Адам қарады: 533 | Жарияланды:

Сөз соңы

 

 Атам

            Ол ешқашан шешендігімен көзге түскен емес. Керісінше томаға-тұйық күн кетіп, әдетте әжем ұшы-қиыры жоқ әңгімесін бастаса, не құптап басын изеп отыратын, не шығып кететін. Шынтуайтында, мен оның туған немересі емес едім, ол 30-шы ашаршылық жылдардың құрбаны болған атамның інісі-тін.

 

Дегенмен, жеті жасқа жеттегі тұл жетім қалған әкемді тәрбиелеп, оқытып өсірген сол болатын. Оны асырау үшін соғыстан кейін тағы үш жыл Қиыр Шығыста еңбек ақысы жоғары әскери қарсы барлау (СМЕРШ) аға лейтенант қызметінде қалған. Әжемнің айтуынша, жолдасы арқылы беріп жіберген парашют матасынан көйлек тігіп, оны сатып, ақшасын сол кездегі астанада заң институтында  оқып жүрген әкеме жіберіп отырыпты. Дегенмен, қырық сегізінші жылға қарай   әкеме шыдамының таусылғанын, үй-ішін сағынғанын, сондықтан әкеме елге қайтатынын айтып хат жазады. Хаттың соңында «Соңғы оқу жылыңда да бірдеме қылып күн көрерміз» қосылған. Тұңғышы мен екінші ұлының жас айырмашылығының он жыл болуы сондықтан.

            Үйге оралған соң аудан басшылығының органға баруға үгіттегеніне көнбей, бұрын қызмет істеген мектебіне мұғалім болып, достары мен туыстарын тағы таң қалдырады. Осы мектепте зейнеткерлікке шыққанша отыз жылдан астам уақыт ұстаз болды.

            Мұғалімнің еңбек ақысы мардымсыз болғандықтан атам біраз қой мен екі сиыр ұстайтын, каникул кезінде өз малымен қоса көршілердің де малын бағып, табыс табатын. Ашығын айтқанда, ол кезде мұғалім беделді болатын. Кейін ғой жалпы біліммен қамту, сайлау және басқа науқандарды өткізуге үгітші етіп, бұрыңғы мәртебесін төмендетіп алғаны. Оның үстіне журналдарға жақсы бағалар қойғызып, жалған үлгерім жасатқызды. Осының бәрі  уақыт өте мұғалім мамандығының қадірін түсіріп, ер мұғалімдердің мектептен кетуін соқтырды. Кезінде азаматтың мектепте қызмет істеуі тансық болмаса, қазір «әйелдің» мамандығын таңдағандарға мұрын шүйіреді. Мысалы, атамның атын айтпай, Мұғалім  десетін, әлдебір жағдай бола қалса, «Мұғалімге барайық» «Мұғаліммен ақылдасайық» деп отыратын. Ешкімді ғайбаттағым келмейді, дегенмен, «тәлімгер» «шебер» орнықпағаны шындық .

Атамның тағы бір мінезі - әлдебір руласының ұрпағы туралы естісе, барлық шаруаны әйелі мен балаларына тастап, сол туыстарын іздеп, басқа ауданға, тіпті басқа облысқа аттанатын.

Бірде Семей жақтан әлдебір аталасын тапқанын әкеме айтып, қалай туысатынына келгенде атадан жанылғаны есімде. Әкемнің:

- Ақсақал, жеті атадан асып барып қосылатын кісіні іздеп, қаржы мен уакытты шығындап қажеті не? - дегеніне.

- Шықса - менің ақшам, кетсе - менің уакытым, оған несіне қиналасың, - деп ашуланғаны бар..

Біздің үйге келген сайын жеті атамды сұрайтын. Бала зерек болады ғой, жаңылмай айтып беретінмін. Есейген шағымда, сірә, оныншы сыныпта окып жүргенімде болар , бесінші –алтыншы атама келгенде шатастым да, «солардың бәрін білудің қажеті не?»  деп ренжідім. Ол бұл қылығыма ашуланбай баяу дауыспен былай деді:

- Әркімге өлшеулі өмір берілген. Сен ұлыңа жеті атасын білуді үйретесің, ол өз баласына... Солай жалғаса береді. Сонда бұ дүниеде дәмің таусылғанда есімің жоғалмай ұрпағыңмен бірге ғасырлар бойы жалғаса бермек.

      Арық болып өстім. Нағыз қалалықтар сияқты ауданда сиыр  мен қой ұстамайтын әкем мен шешем оңалуға мені Майқайыңға жас ет жеп ақ ішуге жіберетін.  Күнде бір кесе айран беретін, ал атам кешкілікте мойнымнын шұнқырын сипап, тағы бір кесе ішкізетін.

      Таңертең өріске  ала кететін. Табын шашырай жайылып, атқа бас қойғанда соғыс туралы сұрасам да, педучилищеде қалай оқығанын әнгімелейтін. Майдан жайлы тіс жармаушы еді.

Бірде соғыстан өткен зұлматты көргенін айтып қалды.  «Соғыстан қорқынышты не болушы еді?» - деп таң қалдым. Сұрағыма сұрақпен жауап берді:

            - Атаң мен әжеңнің қабірі қайда екенін білемісің? Менің әкем, сенің бабаң қайда жатыр? Әкеңнің ағасы мен әпкесі қайда? Көптеген туыстарымыз ше? Әрине, білмейсің, оны саған ешкім айтпайды да. Бүкіл халықтық қайғы бола тұрса да, оқулыққа жазбайды. Біз жайлы да. Атаң, әжең, сандаған ағайындар жерленген Сибкрайға міндетті түрде баруымыз керек.

            Ол жерге алпыс сегізінші жылы атам мен ұлы, әкем мен жүргізушісі, мен - бесеуімз бардық. Зиратты бірден таба алмадық, атам егін алқабын кезіп, өзі ғана білетін белгіні іздеп жүр. Кейінірек даланы беталды аралап жүрген адамдарға түксие қараған комбайыншы қосылды. Жағдайды білген соң жібіп, бригадирді шақырды. Атам оған  мұртты егде кісіге ұжымдастыру жылдары өлген қазақтардың бейітін іздеп жүргендерін түсіндірді. «Ұқтым» дегендей басын изеп, жол көрсетпекке машинаға отырды. Жоғары өрлеп бір ағаштың қасына тоқтадық. Атам сол тұстан солтүстікке он қадам жүріп, жыртылмаған кішкене алаңқайға тоқтады.

            - Осы, осы, - деп құптады бригадир,  - Көп адамдар жатыр. Осы жердің тұмасымын, әкем көрсеткен. Жер жыртқанда жігіттерге бұған соқа салмауды өтінгенмін.  

            Атам еңіреп, әкем іштей өксіп, орамалмен көзін сүртіп қояды. Біз жандарында жайбарақат тұрмыз. Мына қорымда жерленгендерді көрген емеспіз, сондықтан есімдерін ештеңемен байланыстыра алмаймыз. Тек үлкендердің жан дүниесінде Әлдебір толқу болып жатқанын түйсінгендейміз.

            Олардың көз алдына отыз екінің ашаршылығы өтіп жатқанын білмедік... Содан кейін бәріміз хабарыға жергілікті қариялардан сұрастыруға бардық.

            Біреулер бертінде көшіп келгендерін айтып, иығын қиқаңдатты, бір атай баяғыны жаңғыртудың қажеті не дегендей қолын сермеді, шеткі үйде тұратын әжей есіне түсірді:

- Қолымызда бармен бөлістік. Өзіміздің де жарығамыз шамалы. Бәрін сыпырып алды ғой...

Бір сөзбен айтқанда, құр қол қайттық. Марқұмдарды танитындарды таба алмадық. Бірі қалаға қоныс аударған, екіншісі о дүниеге озған. Бар қолымыздан келгені - бірнеше жылдан соң әкем, атамның баласы мен немересі, төртеуміз қорымның басына сол жердің топырағы бұйырғандардың есімі жазылған құлпытас орнаттық. Бұл аруақтарға емес, бізге, тірілерге, қажет еді...

            Осыдан соң қазақ халқының басына зобалаң әкелген ашаршылық жылдары туралы атаммен талай әңгімелестім. Уақыт өте көбі ұмытылды, кейбірін әкем толықтырды, сондықтан қайсыбір уақиғалар мен жер атауларының дәлдігін,  тақырыптың толық ашылғанын айта алмаймын. Хроника элементтерді келтірілгенмен, хронологиядан көркем сөз басым екенін ескерткім келеді. Әркімнің ар-ожданы өзіне төрежі.

            Деректі фактілердің арқасында ғана зор заманда арына дақ түсірмегендер мен зобалық атына май құйғандарды ажыратуға болады.

            Айтқандай, ар мен ұят туралы... Көз көргендердің естелігінен–ақ сол заманның адамдардың ар-ожданына таразы болғанын байқауға болады. Біреулер тағдыр соққысына шыдамай кісілігінен айырылса, екіншілері қиындыққа қайыспай арына дақ түсірмеді.

            Қай халықта болмасын, соның ішінде қазақ та, қартайған ата-анасына қайырылмай кетуді кешірілмес күнә болып есептелген. Қауіп–қатерде өзін дүниеге әкеліп, өсірген әке-шешесін тастап кеткен ұлды мәңгі “қарабет” атандырады, од өлсе де, сол масқарадан құтыла алмайды. Сондықтан болар атамның екі ағайынымыз туралы әңгімесінің жадымда сақталып қалғаны. Біріншісін:

 «Қайран Өміржаным – ай! Өмірің қысқа болды–ау!», - деп күрсініп еске алса, екіншісіне келгенде:

- Соғысқа дейін бар арманым - Алматыға барып, бетіне бір түкіру  еді. Имандай шыным, қолымның ұшын да тигізбес едім, - дейтін ызбарлана сөйлеп.

 

                                               3. Өміржан

            Өміржанға ата-анасы туралы жайсыз хабарды нағашысы Халел жеткізді. Басты әңгімеге көшкенше қалың сақалын тарамдады, екі бүйіріне теңселді, қайдағы-жайдағын сұрады.

- Өміржан, үйіңе барып қайтсаңшы, - деді кенет дүрс еткізіп, - Жұмысыңның бастан асып жатқанын да түсінемін, дегенмен барып қайтқаның дұрыс болар.

- Не болды, нағашы? - Өміржангың жүрек тұсы суып қоя берді. - Әке-шешем қалай?

- Жуырда кіріп шыққанмын. Әкеңнің аяғы ісіп, жатып қалыпты. Шешең қалт-құлт етіп жүр, қашанға шыдарын Алла білсін, - нағашысы қырын қарап отырып, осыны айтты. – Хабарласқаныңа көп болған шығар?

- Бір жарым ай бұрын Хамзе аман-есең, алаңсыз ғұмыр кешіп жатқандарын айтып кешкен.

- Қарғыс атқыр, «хлебопоставка» деген пәле шықты ғой, - ақсақал ызадан камшысымен столды бір тартты. – Қолда бардың бәрін жеп тауысты. Салық төлеу үшін әкең соңғы он шақты қойын Қарқаралыға апарып, астыққа айырбастап келіпті. Ауылнай, қисық ауыз Сәлмен туысқаның, салық төлемесең, балаңның жұмыс орнына арыз түсіремін деп қорқытқан. Ағайындық та елде қалмаған-ау!..

- Сонда қалай күн көріп жатыр? - Өміржанның өңі бұзылып кетті.

- Қалай дейсің бе? – ақсақал мырс етіп Өміржанның бетіне үніліп қарады. – Қолға ілінгеннің бәрін талғажу етеді. Тамақтан жұрдай. Ауылды аштық жайлап алды, Өміржан, соңы бұдан да қиын бола ма деп қорқамын. Осында Қойтас арқылы келдім. Үлкен қызымды сонда ұзатқанымды білген боларсың. Үй қараңғы, жаман иіс қолқаны қабады. Құдағиым бұрышта жетімсіреп отыр. Мені таныған да жоқ. Жөн-жосығымды айтсам да түсінбейді. «Амандасқың келсе, әне бәрі  ана бұрышта жатыр, уақытым келгенде мен де солардың қасына қисаярмын», - дейді. Барып қарасам алтауы – құдам, ұлы, қызым мен үш жиенім қатар сұлапты,

- Көңіл айтпақ-ақ, - орнынан көтеріле берген жігітті нағашасы алақанын сермеп тоқтатып тастады. – Алла кешірсін, өлімге етіміз үйреніп кеткен. Жаңажолдан қалаға жеткенше жолдың жиегінде жатқан отыз мүрдені санап шықтым, соның біреуіне жүрегім селт етсейші. Жан дүниеміздің сезімі өшіп біткен сияқты.

… Нағашысы бағана кеткен. Мана кіргенде киіміне әбден сіңген аттың ткрінің иісі бөлмені алып кеткен, тақап келе жатқан бұкіл халықтың қайғысының ащы дәміндей болып сол қалыпты. «Асық, қарағым, құдай бұйыртса, тірі кездерінде көріп қаларсың», - нағашысының қоштасарда айтқан сөзі құлағында жаңғырып кетер емес.

Ауылда не болып жатқанның Өміржан жаңа біліп жатқан жоқ. Қалада соңғы кезде манайдағы әбден жүдеп біткен ауылдардың кісілері қаптап кеткен.  Біреулері жейтін әлдене іздеп қоқыстарды тірнектеп жүрсе, екіншілері қолына түскенін жұлып алып, бой жасыруға асығады. Әсіресе вокзал маңындағы шағын базарды төңіректейді. Сіңіріне ілінген өлімсектер сөреден қолына ілінгенін алады да, тұра қашады. Ашуланған саудагерге ұсталып қалса, өлімші етіп ұрады.  Станцияда кезекшілік ететін милиционерлердің біреулері бейшаралардың қарекетіне келемеждей қарап тұрса, екіншілері қан тамырын шошытатын көрініске шыдай алмай бетін бұрып кетеді. Таңертеңінде әр жерде теңкейіп жатқан өліктерді аяғы талтақ саңырау шал ат арбасына тиейді де, өзіне ғана аян орға апарып тастайды, енді олар туған-туыстарына мәңгі жоқ. Өміржан  бұның бәрін білетін, бірақ пенде көңілге басқаның басына түскен қайғы өзіне жоламайтындай көрінетін. Жоқ, мұны айналып өтпепті.

            … Өміржанның  әңгімесінен кейін педтехникум директоры қиналып, желкесін қасыды.

            - Әрине, ата-ананың жөні бөлек,- деді біраз ойланған соң темекішінің қарлығынқы дауыспен, - Тек, өзің ойлап көрші, сабақ жаңа ғана басталды, ал сен болсаң... Мүмкін,  қысқа қарай қол бостау болғанда барарсың...

            - Қысқа қарай кеш болады, Степан Григорьевич, - Өміржанның дауысы құмығып шықты, оған директор жібермеуге сылтау іздеп тұрғандай болып көрінген.

            - Қысқа қарай паекті тағыда қысқартамыз, - деді орнынан тұрған Бунеев, - онымен қалай күн көресіңдер!

            - Бірдеме етіп күн көреміз.  

            Директор шағын кабинетінің ішінде ерсілі – қарсылы алымдап жүр, біресе қайғыдан бүгіліп кеткен жас оқытушыға, біресе  столының тұсында ілулі тұрған Сталиннің портретіне көз салып қояды. Шешімі қиын мәселе, босатса, осындағылардың өзі оқу басталар–басталмастан жұмыстан босатқаны жайлы арыз жазады, босатпаса басы салбырап кеткен жас жігіттің  үмітін біржола үзгені.

- Он күнде ораламысың ба, Тұрлықожин? – бір шешімге келген ол Өміржанға сынай қарады.

            - Одан да ертерек келемін, - бақытқа кенелнен Өміржанның дауысы қуанышты шықты.

            - Он күн,- деді Бунеев қулана көзін сығырайтты, - Одан кем болмау керек. Біржола түлектерімізді ауданда қалай орналасқанын біле келесің. Былайша айтқанда, іс сапарға барасың. Кімді жұмсарымды ойланып жүр едім. Біздің трашпанға аласың.

            - Рахмет, Степан Григорьевич, - Өміржан орнынан ұшып тұрды, сыртынан Аю - Медведь деп атайтын мына зор денелі адамға деген алғысы асып төгіліп, көзіне жас үйірілді.

            - Рахметіңді қоя тұр, - директор қолын сілтеді, - Кейін әлі айтарсың. Менімен жүр.

            Директор осында, техникумда дәліздің түкпірінде екі бөлмеде пәтерде тұратын.

            Бөлмеде Бунеев дүмі шытынаған ескі мылтықты қабырғадан алып, Өміржанға ұсынды.

            - Ұста. Қазір далада тыныштық жоқ, керегі болады. Сөкпе, екі-ақ оқ бар, дегенмен қорқытуға жарайды. Азаннан  жүріп кет. Бүгін шаруашылық меңгерушісінен паек ал. Иә, - директордың ерніне күлкі үйірілді,  - тек шошқаның еті ғана. Басқа азық-түлікке айырбастап аларсың, бірақ... Тойып секіретін заман ба?! Жолда ешқайда соқпауға тырыс, сақтыққа сол жөн болар. Қаланың манында мынадай болып жатқанда, шалғайда не болып жатқанын өзің де сезіп тұрған шығарсың.

            Өміржан Бунеевтің ақылымен ерте аттанып кетті. Арба бұралаң жолмен айлаққа жетіп, пароммен Ертістен өткенде әлі қараңғы еді, тек көкжиектен күн көтеріліп, сәулесі түнекті жаңа шабықтай бастаған кез. Трашпенке Ертістің айдынын артқа тастап, шексіз далаға ілінгенде төңірек жарық нұрға бөленіп, кешегі нөсерден қалған қалдық сулардың бетінде сәуле ойналы.

            Күздің не керек ететін өзі де білмейтін байдың шолжаң қызындай құбылмалы күні болатын. Аспан ашық, жылы болып тұрады да, кенет қара бұлт үйіріліп, жаңбыр жауады. Бұл шақты орыс халқының «бабье лето» атауы кездейсок емес.

Міне, қазірде күннің қызуы жылы киінген Өміржанның арқасын жылытқанмен алыста түйдектеліп жинала бастаған қара бұлтқа қарағанда тал түсте нөсер жауын басталатын сыңайлы. Қалада болсаң пана табарсың, ал далада   мүлдем басқаша. Жазық жерде қайда тығыласың, от жағып, киіміңді кептіре алмайсың, оған түннің суық желі қосылып, дірдек қақтырады.

            Түске қарай жел көтеріліп, дала ысқырыққа толып кеткендей болды. Жылудан түк қалмады. Әлдеқайда күн күркіреп, таза ауаның лебі сезілді. Сәлден кейін аспан жарылып, даланың сел басатындай көрінді. Бірақ жел қалай  жылдам көтірілсе, солай тез басылды. Қара бұлттың беті сөзіліп, күннің нұры себелей бастады. Аспан ашылып, тыныштық орнады.

