Енді оны тезірек қолыма ұстап көргім келді. Үлкен шаһардағы студент қызым Меруерт Кокушева менің өз жағымызға «кітаптарды салып жібер» деген өтініштерімді орындай алмады. Себебі,ол өз сабақтан қолдары мүлде босамады.
Демек,мен басқа адамды табуым керек. Менің үлкен әпкем қызы Гулшаһира маған кітапты алып, өзіме салып жіберді, газель көлігі арқылы. Ақыры ,мен түн болып қалғанда, кітап салынған бандероль қолыма түсті .Ақыры , кітаптар салмақты екен. Мен автобустар тоқтайтты темір жол және автобекетке жақын тұрамын, түнгі екі - үштер шамасында мен Алматы қаласынан келген кітаптарымды жүрегім жарыла қарсы алдым.
Мен кішкентай қалада тұрамын, пәтер соңғы үлгіде емес, жиһаздарым сонау ХХ ғасырдағы 80-ші жылдарды еске түсіреді...
Себебі, мен үш баланы өзім жеткізіп келемін, олардың денсаулықтарын қаратам деп әбден шаршағанымды сөзбен жеткізу қиын.
Әкесі осыдан он сегіз жыл бұрын тастап кеткен соң ұлды және екі қызды өзім жетелеп, жетектеп өсіріп келемін. Арасында бауырларым ақшалай және басқалай қолдау көрсетіп отырды. Олар ғана аяушылық білдірді.
Қазір заман не болып кетті ?
Мейірім қайда?
Жауапкершілік қайда ?
Балаларымның әкесіне «дұрыс тәрбие берілмеген» деген ойға келемін кейде ! Себебі,ол қиындықта мені тастап өзі қашып кетті, басқа адаммен отбасын құрып кетті.
Мен он сегіз жыл сол уақыттан бері еңбек етіп, шырылдап, балаларға қарап, тыным таппаған екенмін. Дем ала аламаған екенмін. Менің курортым ол Оңтүстіктегі бауырларымның үйі ,әке- шеше үйі ...ол да қараусыз тозып барады екен.
Мен осы әңгімеде ашық жазып отырмын ғой, мен кедейліктен ұялып өлетін болдым, маған бұл жағдай ұнамайды мүлде...
Ашығын айтқанда, үйде отыратын үстел де жоқ, шәй ішіп отырғанда құлап қаламын көбінесе,үстел алатын ақша да жоқ..
Жақында, жиһаз дүкеніндегі бағаны естіп, шошып қайттым, үстел ала қоятын менде мүлде жағдай жоқ.
Айлығыма мүлде қол емес екен ғой, бірақ жазушыға жағдай да керек. Мен былтыр өзімді жазушы деп есептеп, бір әдемі үстел электр шамын сатып алдым. Бірақ, жалғыз үстелде қызым екеуміз шәй ішетіндіктен мен ол шырақты қайда қоярымды білмедім, мен сабақ беретін оқытушымын. Бірақ, үміт бар ғой, жұмыс орнындағы үстел жақсы, мұнда бәрі ыңғайлы , емен үстел, бәрі де ыңғайлы...
Мен жұмыста отырып қаламын, себебі мақала жазамын, кейде өлең жазамын, кейде көңілім құлазиды , алыста қалған балалық шақтағы күндер елесі ....оларды еске түсіру де қажет қой ....
Менде бос уақыт мүлде жоқ,көбінесе конференциялар өткізіп жүретінмін, бірақ соңғы екі жылда ештеңеге зауқым жоқ.
Студенттердің де жағдайлары мәз емес, мен осы арада үлкен қаладан келген бір балаң жігіт туралы жазып кеткім келеді. Өзі сондай сүйкімді, мен оны ұнатып қалған жоқпын, ғашықтық туралы әңгімелер әлі алда ,бұл жәй ғана өзімнің ойларым ғой ,баяғы.
Жаңағы баланың анасы еден жуушы , ал әкесі үлкен қала да құрылыста құлап, мүгедек болып қалған екен. Ол көбінесе жазу құралынсыз келеді, мен ештеңе демей оған қаламсап беріп отырамын. Ол әсіресе 3-ші парда қиналып ,бұралып әрең отырады. Мен оның бірде бір рет асханадан бәліш сатып алғанын көрмедім, ол тіпті жеңі өте қысқа күртеше киіп алыпты.
Досым екеуміздің атымыз да Балқия ,ол арық -оған құрметпен «арық Бақа»,ал маған келемеждегендей етіп,«семіз Бақа» дегендері жаныма өте –өте қатты батады, мен ол үшін жыным келеді, кейде достарыммен бет жыртысып та қалуға тура келеді.
Мен үшін Балқия өте жақсы , адал дос, оның апасы да менің апамның бірге ұзақ рахаттана оырып, бірге шәй ішіп отыратын, досы, апам сол кісі екеуі біздің үйде ылғм шәй ішеді, апам ол үйге өте сирек ба шәйін және барын алдына қойып, көл-көсір силап жүретіні бар.