… Арбаның дөңгелегі жердің айшысын қуырғанмен Өміржанға дала шетсіз-шексіз көрінген. Сарғайған шөп пен топырақ айналаны қоршап алған. Анда-санда тырналардың үнінің естілгені болмаса, мылқау үнсіздік. Сирек өсіп шыққан аршылардың басқа көз жетім қашықтықта назар аударатын ештеңе жоқ.

            Кешкіріп, алғашқы түнемелік орнына жеткенде аспанда жұлдыздар жымындай бастаған. Қырық үй аулының манында төбешікте қонып шықпақшы еді. Себебі далада адамнан қорықпайтын аш қысқырлар жортып жүретін, ал кісілердің төңірегінде болу – көңілге демеу.

            Ат арбаны төбеге сүйреп шығарды, қараңғыда ағараңдаған ауылдың киіз үйлер алақаныңдай. Өміржан қанша шұқшия қараса да, бір кезде у-шу болып жататын аулдан ештеңе көре алмады, қолды аяққа тұрмай асыр салатын бала-шаға да, пештің қасында шаруадан қолы босамайтын әйелдер де, мөңіреп-маңыраған мал да жоқ.

Өміржанның ауылдың ғажап үнсіздігіне таңданғаны сондай, біраз уақыттан кейін шыдамай, қолына шырақ ұстап, төмен түсті.

Ақшаңқан сәнді үйлер он-оннан төрт қатар тузепті. Шеткі үйдің маңдайшасына қағылған тақтайшадан «Л. Каганович көшесі» деген жазуды оқыды. Одан әрі Л. Рошаль, Ф. Голощекин мен Париж коммунасы көшелері.

Көшелері бар, бірақ адамдар жоқ.  Рошаль мен Голощнкин көшелерін арасында бесік құлап жатыр, Каганович көшесінде желмен ашылған есіктің сықырлауы ғана естіледі…

Таңданған Өміржан біреу-міреуді жолықтырудан үміттеніп, шырақты басынан асыра көтеріп, үйлерді аралай бастады. «Ауыд көшсе, үй мен дүние-мүлкін тастап кеткендері несі? – деп ойдады, - Жын келіп, бәрін түгел көтеріп әкеткендей».

Соңғы үйдің жанына келген кезде жел бағытын өзгертіп, мұрнына шірік иіс әкелді. Өміржанның туысының келіншегі бір кездегі бай осы аулдың қызы еді. Содан қоныстың сыртында  барлық көн-қоқыс тастайтын үлкен ұра бар екенін естіген. Жаман иістің сол жақтан шығып тұрғанын түсінді. Жүрегі бір жамандықты сезіп солқылдап соқса да, кеткісі келсе де, екі саусағымен мұрнын жауып, сол ұраға жақындады.

Ауылға ешбір жын да келмепті, ешкім де көшпепті. Жасы да, кәрісі де үйіліп, осында жатыр екен.

Тұтас ауылдың қырылғанынан шошынған жігіттің қолынан шырағы түсіп кетіп, ұраға қарай домалай жөнелді, ал өзі түннің тұңғиығынан пана іздеп, қараңғылыққа сүңгіді.

Арбаның үстінде безгек тиген кісідей қалтырап жатып, «неге?» деген сұраққа жауап іздеумен болды. Көргені көз алдынан кетер емес, солардың арасында бергі шетте мәңгілік қоштасар алдында бір-бірінің саусақтарын ұстаған жігіт пен қыздың мүрделері де бар. Жас қыршындардың өлімі кімге және неге қажет болды екен?

И.В. Сталиннің «Советская степь» газетінде 1929 жылы 7 қарашада жарияданған мақаласы Қазақстанда ұжымдастыруды бастап берді:

“…Новое и решающее в нынешнем колхозном движении состоит в том, что в колхозы идут крестьяне не одиночными группами, как это имело место раньше, а целыми селами, волостями, районами, даже  округами…”.

Мақала тарихта бұрын болмаған бүкіл халықты езгіге салуға белгі еді.

1929 жылғы 3 желтоқсан. Голощекиннің БКП (б) ОК Пленумының қорытындылары бойынша өлке партактивінің алдында сөйлеген сөзінен: 

Я встречался с таким мнением, что у нас колхозное движение пойдет медленнее, чем в других районах СССР. Я считаю такое мнение неверным”

Сөйтіп ол ғасырлар бойы отырықшы болғандар мен ғасырлар бойы көшіп жүргендердің арасына теңдік белгісін қойды. Жаппай күштеп ұжымдастыру алғашқыларына қорқынышты жамандық әкелсе, отырықшыққа көшуге мәжбүр болған көшпелерге ажал апатын әкелді.

Бір аптадан кейін Голощекин өлке комитетінің Бесінші пленумда былай деп мәлімдеді:

Основной путь разрешения сельскохозяйственной проблемы у нас в Казахстане лежит по линии освоения огромных площадей, раньше всего коренным казахским населением, путем коллективизации. На этой почве необходимо в кратчайший срок осуществить оседание”.

1929 жылы 17 желтоқсанда пленумның шешімі бойынша 1930 жылдың көктеміне қарай шаруашылықтардың 30 пайызын ұжымдастырумен қамту көзделді.

1930 жылы маусымла Голощекин жетінші Бүкіл қазақстандық партконференцияда баяндама жасады:

 “Верны ли были темпы, когда мы взяли - 30 процентов? Верно ли, что мы ставили в двух  округах (Петропавловском и Кустанайском), наиболее мощных экономически, задачу сплошной коллективизации в два года?

Товарищи, темп по краю: в январе 30 г. – 24,5 процентов, в марте – 45,1 процентов, в апреле – 51,3 процентов. Прямо гигантскими шагами двигались! (Смех в зале).

Похоже ли это на темпы, которые мы вместе с вами наметили? Может  быть, мы тогда были оппортунистами?

Но если, товарищи, вы проследите данные по округам, то увидите еще более гигантские темпы. Вот округа: в Алма-Атинском в январе было 17 проц., а в апреле - 63,7 проц. (смех); в Петропавловском в январе было  38 проц., а в апреле – 73,6, в Семипалатинском – 18 и 40 проц. – тут более божеский подход  (смех); в Кустанайском – 35 и 65; в Уральском – 72 в апреле; в Павлодарском – 60 процентов; в Кара-Калпакской области, хозяйство которой зиждется пока на омаче, где сохраняются еще и сейчас полуфеодальные отношения, где еще баи и ишаны имеют большое влияние, где в январе было 12,5 процента,  в апреле - 52 (смех);  в Сыр-Дарьинском – в марте 64,4 процента… и, наконец, в наиболее передовом округе – Кзыл-Ординском – 61 процент (смех) вместо 14 процентов в январе”.

Голощекин өзі әзіл араластырып айтқандйң артында не жатқанын білді ме? Күліп отырған пленум делегаттары миллиондардың өмірі мен өлімнің арасында түрен ? түскенін білді ме? Қыстың аязы мен ерте көктемнің үскірігінде кейде алдап, кейде күштеп малдары мен мүліктерін тартып алып, үйреншікті дәстүрін бұзып, адамдарды аштық пен жұтқа итердеумен қылмыс жасап отырғандарын білді ме? Қиын үй тапсырмасын орындап, енді жазаланбайтынын сезген оқушы тәрізді мәз. Мұғалімі болса журналға белгі соғады да, өз кезегінде  трубкасын қалдырмайтын Қожайынға есеп тапсырады. Қожайын  тым асығыстық жасағансың дегендей қынжылыс танытқан болады, бірақ, шынтуайтында болыстарда, аудандарда, округтерде адамдары қысқа мерзім ішінде күштеп ұжымшарға енгізу жөнінде жергілікті құпия нұсқау жөнілтілгені өзіне аян.

Адамдар ортаға түскен түліктердің «сүт-тауар фермасы» аталатын арқан тартылған шаршының ішіне маңырай-мөңірей кіріп жатқан кешегі күні өз малын сырттан топтанып қарап тұр. Малмен қоса иелік ету сезімінен де айырылған, өздері де ортақтікі, бір делегат айтқандай, «ұжымның өндірістік күшінің негізгі эдементі», яғни екі қолынан басқа ештеңесі жоқ ұжым құлы болып шыға келді.

Голощекин бетінен күлкі табы өшпей-ақ түксиген қабағының астынан залды шолып шықты. Мұның әзіліне түгелі жаппай жағымпаздана қиқылдап жатқан жоқ екен, біреулері ернін тістене жымқырып алыпты, екіншілері әңгіменің ауанын түсінбей жан-жағына жалтақтайды. «Тоқтай тұрындар, - әрдайым алақаны тершіп тұратын қолын түйіп алды Қазақстан коммунестерінің «көсемі», - бәрінді тезге салармын әкелерінді танытып».

1930 жыл. Сәуір. Әлі де келе жатқан аштық апатын тоқтатуға болар еді.Аштықтың тойымсыз орағы әлі қанды алқапқа түскен жоқ.

… Өміржан үйіне ертеңінде кешқұрым жетті. Ондағылар әйтеуір тірі екен. Әкесі тым нашарлап қалыпты, баласын бірден тани да қоймады. Аштықтан тәлтіректеп қалған шешесі ұлының келгеніне сенер-сенбесін білмей дал. «Құдайдың өлер алдында сені көрсеткеніне тәубе, - дейді Өміржанның әкелген тамақты ұлына қарай ысырып, - енді өлсек те ризамыз». Баласы: «Өлім туралы айтпаңыз. Өмір сүруіміз керек», - дейді құр сүлдері қалған шешесінің құлағына сабырлап.

Комсомолда болып, былтыр тәркілеуге қатысқанын білетін аудан хатшысы тұқым қорын жинауға жергілікті комсомол ұжысына көмектесуге үгіттеп көріп еді, бірақ Өміржан жұмыс басты екенін айтып көнбей қойды.

Өз шаруасын тезірек аяқтап, ертерек қайтып кетпек болған. Алайда аудан аумағында щащыраңқы орналасқан мектептерді аралап шығуға тиіс, сондықтан таң атқаннан кеш батқанша іссапар тапсырмасын орындаумен жолды. Талай сұмдықтың куәсі болды, жан түршіктіретін жайды ұмыту үшін үйіне ораласымен бірнеше сағат үнсіз-түнсіз жатып, денесін сергітіп алатын.

Бір апта өткен соң қайтуға аттана бастады. Бұл аралықта әкесі біраз тыңайып, санасы оралып, сөзі түзіле бастаған. Анасының аяғының ісігі қайтып, әл жинады. Жылауы мен ажал туралы әңгімесі азайды.

Таң салқынмен щыққан, ат та үйреншен жеріне баратынын сезгендей ширақ жүріп кедежі.

Түске қарай Қойтасқа жетті. Шексіз созылып жатқан даланың ауасы тымық, жаздағыдай ыстық пен тыныштық орнаған. Өміржан ыстықты жақтыра қоймайды, соны не боларын біледі. Оған қоса әкесінің сүйектері сырқырай бастады.

Әуеде селкем жайылып жүрген бұлттар кенет бір түйір болып жиналып, күн күркіреді, түнере қалған аспан жүзін найзағай тілгіледі. Өміржанның бетіне жаңбырдың алғашқы тамшылары тие бастады. Артына бұрылып қарап еді, ата-анасы көкке қарап, серейіп жатыр екен. Жігіт үстіндегі киімін соларға жапты. Әкесі дым шығарған жоқ, шешесі «өзін тоңасын», - деп қарсылық білдіріп жатыр.

Түнге діттеген қоналқы орынға да жеттіп қалды. Өміржан әдейі Қырық үйді айналып өтіп, бес шақырымдай жоғары тақтады. Апыл-ғұпыл тамақтанып алды. Өміржан су киімдерін сығып, бәрі ұйқыға жатты.

Атқан таң өзімен бірге жамандықты ала келді. Қалың тұманның ішіне айғайлай шыға келгендер арбаға қарай ат қойды. Шала ұйқылы жігіттің мылтықты суырып алып, көкке атуға ғана шамасы келді. Екінші рет атқанша тақап келген біреуі сойылмен жаурынынан бір салды да, мылтығын тартып алып, қолын арқасына қайырды.

Сақалды шұбар қазақ арбадан қарияларды сүйреп түсіріп, заттарды аударып, төңкеруде. Оның серігі қияқ мұртты жігіт Өміржанның қалталарын тінтіп, комсомол билеті мен іссапар қағазын ақбоз  атта отырғанға ұсынды. Өзі Өміржанның етігін шеше бастады.

- Ағатайлар-ау! - деді жас жігіт тонаушылардың қазағы екенін көріп, - Бәрін алсаңдар да, ат пен арбаны қалдырыңызшы, ауру әке-шешемді қалаға жеткізейін, оның үстіне олар мемлекеттікі болып тұр. Комсомол билетін қайтарыңызшы, жоғалтсам, сотталамын ғой.

- Нені қалдыратынын сенен сұрап тұрған ешкім жоқ, - етігін шешіп алған бандит кекеше мырс етті. – Тірі қалғанына рахмет айтарсың. Гимнастерка мен галифеңде шеш, әбден тоздырыпсың.

Ат үстінде қарап тұрғандар үлестен құр қол қалатынын сезіп, аттарынан түсіп тонауға асыға кірісіп кетті. Бірі Өміржанның пальтосын өз бойына өлшеп жатыр, екіншісі әкесінің женсізін шешуде, үшіншісі жол қапшықтың ішіндегін ақтаруда. Тек құжаттарды алғаны ғана ерден түспей серіктестерінің бассыздығына төбеден қарап тұр.

- Ағай, осындайда аяушылық жасап, бәрімізді өлтіргеңіз артық. Арбасыз әке-шешімді жеткізе алмаймын, олардың өлімі – менің өлгенім.

Басшы жауап қайтарған жоқ. Біраздан соң өктем түрмен алақанын жоғары  көтеріп еді, бардық бандиттер асығыс жинала бастады. Шұбар бет астындағы атын тартып алған арбаның жетегіне байдады. Ат жақты көсеміне қарай қойып, басқаларына тықақтауда.

- Мені танымадың ба? – басшының дауысы ақырын шықты. – Арбаны, мылтық пен киімді қимай тұрсың ғой, комсомол. Қазір мүлдем өзгеріп, жуасып, өлім тілеуге дейін дайынсың? Былтыр Қожақпен бірге шаңырағымды ортаға тұсіргенде неге осындай момақан болмадың? Бүкіл өмірімнің астан-кестесін шығардыңдар, адам құсап айтқан өтінішімді құлақтарына ілмедіңдер. Аяушылық дейсің, әйелім мен балаларымды мүсіркіреп пе едіңдер?

Дауысы толқығаннан дірілдеп кетті, күн сәулесі көзін қарықтыпыа тұрған Өміржан оның жүзіне анықтап қарамақ болып, бір қырындай бұрылып еді, анау қасынан атын жанастыра ақырын өтіп кетті. Біраз ұзаған соң құжаттапын жерге дақтырып жіберді де:

- Қағаздарыңды ал, комсомол, олардың маған қажетті жоқ, - деп, атын тебініп, ұзап бара жатқандардың сонынан тұра жөнелді.

Біраздан соң жақындап келе жатқан ат тұяғының дүбірі естілді.

- Астапралла, бізді өлтірмек болған ғой, - деп, әкесі басын тізесіне қойып сұлық отырған ұлына қарады.

Бандит шалға жеңсізі мен әлдебір майлы түйіншекті лақтырды.

- Кәпірдер! – деді ол қамшыдан бетінде қалған тыртықты алақанымен көлегейлеп. – Шошқаның етін жеген соң қайдан мұсылман боласыңдар.

- Діндарымыз сен екенсің ғой, - әкесі тайталасып жатыр. - Өлген соң жұмақтың төрінен шығарсың, қарақшы.

Өміржан олардың дауын шала естіді, басшының ақырын сөйлеген дауысы құлағында жаңғырып тұр, онымен қашан қайда кездескенін ойына түсіріп әлек. Қарақшылардың басшысы айтқан Қожақ есімі өиірінің өткен күнін жадына оралтты.

… Отызыншы жылдың қысының басында көптеген партия мен комсомол белсенділерін округтік партия комитетіне жинап алып, сол кездегі округ комитетінің хатшысы Масанчи жолдас бюроның байларды тәркілеу үшін уәкілдер боигададарын құру, тәркілеуді «көктемгі егіс науқанын өткізуге көмек» ұранымен жүргізу туралы шешімін жариялады. «Көмек туралы» шешім жиналғандардың көпшілігін таңдандырды, себебі қазақтар – ешқашан астық сеппеген, шаруашылығына кажетті бидай мен сұлыны аз мөлшерде үлкен қалаларда базардан сатып алатын көшпелі халық қой. Алайда округ комитетінің директивасына қарсы пікір айтатын батыл кісі табылмады. Бірден бригадалар жасақталып, әрқайсының басшылығына тәжірибелі партия қызметкерлері қойылды.

Сондай бригадалардың біріне о кезде педтехникумның студенті Өміржан да іліккен. Басқа көптеген комсормол мүшелері тәрізді ол да бұд тағайындауды «партияның сенімі» ретінде қабылдаған. Соңғы уақытта техникумда тпартияның «кулактарды шектеу мен тықсыру саясатынан оны тап ретінде толық жоюға көшу» үндеу жиі жатқа айтылатын. Ойламаған жерден кісі өлтірудің, байлардың қарулы көтерілістері туралы газеттерде, кедейдер комитетінің үгіт парақтарында жазылуы, радиодан айтылуы, кулактарға қарсы саясат діттегеніне жнтті, кулакқа және онымен теңесетін байға қарсы шығуға ешкімді үгіттемесе де болады. Комсомолецтердің байлар мен кулактарға қарсы жорыққа дайындығын тек сіріңке тұтатсаң болды, жарылуға шақ тұрған оқ-дәрі салынған бөшкемен салыстырған дұрыс сияқты. Екінші жағынан олар игілікті іске аттанып бара жатқанына, байлар мен кулактарды арамдықпен тапқан дүние мүлігінен ажыратаумен қоса байлардың дүниеқоңыздық қараулық және өзге пендешілік жаман әдеттерді сылып алатындарына, жаңа өмірге қадам жасауға көмектесетіндеріне кәміл сенімді болатын.

Жиналыстан кейін көп адам жиналған митинг өтті. Салтанатты жағдайда шығарып салды. Округ комитетінің қызметкерлері бірінен соң бірі тап күресінің шиеленісуіне байланысты науқанның маңыздылығын атап көрсетіп, аманат тапсырды, азамат соғысына қатысқандар сәт сапар тіледі. Уәкілдерінің өкімнің жауап сөзі «Байларға, кулактар мен олардың құйрықшықтарына - өлім!», «Кеңес өкіметінің жауларына ымырашылдық жоқ!», «Байды тап ретінде жоямыз!», «Таптық сананы көтеріміз!» және басқа сол сияқты ұрандарға толы шықты.

Бригада аудан орталығына келген соң оның басшысы, округ комитетінің жауапты қызметкері Ғазиз Тілешев разнарядкада көрсітілген бай бекітілген нормада астықты уақытында тапсырмаса, оның бүкіл малы мен мүлкінің тәркіленетінін тәтпіштеп айтты. Тәркілеуде кез келген батылсыздық дем берушілік пен саботаж ретінде бағаланып, тиісті жазаға тартылады. Одан соң әр уәкілге баратын аулында тәркілегетіндердің тізімі жазылған.разнарядкаларын таратты.

- Жолдастар! Науқанды қарқынды өткізу үшін кедейлер комитеті мен тілектестерге арқа сүйеңдер. Әр ауылда ондайлардың табылатынына сенімдімін, - деді уәкілдермен қоштасып тұрып. – Аудандық комитетің өкімімен кедейлер комитетінің мүшелері тәркілеу аяқталғанша толықтай сіздердің қарамақтарыңызда болады. Тап жауыларға ешқандай мүсіркеушілік болмасын!..

Бәрі тарай бастағанда Тілешев Өміржанды  шақырып алды.

- Саған ауыр ауыл тиіп тұр, Тұрдығожин жолдас, - деді тілімен таңдайын тақылдатып, тізіміне жеті кісі кірген разнарядкасын өзіне қарай тартып қойды.

- Алдыңғы алтауының бай екені айдан анық, - Тілешев орнынан тұрып, кеудесіне айқастыра таққан портупейінің белбеуін сықырлатып, кабинетінде ерсілі-қарсылы жүрді. Одан соң столға қайтып келіп жетінші фамилияның астын тырнағымен сызды. – Жетінші – Серке Оспанов, бұрыңғы қызыл әскер, азамат соғысында атаулы қарумен марапатталған. Кедейден шықса да, қазір күрт өзгеріп, байға қосылды. Қара малының басы отыздан асып тұр. Бір сөзбен айтқанда, өзгерген. Өте сауытты, сондықтан оп-онай қолға түсуі неғайбыл. Малын жасырын орындарға тығып қойып, миығынан күліп отырар. Сол себепті қасына  милиционермен қоса Оспановтың бүге-шігесіне дейін білетін бір адамды аласың. Сені дәлізде күтіп тұр.

Дәлізде түлкі тымақ пен жыртық шапан киген тапал, дүодік ерінді жас жігіт тосып тұр екен. Осылайша Өміржан Қожақпен танысты.

Аудандық комитетіне жеткенге дейін Қожақ қасірет пен жоқшылыққа толы өмірбаяның айтып шықты. Үш жасынан жетім қалыпты, көрінгеннің үйінде жалшылықпен күн көрген. Жиырма жасының он екі жылын бөгденің малын бағкмен өткізген. Быдтыр үш жыл жалшысы болған Әлғожа биді тәркілеуге қатысқанына мақтанды.

- Болыс пен үйінің табылдырығынан аттай алмайтын мен сияқты қу кедейді теңестірген Кеңес өкіметіне мың да бір рахмет, - Қожақтың көздері суланып шыға келді. - Әдғожа биді өзімше жазаладым. Төріне аяқ-киімді шешпей шығып алдым да, бәйбішесіне өзіме, жалшысына, шай құйғыздым.

- Оспановтың да жалшысы болдың ба?

- Жоқ, - Қожақ басын шайқады. – Серке – менің нағашым, марқұм шешемнің бауыры. Шын айтсам, қолынан келгенше көмектесті. Бірақ Кеңес өкіметіне шейін өзінде де ештеңе болмады. Қазір ғой аяғынан нық тұрғаны.

- Сонда..., - Өміржан шын таң қалды.

- Серке – Кеңес өкіметінің жауы, демек менің де жауым, - бозбала сұрақты аяқтатпай жауап берді. – Еңсемді көтерген кеңес өкіметінің жолында керек болса, жанымды да пида етемін.

Аудандық комитетте бұдарға қосқан винтовкасы бар милиционер тосып тұр екен. Қызметкерлердің «жолға таңертең шығындар» дегеніне қарамай түнделетіп жүріп кетті. Жарау атпен отыз шақырым жерге қазір-ақ жетіп баратындай көрінді. Алайда ауа-райы бұзылып, ойларынан тас талқанын шығарды. Жолдың үштен екі бөлігінен өткендей еді, енді бағдардан айырылды. Қалай қарай жүрсе де от корінбейді, тек бір орында шиырлай береді. Екі сағат сандалған соң әл-қуаттары таусылды. Денелері ауыр тартып, сіресіп қалғандай. Сәл босаңдық танытсаң, бұл дүниедегі дәсіңнің таусылғаны.

- Бір орнында тұрмаңдар, жатпаңдар, - Қожақ айқайлап сөйдейді. – Жүре беріңдер.

Соны айтты да, түтеген боранның ішіне кіріп кетті. Ол кетісімен әлі біткен милиционер аяқтарын бүгіп, винтовкасын құшақтаған күйінде қардың үстіне ұйықтауға жатты. Өміржанның да кірпіктері айқасып, санасы буалдарынып жатқандай…

…Ұйқыдан оқыс оянды. Бір танымайтын ер адам түрпідей қолдарымен қармен аяқтарын ысқылай отыр.

-  Мұнда қайдан келгенмін? – есін жиған Өміржан пілте шамның жарығы ала көлеңке етіп тұрған бөлмені шолып шықты.

- Тірілдің бе, жігітім? Милиционер екеуінді қардың астынан қазып әкелгенімізге, - еркек күліп, үйдің бұрышын иегімен нұсқап, - әне отырған жиеніме рахмет айтыңдар. Әйтпегенде қардың астында қалушы едіңдер.

Өміржан нұсқаған жағына қараса, онда селқос түрлі Қожақ отыр екен.

- Сіз сонда Оспановсыз ба? - Өміржанның тілі икемге әзер келді.

- Дәл солай. Оспановпын, - деді үй иесі  үстіне тұлып жауып жатып. – Ұйықта, таңертен сөйлесеміз.

Ертеңінде сөйлесудің реті келмеді, бұлар тұрғанда отағасы жоқ болып шықты.

- Малын жасыруда. Тыға берсін, бәрібір табамыз, - Қожақ өзінің тапқырлығына өзі мәз болып күліп жіберді.

Разнарядка бойынша бірінші үйге кірді.

- Ойбай! – қанша астық тапсыратынын естіген үй иесі басын ұстап, аһ ұрды. – Соншама астық менде ешқашан болған емес.

- Бұл нағыз саботаж! – Қодақ ақырыа, оған жетіп барды. – Кеңес өкіметіне қарсылық көрсетпек. Милиционер, жігіттер, тұтқындаңдар иына саботажды!

- Балам, не айтып тұрсың? – үй иесі бойы иығынан келетін Қожақтың алдында қорыққанынан дірілдеп кетті. – Тұтқында дегенін не? Сен бұл ауылдың баласысың ғой.  Әкеңмен уақытында табақтас болдық ғой. Бәрін ал, тек өзіме ғана тиіспеші.

Жұмыс жеңілдеп сала берді. Кедейлер комитеті белсенділерінің «уәкілдер қарсылық танытқандарды тұтқындап, тіпті сол орнында атып тастайды екен», - деп таратқан лақабы өз ісін істеді.

Алынған малдың өкіргені, әйелдердің дауыс салып жылағаны, басы салбыраған разнарядкаға енгізген үй иелірінің түнерген жүзі, Қожақтың белсенділердің алдында мақтанып жүргені – бәрі Өміржанның басында жаман түстей жатталып қалған.

Кешке жақын тәркілеу толық аяқталды. Малдарды маңыратып, мөңіретіп ескі қораға қамап, сыртынан күзет қойып, Өміржан мен милиционер Оспановтың үйіне беттеген.

Серке тапал қазақи үстелдің басында шай ішіп отыр екен.

- Шаршаған боларсыңдар, - табылдырықтан аттаған уәкілдерді көңілді қарсы алып, дастарханға шақырды.

Күні бойы суық желдің өтінде жүріп әбден тоңған олар бұлданбай-ақ екі иінінен дем алып тұрған самауырының жанына жайғаса кетті.

 Екі кесе ыстық шай ішкендері сол еді, соңынан белсенділерді ерткен Қожақ көзі алақтап жетіп келді.

- Бұл қалай болғаны, Тұрдығожин жолдас, - кірер-кірместен дүрсе қоя  берді. – Малын тәркілеудің орнына классовый врагпен шай ішіп отырсыз ғой.

- Ақылына көш, Қожақ, - уәкілдердің ұшып тұрғанынан жамандықты сезген  отанасы қолайсыздықты жуып-шаймақ болып жатыр. – Нағашың, туысың емес пе?!

- Өмір бойы қу кедей Қожақта бай нағашы болмақ епес. Туыс болсын, бірақ ол - бізге жат, классовый враг, ондайларды түбірімен құртып, күлін көкке ұшарымыз.

- Шынында, қымбатты қонақтар, несіне ұрысамыз? Разнарядкаға ілінген екенмін, тәркілеңдер. Менде астықтың жоқ екене бесенеден белгілі. Әне қорада екі жылқы, бес сиыр мен отыз шақты қой тұр. Ақысына соны алыңдар.

Өміржан милиционермен екеуі бір-біріне қарасып, бас изескендей еді, істің аяғы олай болмай шықты.

- Бізді ақымақ көріп тұр, - Қожақ саусағымен Оспановтың кеудесін нұқып, шырылдай қоя берді. – Малын жасырып, бізді алдап соқпақшы. Олай бола қоймас. Жасыратын жерлерін түгел білемін.  Жүріңдер, жігіттер, үптеп келейік!

Өміржан Серкенің шалт қимылдап, көзді ашып, жұмғанша бір қолымен қалтасындағы наганын суырып алып, Қожақтың маңдайыга тірегеніне, екінші қолымен абдырап қалған милиционердің винтовкасын жұлып қалғанына таң қалды.

Әрі не болатыны белгісіз еді, мүмкін, қан да төгілуші еді. Бірақ андай жағдайдан жылаған үй иесінің әйелі құтқарды.

- Бізді аясайшы, Серке, - баларын бауырына басып, жалынып жатыр. – Бірдеңеге ұшырасаң, біздің күніміз не болмақ? Қолыңды арамдама, таста мылтығынды.

Серке оны мен балалрына сәл қарап тұрды да, қаруын еденге тастады.

- Ол мені, партия жіберген уәкілді, атып тастамақшы болды, - есін жиған Қожақ бажылдай жөнелді. – Қарсылық, қарумен қорқыту, оның үстіне мал жасыру. Ызғарин жолдасқа айтып, түрмеде шірітемін. Милиционер жолдас, дереу оны арестовайт етіңіз.

Милиционер қаруын көтеріп, әйелінің қасына барып тұрған Серкеге беттеді.

- Асығыстық жасамаймыз ба? - Өміржан оны иығынан тартып тоқтатпақшы болған.

- Жоқ, - кілт жауап берді де, көзімен Қожақты көрсетті. – Мынадайлар міндетті түрде керекті жерге жеткізеді. Үйімде алты жан маған қарап отыр. Бірдеме болса, оларды кім асырайды? Анауыңда кішкене отырып, ақылын жисын. 

Оспановтың отызыншы жылдың қысында қолдарын байлап, өз үйінен арқасынан итеріліп шығаруы, әйелі мен баларының көз жасы – бәрі Өміржанның өмірінен өшкендей болған. Жазмыштан озбақ жоқ. Тағдыр отыз бірдің күзінде жолдарын тағы тоғыстырды.

… Әлдекімнің жауырынан қаққанынан естелігі үзіліп кетті. Қараса – шешесі екен.

- Сырқаттанып қалған жоқсың ба, ұлым? - дауысы мейірімді естілді. – Сонша күйінбе. Аман-сау қалғанымызға тәубе. Тәңіріміз бір жөнін берер…

«Қалаға дейін әлі жетпіс шақырымдай, не көлік, не ат жоқ. Сонда Тәңірің қалай көмектеспек? – жігіттің зығырданы қайнап отыр. – Қой, құр босқа мүжіліп отыра берудің жөні болмас».

Орнынан тұрып, сары түске бөленген иен түзді шолып шықты. Шешесі шалқысынан жатқан шалының арқасына мана арбадан түсіп қалған сабанды төсеп, күйбеңдеп жүр.

Өміржан шарасыз кейіппен соларға тақады.

- Ештеңе етпейді, - шешесі көзін жерден көтермей оны жігерлендіріп жатыр. – Манайдағы ауылдардан бірінен арбалы адам кездесер.

Арба… Қырық үйдің жар қабақтың жанында қисайып жатқан арба есіне түсе қалды. «Бес-алты шақырымнан соны алып келсе. Сонда мүмкін…»

- Осында тосыңдар. Қазір келемін, - әке-шешесіне осыны айтты да, жедел басып жөнелді.

 Өлі ауылға  оралғысы жоқ еді, амалы нешік? Жел ұра жақтан соғып тұрған, ауылға тақай бергенде сасық иіс сезілді. Тіршілік жоқ киіз үйдің, мемлекеттің өз халқымен қырғын соғысында мерт болған ауылдың жадғыз иесі осы сасық иіс.

Сордыдарды шұңқырға тасыған арбаны бірден таба алмады. Жар қабақтан тұрған арба нөсер жауыннан езілген батпақпен төмен қарай сырғып кетіпті.

Сол тамұққа түсіп, арбаны жоғарыға сүйреп шығуға тура келді.  Одан кейін өлі тыныштық бидеген киіз үйлердің бірінен текемет алып шығып арбаның түбіне төседі, екіншісінен ұзын арқан, үшіншісінен мол тігілген көрпе алып шықты. Марқұмдарды тонап жатқандай өз-өзінен жиіркенді.

Төртінші үйден өткен тжолы ши артында тұрған екі құмыраны көрген.  Соларға су толтырып алмақшы болды, себебі өзенге жеткенше қу дала. Сол оймен кіріп барған бетте оң жаққа қодың созған еді, құр ауа қармады. Одан кейін көргені төбе шашын тік тұрғызды. Үй ортасында жаны қиналып өлгені бесенеден белгілі әйел жатыр. Құщағында су толы жана ғана іздеген құмыраның бірі, көзі ашық қалыпты, беті үйдің қараңғы бұрышқа түзелген. О жакта әлдене сыбдырлағандай.

Бұрын келгенінде бүкіл ауыл сияқты бұл үй де қаңырап тұрған. Мына бишара алдамшы үміттің жетегімен қалаға жетіп, тұрақты жұмысқа  тұрып, аштық азабынан құтылмақшы болған сорлылардың бірі болды ғой. Ажал қазақ даласында жүйе қырып салған мыңдаған ауылдарының бірінде жетіпті.

Әйелдің қолынан ыдысты алуға жүрегі дауаламады, оның көзін жауып, түкпірдегі қараңғы бұрышқа беттеді.

Бұрышта көргені оны тағыда таң қалдырды: торсықтың артында шешесінің қамзолын жамылған үш-төрт жасар қыз бала оған жапақтап қарап отыр. Айғайдай жылауға шамасы жоқ, ыңырси ғана береді.

 Өміржан бейтаныс әйелдің ақырғы демі біткенше қызын аман алып қалу үшін арпаласқанын түсінді. Өзі аш жүріп, қолындағысын перзентінің ауызына тосыпты.

Өміржан баланы көтеріп алды, ол да жатырқамады, кеудесіне тығыла түсті. Бір қолымен торсықты ұстаған күйі үйден шығып, арбаға беттеді.

Жағдайды естісімен, шешесі қызды тамақтандыру қамына кірісті. Әкесі басын көтеріп: «доңыздың етін беріп, баланы ұшындырып алма», - деп еді, шешесі кешке өзіне де соны жегізетінін айтып доқ көрсетті. Бұл кезде сәби алдына келгеннің бәрін  сиырып, сыпырып жеп алды да, қариялардың айтыс-тартысы өз-өзімен басылды.

… Ұзақ азапты сапар басталды. Табынына тас батты. Арбаның арыстарының арасы алшақ екен, оларды жинақтап ұстауға да күш келеді. Оның үстіне аршылмаған сырықтан жасалыпты, алақанына шөгір еніп, дауылдатады.

Шешесі ұлын аяп, арбадан түсіп, қатарласа жүрген. Бірнеше шақырымнан соң, дәрмені құрып, жерге отыра кетіп, жылай қоя берді. Баласынан басы артық жүк қылмай осында тастап кетуін өтінді. Анасын әкесі мен баланың жанына арбаға жатқызуға тура келді.

Тағы да азапты жол…  Шаршағаннан тәлтіректеп, сол жерге жата кеткісі келеді.  Шіркін, тұрмай, расында, жата қалса!.. Бірақ өзімен бірге арбадағыларды  да өлтіреді ғой. Осы ой аяқ-қолына әл беріп, санасын жасық ойдан арылтты.

Іштей қанша жүргенін есептеп, көзімен су айдынын іздейді. Санауынша өзенге дейін әлі бірсыпыра жер, соған жетсе, міндетті түрде түнгілікке тоқтап, ес жинап алар еді. Межеді тұрақ әді алыс…  Келесі жол Ертістің оң жағалауының бойымен жүреді, қиындығы жеңілдер. Ал бүгін кешке қарай сол межеге жетуі керек.

Көктен ұста көрігенінен жана шыққандай күн адамдар мінген үлкен арбаны сүйреп келе жатқан жанға қарап тұр. Ол мойнымен зіл батпан жүк көтерген қытай кулиін де, күні бойы шаңды көшелермен кісі тасып, зыр қағатын үнді оикшаларын да көрген. Мұның бәрінің еріккеннен емес, лажсыздықтан істелетінін түсінеді. Сондықтан, мүмкін, ұясына батуға асыға қоймайды.

Өзенге қараңғылық қоюланғанда жетті.

Өміржанның қалжырағаны соншама, жетуімен көгалаға  құлай кетіп ұйықының құшағына кірді. Шешесінің  құрғақ отын жинап жаққанын, оның тілгіленген алақанын  шүберекпен орағанын көрген де, сезген де жоқ. Ауып жекпе-жектен кейін ұйықтаған  батырлар іспетті, бұған да күш жинап алу үшін ұйқы ауадай қажет.

  Таңертең шешесі бетіне су бүркіп, әзер оятып алды.  Көзін ашқанмен дел-сал күйде ұзақ отырды, қайта жата кеткісі де келді. Суық өзен суымен шомылған соң ғана сергіген.

Өзеннен оралып келе жатқанда көтеріліп тұрған арба жетектерін көргенде, ауыр жолдың бітпегенінен денесі дір ете түсті. Біраз тамақтанып алған соң жолға жинала бастады.

… Азаптың шет-шегі жоқ. Бүгін жеңілдер деген ойы таңертеңнен бастап адыра қалды. Жол жазық емес, ізді болып шықты. Аспанда бейбіт жайылып жүрген бұлттар түйіліп, жаңбыр жинады. Көп ұзамай күн күркіреді.