Үйдің іші көк түтін ,себебі апасы темекі шегеді. Мен ол кісіні Мәрия шешей деп атайтынмын.
Мен апамның қолында көп болмадым.
Біздің үй ауыл шеті болған соң –үйдің жанында қыр бар ,тап –тақыр ,біреу әдейі жалтыратып қойғандай , соған үй тірлігін бітірер - бітірместен құрбы және ағайындас әрі ауылдас қыздармен шыға қоямыз.
Арық Бақа, Дариха, Айгүл, Сәбила мен сіңлісі Кәмила бәріміз шыға қоямыз.Ойын басталып кетеді .Қысы –жазы сол ойын! Әсіресе –қыстың ақпан айы өте көңілді. Мен әдейі ішінен қалың шұлғау ораймын да мәсі киіп,аламын. Мәсі табанынан суық өтіп кетер деп мүлде ойламаған екенмін.
Балқия досым мен студент болып, Алматы қаласында жүргенде де мені ұмытқан жоқ. Ол маған фотоларын салып, ұзақ етіп ,бала кездегі қызықтарды еске ала отыра хат жазып тұрды. Бірде ол былай жазыпты : «Қазіргі балалар ойнамайды, біз бұрын қырда ойнаушы едік қой...» деп жазып жіберген екен.
менің досымның сөздері көңілімді түсірді. осы жағдайларды ойлап ,көп қапа болып кетемін, кейде. ностальгия болып, отырмын.
Бәрі де қызықты және есте қаларлықтай өтіп жүр.
Әңгіме жазу да оңай емес екен....
Мен бұл әңгімені жазар алдында бүкіл оқиғаларды барынша айқын, бірізділікпен жазбақ болып тас -түйін бекініп отырмын. Оған менің талантым, шеберлігім,төзімділігім жетер ме екен десеңізші...
Атақты жазушы болу үшін «Мақтағыз бен мысық» ертегісіндегі мысық сияқты қолымнан келгенше тырысып жатырмын.
Бір түрлі басыма бақ қонардай жүрегімді бір қуаныш кернейді, жүрегім сол бақытқа ұмтылады.
Менің бір күнім бос өтпесе екен деп тіледім, сол үшін есімді біле бастағаннан –ақ айналама таңғала қарадым ..
Мен ол үшін кішкентай кезімнен көп нәрсені қиялдаушы едім. Мен сол қиялдарыма ерік бергенімде осы уақыттарда Ганс Христиан Андерсен секілді ертегіші болып кетер едім –ау...
Мен егер тек қана ертегі жазып отрсам ғой керемет қиял- ғажайып жазушысы болуым да мүмкін еді...
Мысалы, мен қиялым бойынша өзімді «Күлше қызбын» деп ойлаушы едім,себебі мектептерде ылғи да сыныптастарымнан озып кеткенім үшін көрмегенім жоқ:
бірде менің сыныптастарымның бірі өзінің дәу жұдырығымен кітап оқып тұрған мені бір ұрған еді, кітап жерге ұшып түсті, мен жыларман халде қалдым.
Мен оның фамилиясын ,яғни тегін де қатесіз жаза алмайтынына күлген болатынмын. Ал,бірде мен альбом жасаған едім, оқушылардың бәрінен ақша жинадым, кейін олар менен сол ақшаны қайта сұрай бастады, сол менің жаныма қатты батты. Сол болмашы тиынды әр қоңырау сайын сұрап, менің жүйкеме тие бастады.Бұл жағдай 7-сыныпта болған еді. Көктемде біз « Владимир Ильич Лениннің туған күнін» -22 сәуірді ерекше қарсы алмақ болып едік. Соған бола оқушылардан 30 тиын жинап,оған альбом сатып алып, өте әдемі етіп жабыстырып, бір дүние жасаған едім. Ол менімен бақталас сыныптас қыздардың кейбіріне мүлде ұнамады.Сондықтан, менімен сыныптас қыздар маған бүткіл оқушыл айдап салғаны ,өте өкінішті.
Менің мектептегі кезім бірізділікпен бір мектеп қабырғасында өтпеген екен, біресе ана мектеп,біресе мына мектеп,біресе ауыл мектебі, біресе қала мектебі, сондай түрлі орталарда және түрлі жағдайлармен бепе -бет келуіме себеп болған екен.
Мен сол күйде осындай қиындықтарды өте көп көрдім десем де болғандай еді. Бәрі бірде жабылып, менің «Алтын медаль» алатынымды көре алмай, үлкен сыныпта –ақ бетімді интернат қыздары жабылып, қанымды шығарып, бетімді «тырнап» алды.
Бұл 11-сыныпты бітірер алдындағы «қимас» сыныптастарымның маған берген сыйы.
Осы оқиғалар менің есімнен ешқашан шыққан емес, ойыма келсе сол оқиғалардың
бәріне тек өзімді кінәлеп жүремін,адам осынша жасқаншақ болады екен-ау.
Сол бір бақытты балалық шағым көз алдымнан кино тәрізді өтуде –ол кездің сағынышты сәттері ,жүректі ауыртар өкінішті сәттері де аз болмаған екен .