Нөсер көктен құйып, суы құммен араласып лайға айналды, әр алға басқан адымың қиындықпен беріле бастады.

Өміржанның арқасын жауын тамшылары сабалап келеді. Аяқтары батпаққа тайғанақтап, жаңа  туған бұзаудай тәлтіректейді. Сулы жетекті ұстау да қиын. Күшінгеннен беті ісініп, ішінен барлық білген боқтықты жаудыруда.  Бір қадам, екінші, үшінші…

Арба батып қалғанда шешесі арбадан түсіп, артынан итеріп демеген болады. Көмегі бірақ шамалы. Сондықтан арқанның екі ұшын екі арысқа байлады да, өзі мойынтұрық киген өгіздей еңкейе, бар салмағын кеудесіне салып сүйреді.

Бірақ күштің де шамасы бар ғой. Тағы бір кедергіге ұшырағанда қайраты азайған жігіт арқанның серпуімен шалқасынан түсіп, қарақұсымен арбаның доңғалағына  соғылды. Иесіз қалған көлік артқа жылжыды.

Арбаға бармақ ниетпен тізерлеп орнынан тұра бергенде жүйкесі тұңғыш рет сыр берді. Тамшы мен жас жуған беті мен қолын көкке көтеріп, айқай салды:

- Не істеп жатырсың, жауыз?! Адамдардың қайғысы мен көз жасы қарғыс атқыр осы жылы саған аз көрінген бе? Қашан тоясың?!

Батпақтың үстінде тізерлеп отырып, «Қарғыс атқыр! Қарғыс атқыр!», - деп жерді түйгіштеп береді.

Есінен ауысты ма деп шошып кеткен шешесі арбадан түсіп, ештеңе айтпастан ұлының мойнынан құшақтап, өкіріп жылап жіберді. Әкесінің жүзін де тамшы мен көз жасы айғыздауда.

1931 жыл. Ұжымдастырудың қаныратқан толқынынан кейін жарты жыл өтпестен Москвадан директивалар ағыла бастады. Голощекин бардық аудандық комитеттерге арнаған «Встретим призывом в колхозы 11-ый год края!» мақаласы шықты.

Енді ол «артық астықты» тапсырудан жалтаруда жеке меншік иедерін емес, ұжымдық ұйымдарды айыптады. «Кулақ пен байды ұжымшардан дереу аяусыз қуып шығаруды» талап етті.                   

Коллективизация оказалась в забвении, тогда как работа над колхозным строительством не может быть отложена ни на один день…

Слабая работа по коллективизации и даже полное бездействие является результатом якобы “болезни” перегибов, и этим оправдываются самотечные настроения.

Такая трусливость не присуща большевику… это – самый злостный оппортунизм”

Ұжымшарлар астық тапсыруды дер мерзімде қамтамасыз ету үшін әзер дегенде аман қалған малды астыққа айырбастауға мәжбүр болды.

Ұжымдастырудың жаңа толқыны алдағысынан аман қалғандарды құрту үшін Қазақстанға төніп келе жатты. Ешқандай уәж қаперге алынбады. Мысалы, профессор Швецовтың қазақ шаруашылығы қоршаған табиғатқа бейімділігі, сол жағадайда өнімді болатыны жайлы терең ойы жоққа шығарылды. Тіпті В. Федоров 1930 жылы 30 қарашада жарияланған мақаласында ғалымды бай мүддесін қорғаушы ретінде айыптап қана қоймай, «зиянкестік профессоры» атандырды. Т. Рыскуловтың Қазақстанның көлемі мен қоныстануы, шаруашылық сипатымен әлемдік ет өндіруші Аргентинаға ұқсас екенін, малдың таиғи өрісте жайылатынын, өлкедегі түдіктің төрттен үш бөлігі топтасқан Қазақстанның көшпелі аудандаына назар аудару қажеттігін жазған «Внимание скотоводству в кочевых и полукочевых районах» мақаласы автордың «байлардың қарсылығын  сындырғысы» келмейтіндігін дәстүрді кінәлаумен аяқталады. Оның есесіне мал шаруашылығының жолбикеліріне кең жол ашылды.

“В области животноводства здесь в Казахстане можно достигнуть больших успехов. На Х съезде партии тов. Яковлев приводил примеры, как можно достичь большего эффекта в молочном деле. Если давать корове одну порцию кормов, то получите известный удой, если вы увеличите корма на 30 процентов, то получите удвоенный удой. А если увеличить количество кормов на 60-65 процентов, то получите утроенное количество молока” (М. Кахиани. “Советская степь”, 17 июня 1931 года).

Ұжымдастырудың бірінші толқынан қаңырап қалған өлкенің аудандары мен округтерінде ашаршылық басталды, ал ғазеттер ұжымдастыру қарқынын дабырайтып жатты. Оны мақалалардың тақырыбын көруге болады - «Темпы коллективизации недостаточны!»,  «Выше колхозную волну!», «Даешь колхозы!»…

Астық пен ет тапсырудың шамадан тыс қарқыны мал шаруашылығының қирауымен аяқталды. Қазақтар ұжымшардан қашып, басқа өлкелерге, республикаларға, елдерге қоныс аударды. Мемлекеттік жоспарлау комитетінің мәліметі бойынша, 1931 дылы 121,1 мың, ал 1932 жылы 1 млн. 74 мың адам көшкен, сонда бір жыл ішінде ұжымшар «жұмағынан» безгендердің саны тоғыз есе өскен.

Голощекин осыны жақсы біле тұрса да, жоспарды қайткенде де орындауды талап етумен болды.

Мы должны… самым жестоким и твердым образом повернуть организацию к тому, чтобы задача животноводства была бы решена так же, как и зерновая” (из выступления Голощекина на третьей алма-атинской городской конференции партактива 16 августа).

“Жестоким”, “ликвидировать”, “зверски нажать” и другие подобные им слова  становятся частотно употребительными в лексиконе Голощекина, судя по секретным телеграммам, рассылаемым по районам и округам, в которых он со всей своей партийной категоричностью требует “произвести зверский нажим”, чтобы “ликвидировать позорное отставание в заготовках”

1931 жыл. Тарих локомотиві жарқын коммунисттік болашаққа жүйткіп барады. Тек оның оттығында көмірдің орнына сол «жарқын болашақ» құрылысшылардың тағдыры жағылуда.

…Төменгі өткелге түнде ғана жетті. Адам жиі дүретін, әрі тәулік бойы жұмыс істейтін жоғарғы өткелге барған дұрыс болар еді. Алайда қалың жауынның астында қалған әкесі ауырып қалды да, соны дәрігерге дереу көрсету, тым болмаса жыды орынға орналастыру қажеттігі туды. Әкесінің денесінің қызуының көтеріліп, жөтелінің күркілі Өміржанға таңдау қалдырмады.

Үйі осы маңдағы паромшыны табу  қиынға соқпады. Сақалды паромшы шал бастықтардың бұйрығы алға тартып, өткізуге көнбеді, дегенмен… Анасынның қолындағы күміс білезік айлың сәклесімен шағылысып тұрған, соны екі уөзімен жеп барады. Енесінең - Өміржанның әжесінен мұра болып қалғанын, шешесі оны келініне сыйлауды армандаушы еді. Енді, міне, білегінен шешіп паромшыға ұсынуға тура келді.

Паромшы оларды арғы жағаға жеткізді де, тез қайтып кетті.

Өміржан аман-есен жеткініне сенбегендей, аспанда жымындаған жұлдыздарды көргенде, біраз тұрып қалып, паромшыдан жарға арбаны шығарып салуға көмектесуді сұрау ойынан шығып кеткен. Есін жиғанда кеш екен, қараңғыда паромшының қайығы көрінбейді.

Жалғыз шығара алмасын бірден ұқты. Жиырма қадамдай көтерілген соң-ақ арба кейін сырғайды. Жаңбыр сіңген құмда оны ұстауға қарысып қалған қолы икемге келмейді.

Жігіт шарасыздықтан жылап жібере жаздады. Қол созым жерде тұрып, жете алмағанына қапаланды. Қалаға шаруасымен ауылдардан келетіндер бұл өтендмнг сирек  жүреді. Сондықтан таңертең біреу-міреудің жолығуы неғайбыл. Әкесінің халі мынау…

Ұлының ойын естіп қойғандай арбада жатқан әкесі дөңбекшіп, жөткерінді.

Жігіт қасына жақындап, алақанымен маңдайын ұстап еді, күйіп тұр екен. Осы сәтте әкесі де көзін ашты.

- Жаным-ау, - дауысы құмығып, әзер естіледі, - сені кінәламаймын, балалық борышынды толық ақтадың. Бұл да құдайдың ісі шығар, бәрі соның қолында… Көмектесер ем, әттең, мына қарғыс атқыр аяқтарым… Осыған дейін масыл болғаным жетер. Енді маған аялдама. Шешең мен баланы алып, жүре бер.

Ұзақ сөйлегеннен қалжыраған әкесі көзін тағы жұмды. Өміржан арбаны айналып, оң жақ доңғалаққа сүйеніп, ұйықтаған баланы кеудесіне қысып отырған шешісіне жақындады.

- Апа, әкейді қарап отыра тұрыңыз.  Бетің суық сумен сүртіп отырыңыз. Мен жарты сағатта қайтып келемін.

Қолын сілтеп тік қабақ жарды өрмелеп кетті.

Әңгіменің жалғысын атамнан естиік:

«Түн ортасы. Керосин шамның дарығымен сабақ қарап отырғанмын. Әуелі ит үрді де, соңына біреу дарбазаны қаға бастады. Беймізгіл уақытта тықыр шықса, үй иелері пәтершіні, мені, жұмсайтын. Тарсыл басылмаған соң шам ұстап, қақпаға жақындадым.

-          Бұл кім? – деп сұрадым, шапаныма қвмтана түсіп.

- Мұса, аш. Мен Өміржанмын.

Ілгекті ағытып, есікті аштым. Келген кісіге қарап таң қалдым, Өміржанмен еш ұқсастығы жоқ. Алдым да жалаң аяқ, қолдары шүберекпен оралған біреу тұр, жыртық киімнен жаланаш тәні көрінеді. Әшейінлде жинақы, тіпті аздап сәндене киінетін Өміржан сары күзде алба-жұлба жүретіні тіпті түске енбейтін жай  ғой.

- Мұса, Өміржанмын ғой, - танығанымды  сезіп,  дірілдеген сөзбен келген кісі айтқанын тағы қайталады.

Шамды бетіне жақындаттым. Дос-жар туысымның жанары, алайда әлдеқандай өзгеріс байқалады.

- Өміржан, саған не болды? – дедім шошып кетіп.

- Кейін айтамын. Мұса, көмегін керек. Киін.

Үйге кіріп, киіне бастадым.

- Бірден танымай қалдым, - дедім кешірім өтінгендей болы

- Қазір өзімді өзім де танымайтын шығармын, - мырс ете түсті. – Аяқ-киімнен бірдеңе табыла ма?

Арбаны екеулеп  жарқабаққа шығардық. Қалаға дейін ұзақ жүрдік. Қалада аурухана тауып, Өміржанның  әкесін орналастырдық та, содан кейін ғана менің тұрып жатқан пәтеріме келдік.

Сол жолы бір жай есімде қалыпты. Қазір де қарулы екенімді  өзің бідесің, ал ол кезде жиырмадамын, тепсе - темір үзетін шағым, күшіммен тау қопыратындаймын. Сондықтан арбаны қалаға дейін жалғыз сүйреп келітіндей болғанмын. Бірақ бір-екі шакырымнан соң аптығым басылды. Арба сондай ауыр көрінді…

Ол болса, жетпіс шақырым сүйретіп келген. Жалғыз лайсаң жермен жетпіс шақырым арбаға жегідудің не екенін түсінесің бе? Рухының күштілігін содан біле бер…

Пәтерге келген соң үй иесінен нан сұрап алдым да, бәріміз шай ішітік.

Ыстық шай ішіп, жылынған соң шешесі мен қарындасы (өзі солай атады) бойлары балбырап ұйықтап қалды. Өміржан екеуміз болсақ сыртқа шығып, таң атқанша әңгімелестік. Көбіне ол сөйлеп, мен тындадым. Кездейсоқ айтылып қалды ма, әйтеуір большевиктеп құрыр жатқан «жарық болашақ әлемі» соны салып жатқан халықтың басынан кешкен қасіретінің өтеміне тұра ма деген сөздері жадымда қалыпты. Соғыста жүргенімде де  сол ойы талай еске келген. Өзінің сапары, жартылай аш мұғалімдер, мектепте берілетін бір үзім нанға бола сабаққа келетін оқушылар туралы әңгімеледі.

Таңертең жұмысына кетті, сонда НКВД ұстап, екі күн бойы қандай жағдайда ат-арбасынан айырылғаны жөнінде түсіндірме жазғызыпты. Бір тәуірі директоры араша түсіп, соның арқасында Өміржан босап шығыпты. Рас, белгілі себептермен  бұрынғы орнында жұмыс істей алмады.

Оқуда болғанымда шешесі мен қарындасын алып кетіпті. Отыз жетінші жылы тұтқындалғанша дейін шалғайдағы Май ауданында мектеп директоры болды. Сонда үйленіп, әке болу бақытын сезінді. Майқайында Өміржанның «халық жауы» болып шыққаны жөніндегі хабарға ешкім сенбеді. Қазір де оның жарқын бейнесін кір шалмайды.

Әй, сол заман-ай!...  Өміржан сияқты жігітті құртқан заман-ай!..»

 

 

4. Аманжол

 

            Орынбор мен Челябинскіні айналып жүретін жолды таңдағанына мыңыншы рет өкініш білдірді.  Поезге отырғанға төртінші күн, әлі ұшы-қиыры таусылар емес. Солтүстікке жақындаған сайын аяз мақта пальтосынан өтіп, «би билетіп» қояды. Оның үстіне таңертең үйінен ала шыққан тамағы түгесілген, енді келесі станцияға жеткенше іші шұрылдап отыр. Соны біліп, қырсыққандай бұрын жарты сағат сайын тоқтайтын поезд тал түске шейін аялдамай қойды. Жалпы вагон толы кісілер де мазасын қашырған. Сондықтан поезд сібір станциялардың бірінде жүрісін тежегенде Аманжолдың көңіл-күйінің қандай болғанын түсіне бергейсіз.

            Ол шемішкенің түкірілген қауызы шашылып жатқан перронға түскенде күннің шұғыласы көзін қарықтырып, суық жел денесін тітрентті. Поезд бір сағат тұрады, асығатындай ештеңе жоқ, суыққа денесін үйретіп алғаны жөн. Қаға-маға айқалаған жүк тасушылар, ай құшағына берілген жолаушылар өтіп жатыр, кейбірі әлдене айтқандай, түптеп келгенде олардың мұнда, мұның басқаларда шаруасы жоқ.

            Кенет маңайы тып-тыныш бола қалды да, әлдекімнің «қазақтар» деп сыбырлағаны естілді. Көпшілік қараған жаққа бұл да басын бұрған. Шынында, өңдері боп-боз, жел үп етсе құлайтындай қу сүйек қандастары келе жатыр, кейбіреуі аяғын шүберекпен орап алыпты, көбі жалаңаяқ. Жылы вагоннан секіріп түскен жолаушылар қақиды да қалды, садаққа бермек түгілі жақындауға батылы жетпейді. Аналар да сыпайгершілікті ұмытып, қолына түскенін жұлып алуда. Ешкім қарсылық көрсете алмады. Тіпті миллицияны өзі аштық пен суықтан ақылы ауысқан тобырды байқамағандай сыңай танытты.

            Аманжол осындай ауыр жағдай да намысын жоғалтпай басын тік ұстаған ақсақал өтіп кеткен соң ғана есін жиды. Олар кетісімен перронда тоқтап калған қарбалас қайта басталды.

            Аманжол Ташкент базарында аш қазақтарды талай кездестірген. Бірақ жалғыз-жарым, кейде топтанып жүретін олардың үстінде мынау сияқты шоқпыт жоқ, қайырымды мұсылмандар берген садақамен күнемтетін. Ал, қазір көзі аштықтан үңірейіп кеткендей көргенде ішкі жан дүниесінде әлде не үзілгендей тынысы тарылды.

            Ала көңіл күйден вокзал жанындағы буфетке барып, қапшығын тамаққа толтырып шыққанда да айыға алмады.

            Аштықтан әбден жүдеп, құр сүлдері қалған, сәби бауырына қысып отырған жас қазақ келіншектің қасына тоқтауына сол сезім әсер еткен болар.

            - Ағатай, бір үзім нан беріңізші, - тоя тамақ жемегеннен адырайып кеткен көздерімен қараған келіншек аштықтан суалған омырауын көрсетті, - бәрібір өлетін маған емес қызыма беріңізші. Емшегімде сүт қалмады....

            Оның бетіне қарауға жүзі шыдамаған Аманжол біраз тамағын соған қалдырып, алғысын тоспастан вагонына тұра жүгірген.

            Етпетінен құлай кеткен ол жүрісін жылдамдада бастаған поезде бірден ұйықтамақ еді. Алайда жыртық-жамау киген шала құрсақ кісілер мен лас перронда ішінен шыққан перзентін аман қалдыру үшін қайыр тілеп отырған келіншектің   бейнелері кірпігін айқастырмады.

            Аманжол қанның не екенін біледі. Осы жолы да ата-анасына, дәлірек айтқанда шешесін әкетуге бара жатыр. Әкесін әпкелерінің бірінің үйіне орналастырар. Оның себебін соңырақ айтамыз.

            Ауылмен қош айтысып, қала тұрғынына айналғанына төрт жылдан асты. Өз шаңырағында әрі кеткенде апта онып, көбіне сырта жүруі әсерін тигізбей қоймады, сондықтан әлдекімнің туған жері туралы әңгімесін күле тыңдайтын. Тек осыдан екі жыл бұрын келіншегін ата-анасына әкеліп, бір ай болғаны шала-тұла есінде.

            Әкесі мінгізген атпен жусан иісі аңқыған даланың иісін иіскеп, туыстарын аралап, кісіні масайтатын ерте қымызға тойған, шаңды қалаға оралғысы да келмеген.

            Аманжолдың қалалық болуына кейбір жағдайлар әсер еткен - еді. Бұл мектеп бітірген жылы  Павлодарға іссапармен Абдрахман ағайы келген.  Аманжолдың әкесі Құдайбергенмен екеуі жақын туыс, апалы-сіңіліден туған, яғни бөле. Алайда Құдайберген оны қалаға апаруға көлік сайлағанда ағайындылыған ғана емес, мынадай аласапыран шақта ой бөлісетін, ақылдасатын бір жылдың төлі екенін де ескерген.

            Қазақ құрдасын қатты сыйлайды. Бір-бірін мінеп сынайды да, шектен асып кетседе, ашулануға қақың жоқ.

            Аманжол үйге кіргенде әкесі пышақ қайрап отыр да, ер адам қолын төбесіне айқастырып, жастаққа басын жастанып жатыр екен. Абдрахман ағайы туралы әкесінен көп естіген. Кезінде ТурЦИК-те де қызмет істеген екен, алайда қырсық мінезінен бе, әлде басқа себеппен бе, әйтеуір үйренген Культпросветіне оралып, кітапханалардың ашылуын, спектакльдердің репертуарын және басқаларды тексеретін көрінеді.

            - Жалғызым осы. Мұрагерім менің - әкесі табалдырықтан аттаған Аманжолды пышақ ұстаған қолмен нұсқады,- Ұлым, ағаңа қолыңды бер.

            Аманжол алғаш көріп тұрған ағайына сәлем бергенде оның жып-жылмағай қырынған бейіне қарап, біраз тосылып қалды, мұның ойында барлық бастықтар қаба сақалды болып көрінетін. Түптеп келгенде, сыныбында суреттері ілулі тұрған Карл Маркс пен Фридрих Энгельс сақалды.

            - Жігіт болыпты, - деді ағайы еппен қолын босатып жатып, сосын әкесіне қарады, - Оқи ма?

            - Аудан орталығында мектеп бітірейін деп жатыр. Шешесі екеуміздің үйлендірмек ойымыз бар, - деді әкесі пышақ қайрап жатып.

            - Баланы үйлендіруге көп ақылдың керегі жоқ, - қонақ әлденені ойлап отырды, мойынын Аманжолға бұрды, - жігітім, оқуыңды жалғастырмақ ойың жоқ па?

            - Бес қыздан кейін көргем жалғызым, - әкесі пышақтарын қоя салды, - Мен сияқты әкенің жалғыз ұлы.

            Құдайға шүкір қыздарымды құтты орындарына қондырдым. Енді осының кезегі. Жасымның егде тартқанын білесің, Әбеке, шешесі де ашулы-сырқаулы. Сондықтан үйге қолқанат болатын біреу керек.

            - Жалғыздығында не тұр? Болашағына неге бөгет боласың, - ағайы әкесінің бетіне ойлана қарады, - Оның үстіне қазір заман басқа. Беті қатты. Осылай атлас жастықты шынтақтап, жылқы етін жей беремін деп ойламасың?

            - Не айтпақшысың? - әкесі секемденіп ісін доғарды.

            Осы кезде Ахметтің бір-бірінен аумайтын, бұйра ашты егіз ұлы Зейнолла мен Рахметолла буы бұрқыраған ет табақ әкелді де әңгіме үзіліп кетті.

            - Мені үйіңе жылдам жеткізген осы жігіттер, Құдеке, - жолсеріктерін таныған мейманың дауысы қуанышты шықты.

            - Қателесесің, құрдас, - мырс ете түсті әкесі, - О жігіттер түс көріп жатыр. Мыналар-солардың інілері.

            - Бұлар да Ахметтің ұлдары ма? - деді. Таңдаған қонақ, - Сонда Ахметтің неше баласы бар.

            - Үлының ғана оны бар. Әйеілі жыл сайын бір, кейде егіз бала табудан жаңылған емес, - деп күлді әкесі.

            - Әй, Бәтимаш, - қонақ қасында отырған шешесінің шығынан қақты қалжыңдап, - құрдасымды былай ренжіткенің қалай?

            - Оны құрдасыңнан сұра, - шешесі де әзілге әзілмен жауап берді.

            - Құрдасым екен ғой кінәлі, - мейман қулана әкесіне назар аударды, - әрине, енші бөлуден қашқан ғой. Есесіне қазір малды. Жас тоқал алуына да жетеді.

            - Олай қылжақтама, құрдас, - ет тұрап отырған әкесі қорыққандай мойнын ішіне тартып алды, - Бәтимаш соны ойлағаным үшін ғана мойнымды жұлып алады.

            - Жоқ, Құдеке, сіңіріне ілініп жүрген туысыңның он ұлы бар, ал сен де біреу. Дүние-мүлкің жиырма ұлға біргәп бар сияқты, - қонақ тоқымдап қояр емес.

            - Достым, - деді. әкесі күрсініп, - мәселе түлекие емес. Мал бірі жұттық. Тағдыр кімнің кедей, кімнің бай екенің қарамайды. Алтыншы бабамның алты ұлы болыпты. Арғы атам Қожахмет үлкені екен. Аң құмар саятшы болыпты. Бірде ауылдың манында қызыл түлкін көріп қалады. Бірінші кездескен атқа міне салып, соңына түседі. Ат зорығып өлгенше қуады. Ерді арқалап, ауылға оралады. Өлген ат әкесі Қосдәулеттің сән-салтанатта мінетін сәйгүлі болмағанда ештеңе етпес еді-ау. Қатты Ашу үстінде Қосдәулет «бес ұрпағыңа дейін өспе», - деп теріс батасын берген. Сірә, қарғысы қабыл болған шығар, содан бері тұқымымыз өспеді. Өзің  қарашы, атам, әкем, мен, енді мына Аманжол бәріміз жалғызбыз. Сонда бабамыз. Қожахмет әкесінен кешірім сұраса ғой. Жоқ үй ішін алып Сұлусорға көшіп кетіпті. Тентек Қожахмет атануымыз да сондықтан.

            - Е-е,- деді қонақ басын жастықтан сұрап, - әкеңді танимын. Тентектің тентегі еді.

            - Иә, - деп Құдайберген келісіп, - әкем өмір бойы тентек болып өтті. Бірде болыстың шабарманын боқтап қоя береді. Болыс бұған қатты ашуланады. Ақсақалдарды ертіп әкеліп, елу жылқы айып салады. Әкей  келісіп, ақсақалдардан болысты боқтаса айыптың қанша болатының сұрайды. Ойында ештеңе жоқ ақсақалдар, шабарманды тілдегені үшін елу жылқы болса, болыс үшін айып жүз жылқы болар - дейді. Сонда әкей айыпқа кесілген жылқыға бара жатқан қызметкерге тағы жүз жылқы қосып алуды айтады. Содан соң болыстың туыстарының көзінше оны жеті атасынан жібереді. Тым өркөкірек болатын, ешкімге кеудесін бастырмайтын.

            - Намысшылдық қазір мақтаныш емес, - деп қонақ ойлана басын шайқады, - мойныңды үзеді.

            - Не айтпақсың? - әкесі тағы секемдене қалды.

            - Қадірлі қонақ, - әңгіме ауаның басқа арнаға бұрылып жатқанын байқаған шешесі сөзге орналасты, - Ет суып кетеді, алып отырыңыз.

            Толық ішіліп болған соң шешесі мен Аманжолды ұйықтауға жіберіп, құрдастар сыбырласып, әлдебір бір маңызды мәселені талқылады.

            Қандай шешімге келгендерін әкесін таңертең шай үстінде жариялады.

            - Ұлым, үлкен қалаға оқуға барасың - деді шешесінің қолынан кесе алып жатып, - Абдрахман ағаның үйінде тұрасың, орын жеткілікті. Ертең бірге жүріп кетесіңдер.

            - Иә, иә, - деді ағайы аһ ұрған шешесіне кінәлі жүзбен қарап, - орын жеткілікті. Бір ұлым Москвада оқуда, екіншісі Қызыл әскерде, қыздарды баяғыда ұзатқанбыз. Кемпір екеуміз ғана қалғанбыз.

            - Жасыңды    көрсетпе,  - әкесі жылауға шақ қалған шешесін тиып тастады, - Екі - үш жыл оқыған соң балаң қайтып келеді. Соған дейін шыдаймыз.

            - Келеді, келеді, - құрдасы да бас ізеп жатыр.

            - Сораңды ағызба. Шалбар киген еркек емессің бе? - абыржыған ұлына әкесі жалт бұрылды да, дауысын жұмсартып сөйледі, - Солай істеу керек, түсінесің ғой.

            Темір жолмен он күн жүріп, Ташкентке жеткен Аманжолды кенже ұлының  бөлмесіне орналастырды. Қарлығаш апай өзі жинастырып, бөйке көрпе төседі кереуетке. Қабырғада буденовка киген қалың қабақты жас жігіттің суреті ілуі тұр.

            - Келгенің жақсы болды, ұлым. Үйде кісінің жүргені ғанибат. Тыныштық еңсеңді езеді.  Мына Темірболатым оралғандай болды-ау.

            Аманжол қабылдау емтиханынан кешігіп қалыпты. Ағайы оқуға тіркету мәселелерімен айналысып, бұл Ташкенттің ирелеңдеген көшелерімен қыдырып, көрікті орындарымен танысумен күн өткізеді. Аудан орталығынан алысқа ұзамаған бозбалаға қаланың сәні де, саудагерлердің дауыстап сөйлегені де, адамның қолымен салынған ұзын арықтар да таңсық. Үйге кешке оралысымен мейірбан жандардың қамқорлыңына бөлінеді. Қарлығаш апай төбесін көрісімен бақшада жүрген күйеуіне айғайлайды.

            - Абдырахман! Тамақ ішейік, баламыздың қарны ашқан шығар.

            Бірде оралғанда Аманжол тәтесін де, ағайында жолықтра алмады., сірә, бірі базарға кеткен де екіншісі жұмыстан қайытпаған болар. Есікті итеріп еді, ашық екен.

            Ішке енгенде ағайының бөлмесінен күбірлеген дауыс естіді. «Ұры шығар», - деп, ойлаған бозбала есігін айқара ашып жіберді де, сұлқ тұрып қалды. Ағайы намаз оқып жатыр. Біршама уақыттан соң аулаға шықты.

            - Жас келіп қалды, - деді ол жігіттің үнсіз сұрағына жауап беріп, - Тәңірге жалбыранған жөн. Партбилет пе? Коммунист сиынбасын дегенді кім айтыпты.

            Аманжолдың оқуының басында қиюы келе қоймады, Турцик-тегі таныстарына қолқа салып, нәтижесін күтуде. Қақпан құрып, аңның қашан түсетінін тосқан аңшы сияқты «Отырған қыз орнын шабар», - деп тегін айтылмаса керек. Аманжол да бақытын тапты. Ол Азия мемлекетттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультеті болып шықты

            Бір ғажабы, оқу Аманжолға ауыр соқпады. О кезде жоғары оқу орындарда түрлі жаңалықтар, соның ішінде Дальтоплан енгізіліп жатқан. Соған сәйкес топ мүшелері бес-алты адамнан бірнеше бригадаға бөлінеді. Әрқайсысының  басында бүкіл бригада үшін оқитын, сынақ пен емтихан тапсыратын бригадир тұрады, ал қалғандары сабақ пен емтиханға қатысса, жетіп жатыр. Дальтопланның қиынсыздығы бесенеден белгілі болғанмен кейін заңды негізде кәсіпорындарды басқару үшін партияның шақыруымен студент дәрісханаларына ағылған сыналған партия мүшелерін дипломмен «қаруландыру» үшін керек болатын.

            Топтың оқу үлгерімін айқындайтын бригадирлік, әрине ең қабілетті студентке жүктелетін. Аманжолдың тобының бригадирі көзге ұста, қуақы Халида болатын. Қатарлас топ студенттері оның тұрмыста болғанын, бірақ енесімен келіспей ажырасып кеткенін күйеуінің күнде университет алдында тосып, қайтуға үгіттен жүргенін тілге тиек ететін. Алайда, өткір тілінен қаймығып, тура айтпайтын, факультетінің комсомол бюросының хатшысы Надир қасынан үйіріліп шықпайтын.

            Аманжол барлық дәрістерге қатысқанымен көбісі жер ауып келген профессорлардың мінберден орысша айтқандарын түсіне алмай қиналды. Халидамен жақындасуына сол тілмеуі себеп болды, ауыл баласының ынтасын байқаған ол орыс тілін үйрете бастады. Халида қатал мұғалім болып шықты, мұның жазғандарын  қызыл сиямен түзететін де қайта жазғыздыратын. Біртіндеп бұрыңғы түсініксіз сөздерінен сөйлем құрайтын дәрежеге жетті.

            Тіл үйрену оларды жақындастырғаны соншалық бұрын Халидамен тілдесуге именетін бозбала қызды ескі қалаға, бөлме жалдап тұратын үйіне шығарып салатын болды. Надирдің жақтырмай қарағанын бір-екі рет байқап қалды. Надир қөз алайтудан аса алмады, шымыр денелі ауыл баласымен ашық шайқасуға қорықты.

            Халида қала өмірі бұзбаған жігітке бейжай қарамайтын, бірақ бозбала тым именшек, шығарып салысымен асығыс қоштасып, кешкілік қараңғылығына сүңгіп кетеді.

            Аманжолға  кейін кезде өмір жақсы көріне бастады: дәрісте айтылған сөздің мағынасын сұрастырып білу де, паркте орындыққа отырғанда қыздың қысылмай басын мұның иығына сүйеуі де, оның шашының бас айналдырар исі де, екі жыл бойы кенжесін сағынған ағайы мен Қарлығаш апайының асты-үстіне түсіп, өбектейтіні де, мұнсыз тамақ ішпейтіндері де ұнайды.

            Екінші курсты аяқтайтын деп жүрген күндерінің бірінде бақытының быт-шыты шықты. Барлығын кезектен тыс комсомол жиналысына шақырған Надирдің мақтанышты жүзінен басталды. Жиналыс әдеттегідей басталды: кезекті партия пленумының шешімі талқыланып, әрине, жиналғандар бір ауыздап құптады, комсомолецтер бірінен соң бірі мінбеге көтеріліп, сөздерін «Партияның тарихи шешімін қолдаймыз!» сияқты ұрандармен аяқтады. Комсомол хатшысы Надир де сұрады:

            - Сөзімді барша жолдастарға арнаумен бастауға тиісті едім. Алайда, «Жолдастар» сөзімен бастағым келмейді., - Надир қатарларды аралап кеткен сыбыр басылғанша бөгелді, - Себебі қасиетті сөзді бейберекет айту  жарамайды. Осында, осы залда біреулер отыр. Ондайларды адам деуге аузым бармайды, өйткені олар ешқашан да пролетариатқа серік болмайтын жаттап элементтері.

            Надирдің ойын тұжырымдамай, орағат беруі әсерін тигізді. Залдан «Не болды? Түсіндір», «Турасын неге айтпайсың?» - деп айқалаған дауыстар естіліп жатыр.

            - Маған комсомол комитетнің хатшысына нанбассыңдар, бірақ газетке, кеңес газетіне сенетін шығарсыңдар, - Надир бүктелген газетті басынан асыра көтерді. - Міне, «Советская степь» газетінде үстіміздегі жылдың 14 мамырында кедейлердің қанының маңдай терінің есебінен жиған мал-мүліктері тәркілеген дала жараты феолдарының тізімі жарияланыпты. Солардың ішінде факультетіміздің студенті Аманжол Құдайбергеновтің әкесі де бар.

            Зал шулап кетті, жүздеген смойындар партаға жабысып қалғандай шөгіп кеткен Аманжолға бұрылды.

            - Қой терісін жамылған қасқыр университетке кіріп кеткен, оның үстіне алдап, комсомол билетін иемденген, - Надир газетті бұлғап қойып, сайрауда,  - Ерінбей жеке ісін көтердім, өмірбаянында Құдайбергенов «малшының баласымын» деп жазыпты. Қандай малшы екенін айтуға ұялған. Өзіне пайдалы болғандықтан бай тегінен екенін ұмытыпты. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, партиямыз барлық Құдайбергеновтерді әшкерелейді.

            Қызып алған, тоқтар емес, Аманжолдың құлағы тас бекітіліп, бірін естісе, бірін естімейді.

            - Тап жауының баласынң қатарымызда болуына шыдаймыз ба? Оған билет беріп, алданғанымызды мойындауымыз керек. Осымен бітті. Кез келген сәтте революцияның жон арқасына пышақ салуы мүмкін Құдайбергенов сияқтылар бізге серік емес.

            Надирдің дауысы гуілге көміліп қалды. Жүздеген көздер Аманжолға қадалған, солардың  бірінен жаңашырлық көре алмады. Жиіркенішке, дұшпандыққа толы жанарлар....

            Зал толығынан Надир жағында, оның Аманжолды комсомолдан шығару, ректораттың алдына оқудан шығару туралы ұсынысын ду қол шапалақтаумен құптап, «Байдың ұлы кетсін! Билетті тапсырсын!»   - деп айқалайды.

            Аманжолдың үйге баруға батылы жетпей, түн ортасына шейн көше кезді. Қанша ойланса да, жиналыста әкесін халық жауының санатына қалай жатқызылғанын түсіне алмай-ақ койды. Жұмысқа тұрмысы нашар ағайындарының балаларын алатын. Дастархан басына мынау бай, мынау кедей деп алаламай бірге отырғызатын. Шаруаның ебін, білетінін, дау әділ шешендіктен ауыл оны аға тұтыпғ жасы үлкендер де ақылдасатын.

            Үйге келсе, ағайы мен апайы ұйықтамапты. Бар жайдан хабардан екенін айтпай-ақ сезді.

            - Ештеңе етпейді, ұлым. Жұмыс тауып қойдым. Айкай шу басылған соң, оқуыңа қайта кіресің. Бәрі де орына келер, -деді аңайы шай ішіп болған соң, - Әке - шешеңді уайымдама, олар қызының, әпкең Нұржамалдың қолында.

            - Не істеймін, ағай? - бозбаланың дауысы құмығып шықты, - Қалай өмір сүремін?  

            - Өмір сүресің, - ақсақал байыпты жауап берді,- Өмір осымен тоқтап қалған жоқ. Біреуді-біреу әшкерелеп, қаралап жатқан аласапыран шақ қой. Амал не, мұны да басымыздан өткіземіз....

            Ағайының  демеуімен Аманжол мәдениет халық қомиссариатына жан қинамайтын жұмысқа орналасты, кітапханалардың қызметі мен  кітап қорының толығуы туралы есеп жазумен уақыт өткізеді. Қызметі ұнады деуге болмас, дегенмен таптық нышан бойынша жауапқа тартылып жатқан кезде тыныш өмір сүруіне жетіп жатыр.

            Бірде қала кітапханаларын аралап жүргенде Халидаға жолықты. Қыз қатты қуанды, үйіне жиі шығарып салатын сөзге сараң, ұялшақ жігіттің орны алқы соғып тұраты. Халида сырқат шешесіне кетіп, жиналысқа қатыспаған.

            Аманжол да мәз. Бұл кездесу ала қағазбен болып, кісілермен араласпайтын оған қайтіп келмес өткен шаққа оралғандай әсер қалдырды. Жасыратын несі бар, Халиданы ұнататын.

            Екеуі ескі қалаға беттеді. Халида университеттегі жаңалықтарды айтып келеді. Таяуда мұның оқудан шығуына басты себепкер толқыға түсіпті. Жақын досы Надирдің басмашының ұлы екенін көрсеткен. Оның әкесінің үй-ішін аман сақтау үшін қорыққаннан  басмашыларға қосылғанын, қызыл әскер келгенде қарсылықсыз бірден қаруын тастағанын айтқанына университет комсомолының бюросы илікпепті, әкеден безуін талап етіпті. Тек көпшлік алдында әкесінен безгенін мәлімдегенде ғана өз үйінде жау жүрген байқамағаны, қырағылықты босатқаны үшін оған жариялап, факультет комсомол комитеті хатшылығында қалдырыпты.

            Әңгімемен Халиданың үйіне келіп қалғандарын байқамапты.

            - Мүмкін, кірерсің, - Халида көзімен есікті нұсқады, Аманжол қуана келісті.

.... Ол үйден ертеңінде таңертең ғана шықты. Ығыр еткен жұмысына соқпастан ағайы мен Қарлығаш апайына тура тартып, оларға үйленетінін, көшетінің айтты.

Үйлену тойына аз адам шақырылды. Аманжол жағынан Абдырахман ағайы мен Қарлығаш апайы, халық комиссариатта тар кабинете бірге отыратын секпіл бет жігіт, қыз жағынан папиросты бірінен соң бірін бұрқырататын еркекшора құрбысы, нағашы апасы - қара киімген татар әйелі қатысты. Жүзім қосылған палау, дымлам, масаң, ағайының әлдебір ұзақ өлең айтқаны, орынның тарлығына қарамай құрбы қыздың жаңа шыққан сәнді биді тайраңдап билегені Аманжолдың жадында шала-пұла сақтылған.

            Түнде жас келіншегіне ата-анасының алдынан өтіп, бата алу ойын білдіргенде Халида ұйқылы-ояу жатып оның ескіліктің қалдығы екенін айтқан, бірақ дауларға бармады.

            Туған шаңырағына барып қайту тілегін білдірген соң ісі алға басып жүре берді. Кітапхана жұмысын реформалау жөніндегі баяндау хаттары мен есептеріне риза болған халком ректорға болашағынан үміт күттіретін жас жігітке байланысты қолға салып, оқуға қайта қабылдатты, жұмыста жеке кабинетке ие болды. Рас, баспана қиналдырды, дегенмен жатақхананың бөлмесінде қысылып, қылтырылып жатқандарға қарағанда тәубе. Жас болатын, бұл мәселенің өздігінен оң шешілетініне кәміл сенетін.

            Олар үйіне ұжымдастырудан екі ай бұрын маусымда келді. Әпке, жездесі станцияда тосып алды. Аспан жерге айналып түсетіндей аптапта ұзақ сапар шекті. Жолда жездесі ортаншы әпкесі мен оның атасының мал-мүлкін тәркілеуде белсенділік танытқан күйеуі миллиционер  Кәмал жайлы сұрамауды сыбырлап ескертті.

            Ана-анасы жылы қарсы алды. Әкесі екеуін сүйіп, тойға  бара алмағанына өкініш білдіріп, келінін басынан аяғына дейін шолып шықты, шешесі жылап, ұлын кеудесіне қысты. Әпкелері Нұржамал мен Айгүлге тәкаппарлықтан ала келіндері ұнады, оның түтін сасыған ауылға таңсық қалалық көйлегін тамашалады.

            Ауылда бір ай жатты. Аманжол жүйрікке мініп, құрдастарымен екі рет аңға шықты, ағайындарына сәлем берді. Ауыл Халидаға да ұнады, сиыр саууды үйренді, өзбек пен татар тағамдар әзірлеп, ауыл тұрғындарының мақтауына ілінде. Тек бір рет мінезін көрсетті. Әкесінің  түкірген насыбайы ақ көйлегіне тиіп бүлдірген. Көйлекті долдана жүріп, атқа өртеді.

            Қызықтың да аяқталатын уақыты бар. Қайтатын уақыт жетті. Көңілді шығарып салды. Ахметтің, Бимағанның, Қадырдың, Қоңырбайдың Аманжолға дос ұлдары мен келіндері қоштасу кешін ұйымдастырып ән шырқалды, әзіл-қалжың айтылды. Әкесі жарты жолға дейін ұзатып салып, құшақтап, сүйген. Сонда ғана Аманжол уақытты ойын-сауықпен өткізіп, әкесінің екі жыл ішінде мойны қаштарлып, бет жүзіне терең әжім түсіп, қартайып кеткенін аңғармағанын білді. «Құдай өзі берген малды өзі алды», - деген сөзінен аузынан қиналып шықты. Ұлды қарттың күйеу баланың қолына қарауы қазақта масқара саналады. Малымен бірге еркіндігінен де айырылғандай болуы қанша сыр берісі келмегенімен жүдетіпті. «Алсын-ақ, - деді ол баласына сыр ашып, - бірақ соны дұрыс ұстай білсейші. Аштан аш бір апта албарға қамап қойды. Аудан орталығына бестен біреуі ғана жетіпті. Маған араша түспек болған Қадырдың аз малын тәркілеп, байдың құйыршығы атандырды».... Сөйте тұрып, баласының жолына бөгет болмады. «Біз жасарымызды жасап, асарымызды асадық. Сенің келешенгін алда. Бағың жансын».

            Кейін Ташкентте әкесінің сөздері есіне түсіп, түндерді ұйқысыз өткізді, бірақ күнделікті күйбең тіршілік біртіндеп бәрін жадынан өшірді.

            Өтызыншы жылдың аяғынан бастап Ташкентке Қазақстаннан жайсыз хабарлар жетіп, отыз бірдің басында Қазақстанның оңтүстік өңірінің аштары қалаға қаптап кетті. Айтқандарына сену қиын. Әңгімелеріне қарағанда. Қазақстанды аштық жайлаған содан тұтас ауылдар қырылған, ағаштың қабығын, ит пен мысықты жеген. Шешелері аштан өлгенін көрмес үшін баласын тастап, басы ауған жаққа қаңғып кеткен.

            Аманжол Қазақстандық газеттерді парақтаған, ұжымдастыру қарқынын күшейту болмаса, аштық туралы мәнді ештеңе жазылмапты. Қысқа хабарларда кейбір аудандарда азық түліктің тапшылығы, оның тапжаулары - байлар мен кулактардың қатандығы екені үстірт айтылып кетеді.

            Одан соң тыныш Өзбекстанда да аштық нышаны байқалды. Оған көшінің үлгісімен кишлакқа жіберілген уәкілдердің қамсыз диқандардан астық пен тұқым талай етуі себеп болды. Базарда нанның бағасы шарықтап шыға келді. Еттің сату бағасы құлдырады. Мысалы, астық салығын өтеу үшін қойды он бес пұт астыққа айырбастады. Аштықтың қысқаштай қатты қолы өзбектердің алқымынан қысты. Үй маңы шаруашылығының, бау-бақшасының есебінен тірі қалды.

            Қыс пен сол жылдың көктемін кітапхана ісімен бүкіл республикада іссапарда болып қайтты. Мұнымен ұзақ әңгімелескен кітапханашылардың ойы мүлде басқада  балалары мен үй ішін қалай асырауда отыратын. Қайтып келген соң көпке шейін есін жия алмай жүретін.

            Оның үстіне бесінші курста оқып жүрген Халида көктемде таяу арада әке болатынын айтқан. Бұл бір жағынан қуантса, екінші жағынан мұңайтты. Тапқаны қажетке тақыл-тұқыл жетіп отырғанда үшеуі қалай күн көрмек. Ұлы тірі тұрғанда әке-шешесінің қызының қолында тұрғаны да түнде маза бермейді, бұл қазақтарда оған да әке-шешесіне де ұят. Қазақстанда жұттың басталуы оларды қызы мен күйеу баласының, жиендерінің тамағына ортақтастырып, масыл атандырды.

            Ата-анасы жайын Халидаға алғаш айтқанда ол шашын жұлып, айқайлап шыға келді. «Қайда әкелесің? - көзімен тар бөлмені адақтады, - Қайда жатқызасың? Немен асырайсың?» Дегенмен біраз күн өткен соң бойында аналық сезімі шығар, өзі әңгіме бастап, шешесін әкелуге көнген. Әкесі әзірше қызының қолынды тұра тұрсын, бөтені емес қой, жағдай түзелген соң бұлар көшіріп олар...

            Әйел еркек емес әр сөзін дәлелмен шегелеп бекітеді. Аманжол әуелі зайыбының айтқанына іштей келісіп, артынан оны өз шешімі тәріздендіріп соға бастаған.

            Жолға бірден шығып кете алмады. Бағынышты кісінің жұмыстан сұранғанын естігенде басшының талай себепті көлденең тартып, тапсырманы үйіп - төгіп беретін әдеті емес пе? Сондықтан қыста аттанған.

            Павлодарда кешқұрым  ақырын жапалақтап қар жауып тұр. Поездан жолаушыларды қарсы алған ешкім болмады. Алыстан келген ағайынын, дос-жаранын қарсы алу барлық халықтың дәстүрі, мұнда ұмытыпты.

            Қаланы өлі тыныштық басқан. Иттің үргені естілмейді. Жау шауып қырып кеткендей. Қаланың ішіне кіргенде ғана әр жерде топтанып, қар үстінде отырған алба-жұлба киім кигендерді көрді. Отыз екінші жылдың ақпанында   Павлодардың сақы осындай.Поездан түскен Аманжол танымай қалды. Бұл иттің өзін талап жейтін аштардың, аштықтан есі ауысқан адамдардың үйлерін ымырт түспей қамалдай етіп бекітіп алатын қаласы еді. Жұрттың жайын құжаттар айтсын:

Президиум ЦИК СССР. ЗАЯВЛЕНИЕ  (1 февраля 1932 года):

“Считая себя более не вправе оставаться безмолвными и безучастными зрителями голода, постигшего население бывш. Павлодарского округа, мы вынуждены обратиться в центральные органы правительства СССР. Отказываясь от анализа и оценки причин, породивших голод, мы сознательно ограничиваемся лишь изображением наблюдаемой нами картины.

В течение полутора месяцев в Павлодар стекаются из районов голодные, опухшие и одетые в лохмотья люди, преимущественно казахи. Город наводнен ими. Развелось невероятное нищенство. В каждом доме их перебывает за день десятки человек. Ходят голодные всех возрастов: молодые, старые, дети. Свалочные места усеяны голодными людьми, выбирающими и поедающими отбросы.

Лечебные учреждения наводняются умирающими от голода. Голод вызвал эпидемии. Под городом и в самом городе постоянно находят трупы замерзших, бесприютных, голодных людей. Известны случаи смерти от голода в городской амбулатории на глазах больных, пришедших на прием. Мы знаем дома, где голодные, вошедшие попросить хлеба, падали при смерти. Нередко можно встретить семейство казахов, бредущее неизвестно куда и тянущее за собою салазки со скарбом, поверх которого лежит труп ребенка, погибшего в пути.

В учреждения подбрасываются голодные, полузамерзшие дети. Детские дома переполнены и не принимают их. По городу ежедневно встречаются десятками покинутые, замерзающие, истощенные, опухшие от голода дети всех возрастов.

Наконец, для этих детей был предоставлен бесхозный дом…, куда они и были свезены. Некоторые из нас посетили этот дом. Не распространяясь подробно об умирающих и о трупах, найденных во дворе перед домом, в сенях и в самом доме, скажем в общих чертах, что дети, помещенные в этом “приюте”, … получают лишь раз в день небольшое количество каши или супа с крошечным кусочком хлеба, валяются на полу и на печке в грязи и вони…, а некоторые уже не в силах плакать, только стонут или хрипят. Обстановка настолько тяжелая, что женщина, приставленная горсоветом для ухода за детьми, сбежала на другой же день.

Бедствие развивается. Из районов голод гонит в Павлодар все новых и новых голодающих. Обессиленные люди тянутся по всем дорогам и гибнут в пути. По рассказам голодающих, собирающих по домам “кусочки”, одни аулы и поселки совершенно уже опустели, в других вместо сотен дворов остались единицы или, в лучшем случае, десятки.

Часть населения ушла в Сибкрай, а оставшиеся застигнуты голодом и вымирают. В Павлодарском районе осталось меньше половины того населения, которое насчитывалось еще летом 1931 г. Так, например, опустели поселок Подпуск и Черное…  Не существует более аул № 1. В Жалыбаевском ауле Бескарагайского района, насчитывавшем более 300 дворов, осталась лишь администрация аулсовета…

Мы не хотим указывать, какие конкретные меры помощи должны быть приняты. Наша цель – приподнять уголок завесы, скрывающей ужасы…

            Политические ссыльные: В. Иогансен, О. Селихова,

П. Семинин-Ткаченко, Ю. Подбельский, А. Флегонтов

 

Председателю ВЦИКа М.И. Калинину (10 февраля 1932 года):

“Все население, проживающее в Казахстане, умирает от голода, в некоторых местах гибель народа – целыми аулами, например: аулсоветов № 9, 10,11 и Павлодарского и Иртышского районов, а также все районы Казахстана.

В последнее время везде стала гибель, смерть населения, посев не родился, весь скот сдан государству, со стороны государства колхозников хлебом не снабжают, питаться населению нечем. В единоличном пользовании каждого хозяина и в колхозах ни одной скотины, ни лошади не имеется. Базара на рынке и вольной торговли нет, которые на местах прекратили, хлеба совсем не имеется. Служащие, работающие в местных организациях, местный актив председателей и членов сельаулов, секретари партячеек и кандидатских групп, а также работники районных организаций занимаются грабежом чужого имущества. Если только увидят у какого-либо гр-на или колхозника кусок хлеба, фунт муки и кусок мяса, то отберут и сами используют, как будто сдано государству, на самом деле таковые они сами проглотят. Кроме того отберут деньги, хорошие одежды и разное другое имущество, проведут обыски, испугают население. Как полагается, в связи с этим занимаются взятками: у кого хотят, у того берут. Если какое-либо лицо не захотело дать взятки, хотя бедняки или ниже середняка, то лишают его голоса, конфискуют, и он уже является кулаком. С этой гибели, смерти, конфискацией, взятками и грабежом имущества население идет куда хочет просить милостыню по нищете и даже в другой или округ. Были такие случаи: отец, мать оставляют от голода своих малолетних ребятишек, сами идут. Это объясняет, что в дальнейшем в Казахстане население существовать не может, жить очень ужасно, трудно. Кроме того, местные власти проводят на этом голодном населении кампании разных заготовок, а население из-за исполнения заготовок не может себе найти пищи ни одного куска хлеба…

Аулсовет № 4 Максимо-Горьковского района, Дуйсенбинов Нургалий

 

            Екеуі де ресми дереккөзден Қазақстан КП ОК мұрағатынан (Ф.141 оп1.д.5233, л 8-9,10) алынған. Сонда жатқан кейбір құжаттар керісінше халдың халық тоқ болған жиырма бесінші жылға едәуір тәуір болғанын дәлелдеуге тырысады. Көбісі жеңіске жеткенін мақтана баяндайды. Солардың бірі мынау:

 

15 мая 1932 года.

“Во-первых, опыт трех лет показывает, что в коллективизации казахский аул приобрел лучшую форму своей хозяйственной организации, которая в наибольшей степени и быстрыми темпами поднимает благосостояние аульной трудящейся массы…

Во-вторых,… все же остается доказанным тот факт, что основная бедняцко-середняцкая масса каз. аула широкой волной добровольно повернула к социализму…

В подтверждение можно привести состояние коллективизации в казахском ауле на 1 апреля – 73,9 процента бедняцко-середняцких хозяйств в крае…” (Архив ЦК КП Казахстана: “Из речи Голощекина на совещании краевого актива “О коллективизации в казахском ауле”.

Мүмкін, Голощекин Павлодар округінің қиын жағдайын білмеген швғар? Жоқ, жақсы біліпті. Бұған дәлел болатын 1933 жылы ҮІІІ пленумда жасалған павлодарлық коммунистердің хатшысы Розыбакиевтің баяндамасы:

Из 330 тысяч голов скота к 1933 году в Павлодарском районе уцелело 30 тысяч. “В конце января 1932 года я увидел катастрофическое положение в аулах. Дал две телеграммы т. Голощекину: дело тяжелое, нужна помощь. Ответ: “Вы занимаетесь вопросами откочевок, а семфонды собирать не хотите?”

 

            Нұржамал шешесін әкелетін үйді ұзақ іздері. Түн қараңғысы қоюлана қоймаса да, қақпасын жауып алған жатақ үй екен. Аманжол есікті ең кемі жарты сағат тоқылдатқан шығар, содан кейін ғана күзетші іштен үрген итті қуып, есік ашты.

            Сол нұсқаған суық үйге кіріп барса, шешесімен бірге... әкесі отыр. «Нұржамал хатта жазғанымды дұрыс түсінбеген ғой». Іштей қынжылғанмен сыртынан сыр білдірмей әкесінің құшағына енді. Шешесі жылап, көрісті.

            Әкесі соңғы жылдары қатты қартайып, сақалының ағы көбейіп, бүкжең тартыпты. Иығында жыртық шапан, аяғында жамаулы етін. «Советская степь» жазған жарты феодалға мүлде ұқсамайды.

            Шешесі де шау тартыпты, толық беті еттен арылып, жүзін әжім шимайлаған.

            - Тамақ іштіңдер ме? - деп сұрады Аманжол.

            - Аш емеспіз, - әкесі осылай жауап бергенмен осы таңертең келгеннен бері нәр осылай татпағандары көрініп тұр. Танымайтын қалада кім саушауырын қойып, шай береді. Ұлын дұрыс күтіп алмағандарына намыстанғандары да.

            Аманжол сонны сезді де, бір шөлмекке келісіп, күзетшіні ақша беріп, тамақ әкелуге жұмсады.

            Ол араға сағат салып оралғанда пеште от жағылып, самауырын екі иінінен демалып тұр еді. Күзетші арағын апыл-ғұпыл ішіп алды да, ұйықтауға жөнелді. Бұлар дәмдес болғандарды еске алумен таң атырды.

            Әкесі кезінде дүние-мүлкін тәркілеген үлкен күйеу баласын еске алды. Былтыр тұтқындалыпты аудан болып жатқан жүгенсіздікке шыдай алмай, соңы аштыққа соқтыратын бұйрықты орындалмайтын айтып, аудандық комитетке барған ғой. Әкесінің дауысынан дұшпанынан есесі қайтқан кісінің массатану лебі сезілмейді.

            Аманжол достарын сұрады. Көңілінің түбінде жатқан ауыр ойын - ертең әкесімен жолдарының айырылататын, мүмкін, көпке шейін бұлайша бір дастархан басында отыра алмайтынын - айта алмады.

            Әңгіме кейінге, оны ауылға апаратын көлік тапқанша ысыра тұрды.

            Үшеуі таңертең станцияға келгенде қайшыласып жатқан жұртты көрді. Жүздеген қайыршылар садақа сұрап жүр. Адамдар олардың жүзін бұрып әкетеді. Сорлылардың кейбіреуі мәселені өзінше шешпек. Біреуі сөреге жақындап келді де, тоқашқа бас салды. Ашуланған сатушы қолмен, одан соң таяқпен басынан ұрса да, ананың наннан айырлар түрі жоқ. Соққыдан қорғануды білмейді. Басы жарылып, киімі қан жоса болса да, мыңқ етпейді, тек қарбытып жатыр.

            Аманжол әкесін ауылға жеткізетін көлікпен келісті де, поезға екі билет алып, ата-анасына келді. Жүктерді көтеріп, шешесін өзімен ілестіріп, әкесінен сәл күте тұруды өтінген.

            Шешесін жүрейін деп тұрған поезға отырғызып, қайтып келген әкесі перронда жападан жалғыз тұр екен. Іш дүниесі астаң - кестең. Бірақ Халидамен келісілген уәде бар, сондықтан байын жинап, оған беттеді.

            Құдайберген ұлының күзде келіп алып кететін, оған дейін осында қала тұруын шашып-бұтып айтып жатқанында қызы мен күйеу баласының жылы орнын суытпауын өтінгенінде, өзінің ұлы бар екенін, «күшік қайын ата» болып жүре алмайтынын айтып, оларға дес бермегенін есіне түсірді. Қырық жыл бойы өмірдің ащысы мен тұщысын   бірге татып келе жатқан бәйбішесімен ажырасу ойы түгілі түсіне енбеген. Енді қызына қай бетімен қайтіп бармақ?

            Аманжолдың сөзі санасына жеткенде қалында қамшы ұстаған арбакеш ауылға кімнің баратының сұрап келген. Ақсақалдың беті әлем-жалам, қолы қамшы ұстағандай жылуы. Ішінен шыққан шұбар жыланды қамшымен емес, қарғыспен өсті. «Тумай кеткер!» Жан айқайын сыртқа шығарған осы сөз оның баласынан мәңгілік күдер үзгенін жеткізді.

            Аманжол әкесінің қарғысына, жанарындағы ашудан шошынды. Масқара болғаннан өлімді тәуір көретін оның қызына қайтып бармайтынын түсінді. Шегіншектеп барып, жалт бұрылды да, ентіккен бойда вагонға қойып кетті.

            Осының бәрі сырттан бақылап тұрған жыртық киімді қайыршы шалға жақындап келіп, ақырын иығынан түртті:

            - Ақсақал, ондайлар ашулануға тұрмайды. Менімен жүріңіз.

            Түйіншектерін жинастырып жатқан шешесі ұлының тәлтіріктеп келгенін байқамады.

            - Әкем Нұржамалдыкінде қыстап шығамын деді,  - шешесінің таңдана қарағанын байқамағандай сөйледі.  - Күн жылығанда келіп қалар.

            Дауысындағы жалғандық лебі оны ұстап берді, бірінші шешесі жанарын бұрып әкетті.

            Түнде жолаушылар ұйықтап жатқанда вагон терезесіне барып, суық шынысына дамыл бермей ұятынан күйіп тұрған маңдайын сүйеді. Көзінің жасы демімен еріген қыраудың суына қосылып, еденге тырс-тырс тамады.

            Жылап тұрғанда бұл өкініштің әлі талай түсінен шошып, ұяттың атына күйдіріп, қан терін шығаратынын, осы өліара мезетті басынан өткерген ақпанына лағынат айтыратынын сезбеді.

            Сондай-ақ өмір жолының ұзақ болатынын, көп нәрсеге қол жеткізіп, арманы түгелдей дерлік орындалатының білмеді. Үш ұл сүйіп, соғысты аман-есен бастан өткерді. Дегенмен, сол баяғы ақпанға байланысты «түгелдей» ғұмыр бойы жегідей жеді. Қайғылы қаза ұшыраған ұлының басында мұны жұбатпақ болған немересінің қолынан ұстап тұрып:

            - Ата, папамның зиратына ылғи келіп тұрамын. Қайда жатқанын білемін ғой,- дегені өкінішін оятып, аһ ұрғызады.

            Мұның бәрі болашақтың ісі, әзір беймәлім... Вагонның бұрышында терезенің алдында жалғыз тұрған ұлына үнсіз қарап, көмейіне кептелген зар ішінен тұншықтырып, денесі селк-селк етіп шешесі жатыр дауысын шығармай жылап.

            Батима сауыққай болып, көңілді әндер мен  әзіл-қалжыңды ұнататын. Думанды жәрмеңкелердің бірінде болашақ күйеуінің көзіне түсті. Енді бөлменің бұрышында енсіз сандықты төсек етіп, немелерін тәрбиелейді. Ешкім оның гармонь тартып, қазақ пен татардың әзіл әндерін айтқанын көрмек емес.

            Халиданың айтуынша, соңғы жылдары сандырақтап, балалардың есімдерін шатастырған. Төңіректегі зиратқа барып, ұзақ отырған. Онда не істегенін, не айтқанын білетін кісі жоқ.

            Аманжолдың әкесінің кейінгі тағдырын атамнан естідім. Соны тыңдалық.

            «Онда мұғалімдер курсында оқитынмын. Сабақ таңертең, бірақ тапсырманы орындап, үлгере алмай түстен кейін де қалып қоятынбыз.

            Мұғалімдер жақсы оқытатын. Көбін жер аударылып келгендер, қызметтеріне адал. Миыңа құйып береді, қатаң сұрайды.

            Осында, бірінші қабатта орналасқан асханада тамақтандырады. Басында кекірек айтпасақ та, аш құрсақ жүрмедік... Жаңа жылдан бастап, тыңдаушылардың рационы қысқартылып, жағдайымыз нашарлап қалды. Таңертілік бір тарелке бидай каша, үзім нан мен жылы су, түсте кашаға сұйық шай мен бетінде картоптың немесе балықтың үзіндісі қалқып жүретін, қоюынан сұйығы көп суп аталатын дәм қосылады, кешкілікте сол каша мен күн сәулесі көрінетіндей жұқа нан ұнайтын. Супты ішіп аламыз да, нанға тимейміз. Кешкі тамаққа дейін талғажу етуге өзімізбен ала кетеміз. Төсекте кітап оқып жатып, бір шетінен үзіп алып жейсің де, соңынан қайнаған су ішесің.

            Отыз екінің қысы қатты суық болды, аяз қырық градустан асып түседі. Оған етіңнен өтіп, сүйегіңе жететін үскірік қосылады, қандай екенін содан біле бер.

            Үш кісі тұратын шағын бөлменің кішкентай пешке жағатын отын табылып, жылынатын күндері сирек. Қалған күндері бар киімімізді үстімізге жамылып, көбірек жүруге тырысамыз.

            Қалаға ауылдардан аттар келіп жатады. Нашар киінген, көздері үңірейген олар жұтқыншақтан өтетін напақа іздеп, топ-тобымен қаланы кезіп жүреді. Араларында әсіресе қариялар, әйелдер мен балалар көп. Қаланы учаскелерге бөліп, оған бөгдені жалаптайды. Асханасы бар мекемелерді төңіректеп, кезекшілер ас үйден тамақтың қалдығын қоқысқа төккенде, бірін бірі итере бас салады.

            Соғыстан соң Ленинградтағы блокадасы туралы кітап оқыдым. Сонда сол кездегі біздің қала көз алдыма келді: қатып, қарға көмілген мүрделер, судың кезегінде тұрғандар...Мен басқа майдан да болдым, бірақ жау қоршауындағы қаланы өзім оқыған қалаға ұқсатамын.

            Мекемеміздің қасындағы аштардың жүзі таныс. Қоқыс жәшігінің маңында біреулері баспалдақта, біреулері қар үстінде бізге бей-жай қарап отырғандары. Жағдайымыз тәуірлеу бастапқы кезде сорлыларға асханадан алып шыққан нанымыздан үзіп беретінбіз, олар да үміттене көз салатын, кейін өзіміз де аштықтан тәлтіректей бастағанда және директор түсте берілетін нан басқа тамақты асханадан алып шығуға тиым салынған соң қайырымдылығымыз тиылды, олар да назар аудармайтын болды.

            Таңертеңгі тамақ, оқу, түскі тамақ бірін бірі алмастыратын әдеттегі күн болатын. Түскі тамақтан соң нанды шүберекке орап, қалтама салдым да, үйге қайытқанмын.

            Жыртық киімді аш адамдар тобырының жанынан өтіп, бара жатқанымда әлдекім атымды атап шақырды.

            - Мұса, - тобырдан шеттеу отырған шал тағы дауыстады, - Танымадың ба? Мен Ақталдағы Құдайбергенмін.

            Тәккапар, өткір жүзді ол жүйірік атпен ауылымызға келетін. Алдынан шыққан жігітке аттың шылбырын ұстата салады да, асықпай үйге кіреді. Сырт киімін шешіп, төрге өрлейді. Орының сонда екенін біледі. Енді мына шыртық шапан киген, жүдеп жадаған шалдың сол Құдайберген деуге сену қиын.

            -  Ағай, сізге не болған? - дедім жүгіріп барып, - Мұнда қайдан жүрсіз?

            - Сұрама, ұлым, - деп өтінді ол, - Құдай мұны көруді де маңдайына жазған шығар.

            - Үй ішіңіз қайда? Бәтима-апай қайда? Қыздарыңыз ше? Жалғыз жүргеніңіз не, тоңасыз ғой.

            - Ешкімім қалмады, - деп ауыр күрсіңді, - Құдайдан өлім тілеп едім, оған да керегім болмады.

            - Менімен жүріңіз, - дедім жатақханадағы жалғыз төсегіме шақырып, - Жылынып алыңыз, арғысын содан соң көре жатармыз.

            - Маған қам жеме, балам. Шекеңнің шылқиып тұрмағанын көріп отырмын. Кәрі қойдың жасымдай жасым қалды, бір жөні болар. Туыстығыңды танытқаңына рахмет. Бара бер. Құдай бұйыртса, тағы кездесерміз.

            Бес қадам ұзамай жатып, тағы дауыстады.

            - Талғажу етерлік ештеңең жоқ па, балам, - деді кінәлі адамдай басын тұқыртып, - Нәр татпағаныма үшінші күн.

            Шүберекке ораған нанымды ұсынып ем, жалма-жан қойнына тықты.

            Кетпек болып бұрыла беріп, біздің кездесуімізді сырттай бақылап отырған тобырдың жанарларында жаман ой ұшқынының жалтырап шыға келгенін аңдадым. Солардың басшысы Оспанмен тілдесе кетуді жөн санадым.

            - Кім екенін білемісің? - деп сұрадым одан жалғыз отырған шалды иегіммен нұсқап.

            - Бізге қосылғанына үш күн - деді ол, Ұлы шешесін алып кетіпті де, мұны вокзалда қоңғыртып тастады. Ештеңеге ебі жоқ. Тіпті қайыр сұрау білмейді.

            - Оған тиіссең, оңбайсың, - дедім сөзімді нығарлап.

            - Оның не? - деп Оспан шегіншектеді, - Қолымды тигізбеймін.

            Ертеңінде Оспан бастаған тобырдың қасынан ақсақалды көре алмады. Оспанды шақырып алдым.

            - Көрмедім, қайда екенін білмеймін - деді ол, - Мүмкін басқалараға қосылған шығар.

            Көзінен өтірік айтпағаны көрініп тұр. Ары қарай кеттім. Жатақханаға бұрыла бергенімде көрші үйдің қалтарысынан: әлдекімнің дауыстағанын естіп, мойын бұрсам, ақталдық Құдайберген отыр.

            - Мұса, - деді жалынып, - нанын бар ма, жаным?

            Ұсынған нанды қолы дірілдеп алды. Осылайша күтпеген жерлерде ту сыртымнан: «Мұса, нан берші», - деген дауысты ай бойы естіп жүрдім. Ұзақ уақыт, тіпті соғыста сол қарлығыңқы үн құлағымнан кетпеді. Кейінірек Порт-Артурда әскери қарсы барлау қызметінде нанға кеңелгенде, сонша мол нанның отыз екінші жылдың қысында қолымда болмағына өкінетінмін.

            Қалай оқыстан кездессе, солай оқыста жоғалды. Қалтама нан салып, ту сыртымнан естілетін дауысты іздеп жүретінмін. Бірақ үн қатқан ешкім болмады.

            Оспан қаланың көшелерінен мүрделерді жинап жүретін саңырау арбакешке жолығуға кеңес берді. Туысымның сонымен сөйлесіп тұрғанын көрдім.

            Жүрген жүрісін салып, қолымен қаба сақалын көрсетіп, әзер дегенде ыммен түсіндірген соң саңырау қиқылдап күлді. Арбасына отырғызып, Ертістің жағасына апарды. Тік жарда тұрып, ақталдық Құдайбердің ақтық сапарға аттанған жерін көрсетті.

            Білесің бе, соғысқа дейін әкесін тастап кеткен сұмырай тұратын қалаға барып, оны іздеп табу арманым болатын. Оны ұрып, қолымды былғарым жоқ, тек бетіне түкірер едім.  Тым құрмады бір рет...

            Одан соң соғыс болды. Қасіретті, бірақ зұлымдық жағынан отызыншы жылдардың тозағы одан асып түседі. Майданда қарсы алдыңдағы жауды жою керектігі түсінікті. Отызыншы жылдары кімнің не үшін сені өлтіретінін білмейсің, баланы, әйелді, кәріні аяу жоқ. Партия бойымен кулактарға қарсы күрескен тәрізді, ал, шынтуайттап келгенде, өз халықымен соғысып, соның тамырын қырқыпты».

 

Сөз соңы

            Бұл повесте ұжымдастыру әкелген қазақ жұтын бастан өткерген үш құрдас жайлы айтылды. Әрқайсысы бойындағы қадір-қасиеті, мінез-құлқына қарай тағдыр жолын таңдады.

            Отызыншы жылдарда аштық құрбаны болған миллиондардың арман-қиялын, сол апаттың көсеуін көсегендердің өмір жолы жабулы күйінде жатыр. Сондықтан повесті осы сөз соңымен жалғастыруды жөн санадық.

            1931-33 жылдарда қайғы құшқандардың саны бұл сұмдықтың бүкіл одаққа және Қазақстан аумағында басталу уақытына қарай әр-түрлі айтылады. Мәселен, негізгі кәсібі - түлік өсіру болған аштық сал ортаққа алысымен басталып, 1931-32 жылдары шарықтау шегіне жетті. Көшпенділер егіншілікпен айналыспаған, астықты қажетті мөлшерде ғана сатып алған.

            Одақтың шеңберде аштық 1932-1933 жылдары өршіді, оған 1932 жылдан бастап Кремль көсемдерінің сөз қорына «индустриаландыру»  сөзінің енуі себеп болды.

            Индустриаландыру...  Шетелдік техниканы сатып алуға валюта керек. Валютаны табудың жалғыз көзі - астық. Сондықтан 1932 жылдың дайындау науқаны деревняға бет бұрды. Қамбада дән қалдырмас үшін тағылықпен ұштасатын әкімшілк жазалау шаралары қолданылады. Жаппай аштық басталды. Тарихшылар 1932-1933 жылдары қырылғандардың санын 7 миллионнан  14 миллион аралығында атайды. Қазір Сталин мен оның жөңірегіндегілердің қырғынға қатысы болғандығын дәлелдейтін құжаттар табылуда. Адамдарды тамақтандыратындай астық қоры болған. Оның көп бөлігі шетелге жөнелтілген. Астық бітік шыққан 1927-1929 жылдары 2,5 млн. тонна, ал 1930-1932 құрғақшылық жылдары 12 миллион тонна астық валютаға айырбастылған, ал миллиондаған кісі аштық тозағына мойын ұсынды. Бұл толық мағынасында қасақана ұйымдастырылған аштық, Сталиннің КСРО халықтарына қарсы жасаған ауыр қылмысы еді.

“Несмотря на страшный голод, Сталин настаивал на продолжении экспорта хлеба в страны Европы. Если из урожая 1928 года было вывезено менее 1 млн. центнеров зерна, то в 1929 году – 13 млн. центнеров, в 1930 году – 48,3 миллиона, в 1931 году – 51,8 миллиона, в 1932 – 18,1 миллиона центнеров. Даже в самом голодном 1933 году в Западную Европу было вывезено около 10 миллионов центнеров зерна. При этом советский хлеб продавался в условиях экономического кризиса в странах Европы фактически за бесценок. А  между тем, даже половины вывезенного в 1932-1933 годах зерна хватило бы, чтобы уберечь все южные районы от голода” (журнал “Знамя”,     № 2,  1989, с. 176) – деп жазыпты тарихшы Рой Медведев

«Сталиндік» ұжымдастырудан зардап тартқан бұрынғы «еркін республикалар одағының» республикасы. Қазақстанның тұрғылықты ежелден көшпелі мал шаруашылығын  кәсіп етті. (119 әкімшілік ауданның 98-і көшпелі және тартылай көшпелі өмір сүрді). Алайда 1929 жылдың желтоқсанында өлкелік комитеттің бесінші пленумында Голощекин шаруашылықтарын 100 пайызға ұжымдастыру негізінде көшпенділер отырықтандыруды жеделдету жөнінде ақылға сыймайтын шешім қабылдатты. Айтылды, бітті: қазақтардың бүкіл малы төлімен қоса ортаққа алынды, адамдарды ұжымшар аталатын отырықшылық мекеніне қуып тықты,  бұл шешім аязды айларда қабылданғандықтан мал жөп-шемсіз қалып, қырыла бастады, аяғы аштыққа соқты.

            Қазақстанда неше адамның аштықтан өлгенін ешкім дәл айтып бере алмайды.    Мысалы, Р. Конквест 1988 жылы Лондонда шыққан «Жатва скорби. Советская коллективизация и террор голодом» кітабында екі миллиондай адам құрбан болды деп есептесе, Ж. Әбілғожин мен М. Тәтімов 1 миллион 700 мың адам деп  жазады. Б. Түлепбаев пен В. Осипов аштық 1миллион 50 мың адамның - 1 миллион 100 мың қазақ пен 200-250 мың қазақстандық басқа ұлт өкілінің өмірін қиды деген қортындыға келеді.

            Қазақстанда аштықтың қолдан ұйымдастырылғаны туралы Роббер Конвекст былай деп жазады:

“Зимой 1931 года было признано, что грандиозные планы 1928 года по превращению Казахстана в хлебную житницу провалились. Обрабатывалась лишь ¼ часть запланированных площадей, причем, крайне неэффективно. Официальные документы свидетельствуют о дефиците скота, семян, инвентаря, стройматериалов. Людей переводили из колхоза в колхоз в тщетной надежде на то, что на новом месте их удастся лучше обеспечить скотом или зерном. К февралю 1932 года около 87% всех колхозов и 51,5 % единоличных хозяйств остались без скота. В 1926 году почти 80 % казахского населения жили скотоводством; к лету 1930 года его доля понизилась до 27,4%. Однако земледелие не могло стать альтернативой скотоводству, так как площадь обрабатываемых земель возросла за тот же период лишь на 17 %. Эти цифры дают некоторое представление о масштабах искусственно созданной катастрофы.

Катастрофа разразилась из-за экономических и политических просчетов  в узком смысле, но корни ее уходили в непонимание человеческих культур в широчайшем смысле этого слова. В Казахстане с предельной наглядностью проявилась поразительная механистичность и поверхностность партийного мышления”.

Сол кездегі жалпы адақтық деңгейіндегі (Сталин), сол сияқты республикалық дәрежедегі (Голощекин) коммунист көсемдер «бұқара», «халық» абстрактылы ұғымын қолданып «адам» ұғымын айтудан қашқақтаған, айта қалса да «өндіріс күшінің элемент» ретінде қолданған, И. Сталиннің сөздерін оқысаңыз, жалғыз-ақ рет қарапайым тілмен сөйлегенін көресіз. Ел тағдыры шешілейін деп тұрған соғыс кезінде халыққа арнау сөзін қарғылыңқы дауыспен «Братья и сестры!» - деп бастады. Қалған кезде оның және ізбасарларының айтатын өңсіз «жолдастар».

            Олардың ойынша «халық» өз идеяларын (кейде ақылға сиымсыз) жүзеге өмір сүреді. Саналарында «халық» пен «адамдар» сөздерін қатыстырмаған. Ұғымдарында «халық» коммунизмді құруға тиіс, ал «адамдарды» тұтқындап, қамауға да, атып тастауға да болады. «Адамдардың» өз бетінше ешқандай құндылығы жоқ. Тіпті жұмысқа жегілген мал одан бағалы.

            Сталиннің ХVII съезде ұжымдастыру кезеңінің негізгі шығындарын малмен байланыстыруы тегін емес. Ішінара 1933 жылды ұжымдастыруға дейінгі 1929 жылмен салыстырып, жылқының 34 миллионнан 17 миллионға, үй қара малдың 68 миллионнан 38 миллионға, қой мен ешкімнің 147 миллионан 50 миллионға, шошқаның 27 миллионнан 12 миллионға дейін азайғанын, жалпы осы жылдары 150 миллион бас малдың шығын болғанын айтты.

            Сталин шығынды ең алдымен ұжымдастыру кезінде кулактарды түлектерді сойып алуымен және басқаларды солай істеуге үгіттеуімен түсіндіреді. Сол баяндамасына Сталин кулактың ауыл тұрғындарының бес пайызын құрайтынын атап өтеді. Сондай ат төбеліндей аз олардың елдегі малдың жартысын қалай қырып салған?!

            Мал басы екі есе азайған, өнімділігі он екі есе төмендеген. 1929 жылы 5,8 миллион тонна ет өндірілсе, 1932 жылы 458 мың тонна ғана.

            Қанша жылқы, сиыр, қой мен шошқаның өлгені туралы сұраққа Сталин ашық жауап берді, ал партия ұйымдастырған аштықтын қанша «адамды» өлтіргені жайлы жағын ашпады.

            Ешқандай ресми мәлімет болмады, мүрделер  саналмады, Аштық жайлаған аудандарды елдің басқа бөлігінен оқшауландырып тастады.

            1934 жылы қаңтарда партияның  XVII  съезінде Сталин 1933 жылдың аяғында халықтың санын 168 миллион деп сенімді түрде айтты.

            Соңғы халық саны 1926 жылы жүргізілсе, Сталин жолдас бұл цифрды қайдан алғанын кім білсін.

            Істің мәніде сияқты: жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында НЭП өмір деңгейн көтергенде тұрғындар саны жылына шамамен миллионға өскен. Сөйтіп, соңғы халық санағына сәйкес СССР халқының саны 147 миллион болған. Осы өскелен цифрды Сталин жолдас отызыншы жылдардың сонына көшіре салған. Есеп қарапайым: халық санағы 1926 жылы өткізілген, тұрғындардың саны 147 миллион. Сталин соңғы санақтан кейін неше (жеті) жыл өткенін алады да, оны жыл сайынғы өсемге (үш) көбейтеді, сонда 21 миллион шығады. Сонда 168 миллион адам емес пе?!

            Алайда 1937 жылдың басында жаңа халық санағы жүргізілді, онда сталиндік есептеу әдістемесіне сәйкес 177 миллион саны шығу керек еді. Бірақ статистика бірбеткей ешқандай әдістемеге көнбейді. Санақ 177 емес, 163 миллионды көрсетті. Яғни, тура және жанама шығын ең азы 14 миллион, бұлар аштықтан өлгендер мен тәркілеуден қаза тапқандар. Бала тууының азаюынан болған шығындар да осыған енеді. Қазақстандағы ашаршылық жылдары туралы әңгіме болса, міндетті түрде Голощекин фамилиясы тілге оралады. Есімі мен әкесінің есімін әдейі айтпай отырмыз, өйткені Голощекин сияқты Сайтанның аты-жөні болмайды. Осы апаттың бастамасшысы, ұйымдастырушысы халық жадында Ұлы аштықпен байланысты сақталған.

            Сталиннің құйыршығы Голощекин Қазақстанға 1925 жылы қыркүйектің аяғында келді. Екі айдан соң  Бүкіл қазақстандық  конференцияда алған көсіле сөйлегенде қазақ ауылына байланысты мәселелерге тоқталды. Осы жерде келген сәтінен бастап кабинетінен шықпағанын, ауылға, тіпті жақын маңдағыларға бармағынын айта кеткен жөн. Жақын серігі У. Исаевтың айтуынша, сегіз жыл өлкелік комитетті басқарғанда ешбір ауылда болмапты. Алайда, сондағы сөзінен Қазақстанға қандай мақсат-міндетпен келгенін түсінуге болады, Ол революция мейлі кіші болсын, әйтеуір революция жасауға келіпті. Осы сөз бірнеше рет қайталанады. Совет өкіметінің тоғызыншы жылында қандай революцияның болуы мүмкін? Барған сайын үдей түсті. Сөйтсек, қазақ ауылында шынайы совет өкіметі жоқ, байдың, рудың үстемдігі бар екен.

            Осындай қатал қорытындыдан соң баяндамашы аздап түзеледі.

Сказать, что в Казахстане нет советской власти, - неверно. Есть советская власть здесь, но если поставить шире вопрос о советизации Казахстана как об организации масс..., то тут у нас есть огромные недостатки”

            Мәссаған, Совет үкіметі Қазақстанда бар екен де, жоқ екен, Алайда Голощекин өз сөзінің қарама-қайшылығын сезбеді. Оның анық білетіні: Байтақ аумақты алып жатқан Қазақстанға Октябрь жетпеген, кіші Октябрь революциясын жасайтын көсемді тосуда.

            Осындай «көсемдік» қызметінде оған көмекшілікке ойлайтындар емес, аузынан шыққанын бұлжытпай ойланбастан орындайтындар керек. Мұндайлар Орталықтан жіберілген қызметкерлердің арасынан М. Кахиани, Л. Рошаль, Г. Пинхасик, және басқалары жергілікті ұлт коммунистернің арасынан У. Исаев, І. Құрамысов және басқалары табылды.

            Голощекиннің «одақтастарының» кім екенін білу үшін ұжымдастырудың ең қатты жылдарында сөйлеген сөздерінен көруге болады.

            1931 жылы қазанда өлкелік комитеттің екінші хатшысы Ізмұқан Құрамысов былай дейді.

Вдвойне непонятны, вдвойне непростительны хныканье, мягкотелость отдельных наших коммунистов, даже активистов, что с Казахстаном неладно, якобы есть элементы какой-то деградации, якобы будущее Казахстана неясно и т.д. Это пустая болтовня досужего человека... Конечно, уменьшение поголовья скота есть, но виноват – бай. Иногда и середняк под агитацией баев и кулаков поддается панике и тоже растранжиривает свой скот” (“Советская степь” от 3 октября 1931 года).

Өз баяндамасын шешен ду қол шапалақтанып жатқанда былай аяқтайды:

Мы, коммунисты-националы, можем и должны гордиться тем, что были участниками великого исторического процесса, были одним из винтиков нового строительства, нового пьедестала, на который нам удалось поднять трудящихся казахов”.

            Басқа «ұлт коммунисі», Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы У. Исаев қазақ тарихында болмаған апаттың мөлшерін жақсы біле тұрып, Қазақ өлкелік комитетінің алтыншы пленумында жасаған баяндамасында:

            «Екі жыл ауыр болды, кейбіреулер аштықты, кейбір отбасы кісісін, ата қоныстарынан кетті», - дейді.

            Неғылған арсыздық: «жоғалған кейбіреулердің» арасында 1,5 миллион қандасы (қазақ жұртының үштен бір бөлігі) , «ата қонысынан кеткендердің арасында ұжымшардың аш» «жұмағынан» Қырғызға (100 мың), Орта Азияға (30 мың), Батыс Сібірге (50 мың), Орта Волгаға (40 мың) және басқа жерге қашқан жүз мыңдаған қазақтар бар. Тек 1931 жылға дейін 1 миллион 74 мың адам көшіп, негізгі бөлігі Батыс Қытайға асты.

            Абырой болғанда қазақ коммунистерінің бәрі бірдей Голощекиннің «ауылды советтендіру» мен «Кіші Октябрь» туралы пікірін бөлісе қоймады. Басында Орталық жіберген партия басшысының тілін алғанмен оның жергілікті жағдайда білмейтінін, білгісі де келмейтінін білген соң ақырындап өз пікірлерін айта бастады. Олар Т.Рысқұлов, С.Садуақасов, С. Хаджанов,    З. Төреғожин...

            Осы қатарда бесінші конференцияға ұлтшыл-ымырашыл деп айыпталған халық ағарту комиссары Смағұл Садуақасовтың тұлғасы ерекше түсетін. Кейін голощекиншіл партия сынының басты соққысы соған бағышталды. «Садуақасовшыл» термині бес жыл бойы газет бетінен түспеді. Қазақстаннан кетіп, Москвада қайтыс болғанда да оның есіміне күйе жағылды. Қазақстанның «бас коммунисінің» халық қомиссарын сонша ұнайтпауының себебі неде?

            Голощекин Қазақстанға келмей тұрғанда-ақ 1923 жылы үшінші партия конференциясында Садуақасов былай деген-ді:

В настоящее время страна ждет вовсе не потрясений, а творческой и мирной работы, и спасет ее не новая экспроприация, а труд и наука”.

Бірақ тап күресімен құлшынған Голощекинге мұндай «бейбіт» көзқарас ұнамады.

            1926 жылы өлкелік комитеттің ІІ пленумда Голощекиннің өрекпіген мілімдемесінен  соң Садуақасов өзінің алаңдаушылығын білдіреді:

«Я физически сталкиваюсь с некоторыми людьми и с тревогой смотрю на наше положение, потому что среди нас начинают раздаваться голоса, что следовало бы проехаться Октябрем по аулу, считаю, что кроме демагогии ничего полезного это дать не может».

Шешен бас-көзсіз шара қабылдамауды, қазақ ауылын байдікі емес, орта шаруанікі деп есептеп, солардың, ауқымдырақ алғанда, бүкіл қазақ халықының қамын жейді. Оның ойы дұрыс болып шықты: 1925 жылы РСФСР Халық комиссарлары Советінің арнайы комиссиясы ауыл тұрғындарының 64,7 пайызын орта шаруалардың, 24 пайызын кедейлердің және 6,9 пайызын  кулактардың құрайтынын есептеп шығарды. Қазақстан бойынша мәліметтің Одақ бойынша цифрдан айырмашылығының бола қоюы неғайбыл.

            1926 жылы қарашаның аяғында Қазақ өлкелік комитетінің ІІІ пленумында Голощекин былай дейді:

- Мы расходимся с тов. Садвокасовым именно в вопросе Октября. В то же время, когда я утверждаю, что в нашем ауле нужно пройтись с маленьким Октябрем, вы против всякого Октября. А разве земельная реформа, которую мы сейчас проводим, не есть Октябрь?”

- “Экономические условия в ауле надо изменить. Мы стоим на той точке зрения, что уже существующие, развивающиеся классовые взаимоотношения не надо затушевывать, а нужно помочь бедноте в классовой борьбе против бая, и если это гражданская война, мы за нее”.

Осылайша Голощекин байға қарсы тап күресін азамат соғысына айналдырып жіберуден кет әрі емес. Пікірталасты шегіне жеткенше ушықтыра отырып, 1926 жылы мамырда өлкелік комитеттің ІІ пленумында шаруалар мәселесі «азамат соғысы ұранымен емес, азаматтық келісіммен» шешуге тиіс екенін, әйтпесе шаруашылықтың күйретінін ескерткен Садуақасовтан осылай қарым қайтарды.

            Сол Пленумда ауылдың негізгі кедей деп есептейтін Н.Нұрмақовтың айтқаны Садуақасовтың ойымен үндес шықты:

Некоторые товарищи думают, что положение в ауле безвыходное или же мы имеем один выход: нужно экспроприировать байское хозяйство. Я думаю, товарищи, что после десятилетнего существования советской власти в  Казахстане, имея  в руках пролетарского государства все командные высоты, мы обладаем достаточной силой, чтобы иными методами  воздействовать на аульного бая, не прибегая к такому методу, к которому наша партия прибегнула в период завоевания власти в первые дни Октябрьской революции”. 

 Нұрмақов салық саясатының күшімен кооперацияны дамытумен бойдың қуатын әлсіретуді ұсынды, алайда идеясы қолдау таппады. Қайта «нұрмақовшыл» терминін жамылды.

            Алтыншы конференцияда Садуақасов соңғы рет биік мінбеге көтерілді:

Товарищи, т. Голощекин в своем 6,5-часовом докладе почти половину времени посвятил обвинениям против меня. Ограничусь объяснениями по главнейщим вопросам…”

            Садуақасов қазақ ауылындағы саясатшы қате деді. Оның пікірінше, орта шаруа-ауылдағы басты тұлға, бірақ оны елеп, ескеріп отырған ешкім жоқ.

Голощекин доказывал, что экспроприация нужна потому, что у нас аул до сих пор является феодальным… Я полагаю, что это неверно… Четыре года назад Вайнштейн говорил об экспроприации… Этот вопрос был поднят не столько для революционных действий, сколько для поднятия собственной революционности

        Садуақасов - қазақ ауылына төніп келе жатқан қауіптің бетін қайтаруға ұмтылған соңғы коммунист.

            Бұл кезде С. Ходжановтың өзі өлкелік комитетке мойындау хатын жазып, онысы конференцияда оқылды. Ходжанов хатында «ру феодалдарын түп тамырымен жұлу керек» деген қорытындыға келеді.

            Садуақасов ауылда қалыптасқан рулық қатынасты ескеруді ұсынады. Байды құртумен мал иесімен қоса ажаны да құртты. Жаман, жақсы болсын ол ағайындарын «қанап» қана қойған жоқ, сонымен бірге парасаты жеткенше олардың жай-күйін ойлады. Қалай болғанда да, революцияға дейін далада жаппай ашаршылық болған емес.

Голощекин «ымырашылдарды» тұқыртумен тоқталған жоқ, енді өз арманы - нағыз «таптық күресті» бастауына жол ашылды. Түптеп келгенде, шомадан тыс шығандап кеткен «тап күресі» халықтың Голощекин басқарған жылдарды жоңғар шапқыншылығымен теңеуіне соқтырды.

            «Тап күресінің» маньягінің кейбір сөздерін келтірелік:

Многие представляют себе дело таким образом: каждый-де новый шаг в социалистическом строительстве, в расширении его базы дает нам смягчение классовых противоречий.

Неверное представление, наоборот, каждый наш шаг… одновременно неизбежно вызывает обострение классовых противоречий, классовой борьбы внутри Союза…

Баи борются за свое положение всеми силами. Баи провоцируют бедняка: “Сначала, мол, меня оберут, а потом и тебя”… Конфискация породила жесточайшую классовую борьбу… Это и понятно: кампания по конфискации есть экзамен, я бы сказал, классовый огонь, которым закаливается казахская часть организации”,

            “Прекратилась ли классовая борьба после конфискации 700 полуфеодальных хозяйств? Нет, и даже больше того – следует ждать обострения классовой борьбы, ибо… бай все-таки остался”.

Халықаралық империализм шпионы деген айыппен Голощекин Берияның нұсқауы бойынша 1941 жылы 28 қазанда Куйбышев облысы Барбыш поселкесінде атылады.

            Қазақ халқының жендеті НКВД қызметкерлінің мылтығының нысанасына ілінген соңғы сәтінде не ойлады екен? Қазір қантөгіс, бірақ әділетті соғыстың майдан даласында шайқасып жатқан халықпен «тап күресінде» қанша адамды аштықпен азаптағанын есіне алды ма екен? Сұрақтардың жауабы оның өзімен бірге жер қойнауына кешті.

            Бұл повестің сөз сонының не керегі бар деп сұрауы мүмкін. Менің ойымша, оның керектілігі бар. Біздің халығымыздың басынан өткен ұлы қасіретін  –  1931-1933 аштық жылдарын мәңгі-бақи есте сақтауымыз, ұмытпауымыз керек. Қазіргі өсіп жатқан жастарымыздың көбіне бұл елді аштық билеген заман беймәлім, ал кейбір ақсақалдар нарыққа көшу қиындығына ызаланып, Сталин заманын қайтаруды талап етеді…    

            1931-1933 жылдардағы ұжымдастыру кезеңіне қатысты көп жайлар әлі ашылған жоқ, түбегейлі айтылған жоқ. Мүмкін бұл Л.И.Брежневтің  өткенді жаңарта бермеу жөніндегі өтінішіне байланысты болар. Сол кездегі құжаттармен танысқысы келетіндердің

қолына құпияны ашатын кілт тиер деген армандамын. Мүмкін, ұжымдастыру құрбандарын Еске алу кітабы жазылар деген арман бар.

            Бір жайт айдан анық: жетпіс жылдан сәл астам мерзім ішінде миллиондардың өмір қиған 1921 жылдың ашаршылығын, бір жарым миллион кісі өлім құшқан 1931-1933 жылдардың ашаршылығын, кез келген сауатты адам жапон немесе ағылшын шпионы атанып,  атылып кеткен  және басқа табыну жылдарында қуғын-сүргінді бастан өткерген бұл халық тірі.

            Бұл халық фашизммен соғыстың ауыртпашылығына иығын тосты. Сталин «сенімсіз» деп жариялаған халықтарды, қонысын жау жаулап алған жұрттарды өз жерінде қабылдап бауырына басқан, тың көтерушілерді құшақ жайып алған.

            Бұл халық Желтоқсан ызғарлы күндерді басынан өткізіп тәуелсіздігін алды.

            Бұл - қазақ халқы!..

            Бұл халық болған, тірі, мәңгі өмір сүре бермек!.. 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған